АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

САЯСАТТАНУ

 Дәрістер жинағы

 

 

 

Алматы 2010 

Редакциясын басқарған Джагфаров Н.Р.

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Қабылова А.С., Абдуллина З.А. Саясаттану. Барлық мамандықтар бойынша оқитын күндізгі және сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2010. –43б.

 Ұсынылып отырған дәрістер топтамасында бакалавриат бағдарламасы бойынша саясаттану пәнінен  барлық  мамандықтардың  күндізгі оқу бөліміне екі кредиттік көлемдегі дәрістер  мәтіні мен әдебиеттер тізімі берілген.

 

Кіріспе 

Кеңестік дәуірдің ыдырауымен ХХ ғасырдың соңында еліміздің саяси кеңістігінде біршама өзгерістер болды. Ондаған жылдар бойына қоғамдағы таптық бағдарға сүйенген саяси санамыз енді тәуелсіз, дербес дамуға бет алды. Бұл заңдылық. Бүгінгі Қазақстандағы саясаттанулық үрдіс өзінің әдіснамалық-методологиялық және дүниентанымдық қызметтері барысында гуманистік бағдарлар, адамгершілік принциптер, әлеуметтік әділеттілік сияқты мәселелерді маңызды деп санап, оны кеңейту шараларымен айналысып жатыр.

Тәуелсіз мемлекетіміздің әлеуметтік-саяси өмірінің барлық саласы өзгеріске ұшырап, жаһандану жағдайында әлемдік өркениет үлгісіне бейімделіп, қайта құру бағытында белсенділік көрсетіп отыр. Сондықтан қазіргі қоғамдық және саяси құрылыстың мән-мағынасын жете меңгеруімізде, ондағы адам құқықтары мен бостандықтарын қажетті деңгейде ұғынуымызда  саясаттану пәнінің рөлі зор.

Саясаттану – міндетті пәндер қатарына қосылған қоғамдық-гуманитарлық білімнің маңызды пәні болып саналады. Саясаттану – бұл саясат туралы ілім, ол жеке тұлға мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты анықтайды. Саясаттанудың мазмұны өкімет проблемалары, мемлекет және мемлекетаралық қатынастарды қамтиды.

Саяси ғылым ХІХ ғасырдың екінші жартысында қалыптасып, ХХ ғасырдың ортасына қарай тұрақтандырылған, бірақ саясаттың теориясы көне заманнан бастап өркениет дамуының тарихы барысында дамыды.

Бүгінгі тәуелсіз еліміздің бағдарламасының негізгі нысанының – адамның саяси құқықтары мен мәдениетін көтеруге бағытталып отырған сәтінде әлеуметтік, шығармашылық, бостандық, сонымен бірге адамды өзгеше жаратылыс ретінде сипаттайтын белгілерін анықтауда, дербес ойы бар күрделі саяси мәселелерді шешуде саясаттанудың рөлі зор. 

 

1 Дәріс. Саясаттану пәні

 

1.1 Саясаттану пәні және оның құрылымы

1.2 Саясаттану әдістері мен әдістемелері туралы

 

Дәріс мақсаты: студенттерге саясаттанудың ғылым ретінде, дәріс ретінде, заманауи қоғам туралы жүйелі зерттеу ретіндегі ерекшелігі мен маңызы жайында мәліметтер беру; саясаттану пәнінің қалыптасуы, мақсаты мен құрылымын  айқындау.

Мазмұны: дәрісте «саясат» категориясы қарастырылады, саяси ойлаудың дамуы барысындағы өзгерісі айқындалады; саясаттанудың өкімет туралы көзқарасы сипатталады; адамның саяси өмірдегі рөлі пайымдалады; әлеуметтану, философия, экономикалық теория, құқық сияқты қоғамдық ғылымдардан ерекшелігі қарастырылады; қазіргі саяси білім құрылымы туралы, саясаттану зерттеулеріндегі  әдістер мен әдістемелер туралы ой қорытылады.

1.1 Саясаттану сөзі екі сөзден құралған: саясат + логос, саясат туралы ілім дегенді білдіреді. Оның 20 ғасырлық тарихы бар; Плотон академиясында саясат проблемалары зерттелген және Плотонның шәкірті Аристотельден «саясат» атты көне грек қала мемлекеттерінің саяси жүйелерін зерттеуге арналған күрделі еңбегі қалды. Ал саясаттану тарихына келсек бұл еңбек оқу пәні ретінде 100 жылдай бұрын, ХІХ ғасырда әртүрлі елдердің жоғарғы оқу орындарында оқытыла басталды.

Саясат мағынасында трактовкалардың бірнеше негізгі ұстанымдары бар.  Біріншіден Аристотельдің түсіндіруінше, саясатқа қоғамдағы проблемалардың барлығы жатады. Аристотельше саясат бұл – «мемлекетті басқару өнері». Дегенмен ұлы ғалым саясаттанудың пәнін қазіргідей терең түсіндіріп ашып бере алмады. Ол келесі ойларды негіздейді: адам табиғаты бойынша қоғамдық және саяси тіршілік иесі; адам қарым-қатынасының  ең жоғарғы формасы – жалпы игілікке жету; барлық қоғам мүшелерінің жақсы өмір сүру мақсатын қойған мемлект үлкен жетістікке жетеді; саясат – «ілім мен мәдениеттің ең маңыздысы», себебі ол алдына «мемлекеттік құрылымның ең үздік түрін» зерттеп және табуды мақсат етеді; Аристотельде саясат моральмен тығыз байланысты.

Саясатты моральдан бөліп қарау және жеке пән ретінде (саясатты) зерттеу Н. Макиавелли (ХҮІ ғасыр) есімімен байланысты. Макиавелли бойынша, саясат – бұл «өкімет басына келу, билікті ұстап тұру және тиімді пайдалану» үшін қажетті құралдар жиынтығы. Яғни, саясаткердің негізгі проблемасы ол –  мемлекетті басқару және басқару үшін күресу жолдарын айқындау. Ол саясатты теологиялық (құдайшылдық) түсіндіруден арылтып, саяси ойды қоғамдағы табиғи өмірден туған мәселелерді шешуге бейімдеді.

ХІХ ғасырдың бірінші жартысында капиталистік өндіріс әдісінің қарқынды дамуы, буржуазиялық қоғамның тап қайшылықтарының шиеленесуі, пролетраиаттың тез өсуі және оның тарихи күрес майданына шығуы марксизм теориясын тудырды. Марксизм теориясы философия мен саяси экономия саласында екі жаңалық жасады. Біріншісі – тарихты материалистік тұрғыда түсіну, екіншісі – капиталистік қанаудың сырын әшкерелеген қосымша құн туралы ілім болды. Марксистік-ленинистік көзқарас бойынша саясат саяси топтық көзқарастың бейнесі ретінде көрінеді. Ал, мемлекеттік саясат белгілі бір топтың үстемдігін қолдайтын құрал ретінде қарастырылады. Саясат пен саяси қарым-қатынастарды түсіндіруде, әсіресе саяси құбылыстардың таптық сипатын ашу мәселесінде айқын із қалдырды. Маркс пен Энгельс капитализмнің орнына социализм келеді, ол міндетті орындайтын қоғамдық күш – жұмысшы табы деп үйретті. Себебі, пролетариат – буржуазиялық қоғамның ең революцияшыл, ең ұйымдасқан саналы қабаты деп санаған. Маркс пен Энгельстің ізбасары Ленин буржуазиялық-демокартиялық революцияның социалистік революцияға ұласуын негіздеді. Пролетариат диктатурасының мемлекеттік түрі ретінде Кеңестерді ашты, социализм орнатуда пролетарлық мемлекеттің рөлін айқындап, өтпелі дәуірдегі тап күресінің ерекшелігін көрсетті.

Қазақ халқының саяси ұғымдарға бай рухани мұрасы да әлемдік саяси ой-пікірдің құрамдас бөлігі екені сөзсіз. Қазақтың бірінші фәлсафашысы, саясаттанушысы деп біз – Әбу Наср әл-Фарабиді (870-950) айтамыз. Екінші Ұстаз туындылары Шығыс елдерінде кеңінен таралды, арабтық Испанияның арқасында Еуропда да мәшһүр болып иврит және латын тілдеріне аударылған. Кейбір деректердің айтуынша ойшыл еңбектерінің саны 160-тан асады. Өзіміздің қазақ топырағында дүниеге келіп, мұсылман араб қоғамында кәсіби тұрғыда жетілген Әбу Наср әл-Фараби бүгінгі уақытта барынша өзектілікке ие болып отырған саясаттанудың түп-тамырын қалады. Ұлы ойшыл «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы» туралы еңбегінде мемлектті адамдардың өз қажетін бірлесіп қоғамдық жолмен жақсылап қанағаттандыру үшін жасаған ұйым деп білді. Оның пайда болуына тіршілік үшін күрес айтарлықтай ықпал етті. Сондықтан адамдардың ұжымда өмір сүріп, бақытқа қол жеткізудің тұжырымдамасын белгіледі. Қайырлы және қайырсыз басқарудың ара жігін айқындады. Ол бірінші болып адам проблемасын көтерді. Бақытқа қол жеткізудегі білімнің көмегін насихаттады. Кемеңгер ойшыл шығыс қоғамындағы гуманисзиді дәріптеген нағыз саясаткер ретінде танылды. Оның ілімін Орта Азия топырағында танымал болған басқа да ойшылдар ары қарай жалғастырды.

Түркі топырағының асыл перзенті Жүсіп Хас Қажы Баласағұн (1021-1075) аты әлемге әйгілі қоғам қайраткері, ол Баласағұн қаласында туып, әйгілі түрік қағанаты құлаған соң құрылған Қарахан империясының мәдени орталығының бірі болған Қашқарда тұрған. «Құтты білік» атты атақты еңбегі нағыз саяси туынды. Поэма 85 тараудан тұрады. Өзінің мәшһүр еңбегін ойшыл Қараханид әулетінен шыққан Табғаш Боғра-хақан – Абу Хасанға арнап жазып, осы еңбегі үшін хасс-қажыб (сарай министрі) дәрежесін алған. Жүсіп дәуірінде қарахандықтардың жеке өлке билеушілері өзара билікке таласып бастары қосылмады. Сондықтан туындыда мемлекетті орталықтандыру, оның бірлігі, мемлекетті басқару мәселелеріне басым көңіл бөлінген. Ол – тек саяси трактат қана емес, онда өмірдің мән-мағынасына, адамның тағдыры, оның қоғамдағы орны мен рөлі, халықтың мінез-құлқы, салт-санасы, әдет-ғұрпы және т.с.с көзқарастар жинақталған. Ол шындыққа, бақытқа жетудің жолын іздеді. Әділет, ақыл, қанағатты насихаттады. Әділ заң мен еркіндікті көкседі.

Қазақ халқының ірі ойшылдарының біріне Қожа Ахмет Йассауи (1093-1157) жатады. Ол «Диуани хахметте» әділдікті, имандылықты, шыншылдықты, мейірімділікті дәріптейді. Адал билеушіні нақтылайды. Парақор әкімдерді әшкерелейді. Бұл ойшылдың ілімі бүгінгі таңдағы қоғамды қобалжытып отырған мәселелермен төркіндес деуге болады.

Қазақ халқының саяси тарихында өшпес із қалдырған танымал хандар да бар. Оларға Қасым, Есім хандар жатады. «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» деп халық олар жасаған заң тәртіптерін көпке дейін ұмытпаған, алайда олар бізге дейін жетпеді. Ал, Тәуке ханның «Жеті жарғысы» негізінен сақталған. Бұл заңда құқықтық тәртіп пен мемлекеттік құрылымның негізгі принциптері айқындалады. Тәуке хан «Халық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақтандырып, маңызын арттырған. Сайып келгенде қазақ қоғамына түбегейлі өзгерістер енгізген нағыз реформатор болған.

ХIХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырда саясат түсінігіне байланысты жаңа көзқарастар пайда болды. Осыған байланысты, саясат – басқару туралы ғылым және барлық адамдар қауымдастықтары мен топтарындағы бедел мен басқаруды нығайтты. Саясаттың осындай түсінік ретінде бастамасы неміс социологі Макс Вебердің (1864-1920 жж) алдыңғы қатарлы шығармаларында бастау алды. Ол «Саясат – атақ пен мамандық» деген еңбегінде: «саясат ол мемлекеттер арасында немесе мемлекет ішінде, не жеке адамдар арасында басқаруға ұмтылу немесе басқаруды бөлісуге әсер ету деп жазған (М.Вебер Таңд. Шығарм. – М., 1990, 644, 646 бб). Ол өзінің зерттеу қызметінің принципі ретінде плюрализм идеясын негіздеді. Оның іздеген басты мәселелері – қоғамның шаруашылық өмірінің, әртүрлі әлеуметтік топтардың материалдық және идеологиялық мүдделері мен діни сананың араларында қандай байланыстар бар, соларды ашуға тырысты. Ол әлеуметтік құрылым мен таптық жанжалдарға ерекше мән берген. Осы тұста оның Маркстің көзқарастарына қарсы шығатын тұстары жиі болған. Нақтылайтын болсақ оның ойынша болашақ қоғам жұмысшы табының диктатурасы емес, шенеуніктердің диктатурасына негізделеді деген.

ХІХ ғасырдың екінші жартысында қазақ даласында саяси идеология ретінде ағартушылық кең өріс алды. Бұл бағыттың белді өкілі деп біз Абылай ханның шөбересі Шоқан Уәлихановты (1835-1865) айта аламыз. Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап, соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе – олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты. Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін бай-манаптардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шетеп, бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды. Жалпы, ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады. Ойшыл адамгершілгі мол адамның еркіндігін насихаттаған. Ал адамилыққа қол жеткізудің негізгі нысаны білімде деген ой тастаған. Бұл уақытта Шоқанның замандасы Ыбырай Алтынсарин де (1841-1889) қоғамда белсенділік көрсетіп, халықты дүниеге «дұрыс көзқараспен» қарауға тәрбиелеуді өзінің мақсаты етіп қойды. «Қазақ даласындағы жұт жөнінде» деген еңбегінде халықтың болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деген пікір білдірген. Білім мен жеке бас мәдениетін көтеруге үндеді. Қазақ қыздарын оқытуға ерекше көңіл бөлді. Көптеген мектептер ашты. Білімнің мансабы мен мәніне терең үңілу қазақ топырағының кемеңгер хәкімі Абай Құнабаевтан да (1845-1904) жақсы байқалады. Абай патша өкіметінің сойылын соғып, байлардың мүддесін қорғайтын қарапайым халықты езуші старшина, би, болыс және т.б. атқамінерлер сияқты әлеуметтік топтың қоғам дамуына кедергі келтіріп отырғандығын жақсы түсіне білді. Сондықтан ол ел басқару жүйесінде жаңа заң, ережелер енгізуді армандап, сол жолда жүзден аса бабы бар ереже жазған (М.Әуезов. Шығармалар. Алматы, 1969, 12-том, 295-б).

Қазақ халқының саяси санасының дамуына ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында пайда болған алғашқы зиялылар тобы да зор ықпал етті. Оларға Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхамеджан Тынышбаев, Мағжан Жұмабаев, Бақытжан Қаратаев, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтар және басқалар жатады. Олар Ресейдің отрашыл саясатына қарсы ұлт-азаттық қозғалысын басқарып, қазақ халқының ұлттық бірлесуін мұрат етті. Олар қазақ елінің өзін-өзі басқару, түбінде дербес мемлекет құру, қазақ жеріне ішкі Ресейден қоныс аударуға шек қою, адам құқықтары мен бостандықтарын сыйлау, демократиялық прнинциптерді қазақ жеріне кіргізуді мақсат етті. Алаштың білімді дебілікті асыл азаматтары қызыл империяның құрбаны болып кетті. Бірақ олардың саяси мұраты өз өміршеңдігін ешқашан жоймақ емес.

Осындай саясаткерлердің сан түрлі дәлелдеулеріне сүйене отырып, айтатынымыз, саясаттанудың зерттейтін нысаны – саясат, қоғамның саяси өмірі, бүтіндей алғанда, қоғамды қоршаған саяси шындық. Саясаттану пәні дегеніміз бұл – саясаттың ортаңғы звеносы болып саналатын өкіметтің қалыптасуы, қызметі мен дамуы, объективті және субъективті факторларының заңдары және әсер етуші механизмдер мен осы заңдардың орындалу заңдылықтары туралы ғылым. Сондықтан, саясаттану – қоғамдағы саясат пен саяси қарым қатынас туралы, саяси өкіметтің дамуы мен қалыптасу заңдылықтары туралы және адамның қоғамдық өмірдегі орны туралы ғылым.

Қарастыратын мәселесіне байланысты саясаттануды келесі бөлімдерге бөлуге болады:

1) саяси теория – саяси процестерді, яғни саяси институттар мен қоғамдық- саяси күштердің жұмыс жасауын зерттейді. Алға қойған мақсаты саяси процесс дамуының ағымдары мен заңдылықтарын анықтау және түсіну болып табылады;

2) саяси философия – саяси процестердің  идеялық мазмұнын зерттейді;

3) саяси социология – саяси ақуалдың әлеуметтік жағдайымен байланысын, біржағынан саяси процестердің әлеуметтік мазмұны мен саяси қызметтің  әлеуметке әсерін анықтайды;

4) саяси психология – жеке адам мен бұқараның санасы деңгейінде саяси қызметтің психологиялық факторларын қарастырады.

Айтылған бөлімдер саясаттануды кең мәнінде қарастырады. Ал, тар мәнде саяси ғылым деп саясат теориясының өзі айтылады. Саясаттануды зерттейтін ғалымдардың көпшілігі бұл ғылымды сяасат туралы жалпы, оның барлық көріністерін қатып, тәртіпке келтіретін, жинақтап біріктіретін ғылым деп санайды. Бұл пікірді Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім беру, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы (ЮНЕСКО) басшылығымен 1948 жылы Парижде өткен саясаттанушылардың Халықаралық коллоквиумы да мақұлдады. Оған қатынасқан дүние жүзі ғалымдары саясаттану пәні мына бөлімдерден тұрады деп белгіледі:

1) Саяси теориялар (олардың пайда болуы, дамуы мен қызметі);

2) Саяси институттар (конституциялар, аймақтық және жергілікті басқару, көпшілік әкімшілігі, саяси институттарды салыстырып зерттеу);

3) Партиялар мен қоғамдық ұйымдар;

4) Қоғамдық пікір;

5) Халықаралық саясат (халықаралық ұйымдар мен халықаралық құқық).

Саясаттану пәні қоғамның саяси саласын, оның даму заңдылықтарын, қазіргі саяси өмірді ұйымдастыруды, басқаруды, оның құрылысы мен жұмыс істеуін зерттейді. Ол адамзаттың демократиялық қоғамдағы құқығы, еркіндігі мен міндеттері, жеке адамның саяси-құқықтық жағдайы, оның саяси өмірге қатынасу тәсілдері, саяси өзгерсітің түрлері, саяси мәдениетті қалыптастырудың мазмұны мен жолдары, қазіргі замандағы сан түрлі саяси идеялық көзқарастар, жаңаша саяси ойлаудың мәні, қазіргі дүниежүзілік дамудың қозғаушы күштері туралы түсінік береді. Саясаттану дегеніміз қоғамдағы саясаттың мән жайын түсіндіретін яки ондағы адам мен қоғамның ара-қатынасын айқындайтын тұжырымдамалардың жиынтығын дәйектейтін ғылым.

1.2 Әрбір ғылым белгілі бір әдістерге сүйенеді. Методология-танымдық әрекеттің жалпы теориясы, онда не тану мен нені тануға концептуальды көзқарас туралы айтылады, бұл проблеманы зерттеудің әдістері мен тәсілдері бар. Саясаттану саяси құбылыстар мен өзгерістердің мән-мағынасын түсініп білу үшін түрлі әдістерді қолданады. Мысалы, Марксистік методологияда, қоғамдық құбылысты зерттеуде маңызды нәрсе таптық көзқарас болып табылады. Ол кез келген саяси идеологиялық және өнегелік т.б. құбылыстар таптық қызығушылық пен таптық күрес тұрғысынан қарастырылады. Сонымен әдіс деп зерттеу жүргізуді ұйымдастыру тәсілін айтамыз. Саясаттанудың мұндай тәсілдеріне – салыстырмалы, жүйелеу, социологиялық, тарихи, бихевиористік, нормативтік, аксиологиялық және т.б. жатады.

Салыстырмалы әдіс дегеніміз әртүрлі елдердегі саяси жағдайларды зерттеп, соғын салыстырма жасау дегенді білдіреді. Олардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін жіктеуге септігін тигізеді. Ондағы саяси тұрақтылық пен оның шешімдерін бағалауға, қажетті тұстарын қабылдауға мүмкіндік жасайды. Саясаттанудың салыстырмалы әдісі туралы ерекше айта кету қажет. Оны саясаттануға тән әдіс деп қарауға болмайды, бірақ ол жалпығылымдық әдіс, өйткені салыстыру барлық ілімдерді тануға апаратын жол. Салыстыру әдісі, әлемді тану сияқты өте көне. Бұл әдіспен 158 грек қалаларын зерттеуге, ондағы басқару формаларын салыстырган Аристотельдің «Саясат» кітабында кеңінен қолданған. Қазргі заманғы батыс саясаттану ғылымында да салыстыру әдісі ең жақсы дамыған бағыт болып есептеледі. Әңгіме саяси жүйелер мен институттардың және т.б. салыстыра отырып зерттелуі туралы. Бұл әдістің өзіміздің Қазақстан Республикасында алатын маңызы зор. Себебі еліміздегі жүріп жатқан саяси реформалардың нәтижелі болуына басқа елдердің озық тәжірибесін пайдаланып, тиімді тұстарына салыстырма жасау арқылы қоғамға енгізу жеңісті шешім болмақ.

Жүйелеу әдісі дегеніміз қоғамдағы саяси құбылыстарды басқа күрделі құрылымдардың құрамдас бөлшегі ретінде қарастырып, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік ортадағы орны мен қызметін және басқа құбылыстармен байлынысын зерттеуді білдіреді.

Социологиялық әдіс саяси құбылыстардың қоғам өміріндегі экономикалық, әлеуметтік, мәдени және т.б. жағдайлармен байланысын анықтайды.

Тарихи тәсіл уақытына байланысты болып жатқан саяси құбылыстардың өткенін, қазіргісін және болашақтағы жай-күйін айқындайды. Ол әртүрлі саяси  оқиғаларды, процестерді, деректерді олардың болған уақыт мезгілін еске ала танып-білуді талап етеді.

Бихевиористік әдістің мәні адамдардың, жеке тұлғалардың және топтардың  белгілі бір саяси жағдайда өздерін ұстауы, көпжақты әрекеттерінің нәтижелерін нақтылы зерттеу деп түсіндіріледі. Бұл әдісті жақтаушылар саяси қызметтің барлық түрлерін адамдардың іс-әрекеттерін талдау арқылы түсініп-білуге болады дейді. Бихевиоризмге психоаналитикалық әдіс жақын. Бұл жерде саяси қызметтің субъективті себептерін зерттеуге арналған саяси зерттеулерде психоанализ әдісін қолдану айтылады. Батыста бұл әдіс қоғам мен саяси өкіл арасындағы сенімді зерттеу проблемасына арналады.

Нормативтік әдіс ХІХ ғасырға дейін жиі пайдаланылған. Қоғамның игілікке жетуін қамтамасыз ететін немесе адамның әуел бастан тиесілі табиғи құқықтарын іске асыруға алғышарттылықтар туғызатын саяси құбылыстың түрі.

Диалектикалық-материалистік әдіс қазір көп айтылмағанымен, бұрынғы Кеңес Одағы кезінде кеңінен пайдаланылған. Ол табиғатты, қоғамдағы және санадағы құбылыстар мен процестерді бірімен-бірі тығыз байланыста және үздіксіз даму жағдайында болады деп санайды. Бұл әдісті ешкім жоққа шығармайды. Бірақ коммунистік көзқарас сияқты бір ғана бұл әдістің шеңберінде қалуға болмайды.

Саясаттануда жеке әдістердің үлкен жиынтығы қолданылады. Жоғарыда аталған әдістерден басқа да әдіс-тәсілдер бар. Оларды терең меңгере отырып саяси процестер мен олардың жүру деңгейін шынайы бағдарлауға жолдама аласыз. Бүгінгі демократиялық қоғамда сан түрлі әдістер кеңінен қолданыста болады. Әңгіме ең алдымен орта деңгей теориясы, яғни концептуалдық сызбаның жиынтығы мен парадигма ұстанымы болып отыр. Аз ғана методологиялық (әдістемелік) әдістерге қарағанда орта деңгейдегі теориялар өте көп. Мысалы, американдық саясаттанушылар бұрынғы социалистік елдердегі тоталитаризм мектебін (З.Бжезинский, Х.А. Арендт т.б.) кең түрде зерттеді. Үшіншіні әлем елдері теориялық модернизация теориясы көмегімен сараптады. Капиталистік елдер жалпыға бірдей береке, плюралистикалық  демократия теориясы  және т.б. тұрғысынан қарастырылады.

Саясаттануды жеке әдістердің көмегінсіз зерттеу мүмкін емес. Олар белгілі бір саяси құбылыстың жай-күйі мен жағдайын ашып көрсетуге көмектеседі. Олардың көмегімен эмпирикалық әлеуметтік материал саяси анализ арнасына, орта деңгей теориясына бағытталады. Саяси іргетассыз берік саяси білімді жасау мүмкін емес. Жеке әдістемелер, статистикалық мәліметтерді саралау, сауалнама жүргізу (анкета, интервью), тікелей бақылау, құжаттарды зерттеу принциптері қолданылады. Кез келген саяси жағдайды мына сызба бойынша зерттеу жүргізуге болады: талдау жасау – диагноз қою – болжап айту. Сайлау алдындағы дағдарыс, халықаралық саяси процестер және т.б. мәселелерді үлкен дәлдікпен болжауға болады. Бұл орайда Лассуэл сызбасы кеңінен қолданылады.

Кез келген ғылымның қандай да бір атқаратын қызметі болады. Саясаттанудың да өзінің міндеті бар. Оған ең алдымен танымдық (гносеологиялық) қызметтер жастады. Олай дейтініміз саяси білім қоғамдағы оқиғаларды танып-білуге, олардың саяси мәнін түсінуге және болашақты болжауға мүмкіндік береді.

Саясаттану бағалау, яғни аксиологиялық қызмет атқарады, оның мәні мынада: кейбір саяси құбылыстарға, институттарға, жеке басқа, топқа, қоғамға, саяси құндылықтарға баға береді.

Демокартиялық мемлекеттерде саясаттану саяси әлеуметтену міндетін атқарады. Ол азаматтықты, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастырады.

Саясаттану реттеушілік, басқару қызметін атқарады. Оның ерекшелігі – қоғамның саяси өмірімен тығыз байланысында. Соған орай ол адамдардың саяси өмірінде өзін-өзі ұстауына, іс-әрекетіне тікелей әсер етеді. Саяси дамудың үрдіс, бағдарын бақылай отырып, саясаттану қоғамдық оқиғаларды тиімді басқару үшін нақтылы мәлімет, мағлұматтар береді. Саяси білімдер, сипттамалар, кеңестер адамдардың күнделікті тәжірибелік іс-әрекетінде басшылыққа алынады.

Саяси өмірді жетілдіру саясаттанудың негізгі міндеттерінің бірі. Бұл қоғамды басқаруға бағытталған реформалар жасап, оларды қайтадан тиянақты қарастырып сараптаудан өткізу деген ұғым. Қоғамды жетілдіре отырып заң шығарушы және атқарушы органдар қабылдайтын құқықтық жарғылар мен саяси-басқарушылық шешімдер қолданыс аясына енбей тұрып ең алдымен сарапталып сүзгіден өтеді, барлық аймақтағы нақтылы жағдайлар саяси тұрғыда талдаудан өтеді. Мемлекеттің басқаруына қолайлы жағдайлар туғызады. Әртүрлі шиеленістерді шешудің жеңіл жолын іздейді.

Саясаттанудың болжау қызметі бар. Саяси зерттеулердің құндылығы саяси процестердің үрдісін айнытпай бейнелеумен тынбайды. Ол белгілі бір саяси жағдайларда алдыңғы қатарлы, озық саяси өзгерістер жасауға бағытталған ғылыми негізделген болжаумен аяқталуы тиіс. Саяси ғылымның түпкілікті мақсаты да сонда.

 

2 Дәріс. Билік

 

2.1 Ұғымы, маңызы, теориясы

2.2 Саяси билік және саяси жүйе. Мемлекет

2.3 Саяси тәртіп

 

Дәріс мақсаты: Билік саясаттанудың негізгі маңызды тақырыбы екендігінің маңызын ашу, биліктің саяси ерекшеліктері, оның басқару түрлері және жүзеге асыру механизмдері.

Мазмұны: Биліктің маңызы веберлік ұстаным негізінде (билік қоғамдық және ерікті құбылыс) анықталады, оның құрамдас бөліктері мен басқару түрлері ашылады. Билік өкілеттілігін түсінуге арналған (реляционистік, бихевиористік, жүйелік) теориялар қарастырылады. Билік ерекшеліктері сипатталып, оның негізгі түрі болып  саналатын мемлекеттік билік анықталады, саяси жүйе және саяси тәртіпке анықтама беріледі.

2.1 Билік – саясаттанудың негізі болып табылады. Саясаттың мазмұны, саяси институттардың қызметтері туралы түсінудің кілті деген ой қалыптастыруға болады. Саясаттың негізгі мәселесі – билік, ал мазмұны – билік үшін күрес және билікті жүргізу.

Өзінің даму тарихында «билік» түсінігі өте көптеген дәлелдемелер мен теорияларды ұсынды. Аристотель, Д. Локк, Т. Гоббс, Ж.Ж. Руссо, И. Кант, Гегель сияқты фәлсәфашылар билікке түрлі зерттеулер жасаған.

Неміс әлеуметтанушысы М. Вебер билікті зерттеудің жаңа түрлерін ұсынған. Ол ғылымға «әлеуметтік әрекет» ұғымын енгізді. Оның екі кезеңі бар: индивидтің субъективті әрекет етуі және басқаға бағдар жасау. Вебердің түсінігі бойынша билік дегеніміз, әлеуметтік қатынаста ешқандай қарсылыққа қарамай, өз мүмкіншіліктеріңді пайдалану. Билік Вебер үшін бірінші орында. Одан туындайтын нәрсе – саясат және сонымен байланыстының бәрі. Осы түсінікке сүйене отырып, биліктің бірнеше элементтерін ұсынуға болады:

а) билік қатынасында кемінде екі серіктестің болуы; билік субъектілердің ара қатынастары;

б) санкциялар қолдану қаупімен ұштасқан, кімге билік жүргізуі керек екенін көрсететін еркі немесе билік жүргізетін бұйрығы;

в) билік жүргізілетін адамдарды өз еркіңе көндіру;

г) бұйрықтар, санкциялар және бағынулардың орындалу шекарасын анықтайтын қоғамдық нормалар.

Билік, өз дегенін орындау үшін түрлі формада көрініс беруі мүмкін: зорлық-зомбылық, үстемдік, басқару, басшылық, бақылау және т.б.    

Билік жүргізу механизмін, оның ресурстарын, негіздерін биліктің көптеген теориялары түсіндіруге тырысады. Мысалы: телеологиялық, биологиялық, реляционистік, бихевиористік теориялар мен билік тұжырымдамалары.

Билік түсінігінің жаңа кезеңіне жүйелік тұжырымдамалар шығады (Т. Парсонс т.б.), олар билікті әлеуметтік жүйелердің әртүрлі қызметі ретінде қарастырады. Әр биліктің өз ерекшілігі бар: мысалы, кіші, микроәлеуметтік жүйе – жанұяда, еңбек ұжымында, қызығушылығы бір топтарда – бір түрлі;  экономикалық, әлеуметтік, саяси, діни  орталарда – басқаша түрлі болып отыр.

2.2 Саяси билік – бұл биліктің ерекше түрі. Ол таптардың, топтардың, жеке тұлғалардың қоғамды басқару институттарын бақылау арқылы өз еркін орындату мүмкіндігін көрсетеді. Саяси биліктің екі маңызды белгісі бар:

1) масштаб – ол әлеуметтік топтар мен бүкіл қоғамға әсер етеді;

2) мемлекеттік тұтқаны қолдану мүмкіндігі мен мемлекеттік шешім түрінде рәсімдеу.

Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал, мемлекеттік билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығару жеке-дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғарғы дамыған түрі болып табылады. Мемлекеттік биліктің заңдылығы оның легитимдігінен білінеді. Легитимдік (латын тілінде заңдылық, шындық деген мағынаны білдіреді) (М. Вебер енгізген ұғым) – қоғам алдында билікті заңдастыру, халықтың үстемдік етіп отырған саяси билікті мойындауы, оның заңдылығы мен шешімдерін растауы. Макс Вебер билік басына келудегі легитимдіктің үш үлгісін ұсынады: әдет-ғұрыптық легитмдік, харизматикалық легитимдік, құқықтық легитимдік (бұларға жеке түсіндірме тәжірибелік сабақ кезінде студенттермен талқыланады).

Саяси жүйе – бұл қоғамның біртұтас жүйе ретінде қалыптасуын қамтамасыз ететін, саяси билік орталықтан басқарылатын институттар жиынтығы. Саяси жүйенің ең негізгі қызметі – басқару. Оның төрт ішкі жүйелері бар: саяси институттар; саяси қатынастар; саяси ережелер; саяси мәдениет.

Саяси институттар қоғамдық алаңның барлық бөлігіне тарайды, себебі ол әртүрлі әлеуметтік субъектілер қарым - қатынасынан құралған. Саяси биліктің  субъектілерінің екі типі бар: бұл әлеуметтік деңгей субъектілері – тап, этнос, топ, жеке адам және т.б. Екінші тобын институциональді субъектілер құрайды. Олар саяси ұйымдар: бүтін мемлекет, оның жеке құрылымдары – парламент, президент, әскер, сондай-ақ партиялар, қозғалыстар, оппозициялық көңіл-күй және т.б.

Солардың ішіндегі ең маңызды элемент – мемлекеттік билік. Ол қоғамда белгілі бір тәртіпті орнатады, оны басқарады, экономикалық және әлеуметтік құрылымын қорғайды. Ол үшін мемлекеттің арнайы аппараты, еріксіз көндіретін күштеу, зорлау органдары (әскер, сот, полиция, милиция және т.б.) болады. Мемлекет қоғам атынан оның ішкі және сыртқы саясатын атқара алады. Мемлекеттік және саяси билік ара-қатынасын мынадай формуламен көрсетуге болады: кез келген мемлекеттік билік саяси болады, бірақ кез келген мемлекеттік билік мемлекеттік болмауы мүмкін.

«Мемлекет» түсінігі екі негізгі мағынада қолданылады:

1) Үлкен әлеуметтік топ ұжымы ретінде, ол – «халық», «қоғам», «ел» мағынасында айтылады;

2) Басқару құрылымдарының жиынтығы ретінде, мемлекеттік аппарат, үкімет мағынасында. Саясаттануда осы екінші мағынасында қолданылады. Мемлекет алғашқы қауымдық қоғамда болған жоқ. Ол құл иеленушілік қоғамда дүниеге келді.

Мемлекеттің басқа әлеуметтік-саяси құрылымдардан ерекшелігі:

1)  қоғамды басқару мен қорғауға арналған органдар жүйесінің болуы;

2)  мәжбүрлейтін билікке монополия;

3)  қоғам атынан – экономикалық, әлеуметтік және әскери-сыртқы және ішкі саясатқа құқық және жеке-меншікті жүзеге асыру;

4)  елге міндетті заңдар мен ережелерді шығару;

5)  белгіленген аймақты бөлуді ұйымдастыру билігі;

6)  жалпы – халықтың бюджетті қалыптастыруға елден салық жинауға және жинақ жасауға монополиялы құқық.

Мемлекеттің қоғамдық белгілерінен басқа (елтаңба, ту, әнұран) өз атрибуттары бар, олар: аумақтық бөліну, ерекше өкімет аппараттары (жария билік), мемлекеттің егемендігі, ашық күш қолдану, яғни зорлықпен еріксіз көндіру, салық салу, мемлекеттің азаматы болу.

Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығарушы, орындаушы және сот. Әрбір тармақтың қызметін атқаруға арналған өз құрылымдары бар, олар орталық және жергілікті болып бөлінеді.

Мемлекеттің маңызды сипаттамасына жататындар:

a)  Басқару үлгісі – монарх (монархия) билік етеді немесе сайлап алынған президент (республика) басқарады;

б)  Ұлттық-территориялық құрылғы немесе мемлекет құрылымы. Бұл орталық және жергілікті билік органдарының маңызды аймағының ара-қатынасы. Унитарлы мемлекетте мемлекеттік территория біреу, бөлінбейді, онда ішкі мемлекеттік құрылымдар жоқ. Федерация – орталық институттардың үстемдігімен одақтық мемлекет. Конфедерация – бұл жергілікті институттар басқаратын одақтық мемлекет.

Мемлекетің басты рөлі – қоғамды басқару. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет мынандай ішкі қызметтер атқарады: экономикалық, әлеуметтік, құқықтық ережелерді қамтамасыз ету, қоғамдық құрылысты қорғау, мәдениеттік, тәрбиелік, білімдік маңыздылықтарды жүзеге асыру. Елдің сыртқы қызметі – басқа елдермен саяси және экономикалық қарым - қатынас орнату.

2.3 Саяси тәртіп (режім) – бұл демократиялық құқық пен еркіндікті бейнелейтін мемлекеттік билікті жүргізу әдістерінің жүйесі. Қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп үлкен екі топқа бөледі. Осыны анықтағанда мақсатында төмендегідей сұрақтар туындайды.

Кім (топтар, партиялар, элита, топтар) мемлекетті басқарады?

Қандай басқару әдістеріне басты орын бөлінген – тікелей, мәжбүрлеу (Г. Рассель бойынша «Жалаңаш билік» ) немесе жанама, демократиялық?

Әлеуметтік күрес және қысым институттары, ішінара оппазициялық партиялар, кәсіподақтар немесе басқа ұйымдардың әрекетіне жол берілеме және қаншалықты мөлшерде?

Мемлекеттегі жеке тұлға ахуалы қалай. Соңғы екеуі азаматтық қоғамның көрсеткіштері болып саналады.

Әлем елдерінің саяси даму тарихи мен саяси режімдері алуан түрлі. Шын мәнінде, әр мемлекеттің өз режімі қалыптасқан. Сонда да саяси режімдерді үш үлкен топқа біріктіруге болады: тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

Тоталитарлық режім биліктің тотальділігімен, азаматтық қоғамның жоқ болуымен сипатталады, тоталитарлық билік қоғам өмірін төтенше жағдайлар принципі бойынша мәжбүрлеп ұйымдастырады. Онда өндіріс, экономика, бұқаралық ақпарат құралдары, білім, мәдениет, адамдардың жеке өмірі және т.б. – бәрі тегіс бақылаудың астында болады. Азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтары, демократиялық ұйымдардың жұмыстарына тыйым салынады, жазалау, қуғын-сүргін күшейеді, террорлық полициялық бақылау орнайды. Қоғам милитарланады. Тоталитаризмнің екі нұсқасы болады: оңшыл радикалистік және солшыл экстремистік. Тоталитарлық тәртіпте жалғыз көпшілік партия қалыптасады. Билікті сол жүргізеді. Ол партия оған кірген мүшелердің қимылы өз еркімен және демократиялық жолмен ұйымдаспайды. Көсемнің ырқымен, соның айналасында (Гитлер, Сталин) құрылады. Ондай қоғамда идеологияның рөлі үстемдік етеді. Бұқаралық ақпарат құралдарын кеңінен пайдаланады. Бұқараны соның күшімен өз ықпалында ұстайды. Идеологияны көсем белгілейді. Мысал келтіретін болсақ Гитлердің өз ұлтын басқалардан жоғары қоюы, Франконың христиандық қоғамы, Сталинның бұрмаланған социализм идеологиясы.

Авторитарлы саяси режімде мемлекет мықты, авторитарлы көшбасшы билігіне сүйенеді, азаматтық қоғам әлсіз болса да қалыптасқан. Тоталитарлық режімге қарағанда халық бас көтерулері мен қозғалыстарын басуға күштеу әдістері азырақ қолданылады, көбінесе, әлеуметтік демагогия және компромистер қолданылады. Азаматтық қоғамда әлсіз де болса ағымдардың алғашқы өскіндері, оппозиция, әлеуметтік қорғау органдары, қоғамдық өз ойын айту пайда болады. Азаматтар мен қоғамдық ұйымдардың саяси құқықтары мен бостандықтары шектеледі, оппозицияға тыйым салынады. Сайланбалы мемлекет органдары азаяды. Олардың жұмыстары мемлекет басшысының ырқына бейімделеді. Авторитарлық тәртіпке мысалы, Пиночет кезіндегі Чилиді, Франко кезіндегі Испанияны, қазіргі Иорданияны, Индонезияны, Марокко, Кувейтті, Сауд Арабиясын жатқызуға болады.

Демократиялық режімде мемлекетті қадағалайтын, сонымен қатар оның барлық шешімдерін орындайтын азаматтық қоғам болады, өйткені ол қоғам мен мемлекет бір заңмен өмір сүреді. Билікті бөлісу нақты жолға қойылған. Билік әлеуметтік аумаққа кең жайылған, барлық деңгейде бақыланады және қарсы дау айтылады. Демократиялық саяси режімді оның қалыптасуы мен жоғарғы мемлекеттік билікпен ара-қатынасына байланысты екі типке бөлуге болады: парламенттік және президенттік.

Парламенттік режімде президент пен монарх мемлекетті басқармайды, төтенше шешім қабылдай алмайды. Олар мемлекеттің арнайы өкілетін алып жүрушілері. Өкімет пен парламент арасындағы биліктің тең дәрежеде болуын қамтамасыз ету үшін екі жақты әсерлері болды. Парламенттік режім батыс елдерінің біразында бар. Оның ең жарқын көрінісі Ұлыбритания, ГФР, Австрия, Испания, Скандинавия елдерінде байқалады.

Президенттік режімнің ең басты көрсеткіші – орындаушы билікте дуализмінің болмауы. Президент ел басы және орындаушы биліктің, өкіметтің басшысы болып саналады. Президент барлық халықтың тікелей және жанама дауыс беруі нәтижесінде сайланады. Тура осылай басқа сайлау кезінде парламент сайланады. Олардың әрқайсысы елбасының саясатын орындауға өкілетті.

Президент пен парламент бір-біріне тәуелді емес, өйткені парламент президентті орнынан алып, сенімсіздік танытуы бойынша министрлерді орнынан алып тастай алмайды, ал президент парламентті тарата алмайды. Президенттік республикасының классикалық мысалы АҚШ бола алады. Ресей мен Қазақстанда, ТМД елдерінде де президенттік режім қалыптасып келеді.

 

3 Дәріс.  Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет

 

3.1   Азаматтық қоғам (А.Қ.) тұжырымдамасының идеясы мен дамуы

3.2   Құқықты мемлекет  (Қ.М.) ұғымы

3.3 АҚ мен ҚМ-тің кеңестік дәуірден кейінгі аймақтағы ахуалы

 

Дәріс мақсаты: Студенттерге осы екі ұғымның не екінін түсінулеріне көмектесу; Тәуелсіз Қазақстанда А.Қ. мен Қ.М-ің қалыптасу проблемаларын айқындау.

Мазмұны: Мемлекеттің пайда болуымен бірге А.Қ. идеяларының мазмұны ашылады, дәлірек айтқанда азаматтардың тіршілігіне олардың материалдық рухани-моральдық қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және де мемлекетті басқару ісіне мемлекеттің жанама араласуы. Тарихтағы (Т.Тоббс, Дж Лонк, Г.Гегель т.б.) саяси ойлар мен А.Қ.-ды қазіргі заманғы түсінік пен оның институттары мен аймағы туралы  сипаттамаларға ерекше мән беру.

3.1. А.Қ. идеясы өте ерте замандарда пайда болған. Бұл турасында Аристотельдің өзі нәтижелі пікірлерін айтып отырған.  Азаматтық қоғам деп мемлекеттік құрылымнан тыс қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани қоғамдық қатынастардың жиынтығын айтады. Ол жеке тұлғаның емін-еркін дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік жасайды. Бұл қоғамда мемлекеттің жеке адам өміріне араласуына өте-мөте шек қойылады. А.Қ-да адамдардың экономикалық, саяси және рухани өмірінің түрін еркін таңдауына және жүзеге асыруына заң жүзінде кепілдік беріледі. Олар мемлекет тарапынан қатаң тәртіпке алынудан сенімді түрде қорғалады. Тұлға құқықтары жоғары деңгейде қорғалады. Олар қоғамдық істерге еркін араласа алады. Қ.М. дамыған А.Қ.-ның нәтижесі мен оның негізгі белгілері ретінде қарастырылады. Азаматтық қоғам идеясы екі сұрақты қамтиды:

1) Халық тіршілігінің маңызы қажеттіліктері – материалдық, рухани-материалдық, жанұялық және қызметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы еркін, мемлекеттің тікелей араласуынсыз шешіледі. Әңгіме мамандық таңдау мен соған байланысты еңбек әрекеті жайлы т.б  болады;

2) Азаматтардың ара-қатынасы мен бір-бірімен араласуының еркін түрде мемлекеттің араласуынсыз қалай жүргізуге болады; өздерінің жеке және ұжымдық қажеттіліктерін өтеу үшін – саяси қоғамдар институттар ашу, әртүрлі ерікті серіктестіктерді құру, мысалы, бизнестегі серіктестік (корпорация, акционерлік қоғам), діни сенім бойынша (діни серіктестер), мамандық бойынша (кәсіподақ), қызығушылығы бойынша (спорттық қоғам, әртүрлі танымдық), саяси (партиялар) т.б.

Басқа сөзбен айтқанда, А.Қ. түсінігі деп адамдар арасындағы қарым-қатынас және де жеке немесе ұжымдық тұтынушылардың қажеттіліктерін орындау үшін мемлекеттік қоғамдық ұйымдар мен институттардан тәуелсіз тармақ құру деген сөз.

А.Қ. идеялары мен алғы шарттары антикалық қоғамда пайда болған. Мысалы: Афины Республикасында азаматтардың жеке экономикалық іс-әрекет жасауына, билікке сайлау мен сайлануға құқы болмаған. Азаматтық ерік тек ерікті адамдарда болған, құлдардың құқығы шектеліп отырған. Сонымен қатар, мемлекет (қоғам) азаматтардың жеке өміріне араласқан (Мысалы, көпшіліктің көзқарасынан бөлек көзқараста болғаны үшін Сократты айыптау мен жазасының кесілуін ауызға алуға болады).

Ортағасырлар дәуірінде А.Қ. туралы сөз де болмаған. Діннің үстемдігі және абсалютті монархия болғандықтан барлық адамдар құдайдың құлы немесе жердегі патшалардың иелігінде болды. Жеке адамның мемлекеттегі және қоғамдағы жағдайы оның азаматтық құқымен емес оның қауымдастықтың қай түріне жататындығына байланысты болды.

Мемлекетке бағыну немесе мемлекеттің бекіткен заңдары мен құқықтары негізінде қоғамда CIVIS – азамат түсінігі қайта жаңғырып, CIVILITAS – басқару деген азаматтық ұғым енгізілді. Осылайша өркениет және азаматтық қоғам деген ұғымдар пайда болды. Табиғи күйден азаматтық қоғамға өту мемлекет көмегімен және мемлекет ұғымы арқылы түсіндірілді.

Гегель А.Қ. азаматтардың жеке бас қызығушылықтарын қамтамасыз етеді, ал мемлекет жалпыға бірдей деген ұғымды ұстанған. Гегельдің пайымы бойынша, А.Қ.-ың негізгі принциптері, ол – азаматтың жеке бас бостандығы, жеке меншікке құқықтың болуы, әділ заңдар, қоғамдық пікірдің еркін қалыптасуы. Бірақ А.Қ. деп аталатын бұл жүйе мемлекетке бағынышты болу керек деді. К.Маркс жаңа көзқарас қалыптастырды, оның пікірінше А.Қ. – мемлекетке бағынбайды, қайта одан босап шығады. А.Қ.-ды мемлекет анықтамайды, керісінше қоғам базистік құрылымдары негізінде (өндірістік қатынастарымен) мемлекетті толықтырады және анықтайды. Ол мемлекет келешекте жойылып, А.Қ. шарықтау шегіне жетеді, оның заңмен емес адамгершілікпен (яғни әділеттіктің қарапайым нормаларымен) реттелетінін жазды. Бірақ әрі қарай, пролетариаттың төңкерісі мен диктатурасы арқылы коммунизмге өту теориясы, марксизмдегі еркін А.Қ. идеясы өз мағынасын жоғалтып алды, Маркстің ізін басушылар, жекелеп алғанда, Ленин, Сталин А.Қ. туралы есіне де алмайды.

А.Қ. дегеніміз – экономикалық, әлеуметтік, мәдени, заңға сүйенген, саяси қарым-қатынастармен, мемлекет бақылауынсыз дамыған, адамның жеке басының күші жүзеге асатын қоғам.

А.Қ.-ды құрылымы бойынша екі аймаққа бөлуге болады: жеке және ұжымдық. Жеке аймақ (жеке өмір) – бұл аймақта адам өзінің дербестігін басқа адамдар мен мемлекеттің араласуынсыз жүзеге асыра алады. Мұның мағынасы белгілі ағылшын мәтелінде анық көрінеді: «менің үйім – менің қамалым». Егер адам заң бұзбаса (яғни, қылмыс жасамаса) өзінің жеке өміріне мемлекет пен қоғамды араластырмауға құқылы. А.Қ.-дағы адамның жеке өмірі, жанұядағы қарым-қатынасы, жеке бизнесі, діни өмірі, адамдармен қарым-қатынасы (достық ұйымдар), хат жазысу, сымтетікпен сөйлесу құпиясы сақталады т.б.

А.Қ. институттары – кәсіподақтар, кооперативтер, саяси партиялар, әуесқойлық қоғамдар және басқа өкіметтік емес ұйымдар. Бұл сферада А.Қ. ашық әрі жеткілікті дәрежеде саясаттандырылған. Мысалы, адам өзі таңдаған мемлекеттік қызметте  қоғамнан «жасырынып қала» алмайды, оның әрекеті  жұрттың көз алдында жүргізіледі. Басқа сөзбен айтқанда, А.Қ. адамгершілік ара-қатынастар деп аталатын барлық қоғамдық байланыстарды қамтиды. Әдетте А.Қ. арқылы адамдар мәдениет және дәстүр деп аталатын нәрсені ұғынады. А.Қ. институттарында әдет ғұрыптар туындайды, қалыптасады және дамиды, қоғамдық пікір, мораль принциптері, осылардың кейбіреулері мемлекет институттарында заң нормаларына еніп жатады.

Қазақстанда А.Қ.-ның қалыптасуы өзгеше жағдайда өтіп отыр. Кеңестік кезеңде қоғам өмірі барынша мемлекеттендірілген болатын. Ол жүйе күйрегеннен кейін азаматтық қоғамға өтуге «жоғарыдағы» мемлекеттің өзі ұйтқы болып отыр. Халықтың сана-сезімі, жүріс-тұрысы әлі ондай деңгейде көтеріле қойған жоқ. Сондықтан біраз уақытқа дейін, белгілі бір сапалық деңгейге қол жеткізгенше бұл процеске мемлекеттің елеулі ықпалы болмақ.  Еліміздің 1995 жылғы Конституциясы Қазақстанда әлеуметтік бағдарды нарық экономикасы мен жеке адамның автономиясын тұрақты қалыптастыру үшін оған қажетті құқықтық жағдайлардың негізін қалады. Оған тең дәрежеде танылатын және қорғалатын мемлекеттік меншік пен жеке меншікті, адам және азамат құқықтарының кең ауқымды және біртұтас кешенін; отбасын, ана мен әке және баланы мемлекеттің қорғауын; идеологиялық және саяси әр алуандылықты және тағы басқа да жаңа Конституцияда бекітілген қазақстандық азаматтық қоғамды ерікті дамытудың алғы шарттарын жатқызуға болады.

Дамыған А.Қ. қалыптасуы үшін қажетті алғышарттар: жеке бас бостандығы,  меншік (экономикалық сфера), саяси плюрализм (өзгеше көзқарасқа құқық), құқықтық мемлекет.

3.2. А.Қ. материалдық, мәдени жоғары дамыған шақта құқықтық мемлекетке айналады. Құқықтық мемлекет деп демократиялық жолмен қабылданған заң үстемдік ететін, оның алдында бәрі де тең деп саналатын, жеке адамның құқығы жан-жақты қамтамасыз етілетін мемлекеттік құрылысты айтады. Құқықтық мемлекет және оның табиғаты туралы мынандай тұжырым жасауға болады:.

а) құқықтың құзырлы болуы немесе құқықпен шектелген мемлекет. Құқық – бостандық, теңдік және әділеттілік өлшем бірлігі. Мемлекеттік заңдар мен әрекеттер, адам құқығына сәйкес келмесе (қарсы болса) – легитимді емес;

б) заңның үстемдігі «заңның күші барлығына да жетуі қажет» (Цицерон). «Азаматтық қоғамда өмір сүріп жатқан әрбір адамға сол қоғам заңдарының барлығы таныс болады» (Дж. Локк );

в) билікті бөлу, осы биліктің механизмі адамдарға түсінікті болады;

г) жеке адамның қызмет бостандығы және принцип бойынша іріктелулері;  заңға қайшы келмейтіннің бәріне де рұқсат;

д) мемлекеттің азаматтық қоғам бақылауына көнуі;

е) талас кімдер арасында туындаса да, құқық туралы таласты шешетін тәуелсіз соттың болуы;

ж) азшылықтың көпшілікке бағынуы ғана емес, сонымен қатар азшылықтың құқықтарының кепілдігі.

Заңға сүйенген мемлекет – саяси және құқықты ойларды жеңіп алады. Бірақ көбінесе – А.Қ.-да құрылатын жеке-меншік қатынастары әлеуметтік қорғаудың ешқандай механизмдерін қамтымайды. А.Қ. экономикасының негізі әртүрлі меншіктегі көп укладты экономика. Бұл қоғамынң әрбір мүшесінің нақтылы меншігі болады және оны өз қалауына сай пайдалана алады. Сондықтан мұнда белсенді іскерлікке, тапқырлыққа, жемісті еңбек етуге кең жол ашылады. Мұндай мемлекет әлеуметтік құқықты мемлекет  болып саналады.

3.3 Қазақстан Республикасы А.Қ. және Қ.М. қалыптастыру сатысында біраз іс-шаралар жүргізіп келеді. Кезінде тоталитарлық және авторитарлық кезеңде өмір сүрген КСРО құрамында Қазақ КСР-да болды. Ол кезде А.Қ.-ның экономикалық алғы шарттары – аралас меншік; саяси алғы шарттар – жеке бас бостандығы, азаматтардың бірігуге құқығы; рухани алғы шарттар – басқаша ойлауға құқығы және де құқықты мемлекет болуға тыйым салынды.

Тәуелсіз Қазақстан жағдайында осы айтылған алғы шарттар жасалынған, оларға Қазақстан Республикасының конституциясында кепілдік беріледі, онда АҚ жолын ұстануы туралы айтылған.

Республикадағы А.Қ. қалыптасуының негізгі белгілері:

а) өздері таңдаған экономикалық қызмет сферасымен өз еркінше айналыса алады;

б) адамдар өз қызығушылықтары бойынша топтаса алады.

Елімізде өкіметтік емес ұйымдар көп, соның ішінде халық шаруашылығы кәсіподақ коммитеттері, әртүрлі діни бірлестіктер, саяси партиялар, басқа да көптеген бірлестіктер – қызығушылық бойынша, тұтыну, құқық қорғаушылық және т.б. бар. Тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдары дамып келеді. Бірақ біздің еліміздегі А.Қ.-ның толық жетілуіне әлі біраз уақыт керек. Оның дамуы үшін қажетті проблемалар әлі көп:

а) біріншіден, бұл басқа да кез келген істегідей ізденуді қажет етеді,  елімізде халық белсенділігі әлі ақсап тұр;

б) екіншіден, мемлекет, А.Қ-ды қолдай отырып тәуелсіз ұжымдардың қызметіне көп араласады (мысалы, саяси партиялардың мүшелерінің санын қадағалау);

в) ең негізгісі, А.Қ-ның мемлекетті қадағалауы жолында кедергілер кездеседі. Негізгі А.Қ-ның өкілетті органы – парламент – өкілеттің қызметіне бақылауды толық мәнде жүргізе алмайды; парламенттің мемлекеттің кадр саясатына және заңдардың өкіметпен орындалуын қадағалауға құзыры жетпейді;

г) Жалпы алғанда, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында ҚМ қалыптасу процесіне қарағанда А.Қ. қалыптасуында үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Басқаша айтқанда мұндай жағдай авторитарлы режімі бар елдер үшін қалыпты жағдай.

 

4 Дәріс. Демократия. Қазіргі заманғы тұжырымдамалар мен саяси тәжірибе

 

4.1     Демократия: ұғымы, белгілері, тарихи формалары

4.2     Демократияның қазіргі заманғы саясаттағы негізгі тұжырымдамалары

 

Дәріс мақсаты: демократияның негізгі принциптерін зерттеу, оның түрлерін,  тарихи негізгі формалары және қазіргі заманғы тұжырымдамаларын дәйектеу.

Мазмұны: Дәрістің бірінші сұрағында демократия ұғымы,  оның негізгі принциптері және адамзат тарихындағы дамуы, сондай-ақ, демократияның тарихи формалары: рулық (мемлекет болмаған кездегі түрі), көне, сословиелік, либеральді, кеңестік түрлері қарастырылады. Екінші сұрақта осы заманғы саясаттанудағы демократия тұжырымдамаларының негізгі сұрақтары сипатталады (плюореалистік, элиталық, партисипаторлық).

4.1 Демократия саясат пен билік сияқты саясат ғылымының негізгі категориясына жатады. «Демократия» терминін ежелгі грек тарихшысы Фукидид (б.э.д. – V ғ.) өзінің 8 томдық «Тарих» деген еңбегінде пайдаланған. Пайда болған  кезінде бұл сөз  сол кездегі  Афина республикасында  болған мемлекеттік басқарудың белгілі бір формасын суреттеу үшін қолданылды. Тура осы мағынада Афина көшбасшысы Перикл да демократия терминін пайдаланған және оның екі белгісін атап көрсеткен: заң алдында барлық азаматтардың теңдігі және азшылықтың көпшілікке бағынуы негізінде шешім қабылдау ережесі. Сонымен демократия грек тілінен аударғанда «демос»  халық және «кратос»  билік, яғни халық билігі дегенді білдіреді.

Демократия тұжырымдамасы қоғамдық-саяси өмірдің күрделенуіне қарай, тарихи даму пароцесінде өзгеше кең ауқымды мағына алады. Қазіргі әдебиетте осы терминнің қолданылуының бірнеше нұсқасын атап көрсетуге болады:

а) Ежелден келе жатқан мемлекеттік басқарудың монархия мен тиранияға қарсы түрі. Мысалы: Америка сөздігінде: «Демократия – басқарудың халықтық формасы, онда халық жоғары билікке қол жеткізеді, өзі немесе азат сайлау жүйесі нәтижесінде сайланған өкілдері арқылы жүзеге асады» (ЮСА, АҚШ-1991. – 4 б);

б) Демократия қоғамдық-саяси  өмірдің принциптері мен нормасы. Мәселен, қазіргі заман қауымдастығы тек қана мемлекеттік-саяси өмір ғана емес, қоғамдық-саяси белсенділік болып табыладыәселе демократия принциптерінсіз өмір сүре алмайтын алуан түрлі қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстар қызметінде, сондықтан, қоғамдық-саяси демократияның қажеттілігі айқындалады);

в) Демократия – саяси құндылық. Бұл жерде де әртүрлі түсіндірулер бар. Ш.Л. Монтескье үшін демократияның негізгі құндылығы бостандық пен теңдік болған. Егер бостандық пен теңдік болса – демократия туралы айтуға болады, болмаса – айтудың қажеті шамалы. Ж.Ж. Руссо үшін маңыздысы – халықтың тәуелсіз, егемен ойын (сувернитет) білдіре алуы. А.Токвиль демократияның ең жоғарғы игілігін «мүмкіншіліктердің теңдігінде» көрді. Қазіргі демократиялық мемлекеттердің Конституциясында адам өмірі, оның құқығы мен бостандығы ең жоғарғы құндылық деп есептеледі;

г) Демократия – саяси көзқарас, саяси бағыт ұғымы. Бұл жерде әртүрлі  тұжырымдамалар мен теориялар демократияның мазмұны, мінездемесі және прициптері жайында сөз қозғайды.

Тарихи даму барысында демократия түсінігі біраз өзгеріске ұшырады. Жоғарыда айтып өткендей, Перикл заң алдында барлық азаматтар тең деген принципке сүйенді, оның басшылығымен жүргізілген реформаларда билікті барлық ерікті адамдарға мүмкіндігінше біркелкі бөліп беру қарастырылды. Ол орта және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде санап, оларды қолдады. Қазіргі демократия туралы түсінік кең ауқымды, күрделі. Американ сөздігінде «Демократия» ұғымын сипаттайтын 11 түрлі негізгі принциптер бар. Қысқа түрде көрсетсек, олар:

а) Халықтық өкімет, яғни еркін және жеке сайлау арқылы халық өз келісімін берген басқарушы билігі;

ә) Шешім қабылдау принципі көпшілік ережесіне сүйенеді;

б) Заң алдында барлық азаматтар тең-құқылы;

в) Азшылық құқығының сақталуы;

г) Негізгі құқық және бостандық кепілдігі;

д) Әділ сот ісін жүргізу (заңға ғана бағынатын тәуелсіз сот);

е) Өкіметке конституциялық шек қою;

ж)  Әлеуметтік, экономикалық және саяси бостандықтар.

Сонымен, демократияның қазіргі түсінігі ол – адам құқығы мен тәуелсіздігінің кепілдігі (сөз бостандығы, діни бостандық, бірлестіктер бостандығы), азшылықтың құқық кепілдігі, дүниеге өзгеше көзқарас құқықтарының кепілдігі, соның ішінде саяси оппозицияға да бостандық. Осы кепілдіктер демократия сөзінің отаны Афинада болған жоқ. Онда саясаткер сайлауда қарсыласынан жеңіліп қалса оқшауланып, яғни елден 10 жылға аластатылған. Басқаша ойлануға кепілдік берілмеді.

Демократияның тарихи формалары:

1) рулық демократия, бұл алғашқы қауымда және дәстүрлі қоғамда болған мемлекетке дейінгі форма. Оның негізі: қоғамның барлық мүшелерінің тең болуы, олар қоғамды жалпы жиналыс арқылы, ру көсемдері мен ақсақалдары арқылы, тайпа көсемдері арқылы басқарған. Олардың басқаруы күштеу арқылы емес, моральдық мәртебе, салт-дәстүрді құрметтеуге бағытталған;

2) антикалық демократия – демократияның бірінші мемлекеттік формасы. Мысалы – Афины республикасы. Оның ерекше белгілері: еріктілер үшін демократия, биліктің жоғарғы органы – халықтық жиналыс, оның заң жасаушылық күші болған;

3) Сословиелік демократия – ортағасыр демократиясы. Онда мемлекеттік басқару міндетті түрде абсолютті монархтың қолында болғандықтан демократия туралы тек шартты түрде ғана айтуға болады. Азаматтардың бірыңғай құқығы болмады. Қоғамдағы адам орны олардың қандай тап өкілі екеніне қарап анықталды;

4) либеральдік демократия – жаңа заман демократиясы. Феодализмнің капитализмге ауысқан кезеңінде пайда болды. Отаны – Англия. 1989 жылы «Даңқты төңкеріс» нәтижесінде қабылданды, онда жеке адам бостандығы мен қандай топқа жататынына қарамай заң алдындағы теңдігі жарияланды. Мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшеліктері: билікті бөлу; заң шығару парламенттің құзырына көшті; оны халық сайлады; патша – ел басшысының рөлінде қалды; үкіметті парламент сайлайды және есеп береді; тәуелсіз сот өмірге келді; жергілікті өзін-өзі басқару ісі жүзеге асты;

5) Кеңестік демократия. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін Ресейде пайда болды және 70 жыл өмір сүрді. Оның ерекшеліктері: таптық сипаттама; еңбекшілерге арналған демократия, қанаушы тапты күштеп жою; пролетариат диктатурасы, оның негізгі саяси формасы; еңбекшілердің депутаттар кеңесі; кейіннен халық депутаттар кеңесі. ХХ ғасырдың 90-жылдарында жеңіліске ұшырап, саяси аренадан кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кезде социалистік демократия Қытайда (халықтық демократия формасында) және солтүстік Кореяда, Вьетнамда, Кубада бар.

4.2 Қазіргі заманғы саясаттануда либеральді демократияны жалпы түсіну аясында бірнеше тұжырымдамаларға ерекше тоқталуға болады:

а) Плюралистік демократия. Оның негізі жақтастарының айтуы бойынша (Дж. Шумитер) саяси процесс – әртүрлі топтардың күресі. Саяси билікке қол жеткізіп, өз дегеніне жету және топтың көздегенін орындау үшін барлық белсенділікке ұмтылуы; мемлекет топтардың талабымен санасып, көнуі қажет. Әртүрлі топтардың талабын саяси партиялар алдыға жетелейді. Өкілетті органдарға сайлану – әртүрлі топтардың жарысы болып саналады;

б) Элита демократиясы. «Элита» термині таңдаулы, лайықты, іріктелген ұғымын білдіреді. Осы тұжырымдама өкілдері (Парето, Дарендорор, Д. Белл) демократиялық мемлекет үстемдік жасап отырған жағдайда да шешім жекелеген адамдардың немесе элита өкілдерінің еншісінде дегенді ұстанады. Және азшылықтың артықшылығы, үстемдігі – ол кемшілік болып саналмайды, тек қана, олардың қатарына ең сенімді, шын мәнінде  лайықты, еңбек сіңірген адамдарды сайлау қажет. ( Д.Белл бойынша – меритократия );

в) Партисипаторлық демократия. Оның жақтастары халықтың саяси процесстерден шеттеліп қалуын сынға алады. Олардың ұраны: «Қоғамды басқару мен саяси процестерде халықтың өте белсенді және кең түрде қатысуы». Олардың арасынан солшыл либералистерді де, социал-демократтарды да табуға болады. Олар төменгі деңгейдегілердің саяси қатысуын кеңейтуді, еркіндік пен теңдікті, мәдени және білімділік деңгейін көтеру, өзі шешім қабылдай алуы үшін саяси мәдениет негіздеріне баулу т.б. мәселелерді алдына мақсат етіп қояды. Осындай ойлар элитарлы және плюралистік теориялардың жақтастарының пікірінен мүлдем алшақ. Олар жалпы халықты саяси процестерге жолатпау керек дейді. Партисипаторлық демократия өкілдерінің көбі қазіргі кезде тура демократияға көшу мүмкін еместігін мойындайды. Олар саяси ұйымдастырулардың тура демократияның өкілетімен жекеленген элементтері араласқан түрін ұсынады.

Біздің Қазақстан Республикасы өзінің егемендігін жариялап, зайырлы, демократиялық, құқықтық мемлекет құруда. Елімізде адамның енгізгі құқықтары мен бостандықтары көрсетілген, олар заң мен сот алдында теңдестірілген. Әркім өзінің жанына жақын саяси мұраттарды ұстануға ерікті. Сөз және баспасөз ботандығы, соның ішінде сынау құқығы да заң жүзінде бекітілген.

Демократия – тарихи құбылыс. Оны бір қоғамнан екіншісіне қалай болса солай көшіре салуға болмайды. Оны осы ғасырдың 60 жылдары егемендіктерін алған «үшінші елдерді» «демократияландыру» тәжірибесі ашық көрсетті. Дамыған елдердің саяси жүйесін азаттық алған елдерге тікелей көшіруге тырысушылықтан ештеңе шыққан жоқ. Бұл сәтсіздікті ол кезде Азия-Африка елдері артта қалған, олар өркениеттілікке өсіп жетілулері керек деп түсіндіріліп келді. Мәселе онда емес еді. Бақа әлеуметтік құрылымы, саяси үрдісі бар жерге өзге тәртіпті еріксіз телігеннің нәтижесі еді. Сондықтан біздің елімізде де саяси, әлеуметтік, экономикалық мақсаттарды, демократиялық теориялардың даму жолдарын, оның іс жүзінде іске асқан елдердегі тәжірибелерін, туған жеріміздің бай тарихын, тамаша тағылымын, сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрпымызды, салт-санамызды, еліміздің ерекшеліктерін ескере отырып, демократияның өзімізге лайықты жүйесін қалыптастырғанымыз ләзім. Қоғам демократиялық жағдайда өмір сүруге үйренуі керек. Оған тез жету оңай емес. Дегенмен, ол өркениетті елдердің тарихи тәжірибелерінен белгілі болғандықтан демократияның өз өміршеңдігін дәлелдеген рәсімдерін, тәртіп, қағидаларын тезірек кіргізіп, тиімді және нысаналы пайдаланған абзал.

 

5 Дәріс.  Тұлға және саясат

 

5.1 Тұлғаның саяси әлеуметтенуі

5.2 Саясатқа араласу мен оның түрлері. Саяси көшбасшы

5.3 Саяси мәдениеттің (С.М.) мағынасы мен жіктелуі

 

Дәріс мақсаты: Адам факторының саясаттағы рөлін ашу, саяси процестерге жеке адам қалай тартылады, қандай жағдайларда жеке адамның саясаткер ретінде рөлі артады немесе кемиді; сондай-ақ «саяси мәдениет» ұғымының маңызы мен мағынасын түсіндіру, оның саяси жүйе қызметіндегі маңызы жөнінде студенттерге түсінік беру.

Мазмұны: Тұлғаның саяси әлеуметтену проблемасы нәтижесінде индивидтің саяси адам қасиетіне ие болуы қарастырылады: саяси әлеуметтенудің және оған әсер ететін факторлардың жолдары мен деңгейлері сиппаталады. Тұлғаның саясат субъектісі болуы қабілеттерінің ең маңызды көрсеткіш болып табылатыны және саяси көшбасшы деңгейіне дейін көтеріле алуының мәнін айқындау. Саяси мәдениеттің (С.М.) адамдардың жүріс-тұрысы мен әртүрлі ұйымдардың қызметіне, олардың ішкі және сыртқы саясат құбылыстарын ұғынуға, саяси болжам жасауына тікелей әсерінің ерекшеліктерін терең түсіндіру.

5.1 Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз жүріс-тұрысына жауап беретін, еңбек етіп, қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Тұлғаның саяси қызметпен айналысуы өте маңызды. Саясат субъектісі рөлін атқаруы үшін ол сол қызметке дайындалуы қажет – арнайы білім алып, мүмкіндіктерін, икемдері мен біліктілігін шындауы қажет. Оның бәріне қол жеткізу жеке адамды саясат әлеміне жетелеп әкелетін және жай адамды саясаткерге айналдыратын процесс саяси әлеуметтену деп аталатын процесс нәтижесінде жүзеге асады. Субъект деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты атайды.

Саяси әлеуметтену негізгі екі жолмен жүзеге асады. Біріншісі – саяси мәдениет нормаларына енген өткен уақыттың саяси тәжірибесін жаңа ұрпаққа беру. Бұл жанұядағы тәрбие нәтижесінде, мектепте оқыту арқылы беріледі. Екінші жолы жеке тұлғаның бұрын белгісіз болған жаңа саяси тәжірибе жинақтауы, өйткені күнделікті өмірде кейбір саяси ұғымдардың алғашқысы мен кейінгісі араласып жатады, олар бірін-бірі толықтырады және бір-біріне қайшы келуі де мүмкін. Солардың ара жігін ашуға ұмтылу керек.

Саясаттану процесі әртүрлі кезеңдерді бастан өткере отырып, азаматтың дамып жетілу процесіне тікелей ықпал етеді. Саясатты меңгеру үш кезеңге бөлінеді. Біріншісі, 3-5 жастан 12-13 жас аралығы. Алғашқы саяси мәліметті балалар өздері үлгі тұтатын, ұқсауға тырысатын ата-аналарынан алады. Осы кезеңнің аяғына қарай (7-13 жас) саяси ақпарат ағымы көбейеді, жалпы және абстрактылы саяси символдарды түсіну мен қабылдау қабілеті артады. Екінші кезеңде (13-18 жас) саяси «мен» немесе жеке бастың саяси сезімі қалыптасады. Саяси нысандарға деген эмоциялық сезімі саяси жүйедегі құзырлық адамдар мен әртүрлі институттардың орындаған арнайы рөлдері мен қызметтерімен толықтырылады. Үшінші кезеңде (18 жастан ары қарай) өзінен көп үлкен адамдармен бірге саясат өміріне қатыса алады (саяси партияларға, әкімшілік органдарға т.б. сайлайды, өзі сайлана алады).

Саяси әлеуметтену кезінде жеке тұлға өзін қоршаған әлеуметтік ортаның әсерін сезіне алады. Бұл әлеуметтік ортаға саяси және саяси емес факторлар сол адам өмір сүріп жатқан елдің мемлекеттік құрылымының түрі мен сипаты, саяси режімі, саяси институттары, партиялары, жастар қоғамы мен қозғалыстары, оқу орындарындағы саяси сауат курстары т.б. саяси емес факторларына байланысты түрліше болады:

а) дәстүрлі фактор – жанұя, қатар құрбылар тобы, мектеп, жұмыс, шіркеу,  мәдениет, әдебиет ақпарат құралдары;

ә) дәстүрлі емес фактор – жастар субмәдениеті, поп-әуен;

б) макроәлеуметтік факторлар – әлеуметтік-экономикалық қатынастар, өмір сүру салты, салт-дәстүр, мәдениет. Жеке басты саяси әлеуметттендірудің маңызды әлеуметтік жағы – ол жеке адамға саяси жүйе құндылықтарын беру процессін жүзеге асыру. Кімнің қандай жағдайларда жеке басқа әсер етуін ғана емес, қалай жүргізілетінін білу маңызды. Осы механизмдердің кейбірі әдейі ұйымдастырылады. Адамның саяси мінез-құлқына бақылауды, оқытуды саяси институттар жүргізеді. Кейбірі кездейсоқ қалыптасады. Саяси әлеуметтену механизмі бірнеше түрлі деңгейде қызмет етеді:

а) Әлеуметтік деңгейде яғни бүтін қоғамда;

ә) Әлеуметтік-психологиялық деңгейде;

б) Тұлғаның ішкі психологиялық деңгейінде.

Саяси әлеуметтенудің нәтижесі деп жеке бастың саяси құндылығы мен мақсатының орнығуын айтамыз. Тұлғаның саяси құрылымы дегеніміз төмендегідей:

а)  Саяси таным;

ә)  Саяси қызығушылық, қажеттіліктер мен мотивтер;

б)  Саяси ерік;

в)  Саяси мінез-құлық.

Саяси әлеуметтену нәтижесінде – саяси қалыптасқан, саяси мәдениеті жоғары тұлға қалыптасады.

5.2. Саясаткерлер әлеуметтену барысында адамның алдында объектіден саяси субъектіге айналу мүмкіншіліктері болады дейді. Объект деп субъектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады. Басқа сөзбен айтқанда, объект – зерттелетін зат. Сонда саясаттанудың объектісіне саясат, саясат әлемі жатады. Негізгі көрсеткіш деп процесті іске асыру – бұл саяси  саясатқа қатысу (СҚ) деп аталады. Бұл жерде адамның қоғамның саяси өміріне тәжірибелік қатысуы туралы айтып отырмыз. СҚ – бұл саяси өктемдіктің болуына, шешімдердің орындалу процесіне және басқарудағы саяси мінез-құлыққа  мән беру дегенді білдіреді. Тұлғаның қоғамдық-саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар. Мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды. Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектен шықпауына әсер етеді.

СҚ түрлері, себептері әртүрлі болады. Қатысу түрлері – орталанбаған және орталанған бола алады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі; ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат; б) саяси ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; в) қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер; г) саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы; д) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең «соңғы саты» болып саналатын саяси басшы, көсем.

Қоғам қаншалықты демократиялы болса, ондағы СҚ түрлері соншалықты алуан түрлі болады, яғни саяси көзқарастар мен әрекеттердің мүмкіндіктері өте кең ауқымды деңгейде қалыптасады. Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субъектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық-құқықтық заңда айқындалады.

Көшбасшы топ немесе ұйым бар жерлерде өз қызметін бастайды. Ол басқалардың мақсаттарына біріге араласып, оларға әсер ете алады, бағытталған ісін бірлестік назарында ұстай отырып, қанағаттанарлық деңгейге жеткізеді.

Саяси ойлар (СО) тарихында көшбасшының негізін, саяси портретін түсіндірудің бірнеше мысалы бар. Психологиялық негізіне келсек озат үлгілі адам табиғатынан белсенді, ол басқалармен салыстырғанда  ерекше сапаларға ие жоғары деңгейдегі адам, даналығы, беріктігі және мінез-құлқындағы нақтылық, ынталылығы, болжағыштығы және т.б. қасиеттері мол. Мысалы, Ф. Ницше, басшы болу кез-келгеннің қолынан келе бермейді, тек «дарынды адамдар» ғана билеуші бола алады деген. Кейбір көрнекті қайраткерлер,  өкімет билігіне ие болмай және ресми өкіметтің орындарын иеленбей-ақ, тіпті ұмтылмай-ақ көшбасшы болуға қол жеткізген: мысалы бұлар Махатма Ганди Мартин Лютер Кинг, А.Д. Сахаров.

Көшбасшылықтың мәнін түсінуде марксизмнің де рөлі зор. Марксистік-ленинистік пікірдің айтуынша көшбасшылық – қоғамда, көпшіліктің, партиялардың, саяси басшылардың қатысуымен болатын әлеуметтік-саяси тап күресі барысында пайда болады. Саяси ғылымда көшбасшылық  типологиясының әртүрлі тұстарын байқаймыз. Солардың бірін Макс Вебер (1864–1920 гг.) ұсынды. Вебер үшін көшбасшылық – қабілеттілік, бұл дегеніңіз «бұйрықтарды қабылдай бермей, өз ойыңды білдіру немесе керек кезінде мәмілеге келіп мәселенің ырқына көну» болып тағылды. Ол көшбасшылықтың үш үлгісін белгілеп берді: а) Дәстүрлі көшбасшы. Дәстүрлердің әулиелігіне сену негізінде салынған; ә) Ресми (немесе бюрократтық) көшбасшы. Өкіметте болады. Олар заңды жолмен ауыстып отырады; б) Харизматикалық көшбасшы. Адамның табиғаттан тыс қабілеттілігі негізінде пайда болады. («Харизма» -  грекше шапағаттылық, рақат, құдайшыл сый тарту дегенді білдіреді). Харизматикалы көсемді ауыстыру қиын немесе жалпы мүмкін емес.

Америкалық саясаткер Принстонск университетінің профессоры Р.Такер көшбасшылықтың келесі типологиясын ұсынады:

1) Көсем-реформатор. Қоғамдық идеалдардың бар екендігіне сенеді, бірақ оларды жақсартуды ұсынады. Мысалы: Мартин Лютер Кинг, Н. Хрущев;

2) Көсем-революционер. Қоғамдық идеалдарды теріске шығарып,  өзгертуді ұсынады. Мысалы: Маркс, Энгельс;

3) Кертартпа-көсем. Өзгертулерді тілемейді, керісінше оларға қарсылық етеді. Мысалы: Такер, Ленин, Брежнев.

5.3 Саяси мәдениет (СМ), ерекше категория түрінде өткен ғасырдың 50-жылдарында зерттелді. Саяси мәдениет деп белгілі бір қоғамға немесе әлеуметтік қауымдастыққа тән саяси сана мен іс-әрекеттердің ұқсастық жиынтығын айтады. СМ төңірегіндегі сұрақ жалпы алғанда төмендегідей болады: неге әртүрлі елдерде барлық демократиялық саяси процестер – таңдаулар, өкіметтерді алмастыру, демократияның жұмыс жасауы және т.б. түрліше іске асырылып жатыр? Неге бір елдегі саяси даулар, ережелер, жан-жақты талқылаулар және қабылдауға болатын мәліметтер экстремистік қозғалыстармен жүзеге асады? Саясаттанушылар мынандай шешім қабылдауды ұйғарды: демократияның жалпы принциптерінен басқа заңдардың, лайықты құжаттарда жазылған нәтижелердің,  нақты саяси процеске қабілетті әсерін қадағалауды ұйғарды. СМ ұстанушы адамдар, әлеуметтік топтар, партиялар, саяси қозғалыстар қоғамның жоғарғы деңгейге қол жеткізуіне алғышарттылықтар туғызады.

СМ дегеніміз азаматтардың саяси белсенділігі, оның жетілуі, көңіл-күйі, позициялары және барлық ақпараттан хабардар болуы. СМ – адам қызметінің, әлеуметтік топтың, саяси ержетудің қол жеткізген саяси деңгейін анықтайды. СМ жоғары адам сана талабын, атап айтқанда оның құнды және дүниетанымдық бағдарларын тұрақты ұғынады. Бірақ СМ тек қана субъективті құнды бағдарлардың жиынтығы ғана емес, ол өзінді және басқа құрылымның элементінің мінез-құлқын ұғыну дегенді білдіреді.  Саяси адамгершілікті тұлға  пайдакүнемдікті жояды, саяси мінез-құлықты дұрыс жолға қояды. Сайып келгенде СМ – білімдердің, дәстүрлердің және мінез-құлық үлгілерінің жиынтығы. Оның құрамына және құрылымына тұрақты құнды хабардар болулар түрінде құрылымды саяси сана элементтер субъектісі, саяси мінез-құлық элементтерін құрудың тұрақты үлгілері, сонымен қатар дәстүрлер мен нормалар, саяси шектеулердегі тәжірибелілер кіреді.

Саяси мәдениет ерекшеліктері әртүрлі елдерде түрліше дамып отыр. Оның типологиясын америкалық зерттеуші Г. Олмондомдар мен С. Вербамен  ұсынады. Олар оны үшке бөледі:  патриархалды, әлсіз және белсенді. СМ-тің  патриархалды түрі құрылмаған қоғамда немесе саяси жүйелер тек қана қалыптасып жатқан ортада болады. Сондай қоғам мүшелерінің саяси хабардар болулары – діни, әлеуметтік және экономикалық хабардар болулардан бөлінбейді. Дін мен қоғам бірге жүреді. Ондай қоғамға африкалық тайпалар, жергілікті автономиялық қауымдар жатады.

Әлсіз СМ үлгісі туралы айтсақ мұндай қоғамның саяси белсенділігіне көңілің толмайды, оның саяси қызметі әлсіз дәрежеде. СМ-тің бұл үлгісі феодалдық саяси жүйе шарттылығында құрылады. Бұл жерде қоғам мүшесі өзін азат, толық құқықты сезіне алмайды, ең алдымен, негізгі оның санасында бір-ақ нәрсе – біреуге бағыну мәселесі тұрады. Адам бостандығы ынталандырылмайды. Бұл ортада демократия жоқ.   

СМ-тің белсенді үлгісі – бұл СМ-тің ең жақсы және ең дамыған түрі. Бұл жерде қоғам мүшелері позитивтік немесе негативтік бөлек элементтерге немесе бүтін жүйеге тәуелді емес, саяси жүйеде белсенді рөлге бейімделген. Бұл биік азаматтық рухтағы мәдениеттің көрінісі, әр азамат бостандықта, дербес күй кешеді.  СМ-тің мұндай  үлгісіне  АҚШ пен Англия жатқызылады.

СМ-тің өзінің міндеттері мен қызметтері бар:

Танымдық қызметі – қоғам мен саясаттың дамуын айқындайтын заңдылықтар мен принциптерді танып-білуге, субъектіні саяси салада табысты жұмыс істеуге керекті біліммен, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдерімен қаруландыру.

Реттеушілік қызметі – саяси жүйенің қалыпты жұмысын, дамуын, саналы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әлеуметтік-таптық, ұлттық қатынастарды реттеу.

Тәрбиелік қызметі – әркімді қоғамдық-саяси қызметке, әрекетке, саяси белсенділікке ынталандыру, табандылыққа, кеңшілікке, төзімділікке, қоғам алдында жауапкершілікке баулу.

Біріктірушілік қызметі – қазіргі өмір сүріп отырған саяси жүйені қолдау арқылы әлеуметтік топтар, таптарды біріктіру, бұқараны мемлекет пен қоғам жұмыстарын басқаруға жұмылдыру.

Қорғау қызметі – қоғамның қарыштап алға дамуына сәйкес келетін саяси құндылықтарды, қазыналарды сақтау.

Сабақтастық қызметі – саяси тәжірибені бір ұрпақтан екніші ұрпаққа жалғастырып, саяси процестің тоқтаусыз ұласып дамуын қамтамасыз ететін тарихи сабақтастық.

Кеңестік қоғамда да СМ-ке өзінше мән берді. КСРО мемлекетінің 1977 жылғы конституциясы бойынша ол өзін ең жоғары дамыған, халықтық демократиясы бар ел деп атады, бірақ іс жүзінде олай болмады. Шын мәнінде қатты әкімшіл, бұйрық беретін жүйеге негізделген тоталитарлы мемлекет болды, саяси санасы жоғары, толық реттеуші көңіл-күйдегі азаматтардың саяси мінез-құлқы шектеулі болды. Бүгінгі күні бұрынғы кеңестік қоғамдарда, КСРО ыдырағаннан кейін бой көтерген елдер СМ-тің жаңа үлгісін қабылдап,  демократияға ұмтылудың белсенді үлгісін көрсетіп отыр. ТМД мемлекеттерінің конституцияларында, соның ішінде Қазақстанда бас бостандығы, саяси плюрализм, заңға сүйенген мемлекет, өктемдіктің жойылуы сияқты мәселелер күн тәртібінде бірінші кезекке шығып отыр. Қоғамда саяси күрес дәстүрлері орнығып отыр. Саяси мәдениет құру процесі өте өзекті. Бұл жолда кедергілердің, қиындықтардың және проблемалардың саны аз емес. Азаматтар қоғамның дамуына мүдделес, демократияландыру жолдарын біріктіруге және бірігудің тиісті жағдайларын жасауда бар күшін жұмылдырып отыр. Саяси ағартудың мәртебесін көтеруде салмақты білім алу мен тәжірибе жинақтаудың маңызы зор.

 

6 Дәріс.  Қазақстан Республикасының  саяси жүйесі

 

6.1 Қазақстандағы мемлекеттік саяси жүйелер.  Оның қалыптасуы.

6.2 1995 ж конституциялық реформа. Президенттік басқару жүйесінің ерекшеліктері.

6.3 Елдегі саяси жүйені  демократияландыру туралы 2007 жылғы реформа

Мақсаты: Қазақстанның саяси жүйесін сипаттау – кеңестік дәуірдің саяси жүйесінен айырмашылығын анықтау мен 1995 жылы ҚР конституциясының негізінде құрылған президенттік басқару  жүйесінің ерекшелігін дәйектеу. КСРО-ның құрамында болған Қазақстанның саяси жүйесіне тән мәселелерді  (демократияның  болмауы, тоталитарлық тәртіп) көрсету; тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуының және оның сипаттын бағдарлау; 1995 жылғы конституция мен президенттік биліктің маңызын анықтау, сонымен қатар республикада жүзеге асатын саяси жаңартудың өте маңызды бағыттарын дәйектеу.

6.1 Қазақстан тәуелсіздігін алғанға дейін одақтық республика қатарында болғандықтан бұрынғы КСРО-ның барлық саяси жүйесін алып жүрді. Бізге КСРО-ның тоталитарлық үлгідегі демократиясы жоқ мемлекет болғандығы белгілі. Қазақстанның саяси жүйесі туралы да осыны айтуға болады. Қазақ КСР Конституциясының 2,78 бабына сәйкес саяси жүйе негізінде халық депутаттары кеңестері болды, бірыңғай жүйе сияқты мемлекеттік өкімет органдарының, өкіметтің басқа барлық органдары бақылауда және есеп беруге міндетті болды. Саяси жүйе шешімімен компартия өмір сүрді. Саяси оппозиция болған жоқ.

КСРО құрамында бола тұра қазақ халқы толық құнды мемлекеттік тәуелсіздікке ие болмады. Барлық маңызды шешімді тоталитарлық орталық қабылдады, ал одақтас республикаларда олардың шешімдері тек қайталанды және орындалды. Республикаларда экономикалық тәуелсіздікке шек қойылды. Республика үкіметі өнеркәсіпті кәсіпорындардың құрылысы туралы шешім қабылдауда орталық комитеттің келісіміне жүгінді. Еліміздің өз мәдениетін, тілін, дәстүрлерін дербес дамытуға мүмкіншіліктері болмады. Солардың өте айқын үлгісі – қазақ тілін  жоғалтып алуға жақын қалғанымызды айтсақ болады. Басқа мемлекеттермен дербес байланыс жасауға да құқы болмады.

 Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы КСРО-ның әлсіреуімен, дағдарысымен және ыдыраушылығымен байланысты. 1990 жыл 25 қазанда Қазақ ССР жоғарғы кеңесі республиканың мемлекеттік тәуелсіздігі туралы декларация қабылдады. Ел ішінде және сыртқы қатынастарда мемлекеттің  дербестік пен толықтыққа ие болып жатқандығы жайлы алты мақалада жарияланды. Қазақстан мемлекетті дербестікке қол жеткізді. Сонымен қатар, декларация, жаңадан одақтық келісім-шарт қарастырылды. Басқару жүйесі туралы нақтылар болсақ, мемлекет басшысы – парламентпен сайланған президент тағайындалатындығы мәлімделді.  

Қазақстанның саяси жүйелерінің қалыптасуы үшін екінші құжат – Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі (16.12.1991.)  туралы конституциялық заңның қабылдануы қажеттілік болды. Бұл жас мемлекеттің сыртқы шарттарының өзгерісімен байланысты болатын: а) 1991 ж 19-21 тамыздағы Мәскеудегі бүлік КСРО-дағы социализмді құлатты; ә) 8.12.1991 ж оқиғаның болуы КСРО-ның ыдырауына алып әкелді. Жоғарғы кеңес оқиғаларды есепке ала отырып, конституциялық заңды қабыл алды және 16.12.91 ж атын өзгертіп, Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет болып жариялады. Басқару жүйесі президенттік республикаға ауысуды құптады, үкімет президенттің алдында, жоғарғы кеңестің алдында жауапты. Президентті халық сайлайды. ҚР президенті 7.02.92 ж қаулыға сәйкес облыстардың әкімін тағайындайды.

Бірінші конституцияны қабылдау саяси жүйенің бірінші бөлімінің қалыптасуының аяғы екендігін білдірді. Президент – республика басшысы, ол өкіметтің бірыңғай атқару жүйесін,  жоғарғы кеңес шешімдеріне тыйым салуға құқығы бар.

 6.2 Қазақстанның саяси жүйесінің дамуы 1995 жылғы Конституциялық реформаға байланысты. 1995-жылдың 30 тамызында бүкілхалықтық референдумде жаңа конституция қабылданған болатын. Онда ең алдымен елде объективті саяси процес шарттарында болған маңызды өзгертулер көрсетілген. 1993 жылдың соңында жоғарғы және жергілікті кеңестердің таралуы болып өтті. 1990 жылы декларацияда кеңестердің бүкіл билігінің қабылданбауы жарияланған болатын, бірақ кеңестер, саяси ой және саяси субъекті сияқты конституциялық деңгейде бар болуды жалғастырды. ҚР жаңа конституциясы республика саяси жүйесінің ақырғы үлгісін жазып қойды. Бұл процестің Қазақстандағы ерекшелігі – ол бейбітшіл түрде жүзеге асырылған болатын

1995 жылғы Конституцияда Қазақстан өзін ең бағалы болып адам өмірі, құқығы және бостандығы саналатын демократиясы бар біртұтас және әлеуметтік мемлекет болып бекітілді. Мемлекеттік биліктің қайнар көзі халық болып табылады. Қазақстан Республикасында жеке меншік қорғалады. 1995 жылғы Конституцияға сәйкес президенттік билікке өту жүзеге асырылған. Демократия бағытында саяси тұрақтылық қамтамасыз етілді, көпұлттылық мақұлданып, елде бірнеше конфессиялардың құқықтары есепке алынды.

Республикада мемлекеттік билік біртұтас, оның бөлінуі заң шығаратын, атқару және соттық тармақтары белгіленді. ҚР-ның орталық институты президент болып табылады. Конституцияның 40-бабына сәйкес президент мемлекет басымен және ең жақсы лауазымды, мемлекет саясаткеріне ішкі және сыртқы істердің бәрін анықтаушы болып табылады, ол сонымен қатар төрелік қызметті жүзеге асырып, мемлекеттік өкімет барлық тармақтарының қызметін үйлестіреді, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілін қамтамасыз етеді.

Елімізде кәсіби парламент тұңғыш рет 1994 жылы 7-наурызда сайланған. Бірақ 1995 жылғы наурызда Конституциялық Сот оны заңсыз деп, таратып жіберді. 1995 жылы жаңа Конституция бойынша екі палаталы парламент сайланды. Жоғарғы палата (Сенат) 47 депутаттан тұрады, оның 7 сенаторын Президент тағайындайды. Төменгі палата (Мәжіліс) 67 депутаттан тұрады. 1999 жылы Жаңа парламенттік сайлау болды. Парламент мүшелерінің бір бөлігі партиялық тізім бойынша сайланды. Екі палаталы парламент заң шығаратын қызметті жүзеге асырып отыр. Ол заңдарды шығарады, конституцияға өзгертулер және қосымшаларды енгізеді, республикалық қаражатты бекітіп және оның жұмсалуын бақылайды, соғыс сұрақтарын шешіп отырады.

Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтауда ҚР саяси жүйесінде Президенттің басты рөлі белгіленіп отыр, оның жыл сайынғы халыққа деген жолдауы соның айғағы, ол жолдауларда мемлекеттік биліктің барлық  жұмыстары қамтылады. Президент халыққа жыл сайынғы жолдаулары арқылы тұрақты өкілеттіктер арқылы премьер-министр бекітуі (парламент келісуімен), сыртқы істер министрлерінің, сонымен қатар бас прокурорды және ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасын (сенат келісуімен), ұлттық банкі төрағасын (парламент келісуімен), облыстардың және астананың әкімдерін тағайындайды.

Парламент президентті мемлекетке опасыздық жасағаны үшін орнынан құлатуға және үкіметке сенім білдірмеуге құқылы. Үкімет ҚР президентінің алдында жауапты, парламентке өз қызмет бағдарламасымен бөлісуге міндетті. ҚР конституциясы конституциялық кеңестің мекемесін алдын ала ескеріп, уәкіл етілгенді президент таңдауынан өткізу дұрыстығы туралы мәселені шешумен, парламенттің және республикалық референдум өткізулері, парламентпен қабылданған заңдарды анықтап қарауға, конституция нормаларын ресми түсіндіруіне құқылы. Конситуцияда Президенттікке және Парламент депутаттарына үміткерлер үшін жас шегі және сол лауазымда болу мерзімінің шегі белгіленген. Қазақстан Республикасының Президенті болып тумасынан Республика азаматы болып табылатын қырық жасқа толған мемлекеттік тілді еркін меңгерген әрі Қазақстанда кемінде 15 жыл бойы тұратын Республика азаматы сайлана алады. Мәжіліс депутаты болып 25 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы сайлана алады. Сенат депутаты болып азаматтықта кемінде 5 жыл тұрған, 30 жасқа толған, жоғары білімі және кем дегенде 5 жыл жұмыс өтілі бар, Республикада кем дегенде 3 жыл тұрақты тұратын азамат сайлана алады. Мәслихат депутаты болып ҚР-ның 20-ға толған азаматы сайлана алады.

ҚР екінші конституциясын қабылдағалы он бес жыл өткеннен кейін, Қазақстанның саяси жүйесінің, сонымен қатар, президенттік басқару түрлері транзиттік дәуірдің негізгі проблемаларының шешімінде – демократиялық экономикалық және саяси реформалардың жүзеге асыруының нәтижелілігін растады. Қысқа мерзімде экономикалық дамудың ең биік екпіндеріне қол жеткен нарықтық экономикаға мақсатты және салыстырмалы нәтижеге жету жүзеге асырылған. Президенттік билік елде тұрақтылықтың сақталуына жағдай жасады. Жұмыс істейтін конституцияның демократиялық потенциалы үлкен  және ол толыққанды болып табылады.

6.3 Елдің саяси жүйесін онан ары демократияландыру, 2007 жылы құрылған реформада жақсы қарастырылған. 1995 жылғы ҚР конституциясына  өзгертулер және қосымшалар екі рет енгізілген болатын (1998 ж. және 2007 ж.). Дәлірек айтқанда 45 пен 98 бабы өзгертілді. "Қазақстан Республикасының конституциясына қосымшалар және өзгерістер енгізу туралы" заң демократиялық дамудың жаңа кезеңі және тәуелсіз Қазақстанның саяси жаңаруларына жол ашты. 2007-жылы мемлекет түрі президенттік республикадан президенттік-парламентікке өзгеруі басталған болатын. 2007 ж конституциялық реформаның негізгі нәтижелері төмендегідей:

1 ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң шығарушы органның қызметі қарастырылды.

2 Парламенттің статусын нығайту. Бұл өзгерістер белгілі бір шарттылықтар негізінде мемлекет формасының кейінгі эволюциясы үшін өте маңызы болып табылады. Сенаттың депутаттық корпусы  президенттік квота есебінен өсті (7-ден 15 депутқа дейін). Бұл квотаға Қазақстан Халықтары ассамблеясының келісімімен ұсынылған депутаттар енеді.

Қазақстан парламенті мәжілісіндегі депутаттар үлесі (67 депутатқа 1998 жылы саяси партиялар тарапынан 10 орын қосылған) 107-ге өсті. 98 Мәжіліс депутаттары саяси партиялар тарапынан сайланып жатыр, ал 9 депутатты мажоритарлы негізде сайланған Қазақстан Халықтары ассамблеясы ұсынады. 2007 ж реформа бойынша ҚР парламентінде депутаттар санының жалпы артуы 38 адамға жетті, барлық депутаттар корпусы 154 адамды құрайды.

3 Өкіметтің орындаушы тармағының қалыптасу тәртібі өзгеріске ұшырады. Реформадан кейін Әкімдер билігі біраз шектелді, жергілікті билік органдарының қызметіне өзгерістер енгізілді.

4 Президенттің билігі мен статусы нығайды, әсіресе Республиканың Бірінші президентінің. Президент әкімшілігінің статусы күшіне енді.  

5 ҚР Конституциялық Кеңесінің қызметі нығайды.

6 ҚР Парламентінің Сенаты Парламент қызметін атқара алады.

7 Кейбір құқықтық жүйе элементтері даму сатысына көтерілді. Адам құқығы мен бостандығының қорғалуын қамтамасыз етілді.

Бұл өзгерістер қажетті шарттылықтардың деңгейі мен сұранысына орай жүзеге асырылады.

 

7 Дәріс. Саяси партия және партиялық жүйелер. Қазақстандағы көппартиялықтың дамуы

 

7.1 Саяси партия және партиялық жүйелер: ұғымы, қызметі, типологиясы

7.2 Қазақстандағы саяси партиялар

 

Дәріс мақсаты: Қазіргі саяси жүйеде саяси партияның орнын және рөлін ашу, олардың генезисімен студенттерді таныстыру, сонымен қатар партиялардың типологиялық проблемасын және партиялық жүйелердің ерекшеліктерін айқындау, қазіргі Қазақстандағы көппартиялықтың қалыптасуымен таныстыру.

Мазмұны: Партияның ұғымы қарастырылады, саяси жүйе субъектісіне анықтама беріледі, партияның негізгі белгілері мен қызметі сипатталады. Одан әрі саяси партияның генезисі мен типологиясы туралы айтылады, ҚР-дағы партиялық жүйелер сипатталады.

7.1 Саяси процестің өте маңызды субъектісі болып мемлекетпен бірге саяси партия да кіреді. «Партия» сөзі латын сөзінен алғанда  «партия» partis – бөлім, топ – дегенді білдіреді. Қазіргі біздің түсінігіміздегі саяси партиялар Еуропада ХІХ ғасырдың екінші жартысында пайда бола бастады. Макс Вебер саяси партиялардың дамуында мынадай кезеңдерді атап көрсетті: 1) аристократиялық үйірмелер: 2) саяси клубтар; 3) көпшілік партиялар. Партия деп мемлекеттік билікті қолға алуға немесе билік жүргізуге қатынасуға бағытталған, ортақ мүдде, бір идеология негізінде құрылған адамдардың ерікті одағын айтады. Саяси партия түсінігінің маңызды әртүрлі жақтарын ерекшелеуге болады. Жалпы айтатың болсақ: саяси партия – бұл ұйым, адамдардың белгілі бір ерікті идеологиялық одағы, жаулап алуға бағытталған немесе өздерінің саяси бағдарламалары арқылы белгілі бір топ құру арқылы өкіметпен бір деңгейде әлеуметтік база құрады. Саяси партияның негізгі төрт белгісін анықтауға болады: 1) Партия идеологияны тасымалдаушы немесе әлем мен адамның көрінісі; 2) Партия – бұл ұйым, адамдардың ұзақ бірлестікте болуы; 3) Партия мақсаты – жаулап алу және өкіметтегі билікті жүзеге асыруы; 4) Әрбір партия өзіне халықтың сайлаған дауыстары арқылы қолдау алады.

Саяси партияларды жіктеп, жүйелеудің көптеген белгілері мен өлшемдері бар. Мысалы, институциондық тәсіл партияларды топтастырғанда ұйымдастыру ерекшелігін басшылыққа алады, либералдық дәстүр идеологиялық байланыстардың сипатына басты назар аударады, марксистер болса таптық белгілеріне айрықша мән береді. Саяси жүйедегі рөлі мен іштей ұйымдасуына байланысты саяси партияларды төртке бөледі: авангардтық партиялар,  сайлаушылар партиясы, парламенттік партиялар, қауымдастық партиясы. Саяси идеологиясына қарай партияларды 5 түрге жүйелеуге болады: 1) комунистік партиялар мен солшыл радикалды бағыттағы партиялар; 2) социал-демократиялық (немесесоциалистік, лейбористік) партиялар; 3) буржуазиялық-демократиялық партиялар; 4) консервативтік партиялар; 5) фашистік партиялар.

Партиялар жиылып, партиялық жүйені құрады. Сондықтан оларды жіктеудің мәні зор. Партиялық жүйе деп мемелкеттік мекемелерді қалыптастыруға шынымен мүмкіндігі бар, елдің ішкі және сыртқы саясатына ықпал ете алатын саяс партиялар жиынтығын айтады. Билік үшін күреске қатысып жүрген саяси партиялардың саны жағынан олар көппартиялық, екі партиялық (бипартизм) және бірпартиялық болып топтастырылады.

Көппартиялық деп мемекеттік билік үшін күрес барысында бірнеше саяси партиялардың әртүрлі мүдделері мен пікір алалығын пайдалана отырып басқару түрін айтады. Онда үш және одан артық партия қатысады. Бұл – адамзаттың қоғамдық басқаруда ойлап тапқан өркениетті түрі. Қазіргі таңда көппартиялық саяси өмірдің тәуір жетілген түрінің біріболып табылады. Ондайларға Австрия, Бельгия, Дания, Нидерландыдағы көппартиялықты жатқызуға болады.

Екіпартиялық жүйеде (бипартизм) басқа да кішігірім партиялар болуы мүмкін, бірақ билік үшін нағыз бәсекелестік ең ірі екі партияның арасында жүреді. Мұнда жалпыға бірдей тікелей сайлау нәтижесінде екі партияның бірі өзінен-өзі автоматты түрде парламентте көпшілік орынды қамтамасыз етеді.  Бұған мысал ретінде АҚШ-тағы республикалық және демократиялық, Ұлыбританияда – консерваторлар мен лейбористер, Германияда – христиандық демократтар мен социал-демократтар жатады. Саяси күреске басқа да партиялар араласады. Бірақ олар шешуші рөл атқара алмайды.  

Бірпартиялық жүйеде өзінен басқа бәсекелес партиялар болмайды. Ол авторитарлық және тоталитарлық қоғамға тән деп сипатталады. Тоталитаризм шарттарында басқарушы партия сол елде бұқаралық партия, мемлекеттік құрылымға айналып этатистикалық партияға айналады («этатизм»(фр.) - мемлекет). Бір партиялы жүйеге бүгінгі таңда Қытайда, КХДР-да және Кубада бар.

Саяси партиялардың жұмысы әдетте құқықпен немесе Конститутциямен реттеледі. Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен мақсаттарына қайшы келмеуі керек. Оларға жататындар: қоғамдық өмірде партияның орнын конституциялық жолмен рұқсат ету;  саяси жүйеде партияның жұмыс істеу жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың қатысуы; мемлекеттік өкімет органдарында партиялардың өкілдік ету тәсілдері; мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін қаржыландыру.

7.2 Қазақстанда 1905 жылы желтоқсан айында Орал қаласында А. Бөкейхановтың бастауымен «делегаттар съезі» шақырылды. Онда кадет партиясының бөлімі құрылып, сол партияның бағдарламасын қабылдады. Алайда бұл ұмтылыс еліміздің маңызды мәселелерін шеше алмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты «Алаш» партиясын құруға мәжбүр етті. 1917 жылы 21 қазанда «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы басылып шықты. 1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпықазақтың съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды. 1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен талқандалды. «Алаш» партиясының басшылары мен мүшелері реперессияға ұшырады. Алайда осы  партияның іс-әрекеті кейінгі кезеңдегі партияларға бірден-бір үлгі көрсетерлік дәрежеге көтерілді. Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Бұл көтеріліс азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда болуына түрткі болды.

Еліміздегі алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға оппозиция ретінде пайда болды. Кейінірек тәуелсіздікті алып, жаңа конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселесі болып азаматтық, мемлекеттік тіл жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.

2002 жылы шілдеде “саяси партиялар туралы” заң қабылданды және 2008 жылы қарашада айтылған құжатқа түзетулер енгізіліп, бұл ҚР-дағы көптеген саяси партиялары статусын өзгертті. Осы заңға сәйкес әділет министрлігінің бекітуі бойынша партия 40 мыңнан артық емес мүшеден тұруы тиісті, ал әрбір аймақтың партиялық ұйымдарында 700 өкілден аз болмауы тиіс. Кәсіпшілік, нәсілдік, діни белгілеріне байланысты саяси партия құруға рұқсат етілмейді, сонымен қатар басқа мемлекеттердегі саяси партиялардың Қазақстанда қызмет жасауына тыйым салынған.

Елімізде партиялық қатынастардың белсенділігі байқалып жатыр, қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық сфераларда саяси ұйымдардың маңыздылығы өсіп отыр. Мысалы, “Нұр Отан” саяси партиясының ең басты мақсаты қоғамның саяси өміріне белсенділікпен қатынасу, қоғамның саяси және экономикалық реформаларының жүзеге асуына көмектесу, азаматтардың саяси деңгейінің өсуін қамтамасыз ету, елдегі тұрақтылықтың сақталуын қуаттау, ұлтаралық келісімді нығайту.

Бүгінгі күн ҚР-да 9 саяси партия тіркелген, атап айтқанда: “Нұр Отан” халықтық демократиялық партиясы; “Ак жол”демократиялық партиясы; Қазақстан демократиялық партиясы; Қазақстан патриоттарының партиясы; “Ауыл” қазақстандық социал-демократиялық партиясы; “Руханият” партиясы. Қазақстан коммунистік партиясы; Қазақстан коммунистік халық партиясы; Жалпыұлттық социал – демократиялық партиясы. Республикадағы барлық партиялар өздерінің бағдарламаларында демократиялық құндылықтарды жақтайтындығын, нарықтық экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен тұрақтылық болғанын қалайды. Партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол көптеген партиялар саяси процеске шын мәнінде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасында әдеттегідей өркениетті қатынастар мен байланыстар орнамаған. Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардың баспалары, радио, теледидарларда каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.

Қазақстандағы көппартиялықтың бұдан әрі даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақындай түсуі, жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан кетуі мүмкін. Болашақ партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы бар. Қазіргі қоғам өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатарлы орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немес оны өзгерту үшін құрылады. Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады. Барлық қадамдар елдің саяси жаңартылуы және Қазақстанның онан арғы демократияландырылуы үшін жүзеге асырылып жатыр, мемлекеттік тұрақтылықтың сақталуы үшін барлық шаралар жасалуда. Азаматтық қоғамға жылжудың жаңа кезеңіне арнайы мемлекеттік шарттар жасалып жатыр, саяси жүйеде халық көпшіліктерінің көзқарастары қорғалатын маңызды құрылғылар ойластырылуда.

 

8 Дәріс. ҚР-ның ұлттық саясаты. Қазақстан – халықаралық байланыс субъектісі

 

8.1 Елдегі этнодемографиялық жағдай. ҚР-ның ұлттық саяси ұстанымы

8.2 Қазақстанның ішкі саясатының принциптері мен бағыттары

 

Лекция мақсаты: Қазақстанның геосаяси жағдайының ерекшелігін анықтау.

Мазмұны: Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейінгі ұлттық саяси бағытында жаңа сұрақтардың тууы көрсетілді. Мемлекеттің этнодемографиялық жағдайына мінездеме берілді. ҚР-ң халық Ассамблеясының рөлі мен мағынасы көрсетілді. ҚР-ның ішкі саясатының принциптері ашылады, сонымен қатар оның маңызды бағыттарының Республикадағы сәтті іске асырылып жатқандығы айқындалды.

Қазақстан халқының санына біршама жағдайлар әсер етті, қазақ-жоңғар соғысынан бастап, столыпиндік аграрлық реформаның ықпалды тұстары болды. Орта Азиядағы патшаға қарсы ұлт-азаттық қозғалыстар да әсер етті. Қазақстандағы кеңес өкіметінің орнауы, 1918-1920 жылдардағы азаматтық соғыс, қазақ халқына қарсы саяси геноцид және қазақ элитасын «халық» жауы деп жазалауы, 1937-1938 жылдардағы әскери тұтқындардың 2-дүниежүзілік соғысқа жіберілуі осының барлығы халық санының өзгеріске ұшырауына себеп болды.

Басқа жаққа жер ауып кеткен тұрғындардың  шетелде 43 мемлекетте 5 млн немесе барлық қазақтардың 30-35% мөлшері тұратыны бізге белгілі. Оның 80% Өзбекстанда, Қытай мен Ресейде тұрады. Өзбекстанда 2 млн-ан астам, Қытайда шамамен 2 млн, Ресейде шамамен 1 млн, Монғолияда 83 мың, Түркменстанда 83 мың, Туркияда 12 мың, Қырғызстанда 10 мың, Иранда 5 мың қазақ мекен етеді. Кеңес өкіметінің құлауы және соңғы әлеуметтік-экономикалық және саясаттың өзгеруі, этнодемографиялық жағдайдың өзгеруіне әкеліп соқпай қоймайды. Экономикалық қиыншылықтар жұрттың эммиграциялық көңіл-күйінің қалыптасуына алғы-шарттылықтар туғызды, сонымен қатар бұрынғы мәдениетті құрту, орыс тілі мен мәдениетінің жоғары бағалануы төмендеп және жаңа мәдени құндылықтардың бекуі, ұлт-сана сезімінің өрлеуі, мемлекеттік тілдің кеңеюі, қоныстанған мекендердің атын қайта қою көптеген славян өкілдерінің қанағаттанбаушылығына әкеп соқты. Психологиялық жағдайсыздық орыс тілді халықтардың эммиграциясына әкеп соқты.

1989 жылдан 1999 жыл ішінде Қазақстанда халық саны 16,46 млн-нан 14,95млн-ға кемиді немесе 1,51 млн халықтың эммиграция процесі халықтың этникалық құрамын өзгертті. Еуропалық халық санының азаюы байқалды. Немістер 2,6 есе, орыстар 1,3 есе, украиндар 1,6 есе, белорустар 1,5 есе кемісе, керісінше түрік халқының қазақтардың, өзбектердің, ұйғырлардың, түріктердің өсуі байқалды. Ең жоғары өсу түріктер мен өзбектер арасында байқалды. Ең үлкен эммиграция 1994 жылы болды. Миграция әсерінен Қазақстанды жұмысқа жарамдылардың көп бөлігі шетелге көшіп кетті. Соның кесірінен қартаю көбейіп, бала туу саны азайып немесе өлім көлемі ұлғайды.

Бүгінгі күні қазақтардың ұлттық сана-сезімі өсті. Басқа ұлт өкілдерін қолдау мақсатында Қазақстан халық ассамблеясы өз қызметін атқарып келеді. Мәдени ана тіл, рухани дәстүрлер жаңарып жатыр. Елде барлық негізгі ұлыстар мен ұлттардың өкілдерінің мәдени орталықтары белсенді жұмыс істеп жатыр. Ұлтаралық келісім нығайып отыр. Басқа дінге деген төзімділік, басқа мәдениеттке деген құрмет елімізде дұрыс жолға қойылған. Ұлт саясатының қызметі және әртүрлі ұлтық бірлестіктер оң бағытта қызмет жасайды.

Қазақстан Республикасындағы ұлттық саясаттың негізгі принципі мыналар: тіліне, ұлтына және дініне қарамай дербес тұлғаның бостандығы және құқық теңдігі; лайықты белгілер  бойынша азаматтардың берілген құқықтарына шек қоюға тыйым салу; Қазақстанның тарихи пайда болған бүтіндігін сақтау; республика халықтарының конституция және халықаралық құқық нормалармен сәйкес құқық кепілдігі; олардың ұлттық мәдениеті мен тілінің дамуына көмектесу және т.б.

Елде жүргізіліп жатқан саясат өзінің бірінші нәтижелерін берді. 2009 жылы өтілген ұлттық халық санағына сәйкес қазақстандықтардың саны өсті. Санақ Қазақстан тұрғындарының санының 2000 жылдардағы санақпен салыстырғанда өскендігін айқындап отыр. Бұл еуропалық этностардың эммиграциясының азайып, қазақтардың санының артуымен (+22,9 % 1989-1999 жылдар; +26,2 % дейін 1999-2009 жылдарда) және орыстардың азаюымен (-15,3% 1999-2009 жылдар арасында) және немістердің азаюымен (-49,6%) түсіндірілді. Санақтың нәтижесі  бойынша ең көп санды ұлт, бұрынғыдай, қазақтар (10,1 млн) және орыстар (3,8 млн). 2009 жылғы халық санағынан кейін қазақтардың үлесі 63,1% (1999 ж 53,4%), орыс - 23,7% (30%), өзбек 2,8% (2,5%), украиндықтар -2,1% (3,6%), ұйғырлар - 1,4% (1,4%), татарлар - 1,3% (1,7%), немістер - 1,1% (2,4%), басқа этностар - 4,5% (5%).

8.2 Кеңес өкіметі жалдары Қазақстан Сыртқы істер министрлігі бар мемлекет болды, бірақ дербестігі болмады, өйткені одақтас мемлекеттердегі маңызды мәселелерді жоғарыдағы министрлік үйлестірді. Бүгін ғой ҚР-тәуелсіз, дербес мемлекет және аумағы үлкен, түрлі халықтардың тату-тәтті өмір сүруіне жол ашылуда. Өзін тәуелсіз деп жариялаған Қазақстан Республикасы қысқа тарихи дәуірде өзін сенімді және жауапкершілігі мол мемлекет ретінде танытып отыр.

ҚР Конституциясының 8-бабына сәйкес Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі принциптері: халықаралық құқық нормаларын сақтау; мемлекеттер арасында ынтымақтастық және көршілес елдермен қарым-қатынастарды жүргізу; халықаралық дауды бейбіт жолмен шешу; мемлекеттер теңдігі және бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау.

Азия және Еуропада геосаяси жағынан маңызды орынды иемдену, экономикалық және саяси қауіпсіздік принциптерін тұрақтандыру, тәуелсіздік дербестік және территориялық бүтіндікке назар аудару бүгінгі Қазақстанның негізгі мақсат-мұраты болмақ. Қазақстанның дипломатиялық қызметі ҚР-ың әлемдік және аймақтық құрылымдардағы беделін нақтылап, барлық мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайтты, посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттермен  интеграцияны орнықтырды.

Дүниежүзілік аренаға Қазақстанның шығуы ең алдымен мемлекет басшысының сыртқы саяси қызметінің белсенділігі. 1990 жылдан бастап ҚР Президенті 200-ден астам ең ірі мемлекеттерге ресми және іс сапарлар жасады.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бар күш жігерін салуда. Қазақстанның Ресей, АҚШ, Ұлыбритания жағынан қауіпсіздік кепілдіктері туралы Будапешттік меморандумға қол қоюға қолы жетті. Сондай кепілдіктер Франция және ҚХР-дан алынған болатын.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасын әлемнің 100-ден аса мемлекеті мойындады және олармен дипломатиялық қарым-қатынас тұрақтанды, 1992 жылдан бастап ООН-ң белсенді және құқықтық мүшесі. ООН-да мүше болған жылдарда Қазақстан халықаралық тыныштық және қауіпсіздікті қамтамасыз етуде маңызды үлес қосты. Біздің еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартты.   Мұндай бейбітшіл талпынысты көптеген мемлекеттер адамгершілікпен бағалады. Біздің толерантты көңіл-күйімізді сезінген халықаралық қауымдастық өзінің жоғары бағасын беріп отыр. Әлемнің бізді жете тануына тағы бір себеп, ол 2010 жылы Қазақстанның ОБСЕ-ге жетекшілік етуі. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан дәл бүгінгі күні өркениеттер сұхбатындағы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы көпір деп танылуда. Елбасымыздың өзі осындай сенімді нықтай түсу мақсатында көптеген халықаралық және аймақтық жобалардың ынталы көшбасшысына айналып отыр. Әлемдік саясатта Қазақстан көпбағыттылық саясат жүргізуі өзінің елеулі нәтижелерін беріп отыр. Бұл жоспарда ең басты орынды АҚШ-пен жасалған стратегиялық және демократиялық келісім («шанхай бестік» проекті шеңберінде сенім өлшемдері туралы жоба), Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Украинамен жасалған кедендік келісім және т.б. Сыртқы саясат дамуында лайықты орынды ТМД елдерімен байланыс, БҰҰ-ғы қызметі, Еуропа және Америкамен байланысы алады. Қазақстан Республикасының халықаралық байланысы барлық мемлекеттермен дұрыс жолға қойылған.

Бүгінгі таңда әртүрлі діндер арасындағы сұхбатты тұрақтандыру өте-мөте қажеттілік. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ықыласымен Астанада тұңғыш рет ғаламдық және дәстүрлі діндердің өкілдерінің қатысуымен съезд өткізілді. Бұл дәстүрге айналып отыр. Бірегей унитарлы мемлекет аймағындағы әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшіл көңіл-күйі үлгілі мемлекет мұратының негізгі нысаны. Біз әлемге үлгі боламыз. Планетарлы этика принциптерін қабылдауға дайынбыз. Бүгінгі таңда ұлттық гуманистік қозғалыстар адамилық мәнге ие болып отыр. Қазақстан Республикасы еуразия өркениетінің бір бөлігі, статусы жағынан еуразиялық мемлекет болып табылады. Бүгінгі Қазақстанның дамуы тілі, салт-дәстүрі ортақ көпғасырлық тарихы бар көп ұлтты түркі-ислам мәдениетінен бастау алатыны сөзсіз. Ұлттық және азаматтық консолидация түріндегі сұхбатты жетілдіру мен орнықтыру мақсатында барлық жағдайлар жасалып отыр, жас мемлекеттің әлемдік даму контекстіндегі тұрақты және сенімді экономикалық өсімі, демократиялық және азаматтық қоғам институттарының дамуы, тұрақтылық, қауіпсіздік, егемендік идеяларының нығаюы осы бағыт үшін ынталанады. Қазақстан Республикасындағы ұлт аралық сұхбат кеңістігі жоғарыда айтып өткен мәдени-тарихи алғы шарттылықтардан қуат алып, рухани кең пейілді даналыққа қол жеткізіп отыр. Соңғы жылдары Алматы Брюссель қаласы сияқты Азия құрлығындағы мемлекет пен өркениет аралық сұхбатты ұйымдастырушы халықаралық қалаға айналып отыр. Жаһандастыру қарсаңында бүгінгі Қазақстан өркениеттік дамудың өз жолын таңдауы және ол жол ұлттың төл мүддесіне сай келуі тиіс.

Қазақстан халықтарының діни ерекшелігі де маңыздылыққа ие болып отыр. Алматыда өткен Екінші Еуразия медиа-форумының қонақтары мен делегаттары Шығыс пен Батыс арасындағы қарама - қайшылықтардың негізі дінге байланысты деп отыр. Біздің елімізде болса әртүрлі діндердің кішіпейіл бейбітшіл ниеті әлі сақталып келеді. Ең маңыздысы сол ол христиандық православие мен ислам қарым-қатынасының толеранттылығы ерекше сипатта. Жаһандану – қажеттілік, оған қарсы жүргізілген әрекеттің барлығы біздің ойымызша жүзеге аспауы керек.

  

Әдебиет тізімі 

1.     Н. Назарбаев. Ғасырлар тоғысында. - Алматы, 1996.

2.     Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің бес жылы. - Алматы, 1996.

3.     Н. Назарбаев. Тәуелсіздігіміздің он жылы: бейбітшілік, прогресс және қоғамдық келісім. Қазақстан халықтары Ассамблеясының ҮІІІ сессиясында сөйлеген сөзі // Егемен Қазақстан, 2001. 30-қыркүйек.

4.     Қазақстан Республикасының конституциясы. - Астана. 2007.

5.     Анталогия мировой политической мысли. – Т.1. - М., 1997.

6.     Аристотель. Соч. в 4-х тт. т.1 и т.2 (под ред. Асмуса В. Ф.).  – М., 1988.

7.     Абай Құнанбаев. Екі томдық шығармалары. - Алматы, 1986.

8.     Алтынсарин Ыбырай. Таңдамалы шығармалары. - Алматы, 1994.

9.     Аль-Фараби. Социально- этические трактаты. - Алма-Ата. 1972.

10.       Арон Р. Демократия и тоталитаризм. – М., 1994.

11.       Ахметов К.Разделение власти: теория и казахстанский опыт. – Мысль, 2005, №3.

12.       Баласағұн Ж. Құтты білік. - Алматы, 1986.

13.       Бөкейханов Ә. Шығармалар. - Алматы, 1994.

14.       Вебер М. Политика как призвание и профессия. - Избр. произв. - М., 1990.

15.       Вятр Е. Социология политических отношений. - М., 1979.

16.       Григорян С. Средневековая философия народов Среднего и Ближнего Востока. М. 1986.

17.       Гоббс Т. Сочинения. – М., 1998. тт.1, 2.

18.       Дулатов М. Оян, қазақ! - Алматы, 1991.

19.       Жамбылов Д. Саясаттану. - Алматы, 2005.

20.       Жатканбаев Е. Б., Байзакова К. И. и др. Национальные интересы Казахстана и вызовы глобализации. –Алматы, 2004. 202 с.

21.       Политология. (учебник под общей ред док. филос. наук, проф., академика НАН РК  Нысанбаева А.Н.). – Алматы, 2001.

22.       Политология. Учебник (под ред. В.А. Акчасова, В.А. Гуторова).- М., 2005.-692 с.

23.       Нысанбаев А. Цивилизационные традиции и менталитет казахского народа \\ Материалы международной конференции “Цивилизации человечества - история и современность”. - Алматы, 2005. С.50-56.

24.       Кляшторный С.Г., Султанов Т. И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. -Алматы, 1992.

25.       Омаров Е. С. Краткая история Казахской цивилизации. - Алматы, 2006. 237 с.

26.       Оразбаева А. И. Цивилизация кочевников евразийских степей. - Алматы, 2005.

27.       Платон. Государство. Соч. в 3-х тт., т. 3, часть 1. – М., 1971.

28.       Макиавелли Н. Государь. – М., 1990.

29.       Монтескье Ш. О духе законов. // Избр. произв. – М., 1995.

30.       Сегизбаев О. А.История казахской философии. – Алматы, 2001.

31.       Сыдыков У., Мукашев А., Омарова А. Право быть избирателем. О политической культуре студентов. // Мысль. 2005.  №11.

32.       Локк Д. Сочинения. – М., 1991.

33.       Уәлиханов Ш. Таңдамалы. - Алматы, 1995.

34.       Хайек А. Дорога к рабству. – М., 1993.

35.       Хан И. Г. Политология: учебное пособие. – Алматы, 2000.  

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                                   

1 Дјріс  Саясаттану пјні                                                                                      

2 Дјріс  Билік                                                                                                    

3 Дјріс  Азаматтыќ ќоєам жјне ќўќыќтыќ мемлекет                                        

4 Дјріс Демократия. Ќазіргі заманєы тўжырымдамалар жјне саяси тјжірибе 

5 Дјріс Тўлєа жјне саясат                                                                                  

6 Дјріс  Ќазаќстан Республикасыныѕ  саяси жїйесі                                         

7 Дјріс Саяси партия жјне партиялыќ жїйелер, Ќазаќстанда кґппартиялыќтыѕ дамуы

8 Дјріс ЌР-ныѕ ўлттыќ саясаты. Ќазаќстан – халыќаралыќ байланыс субъектісі 

Ўсынылатын јдебиет тізімі