Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ НЕГІЗДЕРІ

 Барлық мамандықтардың  барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін  семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар 

 

 

Алматы 2012 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Жараспаева Қ.М., Жараспаева С.М.  Экономикалық теория негіздері. Барлық мамандықтардың  барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін  семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2012. – 31 б  

 

       Ұсынылып отырған әдістемеде семестрлік  жұмысты орындауға арналған нұсқаулар  мен  тақырыптар беріліп, экономикалық теория негіздері курсын қамтитын әдебиеттер тізімі көрсетілген.   

  

Пікір беруші: экон. ғыл. канд., доц.. Тажиева С.Қ.

  

         «Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады. 

        

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012ж. 

 

Кіріспе 

«Экономикалық теория негіздері» пәнін оқу барысында студенттердің өзіндік жұмысына, курстың жеке мәселелерін оқу мен меңгерудің тиімді формалары болып табылатын семестрлік жұмыстарды орындауға елеулі орын бөлінеді. Семестрлік жұмыстарды орындау поцесінде студенттермен экономикалық теорияның маңызды және анағұрлым күрделі мәселелері терең зерттеледі. Әлемдік экономикалық ойдың жетістіктері сынмен (критический) қабылданады, нарықтық экономиканың қызмет етуінің тәжірибесі қорытындыланады. Оларда нарықтық типтік ғылыми экономикалық ойлау қалыптасады.

Сонымен қатар, семестрлік тапсырмаларды орындаудың мақсаты студенттерде оқу және қосымша әдебиеттермен өз бетінше жұмыс істеудің теориялық материалдарды жалпы қорытындылаудың және конспект жасаудың, статистикалық және нақты матеориалдарды жинау мен талдаудың, жұмысты дұрыс рәсімдеудің, зерттеліп отырған мәселені логикалық дұрыс жеткізудің дағдыларын қалыптастыру  болып табылады.

Семестрлік жұмысты табысты орындау көп жағдайда, студенттердің осы семестрлік жұмысты орындауға қойылған негізгі талаптарды, оны орындау кезіндегі жұмыс тәртібін қаншалықты нақты түсінгеніне байланысты. Сапалы жұмыс жазу жұмыс жоспарын дұрыс құрастыра білуге, қажетті экономикалық әдебиеттерді таңдау мен оқи білуге, сандық және нақты материалды өңдей білуге байланысты. Сонымен қатар, жұмыс текстін дұрыс қалыптастыра және оны дұрыс рәсімдей білу керек. Осы әдістемелік нұсқаудың мақсаты – студенттерді осындай жұмыстарды жазу мен рәсімдеудің ережелерін білумен қамту.

 

1 «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша семестрлік жұмыстарды орындау үшін рефераттар тақырыптары

 

1.   Аралас экономика және оның Қазақстанда қалыптасуы.

2.   ҒТР және оның жетістіктерін ҚР-да пайдалану (қолдану).

3.   ҚР-ның табиғи ресурстары және олады тиімді пайдалану бағыттары.

4.   ҚР-да адами ресурстардың дамуы.

5.   ҚР-ғы инвестициялық ресурстар.

6.   Кәсіпкерліктің ҚР-ғы жағдайы.

7.   ҚР-ғы шағын бизнес: жағдайы және даму перспективалары.

8.   Нарыққа көшу жағдайында ҚР-да мемлекеттік меншікті жекешелендіру.

9.   Интеллектуалды меншік және оның ҚР-ң қазіргі экономикасындағы орны.

10.   Қазақстанда акционерлік қоғамдардың қызмет етуінің ерекшеліктері.

11.   ҚР-ғы ақша реформасы.

12.   ҚР-да ақша айналысының қазіргі таңдағы мәселелері.

13.   ҚР-ғы нарық инфрақұрылымының қазіргі таңдағы жағдайы.

14.   ҚР-ң қазіргі экономикасындағы мемлекеттің орны.

15.   Бәсеке және оның Қазақстанның қазіргі нарықтық экономикасындағы орны.

16.   Қазақстандағы табиғи монополиялар.

17.   Қазақстандағы кәсіпкерлік қызмет.

18.   Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдаудың мемлекеттік саясаты.

19.   Қазақстандағы тауар биржалары.

20.   Қазақстандағы ақпарат нарығының қазіргі жағдайы.

21.   Табыстар және олардың ҚР нарықтық экономикасындағы бөлінуі.

22.   Еңбек нарығы: Қазақстандағы қазіргі тенденциялары.

23.   Ренталық қатынастардың Қазақстанның қазіргі экономикасындағы ерекшеліктері.

24.   ҚР-сы банктерінің қазіргі таңдағы пайыздық саясаты.

25.   ҚР-сы бағалы қағаздары, түрлері.      

26.   Қазақстан бағалы қағаздар  нарығының қалыптасуы және оның қазіргі таңдағы жағдайы.

27.   Инвестициялық қорлар және олардың Қзақастандағы қызметі.

28.   Экономика дамуының циклдігі және мемлекеттік дағдарысқа қарсы саясат.

29.   Қазақстандағы инфляция: нарықтық реформалар кезіндегі ерекшеліктері және динамикасы.

30.   Қазақстанның инфляцияға қарсы саясаты.

31.   Қазақстандағы жұмыссыздық: қазіргі тенденциялары.

32.   Қазақстанның қазіргі таңдағы жұмыс бастылық мемлекеттік саясаты.

33.   Қазақстандағы мемлекеттің экономикалық рөлі.

34.   ҚР-сы қазіргі таңдағы экономикасының макроэкономикалық саясатының мақсаттары.

35.   ҚР-да ұлттық валютаның қалыптасуы мен күшею мәселелері.

36.   ҚР Ұлттық Банкінің қазіргі таңдағы ақша-несие саясаты.

37.   Қазақстан несие жүйесінің құрылымы.

38.   Қазақстанның мемлекеттік бюджеті.

39.   Қазақстанның мемлекеттік қарызы және оны жабу мәселелері.

40.   Қазақстанның қазіргі таңдағы салық саясаты.

41.   Қазақстандағы агроөнеркәсіптік сектор.

42.   Нарыққа көшу кезіндегі ҚР-ғы баға бекіту.

43.   ҚР-ң әлеуметтік қорғау жүйесі.

44.   ҚР-ғы өмір деңгейі мен сапасы.

45.   Қазақстандағы мемлекеттік сектор.

46.   Жоспарлау және оның қазіргі таңда Қазақстандағы ерекшеліктері.

47.   Экономикалық өсу және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.

48.   Қазақстандағы көлеңкелі экономика.

49.   Қазақстанның индустриалды-инновациялық саясаты.

50.   Қазақстандағы экономикалық реформалардың мақсаттары, кезеңдері және нәтижелелері.

51.   Әлемдік экономиканың ғаламдануы: бағыттары және мәселелері.

52.   Қазақстан экономикасының бәсекеге қабілеттілігін дамыту және оның экспорттық потенциалын күшейту.

53.   Қазақстан халықаралық еңбек бөлінісі жүйесінде.

54.   Қазақстан Республикасы сыртқы саудасының қазіргі жағдайы және оны жетілдіру бағыттары.

55.   Капиталдың халықаралық көшуі. Қазақстанға шетел инвестицияларының құйылуы.

56.   Қазақстан мен БДСҰ-ң өзара қатынасы.

57.   Қазақстанның интеграциялық процестерге қатысуы.

58.   ҚР-ғы меншік қатынастарының түрлері және шаруашылықтың қазіргі таңдағы формалары.

59.   Қазақстан Республиксындағы өнеркәсіптік саясат.

60.   Сауда капиталы және оның Қазақстан Республикасындағы қалыптасу ерекшеліктері.

61.   ҚР нарықтық экономика шарттарындағы жалақы.

62.   ҚР халқының әр түрлі топтарын жұмыспен қамту мәселелері.

63.   Пайда экономикалық категория ретінде. Пайда формалары.

64.   Монополияға қарсы реттеу, оның дамыған мемлекеттердегі ерекшеліктері.

65.   Экономикалық теорияның мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастырудағы орны.

66.   Қазақстанның банктік жүйесі.

67.   Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты.

68.   Әлеуметтік саясат, оның критерилері және көрсеткіштері, ҚР-ғы ерекшеліктері.

69.   Бүгінгі таңдағы дағдарыс жағдайындағы ҚР дағдарысқа қарсы саясаты.

70.   Электронды ақшалар және оларды қолдану формалары.

71.   Қаржылық делдалдар және олардың Қазақстанның нарықтық экономикасындағы орны.

72.   ҚР қор биржасы.

73.   Әлеуметтік қорғау жүйесі: ҚР жағдайында дамуы.

74.   Әлеуметтік бағытталған нарық тұжырымдамасы және оның әртүрлі елдерде қолданылуы.

75.   ҚР индустриалды-инновациялық саясатының маңызды бағыттары.

76.   ҚР кластерлік саясаты.

77.   ҚР банктік емес қаржы-несие институттары.

78.   Кедейлік: өлшеу мәселелері және жою жолдары.

79.   ҚР еңбек нарығының дамуы.

80.   Халықтың өмір деңгейі ҚР мемлекеттік экономикалық саясатындағы маңызды әлеуметтік-экономикалық көрсеткіш ретінде.

81.   Әлемдік нарықтың ҚР ұлттық экономикасының дамуына әсері.

82.   Қазақстандағы әлеуметтік саясаттың ерекшеліктері.

83.   Қазақстанның 2015 ж. дейінгі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының басым жақтары.

84.   Ұлттық шоттар жүйесі: түсінігі мен құрылымы және ҚР пайдаланылуы.

85.   ҚР туристік қызметтер нарығы: ерекшеліктері және қалыптасу мәселелері.

86.   Макроэкономикалық тұрақсыздық және оның көріну формалары.

87.   Салық саясаты ҚР экономикасын мемлекеттік реттеу құралы ретінде.

88.   Тұрақтандыру саясаты және оның Қазақстандағы ерекшеліктері.

89.   ҚР халықаралық экономикалық ұйымдарға қатысуы.

90.   ҚР сыртқы экономикалық саясаты.

91.   Қазақстанның экономикалық потенциалы (келешегі).

92.   Агроөнеркәсіптік кешен және оның экономикадағы орны.

93.   Бірлескен кәсіпорындар және олардың Қазақстанда даму келешегі.

94.   Өнім сапасын арттырудың экономикалық мәселелері.

95.   ҚР зейнетақы қорлары.

96.   Жалға берудің ҚР қазіргі ауыл шаруашылығындағы орны.

97.   Жалған ақша жасау және қазіргі экономикада онымен күресу.

98.   Қаржы - өнеркәсіптік топтар және олардың ҚР-да экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етудегі  орны.

 

Бірінші семестрлік жұмыстарды жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Экономикалық теория курсы бойынша 2 семестрлік жұмыс орындалады. Семестрлік тапсырмаларды берудің мерзімі семестрдің 1-2 аптасы. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімі: бірінші жұмыс – 4 апта, екінші жұмыс – 6 апта. Семестрлік жұмыстарды тапсырудың мерзімін сақтау студенттерді аттестациялау мен емтиханға жіберудің шарты болып табылады.

Жұмыс жазбаша орындалады. Тақырып номерін таңдау сынақ кітапшасы номері шифрінің соңғы цифрлары бойынша жүзеге асырылады.

«Экономикалық теория негіздері» бойынша семестрлік жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар:

-       жұмысты өз бетінше шығармашылық тұрғыдан орындау;

-       тақырып сұрақтарын терең, ғылыми баяндау;

-       қарастырылып отырған сұрақтардың шетелдік және отандық экономикалық тәжірибемен тығыз байланысы;

-       Қазақстан экономикасындағы талданып отырған экономикалық құбылыстар мен процестердің өтуін және пайдаланудың ерекшеліктерін міндетті зерттеу;

-       жұмыстың теориялық жағдайын көрсету үшін сандық және нақты материалдарды пайдалану;

-       семестрлік жұмыс қарапайым, анық тілде жазылуы керек, бірақ ол кезде студент экономикалық терминологияны меңгергенін және оны еркін талдап бере алатындығын көрсете алу керек;

-       жұмыс тексін толығымен оқулықтардан, оқу нұсқауларынан көшіруге, дайын оқу жұмыстарын ұсынушы интернет сайттарынан көшіріп алуға болмайды;

-       экономикалық ғылым дамуының қазіргі жағдай талаптарына жауап бермейтін ескірген ережелер мен бекітулерді пайдаланудан қашу керек.

Тақырыпты таңдағаннан кейін, оны оқулықтар, сонымен қатар арнайы таңдалған қосымша әдебиеттер бойынша зерттеу қажет. Бұл алдын-ала жұмыс берілген тақырыптың мазмұны мен негізгі сұрақтарын терең талдауға және түсінуге көмектеседі.

Жұмысты жазуды бастамас бұрын ойланып жоспар құрыңыз. Жоспар – жазбаша жұмыстың логикалық негізі, тірегі.  Тақырыптың құрылымы, мазмұны, бөліктерінің логикалық байланысы, ашылу тереңдігі жоспардың дұрыс құрылуына байланысты болады. Жоспар студенттің әдебиеттерді және барлық қажетті материалдарды қаншалықты терең зерттегенінің және оның ішінен ең қажеттісін дұрыс таңдағандығының маңызды көрсеткіші. Сондықтан дұрыс құрылған жоспар қандай да бір деңгейде автордың қарастырылып отырған мәселені толығымен және оның жеке бөліктерінің мазмұнын түсіну бойынша жұмысын куәландырады. Бұл жерде жоспардың сапасының жұмысты бағалауға елеулі әсер ететіндігін көруге болады. Жоспарға, сіздің көзқарасыңыз бойынша, тақырып сұрақтарының 2-3 анағұрлым маңыздылары шығарылады. Жоспарға көп сұрақтарды шығарудың қажеті жоқ, себебі бұл шектеулі жұмыс көлемі кезінде тақырыпты толық ашуға мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар, жоспарға экономикалық теория негіздері курсы бағдарламасында берілген сұрақтарды көшіріп жазуға жол берілмеуі керек, өйткені бұл қарастырып отырған мәселенің мазмұнын ашпауы мүмкін.

Мысалы, «Макроэкономикалық тепе-теңдік теориялары» тақырыбы бойынша жобалы жоспар келесідей болады:

 

Кіріспе 

1.    Макроэкономикалық тепе-теңдік мәселесіне теориялық көзқарастар.

2.   Тепе-теңдіктің құрылымдық элементтері.

3.   Қ Р макроэкономикалық тепе-теңдік көрсеткіштерін талдау.

 

Қорытынды 

Экономикалық теория бойынша жұмыстар әдетте, бірінші сұрақта мәселенің негізгі теориялық жағдайларын қарастыруда қамтиды. Ал ары қарайғы сұрақтарды мәселенің тәжірибе жағын қарастыру керек, теорияны Қазақстандағы нарықтың тәжірибесімен салыстыру қажет. 

Жұмыс кіріспе және қорытындыдын тұру керек. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі және оның теорияда алатын орны мен экономикалық өмірдегі тәжірибелік маңызы атап көрсетілуі, жұмыста қойылатын негізгі мәселелер қалыптастырылуы мәселенің маңызды жақтары анықталуы қажет.  Кіріспеде құбылыстың пайда болуы мен дамуының, тарихының, қарастырылуы негізгі категорияларға анықтама берілуі, тақырыптың мазмұнды жақтарының түсіндірілуі дұрыс емес.

Қорытынды жұмыстан шығатын негізгі қорытындылар мен ұсыныстарды қамтуы керек. Қорытындыда жұмыстың негізгі бөлімінде айтылмаған мәселелер қарастырылмауы жөн. Кіріспе мен қорытынды жұмыс жоспарында нөмірленбейді.

Жұмыс көлемі компьютерлік тексте 15 беттен тұрады. Текст 1,5 интервалмен 14 кегль шрифтпен теріледі. Жұмыстың құрылымы төмендегідей: сыртқы парақ, жұмыс жоспары (мазмұны), кіріспе, жоспар сұрақтары айқындалған негізгі бөлім, қорытынды, әдебиеттер тізімі. Беттер нөмірленген болуы тиіс.

Әдебиеттер тізімі кем дегенде 3 көзден, оның ішінде 2-уі қосымша әдебиеттерден тұруы қажет. Қосымша әдебиеттерді іздеу бойынша өз бетінше жұмысты кітапхананың каталогтар мен анықтамалық библиографиялық басылымдардың көмегімен жүргізуге болады. Мерзімдік басылымдардағы материалдарды пайдалану керек (экономикалық  журналдар, газеттер). Экономикалық сұрақтар бойынша қажетті материалдарды  келесі журналдардан табуға болады: Аль-Пари, Қаржы-Қаражат, Банки Казахстана, Саясат, ҚазҰУ Хабаршысы (экономика сериясы) т.б.

Интернет материалдарын тек қана өз бетінше шығармашылық тұрғыдын өңдеген және жұмыста осы сайтқа сілтеме жасалған кезде ғана қолдануға жол беріледі.

Әдебиеттерді таңдау кезінде олардың басылымға шыққан  уақыты ескерілуі керек. Бірінші кезекте соңғы жылдары жарыққа шыққан әдебиеттер пайдаланылуы қажет. Көнерген әдебиеттерді пайдалану жұмыс сапасын төмендетуі мүмкін. Дегенмен кейбір тақырыптар анағұрлым  ертеректе шыққан әдеби көздерді пайдалануды қажет етеді. Мысалы, экономикалық теорияның пайда болуына экономистердің жеке экономикалық  мәселелерге деген көзқарастарының эволюциясына арналған тақырыптар. Мұндай семестрлік жұмыстардың құнын түпнұсқалық көздерді, яғни осы мәселені зерттеген экономисттердің жұмыстарын пайдалану арттырады. Көптеген түпнұсқалық текстерді интернеттен табуға болады.

Көп жағдайда нормативті экономикалық теория бір мәселеге әртүрлі көзқарастармен сипатталады. Егер әртүрлі авторлардың қарастырылып отырған сұрақ бойынша  ортақ көзқарасы болмаса, онда жұмыста әдебиеттерде бар әртүрлі көзқарастарды келтіру (қарастыру), оларды салыстыру оларға сындық баға беру және анағұрлым дұрыс көзқарасты негіздеу керек. Бұл семестрлік жұмыс деңгейін елеулі арттырады.

Жұмысты оқулықтан көшіруге, компьютерлік көздерден дайын жұмыстарды пайдалануға, сонымен қатар бір тақырыпқа біркелкі текспен жазылған жұмыс тапсыруға жол берілмейді. Мұндай жұмыстар қабылданбайды, қайта қарастыру үшін қайтарылады.

Жұмыста оның жеке ережелері мен келтірілген нақты және сандық материалдарының арасында әртүрлі қайшылықтар болмас үшін өз ойларыңызды дербес қалыптастыруға, қайталауға жол бермеуге ұмтылу қажет. Жұмыстың ізденушілік және шығармашылық сипаты болады. Автор қарастырылып отырған сұрақтарды дербес түрде мазмұндауда, көзқарастарды салыстыруда, өз ойынша дұрыс көзқарасты таңдауда, өз таңдауын дәлелдеу теориялық ережелерді нақты материалмен, мысалдармен бейнелеуде, шешуді талап ететін проблемаларды анықтауда өз шеберлігін көрсете білу керек.

Қоғамда болып жатқан экономикалық үрдістер туралы дұрыс, дәлелді қорытындыны нақты материалдарды зерделеп және талдау негізінде жасауға болады. Бұл материалды талдау теория мен тәжірибенің байланысын көрсетеді.

Қағидаттар мен теориялар жайттарды (факты) талдауға негізделген мазмұнды топтастыруды, жалпылауды білдіреді, жайттар өз кезегінде бекітілген қағидаттардың үнемі дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді. Жайттар, яғни экономикадағы тұлғалар мен институттардың мінез-құлықтары уақыт өте келе өзгереді. Сондықтан бар қағидаттар мен теорияларды өзгеріп отыратын экономикалық ортамен салғастырып отыру керек.

Міне, сол себепті экономикалық құбылыстарды талдау үшін қажет нақты материалдар мен статистикалық мәліметтерді жинауға ерекше мән беру керек. Экономикалық құбылыстарды  сандық талдау олардың сапалық мәніне терең бойлауға ықпал етеді. Жайттар кездейсоқ емес, берілген жағдайға сәйкес болуы керек. Кездейсоқ алынған фактілер дұрыс қорытындыға негіз бола алмайды. Олар әбден таңдалған және терең талданған болуы тиіс. Осыған орай сандық және фактілік материалдарды дұрыс талдау, оны ғылыми өңдей топтай және салыстыруға ыңғайлы өлшем бірліктеріне келтіре білу өте маңызды.

Егер біршама көлемді мәліметтер талданатын болса нақты материалдарды өңдеу және оны жұмыста көрсетуде талдаудың кестелік және графиктік әдістерін қолданған дұрыс, яғни сандық мәліметтер топтастырылып, жұмыста кесте, диаграмма, график түрінде көрсетілуі қажет. Олар экономикалық талдаудың баға жетпес құралдары болып табылады. Олар әдеттегі күрделі байланыстарды нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Әбден редакцияланған жұмыс мәтінін дұрыстап өңдеу қажет. Бұл үшін өзіндік жұмыс компьютерде терілуі тиіс. Сыртқы парағында жоғарғы оқу орнының аты, жұмысты қабылдайтын кафедраның аты, әлеуметтік пәндер кафедрасы, жұмыс нөмірі, жұмыс тақырыбының аты, жұмыс авторының тегі, инициалдары, өзі оқитын факультет, топ және сынақ кітапшасының шифр нөмірі, жұмысты тексеретін оқытушының тегі мен инициалдары көрсетілуі тиіс. Сыртқы парақтың төменгі жағында жұмыс жазылған қала мен жыл жазылады: Алматы 2012. Келесі парақта жұмыс жоспары жазылады, бөлімдердің сәйкес парақтары көрсетіледі. Әрі қарай жұмыс мәтінінің мазмұны жоспар сұрақтарына сәйкес ашылады, әрбір бөлім сәйкес тақырыпшалармен жабдықталуы қажет. Жұмыс мәтіні парақтың бір жағынан оқытушының мүмкін болатын ескертпелері  үшін орын қалдыра отырып жазылады.

Мәтінде көрсетілген цитаталар статистикалық мәліметтерге, олар алынған қайнар көздерге сілтемелер жасалынуы қажет. Сілтемелер келесі түрде жасалады. Жұмыста көрсетілген цитата, кесте сандық мәліметтер және әртүрлі көзқарастардың жанына квадрат жақшаның ішіне сілтеме нөмірі көрсетіледі. Әдебиеттер тізімінде берілген нөмірмен берілген материал алынған парақ нөмірі  көрсетілген  қайнар көз орналастырады.

Әдебиеттер тізімі мемлекеттік стандартқа сәйкес рәсімделеді. Онда жұмыстың атауы, авторының аты және инициалдары, жасалған жылы мен орны, сілтеме жасалған беттері көрсетіледі. Журналдан алынған мақалаларда автордың фамилиясы, мақаланың аты, ол басылған журналдың атауы, шыққан жылы, нөмірі, беттері көрсетіледі. Газет материалдарына талаптар да осындай, тек нөмір орнына газет шыққан күнін және айын қойған дұрыс. Төменде әдебиеттер тізімін көрсету мысалы келтірілген:

1.   Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

2.   Байпақбаев Ж. Қазақстанадағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Саясат. -  №7. – 2006. – 26 б.

3.   Айтжанова Д., Н Тілегенов «Ұлттық экономикадағы «голандтық аурулардың» салдары мен оны шешудің жолдары». «Қаржы-қаражат» № 5-6/2006. 48 б.

 

Әдеби қайнар көздерді  жазуда белгілерді (нүктелерді, үтірлерді, сызықшаларды) қоюға көп көңіл бөлу керек. Көрсетілген орындарда олардың болуы мемлекеттік стандартпен талап етілген, сондықтан біз ол талаптарды орындауымыз керек.

Семестрлік жұмыстың соңында студент өз қолын қояды, орындаған күнін көрсетеді, содан кейін жұмыс оқытушыға тексеру үшін тапсырылады. Жұмыста кемшіліктер болған және қабылданбаған жағдайда, студент жаңа жұмыс орындауы немесе ескі жұмысты жаңартуы керек.

Егер жұмыс қабылданбаса, оқытушы пікірде қандай сұрақтардың қайта қарастырылуы және жұмыс қандай бағытта орындалуы, қандай қайнар көздер қосымша қарастырылуы, қандай қосымша материалдардың зерттелуі, жоспардың қалай дұрыс құрылуы керек екендігін, рәсімдеудегі кемшіліктерді және т.б. атап көрсету керек.

Оқытушы атап көрсеткен кемшіліктер жойылғаннан кейін жұмыс бірінші пікірмен қоса қайта тексерілуге тапсырылады.

  

Екінші семестрлік жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

Нұсқа 1

Есеп 1. Талғар қаласында сүтке сұраныс және ұсыныс кестесі келесідей түрде    болады:

1 литрдің бағасы,теңге

Айлық сұраныс көлемі, литр

Айлық ұсыныс көлемі,литр

15

10000

4000

20

9000

6000

25

8000

8000

30

7000

10000

35

6000

12000


1.Ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыздар.

2.Сүтке тепе-теңдік баға қандай?

3.Сүтке сұраныстың төмендеуі тепе-теңдік бағаға қандай әсер етеді?

Есеп 2. Жанар мен Талғат мерейтой жасау үшін банкет залын жалға алып, 50 адам шакырып қойды. Олардың шығындары келесідей: тамақ-220000 тг, алкогольді сусындар-30000 тг, музыканттарға-10000 тг төлеу керек, арендалық төлем 60000 тг. Кейінірек олар тағы да 15 адам шақыруға шешім қабылдады. Олардың шығындары қаншаға өседі?

Есеп 3. Елдің экономикадағы тұтыну функциясы С=40+0,75Д түрінде (Д-таза табыс мөлшері, млрд теңге). Егер инвестиция 10 млрд теңге болса, ЖІӨ-нің тепе-теңдік деңгейін анықтаңыз.

 

Нұсқа 2

Есеп 1. Нарықтағы жағдай келесідей: сатып алушылар 20 теңге баға бойынша айына 4000 қалампыр гүлін сатып алуға дайын, ал сатушылар тек 1000 гүл сатқысы келеді; 40 теңге бойынша сәйкесінше бұл сандар келесідей 3000 және 2000 дана; 60 теңге бойынша 2000 және 3000 дана; 80 теңге бойынша  1000 және 4000 дана.

Келесі тапсырмаларды орындаңыз:

а) Ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыз.

б) Ұсыныс және сұраныс функцияларын анықтаңыз.

в) Аналитикалық және графикалық жолмен тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыз.

г) Егер жергілікті билік органдары максималды бағаны 40 теңге деңгейінде бекітсе, нарықта қандай жағдай орнайды, ал егер 70 теңге болса, не болады?

Есеп 2. Бір елде тек қана 2 түрлі өнім, яғни қару-жарақ және тамақ өндіріледі (оларды «Зеңбірек» және  «Май» деп атайық), егер елдің барлық адамдары майды өндіруге жұмылдырылса, онда 15000 тонна май өндіріледі. Ал егер барлығы зеңбірек өндірсе, онда жылына 6000 дана зеңбірек өндіріледі. Әрине, зеңбірек пен май бір уақытта өндіріледі. Бұл жағдай кестеде көрсетілген.

 

Вариант

Май, т

Зеңбірек, д

1

15000

0

2

12000

2000

3

10000

3000

4

6000

5000

5

3000

5500

6

0

6000

 

Тапсырма: 1) Осы елдің мүмкіндіктер қисығын сызыңыз.

                     2) Келесі нүктелерді табыңыз:

                     а) жүйенің тиімді қызмет етуі;

                     б) қоғамның сәтсіз таңдауы;

                     в) өндіріс мүлдем болмаған жағдай.

Есеп 3. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып әр жыл үшін инфляция қарқынын есептеңіз.

Жыл

Бағалар индексі

Инфляция қарқыны, %

1-ші

100

 

2-ші

110

 

3-ші

130

 

4-ші

145

 

 

Нұсқа 3

Есеп 1. Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің тауардың бағасы тәуелділігі келесі кестеде берілген:

Тауар бағасы, тг

Сұраныс көлемі, тонна

Ұсыныс көлемі, тонна

Сұраныс көлемінің(+) және ұсыныс көлемінің(-) артуы, тонна

 

 

 

 

10

10000

500

 

20

7000

3000

 

30

4250

4250

 

40

2500

5000

 

50

1250

5500

 

Тапсырма:

1) ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыз;

2) тепе-теңдік көлем мен бағаны анықтаңыз;

3) сұраныс көлемі (+) мен ұсыныс көлемінің (-) артуын есептеңіз;

4) баға 20 тг және 40 тг болған кездегі сату көлемін анықтаңыз.

Есеп 2. Үш топ тауар өндірушілер біртекті өнім өндіреді. Өнімнің бір бірлігін өндіру үшін 1-ші топ 10 сағат; 2-ші топ 12 сағат; 3-ші топ 15 сағат жұмсайды. Сәйкесінше, олар 200, 500 және 200 бұйым өндірді. Бір сағат жұмыс уақыты 2 долларға тең болған кездегі тауар құнының шамасын анықтаңыз. Нарықта тауар өндірушілерінің қайсысы анағұрлым жақсы жағдайда болады және неге? Қоғам қандай еңбекті мойындамайды?

Есеп 3. Айталық, сату - сатып алу келісім шартына бағытталған әрбір теңге жылына орташа есеппен 5 рет айналысқа түседі және соңғы тауарлар мен қызметтерді сатып алуға бағытталады. Номиналды ЖІӨ 5000 млрд теңге келісім шарты үшін ақшаға сұраныстың шамасын анықтаңыз.

 

Нұсқа 4

Есеп 1. Сары майға халықтың сұраныс функциясы келесідей Q =200-P, ұсыныс функциясы: Q =-130+2P.

1) тепе-теңдік баға мен сату көлемін анықтаңыздар;

2) егер сары майға баға 95 тг болса нарықта не болады?

Есеп 2.Айталық, өткізуге арналған тауарлардың жалпы бағасы 120 млрд тг, несиеге берілетін тауарлардың бағасы 20 млрд тг.; мерзімдік төлемдер- 70 млрд тг, өзара өтелетін  төлемдер- 30 млрд тг. Әрбір ақша бірлігі жылына орташа 7 айналым жасайды. Мемлекет айналысқа 25 млрд қағаз ақша шығарды. Осынша ақшаның  айналысқа шығарылуы қандай салдарғы әкеледі?

Есеп 3. Экономистер 1 жылдан кейін елдегі экономикалық жағдай келесі мәліметтермен  сипатталады деп жоспарлайды, яғни, жеке жалпы инвестиция 50 млрд тг, тауарлар мен қызметтерді мемлекеттік сатып алулар- 100 млрд тг, ал тұтыну шығындары С=10+0,5У теңдігімен бейнеленеді (У-ЖІӨ). Келесі жылға болжанған ЖІӨ деңгейін анықтаңыз.

 

Нұсқа 5

Есеп 1.

1 бірлік тауарлардың бағасы, тг

Ұсыныс көлемі, жылына мың дана

Сұраныс көлемі, жылына мың дана

85

1500

100

75

1200

300

65

900

400

55

600

600

45

400

800

35

300

1400

25

100

1600

 

 

 

 

 

 

Тапсырма:

1) ұсыныс және сұраныс қисықтарын сызыңыз;

2) тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыз;

3) графикте артық сұраныс және артық ұсыныс зоналарын көрсетіңіз;

4) ұсыныстар және сұраныстар қисықтары не болады, егер:

а) осы тауардың бағасы өссе;

б) осы тауардың бағасы төмендесе;

в) халықтың табысы өссе;

г) осы тауар сәннен шығып қалса.

Есеп 2. «Дауси» компаниясы айналысқа 100 мың қарапайым акция; (500 мың тг номиналды құн және 8% дивиденд нормасы бойынша)  5 мың айрықша акция жылжымайтын мүлікке құжатпен кепілдендірілген 85 облигацияны 10 %  мөлшерлемесі бойынша шығарады. 628 мың тг таза пайда алынды. Тапсырма:

а) компания қарапайым акция ұстаушыларына қанша дивиденд төлеу керек;

б) компания айрықша акция ұстаушыларына қанша дивиденд төлеу керек.

Есеп 3. Елдің жалпы ішкі өнімі 14 млрд рубль. Бюджетке салықтық түсімдердің соммасы ЖІӨ шамасының 20 % -ы. Мемлекеттік шығыстар 3 млрд рубльге тең. Бюджеттік дефицитті анықтаңыздар.

 

Нұсқа 6

Есеп 1. Сұраныс функциясы келесідей: Qd=12-1,5P , ал ұсыныс Qs=2+2P функциясы. Анықтаңыздар: 1) сұраныс көлемі 30% -ға төмендеу үшін бағаны қаншалықты өсіру керек? 2) ұсыныс көлемі 40% -ға артуы үшін бағаны қаншалықты өсіру керек

Есеп 2. Акционерлік қоғам 100000 қарапайым акция және жылдық 5% төлеммен 50000 айрықша акция шығарды. Директорлар кеңесі дивиденд ретінде 500000 теңге бөлінетіндігі туралы жариялады. Осы сомманың қаншасын айрықша акция иелері, қаншасын қарапайым акция иелері алатындығын анықтаңыз.

Есеп 3. Жұмыссыздық көрсеткішінің шамасын анықтаңыз, егер еңбекке жарамды адамдар саны -110 млн. адам; экономикалық белсенді халық -120 млн. адам; жұмыс бастылық қызметінде тіркелгендер -36 млн. адам; жұмысы жоқ еңбекке жарамдылар -50 млн. адам болса.

 

Нұсқа 7

Есеп 1. Сұраныс және ұсыныс функциялары келесідей: Qd=8000-12P, Qs=4P-750.  Дефицит шамасын және мемлекеттік баға 500 теңге болған кездегі “көлеңкелі нарық” бағасын анықтаңыздар

Есеп 2. Гүл сататын дүкеннің иесі жылына 20 мың ақша бірлігі (а.б) еңбекақы мөлшері бойынша сатушыны жұмысқа алды. Жылдық аренда соммасы -8 мың а.б. Ол өз ісіне 40 мың а.б. салды. Егер ол капиталды басқаша орналастырған жағдайда жылына 5 мың а.б. жоғалтпас еді. Ол өз кәсіпкерлік талантын жылдың 12 мың а.б –не бағалайды. Басқа фирма оған жылдық 30 мың а.б. еңбекақы мөлшерінде жұмыс ұсынады. Бухгалтерлік және экономикалық шығындарды анықтаңыз.

Есеп 3. Елдің еңбекке жарамды халқының саны 150 млн. адам, ал жұмыссыздықтың табиғи деңгейіне сәйкес келетін жұмыссыздар саны 4,5 млн. адам. Жұмыссыздардың нақты саны 7,5 млн. адам. Егер ағымдағы жылда 2000 млрд. ақша бірлігі жалпы ішкі өнім алыну   жоспарланса, жұмыссыздық өсуінің нәтижесінде жалпы ішкі өнімнің қанша көлемі кем алынады?

 

Нұсқа 8

Есеп 1. Әлемдік нарықта бидайға сұраныс және ұсыныс функциялары келесідей: Qd=3550-266P және Qs=1800+240P. Әлемдік нарықта бидайға сұраныстың өзгеруінің нәтижесінде сұраныс теңдігі Qd=2580-194P  болып түрленді. Ал ұсыныс қисығы өзгеріссіз. Бидайға әлемдік нарықтағы бағаның өзгерісін анықтаңыздар.

Есеп 2.

Кестені толтырыңыз:                                                                                                                                                

өнім көлемі, дана

тауар бағасы, ақша бірлігі

жалпы табыс, а.б.

жалпы шығын, а.б.

пайда, а.б.

шекті шығын, а.б.

шекті пайда

0

30

0

120

 

 

 

20

30

600

240

 

 

 

40

30

1200

480

 

 

 

60

30

1800

960

 

 

 

80

30

2400

1920

 

 

 

100

30

3000

3840

 

 

 

Есеп 3. Тұтыну шығыстары C =15+0,5·Y, ал  инвестиция I =0,1Y теңдіктерімен бейнеленген. Тауарлар мен қызметтердің мемлекеттік сатып алуы 50 млрд.рубль, ал таза экспорт -5 млрд. рубльге тең. Келесі жылға болжанған жалпы ішкі өнім деңгейін анықтаңыз

 

Нұсқа 9

Есеп 1. А, В және С тұтынушыларының жеке айлық сұраныстардың көлемі кестеде берілген:     

Тауар бағасы, теңге

Айлық сұраныс көлемі, кг

Тұтынушы А

Тұтынушы В

Тұтынушы С

Нарықтық сұраныс

10

60

60

50

 

20

60

50

30

 

30

50

30

0

 

40

30

0

0

 

50

0

0

0

 

                                                          

Тапсырма: 

а) нарықтық сұраныс көлемін есептеңіз;

б) нарықтық сұраныс қисығын сызыңыз;

Есеп 2. Мемлекеттік сатып алулар 40 ақша бірлігін (а.б.), трансформаттық төлемдер 20 а.б., 30 а.б. –не тең мемлекеттік қарыз бойынша жылдық 10% төлемді, салықтық түсімдері 40 а.б. құрайтын мемлекеттік бюджет дефицитті болып табыла ма?

 

Есеп 3. Кестедегі мәліметтерді пайдаланып келесі сұрақтарға жауап беріңіз

Жыл

Номиналды ЖІӨ, млрд $

Бағалар деңгейінің индексі, %

Нақты ЖІӨ

1990

105

121

87

1994

54

91

59

1999

98

100

98

a)   қайсы жыл базистік жыл болып табылады?

б)  нақты ЖІӨ -ді есептеңіз

 

Нұсқа 10

Есеп 1. Сұраныс түзуі Qd=3-2P формуласымен берілген. Қандай баға деңгейінде сұраныстың баға бойынша икемділігі  -1-ге тең болады?

Есеп 2. Кәсіпорынның жалпы табысы 500 мың ақша бірлігі (а.б.). Кәсіпорын жұмысшыларына 250 мың а.б. жалақы төлейді. Сонымен қатар, шикізат пен материалдар шығындары 70 мың а.б. құрайды. Кәсіпорынның айқын емес шығындары 100 мың а.б. Кәсіпорынның бухгалтерлік және таза экономикалық пайдасын анықтаңыз.

Есеп 3. “Альфа” елінде инвестиция функциясы I= 40+0,44Y; ал жинақ функциясы S=20+0,6·У теңдеуімен анықталады (Y–ұлттық табыс). Y –тің тепе –теңдік деңгейің анықтаңыз

 

Нұсқа 11

Есеп 1. Соңғы жылдары сатылған тоңазытқыштар мен олардың бағаларының артқандағы жылдық тәуелділігі келесідей:

Тоңазытқыштар бағасы, мың теңге

Сұраныс көлемі, дана

40

120

60

80

100

20

 

Тапсырма: тоңазытқыштың бағасы 40 мың теңгеден 60 мың теңгеге өзгерген кездегі және 60 мың теңдеген 100 мың теңгеге өзгерген кездегі сұраныстың  баға бойынша доғалық (дуговал) икемділігін есептеңіз. Салыстырмалы талдау жасаңыз.

Есеп 2. Экономика тепе-теңдік жағдайда болу үшін халықтың жинағы қаншаға тең болу керек. Егер  инвестиция – 40 бірлік, мемлекеттік шығын – 20 бірлік, экспорт – 70 бірлік, салықтар – 50 бірлік, импорт – 10 бірлік, тұтыну шығындары – 30 бірлік, дивидендтер – 40 бірлік болса.

Есеп 3. Тұтыну  функциясы С=100+0.8Y  түрінде  берілген.

а) табыстың  берілген  мәндеріндегі  тұтыну  шығындары  мен  жинақты  есептеңіз.

табыс

тұтыну

жинақ

600

 

 

800

 

 

1000

 

 

1200

 

 

1400

 

 

 

б) тұтыныс графигін  сызыңыз.

в) тұтынуға шекті  бейімділік  және  жинаққа шекті бейімділікті есептеңіз.(МРС,MPS)

 

Нұсқа 12

Есеп 1. АҚШ-та  бидайға  ұсыныс  және сұраныс қисықтары келесідей: Qd=1800+24P және Qs=3540-266P.

Тапсырма:  Тепе-теңдік баға мен бидайды өндірушінің тепе-теңдік жағдайда алатын табыстарын  анықтаңыз.

80 жылдың  ортасына қарай бидайға ішкі сұраныс елеулі өсті, ал сыртқы - күрт  түсті және ары қарайғы төмендеу тенденциясында болды. 1986  жылы  бидайға сұраныс қисығы келесідей болады: Qd=2454-194P, ал ұсыныс қисығының сипаты өзгермеді.

Нарықтық жағдайдың қалай өзгергендігін талдаңыз.

Есеп 2. Банк салымшылардан 5000$ алады. Резервтеу нормасы 12%, өз салымшыларына банк (жылдық) 4% төлейді. Егер банк 240$  көлемінде пайда алуды жоспарласа фирмаға несиені қандай пайыз бойынша береді?

Есеп 3. Номиналды  ЖІӨ =750 млрд.долл., жұмыссыздықтың табиғи деңгейі -5% ,жұмыссыздықтың нақты деңгейі -9%. Елде ақшалай формада қанша өнім көлемі өндірілмей қалды? (Оукен коэффиценті=2.5).

 

Нұсқа 13

Есеп 1. Сұраныс функциясы мен ұсыныс функциясы келесі формулалармен берілген:  Qd=8-2/3P және Qs=0,4P-0,8. Тауарлар дефицитін немесе профицитін анықтаңыз, егер   P1=3, P2=9 болса.

Есеп 2.  А және В тұтынушының сұраныс шамасы сызықты функциямен берілген. Баға 5-ке тең болғанда  А тұтынушының сұраныс шамасы  2-ге, ал В тұтынушының сұраныс шамасы  4-ке тең. Баға 3-ке тең болғанда екеуінің де сұраныс шамасы  6-ға тең. А және В тұтынушының баға  2-ке тең болған кездегі сұраныс шамаларын анықтаңыз.

Есеп 3. Кестені толтырыңыз.

Кестеде берілген 1-ші және 5- ші жылдағы еңбек ресурстары және жұмыс бастылық туралы мәліметтерді пайдаланып келесілерді анықтаңыз:

 

Тұрақты ресурстар  бірлігі

Айналмалы ресурс  бірлігі

Күнделікті шығарылым

Орташа өнім

Шекті өнім

-2

0

0

 

 

-2

1

40

 

 

-2

2

90

 

 

2

3

150

 

 

2

4

160

 

 

2

5

150

 

 

2

6

120

 

 

А)1-ші және 5-ші жылдағы жұмыссыздар саны мен жұмыссыздық деңгейін.

В) жұмыс бастылық пен жұмыссыздықтың бір уақытта өскендігін қалай түсіндіруге болады?

 

 

1-ші жыл

5-ші жыл

Жұмыс күші

82500

95300

Жұмыс бастылар

80700

87000

 

Нұсқа 14

Есеп 1. Кестені толтырыңыз:

Q

FC

VC

TC

AFC

AVC

ATC

MC

1

10

2

 

 

 

 

 

2

 

5

 

 

 

 

 

3

 

9

 

 

 

 

 

4

 

14

 

 

 

 

 

5

 

20

 

 

 

 

 

6

 

27

 

 

 

 

 

7

 

35

 

 

 

 

 

8

 

44

 

 

 

 

 

 

Есеп 2. Абрикос нарығында әртүрлі жағдайды сипаттаушы  шарттар келесідей берілген:; Qd=36-0,4P; Qs=1+0,3P.

 

Көрсеткіш

Тауар бағасы, тенге

10

20

30

40

50

60

70

Сұраныс көлемі, т

32

28

24

20

16

12

8

Ұсыныс көлемі,  т

4

7

10

13

16

19

22

1) Ұсыныс және сұраныс қисығын сызыңыз.

2) Осы нарықтағы тепе-теңдік баға неге тең?

3) Қандай баға кезінде  нарықта абрикостың артықшылығы балады?

Есеп 3. Елдегі ақша ұсынысы 100 млн. доллор. Наминалды ЖӨІ - 500 млн.доллор. Егер ақшаға ұсынысы 2 есе өссе ақша айналасы (ақшаның сандық теориясына сәйкес) қалай өзгереді?

 

Нұсқа 15

Есеп 1. Кестені толтырыңыз.

Q

VC

TC

AFC

ATC

MC

1

 

 

 

12

 

2

9

 

 

 

 

3

 

27

3

 

 

4

 

 

 

 

12

 

Есеп 2. Тауарға ағымдағы жылдағы сұраныс туралы мәлімет кестеде берілген.

Сұраныс көлемі, т

0

10

20

30

40

50

60

70

80

90

100

баға

20

18

16

14

12

10

8

6

4

2

0

Мәліметтерді пайдаланып келесілерді анықтаңыз:

а) сұраныстың баға бойынша икемділік коэффицентін және қандай баға кезінде икемді сұраныс икемсіз сұраныс және бірлік икемді сұранысын болатындығын;

б) сұраныстық баға бойынша икемділік коэффицентінің қандай мәнінде түсімнің (выручка) шамасы максималды болады?

Есеп 3. Берілген баптардың негізінде  «Д»  елінің төлем балансын құрастырыңыз. Операциялардың әрқайсысын кредит және дебит ретінде белгілеңіз:

1)  Мұнай экспорты 6 млн. доллор.

2)  Бидай импорты 5 млн. доллор.

3)  Қару-жарақ экспорты  2 млн. доллор.

4)  Шетелдік туристерден келетін табыс 6 млн. доллор. 

5)  «Д» елінен шетелдіктерге ақша аудару 2 млн. $

6)  Франция және корпорациясының  акциясын сатып алу 6 млн.$

7)  Шетелдік азаматтардан алтын сатып алу 1млн.$

 

Нұсқа 16

Есеп 1. Сұраныс қисығы (түзуі) =40-2P, ал ұсыныс түзуі =10+3P формулаларымен берілген. Пайданы есептейміз, егер AVC=3, FC=16.

Есеп 2. Жалпы ішкі өнімдерді табыстар және шығыстар ағымы бойынша анықтаймыз, егер несиеге пайыз 12трлн тенге, жалпы жеке инвестиция – 55, экспорт – 12, жалақы – 218, корпорацияның бөлінбеген пайдасы – 113, бизнеске жанама салық – 22, ренталық төлемдер – 20, корпорацияның пайдасына салық – 50, импорт – 3, мемлекет сатып алулар -90, таза жеке инвестиция – 45, меншіктен табыс – 21, мемлекеттік кәсіпорындарға таза субсидиялар – 2, халыққа трансферттік төлемдер – 25, тұтыну шығыны – 310.

Есеп 3. Кәсіпорынның негізгі қорларының орташа жылдық құны 100 млн.теңгені құрайды, яғни ғимарат -20 млн.тг (амортизация нормасы – 7%); құрал-жабдықтар – 15 лмн.тг. (10%); ЭВМ - 5млн.тг (12%); көлік – 50 млн.тг. (10%); басқалары – 10 млн.тг.(12%). Жыл бойы өндірілген өнімнің құны 120 млн.тг. Сызықты әдіс бойынша есептелетін амортизация сомасын және қор қайтарымдылықты анықтаңыз.

 

Нұсқа 17

Есеп 1. Кестені толтырамыз (фирма жетілген бәсеке нарығында әрекет етеді, ал FC=16).

Q

TC

ATC

MC

P

TR

MR

PR

1

18

 

 

12

 

 

 

2

22

 

 

 

 

 

 

3

28

 

 

 

 

 

 

4

36

 

 

 

 

 

 

5

46

 

 

 

 

 

 

6

58

 

 

 

 

 

 

7

72

 

 

 

 

 

 

8

88

 

 

 

 

 

 

 

Есеп 2. Кестеде берілген мәліметтерді пайдаланып, жалпы ұлттық өнімді, таза ұлттық өнімді және ұлттық табысты есептеңіз.

Мемлекеттік әртүрлі субъектілердің алатын табыстар мен шығындар баптары

S, млрд теңге

Қолданбалы жұмысшылар жалақысы

194

Тауарлар мен қызметтер экспорты

13

Мемлекеттік сатып алулар

60

Бизнеске жанама салық

15

Жалпы жеке ішкі инвестициялар

52

Трансферттік төлемдер төлемдер

14

Тауар мен қызмет импорты

16

Табыс салығы

40

Амортизация

12

Жеке тұтыну шығындары

219

Есеп 3. Ұлттық өндірістің нақты деңгейі қалай өзгеретіндігін анықтаңыз, егер:

А) номиналды ЖІӨ 10 %-ға, ал бағалар деңгейі 7%-ға артса;

Б) номиналды ЖІӨ 20%-ға артса, ал дефлятор 1,3-ке өссе.

 

Нұсқа 18

Есеп 1. Банк клиенттері 1200, 2000 және 1600 рубльге депозит ашты. Банк салымшыларына жылына 5% төлейді. Банк фирмаға қандай пайыз бойынша несие береді, егер ол 300 рубль пайда алғысы келсе?

Есеп 2. Дүкен күніне 500 пакет сүт және 100 құты «Coca – Cola» сатады. Сүттің бағасы 0,80 доллар болған кезде сүтті сатудан түскен түсім 400 доллар, ал «Coca – Cola» - ның құтысы 1 доллар болған кезде түсім 100долларға тең. Сүт пен «Coca – Cola» - ға бағаны 50%-ға көтерді. Баға көтерілгеннен кейін сүттің сатылымы күніне 350 пакетке және ал «Coca-Cola» - ның сатылымы 35 құтыға азайды. Сүт пен «Coca-Cola» -ны сатудан түскен түсімді және олардың икемділігін анықтаймыз.

Есеп 3. Берілген мәліметтерді пайдалана отырып, мүмкін болатын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеңіз: ЖІӨ-2000 ақша бірлігі (а.б.), амортизация – 25 а.б., бизнеске жанама салықтар – 50 а.б., пайдаға салық – 60 а.б., әлеуметтік салықтар – 130 а.б., бөлінбеген пайда – 20 а.б., әлеуметтік трансферттер – 300 а.б..

 

Нұсқа 19

Есеп 1. Халықтың тауарға деген сұраныс және ұсыныс функциялары келесідей берілген: =70 - P, Q s =-50+2P.

Тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаймыз. Өндірушілердің  табысы қандай? Үкімет бағаны 30теңге деңгейінде бекітсе, нарықта не болады?

Есеп 2. Автокөліктерді жалға беруші «Лимузин Сервис» фирмасы 1 жыл пайдаланылған автокөлікті сатып алғысы келеді. Бұл автокөлік үш жыл ішінде 4000 доллар көлеміндегі жылдық таза табыс (жүргізуші жалақысына, бензин және техникалық қызмет көрсетуге кететін шығындарды алып тастағаннан кейін) әкеледі, содан кейін 10000 долларға сатылады деп жоспарлануда. Фирма 10% мөлшерлеме бойынша фирма осы автокөлік үшін қандай сомма төлеуге дайын?

Есеп 3. Айталық елдің халқының саны 15 млн.адам. Оның ішінде 16 жасқа дейінгі балалар саны – 4,5 млн.адам, психиатриялық ауруханалар мен түзелту мекемелеріндегілер саны – 0,3 млн.адам, зейнеткерлер – 3,2 млн.адам, жартылай жұмыс күнінде жұмыспен қамтылғандар саны – 0,3 млн.адам. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.

 

Нұсқа 20

Есеп 1. Балалар сабынына сұраныс қисығы =250 - 4P функциясымен берілген.

a)  егер сабынға ұсыныс =90 мың дана (жылына) деңгейінде тұрақтанса, тепе-теңдік баға қандай болады?

б)  егер сабын бағаны 1 дана үшін 30 теңге  деңгейінде болса, онда дефицит шамасы (деңгейі) қандай?

Есеп 2. Айталық, 4 жылдан кейін сіз Гавай аралдарына сапарға баруды жоспарладыңыз, 4-ші жылдың соңында. Ол үшін 12000 доллар ақша қажет. Сіздің жинағаныңыз қазір банкте, ол банк жылдық 12% сыйақы төлейді. Жоспарланған уақытта сапарға шығу үлесін қазір банкте қандай минималды сомма болу керек.

Есеп 3. Ағымдағы жылы 8 доллар бойынша 120 бірлік А өнімі (тұтыну құралдары), 30 доллар бойынша 50 бірлік В өнімі (өндіріс құралдары) өндірілді. Ағымдағы жылдың соңында В тауарлары жаңалармен алмастырылуы керек. Табыңыздар: а) жалпы ішкі өнім; б) таза ішкі өнім; в) тұтыну көлемі; г) жалпы жеке ішкі инвестициялар көлемін; д) таза жеке ішкі инвестициялар көлемін.

 

Нұсқа 21

Есеп 1. Құс еті үшін 3 тұтынушы нарықта бір өнім үшін әртүрлі бағаны төлеуге дайын.

Qd, кг

, теңге

, теңге

, теңге

20

30

40

50

60

220

200

170

150

120

170

150

130

120

100

130

110

100

90

80

 

Осы мәліметтерге сүйене отырып, нарықтық сұраныс кестесін және нарықтық сұраныс қисығын сызыңыз. Сатушылардың әртүрлі баға деңгейіндегі жалпы түсімінің шамасын анықтаңыз.

Есеп 2. Өндірістік ресурстардың құрамындағы төлемде көрсетілген өзгерістердің қайсысы қысқа мерзімді, қайсысы ұзақ мерзімді болып табылады?

а)   «Меруерт» Акционерлік қоғамы жиһаз өндіру бойынша жаңа фабрика тұрғызады.

б)  «АВС» корпорациясы тағыда 50 жұмысшыны жұмысқа алады.

в)  Фермер Дархан өз учаскесінде пайдаланылатын тыңайтқыштардың санын арттырады.

г)   «АХБК» АҚ-ы үш сменалық жұмыс режимінен жаңа станоктарды енгізу арқылы екі сменалық жұмыс режиміне өтті.

д)  «Поршень» зауыты өз жұмысшыларын шикізаттың жоқтығынан мөжбүрлі демалысқа жіберді.

е)   Апаттың болуына байланысты теледидар өндіретін зауыттың құрастыратын цехтерінің  біреуі істен шықты.

ж)Жүргізілген реконструкция нәтижесінде сүтті өлшеп орау бойынша ескі линия жаңа, анағұрлым өнімдірек линияға ауыстырылды. Жауабыңызды түсіндіріңіз.

Есеп 3. Елде контракт бойынша жұмыс істеуші 29 адам; 18 зейнеткер; 20 оқушы; 3 мүгедек; 8 ақылы демалыстағы; 15 студент; 5 артист; 6 жумыс істемейтін, бірақ іздеуші; 2 арамтамақ адамдар өмір сүреді. Жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз.

 

Нұсқа 22

Есеп 1. Тауарға сұраныс формуласы Qd=12-P, ал ұсыныс формуласы Qs=-3+4P түрінде берілген. Тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыз. Өнімге 20% мөлшерінде акциз енгізілген. Жаңа тепе-теңдік баға мен көлемді анықтаңыз.

Есеп 2. Тауарды өндірудің көлемі мен жалпы айнымалы шығындар өзгерісінің арасындағы тәуілділік кестеде берілген.

Q

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

C

0

50

78

98

112

130

150

175

204

242

300

385

 

Егер, 10 өнім көлемі кезіндегі орташа тұрақты шығындар 50 тг болса, 2 өнім көлемі кезіндегі орташа жалпы шығындарды анықтыңыз. 5 өнім көлемі кезіндегі шекті шығындарды анықтаңыз.

Есеп 3. ЖІӨ-ң потенциалды көлемі 700 млрд.долл. Фрикционды жұмыссыздық деңгейі 5 пайыз, құрылымдық жұмыссыздық  2 пайыз, жұмыссыздықтың жалпы деңгейі 15 пайыз. ЖІӨ-ң нақты көлемін есептеңіз

 

Нұсқа 23

Есеп 1. Кестеде әртүрлі тауарлар туралы мәліметтер берілген. Олардың негізінде анықтаңыз.

а)   әртүрлі нарықта көрсетілген тауарлар үшін икемділіктің қандай түрін бекітуге болады?

б)  икемділік коэфициенттерін

в)   нарықтарда көрсетілген тауар, қандай түрлі тауарға жатады?

г)    

 

А нарығы

Б нарығы

В нарығы

Г нарығы

10 $

400$

 

Х тауарлардың бір данасының бағасы, 25$

15 млн дана

600мың дана

16 дана

Z тауарлардың бір данасының бағасы,   160$

16$

800$

 

X  тауарлардың бір данасының бағасы, 35$

10 млн дана

1800мың дана

40 дана

Z тауарлардың бір данасының бағасы, 160$

 

 

20000 $

40000 $

 

,  (- тауар бірлігінің бұрыңғы және жаңа бағасы;

Q0 , Q1 –сұраныстың (ұсыныстың) бұрыңғы және жаңа көлемі;

У0, У1 – тұтынушының бұрыңғы және жаңа табысы;

Есеп 2. Автокөлікті өндірудің шекті шығындары кестеде берілген:

Автокөліктер саны

1

2

3

4

5

Шекті шығындар, мың тг

200

180

160

150

125

 

4 автокөлікті өндірудің жалпы шығындардың, 3 автокөлікті өндірудің орташа жалпы шығындарын анықтаңыз. Егер тұрақты шығындар 100 мың теңге болса, 5 автокөлікті өндірудің жалпы айнымалы шығындарын анықтаңыз.

Есеп 3. Кестеде қаңтар, ақпан және наурыз айларында сатылымға ұсынылатын А,В және С тауарларының бағалары мен көлемдері берілген.

 

А

В

С

Р

Q

Р

Q

Р

Q

Қантар

15

10

10

2

20

28

Ақпан

20

20

40

4

25

16

наурыз

30

28

80

2

28

10

Анықтаңыздар:

1)  Қантармен салыстыра отырып, ақпан айындағы инфляция деңгейін (пайызбен бейнелеген бағалар индексін),(Іа/қ*100%).

2)  Ақпанмен салыстыра отырып, наурыз айындағы инфляция деңгейін (Ін/а*100%).

3)  Қаңтармен салыстыра отырып, наурыз айындағы инфляция деңгейін (Ін/қ*100%).

 

Нұсқа 24

Есеп 1.

Суретте нарық үлгісі

1)  Суретте көрсетілген нарық үлгісін талдаңыз:

а)   Өнім көлемі 4 дана болған кездегі Д және S қисықтары үшін алғашқы тепе-теңдік бағаны______ақша бірлігін анықтаңыз.

б)  АВ арақашықтығын _______ бірлік, СF арақашықтығын______   бірлік, анықтаңыз.

в)  Баға 8 арақашықтығының бірлігі тең болған кезде.

 

Есеп 2. Кестені толтырыңыз:

Шығарылым көлемі

ТС

МС

АС

10

15

25

35

50

-

-

750

-

-

Белгісіз

20

-

30

-

44

-

-

-

35

Есеп 3. Келесі мәліметтер берілген. Жұмыс бастылар саны 85 млн.адам. Жұмыссыздар саны 15 млн.адам.

а)   жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз;

б)  бір айдан кейін жұмысы бар 85 млн.адамның 0,5 млн.адамы жұмыстан шығарылды; ресми тіркелген жұмыссыздардың 1 млн.адамы жұмыс іздеуді тоқтатты. Осы жағдай үшін жұмысбастылар санын, жұмыссыздар санын және жұмыссыздық деңгейін анықтаңыз

 

Нұсқа 25

Есеп 1. Суреттегі графикті пайдалана отырып, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

а)   Нарықтық сұраныс көлемі 3 тауар бірлігіне тең болған кездегі 1-ші, 2-ші, 3-ші тауар бірлігінің тепе-теңдігі бағасы қандай?                                                                                                               

б)  Тұтынушы тауардың әрбір қосымша бірлігін қандай максималды баға бойынша бағалайды.

в)  «Тұтынушының артықшылығы» түсінігін қалай тұжырымдауға болады?

                                                                                             1 сурет

Тұтынушы артықшылығы қалай есептеледі?  

г)   Нарықтық баға артқанда тұтынушы артықшылығының деңгейі қандай болады?

д)  Графикте тұтынушы артықшылығын қалай бейнелеуге болады?

 

Есеп 2.

Өнім көлемі

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жалпы шығындар мың  тг

50

100

140

170

190

210

230

260

300

350

410

 

Кестедегі мәліметтерді пайдаланып, келесілерді анықтаңыз. Өнімнің бір бірлігінің бағасы 35 теңге болған кезде фирма қысқа мерзімді кезеңде қанша өнім өндіреді? Ал ұзақ мерзім кезеңде? Баға 25 теңге болған кездегі жағдай үшін де талдау жасаңыз.

Есеп 3. Номиналды ЖІӨ 500 млрд.доллардан 450 млрд.долларға дейін, ал ЖІӨ дефляторы 125 %-дан 100%-ға дейін төмендеді. Бұл кезде нақты ЖІӨ шамасы:

а)   өзгермейді;

б)  өседі;

в)  азаяды;

г)   оны есептеу үшін берілген мәліметтер жеткіліксіз;

д)  дұрыс жауап жоқ.

 

Студент топтың тізіміндегі реттік номеріне қарай көрсетілген 25 нұсқаның біреуін таңдап алуына болады.

Семестрлік жұмыс А4 форматы ақ қағазының бір жағына жазылады. Беттің параметрлері келесідей: сол – 20 мм, оң – 10 мм, жоғары – 20 мм, төмен – 20 мм.

Жұмысты қарастыруда тапсырма шарттарын көшіріп жазу керек, оларды орындауға қажетті негізгі түсініктер мен формулаларды және есептердің шығарылу жолын түсіндіріңіз. Формулаларды жазған кезде стандартты немесе жалпылама қабылданған белгілерді пайдалану керек. Егер жалпылама қабылданған белгілер алмастырылса, онда олар шартты қысқартпалар тізімінде арнайы көрсетілуі керек.

Белгілер мәнін түсіндірмелер формуланың астында көрсетіледі және үтірмен аяқталады. Түсіндірме «мұнда» сөзінен кейін басталады, қос нүкте қойылмайды. «Мұнда» сөзі формуланың астына сол жағына жазылады.

Көрсеткіштердің мағынасын ашумен қатар оның өлшем бірліктері көрсетіледі. Белгілеулер мен текстің арасында сызықша қойылады. Мысалы,

Ц=А+Б+В,

мұнда Ц-өнім бағасы, теңге

А – шикізат, материалдар, отын және т.б. шығындары, теңге;

Б – жұмысшылар еңбекақысына шығындар, теңге;

В – басқа шығындар, теңге.

Графиктер координаттық тормен жабдықталады және осьтерде әріптік белгілеулер, сандық мәндер және шамалардың өлшем бірліктері көрсетіледі. Осьтер тек әріптік белгілеулер немесе олардың атауларымен белгіленеді. Осьтерде сандық мәндер болмаған кезде шамалар өзгерісінің оң бағытын сипаттау үшін нұсқар (стрелка) пайдалануға болады.

  

Әдебиеттер тізімі 

1.   Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С. және т.б. Жалпы экономикалық теория: Оқулық. -  Алматы:  Ақтөбе, 2004.

2.   Сахариев С.С., Сахариева А.С. Жалпы кезең – экономикалық теориясы. -  Алматы: «Дәнекер», 2004.

3.   Экономикалық саясат. Лекциялар / Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002.

4.   Я.Әубәкіров, К.Нәрікбаев, М. Есқалиев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы, 2004.

5.   Ихданов Ж.О., Орманбеков Ә.Ө. Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.

6.   Я.Ә.Әубәкіров, К.Нәрібаев және т.б. Экономикалық теория негіздері: Оқулық. – Алматы: «Санат», 1998.

7.   Сала экономикасы. Дәріс конспектілері (С.И.Ержанов). – Алматы: АЭжБИ, 2003.

8.   Бердалиев К.Б. Қазақстан экономикасын басқару негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.

9.   Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.Ә. Микроэкономика: Оқулық. – Алматы: Экономика, 2003.

10.   Я.Ә.Әубәкіров, Б.Б.Байжұмаев, Ф.Н.Жақыпова, Т.П.Табеев. экономикалық теория: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 1999.

11.   Байшоланова Қ.С. Ақпараттық жүйелер теориясы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2002.

12.   Көшенова Б.А. Бағалы қағаздар нарығы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 1999.

13.   Экономикалық саясат. Лекциялар. Д.Қ.Қабдиев, Т.Қ.Оралтаев, Ә.Е.Ескендіров, С.Қ.Бекмолдин және т.б. – Алматы: Экономика, 2002.

14.   Нурпейіс Е. Экономикалық теория. Халықаралық экономика негіздері: Оқу құралы. – Алматы, 2002.

15.   Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2001.

16.   Байтонаева Б.А. Менеджмент: Оқу құралы. – Алматы: ҚазҰТУ, 2001.

17.   Байгисиев М. Халықаралық экономикалық қатынастар: Оқу құралы. – Алматы: «Санат», 1998.

18.   Байпақбаев Ж. Қазақстанадағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму кезеңдері. Саясат. -  №7. – 2006. – 26 б.

19.   Ермекбаева Б.Ж. Салық бақылаудың теориялық негіздері мен нысандары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №2 (24). – 2006. – 23 б.

20.   Ақша, несие, банктер: Оқулық/ Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С.Сейітқасымов – Алматы: Экономика, 2004.

21.   Айтжанова Д., Н Тілегенов «Ұлттық экономикадағы «голандтық аурулардың» салдары мен оны шешудің жолдары». «Қаржы-қаражат» № 5-6/2006. 48 б.

22.    Арзаева М.Ж. «Шағын және орта бизнесті дамытудағы қаржы- несиелік мәселелер». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 60 б.

23.    Аубакирова Ж. « Исследование интеграционных процессов в рамках СНГ». Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 (67), 39стр.

24.    Ахметова А. «Концепция модернизации транспорта на инновационной основе в условиях циклического развития экономики». Саясат № 10(158), 2008 .

25.    Әлжанова Н.Ш. «Баламалы инвестициялық жобаларды талдаудағы ұтымдылық көрсеткіштерін түсіндіру». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 29 б.

26.    Баймолдаева М.Т. «Шағын кәсіпорындарды ұйымдастыру және қаржыландыру». Аль-Пари №3/4  -2007, 202б.

27.    Байсултанова К. «ҚР монополияға қарсы саясаттың қалыптасуы және даму бағыттары». Саясат №8-2006, 32 б.

28.    Байпакбаев Ж. Қазақстандағы макроэкономикалық тұрақтандырудың ерекшеліктері мен даму  кезеңдері. Саясат №5-2006, 25 б.

29.    Байпақбаев Ж. «Қазақстан экономикасы қазіргі келбеті және диверсификациялаудың қажеттілігі». Саясат №7-2006, 15 б.

30.   Дуйсенгалиева М. «Этапы формирования бюджетной системы Казахстана и дальнейшие направления укрепления финансовой дисциплины». «Қаржы-қаражат» № 5-6-2006. 32 б.

31.   Елшибекова К. «Система контролинга в управлении деятельностью предприятий». «Қаржы-қаражат» № 6-2007. 64 б.

32.     Жұмабеков Х.Ы. «Тұрақты экономикалық өсу және бәсекеге қабілеттіліктің жаһандық заңдылықтары». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 16 б.

33.   Жұматай И. «Қ.Р. кедейшілікке қарсы күрес, әлеуметтік қорғау, тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту – саясатты ізгілендірудің басты бағыты. Саясат №12 (148)-2007,70 б.

34.   Кикбаева Г.Ж. «Сақтандыру нарығының құрылымы және жіктелуі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 71 б.

35.   Комекбаева Л.С. «Теоретические и практические аспекты природной ренты-фактор совершенствования корпоративной ответственности». Вестник КазНУ. Серия экономическая №3 (67), 12 стр.

36.   Жумина М.Е. «Банк саласындағы маркетингтің ерекшеліктері». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 114 б.

37.    Иманбаев А. «Экономикалық кластер құру процесінде кәсіпорын қызметтерін үйлестіру мәселелері». Транзитная экономика  № 6/2007, 156 б.

38.   Мергалиева Л.И. «Государственные корпорации как одна из организационно-правовых форм предпринимательства». Аль-Пари № 3 (55)-2008,  20 стр.

39.   Оналтаев Д. «Қазіргі әлемдік валюталық нарық және оның проблемалары».  «Қаржы-қаражат» № 6-2007. 17 б.

40.   Өмірзақов C.Ы. «Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін анықтауда кәсіпорынның баға саясатын жетіллдіру».  «Қаржы-қаражат» № 2-2007. 44 б.

41.   Өсербайұлы С. Несіпбаева Ш. Қ. «Республикалық бюджеттің механизмін жетілдіру». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 50 б.

42.   Өсербайұлы С. Кикбаева Г.Ж. «Шет мемлекеттердің қаржы ресурстарын басқарудағы тәжірибесі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 56 б.

43.    Садықов Е. «Қазақстан өнеркәсібінде инновациялық әлеуетті көтеру жолдары». Қаржы-қаражат № 6-2007. 53 б.

44.   Саханова А. «Макроэкономическая стратегия инновационного развития». Транзитная экономика № 6 (63) 2007.

45.    Смадиев А. «Қаржы жүйесіндегі бюджеттің атқаратын ролі, экономикалық мәні мен мазмұны». Аль-Пари №3 (55)-2008, 118б.

46.   Тұрлыбекова А.Ж. «Бағалы қағаз нарығын реттеудің мәні мен түрлері». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 68 б.

47.   Тұрлыбекова А. Ж. «ҚР Жинақтаушы зейнетақы жүйесі». ҚазҰУ хабаршысы. Экономика сериясы.№3(67)-2008. 76 б.

48.   Утаров А.К., Қалықұлов Қ.М., Мауленқұлова Г.Я. «Шағын және орта кәсіпкерліктің  даму көрсеткіштерін талдаудағы тиімді экономикалық- математикалық әдістер». Аль-Пари №3 (55) -2008, 61б.

49.   Джанабергенова Ш.Ш. Қазақстан экономикасының нақты секторына инвестицияны тарту механизмі мен мемлекеттік инвестициялық реттеу. ҚазҰҮ хабаршысы. Экономика сериясы. - №1. 2012.

50.   Нұрсейтова Г.Б., Оспанбаев Ж.А. Постиндустриалдық ақпараттық қоғамдағы адам факторының рөлі. ҚазҰҮ хабаршысы. Экономика сериясы. - №1. 2012.

51.   Мусина Қ.Р., Ибраимова А. Қазақстандағы әлеуметтік жобалар мен бағдарламарды қаржыландыру бағыттары. ҚазҰҮ хабаршысы. Экономика сериясы. - №1. 2012.

52.   Өсербайұлы С.Ө., Жұмағалиев Е. Қазақстан  Республикасы бюджет  жүйесінің экономиканы реттеудегі рөлі. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №6, 2011.

53.   Исабеков Б.Н., Көлбаева М.А. Экономикалық дағдарыс және оны шешу жолдары. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №6, 2008.

54.   Раматуллаева Г.А. Дамыған мемлекет елдердегі ақша - несиелік реттеу тәжірибелері.  ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №6, 2008.

55.   Алтаева Р.А. Табиғи ресурстарды тиімді пайдалануды  жақсартудың маңызы. ҚазҰУ Хабаршысы. Экономика сериясы. - №6,2008.

56.   Мухамадиева А.А. «Қазақстандағы ислам банкі даму қызметінің ерекшеліктері. Саясат. №1, 2011.

57.   Тұралина Ж.Ә., Тұралин Ә.З. ҒТП - ауыл шаруашылық өнімінің сапасын арттыру факторы ретінде Аль-Пари. №4, 2008.

58.   Құбықұлова Ш.Б.Қазақстандағы депозиттік нарықтың қалыптасуы мен дамуы. Аль-Пари. №4, 2008.

59.   Мырзакенова М.К. Коммерциялық банктердің активтерінің сапасы және оған ықпал етуші фактор. Аль-Пари. №2-3, 2011.

60.   Тусаева А. Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығы және оның үлгерілері.  Аль-Пари. №3-4, 2007.

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                     3

1 «Экономикалық теория негіздері» курсы бойынша семестрлік жұмыстарды орындау үшін рефераттар тақырыптары                                                                                     3

2 Бірінші семестрлік жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқау                        6

3 Екінші семестрлік жұмысты жазу бойынша әдістемелік нұсқаулар                   11

4 Әдебиеттер тізімі                                                                                                27

 

                                                                          2012 ж. жиынтық жоспары, реті 253