АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

ДІНТАНУ

 Дәрістер жинағы

  

 

Алматы 2010 

Редакциясын басқарған Джагфаров Н.Р.

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Қабылова А.С., Абдуллина З.А. Дінтану. Барлық мамандықтар бойынша оқитын күндізгі және сырттай оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2010. – 52 б.

  

Ұсынылып отырылған еңбек бакалавриат бағдарламасы бойынша оқытылатын барлық мамандықтардың күндізгі оқу бөлімінің студенттеріне арналған. Мұнда дінтану курсы бойынша дәрістер жинағы, әдебиеттер тізімі, қосымша, негізгі діни конфессиялар туралы мәліметтер, әлемдік діндердің негізгі қағидалары, ҚР-да тыйым салынған экстремистік діни ұйымдардың тізімі, дәстүрлі емес діндерге сипаттама, сонымен бірге осы діндердің эмиссарларынан қорғану туралы қысқаша түсінік беріледі.

  

Кіріспе 

Адам баласының қоршаған әлемді, қоғамды, өзін-өзі, жекелеген құбылыстар мен процестерді тануға ұмтылысы ешқашан тоқтамайды, ол мәңгілік. Ғылыми хабарлардың жинақталған қоры өте үлкен, жаратылыстану және гуманитарлы ғылым салаларының саны өте көп, ал таным процесі әлі жалғасып келеді. Адамзаттың жинақтаған білім қорының барлық көлемін қамту мүмкін емес.

Адамның кемелденіп, өз саласында қызмет жасауы үшін білім керек, өзінің мамандығын терең игеруі қажет. Алайда адамның тұрақтануы мен жетілуіне, рухани мәдениетінің қалыптасуына ұғымдар, мұраттар, теориялар, фактілер керектігін жоққа шығара алмаймыз. Осындай мазмұндағы білім саласына дінтану жатқызылады.

Бұл еңбекте теоретикалық мәліметтер ғана емес, экономиканың, саяси тарихтың, ғылым тарихының, өнердің, әдебиеттің, моральдың, жаңашыл қоғамдық-саяси өмірдің өткені мен қазіргісіндегі маңызды фактілер тұтастығы туралы хабарлама беріледі.  Сонымен бірге тарих пен мәдениеттің дамуы мен қайта жаңғыруына өз үлесін қосады.

 Дінтану өзіне ғана тән ерекшелігі бар кейбір әлемдік сұрақтарды қарастыруға үндейді және соған қанағаттанарлық жауап талап етеді. Бұл пәнді меңгере отырып, студент әлемдік сұхбат жүргізудің дағдысын қамтамасыз етеді, ойлау парқы басқаша адамдарды түсінуді меңгереді.  Бұл оны бір жағынан догматизм мен авторитаризмнен, екінші жағынан релятивизм мен нигилизмнен құтылуға көмектеседі.

Баса назар аударатынымыз, мұнда дінтану курсы бойынша дәрістер жинағы, әдебиеттер тізімі, қосымша, негізгі діни конфессиялар туралы мәліметтер, әлемдік діндердің негізгі қағидалары, ҚР-да тыйым салынған экстермистік діни ұйымдардың тізімі, дәстүрлі емес діндерге сипаттама, сонымен бірге осы діндердің эмиссарларынан қорғану туралы қысқаша түсінік беріледі. Дінтану пәні тұлғаның азаматтық қасиеттерінің қалыптасуын қамтамасыз ете отырып, белгілі бір әлеуметтік-саяси процестерде бағыт-бағдар бере алады, діни сұрақтар төңірегінде түрлі партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың ерекшеліктерін анықтайды. Дінге қатысты жан-жақты біліміңіздің өсуі саяси мәдениетіңіздің жоғары болуына алғы шарттылықтар туындайды.

 

1 – Дәріс. Дін әлеуметтік құбылыс ретінде  

 

1.1  Дін және оның құрылымы

1.2  Діннің қызметі

1.3  Діннің пайда болуы және оның алғашқы түрлері

 

Пәннің мақсаты: студенттерге ғылым түріндегі дінге, оның пәніне, бүгінгі қоғамдағы орнына, адам тәжірибесі үшін діннің макңыздылығына түсінік беру.

Мазмұны: дәрісте дінтану, оның қалыптасу тарихы, негізгі құрылымдық элементтері қарастырылады; дінге әлеуметтік құбылыс ретінде сипаттама жасалады; тарихтың даму барысындағы негізгі тармақтары мен бағыттары айқындалады.

 

1.1 Дінтану кешенді жеке дара сала ретінде ХІХ ғасырда қалыптасты. Ол өзгеріп отыратын әлеуметтік ортада ішінара  бейімделуге қабілеті айрықша рухани практикалық кешен ретінде идеологиялық, эмоциялық – психикалық, мифологиялық және әдет ғұрып пен табыну, сиыну  сияқты құрамдас бөліктерден тұрады. Осыған байланысты, біздің ойымызша, ғалым дінтанушылардың кейбір анықтамалары қызығушылық тудырытын сияқты. Көпжақты ерекше құбылыс ретінде діннің күрделілігін  және оны  сақтаудағы  және қайтадан жанғыртудағы  шешуші рөлін атап көрсетуге болады. 

Дінтану бірнеше тармақтарды біріктіреді, олар философия, әлеуметтану, психология, феноменология, дін тарихы.

Дін философиясы –  философиялық ұғымдардың, принциптердің, тұжырымдамалардың жиынтығына түсіндірме жасайды. Бұл тұжырымдамалар көптүрлі, материализм, экзистенциализм, феноменология,  герменевтика, прагматизм, позитивизм, лингвистикалық философия, психоанализ принциптері арқылы дінге сипаттама  жасалады.

Дін социологиясы. Дін мен қоғам өзара өте тығыз түйінделіп байланысқан. Әйтсе де, олардың бұндай өзара байланысы өзгермейтін нәрсе емес. Қоғам (лат. societas) – әлеумет, әлеуметтілік, әлеуметтік – сөздің кең мағынасында адамдардың бір-біріне барлық жағынан бірдей тәуелді болуы көрінетін барлық өзара іс-әрекеттер мен бірігу формаларының жиынтығы. Қоғамды оқып-білумен, әдетте, «әлеуметтану» (sociology) ғылымы айналысады. Бұл ұғымды немесе терминді әлеуметтік өмірді зерттеуге қолдануға ұсыныс жасай отырып, ғылыми айналымға енгізген Огюст Конт болды. Бұл бағыт діннің қоғамдық негіздерін, қоғамдық заңдылықтар мен оның шығуын, оның элементтері мен құрылымын зерттейді.

Дін психологиясы діннің психологиялық заңдылықтарын, шығу тарихын, дамуы мен қызметін қарастырады, қоғамдық, топтық және жекелеген психологиялық (сұраныс, сезім, көңіл-күй, дәстүр және т.б.)  ерекшеліктері айқындалып, мазмұны, құрылымы, бағыты, орны мен рөлі зерделенеді,   діни емес ортадағы қоғам, топтар, тұлғаларға ықпалы пайымдалады.

Дін феноменологиясы өзара ықпалды ұғымдарды, идеяларды, мақсаттарды, мотивтерді салыстырып, оның мәні мен маңызына үңіле отырып, діни құбылыстарға анықтама береді, салыстырма нәтижесінде оны жіктейді.

Дін тарихы уақытпен жылжымалы дін әлеміне сипаттама бере отырып, түрлі діндердің өткен тарихын баяндайды, олар туралы хабарламалар мен мәліметтер жинақтайды, тарихи мәдениетмізді жетілдіреді.

Жоғарыда айтылғандардан басқа, дінге қатысты еркінойлау туралы білімді енгізетін бөлім қарастырылады. Бұл бөлімде еркінойлаудың мазмұны, оның даму заңдылықтары, қоғам мен адам өміріндегі қызметі анықталып, оның әртүрлі көріністер зерттеледі, тарихы суреттеліп, халық санасындағы, ғылымдағы, моральдағы, өнердегі, саясаттағы, философиядағы, теологиядағы  түрлері мен даму кезеңдері пайымдалады.

1.2 Дінді түсіндірген кезде қандай факторлардың ықпалымен пайда болғанын анықтап алғанымыз дұрыс. Саяси, діни-түрмыстық, діни-этикалық, діни-заңдық, діни-педагогикалық, діни-дүниетанымдық көзқарастар мен идеялар, дәстүрлер, салт-жоралғылар, олардың әсер ету әдістері әлсірейді немесе тамырланып, жанданады. Дін мен саясаттың, олардың козғаушы механизмдерінің, өмір сүру шарттары мен белсенділік көрсететін салаларының мазмұны, құрылымының мәні және әрекет етуі заңды түрде олардың өзара қарым-қатынастарындағы өзгерістерге алып келеді. Соларға қарап, демократия деңгейі туралы пікір айтуға болатын негізгі белгілер мыналар: ар-ождан бостандыгы, төзімділік, дінге еріктілік, дүниеге көзқарас плюрализмі. Осылар ғана тұлғаның діни ілімдер, дін мен атеизм арасында еркін таңдау жасауына, қоғамда өз нанымдарын ашық көрсете алуына кепіл болады.

Әртүрлі байланыс түрлерімен қатар діннің социумды, социомәдени, антропологиялық, гносеологиялық негіздері мен алғышарттарын бөліп қарауға болады. Олар діннің көрінісі, өмір сүру мүмкіншіліктері мен қажеттіліктерін құрайтын факторлардың тұтастығын түсіндіреді.  Социумды байланыстар дінге тікелей әсер ете алады. Ал, саясат, мемлекет, мораль, өнер, философия, ғылым сияқты әртүрлі рухани бағыттар «жанама ықпалды» болады.  Діннің негізін сыртқы жағдайлардың алдында әлсіздік танытатын адамдар өмір сүретін қоғамдағы қатынастардың тұтастығы құрайды.  Социумның негізінде социомәдени, антропологиялық, психологиялық, гносеологиялық факторлар әрекет етеді.  Мәдениет саласында құндылықтар жүйесінің деформациясы, рухани дағдарыстың басталуы, сциентизм, техницизм, заттану, коммерциализация жағына ауытқитын алға жылжу артықшылықтары сияқты құбылыстар белең алады, мәдениеттің тығырыққа тірелуі мен мінез-құлықтың құлдырауы,   гедонистік бейімділіктер мен порнографизация кең тарайды. Антропологиялық түбірлер адам өмірін «дербес тұлға» түрін айқындай отырып, болмыс нәзіктігі, өмір сүрудің шектеулілілігі, яғни ауру, эпидемиялар, араққа әуестену, наркомания, гендік мутация, ұсқынсыздық. Өлім, геноцид, этностың құлдырауы,  «Homo Sapiens» қайта тууының үрейі және адамзаттың жойылуы  тұстарын негіздейді. Діннің психологиялық алғышарттылықтары жеке және қоғамдық психологияда болады, адам болмысының шектеулері мен тәуелділігінде кездеседі. Ақырында дін адамның танымдық қызметінде гносеологиялық түбірді меншіктенеді.

Діни өмір салттың жалпы өмір салтынан нендей айырмашылығы бар? Адамдардың өздерінің санасы мен мінез-құлқын ең алдымен діни қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруы, жеке – дара және топтасып өмір сүрудің өзіне тән тәсілдерін іске асыруға бағытталған өзгеше бір үдеріске қосуы қалай жүзеге асырылады? Діни, конфессионалдық-қауымдық және отбасылық өмір ортасы қандай шамада құрылған, іштей жіктелген және басқа жүйелерден бөлектенген? Бұл сұрақтарға жауап беру үшін, алдымен, жалпы алғанда, «өмір салты» деген ұғымның нені білдіретінін айтқанымыз дұрыс шығар. Философиялық энциклопедиялық сөздік оған төмендегідей анықтама береді: «...Жеке тұлғаның, әлеуметтік топтың, тұтастай алғанда, қоғамның тіршілік қарекетінің өмір шарттарымен бірлікте алынатын тұрпат-тық түрлерінің жиынтығы болатын философиялық-әлеуметтік санат. Ол адам тіршілігі қарекетінің негізгі салаларын: олардың еңбегін, тұрмысын, қоғамдық өмірі мен мәдениетін жан-жақты, өзара байланыста қарастыруға, тұрмыс салты, өмір сүру деңгейі мен сапасына қарай олардың мінез-құлқын айқындауға мүмкіндік береді». Жалпы өмір салтына қатысты айтқанда, діни өмір салты дара өмір салты (немесе қосымша жүйе) болып саналады. Мұндағы ең бастысы – діннің жеке адамның өмірінде алатын орны мен рөлі. Бұл байланыстар тығыз болған сайын, жеке адам діни өмір салтына «тастай батып кетеді». Тұрмыс, өмір сүрудің стилі мен тәртібі, мәдениет, қоғамдық байланыстар – осының бәрі енді діни ұстанымдар мен түсініктер арқылы  реттелетін болады. Діни өмір салты және оған парапар микроорта – сапалары әртүрлі, бірақ кейде бірін-бірі толықтырып отыратын бірқатар факторлардың: түлғалық және тұлғадан жоғары, субъективтік және объективтік, рухани жэне материалдық, көпшілікке қатысты, идеологиялық, психологиялық, ұжымдық алғышарттардың өзара қарым-қатынастарының нәтижесі. Әр адамның бойында оның өз тарихы және адамзат тарихының бір бөлшегі жатыр.

Діни лексика – қарапайым тілдің сөздік қорының бір бөлігі. Оны екіге бөлуге болады: 1) мысалы «икона», «крест», «храм», «кардинал», «монастырь» сияқты ерекше ақиқат дүниелерге берілетін сипаттамалар; 2) «Құдай» «періште», «жан», «ғажайып», «тозақ», «жаннат» ұғымдарының қасиеттері мен байланыстарын анықтайды.

Діни қызметтің өзіне тән ерекшелігі бар. Ол екіге бөлінеді: культтік және культтік емес. Культтік емес рухани және тәжірибелік салада болады.   Культтік емес рухани қызметтің негізін діни идеялар, теологиялық догматтардың жүйелері мен интерпретациясы, діни туындылар т.б. құрайды. Тәжірибелік культтік емес қызметтің әртүрлілігіне миссионерлік, діни қызметке араласу, оқу орындарында (мектептерде, университеттерде, рухани оқу орындарында) діни пәндерді оқыту, діни ұйымдар мен институттарда басқарушылық қызмет атқару, отбасы мен басқа топтарда басылым, радио, телевидение арқылы діни көзқарастарды насихаттау жатқызылады.

Культ (лат. Cultus – күтім, құметтеу) діни қызметтің маңызды түрі болып табылады. Оның мазмұны діни ұғымдармен, идеялармен, догматтармен анықталады, Қасиетті Кітап мәтінімен таныс болу, сыйыну, діни ән айтумен шұғылданады.

Культтің қызметінің пәні діни бейнелердің формасында түсіндірілетін түрлі нысандар мен күштер болып табылады.

Культтің субъектісі деп діни топтар немесе діни тұлғаны атаймыз.

Намаз оқитын орын, діни өнер (архитектура, сурет өнері, мүсін өнері, музыка), түрлі діни заттар (крест, шырақ, безелген таяқ, шіркеу аспаптары,  поптың киімі) культтің негізгі қажеттелігі.

 Культтік қызмет әдістері діни сенім мен дін құралдарының мазмұнымен анықталады.

Алғашқы өркениеттер ғалымдар пікірінше, осыдан шамамен алты мыңдай жыл бұрын  тайпалардың орасан зор көшіп-қонуы  нәтижесінде туған. Ерте қауымдардан жоғары тұрған саяси құрылымдар – қала-мемлекет секілді кішігірім әкімшілік құрылымдар дәл осы жерлерде дүниеге келген. Қала – адамның  табиғаттан оқшаулануының, сонымен бірге оның шығармашылық белсендіктерінің шартты белгісі. Бұл белсенділік, мейлі, кейде теріс бағытқа жетелесін, қала табиғатын тоздырып-бүлдірсін, сасытсын, бірақ қаланың адамның өз-өзін танып-білуіне көмектескенін ұмытуға болмайды. Ол тұлғаның азаттыққа жетуіне себепші болды.  Қаланың өзінің орталығы болып осы қаланы қорғаушы, желеп-жебеуші саналған әлдебір тәңірдің құрметіне салынған ғибадатхана – храмзиккурат саналатын.

Храмның алдыңғы қатарлы рухани орталық қана емес, сонымен қатар саяси және экономикалық орталық ретінде де шығарылуы кездейсоқтық емес еді. Көп жағдайларда ғибадатхана көсемінің тұрақты мекенжайы, негізінен, абыздар мен шенеуніктерден тұратын оның әкімшілік аппаратының орналасқан орны болатын. Ғибадатхананың ішінде қолөнер кәсіпшілердің дайын бұйымдарын және қару-жарақ сақтайтын қоймалар да болатын. Билеуші-көсем бір мезгілде бірінші діни қызметші, яғни «жоғарғы абыз» болып табылатын. Уақыт өте келе, өне бойы тұрақты болмағанмен, құдайлар мен батырлардың өз иерархиясы, алғашқы өркениеттер адамдарының дүниетанымын білдіретін өз ілімі бар біртұтас, жиынтық діни жүйе қалыптасты. Бұл діни жүйе үшін политеизм (гр. poly – көп, көпшілік + theos – құдай) – көпқұдайлық, яғни көп құдайға сенуге негізделген дін. Сондықтан алғашқы өркениеттер дінін «политеистік діндер» деп атайды.

Белгілі бір дінді ұстанушылар діни қауымдастықты құрайды. Культтік немесе культтік емес діни қызметтің негізінде діни субтоптардың тұтас жүйесі бөлініп шығады. Қауымдастықтың тұтас бірегейлікте өмір сүруі мен қызметін ұйым қамтамасыз етеді.

Діни ұйымдардың құрылымы салт-дәстүрмен, шіркеулік құқық немесе қаулымен, апостолдық ережелермен, конситтуциямен және т.б. анықталады.

Христиандықты оқу негізінде діни бірлестіктердің түрлері бөлініп шықты: шіркеу, секта, деноминация, тұрақтандырылған секта, мистерия және т.б.

Шіркеу тұлғаның заң бойынша  дербес таңдауы арқылы емес, дәстүрмен байланысты таңдалатын салыстырмалы түрде кең құлашты бірлестік. Осыдан әрбір адамның шіркеудің мүшесі болуына мүмкіндігі бар екені мойындалады. Шындығында үздіксіз және қатаң бақыланатын мүшелік жоқ, ізін басушылар анонимді. Көптеген шіркеулерде олардың мүшелері дін басылары мен пенделерге бөлінеді.

Секта діни бағыттарға оппозициялық ағым ретінде пайда болады. Олардың өзінің ұстанған ілімі мен қағидалары болады. Мұнымен өзін таңдаулы деп санау көңіл-күйлері байланысты, көп жағдайда оқшаулану үрдісі байқалады. Рухани қайта жаңғыруға деген талпыныс шұғыл көрініс табады.

Деноминация бірлестіктердің басқа түрлерінен туындайды. Шіркеу мен сектаға оппозция түрінде өрістейді. Мүшелерінің «іріктелгендер» екеніне иек арта отырып, рухани қайта жаңғыру мүмкіншіліктерін алға тартады. «Әлемнен» оқшаулану және діни топтардың басқа ортамен байланысқа түспеуін құптамайды, өйткені діннің «ақиқатын» таныту ол емес деген пікіріді ұстанады.   Қоғам өміріне белсене ат салысуға, «әлеммен» тұтастықта болуға үндейді.  Деноминацияға көлденеңінен болсын, тігінен болсын, нақты ұйымдастыру тән.

Дін белгілі бір қызмет атақара жүріп, қоғам өмірінде маңызды рөлге ие. Діннің бірнеше қызметін бөліп қарастыруға болады: дүниетанымдық, компенсаторлық, коммуникативті, реттестіруші, легитимдендіру және т.б.

1.3 Қазіргі таңда діни нанымның қарапайым формалары 40 мың жыл бұрын болған деп сеніммен айта аламыз. Діни сенімдердің болғанын алғашқы адамдардың жерлену рәсімі куәландырады. Алғашқы қоғамның діндерін ерте және ру-тайпалық деп екіге бөлу қалыптасқан. Бір-бірінен бұл топтар уақыттық белгілеріне қарай былайша ажыратылады: діннің ерте формалары рулық құрылыстың қалыптасу кезеңінде, ал рулық-тайпалық формалары өзінің тіршілік ету кезеңінде пайда болған. Діннің ерте формаларына магия, пұтқақұлдық (фетишизм) және рухқақұлдық (анимизм) жатқызылады.

Магия (лат. Magia – сиқыршылық ) – қажетті  нәтижеге  қол жеткізу үшін «тікелей емес», ерекше бір тәсілмен сиқыршылық салт-діннің ерте формалары мен ру-тайпалық діндер арасында нақты шекара белгілеу мүмкін емес, өйткені олардың тамырлары магия, пұтқақұлдық жэне рухқақұлдықпен астасып, тереңге кеткен. Бұл соңғы шардың қай жерде бітіп, ал қай жерден жаңалары басталатынын анықтау да – мүмкін болмайтын іс. Алайда ру-тайпалық діндер деп алғашқы қауымдық құрылыс жағдайында қалыптасқан діндерді атау үйреншікті болып кетті. Оған қоса магия, пұтқақұлдық, рүхқақұлдық – бәрі өзінің бірнеше даму сатысынан өткен жаңа қоғамдық-экономикалық формацияда да өз ықпалын сақтап отыр. Әрқайсысының өзіне тиісті діни формалары, ал дәлірек айтқанда, діншілдік жай-күйі, хал-ахуалы бар. Магияның бүгінгі күні де адамдардың өмірде үлкен рөл атқаратынын, әсіресе мантиканың сәуегейлік өнер ретіндегі рөлінің жоғары екенін баса айтқан  жөн. Оның үстіне, статистика дәлелдеп отырғандай, астрологтарға сенетін     адамдардың саны соңғы жиырма жыл ішінде екі еседен астам өскен, сол себепті  «адам тағдырының жұлдыздармен сыбырласқан байланысы» туралы айтыс-тартыс әлі жалғасу үстінде.

Тотемшілік – қандай да бір адамдар тобының (ру, тайпа) және белгілі бір жан-жануарлардың немесе өсімдіктердің арасында (кейде табиғат құбылысы мен жансыз нәрселер арасында) ерекше жұмбақ, түсініксіз   бір   байланыстың бар екендігіне сенуді білдіретін дін формасы. Тотемизм шеңберінде тыйым салушылықтың тұтас жүйесі өмірге келді. Олар әлеуметтік қарым-қатынасты реттейтін болған. Некелесу шарттылықтары орнығып, туысқан арасындағы жыныстық қарым-қатынастарға тыйым салынды. Тамақтану рәсімі көсемге, әскери адамдардаға, әйелдерге, қарттарға, балаларға деп бөлінетін болды. Адамдардың әлеуметтік статусы айқындалды. Алғашқы ұжым мүшелерінің құқықтары мен міндеттері белгіленді.

Фетишизм (фр. Fetichisme) – материалдық дүниелердің (тастардың, ағаштардың,   сүйектердің, тас пен ағаштан жасалған бұйымдардың және басқа да тұмар  сияқты заттардың) және жанды нәрселердің (мысықтар мен иттер сияқты) табиғаттан тыс қасиетті күштері бар екендігіне деген сенім. Көпшілік ғалымдар діннің ертедегі формасы   саналып келген фетишизм өз орнын енді мағынасы кеңірек анимизмге беруге тиіс  болғанын айтып отыр.

Анимизм (лат. Anima animus – жан, рух) – жан және рухқа сену. Бұл термин ерте дәуірде пайда болған және кез  келген діннің негізі болған діни наным-сенімдерді суреттеу үшін дәл осы  мағынасында қолданған. Мәні бойынша анимизм – адамның, жан-жануарлардың, өсімдіктер мен материалдық заттардың соларға ғажайып ұқсас, көшірмесі сияқты басқа бір бейнесі немесе сыңары (двойник) болатынына сену дегенді білдіреді. Кей жағдайларда «жан» деген терминді (мысалы, адамның көшірмесіндей   ұқсас басқа адамды айтқанда осы «жан» деген термин қолданылады), ал басқа   жағдайларда (мысалы, орманның көшірме бейнесін айтқанда, «орманның рухы» дейміз) «рух» сөзімен байланыстырамыз.

Тайпадағы әлеуметтік бөлініс пен тайпалық аристократияның пайда болуын діни ұғымның мазмұнынан іздесек қателеспейміз. Ертеректерде аморфты және мәнсіз рухтардың аты болған. Олардың белгілі бір қызметі белгіленіп, әлеуметтік иерархияны құрайтын рухтардың иерархиясы туындаған. Полидемонизм – көптеген рухтарды құрметтей отырып, өзінің аяқталған стадиясына жеткен.

Оның соңынан құрметтелген рухтардың құдайға айналуын дәріптейтін  политеизм ілеседі. Тәнсіз рухтар мен ата-бабалар рухынан да жоғары құдайшылдық пайда болды. Олардың ықпалы белгілі бір шектеулерге бағынбайды, өз бетінше дербес.

Құрбандық шалудың да түрлері өзгерді. Көптеген құрбандыққа шалу рәсімдері адамдардың әлеуметтік иерархиясына байланысты болған. Оның маңызды жақтарын әлеуметтік иерархияның жоғарғы жағынан орын алатын абыздар белгілейді. Көп жағдайларда абыздық ұрпақтан ұрпаққа тұқым қуалайтын кәсіп саналған. Зиялы үкіметтің материалды қолдауы абыздықтың ықпалының күшеюуіне алғышарттылықтар туғызды.

 

2 – Дәріс. Ұлттық діндер

 

2.1 Конфуцийлік пен  даосизмнің философиялық-діни тұжырымдамасы.

2.2  Индуизм касталық жүйенің негізі ретінде

2.3  Синто – құдайлар жолы

2.4  Иудаизмнің діни ілімі

 

Пәннің мақсаты: студенттерге белгілі бір этникалық топтарға арқа сүйейтін мемлекеттердің өміріндегі маңызды діни конфессиялардың ерекшелігі туралы бағыт беру.

Мазмұны: миллиондаған ізбасарлары бар ұлттық діндердің негізін қарастыру. Әртүрлі діни бағыттарға салыстырмалы анализ жасау, негізгі догматтарын айқындау.

 

2.1 Қытай діндері «шіркеуге» нықталып бағындырылған түрде ешқашан болған емес. Ежелгі Қытайдың дәстүрлі діндері оқыған ер адамдардың тұтас әмбебап теоретикалық құрылымдарға біріктіретін жергілікті салт-дәстүр мен рәсімдердің қоспасы формасындағы көріністе болып келеді.

Конфуций ілімі – феодалды Қытайда өмірге келген ұлттық діндердің бірі. Тәртіптің көзі, билік, мораль «Аспанның еркінде» деген қағиданы ұстанады, ал гумандылық билеушілергі туа біткен қасиет, ал қарапайым халық тәртіп пен дағдының арқасында соған қол жеткізеді.  Б.э.д II ғасырға дейін Конфуций ілімі беделге ие болып, оның жеке басы құдайшыл тұрпатқа ие болып, адамдар оған сиынып, құрбандық шала бастайды. Оған арнап храм тұрғызылған. Біздің эрамыздың III ғасырында конфуций ілімі Қытайда билік етуші дінге айналған. Бұл дін халық санасына нықтап бекініп, тұрақты мінез-құлықтық нормаларды бекітті. Бұл ең алдымен бес қайырымдылық: адамды сүюшілік, парыз сезімі, сыпайылық, ақылдылық және әділеттілік. Бұларға «бес байланысты» қосуға болады:

1. Билеуші мен қол астындағылар арасындағы байланыс, яғни «қайырымды ердің» басшыға берлігендігі мен сөзсіз бағынуы және конфуцийлік ұғымдағы адамдар арасындағы қарыс-қатынас жүйесі;

2. Ата-ана мен баланың арасындағы байланыс, бұл жерде отбасындағы әкенің құқықтары айқындалып, баланың ата-ана ырқында болуы негізделеді;

3. Ерлі зайыптылар арасындағы байланыс. Ерінің шексіз құқықтары айтылып, әйелдің оған бағынуы, шаруашылықты мүлтіксіз жүргізуі белгіленген;

4. Жасы үлкендер мен кішілер арасындаға қарым-қатынас. Жасы үлкенге ғана құрмет көрсету емес, мансабына, атағына қарай да құрмет көрсету ережелері берілген;

5. Жолдастар арасындағы байланыс. Олар бір-біріне адал, өзара көмек аямауы керек болған. Осы  принциптерді меңгерген тұлға цзюнь-цзы-ға айналады. Цзюнь-цзы бейнесіне қарсы категория – сяо жэнь болып табылады. Бұл турасында Конфуций «Қайырымды адам  (цзюнь-цзы) тек парызын, міндетін ойлайды, арам адам (сяо жэнь) өзінің пайдасын ғана ойлайды» деген пікір ұстанады. Конфуцийді адам табиғаты өте қатты қызықтырған. Ол адамның жасырын табиғатын анықтап алып, оған қажетті бағытта әсерлі ықпал етуге тырысты. Ойшыл Қытай қоғамын үшке бөлді: 1) цзюнь-цзы (қайырымды адам); 2) сяо жэнь (кішкентай адам немесе арам адам); 3) жэнь (адам). Цзюнь-цзы және Сяо жэнь – бұл өзара байланысты екі түсінік бірнеше жүздеген жылдар бойы тек қана саяси мәдениеттің дамуын емес, сонымен бірге Қытай ұлтының рухани мәдениетінің тағдырын анықтады. Ұлы Ұстаз адамдар жайлы қарапайым ақиқатқа қол жеткізді, бұл ақиқат соншалықты дұрыс қағида екені соншалық осы тіпті, бұл күндері ЮНЕСКО-ның ұранына айналды: «Адамдар табиғаты жағынан бір-біріне жақын, оларды бір-бірінен дағды алыстатады». Пайда болған дағдылар адамның жалпы табиғатын бұзады, Конфуций ілімінде оны тәрбие арқылы сақтап қалу қажет. Қытай ойшылының танымына үңілсек адамгершілік адам баласының туа біткен қасиеті. Бұл ұғымының астарында мейірімділік, салмақтылық, рақымдылық, біреудің қайғысына ортақтасу сияқты сансыз керемет түсініктерге ұшырасасыз. Адамгершіліктің антонимі, негізгі жауы- өзімшілдік. Екеуі бірге өмір сүре алмайды. Осылардың ара жігін ажырату үшін адам баласы өмірбақилық күресу жолында болады. Адам алдымен мейірімді болу үшін, өзінің ішкі менмендігін жойып,  жеңе білуі қажет. Бойындағы адамилықты байқап көрсетуі керек. Абыройсыздыққа ұшырап беделден айырылмас үшін, ол белгілі бір шекке дейін ғана созылып, тоқтау қажет. Адамгершілік қасиетін  көрсете отырып, қайырымды адам аспанды еркін таниды, жер бетіндегі игілікті пайдалануды үйренеді. Екі жүзді адам сырт кейпімен ғана сабырлы және таза – ол тіпті жақсы жерде, жақсы адамдардың арасында өмір сүрсе де, ол көң-қоқырда отырған адамның көрінісін береді. Басқа да Шығыс ойшылдары сияқты Конфуций де адамның кемелге жетуінің кілті білімде деп түсінген. Білімнің ойшыл үш түрін – туа біткен, оқу арқылы дарыған, қиыншылықпен күресу арқылы игерілген деп көрсетді.

Конфуциймен бірге Даостық ілім де маңызды орынды иеленеді. Діни жүйе түрінде бұл ілім б.э. ІІ ғасырында  Лао-Цзы и Чжуан-цзы діни ілімдерінің синтезі негізінде өмірге келді. Кемелденген адам – даостық принциптердің талаптарына сай өзіндік жеке адам. Даостық кемел адамның сөзі де өзгеше. Ол өзгелермен әңгімелесіп, таласпайды. Дао заңының ерекше белгілік сөздерімен сөйлейді. Өзіңнің жүрегіңді ерекше әділ етуің қажет, тыныштықты қатаң сақтау қажет. Сонда барлық заттар өздігінен өзгере бастайды, ал бізге олардың қайтып оралуын сырттай қарау ғана қалды. Әлемде заттардың түр-түрі өте көп, бірақ олардың барлығы өзінің негізінде қайтып оралады. Негізінде қайта оралу – бұл тыныштық деп аталады. Ал, тыныштық дегеніміз мәнге қайта оралуды айтады. Мәнге қайта оралу – бұл тұрақтылық. Тұрақтылықты білу – айқындылыққа жету, тұрақтылықты білмеу – ретсіздікке әкеледі және соның қорытындысында жауыздық болады. Тұрақтылықты білетін жан кемелденеді, ал, кім кемелге жетсе, сол әділ болады, әділдікке жеткен тақсыр болады. Тақсыр болған адам Аспан тәңірісінің соңынан ерген Даоға ереді. Даоға ерген мәңгілік жол өмірінің соңына дейін қауіп-қатерге ұшырамайды.

Солтүстік Қытайда жаңа даосс мектептері ашылады. Діни даосизмнің орталық тұжырымдамасы мәңгілікке қол жеткізу, өлімнен қашып құтылу болды.

Даостық дін басылары екіге бөлінеді. Оның ең жоғарғысы даос монахтары. Олар үлкен монастырларда өмір сүрген, жоғары білімі бар және үлкен кітапхана мен қолжазба қорын жасақтаған бұл тұлғалар өз өмірлерін медитация мен канондық трактаттар оқуға арнаған. Олар некеге тұрмаған, тәртіп бойынша вегетариандық өмір үлгісін ұстанып, сыртқы келбеті жағынан қарапайым адамдардан ерекшеленіп жүрген. Бұл ағымның екінші топтарын тәжірибеден өтушілер құраған. Олар монастырға келіп монахтардың үйретуімен магияны, емдеу өнерін, көріпкелдікті меңгерген. Өздеріне қажетті білімді алған соң діни-практиканттар басқа аймақтарға барып, жергілікті қауымдастықтарда өздерінің міндеттерін (болашақты болжау, емдеу, перілерді шақыру мен қуалау және т.б.) атқарған. Олар отбасын құрып, басқа адамдар сияқты өмір сүретін болған.

Даосизмнің түрлі бағыттары мен секталары өздерінің өмір үлгісін насихаттап, бес өсиеті мен он қайырымдылығын өздерімен алып жүрді. Олардың бес өсиеті христиандықтың «он өсиетімен» ұқсас, оның мазмұны: адам өлтірме, өтірік айтпа, шарап ішпе, ұрлық жасама, зинақорлық істеме. Ал, он қайырымдылық дегеніміз Қытайдың  қауымды-патриархальды жүйесі мен дәстүрлерін бейнелейтін заңдылықтар жүйесі. Ол бала парызы, үлкендерге құрмет, махаббат, шыдамдылық, зұлымдыққа қарсы күрес, өзіңді құрбан ету, мал өсіру мен ағаш егу, жол салу, құдық қазу, ақылсыздарды оқыту, қасиетті кітаптарды оқу мен дәстүрлерді сақтау. Ортағасырдың аяғына қарай даосизм ықпалы әлсіреп, басқа діндер оны ығыстыра бастады. Бүгінгі күні Қытайда даосизмнің ықпалы әлсіз.

 2.2 Индуизм ведалық өркениеттен бастау алатын ең көне әлемдік діндердің бірі. Басқа діндерден ерекшелігі оның негізін қалаған айрықша тұлға болмаған. Сонымен бірге индуизмде сенімнің бірегей жүйесі мен жалпы тұжырымдама жоқ. Индуизм дінінде түрлі діни дәстүрлердің жиынтығы мен монотеизм, политеизм, панентеизм, монизм және атеизмге негізделген философиялық жүйелер мен сенімдердің тұтастығымен ұшырасуға болады.   Дхарма, карма, самсара, мокша және йога секілді діни заңдылықтар да бұл дінге тән.

Индуизмде  шрути және смрити деп бөлінетін қасиетті жазбалар өте көп. Индуистстік жазбалар мыңдаған жылдар бойына құрастырылып, онда топтастырылған діни ілімдер мен философия дхарманың рухани өмірі мен тәжірибесіне жетекшілік көрсетеді. Индуизм мәтіндерінің ішінде Ведалар мен Упанишадтар үлкен беделге ие бола отырып, олар ең маңызды және көне болып саналады.  

Индуизм ізбасаралары — христиандық пен исламнан кейінгі саны жағынан әлемде үшінші орынды иеленеді.  Индуизмді 1 млрд. адам ұстанады, оның  950 млн. Индия мен Непалда өмір сүреді. Бангладеш, Шри Ланка, Пакистан, Индонезия, Малайзия, Сингапур, Маврикий, Фиджи, Суринам, Гайана, Тринидад и Тобаго, Ұлыбритания, Канада и АҚШ сияқты елдерде де бұл дінді ұстанушылар баршылық. XX ғасырдың екінші жартысында Индиядан басқа жерлерде де кең құлаш жайып, ұлттық шекараны асып өтіп, әлемнен өзіне көп жақтастар тапты. Карма, йога и вегетариандық сияқты идеялар кең таралды.

Индуистердің көпшілігі ғаламды жасаушы, тірек болушы, жоюшы құдайшыл ақиқатты мойындайды, алайда кейбір басқа индуистік ағымдар бұл идеяны жоққа шығарады. Біраз индуистер ғаламдық Құдайды мойындай отырып,  кез келген тірі жанның ішінен соның көрінісін табуға тырысады.  

Индуистердің көп бөлігі атман деп аталатын рух немесе жан  мәңгілік, алғашқылық, ақиқат. Монистичестік/пантеистік діни мектептерінің пікірінше (адвайта-веданта сияқты), атман әуел бастан Брахманның жоғарғы рухымен бірдей. Олардың суреттеуінше Брахман «Бірегей және бөлшектенбейді», сондықтан бұл мектептерді «монистикалық» деп атайды. Адвайта-веданта мектебінің айтуынша адам өмірінің мақсаты өзін атман деп сезіне отырып, Брахманмен қауышу. Кейбір Упанишадтарда егер кімде кім өзінің ішіндегі атманды сезінсе, оның Брахманмен бірегейлігі  мокшага (бостандықта болу) жеткізеді делінген.

2.3 "Синто" сөзі ("құдайлар жолы")  — қытай тілінен шыққан. Синтоизм сенім, дәстүрлер жүйесі мен көнелігі жағынан  христиандықтан қалыспайды. Оның алғашқы түрі барлық мәдениеттердегі сияқты табиғатты құдайландыру болатын. Буддизм и конфуцийлік синтоизмге қатты ықпалды болды.  Конфуцийлік Жапонияға Қытайдан б.э. 5 ғ басында келіп жетті. Соның ықпалымен Жапонияның саяси және қоғамдық өмірі басқа арнада дамып,  аристократиялық мінез-құлық кодексі қалыптасты. Буддизм Жапонияда б.э. 6 ғ ортасына пайда болды. Одан синтоизм философияны, керемет дәстүрлерді, күнделікті этикалық міндеттер тұжырымдамасын сіңірді.

Ерте синтоизмдегі құдайлардың көп түрлілігі әлем тарихында таңқаларлық жағдай.  Кез келген таудың, судың, табиғат құбылыстарының, ағаш пен шөптің өзінің құдайы болған (ками). Негізгісі деп Аспан әке мен Жер ана саналған; әлемді жаратуды ана құрсағындағы бала жаратылысы секілді суреттеген.  Аматэрасу Омиками, күн құдайы, немесе "Аспанда жарқыраған ұлы құдай", — ең ғажайып болып табылған. Синтоистік мәтіндерде оның қалай аспанға ұласып, аспан құдайларымен қауышқаны мадақталып, сөйтіп күн құдайы аталып, кейін өзінің немересін жерге жіберіп, ақыр соңында жапондықтардың мекеніне айналған аралды басқартады. Осы немересі мәңгілік императорлық династияның негізін қалаған. Жапон мемлекетінің құрылуы туралы аңыздар мен императорлық дианстияның пайда болуының негізін синтоизмнен табуға болады, 1868 жылы өмірде буддизм синтоизмді қайта жаңғыртып, бұл болжам мемлекеттік білім жүйесінің құрамдас бөлігіне айналды. Заң актілерінде былай делінген, император – аспанның құдайшыл, қасиетті өкілі, бұл дегеніңіз императордың мұрагерлік билігі халық қалауына байланысты емес дегенді білдіреді. Императорға шексіз бағыну ниеттелген. Жаңашыл Жапонияның мемлекеттік діні синтоизмнің мәні осындай.

Екінші дүниежүзілік соғыстың алдында елде шамамен 16 000 дін басылары мен 110 000-нан аса храмдар болған. Барлық жапондықтар синтоизм заңдары мен дәстүрлерін сақтауға міндетті болған. Алайда 1945 жылғы 15 желтоқсандағы  одақтастар күштерінің бас қолбасшысының директивасына сай мемлекеттік дін жойылды. Синтоизмнің құрамына басқа да діндер сияқты тек еріктілер ғана ене алатын болды. 1946 жылы 1 қаңтарда император эдикті жарияланды, онда император өзінің құдайшыл тегінен бас тартып, бұдан былайғы уақытта тақ пен халықтың арасындағы өзара сенім мен махаббатқа негізделген келісімді бекітті. Синтоизмнің он үш секта деп аталатын тағы бір түрі бар. Екінші дүниежүзілік соғыс біткенше бұл бағыт мемлекеттің синтоизмен құқықтық статусы жағынан ерекшеленіп, дербес өмір сүрді.   Сектанттық синтоизм бірегей емес. Бұл ілімге мінез-құлықтық тазару, конфуциандық этика, тауларды пір тұту, ғажайып емдеу тәжірибесі, ежелгі синтоистік дәстүрлердің қайта жаңғыруы тән.

2.4 Иудаизм – бұл еврейлердің монотеистік ұлттық діні. Оның ізбасарлары өздерін иудейлер деп атайды. Кейбір деректерге жүгінетін болсақ 1993 жылы әлемде 20 млн. иудей болған. Алайда  бұл цифр ақиқат болмауы да мүмкін, өйткені  басқа деректердің айтуынша 1995 – 1996 жылдары әлемде 14 млн. еврей өмір сүрген. Әрине евреидің бәрі иудей емес. Иудейлердің 70 проценті әлемнің екі мемлекетінде өмір сүреді: 40 пайызы АҚШ-та,  Израилде 30 пайызы. Франция мен Россиядағы иудейлер саны жағынан үшінші, төртінші орында – 4,5 пайыз, бесінші және алтыншы орында Англия мен Канада – 2 пайыз. Осының бәрінен шығатыны әлемнің осы алты елінде 83 пайыз иудейлер тұрады.

Иудаизмнің діни ілімінде негізгі сегіз тұжырымды бөліп алып қарауға болады. Ол: қасиетті кітаптар туралы, табиғаттан тыс күштер туралы, Машиах (Мессии) туралы, пайғамбарлар туралы, жан туралы, о дүниелік өмір туралы,  тыйым салынған тамақ туралы, сенбі туралы.

Иудаизмнің қасиетті кітаптарын үш топқа бөлуге болады. Бірінші топқа Тора (ивриттен аударғанда – “Заңдар”) деп аталатын жинақ жатқызылады.  Екінші топқа Танах деген бір томдық жинақ енеді. Үшінші топқа бірнеше томдардың жиынытығы болып табылатын Талмуд (“Оқу”) қасиетті жинағы жатқызылады.

Тора –  иудаизмдегі ең маңызды және құрметті кітап болып табылады. Тораның барлық нұсқаларын ежелден бастап бүгінгі күнге дейін теріге қолмен жазады. Тораны синагогадағы (иудейлердің құдайға сыйынатын үйі) ерекше сөреде сақтайды. Сыйынудың алдында барлық раввиндер Тораны сүйеді. Дін басылары мұндай құндылықты сыйға тартқан Құдай мен пайғамбарлары Моисейге алғысын білдіреді. Олардың ойынша Құдай Тораны адамдарға Моисей арқылы жіберген. Ал, кейбір кітаптарда Тораның авторы Моисей деп көрсетілген. Тарихшылардың зерттеулеріне жүгінетін болсақ Тораны адамдар жазған, б.э.д. XIII ғасырда өмірге келген. Тора – бес кітап-шығармадан тұрады. Иврит тілінде жазылған және Тораның бес кітабы былай аталады – біріншісі: Берешит (аудармасы - “Басында”); екіншісі: Веэлле Шемот (“Міне есімдер”); үшіншісі: Вайикра (“Үндеу”); төртінші: Бемидбар (“Шөл далада”); бесінші: Элле-гадебарим (“Міне сөздер”).

Танах – жиырма төрт кітап-шығармадан тұрады. Бұл жиырма төрт кітап үшке бөлінеді және әр бөлімінің өзінің атауы бар. Танаханың бірінші бөліміне бес кітап енеді, бұл бөлігі Тора деп аталады. Тора деп аталатын бірінші қасиетті кітап екінші қасиетті кітаптың яғни Танаханың құрамдас бөлігі болып табылады. Невиим («пайғамбарлар»)  деп аталатын екінші бөлімі жеті кітаптан,  Хтувим (“Жазба”) – деген үшінші бөлімі он екі кітаптан тұрады.

Талмуд – бұл бірнеше кітап-томдардың жиынтығы. Біздің заманымызда қайта өңделіп шығарылған түпнұсқасы (иврит және арамей тілінде жазылған) 19 томнан тұрады. Талмудтың барлық кітаптары үшке бөлінеді: Мишну, палестиналық Гемару, вавилондық Гемару

Бұл ілімнің негізгі идеясы пайғамбарларды қастерлеу. Пайғамбарлар – адамдар, тек Құдай оларға ерекше білім беріп, адамдарды ақиқатқа үйретуді табыстаған. Ақиқатты негізгі екі бөлімге бөліп қарастырады: дұрыс дін туралы ақиқат (Құдайға қалай сену керек) және дұрыс өмір туралы ақиқат (қалай өмір сүру керек). Дұрыс дін туралы ақиқатта адамдарды болашақта не күтіп тұр деген мәселе негізгі тақырып болып табылады. Танахта 78 пайғамбар мен 7 әулиенің аты аталады. Иудаизмде пайғамбарларды құрметтеу уағыз айту мен күнделікті тұрмыс тіршілік кезінде әңгімелесу, ой-жарыс формасында болған. Пайғамбарлардың ішінде екі кемелі деп Илья мен Моисей танылған. Діни мереке кезінде де осы пайғамбарлар ерекше ауызға алынады.

Дін басыларының айтуынша иудаизмді ең алғашқы адамдар Адам мен Ева ұстанған. Әлем мен адам жаратылған кезде иудаизмде өмірге келді деген пікір білдіреді. Тарихшылардың ойынша бұл жалғыз Құдайды евреилер Яхве (“Мәнділік”, “Өмір сүруші”) деп атайды. Культті ұстанушылардың пікірінше Құдайды Яхве деп атаған, өйткені сол кезең адамдары Құдайдың атын білген, ал бүгінгі ұрпақ белгілі бір тарихи себептерге байланысты Оны білмейді.

Жан туралы ілім таптық қоғамның барлық діндерінде кездеседі. Иудаизмнің маңызды бөлімдері бар. Жан – адамның ерекше бөлігі. Бұдан шығатын қорытынды жанның тәннен ерекшелігі ол табиғат заңдылықтарына бағынбайды. Жан тәнге тәуелді емес, тәнсіз де өмір сүре береді. Жан тұтас құрылым немесе ұсақталған бөлшектердің жиынтығы ретінде өмір сүреді, әр адамның жанын құдай жаратады. Жан өлмейді, тек адамдар ұйықтаған кезде оны Құдай аспанға уақытша алып кетеді.  Таңертең Құдай кейбір адамдардың жанын қайтарады, кейбіреулерінікін қайтармайды.  Сондықтан ұйқыдан оянған  иудеилер ерекше сыйыну рәсімінде Құдайға жанын қайтарып бергеніне алғысын білдіреді.  Ал басқа діндердің ұстанымында адам тірі болса ғана жан тәнде бола алады деген ұғым бар.

Иудеилер белгілі бір тыйым салынған тамақтарды есте қатты сақтайды. Біріншіден, олар Торада айтылған таза емес жануарлар етін жемейді. Таза емес жануарлар етінің тізімдемесін Тора негізінде раввиндер құрастырады. Олар: шошқа, қоян, жылқы, түйе, шаян, ірі теңіз шаяны, устрицалар және т.б. Екіншіден тамаққа қан араластыруға тыйым салады. Сондықтан қаны жоқ етті пайдаланады.  Үшіншіден бір мезгілде ет және сүт өнімдерін пайдаланбайды (мысалы, пельменді кілегеймен жеуге болмайды). Егер иудеи әуелі сүт тағамын пайдаланған болса, ет жердің алдында аузын шайқап бір жапырақ нан жейді. Егер алдымен ет жеген болса, онда үш сағаттан кейін ғана сүт іше алады.  Израилде асханада ет және сүт тағамдарын тарататын  екі түрлі терезе жұмыс істейді.

Иудаизмде төрт конфессия бар. Негізгі конфессия – ортодоксальды иудаизм. Ол иудаизм пайда болған күннен бастап өмір сүріп келеді.

Караимдық VIII ғасырда Иракта пайда болды. Караимдер Израилде, Польшада, Литвада, Украинада өмір сүреді. “Караим” сөзіоқу”, “оқушы дегенді білдіреді. Караимдықтың негізгі ерекшелігі – Талмудтың қасиетін мойындамауында.

Хасидизм  XVIII ғасырдың басында Польшада пайда болған. Хасидтер евреилер бар жердің барлығында кездеседі. “Хасид” сөзіәділ”, “үлгілі”, “өнегелі дегенді білдіреді. Хасидтер өзінің жақтастарынаныстық сыйынуды”, яғни жылап тұрып табынуды талап етеді.

Өзгеріске ұшыраған иудаизм XIX ғасырдың басында Германияда өмірге келді. Оның жақтастары евреилер өмір сүретін елдердің барлығында кездеседі. Ондағы негізгі орталық мәселе киім-киіске өзгеріс енгізу болып табылады. Егер ортодоксальды иудаизмде раввиндер (культ жақтаушыларын осылай атайды) діни рәсім кезінде ерекшеленген культтік киім кисе, өзгеріске ұшыраған иудаизмде олар діни рәсімді азаматтық көйлекпен жүргізеді. Егер ортодоксальды иудаизмде раввиндер діни уағыздарды иврит (еврейлердің тілі осылай аталады) тілінде жүргізсе, өзгеріске ұшыраған иудаизмде еврейлердің тұрған елінің мемлекеттік тілінде өтеді: АҚШ-та – ағылшынша,  Германияда – немісше, Ресейде – орысша. Егер ортодоксальды иудаизмде әйелдер ер адамдардан бөлек сыйынатын болса (мысалы балконда), өзгеріске ұшыраған иудаизмде әйелдер ер адамдармен бірге тұра береді. Егер ортодоксальды иудаизмде раввинер тек ер адамдар бола алады, өзгеріске ұшыраған иудаизмде раввиндер қатарында әйелдер де бола алады.

Иудаизм – тарихи процеске қомақты үлес қосқан көп емес бірақ өте дарынды ұлттың діні. Үлкен құрметпен қарауға тұрарлық дін. Иудаизм екі үлкен дін христиандық пен исламның маңызды қайнар көзі болып табылады. Иудаизмнің  Тора және Танах атты екі қасиетті кітабы христиандар үшін де маңызды. Бұл кітаптардың көптеген идеялары мұсылмандардың қасиетті кітабы Құранда қайталанып отыр. Тора және Танах әлемдік көркем мәдениеттің дамуына түрткі болды, сондықтан кез келген мәдениетті адам мұны білуі шарт.

 

3 – ДәрісӘлемдік діндер

 

3.1.  Буддизм дінінің негіздері

3.2   Христиандық әлемдік дін ретінде

3.3   Ислам әлемдік дін ретінде

 

Мақсаты:  студенттерге негізгі әлемдік діндердің пайда болуы, олардың догматтары, ритуалдары, ұқсастықтары мен өзгешіліктері туралы түсінік беру.

Мазмұны: дәрісте үш әлемдік діндер қарастырылады: буддизм, христиандық және ислам. Ұқсас тұстарына сипаттама, ұсынылған діни жүйелердің негізгі ұстанымыдарына салыстырма жасалады және экстремизм мен терроризмге қатысты мәселелер айқындалып, ұлтаралық бейбітшілік пен келісім бойынша олардың потенциялы дәйектеледі.

 

3.1 Буддизм (санскриттің "будда" сөзінен шыққан, жарықтану дегенді білдіреді) — үш әлемдік діндердің бірі, Орталық, Шығыс және Орталық Азия, Қиыр Шығыс елдерінде кең тараған. Буддистердің ойынша кез келген әулиелікке қол жеткізген тірі жан будда бола алады, яғни жүрегі таза, ниеті жарық тұлғаға айналады. Буддизм патшаны кішіпейіл болуға шақырды, өзінен үлкендерді, ақсақалдарды сыйлауға үйретті. Жаңаша тәртіп пен ұждан заңдылықтары қалыптасты. Соғыстан бас тартып, бітімгершілік саясатын ұстануды талап етті, жеңіл жаза түрлері белгіленді. Адал болу мен сабыр сақтаудың тәсілі белгіленді. Адамзат баласының жер бетіндегі теңдігі жарияланып кедейшілікті құртуға, қайыршыларға садақа үлестіру міндетті болды.

Буддизм ілімінің негізгі мәселесі болмыс пен азаптану арасындағы тепе-теңдік идеясын дәріптеу. Бұл ілім брахманизмнің жанның жаңғыруы, яғни тіршілік иесі өлген соң оның жаны қайта туып, жаңғырып жаңа тіршілік иесінің (адам, жануар, құдайлар, рух т.б) пайда болатыны туралы идеясын жоққа шығармайды. Алайда буддизм брахманизм іліміне маңызды өзгерістер енгізді. Егер брахмандардың айтуынша, түрлі касталық бөліністерге тән дәстүрлер, құрбандық шалу және дұға оқу арқылы «игілікті қайта тууға» қол жеткізуге, яғни раджа, брахман, бай саудагер, патша т.б. қол жеткізуге болатындығын дәріптесе, буддизм жаңа түрге енудің, қайта туудың түрлі жолдарын жариялады, бақытсыздық пен қайырымсыздықтан қашып құтылуға болмайтын болмыстың барлық түрлерін айтып отырады. Сондықтан буддистің мақсаты қайта тууға ұмтылмай, осы жер бетіндегі биболмысқа яғни нирванаға қол жеткізу.

Адамдардың көпшілігі бұл өмірде нирванаға қол жеткізу мүмкін емес деп ойлайды. Будданың ұсынған құтқару жолына түсе отырып, тірі жан әдетте қайта-қайта басқа түрге еніп отыруы керек.  Сөйтіп «жоғары даналыққа» қол жеткізіп, «болмыс айналымынан» шығады. Будда іліміндегі маңыздысы оның ізбасарларының пікірінше болмыстың себебі мен мәнін ұғынған, адамдар ақиқатты таныған, азаптан құтқарылған.

Буддистер Будданың "төрт қайырымды ақиқатын" мойындайды. Оның біріншісі өмірі сүру дегеніміз азаптану. Екіншісі, азаптанудың себебі адамның өзіне байланысты: өмірге шектен тыс құштарлық, ләззаттану, билікті көксеу, байлыққа құмарту азапты күшейтеді. Үшінші ақиқаттың айтуынша азаптанудан құтылуға болады: ол үшін күшті құштарлықты тежеп, қалауыңа шектеу қою керек. Ең соңында "төртінші қайырымды ақиқат" "қайырымды алты арнаны ұстанған сегіз жолды" көрсетумен айқындалады: ол "игілікті көзқарас,  игілікті ұмтылыс, игілікті сөйлеу, игілікті тәртіп, игілікті өмір, игілікті оқу, игілікті пайымдау, игілікті өзіңді-өзің тану".

"Төрт қайырымды ақиқатын" туралы ілімде буддизмнің ақиқат мәні айғақталады. Барлық діндер жер бетіндегі өмірді о дүниелік өмірге қарсы қояды. Бұл өмірді түнекке толы, күнәсі көп, құдаймен жақындасуға бөгет түрінде суреттесе,  о дүниелік өмірді адамның осы дүниедегі азабы мен шыдамдылығына байланысты қол жеткізетін мақсаты болуы керек деп ынталандырады. Буддизм бұл меселе төңірегінде басқа діндермен ұқсас, алайда осы дүниенің сыни логикалық ақырын соңына жеткізіп дәйектейді.  Болмыс пен азаптанудың теңдігін жариялай отырып, азап шегу мен құрбан болу міндетті түрде болатын осы өмірдің көмескі суретін анық бейнелейді. Өмір сүруге деген тірі жанның кез келген қуанышы қорқынышты қауіппен ұласуы мүмкін. Күрес және төзімділік – ең маңызды қару.

Адамның тағдыры өз қолында. Жаңа қайта туудың маңызды тұстарын анықтайтын күш карма деп аталады. Буддизмдегі карма — сенің бүкіл іс-әрекетің мен ой-пікіріңнің жиынтығы, алдыңғы өмірдегі іс-қимылыңның тізімдемесі. Карма туралы ілім брахманизмде де бар. Брахмандар карма дегенімізжанның қайта жаңғыруын қозғаушы заңдылықтар жиынтығы дейді. Брахманды құрмет тұтуыңа, тыйым салынған нәрселерді орындауыңа байланысты сенің жаның жануардан бастап патша немесе құдай болуға дейін қайта түлей алады.

Буддизм "жазалау заңдарын" (карманы) қабылдады, бірақ оған жаңа мазмұн береді. Адамның бұл өмірін карма анықтайды, алайда ол дұрыс жолды, қайырымды болуды таңдауға құқы бар. Еріктің мұндай егемендігі буддизм бойынша сізді азаптан құтқарады. Себебі барлығы адамның өзінің тәртібіне байланысты. Оның осы өмірдегі іс-әрекеті оның кармасының негізін салады. Буддизмнің айтуынша сезімтал әлем болмайды. Ол тек біздің иллюзиямыз, біздің ауырған, адасқан санамыздың қызметінің нәтижесі. Дәл осы пайым – бір ғана шынайы болмыс, буддизмге сүйенетін болсақ карма заңдарына бағына отырып, сезімтал әлемнің толық азаптану келбетінің көрінісін көруге болады. Пайым дегеніміз көптеген ұсақ бөлшектерден құралған, яғни карманың әсерімен қалыптасқан дхармалардан құралған.

3.2 Христиан діні б.з. І ғасырының ортасында Палестинада дүниеге келген. Алғашқы христиандар еврейлер, бірақ өткен діни дүниетанымы бойынша яһудилер болған. Алайда І ғасырдың екінші жартысынан бастап-ақ христиандық халықаралық дінге айналды. Христиандықтың атауы да бастамасы да Палестинаның солтүстігінде орналасқан Галилейдегі шағын қала Назареттен шыққан діни ұстаз және уағызшы Исаның (Иисус, еврейше: Иешуа) есіміне және байланысты. «Исаға өзі дүниеге келмей тұрып-ақ, ежелгі еврейлерше «Мессия» («Мәсіх») ал грекше «Христос» деген есім беріліп қойған. Бұл екі есім де «Таңбаланған», яғни дүниедегі күнәларды жуу үшін және әлемде патшалық құру үшін Құдай «Таңбаланған» деген мағына береді. «Иса» - Оның жеке есімі, «Мәсіх» немесе «Христос» - оның ресми аты және лауазымы». Исаның өмірі туралы негізгі деректерді діндер сенетіндер де, сенбейтіндер де Иса Мәсіх жазаға тартылған соң, бірнеше ондаған жылдар өткеннен кейін пайда болған кітаптар – Інжілдерден жинаған. Бірақ олар христиандықтың негізін қалаушының өмірбаянын жазып шығуды мақсат етпеген. Негізгі міндет – адамдарға дүниеге Құтқарушының, Таңбаланғанның, Құдай Ұлының келгені, оның қызметтері, өлімі мен қайта тірілуі туралы ізгі хабар – евангелиені (грекше – euaggelion – ізгі хабар) жеткізу болғанды. Олардың мазмұнын айқындайтын осылартын. Алайда басқадай дереккөз болмағандықтан, Інжілдерге (Евангелие) жүгінеміз. Інжілші Матай, мысалы, төмендегіні айтады. Иса Мәсіх патша Дәуіт (Давид) пен Ибраһимнің (Авраамның) – еврей халқының түп атасының тікелей ұрпағы болған. Исаның Мәрия атты анасы жаңадан Жүсіпке айттырылған кезде, Киелі Рухтан екіқабат болады. Оның айттырылған жігіті Жүсіптің жасы қалыңдықтан біршама үлкен әрі ұсталық кәсіппен айналысатынды. Қатаң тәртіп ұстанатын болған оқиғаны білген бойда, Марияны ұятқа қалдырмас үшін, ешкімге ештеңе айтпастан, некесін бұзбақ болады. Ондай ойдың басына келгені де сол еді, түнде  Жүсіп, Дәуіттің ұрпағы! Сен ештеңеден қысылма, Мәрияны әйелдікке ал. Өйткені оның баласы Киелі Рухтан жаратылған. Мәрия ұлын тапқан соң, оның атын Иса (яғни «Құтқарушы») деп қой, өйтені ол адамдарды күнәлардан құтқарады», - деді. Ұйқысынан оянған Жүсіп періште қайтіп айтса, бәрін де бұлжытпай сол қалпында орындайды. Ол Мәрияны үйіне әйелі етіп алып келеді. Алайды, әйелінің ұлы дүниеге келгенше, олардың арасында ерлі-зайыптылық қатынас болмады. Дүниеге келген сәбиге Иса деп ат қойылды. Бұл Вифлеем қаласында болған-ды. Иса ұлдың дүниеге келуі Қасиетті Отбасына көптеген ауыртпалықтар түсірді. Ирод патша сәбидің көзін құртпақ болды, өйткені оған келген волхвалар (данышпан жұлдыз санаушылар) жаңа туылған бала яһудилердің жаңа патшасы болатынын хабарлады. Құдайдың көмегі арқылы отбасы алдымен Мысырға қоныс аударып, артынан Исаның балалық шағы өткен Галилейдегі Назарет қаласына көшіп, жазаға тартылмай, аман қалды. Иса жасынан зерек бала болып өсті. Матайдың Інжілінде білімдері мен тәжірбиелері арқылы данышпан болып отырған кітап сүйгіштерді он екі жастағы баланың ақылы таңғалдырды. Бірақ Құдайдың елшісі ретіндегі міндетін Иса отыз жасында бастады. Оның алдында адамдарды күнәларынан арылту үшін, Иордан өзенінің суына шомылдырып шоқындырып жүрген яһудилердің жаңа пайғамбарымен кездеседі. Иса да шоқынады. Ол судан шыққан сәтте аспан қақ жарылып, Құдай рухы көрініп, көгершін бейнесінде Исаға қонады. Сол кезде аспаннан: «Сен менің сүйікті ұлымсың, Менің батамды алған Сен боласың», - деген дауыс естілді. Бірнеше сынақтан мүдірмей өткен соң, Иса енді адамдарды күналарынан арылтып, Құдай жолына түсіру міндетін атқаруға кірісіп кетеді. Барлық жерде оған шәкірттері – он екі апостол: Петр (Симон), Андрей, Иаков Зеведеев және Иаковтың інісі Иоан (Иса оларды Воанергес, басқаша айтқанда, «күн күркіреуінің ұлдары» деп атайтын), Филипп, Варфоломей, Матай,  Фома, Иаков Алфеев, Яһуда-Фаддей, Симон Кананит және Исаны сатып кеткен Яһуда Искариот ілесіп жүрді. Исаны көпшілігі «Ұстаз» (раббы) дейтін, тек өзінің өте жақын шәкірттеріне (апостолдарға) ғана ол өзінің шын мәнінің сырын – Құдайдың Ұлы екенін айтқан-ды.

Бүгінгі күні әлемде христиан дінін ұстанушылардың саны 2 млрд. асады, олардың 400-ден 550 млн-ге дейінгі өкілдері Еуропада, 380 млн. Латын Америкасында, 180-250 млн. Солтүстік Америкада (АҚШ – 160-225 млн., Канада – 25 млн), 300 млн. Азияда, 300-400 млн. Африкада, 14 млн, Австралияда өмір сүреді.

Әртүрлі христиандық конфессияларды ұстанушылар шамамен мынандай: католиктер – 1 млрд., протестанттар – 400 млн.-ға жуық (олардың 100 млн пятидесятниктер, 70 млн методистер, 70 млн баптистер, 64 млн лютерандар, шамамаен 75 млн пресвитериандар), православный мен Ежелгі Шығыс шіркеуін ұстанушылар – 240 млн, англикандар — шамамен 70 млн, Армян Апостолдық шіркеуі — 10 млн.

Әрине, христиан діні тақыр жерде пайда бола салған жоқ. Алғашқы христиндар көбінесе яһудалар ортасынан шыққанды. Оның үстіне, алғашқы уақыттарда олар өздерін нағыз, өзгертіліп-бұзылмаған яһудизмнің иеленушілері санаған. Сол себепті яһудилік Танах жоққа шығарылып қана қоймай, оған жаңа дінде Көне Өсиет деген ат тағылды.

Христина діні тарихының бастамасында Мәсіхтің оралатынына сенген көптеген басқа яһуда секталарының да мессиандықты (құтқарылуды) уағыздағанын айтып өткеннің артықтығы жоқ. Атап айтқанда, олардың қатарында Мессияны (Мәсіхті) халық көсемі деп құрметтеген назорейлер (әулиелер), эбиониттер (тақыр кедейлер), фарисейлер (оқшауланғандар) болды. ІІ ғасырдың 30-40 жылдарында ғана римдік христианин Маркион христиандардың яһудизмнен ажырауын қолдап, уағыздар жүргізді. Міне, дәл сол уақыттан бастап, христиандар өздерін жаңа діннің өкілдері деп танитын болды және «Жаңа Өсиет» деп аталған христиандардың қағидалық мәтіндері іріктеле бастады. Христиандықтың қалыптасуына сөзсіз ықпал еткен кейбір философиялық мектептер де болды. Филон Александрийскийді «христиандықтың нағыз әкесі» деп атаған неміс философы және дін ілімінің маманы Бруно Бауэр еді. Ол бірінші кезекте қоғамдағы төмен топтар зардап шегіп отырған жалпы адамзаттық күнәһарлықтың салдарынан пайда болған қоғамдық өмірдің дерттерін жария етті және содан кейін адамдарды күнәларын мойындап, тәубеге келіп, дінге мойынсұнуға шақырды, ал оның осындай уағыздары кейіннен христиандық ілімге негіз болды. Әлемдік рух және тәңір сөзі – Логос – Құдай мен адамдар арасындағы делдалдық идеясын да христиандық Филоннан алды. Бұл Логосты іске асырушы Иса Мәсіх – Құдай Ұлы және Логос бір бейнеге айналды. Яһудалар Филонның көзқарастарын ортодоксальды емес деп санап, оның философиясынан бас тартады. Солай болғанмен де, енді оның ұстанымы Иса Мәсіх философиялық Логос рухында түсіндіріле бастаған Жақия Інжілінде жалғасын тапты. Христиандықтың «ағасы» деп ертедегі Римнің стоицизм (ежелге Грекия мен Римдегі рационалистік философиялық ілім) философиясын жақтаушы Сенеканы айтуға болады. Луций Анней Сенека (б.з.д. 5 жыл-б.з. 65 жылы) өзінің ізбасарларын сезімнің ықпалында кетпей, ақыл-парасатты басшылыққа алуға, сыртқы сый-құрметке ұмтылмай, тағдырға мойынсынуға, басқаша айтқанда, басқа түскен қиыншылықтарды мойымай және қайсарлықпен көтеруге үйретті. Христиан діні адамдарды бай және кедей, еркін немесе құл деп танымай, оларды тек діндар немесе діндар емес деп қана тануға.

ХРИСТИНАНДЫҚТЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ: ПРАВОСЛАВИЕ, КАТОЛИЦИЗМ, ПРОТЕСТАНТИЗМ.

Православие ХI ғасырдан бастап, Шығыс Рим (Византия) империясының үстем дініне айналды. Патриарх Константинопольский шіркеу басшысы болып жарияланғанымен, алайда оның билігі ешқашанда түпкілікті билік бола алмады, өйткені әрбір автокеефальдық (дербес) православиелік шіркеу өз бетінше жұмыс істеп келді және әлі де солай. Сол себепті патриарх Константипольский тең құқылар арасында алдыңғы, жетекші іспетті болды. Автокефальдық православиелік шіркеулердің жалпы саны әр кездері әртүрлі болып өзгеріп отырады. Қазіргі таңда олардың ресми түрде он бесі: Константинополь (Түркия), Албан, Поляк, Словакия және Америка шіркеулері (бұл соңғысы автокефалиялыққа 1970 жылы, Орыс шіркеуінен бөлінген соң ие болды) тіркелген. Бес проваславиелік канондық (қағидаттық): Синай, Финляндия, Жапония, Украина және Белорусия шіркеуі автономдық міртебеге ие болды. Олар автокефальдық шіркеулерге (біріншісі – Иерусалим шіркеуіне, ал екіншісі –   Константинополь, ал қалған үшеуі – Орыс шіркеуіне) ішінара ғана тәуелді. Православиелік дін ілімінің негізі Киелі Жазу (Библия) және Қасиетті өсиет болып табылады. Діни ілімнің негізгі қағидалары (догматтары) жоғарыда айтылған Сенім рәмізінде жинақталған. Бұл жерде де культ айрықша рөл атқарады. Оның басты міндеті – дінге сенетін адамдардың діни сезімдерін жігерлендіру, діни ілімді халық арасында кеңінен тарату. Культтің аса маңызды элементтерінің бірі – құпияшылдық (таинство) деп аталатын шіркеулік салттар. Православие ілімі бойынша «құпияшылдықтар құдайдың өзі белгілеген киелі әрекеттер арқылы дінге сенетіндерге Құдайдың көзге көрінбейтін ізгіліктерін түсіреді». Ондай құпияшылдықтардың саны жетеу, олардың барлығын да православие қабыл алған: шоқыну – суға шомылу арқылы (үш рет батырылып) және белгілі бір дұғаларды айта отырып, христиандыққа қосылу; көп жағдайларды жас сәбилерді осылай шоқындырады, алайда ерекше жағдайларда ересектерді де осы тәртіппен шоқындыруға болады; хош иісті май жағу- шоқынған адамның басына дұға айтылған әртүрлі хош иісті мир деп аталатын майды жағу арқылы, оған Киелі Рух ізгіліктерін жеткізу; күнәлардан арылу – діндар адамдардың қызметшіге өз күнәларын айтып, өкінетінін жеткізіп, сол арқылы Құдайдан кешірім алу; евхаристия немесе нан үзіп ауыз тию (причащение) – ашытылған нан жеп, жүзім шарабынан Иса Мәсіхтің тәні мен қаны ретінде ауыз тию; неке қию – некелесу рәсімі бойынша, ғибадатханада Құдай беделі арқылы некелік одаққа бірігу салтын орындау; діни қызметке тағайындау- діни қызметшілерді, епископтарды шіркеу тағына отырғызу;  ауырған адамды бірнеше діни қызметшілердің (жиын өткізіп) зәйтүн (елей) майымен сылауы.

Православиелік культте Құдайға, Тәңіртуар Мәрия мен әулиелердің, құрметіне арналған мереке – мейрамдарға да, сонымен қатар діни өмір мен шіркеу тарихындағы елеулі оқиғаларға да мағызды орын берілген. Солардың ішінде бірінші орында яҺудилерден ауысып келген, бірақ Мәсіхтің қайта тірілуіне арналған мейрам болып өзгертілген Пасха тұр; Пасха тойланатын күн ай күнтізбесі бойынша белгіленеді; сол себепті ол әр жылы ескіше жыл қайыру бойынша 22 наурыз бен 25 сәуір аралығында (жаңаша жыл санау бойынша 4 сәуір мен 5 мамыр аралығында)  ауысып отырады. Пасхаға он екі ұлы мейрам қосылады: олардың сегізі Құдай тағалаға арналған мейрамдар Мәсіхтің туған күні – Рождество Христова, Тәңірге шоқыну, Тәңірлік Сретение (сәби Исаны Құдай тағалаға арнауға алып келе жатқан Мәрия Жүсіпті ғибадатхана есігі алдында діндар Симеонның қарсы алуына байланысты) мейрамы, Тәңір Түрленуі (Құтқару), Тәңір Кресінің Қозғалысы, Тәңірлердің Иерусалимге Кіруі, Тәңірдің Көкке Көтерілуі және Үштік (Елушілер) және төрт мейрам Тәңіртуар Мейрамға (Аса Мәртебелі Тәңіртуардың Туған күні, Аса Мәртебелі Тәңіртуар Мәрияның ғибадатханаға кіруі, Аса Мәртебелі Тәңіртуар Мәрияның ізгі хабары және Успение – Аса Мәртебелі Тәңіртуар Мәрияның Қайтыс болған күніне) арналған. Одан ары қарай екі топтағы орташа және кіші (олар да екі топта) мейрамдар тойланады. Православиеде тағамдарға салынатын тиым жоқ, бірақ ішінара тамақты және құмарлықтарды шектеу, яғни біркүндік (сәрсенбі, жұма күндері) және көпкүндік (Пасха, Рождество, Успение және Петр мен Павелге арналған күндері қарсаңында) ораза ұстау қалыптасқан.

Католицизм.  Римдік-католиктік шіркеу Батыс Еуропада XVI ғасырға дейін үстемдік етіп келді. Алайда бүгінгі таңда да Еуропада, Оңтүстік және Солтүстік Америкада және Африканың бірқатар елдерінде оның ықпалы әлі күшті болып тұр. Шіркеу басшысы – Рим епископы, папа апостол Петрдің ізбасары, ал сол арқылы Мәсіхтің жер бетіндегі орынбасары болып саналады. Оны конклав, кардиналдар жиналысы сайлайды. Папа шіркеудің ғана папасы емес, сонымен бірге Рим аумағында шағын жер телімін иеленіп отырған және дүние жүзінің көпшілік мемлекеттерімен дипломатиялық қарым – қатынас жасап отырған Ватикан мемлекетінің де папасы болып табылады. XIX ғасырдың соңында, дәлірек айтқанда, 1870 жылы шақырылған I Ватикан жиыны (соборы) кезінде папаның ресми түрде, «кафедрадан» сенім мен мораль туралы сөйлеген сөздері қабылданып, папаның жаңылыспайтындығы, талассыздығы туралы догматтары жарияланды. Католизицимнің христандықтың басқа бағыттарынан өзгешілігін көрсететін догматтық ерекшелігі, міне-осында. Католиктерде Библия мәтіндері де өзгеше: олар Көне Өсиеттің көп кітаптарын канондық деп қабылдайды. Аса маңызды догмат – «шамадан тыс міндетті істер» туралы ілім. Соған сәйкес, шіркеу өмір сүрген көп уақыт ішінде Иса Мәсіхтің, Тәңіртуар және әулиелердің «шамадан тыс қайырымды істері» көп жиналып қалған. Рим папасы Құдайдың жер бетіндегі көмекшісі болғандықтан, соған және шіркеуге сенушілер арасында осы жиналған байлықты үйлестіру, басқаша айтқанда, олардың күнәларын мойындап, опыну кезінде олардың күнәларын толық жууды қамтамасыз етпейтіндіктен, «шамадан тыс міндетті істер» теориясынан индульгенциялар (лат. indulgentia – кешірімділік, қайырымдылық) беру тәжірибесі, басқаша айтқанда, жасалған да күнәларға кешірім берілетінін куәландыратын папаның арнайы мақтау қағаздары үлестірілетін болды. Католиктер Иса Мәсіхтің ғана емес, Бикеш Мәрияның да күнәсіз ұрықтануына және оның тәнінің көкке көтерілгеніне сенуге тиіс болды. Салт-дәстүрлердің орындалуында да өзгешеліктер байқалады. Католиктер балаларды шоқындырған кезде, оларды суға батырмайды, олардың үстіне сыздықтатып су құяды. Конфирмация (лат. confirmation – бекіту, нығайту, орнықтыру) деп өзгертілген мир майымен майлау рәсімі баланы шоқындырған бойда емес, бала 7-12 жасқа келгенде орындалады, бұл шараны өткізуге епископ қана құқылы. Құдайға құлшылық ету кезінде католикер отыруға тиіс, сол үшін костелдің ішінде тұрақты орындықтар орнатылған. Католиктер алақандарын тұтас жая, сол жақ иықтарынан оң жақ иықтарына қарай қимыл жасап шоқынады.  Католик литургиясы месса деп аталады. Қайтыс болғандарға арналған құлшылық қызметі реквием делінеді.

Протестанттық. Протестантизмдегі шіркеулер мен конфессиялардың көптігіне қарамастан діни ілімінің ерекшелігін бөліп алып қарауға болады. Библия протестанттықтардың ойынша діни ілімнің жалғыз бастау көзі. Протестанттық адамның Құдаймен тікелей қарым-қатынасын негізге алады.   Кез келген адамның Библияны оқуға, талқылауға құқы бар. Иисус Христостың адам келбетіндегі көрінісіне ерекше мән беретін олар Рождествоны негізгі мейрам деп мойындайды. Дінді ұстануда – Библияны оқу, насихаттау, жеке және ұжыммен сыйыну, діни гимндерді айту негізгі маңыздылық болып табылады. Тәртіп бойынша Богородица култі, қасиетті икондарды мойындамайды. Негізгі ұйымдастырушылық құрылымы – қауым, ал дінді ұстанушылардың иерархиясы дамымаған.

Протестанттықта негізгі екі ағым бар: либеральды, олар Библияның критикасын қабылдайды және фундаменталистік, олар Библияның мәтіндерін өзгеріссіз сол қалпында мойындайтындар. Либеральды бағыт ең көнесі, ол XVI ғасырдың басында Мартин Лютер ілімі түрінде пайда болған. Лютерандар деп аталатын оның жақтастары Сенім Символы ретінде І және ІІ Ғаламдық Шіркеулердегі белгіленген догматтарды мойындайды. Күнәңді жуудың жалғыз жолы – өкіну, тәубеңе түсу. Лютерандықта литургия, шіркеулік алтарь сақталған. Өздерінің епископы бар. Фундаменталистік бағытының негізін қалаған Жан Кальвин. Кальвин қасиетті кітап деп тек Библияны мойындаған. Діншілдікті жоққа шығара отырып, аскетизм  принциптерін мақұлдаған. Кальвинизмнің ойынша жаныңды құтқару дегеніміз тәубеге түсу емес, белсенді іс-әрекет, кәсіпкерлік деп танылған. Негізгі дінді ұстанудың формасы – уағыз айту, сыйыну. Кальвинизм қауымнан басқа кез-келген шіркеулік ұйым түрлерін жоққа шығарады.

3.3 Ислам – монотеистік (авраамдық) әлемдік дін. Ислам діні ҮІІ ғасырда Арабия түбегінде пайда болды. Ислам деген сөз бір құдайға, барлық болмыстың басы мен ақырына иелік етуші бір Аллаға бас ию, шынайы ниет білдіру, жан-тәніңмен беріліп құлшылық ету дегенді білдіреді. Ислам – Алла аманатын орындаудың ең жоғарғы сатысы. Мұсылмандар пайғамбарларды бөлмейді, олардың бәрін де ең абыройлы фәнилер қатарында құрметтейді. Деректердің айтуынша соңғы ислам діні соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхамедке ең кәміл, әмбебап, бәрін қамтушы сипатта, толық қалпымен жіберілген. Мұхамед пайғамбар сәуір айының 20-күні 569 жылы Хижаз өңіріндегі Мекке қаласында дүниеге келді. Бұл кезең әдебиеттерде жаһилия дәуірі (надандық, қараңғылық) деп аталады. Алайда пайғамбарымыз осындай қоғамның азғыншылығына шалдықпаған, пәк яки адал күйінде сақталған ғазиз жан. Қырыққа таяған шағында көбінесе елден алыстап, таудағы үңгірге барып, Жаратушыны ойлап, нәпсіні тәрбие етумен уақыт өткізе бастайды. Сондай бір күнде, періште Жебірейіл тарапынан Алла тағаланың сөзі Құран Кәрімнің алғашқы аяттары уәхи етіліп, пайғамбарлық жолы ашылады. Бұл 610 жылдың рамазан айы болатын. Адамзат тарихындағы ең маңызды дәуірдің, ең үлкен жаңалықтардың, Ислам өркениетінің бастауы, міне, осы уақиғаға тікелей қатысты. Исламның айтуынша, дін – бірегей қозғалыстағы процесс, әрі адамның мұқтаждығына сәйкесті түрде кемелдену ахуалы. Құран Кәрім дінді қастерлеуге лайық нәрсе деп есептейді.

«Ислам» сөзі бейбітшілік деген мағынаны білдіреді. Басқаша мағынасы «өзіңді Аллаға тапсыру». Шариғаттық терминологиясы — толық, абсолютті бір құдайшылдық, Құдайға бағыну, Оның бұйрығы мен тыйым салғандарын орындау, көп құдайышлықтан (ширк) бас тарту. Құдайға бағынған адамдарды  исламда мұсылман дейді. Құранның айтуынша ислам — жалғыз, ақиқат дін, барлық пайғамбарлар соның ізбасарлары. Исламның айтуынша ежелгі пайғамбарлардың ізбасарлары алғашқы дін жолынан ауытқып, қасиетті кітап мәтінін өзгертуге тырысқан. Сондықтан Құдай әртүрлі ұлттарға өзінің елшісін жіберіп отырған, мысалы, Авраама, Моисей, Иисус. Мұхаммед – ең соңғысы.  Мұхаммедтің пайғамбырлығынан соң алдыңғы заңдардың барлығы жойылып, оның негізгі принциптері кемелдендіріліп, исламның бір бөлігіне айналды. Аллах — ақиқат құдайдың аты. Мұсылмандар барлығын жасаған және басқаратын Аллах деп сенеді. Оның теңдесі жоқ. Аллах — өмірдің барлық формасын жасаушы.  

Аллаға қызмет жасау адамды биіктетеді, құлдық пен түрлі мифтік бейнелерге табынудан босатады. Көп құдайларға табынудан бір құдайға табынуға көшу тенденциялары алдымен Оңтүстік Арабияда орын алды. ІҮ ғ. ортасындағы Йемен жазбаларында бұрынға құдайлар есімі аталмайды, ал оның авторлары өздері Құдай, Мейірімді, аспан мен жердегі Тәңір, аспан мен жер иесі деп атаған жалғыз Құдайға жалбарынады.

Мұсылманшылықтың бес «парызы»:

- Шахада (араб. «куәлік») сенім. Ол келесі формулада көрініс тапқан: «Алладан басқа Құдай жоқ әрі Мұхаммед – оның пайғамбары». Осы мінәжат формуласын қайталаған адам өзінің бірқұдайшылыққа берілгендігін және Мұхаммедтің пайғамбарлық маңызды міндетін мойындағанын білдіреді. Бұл «парыз» догматикаға қатысты, дегенмен де, қатардағы мұсылман үшін исламның «сенім рәмізін» мойынсыну ғана маңызды емес, сонымен қатар өзінің күнделікті өмірінде сол принципке сөзсіз берік болуы да маңызды.  

- Намаз – исламның екінші талабы, бес уақыт оқылады (салат). Құранда дұғалардың саны мен реті дәл бекітілмеген, бірақ ол Суннада егжей-тегжейлі реттелген болатын. Күнделікті мінәжат бес міндетті намаздан тұрады (таңсәріде, талтүсте, ымырт түскенде, күн батқанда, түн басталғанда). Намазды кез келген ыңғайлы таза жерде оқи беруге болады. Әрбір мұсылман намаз оқыр алдында рәсімдік жуынып-шайыну әрекетін жасауы керек. Жұма күні мешіттерде жамағатпен бірге оқитын намаздар болады. Олар уағыз таратумен қатар жүреді.

- Зекет — жағдайы нашар пақырларға көмек ретінде ретінде берілетін міндетті салық. Оның мөлшері мұсылман құқығымен реттеледі. Зекет төлеу сол зекет төленіп отырған мүліктің күнәсінен арылу деген сөз. Жағдайы жоқ адамдар зекет беруден босатылады.

- Саум — Рамазан айында ораза ұстау. Таңсәріден күн батып, ымырт түскенге дейін ораза тұтқан адам тағамнан, төсек ләззатынан және т.б. бас тартады. Ораза ұстанудан жүікті әйелдер мен бала емізетін аналар, жас балалар, ауру-сырқаулар, кәрі адамдар, сол сияқты белгілі бір себептерге байланысты оны ұстауға мүмкіншілігі жоқтар (мысалы, жиһанкездер) және т.б. босатылады.

- Қажылық — Меккеге қажылыққа бару. Әрбір мұсылман мүмкіншілігі болса өмірінде бір рет қажылық жасауы керек. Егер де оған күші келмесе онына басқа бір адамды өкіл етіп жібере алады.

Мұсылмандар өмірінде діни мерекелерге маңызды рөл беріледі. Классикалық ислам екі мерекені заңдастырды. Біріншісі құрбандықтың ұлы мерекесі «ар. «ид әл-адха»; түркілік «құрбан- байрам»). Мұсылмандардың Меккеге қажылыққа баруының ажырамас бөлігі ретінде құрбан айт зу-ль-хиджжаның оныншы күні, ал күнтізбенің он екінші айында, қажылықтың соңғы күнінде басталып, 3-4 күн бойы тойланады. Мұсылмандардың екінші «қағидалы» мерекесі (ар. «ид әл-фитр, ид ас-сағир» түркіше ораза байрам, рамазан байрам) рамазан айындағы мұсылман оразасының бітуіне арналады. Ол рамазан айынан кейін келетін Шаввала айының бірінші күні басталады. Мереке қайтыс болған туысқандардың бейітінің басына барумен, салтанатты дастархан жаюмен, қайыр-садақа және сыйлықтар тартумен бірге жүреді. Мұсылман мерекелерінің мән-мағынасы тек қана шариғат негізінде түсіндірілуі және ұғындырылуы мүмкін. Мұсылмандық мерекелердің қатарына жұма да жатады. Жұма – жамағатпен бірге намаз оқу мерекесі (йаум әл-джума). Қағидалы емес мерекелер қатарына мәулид ән-наби мерекесі жатады. Ол пайғамбардың туған күні. Тағы да басқа мерекелер бар. Барлық мұсылман мерекелері, тарихи даталар мен әдет-ғұрыптар, рәсімдер ай күнтізбесі бойынша жүргізіледі.

Бүгінгі таңда мұсылман қауымдастықтары әлемнің 120 елінде бар, саны 1,3-тен 1,8 млрд. адам. В 35 елде мұсылмандар тұрғындардың көп бөлігін құрайды, ал 29 елде исламды ұстанушылар көп емес. 28 елде ислам мемлекеттік немесе ресми дін болып табылады. Мұсылмандардың 18 % араб елдерінде тұрады. Ислам діні ізбасарларының саны жағынан әлемде екінші орында (христиандықтан кейін), сонымен бірге таралу қарқыны өте жоғары.

 

4 – ДәрісҚазіргі дәстүрлі емес діндер

 

4.1. Дәстүрлі емес діндердің ерекшеліктері мен классификациясы

4.2.  Сектаға енгізу тәсілдері мен одан шығару

4.3  Қазақстандағы діни жағдай

 

Мақсаты: студенттерге бүгінгі таңда қоғамды алаңдатып отырған секталардың кескін-келбетін түсіндіру, оның адам санасына әсер теу тәсілдерін айқындау, сонымен бірге Қазақстандағы діни хал-ахуалдың жағдайына бойлау.

Мазмұны: дәрісте тоталитарлы секталардың ерекшеліктеріне сипаттама жасалады, діни ілімдерінің мазмұны талқыланады, олардың классификациясы ұсынылады. Сектаға енгізу тәсілдері мен одан шығару әдістері тыңғылықты жүйеленеді. Республикамыздағы жаңашыл діни жағдай қарастырылып, ұлтаралық қарым-қатынастарды, келісімді нығайту мен дамытудағы мемлекетіміздің жүргізіп отырған саясаты дәйектеледі.

4.1 «Дәстүрлі емес культтер», «Жаңа ғасыр діндері», «Неодіндер». «Конфессиялық емес, канондық емес сенімдер», «баламалық культтер», «жастар діні» - Еуропа мен АҚШ-та ХХ ғ. 60-70 жж. кң таралған діни құбылыстар қатарын осылай деп көрсетеді. Аталған уақыт діни сананың тарихи қалыптасқан, дәстүрлі формаларының дағдарысымен сипатталады, солардың ішінде, әсіресе, христиан дінінің дағдарысымен белгілі жылдар. Христиан діні – басты-еуропалық және американдық құндылықтар жүйесінің маңызды элементі. Әлеуметтік құрылымға үйлесімді түрде еніп отырған дәстүрлі діндер әлеуметтік зардаптар үшін «жауапты» болыпты. Тұтынушылық, технократтық қоғамның ресми құндылықтарынан көңілі қалу, жалғыздық сезімі, өмірзаялық сезімі – осылардың барлығы жаңа құндылықтар жүйесін, жаңа «өмір ғылымын» іздестірудің әлеуметтік-психологиялық факторына айналды. Жаңа қозғалыстардың бастаушылары, орталық тұлғалары қоғамдық көңілкүйлердегі ауытқуларға тез арада назар аударып, «күнәһар» әлемнің зұлматтарын бірден сынап, өздерін біртуар құтқарушылар есебінде жарнамалап, жоғары даналық пен моральдың жаршылары деп анықтады.

«Дәстүрлі емес культтердің» жолын қуушылар, негізінен, орта топтан шыққан жастар еді. Олар жоғары білімді, әл-ауқатты жандар болғанымен, олардың өзара әлеуметтік байланыстары бұзылған еді. Әлеуметтік қарсылықтың түрлі формаларының ашынған, түңілген қатынасушыларынан басқа «дәстүрлі емес культтер» үйреншікті өмірлік жол арнасынан адасып қалған адамдар үшін бас сауғалар қонысқа айналған. «Жаңа ғасыр» діндерінде күшті ұйымдастық, қатал адамгершілік және мінез-құлықтық өмірлік ережелер, рухани бағып-баулушы рөлін алған көшбасшылардың авторитаризмі басым.

 «Дәстүрлі емес культтердің» Қазақстанда орнығуына шетелдік миссионерлердің ықпалдылығы болып отыр.  Оларға пресвитериан бірлестігін (протестанттық ағым), кришнаиттерді, «харизматикалық культтерді» (шіркеулер «Жаңа өмір», «Иисуса Христа», Мунаның бірігу шіркеуі және т.б.). Қазірше бұл діндер өздерінің қажеттілігін білдіре алмай отыр. «Дәстүрлі емес культтердің» ішінде елімізде шығыстық діндерден бастау алатын конфессиялардың қызметі байқалып отыр. Бұлар – кришнаиттер,  вайшнавалар, бахаилер, «Мунаның бірігу шіркеуі» және т.б. Олар интеллигенция өкілдерімен тығыз қарым-қатынас орнықтырып отыр. Адамдардың секталарға кетуінің негізгі себебі әлеуметтік-экономикалық сферадағы (экономика кризисі, жұмыссыздық, өмір деңгейінің төмендігі, құндылықтардың өзгеруі және т.б.) дағдарыс пен психологиялық (шарасыздық, жеке сәтсіздіктер және т.б.) күйзеліске байланысты.

Л.Н. Митрохин дәстүрлі емес діндердің өзіне тән ерекшеліктерін «АҚШ-тағы діни культтер» атты еңбегінде жақсы баяндайды.

1.     Оның басшысы өзін Құдаймын немесе оның елшісімін деп сендіретін  харизматикалық лидер.

2.     Лидер өзін «әке» деп атайтын «отбасын» немесе коммуна құрады. Құрамына жаңадан енгендер басқа есім алуы мүмкін.

3.     Лидер барлығына міндетті болып табылатын тәртіп заңдылықтарын ұсынады, бірақ өзі оны орындамаса да болады.

4.     Топтар әлемге катастрофалық– апокалипсикалық көзқарасты ұстанады. Ұйым мүшелері өзінің мүлкінен бас тартып, тұратын мекен-жайын орнатады.

5.     Сыртқы әлемнен изоляцияны жоспарлаған тұлғалар тәртібін бақылауға анықталған әдіс бақылауы болады.

6.     Бұл ұйымдардағы культ ұжымдық,  психикалық манипуляцияланған «техника», ирования, психотерапия пайдаланылады. Жаңадан келген мүшелерге ерекше мән беріледі.

7.     Дәстүрлі емес діндер күшті ұлтаралық корпарация ретінде әрекет етеді, ірі бизнеспен айналысады, әлемнің көптеген елдерінде филиалы болады.

8.     Дәстүрлі емес діндер үшін ресми құндылықтарға қарсы болу тән.

9.     Алуан түрлі культтердің барлығын шартты түрде бөліп-жарып көрсетуге болады.

1. Неоориенталистік культтер: «Кришна Санасының Қоғамы», «Тынық мұхиттық дзен – буддалық орталық», «Құдайи сәуле миссиясы»  «Трансцендентальды медитация» және т.б.

Неоориенталистік культтердің тегі Шығыстан тараған. Олар, көбінде,   индуизм мен буддизмнің түрлі нұсқаларын жаңашаландырылған діни құрылымдар. Неиндуистік және необуддистік ілімдер арылудың (мокша) тылсым жолын ұсынады. Ол адам бойында бар  имманентті құдайи бастаманы ояту жолы. Әлемде бар нәрселердің ешқайсысы құрдан-құр болмайды, оның арғы жағында нағыз құдайи табиғат жатыр, ол – үйлесімді де әділетті табиғат деп түсіндіріледі. Мақсат – көптеген медитация түрлерін пайдалана отырып, сол бір шынайы табиғатпен біржолата бірігу.  Медитация процесі (ойға шому, аңдау, іштей зейін салу, қоршаған ортадан түңілу) мантралар – мистикалық мағына беретін дыбыстар немесе арнайы сөздер қосағын айтудан тұрады. Дінтанымдық ерекшеліктер  екінші орынға кетеді де, алға шынайы жолға түсу, жеке бас тәжірибесі, гурудың, свамидің нақты беделі шығады.

2. Неохристиандық бірлестіктер – бұл "Бірігу шіркеуі", "Құдай балалары отбасы", "Христова тәні шіркеуі" және т.б. Бұл культтерге христиандық идеологияның шығыс діндерінің элементтерімен қосылған синкретизм тән, эсхатология мен мессиандыққа екпін салу, жетекшіні Құдай жіберген елші мәртебесінде қабылдау, оны жаңа аян беруші, жаңа жоғары адамгершілік ережелерін әкелуші деп қарастыру тән.

3. Сайентологиялық бағыттар – айентология Шіркеуі", "Ғарыштық діндер" және т.б. құрайды. Ол культтерде түрлі физикалық аспап-құралдарға мистикалық мән беріледі, сөйтіп, қайбір елге белгісіз және тылсым жоғары шындықтар мен факторлардың физикалық, биологиялық табиғатқа әсерін тіркеуге және тіпті өлшеуге болатындығы айтылады. Онда психика мен қоршаған табиғаттың зерттелген құбылыстары мистикалық тұрғыдан түсіндіріледі.

4. Жаңа сиқыр, спиритизм. Сақталып қалған үйреншікті сиқыршылар, бақсылар, балгерлермен қатар, жаңа магиялық ілімдер мен институттар үлкен беделге ие болып келеді. Олар шығыстық және батыстық, ежелгі және қазіргі дәстүрлердің тәжірибелері мен көзқарастарын біріктіреді, сол сияқты, жаңа сиқыршылар мен балгерлердің аяқ астынан туындаған шығармашылығын да қосады. Ондай бағыттарға, мысалы, Карлос Кастанеданың ілімін жатқызуға болады. Ол – мексикалық үндістердің мифологиясына негізделген ілім. Өткен ғасырдың өзінде-ақ Еуропа мен Солтүстік Америкада басталып кеткен спирисикалық қозғалыстар әлемге кеңінен тарала бастады. Олар өлген адамдардың әруақтарымен араласумен, тілдесумен айналысады.

5. "Сатаналық" топтар. Сатанизм көне Ирактан келген. Оның өсиет-уағыздары Көк кітапта жатыр. Сатаналық культтер зұлымдық пен зорлық-озбырлықты дәріптейді, сөйтіп, зұлымдықтың мистикалық көздері – шайтанмен, демонмен және т.б. қарым-қатынасты уағыздайды. Мысалы, «Сатана қоғамы» өздерін зұлымдықтың саналы тасымалдаушысы және христиандықтың антиподы деп жариялайды.

Алғашқы төрт культ топтары арасында нақты бекітілген шекаралар жоқ, оларды шартты түрде ғана бөліп қарастыра аламыз. Сонымен, "Трансцендентальды медитация", Махариш Махеш Йоганың ілімін сайентологиялық культтерге жатқызуға болады. Р. Хаббардтың «Сайентология шіркеуі» шіркеуі» буддизмнің кейбір идеяларын қабылдады, дәлірек айтсақ, ішкі тыныштық пен қамсыздық  (нирвана) күйіне жетуді қабыл алды. Неохристиандық культтер шығыстық жүйелерден алынған медитацияны, сиқыр-дуаны пайдаланады. Сонымен бірге, неоориенталистік ілімдер, көбінде, өзінің ұғымдық аппаратын христиандық және зайырлы батыс философиясынан алып отыр. Жалпы алғанда, бұлар – синкретикалық культтер.

ХХ ғасыр діндерінің «жолын қуушылардың» көпшілігінің сыртқы бет-әлпеті мен культтік практикасының экстраваганттығы назар аудартады. Оларда алғы шепке культтік эмоциональды-психологиялық жағы шығып отыр.

 

4.2 Сектаны деструктивті культ немесе культтік жаңа құрылым деп атауға болады. Бұл ұйым діни мақсаттармен жүреді, бірақ дәстүрлі діни конфессиялардан өздерін аулақ ұстайды. Кез келген рухани қажеттілікті көксеуші адамға назар аударады: өмірдің мәнін іздеу, мәңгілік өмірді аңсау, адамның азаптан құтылып, кемел күйге түсуі. Осындай мәселелер жаңадан сектаға енген мүшелерді қатты қызықтырады. Шын мәнісінде көптеген секталардың өзінің қызығушылығы бар: құрамындағы қарапайым мүшелерін финанстық қанау арқылы басшыларының баюы және билікке қол жеткізу. Бұл үшін мықты тәртібі бар, ұстазға сөзсіз бағынатын иерархия құрылады. Құқықтанушы, психолог сияқты мамандар діни сектаны тоталитарлы сипатта деген мінездеме береді.

Олар адамдарды қалай құрамына енгізеді.

Ең әуелі адамдарға псикологиялық бағдарламалау жасалады. Ол үшін "ақыл-ойды бақылау» әдісі жүргізіледі және төмендегі жайттармен жолығасыз:

- Бірінші жаңадан келген адам топтық қысымшылыққа ұрынады, яғни махаббат шабуылы басталады. Оған Құдай сені сүйеді, ол сені таңдап алды, әлем бүлінген қатерлі жағдайда, тек осы «жанұя» өкілдері ғана бір-бірін жақсы көреді деген ойлармен оны үйрете бастайды. Ақырында әлгі адамда осы «жанұяны» мүшесі болуға деген ұмтылыс басталады. Түрлі ойындар пайдаланылады, топтасып ән айтады т.б.

- "Жанұя" басқа әлемде оқшауланған.  Бұл изоляция сектанттың ұстазға шексіз бағынуға итермелейді.

- Пайымдауды тежейтін техника қолданылады. Бір дауысты, бір сазды ән айту мен әрекеттердің қайталана беруі адамға күшті әсер етеді.

- "Жанұямен" жақындату мақсатында оның жасаған «күнәларын» сұрай бастайды.  Мақсаты адамның үрейі туғызып, кінәлі сезіндіру. Оларды біресе жазалап, біресе мақтап отырады.

- Рухани жетілу мақсатында ұйқыдан бас тартуың мақұлданады.

- Тойып тамақтанбауың диета түрінде қолдау тауып, оның жоғары руханилыққа қол жеткізудегі рөлі баяндалып, ритуалдардың маңызды бөлігі екені түсіндіріледі.

- Жаңадан келген адам жалғыз қалмайды, оның ойлынуына мұрша бермейді. Керісінше максимальды түрде онымен жұмыс істеледі, ақырында оның бастапқы құндылықтары басқаға ауысады.

Сектаның құрамына енген адамға не болады? Оның көзқарасы бойынша ол құдайшыл жарықты көреді, ақиқатты таниды немесе жаңа ашылымдарға қол жеткізеді.

Медицинаға жүгінетін болсақ оның жаңа психикалық қасиетті ашылады, аурудың бұл түрін халықаралық классификацияда "тұлғаның бұзылуға тәуелділігі" (дербес шешім қабылдай алмайды, жалғыздықтан қорқу т.б.) Қысқаша айтқанда адам балалық шағына қайта оралғандай болады. «Жанұяның» шексіз, қалтқысыз бағынатын құрбанына айналады. Аз жалақыға солар үшін жұмыс істейді. Барлық секталар жаңадан келген мүшелеріне табысының маңызды бөлігін талап етіп, жеке меншігін алып қояды.

Сектадан адамды қалай шығаруға болады.

Бұл негізгі мәселе. Адам бұл жерге өз еркімен келеді, жаңадан тапқан "жанұясын" тастағысы келмейді, өйткені ол онда бақытты. Оны іздеп  құтқаруға келген туысқандарымен «Жанұя» өз кезегінде барынша күреседі.

АҚШ-та деструктивті культтерден құтқарудың екі тәсілі қарастырылған.

Бірінші - деnрограм. мировалау адамды сектадан күшпен әкетеді, бір үйге қамап қойып, оған тыңдағысы келмесе де барлық шындықты айтады. Бұл қатал тәсіл, бірақ эффективті болып саналады. Алайда бұл қауіпті, мұндай жағдайда кейде секта сотқа шағым жазып, жеңіп кететін жағдайлар да өте көп.

Екінші тәсіл гуманды тәсіл. Ол "шығу туралы ақыл-кеңес" деп аталады: туысқандары психологтары шақырады, олар өз еркімен бүкіл хабарламаны алып, сектадан кету немесе кетпеу туралы шешім қабылдайды.

Бүгінгі күні діни құрылымдар мафиозды бірлестіктерден де қауіпті болып отыр.

Қазір Ресейде бір жарым миллион жастар діни секталардың құрамында. Көпшілік дәстүрлі емес діндерге күрт өзгерістер жағдайында жан тыныштығын іздеп, содан баяндылық табамын деген үмітпен барады.  Деструктивті культтердің құрбандарына бірінші кезекте психологиялық көмек керек. Алайда бұл РФ мен ТМД елдерінде жақсы қолға алынбай отыр. Мысалы АҚШ-та 20 жыл бойына  "Американдық жанұялық фонд" және " Культтер туралы түсінік" сияқты ұйымдар жұмыс істеп келеді.

Жастарды құтқару мақсатында Ресейде жұмыс істеп жатқан діни ұйымдардың ішіндегі ең қауіптісі: "Бірігу шіркеуі" , айентологиялық шіркеу"; "Иегова куәгерлері"; "Христос шіркеуі"; "Кришнаны танудың халықаралық қауымдастығы";  "АУМ синрике"; "Иисус Христос шіркеуі" (мормондар);  "Соңғы Өсиет шіркеуі" (Виссарион);  "Құдайшыл орталық";  "Жанұя" («Құдай балалары» деп те аталады). Сонымен бірге Ресейде пайда болған жаңа діни бірлестіктерге «Құдайтуар орталық», «Ұлы Ақ Ағайындастық», «Соңғы өсиет шіркеуі», «Порфирий Иванов» жатады.

4.3 Қазақстан Республикасы – 40-тан артық конфессиялар мен деноминациялар, сонымен бірге 130 ұлттар мен ұлыстаран тұратын келісімі мен бейбітішілігі жарасқан елге айналып отыр.  Тарихымызға үңілетін болсақ Қазақстан барлық діндердің тоғысатын жер торабында орналасқан, әртүрлі мәдениеттер мен өркениеттердің, Батыс пен Шығыстың мәдени сұхбатына себепкер болған. Бүгінгі таңда өркениеттер мен мәдениеттер сұхбаты рухани бірлік пен ынтымақты нығайтып, адамдардың кешірімшіл, мейірімді, төзімді болуын насихаттайды. Бүгінгі күні әртүрлі діндер арасындағы танымдық сұхбаттың мақсаты – рухани бірлік пен татулық, сонымен бірге діннің жан-жақтылығын қолдау болып отыр.  Бұл өмір сүрудің ешқашан бұлжымайтын тұрақты қағидалары, осыларды әлемдік саясатта бұзғысы келетін саяси күштер, идеологиялар күннен күнге өсіп әрі күшейіп келеді. Террормен күресу үшін елдерді бомбалау деген әділ саясат емес. Мұндай саясат өміршең болмайды.

Соңғы кездері Батыс пен мұсылман елдері арасындағы сұхбаттың негізгі тақырыбы – демократия мен адам құқығы болып отыр. Бұл мәселелердің жалпы тұтастығы қызығушылық тудырады. Әсіресе мұсылман әлеміндегі демократияның дамуы, сонымен бірге адам құқықтары принциптерін бекіту және әртүрлі өркениеттер мен мәдениеттер арасындағы сұхбатты қолдау өте-мөте өзекті тақырып.

Бүгінгі таңда әртүрлі діндер арасындағы сұхбатты тұрақтандыру өте қажет. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың ықыласымен Астанада тұңғыш рет ғаламдық және дәстүрлі діндердің өкілдерінің қатысуымен съезд өткізілді. Бұл дәстүрге айналып отыр. Бірегей унитарлы мемлекет аймағындағы әртүрлі ұлттар мен ұлыстардың бейбітшіл көңіл-күйі үлгілі мемлекет мұратының негізгі нысаны. Біз әлемге үлгі боламыз. Планетарлы этика принциптерін қабылдауға дайынбыз.

Қазақстан Республикасы еуразия өркениетінің бір бөлігі, статусы жағынан еуразиялық мемлекет болып табылады. Бүгінгі Қазақстанның дамуы тілі, салт-дәстүрі ортақ көпғасырлық тарихы бар көп ұлтты түркі-ислам мәдениетінен бастау алатыны сөзсіз. Алайда көршілес туысқан мемлекеттермен салыстырғанда бізде біржақты таза мұсылман мәдениеті жетекші позицияда бола алмайды. Ежелгі заманда қазақ даласында әлем діндерінің барлығы болды. Ол кезеңдерде діндер мен сенімдердің сұхбаты күн көріс үшін қажеттілік болатын. Бүгінгі қажеттілік басқада. Ұлттық және азаматтық консолидация түріндегі сұхбатты жетілдіру мен орнықтыру мақсатында барлық жағдайлар жасалып отыр, жас мемлекеттің әлемдік даму контекстіндегі тұрақты және сенімді экономикалық өсімі, демократиялық және азаматтық қоғам институттарының дамуы, тұрақтылық, қауіпсіздік, егемендік идеяларының нығаюы осы бағыт үшін ынталанады. Соңғы жылдары Алматы Брюссель қаласы сияқты Азия құрлығындағы мемлекет пен өркениет аралық сұхбатты ұйымдастырушы халықаралық қалаға айналып отыр. Жаһандастыру қарсаңында бүгінгі Қазақстан өркениеттік дамудың өз жолын таңдауы және ол жол ұлттың төл мүддесіне сай келуі тиіс. Алматыда өткен Екінші Еуразия медиа-форумының қонақтары мен делегаттары Шығыс пен Батыс арасындағы қарама-қайшылықтардың негізі дінге байланысты деп отыр. Біздің елімізде болса, әртүрлі діндердің кішіпейіл бейбітшіл ниеті әлі сақталып келеді. Ең маңыздысы сол ол христиандық православие мен ислам қарым-қатынасының толеранттылығы ерекше сипатта.

Қазақтар көшпенділердің ұрпағы, барлығымызға белгілі мыңдаған жылдар бойына олар сыртқы өзгермелі шарттылықтарға жақсы бейімделіп отырды. Ұлы Жібек Жолының көп бөлігі Орталық Азия мен Қазақстаннан өтетін болған. Бұл жолдың әлемдік өркениеттер тарихында алатын орны зор. Батыс пен Шығысты жалғастырушы көпір болған. Бұл турасында бірінші тараудың бірінші бөлімінде толығырақ айтылды. Бүгінгі жаңашыл Қазақстандағы Батыс пен Шығыстың арасында салынып жатқан темір жол осы Жібек Жолының бағыты бойынша яки бұл осы керуен жолдың қайта жаңғыруы. Мұның өзі болашағына үміт күттіретін жоба. Кезіндегі діни, мәдени байланыстар енді жаңаша түрде бүгінгі ғаламдық хал-ахуалдың сұранысына орай жаңаша түрдегі мәдениеттер сұхбаты жаңа кейіпке ие болайын деп отыр. Басқа мәдени рухани кеңістікке еркін бойлап өзара өзекті мәселелерді еркін шешуге жол ашылған тәрізді. Қазақстан мұндай ұмтылыстарға оң ниетін білдіреді. Біздің толерантты көңіл-күйімізді сезінген халықаралық қауымдастық өзінің жоғары бағасын беріп отыр. Әлемнің бізді жете тануына тағы бір себеп, ол 2010 жылы Қазақстанның ОБСЕ-ге жетекшілік етуі. Бұл үлкен жауапкершілікті жүктейді. Қазақстан дәл бүгінгі күні өркениеттер сұхбатындағы Батыс пен Шығыстың арасын жалғастырушы көпір деп танылуда. Елбасымыздың өзі осындай сенімді нықтай түсу мақсатында көптеген халықаралық және аймақтық жобалардың ынталы көшбасшысына айналып отыр.  

 

Әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

 

1.     Дінтану негіздері. Алматы, «Қазақ университеті», 2006.

2.     Гараджа В.И. Религиоведение. – М.: 1995.

3.     Кулапов А.Е. Религии мира. – М.: 1996.

4.     Мень А. История религии. – М.: 1994.

5.     Яблоков И.Н. Основы религиоведения. – М.: 1994.

6.     Радугин А.А. Введение в религиоведение. – М.: 1996.

7.     Щапов Я.Н. Религии мира. – М.: 1994.

8.     Писманкин М.Г. Религия в истории и культуре. – М.: 1998.

9.     Топарев С.А. Ранние формы религии. – М.: 1990.

10. Васильев Л.С. История религии Востока. – М.: 1983.

11. Васильев Л.С. Культы, религии, традиции в Китае. – М.: 1970.

12. Кочетов А.Н. Буддизм. – М.: 1983.

13. Крывелев И.А. История религии. – М.: 1976.

14. Религии мира. – Минск, 1996.

15. Гараджа В.И. Протестантизм. – М.: 1987.

16. Мчедлов М.П. Католицизм. – М.: 1989.

17. Чеканов Д.А., Кондрашов В.А. История религий - Ростов н/Д: Феникс, 2004.

18. Религиоведение. Словарь. – М.: 2007.

 

Қосымша әдебиеттер:

 

19. Русское православие: вехи истории. – М.: 1989.

20. Христианство. Словарь. – М.: 1994.

21. Еремеев Д.Е. Ислам. – М.: 1990.

22. Ислам: энциклопедический словарь. – М.: 1991.

23. Хрестоматия по исламу. – М.: 1994.

24. Косиченко А.Г., Нысанбаев А.Н., Кенисарин Д.А., Мельник Е.В. Ислам и христианство. – Алматы, 2001.

25. Суртангалиева А.К. Ислам в Казахстане. – Алматы, 1998.

26. Иванов В., Трофимов Я. Религии Казахстана. Справочник. – Алматы, 1999.

27. Религия и общество (хрестоматия). – М.: 1996.

28.  Трофимов Я.Ф. Религия и политика. – Караганда, 2002.

29. Орынбеков М.С. Генезис религиозности в Казахстане. – Алматы, 2005.

  

А Қосымшасы

 

Әлем діндері санының динамикасы

 

Жер шарының тұрғындарының саны –  6 055 049 000 адам. ХХ ғасырда адам саны 4 есе өсті, алдағы 50 жылда үш есе өседі. Зерттеушілердің есебі бойынша 2050 жылға қарай Жер бетінде шамамен 9 000 000 000 адам өмір сүретін болады.

 

Ең үлкен дін – Христиандық болып табылады (жалпы халықтың 33.0 % құрайды).

Жер шарының бестен бірі Ислам дінінің өкілдері (жалпы халықтың 19.6 %).

13.4 %  Индуизмді ұстанады.

6.4 % Қытай этникалық діні [Ch-folk].

5.9 % Буддистер.

3.6 % Этникалық діндер.

1.7 % Жаңа азиаттық діндер.

 

Бір пайыздан азы төмендегі ұсақ діни топтарды құрайды:

Сикхистер (Sikhs) - 23 млн. адам, шамамен 0.3 %.

Иудаистер - 14 млн. адам, шамамен  0.2 %.

Бахаистер - 7 млн. адам, шамамен 0.1 %.

Бұл діндердің әрқайсысының ізбасарлары орташа европалық елдің тұрғындарының санынан көп немесе тең. Мысалы, иудаистер орта есеппен Австрия, Грекия және Португалия елдері тұрғындарынан бір жарым есе көп.

 

Жер шары тұрғындарының 12.7 % ешқандай дінді ұстанбайды. Оларды атеист деуге де болмайды. Дінді ұстанбайтындар дін бар аймақтардан тысқары өмір сүріп жатқандар деген пікір дұрыс емес.  Бұл топқа қандай да бір  конфессияның құрамына енбейтін, діни дүниетанымы анықталмаған тұлғалар жатады.  Бұл топқа сонымен бірге діни сферадан аулақ жүргендер де енеді. Олар үшін дін жоқ, сондықтан діншілдік те жоқ.

 

Діннен аулақ халықтарға діннің антиподы - атеизм (халықтың 2.5 %) өкілдері жатады. Олар барлық дінді жоққа шығарады, онда діни пайымның барлық атрибуттары бар. Атеизм діннің жоқтығына кәміл сенеді.

 

Дінді ұстанбайтындар мен атеистер Жер шары халқының 15.2 % құрайды.

 

Негізгі цифрлар мен процестер:

 

I. Жер халқы

Жылына 124.3 млн. адам туылады, ол Жер тұрғындарының 2.05 % құрайды.

Жылына 52.7 млн. адам өледі - ол Жер тұрғындарының 0.87 % құрайды.

Туу мен өлім арасындағы айырмашылықты нақтылайтын болсақ, адам тууы көп, халық өсімі - 71.6 млн. адам, Жер тұрғындарының 1.18 % құрайды.

 

II. Христиандық

Жылына христиан отбасында 36.6 млн. адам (1.83 % христиандар) туылады. Христиандықты 19.0 млн. адам қабылдайды (0.95 %), Христиандықтан басқа діндерге 16.5 млн. адам кетеді (0.83 %), 18.4 млн. христиан (0.92 %) өледі. Осылайша нәтижені есептейтін болсақ 20.7 млн. адам әлемде христиан дінін ұстанады (жылына 1.04 % христиандар немесе жылына жер тұрғындарының 0.34 %).

Осындай тәсілмен христиан емес Жер шарының тұрғындарын есептеуге болады.

Христиан еместер жылына: 87.7 млн. (2.16 % жер тұрғындары) адам туылады, христиандықтан 16.5 млн. (0.41 %) адам шығады, христиандыққа 19.0 млн. (0.47 %) адам өтеді және 34.3 млн. (0.85 %) адам өледі. Таза христиан еместердің саны 50.9 млн. (1.26 % христиан еместер немесе жер тұрғындарының 0.84 %).

Христиандардың өсімі Жер шары тұрғындарының үштен бірін құрайды, алайда бұл басқа діндермен салыстырғанда екі жарым есе аз.

 

III. Ислам

Барлық діндердің ішінде Исламды қабылдаушылардың саны өте тез өсіп келеді. Жылдық өсімі 24.9 млн. (2.1 %) адам, жер шары тұрғындарының 0.4 % .

IV. Индуистер

Индуизм дінін ұстанушылар жылына 1.7 % немесе 13.8 млн. адамға өсіп отыр.

V. Буддистер

Өсім 1.1% немесе жылына 3.9 млн. адам.

VI. Этникалық діндер

Өсім 1.3 % немесе жылына 2.9 млн. адам.

VII. Қытай этникалық діні [Ch-folk]

Өсім 1.0 % немесе жылына 3.8 млн. адам.

VIII. Жаңа Азиаттық діндер

Өсім 1.0 % немесе жылына 1.0 млн. адам.

IX. Иудаизм

Өсім 0.9 % немесе жылына 0.13 млн. (130 мың) адам.

X. Сикхилер

Өсім 1.9 % немесе жылына 0.2 млн. (200 мың.) адам.

XI. Христиан емес спиритуалистер

Өсім 2.0 % немесе жылына 0.2 млн. (200 мың.) адам.

XII. Синтоистер

Өсім -1.0 % (азайып барады) немесе жылына -0.03 млн. (-30 мың .) адам.

XIII. Джайнистер

Өсім 0.9 % немесе жылына 0.04 млн. (40 мың) адам.

Христиан конфессияларының динамикасы. Католиктік шіркеу - өсім 1.3 % немесе жылына 13.5 млн адам.

2. Тәуелсіз христиан шіркеулері - өсім 2.5 % немесе жылына 9.5 млн. адам.

3. Протестанттар - өсім 1.4 % немес жылына 4.85 млн. адам.

4. Англикандар - өсім 1.56 % немесе жылына 1.24 млн. адам.

5. Православтықтар - өсім 0.54 % немесе жылына 1.17 млн адам.

6. Маргинальды христиандық топтар - өсім 1.68 % немесе жылына 0.4 млн (440 тыс) адам.

 

Тарихи мәліметтер:

Иисус Христостың уақытынан бүгінгі күнге дейін Жер бетінде 36 831 млн адам (36.8 миллиард) адам туылған. Бұл Жер бетіндегі адам өсімінің өзгеріске түсіп отыратынын байқатады. 20 ғасыр ішінде адамдардың 24 % (8 816 млн. адам) ғана христиан болған. Цифрлар христиандықтың ақиқат жақтастары мен әлем тарихының жүрісіне ықпалының сәйкессіздігін байқатады.

 

Христиандықтың азаптанушылары:

Христиандықтың алғашқы ғасырларында азаптанушылар оның дамуы мен тарауына үлкен ықпал етті. Олардың миссиясы жоғарғы деңгейде идеологиялық сипатта болды, адам санасындағы төңкерістің орнығуына жол ашты. XX ғасырда азаптанушылардың саны өткен ғасырлармен салыстырғанда бірнеше есе көп.

 

Құрлық бойынша тұрғындар бөлінісі:

I. Азия

Азия аймағында 50 мемлекет бар, онда 3 696 988 087 адам қоныстанған, ол Жер бетіндегі адамның 61 % құрайды және көлемі жағынан Азиядан кейін екінші орынды иеленетін Африка халықтарынан 5 есе көп.

II. Африка

Африка мемлекеттер саны жағынан бірінші орында, онда 60 ел бар.  Африкада Жер тұрғындарының 13 % қоныстанған немесе 784 537 686 адам.

III. Еуропа

Еуропа Африкадан 1 % қалып отыр, онда 728 886 949 адам немесе Жер тұрғындарының 12 %.  Еуропада 48 мемлекет бар.

IV. Латын Америкасы

Латын Америкасының 46 елінде Жер шары тұрғындарының 8.6 % қоныстанған (519 137 936 адам).

V. Солтүстік Америка

Халқы – 309 631 092 адам, Жер шары тұрғындарының 5 %.

VI. Океания

Жер шары тұрғындарының 0.5 % (30 393 392 адам) тұрақтанған Австралия мен Океания аралдарында 28 мемлекет бар.

 

Дінді континенттер бойынша бөлу:

(% дінді жақтаушылардың саны)

 

Христиандар:

Африка - 18 %

Азия - 15.6%

Еуропа - 28 %

Латын Америкасы - 24 %

Солтүстік Америка - 13 %

Океания - 1.3 %

 

Мұсылмандар:

Африка - 26.7 %

Азия - 70 %

Еуропа - 2.7 %

Латын Америкасы - 0.14 %

Солтүстік Америка - 0.37 %

Океания - 0.03 %

 

Индуистер:

Африка - 0.3 %

Азия - 99 %

Еуропа - 0.2 %

Латын Америкасы - 0.1 %

Солтүстік Америка - 0.2 %

Океания - 0.04 %

 

Атеистер:

Африка - 0.6 %

Азия - 79.5 %

Еуропа - 14%

Латын Америкасы - 2.0 %

Солтүстік Америка - 3.3 %

Океания - 0.4 %

 

World Christian Encyclopedia. 2nd edition бойынша құрастырылған. A comparative survey of churches and religions in the modern world. Oxford University Press. 2001.

 

Б Қосымшасы

 

Православиелік сенім құдайылық аяның нәтижелері болып табылатын өзгермейтін ақиқаттар – догматтар жиынтығына негізделеді. Олардың ішіндегі ең негізгілері – Құдайдың үштік бірлігі догматы, Құдайға айналу мен күнәні өтеу догматтары. Үштік догматтың мәні мынады. Құдай тек тұлғалық емес, рухани мән. Ол үш бейнеде – Құдай-әке, Құдай-бала, Құдай-Қасиетті Рух болып көрінеді. Бұл үш бейне өз мәнінде ажырамайтын, Құдайылық дәрежесі тең біртұтас Қасиетті үштікті құрайды.

Православиелік ілім дүниенің пайда болуы, мақсаты мен ақыры адам мен оның күнәкәр табиғаты, құдайылық шарапат туралы догматтарды қамтиды. Осы догматтардың барлығыны шіркеу сөзсіз ақиқат, беделді, қарсылық тудырмайтын, өзгермейтін деп жариялайды. Олар дамымайды, кемелденбейді, парасатпен емес, сенім арқылы жүрекпен қабылданады. Бірақ парасат, шіркеудің ойынша, осы ақиқаттарды ашып, олардың мәнін түсінуге ықпал етеді.

Православиенің католицизмнен ерекшелігі – алғашқы әлемдік жеті собордан бері ол өз ілімінде бірде-бір догмат қосқан жоқ және протестанттардан айырмашылығы – бірден-бір догматтан бас тартпады. Дәл осыны Православиелік шіркеу бастапқы христианшылдыққа берілгендіктің дәлелі деп санайды. Парвославие тек бір құпия – шоқынуға ғана емес, құпиялардың бәріне догматтік  сипат береді.

Православиеде бірқатар әдет-ғұрыптарды – дұға оқуды, шоқынуды, икона алдында бас киімді шешуді, тізе бүгуді, нақыл сөздерді тыңдауды, құдайға құлшылық етуге қатысты талап етеді. Бұл ағымның маңызды элементтерінің бірі – мейрамдар. Олардың ішіндегі ең салтанаттысы Пасха болып табылады. Пасхамен қатар басқа мерекелерді тойлайды. Олар: Христостың туған күні – Троица немес Пятидесятница, Евангелиелік аңызға сай Иерусалим Храмында жаңа туған Иисусқа құдай ретінде бата беру мейрамы, Құдай ананың туған күні, Құдай-ананың храмға кіруі, Петр мен Павелдің туған күні т.б. толып жатқан мереклері бар.

Католицизм туралы айтатын болсақ, католиктік ілім Қасиетті Жазу мен Қасиетті аңызға негізделеді. Католиктік ілім аман қалудың негізі ретінде сенім мен игі істерді мойындай отырып, шіркеуді аман қалудың қажетті құралы деп жариялайды. Адамдардың Шіркеуден тыс аман қалуы мүмкін емес, өйткені тек шіркеу ғана бастапқы күнә салдарынан адамдардың жоғалтқан жоғары мақсаты – Құдайға ұмтылу қабілетін қайта қалпына келтіре алады. Шіркеу бұл шығынды Христос, Құдай-ана және т.б. жасаған игі істермен толтырды. Католикиік иерархиялар осы игіліктерді өз қалауынша пайдаланып, оларды адамдар істеген игі істерімен толтырды. Католиктік иерархиялар осы игіліктерді өз қалауынша пайдаланып,  оларды адамдардың істеген игі істер қатарына жатқызады.

Басқа бағыттармен салыстырғанда католицизмнің ерекшеліктеріне Құдай-ана (Дева Мария) культінің ерекше дамуы жатады. Бұл культ негізінде православие мен протестанизмде жоқ догматтар жасалып, жарияланды. 1854 жылы  Марияның пәктігімен жүкті болуы, 1950 жылы Құдай-Ана денесінің көкке көтерілуі догматтары қабылданды. 1964 жылы Павел ҮІ Папа оны Шіркеу анасы деп жариялайды. Құдай-Ана культі діндарлар арасында кең таралды, өйткені ол абстрактілі Үштікке қарағанда бұқара халыққа түсінікті болды.

Католицизм де жеті құпияны мойындайды. Оларды былай орындайды: шоқыну, су бүрку, суға толық бойлау арқылы жүргізіледі. Бұл рәсім 7-12 жаста (қазір Ресейде 15 жаста) епископтың қатысуымен жасалады. Олар үш саусақпен емес бес саусақпен шоқынады. Католиктік бес саусақ Христос денесіндегі бес жараны білдірсе, правславтық үш саусақ үштік догматын білдіреді. Католицизмнің негізгі мерекесі – Рождество.

Протестанттық конфессиялардың басым көпшілігі маңызды догматы- Христостың адамдар күнәсын өтеу құрбандығына сену арқылы ақталу ілімі. Ал аман қалудың басқа тәсілдері (рәсімдер, апзкеза  құдайға жағымды істер және т.б.) маңызды емес деп аталады. Игі істер Құдайға деген махаббаттан туындайды.

Протестанттық шіркеудің ұйымдық құрылымына жаңа қоғамдық-мәдени ахуал ықпал етті, онда сословиелік-корпоративті құраудан босанған тұлғаның жаңа рухани талаптары көрініс тапты. Барлық протестанттарды Рим папасының билігін мойындамау біріктіреді.

Жалпы шарапаттылық принципі протестантизде өте маңызды болып табылады. Кез келген христианға протестантар көзқарасына сәйкес шоқыну қуаты арқылы құдайлық құдірет дамиды, құдай шарапты сенім арқылы шоқынғандардың бәріне таратады.

Шіркеудің барлық мүшелері қауымда белсенді рөл атқарып, сайланбалы жетекші органдарға қатыса алады. Қауымдар дьякондар мен пресвитерлерді, уағызшылдар мен игі хабар айтатындарды, пасторлар менепископтарды сайлайды немесе шақырады. Культті жеңілдету мен арзандату үшін күрескен протестантизм қайтыс болғандар үшін дұға құуды, Құдай-Ана мен әулиелерге, иконалар мен киелі заттарға табынуды теріске шығарды. Протестантизм Библияны оқу, уағыз айту құдайға құлшылық етудің негізін құрайды

Протестантизмнің негізгі бағыттары: англиканшылдық, лютераншылдық, кальвинизм, меннониттер, унитаризм.

Германиядағы реформацияның басталуымен Лютер қызметі туралы хабар мен протестанттық шығарамалар тез арада Англияға жетті. Англияда монастырлар жабылып, шіркеу иеліктері секуляризацияланды, әулиелер, иконалар мен мүсіндер, киелі заттар культіне тыйым салынды. Елизавета І билік құрған кез (1559-1603) англиканшылдықтың тұрақтанып, оның ілімі мен литургиялық ерекшеліктерінің қалыптасқан уақыты болды. 1571 жылы «39 статьялар» деп аталған сенім рәмізі бекітілді. Бұл құжатта католицизмнен қалған шіркеудің құтқарушы күші идеясы, иерархиялар туралы ілім сақталды. Бірақ сенім негізі ретіндегі қасиетті Жазу, сенім арқылы аман қалу туралы реформациялық ілім енгізіледі. Англикандықта екі құпия – шоқыну және құдаймен қатынасу құпиялары мойындалады, ал трансубстанция теріске шығарылады. Англикандықта протестанттық элементтері кездеседі. Онда культтерге табыну жоқ. Оның дін басылары некеге тұра алады, қарапайым адамдардың ажырасуға құқы бар. Құдайға сыйыну рәсімі ана тілінде жүргізіледі. Формальді түрде англикандық шіркеудің басшысы король, алайда іс-жүзінде оны  премьер – министр басқарады.

Лютерандық немес евангелиялық атанған шіркеулер солтүстік неміс княздықтарында қалыптасты. Апостолдық және Никей-Констонтинопольдық сенім рәсімін мойындайды. «Аугсбергтік діни сенім» (1530), М. Лютер катехезистері, «келісім кітабы» (1580) сияқты діни ілімдері жинақталған кітаптары бар. Лютераншылдықта епископат, ерекше рухани дәреже беру (ординация), литургия, екі құпия: (нәрестелерді) шоқындыру, құдаймен қатынасу сақталған. Бұл ағымда икондар жоқ, бірақ крестке керілу, дінбасылардың киім киісі мен алтарь сақталған. Бұл ағымның ықпалын ГФР, Швеция, Дания, Норвегия, Финляндия, АҚШ сияқты елдерден байқауға болады. Қазіргі кезде 408 млн протестанттардың 75 млн-ы лютераншылдар болып табылады. 

Кальвинизмнің негізін салған Жан Ковен (Кальвин) (ХҮІ ғасырдың 30 жылдары).  Кальвинизмде жазмыш пен таңдалып алыну доктринасының маңызы өте зор. Соған сай Құдай біреулердің маңдайына мәңгілік рахатқа бөленуді, басқаларына мәңгілік азапты жазған.

Крест кальвинизмнің ресми символы болып табылмайды. Сонымен бірге кальвинистер Құдайға табыну рәсімі кезінде шырақ жағу мен музыкадан бас тартады. Құдайға табыну кезінде  Библия оқып, псалмалар орындалады. Басқа да протестанттар секілді кальвинистер шіркеу адамдарды құтқарушы орталық емес дегенді ұстанады. Лютерандардан ерекшелігі кальвинистер адамды құтқаратын сенім емес, керісінше Құдай берген сыйлар – уақыт, денсаулық, меншік үшін жауапты деп оқытты. Ал өмір парызды өтеу мен Құдай алға қойған мақсатқа ұмтылу ретінде түсінілуі керек. Кальвинизм «қасиетті кітапты» ғана мойындайды. Ортодоксальды кальвинистердің үш түрі бар – реформаторлар, пресвитериандар, конгрегационалистер.

Меннониттер анабаптизм және оның «еркін шіркеулер» туралы идеялары негізінде сектанттық құрылым болып біріге отырып, уақыт өте келе анабаптизмнің көптеген ереже-қағидаларын қайта қарап, діни алаңда дербес орын алуға мүмкіндік беретіндей етіп өзгертті. Бірте-бірте меннониттердің бөлек-бөлек шашырап кеткен сектанттық бірлестіктері ортақ протестанттық діни ұйым құрды. Оның басына голландық католик дінінің қызметшісі, 1531 жылы анабаптистер жағына өткен Менно Симонс («меннониттер» деген атау соның атынан шыққан) тұрды. Менно Симонс (1490 ж. шамасы - 1561) меннониттер шіркеуінің ғана негізін қалаушы емес. Оның «Шынайы христиан сенімінің басты кітабы» (1539) деген еңбегі баптистер шіркеуін құруда (сөз реті келіп тұрғанда айта кетейік, меннониттер мен баптистердің діни ілімдерінде ортақ, ұқсас нәрселер көп-ақ) айтарлықтай рөл атқарды. Менно Симонс қомақты теология негізін сәбилерді шоқындырудан бас тартуға келтіре алды. Ол нақты болмыспен ымыраға келуді, зорлық-зомбылықтан, мойынсұна беруден бас тартуды уағыздап, басқаша айтқанда, «момын» анабаптизм бастамасында құрылған қауымдарды қайта құру идеясын ұсынды. Сол уақыттың тарихи шарттарында бұл өте маңызды еді, өйткені барлық әлеуметтік қақтығыстардың жауапкершілігі ол кезде анабаптистердің мойнына жүктелетін.

Меннониттер балаларды тек кәмелеттік жасқа жеткенде ғана шоқындырады. Олар нан үзу (причащение) — Тәңірге арналған кештерді мойындайды. Оның алдында міндетті түрде аяқ жуу (сенім бойынша «бауырластар» мен «әпке-қарындастар» жұптасып, бір-бірлерінің аяқтарын жуып, қасиетті суйісу рәсімін орындайды) салтымен бір-бірін қарсы алады. Мәсіхтің Туған күні (Рождество Христово), Пасха, Үштік және Егін ору (астық орылып болғаннан кейін) мерекелері тойланады. Шіркеу иерархиясын олар мойындамайды, өйткені барлық қауымдардың дербес басқармалары бар. Бірақ олардың қызметтерін үйлестіріп отыру үшін, орталығы АҚШ-та орналасқан халықаралық орган - Меннониттердің Дүниежүзілік конфедерациясы құрылды.

ХVІІІ ғасырда англикандықтағы индифферентизмді тізгіндеу талпынысы ретінде методистер қозғалысы пайда болды. Негізін қалағандар – ағайынды Джон (1703-1788) мен Чарльз (1707-1788) Уэсилер. Методистер миссионерлік әрекетке және оның жаңа формалары: ашық аспан астында, жұмыс орындарында, түрмелерде және т.б. уағыз айтуға көп көңіл бөлді. 1795 жылы ағылшын шіркеуінен бөлініп шыққан олар ілімді елеулі жеңілдетті, сенім рәмізінің 39 статьясын 25-ке дейін қысқартты. Сенім арқылы аман қалу принципін игі істер туралы іліммен ұштастырды. Қазіргі кезде методизмді 31 млн. адам ұстанады. 

ХVІІ ғасырда «Ішкі нұр достарының христиандық қоғамы» құрылды. Негізін салушы Джордж Фокс (1624-1691). Бұл ілім Құдаймен экстаздық араласу тәсілдеріне қол жеткізу үшін адам әрқашан Құдай алдында «дірілдеп» тұруы қажет екенін атап көрсетті. Сондықтан бұлар – квакерлер (ағыл. Quake – селкілдеу) деп аталады. Құдайға құлшылық ету оларда Құдаймен іштей сырласудан және уағыз айтудан тұрады. Әлемде 200 мыңдай квакерлер бар.

Протестанизмнің ықпалды топтарының бірі Баптистер XVIІ ғасырда пайда болған. Алғашқы ағылшын баптисі Джон Смит (1554-1612) болып саналады. Қауымдарда ересектерді суға батыру арқылы шоқындыру енгізілді. Олар діни еркіндікті, төзімділікті, шіркеуді мемлекеттен бөлуді талап етті. Олар шоқынуды сенімді саналы қабылдау, рухани қайта түлеу деп түсінеді. Тек суда шоқынуды қабылдағандар ғана қауымның толыққанды мүшесі саналады. Шоқыну мен нан үзу Христоспен рухани тұтасуды білдіретін рәсімдер болып табылады. Оларды сайланбалы пресвитерлер басқарады, ал оларға дьякондар мен уағызшылдар көмектеседі.  Баптизмнің ең ірі ұйымдары АҚШ-та құрылды. 1905 жылы Лондонда өткен бірінші конгресте баптистердің Дүниежүзілік Одағы құрылды. Баптизм протестанизмдегі ең ірі конфессиялардың біріне айналды. Баптист қауымдарының мүшелерінің саны 35 млн жуық, ал балаларды, жастарды «достарды» қосқанда баптизм ізбасарлары 75 млн асады. 122 елде баптистік шіркеулер бар.

ХІХ ғ 30-жылдарының басында АҚШ-та баптизмнен адвентистер (лат. Adventus – келу) діни ағымы бөлініп шықты. Уағызшыл Уильям Миллер (1782-1849) 1831 жылдың жазында Христостың екінші рет келетін күнін – 1843 жылдың 21 наурызын есептеп шықтым деп жариялады. 1843 жылы ол «Жазу дәлелдері және баяндамалар шолуында айтылған Христостың екінші рет келу тарихы» атты кітабын шығарды. Миллердің ізбасарлары енді қайтып екінші келудің дәл күнін айтпайтын болды. Адвентистер жанды мәңгілік деп санамайды, олар жан тәнмен бірге өліп, қайта тіріледі деп оқытады. Соған қарамастан олар әрбір адамды құдай «жазып», тізімге алған деп тұжырымдайды. Қайта тірілген ізгі ниеттілер алдымен Христостың мың жылдық патшалығында, содан соң жаңарған жерде мәңгілік өмір сүреді, ал соңғы Сот (ақірет) үшін қайта тірілген күнәһарлар жын-шайтанмен бірге түпкілікті жойылады дейді. Адам тәнін қайта тірілуге дайындайтын санитарлық форма шошқа етіне, шәй мен кофеге, темекі мен ішімдікке, дәрі-дәрмек пайдалануға тыйым салады.

Протестанизмнің тағы бір бағыты Елуіншілер (пятидесятниктер) ХІХ ғ соңында АҚШ-та пайда болды. Бұл конфессияның негізінде жаңа өсиеттік «Апостолдар істері» кітабында баяндалған, Пасхадан елу күн өткен соң Қасиетті Рухтың апостолдарға түсуі туралы аңыз жатыр. Бұл қозғалыстың өкілдері әрбір нағыз христиан Қасиетті Рухтың сыйлары: болашақты болжау, науқастарды емдеу, басқа тілде сөйлеу қабілетіне ие бола алады деп санайды. Бұлар ілімі жағынан баптистерге жақын. Бұл конфессия өсіп келе жатыр. Әртүрлі шіркеулердің 51 млн-нан аса мүшелері мен 11 млн-нан аса жанашырлары бар.

Иегова куәгерлері 1931 жылы құрылды. Олардың басқа христиан конфессияларынан айырмашылығы көп. Олар Үштікті терістеп, бір Құдай –Иегова туралы айтады. Христосты Құдай жаратқан жоғары табиғилықтан тыс тіршілік иесі деп санайды. Адам қалпына еніп, қайта тірілген Христос 144 мың таңдаулы «Иегова куәгерлерін» біріктіріп, жерде құдайға қарсы шыққан шайтанмен соғысқа дайындалуда. Олар Иегованың шайтан күштерімен шешу күресі – «Армагеддон» жақындады, оның соңында шайтан мен оның жақтастары құриды, ал иеговашылар жаңа дүниеде – Христос басқаратын теократиялық мемлекетте өмір сүреді деп болжайды. «Иегова куәгерлері» 3 млн 600 мың адам.

Құран (араб тілінен аударғанда – «естіп оқу») мұсылмандардың негізгі қасиетті кітабы. Онда «Құдаий аян түрінде» айтылған Мұхаммед пайғамбардың Жәбірейіл періште арқылы түсірілген. Пайғамбар оны адамдарға жариялады. Оның көзі тірісінде Құранның мәтіні көбінде ауыздан-ауызға беріліп отырылған. Кейбір аяндарында жазбаша нұсқалары болған көрінеді. Бірақ олар өте аз болған.

Құранның жалпы жұртшылық қабылдаған Османдық нұсқасы 114 мазмұндық фрагменттерден (сүрелерден) тұрады. Ол сыртқы түріне, яғни, негізінен бірте-бірте азаюына байланысты орналастырылған. Сондықтан болар Құранда композициялық біртұтастық жоқ. Сүрелердің өз белгілі бір өлеңдерден-аяттардан құралған. Бірінше сүре «Фатиха» («Бастауыш» немесе «Ашушы») сүресі 7 өлеңнен тұрады. Екінші сүре («Сиыр») ең ұзақ сүре, 286 аяттан тұрады. Барлығы Құран 6204 (6236) аяттан құралған. Оларды қолдануға ыңғайлы болуы үшін 30 бөлікке – жүзге және 60 тарауға – хизбқа бөледі. Мұхаммедтің уағызының дамуы туралы ортақ исламдық көзқарасты ұстанатын мұсылмандық дәстүр Құран материалын екі кезеңге – 90 сүрелік меккелік және 24 сүрелік мединелік кезеңге бөледі. Құранның құрастырылу тарихын және оның ерекшеліктерін білдіретін кезеңді хронологияның жалпылама сұлбаларында меккелік кезең деп қарастырады. Ол үш кезеңшелерге бөлінеді: 1) Ең ерте кезеңі – ақындық кезең. Ол тақпақталған прозада жазылған кахиндердің көріпкелдігін еске түсіретін ықшам сүрелерден тұрады. Онда Ақырғы сот күнінің бейнесі мен исламның қарсыластары – күнәһарлардың тозақтағы қиыншылықтары берілген; 2) Рахмандық кезең. Рахман қайырымды дегенді білдіреді. Алланың аттарының бірі. Ол алғашқы аңыздардың пайда болуымен бірге басталды; 3) Пайғамбарлық кезеңде баяндаушылық рухтағы мәтіндердің көп бөлігі, соның арасында Мұхаммедтің алдындағы ежелгі пайғамбарлар тарихын сипаттау жатады. Ал мединелік кезең туралы айтсақ – құрандық аяндар түсу кезеңінің сүрелері діни, азаматтық және қылмыстық істерге қатысты жүйеге келтірілмеген нұсқаулар мен ережелерден тұрады. Сонымен бірге қара сөзбен жазылған үзінділер ақындық өлең жолдарының үзінділерімен араласа жүріп отырады.

Мұхаммедтің діни өсиет айтуының алғашқы кезеңдерінде-ақ мұсылмандарға қойылатын негізгі талаптар айқындалды. Бірінші орынға Аллахты бір құдай ретінде мойындайтын қатаң монотеизм мен оның елшісін тану қойылды.  Бес рет оқылатын намаз ұсынылды. Біртіндеп ораза тұту, тазару садақасын беру және Меккеге қажылыққа бару белгіленді.

Ислам діні ҮІІ ғасырда Арабия түбегінде пайда болды. Арабиядағы біртұтас феодалдық мемлекет құрудың бірден-бірі жолы ислам діні болды. Ислам деген сөз бір құдайға, барлық болмыстың басы мен ақырына иелік етуші бір Аллаға бас ию, шынайы ниет білдіру, жан-тәніңмен беріліп құлшылық ету дегенді білдіреді. Ислам – Алла аманатын орындаудың ең жоғарғы сатысы. Мұсылмандар пайғамбарларды бөлмейді, олардың бәрін де ең абыройлы фәнилер қатарында құрметтейді. Деректердің айтуынша соңғы ислам діні соңғы пайғамбар Хазіреті Мұхаммедке ең кәміл, әмбебап, бәрін қамтушы сипатта, толық қалпымен жіберілген. Мұхаммед пайғамбар сәуір айының 20-күні 569 жылы Хижаз өңіріндегі Мекке қаласында дүниеге келді. Бұл кезең әдебиеттерде жаһилия дәуірі (надандық, қараңғылық) деп аталады. Алайда пайғамбарымыз осындай қоғамның азғыншылығына шалдықпаған, пәк яки адал күйінде сақталған ғазиз жан. Қырыққа таяған шағында көбінесе елден алыстап, таудағы үңгірге барып, Жаратушыны ойлап, нәпсіні тәрбие етумен уақыт өткізе бастайды. Сондай бір күнде, періште Жебірейіл тарапынан Алла тағаланың сөзі Құран Кәрімнің алғашқы аяттары уәхи етіліп, пайғамбарлық жолы ашылады. Бұл 610 жылдың рамазан айы болатын. Адамзат тарихындағы ең маңызды дәуірдің, ең үлкен жаңалықтардың, Ислам өркениетінің бастауы, міне, осы уақиғаға тікелей қатысты. Исламның айтуынша, дін – бірегей қозғалыстағы процесс, әрі адамның мұқтаждығына сәйкесті түрде кемелдену ахуалы. Құран Кәрім дінді қастерлеуге лайық нәрсе деп есептейді. Исламда негізгі алты белгі бар: Аллаға, Періштелерге, Қасиетті кітаптарға, Пайғамбарларға, Ақыр заман күніне, тағдырға сену. Құранда – Адам, Ыдырыс, Нух, Худ, Салих, Ибраһим, Лут, Ысмаил, Жақып, Жүсіп, Аййюб, Шуэйб, Мұса, Харун, Зуль-Кифль, Дәуід, Сүлеймен, Ілияс, Зәкәрия, Яхья, Иса, Мұхаммед сияқты есімдер айтылады. Құранда дінге сенушілердің атасы – Авраам және ол мұсылман деп көрсетіледі. Өйткені ол бір құдайға сенуді үндеген алғашқы адам. Авраам пұтқа табынуды жоққа шығарған, сол себепті оны ханиф  деген атаумен байланыстырамыз. Исус Христос есімін де Құранның талай бетінен кездестіреміз. Алайда Мұхаммедтің өзі христиандық пен исламның айырмашылығын баса айтады. Хадисте Мұхаммед пайғамбардың: «Мені Исус Христос (Мәриамның ұлы) сияқты мадақтамаңдар, өйткені мен – құдайдың құлымын; мені Құдайдың құлы немесе Алланың елшісі деп атаңдар», – деген сөздері сақталған. Құран сүрелерінде көрсетілген пайғамбарлар жөніндегі ілім монотеистік діндердің сабақтастығын ғана айтып қоймайды, адамзаттың шығу тегінің бір екендігі идеясына алып келеді. Мұхаммед  632 жылы қайтыс болды. Ол өз мұрагері туралы өсиет қалдырмады. Алғашқы халиф болып Әбу Бәкір сайланды. Одан кейінгі Омар, Осман, Әли сияқты кемеңгер халифтердің болғандығын тарих айтып отыр. 

Мұсылман теологиясы құрамында Құрандық экзегетика (ар. Тафсир – талқылау) сынды үлкен аумақты бөлім бар. Тафсирдің қажеттілігі Құранның пайда болуымен бірге шықты. Құрандық аяндардың көпшілігінің мазмұны сол Мұхаммедтің өзінің тұсында жаңа діннің мазмұнымен бірінші рет танысып отырған замандастарына да түсініксіз болған еді. Соны түсіндіріп, адамдарға жеткізу үшін өте-мөте қажеттілік болды.

Шариғат (араб. «шариа» - түзу, дұрыс жол, заң, қағида, міндет деп танылатын ұстаным) исламдық  өмір салты туралы жалпы ілімді білдіреді. Шариаттан іс-әрекет пен мінез-құлықтың нақты ережелерін  шығарумен айналысатын пән фикх (араб. «терең түсіну», «білу») деп аталады. Ислам түсінігінде шариғат пен фикх мәні жағынан негізінен тең ұғымдар болып бағаланады, сөйтіп олар көп жағдайда синонимдер ретінде пайдаланылады. Мұсылман құқықтарының негізгі ретінде Құран мен Сунна қарастырылады.

Сунниттер исламдағы ең ірі бағыт. Әлемдегі мұсылмандардың 90 пайызы суниттік исламды ұстанады. Олар Мухаммедтің заңды ізбасарлары деп төрт халифті — Абу Бакр, Омар, Осман және Алиді мойындайды. Суниттерге тән белгілердің негізгілеріне: төрт «тақуа халифтердің» заңды билігін мойындау; алты «қағидалы» хадис жинақтарының дәйектілігіне күмән келтірмеу; суниттік төрт құқықтық мектептердің біріне тиесілі болу (маликиттік, шафиитік, ханифиттік, ханбалиттік) жатады. Шиттерден айырмашылығы – олардың Алла мен адам арасында Мұхаммед пайғамбардан соң елшілік етуші жан жоқ деген идяены жоққа шығаратындығы. Олар Алидің «құдай! Табиғатын да қабыл алмайды әрі оның ұрпақтарының мұсылман қауымында рухани билік жүргізуі тиіс дегенді де мақұлдамайды.  Хронологиялық тұрғыдан алғанда суниттер шииттерден кейін соларға реакция жауап ретінде пайда болды. Х-ХІ ғғ сунизм дербес ағым болып шықты.

Шиизм де, исламның өзі сынды, өз алдына біріккен біртұтас жүйе болып табылмайды. Ол көптеген секталар мен бағыттарға бөлініп кеткен өте бытыраңқы бағыт. Шиат Али (Али партиясы) деген саяси ағым үшінші «тақуа халиф» Османның басқаруы кезінде дүниеге келген. Оның пайда болуына қауымды рухани және зайырлы басқарудағы сабақтастық туралы дау-дамайдың туындауы себепкер болды.  Жоғары билікке үміткер болуға Алидің жөні бар екендігіне байланысты уәж айтылды, яғни оның исламның негізін салушымен туыстастығы (ол Мұхаммед пайғамбардың жиен інісі болған, әрі оның қызы Фатимаға үйленген) туралы сөз болды. Шииттердің діни докторинасының негізін қалаған Абдалла ибн Саба деп есептеледі. Ол шеткі шииттердің көшбасшысы болған. Алиге қастандық жасалғаннан кейін жараланып өлген Алидің қасіретінің культі және Кербалада 680 жылы өлтірілген оның баласы Хусейннің тартқан азабы шииттердің діни ағымға айналуына әкелген факторлар болды.

Шииттік тәжірибеде кең орын алған принцип такия (араб. байқампаздық, естілік, ақылдылық) – «өз сеніміңді ақылмен жасырын-жабу» принципі, яғни адамның жеке басының қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда, әлде жамағаттың ортақ мүддесін көздеу мақсатында өз дініңе, сеніміңе жан дүниеңе берік бола тұра, іс жүзінде – оған қарсы келетін нәрселер жасау мен айтуға рұқсат етіледі. Шииттер мұндайға жайдан-жай жол беріп отырған жоқ. Өйткені олар өз тарихында саны жағынан азғантай болып, біраз қысым көрген жандар.

Хариджизм – бөлек шыққандар, кетіп қалғандар дегенді білдіреді. Халиф Алидің кезінде пайда болды, бұл Сиффин шайқасынан кейін болатын. Хариджиттер өздерінің халифтерін сайлап алып Али мен Муавииді мойындамайтыныдығын жариялайды. Олар заңды халифтер деп Абу Бакр мен Омарды есептеген. Саяси тұрғыдан алғанда хариджиттер радикалды көңіл-күйлер тудырушылар болды, ал діни тұрғыдан алғанда олар исламның «тазалығын» сақтауда және әдет-ғұрыптарды қатаң қадағалауда ештеңеден тайынбайтын топ еді. VII  ғасырдың екінші жартысында хариджиттер арасында бір-бірімен бәсекелес топтар шыға бастады – азракиттер, надждатиттер, байхаситтер, аджрадиттер, саалабиттер, ибадиттер, суфриттер. XX ғасырдың соңында олардың саны 1 мен 3 миллионның арасында. Хариджизм дін өкілдерін жақтырмайтын ибадидтер өмір сүретін Оманда кең тараған.

Сопылық – араб халифатының экономикалық, әлеуметтік-саяси дағдарысқа ұшыраған кезеңінде, көптеген философиялық-діни ағымдардың өзара күресі аясында дүниеге келген. Арабша оны «тасууф», яғни «суф» кигендер деген мағынада қолданады. Ал «суф» – малдың жүні немесе сонан жасалған түкті (жүндес – барақ)  жамылым немесе тоқыма киім. Қазақша оны кебенек немесе шекпен деп түсінуге болады. Олар осылай жұпыны киініп, бұл дүниедегі өмірдің қызығынан безіп, ол дүниені ғана ойлап, барлық өмірін дұғада, зікір салуда өткізетіндер. Олардың түп мақсаты дүниеге алданбай, нәпсінің арбауынан аулақ болып, рухани дүниесін жетілдіру арқылы жаратушыға жақындау, хақтың жолын табу. Софылық ағым – өмірдің ең жоғары мақсаты – адам жанының құдаймен етене бірігуі деп ұғындырады. Олар жалғыз бен көптің, құдай мен адамның қатынасын ерекше атап, соның мәнін іздегендіктен адам проблемасы оның құдайға жақындасу жолындағы адамгершілігі төңірегінде қойылады. Сопылық тәжірибе адамға ішкі тазалық, рухани тыныштық, бақыт сыйлайды. Ал ішкі тыныштық адамға үш түрлі пайда береді: біріншіден, адамның рухы мен сана әлемінде тепе-теңдік орнайды; екіншіден, адам өзін қоршаған сыртқы әлеммен үйлесімділікте сезінеді; үшіншіден, Тәңірімен рухани тұтастықта болу арқылы адам кемелдікке жетеді.  Біз ескеретін жәйт, софылар өздерінің зерттеу шеңберінде біздер онша мән бере бермейтін, назарымыздан тыс қалып кеткен, бірақ қоғамдық, танымдық, этикалық маңызы терең ұғымдарды енгізген. Мысалы – тәуба. Бұл қолында бар нәрсеге қанағат ету. Адамға тән қызығушылықтың, тұтыну мен пайдаланудың, еліктеушіліктің өз шекарасы, өлшемі бар. Бар нәрсеге қанағат ету керек. Бұл өте маңызды адами қасиеттердің бірі. Тәубе – мәдениеттіліктің өлшемі. Келесі маңызды қасиет – қырағылық. Әркім өмірлік қадамдарында жан-жағына қарап, өзін ыңғайсыз жағдайлардан әрдайым сақтап отыруы қажет. Қырағылықты ұстамдылық толықтырып отырады. Софылық жолына түскен адамның тағы да бір құнды қасиеті – оның сабырлылығы. Тәубе – қырағылық, ұстамдылық, сабырлылық және жоқшылыққа, кедейлікке мойын ұсынып, көндігуге немесе құдайға құлшылық етуге әкеледі. Бұл ағым өкілдері адамның ерік бостандығы туралы мәселеге көп көңіл аударды. Ерік бостандығы адамды өмірдегі барлық ләззаттарға жетелеп, пендешілік қызыққа іңкәр етуі де мүмкін, сонымен қатар, олардың бәрінен де бас тартып, жалпы өмірге, тіршілікке немқұрайлылықпен қарауға әкелуі де мүмкін. Соңғы сарын қазақ мәдениеті мен философиясының тікелей рухани атасы болып табылатын Қожа Ахмет Яассауи философиясында дамыған. Әзіреті пайғамбар 63 жасында мынау фәни дүниеден көшкені үшін Қожа Ахмет Йассауи де сүнетті берік ұстағандықтан жер астына түскен.

  

В Қосымшасы

 

Қазақстандағы экстремистік және террористік ұйымдардың тізімі – «Асбат-әл-Ансар» шейх Хишам Шрейди деген кісінің басшылығымен 1985 жылы штаб-квартирасы Ливанның Сайда қаласының аумағындағы  «Айн әл-Хильва» палестина лагерінде құрылған. Қызметінің негізгі түрі  «террорризм саудасы» - сұраныс бойынша жұмыс істейді және басқа эскстремистік топтарға арнайы дайындықтан өткен қарулы топтарын ұсынады.

1928 жылы құрылған «Ағайынды мұсылмандар» қауымдастығы. Көп уақыт бойына бұл топтың белгілі бір идеологиялық білімі болмаған, Құранның «қасиетті соғыс» туралы бағытын басшылыққа алған. Тек 1980-1990 жж  қауымдастық мүшелері ваххабизм идеологиясын қабылдап, жұмыс істей бастайды. Негізгі қызметі: қаруланған әскерді жасақтау, әлемдегі қарулы қақтығыстарға қатысу, сепатартистік элементтерге әскери және қаржылай көмек көрсету.

«Әлеуметтік реформа қоғамы» - штаб-квартирасы әл-Кувейт (Кувейт) қаласында орналасқан. Мемлекеттік емес қайырымдылық қоры болып табылады, «Ағайынды мұсылмандар» қауымдастығының негізгі мақсатын алға жылжытады, ислам мемлекеттеріндегі зиялы үкіметті құлатуға ұмтылыс жасайды.

Ультраконсервативті радикальды қозғалыс «Талибан» пәкістандық колледж студенттерінің ұйымдастыруымен 1994 жылы құрылған, оның негізгі мүшелері оңтүстік Ауғаныстандағы Кандагар пуштундары. Талибтер «мұсылман емес елдердегі» соның ішінде мәдени салада фанатикалық саясатты  құртумен айналысады. Мысалы 2001 жылғы ЮНЕСКО-ның тізіміндегі адамзат құндылықтарының жетістігі тізімдемесіне енген Бамиан жазығындағы Будда мүсінін құртуы.

«Боз Гурд» – 1948 ж Түркияда пайда болған пантүркілердің радикалды әскери ұйымы. 1968 ж басқа екі жартылай әскери диверсионды-террористік ұйымдар «Ұлы идеалистік қоғам» және «Түрік федерациялық демократиялық идеалистік бірлестігімен» бірігеді. Құрылған альянс шектен шыққан ұлттық принциптерге негізделген ұлттық қозғалыс партиясына айналды.

«Әл-Каида» («База») Усама бен Ладеннің ұйымдастыруымен Ауғаныстанда 1988 ж құрылған. Мақсаты – әлемде «мұсылман мемлекеттерін орнату». Қазіргі таңда «Әл-Каида» бөлшектенген әлемдік құрылымға айналып отыр: әлемдегі террористік актілердің көпшілігін солар қаржыландырады.

«Орталық Азияның жамағат моджахедтері» халықаралық террористік ұйым «Әл-Каиданың» құрылымдық бөлімі болып табылады. Заңсыз әскери құрылымдарды қаржыландырады, боевиктер дайындау және олардың қызметін ынталандырумен айналысады.

«Лашкар-и-Тайба» – ваххабиттік ағымның пакистандық әскери экстремистік ұйымы, 1990 ж ауған провинциясы Кунарда құрылған. Ұйымның негізгі мақсаты Орталық Азия елдерінде ықпалын күшейту.

«Шығыс Түркістан исламдық партиясы» – ҚХР-дағы ШҰАР-дың әскери діни саяси ұйымы, өткен ғасырымыздың 90-ж басында ұйғыр халқының басшылығымен құрылған. Мақсаты – Шығыс Түркістан тәуелсіз ислам мемлекетін құру. Ұйымның негізгі қызметі насихаттық қызметке бағытталған. 

«Өзбекстан исламдық қозғалысы» (1995 ж.) – ұйымның қызметінің бағытталуы мен қаржыландырылуы шетелдік клерикальды орталықтардың қолында, Өзбекстан мен басқа ТМД елдерінде діни орталықтарды ашумен шұғылданады. Жақын арадағы мақсаты: Өзбекстандағы ішкі саяси жағдайды диверсия, террористік актілер, әскери шаралар жүргізу, адамдарды тұтқынға алу тәсілімін реттеу. Қару-жарақ және есірткі сатумен айналысады.

«Хизб-ут-Тахрир-аль-Ислами» 1950-ж Палестинада құрылған. Бұрын әскери джихадаға қатысы болмағанымен, бүгінгі таңда олардың эмиссарлары тікелей террористік актілер жасаумен айналысады. «Хизб-ут-Тахрир» өзін саяси партия деп жариялайды, мақсаты – бірегей теократялық мемлекет – халифат құру. Мүшелерінің ұстанымы – «бүгінгі әлемді билеп отырған дінсіздерден арылу».

«Аум Сенрике» (қазір «Алеф») – Жапонияда 1984 жылы құрылған діни секта. Оның идеологиясы адам денсаулығына психикалық, физикалық қауіп төндіретін реакционды культке негізделген, адам өлтіру де кезедеседі.  

«Шығыс Түркістанды босату ұйымы» 1996 жылы Түркияда құрылған. Мақсаты ҚХР-дағы ШҰАР-дың дербес мемлекет құруында әскери күш пен террористік актілер ұйымдастыру. Оның мүшелері сепаратистік идеяларды насихаттайды, қару-жарақ контрабандасымен айналысады, мүшелерін халықаралық террористік ұйымдар лагерлерінде оқытады.

«Курд ұлттық конгресі» («Курд ұлттық партиясы») 1978 ж құрылған, әскери құрылымы бар әскери-саяси ұйым: Курдистан тәуелсіз ұлттық фронт (ENRK), Курдистанның ұлттық тәуелсіздік армиясы (ARGK). Мақсаты «бірегей, тәуелсіз, демократиялық Курдистан» мемлекетін құру.

  

Г Қосымшасы

 

Кейбір «Дәстүрлі  емес культтердің»  сипаттамасы.

 

Бірігу шіркеуі (Мунистер немесе «Әлемдік христиандықтың бірігуі үшін қасиетті Рух Ассоциясы) 1954 жылы Кореяда өмірге келген, негізін салған Сан Мян Муном (1920 ж.д.к.). Штаб-квартирасы Нью­Йоркте. Діни ілімнің дерекөзі ретінде Мунның «Құдай принцип» деген кітабында баяндалған. Бірігу шірекеуінің іліміне сай, Құдай – барлық дүниенің жаратушысы, ол жалғыз, абсолютті, мәңгі мән.  Ол адам мен ғарыштың шын ғашықтық сезімімен жаратқан әрі сондай махаббат нысаны болуы үшін ғана жаратқан. Иисус – Мессия. Ол адамдарды күнәсіз күйге қайта апаруға жол көрсету үшін жер бетіне арнайы жіберілген жан.

«Құдайлық принцип» бойынша, Құдай ұлының крест үстіндегі өлімі о бастан анықталған болса керек. Оны айшыққа керу сол кездің иудейлерінің түсінбегендігі мен дәрменсіздігінің салдары болған. Айшыққа керу арқылы күнәні жуу арқасында тек рухани құтқарылуға қол жеткізу мүмкін болмақ, ал адам тәнінде бастапқы күнә бәрібір қалып қоя бермек. Сондықтан да Христос жерге қайтадан айналып келуі керек, сөйтіп қана ол өзінің тәндік құтқарылуын тәмәмдауы тиіс. Бірақ ол Авраам тұқымына қайтып оралмайды, ол Кореяда пайда болады. Өйткені тек осы ел және оның халқы ғана бүгінгі күні Мессияны қабылдау құрметіне ие бола алады делінеді.

Адамның мақсаты – Құдайдың үш аманатын орындауда жатыр – жеке кемелдікке қол жеткізу, армандаған отбасын құру және өзінің әлемге жүргізер билігін жетілдіру. Осы аманаттарды орындау армандағы әлемге жеткізеді, сөйтіп жер үстіндегі Құдай патшалығы мүмкін болмақ.

Сан Сен-Мун мессия, «шынайы ата-ана» ретінде, әлемді зұлымдық пен әділетсіздіктен босататын, сөйтіп құдаймен бірліктегі отбасын жасайтын адам ретінде мадақталады.

Қазіргі күні Қазақстанда жеті шағын муннистер қауымдастығы жұмыс істейді.

«Кришна Санасының халықаралық қоғамы» (ИСККОН). Бұл қоғамның негізін индуистік монах А.Ч.Бхактиведанта Свами (1896-1977гг.) қалаған, ол 1965 ж Нью-Иоркке көшіп барып  1966 ж.  "Кришна Санасының халықаралық қоғамын" құрған. Негізгі қасиетті "Бхагаватгита" деп аталады.

Бұл ілім бойынша бір ғана абсолютті Құдай – Кришна бар. Ол үш түрде көрінеде: Бхагаван, Брахман, Параматма.  Кришна қарар тәнді әдемі жігіт ретінде бейнеленеді. Қалған құдайлар Кришнаның аваторлары ретінде немесе жартылай құдайлар ретінде  түсіндіріледі.

Кришнаиттер өздерін вайшнавалар деп, яғни Құдайға шын берілгендер деп атайды. Олар ашрамдарда (коммуналарда) тұрады. Оларды гурулар (ұстаз) басқарады.  Гуру – Құдайдың елшісі. Гуру Кришнаны тану процесіне көмектеседі. Ол шәкіртіне ерекше бір шаттықты – өмірге деген шат-шадыман көзқарасты қалыптастыруға жәрдемдеседі.

Қазақстанда кришнаиттердің қауымдастықтары 10 жылдай жұмыс істеп келеді. Ең ірісі. Алматыда, құрамында 100 адам. Барлығы  кришнаиттердің 13 бірлестігі бар.

Вайшнавалар кришнаиттер секілді  Кришнаға (Вишну) табынады, тек гурулары арқылы ғана ерекшеленеді.  Дәстүршілдігі жағынан  вайшнавалар кришнаиттерден көп ерекшеленбейді, ұқсас келеді.

Казақстанда Вайшнавалардың Діни қауымдастығы 1994 жылы Құқық Министерлігі арқылы бекітілген. 

 Бахаилер - діні Баха-Улла (1817-1892 гг.) ілімін ұстанушылар, Иранда пайда болған. Оның қасиетті кітаптары деп Баха-Улла мен Абдул-Баханың шығармалары мойындалады. Бұл ілімнің айтуынша құдай біреу, ол әлемді жаратты, оған теңесе алар ешнәрсе жоқ.

Бахаи адамзат бірлігін жариялайды, олар құдайдың жердегі елшілері Кришна, Зороастр, Моисей, Будда, Иисус, Мұхаммед, Баб, Баха-Уллалар миссиясын мойындайды. Дін мен ғылымның үндестігін насихаттайды. Ерлер мен әйелдер теңдігіне баса назар аударады.

Бахаи аскетизмді сынға алады. Есірткі пен алкоголизмді, адам санасын улайтын ойындарды, ұрлықты, некесіз байланысты,  гомосексуализмді, аңдарға қатігездікпен қарауды, жала жабуды, кремацияны, қайыр сұрауды, кәсіптік некесіздікті, адам өлтіруді жоюды бірінші кезекке шығарады.  

Құдайға сыйыну рәсімі үш бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде ән айтылып, уағыз айтылады. Екінші бөлімінде жиналыс өтіп, мүшелерінің есебі тыңдалады. Үшінші бөлімінде тамақтану рәсімі жүреді.

Казақстанда  90-жылдардың басынан бастап бахаилердің шағын қауымдастықтары қызмет жасайды. Олардың саны – 30, 15-і тіркелген.  

 Сатана шіркеуі. Алистер Кроулидің (1875-1947гг.) бұл ілімнің дамуында рөлі зор. Кроули  "сатанамен келісімге отырып", өзін "Ашылымдардың Ұлы хайуаны"  деп жариялаған. Кроули мен оның шәкірттері есітркілерді пайдаланып, демондарға сыйынады және шектен шыққан жыныстық қатынастарға түседі.  

Жаңашыл ізбасарлары ішінде мәшһүрлері Сибил Лик, Луис Хюбнер және Алекс Сандерс. Ең атақтысы Антон Лавей, ол Сан-Францискода "Сатаналардың бірінші шіркеуін" құрған.  

Сатанизм ілімі бойынша өзіңді-өзің өлтіріп, Сатанамен қауышу принципі насихатталады.  Алайда өз-еркіңмен өз-өзіңе қол жұмсау мүмкін емес қой, осы орайда бұл ұйымдарда мүшелеріне қатты психикалық қысым көрсетіледі. Олар жануарларды да құрбандыққа шалып тұрады. Басылымдардың айтуынша Шымкентте бір қыз құрбандыққа шалынған.

Қазақстанда Сатана шіркеуінің қызметі Алматыда,   Қарағандыда, Солтүстік-Қазақстан облысында тіркелген. Алайда Қарағандыдағы Сатан шіркеуі ғана заңды статусқа ұмтылып отыр, бірақ  оларға тыйым салынып, қызметіне бұратала шектеу жасалған. 

Д Қосымшасы

 

 Өзің құрбан болмау үшін не істеу керек:

 

1. Сенің өміріңді жақсартуға ұмтылыс жасағандарға сенбеңіз. Есі дұрыс адамдар өзінің көмегін олай ұсынбайды.

2. Бөгде адамдармен кездескен кезде, әуелі негативті аспектілеріне мән беріңіз.

3. Біреумен кездескен кезде сізбен қажет емес тақырып туралы сөз қозғаса, онымен пікірталасқа түсудің қажеті жоқ. Кекесінмен, мысқылмен жауап қайырыңыз.  

4. Бөгде адаммен сөйлеспеуден ұялмаңыз және сіз кінәлі емессіз.

5. Күмәнді ақыл ақыс-кеңестерден аулақ болыңыз. Қауіпті!

6. Егер сізді үнемі мазаласа, полицияға жүгініңіз. Істің дұрысы мен бұрысын солар шешсін.

7. Өзіңіздің жеке ақиқатыңызды құруға талпынбаңыз. Біз білеміз: сіз оны жасай аласыз, ал шындығында оның сізге қажеті жоқ.

  

Мазмұны 

Кіріспе    

1 - дәріс.  Дін әлеуметтік құбылыс ретінде                                                          

2 – дјріс. Ўлттыќ діндер                                                                                    

3 – дјріс. Јлем діндері                 

4 – дјріс. Жаѕашыл дјстїрлі емес діндер                                                        

Јдебиеттер тізімі                                       

А Ќосымшасы 

Б Ќосымшасы                                                                                                    

В Ќосымшасы                                                                                                    

Г Ќосымшасы                                                                                                    

Д Ќосымшасы