Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

 

ӘЛЕУМЕТТАНУ 

Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын

студенттерге арналған дәрістер жинағы

   

 

 

Алматы 2012

Редакциясын басқарған Джагфаров Н.Р.

ҚҰРАСТЫРУШЫ: Д.С. Орынбекова. Әлеуметтану. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттерге арналған дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2012. – 61 б.  

 

Бұл дәріс жинағы тоғыз тақырыптан тұрады. Еңбек социологиясы мен инженерлік еңбектің әлеуметтік мәселелерінің оқу - құралдарына байланыста ортақ мәселесін және қоғамның әлеуметтік құрылымы, білім социологиясының негізгі мәселелері, социологияның негізгі бағыттарын зерттеудің әдіс - тәсілдері мен әдістемесі аумағындағы маңызды мәселелер сөз болады. Дәрістер жинағы барлық мамандықтар студенттеріне арналған.  

 

             Пікір беруші: фил. ғыл. д-ры., профессор Сағиқызы А. 

          ЖЭФ ОӘК кеңесінің мүшесі, каф. доц. Абильдинова С.К.  

 

         «Алматы  энергетика  және байланыс  университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2012 ж. баспа  жоспары бойынша  басылады.                             

 

 

© «Алматы  энергетика  және байланыс  университетінің» КЕАҚ,  2012 ж.

 

Алғы сөз 

Социологиялық білім берудің басты мақсаты - студенттердің әлеуметтік ой зерделілігін, әлеуметтік проблемаларды түсінуін, оларды шешу жолдарын табуды қалыптастыру болып табылады.

АЭЖБУ-да социология пәні 1996 жылы енгізілді. Техникалық білім саласына арнаулы бірнеше күрделі тақырыптары бар: еңбек әлеуметтануы, инженерліктің әлеуметтік проблемалары, басқару мәселелері, білім беру т.б.енгізілді. Оларды оқып-үйрену теориялық және тәжірибелік тұрғыдан өте маңызды.

Құрал айтқандай сегіз тақырыптан тұрады (олардың әрқайсысы үш-төрт мәселені  қамтыған). Оны оқып-үйрену барысында студент өз көзқарасын кеңейтіп, тәжірибелік қызметтерді атқаратын әлеуметтік инженердің, оның ішіндегі бүгінгі заманға сай кәсіби қасиеттерінің талаптарын білу.

Оқу құралдарында қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерді ашып көрсету үшін, Тәуелсіз елдер Достастығына кірген елдердің және шетелдік деректері де бар.

Әлбетте, қаралған мәселелерді шағын оқу құралдарында кеңінен және терең баяндау мүмкін еместігі түсінікті. Сондықтан, студент оның төңірегінде қалып қоймай, қосымша әдебиеттерді өз бетінше оқып білімін жетілдіруі қажет. 

Әлеуметтану курсы студенттердің бұл ғылымның методологиялық мәселелерін,  әлеуметтанулық ойдың тарихын,  қоғамның  әлеуметтік шындық және әлеуметтік жүйе ретіндегі сипатын және жалпы теориялық  және қолданбалы әлеуметтанудың бірлігін түсінуге мүмкіндік береді.

-       әлеуметтік шындықты социологиялық тұрғыдан, қазіргі қоғамдық өмірдегі әлеуметтік құбылыстар мен процестерді ғылыми тұрғыдан  ұғынуды қалыптастыру;

-       студенттерге қазіргі қазақстандық қоғамның  ерекшелігін түсіну; әлеуметтік мәселелерді басымды бағыттарын, Қазақстан Республикасының дамуының  негізгі қарқындары мен болашағын  анықтау үшін көмек беру;

-       социологиялық ойдың  дамуын, әлеуметтік мәселелерді, олардың  пайда болуы мен шешілуінің мүмкін жолдарын  түсіну;

-       социологиялық білімдер мен әдістерді тиімді  қолдануға  үйрету және оларды нақты міндеттерді шешуде пайдалануға көмек көрсету;

-       студенттері мәдени қарым-қатынас жасауға үйрету және қоғамдағы құндылықтарды насихаттау арқылы белсенді  өмірлік  позициясын  және әлеуметтік маңызды қасиеттерді, дүниетанымын қалыптастыруға және топтарда және қоғамда әлеуметтік рөлді игеруге көмек беру;

-       социологиялық  зерттеулерді өткізу методологиясы мен тәсілдер арқылы  алынған теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру. 

 

1 дәріс. Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

 

Дәрістің мазмұны:

-       Социологияның объектісі және пәні.

-       Социологияның заңдары мен категориялары.

-       Социологияның құрылымы мен деңгейлері.

-       Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын       қызметі.

 

Бұл дәрістің негізгі маќсаты - студенттерге "Социология" пәнінің ерекшеліктерін, оның басќа ќоғамдыќ ғылымдар арасындағы алатын орны жөнінде түсініктеме беру. Сонымен бірге, пәннің ќұрылымын, оның ќоғамда атќаратын ќызметін ќарастыру болып табылады.

 

1.1 Социологияның объектісі және пәні

 

Қоғам - бірқатар ілім салаларының зерттеу объектісі. Оны философия, тарих, экономика т.б. ғылымдарының зерттейтіні мәлім. Социология ғылымы да қоғамды өзіндік тұрғыдан қарастырады. Социология өз алдында әлеуметтік ілім ретінде ХІХ ғасырдың ортасында қалыптасты.

Социология пәнінің ең түбірлі бір категориясы "әлеуметтік" деген ұғым. Оның мазмұнын дұрыс түсіну қажет. Социологиялық білімнің негізгі қызметі - әлеуметтік құбылыстар мен проблемаларды дұрыс түсініп, олардың пайда болу, бой көрсету себептерін ашу, оларды шешудің әртүрлі жолдарын танып білу.

Бұл ғылымның "социология" деген ұғымы латын, грек сөздерінен құралған: "societas" - латын тілінде қоғам, "logos" - грекше ілім деген сөз. Демек, социология қоғам туралы ілім деген сөз. Социологияның басқа қоғамдық ғылымдар арасында өз алдына бөлек ғылым екені мынадан көрінеді. Социология қоғамды, оның өмір сүруі мен дамуын әлеуметтік құбылыстар, процестер мен қатынастар тұрғысынан қарастырады. Оның зерттеу объектісі - әлеуметтік шындық.

"Қоғам" деген термин социологияда адамдар арасында болатын алуан түрлі қарым-қатынастардың күрделі жиынтығын білдіреді. Сондықтан, жалпы алғанда, қоғам барлық қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісі бола отырып, сонымен қатар әрбір ғылым өзінің ерекше зерттеу объектісін бөліп алады. Экономика ғылымдарының объектісі - өндіріс, өндірістік қатынастар. Экономика саласымен салыстырғанда, саясаттанудың өз ерекшелігі бар - ол саяси билік жүргізу мәселелерімен тікелей байланысты. Бұл саяси ғылымдардың объектісі. Социология қоғам дамуының заңдарын да ашады және оларды зерттейді. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.

Социология пәні жөнінде ғалымдар арасында жүзден асқан түрлі пікірлер бар. Оларды екі топ пен бағытқа сыйғызуға болады:

1) ғылымның пәнін анықтауды, ғылымның түбірлі ұғымын анықтаумен байланыстырып отырған ғалымдар тобының бағыты. Мысалы, П.Сорокин социологияның пәні тек адамдардың өзара қатынасын, Н.Смелзер - әлеуметтік қатынастарды, В.Ядов - қауымдастықты, Г.Осипов - әлеуметтікті қарастыру керек дейді;

2) социология пәнін өздерінің ғылыми зерттеу жұмысының нақты қортындысымен байланыстырған ғалымдардың пайымдауларын жатқызамыз. Мысалы Э.Дюркгейм - социология пәніне өз зерттеуінің нәтижесі болып табылатын - әлеуметтік фактіні, неміс ғалымы М.Вебер - адамның мінез-құлқын, К.Маркс - әлеуметтік жүйе күйіндегі қоғамды және оның құрылымдық элементтерін қарастырған.

Осы тұрғыдан қарағанда, социология пәніне мынандай анықтама беруге болады: социология - қоғамның құрылысы, өмір сүруі мен дамуының жалпы және ерекше әлеуметтік заңдылықтары жайлы және сол заңдылықтардың адамдар мен олардың бірлестіктер және тұтас қоғамның өмірі мен өзара қарым-қатынастарында іске асырудың жолдары, формалары мен әдістері жайлы ғалым.

 

1.2  Социологияның заңдары мен категориялары

 

Ғылымның ішкі логикасын, оның пәні мен әдістерінің сипатын ашатын, әлеуметтік құбылыстар мен процестердің мәнін танып білудің керегі - социологияның категориялары және заңдары. Категориялар - әлеуметтік болмыстың мәнді жақтарын, қасиет-белгілерін, құрылымдық элементтерін бейнелендіретін негізгі ғылыми ұғымдар. Социологияның ең негізгі, мазмұны жағынан көлемді категориясы "әлеуметтік" ұғымы. Бұл ұғым "әлеуметтік жүйе", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік топ", "әлеуметтік әрекет", "әлеуметтік мінез-құлық" т.б. көлемді ұғымдарды қамтиды.

Әлеуметтік заңдар жалпы бірліктің іс-әрекетінде көріне отырып, олардың қатынастарын анықтайды. Бұлар ұлттар, таптар, әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіптік топтар, қала мен село арасындағы қатынастар, сонымен қатар қоғам мен әлеуметтік ұйымдардың, қоғам мен еңбек ұжымының, қоғам мен отбасының, қоғам мен жеке адамның арасындағы қатынастар. Сонымен, әлеуметтік заңдар осы қатынастарды анықтайды. Осыған орай, социологияны әлеуметтік жүйенің өмір сүруі мен дамуының заңдары туралы, сол заңдардың субъектілерінің, яғни әлеуметтік үлкен және кіші топтардың ғылымы ретінде сипаттауға болады.

Әлеуметтік заңдарды түрлі белгілері бойынша классификациялауға болады. Жалпылығы жағынан олар жалпы заңдар (қоғам дамуын, біртұтас әлеуметтік жүйе дамуын анықтайды) және ерекше заңдар (әлеуметтік жүйенің жекелеген элементтерін, қоғам бөлшектерін сипаттайтын) болып бөлінеді. Өзінің іске асуына қарай динамикалық және статистикалық болып бөлінетін заңдар да бар. Динамикалық заңдар нақты жағдайда өз ретімен болатын. Оқиғалар арасындағы бір мәнді, байланысты көрсетеді, олардың бағытын, түрлері мен факторларын анықтап береді. Ал статикалық заңдар әлеуметтік жүйенің тұрақты мерізіміндегі бағыттарды, үрдістерді, әлеуметтік құбылыстарды сипаттайды.

Социология білімінің құрылым бастауы болып қоғамға тұтас әлеуметтік организм ретіндегі білім шығады. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесі, олардың мазмұны және өзара байланысы туралы білім. Табиғаттың және қоғамдық қатынастардың мәнін түсіну, қоғамда бар әлеуметтік субъектілердің өзара әрекетінің мәнін терең пайымдауға мүмкіндік береді. Қоғам туралы білім, оның дамуының объективтік заңдарын, қоғам өмірінің негізгі салалары жөніндегі түсінікті және олардың өзара әрекетін, материалдық, саяси және рухани мәдениеттің өзара ықпалы туралы білімді өз бойына жинап сіңірген.

 

1.3  Социологияның құрылымы мен деңгейлері

 

Социология білімінің құрылымына социологиялық теориялар мен көзқарастар көрсететін қоғамдық құбылыстардың ауқымына орай жекелеген деңгейлерді бөліп айтуға болады:

- жалпы теориялық социология;

- орта деңгейдегі социология теориялары (жеке және арнаулы). Бұған, мәселен,  қала социологиясы, білім беру социологиясы, саясат социологиясы, т.б. жатады;

- нақты социологиялық зерттеулер.

Жалпы социологиялық теориялар, макросоциологиялық зерттеу ретінде қоғамның және жалпы тарихи процесс дамуының мәңгілік кезеңін қарастырады. Жалпы социологиялық теориялар деңгейінде кез келген әлеуметтік құбылыстардың пайда болуы мен өмір сүруінің өте терең себептері туралы, қоғам дамуының қозғаушы күштері, т.б. жөніндегі ғылыми қорытындылар жасалады.

Орта деңгейдегі социологиялық теориялар қоғамдық өмірдің жеке салаларын, жеке әлеуметтік топтар мен институттарды қарастырады. Мұндай жағдайда әлеуметтік - экономикалық қатынастар, адамдардың өндірістік қызметі, әсіресе оның әлеуметтік аспектілері, сонымен қатар халықтың әртүрлі категорияларының еңбек жағдайы, халыққа білім беру, денсаулық сақтау, т.б. мәселелерді зерттейді.

Социологиялық зерттеудің алдына қойылған міндет пен мақсатқа сәйкес социология фундаментальды (іргелі) және қолданбалы болып екіге бөлінеді. Біріншісі қоғам жайлы теориялық және методологиялық білімдер қорытып шығаруға және оларды дамытуға бағытталады, ал қолданбалы социология әлеуметтік өмірді дамытудың практикалық мәселелерін зерттеп, практикалық ақыл-кеңес тұжырымдауға бағытталады. Зерттеудің бұл екеуі де теориялық және тәжірибелік зерттеу жүргізе алады. 

 

 1.4 Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын       қызметі

 

Социология өз алдына жеке - дара дамымайды, ол қоғамдық ғылымдармен үздіксіз тығыз байланыста дамып отырады.

Әлеуметтік философия  мен социологияның объектісін зерттеуде ұқсастық бар. Ал, пәні жағынан екеуі де қоғамдық өмірді зерттейді. Бірақ әлеуметтік философия қоғамды бүкіл дүниеғаламының ерекше, құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны жалпы философиялық ұғымдардың, категориялар мен заңдардың көмегімен түсіндіреді. Ал социология ол проблемаларды әлеуметтік заңдар мен категориялар арқылы зерттейді. Социология мен тарих өзара бір-біріне әсерін тигізеді. Социологиялық қорытындылар тарихи тәжірибеге, фактілерге сүйенеді, сөйтіп оның табыстарына себепші болады, өмірдің алшақтауына, шамадан тыс абстракциялық жалпылауларға жол бермейді. Социологиялық зерттеулер тарихшыларға тарихи процестерді терең талдауға көмектеседі. 

Социология мен саясаттану тығыз байланысты. Өйткені, әлеуметтік қауымдастықтар, әлеуметтік ұйымдар саясаттың субъектісі және объектісі болып табылады. Қоғамдағы әлеуметтік өзгерістерге тікелей әсер ететіндер - жеке адамдар және олардың бірлестіктерінің саяси қызметі. Социология әлеуметтік болмысты, қоғамның әлеуметтік өмірін зерттейді, ал саясаттану қоғамның саяси болмысын, саяси өмірін зерттейді. Социологияның дербес ғылым есебінде дамуы статистика, демография, психология басқа да пәндердің қоғамды және адамды зерттейтін жетістігіне сүйенеді. Өз теориясын қоғамдық өмірдің тәжірибесін зерттеу тәсілі, оларды қорыту арқылы дамытады.   

Социология ғылым ретінде қоғамда белгілі қызметтер атқарады. Оларды екі топқа бөлуге болады: теориялық - танымдық және басқару - басқарушылық. Жалпы алғанда оның мынандай қызмет түрлері бар: теориялық - зерттеушілер, қолданбалы, ізгілік, болжамдық, идеологиялық, дүниетанымдық т.б. Теориялық, зерттеу қызметі зерттелген проблема туралы түрлі ұсыныстар дайындау, оларды ғылыми зерттеу ретінде әртүрлі формаларда жариялау арқылы іске асырады. Ол зерттеудің бағдарламасы болады, оның құрылымы, мақсаты және міндеті ажыратылады. Сонымен бірге зерттеудің тәсілдері де көрсетіледі.

Социологияның танымдық қызметі әлеуметтік дамудың заңдылықтарын және әлеуметтік құбылыстар мен процестерді өзгерту бағытында болды, зерттеу де соған бағытталады.

Социология шеңберінде іргелі теориялық зерттеулермен қатар эмпирикалық (тәжірибелік) зерттеулердің жүргізілуі әртүрлі әлеуметтік процестердің тиімділігін арттыруға байланысты ұсыныстарды дайындау дәрежесімен анықталады.

Қоғамның әлеуметтік дамуының заңдылықтарын және болашағын анықтауда социология теориясына аса зор маңыз беріледі. Дүниені әлеуметтік өзгертудің нақтылы жолдары мен әдістері көрсетіледі.

Әлеуметтік теориямен тікелей байланысты дамыған қолданбалы зерттеу әлеуметтік дамудың заңдылықтарын тануға тікелей қатынасады. Қолданбалы әлеуметтік зерттеу танымдық қызметті атқарады, теория мен жаңа бағыттарды анықтауға мүмкіндік береді.

Танымдық қызметінің жалғасы болжамдық көрінеді. Зерттеуші проблеманы зерттей отырып, оны шешудің тиімді жолын алуға, болашағын және түпкілікті нәтижесін көрсетуге ұмтылады.

Социология қолданбалы қызметті басқару және басқарушылық қатынастарды жетілдірумен байланысты. Аталған барлық қызметтердің іске асуы қоғамдық заңдылықтар мен әлеуметтік жағдайлардың сипатына байланысты. Социологиялық зерттеулерде объективті - ғылыми тұрғыдан түсіндіру мен идеологиялық мүдделердің ара салмағын анықтауда сынаржақ пен бұрмалаушылық жасауға болмайды.

Көптеген елдерде маңызды әлеуметтік-саяси өзгерістер жүріп жатыр. Осы өзгерістер ағынынан Қазақстан Республикасы да сырт қалып отырған жоқ. Елімізде өмірдің барлық жақтарын терең реформалау жүріп жатыр. Қоғамның біртұтас организм ретінде байланысының механизмін тыңғылықты зерттеудің теориялық, саяси және практикалық маңызы зор. Мұның барлығы ең алдымен социологиялық зерттеулерге байланысты екені белгілі. Егер де жүргізіліп жатқан реформалық өзгерістер ғылыми тұрғыда  терең негізделсе, оны іске асыру жолдары жан-жақты жоспарланған болса, онда реформаның нәтижелері халық көңілінен шыққан болар еді.

Сонымен қорыта айтқанда, қоғамдық өмірдің өзі әсіресе оның дағдарысқа ұшырап, қайта құруды талап еткен кездері, cоциологияның алдына жаңа әлеуметтік проблемалар мен міндеттер қояды, ескі проблемаларды жаңаша шешуді ұсынады.    

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.        Аитов Н.А. Основы социологии. – Алматы, 1997.

2.      Бороноев А.О. Социологическое мышление: пути и трудности формирования // Социс . – 1999. – 1.

3.      Вебер М. Основные социологические понятия. – 1991. – №5 // Вебер М. Избранные произведения. – М., 1990. – С.601 – 628.

4.      Гурко Е.И. Эмпирическое и теоретическое в социологическом исследовании.// Рабочая книга социолога. – 2-е изд. – М., 1983.

5.      Даргын-оол Ч. Социология и высшее образование //Социс. – 2004. – №12.

6.        Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология в 3 – х томах. – М.:            Наука, 2000.

7.        Дюркгейм Э. Социология и теория познания // Хрестоматия по истории психологии. – М., 1980.

8.        Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

9.         Дж. Нейл Смелзер Социология. – М., 1994.

10.   Основы социологии: Курс лекций. – ч. 1. – М., 1994.

11.   Пашинцев Е.В. Природа социальных отношений и социологический вектор мировой истории //Социально-гуманитарные знания. – 2002. – № 5.

12.  Покровский Н.Е. Социальный мир в ХХI веке  //Социс. – 1999. – № 12.

13. Рабочая книга социолога. – 2-е изд. – М., 1983.

14.  Рамановский Н.В. Структура и уровни социологического знания // Социс. – 2004. – 2

15. Сорокин П.А. Социология как наука // Сорокин П.А. Человек. Цивилизация.Общество. – М., 1992. – С.156 – 189.

16.  Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

17. Соколова Г.Н., Титаренко Л.Г. Российское общество и социология в ХХ1 веке: социальные вызовы и альтернативы //Социс. – 2004. – № 2.

18.   Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

19. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

20.   Орынбекова Д.С. Әлеуметтану.   Оқу Құралы – Алматы, АУЭС, 2010.

 

2 дәріс.  Социологияның тарихи қалыптасу кезеңдері

 

Дәрістің мазмұны:

-       Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы.

-       Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар.

-       Ресей социологиясындағы әлеуметтік ой.

-       Э. Дюркгейм мен М. Вебердің социологиялық көзқарастары.

-       ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары.

 

Таќырыптың маќсаты социологияның тарихи даму кезеңдеріне тоќталу, мұндағы әлеуметтік ойдың негізгі өкілдерін ќарастыру және олардың ілімдерінің негізгі идеяларын ой елегінен өткізу.

 

2.1 Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы

 

Социология біршама жас ғылым болып табылады. Өйткені оның ғылым ретінде қалыптасуының өзіне қоғамдық дамудың белгілі кезеңінде ғана қажеттілік туды.

Алайда социологияның кеш пайда болуынан, оған дейін қоғам және қоғамдық құбылыстар туралы ойлары болмады деген пікір тумауы керек. Керісінше, ондай ойлар басқа ғылымдардың шеңберінде көріне бастаған болатын. Мәселен, философиялық, экономикалық, саяси шығармаларда жалпы қоғам, оның кейбір элементтері және оның даму заңдылықтары туралы пікірлер бой көрсете бастады. Ертедегі Шығыстың қоғам туралы пікірі мен ойларын айтуға болады. Мәселен, Конфуцийшылар қоғамтанушылар болып есептеледі. Олардың негізгі мәселесі - адамдар арасындағы қатынас және тәрбие мәселесі. Конфуций этикасы "қайырымдылық", "кішіпейілділік", "адамды сүю", "тура жолмен жүру" сияқты принциптерге сүйенеді.

Ежелгі Үндістанда әлеуметтік ойлар буддизм мен джайнизм мектептерінің социологиялық мифтерінде қарастырылған. Джайнизм этикалық, эстетикалық жүйесінде адам мінез-құлқындағы кейбір нормалар мен аскетизм сияқты мінездің кей формалары берілген.

Социологиялық ой-пікір прагматистік сипат алды, яғни әлеуметтік шындық тек тәжірибемен ғана байланыстырды.

Әлеуметтік теорияның біршама айқын элементтері Ежелгі Грецияда қалыптаса бастады. Ежелгі Грек философтарының арасында қоғамға және қоғамдық институттарға ерекше көңіл бөлінген. Мәселен, софистер ілімінде, социологиялық тұрғыдан алғанда, қоғамның құрылуындағы келісім теориясының жатқандығын көруге болады. Яғни, алғашқы адамдар табиғатында абсолютті түрдегі еркіндік адамдар арасындағы наразылықтарды туғызып, күрестерге әкеліп отырған да, адам өмірінің қауіпсіздігіне сенімі жоғала бастады. Сондықтан адамдар қоғам құруға мәжбүр болды және оның мүшелері ортақ нормаға бағынатын болды деп көрсетеді.

Социологиялық ой дүниесінде Аристотельдің де алатын орны ерекше. Аристотель ежелгі Грецияның саяси тәжірибесін қорытындылай келе адам-әлеуметтік жаратылыс деген қорытындыға келеді. Ол мемлекеттің мақсаты - адамдардың бақытты өмірін қамтамасыз ету деп көрсетеді. Мемлекет қоғамдағы жалпы мүддеге қызмет етуі керек деп көрсетеді. Бәріне ортақ мақсат - өздері құрған қоғамды, мемлекеттік құрылысты сақтау болып табылады. Аристотель жеке меншікті жақтайды.

Сонымен, бұдан кейінгі дәуірлерде адамдардың қоғамдық өмірі жайлы пікірлер болды. Бірақ оларды толық социологиялық ілім деп айтуға болмайды. Өйткені олар тек әлеуметтік ойлар немесе алғашқы социологиялық болжамдар бола алады.

 

2.2 Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар

 

Социологияның алғаш негізін қалаушы француз ойшылы Огюст Конт (1798-1857). Ол ең алдымен Батыстағы позитивистік философияның негізін салушы болып есептеледі. Оның 1830-шы жылдары "Позитивті философияның курсы" деп аталатын алты томдық еңбегі жарық көрді. Осы еңбегінде негізінен оның социологиялық ойлары айтылады, оның үшінші томында алғаш рет Конт "социология" деген ұғымды енгізеді және қоғамды ғылыми негізде зерттеу мақсатын қойды. Ол социология фактіге негізделуі керек және ол әлеуметтік құбылыстарды жаратылыс ғылымындай тәжірибелік және аналитикалық зерттеу қажет деген. 19-ғ.  20-ғ. басындағы батыс еуропаның көшбасшы социологтарының шешуші идеялары

 

Ғалымның аты

Өмір сүрген жылдары

Мемлекет

Негізгі идеялары

Огюст Конт

 

 

1798-1857

Франция

 

Позитивизммен мен социологияның негізін қалаушы;

Әлеуметтану нақты ғылым болуы тиіс

Карл Маркс

1818-1883

Германия

Ғалымдардың мақсаты тек қана түсіндіріп қоймай, сонымен қатар революция арқылы әлемді өзгерту

Герберт Спенсер

1820-1903

Англия

Қоғамның дамуы-эволюция, яғни қоғамның қозғалысы біртіндеп және табиғи болуы тиіс

Эмиль Дюркгейм

1858-1917

Франция

Әлеуметтанудың мақсаты қатаң әрі шыңдық негізінде әлеуметтік фактілерді оқыту

Макс Вебер

1864-1920

Германия

«Түсіне алатын әлеуметтанудың»

негізін салушы;

Жалпы рационалдану идеясын қолдаушы

 

Бірінші, теологиялық сатыда адам құбылыстарды діни негізде түсіндіреді. Ал екінші, метафизикалық сатыда діни негіздерден бас тартады да, құбылыстарды белгісіз абстрактілі мәндер, себептер арқылы түсіндіре бастайды. Үшінші, позитивтік сатыда адам алғашқы екеуінен бас тартып, дүниені түсіндіруде нақтылы бақылаулармен шектеліп, тұрақты байланыстарды анықтауға негізделеді. Позитивтік ойлау алғашында математикада, физикада, астрономияда қолданылады деп көрсетеді. О.Конт қоғамдық прогрестің шешуші факторы ретінде адамның рухани дамуын, ақылының дамуын көрсетеді.       Социология ғылымының негізін салып, оны дамытудағы Конттың рөлін анықтайтын болсақ, біріншіден, ол алғаш рет қоғамтануда ғылыми тәсілді қолданды. Социологияны әртүрлі эксперименттерге, бақылауларға негізделетін ерекше ғылым ретінде анықтады. Үшіншіден, социология ғылымында эмпирикалық зерттеулерді жүргізу мәселесін көтерді. Ғылыми білім қоғамның дұрыс дамуы үшін қызмет ететініне Конт кәміл сенді.

Англияда социология ғылымының қалыптасуы Герберт Спенсердің (1820-1903) есімімен байланысты. Жас кезінен ғылым жолында түскен (темір жол инженері) Г.Спенсер, Дарвинның эволюциялық теориясының ықпалымен, эволюция үрдісімен айналысады. Ол эволюция теориясын дүниенің барлық салаларын түсіндіру үшін қолдануға болады деген қорытындыға келді. Спенсердің социологиясының аса құнды жағы - "Әмбебап эволюция заңы". Спенсер еңбектерінің қоғамды зерттеуде жемісті нәтижелері мол. Оның бірі - әлеуметтік институттардың 6 түрін көрсетуі (үкімет, кәсіби, саясат, дін, білім, отбасы). Сонымен бірге Спенсер социологиядағы құрылымдық - функциялық тәсілдің негізін салды. Ол қоғамды ерекше дискретті организм ретінде қарастырады (дискретті - лат. discretus) деген сөзінен шыққан "жеке бөліктерден құралған" деген мағынаны береді.

 

2.3 Ресей социологиясындағы әлеуметтік ой

 

ХІХ ғасырдың соңғы ширегі ХХ ғасырдың басында Ресейде социологиялық ойдың тууы және өркендеуі осы кезеңге келеді. Ресейдегі әлеуметтік ойдың дамуын зерттеушілер негізгі үш кезеңге бөледі. Бірінші кезеңі - ХІХ ғасырдың ортасынан ХХ ғасырдың 1918 жылына дейін, екіншісі - 20 жылдардың басынан 50 жылдардың аяғына дейін, үшіншісі - 60 жылдар басынан қазірге дейін.

Бірінші кезеңі (1829-1900) және Н.М. Михайловский (1822-1904) сынды ірі әлеуметтік ойшылдардың шығармашылығымен байланысты. Олардың әлеуметтік ойды дамытудағы бағыты субъективтік социология деп аталады. Бұл бағыттың басты қағидалары П.Л.Лавровтың "Тарихи хаттарында" баяндалды. Ол субъективтік социологияның басты мәселесі қоғам туралы тұтастай ілім жасау, оның дамуының бағыттарын және заңдылықтарын анықтауға ұмтылды. Сонымен бірге, қоғамдық прогресс теориясына біршама көңіл бөлді.

Субъективтік социологиямен қатар сол кезеңнің әлеуметтік ғылымында белгілі орынды М.М.Ковалевскийдің (1851-1916) еңбегі алады. Ковалевский өзінің социологиялық теорияларында алдыңғы рөлді әлеуметтік прогресс туралы ілімге беріп, оның мәнін әлеуметтік топтар, таптар және халықтар арасындағы ынтымақтастықтан көреді.

Ковалевскийдің пікірінше социологияның негізгі міндеттерінің бірі деп ынтымақтастықтың мәнін анықтау, оның формаларының көп түрлілігін түсіндіру және сипаттау деді. Ковалевский өзінің көптеген еңбектерінде теңгермелі - тарихи әдісті дамытып және оны пайдаланып, оның көмегімен әлеуметтік құбылыстардың дамуын, олардың ерекшелігін танып білуге ұмтылды.

Солармен қатар бұл кезеңде психологиялық бағыт та пайда болды. Оның негізін салушылар және көрнекті өкілдері: Л.Н.Петражицкий (1867-1931), Кареев Н.И. (1850-1931). Бұл бағыттың өкілі Петражицкий социологияның негізгі ілімі - "әлеуметтік тәртібі және эмоция" деп санады. Оның пікірінше, эмоция арқылы адамның мінез-құлқын да зерттеуге болады.

Кареевтің психологиялық социологиялық тұжырымдамасының - позитивизм немесе контизм. Ұжымдық психология оның айтуынша социологияның негізі болып табылады.

Кареев өзінің "психологиялық социологиясында" бүкіл қоғамдық құбылыстардың адамдар әрекетінің нәтижесі екендігін айта келіп, олардың өздеріне тән психологиялық алғышарттармен, ең алдымен олардың ықыласы, көңіл-күйі, құмарлығы, ойлауы, еркі және т.б. бағытталатынын жазды. Сөйтіп, қоғамдық құбылыстардың бәрі белгілі бір мөлшерде өзіндік психологиялық құбылыстармен сай келеді.

Бірінші кезеңде орыс социологтары А.Богдановтың, П.Сорокиннің, К.Тахтаревтің әлеуметтік стратификацияға, таптар теориясына арналған ірі еңбектері шықты. 20-жылдардағы социологиядағы әдебиеттер басылымдарының жан-жақтылығы социология теориясы дамуының екінші кезеңінің жалғасы болып табылады.  30-жылдарда марксизм біржола қоғамның идеологиялық негізі болып бекіді, социология философиялық ілім деп танылды. Социология әлеуметтік институт ретінде толығынан өмір сүруін тоқтатты.

Социологияның ғылым ретінде қайта тууы 50-жылдардың аяғы 60-жылдардың басы болды. 1960-жылдың ортасында алғашқы социологиялық мекемелер - КСРО ғылым Академиясының философия Институтында социологиядан зерттеу бөлімі және Ленинград мемлекеттік универститеті жанынан социология зерттеу зертханасы құрылды. 1974 жылдан бастап "социологические исследования" журналы арнайы шыға бастады. 1988 ж. Мәскеу, Свердловск, Киев т.б. университеттерде социология факультеттері ашылды.

Қазіргі кезде бірқатар академиялық, жоғары оқу орындарының және тәуелсіз әлеуметтану орталықтары, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында кең түрде эмпирикалық және теориялық зерттеулер жүргізуде.

 

2.4 Э. Дюркгейм мен М. Вебердің социологиялық көзқарастары

 

Француз социологы Эмиль Дюркгейм (1858-1917) социология ғылымын дамытудағы маңызды рөл атқарады. Г.Спенсер мен бірге Дюркгейм классикалық социологияның өкілдеріне жатады. Классикалық социологияның негізгі принциптері төмендегідей:

1) әлеуметтік құбылыстар жалпы заңдылықтарға бағынады. Яғни, арнайы спецфизикалық заңдылықтар болмайды;

2) сондықтан социология дәлдік ғылымдарға ұқсас тәртіппен құрылады;

3) әлеуметтік зерттеулер тәсілі дәл және айқын болуы керек, барлық әлеуметтік құбылыстар сандық тұрғыдан анықталуы тиіс;

4) әлеуметтік құбылыстың ғылымилығын көрсететін өлшем - білім мазмұнының объективтілігі.

Бұл социологиялық білімде субъективтік эмоцияның, пікірдің болмауы керектігін көрсетеді. Мұның өзі социологияның ғылым ретінде идеологиядан, құндылықтардан тыс тұруы қажеттігін талап етеді.

Социологияның классикалық түріне қатысты принциптерін Э.Дюркгейм өзінің "Социологиялық тәсілдердің қағидасы" (1895) еңбегінде біршама айқын көрсеткен болатын. Дюркгейм өз социологиясын әлеуметтік факт (шындық) теориясына негіздейді. Ол әлеуметтік фактіге қойылатын негізгі талаптарды көрсетеді.

Дюркгейм адамның өзіне-өзі қол салуы мәселесімен айналысқан. Статистикалық мәліметтерді кеңінен қолдана отырып, ол адамның өзіне-өзі қол салуын ұлттық, діни, жыныс, жас ерекшелігі, жыл мерзімдері сияқты  факторлармен байланыстырған. Адамның өзіне-өзі қол салуы интеграция нығайған сайын көбейе түседі. Өзіне-өзі қол салу белгілі әлеуметтік топ өкілдеріне тән сипат және сондықтан ол әлеуметтік құбылыс немесе Дюркгейм сөзімен айтқанда "әлеуметтік факт" болып табылады.

Дюркгейм өзінің аномия теориясында алғаш рет девиациялық құбылыстардың себептеріне социологиялық тұрғыдан талдау жасайды. Ол адамның өзіне-өзі қол салуы аномияға байланысты деп көрсетеді. Аномия - деген сөз француздың "anomie" деген сөзінен шыққан, "заңның болмауы" деген мағынаны береді. Дюркгейм өзінің теориясында адамның "өзін-өзі билеуін жоғалтуы", белгілі бір "норманың болмауы" деген мағынада қолданылып отыр. Оның пікірінше, қоғамдағы күйзеліс немесе позитивтік өзгерістер "ұжымдық реттіліктің өзгеруіне" байланысты болып келеді. Яғни, -әлеуметтік норма бұзылған жерде девиантты мінез пайда болады. Әлеуметтік тәртіпсіздік (дезорганизация) адамның девиантты мінезін түсіндіруде негізгі принцип екендігін социология ғылымында мойындалған. Әлеуметтік тәртіпсіздік ұғымы - қоғамда әдеттегі мәдени құндылықтардың, нормалардың және әлеуметтік байланыстардың жойылуынан туындайтын қайшылықтар мен тұрақсыздық жағдайларды көрсетеді.

Неміс социологы Макс Вебер (1864-1920). М.Вебер көзқарасы тұрғысынан алғанда социология ең алдымен адамның немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі тиіс. Оның ойынша, теориялық социологияның пәні тек қана әлеуметтік әрекет болуы шарт, социология - әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Бұл ғылым әлеуметтік әрекетті түсіну, оның себептерін ұғындыруы қажет. Егер, қайсыбір әрекетті түсінгіміз келсе, ол үшін адамның ішкі жандүниесінен шығуы ықтимал нақты мотиві немесе мотивтердің құрамды бөліктерін ашуымыз керек. Әлеуметтік әрекетті М.Вебер 4 типке бөледі:

1) ұғымды-мақсатты рекет;

2) құнды-ұғымды әрекет-белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық, эстетикалық, діни т.б.) саналы түрде же туге бағытталған әрекет;

3) аффектілі әрекет, ол субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды;

4) дәстүрлі әрекет, бұл-әдет-дағдымен анықталатын әрекеттің түрі1).

Вебердің маңызды еңбегінің бірі бюрократиялық зерттеу болды. Бюрократия - капиталистік ұғымды іске асырушы. Бюрократия кең көлемдегі ұйым, онда қызметкерлер рангіге бөлінеді дейді. Мысалы, ірі өнеркәсіп фирмалары, үкіметтік ұйымдар т.б. Вебер бюрократияның дамуын капиталистік кезеңнің міндетті белгісі деген.

Вебер социологиялық ілімінің негізі - идеалдық тип. Идеалды тип қоғамдық күйдің бүкіл мәнін - өкімет билігінің жағдайы, тұлға аралық қарым-қатынас, жеке бас және топтық сана және т.б. сипаттайды. Осының арқасында олар өзіндік ерекше критерилерге айналады, соған сәйкес адамдардың  рухани,

саяси және материалдық өміріне өзгерістер енгізу қажет болады. Идеалды тип қоғамда бармен толық сәйкес келе бермейді, кейде өмір шындығымен қарама-қайшылыққа да түседі, сондықтан мұнда қиялдың да белгілері орын алған.

 

2.5 ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары

 

          ХХ ғасыр басталысымен қоғамдық даму қажеттігі социология ілімінің алдына күрделі жаңа міндеттер қойды. Олардың бірі социологиялық теорияны одан әрі дамыту болып табылады. Екіншісі - нақтылы зерттеулер жүргізу және неғұрлым жоғары деңгейдегі материалдар алу болды. Социология өзінің дамуында жаңа кезеңге енді.

          Батыс социологияның дамуындағы жаңа кезең біріншіден: эмпирикалық (тәжірибелік) социологияның қалыптасуымен және дамуымен, екіншіден: жаңа бағыттар мен теориялардың жарыққа шығуымен, үшіншіден: теориялық және тәжірибелік социологияны біріктіруге байланысты болды.

          Социолог - ғалымдардың әр топтары өздерінің ғылыми бағыт-бағдарына қарай, идеялық мақсат, мұраттарына қарай әр түрлі теорияларды басшылыққа алып отырды. Сол теорияларға негіз болған басты шарттар мен принциптердің жиынтығын парадигмалар деп атайды. ХХ ғасырдағы барлық социологиялық бағыттарды, парадигмаларды үшке бөлуге болады:

-       функционалдық (қызметтік);

-       дағдарыс (конфликтология);

-       символикалық интеракционизм.

Құрылымдық - функционалдық парадигма. Оның өкілдері: Т.Парсонс, Р.Мертон, т.б. Олар қоғамды бір-біріне өзара тәуелді құрылымы бар және қоғамдық бүтінді құрайтын тұтас жүйе ретінде қарастырады. Олардың пікірінше, қоғамдық құрылымдағы мемлекет, жанұя, дін сияқты кейбір институттар дербес құрылым бола алмайды, керісінше әлеуметтік жүйенің белгілі бір құрамдас бөлігі ғана болып есептеліп, олар қоғам қасиетіне белгілі бір шартты жағдай қажет деп көрсетеді. Ол - сол институттардың қызметтік жағдайы болып табылады. Бұл теорияның өкілдері негізінен қоғамды құрайтын әрбір институттың қызметіне талдау жасай отырып, олардың әлеуметтік жүйедегі тұтастықтың, гармонияның сақталуына қосатын үлесі қандай екендігін анықтап көрсетуге мақсат етеді.

Конфликтологиялық парадигма - бұл бағыттың өкілдері әр түрлі топтардың мүдделерінің әр түрлі болуына байланысты конфликтердің болатындығын көрсетіп, ал ол өз тарапынан қоғамдағы әлеуметтік - саяси тұрақсыздық тудырып отыратындығын анықтау мақсаты қойылады. Қазіргі өкілдерінің бірі, неміс социологы Р.Дарендорф. Оның пікірінше, таптар арасындағы табысы жағынан алшақтық жойылуда деп айта келе, ол елдердегі бүгінгі өзекті мәселе, ол өндіріс құрал-жабдықтарға қожалық пен оған бақылау жасау құрылымдары арасындағы үйлесімдіктің бұзылуы. Осыған байланысты конфликт көзі басқару жүйесіне ауысқан. Ол белгілі бір индивидтің мекеме шеңберінде қандай да бір әлеуметтік роль атқаруынан туындайтындығын көрсетеді. Өйткені кез-келген басшы өз деңгейінде, өз статусына байланысты ресми түрде шешім қабылдауға құқы бар, ал оның жұмыскерінде ондай құқық жоқ. Осы жағдай, Дарендорфтың пікірінше, қазіргі посткапиталистік елдерінде конфликтердің негізі бола алады.

Символикалық интеракционизм бағыты. Бұл концепцияның өкілдері әлеуметтік әрекетке көңіл бөлу еді, яғни бұлар кіші шеңберіндегі (әлеуметтік өзгерістер) интеракциялық жағдайларға баса назар аударады. Адамның қалыптасқан ортасындағы құрылымдық қатынастың көрінісін береді, сол ортадағы символдарды қабылдаудан тұрады, әрі индивидтің сол ортадағы ролінен құралады деп көрсетеді. Адамдар өзінің адамдық қасиетіне тек өздері өзара символдар арқылы қарым-қатынас жасаған жағдайда ғана ие бола алады деген пікірді жақтайды. Символдың ең негізгісі тіл деп көрсетіледі. Символ адамдардың әлеуметтік ортадағы қарым-қатынас құралын қамтамасыз етеді. Дж. Мидтің пікірінше, символсыз адам арасындағы қатынас жоқ, адамзат қоғамының болуы да мүмкін емес. Сонымен, бұл бағыттың мәні - әлеуметтік өзара қимыл - әрекеттердің символдық жақтарына талдау жасау. Дж. Мидтің шәкірті Г.Блюмер интеракционизм бағытына елеулі үлес қосты.            

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Антология русской классической социологии: Тексты. /Сост и коммент. Клементьева Д.С. – М., 1995.

     2.Арон Р. Этапы развития социологической мысли. – М., 1993. Волков Ю.Г. История социологии. – М., 1995.

3.Воронцов А.В., Громов И.А. История социологии  ХІХ – начало ХХ века. В  2 – х частях. – ч. 2. –  Русская  социология. – М., Владос, 2005.

 4.  Голосенко И.А.,  Козловский В.В. История русской социологии ХІХ – ХХ в.в. – М., 1995.

5. Громов И.А., Воронцов А.В. К истории  русской социологии // Герценовские чтения. – 2003. Актуальные проблемы социологии. – СПб., 2003. – С 6 – 62.

6. Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология в 3 – х томах. –М.: Наука, 2000. Западная социология. – М., 1993.

7. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

8. Коломийцев В.Ф. Социология Герберта Спенсера // Социс. – 2000. – №1.

9.  Краткий очерк истории социологии. – М., 1990.

10. Лапин Н.И.  Когда и как Огюст Конт ввел термин «sociologie» // - 2003. №4. Мнацаканян М.О. Место протестанской этики в концепции капитализма  М. Вебера. //Социс. – 1998. – №7.

11. Основы социологии. Курс лекций. ч 1. //Под ред. Эфендиева. – М., 1995.

12.   Основы социологии: Курс лекций. – ч. 1. – М., 1994.

13.   Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1992.

14.    Тихонов А.В.  Социология  управления. Теоретико– методологические  основы. – СПб. 2000.

15.   Удальцова М.В. Социология управления: Учебник. – М., 2002.

 

3 дәріс.  Әлеуметтік зерттеулердің әдістемелері мен техникасы

 

Дәрістің мазмұны:

-       Әлеуметтік зерттеудің негізгі түрлері.

-       Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы.

-       Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері.

-       Анкета құрылымы.

-       Мәліметтерді өңдеу тәсілдері.

 

Социологиялыќ білім берудің басты маќсаты - студенттердің әлеуметтік ой зерделілігін, ќалыптастыру, әлеуметтік проблемаларды түсінуді ќамтамасыз ету.    

 

3.1 Әлеуметтік зерттеудің негізгі тұрлері

 

Біздің әрқайсысымыз әр түрлі деңгейде радио тыңдаушысы, газет, журнал, ғылыми әдебиет оқырманы ретінде бақылауларымыз әлеуметтік зерттеулермен ұштасады.

Әлеуметтік зерттеудің кәсіби қабылдауларын, дағдыларын және қабілеттерін өңдеуді іс жүзінде оқып-үйренуді күшейту әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсінуді қалыптастыруда аса қажет болып табылады. Әлеуметтік зерттеудің нақты түрі оған қойылған мақсат пен шарттардың сипатымен көрсетіледі. Әлеуметтік зерттеудің 3 негізгі түрін ажыратады:

1) бақылаулық;

2) суреттемелік;

3) сараптамалық.

Әлеуметтік зерттеулерде бақылаудың маңызды 3 негізгі типті процедураны бөліп айтуға болады:

1)  дайындық сатысы (зерттеу бағдарламасын өңдеу);

2)  негізгі (бақылау зерттеулерін жүргізу);

3)  тәмамдайтын (мәліметтерді өңдеу мен талдау, қорытындылар мен нұсқауларды қалыптастыру).

Нақты әлеуметтік зерттеулер - әлеуметтану мамандарын басқа да әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдарының өкілдері ішінен ерекшелеп тұратын өзіндік бір бөлігі. Бақылау әлеуметтануында танымал жаратылыс мамандары болуы бекер емес (мысалы, Галлей, Лаплас, Лавуазье).

 

3.2 Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы

 

Әлеуметтік зерттеу жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Бағдарлама - деп ғылыми ізденістің әдістемелік және әдістеме шарттарын қамтитын құжатты айтады. Бағдарлама әдістемелік, әдістеме және зерттеуді ұйымдастыру тарауларынан тұрады. Бағдарламаны әзірлеу зерттеу проблемасын анықтаудан басталады. Әлеуметтік проблема - деп шешім дайындау мақсатында  арнайы талдауды талап ететін жағдайды айтады. Проблеманы дәл анықтау үшін ол туралы нені біліп, нені білмейтінімізді айқындауымыз керек. Зерттеу жұмысына орай жасалынатын келесі адым оның мақсаттарын анықтау. Мақсат - деп зерттеудің жалпы бағытын, әрекет етудің жобасын және ғылыми нәтижеге қол жеткізуге талаптануды айтады1). Мақсат әлеуметтік зерттеудің қолданбалы және теориялық салаларын негіздейді. Мақсатқа жету үшін нақтылы не істеу керектігін дәлірек, айтқанда, зерттеудің міндеттерін белгілеу қажет. Бұдан соң зерттеудің объектісі мен пәнін анықтау жүзеге асырылады.   

Әлеуметтік мәселелерді шешуге болатын мүмкін жағдайлар жөнінде негізделген тұжырымдар - гипотеза қоюға өзі жол табады.

Ғылыми гипотезаны мақұлдауға немесе одан бас тартуға ұмтылыс ғылыми зерттеудің негізгі мәні, бағыт-бағдары болып табылады. 

Ой жорамал жоқ кезде, зерттеу жақсы жағынан алғанда суреттемелік болады да, жаман жағынан алғанда ғылыми мағынасыз болады. Контргипотеза: табыс табу студенттердің оқуына теріс әсер етеді.

Бағдарлама дайын болған соң кімдердің сауалдама жүргізілетіні анықталуы керек. Ол үшін сұрыптау мәселесі шешіледі. Өйткені зерттеудің объектісі, көп жағдайда, адамдардың үлкен жиынтығы болады. Ал олар әлеуметтік - демографиялық белгілеріне қарай жіктелген және үлкен территорияға орналасқан. Сондықтан олардың бәрімен сауалдама жүргізуді ұйымдастыру қиындықтарға соқтырады. Сонымен қатар 5000 адамнан немесе 250 адамнан сауалға алынған жауап бірдей ақпарат береді. Мәселе, бұл жерде 5000 адамнан 250 адамды қалай сұрыптап алу жайында болып отыр.

Сұрыптау жұмысын жүргізу жиынтыққа байланысты болады. Жиынтықтың  екі түрі бар: бас жиынтық және іріктелген жиынтық. Бас жиынтық деп проблемаға қатысты бақылауға алынатын бүкіл бөліктің жиынтығын айтады.

Әлеуметтік факт жөнінде айта отырып, бақылау әдістерін іске асыра отырып зерттеуші жұмыс істейтін барлық түсініктерін анық қылу керек. Бұған логикалық процедура - түсініктерді операционализациялау: осы жалпы түсініктердің мазмұнын бірге отырып суреттеуге қабілетті  қарапайым, түсіндірмелі және бекітім құрамдарына дейін сатылы мүшелеу. (Бұл ойлаудың өзінше бір рационалдық тілі).

Маңызды бір мәселелердің бірі - материалды дайындау.

 

3.3 Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері

 

Материал-әлеуметтік әдістерге ыңғайластырылған әдістемелік сипаттағы әлеуметтік мәліметтерді жинауға мүмкіндігі бар (анкета, бланк интервью, әлеуметкарта, бақылау карточкасы және т.б.).

Социологияда ақпарат алудың маңызды құралы, көзі және әдісі, құжаттары болып есептеледі. Социологияда құжат деп ақпаратты сақтау және жеткізу үшін адамның арнайы жасаған затын айтады. Құжаттарда жеке адамның, ұжымның, халықтың үлкен тобының және жалпы қоғамның қызмет процестері мен оның нәтижелері жөнінде мағлұматтар жинақталады. Сондықтан олар зерттеушілер үшін аса маңызды. Құжаттарды түріне қарап бес топқа бөледі.

Бастапқы құжаттар тікелей бақылаудың немесе сұрақ-жауаптың негізінде алынған мәліметтер; екінші қатардағы құжаттар, яғни бастапқы құжаттарды сипаттаушы немесе қорытындылаушы.

Қазіргі заманда әлеуметтануда өзі кешенді қолданатын арсеналды көп түрлі бақылау әдістері бар. Негізгі әдістер: ақпарат жазба көзінің талдауы (құжаттар), бақылау, сұрау жүргізу әдістері.

Социологияда кеңінен қолданылатын әдістің бірі сухбаттасу, ол ақпаратты алу әдісі. Сұхбаттасуды қойылған сұрақтар нақты, мазмұнды, мақсатты, тұжырымды болуы шарт. Ол жұмыс, оқу т.б. қызмет орындарында жүргізіледі. Респондент болып кімдердің қатысуына қарай сұхбат топтық және жеке адамдық деп бөлінеді. Топтық сұхбат шағын топтарда жүргізіледі де топтың, жеке адамның ой-пікірі, ұстаған бағыты анықталады. Сұхбаттың бұқаралық түрі де бар. Оған телефонмен сұхбаттасуды жатқызуға болады. Телефондық сұхбаттың сұрақтары қысқа және тұжырымы барынша қарапайым болуы шарт.

Сұрау жүргізу - 2 негізгі түрде жүргізіледі: сұхбат пен анкеталық сұрау. Сұхбат стандартталған пішінде жүреді. Шынында бұл да анкета, тек қана сұхбат береді. Осылай ол сұралатын адамның реакциясына қарай өзі дәл түсіністікке  ие болуы үшін сұрақты анықтайды. Осыған қоса, сұранатын адамның жауаптарының барлық нюансын ескерілуі қажет. Бұның бәрі сұхбаттың әлеуметтік ақпараттың дәлдігінің   жоғары     болу   әдісі   ретінде    әсерлі    болуына   жағдай    жасайды.

 

3.4 Анкета құрылымы

 

1. Кіріспелік бөлім (мұнда сұраудың кім жүргізіп жатқандығы, анкетаны толтыруға арналған нұсқаулар көрсетіледі).

а) Төлқұжат (респонденттердің әлеуметтік-демографиялық сипаттамасына арналған сұрақтар: жынысы, жасы, білімі, мамандығы, жанұялық жағдайы).

2. Негізгі бөлім

а) Сұрақтардың бөлігі - қарапайым, байланыстық сұрақтар.

Олардың мақсаты - респондентті қызықтыру, мәселеге тарту. Сұрақтар шешімде қарапайым, ал жауаптар жеңіл болуы керек.

б) - негізгі сұрақтар. Олардың мазмұны зерттеулердің мақсаттары және шарттарымен анықталады. Күрделі сұрақтар, ойлауды, анализді, естің белсенділігін талап етеді.

3-бөлім - қорытынды сұрақтар.

          Анкетаны толтыруға 35+10 минут кетеді, өйткені респонденттің ықыласы төмендейді.

Практика сұрақ қоюдың бірнеше қарапайым ережелерін жасап шығарады:

-       аса "өткір" сұрақтар қоймау;

-       көңілге тиетін сұрақтар қоймау;

-       адамдар біле алмайтын сұрақтар қоймау;

-       сұрақ нақты, анық, екінші рет айтуды талап етпейтіндей болуы керек;

-       сұрақ оны түсінетіндей  "әркімге" есептеле отырып шешіле алатын болуы керек;

-       сұрақ сұралатын адамға түсінікті тілде (кәсіби жаргонда) болуы керек;

-       сұрақ қандай да бір жауапқа итермелеу керек.

Сұрақтарды жіктеу.

Сұрақтар пішіні бойынша жабық, жартылай жабық және жартылай ашық болуы қажет.

          Таңдамалы сұрақтың бір түрі ретінде шкалалық сұрауды айта аламыз. Мысалы: "Сіз өз клубыңыздың өткен жолғы жұмысын қалай бағалар едіңіз?"

-  өте жақсы - 5

-  жақсы - 4

-  орташа - 3

-  нашар - 2

-  өте нашар - 1

Ашық сұрақтар - респондентке ешқандай жауаптар варианты берілмей, өз қалауынша жауап бере алатын сұрақтар. Мысалы: "Өз жұмысыңызда сізді не қызықтырады, тартады?"

          Жартылай жабық сұрақтар - ұсынылған жауаптар санында "басқа" немесе "тағы не" позициялары болады.

          Тура сұрақ - бұл респонденттен тура ақпарат алуға мүмкіндігін беретін сұрақ. Мысалы, "Сіз өз жұмысыңызға көңіліңіз бола ма?"

          Жанама сұрақтар - қажетті ақпаратты тура емес, сұрақтар сериясы көмегімен алуға көмектесетін сұрақтар.

Ақпарат жинаудың әдістерінің ішінде зерттеудің социометрия деп аталатын әдісін ескеруіміз қажет. Қазіргі замандағы социометриялық әдіс - жеке тұлғаны әлеуметтік топтың элементі ретінде зерттеудің әсерлі, перспективті, кең тараған әдістерінің бірі болып табылады. Бұл әдіс ұжымында, аз топтарда аз байланыс топтарының таңдау жағдайларында қалауды бекіту жолымен қарым-қатынасты зерттеу үшін қолданылады.

          Негізгі қызметі: социометриялық әдістің көмегімен топтағы өзара қатынастар құрылымының суреттемесі, топтың мүшелері арасында эмоционалдық қатынастар сипатының сандық бағасы (өлшемі) беріліп, көрсетілген құрылымда орын қойылады.

          Ғылыми бақылаудың айрықша және аса күрделі формасын эксперимент деп атайды.       Эксперимент дегеніміз - зерттелінетін құбылысты жасанды түрде қолдан жасау (тудыру) арқылы бақылауды айтады.

 

3.5 Мәліметтерді өңдеу тәсілдері

 

Жиналған мәліметтерді тәртіпке келтіру дегеніміз ғылыми қорытынды жасау. Бақылаулық әлеуметтік зерттеудің қорытынды сайысы мәліметтерді өңдеу, сараптау, бақылаулар негізіндегі жалпылаулар, шешімдермен нұсқауларды алуды қарастырады.

Мәліметтерді өңдеу келесі сәттерден тұрады:

1) ақпаратты сараптау мен кодтау. Бұл қадамның мақсаты - әлеуметтік зерттеу барысында алынған ақпаратты унификациялау мен формализациялау;

2) айнымалыларды жасау. Анкеталар негізінде жиналған ақпарат зерттеу барысында шешілуге тиіс сұрақтарға жауап береді, өйткені, операциянализациялау процесінде сұрақтар индикаторлар формасына ие болды;

3) статистикалық анализ-әлеуметтік мәліметтерді анализдеу процесіндегі кілтті қадам. Оның барысында әлеуметтану мамандарына жалпылаулар мен қорытындылар жасауына мүмкіндік беретін тәуелділіктермен заңдылықтар анықталады. Мәліметтерді өңдеу мен анализдеу ранжирлеу, шкалалау, корреляция және т.б. әдістерді кеңінен қолданады.

Ранжирлеу-зерттелетін объектілерді тәртіптеу негізінде қатыстық мәнділігін қалыптастыру процедурасы. Ранг дегеніміз - топтағы бағаланатын объектіміз, баға үшін маңызды қасиеттерге ие басқа да объектілердің реттік орнын сипаттайтын көрсеткіш.

Бұл бір жағынан, зерттеулік және ұйымдастырушылық жұмыстың әлеуметтік білімдерімен, әдістерімен және ережелерімен игерген компонентті мамандыққа деген қажеттілікпен түсіндіріледі. Нәтижесінде әлеуметтануды инженерлік қызмет ретінде түсіну қалыптасады. 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Антипина Г.С. Теоретико-методологические проблемы исследования малых социальных групп. – М., 1982.

2.   Бутенко И.А. Анкетный опрос как общение социолога с респондентами. – М., 1989.

3.   Гречихин В.Г. Лекции по методике и технике социологических исследований: Учебн. пос. – М., 1988.

4.   Ибраева Г.Ж., Петренко С.Ю., Булуктаев Ю.О. Экспертная оценка медиапространства Казахстана. // Социс. – 2004. – №6 .

5.   Как провести социологическое исследование. – М., 1990.

6.   Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

7.   Методы анализа документов в социологических исследованиях. – М., 1995.

8.   Практикум по социологии. – М., 1992.

9.   Рабочая книга социолога. – М., 1983.

10.   Социология: Учебное пособие. – Алматы: Санат, 1997.

11.   Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

12.   Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

13.   Ядов Социологическое исследование: методология, программа, методы. – М., 1987.

 

4 дәріс. Еңбек социологиясы

 

Дәрістің мазмұны:

-       Еңбектің әлеуметтік өлшенуі.

-       Адам талаптарының  тұжырымдамалары.  

-              Еңбек ic-әрекет себептерінің негізгі деңгейлері.

-              Еңбек ұжымы әлеуметтік институт ретінде.

 

Еңбек социологиясының басты маңыздылығы еңбек категориялау жүйесі мен аныќтамаларын негізге ала отырып, еңбек түрлерімен еңбек ұжымдарының даму деңгейлерімен таныстыру.

 

4.1 Еңбектің әлеуметтік өлшенуі

 

Еңбек - қоғам мен адам өмірінің негізгі шарты. Еңбек адам мен табиғат арасында жасалынатын жүйе және осы жүйеде адам өз әрекетімен өзінің табиғат пен қарым-қатынасын бақылайды, реттейді. Осы еңбектің арқасында адам өз өміріне бөлінді және адам болып қаланды. Еңбек социологиясы еңбекті әлеуметтік процесс ретінде зертттейді, еңбектің әсерін, еңбек тиімділігінің өсуін, еңбекте техникалық және әлеуметтік шарттардың адамдарға өзара байланысын зерттейтін әлеуметтануының бөлігі. Адам мен қоғамның жасалыну жүйесін еңбектің негізгі үш ерекшелігін бөліп алуға болады.

Біріншіден, еңбек социологиясы - бұл еңбек заттары және құралдарымен адамдардың өзара әрекетін көрсететін әлеуметтік заңдылық. Бұл жерде адамдар мен ұжымдардың қазіргі заманғы шарттардағы әрекетіне байланысты мәселелерді қарастырады.

Екіншіден, еңбек социологиясы - бұл адамдар мен ұжымның еңбек сипаттамаларына, мазмұнына, шарттарына қарым-қатынастары. Бұл жерде адамдар мен ұжымдардың еңбекке материалдық қызығушылықпен, еңбек мазмұнына, еңбек мәніне қатысты себептерді талдайды.

Үшіншіден, еңбек социологиясы - ұжымдық әлеуметтік ұйым немесе жұмысшылар арасында байланыстың, құнның, көзқарастың жиынтығын құрайтын қарым-қатынастың ең маңызды жүйесі. Бұл жерде ұжым ішіндегі әлеуметтік - психологияның климаттағы мәселелерді, мысалы, ұжымды басқару тәсілдерін, олардың арасындағы жанжалдарды, ұжым мүшелерінің қарым-қатынастары талданды.

Еңбектің қызметін көрсететін қоғамдық қызметтер.

Біріншіден, еңбек адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсіл ретінде көрінеді.

Екіншіден, адам қажеттіліктерін қанағаттандыратын тәсіл ретінде көрінеді. Екіншіден, еңбек - қоғамдық байлықтың көзі.

Үшіншіден, еңбек қоғам жасаушы және қоғамдық алға басу факторы.

Төртіншіден, еңбектің адам шығарушы факторы. Бесіншіден, еңбек адам үшін төленетін бостандыққа жолдағыш күш.

Еңбек социологияда негізгі категорияларға мыналар жатады: еңбек шарты, еңбек ұйымы, еңбек түрлері, еңбек мазмұны, еңбек сипаты, еңбекке көзқарас, еңбекпен қанағаттанушылық, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климаты және т.б.

Адамның еңбекке әсерін анықтайтын негізгі факторлардың бірі жұмысшыларға материалдық қызығушылықтардың қолма-қолдығы және жетіспеушілік нәтижесі болып табылады. 

Біріншіден, Т.И. Заславскаяның тұжырымдауы бойынша адамдардың 20% әртүрлі экономикалық жүйеде және сапасына қарай әртүрлі ынтада жақсы жұмыс істей алады: олар жаман жұмыс істей алмайды. Ал, 15% ешқашанда және шарт болса да жақсы жұмыс істей алмайтындар. Сол себепті, жұмысшылардың 65% барлығына болмаса да, әйтеуір жұмысқа ынталанған1. Екіншіден, адам "гомо экономикус" емес қой. Бұған И.Б.Бестужев-Лада деген ғалым жауап береді: "Адам үшін - әсіресе жас адамды - тек өзіне қатысты жоғары деңгейдегі қажеттіліктерін қанағаттандыратындар мыналар, біріншіден қызықты, мазмұнды, шығармашылықты жұмысында өзіне тартымды ұжым, біліктілігі мен білімін өсіретін мүмкіндік бос уақытының, қызығатын адамдарымен қарым-қатынасының көбеюі және т.с.с. Адам еңбегінің қиын сәттерінің себебін ескеру қажет".

 

4.2 Адам талаптарының  тұжырымдамалары  

 

Еңбек социологиясы туралы идеялардың дамуы XXғ. 20-30 жылдарынан бастау алады. Америкалық, социолог Фредерик Херцбергтің айтуынша, батыс социологиясында өндірістегі жұмысшылардың тәртібін реттеудің 3 тәсілі талданған.

Бірінші тәсіл - ғылыми менеджмент. Оның негізгін XX ғасырдың басында американ инженері Фред Тейлор қалады. Оның теориясына сүйенсек, адам еңбегінің нәтижелігі еңбек дағдыларын қажет етпейтін жай ғана операцияларға негізделген өндірістік тапсырмаларды орындау барысында жинақтаған мәліметтер арқылы өседі.Тіпті жалқау еңбекке қызығушылығы жоқ жұмысшыларға прогрессивті -премиялық, жалақыны үйлестіріп бөліп беру арқылы олардың еңбек өнімділігін арттыруға болады. Сонымен бірге, еңбек қозғалысын үнемдеу мақсатында жұмысшы операцияларын хронометриялау және еңбек функцияларын жеңілдету арқылы еңбек өнімділігін арттыруға болады.

Еңбек социологиясы идеясының бастау алуына үлес қосқан Элтон Мэйо (1880-1949) «адамдардың қарым-қатынастарының»   дамуына  зор  үлес  қосты. Өндірістің ұлғаюына әсер етуші бірнеше факторларды - еңбектің ұйымдастырылуы, оған қойылатын шарттар, жалақы, басқару стилі, жеке адамдар арасындағы қарым-қатынастар, т.б. факторларды зерттей келе, Э.Мэйо адами фактордың рөлін көрсетті. Э.Мэйо 1927-1932 жылдар арасында Чикаго штатына   жақын Хоторн аймағындағы электрлік кәбілдер зауытында орналасқан «Уэстерн Электрик» фирмасында жүргізілген зерттеулерге жетекшілік жасады.

Ондағы эксперименттер еңбек шарттарының, оның өнімділігіне әсер ету деңгейін анықтаудан басталды, оған жұмыс істеу режімі, демалыс ұзақтығы, жалақы беру жүйесі және тағы басқа параметрлері кіреді. Осы зерттеулер нәтижесінде мынандай қорытынды жасалды:

1) еңбек шарты мен оның нәтижелілігі арасында ешқандай тәуелділік жоқ болып шықты; 

2) еңбек өнімділігінің өсуіне еңбек шартына тәуелсіз факторлар ықпал ете алады екен. Ондай факторларға жеке адамдардың өзара қарым – қатынасы, «топтық рух», жұмысшылардың еңбекпен және жетекшілікпен субъективтік қарым – қатынас жасауы жатады.

Жасырын факторлар арасында жұмысшылардың формальды емес нормалары, ережелері талаптары да анықталды. Бұл нормалар мен талаптар жұмысшыларға еңбек өнімділігін сақтауға, әкімшілік жақтан көрсетілген қыспақтарға қарсы тұруына, еңбекке қызығушылығының жойылуына жол бермеуге мүмкіндік береді.

Жұмысшылардың мінез-құлқын реттейтін үшінші тәсіл америкалық социолог Беррес Фредерик Скиннердің есімімен байланысты және ол оқиға менеджменті деп аталады. Бұнда менеджменттің бұл түріне қозғау салатын әлеуметтік-материалдық факторлар есепке алынады. Онда еңбек процесінде айқын мақсаттарға қол жеткізген адамдар марапатқа ие болады.

4.3 Еңбек ic-әрекет себептерінің негізгі деңгейлері

 

Американдық социолог Абрахам Маслоудың еңбек ету себептері туралы теориясы Адам талаптарын баяндайды. А.Маслоу адам талаптарын жіктей отырып, оны базистік (өзінің қауіпсіздігі, азық-түлік қажеттігі, қоғамда өзінің жоғары бағалануы және т.б.)  және туынды (әділеттілік, ырыс-берекелігі, қоғамдық өмірінің бірлігі және т.б.) деп бөледі.

Бірінші топ - гигиеналық, фактор. Бұл фактор еңбектің қолайлы шарттарының бipi ретінде қарастырылады. Бұл шарттар жұмысшыларды тұрмыс үймен, жеңілдіктермен қамтамасыз ету және еңбекті ұйымдастыру кезінде қолға алынады. 80-жылдарда жұмысшыларды өз жұмыс орындарында санитарлық-гигиеналық, шарттармен қамтамасыз ету талаптары орындалмады. Барлық жұмысшылардың 53,7%-ы осы келеңсіздіктің нәтижесінде зардап шекті.

Екінші топ - себептер - ішкі талаптарды қанағаттандырады, олардың құрамында табысқа қол жеткізу, өз жұмысының мазмұнына қызығушылық көрсету, жауапкершілік және т.б. бар. Адамның еңбекке қызығушылығын ояту үшін еңбекті жетілдірудің қосымша шараларын енгізу қажет. Еңбекті жетілдіру шарты 7 элементтен тұрады: клиентпен тікелей қарым-қатынас жасау; тауар  өндірушінің өз жауапкершілігі мен есеп берушілік; кepi байланыс; өз өзін назарында ұстау құқығы; еркін график; ресурстарға бақылау жасау; мамандығын ұлғайту және өз тәжірибесін ортаға көрсету.

Фредерик Херцбергтің жасаған тұжырымы көптеген америкалық компаниялардың қолдауына ие болды. Еңбек ұйымдастырудың 3 түрлі жобасы жасалды. Бұлар:

1) АҚШ-та пайда болған «қатысушылық менеджменті» деп аталатын жобада жұмысшылар басқарудың кейбір мәселелерін әкімшілікпен бipiгe отырып талдап, шешім қабылдайды;

2) «Әлеуметтік техникалық жүйе» деп аталатын түріне мысал ретінде Швеция мемелекетіндегі Вольво компаниясының машина бөліктерін жинастырумен айналысатын жұмысшылардың бригадалық, ұйымын алуға болады.

3) Жапониядағы «сапа ұйымдары» деп аталатын жоба. Жұмыс орындарында жұмысшыларды өнімнің сапасына статикалық есеп беруде жауапкершілік көрсетуіне орай оларды түрлі топқа бөледі, сонымен бірге өндірісті дамытуда жұмысшылардың көрсеткен белсенділіктеріне қарай жіктейді.

1992 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың еңбекпен қарым-қатынасын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Алматы қаласындағы автотранспорттық; мекемелерде қызмет істейтін 2000-ға жуық жұмысшыларға еңбекке қанағат ету деңгейін анықтау мақсатында сауалдар қойылып, тексерулер жүргізілді. Олардың арасында - жүргізушілер, жөндеушілер, төмен деңгейлі қызметкерлер де болды.

Жүргізушілер арасында өз еңбегіне тәубе етушілер 63,3%-ды құрайды.

Қанағат етуінің орта деңгейіндегі жұмысшылар үлесі - 13,9%, өз еңбегіне көңілі толмағандар 23%-ды құрады.

Жөндеушілер арасында: қанағат етпеушілер - 52,6%, ал төмен деңгейлі қызметкерлер арасында - 50,0% . Бір айта кететін жайт, әйелдер арасында өз еңбегіне қанағат етушілер саны ер адамдарға қарағанда жоғары, мысалы, әйелдер арасындағы керсеткіш - 642% болса, еркектер арасында - 61,4%.

80-жылдардың ортасынан бастап әлеуметтану ғылымында еңбектік ic-әрекет факторларымен байланысты күрделі тұжырымдар ұсыныла бастады. Соның ішінде Александр Здравомыслов енгізген тұжырымға көпшілік ғалымдар назар аударады.

Еңбектік ic-әрекеттер себептерінің сұлбасы

 

 

 


                                       

 

 

 

 

           

 

Еңбектік әс-әрекет жасау үрдісінде жұмысшылар сәйкес материалдық немесе рухани құндылықтарды өндіру барысында олар бір әлеуметтік ұйымға біріге бастайды. Жұмысшылардың мұндай тобы еңбек ұжымы деп аталады.

 

4.4 Еңбек ұжымы әлеуметтік институт ретінде

 

Ұжым – ерекше ұйымдасқан  қауым. Бұл  топ еңбек құралдарына иелік етуші қоғамдық, ұжымдық  немесе мүшелік  меншікті  көздейтін және өзіндік  әс-әрекеттерді қамтамасыз етуші жалпы шарттарды  қамтитын жалпы қоғамдық  іс-әрекеттердің жиынтығын  сипаттайды.  Ұжым болу қалыптасу үшін индивидтер  тұрақты  түрде  түйісіп  отырулары қажет, өз күшін жоймайтын  қатал  тәртіп  енгізу керек. Бірақ, солай бола  тұрса да олар  ұжымның  сыртқы  көрінісін  сипаттайды.  Ұжымның негізгі  сипаттамасы  психологиялық тұрғыдан қарастырылады, яғни ұжымның  негізгі  көрінісі оның  құрамындағы жеке топтар мен мүшелері арасындағы өзара қарым-қатынастарында жатыр.

Еңбек ұжымы екі функцияны атқарады: өндірістік-экономикалық және әлеуметтік.

Ұжымның  моральдық-психологиялық климат жағдайы ең маңызды фактор ретінде саналады. Бұл фактор жүзеге асса, еңбек өнімділігі 15% артады, ал керісінше болса, 30% төмендеуіне алып келеді. Жалпы, ұжымның  моральдық-психологиялық климаты дегеніміз  - жұмысшы жұмыс істеу ниетін білдіретін мекеменің психологиялық тұрпаты. Ұжымның психологиялық сипаты ұжымның жалпы мүшелері арасындағы қарым-қатынастардың көрінісімен айқындалады. Мысалы: ұжым мүшелері арасындағы дау-жанжал немесе бір-біріне сыйластықпен қарауы, адамның  өз жұмысын жақсы көңіл-күймен немесе тұнжыраңқы көңілмен атқаруы және осы секілді т.б. көріністер.

Психологтардың айтуынша, еңбек ұжымындағы дау-жанжалдар мына себептерден  туындайды:

- басқару тәсілінің кемшілігі - 52%;

- жұмысшылардың психология жағынан бір-біріне сәйкес келмеуі - 33%;

- кадрлардың дұрыс бірікпеуі - 15% 1).

Өндірісте инженер өз уақытын көбінесе адамдармен  араласып, олармен жұмыс істеуге жұмсауына тура келеді. Жоғарғы оқу орындарын бітірушілердің көбісі адамдармен қарым-қатынас жасау мәселесін қарастыру керек екендігін ескертіп  жатады. 

Қазіргі нарықтық қатынастар  адамдармен тең дәрежеде араласуды және оларға құрмет көрсетуді талап етеді.

Ұжым мүшелері арасындағы қарым-қатынас, басқарушының көріпкелдігі мен ақылдылығы – қазіргі еңбек ұжымының субъективті факторы ретінде саналып отыр. Ал, ұжымның  материалдық базасы, өндірістің техникалық  жабдықталуы, жалақы қоры және т.б. шарттар  ұжымның  сыртқы факторлары ретінде қарастырылады. Еңбек ұжымы үнемі өсу үстінде болатын тұтас организм, ондағы  келеңсіздіктің пайда болуы оның әлсіздеуіне алып келеді.

Еңбекке шығармашылық көзқарас жаңашылдық және өнертапқыштық негізінде пайда болады.

Жапониядағы өнеркәсіптік  кәсіпорында бір жұмысшыға орта бағамен «сапа төңірегінде» 60 ұсыныс жасалады екен. Жапон жұмысшылары ауысымдардан кейін қосымша тағы цехта қалып, өндірістің сапасын арттыру жөнінде бірнеше мәселелерді шешуге уақытын бөледі. Бұрынғы КСРО-да 1985 жылы жаңа ұсынысқа бес миллиондай арыз түсті, мамандардың айтуынша, осының тең жартысын  жұмысшылар ал, қалған тең жартысын ИТР береді екен. Сонымен, жұмысшылардың аразы 2,5 млн. 1985 жылы әлемде 82,1 млн. жұмысшы болды. Сонымен, бізде бір ұсынысқа 33 жұмысшы сәйкес келді: бұл Жапонияда 2000 есе аз.

Қазіргі заманғы өндіріс – жігерлі төтенше құбылыс.  Бұл құбылыс өндірістік ұжымының  ішкі өзгерістеріне  алып келетін кадрлар қозғалысы ретінде қарастырылады: кадрлар ағымы, табиғи қозғалыс (жұмысшының зейнеткерлікке шығуы немесе қағазға  ұшырауы, әскерге кету және т.б.), мамандық жинақылық (жұмысшыны өз мамандығын өзгертуі), әлеуметтік жинақылық (индивидтің бір әлеуметтік қоғамнан екінші бір түріне өтуі).

Ұжым кадрлар ағымын  мекемедегі дау-жанжалдарды болдырмау үшін бағытталған жұмысшы күшін  тарату құралы ретінде қажет етеді.

Қазір жағдай өзгерді. Қазақстан және өзге де ТМД елдерінде іріленген штаттарды қысқарту әрекеттері жүргізіліп, нәтижесінде елде жұмыссыздық белең алды. Осы кезде кадрлар ағымына  көзқарас  өзгерді.  Артық жұмысшылардан  айығу шаралары жүргізілді. Кадрлар ағымынсыз техникалық  прогресс жүргізу мүмкін емес.

Жұмыссыздықтың өсуі әлеуметтік қопарылысқа алып келеді. «Дейли Уоркер» мәліметтеріне сүйенсек, АҚШ-та 1% жұмыссыздықтың арты 4% адамдардың өзіне қол жұмсауымен, 4%-i түрмеге қамалуымен, 5,7%-i ұрлықты жасаумен, ал, 8,7%-i анаша тасымалдағаны үшін жазалануымен бітеді екен.

Жұмысшы күшінің екінші бір қозғалыс формасы техникалық прогреспен байланыс тыс екен. Бұл да жұмысшылар  санының төмендеуіне алып келеді. Қазіргі таңда бірінші кезекте кәсіби білімі жоқ немесе тәжірибесі аз мамандар саны көбеюде. Ал, интеллигенттер мен жоғары білімді мамандарға  сұраныс күшеюде.

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Албегова И.Ф. Исследование мотивации социальных работников // Социс. – 2005. – №1.

2.    Бейсенова М. Труд – одна из составляющих уровня жизни населения // Труд в Казахстане. – 2008. - №2.

3.   3.Берешев А. Особенности формирования труда в Казахстане и  труд в Казахстане. – 2008. - №2.

4.   Герций Ю.В., Дановский С.Л. Громова Е.Е. Стили  поведения  сотрудников службы занятости в общении с безработными //Мысль. – 2004. - №1.

5.   Даримбетов Б.Н., Спанов М.У. Теневая экономика в Казахстане: источники и механизмы реализации // Социс. – 2001. – №12.

6.       Ельчанинов П.М. Женская безработица  на селе // Социс. – 2004. - №12.

7.   Врублевский В. Труд на рубеже третьего тысячелетия. – К., 1989.

8.   Динарева А.А., Мирская М.И. Социология труда. – М.: Высшая школа, 1989.

9.   Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

10.   Кравченко А.И. Социология труда.  – М., 2001.

11.   Козлова О.Н. Труд в социальной жизни // Социально-гуманитарные знания. – 2003. – № 3.

12.    Кузнецов А.П. Социальные отношения производства. – М., 1990.

13.   Маркович Д. Социология труда. – М.: Прогресс, 1999.

14.   Озмитин В.Д. Труд: где главная точка отсчета? // Социологические исследования. – 1993. – № 3.

15.   Радаев В.В. Рынок как идеальная модель и форма хозяйства к новой социологии рынка // Социс. – 2003. – № 9.

16.    Социология: Учебное пособие для студентов ВУЗов // Под ред. К.Г. Габдуллиной. – Алматы: Гылым, 1994.

17.   Тощенко Ж.Т. Социальные резервы труда: Актуальные проблемы социологии труда. – М., 1989.

18.   Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

19.    Хайруллина Ю.Р. Ценности в сфере труда: особенности и факторы // Социс. – 2003. – № 5.

20.    Херцберг Ф., Майнер М. Побуждения к труду и производственная мотивация // Социологические исследования. – 1990. – № 1.

21.    Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

                     

5 дәріс. Инженерліктің әлеуметтік мәселелері

 

Дәрістің мазмұны:

-       Инженер еңбегінің ерекшеліктері.

-       Әлеуметтік инженерлік әрекет.

-   Инженердің жеке тұлғасына талап тар.

-       Инженерлік - басқармалық еңбек.

 

Ќазіргі заманда әлеуметтік инженерлік іс-әрекеттің маңызы өте зор. Таќырыптың маќсаты - инженерлік ќызметтің ерекшеліктерін аныќтау, ХХІ ғасырдағы инженердің жеке тұлғасына ќойылатын талаптарын көрсету.

 

5.1 Инженер еңбегінің ерекшеліктері

 

Инженер еңбегінің басты ерекшеліктері кандай? Біріншіден, инженер еңбегі - өндіруші, өнім шығарушы еңбек, ол материалдық және рухани құндылық жасайды. Болашақ өнімді жобалайды, өнімдерді ұйымдастырады. Екіншіден, инженерлік іс - әрекеттің әмбебаптық сипатына байланысты, еңбектің көптеген түрлері оны ерекшеліндіреді, олар жүздеген инженерлік кәсіпте, мамандықтар мен мамандыруда іске асырылуда. Үшіншіден, инженерлік еңбек үлкен шығармашылық мән - мағынаға және сипатқа ие. Шығармашылық сипат еңбектің көптеген түрлеріне тән. Күрделі техникалық операциялар жасайтын маман қызметкердің еңбегін шығармашылық элементтер сипаттайды. Инженерлік еңбектің шығармашылық потенциалы негізінен материалды өндіріс сферасында колдауымен байланысты. Инженерлік ізденісті, жаңашылдықты, рационалды - өнертапқыштық әрекетін ретке келтіру ғылыми прогрессте анық көрініс табады. Инженер еңбегі негізінен алғанда мынадай бөліктерге жiктеледі:

1) болашақ шығаратын өнімге қатысты ізденіс, зерттеу жүмыстарын жүргізу;

2) өнімнің конструкциясын жетілдіру, жаңарту;

3) өндірісті техникалық түрғыдан дайындау;

4) өндірістік процесстi ұйымдастыру;

5) еңбек ұжымын басқару.

Бұрынғы Кеңес Одағында инженерлердің беделділігі өте жоғары болған. Сібір мен Ленинград қаласындағы инженерлердің беделін зерттеген кезде, әр түрлі саладағы инженерлер өз мамандықтары деңгейінде өте жоғары орындар алған. 70-жылдары бүкіл тұлғалардың 56,5%-ын жоғары білімді техникалық  мамандар құрды. Казармалық социализм шартарында партократия ішінде технократия өмір сүрді деп айтуға болады.

Осының нәтижесінде жоғары техникалық білім индивидтің мамандық қызығушылығын қанағаттадыратын  құндылық  ретінде емес, әлеуметтік қозғалыстың құралы ретінде қарастырыла бастады.

Бұған қарама-қарсы құбылыстар да болды. Көптеген инженелер мен техник-мамандар жалақының өз жұмысына сай төленбегені үшін жұмысшылар қатарына ауысты. 1985 жылы Кеңес Одағында 200 мындай жоғары білімді мамандар өндірісте жұмысшы сапасында қызмет істеді, олардың 2/3 бөлігі  инженерлер болды. Инженерлердің беделі түсті, сол себепті көптеген техникалық ЖОО-да сайыс азайды. Осыдан инженерлік  корпустар әлсіз контингенттерге толып,  жұмыс сапасының  төмендеуіне әкеп соқтырды. КСРО-да 1939 1,2 млн. адам, 1987 жылы 20,8 млн. адам жоғарғы білім алды, олардың 518,5 мыңы кандидат, ғылым докторы атанды, 1987 жылы өндірістік мекемелерде барлығы 1000 жұмысшы болса, соның 78-адамы, транспорт және байланыс мекемелерінде 51 адам , құрылыс мекемелерінде 77 адам жоғары білімді саналды.

Өндірісте инженерлер саны көбейді. ҒТР дамуында өндірістегі инженерлер саны бұдан да арта түспек№ осыған сәйкес АҚШ-та ой еңбегімен жұмыс істейтіндер 55%-ды құрайды, ал, жұмысшылардың 78%-ы орта білімді, 30%-ы жоғары білімді.

 

5.2 Әлеуметтік инженерлік әрекет

 

Социологтармен жиі кеңестер, әлеуметтанулық өнеркәсіптерге сұраныс беру, басқарушылық шешімдерді қабылдау, социалдық объектілердің өзгеруімен адамдардың жағдайын қадағалайтын жазбаларды қабылдауда мөлшер болып қалыптасады.

Эмпириялық әлеуметтанудың қызметі - басқарушылық сипаты, талап етілушілігі әлеуметті дамудың жобасын құруда социологтың қосылуы шартты.

Адамға имандылықсыз идеализмнің салауатты қарауы ұмытылады.

Дж. Ландберг әлеуметтанудың мынандай міндеттерін қарастырады:

1)  белгілі бір кезеңдегі шартта адамдардың не қалайтынын дәлме-дәл бағалап отыру қажет;

2)  қойылған шартқа сәйкес салдарларды анықтап алу тиіс;

3)  әлеуметтік орнатылымдарды тиімді экономикалық  әдіспен өзгертуге мүмкіндік беретін  әкімшілік инженерлік техниканы енгізу керек. 

Қолданбалы әлеуметтануда, әлеуметтік психология мен әлеуметтік басқаруда сипатталатын әрекет әлеуметтік инженерлік әрекет деген атқа ие болды, ол әлеуметтік бағытты күшейтетін  қолданудың практикалық  сферасы болып табылады.  Бұл әрекеттің мазмұны  әлеуметтанушы мен инженердің қасиеттерін құрайды.  Ол социолог  ретінде зерттеу жобасын  бағдарламалық-әдістемелік жағынан қамтамасыз  етуде сауатты қызмет етуі тиіс. Инжиниринг (техникалық, қолданбалы) – арнайы шешімдерді  қабылдау үшін адамдардың көмегімен жасалған әр түрлі ұйымдық құрылымдардың арнайы әлеуметтік техникасының көмегімен әлеуметтік бақылау жасау, реттеу мен өзгерудің ұжымдық негізіндегі консультациялық  немесе  инженерлік консультациялық жиынтығын ұсыну.

Инженерлік қызмет – жасанды типті жүйелерді құрғанда және оларды қолданғанда берілген шешімді қалай және қандай  кезектілікпен қабылдау керек екендігін  анықтайтын  қатаң алгоритм. Ал, адам инженериясы денегіміз – адам  қызметтерінің  әр түрлі саласында: өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, медицинада, өнерде, т.с.с. қызмет түрлерінің  нақты  жүйесін құруда қолданылатын  адам туралы ғылыми мәліметтердің жиынтығы. Бұл мәселелермен эргономика,  дизайн, социометрия айналысады.

Әлеуметтік инженерияда адам әлеуметтік процестердің негізгі факторы ретінде саналады. Себебі, әлеуметтік іс-әрекеттердің жасанды жүйесі  адамдардың мақсатқа жету жолында арқарған іс-әрекеттері  негізінде қалыптасады. Жасанды жүйе тек адамдардың өзара тұрақты қарым-қатынастары  арқылы ғана өмір сүреді. Бұл қарым-қатынастарды әлеуметтік институттар мен ұйымдар іске асырады. Олардың ішінде  осы институттарға  сәйкес  қызметтерді мемлекеттік институттар, білім алу, нарық және т.б. ұйымдар атқара алады. Мысалы, нарық институты көптеген  ұйымдардың – кәсіпкерлік, менеджмент, маркетинг қызметтерін бір стратегиялық  желіге  біріктіреді.  әлеуметтік инженерия  қызметі осындай жасанды жүйелерді құруға, өзгертуге бағытталады.  Оның іргесін  қалаушы социологтар өз алдында келесі ұранды  тастайды: «Әлеуметтану мәселесі – адам қылықтарын  алдын-ала көру және оны басқару». Эмпиризм мен пргматизм тек инженерлік ғылымда ғана емес, сонымен бірге әлеуметтану  саласында да әлеумет туралы түсініктерді қалыптастырады.  Өндірістік процестерде олар екі түрге бөлінеді:

- ғылыми басқару ұйымы – мұнда зерттелетін нәрсе ретінде адамның еңбек құралын қолдануы қарастырылады;

- ғылыми басқару ұйымы – адамдардың өзара қарым-қатынастары мен олардың рационалды бірігуін және басқару әрекеттерін қарастырады.

Осы ауқымды қамтитын әлеуметтік қызметтің сатылары төмендегідей болып табылады:

- жұмыс орнын  ұйымдастырудың картасы, жұмыс  уақытының  және жұмыстан тыс уақыттың  және т.б. әлеуметтік техникалық жобаны құру;

- практикалық кепілдемелерді енгізу;

- мекеменің қалыпты жұмыс істеу кезінде енгізілген жүйелерді іске асыру.

Сонымен бірге, инженер  еңбегі  техникалық  шығармашылықпен  тыс басқа да міндеттерді атқарады, мысалы, әкімшілік қызмет.

Инженер еңбегі қашан да болсын  жұмысшы еңбегімен тығыз байланысты болып келеді. Екеуінің  біріккен еңбегі нәтижесінде ғана қоғамға қажетті сапалы өнім бере алады.

 

5.3 Инженердің жеке тұлғасына талаптар

 

Қазіргі инженерлердің бойында қандай қасиеттер болу керек?

Жұмыс істейтін  инженерлер мен жетекшілер қазіргі заманғы инженерлерге мынандай талап қояды:

-  Техникалық білім.

-  Техникалық процестерді білу.

-  Экономикалық категория  жағынан ой түйе білу.

-  Адамдар жұмысын ұйымдастыра білуі.

-  Ғылыми – техникалық ақпараттармен бағдарлама жасай білуі.

Инженерлердің жеке қасиетттері төмендегідей болу керек:

1)Іске шығармашылық көзқарас.

2)Ынталылық.

3)Шапшандық көрсете білуі.

4)Білімділігі және тәжиребелілігі.

5)Дербес шешім қабылдауы.

Шығармашылығы, ынталылығы және белсенділігі бірінші орында тұру керек.

Мыңнан аса инженерлерге өздерінің басқарушыларының берген бағасы бойынша, шығармашылығы, ынталылығы  мен  шапшаңдығы төмен деген баға қойылып отыр. Мұны қалай түсіндіруге болады?

Көпшілік адамдар ЖОО-да берілген  білімнің маманның жұмыс сапасына  ешқандай қатысы жоқ деп санайды. ЖОО-да тек қана «өте жақсы» бағаға оқығандар  инженерлік білімді бағалайтын  5-балдық  жүйе бойынша 3,8 балл;

-  «жақсы» бағадан «өте жақсы» бағаны көбірек алғандар – 4,2 балл;

-  «өте жақсы» бағадан  «жақсы» бағаны көбірек алғандар – 4,1 балл;

-  «қанағаттанарлық» бағаны «жақсы» бағадан көбірек алғандар – 3,9 балл;

-  Тек қана «қанағаттанарлық» бағаға оқығандар – 3,7 баллға ие болды.

Инженерлердің өз еңбегіне  инабаттылықпен қарауы күн санап өсіп  келеді. өйткені, инженердің жіберген қателігінің  қоғамға  әкелер зардабы көп. Тек сүйіспеншілікпен жасалған іс қана мәнді болмақ, әрі бере жемісі зор.

Инженерлік корпусқа қандай топтар жатады? Сайрус Смит у Ж. Верн инженер  туралы мына  бір ойды айтады: «Инженер дегеніміз – бұл конструктор, әрі  технолог, әрі кеме құрылысшысы».

1-топ. Қазіргі ғасыр – осал  мамандану ғасыры.

Конструкторлар жаңа техниканы  құрастырумен, оны жобалаумен айналысады. Жұмысшы материалдық  өнімді шығарса, инженер сол өнімнің жасалу алгоритмін құрып береді.

2-топ - әр текті желілік басқарушылар тобы. Негізгісі өндірістік ұйым болып  табылады.

Бұл қатардағы басқарушылар экономиканы,  менеджментті, өндірісті ұйымдатсыруды, еңбек социологиясын, әлеуметтік психологияны, одан кейін  техника мен технологияны жете меңгеруі керек.

3-топ – бір немесе бірнеше өнімнің технологиясын  жетілдірумен айналысатын технологтар тобы

4-топ – іске асырушы мамандар тобы. Қызметтің бұл түрі өндірісті ұйымдастырушы менеджер қызметіне ұқсас болып келеді. Бұл топ мамандарының  көпшілігі транспорт  саласында  жұмыс істейді.

5-топ – инженер-ғалымдар тобы. Өндірістегі ғылыми-зерттеу жұмыстарымен  айналысады.  Шығармашылықпен қызмет етеді және қызметтің бұл түрімен айналысушылардың  барлығы дерлік өз жұмысына ынталы  екендігін  жасырмайды.

6-топтың – инженер-экономистер тобы. Еңбегінің сипатына қарай ол инженерлікке қарағанда әлеуметтікке жақын болады.  Олар өндірісті қамтамасыз  ету мақсатында әр түрлі есептер жүргізеді. Қайта мамандану процесі үздіксіз жүруде, оның үстіне нарыққа өту кезеңінде оның жиілігі арта түсті.

 

 

 

 

 

5.4 Инженерлік - басқармалық еңбек

 

Инженерлік - техникалық қызмет құрылымында басқару функциясын орындау маңызды орын алады. Инженерлік еңбектің осы сферасы жоғары әлеуметтік мазмұнмен сипатталады.

Егер басқару процесін комплексті түрде қарастырсақ, онда екі жағын көрсетуге болады: өндірістік процестерді басқару және оған қатысатын адамдарды басқару. Бірінші жағдайда инженер, басқа мамандар өздерінің техникалық-технологиялық, ал екінші жағдайда әкімшілік-ұйымдастырушылық функциясын жүзеге асырады.

Басқару аппаратында істейтін инженерлермен басқа мамандар еңбегіне қойылатын негізгі талаптар:

1) тиімділік;

2) жылдамдылық-шапшаңдық;

3) сенімділік;

4) үйлесімді-қолайлы.

Басқарушы еңбек ұйымдарының құрамы бойынша басқарушыларды сызықтыққа және функционалды деп бөледі. Одақтық әлеуметтік зерттеулер нәтижесі бойынша ИТЖ (ИТР) құрамындағы басқарушылар саны 35-50%  шегінде болды.

Ең көп санды біріншілік ұжымдар (шеберлер және аға шеберлер) басқарушыларының тобы - 62% ИТЖ болды; орта саты басқарушылары - 27%; өндіруші ұжымдар басқарушылары -11%.

Инженерлік еңбек үлкен қоғамдық құндылық болып табылады. Ол қазіргі қоғам дамуының басты қозғаушы күші - ғылыми - техникалық прогреспен байланысты. Осыдан шығатын қорытынды: ең басты әлеуметтік проблема - осы еңбекті рационалды пайдалану. Осы мәселеге социологтар көп көңіл бөлген. Зерттеулер инженерлік еңбекті қолданудағы көптеген келіспеушіліктерді көрсетті, оларды қою оның әлеуметтік-экономикалық әсерлігін өсіруге мүмкіндік береді.

А.Л.Журавлев басқарма стилінің үш түрін ұсынды: директивтік (автократтық), коллегиалдық (демократиялық) және беделсіз.

а) Директивті (авторитарлық). Бұл басқармалық стилінің қатаң қолданылуында басқарушы құрылымның формалды принциптерімен сәйкесті өзінің жүрісін құрайды. Бұндай басқарушы ұжымға қатысты қашықтықты ұстайды, формалды емес контактілерге жоламауға тырысады. Ол ұйымдағы болып жатқан істерге жауапшылықпен толық билікті өзіне алады, ұйымда және ұжымдағы қатынастардың барлық көлемін бақылауға тырысады. Сол кезде тек нәтижеге ғана емес, сонымен қатар процестің өзіне де көңіл аударады. Шешімдер тек оның өзімен ғана қабылданады, жұмысшылар тек олардың жұмысына керекті ғана ақпаратты алады.

б) Демократиялық (коллегиалдық). Басқарушылардың бұл типі өз жұмысында қол астындағыларымен өзара қатынасында формалды да, формальды емес те құрылымды бағдарлығын келістіреді, олармен фамильярлікті жібермей отырып, достық қатынаста болады. Билікті өзі мен қол астындағылары арасында бөлуге ұмтылады, шешім қабылдауда ұжымның ойын ескереді, процестің әр кезеңіне берілмей, тек соңғы нәтижені бақылауға ұмтылады. Жұмысшылар өз ұжымының перспективтілігі туралы, ортақ тапсырманың орындалуында өз орны туралы толық ақпарат алады.

в) Либералдық стиль. Басқарудың пассивті стилі қызметкерлермен формалды емес қатынастарын қолдауға бағытталған, оның жауапкершілік пен билікке делегирленуі. Басқарушы өз қол астындағыларына толық еркіндік беріп, олар қызметін өзінше ұйымдастырады, шешімдер алқалды қабылданады. Басқарушы тек өте керек кезде ғана өндірістік процеске қосылады, бақылайды, стиммулировать етеді. 

          Сонымен, инженер қандай да болмасын қызметтік және кәсіби категорияларға жатпасын, оның табысты қызметі тек еңбекті үнемді ұйымдастыру шартында ғана қамтамасыз етіледі. Бұндай ұйымдастыру өндірістік-кәсіби, сонымен бірге психологиялық сипаттағы көптеген компонентерді қосады.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Аитов Н.А. Основы социологии. – Алматы, 1997.

2.        Аитов Н.А., Александров Г.Н. Высшее технологическое образование  в условиях НТР. – М., 1993. Антонин Г.А. Социальное проектирование и управление обшественным развитием. – Минск, 1986.

3.      Бестужев Лада И.В. Поисковое социальное проектирование.Перспективные проблемы общества. – М.,1984.

4.      Инженер и рабочий. – М., 1985.

5.      Инженерно-психологические требования к системам управления. – М., 1967.

6.      Капитонов Э.А. Социология ХХ века: история и технология. – Ростов – на – Дону, 1996. – С. 30 39.

7.      Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

8.      Коженцев Ю.Т. Основы эргономики.Новочеркасск, 1993.

9.        Омаров А.М. Руководитель. Размышления о стиле управления. – М., 1984. - С. 16-17.

10.  Социология: Учебное пособие для студентов технических ВУЗов // Под ред. К.Г. Габдуллиной. – Алматы: Ғылым, 1997.

11. Социально-психологический портрет инженера. – М., 1977.

12. Социальное управление: Словарь.  – М., 1994.

 

6 дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация

 

Дәрістің мазмұны:

-       Қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не?

-       Қоғамның даму принциптері.

-       Қоғамның әлеуметтік құрылымы.

-       Әлеуметтік стратификация.

-       Әлеуметтік мобильдік.

 

Таќырыптың негізгі маќсаты - ќоғамның әлеуметтік ќұрылымын, әлеуметтік теңсіздік және стратификациялау өлшемдерін аныќтау.

 

6.1 Қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не?

 

Қоғам - нақтылы мүддесі мен тілегіне сәйкес біріккен адамдардың жиынтығы. Бұл қарапайым ғана анықтама. Социологияда қоғам деген түсініктің мазмұны кең, әмбебаптық маңызы бар.

          Қоғамды қандай белгісіне қарап ажыратуға болады? Жоғарыда қоғам дегеніміз - жеке адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың арасындағы қалыптасқан байланыстар мен қатынастардың жиынтығы дедік.

          Қоғамның негізгі маңызды белгісі - территория (аймақ), онда әлеуметтік байланыстар іске асырылады. Территория - индивидтер арасында қатынастар мен өзара әрекеттердің қалыптасатын, дамитын әлеуметтік кеңістігінің негізі болды.

          Қоғамның екінші ерекшелік белгісі оның ішкі өзара байланыстарының жоғары интенсивтілігін қолдап отыру және ұдайы өндіру қабілеті. Тұрақтылық қоғамның маңызды сипаты деп айтылса да, социологтар оның негіз болатын себептерін түсіндіруде әртүрлі көзқарастарда болды. Э.Дюркгейм қоғамның тұрақтылығы мен тұтастығының басты негізіне "ұжымдық сананы", ортақ жігердің болуын алады. Р.Мертон болса қоғамның сақталуын халықтың көпшілігі меңгерген және әрбір индивидті біріктіретін тіршілік әрекеттерінің нормаларын сақтауға бағыттайтын "келелі құндылықтар" арқасында болады деп есептейді. Э.Шилз қоғам бүкіл территорияға бақылау жасайтын және ортақ мәдениетті таңатын тек қана "ортақ биліктің" ықпалымен өмір сүреді деген сенімде болған.

          Қоғамның үшінші белгісіне оның автономдығы және өзін-өзі жоғары деңгейде реттеушілігі жатады. Қоғамның автономдығы оның көп функциялылығымен іске асады, яғни индивидтердің алуан түрлі қажеттігін қанағаттандыру үшін керекті жағдайлар жасау қабілетінің болуы және индивидтерге өзін көрсету, өзін бекіту үшін кең мүмкіндіктер жасауы. Қоғам өз ішінде пайда болған және жасалған нормалар мен принциптердің негізінде, институттар мен ұжымдардың арасында реттеліп отырады және басқарылады.  Төртіншіден, қоғамды үлкен интеграциялық күш ерекшелейді. Ол әрбір жаңа ұрпақты әлеуметтендіреді, сол ұрпақты қалыптасқан қатынастар жүйесіне қосады, оларды бәрі мойындап қабылдаған нормалар мен ережелерге бағындырады. Қоғам мен тілдің, мәдениеттің шығу тегінің көрінбес жіптермен байланысқан адамдардың өздері оған ұмтылады. Ол адамдарға әдеттегі мінез-құлық үлгілерін қолдануға мүмкіндік береді, тұрақталған принциптерді басшылыққа алдыртады.

 

6.2 Қоғамның даму принциптері

 

Қоғамды дамытатын өзіндік заңдар мен заңдылықтар қалыптасады. Солардың бірі - эволюционизм.

          О.Конт қоғам эволюциясын анықтаушы алғышартқа білімдік прогресті жатқызды. Білімнің теологиялық, мистикалық түрінен позитивтікке, яғни ғылымға қарай дамуы адамның әскери қоғамнан индустриялы қоғамға өтуін қамтамасыз етеді.

          Г.Спенсер эволюцияның мәнін қоғамның күрделенуінен, оның ішкі жітелісінің күшеюінен көре білді. Бұл процесс қоғам дамуының әрбір жаңа кезеңінде әлеуметтік организмнің тұтастығын қалпына келтіріп отырады. Әлеуметтік прогресс дегеніміз - Г.Спенсердің сөзімен айтқанда, адамзаттардың еркіндігін көбейтуге жеткізетін күрделі қоғам болады.

          Марксизм әлеуметтік дамудың шешуші алғышарты етіп өндіргіш күштерді алған. Өндіргіш күштердің дамуы өндіріс тәсілдерін өзгертуге әкеліп соқтырады, оның нәтижесінде қоғамда түбегейлі өзгерістер жасалып, қоғамдық - экономикалық формациялардың бірінен екіншісіне ауысуы қамтамасыз етіледі.

          Осы аталған бағыттың төңірегінде әлеуметтік эволюцияның кейбір үрдістері анықталады. Қоғам қарапайым күйден күрделі күйге қозғалып өтеді, яғни терең құрылымды, жіктелген қоғамға көшеді.

          Қоғамның дәйектілікпен даму принципін басшылыққа алған дәстүрлі эволюционизм шеңберінде қоғамның кері қозғалуын, дағдарыстары мен ыдырауын, бүтін өркениеттің жойылуын түсіндіру мүмкін болмай қалды. Мұндай құбылыстарды түсіндіру үшін зерттеушілер циклдық даму теориясын ойлап шығарды (О. Шпенглер, А.Тойнби).

Осыған орай әлеуметтік өзгеру теориясы пайда болды. Оның мән-мағынасын Т.Парсонс өз тұжырымдамаларында ашып берді.

          Бақылау барысында қайсыбір іс-әрекеттің, оқиғаның нәтижесінде жүйедегі тепе-теңдікті сақтап тұрған күштердің, элементтердің арасалмағы бұзылатын болса (кейбір топтардың ықпал жасауы артады, мемлекеттік органдардың жаңа құрамы қалыптасады, т.б.), онда қоғам өзгеріске түседі. Мұндай өзгерудің түрін Т.Парсонс "тепе-теңдіктің өзгеруі" деп атаған. Алайда қоғамдық жүйе мен оның элементтерінің арақсында бұзылған тепе-теңдікті қоғам тез қалпына келтіріп отырады. Жүйе ішкі резервтердің көмегімен өзгеріске бейімделетін болады және пайда болған жаңа түзілімдерді өзіне қосып алады.

          Т.Парсонс эволюциялық әмбебап ұғымын енгізіп, сол арқылы жаңа күйдегі, сапалы жүйе пайда болуын анықтайтын құрылымдарды белгілеген. Әлеуметтік жүйеде ең алдымен төрт әмбебеп қалыптасады: қатынастар жүйесі, туыстық жүйе, дін және технология жүйелері құрылымы, бюрократия, ақша мен нарық кешендері, демократия бірлестіктері пайда болады.

 

 

 

 

 

6.3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы

 

 Қоғамның әлеуметтік құрылымы әлеуметтік жүйенің бөлімі және екі компоненттен тұрады: әлеуметтік байланыс және әлеуметтік құрам. Әлеуметтік құрам - әлеуметтік құрылымды құрайтын элементтердің жиынтығы.

          "Структура" (құрылым) термині - structura латын тілінен алынған - ол, жалпы алғанда, белгілі бір заттың, құбылыстың элементтері арасындағы байланыстардың айтарлықтай бір тұтастығын білдіретін термин.

          "Әлеуметтік құрылым" ұғымы сөздің кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында әлеуметтік құрылым дегенде қоғамның жалпы құрылысын, оның демографиялық, таптық, территориялық (латын тілінен аударғанда "жер кеңістігі" деген), этникалық, кәсіби, діни, т.б. құрылымын түсінеді. Тар мағынада әлеуметтік құрылым дегенде таптарға, әлеуметтік жіктер мен топтарға бөлу түсініледі.

          Сонымен, әлеуметтік құрылым - әлеуметтік жүйедегі элементтердің тұрақты байланысы. Қоғамның әлеуметтік құрылымының негізі - белгілі мәртебесі бар және белгілі әлеуметтік қызмет атқаратын жеке адамдар, ал жеке адамдар - мәртебелік белгілеріне сәйкес топқа бірігеді. Әлеуметтік құрылым қоғамның бірліктерге, тапқа, топқа жікке бөлінуін көрсетеді, адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасының да көптеген критерияларына сәйкес әртүрлілігін көрсетеді.

          Әлеуметтік құрылымның әрбір элементі өз тарапынан, өзінің байланыстарына қарай күрделі әлеуметтік жүйе. Қоғамдық жүйе деп қарау көптеген белгілі социологтарға тән. Жүйе - өз элементтерінің жиынтығына сәйкес келетін тұтастық. Тұтастықтық ерекшелігі арнаулы тәсілмен қамтамасыз етіледі, оның бөлімдерінің өзара байланысу және өзара тәуелділігі арқылы.

          Э.Дюркгейм үшін қоғамның мазмұндықты туындайтын элементі, тұтастығы ұжымдық санамен қамтамасыз етіледі, әлеуметтік факты, оның өмір сүруі жеке адамдарға әсер етеді. Шындықтың көзі, оның пікірінше, әлеуметтік факт, оны тек қана бақылау процесі мен шектемей, зерттеу қажет.

          К.Маркс жүйе құрайтын элементтер дегеніміз әлеуметтік қатынас деп санайды, ол адамдар арасындағы тұрақты байланыстарды, жеке адамдарды, сонымен бір жеке адамдарды көрсетеді, олардың өзара қарым-қатынасы оның жиынтығын көрсетеді, дейді.

          М.Вебер қоғамды әлеуметтік өзара қатынастың күрделі жүйесі деп қараған. Қоғамды жүйедей зерттеуге ендігі мәселе сол элементтердің ұйымдастыру тәсілі, сонымен бірге сол элементтердің байланысуы.

          Т.Парсонстың пікірі бойынша қоғам жүйе есебінде төмендегі қызметті атқарғанда ғана өмір сүреді:

1) қоғам өзгерген жағдайға және адамдардың өскен (возросший) материалдық тілегі бейімделу қабілетіне ие болуы керек, ішкі ресурстарды тиімді ұйымдастыруға және бөлуге қабілетті болуы;

2) оның негізгі мақсат және міндет іске асыруға қабілетті болуы және оларды іске асыратын процестерді қолдауы;

3) жеке адамдардың қабылдаған жалпы нормалары мен құндылықтардың тұрақтылығын сақтауы;

4) қоғамның интеграциялау қабілетіне, жаңа ұрпақты жүйеге тарту қабілетін іске асыруы.

          Т.Парсонс жүйенің негізгі қызметтерін анықтай отырып, соларды қоғамда іске асыратын орындаушыларды іздеді. Алдымен 4 жүйе көрсетеді: (экономика, саясат, мәдениет және ағайындық). Одан әрі әрбір жүйе көлемінде тікелей бейімдеуші, мақсатты тұрақтандырушы, интеграцияландырушы әлеуметтік институттарды көрсетеді (завод, банк, партия, мемлекеттік ақпарат, шіркеу, мектеп, отбасы т.б.). Ақырында, тұрақты құндылықтан шығатын нормалды орындауға негізделген әлеуметтік рөлдің жиынтығын көрсетеді.

          Демократиялық мемлекетте екі қарама-қайшы мүдде теңестіріледі, біріне-бірі қарсы қойылмайды. Құқықтық, әлеуметтік, экономикалық теңдік үстем болады, біртектес ұлттық мемлекеттік мүдде жүйесі қалыптасады.

          Әлеуметтану, қоғамның әлеуметтік құрылымы туралы көптеген тұжырымдамалар бар. Олардың бірі - марксистік ілім.

          Маркстік социологияда қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымына жетекші орын беріледі. Бұл бағыт бойынша қоғамның әлеуметтік-таптық құрылымы негізгі үш элементтік топтар. Әлеуметтік құрылымның негізгісі - таптар.      Теңсіздіктің екі түрі ажыратылады. Біріншісі - табиғи теңсіздік. Олар табиғи белгілер арқылы ерекшеленеді, мәселен, адам жынысы, жасы, бойы, темпераменті, т.б. жатады. Ал әлеуметтік теңсіздік - әлеуметтік себебі бар қажеттілік, оның себептері әлеуметтік факторлар арқылы белгіленеді.

          Прогрессивті жолмен дамыған қоғамға сенімді ілім керек, ал оларды алу және жинақтау үшін саясат, экономика, білім, құқық, ғылым туралы барлық институттардың, яғни қоғамның саулығы мен болашағы тәуелдігі туралы социологиялық теория қажет. Социологиялық теорияның негізгі жиынтық тұжырымдамасы әлеуметтік құрылым теориясы болып есептеледі. Оның аты әлеуметтік стратификация деп аталады.

 

6.4 Әлеуметтік стратификация

 

Стратификация латынның "stratum" (страттар) - жік (слой) және facere - істеу деген сөзінен шыққан. Әлеуметтік стратификация әлеуметтік жіктеуден аудару өмір шындығына, ол теорияның атқаратын қызметіне сәйкес келеді. Ол теория базалық қажеттілікті өтеу керек. Сонымен қысқаша стратификация (әлеуметтік жіктеу) дегеніміз - тәртіп, ол бойынша теңсіздік, үлкен мүмкіндікпен, бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Қоғамда әртүрлі (страттар) жіктер қалыптасады.

          Социологтар стратификациялық құрылымның негізі - адамдардың табиғи және әлеуметтік теңсіздігі деген көзқарасты түгелдей жақтайды. Бірақта теңсіздікті ұйымдастыру тәсілі әртүрлі болуы мүмкін.

 

 

          М.Вебер әртүрлі страттарға жатқызудың критерияларының санын көбейте түскен. Экономикалық меншікке қатынастың және табыстың дәрежесінен басқа да критерияларды ұсынады. Олар әлеуметтік атақ және белгілі саяси партияларға жататындығы. Атақ (престиж) дегеніміз жеке адамның туысынан немесе жеке сапасына сәйкес қабылдаған әлеуметтік мәртебесі, ол оған қоғамда белгілі орын алуына  мүмкіндік береді.

          Мәртебе қоғамның стратификациялық негізі деп қарағанда, тағы да бір маңызды сапа алады: ал оларды одан тез сезінеді.

          Стратификациялау критерийлерін П.Сорокин ол да әрі тереңдете түседі. Қандай да бір болмасын стратқа жатқызу үшін критериялардың біртектес жиынтығы болуы мүмкін емес дейді. Соған сәйкес қоғамда үш стратификациялық құрылымның бар екендігін көрсетеді: экономикалық, кәсіби және саяси1.

          Сонымен қоғам теңсіздікті туындайды, ұйымдастырады бірнеше негіздерге сәйкес: байлық, табыс дәрежесі, әлеуметтік атақ (престиж), саяси билікті иелену дәрежесі, оған білім және кәсіби дәрежесін қосуға болады.

Әлеуметтік стратификация теориясы қоғамның типтік дәрежесін және даму

сатысын анықтайды. Марксизм қоғам дамуында бес түрлі формация - сатыны бөліп көрсетеді: алғашқы қауымдық құрылыс, құл иеленушілік қоғам, феодализм, капитализм және коммунизм. Бұл қоғамның негізгі - өндірістік қатынастар. Француз социологы Р.Арон және америка ғалымы У.Ростоу индустриалды қоғам теориясын қалыптастырады.

 

Қазіргі дамыған қоғамның негізгі таптары

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

6.5 Әлеуметтік мобильдік

 

          Белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жағуын қатып-сеніп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды, ол үздіксіз деп қарауға болмайды, ол үздіксіз өзгеріс, қозғалыста болады. Бұл өзгеріс, қозғалысты социологияда "әлеуметтік мобильдік" деп атайды. "Әлеуметтік мобильдік"1 категориясын да социологияға тұңғыш енгізген П.Сорокин болды.

Құлдырау не болмаса, бір деңгейдегі бір топтан екінші топқа өту болуы мүмкін. Мысалы, ерінің немесе әйелінің ажырасып, басқа отбасы құруы, бір қызметтен дәл сондай екінші қызметке ауысу т.б. көлбеу бойынша өзгеріс (қозғалыс). Әлеуметтік    мобильдік   жекеше (жеке адамдық)   немесе   ұжымдық    болуы мүмкін. Ұжымдық әлеуметтік мобильдік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудыруы мүмкін. Бұл соңғы экономикалық салада немесе саяси-идеологиялық салада болуы мүмкін.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Абрамов Р.Н. Профессиональный комплекс в социальной структуре общества (по Парсонсу) // Социс. – 2005. – №1.

2.      Аженов М.С., Утепов С.К., Шаназарова З.Ж. Общая социология: Альбом схем. – Алматы, 2001.

3.      Аитов Н.А. Основы социологии.

4.      Арутюнян Ю.В. О трансформации социальной структуры пост советских нации // Социс. – 1998. – №4.

5.      Бектурганова Б. Трансформация социальной структуры российского общества и средний класс // Аль - пари. – 1998. – №1.

6.      Галкин А.А. Тенденции изменения социальной структуры. // Социс. – 1998. –№10.

7.      Динамика социальной структуры и трансформация общественного сознания // Социс. – 1998. – №12.

8.      Добреньков В.И., Кравченко А.И. Социология. Социальная структура и социальная стратификация. – М.: Инфра, 2000.

9.      Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

10. Радаев В.В., Шкаратан О.И. Социальная стратификация. – М., 1996.

11. Руткевич М.Н. трансформация социальной структуры российского общества // Социс. – 2004. –№12.

12. Сорокин П.А. Социальная стратификация и мобильность /Сорокин П.А. Человек. Цивилизация. Общество. – М., 1987. - С. 287.

13.  Социология: Наука об обществе: Учебное пособие // Под общей ред. В.П. Андрущенко, Горлач Н.И. – Харьков, 1996.

14.  Социология: Учебное пособие для студентов технических ВУЗов // Под ред. Габдуллиной К.Г. и др. – Алматы: Гылым, 1997.

15.  Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

16. Тощенко Ж.Т. Социология. – М., 1994.

 

7 дәріс. Тұлға  социологиясы

 

Дәрістің мазмұны:

-       «Адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндығы.

-       Тұлға - әлеуметтік  қатынастарлың  субъектісі және объектісі  ретінде.

-       Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері.

-       Тұлға туралы теориялар.

-       Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер.

 

Дәрістің мақсаты - студенттерге  отбасын әлеуметтік институт  және кіші топ ретінде түсіндіру, оның адамды әлеуметтендіру процесінде маңызды принциптерін көрсету, қазіргі отбасындағы проблемаларға өзекті назарын аудару.

 

7.1 «Адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндығы

 

Тұлға проблемасы бірқатар ғылымдардың-философия, социология, психология, педагогика ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.

Осы аталған және басқа да ғылымдардың ғылыми мәліметтеріне сүйене отырып, әлеуметтану ғылымы тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде араласатын, әлеуметтік қатынастардың субъектісі ретінде қарастырады. Тұлға - әлеуметтанудың өзекті проблемаларының бірі, өйткені қоғамдағы болып жататын әлеуметтік құбылыстар мен процестердің, сол сияқты жекелеген адамдар мен әлеуметтік топтардың іс-әрекеттерінің себептерін, мәнін жеке тұлғалардың мәнді сипатты белгілері арқылы түсінуге болады. Басқаша айтқанда, жеке тұлғаның мінез-құлқы арқылы тұтас топтың, қоғамның өмірін түсінуге болады.

 «Адам» деген – адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым.

«Индивид» адам тегінің нақты өкілі, жеке адам. Индивидуалдық – бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы, яғни бір адамның екінші адамнан айырмашылығы.

 Ал, «тұлға» дегеніміз, адамның тек табиғи-биологиялық қасиеті ғана емес, ол табиғаттан тысқары тұрған, тек қана қоғамда өмір сүріп, қоғаммен тығыз байланыс-қатынастар негізінде қалыптасқан адамдардың мәні. Мұны адамның әлеуметтік сипатының бастамасы деп те атайды. Нақтылап айтсақ, тұлға дегеніміз, индивидтің табиғаттан тыс адами қасиеті, яғни оның әлеуметтік өмірінің мәнді жақтарын сипаттайтын сапасы.

Адам қоғамсыз өмір сүре алмайды. Индивид – жеке-дара адам. Барлық адамға тән ортақ қасиет – ол тек қоғамда ғана өмір сүреді. Ол қоғам ішінде ғана нәтиже алады, себебі ол қоғамдық болмыс тәжірибесін бойына сіңіреді. Жаңа туған сәбидің ата-анасынан тәуелсіз өмір сүруге ешқандай қабілеті болмайды.

Адамның адамдық қасиеттерін қалыптастыратын тек қоғамдық орта. Ол үшін адам туған күнінен бастап, сол ортадан қол үзіп кетпеуі міндет. Осы ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып, сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) іс-тәжірибелерін, сапа қасиеттерін өзінің бойына сіңіруі қажет.

Әлеуметтік өлшем – адамды тұлға, яғни белгілі бір тип, бірнеше адамның үлгісі, образы, бейнесі, моделі ретінде қарайды. Тұлғаны жан-жақты осылай қалыптастыратын оны қоршап тұрған орта, мұнда ол үнемі іс-әрекет, қызмет атқарады, үнемі онымен тығыз байланыс, қатынаста болады. Осыған сәйкес әрбір қоғам өзіне тән лайықты тұлғаны қалыптастырып отырады.

Әлеуметтануда тұлға негізгі екі тұрғыдан қарастырылады:

а) тұлғаның қоғамдық қатынастар жүйесіне араласып, мұның бар жақсылықтарын бойына сіңіріп, тұлға ретінде қалыптасуын;

ә) әлеуметтік қатынастардың және саналы іс-әрекеттің субъектісі ретінде тұлғаны қарастырады.

Туған сәби әлі тұлға емес. Ол тек қана индивид. Ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу үшін негізгі екі шарт қажет: Биологиялық, генетикалық дамудың алғы шарттары.

Әлеуметтік ортаның болуы қажет, өйткені онда мәдени орта болады, онымен жас сәби бала әр уақытта байланыста, қатынаста болуы қажет. Онсыз, яғни әлеуметтік ортасыз сәби бала жан-жақты дами алмайды.

Әрбір тұлғаның белгілі бір деңгейде іштей санасы, қасиеті болады. Осылардың жиынтығы тұлғаның құрылымын қалыптастырады.

 

7.2 Тұлға - әлеуметтік  қатынастарлың  субъектісі және объектісі  ретінде

 

Тұлға тек қана әлеуметтік-қоғамдық қатынастардың жемісі ғана емес, сонымен қатар әлеуметік іс-әрекеттердің маңызды субъектісі де болып саналады. Бұл іс-әрекет, қызмет қоғамның барлық салаларында әрдайым көрініп отырады. Мысалы, экономикада, саясатта, рухани өмірде. Көрнекті неміс әлеуметтанушысы Марк Вебер әрбір адам өзінің іс-әрекетіне белгілі бір мән, мағына береді деп атап көрсеткен. Олар осыларды өмірде қолданады. Одан әрі саналы адамның әлеуметтік іс-қимылы, әрекеті, қызметі өзінше жеке дара бағытталып, өмір сүре алмайды, ол әр уақытта басқа адамдарға бағытталады. Вебер осындай іс-әрекеттің біреуге бағытталуын, нысаналануын тосу, күту, үміт ету (ожидание) дейді. Мұнсыз ешқандай іс-әрекет, қимыл әлеуметтік болып саналмайды. Мындай әлеуметтік іс-қимылдың алуан түрлері болады. Олардың ең бастысы мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целенаправленное действие). Бұл мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет тұлғаның ойлаған мақсатына жетуі үшін қолданылады.

Адамды іс-әрекетке, қызметке итермелейтін негізіг себептер – қажеттілік, мұқтаждық, мүдде және мақсат. Қажеттілік өмірде болады, бірақ, ол қолда жоқ зәрулікке жатады. Қажеттілік табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді. Табиғи қажеттілік, ол өз кезегінде әлеуметтік қажеттілікке ұласады.

Табиғи қажеттілікке тамақ ішу, киім кию, баспана қажеттіліктер (мқұтаждықтар) жатады. Мұндай әлеуметтік қажеттілікке еңбек ету, басқа адамдармен байланыста болу, қоғамдық өмірге араласу т.б. мұқтаждықтар кіреді. Қажеттілікті адам терең сезініп, түсінесе, оны өтеуге, іске асыруға тырысса, ол мүддеге, ал, мүдде мақсатқа айналады. Мұның өзі екінші жағынан, тұлғаның қажеттілікке, мұқтаждыққа, мүддеге, мақсатқа терең көзқарасын қалыптастыруын керек етеді.

Бейімделу - өмір сүру жағдайларының өзгерісіне деген сол адамның көзқарасының қалыптасуына көмектеседі, сөйтіп түсініспеушіліктің нәтижесінде пайда болатын шиеленісті жоюға, я болмаса оны бәсеңдетуге керек.

 

7.3 Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері

 

М. Вебер атап көрсеткендей, адамның мінез-құлқы деп, оынң іс-әрекетінің, қызметінің сыртқы көрінісін айтады. Оның негізгі үш түрі болады:

а) инстинктивті; ә) қарапайым; б) әлеуметтік;

Мінез-құлықтың бірінші және екінші түрі көбінесе саналы, ерікті емес түріне жатады да, оның әлеуметтік мәні болмайды.

Әлеуметтік мінез-құлық әр түрлі болады, олар:

а) индивидуалды (яғни, жеке адамның мінез-құлқы);

ә) ұжымдық – бұл жалпы мұқтаждығы, талап-тілегі және іс-әрекет мақсатының бірлігі кезінде құрылған ұйымдасқан топтың мінез-құлықтары;

б) бұқаралық – бұл бір типті, әрі ұйымдаспаған үлкен бұқара тобының мінез-құлқы.

Қылық – бұл іс-әрекет. Мұның әлеуметтік маңызы және мәні болады. Мысалы, анасы баласына уақытында тамақ бермесе, бұл жағымсыз қылық болып есептеледі. Әлеуметтік тәртіп белгілі бір әлеуметтік ережелерге (нормаларға) сәйкес келсе, қалыпты дейді. Ал, мінез-құлық нормаға сәйкес келмесе, оны ауытқыған (немесе девиандтық) мінез-құлық дейді.

 

 

 

7.4 Тұлға туралы теориялар

 

Адамның аса кұрделі табиғаты оның қоғамдағы әр түрлі байланыс-қатынастары қазіргі әлеуметтануда адамға, оның тұлғалық түріне байланысты, алуан түрлі модельдерді жасауға ықпал етті. Осылардың бірі – адамның бейнесіне (образын) әлеуметтік рөлдердің жиынтығы ретінде қарау.

Мұны тұлғаның рөлдік тұжырымдамасы дейді. Бұл тұжырымдаманың мазмұны мынадай: қоғамдағы әрбір адам ондағы алуан түрлі әлеуметтік топтарға кіреді. Осындай қызметтердің маңызы, мәнді жақтары «әлеуметтік рөл», «әлеуметтік статус» ұғымдарын тудырады.                                      

  Рөлдік тұжырымдама Американың әлеуметтік психологиясында ХХ ғасырдың 30-шы жылдары пайда болды. Оның ірі өкілдері Кули Чарльз Хортон (1864-1929), Мид Джордж Герберт (1863-1931), т.б. Кули Ч.Х. «шағын кіші» топтар теориясының негізін салушылардың бірі, оның «Зеркальное я», «Человеческяая природа», «Социальный порядок» (1912), «Социальная организация» (1909), «Социальное исследование» (1930) деген еңбектері бар. Кулидің жалпы әлеуметтік теорияларының негізінде әлеуметтік ұйым және сананың әлеуметтік процестерді қалыптастырудағы шешуші рөлін мойындау жатыр.

Ч. Кули мен Дж. Мидтің бұл теориялары әлеуметтанудағы әр түрлі ағымдарға кең тараған. Оның ішінде тұлғаның рөлдік тұжырымдамасын Т. Парсонс өзінің әлеуметтік-функционалдық талдау теориясында көп қолданды.

Тұлға құрылымы (Ч.Кули бойынша).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бұл теория біздің қоғамдық пікірді қалай қабылдап, оған қалай жауап беру керектігін түсіндіреді.

Г.Мидтің  адамның тұлғаға қалыптасуы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әлеуметтанушылар статустардың екі түрін бөліп көрсетеді. Біреуі – қоғамнан берілген (предписание), екіншісі адамның өз еңбегінің нәтижесінде қол жеткізген (пробретенный) статус. Қоғамнан берілген статус – тұлғаның этникалық шығу тегімен, туған жерімен, отбасымен байланысты.

Қорыта айтқанда, қандай да бір қоғамда адамның әлеуметтік жүйедегі орны бар. Ал, қоғамның адамға белгілі бір талап қоюы оның әлеуметтік рөлінің мазмұнын, мәнін құрайды. Сонымен, әлеуметтік рөл дегеніміз, әлеуметтік дүйеде белгілі бір статусы бар адамның орындайтын іс-әрекетінің жиынтығы. Әрбір статус бірнеше рөлдерден құралады. Нақтылы статустан шыққан бірнеше рөлдердің қосындысын рөлдер жиынтығы (набор) деп атайды. Әлеуметтік рөл рөлдік тосу, күту, үміт ету және рөлдік мінез-құлық болып екіге бөлінеді.

 

7.5 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер

 

Рөлдік тосу, күту, үміт ету (ожидание) – бұл ойын ережесіне сәйкес нақтылы рөлден бірдеңені үміт ету, тосу, күту, ал, рөлдік тәртіп дегеніміз, адамның өзінің рөлі шеңберінде белгілі бір міндеттерді атқару. Күнделікті өмірде адам бір рөлді алып, осыған байланысты құқықтар мен міндеттерді анық түсінеді, бұдан іс-әрекеттің, жұмыстың жобасын, оларды атқарудың реттерін біледі және өзінің мінез-құлқын айналасындағы адамдардың мүдделерімен сәйкестендіреді. Қоғам бұл мәселеде әр уақытта «осылай болу керек» деген қағиданы басшылыққа алады. Осыған сәйкес қоғамда бақылау жүйесі орнаған. Ол қоғамдық пікірден тәртіп сақтау органдарына дейін бар және осыған орай қоғамдық-әлеуметтік санкция жүйесі орнап, қызмет арқарады. Ол адамды ұялтып бетіне басудан (порицание), кінәлаудан, айыптаудан (осуждение), күштеуге дейінгі шараларға барады.

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Волков.Ю.Г.  Личность  и  гуманизм  (Социологический  аспект). -  Челябинск, 1995.

2.      Джерелиевская И.К. Социальный порядок и отчуждение личности //Социально – гуманитарные знания, 2009. - №4.

3.      Основы  социологии: Курс  лекций //  Под  ред. Эфендиев А.Г. – М., 1994.

4.      Радугин.А.А.,  Радугин К.А.  Социология: Курс  лекций. – М., 1996.

5.      Гилинский.Я.М.,  Смолинский Л.Т.  Социодинамика  самоубийств //  Социологические  исследования. – 1998. -№5.

6.      Мяков.А.Ю. Темпоральные  характеристики  самоубийств // Социс. – 2004. -№3.

7.      Кривощеев.В.В.  Особенности  аномии  в  современном  российском  обществе // Социс. – 2004. -№3.

8.      Қарабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. – Экономика баспасы. – Алматы, 2009.

9.       Дюркгейм.Э. Самоубийство.  Социологический  этюд. – М., 1996.

10.  Джаманбаев.Ш.  Проблемы  становления  и  развития  социологии  девиартного   поведения  подростков // Саясат. – 2003.-№4.

11. Орлова И.Б. Самоубийство – явление  социальное // Социологические  исследования. –1999. - №8.

12. Сидков Е.В.  Марнинальность  и  преступность // Социологические  исследования. – 2000. -№4.

13. Современная  западная  социология: Словарь. – М., 1998.                                                                     

14. Кон И.С. Открытие «Я». – М., 1978.

15. Кон И.С. В поисках себя: Личность и ее самосознание. – М., 1984.

16. Леонтьев А.Н. Деятельность, сознание, личность. – 1991.

17. Основы социологии: Курс лекций //Под ред. А.Г. Эфендиева. – М., 1994.

18. Ващилин Э.П. «Творческая молодежь современной России: особенности социализации» // Социально - гуманитарные знания. – 2003. – №2.

19. Джаманбалаева Ш.Е. Проблемы наркотизации и алкоголизации  в  республике //Социс. – 1998. - №3.

20. Дудченко В.С., Мытиль А.В. Социологическая идентификация и адаптация личности // Социологические исследования.1995.№6.

21. Козлова О.Н. Личность – граница и безграничность социального. //Соц. - гуманитарные знания. – 2003. – №4 .

22. Козлова О.Н. Социализация в поле безнадежности и за его пределами. // Соц. - гуманитарные знания. – 2002. – №2.

23.  Пак Л.Г. Основные направления социализации студенческой молодежи в системе образования //Социально – гуманитарные знания, 2009. - №6.

24. Попов М.Ю. Социализация личности в условиях деидеологизации: в поиске идеологии консолидации. // Соц. - гуманитарные знания. – 2004. – №6.

25. Маслоу А.Г. Мотивация и личность.Спб., 1998.

26.  Маркузе Г. Одномерный человек. Исследование идеологии Развитого Индустриального Общества.М., 1994.

27. Олпорт Г.В. Личность в психологии.М.: Спб. 1998.

28.  Попов М.Ю. Социализация поколений в современной России: зарубежный опыт и социальная реальность. // Соц. - гуманитарные знания. – 2003. – №6.

29. Солодовникова И.В. Социализация личности: сущность и особенности на разных этапах жизни.//Социс. – 2007. - №7.

30. Спасибенко С.Г. Социализация человека. //Соц. - гуманитарные знания. – 2002. – №5.

31. Спасибенко С.Г. Дорога длиною в жизнь: социализация взрослых. //Соц. - гуманитарные знания. – 2002. – №6.

32. Тесленко А.Н. Образование как фактор культурной социализации молодого специалиста //Социология образования, 2008. - №10.

33.  Холл К.С., Лидсей Г. теории личности.М., 1997.

34.  Ярошевский Т. Личность и общество. – М., 1973.

 

8 дәріс. Отбасы социологиясы

 

Дәрістің мазмұны:

-       Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде.

-       Отбасының қоғамда атқаратын қызметтері.

-       Отбасы қүрылымының негізгі типтері.

-       Отбасының өмірлік циклі.

-       Қазіргі отбасындағы  проблемалар.

 

Таќырыптың негізгі маќсаты отбасын әлеуметтік институт ретінде түсіну, оның ќоғаммен мемлекетпен байланысын, оның пайда болу және ыдырау себептерін аныќтау.

 

8.1 Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде

 

Отбасы - ертеректен келе жатқан әлеуметтік институттардың бірі. Ол алғашқы қауымдық құрылыстың топырағында таптардан, ұлттардан және мемлекеттен бұрын пайда болды. Отбасының қоғамдық құндылығының шарты тікелей өмірді жалғастыруда ұрпақтар әкелу, балаларды тәрбиелеу және олардың өзіндік сапасын қалыптастыру болып табылады.

Ең көне отбасының түрі - топтық некеге негізделген еді. Балалар мен әжелер, әкелер мен шешелер, балалар тобында - ағалы-інілер, апалы-сіңілілер немере туыстар біріне-бірі ерлі-зайыпты, яғни әр ұрпақтың бір -біріне ағалы-қарындас бола тұра некелес болатын.

Отбасы әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамының қалыптасуымен бірге пайда болды. Отбасының қалыптасу және қызмет жасау процесі құндылық - нормалық жүйелермен белгіленген. Мысалы, болашақ жар таңдау, оны құрметтеп күту, жыныстық қатынаста сексуалдық тәртіпті сақтау, мәдениеттілік нормаларды әйелі мен еркегі, ата-аналар мен балалар және т.б. басшылыққа алуы орындамаған жағдайда заңға жүгінеді.

          Мемлекеттің пайда болуымен отбасы өмірін реттеу заңдылық сипат алды.  Отбасын әлеуметтік институт ретінде түсінуде отбасындағы рөлдер қатынасына талдау жасаудың үлкен маңызы бар. Отбасылық адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бір түрі болып табылады.

Отбасы - бұл өзара махаббат, туыстық сезім, мақсаттары мен ұмтылыстары бір, бір-біріне және отбасы мүшелеріне жауапкершіліктері бар, заң жүзінде неке шартына отырған адамдар тобы.

 

8.2 Отбасының қоғамда атқаратын қызметтері

 

          Отбасы қоғаммен, мемлекетпен, мемлекет әкімшіліктері мен мекемелермен, мына әлеммен, тіпті қасындағы көршіңмен де тығыз байланыста болып отырады және де қоғам, мемелекет өміріндегі кішкентай өзгерістің өзін тез сезіп отырады. Отбасының негізгі қызметі - отбасы мен қоғам арасындағы қарым-қатынасты бір жағынан, ал екінші отбасы және жеке адам арасындағы жүйелік қарым-қатынас.

          Отбасы құрылым - негізінен оның мүшелерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы, бұған қоса туыстық қатынас, діни, әлеуметтік қатынастар жүйесі, соның ішінде билік, авторитет және сол сияқты қатынастардан тұрады. Бұлардың ішінде авторитарлық отбасыларын басып алуға болады, бұл отбасылар әйелінің күйеуіне, ал балаларының ата-аналарына қатаң бағынуымен сипатталады. Демократиялық отбасылар отбасы ішіндегі билікті салт-дәстүр бойынша емес, жұбайлардың жеке сапаларына және талаптарына сай бөлінуіне негізделген.

          Нуклеарлы отбасылары ата-ана және балалардан тұрады. Біртіндеп туыстық қатынастар бұзылады, туу күрт төмендейді. Ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынас өзгерді. Өзгерістер жыныстық қатынастарға да әсерін тигізді, стандартты емес отбасылар саны көбейеді.

          Батыс әлеуметтанушысы Н.Дж Смелзердің дәлелдеуі бойынша 1980 жылы АҚШ-тың тіркеу орнының мәліметі бойынша Сан-Франциско "жалғызбасты адамдар" саны бойынша АҚШ қалалары ішінде 1 орынға шыққан, бұлардың 53%-і "стандартты емес отбасыларда" - жалғыздықта немесе туысқандық қатынасы жоқ адамдармен тұрады. 27%-і американдықтардың қалыпты отбасылары жоқ.

          Отбасы негізгі екі бағыт бойынша талданады: қызметтілігі және жанжалдар теориясында. Осыған сай "отбасының қызметтілігін" жақтаушылар отбасының қызметі немесе әлеуметтік сұраныс жағынан қараса, әсіресе осы соңғы екі ғасыр ішінде болған өзгерістерге олар өте үлкен мән берсе, "жанжалдар теориясын" жақтаушылар отбасы ішіндегі билікті бөлуге үлкен мән береді, және де тағы бір ескертетін мәселе, көптеген теоретиктер жасөспірімдер арасындағы қылмыстың өсуін, ажырасу санының деңгейінің өсуімен ата-аналар

билігінің әлсіреуімен және осыған байланысты кейбір жағымсыз әсерлермен байланыстырса, екінші біреулер, мысалы, Парсонс, бұны, яғни, отбасын жеке адамды ерте дайындайтын мамандырылған аспапқа айналуы деп түсіндіреді, яғни баланы жастайынан қоғамдағы өмірге бейімдеу дейді.   Орта Азия және Қазақстанда өзіне тән ерекше әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Мұнда, ерте түркі тілдес халықтарда бірлескен үлкен отбасылар кең таралған. Бұл отбасыларды ақсақал басқарды. Бұлай басқару сол заманның әлеуметтік экономикалық шаруашылық және қоғамды басқарудың негізі болды.

          Ерекше бір мәселе, бұл отбасылық қатынастардағы әйелдердің қоғамдағы орны Л.Н.Гумилев жазғандай, көне түріктерде ол өте жоғары тұрды. Мысалы: "Баласы үйіне кіріп келе, бірінші анасына, сосын әкесіне иілген"1). Көшпенді өмірде құқ жағынан әйел баласын шектеу-монғолдардан кейінгі кезде Орталық Азияда болған жалпы құлаумен байланысты ескі құбылыс. Туыстық қарым-қатынастар адамның бюрократиялық карьерасында белгілі бір роль атқарған және де атқаруда. Қоғамдық өмірді мемлекеттендіру процесі отбасына ықпалын тигізбеуі мүмкін еместігін айта кеткен жөн.

Отбасы анықтамалары мен белгілерінің ішінде А.Г.Харчев социологының: әлеуметтік қажеттілігі және өзара жауапкершіліктері бар туыстық және некелік қарым-қатынастармен байланысқан кішігірім топтың, ата-ана мен бала арасындағы, жұбайлар арасындағы өзара қарым-қатынастың тарихи-нақты жүйесі ретіндегі анықтамасы назар аударарлық. Ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас отбасын құрайды, ал неке - баланың өмірге келуімен байланысты еркек пен әйелдің арасындағы қарым-қатынастардың белгілері болып табылады. Отбасы ұғымын толық түсіну үшін отбасының экономикалық негізін, жеке меншілігін және баспананы ескеру керек. Олай болса, отбасы - бір ортақ отбасылық өмірге негізделген некелік - туыстық қатынастағы және соған байланысты ұрпақты жалғастыратын, әлеуметтендіретін және қамтамасыз ететін адамдар тобы. Тек үш жақты қатынас неке - ата-ана - туыстық отбасының негізгі күйін бере алады. Атап өткен қатынастардың біреуі немесе екеуі отбасылық топтардың пайда болуын көрсетеді. Үш жақты қатынас еліміздің 60-70% отбасыларында байқалған. Отбасылары сандарының ішінен 15-20% уақытша баласыз жас жұбайлы, 5-9% баласыз қалған және де 10-15% бір жұбайымен қалған отбасылар. Сонымен қатар жанұясыздар көбіне ата-ана болып келетін, бірақ балалар жоқ жұбайлардан құрылған. Қазіргі кезде осы атап өткен үшжақты қарым-қатынастың біреуінің болмауын, яғни бұл не серіктестік, не туыстық, не некелік қатынастағы отбасыларын отбасылық топ, ал осы үш жақты қатынастары түгел отбасыларын - отбасының негізгі түрі деп атау дұрыс.

          Отбасының негізгі, алғашқы қызметі репродуктивтік, яғни қоғамдық тұрғыда халықтың биологиялық тіршілігін жалғастыру және жеке тұрғыда - балаға деген қажеттілікті қанағаттандыру.

          Отбасының ең маңызды міндеттерінің бірі - балаларды тәрбиелеу (әлеуметтендіру процесі). Отбасының балаға ықпал болғаны жақсы. Отбасы тәрбиесі ата-аналар ықпалымен жүзеге асады. Отбасы өміріндегі туысқандық қарым-қатынастар мен тұрмыс жәйттер балаға үздіксіз ықпал етуші тәрбиелік күш болып табылады. Ата-аналардың жақсы үлгісі баланың сана-сезім, ой дүниесінің өсуіне, адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуына ықпалын тигізеді. Отбасы тәрбиесі бала дүниеге келген алғашқы күннен басталады.

          Сонымен, отбасының спецификалық қызметі, яғни олар балаларды дүниеге әкелу қамтамасыз ету және әлеуметтендіру қоғамда қандай өзгеріс боламасын сол қалпында қалса да, оның мінездемелік қатынастары тарихи өзгерістер барысында өзгеруі мүмкін.

          ХХ ғасырдың басында әлеуметтік институттар отбасын және білім беру, тәрбиелеу қызметтерімен, күзет және қорғау, тамақтандыру, киіндіру қызметтерімен қамтамасыздандыру және әлеуметтік статусты беру қызметімен тығыз байланыстырды.  Осы сияқты прогрессивті пікірді бәрі қолдаған жоқ. П. Сорокиннің пікірінше бұндай отбасының әлеуметті мәдениеттік қызметінің азаюы, қоғамның индустриялды урбанистік дамуы отбасын баласыз отбасына айналдырып және еркек пен әйелдің жыныстық қатынас арқылы тіл табысатын орынға айналдырады деп жазған.

          Ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың және отбасының басқа мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастарды реттейтін құқық саласы - отбасы құқығы.

          Отбасы құқығы азаматтардың отбасылық қатынастарда ұлтына, нәсіліне, діни сеніміне қарамастан тең құқықтығын, ана мен бала мүдделерін мемлекет тарапынан қорғауды қамтамасыз етеді.

          1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының Ата Заңының 2 бөлімінің 27 бабында: "Неке мен отбасы, ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Балаларына қамқорлық жасау, оларды тәрбиелеу - ата-ананың табиғи құқығы әрі парызы. Кәмелетке толған еңбекке қабілетті балалар еңбекке жарамсыз ата-анасына қамқорлық жасауға міндетті" - деп атап көрсетілген1).

 

8.3 Отбасы құрылымының негізгі типтері

 

Экзогаммалық неке туыстық отбасылық топтардан басқа жағдайларда болуы мүмкін. Керісінше, эндогаммалық неке осы туыстық отбасылық топтардың ішінде пайда болады. Отбасындағы билікке байланысты патриархалды отбасы, мұнда отбасы билеушісі әке және матриархалды, мұнда отбасындағы маңызды адам - шеше болып бөлінеді. Отбасылық маңызды адам болмаған отбасыларды эгалитарлық отбасы деп айтуға болады, мұнда барлығы әке мен ананың тең шешім қабылдауы арқылы жүреді.

          Сонымен қатар серіктестік отбасылары да бар, яғни жұбайлардың отбасылық шешімдерді бірге қабылдауы, мұнда егер күйеуі басымырақ билікке ие болса, күйеуінің үстемтік етуі деп аталады. Және де автономдық отбасылар да бар. Мұнда басты шешімді жұбайлардың біреуі қабылдайды. Сонымен қатар, жұбайлардың (немесе жұбайлар ата-анасының) әлеуметтік статусына байланысты гомогендік, мұнда жұбайлар бір әлеуметтік статустан және гетерогенді, мұнда олар әр түрлі әлеуметтік топтан, кластардан шыққан болып бөлінеді. Қазіргі кезде кең таралған отбасы - нуклеарлық отбасылар, мұнда адамдар екі ұрпақ өкілдері, яғни ата-аналары және балалары.

          Кеңейтілген отбасы екі және одан көп нуклеарлық отбасылардың бірігуінен пайда болады. Қайта некеге тұрған отбасыларында жұбайлармен бірге осы неке балалары және алдыңғы неке балалары да бірге болуы мүмкін. Ажырасулар саны көбеюіне байланысты, қайта некеге тұрған отбасылар саны көбейді. Бұлар бұрынырақта жұбайлардың біреуінің қайтыс болуына байланысты болып келді және балалар екі әкелі болуы өте сирек болып келді.

          Репродуктивті отбасы - бұл ата-аналар мен кәмілетке толмаған балалардан тұратын және де ориентациялық отбасы ата-аналар отбасынан және жеке репродуктивті отбасылар бар ержеткен балалардан тұратын отбасылары. Кеңейтілген отбасы кем дегенде үш ұрпақ өкілдерінен тұратын отбасы.

          Нуклеарлық отбасы схемасы (ориентациялық және репродуктивтік) және кеңейтілген отбасы (моногамдық және патриопалдық) сызбасы2):

 

Әйелдері     Аға-інілері                                                          Ер баласы

Балалары     қыздары                                                              қыздары

 

Репродуктивті отбасы

          Ориентациялық отбасы

 

             Әке                                                                                Ана

Әкпе-қарындастары                                                       Оның жұбайы

Кеңейтілген отбасы

 

          Әлеуметтанумен демографияда балалар санына байланысты отбасыларын үш түрге бөледі: бірінші - аз балалы отбасылар, мұнда әлеуметті - психологиялық көзқарас жағынан балалар саны аз.

 

8.4 Отбасының өмірлік циклі

 

 Отбасының құрылымының алуан түрлілігі отбасы классификациясын шешу кезінде пайда болады және отбасының уақыт өтуіне байланысты отбасылық өмірдің басталуынан бастап аяқталуына дейінгі өзгеруін қамтиды. Некенің және отбасының стажы, тіршілік ету барысында отбасындағы өзгерістер, ұзақтық параметрлері "отбасының өмірлік циклі" немесе "өмірдегі отбасы циклі деген түсінікке алып келді.

          Отбасылық цикл отбасылық жаңалықтарға байланысты ата-аналық стадиямен некенің басталуынан бастап - аяқталуына дейінгі аралықта анықталады. Отбасылық цикл - әр түрлі жаңалықтарға негізделуі мүмкін. Ян Щепаньский ажырасу шарты жоқ болған жағдайда 3 фазаға бөледі: баланың дүниеге келуіне дейінгі аралық, ересек балалардың ата-аналарынан бөлек шыққанға дейінгі әлеуметтендіру және де жұбайластықтың ыдырау санын көбейтіп отбасының өмірін толық бейнелеуге тырысады. Олар ауру, айырылысу, өлім, ажырасу және т.б.

 

 

 

 

8.5 Қазіргі отбасындағы  проблемалар

 

          Біздің мемлекетіміздегі мынандай құлдыраған экономикасы бар, дағдарыстағы белгілі бағыт-бағдары жоқ кезде отбасылары үлкен ауыртпалық, күштердің әсерін көтеруде, бұл отбасының құлдырауына ғана әкеп соғады, сондықтан отбасының ішкі күштері: махаббат, өзара түсіністік және сыйлаушылық, бір-біріне және балаларына деген жауапкершілікке ғана үміт артамыз. Бірақ, өкінішке орай сырттан әсер ететін күштер, мысалы туыстардың, көршілердің, еңбек ұжымының, қоғамдық орындардың әсері өз ықпалын тигізуде. Ал, сылтаулар саны отбасы үшін өте көп. Ажырасулар саны жыл сайын азаюда.  Егер 1992 жылы олар республика халқының 33% құраса, былтыр тек қана 32,2% -ін құрайды. Отбасылар саны да елеулі азайды, үшінші баланы дүниеге әкелу. 1991 жылы әр 1000 адамға 21 нәресте туылса, ал 1993 жылы тек қана 18,6 бала. Бір жасқа дейінгі аралықтағы балалар өлімі көбеюде. Мысалы, 1991 жылы ол 27,4 болса,  1996 ж. 28,4 болды. Ауру балалар дүниеге өте көп туылуда.Қалыптасып қалған қатынастардың түп орнымен құлау, отбасының тек қана ішкі күштері ғана сақтап қала алатындығына назар аударады. Осыған қоғамдық ой-пікірді бағыттау керек. Әке мен ананың мәртебесін көтеру, әйелдерге психологиялық және әлеуметтік қолдау көрсету керек. Әлемде саяси тұрақты, дамыған экономикасы бар қалыптасқан әлеуметтік қолдау жүйесі бар мемлекеттерде осындай әйелдер қоғам жағынан ғана емес, сонымен қатар мемлекет жағынан да қолдау көріп отыр.

          Қоғам түсінігіндегі отбасы қызметі, неке сапасы, басқару құрылымының қатынастары мен бағыттары қалай өзгерді. Адамдардың некеге тұруына не себепкер? Жауаптар талдауы негізгі себептерін біліп төмендегі тәртіпте орналастырды:

-       барлық уақытта қасында болатын, қиын кездерде қолдап көмектесетін адамның қасында болуы;

-       біреуге керек екенін сезіну және біреуді асырау;

-       ұрпақты жалғастыру;

-       сүйген адамыңнан айырылмау.

Осыдан көріп тұрғандай негізгі себеп мынандай қиын заманда түсінетін, көмектесетін, қорғай алатын адамды табу. Отбасы - бұл үлкен жұмыс және оның нәтижесі болып отбасындағы түсінушілік және сыйластық болу керек.                      

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.      Антонов А.И. Возродить семейную жизнь //Социологические исследования. – 1992. – № 10.

2.      Базарханова Ш. Семья – основа всех основ //Мысль. – 1994. – № 9.

3.      Бестужев И.В. Ступени к семейному счастью. – М., 1986.

4.      Богданова Л.П. Щукина А.С. Гражданский брак в современной демографической  ситуации // Социс. – 2003. – №7.

5.      Бижанова Б, Балакирева Н. Современные тенденции демографической ситуации в РК и ее влияние на рынок труда // Аль-Пари. – 2001. – №4.

6.      Бисеков А. Демографичексая ситуация в РК // Саясат. – 2000. – №12.

7.      Богданова Л.П., Щукина А.С. Гражданский брак в современной ситуации  // Социс. – 2003. – №7.

8.      Габдуллина К. Женщина и общество: социологические и политические аспекты  // Саясат. – 2003. – №4.

9.       Вдовина М.В. Межноколенные конфликты в современной российской семье  // Социс. – 2005. – №1.

10. Гумилев И.Л. Древние тюрки. – М., 1993.

11. Дементьева И.В. Негативные факторы воспитания детей в неполной семье  //Социс. – 2001. – №11.

12. Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері: Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

13. Лунякова Л.Г. О современном уровне жизни семей одиноких матерей // Социс. – 2001. – №8.

14.  Мацковский М.С. Социология семьи. – М., 1998.

15.   Мониторинг. Семейные ориентации. //Социс. – 2001. – №2.

16.  Первякова И.К. Женщины - жертвы преступлений // Социс. –2000. – №9.

17. Смелзер Н. Социология. – М.: Феникс, 1994.

18. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

19.  Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

20. Шеденова Н. Воздействие глобализации на экономическое положение женщин // Саясат. – 2002. – №5 .

21. Шевченко И.О., Шевченко П.В. Большая семья – какая она? //Социс. – 2005. – №1.

 

9 дәріс. Білім беру социологиясы

 

Дәрістің мазмұны:

-       Білім социологиясының ұғымы мен мазмұны.

-       Ілім– әлеуметтік-мәдени процесс ретінде.

-       Білім беру жүйесі.

-       Білім берудің  тұрақты модельдері.

 

Дәрістің мақсаты - білім беру саласындағы әлеуметтік проблемаларды анықтау, студенттерге білім беру жүйесіндегі білім берудің әртүрлі функцияларына және қазіргі уақыттағы тұрақты модельдеріне түсінік беру.

 

9.1 Білім социологиясының ұғымы мен мазмұны

 

          Қазіргі уақыттағы өркениеттің әлеуметтік институттары ішінде білім алғашқы позициялар қатарынан орын алады. Шешуші түрде технологиялық, экономикалық, саяси дамудың қарқыны, қоғамдағы мәдениет пен руханилықтың күйі, адамның аман-саулығы осы білімнің саласына байланысты. Бұрынғы уақытта екі жұмыскер адамға бір оқушы келетін. Әйткенмен қазіргі уақытта үлкен байсалды дағдарысты басынан кешіп отыр. Адам мәдениеттің, қоғам жетістіктері мен жалпы көпшілік мәдениеті потенциялары арасындағы диспропорция қалыптасып, тереңдеуде. Адамзат ешқашан да өзінің ғылыми ашуларын, өндірістік технологияны, ақпараттық жүйені пайдалы әсердің сондай төмен коэффициентімен қолданып көрген емес. Адамзат мәдениетінің тас талқан болуы дабыл қақтыруда. Мамандар өз пәнімен тұйықталды, өз әрекеттерінің болашақта тигізетін  салдарын көруді қойды, олардың арасындағы өзара түсіністік әлсірей бастады, жаппай тәжірибенің жетістігінің таралуы мен кедергілері өсуде.

          Білім берудің әлеуметтік проблемаларымен социологиялық бағыттардың өкілдері айналысып келеді. Э.Дюркгейм білім берудің әлеуметтік қырларын анықтап берді. Оның пікірінше білімнің негізгі қызметі – мәдени құндылықтарды ұрпақтан ұрпаққа тарату. Оның функционалдық теориясы бойынша мәдени құндылықтар білім арқылы сақталады, сонымен бірге бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беріледі. Ол тек қана қоғам, оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда өмір сүріп кете алады деп тұжырымдайды. Екінші жағынан мұндай құндылықтарды жастарға беру үшін формальды ұйымдар керек, мәселен түрлі сатыдағы мектептер.

Социологиядағы функционалистік дәстүрді дамытқан Т.Парсонс болды. Ол Дюркгеймнің білім беру жүйесі индивидті қоғаммен байланыстырудағы әлеументтендіруші рөлінің маңызына орай қалыптасады. Бірақ Парсонс отбасы және білім беру мекемелерінде әлеуметтендіру ерекшеліктерін жеке - жеке талдап көрсетеді. Ол жеке біреуді бала  ретінде қарастырып, ал қоғамдық стандарттан тыс қалады. Отбасы ішінде сәбидің статусы туылған күннен бері анықталады. Бірақ қоғамда әлеуметтік статусына индивид өз күш-жігерінің арқасында қол жеткізеді. Осылайша жеке адамның отбасындағы шама-шарқы жалпы қоғамдағы жағдайынан туындайды, ерекшеленеді. Т.Персонстың білім беру социологиясындағы аса маңызды ереженің бірі білім беру жүйесі жеке адамдарды  нақты еңбегіне қарай бағалау қажеттерін уағыздайды.

          Республикамызда болып жатқан өзгерістер білім беру жүйесіне әсерін тигізуде. Нарық мұнда да өз әмірін жүргізе бастауда.

          Мамандар нарығында бәсекелестік білімнің орта және жоғары буындарына да ерекше талаптар қояды. Егер түлек жақсы дайындалған, бірақ тар мамандық иесі болса, онда аздық етеді. Ол үздіксіз және дербес білімге, қайта оқуға, қызметтің бір түріне екінші түріне тез ауысуға дайын болуы керек және иілгіш қабылдау мен жан-жақты ойлау қабілеті, жігерлілік, кәсіптік ынтымақтастық пен кәсіпкерлік дағдысы, өзінің жеке қызығушылықтарын басқа адамдардың қызығушылықтарымен ұштастыра білу секілді психологиялық қасиеттері болуы керек. Әйтсе де мұндай талаптар біздің мемлекетіміздің білім жүйесінің негізін құрайтын стандартты бағдарламалар мен білім беру әдісінің пәнді-шектелген, тар функционалды құрылымына қарама-қайшы келеді. Мемлекеттік білім жүйесінің қазіргі заманғы білім саласына нарық сұраныстарының өзгеруін елеуге қабілетсіздігі көптеген жеке меншік және мемлекеттік емес білім беретін ошақтардың пайда болуына әкеліп соқты. Бірақ, мұның өзі білім беру жүйесінің сапалы түрде өзгеруіне әсер еткен жоқ. Білім беру қызметтеріне деген сұраныс үлкен.

          Оқу, білім алу адам өмірінің үлкен бөлігін - оның жемісті, шығармашылық жылдарын ескере отырып қамтиды. Квалификацияның орта деңгейіндегі мамандыққа үміткер жас адам 13 жылдан кем оқымау керек, ал жоғары квалификациялы мамандық үшін оқу мерзімі 20 жылға дейін барады. Жүйелі білімге қосылатын төменгі шек те түсіріледі: білім ерте бала шақта енеді, ене отырып бұның психофизикалық салдары жөніндегі нақты мәліметтерді ескермейді. Білім алудың аса жауапкершілікті фазасы адамның әлеуметтік өзін-өзі тану кезеңі - кәсіптік, жанұялық және азаматтық дәуіріне сәйкес келеді.

          Білім әлеуметтігі нені зерттейді?

          Оның зерттеу нысанасын не құрайды?

          Оның қызығушылықтарының аумағын біле отырып, ол білімді әлеуметті-мәдениетті институт ретінде тани отырып, оның генезисін, қызметін, құрылымын, ұйымдастыру ретін, білім саласының әлеуметтік құрылым динамикасын, осы саланың басқа қоғамдық институттарымен және адам өмірі саласымен өзара байланыстылығын зерттейді.

Білім социологиясында негізгі мәселе - білім алудың мән-мағынасы. Оның оптималді күйіне қалай жетуге болады? Оқу, ілім - білім саласындағы адам қызметінің негізгі формасы. Білім алушының бүгіні мен болашағы, білім саласы әрекеттерінің барлық факторлары оқу қызметінің мазмұнымен анықталады.

 

9.2 Ілім  әлеуметтік-мәдени процесс ретінде

 

Әдебиетте оқу жүйесін белгілеу үшін мынандай терминдер қатары қолданылады: ілім, оқу, үйрету, білім, тағы басқалары. Жалпы түсінік ретінде "ілім" түсінігі қабылданған, соның ішінде ілім- білімді игеру ретінде, ілім- тәжірибені игеру мен ілім-білім - мәдениетті игеру ретінде. Ілімді  игеру  ретінде түсінудің ілімдік негіздерін отандық психолог, белгілі С.Л. Рубинштейн салған.  Оның есептеуінше, ілім мен ғылыми таным әртүрлі, бірақ түпті емес. Ілім - танымның бір түрі. Мұндай көзқарас білім туралы түсінікті тек білімді игеру жүйесі ретінде ғана емес, сондай-ақ тәжірибені игеру ретінде де толықтырады.

Ж.Пиаже ілімді тәжірибені игерудің формаларына терең экспериментальды сараптама жүргізді. Олардың ішінен бөліп қарайтыны: ассимиляция - ескі кесінділерге жаңа нысананы қосу мен аккомодация - бастапқы кесіндіні жаңа нысаналарға соңғысының құрылымын ескере отырып ыңғайластыру.

Бірінші жағдайда (ассимиляция) - қандай да бір мақсат, міндеттерді шешудің белгілі алгоритмдерінің негізінде шешіледі. Ал, екінші жағдайда (аккомодация) - адам принципті жаңа мәселеге, міндетке кезіккенде өзінің дағдысы мен икемін соған ыңғайластырады. Ағзаның өзін қоршаған ортаға бейімделуі субъект пен объектінің теңестрілуі ретінде қарастырылады.

Жеке тұлға оқытушыдан ақпаратты қабылдайды, бірақ өз қызметі кезінде өзінің "жекеменшік майын" өсіре отырып, оны түсініп, өңдейді. Бұл жүйе кезінде білім тұлғалық формада болады да, сөйтіп жеке тұлғаның өзінің дамуы жүреді.

Бұндай ойлар Выготский негізін салған білімге мәдениетті игеру ретінде көзқарас негізінде жатыр. Адамның мәдениетті игеру тарихи қалыптасқан қызметті көптүрлі формаларында жүреді.

Адамның, жеке тұлғаның қалыптасуы қарапайым қатынастан - ойынға, ойыннан - оқуға, оқудан - еңбекке өрлеу жүйесінде жүреді.

Құндылықтарды игеру жүйесі осы құндылықтар қызмет ететін қоғамдық қатынастардың жүйесін қарастырады. Яғни, оқу - бөлек құндылықтарды игерумен ғана шектеліп және әрекеттердің бағыт-бағдары мен дағдылардың қалыптасуымен байланысты болып қана қоймай, кең жүйе әлеуметтануы, яғни жеке тұлғаның әлеуметтік байланыстар жүйесінің субъектісі ретінде қалыптасуынан шығады, сонысымен ол тәрбиелеудің формаларының біреуі боп табылады.

Соңғы жағдай қоғамның технологиялық, экономикалық, саяси, экологиялық және тағы басқа қажеттіліктерін өтейтін оқудың әлеуметтік жүйесін тарқатуда өз көрінісін табады.

Білім беру - адамның дамуының жалпы әлеуметтік формасы. Ол ұйымдастырылған және ұйымдаспаған, прогрессивті және қалыс қалған болуы мүмкін, бірақ адамның дамуы білімсіз мүмкін емес. Білім берудің мақсаты - ұрпақтан-ұрпаққа адамзат мәдениетінің жетістіктерін жеткізу, олар: өндірістік технологиялар мен адамдардың қарым-қатынасы, әлемді қабылдау дәстүрлер немесе өндірістік өнер. Э.Дюркгейм осы фактіні сызып көрсетеді. (Мысалы, Афин тұрғындары көркем өнерді үйренуге, Көне Римде - әскери басқарушылар мен мемлекет қайраткерлерін дайындауға, Орта ғасырларда - христиандық ілім-білімді игеруге, Ренессанс дәуірінде өнерге, әдебиетке деген қызығушылыққа көп көңіл бөлінген).

Білім берудің жемісі - өзі қалыптасқан жеке тұлға мен өмірге қабілетті қоғам.Оқу мен білім беру - әлеуметтік құрылымның құрамдары. Қоғамдық ой-пікірді, нормативті құжаттарда білім беру институттарына тек қана білім беру қызметін жүктеп қана қоймай, әлеуметтануды, тәрбиелеуді кіргізу мақұлданған.

Сонымен, білім беру дегеніміз - қоғамда құндылықтың, оқу мен білімнің бір адамнан немесе топтан басқасына берілудің негізін құрайтын институцияланған (формальді) жүйе. Біз білім беру функционализм заңына сәйкес құндылықтардың сақталуы мен технологияның жаңа әдістерін енгізумен және іс жүзіндегі білімнің аса тыс бағалануымен байланысқан әлеуметтік өзгерістерге жағдай жасайтынын атап көрсеттік.

 

9.3 Білім беру жүйесі

 

Бастапқы және орта мектеп деңгейінде білім беру жүйесінің бөлек сатыларға бөлінуі оқушыға шектелген психологиялық және биологиялық мүмкіндіктер әкеледі. Білім беру жүйесі оқушылардың осы шектеулерді аса

жоғары деңгейлерде бастан өткізетін бірнеше өлшемдермен ерекшеленеді.

Американдықтар білімді табыс көзі деп есептейді. Білім деңгейі мен жұмыстағы табыспен, сәттілік арасында тығыз байланыс бар. Бірақ бұнымен қоса, табыс, сәттілік басқа да факторлармен сипатталады, мысалы, ата-аналардың социоэкономикалық статусы.

Білім беру қоғаммен, оның негізгі белгілерімен (еңбек, тіл, сөздік қарым-қатынас) бірге пайда болған. Ол келешек ұрпақты оқыту, тәрбиелеуге қатысты адамның меншікті қызметі болып табылады.

Білім беру жүйесі базалық және қосымша білім беретін өзара байланысқан мекемелер бірлестігі. Білім беру жүйесінің негізінде жатқан - базалық білім беру, ол мазмұнымен ерекшеленеді де, заңды түрде куәлік, аттестат, диплом (мектепке дейінгі сатыдан басқа) түрінде көркемделеді. Оның ішкі жүйелері боп саналатындар:

1)     Мектепке дейінгі білім.

2)     Мектепте алынған толық емес орта білім.

3)     Үш негізгі жолмен асатын толық орта білім.

4)     Жалпы білім беретін мектептердің жоғары сыныптары.

5)     Орта кәсіби техникалық білім.

6)     Орта арнайы білім.

7)       Жоғары білім, заңды түрде аспирантура мен докторантураға көркемделген жоғарыдан тыс білім.

Әлеуметтанудың, тәрбиелеудің, ой кернеуінің ерекше формалары түсіндіруді қажет етті.

          Мәтіндерді оқудың өз аурасы болады, "оқытушы-оқушы" осы саланың негізі болады, оқытушы жай ғана шебер емес, сондай-ақ рухани мол адам.

          Мектеп - қазіргі білім берудің негізгі басты институты. Оның негізгі қызметі - оқыту. Оқытушы мен оқушы арасында белгілі өзара қарым-қатынастарды бекітеді. Әрбір мектептің өзінің оқыту стандарты болады, оның мақсаты - оқушыны қандай да бір белгілі бір дәрежеде дайындыққа жеткізу.  .

          Білім беру ерекшеліктерінің, жақсы тұстары бар. Қазіргі заманғы білім беру институттарын рухани мазмұнмен толтыруға жол салынды.

          Жалпы білім беретін мектептер жүйесіне мектеп-интернаттар, бөлек пәндерді тереңдеп оқытатын орта мектептер, ақыл-ойы мен физикалық дамуы артта қалған балаларға арналған мектептер кіреді.

          80-жылдары толық емес орта мектептің түлектерінің 98% көбі толық орта білім алғанға дейін өз оқуларын жалғастырды. Бірақ, толық алғаннан кейін, өз қызметін атқара отырып, қоғамдық орта білім жүйесі өз қызметінің сапалы өлшемдері бойынша біршама байсалды кемшіліктер жинады. Нақты зерттеулердің мәліметі бойынша, бұл жаңа енгізулерді қауымдастық жақсы қабылдады. Қоғамның түрлену периоды жаңа типті мектептерді дүниеге әкелді, олар білім берудің мәңгілік мақсатына жету, жастарды өмірге, социумдағы адаптация мен оның түрленуіне дайындау, адамның қажеттіліктер, қабілеті мен өзін-өзі көрсетуге көмектесетін бағыт-бағдарын дамытудың белсенді жолдарын іздеуді жүргізеді.

          Педагогикалық жүйелердің дифференциациясынының негізгі бағыттары;

-          мектеп-гимназиялар;

-          мектеп-лицейлер;

-          мектеп-кешендер, соның ішінде "балабақша-мектеп".

          Жалпы мақсат - адамды мәдени жетістіктерге жетуді қарастыра отырып, білімнің қазіргі жүйесі басқа да әртүрлі функциялар атқарады, адам мен қоғамның көптеген өмірлік мәселелерін шешудің механизмі, әмбебап әдісі болып табылады. Білімнің қызметі: оқыту, әлеуметтендіру, тәрбиелеу.

          Әлеуметтік мобильділік қызметтерін іске асыра келе, білім өзінің көптеген әдістеріне сүйенеді. Ол адамның кәсіби және әлеуметтік білімдердің әртүрлі формаларына икемділігі, таңдауы мен жинау мүмкіндіктеріне ие. Оқудағы табыстар барлық уақытта бірдей адамның еңбекте, әлеуметтік қызметтің әртүрлерінде әсерлілікті анықтамайды, бірақ қоғам білім институттарына, олардың дайындық сапасының сертификаттарына сүйенуге үйренді.      Кәсіби білім - жеке адамның жан-жақты дамуының, имандылығының қалыптасуындағы маңызды кезең. Кәсіптік білімнің қайсы бір түрі болмасын кәсіпті таңдаумен, бұл кәсіби бағытты жүргізумен тікелей байланысты.

          Білім беру жүйесі, оның құрылымы үздіксіз білім тұжырымдамасында  сәйкес қалыптасады  және оның болашағы анықталады. Білім беру жүйенің құрылымы: отбасылық тәрбие, мектеп жасына дейінгі тәрбие, жалпы орта білім беру, мектептен тыс тәрбие беру мен оқыту, кәсіптік техникалық, орта арнаулы, жоғары білім беру, жоғары оқу орнынан кейінгі білім (аспирантура, магистрантура, докторантура т.б.) беру, кадрлардың білімдерін арттыру (повышение квалификации), қосымша білім беру (екінші мамандық).

 

9.4 Білім берудің  тұрақты модельдері

 

          Әртүрлі өкілдер арасында қоғамдық ойда білім берудің мақсаты жөнінде 3 аса тұрақты модельді бөліп қарастыруға болады:

          Экстенсивті модель - мүмкіндігінше барынша толық жиналған тәжірибені, мәдени жетістіктерді беру, оқушыға өзін-өзі анықтауға көмектесу, ондағы потенциалды іске асыру.

          Өнімді (продуктивті) модель - оқушыны өзінің жеке дамуы мен әлеуметтік қауымдастық дамуын қолдайтын белгілі бір жұмыс құрылымымен айналысуға тура келетін қызметтің түрлеріне дайындау.

          Интенсивті модель - оқушының әмбебап сапаларын дамыту негізінде оны тек қана белгілі бір пәнді игеріп қана қоймай, сондай-ақ өзін тұрақты жақсартуға, жеке шығармашылық потенцияларын дамытуға дайындықты қалыптастыру.

          Білімді әлеуметтік институт есебінде қорытуға бұл әлеуметтік бірліктердің өзара байланысын білу қажет, ол үшін оларды әлеуметтік зерттеу керек.

          2001 жылының соңында Алматы энергетика және байланыс институтында жүргізілген зерттеулер мынадай қорытынды көрсетті: 57 проценттен асқан респонденттер білім дәрежесін, адамның интеллектуалдық қасиеттерін атап көрсетті. Инженер - техникалық қызметкерлері өндірісте өнім шығуымен ғана айналысып қоймайды, оны басқаруға, жаңа технологияны енгізуге жігерлі түрде қатынасады.

          Білім берудің үшінші моделін тапсырмадан тыс, білім беру жүйесі өз әрекетін, өзінің әсерлік өлшемін өлшей алатын алдыңғы қатарлы ориентир ретінде қарастыруға болады.

          Субъектіні дайындаудың мақсаты - әрекетке белгілі бір дайындықты өңдеу, қалыптастыру, бағыт-бағдар, адаптацияның оянуы, қарым-қатынас, қызметтің қандай да бір формалары мен оның саласының құндылықтарын өндіру механизмдерін шешу, қондыру.                                                                       

Қазақстан білім беру реформалар жолында.

Қазақстан Республикасының жоғары білім алу жүбесінде бүгінгі күнде 83 мемлекеттік емес ЖОО және 57 мемлекеттік ЖОО бар. Осының ішінде 27 университет, 9 оқу академиясы, 2 автономиялық университет: әль-Фараби атындағы ҚҰУ және Яссауи атындағы мемлекетаралық қазақ-түрік университет. Қазақстанда мемлекеттік емес білім беру секторы - жоғары білім мемлекеттік секторының құрамдық бөлімі, өйткені, бұл ЖОО - нының саны 1995 жылдан 1998 жылға дейін 37- ден 83- ке өсті. Мұның принциптік айырмашылығы - бюджеттік қаражат жоқтығы.

Бүгінгі күнге мемлекетімізде ең маңызды болып келесі сұрақтар қалып отыр: қаржыландыру, бір басқару құрылымын құру, бір мезгілде профессорлық - оқу құрамының "тәртібі", ЖОО  әдебиетпен, методикалық нұсқаулармен қамтамасыз ету.  

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.        Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарын бекіту туралы: Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2010ж. 29 қаңтар N39// Егемен Қазақстан//. – 2010. – 2 наурыз. – 6 б.

2.        Назарбаев Н. Әрдайым алға қарау керек! //Н.Назарбаев//Дала мен Қала. – 2011. – 7 наурыз. – 1-3 бб.

3.      Абдыманапов С. Роль социологических  исследований в условиях реформирования образования //Вестник Высшей школы Казахстана//.-  1996. - №5.

4.      Гаврилюк В.В. Социология образования: Учеб. пособие. – Тюмень, 2003.

5.      Гилинский Я.М., Смолинский Л.Т. Социодинамика самоубийств //Социологические исследования. – 1998. – №5.

6.      Голубкова Н.Я. Социальное поведения учайщейся молодежи //Социс//. – 1998. – №9.

7.      Добреньков В.И., Нечаев В.Я. Общество и образования. – М., 2003.

8.      Дюркгейм Э. Самоубийство. Социологический этюд. – М., 1996.

9.      Зборовский Г.Е., Шуклина В.А Профессиональное образование и рынок труда //Социс//. – 2003. – №4.

10. Казахстан: особенности перехода и демократии. Коллективная монография. – Алматы, 2004. – С.225 245.

11. Зиятдинова Ф.Г. Социальные  проблемы образования. – М., 1999.

12.  Ихданов Ж.О., т.б. Экономиканы реттеудің өзекті мәселелері. – Алматы, 2002. Каников Ф.К., Трунькина О.В. Ориентации учащейся молодежи на инженерную профессию //Социс//. – 2004. – №5.

13.  Карабаев Ш.К. Әлеуметтану негіздері. Оқу құралы. – Алматы: Экономика баспасы, 2007.

14.  Мусатаев С. Социализация образования в Казахстане //Саясат//. – 2004. – №9.

15.  Нечаев В.Я. Новые подходы в социологии образования //Социологические исследования//. – 1999. – №11.

16.  Орлова И.Б. Самоубийство – явление социальное //Социологические исследования//. – 1999. – №8.

17.  Орынбекова Д.С. Формирование и становление современной  модели образования в Казахстане //Коллек. моногр. Казахстан: особенности перехода к демократии//. – Алматы, 2004.

18.  Орынбекова Д.С. Оқу құралы. Социология. – Алматы, 2002.

19.  Прадес Х.А.  Глобальные  изменения в окружающей среде и современное общество //Социологические исследования//. – 2000. – №6.

20. Рахметов Қ.Н., Болотова А.Н., Исмагамбетова З.Н. Социология. – Алматы, 2003.

21. Рубан Л.С. Девиация как проблема безопастности //Социс. – 1999. – №5.

22. Руткевич М.Н. Социология образования и молодежи. Избранное (1965 – 2002). – М., 2002.

23. Сидков Е.В. Маргинальность и преступность //Социологические исследования//. – 2000. – №4.

24. Социология. Оқулық. – Алматы, 2002.

25. Современная западная социология. Словарь. – М., 1998.

26. Социология образования перед новыми вызовами (Круглый стол) //Социологические исследования//. – 2000. – №6.

27.  Сорокина Н.Д. Перемены в образовании и динамика жизненных стратегии студентов // Социс. – 2004. – №10.

28.  Тұрғынбаев Ә.Х. Социология. – Алматы, 2001.

29. Филипов Ф.Р. Социология образования. – М., 1989.

30. Шаукенова З.К. Об отношении казахстанского общества к реформам в системе образования. – Исследования «ЦЕССН – Казахстан». – 2005.

31. Шәмшәтұлы И., Дәкенов М., Дәуіт Д., Күнхожаев Н. Әлеуметтану. – Алматы, 1999.

32. Шереги Ф.Э. Социология образования: Прикладные исследования. – М., 2001.

         

Мазмұны                                           

 

Алғы сөз

3

1 дәріс. Социология пәні және оның қоғам өміріндегі рөлі

4

1.1 Социологияның объектісі және пәні.

4

1.2 Социологияның заңдары мен категориялары

5

1.3 Социологияның құрылымы мен деңгейлері

6

1.4 Социологияның қоғамдық ғылымдарға қатысы, оның атқаратын       қызметі

6

2 дәріс. Социологияның тарихи қалыптасу кезеңдері

9

2.1 Социологияның шығуына дейінгі әлеуметтік ой-пікірлердің қалыптасу эволюциясы

9

2.2 Социологияның ғылым ретінде пайда болуы. О.Конт, Г.Спенсер - социологияның негізін салушылар

10

2.3 Ресей социологиясындағы әлеуметтік ой

11

2.4 Э.Дюркгейм мен М.Вебердің социологиялық көзқарастары

12

2.5 ХХ ғасырдағы социологияның негізгі бағыттары

14

3 дәріс. Әлеуметтік зерттеулердің әдістемелері мен техникасы

16

3.1 Әлеуметтік зерттеудің негізгі түрлері

16

3.2 Зерттеу бағдарламасының ілімдік дайындығы

17

3.3 Әлеуметтік мәліметтер жинаудың әдіс-тәсілдері

18

3.4 Анкета құрылымы

18

3.5 Мәліметтерді өңдеу тәсілдері

20

4 дәріс.  Еңбек социологиясы

21

4.1 Еңбектің әлеуметтік өлшенуі

21

4.2 Адам талаптарының  тұжырымдамалары  

22

4.3 Еңбек ic-әрекет себептерінің негізгі деңгейлері

23

4.4 Еңбек ұжымы әлеуметтік институт ретінде

24

5 дәріс. Инженерліктің әлеуметтік мәселелері

27

5.1 Инженер еңбегінің ерекшеліктері

27

5.2. Әлеуметтік инженерлік әрекет

28

5.3 Инженердің жеке тұлғасына талаптар

30

5.4 Инженерлік - басқармалық еңбек

31

6 дәріс. Қоғамның әлеуметтік құрылымы және әлеуметтік стратификация

33

6.1 Қоғам туралы түсінік. Қоғам дегеніміз не?

33

6.2 Қоғамның даму принциптері

34

6.3 Қоғамның әлеуметтік құрылымы

35

6.4 Әлеуметтік стратификация

36

6.5 Әлеуметтік мобильдік

38

7 дәріс. Тұлға  социологиясы

39

7.1 «Адам», «индивид», «тұлға» деген ұғымдардың арасындағы мазмұндығы

39

7.2 Тұлға - әлеуметтік  қатынастарлың  субъектісі және объектісі  ретінде

40

7.3 Әлеуметтік мінез-құлықтың типтері

41

7.4 Тұлға туралы теориялар

41

7.5 Әлеуметтік статус және әлеуметтік рөлдер

43

8 дәріс. Отбасы социологиясы

45

8.1 Отбасы әлеуметтік институт және кіші топ ретінде

45

8.2 Отбасының қоғамда атқаратын қызметтері

45

8.3 Отбасының құрылымының негізг типтері

48

8.4 Отбасының өмірлік циклі

49

8.5 Қазіргі отбасындағы  проблемалар.

49

9 дәріс. Білім беру социологиясы

51

9.1 Білім социологиясының ұғымы мен мазмұны

51

9.2 Ілім– әлеуметтік-мәдени процесс ретінде

52

9.3 Білім беру жүйесі

54

9.4 Білім берудің  тұрақты модельдері

55

  

                                                                      2012 ж. қосымша  жоспары, реті 367