Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

ФИЛОСОФИЯ 

Барлық мамандықтардың  барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін  семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар 

 

 

Алматы 2012 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Мухамеджан Қ.Ш. Философия. Барлық мамандықтардың  барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін  семестрлік жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2012. – 24 б.  

Ұсынылып отырған әдістемеде семестрлік  жұмысты орындауға арналған нұсқаулар  мен  тақырыптар беріліп, философия курсын қамтитын әдебиеттер тізімі көрсетілген.   

  

Пікір беруші: фил. ғыл. д-ры, проф. Сағиқызы А.  

 

         «Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

  

        

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012ж. 

 

Кіріспе

 

Қазіргі замандағы жоғары білім беру  жүйесінде міндетті түрде  оқытылатын  негізгі  гуманитарлық  пәндер  қатарына  философия  ілімі жатады. Білім  беру  саласындағы  әлемдік  тәжірибенің  XX – ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  гуманистік  бағытта  дамуы, гуманитарлық  пәндердің  әлеуметтік  маңызын  арттырып, білім беру  процесінің  мәні мен  мұраттарын  жаңа  тұрғыдан  түсінуге алып келді.

«Философия» курсына  арналған  оқу бағдарламасы  қазіргі  заманғы  жоғары  білімді  инженер – маман  білуге  тиісті негізгі  философиялық  және  ғылыми  мәселелердің мәнін  көрсетеді. Пәннің  жалпы  мақсаты  да  студенттердің  - болашақ  мамандардың  - дүниетанымын   кеңейтіп,  философиялық  көзқарасын  қалыптастырып, жүйелі ойлауға  бағыттау. Семинар  сабағында  және өз бетімен  талдауға  арналған  тақырыптар  дүние,  қоғам  және  адам  туралы  мифологиялық,  діни – философиялық,  ғылыми – философиялық  көзқарастардың  ерекшеліктерін  саралап, адам  өмірінің  мәнін,  сенім  мен  таным мүмкіндіктерін ашуға  арналған. Сонымен  бірге  адамзат  білімінің  қыр – сыры, оның  қазіргі заманғы  қоғамдағы  дамуы және рөлі, адами – рухани  құндылықтардың  күнделікті өмірдегі  маңызы,  шығармашылық  өнердің  мүмкіндіктері мен  болашағы  жайында мәселелер талданады.

«Философия» пәнінің  оқытылуы  студенттерді парасаттылыққа және  эстетикалық талғам  қалыптастыруға  тәрбиелейді. Ең маңыздысы  жастар философия  тарихымен   таныса  отырып  ғасырлар  бойы  жинақталған  рухани  байлықты игереді, сол арқылы адам  бойындағы  қасиеттерге, тұлғаның қалыптасуы,  бостандыққа ұмтылуы, қоғамдық  қатынастар  мен үйлесімділіктің  мәнін түсіндіретін  заңдылықтарға  баға  береді. Адам мен табиғат, адам мен  қоғам  арасындағы  байланыстар, қазіргі заманғы  ауқымды тауқыметтер, адамзат  мәдениеті мен жер бетіндегі тіршіліктің болашағы, жалпы   адамзаттық  игіліктердің тағдыры мен даму үрдісі  туралы өз пікірлерін қалыптастырады. Әлемде және  елімізде болып  жатқан  саяси -  әлеуметтік өзгерістерге, ұлттық құндылықтарымызға баға бере отырып, философиялық  зерделік – логикалық,  жүйелі сыншыл тұжырымдардың  мәнін  түйсінеді.

Лекция дәрістерінде қысқаша бағыт – бағдар, әлемдік  философияның  тарихынан жалпылама  мәліметтер  ғана берілсе, семинар  сабақтарында және  студент  өзіндік  жұмыстарды  орындаған  кездері нақтылы  бір  философиялық   көзқарастарға  немесе  жекелеген  данышпандардың  пікірлеріне  талдау жасалады. Семинар  сабағы студенттің  жинақтаған  білімін, ойлау және  шешендік деңгейін  көрсетуіне  мүмкіндік  береді. Тек сөйлеуге  үйретіп  қоймай, дәлелді түрде  өзі таңдаған  даналық  ойды немесе  өзінің  төл пікірін  қорғауға дағдыландырады. Философияны  оқып – түсінудегі басты мақсат  рухани  құндылықтардың, өмірдің шынайы мәнін анықтау  болғандықтан  және  пенделік  пен  адамгершіліктің, бақыт  пен  бақытсыздықтың, ізгілік  пен  зұлымдықтың, ақиқат  пен  жалғанның  ара – жігін ашуға  тірелетіндіктен, әртүрлі пікірлер мен  тұжырымдарды  саралап салыстыруға тура келеді. Философияның  басқа ілімдерден  және  көзқарас  формаларынан айырмашылығы - аталған  мәселелер  туралы  нақтылы,  біржақты, абсолютті  ақиқат  деп  танитын  анықтамалар  жоқ. Дүниеге философиялық  көзқараспен  қарайтын  адам  ақиқатты  өзі іздеуі тиіс. Ал,  философия  тарихында жинақталған  білім  мен  тәжірибе нәтижелері тек  қана бағыт – бағдар  береді.   Қорыта  айтқанда  пәннің   негізгі  мұраты  оқушыны  пенделікпен  күресіп, адам болуға, өзін - өзі тәрбиелеуге, сыңаржақты ойлап   өмір сүрмей  жан – жақты  ойлап  іс - әрекет  жасауға  бағыттау.

Осы мақсаттарға  жету жолында  мынандай мәселелерді шешуіміз  қажет:

- адамзаттың мәдени  тәжірибесін, ойлау  және тану  формаларын саралап, оларды салыстыра  отырып, жалпы адами  құндылықтар тұрғысынан талдау;

- әлемдік  философия  тарихында  қалыптасқан  көзқарастар мен концепцияларға объективті бағасын беруге тырысу;

- данышпандар мен әулиелер айтқан  пікірлер  мен нақыл  сөздердің мағынасын  түсініп, үндестігі мен айырмашылығына назар салу;

- қазіргі заманғы адамзат қоғамының  даму бағыттары мен үрдістеріне тарихи және болашақтағы нәтижелер тұрғысынан баға беру   және болжамдар  жасау;

- ұлттық  философияның тарихымен  таныса отырып, оның  қазіргі кезеңдегі даму  ерекшеліктерін  анықтау және  мәнін  айқындау;

- философиялық  көзқарасымызды  қалыптастыра отырып, ойлау және сөйлеу  мәдениетіне үйрену, жүйелі ой, пікір айтуға дағдылану; 

дүниеге, өмірге деген көзқарасты жүйелеп, шынайы адами  құндылықтарды  анықтап, абсолютті ақиқатты тануға ақыл – сенімімізді бағыттау.

Осы  аталған мәселелерді шешіп,  белгілі  бір  нәтижеге жету үшін  семинар  сабақтары  өткізіліп, студенттер өзіндік  жұмыстар  атқарады. Аудиториялық  уақыт  шектеулі болғандықтан  кредиттік  оқу жүйесі бойынша,  студент  сабақтан  тысқары  кездері семестрлік  жұмыстар  орындап,  әртүрлі қосымша әдебиеттерді  оқуы  тиіс. Философия  басқа  да әлеуметтану, жаратылыстану және  техникалық  ғылымдармен  тығыз  байланыста  дамиды  және  адамтану  ілімінің негізі  болып  табылады. Философия  барлық  жоғары  оқу орындарының  бірінші – екінші  курс  студенттеріне  оқытылады, ал  оған  дейін  орта  мектеп  оқушылары  қоғамтану  және  жаратылыстану   ғылымдарының  негізімен танысып, белгілі бір  дәрежеде білім қорымен  және  өмірлік  тәжірибемен келеді. 

 

Философия пәні бойынша  семестрлік жұмыстарды орындаудың

 талаптары мен  шарттары

 

Жоғары оқу орнының оқу жоспарына сәйкес, әрбір  студент  философия  пәні бойынша бір  семестр  аралығында үш  ғылыми  жұмыс  жазып өткізуі керек.  Семестрлік жұмыстарға арналған  тақырыптар  үш бөлімде топтастырылған,  себебі үш  семестрлік  жұмыстардың  әрқайсысы әр  бөлімдегі тақырыптар  тізімінен таңдап  алынып, бірін – бірі  қайталамауы  керек. Тақырыптар  саны  жеткілікті, сондықтан  да бір  топтағы  студенттер  белгілі  бір  тақырып  бойынша ғана жеке дара жұмыс  орындауы тиіс.

Әрбір  бөлімдегі  тақырыптар  тарихи  кезеңдерді немесе теориялық  мәселелерді қамтитындықтан  тиісті  деген ғылыми  әдебиеттердің тізімімен  қамтамасыз  етілген, дегенмен  соңғы уақыттарда  жарық  көрген  кітап  немесе  мақалалар тақырыпты ашуға  көмектессе,  тізімде көрсетілмеген  әдебиеттерді  де  пайдалануға болады.

Студент  семестрлік жұмысты  жазбас бұрын, сабақ  жүргізетін  ұстаздарынан  мына мақсатта тиісті  кеңестер алуы қажет:

1) Таңдап  алынған  тақырыпты ұстазбен  келісу, себебі көрсетілген тақырыптар шеңберінен  шығуға студент  мәжбүр  болса жетекшімен ақылдасуы керек.

2)  Керек  болған  жағдайда ғылыми  әдебиттер,  мақалалар  туралы кеңес алу.

3)  Семестрлік  жұмыстың жоспарын бекіту.

4)  Жұмысты  жазу  және  талапқа  сай  формада  көркемдеу.

5)  Түсінбеген  мәселелер, сұрақтар   жайында  мағлұмат  алу.

6)  Семестрлік  жұмыстарды белгіленген  мерзімдерде тексеруге  беру.

7) Ұстаз  тарапынан  жасалған  ескертулер мен  түзетулерді толықтырып, жұмысты көрсетілген уақытта тапсыру.

 

Семестрлік жұмыстың  мазмұны мен формасына  мынандай

талаптар  қойылады

 

Жұмыс жоспары екі немесе төрт тараудан артық-кем болмауы керек, ерекше бір жағдайда ғана бес тарау болуы мүмкін. Жұмыстың мазмұны, әртүрлі монографиялар мен ғылыми мақалаларды оқып – талдаудың нәтижесінде құрылуы керек.

Аяқталған семестрлік жұмыстың мынандай көрсеткіштері болуы қажет: біріншіден, студент зерттеп отырған тақырыбының мәнін, теориясы мен тарихын терең  танып-білгендігін көрсету; екіншіден, автор мәдени құбылыстарды талдай отырып, оларды әртүрлі ғалымдар мен ғылыми ағымдар көзқарасы тұрғысынан түсініп, бағалай білу; үшіншіден зерттеп отырған мәдени құбылыстың өзектілігін, оның тарихтағы орны мен қазіргі заманғы маңызын ашып дәлелдеу.

Семестрлік жұмыста осы мәселеге қатысы бар деген пікірлер мен концепцияларды атап көрсетіп, олардың авторлары мен жазған еңбектерінің атын атап, тексте келтірілген сілтемелер болса нөмірлеп белгілеп қою қажет. Бір мәселе бойынша көп түрлі пікір қалыптасқан болса, оларды салыстыра отырып, автор өзінің түсінігіне сәйкес келетін біреуін негізге алуға тиіс.

Ғылыми жұмыстың құндылығы да, студенттің жеке өзінің пікірінің қалыптасуы және соны айғақты түрде дәлелдей алуымен бағаланады. Мәселенің мәнін ашатын жақтарына назар аудара білу, фактілер  мен уәждер арқылы тұжырым жасай алатындығы, жұмыстың деңгейін көтере түседі.

Жұмыстың мазмұны логикалық тұрғыдан дұрыс және жасалған жоспарға сәйкес болуы шарт. Жұмыстың құрылымына кіріспе, негізгі бөлім және қорытындыдан тұрады. Кіріспеде, автор, осы семестрлік жұмыстың мақсаты мен мұратын, тақырыптың өзектілігін атап өтіп, осы мәселеге қатысты әдебиеттерге қысқаша шолу жасайды.

Қорытынды бөлімде негізгі тұжырымдар айтылады және солардың нәтижесі ретінде түйіндеме жасалып, семестрлік жұмыс аяқталады.

Жұмыстың сыртқы формасына келсек, оның көлемі 10-12 компьютерлік қағаз беті шамасына кем болмауы керек, кіріспе, қорытынды және сыртқы бетін қоспағанда. Жұмыстың әрбір бетінде поля қалдырылып, тараулардың аттары жазылып, сілтемелер бет соңында көрсетілуі қажет. Семестрлік жұмыстың сыртқы беті ғана машинкада немесе компьютерде теріліп, негізгі мазмұны көрнекті және түсінікті жазумен, таза және түзетулерсіз қолмен жазылған болуы керек.

                        

№ 1 семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары

 

Адам және қоғам өміріндегі философияның рөлі және мәні

1.   Адамзат қоғамын рухани дамытудағы философияның рөлі.

2.   Философия – мақсаты әсемдікке жету болып табылатын өнер.

3.   Философия тарихындағы сенім және ақыл арақатынасы.

4.   Философиялық көзқарас дамуындағы тәжірибе және ғылымның рөлі.

5.   Философияның пайда болуы туралы негізгі концепциялар.

6.   Қазіргі заманғы философиядағы рационализм және иррационализм арақатынасы.

7.   Мәдениет жүйесіндегі философияның негізгі функциялары.

8.   Тарихи даму барысындағы философия пәнінің өзгеруі.

9.   Адам және қоғам өміріндегі  философиялық мәселердің өзектілігі.

10.   Идеалистік және материалистік  дүниетанымдардың ерекшелігі

11.   Шығармашылықа дамуының туа біткен қабілеті және оның философияның дамуындағы рөлі.

12.   Философияның  даналық және адамзат қоғамының дамуы.

13.   Адам және әлем – философиялық  ойдың негізгі тақырыбы.

14.   Қазіргі заманғы философиядағы білім беру саласын адамгершілік және қоғамдық  ғылымдар негізінде дамыту мәселесі.

15.   Адам   өміріндегі  философиялық көзқарастың  тәжірибелік  маңызы.

16.   Философиялық  таным тәсілдерінің өзіндік ерекшелігі.

17.   Философилық  даму   тарихындагы  поэзия мен көркем әдебиеттің рөлі.

18.   Философияның  аксиологиялық  функциясы.

19.   Философияның ғылыми көзқарасты қалыптастырудағы рөлі.

20.   Диалектиканың негізгі тарихи формалары.

21.   Конфуциандық және даостық дүниетанымдардың айырмашылығы.

22.   Ежелгі үнді философиясындағы брахманизм және буддизм философияларының айырмашылығы.

23.   Шығысық дүниетаным ерекшелігі және ойлау стилі.

24.   Антикалық философиядағы диалектикалық ойлаудың элементтері.

25.   Фома Аквинский іліміндегі сенім мен ақыл арақатынасы.

26.   Ортағасырлық шығыс мұсылман философиясы және онын мәдени-әлеуметтік маңызы.

27.   Әл-Фараби философиясы және шығыстық перипатетизм.

28.   Ибн-Сина  философиясындағы   құдай  эмонациясы теориясы.

29.   Жаңа заман  философиясындағы діни сананың және схоластиканың сынға ұшырауы.

30.   Т.Мор, Ф.Бэкон және Т.Кампанелла философиясындағы утопиялық көзқарастар ерекшелігі.

31.   ХVIII ғасырдағы   Еуропалық   философиядағы механикалық детерминизм.

32.   Ағартушылық  философиядағы (В.Вольтер,  Ж.Ж.Руссо)  адам мәселесінің жаңа тұрғыдан қаралуы.

33.   Гегель және  Маркс философиясындағы жаттану мәселесі.

34.   Марксизм философиясындағы  қоғамдық-экономикалық формация теориясы.

35.   Позитивизм  және неопозитивизм философиясы.

36.   ХХ ғасыр философиясындағы сциентизм және антисциентизм.

37.   Постмодернизм философиясындағы (Деррида,Фуко,Бодрияр) адам және әлем мәселесі.

38.   Қазіргі заманғы батыс мәдениетіндегі дағдарыс және оның философияға әсері.

39.   Ежелгі Евразия халқының  дүниетанымына көшпенді мәдениеттің  тигізген әсері.

40.   Көшпенділердің дүниені  философиялық сараптау ерекшелігі.

41.   Қазақ халқының  көзқарасындағы  образдық, интуитивтік ойлаудың басымдылығы.

42.   Көне түріктердың философиясының синкретистік  табиғаты.

43.   Қазақ халқының  рухани мәдениетіндегі халық шығармашылығының рөлі.

44.   Қазақ халқының эстетикалық және парасатты санасы.

45.   Абай философиясындағы құдай және адам болмысы.

46.   XV –XIX ғасырлардағы ақын-жыраулардың шығармаларындағы идеалды қоғам мәселесі.

47.   XIX- XX ғасырлардағы орыс  философиясының ерекшелігі.

48.   Славиянофилдер мен батысшылдар философиясы.

49.   Н.Бердяев, Л.Шестовтың әлеуметтік философиясы.

50.   Шәкәрім философиясындағы адам мәселесі.

51.   Еуропалық ағартушылық көзқарастың XIX- XX ғасырлардағы қазақ ойшылдарының шығармашылығына әсері.

52.   Абайдың эстетикалық және этикалық көзқарасы.

53.   А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқай, М.Дулатов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров т.б. қазақ зиялыларының әлеуметтік мәселелерге көзқарасы.

54.   Кеңес үкіметі жылдарындағы Қазақстанда философиялық ойдың даму ерекшелігі.

55.   Кеңестік тоталитарлық қоғамдағы Марксистік философияның даму ерекшелігі.

56.   Кеңестік идеологиядағы атеизм және саяси схоластика.

57.   ХХ ғасырдың 49-89 жылдар аралығындағы рухани-әлеуметтік, саяси экономикалық құлдыраудың КСРО халықтарының ғылыми философиялық көзқарасында көрініс  беруі.

58.   Тәуелсіз Қазақстандағы еркіндік философиясы мен классикалық либерализм құндылықтарының қайта жаңғыруы.

59.   Қазіргі заманғы Қазақстандағы халықтың рухани құндылықтарының қайтадан қалпына келуі және оның қоғамдық санаға әсері.

60.   Діни дүниетанымның дамуы және оның қоғамның рухани мәдениетіне әсері.

61.   Қазіргі заманғы батыс мәдениетіндегі дағдарыстың Қазақстан мәдениетінің дамуына ықпалы.

62.   Қазіргі заманғы отандық философиядағы  Шығыс пен Батыс мәдени құндылықтарының үйлесімдік табуы.

63.   Отандық философияның ХХІ ғасырдағы  даму болашағы және негізгі мәселелері.

64.   Философия тарихындағы Қазақ философиясының орны.

65.   Экзистенциализм философиясы болмыс туралы.

66.   Герменевтикалық философияның ерекшелігі және негізгі идеясы.

67.   ХХ ғасырдағы діни философияның даму бағыттары.

68.   Ислам дінінің қазіргі заманғы даму ерекшелігі және әлемдік философияға әсері.

69.   «Информациялық қоғам» концепциясының философиялық мәні.

70.   Марксизм және неомарксизм философиясының ерекшеліктері.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   Абай.Қара сөз. – Алматы: Ел, 1993-215 б.

2.   Абай. Өлеңдер. – Алматы, 1976.–320 б.

3.   Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 425 б.

4.   Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық.–Алматы: Жазушы, 2005-2006.

5.    Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. –Астана: Ауд. 2005-2006.

6.   Батыс философиясының  антологиясы. – Алматы, 2002.–510 б.

7.   Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008.–644 б.

8.   Философиялық  сөздік. – /Редкол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, ж.б – Алматы, 1996.–480 б.

9.        Әл – Фараби. Философиялық  трактаттар. – Алматы, 1973. – 425 б.

10.   Мамардашвили  М. К. Как  я понимаю философию. – М., 1990. – 385 с.

11.   Ильенков Э.В. Философия и культура. – М., 1991. – 464 с.

12.   Лосев А.Ф. Философия. Мифология. Культура. – М., 1991. – 385 с.

13.   Маркс К. Тезисы о Фейербахе. Соч. - т.3. -  с. 1-4.

14.   Мир философии. В 2 – х частях. – М., 1991.       

15.   Философия тарихы: Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ. Мұхамбетәли. –Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б.

16.   Философия: жоғары оқу орындары студенттеріне  арналған  оқулық //Құрастырған Т. Ғабитов /. - Алматы, 2002. – 441 б.

17.   Хайдаггер М. Разговор на проселочной дороге: Сборник: Пер. с нем./Под. Ред. А.Л. Доброхотова. – М.: Высш. Шк., 1991. – 192 с.

18.   Хайдаггер М. Время и бытие. – М., 1997. – 514 с.

19.   Ясперс К. Смысл и назначение истории. – М., 1991. – 460  с.

20.   Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии.  – М., 1981. – 374 с.

21.   Таранов П.С. Анатомия мудрости: 120 философов: В 2 – х т. – Симферополь, 1996.

 

№2 Семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары

 

Философияның теориялық мәселелері

1.   Адамның шығу тегі туралы концепциялар.

2.   Адамдағы биологиялық және әлеуметтік  қасиеттер туралы.

3.   Антикалық философия адамның мәні туралы.

4.   Сенім және парасаттылық адамның рухани дамуының негізгі темір қазығы.

5.   Адам және жаттану:себептері, мәні,тарихи формалары.

6.   Өнер – адам іс-әрекетінің кеңістігі және тұлғаның қалыптасуының моделі.

7.   Адамның эстетикалық және саяси белсенділігі – оның рухани әлемінің көрініс беруі.

8.   Инженерлік іс-әрекет – тұлғаның шығармашылық дамуының бір белгісі.

9.   Әлемдегі адам ақылының мұраты және ноосфера концепциясының маңызы.

10.   «Жаңаша саяси көзқарастың» адамгершілік сипаты және адамзат қауымының өзін сақтап қалу мәселесі.

11.   Психоанализ теориясының адам туралы негізгі идеялары.

12.   Өмірдің  мәні және мақсаты туралы философиялық концепциялар.

13.   Әр-түрлі философиялық  мектептердің  таным туралы түсіндірмесі.

14.   Тұлғаның және халықтың қоғам дамуындағы рөлі туралы философиялық тұжырымдар.

15.   Рационалдық танымның тарихи - әлеуметтік табиғаты, тәжірибемен байланысы.

16.   Ақиқат, құндылықтар және олардың таным процесіне әсері.

17.   Шындықты көркемдік тұрғыдан қабылдаудың ғылыми танудан айырмашылығы.

18.   Дүниенің табиғи-ғылыми бейнесі және ғылымның философиялық негізі.

19.   Дүниеге діни көзқарас пен ғылыми көзқарастың философияда үйлесімдік табуы.

20.   Қазіргі заманғы ғылымның әлеуметтік  даму процесіне араласуы.

21.   Қазіргі заманғы ғылымның этикалық қағидалары мен құндылықтары.

22.   Ойлауды модельдеу  – қазіргі заманғы ғылымның мәселесі.

23.   Танымның жалпы ғылыми және жеке ғылыми тәсілдерінің айырмашылығы.

24.   Ғылым дамуының қазіргі тарихи кезеңдегі ерекшеліктері: информатика, интернет, клонирование.

25.   Қоғам дамуындағы бостандық  және қажеттілік категорияларының көрініс беруі.

26.   Философия тарихындағы сана туралы көзқарастың дамуы.

27.   Философиядағы идеалдылық мәселесінің қаралуы.

28.    Қоғамдық психология және идеология қызметіне талдау.

29.   Рухани өндіріс және оның қоғамдық өндіріс жүйесіндегі орны.

30.   Өнер – адамның эстетикалық талғамының көрініс беруінің ерекше формасы.

31.   Рухани және материалды өндірістің өзара байланысы.

32.   Жеке адам және қоғамның рухани дүниесіндегі жалпы және даралық туралы түсініктер.

33.   Қоғамдағы парасаттылық қағидалары – тарихи қалыптасқан жазылмаған заңдар жүйесі.

34.   Қазақтардың парасат философиясы.

35.   Философия тарихындағы сұлулық туралы  көзқарастардың  дамуы.

36.   Ғылыми техникалық революция заманындағы өнердің даму ерекшеліктері.

37.   Діни сананың табиғаты және формалары.

38.   Дүниеге инженерлік қатынастың негізгі эстетикалық шарттары.

39.   Қазіргі заманғы әлемдегі саяси мәдениет және адамдардың саяси санасының рөлінің өсуі.

40.   Тәуелсіз Қазақстан мемлекетіндегі саяси және құқықтық реформалардың дамуы.

41.   Қоғамдық құбылыстардағы идеалдықтың  объективтілігі мәселесі.

42.   Әлеуметтік заңдылықтардың табиғат заңдарынан айырмашылығы.

43.   Қоғамдық өмірдегі себептілік байланыстардың іске асуының формалары және амалдары.

44.   Әлеуметтік ортада мүмкіндік және шындық арасындағы қатынастың көрініс беруі.

45.   Қоғам табиғатын және мәнін ашатын негізгі ұғымдар.

46.   Қоғам дамуындағы зорлық-зомбылық мәселелері: көрініс беру формалары.

47.   «Қоғамдық келісім теориясы» қоғамның мәні және пайда болуы туралы (XVII-XVIII ғасырлар).

48.   Қоғам тарихына формациялық көзқарастың мәні.

49.   Қоғам тарихын өркениеттік тұрғыдан түсіндіру теориясы.

50.   Қоғам тарихын       діни-философиялық тұрғыдан қараудың ерекшеліктері.

51.    Тірі және өлі табиғат, олардың сапалық айырмашылығы мен өзара байланысы.

52.   Қоғам тарихында адамның табиғатқа парасаттылық және эстетикалық көзқарасының өзгеруі.

53.   Қазіргі заманғы «табиғат-қоғам» жүйесіндегі қайшылықтар – ХІХ-ХХ ғасырларда қоғам дамуындағы бей-берекетсіздік пен пенделіктің нәтижесі.

54.    Әлеуметтік даму  және тарихтың  жеделдеп өзгеруі – қоғамның реттік дамуының заңдылығы.

55.   Философияда  және жаратылыстануда  адам, қоғам және табиғат бірлігі мәселесінің қаралуы.

56.   Адамзат дамуының  демографиялық мәселелері.

57.   Табиғат және қоғам арасындағы қатынастардың  тарихи формалары.

58.   Өнердегі экологиялық этика мәселелері.

59.   Экологиялық  философияның  мәні мен мағынасы.

60.    Өндірісті экологизациялау процесіндегі инженердің рөлі.

61.   Қазақстандағы экологиялық жағдайдың әр түрлі салаларына сараптама.

62.   Адамзат қоғамының ғылыми – техникалық дамуының гуманистік мүмкіндігі.

63.   Диалектика – таным теориясы.

64.   Қарама-қарсылықтың бірлігі мен күресі заңдылығының мәні.

65.   Терістеуді терістеу заңының адам өмірінде және қоғам дамуында көрініс беруі.

66.   Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы» еңбегінде, сан және сапалық өзгерістердің өзара ауысуы заңдылығының бейнеленуі.

67.   Қажеттілік пен бостандық диалектикасының философия тарихында қаралуы.

68.   «Материя» және «субстанция» ұғымдарының даму тарихы.

69.   Ойлау және тіл  туралы философиялық  көзқарастар.

70.   Рационализм және иррационализм арасындағы философиялық айтыстың мәні мен мағынасы.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   Абай. Қара сөз. – Алматы: Ел,1993-215 б.

2.   Абай. Өлеңдер. – Алматы, 1976. – 320 б.

3.   Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973. – 425 б.

4.   Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық.–Алматы: Жазушы, 2005-2006.

5.    Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. – Астана: Ауд. 2005-2006.

6.   Батыс философиясының  антологиясы. – Алматы, 2002. – 510 б.

7.   Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б.

8.   Философиялық  сөздік. – /Редкол:Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, ж.б – Алматы,1996.–480 б.

9.   Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық. – Шымкент, 2005. – 452 б.

10.   Антология даосской философии. // Составители В. Малявин, Б.Б. Виноградский /. - Москва, 1994.  – 447 с.

11.   Дао и даосизм в Китае. – М., 1982. – 360 с.

12.   Древнеиндийская философия. – М., 1972. – 520 с.

13.   История Китайской философии. – М., 1996. – 480 с.

14.   Древнекитайская  философия. // Собрание текстов в 2 – х томах. – М., 1972 – 73.

15.   Семененко И.И. Афоризмы Конфуция. – Москва: Издательство  Московского университета, 1987.  – 301 с.

16.   Таранов П.С. Анатомия мудрости: 120 философов: В 2 – х т. Симферополь, 1996. – 624.: ил. – т. 1.

17.   Философиялық  сөздік. – Алматы, 1996. – 420 б.

18.   Философия тарихы: Оқулық / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ.Мұхамебетәлі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б.

19.   Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. – М., 1981. – 374 с.

20.   Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау», 2008. – 644 б.

21.   Абдильдин Ж.М. Диалектика Канта. – Алматы, 1974. – 210 с.

22.   Асмус В.П. Античная  философия. – М., 1976. – 543 с.

23.   Бердяев Н.А. Самосознание. – М., 1971. – 445 с.

24.   Вебер М.  Избранные  произведения. – М., 1990. – 530 с.

25.   Витгенштейн Л. Философские работы.  В 2 т. – М., 1994. – 420 с.

26.   Гадамер Х.Г. Понимание и язык. – М., 1992. – 482 с.

27.   Герменевтика: история и современность. – М., 1985. – 530 с.

28.   Делез Ж. Логика смысла. – М., 1995. – 456 с.

29.   Деррида Ж. О  грамматологии. – М., 2000. – 391 с.

30.   Кун Т. Структура научных  революций. – М., 1995. – 410 с.

31.   Камю А. Избранное. – М., 1989. – 603 с.

32.   Кьеркегор С. Страх и трепет. – М., 1993. – 450 с.

33.   Мир  философии. Книга для чтения. В 2 – х  частях. – М.,1991. - 520 с.

34.   Мухамеджан  Қ.Ш.  XX ғасыр  философиясы: Оқу құралы. -  АИЭС, 2005.

35.   Ортега – и – Гассет Х. Что такое философия? – М., 1991. – 385 с.

36.   Поппер К Открытое общество и его враги. – М., 1992. - 385 с.

37.   Проблема человека  в западной философии. – М., 1995. - 452 с.

38.   Рассел  Б. История  западной  философии. В 2 – х  частях. – М., 1993. 

39.   Современная западная  философия: Словарь /Состав: Малахов В.С., Филотов В.П. – М., 1991.

40.   Сумерки  богов. – М., 1990. – 392 с.

41.   Философия: жоғары оқу орындары  студенттеріне арналған оқулық // Құрастырған  Т.Ғабитов /. - Алматы: Қаржы Қаражат, 2002. – 496 б.

42.   Соколов В.В. Средневековая философия: Учебное  пособие. – М., 1979. – 448 с.

43.   Горфункель А.Х.  Философия  эпохи Возрождения: Учебное пособие. – М., 1980. – 368 с.

44.   Соколов В.В. Европейская философия XV-XVIII веков: Учебное пособие. – М., 1984. – 448 с.

45.   Кузнецов В.Н. Немецкая  классическая философия второй  половины XVIII – начала  XIX века: Учебное пособие. – М., 1989. – 480 с.

46.   Есимов Ғ. Хакім Абай. – Алматы, 1995. – 192 б.

47.   Әл – Фараби. Әлеуметтік – этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. 418 б.

48.   Бес ғасыр  жырлайды.  2 томдық. – Алматы, 1989.

49.   Бөкейханов Ә. Шығармалары. – Алматы: Қазақстан, 1994. – 492 б.

50.   Байтұрсынов А. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1989. – 320 б.

51.   Аль – Фараби. Избранные трактаты /Перевод с арабского. – Алматы: Ғылым, 1994. – 448 с.

52.   Идрис Шах. Суфизм. – Москва,  1994. – 446 с.

53.   Касымжанов А.Х. Абу – Насыр  аль – Фараби. – М., 1982. – 270 с.

54.   Орынбеков М.С. Ежелгі  қазақтар  дүниетанымы. – Алматы, 1996. – 385 б.

55.   Құдайбердиев Ш. Үш анық. – Алматы, 1989. – 190 б.

56.   Құдайбердиев Ш. Шығармалары. – Алматы, 1991. – 418 б.

57.   Ақмамбетов Ғ.Ғ. Философия   және мәдениеттану. – Алматы, 1997. – 331 б.

58.   Сүлейменов О.О. Азия. – Алматы, 1990. – 425 б.

59.   Баласағун Ж. Құтты білік. – Алматы., 1986. – 310 б.

60.   Иассауи  Қожахмет. Ақыл  кітабы. -  Алматы., 1996. – 259 б.

 

№3 Семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары.

 

Адам, қоғам және мәдениет ұғымдарына философиялық сараптама

1.   Абай адамның мәні туралы.

2.   Абай имандылық және парасаттылық туралы.

3.   Абай философиясындағы саяси әлеуметтік мәселелердің қаралуы.

4.   Абайдың   дінге көзқарасы.

5.   Әл-Фараби адамның бақыты туралы.

6.   Әл-Фараби философиясындағы  идеалды қоғам мәселесі.

7.   «Мәдениет» ұғымының тарихи қалыптасуы және  философиялық мағынасы.

8.   «Мәдениет » және «өркениет » ұғымдарына философия тарихында берілген анықтамалардың мәні және ерекшеліктері.

9.   О.Шпенглердың мәдениет туралы теориясы.

10.    Л.Н.Гумилевтің этнос және мәдениет туралы концепциясы.

11.   Қоғам туралы формациялық және өркениеттік концепциялардың мәні.

12.   «Психоанализ» теориясы мәдениет туралы.

13.   «Экзистенциализм» философиясы адамның  мәні  туралы.

14.   Постмодернизм   философиясы мәдениет туралы.

15.   Ортега – и –Гассеттің мәдениет философиясы.

16.   Жеке тұлғаның мәдениет  тарихындағы  рөлі.

17.   Салт-дәстүр және әдеп-ғұрыптың  мәдениет дамуындағы орны.

18.   ХХ ғасырдағы техниканың және техникалық мәдениеттің даму ерекшеліктері.

19.   Мәдениет тарихында дін және ғылым арасындағы қатынастардың өзгеруі.

20.   Қазіргі заманғы өркениеттің өзекті мәселелері.

21.   Адамзат болашағы туралы философиялық концепциялар.

22.   Мәдениет тарихында  парасаттылық қағидаларының даму  ерекшеліктері.

23.   Саяси мәдениет және оның қоғам дамуындағы рөлі

24.   Шәкәрім философиясындағы адам өмірінің мәні туралы.

25.   Христиандық философия адам туралы.

26.   Ортағасырлық мәдениет дамуындағы діннің рөлі.

27.   Ислам философиясы адам өмірінің мәні туралы.

28.   Пико-делла-Мирандола парасаттылықтың және еркіндіктің адам өміріндегі маңызы туралы.

29.   Ж.Ж.Руссо қоғамның пайда болуы туралы.

30.   Ламетри философиясындағы адам мәселесі.

31.   Н.Макиавеллидің  саясат философиясы.

32.   Ислам мәдениетінің қазіргі өркениет тарихындағы орны мен рөлі.

33.    Мәдениет туралы Еуразиялық концепция.

34.   Материалдық және рухани кұндылықтардың адам өмір сүруіндегі маңызы.

35.   Философия  тарихындағы  адам өмірінің  мәнін аскетизм және гедонизм көзқарасы тұрғысынан түсіндіру.

36.    Пифагор философиясындағы адам мәселесі.

37.   Демокрит адам бақыты туралы.

38.   Платон философиясындағы «социализм» идеясы.

39.   Ежелгі Үнді қоғамындағы касталық жүйенің мәдениет дамуына тигізген әсері.

40.   Конфуций философиясындағы адам және идеалды қоғам мәселесі.

41.   Көне Қытай философиясындағы  легизм мектебі қоғам дамуы туралы.

42.   Аристотельдің жан туралы ілімі.

43.   Атомистер философиясындағы әлеуметтік мәселелер.

44.   Платонның  « казармалық социализм » идеясы.

45.   Сократтың этикалық рационализмі.

46.   Эразм Роттердамский «ақымақтық» туралы.

47.   Асан-қайғы жырлаған  «жерұйық идеясы».

48.   Жыраулар шығармасындағы адам мәселесі.

49.   Қазақ зиялыларының «ағартушылық »  идеясын дамытуы  ( ХІХ-ХХ ғғ.).

50.   Парасаттылық – мәдениеттің негізгі тұғыры.

51.   Қазіргі заманғы саяси мәдениеттің ерекшеліктері.

52.   Өнер және техника дамуының бірлігі.

53.   Рухани мәдениеттің  қазіргі заманғы өркениеттің дамуындағы рөлі.

54.   Ислам мәдениетінің әлемдік мәдениет тарихындағы рөлі.

55.   «Ашық қоғам» концепциясының негізгі идеялары.

56.   Сциентизм және антисциентизм ғылым мен техниканың дамуы туралы.

57.   Қазіргі заманның ауқымды тауқыметтері және ғылым мен техниканың даму бағыттары.

58.   Экзистенциализм философиясы қазіргі заманғы мәдениет туралы.

59.   А.Шопенгауэр – адам бақыты туралы.

60.   Ф.Ницше философиясындағы «ұлы адам» мәселесі.

61.   «Постиндустриалды қоғам» ұғымының философиялық мазмұны.

62.   Т.Гоббс және Ж.Ж.Руссо ұсынған мемлекет тарихы туралы

« қоғамдық келісім» теориясы.

63.   Марксизм философиясындағы адам мәселесі.

64.   «Тарихи материализм» қоғам дамуының заңдылықтары туралы.

65.   «Мальтузианство» концепциясы адамзат болашағы туралы.

66.   Қоғамдық прогресс туралы көзқарастар тарихы.

67.   Марксизм іліміндегі «коммунистік қоғам» орнату концепциясы.

68.   Экологиялық гуманизм идеясы және оның негізгі шарттары.

69.   Қазіргі заманғы Шығыс және Батыс  мәдениетінің өзара байланысы.

70.   Қазіргі заманғы қазақтың ұлттық мәдениетінің даму бағыттары және болашағы.

 

Әдебиеттер тізімі:

 

1.   Абай. Қара сөз. – Алматы: Ел, 1993-215 б.

2.   Абай. Өлеңдер. – Алматы, 1976.–320 б.

3.   Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы, 1973.–425 б.

4.   Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. – Алматы: Жазушы, 2005-2006.

5.   Қазақ халқының философиялық мұрасы. Жиырма томдық. –Астана: Ауд. 2005-2006.

6.   Батыс философиясының  антологиясы. – Алматы, 2002.–510 б.

7.   Мырзалы Серік. Философия. – Алматы: «Бастау»,2008. – 644 б.

8.   Философиялық  сөздік. – /Редкол: Р.Н.Нұрғалиев, Ғ.Ғ.Акмамбетов, ж.б – Алматы, 1996. – 480 б.

9.   Әл – Фараби. Әлеуметтік – этикалық трактаттар. – Алматы, 1975. – 418 б.

10.   Ильенков Э.В. Философия и культура. – М., 1991. – 464 с.

11.   Мир  философии. Книга для чтения. В 2 – х  частях. – М.,1991. – 520 с.

12.   Гегель Ф. Энциклопедия философских  наук. – М., 1974. - т.1. -  Наука логики.

13.   Кузнецов В.Н. Немецкая  классическая философия второй  половины XVIII – начала  XIX века: Учебное пособие. – М., 1989. – 480 с.

14.   Принципы материалистической диалектики как  теории познания. – М., 1984. – 342 с.

15.   Философия: жоғарғы оқу орындары студенттеріне арналған оқулық. // Құрастырған  Т. Ғабитов /. - Алматы: Қаржы – Қаражат, 200. – 385 б.

16.   Чанышев А.Н. Курс лекций по древней философии. – М., 1981. – 374 с.

17.   Таранов П.С. Анатомия мудрости: 120 философов: В 2 – х  т. –Симферополь, 1996 .  – 624 с. :ил. – т. 1,2.

18.   Абай. Шығармалары. – Алматы, 1995. – 372 б.

19.   Бес ғасыр  жырлайды.  2 томдық. – Алматы, 1989.

20.   Баласағун Ж. Құтты білік. – Алматы, 1986. – 310 б.

21.   Бейсенов Қ.Ш. Философия тарихы: Оқулық. – Шымкент, 2005. – 452 б.

22.   Философия тарихы: оқулық. / Ж. Алтай, А. Қасабек, Қ.Мұхамебетәлі. – Алматы: Жеті жарғы, 1999. – 288 б.

 

 Семестрлік және бақылау жұмыстарының тақырыптарына методикалық кеңестер

 

Философия көзқарастың ең жоғарғы формасы ретінде, мәдени-әлеуметтік дамудың белгілі бір кезеңінде дүниетанымның алғашқы формалары шеңберінде пайда болды. Негізгі зерттеу объектісі әлем және адам, олардың арақатынасы. Алғашқыда осы арақатынас адамзатқа қиял-ғажайып сезімдер формасында көрініс қалыптастырды (миф-фантазия, аңыз), адам мен табиғат, адам мен ғарыш арасындағы қатынастар мен байланыстар ойдан шығарылған елес-сезімдер арқылы берілді (ежелгі қытай, ежелгі үнді, ежелгі грек мифологиясы, қазақ халқының эпостық дастандары, аңыздары дүниені ізгі және зұлым, ақ және қара күш, жан иелеріне бөліп адам бейнесінде түсіндірді). Біздің дәуіріміздің басында әлемдік діндер дүниені жалған осы өмір және шынайы мәңгілік басқа дүние тұрғысынан қарастырды да, жаратылысты монотеистік бағытта түсіндірді. Ал философиялық көзқарастар сенім мен ақылды, сезім мен тәжірибені үйлестіруге бағыт алды. Монизм, дуализм, реализм сияқты бағыттар философияның алдыңғы көзқарас формаларынан айырмашылығы, ғылыми танымға ерекше мән бергенін көрсетеді.

Бірінші бөлімнен тақырып таңдаған болсаңыз көзқарастың құрылымына тоқталу қажет және философия тарихында философияның негізгі мәселелері, пәні қалай анықталғанын айқындау дұрыс. Философия тарихында қалыптасқан екі таным тәсілі – диалектика және догматикаға мән берген жөн.

Философияның экспликация, рационалды-теориялық, жүйелеу және сынау функцияларының мәнін аша отырып, осы қызметтерін орындаған кезде философияның адамзат мәдениетін дамытуда өзіне белгілі бір міндет жүктейтінін атап көрсету қажет. Аталған функциялар философия мен ғылым арасындағы тығыз байланыстарды көрсетеді.

Қазіргі заманда философияның маңызы ерекше  арта түскенін, әсіресе адамзат қоғамын гуманизациялау үрдісінде ерекше рөл атқаратынын айрықша атаған жөн. Әр дәуірдегі философияның дінмен, өнермен байланысын тарихи тұрғыдан талдау керек.

№1-ші семестрлік жұмыстың екінші бөлімінде әлемдік философияның тарихы қамтылған. Тақырыптар белгілі бір философиялық ағымдар мен мектептердің философиялық идеяларына немесе жекелеген ойшылдардың көзқарастары мен концепцияларына бағышталып құрылған.

Жұмысты орындаған кезде, тақырыпты жүйелі түрде ашудың талаптары мен шарттары сақталып, логикалық пен тарихилықтың бірлігі принципін ұстану қажет.

Бұл талап міндетті түрде, біріншіден – онтологиялық, гносеологиялық, антропологиялық және социологиялық мәселелерді қозғайды, екіншіден – қаралып отырған тақырыпты немесе мәселені салыстырмалы түрде бағалауға алып келеді, үшіншіден – философияның тарихи дамуында аталған идеяның өзектілігі мен маңызын көрсетуге мүмкіндік береді.

Мысалға алсақ, жаңа заман философиясы басқа дәуірлерден ерекшеленеді, XVII ғасырдың басына қарай Батыс Еуропада ғылым өзінің практикалық қажеттілігіне, өндіріс мұқтажына байланысты мәдениетте басымдылыққа ие болды, соның негізінде ғылымның екі саласы: эмпирикалық және теориялық деп бөлу талпынысы белең алды.

Осы кезеңде өндірістің, ғылым мен техниканың тез дами бастағанын, сол себептен де философияда таным мәселесі алдыңғы қатарға шыққанын ашып көрсеткен дұрыс болар еді.

Классикалық неміс философиясы әлемдік философия тарихында маңызды орын алады, себебі адам мәселесі және даму туралы көзқарас өткен дәуірлермен салыстырғанда жаңа сапалы мағынаға ие болды. Гегель философиясындағы абсолютті идеализм, даму туралы ілім – диалектика, Канттың этикасы, Шеллингтың философиялық романтизмі, Фейербахтың антропологиялық материализмі ерекше талдауды қажет етеді. Гегель мен Маркстың диалектикалық іліміндегі айырмашылық, жаттану мәселесін қараудағы әртүрлі пікірлер назардан тыс қалмауы қажет. Маркс-Энгельс философиясындағы тарихи материализм ерекшелігі, қоғамдық-экономикалық формация теориясы терең талдауды қажет етеді.

XX ғасыр философиясын зерттеген кезде рационализм мен иррационализм арасындағы қайшылықты ашу қажет.

“Өмір философиясы” құндылықтар деп нені таниды, классикалық философияны не үшін сынға алады?

Философия тарихында ғылым мен техниканың даму үрдісі XIX–XX ғасырларда қандай сипат алды, осы жөнінен кеңінен талдау керек. Әсіресе сциентистік және антисциентистік концепцияларға салыстырмалы сараптама жасай отырып, позитивизмнің, антропологиялық және діни-философиялық түрлі ағымдардың философиялық идеяларына тоқталған дұрыс.

Осы бөлімде феноменология және экзистенциализм, постструктурализм және постмодернизм, неотомизм өкілдерінің көзқарастарына ерекше назар салу керек.

“Отандық философияның даму тарихы” бөлімінде көшпенді мәдениет тарихы, оның дүниетанымға әсері, қазақ ұлтының мәдениетінің қалыптасуы және даму кезеңдері, орыс және еуропалық мәдениеттің ықпалы қамтылады. Әсіресе образдық және интуитивтік ойлаудың қазақ философиясына әсері, заттық ойлаудың өзіндік ерекшелігі, халықтық фольклордың өмірлік мәні жайында жан-жақты зерттеу жүргізген рәсім. Қазіргі заманғы ғылыми-философиялық зерттеулердің қазақтың ұлттық дүниетанымы туралы тың пікірлері, оның дәстүрлік мазмұны, ашықтығы, поэтикалығы, табиғатқа жақындығы, ғарыштық кеңдігі, тұтастығы және шынайылығы туралы дәлелді ойларды келтіруі жөнінде айта кеткен дұрыс.

Қазіргі заманғы батыс еуропалық иррационалистік бағыттар (феноменология, экзистенциализм т.б.) классикалық философияны ашық сынай отырып, ұғымдық ойлаудың орнына интуитивтік немесе заттық ойлауды (Э. Гуссерль) пайдаланады.

Қазақ дүниетанымындағы салт-дәстүр, діни наным-сенімдердің маңызы туралы, діни-мифологиялық аңыздардың өмірлік мәні туралы, өндіріс пен тұрмыс-тіршіліктің экологиялыық мәдениетті қалыптастыруы туралы терең талдау жүргізген жөн. Жыраулар дүниетанымы, ондағы негізгі мәселе, әртүрлі ағымдардың ерекшелігі де айрықша назарда болғаны дұрыс.

Абай және Шәкәрім философиясы қазақтың ұлттық философиясының классикалық үлгісі. Ерекше тоқталатын тақырыптар: болмыс, таным-білім, сенім-парасат, адам және өмірдің мәні, рухани құндылықтар туралы болса, Абай және Шәкәрім көзқарастарына жан-жақты сараптама жасау қажет.

XIX-XX ғасырлардағы қазақ зиялыларының ойлары және негізгі идеялары, адамгершілік және даналық туралы пікірлері, бостандық және ел тәуелсіздігі, әділетті қоғам орнатудағы талап-тілектері туралы жазған жұмыс ерекше бағаланады.

Қазақ философиясына орыс мәдениетінің әсерін, орыс философиясының XIX-XX ғасырлардағы даму тарихын зерттеген кезде саяси-әлеуметтік мәселелерді естен шығармаған дұрыс. Әсіресе отандық философияның Кеңестік дәуірдегі, бодандық-тоталитарлық қоғамдағы даму үрдісі, марксистік ілімнің дөрекі бұрмалануы, атеистік сипат алуы жайында айта кету керек. Кеңестік жүйенің философияны саясаттың қызметшісіне айналдыруы, діннің мазмұны мен тарихын таяз зерттеуі, диалектикалық және тарихи материализмнің біржақтылығы, ғылыми коммунизмнің утопиялық сипаты да көлемді жұмыстың тақырыбы бола алады.

№2-ші семестрлік жұмыс тақырыбын таңдаған сәтте философияның әлемді біртұтас дүние түрінде қабылдайтынын түсініп, әлем  және адам арақатынасы мен мәнін ашуға ұмтылу қажет. Сондықтан да философия дүниенің, адамның өмір сүретінін анықтайтын белгілі бір терең  мағыналы ұғымдарды қажет етеді, мысалы “болмыс”, “материя”, “сана”, “адам”, “махаббат” т.б.

Философия тарихында пайда болған әртүрлі ағымдар мен мектептер, жекелеген  ойшылдар немесе белгілі бір концепциялар осы ұғымдар  немесе идеялар төңірегінде айтысқан және өз пікірін жүйелі түрде қорғап дәлелдеуге тырысқан. Оған мысал бола алады: материализм және идеализм, реализм және номинализм, эмпиризм және рационализм, сенсуализм және  релятивизм, рационализм және иррационализм т.б. сол сияқты толып жатқан ағымдар мен концепциялар.  Орта ғасырлық діни философия болмыстың екі формасын бөліп шығарды. Жаратушы болмысы, уақыт-кеңістіктен тысқары, табиғаттан жоғары, абсолютті бір жағында, және жаратушы тудырған табиғат-екінші жағынан.

ХІХ ғасырдың ортасына қарай марксизм философиясы болмыс  мәселесіне жаңа  түсінік алып келді. Болмыс  ұғымы  материалистік көзқарас тұрғысынан қаралады. 

ХХ ғасырдың 20-30-шы жылдары болмыс мәселесін неміс ойшылдары Н. Гартман және М. Хайдеггер  иррационализм тұрғысынан түсіндіруге  тырысты.  Сол сияқты басқа да фундаментальді ұғымдарға  да көзқарас  түбегейлі өзгеріске ұшырады. Жаратылыстану  ғылымдарының ашқан  жаңалықтары біздің дүние туралы танымымызға үлкен  әсерін тигізді. Бізді қоршаған әлемнің құрылымдық деңгейлері туралы жаңа идеялар дүниеге келді. Нақтылап айтқанда ғылым  материалды құбылыстардың  қозғалысының жаңа  формаларын ашты және бөліп шығарды: минералдық, геологиялық, термоядролық, планетарлық т.б.

“Философиялық антропология” саласынан тақырып таңдаған кезде  “адам” мәселесінің философия тарихында ең бір күрделі мәселе болғанына назар салыңыз. Адам мәселесі әр дәуір философиясында және  Шығыста да, Батыста да көп пікір тудырған мәселе.  Ежелгі дәуір мен  қазіргі заман философиясына дейінгі аралықта адамның шығу тегі  табиғаты, өмірінің  мәні және өлім мәселесі, қоғам дамуындағы және мәдени жүйедегі  орны басты  сұрақтардың бірі болып табылады. 

“Философиялық антропология” тұлға, сана және тіл, өмірдің мақсаты және бақыт сияқты өзекті мәселелерді аттап өте алмайды.

“Танымның жалпы мәселелері”  бөлімінде ерекше мән беретін сұрақтар:  ақиқат, таным деңгейлері  және  формалары, білім  және оның мәні мен  мақсаты, философиялық және ғылыми таным тәсілдері туралы. Философия тарихында “ақиқат” туралы ой пікірлер, таным мүмкіндігі туралы концепциялар қалай дамыды және қандай ағымдар туғызды, міне осы жайында айтылуы қажет. “Сана” туралы әртүрлі концепцияларға ерекше тоқталған дұрыс. Қоғамдық және ұлттық сана ерекшеліктері, менталитет мәселесі, руханилық және қоғамдық қатынастар мәні туралы да терең талдаулар керек.  

Келесі топтама қоғам және адам арақатынасына бағытталған сұрақтар. Әрине әлеуметтік орта мен табиғи ортаның  ерекшеліктерін ескере отырып адам мен қоғам, адам мен табиғат арақатынасына  сараптама  жасайсыз.

Адам мен қоғам,қоғам мен табиғат арасындағы диалектикалық байланысқа, қоғамның шығу және даму тарихына айрықша мән беру қажет.

Қазіргі заманғы ғылыми -техникалық  дамудың қоғам және адам  өміріне әсері, адамзатты алаңдатып отырған ауқымды тауқыметтер (экология, экономика, саяси, рухани психологиялық т.б.)  мәселесі жан жақты зерттеуді қажет етеді.

Үшінші семестрлік жұмыс тақырыптары  “мәдениет” ұғымының философиялық және ғылыми ойдың әр даму кезеңдерінде қалыптасқан көзқарастарға арналған.

“Мәдениет философиясының” мәнін анықтау адам мен мәдениет арасындағы диалектикалық байланысты саралаудан басталу қажет.

Адамзат мәдениеті,  ұлт және жеке адам мәдениеті және бір біріне тәуелді мәдениет салалары ерекше назарда болғаны жөн. Рухани мәдениет пен материалды құндылықтардың бірлігі, өнер, ғылым, дін, парасат және саясат, құқық және мемлекет т.б. әлуметтік құбылыстардың мәні мен маңызы талдауды қажет ететін мәселелер.

“Мәдениет” және “өркениет” ұғымдары туралы концепцияларды салыстырмалы түрде талдаған дұрыс. Жеке тұлға мәдениетінің мазмұны және биологиялық, психологиялық астары мен әлеуметтік  табиғаты  ерекше атап айтатын мәселелер.

Қазіргі заманда мәдениеттің қай саласы болса да әр адамнан парасаттылық пен білімділікті талап етеді. Сол себепті кез келген мамандық  иесі шығармашыл және өз ісінің шебері, өз ортасымен толық үйлесімділікте болуы қажет. Осы талап жоғары білімді инженерге де қойылады. Олай болса, философия тарихын зерттеп оқу, өмірлік маңызы бар мәселелерді ой елегінен өткізіп, даналардың айтқан сөзін күнделікті өмір тәжірибемен салыстыра отырып әрекет жасау нағыз мәдениетті адамның ісі. Өмір атты тіршілікте адам болып өмір сүру, адамдармен  адами қатынас орнату, бақытты өмір сүру дегенді ортамен үйлесімділікте болу деп түсініп өзіңді ұстау және рухани құндылықтардың басымдылығын мойындау – міне  философияның оқушыға берер басты игілігі.

 

Семестрлік және бақылау жұмыстарының тақырыптарын таңдау кестесі

 

Шифр

Тақырыптың нөмірі

Шифр

Тақырыптың нөмірі

Шифр

Тақырыптың нөмірі

01

1

38

38

75

5

02

2

39

39

76

6

03

3

40

40

77

7

04

4

41

41

78

8

05

5

42

42

79

9

06

6

43

43

80

10

07

7

44

44

81

11

08

8

45

45

82

12

09

9

46

46

83

13

10

10

47

47

84

14

11

11

48

48

85

15

12

12

49

49

86

16

13

13

50

50

87

17

14

14

51

51

88

18

15

15

52

52

89

19

16

16

53

53

90

20

17

17

54

54

91

21

18

18

55

55

92

22

19

19

56

56

93

23

20

20

57

57

94

24

21

21

58

58

95

25

22

22

59

59

96

26

23

23

60

60

97

27

24

24

61

61

98

28

25

25

62

62

99

29

26

26

63

63

100

30

27

27

64

64

 

 

28

28

65

65

 

 

29

29

66

66

 

 

30

30

67

67

 

 

31

31

68

68

 

 

32

32

69

69

 

 

33

33

70

70

 

 

34

34

71

1

 

 

35

35

72

2

 

 

36

36

73

3

 

 

37

37

74

4

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                               3

Философия  пәні бойынша  семестрлік жұмыстарды орындаудың талаптары мен  шарттары     

Семестрлік  жұмыстың  мазмұны мен формасына  мынандай талаптар  қойылады     

№ 1 семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары                    

№2 Семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары                   

№3 Семестрлік және бақылау тапсырмаларының тақырыптары                

Семестрлік және бақылау жұмыстарының тақырыптарына методикалық кеңестер   

Семестрлік және бақылау жұмыстарының тақырыптарын таңдау кестесі     23

                                                                                                     2012 ж. жиынтық жоспары, реті 247