АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

 Әлеуметтік пәндер кафедрасы

 

 

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ 

Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін

семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар

БАКАЛАВРИАТ

 

  

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.Т. Берлібаев, С.Ә.Жұман, А.Ө. Раджапов. Барлық мамандықтардың барлық бөлімінде оқитын студенттер үшін семинар сабақтарын орындауға  арналған әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АЭжБУ, 2012. – 23 б.

 

          Әдістемелік нұсқаулар Қазақстан тарихы бойынша семинар сабақтарының жоспарынан, қажетті әдебиеттер тізімдерінен және әрбір тақырыпқа әдістемелік нұсқаулардан тұрады.

  

          Пікір беруші: тар. ғыл. канд., проф. Д.С.Орынбекова.

 

         «Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес  акционерлік қоғамының  2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

  

 ã «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

 

Кіріспе

  

          Жоғарғы білімнің ең басты тұжырымдамасы ол студент оқытушысының бағыт-бағдарына сүйене отырып, өз бетінше қажетті білім алуға  барлық күш-жігерін, қайратын, ақылын, шығармашылық қасиеттерін шыңдауы қажет. Сонымен қатар, ол өз бойына  болашақ маман ретінде жан-жақты білім қорын дамыту қажеттігін саналы түрде түсінуі керек. Жоғарғы оқу орнында сапалы  білім алу үшін  студенттің өзі оқып-дайындалуының белсенді түрі – семинар сабағы.

        Семинар сабағы дәріс оқытылғаннан кейін жүргізіледі, яғни дәріс тақырыбымен семинар сабағының тақырыптары бірін-бірі қайталамауы тиіс, керісінше  бір-бірін толықтырып, мазмұнын тереңдетуі керек. Дәрістің мазмұнына ірі тақырыптардың күрделі ең өзекті мәселелері ұсынылып, талқылануы шарт, ал семинар сабағының талқылауына сол дәрістің теориялық тұрғыдан біршама зерттелген концептуалдық сұрақтары беріледі.

         Семинар сабағына студент өздігінен мұқият дайындалуы керек. Оқытушы тек студенттің шығармашылық жұмысын бақылап, білімін бағалап, қосымша сұрақтар арқылы пысықтап, жүйелеп  отырады. Ол үшін студент әр семинар сабағында оқытушысы міндетті түрде сабақ сұрайтынын әрдайым  мұқият жадысында  сақтап, әр семинарға  дайындалып келуге міндетті.

Студент семинар сабағына дайындалу барысында ең әуелі талқыланатын сұрақтардағы қаралатын мәселелердің мәнін түсініп алуы тиіс. Олар тәртіп бойынша үшеу. Сұрақтар бойынша өзі көңіл аударып, қарастырып отырған мәселелерді анықтай келе терең зерделеп, мазмұнын жазбаша түрде қысқаша дәптерге түсіреді. Сол үшін де бұл кітапшада әр тақырыптың сұрақтарына жауап іздеу бағытын көрсететін әдістемелік нұсқаулар берілген. Студент қойылған сұрақтарға толыққанды жауап беру барысында тек бір ғана әдебиетпен шектелмей, тақырып бойынша ұсынылған зерттеу еңбектерін барынша жазба жұмысында қолдануы қажет. Яғни, сұрақты  талдау барысында мазмұнын ашуға, дәлелдеуге құнды мәліметтерді жеке жұмыс дәптеріне конспектілеп, сабақ барысында дәлел ретінде оқып береді және талқыға салады.

         Семинар сабағында сөйлегенде студент әр сұрақтың мазмұнын ашуға атсалысып, өзінің конспектісін қолдануға мүмкіндік алады. Мәселені талқылау кезінде оқытушы  немесе студенттер сөйлеушіге сұрақ қоюы мүмкін, тіпті сұраққа жауап беруде пікір-талас тууы да заңды, осылайша семинарда студенттердің шығармашылық қабілеті дамиды. Осындай шығармашылық ортада өзінің білімін үздік көрсете білген студенттің жұмысы жоғары бағаланады.

Сабақтың өтуі барысында студенттің оқу тәртібі мен терең білімі қорытындыланып, бағаланады. Оқытушы студенттің білім дәрежесін төмендегідей негіздерге сүйеніп бағалайды: біріншіден, студент әр сұрақты конспектісінде пайдаланған дерек көздеріне сілтеме жасай отырып (атауы, шыққан жылы, беті) баяндайды, деректік түпнұсқаларды, зерттеу еңбектеріндегі тұжырымдар мен көзқарастарды сол күйінде оқып беруіне болады, жалпы сұрақтар мазмұнын еркін түрде өз сөзімен айтып бергені жөн. Екіншіден, оқытушы студенттің конспектісін тексеру арқылы оның әр семинарда үш сұрақ бойынша нақты ұсынылған әдебиеттерді қолдана отырып, дайындалғанына көз жеткізеді.Үшіншіден, өз ойын еркін білдіріп, тың деректерді қолданған, әр сұрақты талқылауға қатысып немесе үздіксіз толықтырып отырған студент ең жоғарғы балл алуға үміттене алады. Семинардан бөлек студент өз бетінше дайындалуға, қалаған сұрағы негізінде қосымша жұмыс жасауға мүмкіндігі бар. Ол үшін әр семинардың соңында еркін тақырыптардың тізімі берілген. Осы талаптар деңгейінде көріне білген студенттерге оқытушы жоғары баға қояды.

 «Қазақстан тарихы» бағдарламасында он бір семинар сабағының тақырыптары берілген. Семинар сабағына қатыспаған немесе төмен балл алған студенттер оқытушы белгілеген күндері келіп, нашар бағалары мен қарыздарын  өтеуіне мүмкіндік алады. Тек 11 тақырыптан тұратын семинар сабағына белсенді түрде қатынасып және өз уақытында ұстазының қойған талабы бойынша жұмысын орындаған, конспектісін толық өткізген, семестрлік жұмысын мезгілінде тапсырған студент мемлекеттік емтихан тапсыруға  рұқсат алады. Мемлекеттік емтихан тапсыруға рұқсат алу рейтингісі семинардың қорытынды бағасы бойынша 50 % - ды,  уақытында және сапалы орындалған 3 семестрлік жұмыстың әр біреуі 10х3=30 % - ды, дәрістер – 10 % - ды және аралық бақылау 5+5=10 %-ды құрауы тиіс. Мемлекеттік емтихан бағасы 40 % көрсеткішпен белгіленеді. Емтиханға рұқсат алу рейтингісі мен мемлекеттік емтиханның бағасы негізінде «Қазақстан тарихы» пәнінен қорытынды баға шығарылады.

          Студенттердің дайындық деңгейі мен сабаққа белсенді қатысуына байланысты оқытушы  семинар сабағын түрлі формада ұйымдастырады.

          Ұсынылып отырған әдістемелік басылым семинар сабағының жоспарлары, әдебиеттер тізімі, әдістемелік  нұсқаулардан тұрады.

 

1 Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы)

                                        

1.1 Қола дәуіріндегі Қазақстан. Андронов мәдениетінің Қазақcтандағы ошақтары: мал және егін шаруашылықтарын жетілдіру, тау-кен ісі, қолөнер, тігіншілік және кәсіпшілік, қоныстары мен үй салу үлгілері. Кейінгі қола дәуірінің мәдениеті (Беғазы-Дәндібай). Отырықшы мал шаруашылығынан көшпелі мал шаруашылығына өту. Діні мен өнері.

1.2 Қазақстан территориясындағы сақтар туралы қытай, парсы, гректердің жазба деректері. Сақтардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы.

1.3 Сақ тайпаларының бейнелеу өнері, материалдық және рухани мәдениеті, діни сенімі.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Акишев К. А. Искусства и мифология саков.-Алматы, 1984.

2.     Акишев К. А. Курган Иссык: искусства саков Казахстана.-М,1987.

3. Кадырбаев М.К. и др. Культура древних скотоводов металлургов Сары-Арки. – А., 1992.

4. Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.Н. Древняя культура Центрального Казахстана. – Алматы, 1966.

5. Маргулан А.Х. Бегазы-Дандыбаевская культура Центрального Казахстана. – Алматы, 1976.

6. Маргулан А.Х  Сочинения. 14 т. 2 т: Сарыарка. –А., 2001.

7. Маргулан А.Х., Басенов Т., Мендикулов М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата, 1959.

8. Нарымбаева А.К. Аркаим – очаг мировой цивилизации, созданный прототюрками.  – Алматы, 2007.

9. Путенихин В.П. Тайны Аркаима.Наследие древних ариев. – Ростов –на- Дону, 2006.

10. Прошлое Казахстана в источниках и материалах. Сб./ Под ред. С.Д.Асфендиарова. – А.,1997.  

11. Құлмұхамбетова Н. Қазақ тарихынан. Шежірелер, жазбалар, пікірлер, зерттеулер. – Алматы, 2004. – 11 б.

12. С.Жолдыбайұлы. ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. Алматы, «Кітап» баспасы. 2010. – 336 б.

13. Қазақстан тарихы. 5 томдық. Алматы, 1996. 1 том.

14. Қ. Рысбайұлы.  Қазақстан Республикасының тарихы. - Алматы, 2001.                          

15. Ақселеу Тарақты. Қазақтың ауызша тарихы. - Алматы. - 2009.

  

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұраққа жауапты андронов мәдениетінің тарихи ескерткіш ретінде ашылуы мен кезеңдерін айқындап, географиялық орналасуын анықтаудан бастау қажет. Біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтағы Қазақстан жеріндегі табиғи-климаттық ахуал мен өндірістік процестердің даму ерекшеліктері андроновшылардың мал және егін шаруашылығына өтуінің заңды себебіне айналды. Отырықшылыққа байланысты тұрмыс-тіршіліктің мәнін ашыңыз, таулы аймақтардағы тау-кен өндірісі және басқа да кәсіптердің даму деңгейін қоныстардан аршылған археологиялық табыстары арқылы көрсетті. Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму кезеңдерін ғылыми тұрғыдан сипаттап, соңғы қола дәуірінің ерекшеліктерін салыстыру арқылы ажыратуы керек. Археологиялық мәліметтерге сүйену арқылы қазіргі Орталық Қазақстанда орналасқан Беғазы және Дәндібай мәдениетінің жетістіктерін талдаңыз. Отбасы, ататек, қауым, тайпа ұғымдарымен бірге андроновшылардың діни сеніміне, әдет-ғұрпына, жерлеу рәсімі және аң стиліндегі өнеріне анықтама беріңіздер.

Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ. Қазақстан территориясында темір дәуірі басталды. Бұл кезеңде өмір сүрген сақтар туралы жазба деректер қалыптасты. Сіздер  парсы, грек, қытай деректері бойынша сақтардың Қазақстан территориясында орналасуын анықтап, грек деректеріндегі мәліметтерді ерте парсы деректерімен салыстырыңыздар. Сақ тайпаларының соғыстағы тактикасы және шаруашылығының даму ерекшеліктері, мәдениеті туралы анықтама беріңіздер.

           Үшінші сұрақтың жауабында мынадай мәселелер қаралуы керек: сақтардың рухани сенімі, өнері, мекендері, аңдық стилі және үйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының діни сенімі, жерлеу рәсімдері, салт-дәстүрі, бейнелеу өнері.

 

2 Қазақстан жеріндегі көне мемлекеттер

             

2.1 Үйсін және қаңлылардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы, әскери ұйымы.

2.2 Ғұндардың саяси тарихы, әлеуметтік құрылымы, шаруашылығы, тұрмысы. Соғыс өнері. Ғұн тайпаларының көшуі және бағыттары.

2.3 Қазақстан территориясындағы қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының қазақ халқының қалыптасуындағы рөлі.

 

Әдебиеттер тізімі 

1.  Акишев К.А., Кушаев Г.А. Древняя культура саков и усуней долины реки Или. – Алматы, 1963.

2.  Ақынжанов М.Б. Қазақтың тегі туралы. – Алматы, 1957.

3.  Артыкбаев Ж.О. Кочевники Евразии в калейдоскопе веков и тысячелетий. –  СПб., 2005.

4.  Алтаев А.Ш. История Казахстана. Хрестоматия. Т.1. – А., 2008.

5.  Восточный Туркестан в древности и раннем средневековье. – М., 1988.   

6.  Гумилев Л.Н. Хунну. – М., 1950.

7.  Ежелгі Қазақстан : Арийлар.  Сақтар. Ғұндар. Түркілер.  – А., 2006.

8.  Ирмуханов Б.Б. Этническая история древнего Казахстана. – Алматы, 1998.

9.  Ирмуханов Б.Б. Древняя история Казахстана. – Алматы, 1998.

10.   Қазақстан тарихы туралы Қытай деректемелерінде. - Алматы, 2006. 1 том.

11.   Аманжолов К., Тасболатов А. Қазақстанның әскери тарихы: (Б.з.д.VI ғас. бүгінгі күнге дейін). – А., 1999.

12.   Восточный Туркестан в древности и ранней средневековье. – М., 1988.

13.   Салғараұлы Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1992. - 137-267 бб.

14.   Қазақстан тарихы. 5 томдық. - Алматы, 1996. - Т.1.

15.   Қазақстан тарихы (очерктер). - Алматы, 1994.

16.   Аманжолов Қ.Р. Қазақстан тарихының дәрістер қарсы. - Алматы, 2004. - Бірінші кітап.

17.   Мыңжани Н. Қазақтың қысқаша тарихы. - Алматы, 1994.

18.   Гумилев Л.Н. Көне түріктер. - Алматы, 1994.

19.   Гумилев Л.Н. Қиял патшалығын іздеу. - Алматы, 1992.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Екінші сұраққа жауап бергенде ерте мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының айрықша кезеңі екенін ұғыңыз. Мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді туғызды: өндіріс дамыды, жеке-меншік пайда болды, сауда қатынасы күшейді, қоғам әртүрлі саяси топтарға бөлінді және қауым арасында теңсіздік пайда болды. Археологиялық және жазба деректерге сүйеніп ұлыстардың көшіп-қону бағыттары, олардың шаруашылық құрылымы,  әлеуметтік және қоғамдық өмірі жайлы айтып беріңіздер. Қаңлы, үйсін тайпаларының басқару жүйелері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыздар.

Екінші сұраққа жауап бергенде ерте мемлекеттің пайда болуы қоғам дамуының айрықша кезеңі екенін түсініңіз. Ғұндарда мемлекеттің пайда болуы әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді туғызды: өндіріс дамыды, жеке-меншік пайда болды, сауда қатынасы күшейді, қоғам әртүрлі саяси топтарға бөлінді және қауым арасында әлеуметтік теңсіздік пайда болды. Археологиялық және жазба деректерге сүйеніп, ғұн ұлыстарының көшіп-қону бағыттары, олардың шаруашылық құрылымы, әлеуметтік және қоғамдық өмірі жайлы айтып беріңіздер. Ғұн тайпаларының басқару жүйелері, ерекшеліктері мен ұқсастықтарын анықтаңыздар. Әскери өнері және соғыс тактикалары, ғұндардың ұлы қоныс аударуы. Территориялық орналасуын анықтау арқылы салт-дәстүр, шаруашылығы, мәдениетіндегі ұқсастықтарды, байланыстарды ажыратуға болады.

Қаңлы, үйсін, ғұн тайпаларының қазақ этносының қалыптасуындағы ролін дәлелдеңіз. Ғұндардың Қазақстан территориясына жылжуына қатысты иран тілдес тайпалардың түркіленуі және антропологиялық құрылымында моңғолоидтық белгілердің орнығуы  басталады. Осынау мәселелерге ерекше көңіл бөліңіздер.

 

         3  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

                                    

3.1   Қарлұқтар және қарахан мемлекеті: экономикасы, саяси ұйымы, әлеуметтік құрылымы, идеологиясы, ақша айналымы және саудасы. 

3.2  Дешті-Қыпшақ. Шығыс қыпшақ хандығының саяси және қоғамдық құрылысы, тайпалық құрамы. Қазақ халқының этникалық өзегінің қалыптасуы. Қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм қатынасы.

3.3  Ұлы жібек жолы және қалалық мәдениеттің дамуы.

 

Әдебиеттер тізімі 

1.      Акинжанов С.М. Кипчаки в истории средневекового Казахстана. – Алматы, 1989.

2.      Аджи М. Полынь половецкого поля. – М., 1994.

3.      Аджи М. Европа, тюрки, Великая Степь. – М., 2004.

4.      Байпаков К.М., Ерзакович Л.Б. Древние города Казахстана. – Алма-Ата, 1971.

5.      Байпаков К.М, Средневековая городская культура Южного Казахстана и Семиречья: VI – начало VIII вв. – Алма-Ата, 1986.

6.      Байпаков К.М. Ұлы жібек жолы және ортағасырлық Қазақстан. – А., 1992.    

7.      Бартольд В.В. Тюрки. Двенадцать лекций по истории турецких народов Средней Азии. – Алматы., 1993.

8.      Гумилев А.Н. Древние тюрки. – М., 1993.

9.      Гумилев Л.Н. Древняя Русь и Великая Степь. – М.1992.

10.  Ирмуханов Б.Б. Прошлое Казахстана в письменных источниках ( V в. до  н.э. – XV в. н.э.). – Алматы, 1997.

11.  Золотая Орда. Казахское ханство. Дешт-и-Кыпшак. Х-ХV века. –А., 2004.

12.  Кадырбаев А.Ш. За пределами Великой степи. – Алматы, 1997.

13.  Караев О. История Караханидского каганата X- начало XIII вв. – Фрунзе, 1983.

14.  Қожабекұлы Б.А. Тарихи таным: Ежелгі халықтар, тайпалар, рулар, жер жұтқан қалалар. – А., 1994.

15.  Кумеков Б.Е. Государство кимаков IX-XI вв. по арабским источникам. – Алматы, 1972.

16.  Кумеков Б.Е. Арабские и персидские источники по истории кыпчаков VIII – XIV вв. – Алма-Ата, 1987.

17.  Тажутов А. Куманы, половцы, кипчаки и казахи. – Алматы, 1998.

18.  Қазақстан тарихы. 5 томдық. - Алматы, 1996. Т.1.

19.  Қазақстан тарихы (очерктер). - Алматы, 1994.

20.  Шәлекенов У.Х. Түріктердің отырықшы өркениеті. - Алматы, 2003.

21.  С.Жолдыбайұлы. ежелгі және орта ғасырдағы Қазақ елінің тарихы. Жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық. - Алматы, 2010. – 336 б.

 

Әдістемелік нұсқау

 

          VI-ХІІ ғасырлар – түрік мемлекеттерінің құрылу кезеңі. Олардың қатарындағы қарлұқ және қарахан мемлекеттерінің саяси тарихы, территориясы, билік жүйесі және шаруашылығы, саудасы, ақша айналымы сияқты мәселелерді  қарастыру ұсынылып отыр. Жалпы алғанда түріктердің бүкіл әлемдік өркениетке қосқан үлесі  (руналық жазуы,  ер-тоқымы және үзеңгі т.б.) ерекше. Оның көрнекті үлгісі қарлұқтар мен қарахандықтардың қолжеткізген мәдени табысы болады. Қарлұқ қағанаты және Қарахан империясы қашан және қалай құрылды деген сұраққа жауап бере отырып, мемлекеттің басқару жүйесі мен қоғамның әлеуметтік құрылымына, қала салу, сауданың, архитектураның дамуына ықпал еткен жағдайларды терең зерделеу қажет. Соңында аталған түрік мемлекеттерінің құлауының себептері, олардың тарихта алатын орнын анықтап, баға беріңіздер.  

         Қыпшақ этносының шығуы мен қалыптасуы жайлы концепция күрделі әрі қызықты мәселелердің бірі. Қытай деректерінде көрсетілгендей яньмо атауымен белгілі болған қимақтар VII ғасырдың басында Монғолияның Солтүстік-Батыс аймағын мекендегенін білесіздер. VII ғасырдың ортасында олар Ертіс өзенінің жағалауына қоныс тебеді. Осы өңірде VIII–IХ ғасырларда қуатты қимақ-қыпшақ одағы қалыптасты. ХI ғасырдың басына дейін қыпшақтар қимақтардың қол астына қарап келсе, ХI-ХII ғасырларда қыпшақ конфедерациясының билігі күшейіп, бүтін Каспий аймағында ғана емес,  сонау Шығыс Европаның Дунайға дейінгі территорияға бақылау орнатты. Студенттің міндеті осы қуатты қыпшақ конфедерациясының қалыптасуын, этнос ретінде ұжымдасуын, географиялық орналасуын тарихи деректермен негіздеп, баяндап беру. Әсіресе шығыс дешті-қыпшақ мемлекетінің әлеуметтік құрылымына, басқару жүйесіне, қыпшақ-орыс, қыпшақ-хорезм ара-қатынастарына, қыпшақ мемлекетінің гүлденуі мен құлдырауына тереңірек көңіл бөлу қажет.

         Үшінші сұрақты Ұлы Жібек жолының ашылуын қысқаша баяндаудан бастау қажет. Содан соң Ұлы Жібек жолындағы Қазақстан аймағының сауда  және өркениетінің дамуындағы алатын орнына ерекше көңіл бөлген жөн. Олар – Ұлы Жібек жолындағы орналасқан қалалардың өсіп-өркендеуі, соғдылар мен қатар түрік тайпаларының (қарлұқ, оғыз, қыпшақ, қарахандықтар т.б.) өркениетті дамытуға атсалысуы, шет елдермен (қай елдермен, көрсетіңіз) қарым-қатынасы, көшпелі және отырықшы тайпалар арасындағы айырбас сауда, тұтынатын зәру тауарлар, ақша айналымы т.б.

 

4  Қазақстанның XVI – XVII ғғ. экономикасы мен мәдениеті

 

       4.1  Көшпелі мал шаруашылығы. Егіншілік аймақтар. Қалалар, сауда, қолөнер және кәсіпшілік.

       4.2  XVI – XVII ғғ. қазақ қоғамының әлеуметтік-саяси құрылымы. Мемлекеттік басқару жүйесі, құқықтық негізі.

         4.3  XVI – XVII ғғ. қазақтардың мәдениеті.

 

Әдебиеттер тізімі 

1. Абиль Е. Политическая организация кочевников Казахстана: Опыт системного подхода. – Астана, 2001.

2. Абусеитова М.Х. Казахстан и Центральная Азия в XV-XVII вв. – Алматы, 1998.

3. Артықбаев Ж.О. Жеті жарғы – мемлекет және құқық ескерткіші (зерттеулер, деректер, тарихы, мәтіні): Оқулық. – А., 2003.

4. Материалы по истории казахских ханств XV-XVIII вв. – Алматы, 1969.

5. Берденова К.А. Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, 2000.

6. Карибаев Б.Б. Касым хан. – А., 2004.

7.  Қазақ тарихынан. Құрастырған: Е.Аққошқаров. – Алматы, 1996.

8. Каракузова Ж.К., Хасанов М.Ш. Космос казахской культуры. –  Алматы, 1993.

9. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.

10. Кондыбай С. Казахская мифология. – Алматы, 2005.

11. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

12. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов: основы жизнедеятельности номадного общества. –  А., 1995.

13. Сұлтанов Т. Қазақ мемлекеттілігінің құрылуы. Қазақ хандығының тарихы. – А., 2003.

14. Султанов Т.И. Поднятые на белой кошме. Потомки Чингиз-хана. – Алматы, 2001.

15. Шахматов Б.Ф. Казахская пастбищно-кочевая община. – Алматы, 1964.

16. Жолдасбайұлы С. Қазақтардың жартылай отырықшылық мәдениеті. (ХVI-ХVIII ғ.ғ.). - Алматы, 1998.

         17. Қазақстан тарихы. 5 томдық. - Алматы, 1996. Т.1.

18. Қазақстан тарихы (очерктер). - Алматы, 1994.

19. Байпақов К.Л. Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы. (Х-ХVIII ғ.ғ.). - Алматы, 1995.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Қазақ халқының дәстүрлі шаруашылығы көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы саналады. Біріншіден, мал шаруашылығы мен жайылым түрлеріне анықтама беріңіздер. Қазақтың дәстүрлі шаруашылық түрлеріне терең талдау жасап, өнім алу, өңдеу әдісі, өндіріс тәсілі, мал жаю ерекшелігі, тұрғын-жай, киім-кешек және меншік нысанын терең ұғыну керек. Екіншіден, оңтүстік аймақтағы дамыған егін шаруашылығына толық сипаттама жасаңыз. Сырдария бойындағы Сауран, Созақ, Отырар, Түркістан, Ташкент және т.б. ірі сауда орталықтарындағы тауар, айырбас мәселелерін талдаңыздар. Салық жүйесі, түрлері сияқты мәселелерді  де мұқият қарастырыңыздар.

Екінші сұрақта қазақ қоғамының саяси және әлеуметтік құрылымын талдау керек. Әкімшілік бөлініс: Ауыл-Ата – Аймақ –  Ру – Арыс – Ұлыс – Жүз. Басқару жүйесі: ақсақалдар кеңесі – халық жиналысы – билер кеңесі – хан. Әлеуметтік құрылымы: ақ сүйек, қара сүйек, би, батыр, кедей, құл, малшы, жатақ т.б. Қазақ қоғамының әлеуметтік топтары көшпелі мемлекеттің саяси-экономикалық, әлеуметтік-құқықтық тұтастығын қамтамасыз етті. Қазақ қоғамы біркелкі болған жоқ. Қандай негіздер бойынша бөлінуші еді? Қазақ қоғамының дәстүрлі сот жүйесі қандай еді? Осы сұрақтарға дәлелді жауап іздеңіздер.

Үшінші сұрақта қазақтардың материалдық мәдениеті: киіз үй, киім үлгілері, тұрмыстық заттары, әсемдік бұйымдар т.б. және рухани мәдениеті: көшпелілердің дүниетанымы, ауа-райын болжау, қазақтың апта, ай, жыл ұғымы, есепші және оның атқаратын қызметі, жұлдыз, аспан туралы түсініктері,  ақындар, жырау, сал, сері, эпос, музыкалық өнер, салт-дәстүр, ырымдар, дін, сенім және т.б. мәселелерді қарастырыңыздар.

 

5  Қазақстан Реcей империясының құрамында

                           

5.1 Кіші жүздің Ресей патронатын қабылдауы: тарихи шарттары, қосылу процесі, мәні.

5.2  Ресей протектораты. Кіші және Орта жүздегі хандық билікті жою.

5.3 Ресейдің қазақ жерін тікелей басқаруға көшуі. Өлкені отарлау. XIX ғасырдың  1867-1868 жж., 1886-1891 жылдардағы әкімшілік және сот реформалары.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абдрахманова Б.М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в XIX в. – Астана, 1998.

2. Абылай хан: Өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар мен материалдар. – Петропавл, 2005.

3. Абылай хан (1711-1781). – А., 1992.

4. Ашимбаев Д., Хлюпин В. Казахстан. История власти. Опыт реконструкции. – Алматы, 2008.

5. Жиренчин К. Политическое развитие Казахстана в XIX – начале ХХ вв. – Алматы, 1996.

6. Елагин А.С. Казачество и казачьи войска в Казахстане. – Алматы, 1993.

7. Ерофеев И. Хан Абулхаир, полководец, правитель политик. – А., 1999.

8. Зиманов С.З. Россия и Букеевское ханство. – Алма-Ата, 1982.

9. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – т. 3. – Алматы, 2000.

10. Масанов Н.Э., Абылхожин Ж.Б., Ерофеева И.В. и др. История Казахстана: народы и культуры. – Алматы, 2000.

11. Сапаргалиев В.С. Карательная политика царизма в Казахстане. – Алма-Ата, 1966.

12. Сулейменов Б.С., Басин В.Я. Казахстан в составе России в XVIII – ХХ вв. – Алматы, 1981.

13. Царская колонизация в Казахстане: по материалам русской периодической печати XIХ в. – Алматы, 1995.

14. Мырзахметов М. Қазақ қалай орыстанды. - Алматы, 1993.

15. Мәшімбаев С. Патшалық Ресейдің Қазақстанды отарлау саясаты. -  Алматы, 1994.

16.  Қазақстан тарихы. 5 томдық. - Алматы, 2000. Т.3.

17. Қойгелдиев М. Жетісудағы Ресей билігі. - Алматы, 2005.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші сұраққа жауап бергенде студент ұсынылған әдебиеттермен мұқият танысып, Қазақстанның Ресей империясына қосылу процесін хронологиялық тәртіппен баяндайды. Кіші жүздің Ресейге қосылуының ерекшеліктерін ажыратыңыз. Сондай-ақ, Ресей империясының нақты көздеген саяси мақсаттарын белгілеп, Қазақстан жерінде бекіністер салу арқылы казак әскерлерін орналастыруы, орыс мұжықтарын қоныстандыру саясатын жүргізуі, жер асты байлықтарын зерттеу мақсатындағы ғылыми экспедициялар шығаруы және әлеуметтік- экономикалық саясаты туралы мәлімет берілу керек.

Екінші сұрақтың жауабында  1822 жылы қабылданған «Сібір қазақтары туралы» Жарғысы, 1824 жылы қабылдаған «Орынбор қазақтары туралы» Жарғысы негізіндегі хандық биліктің жойылуының мәнін талдау қажет. Жоспарлы жүргізілген отаршылдық саясаттың қорытындысында қазақ хандығы өз тәуелсіздігін түпкілікті жоғалтқанын айтқанымыз дұрыс.

Үшінші мәселеде 1867 жылы қабылданған Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы Ереже және 1968 жылғы Орал, Торғай, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы Ережелердің, 1886-1891 жылдардағы әкімшілік әрі сот реформаларының қорытындыларын толық сипаттап беру керек. Ресейдің жүргізген отарлау саясаты, әкімшілік және сот реформалары, қазақтарды шоқындыру арқылы орыстандыру саясаты  қандай зардап әкелді деген сауалдарға жауап іздеген жөн.

6    XІX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстан

6.1 Патша үкіметінің қоныстандыру саясаты және оның әлеуметтік-экономикалық қорытындылары мен салдары.

     6.2  Өнеркәсіптің пайда болуы және дамуы.

     6.3  Халық ағарту ісінің дамуы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана. – Алматы, 1997.

2. Берденова К.А. Общая и экономическая история Казахстана. – Алматы, 2000.

3. Баишев С.Б. Развитие капитализма в России и его влияние на экономику Казахстана в пореформенный период. – Алма-Ата, 1982.

4. Бекмаханова Н.Е. Многонациональное население Казахстана и Киргизии в эпоху капитализма: 60-е годы ХІХ в. 1917г. – М., 1986.

5. Галузо П.Г. Аграрные отношения на юге Казахстана в 1867–1914 гг. – Алматы, 1965.

6. Игибаев С. Промышленные рабочие дореволюционного Казахстана 1861-1917 гг. – Алматы, 1991.

7. Ирмуханов Б.Б. Исторические воззрения мыслителей ХХ века. – Алматы, 1999.

8. История Казахстана с древнейших времен до наших дней. – т. 3. – Алматы, 2000.

9. Дильмухамедов Л., Маликов Ф. Очерки истории рабочего класса дореволюционного Казахстана. – Алма-Ата, 1968 .

10. Чуланов Г. Промышленность дореволюционного Казахстана. – Алма-Ата, 1960.

11. Мәшімбаев С.М. Патшалық Ресейдің отарлық саясаты. – Алматы, 1994.

12. Қазақстан тарихы (очерктер). - Алматы, 1994.

13. Шонанұлы Т. Жер тағдыры, ел тағдыры. - Алматы, 1995.

14. Өмірзақов Ө. Ресейге қосылғаннан не ұттық. - Алматы, 1999.

15. Шілдебаев С.К. Түрікшілдік және Қазақстандағ ұлт-азаттық қозғалыс. - Алматы, 2002.

 

Әдістемелік нұсқау

1861 жылы Ресейде басыбайлылық жойылған соң орыс шаруалары Қазақстанның құнарлы аймақтарына жаппай көшіп келе бастады. Сіздер, Ресейдің көздеген отаршылдық саясатының астарына үңіліп, отарлау кезеңдерін, мәнін анықтаңыздар. Соңғы кезеңге Столыпиннің аграрлық реформасының мазмұны мен мақсатын талдап, жалпы қорытындысын шығарыңыздар.

Екінші сұраққа жауап беру үшін патшалық Ресей үкіметінің шет аймақтағы экономикалық саясаты көзделген мүддесі тұрғысынан жүзеге асырылғанын ескеру қажет. Қазақстанның пайдалы қазбаға бай  аймақтарына капиталистік элементтердің енуі,  қалалар мен жәрмеңкелердің дамуы, банктік мекемелер және темір жолдардың салынуы, атқаратын рөлі қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ, ұлттық жұмысшы табының қалыптасуы, саны, құрамы, сол ортаға марксистік ойлардың енуі, әлеуметтік-демократиялық ағымдардың қалыптасуы, саяси күрестің басталуын да қосымша қамтыған жөн.

Үшінші сұрақта патша үкіметінің жергілікті отаршылдық әкімшілікке қазақ ұлты өкілдерінен сауатты шенеуніктерді, басқа да қажетті мамандарды өндіріс пен шаруашылық салаларға дайындауға мәжбүр болғандықтан, білім беру ісін дамыта бастағандығын айту керек. Бұл жағдайлар Қазақстанда орыс-қазақ мектебі, училищелердің, гимназиялардың санын көбейтуді талап етті. Студенттер бұған дейін де болған қазақтардағы дәстүрлі білім жүйесін суреттей отырып, Ресейдің бодан халықтарына байланысты ұстанған білім саясатын талдай білуі қажет. Қазақ интеллигенциясының жаңа толқыны Ә.Бөкейханов, Ж.Аймауытов, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, С.Торайғыров т.б. қоғам қайраткерлерінің ағартушылық қызметі туралы әңгімелеп беріңіздер.

7    Қазақстан жаңа дәуірде

7.1 ХХ ғасырдың басындағы қазақ өлкесіндегі саяси партиялар және қозғалыстар. Қазақстанда Кеңес өкіметін орнатудың ерекшеліктері.

         7.2 «Алаш партиясы»: бағдарламасы, кошбасшылары, Алаш-Орда үкіметінің қызметі. Қазақ АКСР-інің құрылуы.

         7.3 Бірыңғай Түркістан идеясы (Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М. Шоқай т. б.). Түркістан автономиясы және ТүркАКСР-інің құрылуы.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Аманжолова Д.А. Казахский автономизм и Россия. История движения Алаш. –Алматы, 1995.

2. Алаш қозғалысы -Движение Алаш: сб. документов и материалов Т.2. –А., 2005.

3. Алаш Орда. Сб. документов/ Сост.Н. Мартыненко.  – А., 1992.

4. Бакаев А.Н., Аманжолов К.Р. Казахские национальные части Красной Армии в годы гражданской войны (1918-1920гг).–  Алматы, 1994.

5. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. – Алматы, 1995.

6. Қойгелдиев М. Тұтас Түркістан идеясы және Мұстафа  Шоқайұлы. – Алматы, 1997.

7. Қоңыратбаев О.М. Тұрар Рысқұлов. Қоғамдық-саяси және мемлекеттік қызметі. – Алматы, 1994.

8. Мұстафа Шоқай. Түркістанның қилы тағдыры. – Алматы, 1992.

10. Рыскулов Т.Р. Собрание сочинений в трех томах. – Алматы, 1998.

11. Туркестан в начале ХХ века: К истории истоков национальной независимости. / Абдуллаев Р.М., Агзамходжаев С.С. и др. Авторский коллектив. – Ташкент, 2000.

12. Нұрпейісов К., Құлкенов М., Хабижанов, Мектепов. Халел Досмұхамедұлы және оның өмірі мен шығармашылығы. - Алматы, 1996.

13. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда. - Алматы, 1995.

14. Қазақстан тарихы (очерктер). - Алматы, 1994.

 

Әдістемелік нұсқау

 

1913 жылы басталған терең экономикалық дағдарыс патшалық Ресей империясының күйреуіне алып келді. Соңы Ақпан және Қазан төңкерісіне ұласты. Орын алған  оқиғалардың объективті жақтарын, заңды процесін көрсетіңіз. Қазақстандағы дағдарыстың ерекшелігін айқындау қажет.

Қазақтың ұлттық партиялары «Алаш», «Үш жүз» немесе ислам діні бағытындағы партиялар «Шуро-и-исламия», «Шуро-и-Улема» және эсерлер, кадеттер, социал-демократтар сияқты Ресей партияларының, Сібір, Орал, Жетісу казактарының, жұмысшы-шаруа кеңестерінің және ондағы қазақ комитеттерінің қызметтеріне кеңірек тоқталған жөн. Олардың саяси ұстанымын мазмұнын талдау студенттерге бұл автономиялық құрылымдардың мақсатын, мәнін және оның әлеуметтік негізін тануға жетелейді. Одан әрі «социалистік төңкеріс», «пролетариат диктатурасы», «большевизм», «кеңестер билігі» ұғымдарын саралау арқылы Қазақстанды кеңестендірудің тәсілдері, заңдылығы мен зардаптарына да тоқталған жоқ.

Екінші сұраққа жауап бергенде студент Алаш партиясының құрылуы, оның қызметі жіті талдануы шарт. Орынборда өткен жалпықазақтық екі съезі негізінде он баптан тұратын бағдарламасы жасалды. Оны жүзеге асыра алды ма, қандай қиындықтар мен кедергілер болды? Тағдыры немен аяқталды? Баяндаңыз.  Қазақ Кеңестік Автономиялы Республикасының құрылуын ұзақ процесс болғандығын, 1919 жылы Қазақ жерін уақытша басқаратын Төңкеріс комитетінің құрылғандығын баяндай отырып, 1920 жылы В.И.Ленин және М.И.Калининнің қол қойған декреті негізінде Қазақ Автономиялы республикасы құрылғанын егжей-тегжейлі баяндап беріңіз. ҚАКСР құрамына әуелі Орал содан соң Ақмола, Семей, ал 1924 жылдың күзінде Сырдария, Жетісу облыстары беріліп, орталығы Орынбордан Қызылордаға көшірілгені аян. Осының бәрі қандай қиындықтармен жүзеге асырылғанын жан-жақты ашып беріңіз.

Үшінші сұраққа жауап беру үшін студент Т.Рысқұлов, Сұлтанғалиев, М.Шоқайдың еңбектерімен танысуы қажет. ҚазАКСР мен Түркістан АКСР-ң  құрылуы жайлы большевиктік идеяға балама жолдың болғанын дәлелдеу керек. Алайда бұл қадамдардың болашағы қандай, шынайы тағдыры немен аяқталды, ол билікті большевиктердің қабылдамай түп-тамырымен жоюға ұмтылғаны секілді сауалдарға жауап іздеңіздер. Жалпы қойылған мәселелерге байланысты жеке ой-көзқарастарыңызды тұжырымдаңыздар.

 

8  1920-30 жж. Қазақстандағы мемлекеттік құрылыс

 

8.1 Қазақстандағы ЖЭС (НЭП) және идустриаландыру: ерекшеліктері және нәтижесі.

8.2 Голощекиннің «Кіші Қазан» идеясы. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру: нәтижесі, салдары.

8.3 Мәдени революция: білім беру жүйесінің қалыптасуы, ғылыми  мекемелер мен оқу орындары.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.Ауанасова А.М. Национальная интеллигенция Туркестана в первый четверти ХХ века. – Алматы: Қазақ университеті, 2001.

2.    История индустриализации Казахской ССР. – Алматы, 1967.

3.  Козыбаев М.К., Абылхожин Ж.А., Алдажуманов К.С. Коллективизация в Казахстане: трагедия крестянства. – Алматы, 1992.

4.    Михайлов Б.Ф. Хроника великого джута. – Алматы,1996.

5.   Абылхожин Ж.А., Козыбаев М.К., Татимов М. Казахстанская трагедия. // Вопросы истории, 1989, №7.

6.    Кунантаева К.К. Развитие народного образования  в Казахстане (1917-1999 гг.): Учебное пособие. – Алматы, 1997.

7.     История Казахстана: Белые пятна. – Алматы, 1991.

8.     Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты. Алматы, 1992.

9.        Қозыбаев М.Қ., Әбілғожин Ж.Б. Алдажұманов Қ.С. Қазақстандағ күшпен колликтивтендіру: қорлық пен зорлық. - Алматы, 1992.

10.   Омарбеков Т.О. Қазақстандағы 20-30 жылдардағы қасыреті. - Алматы, 1999.

11.    Омарбеков Т.О. Зобалаң. - Алматы, 1994.

12.    Мұстафа Шоқай. Түркістан қилы тарихы. - Алматы, 1992.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақта қаралатын мәселелер, Азамат соғысы кезеңіндегі жүргізілген  Әскери коммунизм саясатының мақсаты, шешімі және Жаңа Экономикалық Саясаттың мәнін толық түсініп оған талдама жасау керек оның әлеуметтік шешімдерін айту керек.

ЖЭС сияқты Қазақстандағы индустриаландырудың өзіндік ерекшеліктері болды. Жер астындағы мол байлық және өнеркәсіптің, жол, транспорттың, байланыс желілері мен электр қуатының болмауы, жаппай сауатсыздық пен кәсіби мамандардың жоқтығы негізгі қиындықтарды тудырды. Индустриаландырудың алғашқы қарлығашы Түркістан Сібір темір жолының салынуы және Риддер, Қарсақпай, Балқаш, Жезқазған  түрлі түсті металлургиялық кәсіпорындары, Қарағанды тау кен өндірісі, Мақат, Сағыз, Қошағұл, Құлсары мұнай өндірісі т.б.   

Екінші сұрақта Ф.Голощекин Қазақ Өлкелік партия ұйымының басшысы болып 1925 жылы Қазақстанға келген соң Кіші қазан идеясын ұсынды. Оның мәні неде, ұжымдастыру кезінде жергілікті ерекшеліктер ескерілді ме және Ф.Голощекинге қарсыласқан топтың басшылары (Т.Рысқұлов, С. Садуақасов, С. Қожанов, Мыңбаев және т.б.) ұстанған позициясы қандай еді? Осы қазақ ұлтын жоюға бағытталған эксперименттердің экономикалық-саяси, әлеуметтік-психологиялық және этнодемографиялық салдары қандай болды, деген сұрақтарға жан-жақты жауап беріңіздер.

Мұндағы негізгі мәселе ХХ ғ. 20-30 жж.  қазақтарды жаппай сауаттандыру жайы, жалпы білім беру жүйесінің құрылуы,  бастауыш, орта және арнайы оқу орындарының, мәдени ағартушылық мекемелердің сан әрі сапа жағынан көбеюі,  қазақтарды араб әрпінен латынға көшіру туралы т.б.  Жоғарғы оқу орындарына кадрлар дайындау жағдайына тоқталасыз. Ең әуелі Ташкентте  Казпедвуз ашылып алғаш жоғарғы білімді мамандар даярлай бастады, содан-соң 1928 жылы Алматыда жоғарғы оқу орны Қазақ университеті (ҚазПИ) ашылды, кейінгі ашылған оқу орындары жайлы жан-жақты баяндаңыз.

 

9  ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстанның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 

9.1  Қазақстандағы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Қазіргі көзқарас.

9.2 Қазақстан Республикасындағы саяси-әлеуметтік, экономикалық дағдарыстың  басталуы.  КСРО-ның ыдырауы. ТМД-ң құрылуы.

9.3 Қазақстан – тәуелсіз егеменді мемлекет.

                       

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

2. Амрекулов Н., Масанов Н. Казахстан между прошлым и будущим.– Алматы, 1994.

3. Аяганов Б.Т. Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – Алматы, 1993.

4. Алматы. 1986 жыл. “Желтоқсан”. 1, 2, 3 кітап. – Алматы, 1992.

5. Верт Н. История советского государства 1900-1991 гг. – Алматы, 1992.

6. Желтоқсан жастық жалын - от. –  А., 2006.

7. Желтоқсан құрбандарын жоқтау: Деректі очерктер мен естеліктер. –А., 1992.

8. Казахстан: особенности перехода к демократии. / Под ред. проф. Джагфарова Н.Р. – Алматы, 2004.

9. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

10. Козыбаев М.К. Декабрь 1986 г. Факты и размышления. – Алматы, 1997.

11. Кунаев Д.А. От Сталина до Горбачева. – Алматы, 1994.

12. История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы, 2001.

13. Нурпеисов Е., Котов А. Қазақстан мемлекеті: Хандық биліктен Президенттік республикаға дейін. – Алматы, 1992.

14. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.

15. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. – М., 1991.

16. Төлепберген Б. Біз білмейтін Желтоқсан. – А., 2006.

17. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002гг.). – А., 2003.

18. Назарбаев Н. Қазақстанның Тәуелсіз мемлекет ретіндегі дамуы мен қалыптасуының стратегиясы. - Алматы, 1992.

19. Назарбаев Н. Тарих толқынында. - Алматы, 1999.

20. Қазіргі Қазақстан тарихы. - Алматы, 2010.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

         Бірінші сұрақтың жауабында 1980-ші жылдардағы Қазақстанда қалыптасқан қайшылықты әрі күрделі жағдайлар талқылануы керек.  Экономикалық және әлеуметтік дамудағы біржақтылықтар, орталықтың күштеу саясаты, Д.А.Қонаевтың қызметінен алынуы 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыдағы қанды оқиғаға алып келді. Осы оқиғаға қатысты қазақ жастарын жазалаудың, ұлтшыл деп айыптаудың қасіретін ашыңыздар.

Кеңес Одағы 1970-80 жылдардағы экономикалық-саяси, әлеуметтік дамуында терең қайшылықтарды басынан кешірген болатын. 1985 жылы наурыз айында СОКП ОК басшылығына М.С.Горбачев келді. Осы жылдары КСРО-ны дағдарыстан шығарудың жолы ретінде әлеуметтік-экономикалық дамудың жаңа бағыттары қабылданды: техникалық прогресс, өндірісті жаңғырту, автоматтандыру, машина құрылысын жетілдіру т.б. Алайда бұл шаралар еш нәтиже бермеді. Қайта құру процесіндегі саяси жүйені реформалау, қоғамды демократизациялау,  жариялылық,  алкогольге қарсы күрес науқаны және  т. б. бағыттардың сәтсіздікке ұшырағанын баяндаңыз.  Нәтижесі КСРО-ның ыдырауына алып келді. Студент желтоқсан оқиғасынан кейінгі тоталитарлық биліктің күшейгенін, «ұлтшылдықты іздеу», ішкі саяси қозғалыстардың күш алуы («Невада-Семей», «Әділет» және түрлі қоғамдық ұйымдар) нәтижесінде  Н.Ә. Назарбаевтың билік басына келуін сипаттап беруі керек. Қазақстанның егемендігінің жариялануы, 1991 жылы Алматыдағы ТМД-ның құрылуы жайындағы хаттамаға қол қою сияқты мәселелерге жан-жақты тоқталыңыздар.

Үшінші сұрақтың жауабында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының  мемлекеттік егемендігі туралы декларация  мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы құжаттарға терең талдау жасау керек. Егемендік және тәуелсіздік сөздеріне анықтама беріп, салыстырыңыздар. ҚР саяси жүйесіне баға беріңіз. ҚР ұлттық рәміздері, алғашқы Ата заңымыздың қабылдануының тарихи маңызын айта кету шарт.

 

10  Қазақстан тәуелсіздік жылдарында

 

  10.1 Қазақстандағы саяси реформалар. Қазақстан Республикасының Конституциясы.

  10.2  Елімізде жүргізілген экономикалық реформалар.

  10.3 Қазақстан Республикасының дүниежүзілік қауымдастыққа енуі.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Абылхожин Ж.Б. Очерки социально-экономической истории Казахстана ХХ в. – Алматы, 1997.

2. Амрекулов Н., Масанов Н. Казахстан между прошлым и будущим.– Алматы, 1994.

3. Аяганов Б.Т. Государство Казахстан: эволюция общественных систем. – Алматы, 1993.

4. Джунусова Ж. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы, 1996.

5. ҚазКСР мемлекеттік егемендігі туралы декларация. – Алматы, 1990.

6. Ибрашев Ж.У., Енсенбаева Э. Европейский Союз  и Казахстан. – А., 2004.

7. История Казахстана и Центральной Азии. – Алматы, 2001.

8. Казахстан: особенности перехода к демократии. / Под ред. проф. Джагфарова Н.Р. – Алматы, 2004.

9. Қазақстан: табысқа жету тарихы әлемдік қоғамдастық көзімен . –А., 2005.

10.  «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» конституциялық заң. – Алматы, 1991.

11. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995.

12. Қонаев Д.А. Өтті дәурен осылай. – Алматы, 1992.

13. Назарбаев Н.Ә. Әділеттің ақ жолы. – Алматы, 1991.

14. Назарбаев Н.А. Без правых и левых. – М., 1991.

15. Назарбаев Н.А. На пороге ХХІ века. – Алматы, 1995.

16. Назарбаев Н.А. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992.

17. Нурпеисов Е., Котов А. Қазақстан мемлекеті: Хандық биліктен Президенттік республикаға дейін. – Алматы, 1992.

18. Токаев К. Под стягом независимости. Очерки о внешней политике Казахстана. – Алматы, 1997.

19. Токаев К.К. Полвека служения миру. – Алматы, 1999.

20. Шеретов С.Г. Новейшая история Казахстана (1985-2002 гг.). – ., 2003.

21. Қазіргі Қазақстан тарихы. - Алматы, 2010.

 

Әдістемелік  нұсқау

 

Бірінші мәселеде Конституциялық реформаны талдайсыз. 1993 жылы       қабылданған Ата заңымызды 1995 жылғы Ата заңымызбен  салыстырыңыздар. Екі палаталы парламенттің құрылуы, көп партиялы жүйенің қалыптасуы, олардың сайлауға қатынасуы, қоғамымызды демократияландыру жолындағы тәуелсіз Қазақстан Республикасының қол жеткізген табыстары баяндалуы қажет.

Екінші мәселеде Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуі қарастырылады. 1990 жылы 15 желтоқсанда «Меншік туралы» заң қабылданып, экономиканы басқарудың жүйесі түбегейлі өзгеріске ұшырады. Нарық бағасы еркіне жіберіліп,  ұлттық  валюта – теңге енгізілді. Кіші және орта кәсіпкерлікті дамыту қолға алынды. Осы бағытпен экономикалық өзгерістерді терең қарастырыңыздар.

Үшінші сұрақта Қазақстанның сыртқы саясатындағы қызметі талданады. Қазақстан Республикасын 120 мемлекет мойындап, оның 105-мен дипломатиялық байланыс орнатылды. Елімізде 55 елшілік пен өкілдіктер орналасып, шет елдерде Қазақстанның 26 елшілігі қызметін бастады. Қазақстан Республикасы Еуропалық Қауіпсіздік Одағы, Біріккен Ұлттар Ұйымы, Ислам Конференциялық Ұйымы, Евразиялық экономикалық қауымдастық сияқты халықаралық ұйымдарға мүше болды немесе байланыс орнатты. Тығыз қарым-қатынастағы елдер: Қазақстан – АҚШ, Қазақстан – Ресей, Қазақстан – Қытай, Қазақстан – Европа, Қазақстан – ТМД және т.б.

 

11  Қазақстанның даму жолы

 

11.1 Қазақстан Республикасының жаңа саяси жүйесін қайта құрудағы Елбасының қосқан үлесі.      

11.2 Нарықтық экономикаға көшу және экономикалық реформаны ұйымдастырудағы Н.Ә. Назарбаевтың рөлі. Қазақстанның 2030 жылға арналған даму стратегиясы.

11.3 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатын қалыптастырудағы еңбегі.    

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Джунусова Ж. Республика Казахстан: Президент. Институты демократии. – Алматы, 1996.

2. Евразийство в экономической и этнополитической истории Казахстана: учебное пособие. – А., 1997.

3. Қазақ ССР-нің егемендігі туралы декларациясы. – Алматы, 1990.

4. Қазақстан Республикасының конституциясы. – Алматы, 1993-1995.

5. Қазақстан Республикасының рәміздері. – Алматы, 1993.

6. Казахстан: особенности перехода к демократии. – Алматы, 2004.                   

7. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы, 1999.

8. Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы, 1996.

9. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан 2030. Қазақстан халқына жолдауы. – Алматы, 1997.

10. Назарбаев Н. Стратегия становления и развития Казахстана как суверенного государства. – Алматы, 1992.

11. Назарбаев Н.А. В потоке истории. – Алматы, 2003.

12. 10 лет независимости Казахстана: итоги и перспективы развития. – Алматы, 2001.

13. Послание Президента Республики Казахстан Нурсултана Назарбаева Народу Казахстана Новый Казахстан в новом мире. –Алматы, 2009.

14. Современный Казахстан: экономика, политика, общество. – т.1,2 – Алматы, 1997.

15. Токаев К.К. Под стягом независимости. Почерки о внешней политике Казахстана. –Алматы, 1997.

16. Қазіргі Қазақстан тарихы. Алматы, 2010.

17. Қозыбаев М. Киелі Тәуелсіздік. Алматы: Баспалар үйі, 2009, - 448 б.

 

Әдістемелік нұсқау

 

Бірінші сұрақты Қазақстан Республикасының саяси жүйесінің толықтай жаңғыруының барысын бақылаудан бастап, жаңа мемлекеттік басқару аппаратының, билік тармақтарының қалыптасуын көрсетесіз. Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың белсенділігімен жүзеге асырған қоғамымызды, саяси жүйені демократияландырудың қадамдары: парламенттің атқаратын қызметін кеңейту, көппартиялық жүйені дамыту, жергілікті әкімдерді сайлау мен есеп бергізу, жергілікті өзін-өзі басқарудың құқын кеңейту, сот тәуелсіздігі т.б. мәселелер терең зерделенуі қажет.

Екінші сұрағымыз Қазақстан Республикасындағы жүргізілген экономикалық реформалардың шараларын анықтап, инвестициялар салу мен мұнай-газ саласының дамуын талдаудан басталады. Қазақстанның 2030 жылдарға арналған стратегиялық бағдарламасының негізгі бағыттары, шаралары мен мақсаттары, белгіленді. Ендеше Елбасының ұсынған инновациялық даму бағдарламасы, экономикамыздың кластерлік бағытын дамыту, шикізаттық өндіруден тауарлық өндіріске көшу, электронды үкімет құру т.б. сияқты мәселелердің барысы мен нәтижелерін айтып беріңіздер.

Қазақстан Республикасының Президенті мемлекетіміздің ішкі сыртқы саясатын айқындайды. Сыртқы саясатымыздың даму негізін жариялылық, жан-жақтылық, ашықтық принциптері белгілейді. Осынау бағыттағы Қазақстан Республикасының артықшылықтары қаралуы керек. Еліміздегі өзгерістер мемлекет басшысының тікелей белсенділігімен жасалған шаралар екендігін айту парызымыз.  Мәселен Қазақстан Республикасының өз еркімен ядролық қарудан бас тартуы, Азияда бірігіп әрекет ету және сенімділік Кеңесін шақыру, ТМД елдерін біріктіруге күш салу, Евразиялық одақ құру т.б. еліміздің халықаралық деңгейде мәртебесін асқақтатқан саяси қадамдар Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі. 

 

Мазмұны

 

Кіріспе

3

1  Қазақстан территориясындағы ертедегі көшпенділер дәуірі (б.з.д. бірінші мыңжылдық және б.з. бірінші мыңжылдығы)                                                      

5

2 Қазақстан территориясындағы көне мемлекеттер

6

3  Ерте орта ғасырлардағы Қазақстан

7

4  Қазақстанның XVI – XVII ғғ. экономикасы мен мәдениеті

9

5  Қазақстан Реcей империясының құрамында

11

6 XІX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы  Қазақстан

12

7  Қазақстан жаңа дәуірде

13

8  Кеңес дәуіріндегі Қазақстан 1950-1984 жылдарда

15

9  ХХ ғасырдың 80-90 жылдарындағы Қазақстанның саяси-қоғамдық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы

 16

10  Қазақстан  тәуелсіздік жылдарында

18

11  Қазақстандық даму жолы

19

2012 ж. жиынтық жоспары реті 248.