КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ИНТЕРФЕЙСТЕРІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік технологиялар кафедрасы

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ИНТЕРФЕЙСТЕРІ

 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
дәрістер жинағы

 

 

Алматы 2013

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Мусатаева Г. Т., Конуспаева А. Т. Компьютерлік жүйелер  интерфейстері: 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін дәрістер жинағы. – Алматы: АЭжБУ, 2013. – 52 б.

 

Дәрістер жинағы бағдарламалаудың тәжірибелік сұрақтарын қарастырып оқып жүрген 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған.

          Кестелер - 4, әдебиеттер тізімі -16 атау.

 

 

Пікір беруші: аға оқытушы Адилгажинова С.А.

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

 

1 дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары

 

Дәріс мақсаты: компьютерлік жүйе интерфейстерінің кешені туралы ұғымдар (ақпарат). Интерфейстердің  анықтамасы.  Интерфейстер өзектілігі. Компьютерлік жүйе интерфейстерінің өзара байланыстарын қарастыру.

 

Соңғы жылдарда компьютерлік жүйелерді көптеп қолдануда. Басты себептерінің бірі пайдаланушы мен бағдарламалық қосымшаның өзара қарым-қатынас интерфейстерінің рөлі зор. Жалпы алғанда, интерфейс түсінігі кең мағыналы және компьютерлік технологиялардың әртүрлі салаларында қолданылады.

Аталмыш курста қарастырылатын негізгі мәселе - пайдаланушылық интерфейстер және олардың қосымша деңгейінің бағдарламалы-аппараттық интерфейстері арасындағы байланыстары болып табылады. Осы мәселеге қызығушылық тек есептеу техникасы мамандарының ғана емес, сонымен қатар эргономистердің, психологтердің, социологтердің және графикалық жүйелерді жасаушылардың да қызығушылығын туғызып отыр. Тәжірибе көрсеткендей, компьютерлік жүйелердегі көптеген қолданбалы есептерді шешу үшін интерфейсті таңдау мен (немесе) құрастырудағы мәселелерді толығымен, жан-жақты қарастыру қажет.

Пайдаланушылық және бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді құру технологиялары  кешенді  түрде қарастырылуы тиіс.

Соңғы жылдары адам-компьютер жүйесінде интерфейсті ұйымдастыру айтарлықтай дамып, логикалық аяқталуына келді. Интерфейсті жалпылама құрылым түріндегі функциясы бар бірнеше бөлікке бөлуге болады. Мұндай интерпретация әр құрылымның құрылысын түсіндіреді және оларды қолдану қағидаларын негіздеуге мүмкіндік береді. Мысалға, интерактивті Web-қосымшаларды жобалауда, жасаушыларға бірнеше интерфейстерді таңдауға тура келеді:

- пайдаланушының клиенттік бағдарламамен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі;

- клиенттік машина мен сервер машина арасындағы өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейс;

- сервердің шеттік бағдарламамен немесе басқа сервермен өзара қарым-қатынас деңгейдегі интерфейсі.

Мысалға, WEB-қосымшаны құрған кезде, бірінші интерфейс WUI (Web user interface) компонентін таңдау және негіздеумен іске асырылады. Ал екіншісі серверге сұраныс жіберу әдісін таңдаумен, үшіншісі CGI-ді (Common Gateway interface)  пайдаланумен немесе SQL-сұраныстарды қолданумен іске асырылады.

Компьютерлік жүйелер интерфейсі түсініктемесінің бірнеше анықтамасы бар, солардың бірнешеуін айтайық. Қатынас интерфейсі қандай да бір есептерді шығару үшін, адам мен ЭЕМ арасында сенімді қатынасты қамтамасыз ететін, аппаратты-бағдарламалық, ақпаратты көрсету құрылғылардың және ақпарат алмасу хаттамаларының жиынтығы арқылы да анықталады. Компьютердің аппараттық интерфейсі ретінде ДК-дің кез келген периферийлік құрылғысының әртүрлі сипаттамалар жинағын түсінеміз. Ол олардың арасында және орталық үдерісор арасындағы ақпарат алмасуды ұйымдастырады. Олар электрлік және уақыттық параметрлер, басқару сигналдар жинағы, деректер алмасу хаттамасы және қосылудың конструктивті артықшылықтары.

Осылайша, қосымшамен жұмыс істеп отырған пайдаланушы немен түйіседі, ол оның интерфейсі. Ойланбай жасалған интерфейс оның артықшылықтарын жоққа шығаруы мүмкін. Айтылғандардың барлығы жергілікті қосымшалар мен пайдаланушының тораптағы жұмысын қамтамасыз ететін қосымшаларға да қатысты.  Интерфейс мәселесінің маңыздылығы жөнінде келесі фактілерді айтуға болады. Американың Ұлттық Стандарттар Институтында (ANSI) осы бағыт бойынша арнайы кеңесшілер тобы – Адам–Компьютер интерфейсінің стандарттары бойынша комитеті (The Human-Computer Interface Standard Committee) бар. Мұндай ұйымдар тек АҚШ-та ғана емес, басқа да елдерде де бар. Сонымен қатар осы бағытта жұмыс істейтін  Халықаралық зерттеу топтары да бар, мысалы, телеграфия мен телефония бойынша халықаралық кеңес беру комитеті (International Telegraph and Telephone Consultation Committee). Олар өз кезегінде интерфейстің интерактивті элементтерінің ерекшеліктерін зерттейді.

Осы ұйымдардың немесе жұмыс тобының көбімен кезінде пайдаланушылық интерфейстер стандарттары бойынша құжаттарының жобалары дайындалған және оларды жобалау мен іске асыру қағидалары бар.

Есептеу техникасын басқару жүйелерінде, ұйымдастыру, басқару мен конструктрлық қызметте, оқу үдерістерінде және ғылыми зерттеулерде пайдалану, компьютермен жұмыс істеуге адамзат қызметінің әртүрлі салаларындағы мамандарды іске тартады. Пайдаланушылардың дайындығы мен біліктілігі әртүрлі болуы, ЭЕМ-нің дәрежесін арттыруды, олармен     жұмыс істеуді жеңілдетуді және ЭЕМ-сын интеллектуалдауды талап етеді. Интеллектуалдауда адам мен есептеу жүйесі (ЕЖ) арасында интерфейсті жасау ерекше орын алады. Ол өз кезегінде дайындығы жоқ пайдаланушы мен компьютер арасындағы қатынасты қамтамасыз етуі тиіс.

“Адам-компьютер”  интерфейсін ұйымдастыру кезінде негізгі 2 есепті қарастыру қажет:

- ақпаратты енгізу мен көрсетудің тиімді түрлерін құратын енгізу-шығаруды ұйымдастыру;

- сұхбаттың мәндік мазмұнын арттыратын және ресми емес қатынас рәсімдерін қолдайтын бағдарламалық қамтаманы құру.

ЭЕМ-да шығарылатын кең ауқымды есептер, интерфейсті құру проблемасы компьютерлік жүйенің қай облыста қолданылуына байланысты болады. Ұшқыш пен борттық ЭЕМ арасындағы қатынас, оқушы мен оқыту жүйесі арасындағы қатынастан өзгеше ұйымдастырылуы қажет екендігі  түсінікті.

Соның салдарынан, адам-машина жүйесінің есептерін құру мен ондағы қатынасты ұйымдастыру түрлі дәрежедегі пайдаланушыларды тану болып табылады. Осы есептің шешуі - пайдаланушы-оператордың қызметін құрылымдауға және кез келген адам-машиналық жүйені жобалау кезінде міндетті түрде қарастырылуы тиіс психофизиологиялық сипаттамаларды есепке алуға мүмкіндік береді. Бұл ақпарат компьютерлік жүйелерді құру кезіндегі пәндік облысты жобалау алдындағы сараптауға негізделген. Бұл сараптаудың мақсаты адам мен ЭЕМ арасында қызметтерді бөлу және аппараттық пен бағдарламалық қамтама талаптарын біркелкі ету.

Осы күнде адам мен компьютерлік жүйе қатынасын ұйымдастыруда кең ауқымды бағдарламалық және аппараттық құрылымдар бар. Қарым-қатынастың салттық түрінен басқа тілдік сұхбат пен қарапайым тілдегі сұхбаттар жүйесі құрастырылуда. Осыны ескере отырып, басқа да негізгі мәселелердің бірі - қолданбалы бағдарламаларда адам мен ЭЕМ арасындағы қатынасты жобалау үдерістерін ұйымдастыру болып табылады. Қолданбалы интерфейсті құру сұрақтарында инженерлік психология  негізгі орын алады.

Инженерлік  психология – адам мен техника арасындағы ақпараттық өзара қатынас үдерістерінің нысанивті заңдылықтарын зерттейтін ғылыми пән. Оларды “адам-машина” жүйесін (АМЖ) жобалауда, құруда және іске асыруда пайдаланылады. 

Инженерлік психологияның негізгі міндеттері:

- АМЖ-де адамның қызметін және орнын сараптау.

- Оператордың қызмет құрылымын және жіктелімін зерттеу.

- Басқарушы әсерлерді іске асыруда және шешімдер қабылдау кезінде ақпаратты өңдеу үдерістерін зерттеу.

- Оператордың жұмыс орнын ұйымдастыру қағидаларын құру.

- АМЖ  тиімділігіне психологиялық факторлардың әсерін зерттеу.

- Адамның техникалық жүйелермен ақпараттық өзара қатынасын ықшамдау.

- Операторларды кәсіби дайындаудың әдістері мен қағидатерін құру.

- Инженерлік-психологиялық жобалау  теориясын  құру және оны  АМЖ құру барысында пайдалану.

Адам-оператордың ақпаратты басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орнын қарастырайық. Оператордың рөлі әртүрлі көздерден түскен ақпаратты қабылдап және оған баға беріп, соңынан шешім қабылдап, оның орындалуына командаларды қалыптастыру және іске асыру болып табылады. Оператордың жұмысына бақыланатын үдерістің жағдайы туралы ақпараттан басқа, жоғарғы деңгейдегі ішкі жүйе жетекшілері мен операторларын нұсқаулары әсер етеді. Жоғарғы деңгейдегі операторлар автоматты басқару жүйелерімен бірге, басқару әсерлерін іске асыру кезінде басқару үдерісіне араласа алады.           Операторлар айтылған функциялардан басқа басқару жүйесінің жағдайын да басқара алады. Адамның техникалық құрылғылармен өзара қатынасы кезінде, оператор қабылданып және сарапталған ақпараттың негізінде басқару бойынша қажетті шешім қабылдайды. Шешім қабылдау рәсімдері ақпаратты қабылдау мен өңдеудің барлық деңгейлерінде орталық болып табылады. Шешім қабылданғаннан кейін адам-оператордан басқарушы әсер келіп түседі, өз кезегінде ол түрлендіру жолдарымен басқару жүйесіне келіп түседі.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Аталмыш курста қандай интерфейстер қарастырылады?

2) Әртүрлі деңгейлердегі интерфейстер қалай ерекшелінеді?

3) Компьютерлік  жүйелердің интерфейстерінің анықтамалары қандай?

4) Пайдаланушы интерфейстер мәселелерімен қандай ұйымдар айналысады?

 

2 дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері

 

Дәріс мақсаты: адам-оператордың компьютерлік жүйелердегі орны туралы түсініктер.

 

          Пайдаланушы мен бағдарламалық жүйенің диалогтық өзара қатынасында хабарламаның екі түрі белгіленеді:

          - пайдаланушының ақпаратты енгізуі құралы арқылы туындаған кіріс хабарламалары және ақпаратты шығару;

          - көрсету көмегі арқылы, жүйемен негізделетін шығару хабарламалары.

          Диалогтың бірінші қадамы көп жағдайда жүйенің бір немесе бірнеше шығару хабарламаларын беруінен басталады. Шығару хабарламалары, процедуралық бөлімнің орындалуын немесе жүйенің жағдайы мен диалогының нәтижелерін көрсетеді. Диалогтың реттілігі, өз кезегінде бастамасы жүйе мен пайдаланушыға жататын реттіліктерге бөлінеді. Және де бастаманың үшінші түрі – басқару сигналдары арқылы, бастаманы ауыстырып отыратын, аралас бастамасы болады. Өзара қатынастың директивті түрі - жүйені білуді және операциялық жүйенің басқару командаларын жақсы білуді талап етеді.

CLI - командалық файлдар негізіндегі, бағдарламалық жүйемен диалогты – директивті өзара қатынас түрі интерфейсін жасау тәсілдерін игеру мен дағдылану. Диалогты қатынастың бұл түрі алдын ала дайындалған пайдаланушыға арналған және одан бағдарлама алгоритмдерін білуді, сондай-ақ осы бағдарламаларды басқарудың параметрлерімен бөлек командаларын білуді талап етеді. Бағдарламаларды іске қосу немесе бөлек директиваларды орындау командалық жолдан басталады.

          Пайдаланушы мен бағдарламалық жүйенің өзара қатынасының директивті – диалогты іске асыратын, 4 командалық файлды құрудан тұрады.                 Пайдаланушы мен жүйе диалог жүргізілетін командалық файлдар (bat-файл) құрылуы керек:

1-нұсқа – параметрлермен символдармен; мұнда «р» параметрін пайдаланғанда «stud» каталогінің мазмұнын көруге болады.

@echo off

if -%1= =- goto konez

if %1== p goto work

: work

dir c:\stud

pause

goto konez

: konez

echo Сіз жұмысты аяқтайсыз ба?

pause

goto exit

: exit

2-нұсқа – файлдардың атын пайдаланатын параметрлермен.

a.txt файлының параметрі ретінде қарастырғанда осы файлдың мазмұнын қарау.

@echo off

if -%1==- goto konez

if not exist %1 goto mess

echo файлды қарау

type %1

pause

goto konez

: mess

echo файл табылған жоқ

pause

goto konez

: konez

echo Сіз жұмысты аяқтайсыз ба?

pause

goto exit

: exit

3-нұсқа – “CHOICE” сыртқы командасын пайдаланумен.

Бұл мысалда әрекеттесудің диалогтық директивті түрі қарастырылған, мұнда командалық файл келесі функцияларды орындайды: “y”  альтернативасын таңдағанда “stud” каталогі көрсетіледі, “n” альтернативасын таңдағанда – бағдарламадан шығу, егер де қолданушы ешқандай таңдау жасамаса, онда ДЭЕМ 10 секундтан кейін өзі таңдау жасайды, бұл жағдайда жұмыс аяқталуы орындалады.

@echo off

echo Егер сіз “stud” каталогін қарағыңыз келсе “Y” басыңыз

choice /c:YN /t:N,10

if errorlevel 2 goto vyhod

dir C:\stud

pause

goto exit

: vyhod

echo Жұмыс соңы

pause

:exit

4-нұсқа – бірнеше параметрлерді пайдаланумен.

            @ECHO OFF

if /%1==/ goto konez

if not exist %1 goto error

if %2==u goto udal

if %2==c goto copu

if /%2==/ goto konez

:copu

md AAA

echo Katalog cozdan

pause

copy %1 AAA

pause

goto exit

:udal

del %1

pause

goto konez

:error

echo file ne ukazan

:exit

 

Сапалы интерфейсті құру “пайдаланушы мүддесі бәрінен де артық” қағидасын және соған сәйкес бүкіл бағдарламалық өнімді құру әдістемесін іске асыруды қарастырады. Ағылшын тілді әдебиетте мұндай қарастыруды суреттеу үшін User-centered Design (UCD) – “жасалған зат пайдаланушыға арналған” термині қолданылады. Бәрінен басқа, бұл технология, интерфейсті ертерек жобалап, бағдарламалық өнімді құру кезінде ары қарай дамытуға негізделген.

Пайдаланушы интерфейсінің «жақсы» құрамы мынада: пайдаланушы бағдарламалық қамтаманы басқарып отырғанын байқайды, ал керісінше емес.

 

Бақылау сұрақтары:

1) “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында қандай негізгі сұрақтар қарастырылады?

2) Инженерлік психология нені зерттейді?

3) “Адам-оператор” интерфейсін ұйымдастыру барысында инженерлік психология қандай негізгі сұрақтарды  шешеді?

4) “Адам-оператордың” ақпаратты  басқару мен өңдеудегі жалпы сұлбасындағы рөлі мен орны қандай?

5) Ақпаратты  басқару мен өңдеудің жалпы сұлбасына түсініктеме беріңіз.

 

3 дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары: интерфейстің келісімділігі, “кері байланыс” қағидасы, интерфейс қарапайымдылығы

 

Дәріс мақсаты: интерфейстің келісімділігі. “Кері байланыс” қағидасы. Интерфейс қарапайымдылығы.

 

Интерфейс қарапайымдылығы.

Қарапайым интерфейс бұл – пайдаланушының үйреншікті шешу әдістерін өзгертпейтін интерфейс. Дербес жағдайда қосымша берген жауаптар мен хабарламалар қосымша түсініктемелерді қажет етпеуі тиіс. Аталмыш пәндік облыста қолданылатын белгілеулер мен терминдер жүйесін сақтап қалу орынды болады. Пайдаланушыға таныс суреттер мен түсініктерді қолдану тапсырмаларды орындалу барысында интуитивті түсінікті интерфейсті қамтамасыз етеді.

Интерфейстің келісімділігі.

Келісімділік интерфейсі пайдаланушыларға білімдерін жаңа есептерге көшіруге және жаңа аспектілерді үйренуге мүмкіндік береді. Келісімділік интерфейстің барлық аспектілеріне маңызды. Оның ішінде команда аттары, ақпаратты визуалды түрде көрсету және интерактивті элементтердің тәртібі де бар. Жасалынып отырған бағдарламалық қамтамада  келісімділік  қасиетін іске асыру үшін оның әртүрлі аспектілерін ескеру қажет.

Қосымшаның шеңберіндегі келісімділік.

Бір команда  бір қызметті қай жерде кездескеніне қарамастан бірдей орындауы керек. Мысалы, егер бір сұхбат терезесінде “Көшіру” командасы сәйкес қызметті дереу орындауды білдірсе, онда басқа терезеде пайдаланушыдан көшіретін ақпараттың орны туралы қосымша көрсетуді талап етпеуі тиіс.

Жұмыс ортасы шеңберіндегі келісімділік.

Операциялық жүйемен (мысалы, OЖ Windows) берілген  интерфейспен келісімділікті қолдай отырып, сіздің қосымшаңыз пайдаланушының басқа да қосымшалармен жұмыс істегенде алған білімі мен дағдыларына сүйене алады.

Интерфейстің жақындылығы («кешірім» қағидасы).

Әдетте пайдаланушылар жаңа бағдарламалық қамтамамен жұмысты көптеген қателер жіберу арқылы түсінеді. Жұмыстың әр сатысында бағдарлама пайдаланушыға қай қимыл жүйеге зиян келтіретінін айтып отырса, жақсы болар еді немесе  қатені түзету мүмкіндігі болса, тіпті жақсы. Жақсы ойластырылған интерфейс дегеннің өзінде пайдаланушылар қате жіберулері мүмкін. Бұл қателердің “физикалық” (дұрыс емес команда немесе мәліметтерді кездейсоқ таңдау) және  “логикалық” түрлері (команда немесе мәліметтерді таңдау туралы дұрыс емес шешім қабылдау) болады. Тиімді интерфейс қатемен аяқталатын оқиғаны болдырмауы қажет. Ол сонымен қатар пайдаланушының мүмкін қателеріне икемделуі және қателерді жою үдерісін жеңілдетуі қажет

“Кері байланыс” қағидасы

Пайдаланушының кері байланыстық қатынасының мағынасы - пайдаланушы әрбір қадамы туралы визуалды, кейде дыбыстық расталуы қажет, яғни бағдарламалық қамтамаға берілген команда қабылданғаны расталуы керек. Сонымен қатар орындалған қадам табиғатын ескеруі қажет. Кері байланыс пайдаланушы мен жүйенің соңғы өзара әрекеттесуі кезінде және уақтылы орындалғанда ғана тиімді болып саналады. Компьютер түскен есепті орындап жатқанда, пайдаланушыға орындалу үдерісінің жағдайын, керек жағдайда үдерісті тоқтатуға мүмкіндік беру пайдалы.

Интерфейстің қарапайымдылығы.

Интерфейс қарапайым болуы қажет. Қолдану және үйренуге қолайлы, жеңіл болуы көзделеді. Берілген қосымшаның функционалды мүмкіндіктеріне қатынасуға мүмкіндік берілуі керек. Кең функционалды мүмкіндікке рұқсат алу мен жұмыс істеуді қарапайымдандыру бір-біріне қарама-қарсы. Осы мақсаттарды орындау үшін тиімді интерфейсті жасау қажет. Қарапайымдылықты сақтаудың бір түрі – пайдаланушыға келесі қадамды орындауы үшін минимальды мәлімет беру. Жекелей айтқанда, көпсөзді командалық атаулар мен хабарламаларды айналып өту. Ойланылмаған немесе шектен тыс сөздер пайдаланушының керекті мәліметті алу мүмкіндігін қиындатады. Қарапайым, бірақ тиімді интерфейсті құрудың басқа бір жолы – элементтерді мағыналы мәні және логикалық өзара байланысымен экранда орналастыру. Бұл пайдаланушының жұмыс істеу барысында ассоциативті ойлануына мүмкіндік береді. Тізбектелген ашылу (сұхбаттық терезе, мәзір және т.б) арқылы пайдаланушыға көмектесуге болады. Тізбектелген ашылу ақпараттың келесі қадамды орындауы үшін керекті ғана бөлігін әр мезетте экранда көрсетеді. Пайдаланушыға арналған ақпараттың көлемі азайған сайын, өңделетін ақпарат көлемі де азаяды. Осындай ұйымдастырудың мысалы ретінде иерархиялық мәзірді атауға болады. Оның әр деңгейі пайдаланушымен таңдалған жоғары деңгейдегі бір бөлігіне сай.

Интерфейстің иілгіштігі.

Интерфейстің иілгіштігі – бұл пайдаланушының дайындық деңгейі мен өнімділік еңбегін ескеру қасиеті. Иілгіштік қасиет – енгізілген мәліметтердің немесе сұхбаттың құрылымын өзгертуді болжайды. Иілгіш интерфейс тұжырымдамасы қазіргі кездегі адам мен компьютер арасындағы негізгі зерттеу аумағы болып саналады. Негізгі мәселе - сұхбатты өзгертуді ұйымдастыруда емес, ал оған өзгерту енгізуде қандай белгілерді қолдануында. Бейімделудің үш түрі белгілі: нақты, толық және косметикалық.

Нақты бейімделу кезінде пайдаланушы сұхбаттық қолдау деңгейін таңдайды. Мұндай бейімделудің қарапайым нұсқасы екі деңгей ережесін қолдануға негізделген. Оған сәйкес жүйе сұхбаттың екі түрін қамтамасыз етеді:

- толығымен, егжей-тегжейлі (бастауыш пайдаланушылар үшін);

- қысқаша (дайындалған пайдаланушылар үшін);

Екі деңгей ережесі N-деңгейлі сұхбат ережесіне дейін ұлғаюы мүмкін.

Бірақ оның бірнеше кемшілігі бар:

- дағдының  біртіндеп жиналатыны туралы факт ескерілмейді;

- пайдаланушы жүйенің бір бөлігін жақсы біліп, бір бөлігін білмеуі мүмкін;

- пайдаланушы өзінің дайындық деңгейін өзі айқындауы, баға берудің нысанивтілігін төмендетеді.

Толық бейімделу кезінде сұхбаттық жүйе пайдаланушының моделін соңғы оқыту барысында болған өзгертулер нәтижесіне байланысты құрастырады. Өз кезегінде пайдаланушының сипаттамасын анықтау мәселесі негізгі мәселе болып табылады. Оны шешу үшін сипаттама үшін нені пайдалану керектігін анықтау керек: пайдаланушының жауап беруге кеткен уақыты, оның қанша рет көмекке жүгінгенін немесе қате сипаты және сұралған көмек түрі.

Косметикалық бейімделу пайдаланушының жүрісін ескермей, сұхбаттың иілгіштігін қамтамасыз етуі, бірақ сұхбаттың нақты стилін таңдамауы керек.

Мұндай бейімделуге келесі әдістерді қолдану арқылы жетуге болады:

- алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану;

- қысқартуларды қолдану;

- жауаптарды озық енгізу;

- көпдеңгейлік көмек;

- көптілділік.

Алдын ала келісім бойынша қабылданғандықты қолдану. Оның мәні – пайдаланушы өзгертпегенше жүйе қандай да бір параметрдің бастапқы мәнін қолданады. Бұл жағдайда жүйе бейімделуінің екі аспектісі орындалады:

1) бастаушы пайдаланушы жүйенің үндеместік түрде көптеген параметрлерін қолдануға мүмкіндігі бар;

2) жүйе көп қолданылатын немесе соңғы берілген мәндерді есте сақтай алады.

Бастаушы пайдаланушылар жеңілдігі үшін үндеместік түрде қолданылатын мәндер экранға жүйенің сәйкесінше сұрағымен экранға шығарылуы мүмкін. Мысалы: “құжатты тіркеу күні [ағымдағы]”. Үндеместік түрде мән қабылдаудың ең тараған түрі – нөлдік енгізу, яғни жүйе сұрағына жауап ретінде “Енгізу” батырмасын басу. Егер командалық тіл қолданылса, онда пайдаланушы үндеместік түрде қолданылатын параметрді өткізіп жібереді.

Қысқартуды қолдану команданың толық атының орнына оның кезкелген мүмкін қысқартуларын, белгіленуін қарастырады. Жауаптарды озық енгізу идеясының негізі, пайдаланушы сұхбаттың кезекті жүрісінде бір ғана жауап емес, тізбектелген жауапты енгізуге мүмкіндігі бар.

Көпдеңгейлі көмек әдіс идеясында экранға басында бастапқы деңгей туралы ақпарат шығады, сонан соң пайдаланушы кілттік сөздің көмегімен төмен деңгейге өту арқылы алынған ақпаратты нақтылай алады. Осындай қағидада гипермәтіндік жүйеге оқытатын қазіргі Help-жүйелердің көбі жұмыс істейді.

Көптілділік интерфейстің мағынасы мынада: пайдаланушы қолданып отырған құрылғыларына байланысты емес, ал пайдаланушы берген және алған ақпараттар оның ана тілінің нормаларына сәйкес болуы қажет. Көптілділікті жүзеге асырудың мүмкін жолы – пайдаланушының қозғалысына жүйенің құралдар реакциясын құру (сұраныс-ақпараттар, көмек-ақпараттар, қателер туралы  ақпарат). Ол  бағдарламалау тілінің (құралдық құрылғылар) синтаксисінен жеке құрылады.

Интерфейстің эстетикалық тартымдылығы, көзбен шолу компоненттерді жобалау бағдарламалық интерфейсті өңдеудің ең маңызды құраушы бөлігі болып табылады. Пайдаланатын нысандарды мүлтіксіз көзбен шолу түрінде көрсету, әртүрлі нысандардың өзара қатынасы мен жүрісі туралы өте маңызды қосымша ақпаратты жеткізуді қамтамасыз етеді. Әрбір экранға шыққан көзбен шолуды элементке пайдаланушы көңіл бөлуі қажет. Экранда берілген ақпаратты пайдаланушы түсініп қана қоймай, сонымен қатар оның маңызды аспектілеріне көңіл бөлетіндей графикалық ортаны қалыптастыру қажет.

Жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, тиімді пайдаланушы интерфейсін құруға мүмкіндік беретін төмендегідей негізгі ережелерді қалыптастыруға болады:

- пайдаланушы интерфейсін жобалауды, қосымшаны құруда жеке кезең ретінде қарастыруға болады. Оның орындалуы мүмкін болғанша ерте басталғаны жөн;

- интерфейсті іске асыратын аппаратты-бағдарламалық құрылғылардың мүмкіндіктерін және ерекшеліктерін ескеру қажет;

- құрастырылып отырған қосымша кіретін пәндік облыстың ерекшеліктері мен дәстүрлерін ескеру қажет;

- интерфейсті құрастыру үдерісі итерациялық түрде болуы қажет. Оның негізгі элементі болып алынған нәтиженің мүмкін пайдаланушымен келісуі болып табылады;

- интерфейсті іске асыру әдістері мен құрылғылары, оның пайдаланушының қажеттілігі мен сипаттамаларына бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Пайдаланушының ”жақсы” интерфейсінің қасиеттері қандай?

2) Пайдаланушы интерфейсін жобалаудағы нақтыланған, толық және косметикалық бейімделулерге түсініктеме беріңіз.

3) Пайдаланушы интерфейстердегі үндемеу қағидасы қалай қолданылады?

4) Пайдаланушы интерфейстердегі эстетикалық тартымдылық  қалай іске асырылады?

 

4 дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары: интерфейстің  қасиеті, интерфейсті құру ережелері

 

Дәріс мақсаты: интерфейстің  қасиеттерін қарастыру. Интерфейсті құру ережелерімен танысу.

 

MAKE.EXE – бағдарламаны өңдеу үдерісі кезінде компиляция мен линковканы басқару үшін арналған утилиттер. MAKE жұмысы орындалатын және нысанілік файлдар арсындағы ақпараттық және уақыттық байланыстарға негізделген. Байланыстыру мен компиляцияны қайта жіберген кезде MAKE тек өңдеу кезінде (компиляциялайды, байланыстырады)  модификацияланатын файлдарды ғана жібереді, ол уақытты үнемдеуге көмектеседі. MAKE бағдарлама  үшін синтаксис:

MAKE [options...] [target[target]]

options

are MAKE options that control how MAKE works

target

is the name of the target listed in the makefile that you want to build

Келесі тізім графикамен жұмысты оңайлату үшін қолданылады.

1) Refreshing the screen (экранды қайта салу).

2) Types of graphic objects (нысан типтері).

3) Common properties and methods of canvases (жалпы қасиеттер және палитра әдістері).

4) Handling multiple drawing objects in an application (қосымшада қолмен салу).

5) Drawing on a bitmap (биттік аймақта сурет салу).

6) Loading and saving graphics files (графикалық файлдарды сақтау және жүктемелеу).

7) Using the clipboard with graphics (графика үшін  буфер қолдану).

8) Rubber banding example (мысал).

Компоненттерді және компонентер пакетін құру, оларды қолдану. Компоненттерді визуалды жобалау әдістемесі. Өз компоненттеріңізді өңдеу және қосу. Жаңа копоненттерді екі түрлі әдіспен құруға болады – қолмен және компонент мастерінің көмегімен (Component wizard). Өңдеудің негізгі қадамдары:

1) Create a unit for the new component (Жаңа компонент үшін модуль құру).

2) Derive your component from an existing component type (Мұрагер типін анықтау).

3) Add properties, methods, and events (әдістер, уақиғалар, қасиеттер қосу).

4) Register your component with the IDE (компонент тіркелуі).

5) Create a bitmap for the component (ярлык құру).

6) Create a package (a special dynamic-link library) so that you can install your component in the IDE.

7) Create a Help file for your component and its properties, methods, and events (көмек құру).

Жұмыс аяқталғанда келесі файлдарды көруге болады:

1) A package (.BPL) or package collection (.DPC) file (пакет немесе коллекция пакеті).

2) A compiled package (.DCP) file (компиляция файлы).

3) A compiled unit (.DCU) file (нысандық  файл).

4) A palette bitmap (.DCR) file (ярлык файлы).

5) A Help (.HLP) file (көмек файлы).

Open Tools API интерфейстері. Мастерлер құру. Tools API аспаптарының барлық функциялары – ToolsAPI бір модулінде берілген.

C++Builder және Delphi мастерлері, көп аспаптар үшін платформалары сәйкес болады, яғни  wizard in Delphi құрып, оны C++Builder қолдануға болады.

Мастер Tools API-мен берілген сервистерді қолданады. Әрбір сервис – функциялар тобынан тұратын интерфейсті құрайды.

Сервистер және басқа интерфейстер екі топқа бөлінген, ол префикстерде белгіленген - NTA  және OTA. NTA (native tools API) бар IDE нысанілерге тікелей қатынауды қамтамасыздандырады, мысалы, TmainMenu сияқты. OTA (open tools API) пакеттеуді керек етпейді және IDE қатынау интерфейс арқылы орындалады.

Tools API екі түрлі интерфейсті туындайды, біріншісі программист дайындайды, ал екіншісін IDE дайындайды. Сіз жасап шығаратын мұрагер интерфейстер үш санатқа бөлінеді: мастер (wizards), сипаттаушы (notifiers),  құрушы (конструкторлар, creators).

Сипаттаушы (notifier) – интерфейстің басқа түрі, оны IDE артқа қайтуды анықтау үшін қолданады.  Құрушы (creator) интерфейстің басқа түрі, оны өзгерту керек. Жаңа модулдер құру үшін қолданылады.

Компонент құру мастері және компоненттері - Component wizard  -  құру үшін керек деректер:

1) мұрагер классты анықтау (The class from which the component is derived);

2) жаңа класқа жаңа ат беру (The class name for the new component);

3) палет компонентінің бетін анықтау, онда жаңа класс орналасады (The Component palette page where you want it to appear);

4) компонент орналасатын модуль атын анықтау  (The name of the unit in which the component is created);

5) модульге барар жолды көрсету – толық аты (The search path where the unit is found);

6) жаңа компонент орналасқан пакет атын анықтау (The name of the package in which you want to place the component).

TActionList компоненті бұл — орталықтандырылған сақтау, мұнда пайдаланушы жағынан әрекеттер олармен орындалатын  реакциялармен байланысады.

Әрекет (Action) деп операцияны атаймыз, оны пайдаланушы интерфейс элементтеріне әрекеттесіп жасайды. Әрекет орындалу керек компонент әрекет (Action target) мақсаты деп аталады. Әрекет инициализацияланған компонент (батырма, мәзір пункті) — әрекет клиенті (Action client) деп аталады.

Ескерту. Барлық әрекеттер бір компоненттер TActionList немесе TActionManager тізіміне біріккен кезде ғана жұмыс істей алады. Бұл компоненттердің сыртынан ешбір әрекет орындалмайды.

Бірінші жұмыс формаға  TActionList компонентін орнатудан басталады. Ол бірінші Standard бетіндегі  компоненттер палитрасында орналасқан. Бұдан кейін әрекеттер тізімінің редакторын маустың басқышын екі рет компонент немесе контекстік мәзірді басу арқылы жіберу керек.

Әрекеттерді қосу. Қоспастан бұрын әрекет дегеніміз не?

Әрекеттермен байланысты уақиғалар TAction компоненті үш уақиғаға көңіл бөледі: OnExecute, OnUpdate И OnHint.

Бірінші — және бұл негізгі — берілген әрекетке берілетін реакция. Бұл уақиға басқышты басу кезінде орындалады.  Мұнда — тәртіпке байланысты орындалады. Тәртіпке байланысты деп отырғанымыз, ол сигналды өңдеу сұлбасы бойынша орындалады, оның 4  - этапы бар:

1) Бірінші әрекеттер тізімінен OnExecute уақиға өңдегіші шақырылады:

TActionList:

property OnExecute: TActionEvent; TActionEvent = procedure (Action: TBasicAction; var Handled: Boolean)

of object;

Егер бұл уақиғаның өңдегіші сізбен қаралмаса, онда келесі уақиға генерациясы орындалады — қадам 2.

2) Глобальды Application нысанісінің  onActionExecute уақиғалар өңдегіші шақырылады (уақиға типі алдындағыдай — TActionEvent). Егер әрекет сигналын орындамаса онда келесі қадамға өтеміз.

3) Әрекеттің өзінен onExecute уақиға өңдегіші шақырылады (нысан типі TAction немесе мұраға алынады).

4) Егер бірінші үш қадам жағдайды өңдемесе (False болса), онда, мүмкін, бұл дұрыс қойылмаған мақсатқа байланысты болған шығар (Target). Соңғы амал ретінде қосымшаға CM_ACTIONEXECUTE хабарламасы жіберіледі. Бұл жағдайда бұл жағдай үшін басқа мақсат ізделеді.

 

onupdate уақиғаларды енгізу. onupdate уақиғаларды қолдануға мысал:

procedure TForml.PasteActionUpdate(Sender: TObject); begin

TAction(Sender).Checked := Clipboard.HasFormat(CFJTEXT);

end;

Ескерту onupdate уақиғаларды шақыру кезінде де төрт кезеңдік әрекеттер тізбегі орындалады, ол алдыңғы OnExecute –ге ұқсас.

Үшінші уақиға типі келесідегідей:

THintEvent = procedure (var HintStr: string; var CanShow: Boolean) of object;

Ол басқару элементінен берілген әрекетке байланысты жауаптар керек болған кезде шақырылады. Оқиғалар өңдегішінде бір нәрсе шығатын шықпайтындығын көрсетуге болады (CanShow параметрі) және егер шықса онда не шығатындығы (Hintstr параметрі).

Бұлар Taction компонентіне байланысты уақиғалар болған. Ал TActionList компонентінің өзінің үш уақиғасы бар: OnExecute, OnUpdate және OnChange. Бірінші екеуін біз қарастырдық; ал үшінші тізімді өзгерту кезінде орындалады (әрекеттерді қосу немесе жою).

Әрекеттер клиенттеріне таратылатын қасиеттер, егер бірнеше басқыштардың немесе мәзір пунктерінің бір ғана жалпы өңдегіші болса, онда олардың басқа қасиеттерінің де бірдей болуын талап еткен дұрыс. Delphi –де ол солай тартылған.

TActionManager компоненті (ары қарай тексте — әрекеттер менеджері). Ол басқа да көптеген қосымша мүмкіндіктер береді.

TActionManager редакторының бірінші бетінде (екілік маусты басу арқылы немесе контексті мәзірдегі Customize командасы арқылы шақырылады) барлық панельдер тізімі тұрады, олар берілген әрекеттер менеджерімен байланысқан. Сіз жаңа компонент қосып немесе бұрынғы компонентті  TActionToolBar басқышындағы New және Delete басу арқылы орындай аласыз.

Жүйенің стандартты интерфейсі. Интерфейсті өңдеу мысалы – MS Visual Systems, Borland Visual Systems, Oracle Visual Systems және т.б. Шешімі, артықшылықтары, кемшіліктері, мобильдігі, тереңдігі, түсі, өлшемі, анимациясы, масштабталуы, сенімділігі, қатынау жылдамдығы және т.б. Жүйенің стандартты интерфейсінің элементтері және олардың компоненттік таратылу.

Бір қосымшаның екі рет жіберілуінен қалай құтылуға болады?

Мұндай жағдай көп кездеседі. Мұндағы негізгі идея, ол қосылатын қосымша қосылар алдында ресурсты алып алу керек, ал қалғандары да оны орындағысы келеді, бірақ ол бос болмағандықтан, өз жұмыстарын аяқтайды да, оның басқа қосымшалары жасалмайды.

Мұндай ресурстың мысалы — жадығы бейнеленетін файлдағы жалпы блок. Бұл ресурстың аты болғандықтан, оны өз қосымшыңызға уникальды етіп жазуға болады:

 

var UniqueMapping : THandle;

FirstWindow : THandle

; begin

UniqueMapping := CreateFileMapping($ffffffff,

nil, PAGE_READONLY, 0, 32,'MyMap');

if UniqueMapping = 0 then

begin    ShowMessage(SysErrorMessage(GetLastError));    Halt; end

else if GetLastError = ERROR_ALREADY_EXISTS then 

begin    FirstWindow := FindWindowEx(0, 0, TfmMain.ClassName, nil);

if FirstWindowoO then SetForegroundWindow(FirstWindow}; Halt; end;

// Application.Initialize қосмышасының басқа көшірмесі жоқ;

 

Бұндай жолдарды жоба формасын құрудан бұрын текстің басын орныластыру керек.

Жадымен бірге қолданылатын блок жүйелік бет файлында беріледі (бұл жайында бірінші параметр айтып тұр, ол -1 тең, функция сипаттамасын қараңыз.

CreateFileMapping). Оның аты — муМар. Егер блокты құру кезінде қате коды алынса ERROR_ALREADY__EXISTS, онда ол қосымшаның жұмыс істеп тұрған көшірмесінің бар екендігін білдіреді.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Бағдарлама интерфейстерінің түрлері.

2 Интерфейс құру әдістері және аспаптық құралдары.

3) Жүйенің стандартты интерфейсі.

4) Бір және көпбеттік интерфейс.

5) Интерфейсті визуалды жобалауды қамтамасыздандыру технологиялары.

6) Интерфейске инженерлік психология және эргономика талаптары.

 

5, 6 дәрістер. Операторлардың психофизиологиялық сипаттамалары

 

Дәріс мақсаты: сұхбатты жүргізудің қарқыны. Жүйенің жауап беру уақыты. Түсті қабылдау сипаттамалары. Кеңістіктік сипаттамалары ұғымдары мен түсініктерін қарастыру.

 

Оператордың психофизиологиялық сипаттамалары компьютермен байланысқанда өзекті мәселе болып табылады. Біріншіден бұл:

- ақпартты қабылдауға және өңдеуге мүмкіншілігі;

- сенсорлық және қысқа уақтылы жады көлемі;

- өте маңызды ақпаратқа көңілді шоғырлауға дағдылану;

- ұзақ уақтылы жадыдан ақпаратты шығара білу;

- моторлы ептілік пен реакция;

- реакция уақыты;

- түстік гамма қабылдау қабілеттілігі және т.б.

Жоғарыда атап өтілген пайдаланушының сипаттамалары интерактивті қосымша жасауда ескерілуі қажет. Ол экрандағы ақпараттың визуалды атрибуттарының ойланылған таңдау көмегімен пайдаланушының бағдарламалық қосымшамен ыңғайлы қарқында жұмыс істеуді қамтамасыз етуі керек.

Сұхбатты жүргізу қарқыны.

Сұхбатты жүргізудің қарқыны шешілетін есептің ерекшелігіне және компьютердің аппараттық және бағдарламалық құрылғыларының сипаттамасына байланысты. Сұхбатты жүргізу қарқынының адамның психологиялық ерекшеліктеріне сәйкестік талаптары, осы сипаттамалардың мәндеріне тек “жоғарыдан” ғана емес, сонымен қатар “төменнен де” шектеулер қояды. Осы мазмұндауды түсіндірейік.

Жүйенің жауап беру уақыты оқиға және жүйенің оған реакциясының аралығы ретінде қарастырады. Интерфейстің осы сипаттамасы пайдаланушының есептің келесі қадамына өтуінің бөгелісін анықтайды. 60-жылдары ең алғашқы интерактивті жүйелер пайда болғанда сұхбатты жүргізу қарқынын есепке алу сезілді. Жүйенің баяу жауап беруі пайдаланушының психологиялық қажеттілігіне сәйкес келмейді, ол қызметтің тиімділігін төмендетеді. Өте тез жауап қайыру жүйе туралы жағымсыз ойға әкелуі мүмкін. Жауап беру уақытына қойылатын талап пайдаланушы жүйе жұмысынан нені күтетіні және жүйемен қатынастың есепті орындалуына қалай әсер ететіне байланысты. Зерттеулер көрсеткендей, егер жауап беру уақыты күткеннен аз болса, онда мәзірден операцияларды таңдау дәлдігі жүйенің жауап беру уақыты өскен сайын өседі. Жүйенің тез жауап беруі пайдаланушыны асықтырады да, ол өзінен әлдеқайда епті әріптесінен қалмауға тырысады. Жауап беру уақыты пайдаланушының табиғи жұмыс істеу ритміне сәйкес болуы қажет. Жай сөйлесу кезінде адам жауапты 2-секундтай күтеді, компьютермен жұмыс істегенде де сол сияқты. Күту уақыты оның жағдайы мен мүддесіне байланысты. Пайдаланушыға оның алдыңғы жүйемен жұмыс істеу тәжірбиесі де әсер етеді.

Әдетте адам бір мезетте бес-тоғыз зат туралы мәліметтерді есте сақтай алады. Сонымен қатар қысқа мезетті есте сақтау қабілеті уақытпен: 2-сек ауызша ақпарат және 30 секунд сенсорлық үшін шектелген. Сондықтан адамдар бірмезгілде ақпараттың өлшеміне қарай есте сақтай алғандықтан, өз қызметін кезеңдерге бөлуге ыңғайланады. Кезекті кезеңнің аяқталуын кідіру деп атаймыз. Кідіру болуға кедергі келтіретін тоқтамдар өте зиянды және жағымсыз, өйткені қысқамерзімді жады құрамы үнемі жаңаруды талап етеді және ол сыртқы факторлардың әсерінен тез жойылады. Кідірістен кейін мұндай кідірістер өте қажет және қолайлы. Есептің аяқталуы, демалу, жабылу деп аталады. Сол мезетте ақпаратты әрі қарай сақтаудың керегі болмай, адам нақты психологиялық жеңілдейді. Пайдаланушылар өз жұмыстарын тезірек жабуға тырысқандықтан, пайдаланушы аралық ақпаратты уақтылы жойып отыруы үшін, сұхбатты фрагменттерге бөлуі қажет. Пайдаланушылар, көбіне бастаушылар үлкен операцияның көп кіші операцияларын таңдайды. Өйткені олар алдынғы қадам жұмысының детальдарынан көңілін аулап қана қоймай, жақсы басқару мүмкіндігіне ие болады. Зерттеулер нәтижесінде интерактивті жүйе жауабы үшін келесі ұсыныстарды ұсынады:

1) 0,1.....0,2 сек – физикалық жүрісті растау үшін (батырманы басу, мауспен жұмыс).

2) 0,5.....1,0  сек – қарапайым командаға жауап беруі үшін (мысалы, команда беру кезеңінен, экранға жаңа бейне шыққанға дейін мәзірден қажетті жауапты таңдау).

3) 1...2 сек – байланыс сұхбатын жүргізгенде (пайдаланушы өзара байланысты сұрақтарды ақпараттың бір бөлігі  деп қарастырып, оған жауап қайтаруды қалыптастырады; бірінен кейін бірі тізбектелген сұрақтар арасындағы кідіріс көрсетілген ұзақтықтан аспауы қажет).

4) 2...4 сек – күрделі сұраныс үшін. Кейде 10 сек дейін созылуы мүмкін.

5) 10 секундтан жоғары – мультиесепті режимде жұмыс істеу. Пайдаланушы есепті фондық үдеріс ретінде қабылдаса, онда мультирежим іске қосылады.

Егер пайдаланушы 20 сек көп жауап алмаса, онда бұл интерактивті жүйе емес. Бұл жағдайда пайдаланушы есепті “ұмытып”, басқа есепке көшіп, оған ыңғайлы болған кезде оралуы мүмкін. Бұл жағдайда жүйе пайдаланушыға  жауаптың кідіруі жүйенің жұмыстан шыққаны емес екені туралы мәлімет беруі қажет.

Кескінделген ақпараттың визуалды атрибуттары.

Кескінделген ақпараттың көзбен шолу атрибуттарына жататындар:

- кескінделген нысанның өзара орналасуы және көлемі;

- түстік палитра;

- пайдаланушы назарын аударатын құрал.

Экранда нысандардың ыңғайлы орналасуы, адам миының оң және сол жақтарының ассимметриясын есепке алуға байланысты. Себебі оң және сол жақ жарты шарлар ақпаратты қабылдауда және өңдеуде әртүрлі қатысады. Жек жағдайда, сөздерді еске сақтауда сол жақ жарты шар маңызды рөл атқарады, ал түрлерді (образ)  сақтауда  оң жағы белсенді. Экранның оң бөлігіндегі ақпарат сол жақ жарты шарға түседі, керісінше сол бөліктен оң жаққа түседі. Кей адамдарда жарты шарларды бөлу функциясы қарама-қарсы, әйелдерде ассимметрия еркектерге қарағанда осалырақ дамыған. Бұл жағдай ақпаратты көрсету сипатын жекелендіру керектігін тағы да дәлелдейді. Хабарламалардың келіп түсу аралығы 10-сек аспаса, жады ассимметриясын ескеру маңызды рөл атқарады. Сондықтанда осы ұсыныстарды нақты уақыт режимінде жұмыс істейтін бағдарлама интерфейсін құруда ескеру қажет.

Тағы бір маңызды мәселе – ол оператордың бір мезетте бес-тоғыздан көп емес нысандардың қысқа мерзімді жадыда сақтаудың шектілігі.

Визуалды элементтерді қабылдау қарапайым үдерістерден тұрады: іздеу, анықтау, тану және декодтау. Осы үдерістерді орындау үшін пайдаланушының көру қабілетінің сипаттамасының маңызы зор:

- түстік қабылдау;

- жазықтылық;

- ашықтылық;

- уақыттылық.

Мұның бәрі экрандағы нысан өлшемі мен оның сәулелену қасиетіне байланысты.

Түсті қабылдау сипаттамасы.

Түстер реңі, жарықтылығы және қанықтылығына қарай ажыратылады. Жарықтылығы 10 кд/м2 болғандағы түстің спектр бойынша көлеңкелер саны, максимальды қанықтылық жағдайында 150-ге тең. Қанықтылық деңгейін анықтау 4-тен (сары түс үшін) 25-ке (қызыл түс) дейін. Жекеленген жағдайда адам 10-12 түс реңін анықтай алады, ал басқа түстермен аралас 8-ден көп емес болады. Нысанның жарықтылығы осы түсті қабылдауға әсер етеді. Жарықтылық азайған сайын сары және көк түстердің біртіндеп түссізденуі болады, ал спектр үш түсті болады: қызыл-жасыл-күлгін. Түсті қабылдай сонымен қатар нысанның бұрыштық өлшеміне де байланысты: өлшемнің кішіреюіне байланысты көрінетін жарықтылық өзгереді және түсі бұрмаланады. Сары және көк түстер ең көп өзгеріске ұшырайды.

Көп жағдайларда  түс гаммаларын таңдауда көру арқылы қабылдау сипаттамаларын, яғни ажырату ұшқырлығын ескерген дұрыс.

Фон түсі мен символ түсінің келесідей мүмкін комбинациялары қабылданған (нақты қабылдауының кему ретімен):

1) Көк – ақ түсте.

2) Қара түс сары түсте.

3) Жасыл – ақ түсте.

4) Қара – ақ түсте.

5) Ақ – көк түсте;

6) Жасыл – қызыл түсте.

7) Қызыл – сары түсте.

8) Қызыл – ақ түсте.

9) Қызыл-сары – қара түсте.

10) Қара – қара-қошқыл түс.

11) Қызыл-сары – ақ түсте.

12) Қызыл – жасыл түсте.

Жарықтық сипаттамалары.

Олар жарық шығаратын нысанның көру аумағының өлшемін, сонымен қатар жылдамдық пен жарықталатын ақпаратты өңдеудің қатесіздігін анықтайды. Жарық шығаратын нысанды көздің қабылдауы 106...105 кандел/м2 жарықтық аралығында болуы мүмкін. Жарық шығаратын нысанінің жарықтығын табу теңдеуі келесідей:

В=К - 0,25∙ln(а)   +  0,79;

мұнда, К – шағылысу дәрежесі (егер К = 1...2, оператор ыңғайсыз жағдайда болады; ал К = 3... 8 – ауыртпалық жағдайда болады); а – жарық шығаратын нысанінің бұрыштық өлшемі (градуспен өлшенеді). 15∙106-нен жоғары болатын жарық  көруді шағылыстырады.

Пайдаланушының ұзақ уақыт көру жұмысын қамтамасыз ету үшін экрандағы нысанілердің жарығы 64 кд/м2 аспау керек; мұнда жарықтықтардың ауысуы пайдаланушының көру аумағында 1:100-ден аспау қажет. Күрделі нысандардың тез ажырату 3х103 кд/м2 жарығы кезінде болады.

Сонымен қатар қара түстілерге қарағанда ашық түсті нысандарды қабылдау 3-4 есе төмен екенін ескеру керек; ашық түсті нысандарды қарта түсті фонда тез анықталады.

Кеңістіктік сипаттамалар.

Бұл сипаттамалар тобы нысандарды анықтау, ажыратуына әсер етеді. Тәжірибелік есептерді шығарған кезде келесі ережелерді ескеру керек:

1) Нысан туралы негізгі ақпаратты оның нобайында; күрделілігі жоғарылаған сайын нобайды (нобай) анықтау және ажырату уақыты да жоғарылайды.

2) Қарапайым нобайларды ажыратуға қарағанда күрделі нобайларды ажыратқанда қателіксіз жоғары болады.

3) Нысандардың пішінін қабылдауда фигура/фон қатынасы маңызды рөл атқарады.

4) Нысандардың ең кіші өлшемі берілген контраст пен жарықтық деңгейлеріне таңдалуы қажет. Бұл параметрлердің мәндерінің азаюы нысанның бұрыштық өлшемдерінің көбеюін қажет етеді.

5) 1,5-1,98 аралығындағы ажырату ықтималдығының артуы үшін жай пішімі үшін 20-25 %, ал әріп пен сан типті белгілер үшін екі есе бұрыштық өлшемдері артуы қажет.

Пішімнің тігінен және көлденең осьтерге қатысты орналасуын ажырату үшін айқындау шамасы 3 есе артуы қажет (қара нысанның жарық фонда айқындалуы 1 бұрыштық секундқа тең).

Егер экранда қозғалыстағы нысандар болса, онда бірнеше қосымша факторларды ескеру қажет. Мысалы, нүктелік нысан 0,25 градус/с жылдамдығымен қозғалатын болса, оның үздіксіз қозғалысы дискретті деп қабылданады, 0,25...4 градус/с жылдамдығымен – үздіксіз, ал 4 градус/с жылдамдығынан артық болса, көрініс тұтас сызыққа біріктіріледі. Сонымен қатар жалған қозғалыстың үш түрі бар екенін ұмытпау қажет:

- әртүрлі нысандардан екі бірдей сигналдың кезекпен шығарылуы кезінде сигналдың бір жағдайынан екіншіге орын ауыстыруын қабылдау;

- нобайлары бірдей екі нысан кезекпен келгенде, нысанның өлшемдері өзгеретін сияқтанады;

- фон түсі немесе нысанның жарығы өзгергенде, нысан өлшемдері өзгеретін сияқтанады.

 

 

Бақылау сұрақтары:

1) Оператордың негізгі психофизиологиялық сипаттамаларын атаңыз.

2) Жүйенің жауап беру (үндесу) уақыты дегеніміз не?

3) Адамның түсті ақпаратты қабылдау ерекшеліктері қандай?

4) Адамның ақпараттың жарық сипаттамаларын қабылдауы қандай?

5) Ақпараттың кеңістіктік сипаттамаларын адам-операторымен қалай ескеріледі?

 

7 дәріс. Операторлар қызметінің уақыттық сипаттамалары

 

Дәріс мақсаты: көздің ақпаратты қабылдауы. Пайдаланушының жалпылама сенсомоторлы сипаттамалары.

 

Жарқыраған нысанның көздің қабылдауы адам-операторында көздің бастапқы тітіркенуі мен оның үзілуіне қатысты біраз іркіледі, бұл көз талдағышының қызметін бірнеше ерекшеліктерін шарттандырады. Бұл ерекшеліктер бірлік жарық сигналдары қабылдауда, олардың кезектелуі кезінде де көрініс табады. Көздің уақыттық сипаттамаларын білу сигналдардың экспозиция уақытын айқын таңдауға мүмкіндік береді. Ол сигналдарды ең кіші ажырату және сигналдарды кезекпен  келуінің уақыттық аралықтарын қамтамасыз етеді.  Көз қабылдауының негізгі уақыттық сипаттамалары 1-кестеде келтірілген.

Жоғарыда қарастырылған сипаттамалармен қатар пайдаланушының тиімді жұмысында экранда бейнеленетін ақпараттың мағыналық мазмұнын беру әдісі маңызды рөл атқарады.

 

1 кесте - Көздің уақыттық сипаттамалары

Сипаттама

Сандық мәні

Бақылау шарттары

Жылтыңдаудағы субъективті қабылданатын жарық

 

200

100

50

Жылтыңдау жиілігі (Гц)

8..10

16..20

24..28

Жылтыңдауды бөлек қабылдаудың шекті жиілігі, Гц

 

15

25

50

Нысанінің жарықтылығы

0,1

1

100

Анықтау жылдамдығы

<3

 

<30

 

<7

 

<60

Қарапайым конфигурациялы нысанілер үшін

Сол, бірақ нашар бақылау шарттарында

Адамға таныс бейнелер (әріп, сан) үшін

Сол, бірақ кедергі шарттарында

 

Бұл әдіс таңбалы жүйелердің төрт түрінің ішінен біреуін қодануға негізделеді:

- әріпті;

- пиктографиялық;

- сандық;

- геометриялық.

Таңбалы жүйені таңдағанда ескеру керек:

- белгілердің оңай анықталуы мен декодталуы;

- пайдаланушының қатесіз жұмыстың қажетті ұзақтығы, соның ішінде депрессия жағдайында да;

- жүйенің кедергіге төзімділігінің деңгейі;

- пайдаланушының оперативті және ұзақ уақытты жадысында әліпби-таңбалы жүйенің есте сақталу ұзақтығы.

Таңбалы жүйенің интегралды сипаттамасы ретінде кодтың жеделділік коэффициентін Кжед қолдануға болады. Ол символды (белгіні) анықтау уақытының оны декодтау уақытына қатынасын көрсетеді. Жоғарыда аталған таңбалы жүйелер үшін бұл көрсеткіштің мәндері 2-кестеде келтірілген.

 

2 кесте - Кодтың жеделділік коэффициентінің мәндері

Таңбалы жүйе

Кжед мәні

Әріптік (бір сөз үшін)

0,9

Пиктографиялық (пиктограмма үшін)

0,8

Сандық (төрт разраядтан жоғары емес, бір сан үшін)

0,6

Геометриялық (бір фигура үшін)

0,6

 

Жоғарыда келтірілген деректерден қорытынды жасауға болады: шекті жағдайларда үшразрядқа дейінгі сандарды экранда мәтіндік түрде (яғни сөздермен) беру орынды. Сонымен қатар нысанінің негізгі қасиеттерін немесе қажетті іс-әрекеттерді баяндау пиктограмма түрінде көрсету тиімді. Мысалы, “хабарды адресатқа жіберу” сөз тіркесін сәйкес пиктограммамен ауыстырған ыңғайлы. Тәжірибе жүзінде дәлелденген, нысанінің ең маңызды сипаттамалары оның нобайымен кодталуы (айқындалуы) қажет, ал ішкі детальдарымен – қосымша, жанама. Мұнда нысанінің кейбір сипаттамалары үшін таңдалған, белгі пішіні айқындалған көрсеткіштері бар жүйе, таңбалы жүйенің барлық әліпбиіне қолданылуы тиіс.

Пиктограмманың геометриялық нобайының, тану тиімділігіне әсерінің сандық бағалануы 3-кестеде келтірілген.

Таңбалы жүйені құру кезінде, симметриялы символдарды адам оңай қабылдайтынын және қысқа және ұзақ уақытты жадыда, есте сақталатынын ескеру қажет.

Белгілердің ажырату көрсеткіштері ретінде бір алфавит шеңберінде келесілерді қолдану дұрыс болмауы мүмкін:

- белгідегі элементтер саны;

- белгінің геометриялық өлшемдері (ең кемінде екі нұсқадан аса);

- белгілердің “позитив – негатив” және “тура – айна кескіні” қағидасы бойынша ажыратылуы.

 

3 кесте - Белгінің геометриялық күрделілігінің оны декодтауға әсері

 

Көрсеткіш

Көрсеткіштің мәні

Қарапайым белгілер

Орташа күрделілікті белгілер

Күрделі белгілер

Ең кіші экспозиция уақыты, с

0,03

0,03

0,05

Экспозиция кезінде декодтаудың орташа уақыты 0,03 с

3,06

2,55

2,76

Дұрыс декодтау ықтималдығы

0,80

0,97

0,98

 

Жоғарыда аталған тағы бір фактор – экранда бірдей кескінделетін интерактивті элементтердің саны. Әрине, олармен тиімді жұмыс істеуге пайдаланушының көру сипаттамалары мен қолданылатын таңбалы жүйе сапасы әсер етеді. Соған қарамастан керекті элементті таңдауда пайдаланушының тағы бір сипаттамасы әсер етеді – ол сенсомоторлы сипаттама. Мысал ретінде 4-кестеде, экранда көрсетілген сандарға байланысты қажетті элементтің қатесіздік РВ пен таңдау уақытының ТВ орташаланған мәндері келтірілген.

 

4 кесте - Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпыланған көрсеткіштері

Экрандағы интерактивті элементтердің саны (белсенді терезеде)

РВ

ТВ, с

3

0,999

1,5

7

0,997

3,0

10

0,995

4,0

15

0,97

5,0

20

0,94

7,0

60

0,92

10,0

 

Жоғарыда келтірілген сандық көрсеткіштер орташаланған болып табылады. Шынайы өмірде оларға бірде бір адам сәйкес келе алмайды. Бұған қарамастан олар кейбір пайдаланушы топтары (санаттар) үшін ақиқат болып табылады. Әрбір осындай топ адамдары басқа топтан кейбір факторлар арқылы ерекшеленуі мүмкін: физиологиялық параметрлер бойынша, компьютерлік сауаттылық деңгейі бойынша, нақты қосымшалармен жұмыс істей тәжірбиесімен және т.б. Осыған орай интерактивті қосымшаны құру барысында, ең бірінші, ол арналған мүмкін пайдаланушылардың санатын анықтау (ең болмағанда жуықтап) қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Адам-операторының көруінің уақыттық сипаттамалары қандай?

2) Таңбалы жүйенің кодтың жеделділік коэффициенті дегеніміз не?

3) Белгінің геометриялық күрделілігі оның декодталуына қалай әсер етеді?

4) Пайдаланушының сенсомоторлы сипаттамасының жалпылама көрсеткіштері қандай?

 

8 дәріс. Адам талдағыштарының негізгі сипаттамалары

 

Дәріс мақсаты: талдағыштардың әсер қабылдау шектері. Талдағыштардың уақыттық сипаттамалары. Оператордың психофизиологиялық сипаттамасын сандық бағалау әдістері.

 

Оператор қызметі үшін ең маңызды – көз талдағышы болып табылады, одан кейін есту және тактилді (сезіну) талдағыштары болады. Басқа талдағыштардың оператор қызметіне аса маңызды әсер етпейді.

Кез келген талдағыштың негізгі сипаттамалары шектер болып табылады – абсолютті (жоғарғы және төменгі), дифференциалды және жеделділік. Әрбір шектің мағынасы сигналдың энергетикалық (интенсивті), кеңістіктік (өлшем) және уақыттық (әсер ету ұзақтығы) сипаттамаларына қатысты енгізілуі мүмкін.

Әрең сезілетін әсер тигізетін, тітіркендіргіштің минимальды шамасы төменгі абсолютті сезіну табалдырығы, ал максимальды мүмкін шамасы жоғарғы абсолютті сезіну табалдырығы деп аталады (бұл ұғым тек энергетикалық сипаттамалар үшін қолданылады). Шамалары төменгі табалдырықтан аз сигналдар адамдармен қабылданбайды. Ал сигналдардың интенсивтілігінің жоғарғы табалдырықтан  артуы адамдарға кері әсер етеді (дыбыстардың қатты естілуі, өте жарық болып кетуі). Жоғарғы және төменгі табалдырықтардың арасындағы аралық талдағыштың сезімталдық диапазоны деп аталады.

Талдағыштың көмегімен адамдар сигналдарды тек сезіп қана қоймай, оларды ажырата да алады. Ажырату сипаттамасы үшін дифференциалдық  деңгей (латынның differentia-ажырату) деген ұғым енгізіледі. Бұл ұғым екі тітіркендіргіштің арасындағы немесе тек бір тітіркендіргіштің екі жағдайының арасындағы минимальды өзгеруін білдіреді. Тәжірибе жүзінде табалдырықтың дифференциалдық шамасы, тітіркендіргіштің бастапқы шамасына пропорционал болатындығы дәлелденген:

мұндағы, J – сигналдың (тітіркендіргіштің) бастапқы шамасы,

dJ – дифференциалдық табалдырықтың шамасы,

k – тұрақты шамасы, көру талдағыштар үшін 0,01-ге тең, ал есту және сезу талдағыштары үшін сәйкесінше 0,10 және 0,30-ге тең.

Сигнал шамасы және оның тигізетін әсерінің шамасы арасындағы тәуелділік:

S=k∙lnJ+C,

мұнда, S - сезіну шамасы, k және C – тұрақтылар.

Бұл тәуелділік негізгі психофизикалық заңы немесе Вебер-Фехнер заңы деп аталады. Бұл заңға байланысты, сезінудің интенсивтілігі тітіркендіргіш күштің логарифміне тура пропорционал. Бұл заң талдағыштың сезімталдық диапазонының тек орта бөлігіне қолданылады. Талдағыштың негізгі сипаттамасының бірі оның сезімталдылығы болып табылады. Сезімталдықтың жоғарғы және төменгі абсолюттік табалдырығы болып бөлінеді. Абсолюттік сезімталдықтың табалдырығы мына теңдеумен анықталады:

G=1/J,

мұнда, J - тітіркендіргіштің интенсивтілігінің шамасы, ол төменгі абсолюттік сезімтал табалдырығына сәйкес келеді.

Абсолюттік сезімтал табалдырығынан басқа талдағыштың дифференциалдық сезімтал табалдырығы да бар. Ол тітіркендіргіштің интенсивтіліктерінің арасындағы минимальды өзгеріспен анықталады, бірақ олар сезілгенде әртүрлі болуы керек.

 Дифференциалдық сезімтал табалдырығының шамасы талдағыштың шектік мүмкіндігін сипаттайды, сондықтан ол сигналдар әліпбиінің мүмкін ұзындығын таңдауға негіз бола алмайды. Ол үшін минимальды өлшемді сипаттайтын шаманы емес, сигналдардың ықтималды өзгерісін сипаттайтын шаманы қолдану керек. Мұндай өлшем ретінде инженерлік психологияда өзгерістің жеделділік табалдырығы қолданылады. Ол сигналдар арасындағы өте аз өзгерістің өлшемімен анықталады, бірақ мұнда жылдамдық пен дәлдік өзгерістер максимумға дейін жетеді. Әдетте жеделділік табалдырық өзгерісі дифференциалдыққа қарағанда 10-15 рет жоғары.

Көрудің талдағыш сипаттамаларына жарық диапазоны, контраст, көру өткірлілігі жатады. Контраст шамасы екі айқын жарық деңгейінің қатынасына тең - әдетте, бұл фон айқындығы және суреттің айқындылығы. Контраст табалдырығы және талдағыштың контраст сезімталдылығы ажыратылады.  Көру өткірлілігінің шамасы екі нүктенің аз аралығымен анықталады.

Талдағыштың уақыттық сипаттамаларына мыналар жатады:

- реакцияның латентті периоды жатады. Ол сигналдың пайда болуынан бастап сезімнің пайда болуына дейінгі уақыт аралығымен анықталады.

- сезінудің инерция уақыты. Ол сигналдың өшуінен бастап сезінудің тоқтауына дейінгі уақыт аралығымен анықталады.

- дағдарыстық жанып-сөнудің жиілігі - сигналдың пайда болуының минимальды жиілігі, осы кезде ол үзіліссіз болып қабылданады.

- биімделу уақыты – бұл талдағыштың сезіну шарттарының өзгерісі кезінде өзін-өзі реттеуге кеткен уақыт.

Қарастырылған сипаттамалар және талдағыштың құрылымы сигнал-тітіркендіргіштердің операторға бағытталған келесі ортақ талаптарын қарастыруға мүмкіндік береді:

- сигналдардың интенсивтілігі талдағыштың сезімтал диапазонына орташа мәніне сәйкес келуі керек. Ол ақпаратты қабылдаудың және өңдеудің ықтималды жағдайларын қамтамасыз етеді;

- оператордың сигнал өзгерістерін бақылап отыруы үшін, яғни оларды интенсивтілігі, ұзақтығы, кеңістікте орналасуы бойынша салыстыру, бақылау үшін сигналдар арасындағы өзгерістерді қамтамасыз ету керек. Ол өзгерістің жеделділік табалдырығынан артық болуы тиіс;

- сигналдар арасындағы ауытқулар оперативтік табалдырықтағы мәннен аспау керек;

- маңызды және жауапты сигналдарды сенсорлық  сезімталдылығы жоғары рецепторлық беттің аймағына  орналастыру керек;

- индикаторлық құрылғыларды құрған кезде сигналдың дұрыс ыңғайлы түрін, сәйкесінше, талдағыштың модальдылығын да (көру, есту, сезіну және т.б.) таңдау қажет.

Оператордың психифизикалық сипаттамасының сандық бағалау әдістерін қарастырайық.

Адам-операторға деген сенімділік оның белгілі бір жағдайларда жұмысын толық көлемде орындау қабілеттілігімен анықталады. Адам-операторға деген сенімділік оның қателеспеу, дайындығы, қалпына келу және жұмыстың уақытында орындалуымен сипатталады. Қатесіздік адам-оператордың қатесіз жұмысымен сиипатталады. Қатесіз жұмыстың ықтималдылығы статистикалық мәліметтердің негізінде анықталады.

Дайындық коэффициенті адам-оператордың кез келген уақытта жұмысқа кірісу ықтималдылығымен сипатталынады:

Кд=1-Топж,

мұнда, Топ - адамның жеткен ақпаратты  қабылдай алмайтын уақыты, Тж - адам-оператордың жалпы жұмыс істеу уақыты.

Опертордың қалпына келтірілуі, жасаған қателерін түзету ықтималдылығымен бағаланады:

Рқалкел= Рб∙Ранық∙Ртүз,

мұнда, Рб - бақылау сұлбасының сигналды беру ықтималдылығы;

Ранық - оператормен сигналды анықтау ықтималдылығы;

Ртүз - алгоримтді қайталау кезінде қате әрекеттерді түзету ықтималдылығы.

Бұл көрсеткіштер оператордың өзін-өзі басқару мүмкіндіктерін бағалауға, яғни қателерін түзетуге мүмкіндік береді.

Оператордың уақытысында әрекет жасауы жұмысты берілген уақытта орындау ықтималдылығымен бағаланады:

Руақытс=Р{T<=Тшек},

мұнда, Тшек– уақыт шегі, оның асырылуы қате ретінде қарастырылады.

Техникалық жабдықтарда оператор жылдамдығы, оның тұйықталған нобай арқылы өтетін ақпараттың  келесі қосылған техникалық жабдықтарына өту уақытымен анықталады. Сонымен қатар адам-оператормен реттеу циклінің ұзақтығымен  бағаланады:

Тц = Топ + SТі,

мұндағы, Топ - оператордың есепті шығару уақыты; яғни келген сигналдың ең бірінші  пайда болғаннан кейінгі  оның орындалып бітуіне дейінгі уақыт;

Ті -  ақпараттың техникалық жабдықтардағы кідіру уақыты.

Топ уақыты нақты жүйе бар болғанда тәжірбиелік жолмен анықталынады немесе жобаланатын жүйе үшін есептеу (аналитикалық) жолмен анықталынады.

Оператордың жылдамдығы, егер оператор алдын ала жасалған алгоритм бойынша  әрекет істесе, оның ақпарат алуға және орындалуға кеткен уақыт жиынтығы ретінде алуға болады:

То = Тқ + Тшеш + Тбо+ Тм ,

мұнда: Тқ - сигналды қабылдау уақыты;

Тшеш - шешім қабылдау уақыт;

Тбо -  қажетті басқару органын анықтау уақыты;

Тм - басқару органына моторлы іс-әрекет орындауға кеткен уақыт.

Уақыт реакциясының келтірілген құрастырушылары (Тм басқа) ақпараттың өңделу санына сызықты тәуелді:

Т = Т' + Q / V,

мұндағы, Т' - реакцияның жасырын уақыты (Т'= 0,1-0,6 сек.);

Q -  өңделетін ақпарат көлемі;

V - ақпаратты өңдеу жылдамдығы.

Оператормен өзара қатынастағы техникалық жабдықтардың жылдамдығы, ақпараттың жаңару уақытымен немесе сұранысқа жүйенің реакциясының уақытымен сипатталады. Ақпараттың жаңару уақыты деп ақпаратты енгізуден бастап оның кескінделуіне дейінгі аралықты айтады. Бұл уақыт ақпаратты енгізу және өндеу уақытымен, ақпаратты қалыптастыру және экранға шығару уақытымен анықталады. Ол жүйенің шығаратын есебінің кезегіне тәуелді болады.

Оператормен жұмыс істеуінде оның дәлдігі операторлық жүйе параметрлеріне берілген өлшемдердің берілген, номиналды, нақты мәнін орындауда оператордың түзетуі, қоюы, өлшеуімен белгіленеді:

S = Pt - Pf ,

мұнда: Pt - параметрдің ақиқат немесе номиналды мәні;

Pf – осы параметрдің оператормен өлшенетін немесе реттелетін мәндері.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Адам-оператор талдағыштарының сезу табалдырығының сандық бағалары қалай анықталады?

2) Адам-оператор талдағыштарының уақыттық сипаттамалары қандай?

3) Адам-оператордың жылдамдығы қалай анықталады?

4) Оператордың қалпына келуі қалай анықталады?

5) Оператордың дайындығының коэффициенті қалай сипатталады?

 

9 дәріс. Пайдаланушылар санаттары

 

Дәріс мақсаты: интерактивті жүйелерді пайдаланушылар жіктелімі. Оператордың қызмет түрлері. Адам-оператордың қызмет кезеңдері. Адам-оператордың әрекет түрлері. Оператордың қолданатын модельдер түрлері.

 

Осы сұраққа арналған оқулықтарда интерактивті жүйелерді пайдаланушылардың жіктедімдерінің бірнеше нұсқалары келтірілген. Бірақ берілген әдістерде ерекшеліктер бар болғанмен, олардың жіктелім қағидалары бірдей болады.

Пайдаланушының интерактивтік жүйеге қатынасы негізінде, онымен жұмыс істеу тәсілдеріне әсер ететін факторлар жатыр.

- адам қажеттілігі, яғни сұхбат жүргізетін серіктеспен түсіністікте болу;

- пайдаланушының қабілетілігі, оның шапшаңдылығымен (ең біріншіден пернетақта мен маусты қолдануында), лингвистикалық қабілеттілігі, есеп шығару қабілеттілігінен тұрады;

- өзіндік қасиет, яғни үйренуге қабілеттілігі, шыдамдылығы, қатеге төзімділігі, шығармашылық қабілеттілігі;

- компьютерлік білім деңгейі. Бұл жерде көбінесе бағдарламалаушы немесе бағдарламалаушы емес пайдаланушылар, соңғыларын  үш санатқа бөлуге болады:

- дайындалған пайдаланушылар, шығармашылық есеп шығарушылар, аналитиктер және зерттеушілер (яғни жұмыс іскерлігі толықтырылғандар);

          - дайындалған пайдаланушылар, операцияларды орындаушылар (яғни, жұмыскерлігі тұйықталған);

- жай пайдаланушылар, компьютерлік білімі аз.

Пайдаланушының қолданбалы облысқа дайындығы оның тілді (мамандалған терминология) қолдануына және есеп шығару тәсілдеріне әсер етеді.

Жүйені қолданудың себебі келесілер болуы мүмкін:

1) міндетті - жұмыстың керекті бөлігі;

2) міндетті  емес – кәсіби қызметтің қосымша құрамдасы ретінде;

3) міндетті - жеке қажеттілік тұрғыдан (мысалы, белгілі ақпаратты тек компьютер арқылы ғана алуға болатын жағдайда);

4) міндетті  емес – жеке бас өмірінде (мысалы: ойын-сауық ретінде).

Жүйеге деген қатынасын және жұмысқа талабын, оның компьютерлік білім деңгейімен және оны қолдану себебімен анықталады; ол келесідей болуы мүмкін:

- нейтралды - пайдаланушы компьютерді тек жұмыс құралы ретінде қарағанда;

- жағымды, пайдаланушы компьютерді ынтамен, яғни одан көбірек пайда алу мақсатында (немесе рахат алуда);

- жағымсыз, пайдаланушы компьютермен қолдануды шектеу ретінде қарастырғанда (техникаға деген сенімсіздікпен қарағанда).

Пайдаланушының  мақсаты келесідей болуы мүмкін:

-  компьютердің көмегімен есеп шығару (оның ішінде ойын-сауық сипатында да болуы мүмкін);

- жүйемен жұмыс істеуді үйренуде.

Жүйенің сипаттамасына байланыссыз уақыт шектеулері (оның ішінде оның жылдамдығы) болады. Бұл жағдайда пайдаланушы уақыт тығыздығына бейімделенуіне себеп болады, бұл әсіресе есеп шығаруда және контекстік жұмыстарда кездеседі.

Адам оператор жұмыс істейтін басқару иерархиясының деңгейіне және басқару жүйесінің түріне (немесе ақпаратты өңдеуге) байланысты оператор қызметінің келесідей түрлерін атауға болады:

Оператор-технолог,  технологиялық үдеріске толығымен кірісетін және де басқарудың стандартты рәсімдерін орындайды.

Оператор-манипулятор, механикалық әсерлерден тұратын басқару процедураларын іске асырады.   

Оператор-бақылаушы, үдерістің жағдайын және нақты уақыттағы жүйе ішіндегі ауытқуларды бақылайды.

Оператор – зерттеуші, қарым-қатынасы бар рәсімдермен регламенттелмеген және ойлау қабілетке негізделген (программист);

Оператор – жетекші, ұйымдастырушы және директивтік сипаттағы қызметтерді орындайды.

Оператор – жобалаушы, АЖЖ құрамына кіретін, машинамен  жобалауға  қосылған.

Әртүрлі санаттағы операторлармен техникалық (немесе есептеу) жүйелер арасындағы өзара қатынасының ерекшелігі бар. Бірақ оператордың көпшілігіне тән төменде қарастырылатын бірнеше жағдайлар бар (мысалы, ойлау қабілетінің моделі ортақ және адамның шешім қабылдағаны, оның психофизикалық  мінездемесі және т.б.).

Адам-оператордың қызметі.

Тапсырманы орындау барысында барлық деңгейдегі  операторларға тән 5 кезең бөлінеді:

1) анықтау – есептің шешілуін реттейтін белгілер тобын оператордың қабылдауы;

2) жіктелім – жағдайды тану және бақылану үдерісінің және техникалық жүйенің жағдайын анықтау;

3) жоспарлау – тапсырманың орындалуына әкелетін іс-шаралардың тізбегін құру және шешім қабылдау;

4) орындау – бар ресурстарды пайдалана отырып, жоспарды орындау;

5) тексеру – іс-әрекеттің орындалуын және оның  тиімділігін тексеру.

Операторлармен шешілетін тапсырмалар 3 деңгейге бөлінеді:

- үдерісті реттеу, ол кішігірім динамикалық теңестіруді қарастырады және үдерістің жеке параметрлеріне  түзетулер енгізуді қарастырады;

- режимді өзгерту, ол үдерістің түбегейлі өзгеруіне алып келеді және ауыспалы үдерістерді қарастырады, операцияның көп бөлігін және оператордың іс-әрекетінің күрделі алгоритмдерін қарастырады.

Адам-оператордың өзін-өзі ұстау типтері.

Оператор есептің күрелігі және қойылымына байланысты 3 деңгейге бөлінеді.

- дағдыға сай ұстаным – ол болатын үдерістерді алдын ала қарастыруы тиіс;

- ережеге сай ұстаным – оператордың қызметі басқару ережелерін пайдаланумен байланысты, жүйелерді пайдалану нұсқауларында   көрсетілгендей;

- білімге сай ұстаным-болып жатқан үдерістерге және ақпараттарды өңдеуге түніспеушілікпен қарауды талап етеді.

 Оператор тапсырманы шешкенде 5 типті молделді қолданады:

- физикалық, жүйедегі үдерістердің математикалық баяндалуынан тұрады;

- функционалдық, негізгі ішкіжүйелерді, оның  қызметін және өзара байланыстарын сипаттайды;

- экономикалық, негізгі басқару операциялардың құн шамаларын байланыстырады;

- процедуралық, қондырғыны басқару ережелерін баяндайды;

- когнитивтік, оператормен қалыптасатын, үдерістің интуитивтік моделін сипаттайды.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Пайдаланушының интерактивті жүйелермен қатынасына қандай факторлар әсер етеді?

2) Оператор қызметінің түрлері қандай?

3) Адам-оператор қызметінің кезеңдері қандай?

4) Адам-оператор жүрісінің түрлері қандай?

5) Операторлар өзінің қызметінде қандай моделдерді қолданады?

 

10, 11 дәрістер. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері

 

Дәріс мақсаты: қолданбалы жүйенің сұхбаттық жиынтығы. Бағдарламалық қосымшасы бар сұхбат алгоритмінің сұлбасы. Сұхбаттың түрлері. Қарым-қатынас сценарийі. Сұхбаттың құрылымдары.

 

Қолданбалы сұхбаттық жүйеде екі функционалдық жиынтығын көрсетуге болады:

- өзіндік қолданбалы жүйе, пайдаланушы сонымен жұмыс жасайды.

- сұхбаттық жиынтық, пайдаланушы мен қолданбалы жүйенің арасындағы сұхбатты басқарады.

Қолданбалы жүйеге мысалына, өзінің кәсіби қызығушылығымен ЭЕМ пайдаланушылары жұмыс істейтін барлық жүйелер жатады. Олар: әртүрлі басқарудың автоматтандырылған жүйелері, автоматтандырылған жобалар жүйелері, қолданбалы бағдарламалар пакеттері және т.б. Бұл жүйелер сұхбат нақты пәндік облысының терминінде жүретіндігімен сипатталады және пайдаланушы шығыста соңғы қорытынды алады. Ол бағдарламаның қосымшасымен тіл табысудағы мақсаты. Кейбір жүйелер тек сұхбаттық емес, сонымен қатар пакеттік режимде де жұмыс істей алады.  Бұл жағдайда соңғы қорытындының семантикасы қолданған жұмыс режиміне байланысты емес. Сұхбаттық компонент қолданбалы жүйенің қондырмасы болып табылады және пайдаланушы қиын жұмыстардың түп нұсқасын білуге көмектеседі, ол үшін оған сәйкес лингвистикалық формалар жиынтығын пайдалануға мүмкіндік береді. Сұхбат бұл жағдайда терминдік сұхбаттық жүйеде жүреді және метасұхбат деп аталады. Қолданған терминология қиындық облысына бағынбайды. Дамыған метасұхбат - қолданбалы жүйеде, тек қиын облыспен таныс пайдаланушыға, сұхбатты жүйемен алдын ала таныспай-ақ керекті қорытынды алуға мүмкіндік береді. Сондықтан қолданбалы жүйенің кең таралуы, оның сұхбаттық қондырмасының сапасына байланысты болады.

Сұхбаттық жүйеде, екі компонентті бағдарламаның қосымшасы бар. Сонымен қатар алгоритм сұлбасының бұтақтарының бірінен бір рет жүріп өтуі «Басы»-блогынан «Соңы»-на дейін немесе алгоритм сұлбасының басына қайтіп келуін сұхбаттың қадамы немесе транзакция деп аталады. Сұхбаттың қадамы адамның ЭЕМ-мен белсенді жұмыс істеуімен сипатталынады. Жүйенің кіріс хабарламаны қабылдауы 2 кезеңнен тұрады:

- синтаксистік сараптау – ақпарат енгізілген формалардың сәйкестігін тексеру;

- семантикалық талдау – кіріс ақпаратының мағынасын, жүйенің жақын арадағы тапсырмасын анықтау және оның рәсімдік бөлімнің қазіргі жағдайдағы орындалу мүмкіндіктерін сараптау.

Қаралған тізбек жүйенің шығыс ақпаратын шығуынан басталады. Қарым-қатынасты ұйымдастырушы жүйенің өзі болып табылады. Берілген тізбектен басқа, сұхбатта бастаманы үлестірудің 2 түрі белгілі: пайдаланушыға тиесілі бастама (пайдаланушы командалар мен сұраныстар арқылы жүйенің жұмысын өзі басқарады) және аралас бастама (басқару сигналдары көмегімен бастаманы қайтадан үлестіруді қарастырады, оның көмегімен пайдаланушы бағдарламаның рәсімдік, сонымен қатар сұхбаттық бөлімдердің орындалуын үзуге және ЭЕМ-ді өзінің командасын күту жағдайына аудара алады).

Ақпарат сипаттамасы бойынша кіріс және шығыс хабарламасының құрамын екі типке бөлуге болады:

- басқарушы, транзакция нәтижесінде жүйенің қызметі және жұмысымен басқару орындалады (осы мақсатқа, сонымен қатар, басқарушы сигналдар қолданылады);

- ақпараттық,  міндетті тапсырманы шешу үшін, оның барысында жүйеге мәліметтер енгізіледі.

Пайдаланушының санынан байланысты, сұхбаттық жүйе жекепайдаланушылық (бір ғана пайдаланушыға арналған) және көппайдаланушылық  (жүйе ресурстарына ұжымдық қатынас жасау) болуы мүмкін.

Сұхбаттың транзакциясын жүзеге асыру үшін келесі формалар қолданылады:

 - синтаксикалық шектеу (мәзір, шаблон бойынша жауаптары бар тапсырыс, ия\жоқ жауабы бар сұраныс);

- директивалық (командалар);

- фразалық (шектелген қарапайым тілде әрекеттесу);

- обьектілі-бағытталған.

Сұхбаттық жүйені тез игеру үшін пайдаланушыға сұхбаттың негізгі кезеңдері мен жүзеге асыру формасын білу қажет. Адами–машиналық ортада сұхбаттың келесі түрі көп қолданылады:

- мәзір; - сұрақтар, ия\жоқ жауабын сұрайды; - шаблон;

- қарапайым сұраныс;

- команда; - қарапайым тілде әрекет ету.

Өзара қатынас сценарийі.

 ЭЕМ–мен адам-оператордың өзара қатынасы, әдетте сұхбаттың белгілі бір сценарийіне бағынады. Сұхбат сценарийі бағдарламалық жүйемен оператордың өзара қатынасы алгоритмін көрсетеді. БжАӨЖА алдында тұрған тапсырмалардан шыға келе, басқару үдеріс кезінде адамның мінездемесі мен функциясын, ақпараттық құралдарының бейнесін алуда техникалық мүмкіндіктерді жобалайды. Сұхбат сценарийі сұхбаттық әрекеттесудің бөлшектік сипатамасын білдіреді, ол сұхбат құрылымы түрінде, сонымен қатар, ақпараттық және операциондық модель беріледі. Формальдық түрде сценарий келесі түрде анықталады:

D=<S, A, C, R, G, I, O>,

мұндағы S- жағдайдың жиыны;

А - операция жиыны;

C=Q U F – шарттар жиыны (Q- кіріс шарттарының жиыны,  F- бағдарламалық шарттардың жиыны);

R – шығыс хабарламалардың жиыны;

G: SxC S - сұхбат графы;

I:{SR; SxCR} – сұхбаттың ақпараттық моделі;

Q: {SA; SxCA} –сұхбаттың операциялық моделі.

Сұхбат кіріспесі сценарийі келісімімен сұхбат  интерпретациясы деп аталады. Сценарийдің графикалық бейнесі алгоритмдеу тіліндегі блок-сұлбаны еске түсіреді. Ол бұтақталу элементтерінен, хабарлама қарапайым  конструкциясы сценарий түйіні деп аталады.

Жобалау кезінде сұхбат сценарийі бағдарламалық жүйемен пайдаланушының өзара қатынасы кілттік түсінік деп  аталады. Ол сұхбаттық өзара қатынас құру үдерісін формальдауға және пайдаланушының жүйемен қатынас процедураларына талдау жүргізуге мүмкіндік береді. Сценарийдің негізгі құрамды бөлімін қарастырайық – сұхбаттың құрылымы. Ол өзара қатынас үдерісін толығымен  көрсетеді. Сұхбат құрылымы – пайдаланушының сұхбаттық жүйемен қатынас үдеріс кезінде қол жеткізілген сұхбат жағдайының байланысқан жиынтығы. Сұхбат жағдайы үш компонентпен сипатталады: сұхбат формасы; пайдаланушыға ұсынылған  жүйе функциясының жиынтығы; сұхбаттың тарихы.  Сұхбат құрылымының негізгі графикалық ұсынылуы- жағдайдың диаграммасы- бағытталған және салмақталған граф. Әрбір графтың төбесі белгілі сұхбат жағдайына сәйкес келеді, ал оның доғасы жағдайдың ауысуын анықтайды. Төбе мен доғаның салмағы сұхбат мазмұнын сипаттайды: бағдарламалық операциялар мен шарттарды орындайтын кіріс пен шығыс хабарламалар. Сұхбат графының  бір төбеден екіншісіне өту сұхбаттың  бір транзакциясына сәйкес келеді. Өтпелердің еркінше тізбегі пайдаланушы мен жүйенің арасындағы қатынас сеансын орнатады. Егер де қателік бойынша өтпелер мен шалулар ескерілмесе, онда сұхбаттың үш  құрылымынын белгілеуге болады: сызықтық, тораптық және ағаш тәрізді.

Сұхбатты мәзір түрінде қарастырайық.

Мәзір – көп таралғанған сұхбат түрі. Шақыру алдында жүйе сұхбатты инициалдайды. Сондықтан сұхбат қадамы жүйенің кіріс хабарламаны берілуімен басталады. Шығыс хабарламаның пайдаланушымен берілуінен кейін және оның жүйемен өнделген соң сұхбат қадамы аяқталады.

Аталмыш сұхбат түрінің машиналық орындалуының бірнеше түрі болуы мүмкін. Барлық жағдайда кіріс хабарламасы ретінде экран дисплейінде  жүйе функциясының ішкі жиындары жарықтанады (әдетте нөмірленген), олардың орындалуы сұхбаттың ағымдық жағдайында болуы мүмкін. Бұндай кіріс хабарламаны мәзір деп атайтын боламыз.

Пайдаланушы талап етілетін функцияны келесі негізгі әдістердің бірінен таңдай алады:

1) талап етілген директива жинағымен немесе қысқартылған атаулармен;

2) таңдалған директиваның нөмір жинағы;

3) талап етілетін директиваның  экран жолына меңзерді орналастыру;

4) экрандағы  жолға сәйкес келетін фотоселекторды басу.

Графикалық  сұхбатты граф түрінде көрсетуге болады. Граф түйіндері жүйе функциясының ішкі жиынына сәйкес келеді, ал төмен қарай бағытталған оның доғалары пайдаланушының альтернативіне тең болуы мүмкін. Бұл жағдайда доғалар саны ұсынылып отырған жүйе функциясының санына тең. Доға шығатын төбесімен бірге, сұхбат қадамына тең болады. Ағаштың жоғарғы түйіні (түбір) жүйенің бастапқы хабарламасына тең. Ағаштың түбірі және одан шығатын доғалар сұхбат қадамына тең. Сұхбат қадамының кейбір орындалуынан кейін жүйе тікбұрыштармен көрсетілген мәзір жарықтанады.  Мәзір ағаш графымен қолданбалы жүйе бағытымен төмен қозғалу, “тиеу” деп аталады. Функцияның орындалуы үшін, граф ағашының көршілес бұтақтарына сәйкес,  қолданбалы жүйемен жұмыс кезінде “жүзіп шығу” механизмі қолданылады. Оны екі тәсілмен орындауға болады:

- Тізбектелген қозғалыспен графтың доғасымен жоғары қарай түйінге дейін, яғни берілген функцияның құрамындағы немесе  оның түйіндеріндегі, “тиеу” механизмін қолдана отырып:

- Сұхбат граф ағашының түбіріне келесі тиеумен өтумен.

- Графикалық екінші әдіс граф доғасының ағаш биіктігіне бағытталған әрбір түйіндегі нақтылыққа сәйкес келеді.

Ия\жоқ жауабын талап ететін сұрақтар формасындағы сұхбат типі  сұхбаттың “мәзір” жиі жағдайы болып табылады, сұхбат қадамында қашан; пайдаланушы альтернативі ретінде екі жауап болады: Ия және Жоқ.

Бұл бинарлық ағаш графы, әрбір түйінінен екі бұтақтан төмен шығады (қолданбалы жүйеге). “Тиеу” және “Жүзіп шығу” сұхбаттың бұл түрінде мәзірге ұқсас болып келеді. Берілген сұхбат түрінде қолданбалы жүйемен жұмыс үшін әдетте “мәзір” түріндегіден көп қадам жасау керек.  Берілген сұхбат түрінің негізгі артықшылығы сұхбаттың әрбір жеке қадамының орындалуының қарапайымдылығы болып табылады.

Шаблон – бұл сұхбат жүйесімен инициалданған, оның әрбір қадамында жүйе  пайдаланушының сәйкес берілген форматтағы тек синтактикалық шектелген кіріс хабарламаны ғана қабылдайды. Мәзірдегі секілді сұхбатты жүйе бастайды. Сұхбаттың берілген түрін параметрлік жүйе деп аталады. Пайдаланушының жауап беруі дисплейдегі оған ұсынылған форматтарымен шектелген болуы мүмкін. Сондықтан жүйенің мұндай түрдегі сұхбатпен қолдану салыстырмалы түрде сондай жоғары емес, алайда оның операциялық күрделілігі жеткілікті төмен.

Мұндай түрдегі сұхбаттың орындалуының мүмкін болатын нұсқаларының екеуін атаймыз:

- пайдаланушымен енгізілген хабарлама форматы экран дисплейінде жүйемен көрсетілуі;

- экран дисплейінде орналасқан жүйе  хабарламасының мәтінінде    пайдаланушы хабарламасының орынының резервтелуі  (мысалы, ерекше жарықтану өрісінің көмегімен).

Графтың әрбір төбесінен екіден доғалар шығады. Келесі түйінге бағытталған доға,  пайдаланушының семантикалық дұрыс хабарламасына сәйкес келеді, ал бір түйінде тұйықталған доға пайдаланушының семантикалық  дұрыс емес  хабарламасына сәйкес келеді. Хабарлама дұрыс болмағанда, жүйе қате туралы ескерту береді және ағымдағы сұхбат қадамының басында қалады.

Шаблон әдетте, мәліметтер енгізу үшін қолданылады, мағыналары «мөлдір» немесе (мысалы ағымдағы мерзім) мамандық термині болып табылады және сондықтан олар пайдаланушыға белгілі. Алайда осы мәліметтердің  беріліс түрі олардың мағыналарымен анықталмайды. Қарапайым сұраныс шаблонның дербес жағдайы болып табылады. Әдетте мәліметтерді жинау кезінде,  әртүрлі автоматтталған жүйелерде қолданылады.

Қарапайым сұраныс – бұл сұхбат түрі, жүйемен инициалданушы және бір ғана қадамнан тұрады. Мұнда пайдаланушыға алдын ала жүйемен анықталған бірлік форматта бірден артық хабарлама  енгізуге мүмкіндік беріледі.

Команда – пайдаланушымен инициалданған сұхбаттың түрі, пайдаланушының сұхбат қадамында  берілген бір директивасы (команда) орындалады. Жіберілетін командалар жинағы әдетте экранда болмайды. Алайда арнайы директивалар көмегімен оны танысу үшін экранға шығаруға болады. Жіберілмейтін тапсырма кезінде директиваларда қате туралы ескертуші хабарлама шығады және жүйе  ағымдағы қадамның басында қалады.

Сұраныстың аталмыш түрі графикалық  түрде бағытталған граф көмегімен ұсынылуы мүмкін. Графтың әрбір түйінінде тұйықталатын доғалар бар болады. Мұндай доғалар берілген сұхбат қадамының жіберілмейтін директиваларына сәйкес болады.

Қарапайым тілде өзара қатынас пайдаланушының өзіне байланысты пайда болады. Сұхбаттың бұл түрі пайдаланушы жағынан қатынас жүргізуіне аз мөлшерде шектеу қояды, яғни оған қарапайым тілді қолдана  отырып, тапсырманың қойылымын еркінше таңдауға мүмкіндік алады. Қарапайым тілдің біржақты болмауына  байланысты, жүйе жағынан  пайдаланушының тапсырма қойылымын  анықтайтын  және қарастырылып отырған жағдайдың заттық аймағына байланысты сұрақтар туындауы мүмкін. Пайдаланушы жақтан қатынас қарапайым тілде жүргізілсе және пайдаланушымен инициалданған, қойылған тапсырма шешіміне әкелетін сұхбат түрін қарапайым тілдегі өзара қатынас деп атаймыз.

Жүйе құрудың ғылыми және техникалық қиындықтары қарапайым тілдегі пайдаланушының өзара қатынасын квазиқарапайым (қарапайымға ұқсас) және мәселеге бағытталған (бір тар мәселелі аумақта сұхбаттасу үшін) тілдің орындалуына әкеледі.

Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол бақылау жасау мүмкіндігі, маус немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен, нысандар туралы ақпаратпен өзара қатынасы  үшін қолданылады немесе нысандарға қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және нысаналар туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше нысандармен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, нысанды көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері нысанды, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады сонымен қатар операцияларды бақылаулайды. Пиктограммада орындалатын, нысаніні сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол нысан туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI-интерфейсінде қолданылатын, формальді түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Нысандардың белгілерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы нысанілермен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі - мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен  қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.

Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте маустың немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ.  Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын визуальды көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу  және І - бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей бақылау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей бақылауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен нысандармен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, маустың  көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып, маустың  батырмасын басып ұстап, маусды да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей бақылауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей бақылау арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру), Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқа да қасиеттер. GUI - интерфейске тән  басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері, пернелердің қиыстырулары, мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар маус пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI - интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған бағдарламалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.

Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).

Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе визуалды гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері  қалай орындалады?

2) Web-қосымша  мысалында өзара қатынас интерфейсінің  негізгі құрамдастарын атаңыз?

3) GUI интерфейсі қандай қызмет атқарады?

4) WUI интерфейсі қандай қызмет атқарады?

 

12, 13 дәріс. Пайдаланушылық интерфейстердің жіктелімі

 

Дәріс мақсаты: графикалық және графикалы емес пайдаланушылық интерфейстердің ерекшеліктері.

 

Бағдарламалық құрылғылар индустриясында қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің бірқатар жіктелімі бар.

Қазіргі уақытта қолданылатын жалпы жіктелімін қарастырайық. Жалпы жағдайда пайдаланушылық интерфейстерді екі үлкен топқа бөлуге болады:

- WIMP-интерфейсі, оның компоненттер: window - терезе, icon - пиктограмма, menu - мәзір, pointer - көрсеткіш болып табылады.

- SILK - интерфейсі, speech - сөз, icon - пиктограмма, language - тіл, knowledge - білім.

Қазіргі уақытта WIMP-интерфейс тобы кеңінен таралған. Арнайы облыстарда қолданылатын SILK-интерфейстер тобы сирек қолданылады. Төменде бағдарламалық өнімдерді жобалаушыларда кеңінен таралған WIMP-интерфейс туралы толығырақ қарастырамыз.

Қазіргі кезде қолданылатын пайдаланушылық интерфейстердің жіктелімін қарастырайық, олар төрт топқа бөлінеді:

- графикалық пайдаланушы интерфейсі (Graphical User Interfase - GUI);

- пайдаланушы Web-интерфейсі (WEB-User Interfase WUI);

- қалта құрылғыларын пайдаланушы интерфейсі (Hand-User Interfase-HUI);

- графикалық емес командалық жолдың пайдаланушы интерфейсі (Command Line Interfase CLI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (GUI).

Графикалық пайдаланушы интерфейс (Graphical User Interfase – GUI) “пайдаланушы-компьютер” қарым-қатынасының стилі ретінде анықталады. Онда мынандай негізгі элементтер қолданылады: терезелер, пиктограммалар, мәзір және көрсеткіштер. Кейде GUI-интерфейсін WMP-интерфейсі деп атайды.

GUI-интерфейсінің негізгі қасиеттері – ол бақылау жасау мүмкіндігі, маус немесе көрсеткіштің қолданылуы, графиканың пайдалануы, функция мен мәліметтер қосымшасы ауданының болуы. GUI – компоненттерін тереңірек қарастырайық. Терезе – ол бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен, нысандар туралы ақпаратпен өзара қатынасы үшін қолданылады немесе нысандарға қолданылатын әрекеттерді орындауға арналған. Терезеде тақырыптар жолы болады, ауыспалы операциялар теруіне ие болады, мөлшерінің өзгеруі, мәзір теруімен және нысанілер туралы ақпарат көрсететін арнайы облысы болады. Әдетте терезе тікбұрышты болып келеді. Онда терезені қолданатын қосымша, GUI–бағытталған қосымша болып келеді. Терезе ақпаратты құрылғы бейнесінің тек қана бір аймағына немесе облысқа бейнелейді. Бейнелеу құрылғысын жарым-жартылай қолдану, бірмезетте бірнеше нысандармен немесе сұхбатты басқарушылармен өзара қатынаста болу үшін бірнеше терезені қарап шығуға мүмкіндік береді.

Пиктограммалар. Пиктограмма көп жағдайда терезеге ұқсас болып келеді, бірақ формальды анықтамаға сәйкес – бұл бейнелеу құрылғысының облысы, нысандармен көрнекті қылу үшін қолданылады. Пиктограмманың типтік қасиеттері нысанды, тақырыбын немесе атын көрсету үшін графикалық символдарды қосады, сонымен қатар операцияларды бақылайды. Пиктограммада орындалатын, нысанды сипаттайтын – бұл Open (ашу) операциясы, ол нысан туралы ақпараты бар терезені сипаттайды.

GUI–интерфейсінде қолданылатын, формалды түрде пиктограмма болып саналмайтын графикалық символдардың жиыны бар. Нысандардың атрибуттерін, жағдайларын және әрекеттерін сипаттайтын графикалық символдар ақырғы пайдаланушылармен пиктограмма сияқты қабылдануы мүмкін. Бірақ GUI–интерфейсі және стандарттарды құрастырушылардың көзқарасы бойынша, оларды графикалық батырмалар ретінде қарастырған жөн. Мұндай жағдайларда графикалық символдардың қолдануына мына терминдер “пиктограмма” және “графика” арқылы өзара алмастырылады.

Мәзір. Мәзір баламалардың қатарын көрсетеді. Оның көмегімен пайдаланушы, өзінің таңдауын жүзеге асырады. Әдетте GUI бағытталған мәзірдің баламасы – нысандармен амалдар орындау үшін, пайдаланушылармен таңдалатын командалардың аттары болып келеді. File (Файл) мәзірі - мәзірдің мысалы, ал File мәзірінде орналасқан - Print командасы баламалы нұсқасының мысалы болып табылады. Мәзірде барлық пайдаланушы командалар орналасқан. Жүйенің графикалықтан өзгешесі, керісінше мәзірде дисплей толығымен  қолдану қажет. Бірақ мәзір иерархия тәсілімен орналасу қажет.

Көрсеткіштер. Графикалық жүйелер әдетте маустың немесе жұмыр манипулятор түріндегі координаттық - сілтеуіш құрылғылардан тұрады.

Координаттық - сілтеуіш құрылғы деп пайдаланушы енгізуді осы құрылғы көмегімен жүзеге асыра алатын экрандағы орынды түсінеміз. Көрсеткіш - ол графикалық символ. Координаттық - сілтеуіш құрылғыға жүйеге кірудің орынын көзбен шолу арқылы көрсетеді. GUI интерфейсте қолданылатындар көрсеткіштер, бағыт түріндегі жүйелік көрсеткіштен, графикалық қайта түйісу  және І - бейнелі немесе бөренелік көрсеткіштен тұрады.

Тікелей бақылау. GUI интерфейсінің ең маңызды қасиеті - тікелей бақылауда болып табылады. Ол пайдаланушыға көрсеткіштің көмегімен нысандармен өзара қатынаста болуға мүмкіндік береді. Мысалы, маустың  көмегімен терезенің экрандағы орнын ауыстыруға болады. Терезе тақырыбы жолына көрсеткішті орналастырып, маустың  батырмасын басып ұстап, маусты да жылжытып отырамыз. Мәзір немесе баламаларды таңдаудың көмегімен орындалатын әрекеттерді, тікелей бақылауды қолдана отырып орындауға болады. Мысалы, көптеген жүйелерде құжат пиктограммаларын жұмыс үстеліндегі принтер пиктограммасына тасу нәтижесі - құжатты баспаға шығару болып табылады. Тікелей бақылау арқылы орындалатын әрекеттерге Move (орын ауыстыру), Copy (көшіру), Delete (өшіру), Link (байланыстыру) операциялары жатады.

Басқада  қасиеттер. GUI - интерфейске тән  басқада жұмыс әдісіне - айырбастау буфері, пернелердің қиыстырулары, мәзірде және сұхбатта үдейтін пернелер, сонымен қатар маус - пернелердің өзара қатынасының қосымша мүмкіншіліктері жатады. Бұл механизмдер пайдалы болғанына қарамастан, GUI-интерфейстің маңызды қасиеттері ретінде қарастырылмайды.

GUI-интерфейсі қолданбалықтың жоғары дәрежесіне кепілдік бермейді. Бірақ дұрыс деңгейде жобаланған GUI-бағытталған бағдарламалық қосымша, пайдаланушы жұмысының тиімділігі жағынан, оның графикалық емес аналогынан асып түсуі мүмкін.

Пайдаланушылық - интерфейс (WUI).

Негіздік WUI - стиль (Web User Interfase) иерархиялық құрылым мәзіріне ұқсас. Оны пайдаланушылар гиперсілтемелерді қолданудан басқаларын, графикалық емес интерфейс ортасында жұмыс істеу тәжірибесінен біледі. Қажетті навигация мәтіндік немесе көзбен шолу гиперсілтемелерді пайдалану арқылы, бір немесе бірнеше қосымшалардың шеңберінде орындалады. Гиперсілтемелердің құрылымына байланысты WUI интерфейсі шеңберінде, навигация қосымшасы, Web–парақтарды қосымша иерархиясында бір терезенің ішінде бір рет көрсетеді. WUI - стилі қолданатын қосымшаның негізгі ерекшеліктері төменде келтірілген:

- хабар әдетте бір терезеде беріледі. Ол броузер деп аталады, бірақ мәліметтерді қосымшада көрсету үшін бірнеше броузер терезесін қолдануға болады;

- броузер Web - қосымшаны мәзірмен қамтамасыз етеді;

- әрекеттердің таңдауы шектелген, себебі міндеттерге қатынасты қамтамасыз ететін мәзірдің, қосымшамен өзара қатынасы күрделі;

- Web–парақ арнайы, кездейсоқ шығып қалатын мәзірді ашу үшін, клиенттік облысқа ішкі бақылау жүргізе алады;

- арнайы мәзірді жасау, қосымша бағдарламалау жұмыстарын талап етеді;

- клиенттік облыстың дәстүрлі пиктограммалары жоқ;

- көптегендер қосымшалар графикті және анимацияны эстетикалық немесе навигациялық мақсаттарда қолданады;

          - броузер және оның қосымшалары WEB-парақтардағы графиктердің өшу мүмкіндіктерін қанағаттандырады, сондықтан бізге тек мәтіні көрінеді;

- көрсеткіштің сүйеуі негізінен маус батырмасын шерту арқылы немесе навигациялық сілтеулерді таңдау арқылы іске асырылады. “Drag and drop” технологиясы, белгілі ортадағы арнайы бағдарламалаудан басқа жерлерде, қолданылмайды. 2 батырмасының және маустың істейтін функциялары шектеулі.

Навигация. Гиперсілтеулерді немесе WUI-интерфейсінің функциялары арқы­лы орындалатын іздеу механизмін қолдану арқылы бір парақтан келесі параққа кө­шу. Пайдаланушы кездесетін парақтар сол немесе басқа WEB-түйіндер арқылы пайда болады.

WEB-броузер WEB-түйіндерде орын ауыстыру және WEB-түйіндер шегіндегі Back (Артқа) және Forward (Алға) батырмаларының базалық мүмкіндіктерін іске асырады. Сол және басқа WEB-түйіндердегі бір парақтан келесі параққа көшу навигациясы гиперсілтеулерді, WEB-түйіндердің сұлбаларын, батырмаларды және навигациялық панельді қолдану арқылы орындалады. WEB-парақтың негізгі мәні WEB-түйіндерге навигациялық құрылымды қолдану арқылы қажетті мәліметтерді қамтамасыз ету болып табылады. WEB-парақтар бір немесе бірнеше шексіз өрнектер мен түрлі-түсті графикалық элементтердің үйлесімді конструкциясы арқылы құралады. WUI-қосымшалары GUI-қосымшаларына қарағанда пайдаланушы ар­­қылы шақырылмайтын шексіз элементтерден тұрады.

WUI-интерфейсінің компоненттері. WUI-интерфейсінің кең таралған компо­нент­теріне баннерлер, навигациялық панельдер және әртүрлі әдістермен реттелген визуалдық немесе мәтіндік гиперсілтеулер жатады. Және де анимацияларға, графикаларға және түстерге қолданылатын әрекеттер орындалады:

1) баннер – WEB-парақтардың жоғарғы бөлігінде көрінетін визуалдық тақы­рып;

2) навигациялық панель – мәліметтерге рұқсат етуді қамтамасыз ететін гиперсілтеулерді таңдаудың нұсқалары;

3) гиперсілтеулер – келесі парақтың мәліметін көрсететін немесе суреттің фокусын басқа облысқа ауыстыратын таңдау нұсқалары;

4) броузер – типтік броузер тақырыптан, экран шеңберінде көрінетін навигация­лық панель облысынан тұрады;

5) каталог – нәтиже табылғанша қосымша іздеу нұсқалары арқылы навигация үшін қолданылатын гиперсілтеулерді таңдау нұсқаларының тізімі;

6) іздеу және іздеу нәтижесі – пайдаланушы мәтінді іздеудің критерийлерін енгізетін және таңдайтын бір немесе бірнеше басқару элементтері. Іздеу нәтижеле­рі сол немесе басқа WEB-броузер терезелерінде көрсетіледі;

7) құжат – WEB-құжат қосымша көздерге сілтеулері бар мәтіндік ақпарат немесе ақпаратты ашық түрде көрсету;

8) жазбалар кітапшасы – кейбір WEB-түйіндер мәліметтерді ұйымдастыру үшін қолданылатын метафора түріндегі визуалдық кітапша. Навигациялық панельден айырмашылығы таңдау нұсқалары аз мөлшерде болу ғана.

          Қалталық құрылғылардың пайдаланушылық интерфейсі (HUI).

Қазіргі кезде компьютерлердің екі PDA (Personal Digital Assistant-жеке цифрлық ассистент – кейбір арнайы функцияларды орындауға арналған қалталық компьютер) класы белгілі – біріншісінде кәдімгі GUI-стиль, екіншісінде GUI-интерфейсінің ішкі жиыны қолданылады. Пайдаланушының мәліметтерін енгізу үшін қалам және сенсорлық экраннан тұратын ишараттық (жестикуляция) стиль қолданылады.

Әдетте, мұндай құрылғылардың экрандары өте кішкентій болады. PDA дисплейінің әрбір ауданы үстелдік және ықшам жүйелер үшін қолданылатын GUI-қосымшаларының терезелерінен кіші. PDA үшін негізінен үстелдік немесе ықшам компьютерлерге арналған GUI-бағытталған бағдарламалар қолданылады.

HUI-интерфейсі GUI-интерфейсінің кейбір мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді, атап айтсақ пиктограмма, мәзір және көрсеткіштің қалпы. HUI-интерфейсі үшін жалпы стильді SIMP-стиль деп атауға болады (Screen – экран, Icon – пиктограмма, Menu – мәзір және Pointer – көрсеткіш). Осы арқылы GUI-интерфейсінің көптеген қасиеттері қамтамасыз етіледі, олардың кейбірі төменде көрсетілген.

          Пиктограммалар көптеген PDA-ларда қолданылады. Олардың мүмкіндікте­рі көрсету құрылғысының түріне сәйкес өзгереді. Пик­то­граммалар GUI-интерфейсіндегі секілді нысандарды, белгілерді және әрекеттерді ұсыну үшін қолданылады.

Мәзір қатарлары және де мәзірдің өзі талап ету арқылы көрінеді және осындай компоненттерге сай қасиеттерге ие болады.

Қалам бір шерту секілді көрсеткіш ретінде жұмыс істейді. Сұхбаттар шақырылып жатқан нысандарды жауып тұратын терезелерде көрсетіледі. Мұндай терезелер GUI-терезелердің стандартты безендірулерін қабылдай алмайды. Олардың орнын ауыстыруға немесе өлшемдерін өзгертуге болмайды.

          Кейбір PDA-ларға пернетақтаны қосуға болады, бірақ пайдаланушы қалам мен көрсеткіштердің бірге жұмыс істеуін үйрінуі қажет. Кейбір командаларды  GUI-интерфейсінің командаларды тез таңдау пернелеріне эквивалентті «ишараттық» пернелер комбинациялары арқылы орындауға болады.

HUI-бағытталған қосымшалардың негізгі мәселелері төменде келтірілген.

- Пайдаланушының мәлімет енгізулеріндегі талап етуді оңайлату.

- Дисплейдің шектелген ауданын қолдану.

Командалық қатардың графикалық емес пайдаланушылық интерфейс (Command Line Interface – CLI).

Бұл интерфейс қосымшалармен жиі жұмыс істейтін дайындалған пайдаланушыларға арналған. Пайдаланушы қатаң белгіленген ішкі құрылымы бар командалар арқылы қосымшалармен жұмыс істейді. Командалар коды осы командалар арқылы орындалатын қосымшалардың функциясын теңестіреді. Командалар коды функцияның аталуын көрсетеді және түсінікті тілдегі сөздер ар­қы­лы немесе қысқартылған түрде жазылады. Командалар пайдаланушыға жүйенің сауалдарына жауап беріп отырудың орнына, лезде керекті функцияны өзгешеліктерін анықтауға мүмкіндік береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Пайдаланушы интерфейстері қандай кластарға бөлінеді?

2) GUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

3) WUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

4) HUI-ді қолданудың қандай ерекшеліктері бар?

 

 

 

 

14 дәріс. Компьютерлік иерархиялық жүйенің ақпараттық өзара қатынас интерфейсі

 

Дәріс мақсаты: ақпараттық өзара қатынас деңгейінің жүйесі. Ақпараттық өзара қатынас деңгейінің интерфейстері мен хаттамаларының өзара қатынасы.

 

Ақпараттық өзара қатынас интерфейстерін WEB-қосымша мысалында қарастырайық. Бұдан бұрын қарастырылған пайдаланушылық WUI, қосымша деңгейінің бағдарламалық интерфейсімен тікелей байланысты екенін атап өту керек. Интернет торабындағы түрлі нысандардың өзара қатынасы ISO 7498 (ISO – International Organization for Standardization) жалпы халықаралық стандарттық ережелері мен талаптарына сай құрылады.

Бұл стандарт үш тақырыптан тұрады “Ақпаратты есептеу жүйесі – Ашық жүйелер өзара қатынасы – Эталонды модель”. Әдетте оны қысқаша – “Ашық жүйелердің өзара қатынасының эталонды моделі” деп атайды. 1983 жылғы осы стандарттың жарияланғаны көптеген белгілі телебайланыстағы компаниялардың және стандарттаушы ұйымдардың көп жылдық жұмысының қорытындысы болды. Осы құжаттың негізі болып табылатын негізгі мақсаты, жүйе аралық ақпараттық өзара қатынас үдерісін, нақты анықталған  қызметімен деңгейлерге бөлу.

Өзара қатынас моделі ретінде OSI (Open System Interconnection) Америка ұлттық стандарт институты ұсынған құрылым болды ANSI (American National Standards Institute) ISO 7498 телебайланыс саласындағы стандарт болып табылады.

Әр салалы ұйымдық өзара қатынастың артықшылығы ол деңгейлік стандарттың дербес жоспарымен қамтамасыз етеді және ақпараттық есептеу жүйесінің бағдарламалық қамтамасыз етуі және құрылғының модульді болуы, осы саладағы техникалық дамудың деңгейіне ықпал етеді.

Көп деңгейлік модельді қолданғанда, торап түйіндерінің арасында ақпараттың орнын ауыстыру үшін, ең кіші бөлшектерге бөледі, демек мәселелерді жеңіл шешуге ықпал етеді. Көп деңгейлік модель ақпарат қалай бір қолданбалы бағдарламадан, мысалы кестені өңдеуден, басқа компьютерлік торапта тұрған, сол кестені өңдейтін екінші қолданбалы бағдарламаға өту жолын сипаттайды.

Көп деңгейлік модель өзара қатынастағы жүйенің деңгейімен тікелей байланыстыру бағытын ұстамайды, демек А жүйесінің әрбір деңгейі оған берілген. В жүйесінің сәйкес деңгейімен байланыс орнату үшін, А жүйесінің аралас деңгейінің көмегіне сүйенуі керек.

Көрсетілетін қызмет туралы ақпарат деңгейлер арқылы, арнайы ақпараттық блоктар арқылы беріледі. Бұл тақырып деп аталынады. Тақырып әдетте берілген қолданбалы ақпараттың алдында болады.

Берілген модель бір-біріне салынған матрешканы еске түсіреді. Олардың ішіндегі ең кішкентайы  – пайдаланушының мәліметтері, ал барлық қалғандары  тағайындау нүктесіне мәліметтерді жеткізу үшін қызмет етеді.

Басқаша айтқанда, бұл жұмыстың механизмі нәтижесінде жоғары деңгейдегі әрбір пакет төмен деңгей хаттамаының  “ конвертіне “ салынады.

ISO 7498 стандартына сәйкес ақпараттық өзара қатынастың жеті деңгейі (қабаттары)  белгіленеді:

1) Физикалық деңгейі (Physical Layer).

2) Арналық  деңгейі (DataLink Layer).

3) Тораптық деңгей (Network Layer).

4) Транспорттық деңгей ( Transport Layer).

5) Сессиялық деңгей ( Session Layer).

6) Ұсыну деңгейі ( Presentation Layer).

7) Қосымша деңгейі ( Application Layer).

Екі не одан да көп жүйенің ақпараттық өзара қатынасы, ішкі деңгейілік жүйелердің ақпараттық  өзара қатынасының жиынтығын береді. Сайып келгенде, жергілікті ақпараттық жүйелердің әрбір қабаты, сәйкесінше алыстатылған жүйенің қабатымен өзара қатынаста болады.

Хаттама – аттас деңгейлердің нысандарының өзара қатынас алгоритмдерінің (ережелері ) жиынтығы.

Ақпараттық жүйелердің қабаттары (деңгейлері)  бір-бірімен өзара қатынаста болады. Онда тікелей өзара қатынасқа тек көршілес деңгейлер қатысады. Әдетте орта деңгей төменгі деңгей ұсынатын қызметтерді пайдаланады, ал өзі өз кезегінде жоғарғы деңгейге қызмет етеді.

Интерфейс – берілген деңгейдің нысанымен өзара қатынасы сәйкес жүзеге асатын ережелердің жиынтығы.

Тораптық өзара қатынастың иерархиялық ұйымдасуы, мәліметтердің тасымалдау технологияларында  орны басылған өнделген құрылымдарды және олардың өзгерістерге тез бейімделуін қамтамасыз етеді. Мысалы, физикалық тасымалдауыш арқылы мәліметтерді тасымалдаудың жаңа әдісіне көшкенде, тек қана төменгі деңгейде өзгеріс орын алады. Егер  хаттамалар жүйесі ISO 7498 талаптарына сәйкес ұйымдасса, жоғарғы деңгей өзгеріссіз қалады. Тәжірибе жүзінде берілген стандарттың талаптары хаттама стектері түрінде жүзеге асады.

Стек – өзара қатынас хаттамаларының  иерархиялық ұйымдасқан тобы.

Стекке жататын хаттамалар  арнайы интерфейс иемденеді. Олар тек сол стектің сәйкес деңгейлерінің хаттамаларымен өзара қатынасы үшін арналған. Мұндай стектердің мысалы ретінде ТСР/ IP стегін келтіруге болады. 

Әдетте 7-5 деңгейлер  жоғарғы болып есептеледі және  нақты тораптың ерекшіліктерін көрсетпейді.  Пайдаланушының (хабарлама) мәліметтер блогы осы деңгейлермен біртұтас ретінде қарастырылады. Өзгерістерді тек  мәліметтердің өздері өткеруі мүмкін.

Кейде 1-3 және 4 деңгейлер OSI төменгі деңгейлері болып саналады. Бұл деңгейлердің әрбірінде мәліметтерді ұсыну пішімі анықталады. Стектің 4-деңгейінен біріншіге өту барысында пайдаланушының хабарламасы тізбектей үзінделеді және сәйкес деңгейдің мәліметтер блогының тізбегіне түрленеді.

Инкапсуляция – үзінделген мәліметтер блогының бір деңгейден басқа деңгейдегі мәліметтер блогына орын ауыстыру үдерісі.

Әдетте жоғары деңгей хаттамалар деректері – төмен деңгейдегі хаттамалар деректерінің блогына инкапсуляцияланады (тораптық-каналдық). Сонымен қатар, аттас деңгейдегі хаттамалар үшін де инкапсуляция орындалуы мүмкін.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Компьютер жүйелерінің әртүрлі деңгейлерінің  ақпараттық өзара қатынасы қалай ұйымдастырылады?

2) Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас хаттамаы термині қандай мағына береді, мысал  келтіріңіздер?

3) Компьютер жүйелерінің деңгейлерінің өзара қатынас интерфейсі термині қандай мағына береді, мысал  келтіріңіздер?

4) Компьютер жүйелердегі инкапсуляция және хаттамалар стегі терминдері қандай мағына береді?

 

15 дәріс. Бағдарламалы-аппаратты интерфейстер

 

Дәріс мақсаты: қосымша  деңгейінің өзара қатынас интерфейстері. WEB - қосымшалардың өзара қатынас интерфейсін орындау.

 

Екі қосымшаның, WEB – броузер және WEB-сервердің (әдетте бұл екі қосымша әртүрлі машиналарда және соған сәйкес түрлі бағдарламалы-аппараттық платформаларда орналасқандықтан, бағдарламалы-аппараттық интерфейс терминін қолданамыз) өзара қатынас интерфейсін қарастырамыз.

WEB- қосымшаның өзара қатынас интерфейсін орындағанда (Hypertext Transfer Protocol – гипертекст тасымал хаттамаы) қолданылады, WWW - World Wide Web  торабында орналасқан, қолданбалы деңгейдегі хаттама және әртүрлі ақпаратқа кіру мүмкіндігін қамтамасыз етуші. НТТР  хаттамасы  берілген мәліметтердін түріне байланыссыз, ақпаратты көбейтудің жоғарғы өндіргіштік механизмін иемденеді. Хаттама нысаны – бағытталған технологиялар бойынша құрылған және түрлі тапсырмаларды шешу үшін, мысалы  таратылған ақпараттық жүйелерді басқару үшін қолданылады.

Берілген әртүрлі форматтарды сақтау және ұсыну қабілеті НТТР-ді қолдана отырып, WWW жүйесін ерекше  енгізу құралы етеді.

Қазіргі кезде HTTP хаттамасы WWW жүйесінде негізгі хаттама ретінде қолданылады. Осыған қарай HTTP хаттамаында жұмыс істеу әдісін толығырақ қарастырайық. HTTP хаттамаы WWW серверлерінде ақпараттық ресурстар мен сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. WWW торабының көпфункционалды ресурстарына қатынасты үйлестіру үшін, серверлер интерфейстер кешенін қолдайды. Ол тораптық ресурстарға қол жеткізу әдістеріне және деңгейлерді құрылымдауға мүмкіндік береді. Әр интерфейс құрылымы мен әдісі бар торап нысанісінен тұрады. WWW торабында орналасқан ақпаратты іздеу үшін Web-броузер деп аталынатын арнайы қосымша қолданылады. Нысандардың (клиенттік және серверлік) келісілген өзара қатынасы бағдарламалық интерфейс түсінігін қалыптастырады.

Қосымша деңгейінің хаттамаы негізінде құрастырылған бағдарлама – аппараттық интерфейстерді қарастырайық. URI (Uniform Resource Identifier, ресурс сәйкестендіргішы), URL (Uniform Resource Locator, ресурстың орны), URN (Uniform Resource Locator, ресурстың аты) - бір сервистің әртүрлі идентификациялық аспектісі. Ол ресурс орналасқан, интернет жүйесі арқылы кіруге болатын тораптың түйінінің түрін, қатынас әдісін және орнын анықтайды. Бұл сервис үш бөлімнен тұрады.  

1) Сұлба. Сервистің түрін сәйкестендіру. Ол арқылы сервиске қатынас жасауға болады. Мысалы WWW сервер.

2) Адрес. Ресурстың адресін (хост) сәйкестендіреді. Мысалы, www.ripn.net.

3) Кіру мүмкіндігінің аты және жолы. Таңдалынған хоста, ресурсқа толық жол сәйкестенеді. Біз оны ресурсқа кіру мүмкіндігіне пайдаланатын боламыз. Мысалы /home/images/image l.gif. Мысалы, Microsoft  (WWW-серверде) сайтында орналасқан, readme.txt файлы келесідей сәйкестендіргішы бар ресурсқа ие: http://www.microsoft.com/readme.txt. Ол дегеніміз ресурсқа қатынас үшін HTTP хаттамасын пайдалану керек, (кіру сұлбасы қос нүктемен бөлінген “:” және пайдаланған хаттамадың атын көрсетеді) келесі екі слэш www.microsoft.com серверінің адресін көрсетеді және файлдың аты /readme.txt қолданылады.

Әдетте ресурс орналасқан компьютер туралы айтылса, оны URL немесе URN мәндері пайдаланылады, ол егерде ресурс толық белгіленсе (түрі, хост, жолы көрсетілсе) онда URI қолданылады. Әрине таңбаларды орын ауыстыруға болады, бірақ тексте оны не білдіретінін түсіндіру керек.

 URI сәйкестендіргішы ресурс атын көрсетеді және оның параметрін де анықтайды. Параметрлер жолынан ресурс аты мына таңбамен “?” бөлінеді. Параметрлер жолы тұрақты құырылымдық символ тобынан тұрады, мынадай символмен“&” белгіленеді, мұндай лексама оның параметрінің атынан және оның  “=” символымен бөлінген  мәнінен тұрады. Бос орын символы “ “,  “+” таңбасына ауыстырылады. ASCII символдар жиынтығына кірмейтін лексем символы “%” таңбасына және осы символдың он алтылық мәніне ауыстырылады. Берілген ресурсқа барлық жол параметрлері, бір жол параметрі болып табылады, сондықтан да жолдың жеке параметрлерінің атауының немесе оның реті, түрінің соншалықты маңызды емес. Мысалы: http://www.exe.com/bm/scrshell.run?in=10&go=ok+and+ok&event=l&event=2

Бұл URI сәйкестендіргіш төрт параметрден тұрады, үшеуі оны сандық, ал екеуі бір атауға ие. URI сәйкестендіргішға кейбір параметрдің мәндеріне талдау жатады. Аталмыш мысалда scrshell.run ресурсы.

HyperText Markup Language (HTML) – WWW торабында сақталатын ақпаратты баяндау тілі. HTML файлы графикалық, бейне, аудио ақпараттың қосылғанын білдіретін арнайы кодтан немесе ақпараттың (Web-броузер Java Script, Java) ортасын көрсететін орындау кодынан тұрады. Web-броузер қосымшасы Java және JavaScript тілдері  үшін, олар орындалатын операциялық жүйе немесе орта, ал Web-парақ жұмыс істеу үшін бөлінген ресурс болып келеді. Бұл тілдер пайдаланушының деректері бойынша Web парақты құрмайды, оны өзінің жұмысы үшін және пайдаланушы үшін негіз ретінде пайдаланады. Web броузер бұл файлға қол жеткізгенде кодталған HTML файлдағы ақпаратты талдаудан өткізіп пайдаланушыға ыңғайлы түрде жеткізеді.

“HT” әріптері HTML хаттамаы атауында “Hyper Text”- WWW торабында ақпаратты орналастырудың негізгі тұжырымдамасын білдіреді. Hyper Text құжаты гиперсілтеме (hyperlinks)  деп аталынатын арнайы байланысы бар және ол құжат мәтінінде орналасады. Гиперсілтеме қолданушыға құжаттың бір бөлімнен екінші бөлімге көшуге ғана емес, сонымен қатар WWW торабындағы құжаттармен байланысуға мүмкіндік береді.

Common Gateway Interface (CGI) – бұл WWW жүйесін кеңейту стандарты. WWW серверларға аргументтерді пайдаланушы анықтай алатын бағдарлама құруға мүмкіндік береді. CGI интерфейсі пайдаланушының мүмкіндігін арттырады және аталмыш Web парақпен байланысты бағдарлама орындауға мүмкіндік береді. Ол дегеніміз WWW серверінен ақпарат алу мүмкіндігі болады. Мысалы WWW серверді қолданғандар ең соңғы ауа райы болжамы туралы ақпарат  ала алады. Ол үшін дерекқордан қазіргі уақыт мезетіне ауа райына сұраныс жасайтын бағдарламаны орындау қажет. CGI интерфейсі WWW сервер мен сыртта орындалатын бағдарламалардың байланыс құралы болып табылады. Ол пайдаланушының сұранысын қабылдайды да, оны сыртқы бағдарламаға береді, одан кейін нәтижесін пайдаланушыға құрастырылған Web парақ арқылы қайтарады. Web парақтар бір-бірінен айрықша болуы мүмкін. Себебі олар пайдаланушы анықтаған параметрлерге байланысты қалыптасады.

CGI механизмі әмбебап болғандықтан ол кез келген WWW серверлер арасында деректерді алмастыра алады. CGI интерфейсі орындалатын файлдардан құралған соң, оған онда орындалатын бағдарлама түрлеріне шектеулер болмайды. Бағдарлама орындалатын модульдерді құралатын кез келген бағдарлама тілінде жазылуы мүмкін. CGI-бағдарлама Perl және Shell сияқты операциялық жүйелердің командалық тілдерін пайдалана отырып жазылуы мүмкін.

Қазіргі уақытта техналогияда көбінесе активтік серверлік парақтар ASP (Active Server Pages) технологиясы кеңінен қолдануда. Бұл технология CGI стандартын пайдалануын қарастырады. Бірақ, Web парақ құру мақсатында, нысанды-бағытталған деңгейде ғана пайдаланады.

Пайдаланушы интерфейсінің бұл түрі, дисплейі кішкене мөлшердегі қалта компьютерлеріне пайдаланылады. Мұндай жүйелерде, осы ерекшелікті ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің нысандары қолданылады.

HTML форматтағы гиперсілтемені қолданатын, пайдаланушы интерфейсін құруға дағдылануға арналады. Гиперсілтемелер, “Hand User Interface” жобасының талаптарын ескеретін, пайдаланушы интерфейсінің компоненттері болып табылады.

WUI негізіндегі пайдалану интерфейсінің компоненттері, тораптық бағдарламалық қосымшадағы пайдаланушының өзара қатынасын қамтамасыз етеді (мысалы Интернетте). Пайдаланушыға ақпаратты көрсетуден басқа, WEB парағының негізгі функцияларының біріне (WUI нысанілері бар кезде), WEB – торапқа белгілі деректерді жіберіп, оларды серверде өңдеу мүмкіндігі жатады. Бұл мақсаттар үшін парақтын кодына, HTML-парағында арнайы түр – нысаніні көрсететін, олардың көмегімен интерактивті интерфейс құруға болатын, арнайы тэгтер қосылады.

WEB – бағдарламалау тобының бағдарламалық құралының арнайы мүмкіндіктері қолданылады, мысалы JAVA-script немесе VB-script. Бағдарламалық жүйенің пайдаланушы іс-әрекетіне реакциясы ретінде көрсетілетін, “оқиға” мүмкіндіктері қолданылады. “Оқиғалар” дұрыс қолданылса пайдаланышуға тиімді көмек көрсете алады, мысалы: деректерді енгізуде, тасымалдауда, білмегенді толықтыру сияқты көмектер береді.

 

Бақылау сұрақтары:

1) Қосымшаның өзара қатынас интерфейстері  қалай орындалады?

2) Web-қосымша  мысалында өзара қатынас интерфейсінің  негізгі құрамдастарын атаңыз.

3) CGI интерфейсі қандай қызмет атқарады?

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Джеф Раскин, Интерфейс: новые направления в проектировании компьютерных систем. - Пер. с англ. - СПб.: Символ-Плюс, 2003.

2. Торрес Р.Дж. Практическое руководство по проектированию и разработке  пользовательского интерфейса. - Пер. с англ. – М.: Вильямс, 2002.

3. Коутс Р., Влеймник И, Интерфейс ''человек-машина". - М.: Мир, 1990.

4. Алиев Т,М.,  Вигдоров Д.И., Кривошеее В.П.  Системы отображения информации.-М.: Высшая  школа, 1988.

5. Гасов В.М., Соломонов Л. А. Инженерно-психологическое проектирование взаимодействия человека с техническими средствами. Практическое пособие, //Под ред,Четверикова В.Н. - М.: Высшая школа, 1990.

6. Соломонов Л.A,, Филипович Ю.Н., Шульгин В.А. Персональные автоматизированные информационные системы.  Практическое пособие. //Под ред.Четверикова В,Н. -М.: Высшая школа, 1990.

7. Гасов В.М., Меньков А.В, Соломонов Л.А., Шигин А.В. Системное проектирование взаимодействия человека с техническими системами. Практическое пособие. //Под ред.Четверикова В.Н. – М.: Высшая школа, 1991.

8. Гасов В.М., Коротаев А.И., Сенькин С.И. Отображение   информации. Практиеское пособие. //Под ред. Четверикова В.Н. - М.: Высшая школа, 1991.

9. Сальников Ю.Б., Савченко А.В., Филипов А.Н. Средства общения с ЭВМ. //Под ред. Савельева А.Я. –М.: Высшая школа, 1987.

10. Айден К., Колесниченко О., Крамер М., Фибельман X., Шишигин И. Аппаратные средства PC. - СПб.: BHV, 1998.

11. Борзенко A. IBM PC: устройство, ремонт, модернизация. – М.: 1995.

12.  Венда В.Ф., Инженерная психология и синтез систем отображения информации. — М.: Машиностроение, 1975.

13.   Смоляров A.M. Системы отображения информации и инженерная психология. – М.: Высшая школа, 1982.

14. Дракин В.И., Попов Э.В.,  Преображенский А.Б. Общение    конечных пользователей с системами обработки данных. - М.: Радио и связь 1988.

15. Основы инженерной психологии.//Под ред. В.Ф.Ломова. - М.: Высшая школа, 1986.

16. Жумагалиев Б.И. Средства взаимодействия в автоматизированных системах. Учебное пособие. – Алматы: КазНТУ, 2001.

 

Мазмұны

 

1 дәріс. Адам-оператор мен компьютерлік жүйе арасындағы қарым-қатынасты іске асыратын пайдаланушылық, бағдарламалы-аппараттық интерфейстерді жобалау мен таңдау сұрақтары

3

2 дәріс. Адам мен есептеуіш орта арасындағы қарым-қатынас интерфейсін инженерлік-психологиялық жобалаудың мақсаты мен міндеттері

6

3 дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары: интерфейстің келісімділігі, “кері байланыс” қағидасы, интерфейс қарапайымдылығы

9

4 дәріс. Өзара қатынас интерфейсінің сипаттамалары: интерфейстің  қасиеті, интерфейсті құру ережелері

13

5, 6 дәрістер. Операторлардың психофизиологиялық сипаттамалары

17

7 дәріс. Операторлар қызметінің уақыттық сипаттамалары

22

8 дәріс. Адам талдағыштарының негізгі сипаттамалары

25

9 дәріс. Пайдаланушылар санаттары

29

10, 11 дәрістер. Сұхбаттың құрылымдары және түрлері

31

12, 13 дәріс. Пайдаланушылық интерфейстердің жіктелімі

38

14 дәріс. Компьютерлік иерархиялық жүйенің ақпараттық өзара қатынас интерфейсі

44

15 дәріс. Бағдарламалы-аппаратты интерфейстер

46

Әдебиеттер тізімі

50

2012 ж. баспа жоспары, реті 360