КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ИНТЕРФЕЙСТЕРІ

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік технологиялар кафедрасы

 

 

КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕР ИНТЕРФЕЙСТЕРІ

 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін
курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2013

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Мусатаева Г.Т., Конуспаева А.Т., Байжанова Д.О. Компьютерлік жүйелер  интерфейстері. 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттері үшін курстық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.– Алматы: АЭжБУ, 2013. – 15 б.

 

Әдістемелік нұсқаулар бағдарламалаудың тәжірибелік сұрақтарын қарастырып оқып жүрген 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығының студенттеріне арналған.

          Әдебиеттер тізімі - 16 атау.

 

Пікір беруші: аға оқытушы Елеукулов Е.О.

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2013 ж.

 

Кіріспе

 

"Компьютерлік жүйелердің интерфейстері" пәнінің мақсаты қолданушы интерфейсін жобалау әдісін оқыту, қазіргі компьютерлік жүйелердің аппаратты программалық интерфейстерімен жұмыс жасау және ұйымдастыру үрдістерін игеру; программалық аспаптарды атап өту және оның жіктелімін үйрету; аспаптық программалық қамтаманың құралдары және әдістерінің құрамы мен қолдану аймағын анықтау; өндеу аспаптармен жұмыс істеу тәсілдері, компиляциялау, жүктемелеу, программаны орнатуды білу; аспаптарды қолдану мінездемесі мен мүмкіндіктері, олардың ақпараттық қамтамасын талдау; программалық қамтаманы қолдау және енгізу, жүктемелеу, қазіргі заманғы өңдеу құралдарын қолдануды практика жүзінде қалыптастыру болып табылады.

Программаларды тарату және өңдеу аспаптары аппараттық және программалық болып бөлінеді. Бұл пән бойынша үйретілетін компьютерге программаларды орнату және өңдеу үшін қолданылатын программалық аспаптық құралдарға негізделіп жасалған.

Программалық өнімді (ПӨ) өңдеу бір-бірімен байланысқан фрагменттік әрекеттерден тұрады – атап айтсақ:

- деректер моделін құру және есептеу әдістемесі;

- функционалдық сипаттамасы;

- деректер құрылымын анықтау; есепті тарату әдістерін сипаттау және анықтау (шешу алгоритмі);

- пайдаланушы интерфейсін сипаттау және анықтау;

- ПӨ қолдайтын құралдарды анықтау;

- есеп спецификациясы;

- программа мәтінін жазу;

- программа трансляциясы және жөнделуі;

- қолдау кітапханаларын қосу және байланыстыру;

- орындау  ортасын құру; орындамалық модульді орналастыру және жүктемелеу;

- өңдеуді құжаттау  және енгізілген көмекші құру;

- орнатылатын (инсталляцияланатын) ПӨ пакетін құру.

Rational Unified Process (RUP) көлемінде программаны өңдеу үшін келесі этаптарға тоқталып өту керек: - талаптарды анықтау;

- жобалау; - программалау; - тестілеу; - енгізу.

Көрсетіліп отырған жұмыстарды орындау үшін көптеген программалар жиыны – аспапты өңделген және олар толықтырылып отырады, олар программаның өңделу процесін қалыптастыру және автоматтандыру үшін қажет. Бұл құралдарды қолдану программалық өнімді енгізу және өңдеу процесінің мерзімін азайту үшін қажет.

Пәнді оқып білу нәтижесінде студент жүйелік позиция жағынан келесілерді білуі, жасауы және  қолдануы керек:

1) Жобалау аймағындағы негізгі бағыты, аспаптық құралдар жиынын таңдау және программалық өнімдерді өңдеудің өміршеңдік циклін қамтамасыздандыруды білу.

2) Аспаптық программалық қамтаманың теориялық негізін құруды білу.

3) Программалық өнімді өңдеудегі қолданылатын мемлекетіміздің және шетелдердің стандарттарын қолдануды білу.

4) Аспаптың ақпараттық құрылымын және интерфейсін құрудағы классикалық және қазіргі заманда қолданылатын әдістерді білу.

5) Программалық өнімдерді тарату және өңдеу кезінде практика жүзінде қолданылған өміршеңдік цикл этаптарымен қамтамасыздандыратын аспапты құралды таңдау.

6) Программалық аспапты құру стандарттарын қолдану.

7) Аспаптық программалық құралдарды қолдану.

Аспаптарды қолдану тиімділігінің бағасы және сапа мінездемесінің талдануы:

1) Аспаптық программалық құралды енгізудің экономикалық тиімділік бағасы.

2) Аспаптармен жұмыс істеудегі обьектілі – бағытталған және құрылымдық тарату әдістері.

3) Аспаптық программалық құралдарды қолдану.

4) Программалық аспаптарды өңдеу.

5) ПӨ өңдеу аспаптарын таңдау кезіндегі салыстырмалы талдау.

Көрсетіліп отырған барлық пәндер қолдану әдістемесі және обьектілері арасында тығыз байланысқан.

Пәнді оқу барысында студенттер:

- адам - машина жүйесінің инженерлік психологиялык және эргономикалық жобалау әдістерін; адам - есептеу ортасындағы өзара байланыс интерфейстерінің жалпы жүйелік жобалау әдісін білуі тиіс;

- оператордың есептеу ортасы мен өзара қарым-қатынасын қамтамасыз ететін аппараттық-программалық құралдарына талаптарды қалыптастыруды және компьютерлік жүйелердің интерфейстерін үйымдастыру жөніндегі жобалау шешімін таңдау және негіздеуді білуі тиіс;

- компьютерлік жүйелердің интерфейстерінің қазіргі кездегі даму тенденциялары мен перспективалары туралы түсінігі болуы керек.

 

1 Курстық жұмыс мақсаты мен мәселелері

 

1.1 Курстық жұмысты орындаудың мақсаты

 

Студенттердің оқу барысында алған теориялық және тәжірибелік, кәсіби білімдерін жүйелеу, бекіту және кеңейту.

Дербес зерттеу және нақты сұрақтар мен мәселелерді әзірлеу және зерттеу кезінде тәжірибе жасау әдістемесін игеру.

Студенттің дайындық, оның заманауи ғылым мен техниканың әртүрлі салаларында өз бетінше жұмыс істеуіне көмектесетін тәжірибелік дағдыларды, кәсіби құзырлықты меңгеру деңгейін анықтау болып табылады.

Курстық жұмыс (жоба) тиісті сала мамандықтарының маңызды сұрақтары мен мәселелерін дербес зерттеу нәтижелерін жинақтауы керек.

 

1.2 Курстық жұмыстың мәселелері

 

Курстық жұмыс (жоба) келесі талаптардың біріне жауап беруі тиіс:

- сарапшылар, тәжірибелік мамандар, инженерлер, экономистер, инженер-құрастырушылар жүргізген зерттеулер мен жобалық шешімдердің нәтижелерін зерттеу және жинақтау;

- зерттелетін нысан бойынша негізделген теориялық қорытындылар мен ұсыныстардың болуы;

- нақты міндеттерді, сұрақтар мен мәселелерді шешуге бағытталған негізделген нәтижелер болуы керек.

- таңдалған тақырыптың өзектілігі мен маңыздылығын негіздеуі керек;

-  қажетті мәліметтерді жинау жолымен зерттеу нысанының (пәнінің) күйіне талдау жасау;

- зерттеу барысында алынған нәтижелерді жинақтау негізінде нақты қорытындылары мен ұсыныстар жасау;

- алынған нәтижелерді жинақтау негізінде зерттеу нысандарының қызметін жетілдіру жолдарын немесе нақты мәселелерді, сұрақтар мен міндеттерді шешу жолдарын ұсыну.

 

2 Курстық жұмыстың құрылымы мен безендірілуі

 

2.1 Курстық жұмыстың құрылымы

 

Курстық жұмыс (жоба) - студенттің нақты мамандық бойынша өз бетінше машиналық жазба мәтінінде 25-30 бет көлеміндегі қолжазба түрінде әзірлеген - зерттеу жұмысы. Қосымшалар көрсетілген курстық жұмыс (жоба) көлеміне енгізілмейді.

Курстық жұмыстың (жобаның) құрылымдық элементтері:

1) Мұқабасы.

2) Бірінші беті.

3) Курстық жұмысты орындауға тапсырма.

4) Мазмұны.

5) Кіріспе.

6) Негізгі бөлім (теориялық, сараптамалық және ұсынымдық бөлімдер).

7) Қорытынды (қорытындылар мен ұсыныстар).

8) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

9) Қосымшалар.

 

2.2 Курстық жұмыстың безендірілуі

 

Мұқаба мен бірінші бет курстық жұмыстың (жобаның) бірінші беттері болып табылады және құжатты өңдеу және іздеу үшін мәлімет беретін ақпарат көзі ретінде қызмет етеді.

Курстық жұмыстың мұқабасы мен бірінші беті нөмірленбейді, бірақ жалпы беттер санына кіреді. Мұқаба мен бірінші беттің үлгілері 3 және 4 қосымшаларда келтірілген.

Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұнына кіріспе, барлық тараулар (бөлімдер) мен параграфтардың (тараушалардың) реттік сандары мен атаулары, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі, қосымшалардың атауы кіреді.

Мазмұнында курстық жұмыстың әрбір элементінің (тарау, параграф) қарсысына ол басталатын беттің нөмірі қойылады.

Курстық жұмыстың (жобаның) мазмұны келесі шарттарға жауап беруі керек:

- Материалды баяндаудың логикалық бірізділігі.

- Зерттеудің нақты мақсатты бағыттылығы.

- Жұмыс нәтижелерін баяндаудың нақтылығы.

- Қорытындылардың, нәтижелердің дәлелділігі және ұсынылатын шешімдер мен ұсыныстардың негізделгендігі.

Кіріспеде курстық жұмыс (жоба) тақырыбының маңыздылығына негіздеме,  жаңалығы мен тәжірибелік маңызы, шешілетін  мәселенің қазіргі жағдайын бағалау, сонымен қатар курстық зерттеудің мақсаты, мін деттері және нысаны қалыптастырылып, курстық жұмысты (жобаны) жазудың теориялық және әдістемелік негізі мен тәжірибелік базасы суреттелуі қажет. Кіріспенің көлемі 3-5 бетті құрауы мүмкін.

Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде орындалған жұмыстың мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен негізгі нәтижелерін бейнелейтін мәліметтер беріледі. Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімі, әдетте, тараулар мен тараушаларға (бөлімдер мен параграфтар) бөлінеді. Курстық жұмысқа (жобаға) 2-3 тарау енуі мүмкін.

Бірінші тарау - теориялық, оған 2-3 параграф кіруі мүмкін. Аталмыш тарауда, заңнамалық, статистикалық, тәжірибелік және басқа да әдеби деректерді шолу негізінде зерттеліп отырған мәселенің теориялық аспектілері мен мәселелері қарастырылады. Әдеби деректерді шолу барысында аталмыш тарауда қарастырылатын мәселенің мағыналық аппараты, әдістемелік негіздері ашылып, зерттеліп отырған тақырып бойынша отандық сияқты шетелдік ғалымдардың да әртүрлі көзқарастарына салыстырмалы баға берілуі және қойылған міндеттерді зерттеуде және шешуде өз тәсілі мен үлесі анықталуы қажет.

Екінші тарау - сараптамалық. Бұл тарауға 2-3 параграф енуі мүмкін, оларда арнайы ақпаратты (анықтамалық, нормативті-заңнамалық, техникалық, статистикалық, тәжірибелік және т.б.) меңгеру негізінде зерттеліп отырған нысанға жан-жақты кешенді талдау жасалады, зерттеу нысаны мен пәніне жіті сипаттама беріліп, зерттеліп отырған нысанның факторлары мен заңдылықтары, қолданыстағы тәжірибедегі даму тенденциялары, кемшіліктері және оларды әрі қарай шешу жолдары анықталады.

Үшінші тарау - түйіндік, ұсынымдық. Бұл тарау 2-3 параграфтан тұруы мүмкін, оларда зерттеліп отырған мәселені теориялық және тәжірибелік талдау негізінде зертттеліп отырған мәселенің кемшіліктері, аталмыш саладағы шешілмеген мәселелер, модельдеу мен жағдайды қолдану арқылы әрі қарай даму келешегі мен мәселені шешу жолдары анықталады, сонымен қатар зерттеу нысанының қызметін ұйымдастыру және басқарудың жеке бағыттарын жетілдірудің басқа да мүмкіндікті жолдары ұсынылады.

Қорытындының көлемі 3-5 беттен тұрып, курстық зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытындыларды, қойылған міндеттерді шешу толықтығын бағалауды, талданатын зерттеу нысаны бойынша нақты ұсыныстарды қамтуы қажет.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі жұмыстарға белгіленген талаптарға сәйкес рәсімделген пайдаланылған , оқу, мерзімдік, заңнамалық-нормативтік, статистикалық, электрондық және басқа да көздердің тізімін сипаттап, құрамына 10-нан кем емес дерек көздері енгізілуі қажет.

Қосымшаларға негізгі бөлімде көрініс таппаған және кестелер, суреттер, нұсқаулықтар, техникалық сипаттамалар, бағдарламалық өнімдер, есептеулер және т.б. түрінде ұсыныла алатын, курстық зерттеуді орындауға байланысты материалдар енгізіледі.

 

3 Курстық жұмыстың орындалу тәртібі

 

Курстық жұмыстың орындалуын төмендегідей кезеңдерге бөлуге болады:

- тақырыпты таңдау;

- әдебиеттерді іріктеу және үйрену;

- жұмыс жоспарын құрастыру;

- нақты материалдарды жинау мен жетілдіру;

- курстық жұмысты жазу;

- курстық жұмысты толтыру;

- курстық жұмысты қорғау.

Тақырыпты таңдауда бір оқу тобында курстық жұмыстың бір тақырыбын тек бір ғана студент орындайды.

Жалпы ережелер. Курстық жұмыс талаптарға сәйкес толтырылуы тиіс.

Курстық жұмыстың негізгі бөлігі, зерттеу тақырыбы мен мазмұнына байланысты, әртүрлі мәтіндер түрінде, кестелер мен суреттер түрінде (сызба, диаграммалар) өрнектелуі тиіс.

Жұмыстың мәтіні зерттеу объектісі туралы ақпараттармен тиянақты және логикалық түрде қамтылуы керек. Мәтін тараулар, бөлімдерге бөлінеді, әрқайсысының өз нөмірі араб цифрларымен сипатталуы тиіс.

 Тақырыпша атаулары. Бөлімдер атаулары тараулардың мазмұнын нақты және қысқа айқындауы тиіс. Бөлімдер атаулары ірі әріптермен орта жолдан нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылуы керек. Бөлімдер ішіндегі тақырыпшалар атаулары ірі әріптермен, нүктесіз, астын сызбай ірі шрифтермен жазылады. Мұнда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.

Курстық жұмыстың бөлімдері мен тараулары араб сандарымен нөмірленеді. Тараулар барлық мәтіндегі реттік нөмірлеу бойынша жүзеге асады. Мысалы: 1,2,3 және т.б.

 

3.1 Курстық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері

 

Курстық жұмысқа (жобаға) тапсырмада бастапқы материалдар мен дереккөздерін сипаттау, студент әзірлейтін сұрақтар тізімі, ұсынылған әдебиеттер тізімі, графикалық материал (таблицалар, диаграммалар, сызбалар, суреттер және т.б.) тізімі, курстық жұмысты (жобаны) жазу.

Курстық жұмыстың (жобаның) негізгі бөлімінде пайдаланылған есептеулер әдістерін негіздеу, өткізілген тәжірибелерді суреттеу, әртүрлі нұсқаларды салыстырмалы талдау арқылы жұмыс тақырыбының мақсатын, міндеттерін ашып, суреттер, кестелер, сызбалар, диаграммалар, схемалар және компьютерлік технологиялар қолданылуы қажет.

 

3.2 Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар

 

Курстық жұмысты орындайтын студент жазбаша жұмыспен ұсынылатын талаптарды білуі тиіс.

Жұмыста зерттелінетін тақырып бойынша жан-жақты тереңдетілген теориялық білімдерге негізгі көңіл аударылады.

Курстық жұмысты жазу әрбір бөлімнің негізгі сұрақтардың мазмұнын қою мен сипаттаудан басталуы тиіс. Мазмұнын айқындау ғылыми дәл, анық және түсінікті болуы керек. Теориялық ережелер және қорытындылар нақты материалдарға негізделуі керек. Экономикалық заңдар мен болмыстар туралы дұрыс түсіну үшін, мүмкіндігінше оларды тарихи аспектілерінде қарастырылуы керек. Ең маңыздысы, курстық жұмыстың материалы логикалық тәртіппен сипатталынуы.

Сол себепті, студентке, курстық жұмыс тақырыбының мазмұнын дұрыс толық айқындау қажет.

Теориялық білімді жиналған материалды жазбаша түрде сипаттау - бұл курстық жұмысты орындаудағы жаңа маңызды кезең, білімдерді қалыптастыруының келесі сатысы, оларды жүйелеу және түсіну. Ақпаратты өзіндік алудың әдістерін үйрене отырып, студент біліміне өзіндік бақылау ұйымдастыру керек. Студент курстық жұмыс орындау кезінде мәліметтердің өзара байланысын, сызба бойынша жұмыс істеу, теориялық және аналитикалық жағдайларды байланыстың сипаттамасын бейнелейді.

 

4 Курстық жұмыс тақырыптары

 

Курстық жұмыста жүйелік функцияларының алгоритмдерін және құрылымдарын жасау.

1. СОМ-ға бағытталған технология. СОМ стандарттары. Интерфейстер және  класстар фабрикасы, СОМ таратылған моделі. Транзакция автоматизациясы және сервері.

2. Windows қабықшасының кеңейтілуі – СОМ объектілер мастері, орын ауыстыру өңдегіштері, контексті меню, пиктограмма.

3. plug – in (FAR) талдануы – бар аспаптарға қосымша құрылған мысал.

4. Жүйелік реестр құрамы және құрылымының талдануы.

5. Автономды жобалау үшін ресурс редакторын қолдану.

6. Өңдеу, компиляциялау, жүйеге  plug-in қою және тексеру.

7. Қосымшаларды өңдеу – интерфейс, деректер және класстар функционалдығын сипаттау. Диаграммалар және аспаптар.

8. Dot Net, Visual технологияларының базалық түсінігін менгеру.

9. Кластарды тарату компоненттерін таңдау. Интерфейс компоновкасы.

10. Бар қосымшалар үшін пред және пост шарттарын құру.

11. Программа жобасы үшін тестілік мысалдар өңдеу.

12. Меншікті компоненттер құру. Компоненттерді  пакеттеу.

13. Программа конструкторы және кітапхананы қолдану.

14. Инсталляциялық пакеттер құру құралдарын меңгеру.

15. Контекстті анықтама құру аспаптарын менгеру.

16. Программа құрушы аспаптардың мінездемелік салыстырмалы талдануы.

17. Стандартты программалық аспаптың қолдану әдістемесін менгеру.

18. Мастерлерді қолдана отырып, компоненттер модификациясын жасау.

19. Жөндеу және тестілеу. Әртүрлі жөндегіштерді қолдану.

20. Аспаптық құралдарды тарату және өңдеу.

 

5 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Әрбір студент курстық жұмысты өз бетінше орындау үшін берілген тапсырмалардың шығару әдістерінде, мазмұнында және енгізілетін мәліметтерінде төмендегі амалдарды орындауы қажет:

1) тапсырманың берілуіне талдау жасау; тапсырманы шешудің тәсілін таңдап, негіздеу; есептің шешу алгоритмін әзірлеу - 25%*;

2) алгоритмнің негізгі идеясын ашу, оның ұсынған есепті шешуге келетінін көрсету, дәлелдеу; есепті шешудің толық блок-сұлбасын әзірлеу - 20%;

3) бағдарламалау тілінде қойылған есепті шешу алгоритмінің программасын құру - 40%;

4) түсінік жазбасын даярлау және жұмысты қорғау - 15%.

* - пайыз көлемі берілген кезеңнің еңбек көлемінің дәрежесіне тепе-тең және мерзімінде тапсырылған жұмысты бағалауда қолданылады.

 

Бақылау сұрақтары

1. Программаны өңдеу кезіндегі әркеттер тізімі.

2. Программалау деңгейлерінің жіктелімі және оның ерекшеліктері.

3. Программалау бағытының жіктелімі және оның ерекшеліктері.

4. Программалау тілдерінің  соңғы 20 жыл ішіндегі даму жіктелімі.

5. Программалау стандарттарының жіктелімі.

6. Программалық аспаптың даму тарихы.

7. Программаға қойылатын талаптардың пайда болу этаптары - әдістері және аспаптары.

8. Құрылымдық және элементтік программалау технологиялары – айырмашылықтары, ұқсастықтары, қолданылуы, шығындары, аспаптары.

9. RUP әдістемесі және стандартты өңдеу әдістемесімен салыстыру – этаптары, құжаттары, орындаушылары.

10. Обьектілердің көріну және байланыс парадигмалары – глобальды және локальды, статикалық және динамикалық, ішкі және сыртқы - әдістері және тарату аспаптары.

11. Ерте және кеш байланыстыру парадигмалары және оларды тарату механизмі.

12. Қазіргі заманғы программалау – базалық түсінігі және аспаптары.

13. UML – өңдеудің логикалық деңгейінде жобаны сипаттау құралы.

14. COAD технологиясы – тәртіп, аспаптар, өңдеу құжаттары.

15. Класс және компонент түсінігі – бірдей және әртүрлі.

16. ОБ талдау және  ОБ жобалау – әдістері және нәтижесі.

17. Rational Rose – программаларды логикалық жобалау аспабы - мүмкіндіктері.

18. BPWin – бизнес процестерді сипаттау аспабы – мүмкіндіктері және нәтижелері.

19. ERWin – ДБ жобалау құралы – пайдалану тәртібі, қолдану деңгейі.

20. MSVisio- құрылым және процестерді модельдеудің графикалық аспабы.

21. plag-in технологиясы және оның программалық жүйелерді өңдеу кезіндегі қолданылуы.

22. Файл-менеджерлер – өңдеу кезінде файлдарды басқару программалары – оларды өсіру мүмкіндіктері, әртүрлілігі және қолдану мінездемесі.

23. ОЖ – программаны тарату ортасы – функциялар және олардың өңдеуге септігі.

24. Программалық кітапханаларды қолдану аспаптары және технологиялары.

25. Пайдаланушы компоненттерін құру – өңдеу тәртібі және құралы.

26. Пайдаланушы компоненттерін құру –.ехе және .dll  файлдар үшін  технологиялар.

27. Open Tools API интерфейстері – құрамы мен мүмкіндіктері.

28. Кластар шаблоны – олардың программалауда қолданылуы.

29. Программалық жүйлердің ӨЦ процессі – анықтамалары, қолданбалы қолданылуы (стандарт 12207).

30. 12207 стандарты бойынша өңдеу процесі.

31. Debug –менюі, құрастырылуы, мүмкіндіктері, қолданылуы.

32. IDA–менюі, құрастырылуы, мүмкіндіктері, қолданылуы.

33. Delphi7 – аспаптар ағашы.

34. MS Visual Studio – аспаптар ағашы.

35. MS Visual Studio мүмкіндіктері және программаны өңдеу кезінде олардың қолданылу тәртібі.

36. VCL кітапханасы– құрамы және  компоненттер ағашы.

37. ДБ жұмыс жасайтын программа компоненттері және  x dbi  функциясы.

38. Программаларды жобалаудың визуальды технологиясы – обьектілер инспекторы.

39. Программаларды жобалаудың визуальды технологиясы – уақиға өңдеуіштерін құру.

40. Визуальды программалауда Wizards-ты қолдану.

41. Программалық жобаларды өңдеуде Repository қолдану.

42. Өңдеуіш тобын басқару – аспаптары және өңдеу кітапханасы.

43. Компиляция процесін басқару және программаларды байланыстыру.

44. Ақпаратты қорғау  стандарттары. МЖББС Р51241-98. Қатынауды басқару жүйесі және құралдары.

45. МЖББС Р51188-98. Ақпаратты қорғау. Программалық құралдарды вирусқа тексеру.

46. Интерфейсті жобалау компоненттерінің стандарттары.

47. TInterface компоненттері және оларды пайдаланушы интерфейстерін құру кезінде қолдану.

48. Контексті көмекші құру – құралдары және әдістемелері.

49. Программалық жүйелерді құру және инсталляциялау – проблемалары, шешу жолдары, аспаптары.

50. Әртүрлі тілдегі программаларды байланыстыру – проблемалары және шешу жолдары.

51. Windows және MFC кітапханалары.

52. SDK- программаны өңдеу кезіндегі қолданылуы.

53. RegEdit және программаларды орнату және жою кезінде реестрмен жұмыс.

54. SEH фреймі және оның программаларды өңдеу кезіндегі қолданылуы.

55. ОЖ утилиттері және олардың есептеу ортасын құру кезіндегі қолданылуы.

56. Программаға қатынауды журналдау – әдістері және қорғау құралдары.

57. Тест құру. Пред- және  пост- шарттар – құрылуы және қолданылуы.

58. Программаны параллельді орындауды ұйымдастыру – көпағымдық.

59. Ағындармен және файлдармен жұмыс ұйымдастыру.

60. Программалық өнім оптимизациясы – әдістері және аспаптары.

61. Офистік графика пакеті – мүмкіндіктерін салыстыру.

62. Есепберулерді құрушылардың визуальды пакеті – мүмкіндіктерін салыстыру.

63. ДБ құрылымын визуальды жобалау аспаптары– салыстырмалы мінездеме.

64. Объектілі программалау мүмкіндіктерін салыстыру.

65. Тіл сценарийлерінің мүмкіндіктерін салыстыру.

66. Программаны өңдеудің қандай гарвардтық микропроцессор құрылымының талаптарын білесіз?

67. Операциялық жүйенің қандай мінездемелері таңдау үшін негіз болып табылады.

68. Деректер базасын программалау пакеттерінің мүмкіндіктерін салыстыру.

69. СУБД мүмкіндіктерін салыстыру.

70. Organic IT архитектурасы және оған ПӨ өңдеу процесін перспективалы өткізу.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Джеф Раскин, Интерфейс: новые направления в проектировании компьютерных систем. - Пер. с англ. - СПб.: Символ-Плюс, 2003.

2. Торрес Р.Дж. Практическое руководство по проектированию и разработке  пользовательского интерфейса. - Пер. с англ. – М.: Вильямс, 2002.

3. Коутс Р., Влеймник И, Интерфейс ''человек-машина" - М.: Мир, 1990.

4. Алиев Т,М.,  Вигдоров Д.И., Кривошеее В.П.  Системы отображения информации.-М.: Высшая  школа, 1988.

5. Гасов В.М., Соломонов Л. А. Инженерно-психологическое проектирование взаимодействия человека с техническими средствами. Практическое пособие, //Под ред,Четверикова В.Н, - М.: Высшая школа, 1990.

6. Соломонов Л.A,, Филипович Ю.Н., Шульгин В.А. Персональные автоматизированные информационные системы.  Практическое пособие. //Под ред.Четверикова В,Н. -М.: Высшая школа, 1990.

7. Гасов В.М., Меньков А.В,5 Соломонов Л.А., Шигин А.В. Системное проектирование взаимодействия человека с техническими системами. Практическое пособие. //Под ред.Четверикова В.Н. – М.: Высшая школа, 1991.

8. Гасов В.М., Коротаев А.И., Сенькин С.И. Отображение   информации. Практиеское пособие. //Под ред.Четверикова В,Н. - М.: Высшая школа, 1991.

9. Сальников Ю.Б., Савченко А.В., Филипов А.Н. Средства общения с ЭВМ. //Под ред, Савельева А.Я. –М.: Высшая школа, 1987.

10. Айден К., Колесниченко О., Крамер М., Фибельман X., Шишигин И. Аппаратные средства PC.-СПб.: BHV, 1998.

11. Борзенко A. IBM PC: устройство, ремонт, модернизация, - М.: Вильямс 1995.

12. Венда В.Ф., Инженерная психология и синтез систем отображения информации. — М.: Машиностроение, 1975.

13. Смоляров A.M. Системы отображения информации и инженерная психология. – М.: Высшая школа, 1982.

14. Дракин В.И., Попов Э.В.,  Преображенский А.Б. Общение    конечных пользователей с системами обработки данных. - М.:Радио и связь 1988.

15. Основы инженерной психологии.//Под ред. В.Ф.Ломова - М.: Высшая школа, 1986.

16. Жумагалиев Б.И. Средства взаимодействия в автоматизированных системах. Учебное пособие. - Алматы; КазНТУ, 2001.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                               3

1 Курстық жұмыс мақсаты мен мәселелері                                                     4

1.1 Курстық жұмысты орындаудың мақсаты                                                  4

1.2 Курстық жұмыстың мәселелері                                                                 5

2 Курстық жұмыстың құрылымы мен безендірілуі                                        5

2.1 Курстық жұмыстың құрылымы                                                                 5

2.2 Курстық жұмыстың безендірілуі                                                               6

3 Курстық жұмыстың орындалу тәртібі                                                          7

3.1 Курстық жұмысты (жобаны) орындау кезеңдері                                      8

3.2 Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар                                         8

4 Курстық жұмыс тақырыптары                                                                      9

5 Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар                  9

Бақылау сұрақтары                                                                                         10

Әдебиеттер тізімі                                                                                            13

 

2012 ж. баспа жоспары, реті 219