Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік технологиялар кафедрасы

 

 

 

 КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР 

5В070400 –«Есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыздандыру», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының барлық оқу  түрінің студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫ: А.Ж. Тойғожинова. Компьютерлік желілер.  5В070400 – «Есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыздандыру», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының барлық оқу  түрінің студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. –  34 б. 

  

Бұл жұмыста компьютерлі-коммуникациялық жүйелердi жобалаудың сұрақтары қарастырылған, курстық жұмыстың мақсаты мен тапсырмалары сипатталған, тапсырманың тiзiмi берілген, курстық жұмысты орындау тiзбегі туралы мәлімет келтiрiлген, мазмұнына, түсiнiктеменi ресiмдеуге және көрнектi-графикалық материалға  қойылатын талаптар қарастырылған. Қосымшаларда компьютерлі-коммуникациялық жүйелер мысалға келтірілген.

Әдістемелік нұсқаулар 5В070400 – «Есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыздандыру», 5В070300 – «Ақпараттық жүйелер» мамандықтарының студенттеріне арналған

2 сурет, 7 кесте, 29 библиографиялық  атау. 

 

Пікір беруші:  физ-мат. ғыл. канд.,  доц. Шайхин Б.М. 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2011 ж. жоспары бойынша   басылады. 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж.

                  

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                              4

1          Курстық  жұмысқа тапсырма                                                                  5

2         Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар          8

2.1   Мекемені зерттеп оның ақпараттық сұранысын және шешетін тапсырмаларын анықтау                                                                                           9

2.2   Мәліметтер ағымының құрылымын анықтау                                      11

2.3   Желінің логикалық құрылымын жобалау. Мекеменің ақпараттық құрылымын құрып жобалау                                                                                   11

2.4   Желі топологиясын және ену әдістерін таңдау. Желінің иерархиялық құрылымын құру                                                                                                     12

2.5   Мекеменің жергілікті желілерін жобалау                                             12

2.6   IP-адрестеуді жобалау                                                                            13

2.7   Ғаламдық желі технологиясын таңдау                                                 14

2.8   Желілік технологияларды және желілік хаттамаларды таңдау.        17

2.9   Жклілік опреациялық жүйені таңдау. Ақпаратты қорғауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды таңдау                                                                   17

2.10        Ақпарат қауіпсіздігін жобалау                                                          18

2.11        Жүйеленген кабельдік жүені құру (СКС)                                        20

2.12        Желілік құрылғыны таңдау. Желінің физикалық құрылымын анықтау. Желі спецификациясын құру                                                                 20

3 Схемаларға және графикалық материалдарға қойылатын талаптар    22

Әдебиеттер тізімі                                                                                          24

А қосымшасы                                                                                                26

Б  қосымшасы                                                                                                 27

В қосымшасы                                                                                                 28

Г қосымшасы                                                                                                 29

Д қосымшасы                                                                                           ..       30

Е қосымшасы                                                                                                 31

 


Кіріспе

Адамзат өркениетінің даму қарқынының негізгі сипатының бірі қазіргі уақытта индустриалдықтан информациялық қоғамға, неосферадан инфосфераға өтуі болып отыр. Жаппай компьютерлендіру жаңа информациялық технологияларды оқыту саласында бизнесте, өндірісте, ғылыми зерттеуде және әлеуметтік өмірде кеңінен қолданудың, дамудың жаңа деңгейін жасайды. 70 жылдардың басында компьютерлік бөлшектер шығару саласында үлкен техникалық жаңалық ашылды, үлкен интегралдық үлгілер пайда болды. 80 жылдардың ортасында жергілікті және ауқымды желілер дами бастады. Компьютерлік желілерде Web-сайттарды құруда көптеген дизайндар жасалады соның ішінде дыбыстар, анимациялар, видео роликтер кірістіріледі.

«Компьютерлік желілер» пәні көптеген бағыт бойынша мамандарды дайындау оқу процесіндегі қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды оқу, жобалау және меңгерудің негіздік пәні болып табылады. Бұл компьютерлер мен желілік технологиялардың қай жерде жұмыс жасамасын, адам өмірінің барлық ортасында қолданылуы мен енгізілуіне байланысты. Сондықтан пәннің мақсаты болашақ мамандарға қазіргі заманғы желілік технологиясын құрудың неіздері мен принциптерін оқыту, сондай-ақ оларды болашақ кәсіптік қызметте ақпараттық технологияны тиімді пайдалануға дайындау. «Компьютерлік желілер» пәні студенттердің қазіргі заманғы желілік технология негізін меңгеру, өзінің тәжірибелік жұмысында оны дұрыс бағытта қолдануды білу үшін қызмет етеді.

«Компьютерлік желілер» пәні біріншіден «Есептеу жүйелері мен тораптарының ұйымдастырылуы» пәніне негізделеді, сонымен қатар Информатика, Мәліметтер қорын жобалау сияқты пәндердің кейбір бөлімдерінің жалғасы болып табылады.

Курстық жұмыстың мақсаты  – компьютерлік желілер ұғымына және осыған қатысты терминдерге анықтама беру арқылы оның маңыздылығын ашып көрсету, тақырыпты жан-жақты қамту, осы заманға сай ең жаңа ақпарат құрылғыларына, технологияларға сипаттама беріп, олардың мүмкіндіктерін толық ашып көрсету және болашақта күтілетін нәтижелерді қарастыру. Тапсырма бойынша берілген комания жұмысын сараптай отырып қажетті шешімдерді қабылдауды үйреніп, мекеме талаптарына сай компьютерлік желіні құру қажет.

 

 1 Курстық жұмысқа тапсырма

 

Бұл пәннің курстық жұмысында студенттің жұмыс істейтін мекемесінің компьютерлі-коммуникациялық жүйесінің жобасы құрылады. Тапсырманың альтернативті варианты студент мекемесінің компьютерлі-коммуникациялық жүйесін қайталап жаңалаудан (модернизация) өткізу немесе қандайда бір тапсырыс берушіге жоба құрастыру бола алады. Егер студент тапсырма таңдауға қиналатын болса, тапсырманы таңдау 1 кесте бойынша жүзеге асырылады.

Курстық жұмыс тапсырмасында жеке мекеме типі, жуық шамадағы түйін (компьютер) саны және глобалды желіде қолданылатын технология көрсетілген. Студент жергілікті компьютерлік желінің технологиясын таңдап  (топология, ену әдісі, арналық деңгейдегі хаттама және т.б.) мәліметтерді жіберу және қабылдау барысында функционалды түйіндердің өзара әрекеттесуін сипаттау керек.  

Негізінде курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұруы қажет:

1)     Тапсырма.

2)     Кіріспе.

3)     Негізгі бөлім.

4)     Графикалық бөлім.

5)     Қорытынды.

6)     Әдебиеттер тізімі.

7)     Қосымша (бар болса).

Курстық жұмыстың ұсынылатын көлемі 25-30 бет.


«Компьютерлік желілір» пәнінің курстық жұмысына
тапсырма

Құрылымы студент тегінің бірінші әрпіне байланысты 1[1] кестеден таңдалатын мекеменің компьютерлі-коммуникациялық жүйесін құру

1 кесте

Тегінің бірінші әрпі

Мекеме

профилі

Жұмыс стан. саны

Тапсырма ерекшелігі

Ескерту

Басты офис

1 филиал

2 филиал

 А, Ә

Компьютерлік фирма (Логиком)

100

Алматы, 2 қабат

Алматы, дүкен №1, 1 қабат

Алматы, дүкен №2, 1 қабат

 

Б      

Инфокоммуникациялық компания (Казахтелеком)

300

Алматы, 3 қабат

Алматытелеком,
2-
қабат

Астана, 2 қабат

 

В      

Банк (ЦАБ)

50

Алматы, 5 қабат

Бішкек, 2 қабат

Ташкент, 2 қабат

 

Подпись: 6Г, Ғ

Оқу университетіЭжБУ)

100

Алматы, 5 қабат

Өскемен, 1 қабат

Астана, 2 қабат

 

Д     

Компьютерлік фирма (АЛСИ)

100

Алматы, 5 қабат

Астана, 1 қабат

Алматы, дүкен,
1
қабат

 

Е      

Интернет провайдері (НУРСАТ)

200

Алматы, 4 қабат

Алматы, 2 қабат

Астана, 2 қабат

 

Ж   

Оқу университеті (ҚазҰТУ)

300

Алматы, 9 қабат

Атырау, 1 қабат

Астана, 2 қабат

 

З       

Интернет провайдері (ASTEL)

50

Алматы, 2 қабат

Астана, 2 қабат

Семей, 2 қабат

 

И, І

Сауда компаниясы
(прототип «Сулпак»)

50

Алматы, 2 қабат

Алматы, 2 қабат

Астана, 2 қабат

 

К, Қ

Энергетикалық компания (KEGOC)

300

Алматы, 5 қабат

Астана, 2 қабат

РЭК, Көкшетау,
3
қабат

 


        1 кестенің соңы

Л     

Компьютерлік фирма (Глотур)

100

Алматы, 1 қабат

Алматы, дүкен №1, 1 қабат

Алматы, дүкен №2, 1 қабат

 

М    

Инфокоммуникациялық фирма (Алматытелеком)

300

Алматы,5 қабат

Солтүстік түйін,
2
қабат

Оңтүстік түйін,
2
қабат

 

Н     

ЗАО «НИТ»

50

Астана, 2 қабат

Алматы, 5 қабат

Облыс орталықтары Megaline арқылы байланысқан

О     

Интернет провайдері (DUСАТ)

200

Алматы, 2 қабат

Алматы, 2 қабат

Астана, 2 қабат

 

П     

Оқу орны (Әл-Фараби атындағы ҚазМУ)

300

Алматы, 11 қабат

Атырау, 1 қабат

Астана, 2 қабат

 

Р      

Ұялы байланыс опреаторы (K-CELL)

50

Алматы, 7 қабат

Астана, 2 қабат

Алматы, 2 қабат

 

С     

«Казахмыс» корпорациясы

50

Алматы, 2 қабат

Жезқазған, 2 қабат

Сатпаев, 2 қабат

 

Т     Подпись: 7

Оқу орны
(ҚазМАҚА- КазГАСА)

100

Алматы, 7 қабат

Атырау, 1 қабат

Астана, 2 қабат

 

У, Ү

Компьютерлік фирма (Алсер)

100

Алматы, 1 қабат

Астана, 1 қабат

Атырау, 1 қабат

 

Ф, Х

НЦ РЭС

200

Алматы, 4 қабат

Приозерск, 4 қабат

Астана, 2 қабат

 

Ц, Ұ

 ҚР оқу жүйесі

300

Алматы, 4 қабат

Алматы мектептері

Астана, 2 қабат

 

Ч

Карметкомбинат

50

Қарағанды, 4 қабат

Қарағанды, 4 қабат

Қарағанды,
2
қабат

Оптотал-шық

Ш,Щ

Ұялы байланыс провайдері  (K-Mobile)

50

Алматы, 3 қабат

Астана, 2 қабат

Алматы, 2 қабат

 

Э, Ю

Зауыт (прототип «АЗТМ»)

50

Алматы, 2 этажа

Алматы, 2 қабат

Алматы, 2 қабат

 

Я

Энергетикалық  компания (АПК)

300

Алматы,
3
қабат

Астана, 2 қабат

РЭК, Көкшетау,
3
қабат

 


Ұжымдық жұмыс істеу бағдарламасының және коммуникациялық технологияның варианты студенттің сынақ кітапшасының нөмірінің соңғы санына байланысты 2[2] кестеден анықталады.

2 кесте


Нұсқалар

Эл. пошта және  ұжымдық жұмыс істеу бағдарламасы

Қолданылатын коммуникациялық технология

Ескерту

Студенттің сынақ кітапшасының нөмірінің соңғы саны

1       

Lotus Notes

xDSL

 

2       

Frame Relay

 

3       

Gigabit Ethernet

 

4       

MS Exchange

MetroEthernet, дара сым

 

5       

NGN

 

6       

Gigabit Ethernet

 

7       

Share Point Team Services

HPNA

 

8       

ATM

 

9       

ISDN BRI

 

10   

Модемдік (мадемдер пулы)

 

 

Жүргізілген жұмыс барысында келесілер анықталуы тиіс:

1)       Мекеменің компьютерлік желісінің топологиясы. Барлық компьютерлердің, серверлердің, коммуникациалық құрылғылардың және т.б. жүйеде орналасуы.

2)       Қажетті желілік құрылғылардың және компьютерлердің таңдалуы.

3)       Желі сымдарының өткізілу жолдары (жүйеленген кабельдік жүйе қолданылады).

4)       Қолданылатын хаттамалар типтері, сонымен қатар мәліметті қорғауда қолданылатын хаттамалардың жұмыс істеу принциптері.

5)       Қолданылатын желілік бағдарламалық жабдықтар, жүйеде мәліметтерді қорғауда қолданылатын бағдарламалық жабдықтар.

 

2        Курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

Жұмысты орындауды  бірнеше этапқа бөлу қажет:

1)       Мекемені зерттеп оның ақпараттық сұранысын және шешетін тапсырмаларын анықтау.

2)       Мәліметтер ағымының құрылымын анықтау.

3)       Желінің логикалық құрылымын құру. Мекеменің ақпараттық құрылымын құру.

4)       Ену әдісін және желі топологиясын таңдау.

5)       Мекеменің жергілікті компьютерлік желісін жобалау.

6)       IP-адресацияны жобалау.

7)       Ғаламдық желі технологиясын таңдау.

8)       Желілік технологиялар мен желілік хаттамаларды таңдау.

9)       Желілік операциалық жүйені таңдау.

10)    Мәліметтер қауіпсіздігін қаматамасыз ететін шараларды жоспарлау.

11)    Құрылымдалған кабельдік жүйені жобалау.

12)   Желілік және телекоммуникациялық құрылғыларды таңдау. Желінің физикалық құрылымын анықтау. Желі спецификациясын құру (шығарылатын фирмасын және санын көрсете отырып құрылған аппараттық және бағдарламалық жабдықтардың тізімі).

Курстық жұмысты орындау барысында жоғарыда келтірілген сұрақтарға жаувп беру қажет, соларды қарастырып көрейік.

 

2.1  Мекемені зерттеп оның ақпараттық сұранысын және шешетін тапсырмаларын анықтау

 

Бұл этапта желі қандай тапсырмалар үшін қолданылатындығы анықталады.

Негізгі тапсырма болып келесіліер табылады:

-          файлдарды желіде сақтау және желі бойынша принтерден шығару;

-          байланыс және электронды пошта;

-          ұжымдық жұмыс және ақпаратты бірлесіп өңдеу;

-          ақпаратпен алмасудың жоғары жылдамдықты жүйесі (мәліметтер базасы);

-          компьютерлерді орталықтандырылған басқару және мәліметтерді өңдеу;

-          құнды мәліметтерге енуді басқару;

-          барлық мәліметтердің орталықтандырылған резервті көшірмесін жасау;

-          құжаттарды ішкі желіде және/немесе Интернетте (WWW серверде) жариялау.

Сонымен қатар желілерге қойылатын негізгі талаптар болып келесілер табылады:

-          ол жеткілікті өнімділікке ие болуы керек;

-          ол жеңіл басқарылатын болуы керек, яғни мекеменің өзгеріп тұратын талаптарына желіні көп күш жібермей келістіруге мүмкіндік береді;

-          желі масштабталуы қажет, яғни желіні қолданушылар және қолданбалы бағдарламалар санын жеңіл арттыруға мүмкіндік беруі қажет;

-          желі қажетті сенімділікке және қауіпсіздікке ие болуы қажет.

Кез-келген шешімді немесе құрал-жабдықты таңдауды негіздеген кезде басты шарт болып бірнеше балама нұсқаларды қарастыру табылады. Сонымен қатар бірнеше сұраққа жауап беру қажет:

1) Коммерциялық мақсаттар.

-          мекеме немен айналысады?

-          басқарушы қызметкер ойынша осы желі не үшін қолданылмақшы?

2) Мекеменің өсу стратегиясы.

-          мекеме қаншалықты тез өспек?

-          жақын арада жаңа бөлімшелер немесе бөлімдер құру жобада бар ма?

-          Мекемені бір жыл немесе бес жылдан кейін басқармасы қандай етіп көреді?

3) Қолданушылар және топ талаптары.

-          жобаланып отырған желі қолданушылар жұмысының өнімділігіне қандай әсерін тигізеді?

-          әр дербес топқа ресурстардың қандай түрі және олар қандай көлемде қол жетімді болуы керек? Қолданушылар мен жобалаушылардың бірлесіп жұмыс істеуі қажет пе? Сонымен қатар қолданушылар қолданбалы жабдықтарға (приложения) қойылатын талаптарды антықтайды, яғни олар кідіріске, тарату сенімділігіне, желі қауіпсіздігіне де қойылатын талаптарды анықтайтын болады.

4) Қауіпсіздік.

-          мекемеде мәліметтерді қорғау деңгейі қандай?

-          сыртқы мәлімет көздерімен жұмыс істеген кезде қорғаныстың әртүрлі деңгейін орнату қажет пе?

-          мекеменің физикалық қорғаныс деңгейі қандай?

5) Тоқтауға тұрақтылық (Отказоустойчивость).

-          жүйенің істен шығуы мекеме жүмысына айтарлықтай әсерін тигізеді ме?

-          жүйе істен шыққан кезде желі жұмысын жаңартуға максимум қанша уақыт кетеді?

-          резервтеу және тоқтауға тұрақтылық аспектілері қаншалықты маңызды?

6) Бастапқыдан бар желілік архитектура.

-          қарастырылып отырған мекемеде желілік жүйе бар ма?

-          бар желіні арықарай қайталап өңдеуге болады ма?

7) Басқару.

-          желінің жұмыс істеу қабілетін қолдау үшін қанша уақыт және күш қажет?

-          желі жұмысын мекеме қалай басқармақшы?


 

2.2   Мәліметтер ағымының құрылымын анықтау

Әр жергілікті желі бөлімдері арасындағы байланысты схема түрінде жобалау қажет. Бұл схеманы корпоративті желімен байланыстырған жөн. Осылайша жобалау желіні логикалық сегменттерге бөлуге және бұл сегметтердегі серверлердің орналасуын анықтауға мүмкіндік береді. Және де желі ішіндегі IP желіастыларын бөлудің қажеттілігі және жергілікті есептеу желілері арасында жұмыс жасайтын маршрутизаторлардың қажеттілігі негізделеді.   

 

2.3  Желінің логикалық құрылымын жобалау. Мекеменің ақпараттық құрылымын құрып жобалау

 

Мекеме инфроструктурасын жобалаған кезде мекеменнің логикалық және физикалық құрылымын ескерген жөн.

Жергілікті компьютерлік желінің логикалық схемасын құру.

Желiде деректер ағындары туралы мәлiметтерден кейiн желiнiң сегменттеуi орындалады және оның логикалық схемасын салады.

Мекеменің әрбiр өкiлдiгi үшiн жеке жергiлiктi жүйеуге құру ұсынылады. Барлық сыртқы қосулар ғаламдық желіге қосуларды сияқты қаралады, ал iшкi қосулар – жергiлiктi желімен.

Логикалық схеманы бастапқыда жалпылай жобалап алған жөн, содан соң оның әрбiр түйiнiн жетерек сипаттау керек.

1 суретте логикалық схеманың мысалы келтірілген:

 

А = Өте маңызды байланыс.

В = Әдеттегі байланыс.

С = Міндетті емес байланыс.

1 = Жоғары өнімділікті байланыс.

2 = Үйреншiктi өнiмдiлiкті беретін байланыс.

3 = Төменгі өнімділікті байланыс.

 

1 сурет

 

2.4  Желі топологиясын және ену әдістерін таңдау. Желінің иерархиялық құрылымын құру

 

Желiнiң топологиясын таңдауда желiлiк жабдықтың құны және оның өнiмдiлiгi, сонымен бiрге желiнiң жұмысының жылдамдығына  қойылатын кәсiпорынның талабы есепке алынуы керек.

Егер желiге өнiмдiлiк және сенiмдiлiк бойынша маңызды талаптар қойылатын болса,  ең дұрысы CSMA/CD ену әдiсін қолданатын  Fast Ethernet немесе Gigabit Ethernet технологиясына көңiл аударған және коммутаторлар(Switch)  арқылы iске асатын «ұлғаймалы жұлдыз» топологиясын таңдаған жөн. Бұл коммутаторлар мәлімет таратуда 100 –1000 Мбит секундтық жылдамдықты қамтамасыз ете алады. Жоғары деңгейдегі электрлік және электромагниттік бөгеуілдері бар жерде жұмыс істейтін желіні жобалаған кезде оптоталшықты сымды FDDI технологиясын таңдаудың мәні бар.

Нақты есептеулер жүргізген кезде Fast Ethernet технологиясының CSMA/CD ену әдiсiмен шектелу ұсынылады.

 

2.5  Мекеменің жергілікті желілерін жобалау

 

Желілі архитектурасын желі қызметін негіздейтін, қолдайтын конструкция немесе  инфрақұрылым деп түсінуге болады. Мұндай инфраструктура бірнеше негізгі құрастырушы бөлшектерден тұрады, соның кейбірі: желі құрылымы немесе топологиясы, кабелдік сым және көпір, маршрутизатор, коммутатор сияқты  жалғағыш құрылғылар.  Желіні жобалау барысында  айтылып өткен желілік ресурстардың әр қайсысын ескере отырып, өнімділікті оңтайлы ету ушін, құрылғыны басқаруды жеңілдету және алдағы уақытта желінің өсуіне мүмкіндік беру үшін  нақты қандай жабдықтарды таңдау қажеттігін және желі құрылымына қалай енгізілетіндігін де анықтау қажет. 

 

3 кесте

Компонент/сипаттама

Жүзеге асырылуы

Топология

Ұлғаймалы жұлдыз

Байланыс кабелі

5e категориялы экрандалмаған ширатылған жұп

Желілік адаптер

FastEthernet100BaseT

Ретрансляторлар (қайталауыштар, комму-таторлар, көпірлер, маршрутизаторлар, шлюздер)

Коммутатор FastEthernet100BaseT

 

 

3 кестенің соңы

Қорлардың бiрлесіп қолданылуын басқару

Компьютер-клиенттері бар сервер негізіндегі желі. Орталықтандырылған басқаруды қажет ететін қорлар.

Преифериалық құрылғыларды бірлесіп қолдану

Желілік принтерді желілік плата арқылы желілік сымға қосу, сервердің бағдарламалық қамтамасы  арқылы принтерге тұрған кезекті басқару

Қосымшаларды қолдау

Электрондық пошта, факсимильді хабарларды өңдеу, электронды құжатайналым ортасында ұжымдық жұмыстарды ұйымдастыру, мамандандырылған серверлерді қолдана отырып мәліметтер қорымен жұмыс жасау    

Мысалы, оңтайландыру (оптимизация) келесi есеп түрінде қойылуы мүмкiн: желі сенімділігі, желі құны көрсеткіштеріне  қойылған шектеулерді ұстанған жағдайда желі бойынша мәлімет таратуда минималды кідірісті қамтамасыз ету.  Сонымен қатар желінің ақпараттық қауіпсіздігіне жеткілікті сапалы баға беру қажет. Жергілікті желі қызметін бағалауды 4 кестеде келтірілген айнымалылардың жалпы сипаттамасын қолдана отырып жүргізуге болады.

 4 кесте

Айнымалы

Түсініктеме

Үздік

қажетті функциялар мінсіз орындалады

Өте жақсы

басты талаптардың бәріне сәйкес және маңызды қажеттіліктерді қамтамасыз етедi

Жақсы

басты талаптардың бәріне сәйкес және қосымша мүмкіндіктері бар

Қанағаттанарлық

негізгі талаптарға сай

Жаман

мүмкіндігі шектеулі

Сын көтермейтін

минималды талаптардың өзін қамтамасыз ете алмайды

 

2.6   IP-адрестеуді жобалау

Үш немесе одан көп компьютерлерді желіге қосу барысында ескеретін тағы бір жаңа мәселе, олардың IP адресациясы. Желі түйіні адресіне және оның тағайындалу схемасына бірнеше талап қоюға болады.

-          Адрес, кез-келген масштабты желіде компьютерді уникалды идентификациялауы қажет.

-     Адрестерді тағайындау схемасы администратордың қолмен жасалатын еңбегін және адрестердің қайталану ықтималдығын мейілінше азайтуы қажет.

-     Адрес, үлкен желілерді құруға ыңғайлы иерархиялық құрылымға ие болуы керек. Мыңдаған түйіндерден тұратын үлкен желілерде адрес иерархиясының жоқтығы үлкен шығынға әкелуі мүмкін – коммуникациялық құрылғылар мен соңғы түйіндерге мыңдаған жазбалары бар адрестер таблицасымен жұмыс істеуге тура келеді.  

-     Адрес, желі қолданушылары үшін қолайлы болуы керек, яғни ол символдық түрде де болуы қажет, мысалы, www.cisco.com.

-     Коммуникациялық құрылғы (желі адаптері, маршрутизаторлар және т.б.) жадысын ауырлатпау үшін адрес мүмкіндігінше жинақы түрде болуы қажет.

Аталып өткен талаптардың бәрін адрестеу схемасының бір түрінде ескеру қиын болғандықтан тәжірибе жүзінде бірнеше схема қолданылады, сондықтан әр компьютер бірнеше адрес-атауға ие. Әр адрестің өз қолданылатын ортасы бар. Ал шатасып кетпеу үшін адрестің бір түрі арқылы компьютер адрестерінің басқа түрлерін анықтайтын арнайы көмекші хаттамалар қолданылады.

 

2.7  Ғаламдық желі технологиясын таңдау

 

Қашықтағы жергілікті желіліер мен компьютерлерді корпоративті желіге қосу үшін әр түрлі телекоммуникациялық құралдар қолданылады, соның ішінде телефон арналары, радиоарналар, спутниктi байланыс. 

Курстық жұмыс тапсырмасында ғаламдық желі технологиясы ретінде X.25, Frame Relay, ATM және т.б. келтірілген. Дегенмен қажет болса және жеткілікті негізделген жағдайда студент  кәсiпорын үшiн  кез-келген сәйкес келетін технологияны таңдай алады. Ұяшықтарды коммутациялау технологиясы ATM қымбат технология болып саналады және өте жоғары жылдамдықты (бірнеше жүз Мбит/с) қажет ететін ерекше жағдайларда қолданылады.

Қарастырылған технологиялардың кейбір сипаттамалары 5 кестеде келтірілген.

 

5 кесте – Ғаламдық (WAN)  технологияларды салыстыру

Технологиялар

Х.25

Frame Relay

ISDN

ATM

TCP/IP

Пайдаланылатын каналдар жылдамдығы

12-64 кб/с , 2мб/с дейін

64 кб/с – 2 Мб/с, 44,736мб/с дейін

128кб/с, 1.544 (2,048) Мб/с

25Мб/с –622,08 Мб/с

1.2 Мб/с – 2.048 Мб/с

Трафик типі


 

5 кестенің соңы

Терминалды, компьютерлік

Компьютерлік, қысылған дауыс және видео

Компьютерлік, дауыс, видео

Компьютер-лік, дауыс, видео

Компьютер-лік, терминалды

Жеткізу сенімділігі және мәліметті қайталап жіберуді ұйымдастыру

Кепілдейді

Жеткізуді кепілдемейді

Кепілдемейді

SSCOP хаттамасымен

Жеткізуді кепілдемейді

Наличие в технологии механизмов контроля перегрузок коммутирующих устройств

Бар

Бар

Жоқ

Бар

Жоқ

Топтап жеткізу мүмкіндігі (топталған адреске жеткізу)

Қамтамасыз етпейді

Қамтамасыз етеді

Қамтамасыз етеді

Қамтамасыз етеді

Қамтамасыз етеді

Пайдалы мәліметтерді жіберу тиімділігі

 

100% шамасында

80%-нен аз

77-90 % Қызмет түріне байланысты

 

Қызмет етудің сапасын қамтамасыз етеді

Қамтамасыз етпейді

Жіберуді кідіртуді кепілдемейді

Ену класстары

Толықтай қамтамасыз етеді

RSVP хаттамасымен

 

Технологияны таңдауда ескерілетін кейбір критерилерге келесілер жатады:

1)       Қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ету.

2)       Технологияның жақын келешекте танымалдылығы қандай болмақ?  Желінің кеңейтілу мүмкіндігі және құрылғыны жаңарту мүмкіндігі осыған тәуелді болады. 

3)       Кеңейтілу (масштабируемость).

-          ұйым қажеттілігі өскен кезде   модернизациялау жеңілдігіне әсер етеді;

-          құрылған кабельдік жүйені қолдау;

-          орнатылған құрылғымен сәйкестік.

4)       Құны. Баға-өнімділік қатынасы.  

Технологияны таңдау барысында трафиктің келесі сипаттамаларына көңіл аударған жөн:

1)       Пульсация деңгейі желідегі мәліметтерді таратудың мүмкін болатын максималды көлемінің орташа көлеміне қатынасы.

2)       Таратудағы рұқсат етілетін кідіріспен жауап беру уақыты. Сигналды жіберу және қабылдау кезіндегі кідіріс жолдары келесі суретте көрсетілген [19].

 

 

A, B, C, E, F, G – желі арқылы жіберу уақыты.
D – сұранысты өңдеуге кететін уақыт.
Жауап беру уақыты = A + B + C + E + F + G + D.

2 сурет

 

Реалды уақыт трафигі.

Бұл трафик түріне нақты масштабты уақыттағы аудио-, видео ақпарат жатады.  Кідіріс уақыты 0,1 секундтан аз, бұған жұмыс станциясында өңдеу уақыты да кіреді.  Кідірістен басқа дірілдеу нәтижесіне әкелетін кідіріс вариациясы(джиттер – кідірістің шашылуы) бар.

-         Мұнымен мәліметтерді қысу арқылы күресуге болады. Бірақ қысылған трафик аз кідірісті талап ететіндіктен тарату қателіктеріне өте сезімтал. Пайда болған қателіктер қайталап жіберу арқылы түзелмейді.

-         Қабылдаушы жағында буферлік жадыны қолдану, бірақ егер буфер көлемі тым үлкен болып кетсе аппаратураның қымбаттауына әкеліп соғады.

-         Сапасы жоғары емес аудио ақпаратты кідіріс көлемі 50 микросекунд кезінде жіберген кезде бұрмалану болмайды, ал кідіріс көлемі 100 – 150 микросекунд болғанда бұрмаланулар елеусіз делік.

Видео мәлімет үшін кідіріс 30 микросекундтан аспауы тиіс.

 

Транзакция трафигі.

1 секундқа дейінгі кідіріс. Кідіріс уақытының ұлғайуы жұмыс істеу тиімділігінің төмендеуіне және қолайсыз жағдайға әкеледі. Кейбір жағдайда кідіріс уақытының рұқсат етілген мәнінен асып кетуі сессия жұмысының қалыпты істеу мүмкіндігін жояды, тұтынушы қосымшаларына бұл сессияны қайта бастауға тура келеді.  Трафик мысалы – реалды уақыт режиміндегі финанстық транзакциялар.

 

Мәліметтер трафигі.

Іс жүзінде кез-келген кідірісті (бірнеше секунд және одан да жоғары) рұқсат етеді. Бұл трафик ерекшелігі болып тарату жолағының ашықтығына сезімталдығы табылады. Өткізу жолағы қаншалықты кең болса жіберу соншалықты жылдам болады (кідіріске тәуелсіз).

Корпоративті желіде сыртқы байланыстарды жобалау.

Internet серверлеріне қосылу үшін сіздің компьютеріңіз интернет қызметімен жабдықтаушы арқылы ғаламдық желіге қосылған болуы керек.

Компьютерді Интернетке қосу үшін TCP/IP хаттамасы қолданылып, компьютер  Internet  түйіні болатындай етіп бапталуы керек. Басқа сөзбен айтқанда компьютердің Internet-адресі болуы керек.

Қазақстан мемлекетінде Интернетке қосатын шамамен жиырма провайдерлік компаниялар бар, соның ішінде ASTEL, Golden Telecom, DUCAT, Қазақтелеком, NURSAT және т.б.. Қазақстанда жұмыс істейтін кейбір фирмалардың салыстырмалы сипаттамаларын  [15] әдебиеттен табуға болады.

Интернет қызметімен қаматамасыз ететін компанияны таңдау үшін Қазақстандық 3-4 компания кіретін салыстырмалы кесте құрған жөн.

 

2.8  Желілік технологияларды және желілік хаттамаларды таңдау

 

Жергілікті желі ішінде Ethernet технологиясын коммутаторлармен қолданған жөн. 100м ара қашықтық үшін 5 немесе 5е категориядағы ширатылған жұп (100base-T4 сымына қарағанда100base-TX-жоғары сенімділікті қамтамасыз етеді) спецификациясын, ал егер байланыс ұзындығы 100 метрден көп болса оптоталшықты кабель (100base-FX) спецификациясын таңдаған жөн.  Бұл спецификация байланыс ара қашықтығын ұлғайтып қана қоймай электромагниттік өрістерден қорғайды және сымға рұқсатсыз қосылу мүмкіндігін қиындатады.  Желі өнімділігін жоғарлату үшін серверлерге және коммутаторлар арасында дуплексті байланысты қолдану ұсынылады.

Коммуникациялық хаттамаларды таңдау барысында «аз болғаны, бізге жақсы» принципіне жүгінген жөн, өйткені әр хаттама желіде қосымша трафик туғызады. Желідегі барлық қызметке келетін жалпы хаттама көмегімен мәліметтерді тарату жылдамдығын едәуір өсіруге болады. Қазіргі кезде әр түрлі қызметтермен, платформалармен  жиі қолданылатын хаттама жиынтығы болып   TCP/IP табылады.

 

2.9  Желілік опреациялық жүйені таңдау. Ақпаратты қорғауға қажетті бағдарламалық жабдықтарды таңдау

 

Назарларыңызда болсын, төменде келтірілген ұсыныстар қазіргі уақыт ағымына ғана сәйкес. Қалай болғанмен таңдалған программалық жабдық ең жаңа болуы тиіс. Мысалы, біз қазір (2003-2004ж.ж)    Windows XP жабдығы ұсынылады десек, 2015 жылы  Longhorn базасындағы  операциялық жүйені немесе сол уақытқа қарай жүйенің қандай версисы шығады соны таңдау қажет болады. Егер жабдықтың ескірген немесе қазіргі кездегі нұсқасы техника мен технологияның дамуын ескермей таңдалған болса, курстық жұмысты бағалау барысында төмендетілген балмен қабылданады.

Желі көмегімен шешілетін тапсырмаларды анықтаған соң, желілік операциялық жүйені таңдау қажет. Таңдалған операциялық жүйе сіздің желіңіздің өнімділігіне және рұқсатсыз енуден қорғанысына өз әсерін тигізеді.  Сонымен қатар таңдалған жүйе желі құнына да әсерін тигізеді.

Егер мекеме желіні бір принтерде бірлесіп  басу үшін немесе бар құжатты бір компьютерде сақтау үшін қолданбақ болса жобаға күрделі опреациялық жүйені (Novell NetWare,  Linux и UNIX) ұсынудың қажеті жоқ.

Егер Windows 2008 Server немесе Linux типті операциялық жүйе негізіндегі файл-серверін қолдану ұйғарылса, жұмыс станцияларында орнатылатын бағдарламалық жабдықтардың желілік операциялық жүйеге сәйкес келетіндігіне көз жеткізген жөн.  Көбінде жұмыс станцияларында Windows операциялық жүйесі қолданылатын болғандықтан Microsoft фирмасының бағдарламалық жабдықтарымен шектелсе болады.

Дегенмен таңдалатын бағдарламалық жабдық жоғарыда айтылғандай қазіргі заман технологиялары мен техникасына сай болуы керек.

 

2.10       Ақпарат қауіпсіздігін жобалау

 

Ақпаратты қорғау,  ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз етуге негізделген шаралар кешенінен тұрады. Тәжірибе жүзінде бұл әрекет, мәліметтерді енгізуге, сақтауға, өңдеуге және таратуға қолданылатын жабдықтардың, сонымен қатар ақпараттың бүтіндігін, ашықтығын  және де қажет болған жағдайда құпиялылығын қамтамасыз ету деп түсініледі.

Ақпарат қауiпсiздiгі – бұл мәлiмет және қолдайтын инфрақұрылымның иелеріне немесе қолданушыларына залал келтiретін  табиғи немесе жасанды сипаттағы кездейсоқ немесе қасақана әрекеттерден  мәлiметтердің және қолдайтын инфрақұрылымның қорғалғандығы.

Қорғаныс деңгейін таңдауда негізгі критерий – ақпараттың маңыздылығы. Егер жобаланып отырған компьютерлік желіде құпия мәліметтер өңделетін болса (қолданушы санына қарамай) сервер негізіндегі орталықтандырылған қорғанысты таңдаған жөн. 

Қауіпсіздікті қамтамасыз етер алдында қауіп тұрғысынан сараптау жүргізу керек. Қауіпке желіде мәліметті жоғалтуға әкеліп соғатын барлық жайтты жатқызуға болады, соның ішінде келесілерін атап өткен жөн:

-         ұрлық немесе вандализм;

-         өрт;

-         қорек көзінің істен шығуы және кернеу секірістері;

-         компоненттердің істен шығуы;

-         табиғи құбылыстар (найзағай, су алу, дауыл және жерсілкіну).

Мәліметтерді апатты жоғалтудан сақтайтын әдiстер мен  жүйелер бар: және мәлiметтердi апатты жоғалту сақтап қалатын болады:

-         магнитті лентаға немесе лазерлі дискке резервтік көшіру;

-         үзiлiссiз қоректендіру көздерi;

-         тоқтауға тұрақты жүйелер;

-         мәліметтерді ұрлаудың алдын алу;

-         парольдер және шифрлау;

-         аудит;

-         дискісіз компьютерлер;

-         қолданушыларды оқыту;

-         құрылғыны енуден қорғау;

-         вирустардан қорғау.

Аудитбұл сервердің қауіпсіздік журналына белгілі бір оқиғаларды жазу.

Компания жұмысын сараптай отырып, анықталған жұмыс аймағының қорғанысына, компьютерлік желі жұмысына аса үлкен қауіп төнгізетін анықтап мәліметті жоғалтуға жол бермейтін әдістер мен жүйелерді таңдау керек. 

  Вирусты шабуыл – рұқсат етілмеген енудің (НСД) тек бір түрі екендігін атап өткен дұрыс. Ақпаратты жоғалтуға немесе корпоративті желі қолданушыларының жұмыс уақытының бос өтуіне әкеліп соғатын рұқсат етілмеген енуге жол бермеу үшін (мұндай шабуыл қайталанбасын десек) ақпараттық қорды қорғайтын кешендік жүйе құру керек. 

Корпоротивтік желідегі вирусқа қарсы қорғаныс жүйесінің құрамдас бөліктерінің орналасу схемасы В және Г қосымшасында көрсетілген.

Вирустан қорғану оңай шаруа болмағандықтан қорғаныс жүйесінің тиімділігін арттыруға үлкен күш жұмсауға тура келеді. Қазіргі заманда желіні вирустан қорғайтын кешенді шешімдер жеткілікті, олардың ішінен Cisco компаниясының Network Admition Control (NAC) жүйесін атап өтуге болады.

Қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында қолданушы жұмысын тіркеуді ұйымдастыру ды да қарастыру керек. Әр мәліметтер қоры үшін, жеке құжат үшін немесе жеке жазылған жол үшін де мәліметтер қоры файылында келесі шарттар болуы мүмкін:

-         желіге қосылуға құқығы бар қолданушылар тізімі;

-         қолданушы жүзеге асыра алатын функциялар;

-         таңдаулы ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі.

Жобаланып отырған компьютерлік желіде таңдаулы қолданушыларға каталогқа ену мүмкіндігін ашатын құқық беріп, жалпы қолданыстағы желілік қорға ену мүмкіндіктері бар топтар құру қажет.  Қолданушылар тобы үшін ену құқығын анықтауды айқындайтын мысал 6 кестеде көрсетілген.

Ақпаратты қоғауды қамтамасыз ететін бағдарламалық жабдықтарды таңдаған кезде ең бірінші келесі технологиялар мен жабдықтарға көңіл бөлген жөн: IPSec, Kerberos, PGP, Norton Internet Security, Zone Alarm, AAA, NAC және т.б., сонымен қатар Microsoftкомпаниясының IRM (Information Right Management).


2.11       Жүйеленген кабельдік жүйені құру (СКС)

 

Мекеме кабелдік жүйесі жүйеленген кабельдік жүйе негізінде құрылуы тиіс. Сонымен қатар келесі сұрақтарға жауап беру қажет.

1        Коммуникация түйіндері арасындағы байланысты ұйымдастыруға қолданылатын кәбел типі.

2        Серверлер арасында қолданылатын кәбел типі.

3        Жұмыс станциялары арасындағы байланысқа қолданылатын кәбел типі.

4        Әр жұмыс орнына қажетті порттар саны.

5        Кәбелдік жүйе параметрлері:

-         Коммуникациялық орталықтан жұмыс орнына дейінгі орташа ара қашықтық.

-         Басты және қабатта орналасқан коммуникация орталықтарының арасындағы орташа қашықтық.

 

2.12       Желілік құрылғыны таңдау. Желінің физикалық құрылымын анықтау. Желі спецификациясын құру

 

Желіде шешілетін тапсырмалардың көлемімен танысып, желілік операциялық жүйені таңдаған болсаңыз, желілік аппараттық жабдықтарды таңдауға көшуге болады.

Файл-сервер және жұмыс станциясы ретінде қолданылатын компьютерлер конфигурациясы мен санын, желілік адаптерлер, желілік кәбел түрін және де қайталауыштар, маршрутизаторлар, коммутаторлар сияқты басқада желілік құрылғылар түрін анықтау қажет. Бұл аймақта HP, Intel және Cisco фирмалары жетекші. 

Файл-серверлер ретінде арнайы компьютерлерді, мысалы, Hewlett-Packard (Compaq) немесе IBM компанияларының серверлерін қолданған жөн.  Дегенмен өзіміздің жергілікті АЛСИ немесе Logycom және т.б. фирмалар өндіретін біршама арзан вариант болып келетін жергілікті компьютерлер негізінде де құруға болады.  

Жобалауды жүргізген кезде келесі сұрақтарға жауап беру қажет.

1        Орталық серверлер саны.

2        Серверлердің қажетті конфигурациясы:

-         Процессор типі.

-         Сервердегі процессорлар саны.

-         Сервердің оперативті жадысының көлемі.  

-         Дисккеңістігінің қажетті көлемі (Гб).

-         Корпусының қажетті типі.

-         Тоқтауға тұрақты диск массивінің (RAID) қажеттілігі.

-         Үздіксіз қоректендіру көзінің қажеттігі.

Осылайша жұмыс станцияларының да қажетті конфигурациясы анықталады.

Таңдалған бағдарламалық жабдық аппараттық жабдыққа қойылатын талапты анықтайды. Желінің аппараттық жабдықтарына қойылатын талаптарды шартты түрде үш негізгі типке бөлуге болады:

-         Сервердің аппараттық құрылымына қойылатын талаптар.

-         Жұмыс станциясының аппараттық құрылғысына қойылатын талаптар.

-         Преифериялық құрылғыларға қойылатын талаптар (принтерлер, модемдер, сканерлер және т.б.).

Желіде жұмыс істейтін сервердің конфигурациясы қолданылатын  желілік операциялық жүйе түріне байланысты, ал жұмыс станциясы ретінде таңдалатын құрылғының конфигурациясы онда орындалатын қосымшаларға байланысты  таңдалады.  Пайдаланушылар құрылғысын бірнеше деңгейге бөлген жөн. Мысалы, бағдарламалық жабдықтарды жазатын, автоматты басқаруды қамтамасыз ететін, суретшілерге жаңа мықты компьютерлерді, ал хатшыларға, администратор көмекшілеріне және т.б. компьютердің стандартты түрін, басшылар мен бас менеджерлерге компьютерлердің жаңа модельдерін немесе жұмыс орнын жиі ауыстыратындарына қуатты портативті компьютерлер беруге болады. 

Жобаның соңында перифериялық құрылғыларды қарастыру қажет. Әдетте таңдау әр бөлімнің коммерциялық талаптарымен анықталады. Мысалы, жоғарысапалы графиканы басып шығару қажеттілігі бар ма? Басып шығаруда жоғары жылдамдық қажет пе? Жұмыс жасауға түрлі-түсті принтер қажет пе?

Перифериялық құрылғыларды максималды қолданушы санына қол жетімді болатын жерге орналастырған дұрыс.

Желінің аппараттық жабдықтарына қорытынды құжаттаманы ресімдеу барысында келесі негізгі спецификацияларды құрған жөн: 

1)     Үстелдiк жүйелердiң аппараттық жабдықтары:

-         жүйенің моделі және өндіруші туралы мәлімет (указать отдельно для разных категорий пользователей);

-         процессор;

-         жады;

-         қатты дискілер;

-         монитор;

-         желі адаптерлері.

2)     Серверлердің аппараттық жабдықтары:

-         өндіруші және жүйе моделі;

-         процессор;

-         жады;

-         қатты дискілер (резервтеудің барлық әдістерін көрсету қажет: айналық бейнелеу, қосарландыру (дублирование), RAID массивтерін қолдану);

-         желілік адаптерлер.

3)     Қосымша перифериялық құрылғылар:

-         перифериялық жүйелердің модельдері мен өндірушілері;

-         қолданылатын интерфейстер (тізбекті, параллелді немесе басқа).

Желінің физикалық құрылымын жобалаған кезде, мәліметтер трафигімен етене байланысқан желінің логикалық құрылымымен салыстырғанда, бөлмелер жобасын және қолданушылардың орын ауыстыру мүмкіндіктерін ескере отырып компьютерлердің, серверлердің, коммуникациялық құрылғылардың, байланыс сымдарының қай жерде орналасатындығы сипатталады.   

Желінің физикалық құрылымын жобалау барысында келесі сұрақтар маңызды болып келеді:

-         Әр түйінге қанша қолданушы қосылған және қалайша қосылған?

-         Әр түйін бірнеше қабатты алып жатыр ма?

-         Әр желі түйінінің орталық құрылғысы қай жерде орналасады?

-         Әр түйіннің қоректену көзіне қандай талаптар қойылады?

-         Үздіксіз қоректендіру көзін немесе резервті генераторларды қолдану қажет пе жоқ па?

-         Коммутация құрылғылары және қолданушы жұмыс станциялары қай жерге орналастырылады?

-         Сыртқы құрылғыларға (принтерлерге, модемге, сканерге) енудің қандай түрі қолданушыларға қажет?

Мекеме ғимаратының әр қабатының жоба-схемасын тауып алған дұрыс болады. Мұндай схема физикалық құрылымды жобалауда ғана емес, қолданушылардың жұмыс орнын анықтағанда және құрылғыларды орналастыруда да көп көмегін тигізеді.

Бұл бөлім аппараттық құрылғылардың толық тізімі келтірілген желі спецификациясын құрумен аяқталады.

 

3 Схемаларға және графикалық материалдарға қойылатын талаптар

 

Курстық жұмысты жобалау барысында схема, кесте, диаграмма, графика сияқты кейбір иллюстрациялық сызбалар демонстрациялық плакаттар түрінде орындалуы керек. Олар университеттің соңғы стандарттарына сәйкес орындалуы  қажет.

Сызбаларды электронды түрде орындауға рұқсат етіледі, дегенмен стандарт талаптары толығымен сақталуы тиіс.

Схемаларды орындау және әрлеу ЕСКД (құрастырушы құжаты) және ЕСПД (программалық құжат) стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Схемалардың түрлері мен типтері, орындалуына қойылатын талаптар 2.701-84 «ЕСКД. Схемалар. Түрлері мен типтері. Орындалуына қойылатын жалпы талаптар» мемлекеттік стандартқа сәйкес болуы керек.

Схемада электр элементтері графикалық шартты белгі арқылы көрсетіледі, олардың сызбалары мен өлшемдері ЕСКД стандартында тағайындалған (ГОСТ 2.701-74 – 2.765-87). 

Алгоритмдер мен программаларды орындау тәртібін Халықаралық стандарт (ИСО 5807-85) ГОСТ 19.701-90 рәсімдейді.  Символ ішінде немесе жанында жазылатын жазу ГОСТ 2.304-81 сәйкес сызба шрифтісімен орындалуы тиіс.


Әдебиеттер тізімі

 

     Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник. – СПб: Изд-во «Питер», 2010. – 672 c.

     Тұрым А.Ш. Компьютерлік желілер. – А., 2007

     Башлы П. Современные сетевые технологии. – М., 2006.

     Столингс В. Современные компьютерные сети. – СПб., 2003.

     Росляков А.В. Виртуальные частные сети. – М, 2006.

     Дейтел Х.М. Операционные системы. Т.1. Т.2. –М., 2006.

     Леммл Д. CCNP Настройка коммутаторов Cisco. –М., 2001, 2002.

     Ватаманюк А. Беспроводная сеть своими руками. – СПб., 2006.

     Гордейчик С.В. Безопасность беспроводных сетей. –М., 2008.

10   Ташимов М. А. Компьютерные сети и системы (учебное пособие) Изд. АИЭС, Алматы, 2006, с.98.

11    Ташимов М. А. Технологии коммуникационных компьютерных сетей. Изд. «ТОО Print-S», Алматы, 2008, с. 414.

12   Столлингс В. Современные компьютерные сети. 2-е изд. – СПб.: Изд-во «Питер», 2003. – 783 c.

13   Закер К.. Компьютерные сети. Модернизация и поиск неисправностей: Пер. с англ. – СПб.: БХИ-Петербург, 2001. – 1008 с.

14   Андерсон К., Минаси М. Локальные сети. Полное руководство. –СПб.: Корона, 1999. – 624 с.

15   Кульгин М. Технологии корпоративных сетей. Энциклопедия. – СПб.: Изд-во «Питер», 1999. – 704 с.

16   Компьютерные сети. Книга 1: High-Performance Networking. Энциклопедия пользователя: Пер. с англ./Марк А. Спортак и др. – К.: Изд-во «ДиаСофт», 1999. – 432 с.

17   Компьютерные сети. Книга 2: Networking Essentials. Энциклопедия пользователя: Пер. С англ./Марк А. Спортак и др. – К.: Изд-во «ДиаСофт», 1999. – 432 с.

18   Кулаков Ю.А., Омелянский С.В. Компьютерные сети. Выбор, установка, использование и администрирование. – К.: Изд-во «Юниор», 1999. – 544 с

19   Высокоскопроизводительные сети. Энциклопедия пользователя: Пер. с англ./Марк А. Спортак и др. – К.: Изд-во «ДиаСофт», 1998.
– 432 с.

20   Стерн М., Монти Г., Бэчманн В. Сети приложений на основе Windows NT для профессионалов. – «Питер Ком», 1999. – 448 с.

21   Кулаков Ю. А., Луцкий Г.М. Локальные сети. Учебное пособие.
– Киев: Юниор, 1998. – 336 с.

22   Новиков Ю. В., Карпенко Д.Г. Аппаратура локальных сетей. Функции, выбор, разработка. – М.: ЭКОМ, 1998 – 288 с.

23   Сводная таблица провайдеров./Журнал Интернет и Я, № 10 (63) 2003, с. 38-39.

24   Титтел Э., Хадсон К., Стюарт Дж. М. Networking Essentials. Сертификационный экзамен – экстерном (экзамен 70-058). – СПб.: Питер Ком, 1999.

25   Новиков Ю. В., Кондратенко С.В. Локальные сети: архитектура, алгоритмы, проектирование. – М.: ЭКОМ, 2001 – 312 с.

26   Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия. – СПб.: Изд-во «Питер», 2000. – 576 с.

27   Георгизова-Гай В. Ш. Методический материал по курсу "Проектирование компьютерных сетей и систем", сайт кафедры САПР, КПИ.

28   Работы учебные. Фирменный стандарт ФС РК 10352-1910-У-е-001-2002. Общие требование к построению, изложению, оформлению и содержанию. – Алматы, АИЭС, 2002. – 31 с.

29   МЕЖГОСУДАРСТВЕННЫЙ СТАНДАРТ. ГОСТ 19.701-90 (ИСО 5807-85). Единая система программной документации. Схемы алгоритмов, программ, данных и систем.

30   Ахметов К.С. Знакомство с Microsoft Windows XP. – М.: Издательский дом «Русская редакция». – 2001. – 224 c.

31   Руководство по технологиям объединенных сетей. 3-е издание.: Пер. с англ. – М.: Вильямс. 2002. – 1040 с.

32   Амито В.    Основы организации сетей Cisco. Том 1. Пер. с англ. Авторизованное учебное пособие сети, Cisco Press. – М.: Вильямс, 2002. – 512 с.

33   Амито В. Основы организации сетей Cisco. Том 2. Пер. с англ. Авторизованное учебное пособие   сети, Cisco Press. – М.: Вильямс, 2002. – 464 с.

34   Леинванд А., Пински Б., Конфигурирование маршрутизаторов, 2‑е изд.: Пер. с англ. Авторизованное учебное пособие. Cisco Press. – М.: Вильямс, 2001. – 368 с.

35    Галатенко В.А., Основы информационной безопасности. Курс лекции. – М.: ИНТУИТ, 2003. – 280 с.

36   Чекмарев А., Вишневский А., Кокорева О., Microsoft Windows Server 2003 в подлиннике. Наиболее полное руководство. – СПб.: БХВ-Петербург, 2003. – 1184 с.

37   Коцюбинский А.О., Грошев С.В. Windows XP: Новейшие версии программ. – М.: Издательство «Триумф, 2001. – 432 с.

 

А қосымшасы

Б қосымшасы

Подпись:  Подпись:
В қосымшасы

Прил%20Г

 
 



Г қосымшасы

 

 

 

 



 

Д қосымшасы

 


Е қосымшасы

Алматы энергетика және байланыс университетінің желілік технологиялар зертханаларының кабельдік жүйесін құруға қажетті жабдықтар мен жүргізілетін жұмыс 
спецификациясы

Құрылғы спецификациясы

Коды

Атауы

Өлшем

бір.

Бірлік құны

Мөл-шері

Жалп.құны

Қосынды құны

         Кабелдік жүйенің пассивті құрылғысы

452,35

         Жұмыс орынының iшкi жүйесi

 

РС55-20-02

RJ45-RJ45 коннекторлы, 5е категориясындағы коммутациялық шнур, 2.0 м

дана

5,32

14

74,48

 

Горизонталды ішкі жүйе

 

категориядағы, UTP кабелі,
4-
жұпты, PVC

м

0,30

170

51,00

 

MAX сериасының розеткалары

МХ-F-С5-02-IT

категориясындағы розеткалық модуль.
1-порт
тық Т568А/В, жалпақ

дана

5,43

13

70,59

 

МХ-ВL-02-IT

МАХ module тұйықтағышы, (қорапта 10 шт)

дана

3,78

2

7,56

 

МХ-45-82-IT

45 х 45 мм адаптер (Legrand компаниясының Mosaic рамкасына МАХ сериясының екі рохзеткасын орнату үшін)

с

1,30

13

16,90

 

Кросс құрылғылары

         Мыс бөлiгi

WM-143-5-IT

Горизонталды ұйымдастырғыш, 1 U

дана

47,00

1

47,00

 

HD-16A4-IT

Коммутациялық панель 19’’,
16 пор
тты

дана

127,00

1

127,00

 

         Коммутацилық баулар

РС 55-10-02

категориясындағы  RJ45-RJ45 коннекторын қолданатын коммутациялық бау, 1.0 м

дана

4,13

14

57,82

 

         19’’ Құрылғыны қою үшiн монтаждық кабинеттер

520,00

14975

Шкаф «Atrack» SX 15U, 600 мм

 

490,00

1

490,00

 

Asar

Шкафтар үшiн қуат беретiн розеткалар, горизонталды 19’’, 5 розетка

дана

30,00

1

30,00

 

         Legrand фирмасының сәндiк қораптары (Франция)

606,80

L/30305

Тығыздағыш бөлшегi

дана

0,50

16

8,00

 

L/30301

Ішкі бұрыш

дана

4,00

9

36,00

 

L/30303

Тегіс бұрыш

дана

6,00

4

24,00

 

L/30302

Сыртқы бұрыш

дана

4,50

4

18,00

 

L/30919

Ішкі бұрыш

дана

9,00

2

18,00

 

L/30030

Қуыс бекітетін қақпақша

дана

1,40

2

2,80

 

L/30378

Профильге жиекше Мosaic 75х20 (1П)

дана

4,00

48

192,00

 

L/30033

Қалқалары бар кабелдік арна 75х20 (1 м үшін) с

дана

7,00

44

308,00

 

         Күш беретiн кабелдiк жүйе

314,70

         Жұмыс орынының iшкi жүйесi

L/74130

Розетка 2Р+Т Mosaic, европалық стандарт

дана

4,50

35

157,50

 

         Күштік кабель және өткiзгiш

 

Күштік кабель 3х1.5mm2

м

0,50

70

35,00

 

 

Күштік кабель 3x2.5mm2

м

1,30

30

39,00

 

 

3 полюстік авто ажыратқыш 220/380 63A

дана

15,00

1

15,00

 

 

1 полюстік авто ажыратқыш 220/380 16A

дана

4,00

9

36,00

 

 

Клеммалық колодкалар

дана

0,30

24

7,20

 

 

Қабырғаға орнатылатын электр щиті

дана

25,00

1

25,00

 

 

Жабдықтың жалпы құны, ҚҚС (НДС)  есепке алынған

1927,85

 

Монтаждық жұмыс құны

192,79

 

Ұсыныстың жалпы құны, ҚҚС есепке алынған

2120,64

 

2011 ж. жиынтық жоспары, реті 247