Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Компьютерлік  технологиялар кафедрасы

 

 

5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамаcыз ету

мамандығы бойынша екінші курс студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтулері бойынша

БАҒДАРЛАМА

 

Әдістемелік нұсқау

  

 

Алматы 2011

Құрастырушылар: Жунусов З.А., Ержан А.А. 5В070400-Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамаcыз ету мамандығы бойынша екінші курс студенттерінің өндірістік тәжірибеден өтулері бойынша бағдарлама. Әдістемелік нұсқау – А.: АЭжБУ, 2011.    –9 б.

 

Бағдарлама өндірістік тәжірибені дайындау және өткізу туралы кеңестер, сонымен қатар жеке тапсырмалар тақырыптары туралы кеңестер және есепті безендіруге қойылатын талаптардан тұрады.

Бағдарлама компьютерлік технологиялар кафедрасының компьютерлік сыныптарында тәжірибеден өтетін ЕТжәнеБҚ мамандығы бойынша екінші курс студенттеріне арналған.   

 

Пікір беруші: техн.ғылым канд., доцент Шайхин Б.М.

 

«Алматы байланыс және энергетика университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылға арналған жоспар бойынша басылады. 

 

© «Алматы байланыс және энергетика университеті» КЕАҚ, 2011 ж.  


Кіріспе

 «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамаcыз ету» мамандықтары бойынша оқытылатын   студенттердің өндірістік тәжірибесі ақпараттық технологиялар, бағдарламалық қамтамалар, есептеуіш жүйелері және желілері аясындағы жоғары білікті мамандарды дайындау бойынша оқыту процесінің маңызды бөлігі болып табылады.  Тәжірибені өту теориялық білімдерді, компьютерлік технологиялар, бағдарламалық қамтамалар, есептеуіш жүйелері және желілері методологиясы мен ұйымдастыру принциптерін тереңдетіп бекітуге, сонымен қатар Мемлекеттік жоғары мамандық білім беру стандартына (ҚР МЖМБС  3.08.330-2006 және ҚР МЖМБС  5.03.005 -2009) сай күрделі есептерді шешуге және тәжірибелік іс қисындарын меңгеруге мүмкіндік береді.

Барлық оқу бөліміндегі студенттер үшін оқу жоспары бойынша тәжірибені өту уақыты бекітіледі, сол уақыт ішінде өндірістік тәжірибе «Компьютерлік технологиялар» кафедрасында өткізіледі.

1 Жалпы жағдай

Тәжірибе типі – өндірістік тәжірибе, сағат саны – 150, курс – 2.

Тәжірибе мақсаты

- келесі пәндерді оқығаннан алған теориялық білімдерді бекіту: информатика, алгоритмдік тілдерде бағдарламалау, электрлік тізбектер теориясы және бағдарламалау технологиясы;

- жобалық-құрастыру, өндірістік-технологиялық, эксперименттік-зерттеулік, ұйымдастыру-басқару аясындағы мамандық дағды алу;

- мамандық қызмет объектілерінің жұмыс істеуімен байланысты есептеу және ақпараттық процесстердің математикалық және бағдарламалық үлгілерін құрып зерттеу;

- ЭЕМге уақыт және жиілік жағынан сандық және аналитикалық әртүрлі әсер ету жағдайындағы электр тізбегін талдау.  

 Тәжірибені өткенде студент келесі заттарға міндетті:

1)   еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау;

2)   техникалық, перифирилік және кеңселік жабдықтауды қолдану бойынша нұсқау мен жағдай, стандарттарды, техникалық құжаттарды безендіру талаптарын меңгеру;

3)   кафедрада бар зерттеулік қондырғылар, компьютерлік жабдықтарды қолдану және олардың дұрыс жұмысын қамтамасыз ете білуді үйрену;

4)   оқу жұмыстарын безендіру боыйнша АЭЖБУ стандартын үйрену;

5)   мамандық жұмыста қолданылатын кейбір компьютерлік бағдарламаларды оқып меңгеру;

6)   мекеменің жұмыс уақытының ережелерін орындау;

7)   тәжірибе бағдарламасымен бекітілген жеке тапсырмаларды орындау;

8)   тәжірибе бойынша есеп беруді белгіленген уақыт ішінде дайындау және қорғау.

           Өндірістік тәжірибеден өту графигі оқу үдерісінің кестесіне сай болуы тиіс. Өндірістік тәжірибеден өту уақыты мен есеп беру туралы ақпарат екінші семестрдің басында беріледі.

Өндірістік тәжірибе «Компьютерлік технологиялар» кафедрасымен студенттерге бекітілген мұғалімдермен жүзеге асады. Мекемеде өндірістік тәжірибені басқару үшін мамандар қатарындағы тәжірибе басшысы бекітіледі.

2 Тәжірибе өту орны

«Алматы байланыс және энергетика университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы, 5В070400 – Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету мамандықтары бойынша «Компьютерлік технологиялар» кафедрасы.

Оқу мен жұмысты қатар алып жүрген және жоғары GPA көрсеткен студенттер тәжірибеден өтуге жұмыс орнына жіберіледі.

  3 Тәжірибе бойынша тапсырма

Өндірістік тәжрибе кезінде студенттер кафедрада өз білімін тереңдете алады, сонымен қатар «Электрлік тізбектер теориясы», «Бағдарламалау технологиясы» және «Алгоритмдеу және бағдарламалау тілдері» курстар бойынша практикалық дағдылар алуға міндетті. Төменде негізгі талаптар мен тапсырмалар көрсетілген:

1)  Қол жазба есептеуінің  электрондық нұсқасын көрсету және  КТӘ мен  ТПӘ  матрицалық әдіспен есептеу, сонымен қатар MatLab 14 программасынан мәндерді қолдану және алу (нұсқалар «Электрлік тізбектер теориясы» курсындағыдай қала береді ):

-       cызықты синусоидалды емес электрлік тізбектің есептеуі;

-       пассивті төртұштыларды есептеу;

-       тәуелді көзі бар тұрақты токтың электр тізбегінің орнатылған режимінде есептеуі;

-       орнатылған режімдегі бірфазалы синусоидалды тізбектің есептеуі;

-       өтпелі кезеңді классикалық жіне операторлық әдіспен есептеуі;

-       сызықты электрлік тізбектегі өтпелі кезеңді Дюамель интегралы көмегімен есептеуі;

-       спектралды әдіспен электрлік тізбекті талдау.

1)  Сұлбаны алдын ала бақылау және MultiSim 8.0, EWB 5.2, PSPIСE программасында графиктарды құру.

2)  Есептеудің алгоритмін құру.

3)  Өңдеу, құрастыру, жөндеу, тестілеу және жоғарыдағы тапсырмаларға  жоғарғы қатардың тілдерінде бағдарламаны құжаттау .

4)  Есеп жазу (есеп қол жазбамен жазылады), күнделік толтыру және тексеруге беру.

5)  Power Point программасында презентация жасап, және оны комиссия алдында қорғау.

4 Тәжірибе бойынша есеп  және оны қорғау

Өндірістік тәжрибенің орындалуының программасының есебі фирмалық стандарттың талаптарына сай жасалуы қажет. Өндірістік тәжірибе есебінің көлемі 30-40  болатын түсіндірме колжазбада баяндалатын  нақтылы, дәл және жасалынған жұмыстың толық суреттемесі болып табылады.  Түсіндірме колжазбада келесі бөлімдерден тұрады:

-  кіріспе;

-  негізгі бөлім;

-  қорытынды;

-  қосымша;

-  дискке жазылған бастапқы файлдармен программа;

-       әдебиеттер тізімі.

Өндірістік тәжірибе туралы есептің комплектісіне тәжрибе өту күнделігі, жұмысты орындау графигі, сонда-ақ жұмыс орындарында тәжрибеден өткен студенттерге тәжірибе орнынан характеристика, талаптарға сай орындалуы қажет.

Есеп студенттің өзімен екі, үш оқытушыдан тұратын комиссия мәжілісінде қорғалады. Қорғауда студент берілген есептін мазмұнында жақсы бағытталып, теориялық және практикалық сұрақтарға жауап беруі керек.

Есеп балды-рейтингті жүйеде бағаланып, корытынды бағасы сынақ кітапшасына енгізіледі. Есептер қанағаттандырылмаған баға алған жағдайда жөндеуге және   қосымша сессияны өткен соң екінші рет рецензиялауға жіберіледі. Өндірістік тәжірибе бойынша есебін қорғамаған студент экзамендерге жіберілмейді.

1 қосымша

 

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

Алматы Энергетика және Байланыс Университеті

 

Компьютерлік технологиялар кафедрасы

 

Өндірістік тәжірибеден өтуі туралы есеп

 

___________________________________________________________     (Мекеме атауы)

Студент________________тобы

Т. А. Ә.

Мекемедегі тәжірибе жетекшісі

_____________________________

Т. А. Ә.

_____________________________

Лауазымы

        АЭЖБУ атынан тәжірибе жетекшісі       

        _________________________

Т. А. Ә.

_____________________________

Лауазымы

Есеп тапсыру уақыты

_____________________________

Қорғау уақыты

_____________________________

Бағасы  _______________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2011


Әдебиеттер тізімі

1.   ҚР МЖМБС 3.08.330-2006

2.   ҚР МЖМБС 5.03.005 -2009

3.   Информатика. Базовый курс. Учебник для вузов. Под.ред. С.В.Симоновича. – Спб.: Питер, 1999. – 640 с.

4.   Е.Х. Зуслина, Л.Н. Кондратенко. ТЭЦ 1. Расчет линейных электрических цепей постоянного и синусоидального тока. Метод. указания и задания к расчетно-графическим работам № 1,2. – Алматы: АИЭС, 2006.-17 с.

5.   Е.Х. Зуслина, Л.Н. Кондратенко. ТЭЦ 1. Четырехполюсники. Расчет линейных электрических цепей с синусоидальными источниками питания. Мет.указ. и задания к расчетно-графическим работам № 3,4. – Алматы: АИЭС, 2006.-17 с.

6.   Е.Х.Зуслина. ТЭЦ 2. Расчет переходных процессов в линейных электрических цепях. Задания к выполнению курсовой  работы. – Алматы: АИЭС, 2010.-14 с.

7.   Хайнеман Р.PSPISE. Моделирование работы электронных схем: Пер.с.нем. – М.: ДМК Пресс, 2002. – 336 с.

8.   MicroSim Schematics. User’s Cuide. MicroSim Corporation, 2000.

9.   Roy W. Goody. PSpice for Windows. A Circuit Simulation Primer. Prentice Hall, 1995.

10.   Петраков О.М. Создание аналоговых  PSPISE и моделей радиоэлементов. – М.: ИП Радиософт, 2004. – 208 с.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                                    3

1 Жалпы жағдай                                                                                              3

2 Тәжірибе өту орны                                                                                     4

4 Тәжірибе бойынша есеп  және оны қорғау                               5

1 қосымша                                                                                                              7

Әдебиеттер тізімі                                                                                                  8

Мазмұны                                                                                                                 8