АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Автоматты электрлік байланыс кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ЖЕЛІЛЕРІН ЖӘНЕ ЖҮЙЕЛЕРІН ҮЛГІЛЕУ

Лабораториялық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

(380140 - Байланыс желілері және телекоммуникация жүйелері, 380240 –

Көпканалды телекоммуникациялық жүйелер  мамандықтарының студенттері

үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2003

 

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: К.Х.Тұманбаева. Телекоммуникация желілерін және

жүйелерін үлгілеу ( 380140 - Байланыс желілері және телекоммуникация

        жүйелері, 380240 -  Көпканалды телекоммуникация жүйелері

 мамандықтарының студенттері үшін) – Алматы: АЭЖБИ, 2003 - 24 б.

 

 

 

Бұл әдістемелік нұсқауларда имитациялық үлгілерді алгоритмдік тілде және арнаулы GPSS/PC үлгілеу тілінде құрастыру, экспериментті жоспарлау мәселелері қарастырылған. Лабораториялық жұмыстарға тапсырмалар келтірілген.

Кестелер – 2, библиогр.- 7.

 

 

 

 

Пікір жазушы: техн.ғыл.канд., доцент А.С. Байкенов.

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2003ж. жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2003ж.

 

 Кіріспе

 

“Телекоммуникация желілерін және жүйелерін үлгілеу” курсы байланыс желілері мен телекоммуникация жүйелерін зерттеу және жобалау үшін соңғы кезде қолданатын – имитациялық үлгілеу әдісін оқып, игеруге арналады.

Лабораториялық жұмыстардың мақсаты – қарапайым жаппай қызмет ету жүйелерінің, көпбуынды коммутациялық жүйелердің және байланыс желілерінің жүмыс істеу процестерін үлгілеу тәжірибесін  меңгеріп алу.

Бірінші екі лабораториялық жұмыстар коммутация жүйелерінің имитациялық үлгілерін бағдарламаудың алгоритмдік тілдерінде құрастыру әдістерін игеруге арналған. Үшінші және төртінші лабораториялық жұмыстар арнаулы GPSS/PC үлгілеу жүйесін қолданып орындалады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лабораториялық жұмыс №1

 

Коммутация жүйелерінің имитациялық үлгілерімен жүргізілетін эксперименттерді жоспарлау.

 

1.1                Жұмыстың мақсаты: жүйелердің үлгілерімен жүргізілетін компьютерлік эксперименттерді жоспарлау әдістерін оқып білу, компьютермен интерактив режимінде нақты есептерді шешу дағдысын игеру, имитациялық экспериментті тапсырманың құрастырылған жоспарына сәйкес жүргізу.

1.2                Жұмысқа дайындық:

1.2.1                       Қарапайым коммутация жүйесінің үлгісін іске асыратын алгоритм және бағдарламамен танысу (бағдарламаны студент өз бетімен құрастырады, ЕСЖ №1) [1].

1.2.2                       Компьютерде жүргізілетін эксперименттерді жоспарлау әдістерін оқып білу, соның ішінде толық және бөлшек факторлық эксперменттер әдісін [6].

 1.3 Жұмысқа тапсырма                                                                                                                                                                                           

Экспериметтің жоспарын құрастыра отырып, Q- схема түрінде келтірілген коммутациялық жүйенің үлгісінің экзогенді айнымалыларының эндогенді айнымалыларының әсеріне талдау жүргізу керек.

Үлгілеу объектісі ретінде Q- схема пайдаланылады (қарапайым коммутация жүйесі).

1.4                 Жұмысты орындау реті 

  а) Оқытушыдан компьютерлік эксперименттің жоспарын құрастыру үшін тапсырма алу.

 б) Берілген тапсырмаға сәйкес есептің формальді түрде қойылуын жазу.

 в) Қойылған компьютерлік экспериментті жоспарлау есебін шешу үшін қажетті бастапқы мәндерді дайындау.

 г) Эксперименттің жоспарын құрастыру үшін қажетті есептеулерді компьютерде орындау.

д) Құрастырылған жоспарға сәйкес компьютерлік экспериментті жүргізу.

е) Орындалған жұмыс туралы отчет дайындау.

1.5                       Лабораториялық жұмыстардың варианттары

 

Вариант

Жоспардың түрі

     Айнымалалар

Экзоген

Эндоген

L1

L2

Д1

W

Z

P

1

БФЭ

+

 

+

+

 

 

2

БФЭ

+

+

 

 

+

 

3

ТФЭ

+

+

+

 

 

+

4

БФЭ

+

+

 

+

 

 

5

ТФЭ

 

+

+

 

+

 

6

ТФЭ

+

 

+

 

 

+

7

БФЭ

 

+

+

+

 

 

8

БФЭ

+

+

+

 

+

 

9

ТФЭ

+

+

 

 

 

+

10

ТФЭ

+

+

+

+

 

 

11

БФЭ

+

 

+

 

+

 

12

ТФЭ

 

+

+

 

 

+

 

           Мұндағы ТФЭ  және БФЭтолық және бөлшектелген факторлық эксперименттер;

L1 –  келіп түсетін ағынның екпінділігі;

L2 – шақыруларға қызмет етудің екпінділігі;

Д1 – шақырудың жүйеде күтуінің шекті уақыты ;

 W – шақырудың кезекте күтуінің орта уақыты;

Z  - шақырудың жүйеде болуының орта уақыты;

P – қызмет ету каналының жұмыссыз тұрған орта уақыты.

1.6 Жұмыс туралы отчет

Жұмыс туралы отчетте келесі мәліметтер болуы қажет:

а) тапсырма және жұмысты орындау үшін берілген бастапқы мәндер;

б) экспериментті жоспарлау үлгісінің коэффиенттерін анықтайтын бағдарламаның мәтіні;

в) имитациялық үлгінің алгоритмінің құрылымдық схемасы;

г) эксперименталдық мәліметтерді өндеу нәтижелері;

1.7 Тексеру сұрақтары:

1 Үлгілеу кезінде компьютерде экспериментті жоспарлау әдісін қолдану орынды екенінің белгісін (критериді) келтіріңіз.

            2 Компьютерлік эксперименттің калыптасу тәртібін түсіндіріңіз.

            3 Компьютерлік экспериментті жоспарлау ерекшеліктерін атаңыз.

            4 Компьютерлік эксперименттің үлгісіне қойылатын талаптарды атап шығыңыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

                       

 

 

 

 

 

Лабораториялық жұмыс №2

 

Үшбуынды коммутациялық жүйенің сипаттамаларын оның үлгісінде зерттеу

 

2.1 Жұмыстың мақсаты : Негізіне марков тізбегі салынған, үшбуынды коммутациялық жүйенің үлгісімен танысу.

2.2 Жұмысқа дайындық

2.2.1 Үшбуынды коммутациялық жүйенің үлгісін іске асыратын алгоритм және бағдарламамен танысу (бағдарламаны студент өз бетімен құрастырады, ЕСЖ №2).

2.2.2 Көпбуынды коммутация жүйелерінің қызмет ету сапасының сипаттамаларын оқып біліңіз.

2.3 Жұмысқа тапсырма 

Үшбуынды коммутациялық жүйенің имитациялық үлгісін іске асыратын алгоритм және бағдарламаны оқып білу. Толық және дұрыс нәтижелер алуды қамтитын эксперименттер тобын жүргізу. Эндогенді және экзогенді айнымалылар арасындағы тәуелсіздікті зерттеу.

2.4 Жұмысты орындау реті

а) Оқытушыдан тапсырманың вариантың алу

б) Есепті формальді түрде жазу

в) Бастапқы мәндерді дайындау

г) Компьютерде жүргізілетін эксперименттің жоспарын құрастыру үшін қажетті есептеулерді жүргізу

д) Құрастырылған жоспарға сәйкес экспериментті жүргізу

е) Жұмыс туралы отчет дайындау

 

 

 

 

 

2.5 Лабораториялық жұмыстардың варианттары

Вариант

 

H

V

N

T

P1

P2

P3

1

+

+

+

 

+

 

 

2

+

+

+

 

 

+

 

3

+

+

+

 

 

 

+

4

 

+

+

+

+

 

 

5

 

+

+

+

 

+

 

6

 

+

+

+

 

 

+

7

+

 

+

+

+

 

 

8

+

 

+

+

 

+

 

9

+

 

+

+

 

 

+

10

+

+

 

+

+

 

 

11

+

+

 

+

 

+

 

12

+

+

 

+

 

 

+

 

Мұндағы

H – бағыттар саны;

V – бір бағыттағы жолдар саны;

N – қосуды ұйымдастыру үшін жасалған талаптар  саны;

T – бос емес көздер саны;

P1 – қажетті бағыттағы жолдардың бос болмауынан болған шығындар ықтималдығы;

P2 – ішкі кедергілерден болған шығындар ықтималдығы;

P3 – жалпы шығындар ықтималдығы.

2.6 Жұмыс туралы отчет

Жұмыс туралы отчет келесі мәліметтерден құрастырылуы керек:

а) тапсырма және жұмысқа қажетті бастапқы мәндер;

б) үшбуынды коммутация жүйесінің имитациялық үлгісінің құрылымдық схемасы;

в) эксперименталдық мәліметтерді өңдеу нәтижелері, алынған нәтижелерді талдау;

2.7 Тексеру сұрақтары

1 Үлгіде шақыру қандай бағытқа келіп түскені қалай анықталады?

2  Үлгіде шақыру келіп түскен бірінші буынның коммутаторы қалай анықталады?

3 Үлгіде бос қосу жолын іздеу қалай ұйымдастырылған?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Лабораториялық жұмыс №3

 

Жаппай қызмет ету үрдістерін имитациялық үлгілеу

 

3.1 Жұмыстың мақсаты: жаппай қызмет ету түрінде келтірілген, жүйелерді үлгілеуді меңгеру, GPSS тілін пайдалану ерекшеліктерін оқып білу.

3.2 Жұмысқа дайындық

3.2.1 Q – схеманың негізгі элементтерін және олардың құрылымын көрсету ерекшеліктерін оқып біліңіз [6].

3.2.2 Q – схеманы үлгілеу үшін қажетті GPSS жүйесінің негізгі операторларымен танысыңыз [7].

3.3 Үлгілеу объектісі.

Қызмет ету приборынан, қызмет етіліп жатқан және қызмет етуді күтіп тұрған тапсырыстардан туратын жүйені – жаппай қызмет ету жүйесі деп атайды (ЖҚЖ). Жаппай қызмет ету жүйелері үлгілеуге арналған математикалық схемалардың бір тобын құрайды, олар Q – схема деп аталады.

Мұндай схемалардың жұмысында қызмет етуді талап ететің тапсырыстардың келіп түсетін уақыт мезгілдері және қызмет етудің аяқталу уақыт мезгілдері кездейсоқ болады.

Сонымен, ЖҚЖ екі тәуелсіз айнымалылармен сипатталады: екі бір-бірінен кейін келіп түсетін шақырулардың арасындағы уақыттын аралығымен және шақыруға қызмет етуге қажетті уақыттың ұзақтығымен.

Q – схеманың құрылымы келесі түрде беріледі:

         И                      Н                    К

        l=…..              l=…         μ=…         μ=….

 

 

 

 

 


Мұндағы И-тапсырыс көзі; Н – тапсырыстар жинағышы; К – қызмет ету каналы ; λ  -келіп түсетін тапсырыстар ағынының екпінділігі; μ  - қызмет етудің екпінділігі; l – жинағыштың көлемі.

3.4 Жұмысқа тапсырма

 Берілген вариантқа сәйкес Q – схеманың үлгісін құрастырыңыз және жүйенің жұмыс үрдісі туралы статистикалық мәліметтерді жинауды қамтамасыз етіңіз. Алынған нәтижелерге талдау жасаңыз. Q – схеманың жұмысының үрдісін GPSS тілінде (0,Т) аралығында үлгілеңіз, мұндағы Т = 1000 уақыт бірлігі.

3.5 Тапсырмалардың варианттары 

1)     И            Н             К

 


  И            К 1       Н        К2      

l=0,1   μ1=0,1   l1=10 μ2=0,1     μ2=0,1      

                                                       2)   

                                            

        λ=0,1    l =10  μ=0,3                               

    И         К1         К2          К

l=0,1   μ1=0,1  μ2=0,4    μ2=0,4

3)

l=…     l=10           μ2=0,2

4)   И         Н                        К1

К2

 μ 1 ========0,2

 


                                                                    

                  

 

l1=l2=0,1    l1= l2=10       μ=0,3

5)   И          Н            

К1

μ1 =0,5

6)     И          Н1       К1           Н2          К2

    l=10       l 1=5    μ1 =9     l 2=7   μ2 =0,2

 


                                                           

 

 

 

 

l1=l2=5   l1= l2=12    μ1=3,3      μ2=10

7)     И1        Н2          К2            

К3

μ1 =0,2

l=10       μ2=20                 μ2= μ3=10          μ4=0,3

8)   И           К1                        К2             К4

К3

 μ 1=0,2 =0,2

 


                                                               

 

 

 

 

10)    И        Н         К1         К2   К2

l=0,2    l=5     μ1=1,3     μ2=1,5  

9)   И           К1        К2          Н              К3

l=3    μ1=0,3    μ2=0,3    l=12    μ3=0,1       μ3=0,1  

                                                                                 

                                                                              

 

l1=l2=1,4    l=5       μ1=1,2

12) И1      Н            

К2

Μ2=0,3 =0,3

                                                                               

l1=l2=1,3  μ12=0,2 μμμ2=0,2

11) И1       К1            

Н         К3

   l=10   μ1 =0,2

       И2       К2            

  

 

 

 

 

3.5 Жұмысты орындау реті

3.5.1 Q – схеманың құрылымын арнаулы түрде көрсетілумен танысыңыз.

3.5.2 Оқытушыдан тапсырманың вариантын алыңыз.

3.5.3 Берілген вариантқа сәйкес GPSS тілінде бағдарлама құрастырыңыз.

3.5.4 Бағдарламаны қалыптастырыңыз, компьютерде нәтижелерді алыңыз.

3.5.4 Алынған нәтижелерге талдау жасаңыз, отчет құрастырыңыз.

3.6 Жұмыс туралы отчет

Отчетке келесі мәліметтер кіруі тиіс:

3.6.1 Тапсырма және варианттың бастапқы мәндері.

3.6.2 Бағдарламаның листингі.

3.6.3 Бағдарлама жұмысының нәтижелері.

3.6.4 Алынған нәтижелерге талдау.

3.7 Тексеру сұрақтары

3.7.1 Жаппай қызмет ету үрдісін бейнелеу үшін қолданатын Q – схеманың элементтерін келтіріңіз.

3.7.2 Қандай жүйе ЖҚЖ деп аталады?

3.7.3 Имитациялық үлгілеу нәтижесінде Q – схеманың қандай сипаттамаларын табуға болады?

3.7.4 Q – схеманы үлгілеуде GPSS тілінің қандай негізгі операторлары пайдаланылады?

Лабораториялық жұмыс № 4

 

Имитациялық үлгіде  ISDN желісінің концентраторының жұмыс үрдісін зерттеу

 

4.1 Жұмыстың мақсаты: GPSS тілінде, ISDN желісіндегі цифрлік ақпаратты тарату жүйесінің концентраторының жұмыс үрдісінің ықтималдлы-уақыттық сипаттамаларын алу үшін, құрастырылған имитациялық үлгінің мүмкіншіліктерін зерттеу және пайдалануды меңгеру.

4.2 Дайындыққа тапсырма:

4.2.1 ISDN желісі саласындағы терминдермен танысыңыз.

4.2.2 ISDN желісінің концентраторының жұмысының ерекшеліктерін оқып біліңіз.

4.2.3 Концентратордың жұмыс процесін формальды түрге келтіру ерекшеліктерін қарастырыңыз.

4.2.4 Концентратордың жұмысын үлгілеу үшін қажетті, GPSS жүйесінің негізгі операторларын оқып біліңіз [7].

4.3 Үлгілеу объектісі

ISDN желілері ақпараттың бірнеше түрлерін жеткізеді ( оперативтік мәліметтер және компьютердің файлдарын, цифрлік түрдегі сөзді, факсимильдік ақпаратты және т.б.). Бұл лабораториялық жұмыста осындай желінің, ақпаратты тарату жүйесі түріндегі, фрагменті қарастырылады. Жүйе цифрлік телефон аппараты (ЦТА) мен цифрлік концентратор (ЦК) арасындағы әрекеттестікті қамтамасыз етеді. Цифрлік концентратор, кірістегі жылдамдығы төмен цифрлік арналарды шығыстағы жылдамдығы жоғары цифрлік трактімен (ЦТ) орайласуын қамтамасыз ететін құрылғы болып табылады.

Жалпы жағдайда N телефон аппараттары  цифрлік концентраторға қосылады дейік. Цифрлік концентратор келіп түсетін цифрлік ақпарат ағынын мультиплекстейді және оны цифрлік тракт бойынша таратады ( 4.1 сурет). Әрбір цифрлік тракт алты тығыздалатын арналардан (кадрлардан) турады. Әдеттегі жұмыс істеу жағдайында ( цифрлік тракт 80% кем істегенде) бес канал пайдаланылады. Цифрлік трактінің жүктемесі 80% асып кеткен уақытша жағдайларда қосымша арна қосылады.

Бір цифрлік телефон аппаратынан келіп түсетін жүктеме 0,1 Эрл., ал кезкелген шақыруға қызмет етілу ықтималдығы 0,4 тең. Шақыруға қызмет етілмеуі абонент бос емес жағдайында болуы мүмкін ( “бос емес” сигналын тыңдау уақыты 15с тең) немесе оның орнында болмауынан. Екі күйдің ықтималдықтары бір-біріне тең деп санаймыз. Егер бос арна болмаса, келіп түскен шақыру блоктанады. Қызмет етілмеген шақыру қайталанып түсетін шақырулар көзіне айналады.

4.2 суретінде концентратордың жұмысының имитациялық үлгісінің блок-диаграммасы келтірілген.


 

                                                     Сурет 4.1        

 

Үлгінің алгоритмін түсіндірейік. Үлгіні іске қосу алдында белгілі сыйымдылығы бар көпарналық құрылғы құрастырайық. Біздің жағдайда көпарналық құрылғы ретінде цифрлық трактіні, ал оның сыйымдылығы ретінде цифрлық трактегі кадрлар санын қарастыруға болады.

Қажетті бастапқы мәндерді алайық ( сөйлесудің орта ұзақтығын, қызмет ету ықтималдығын, байланысты орнату уақытының орта ұзақтығын). Бұл мәндер байланыстың сапасын сипаттайды және статистикалық нәтижелерге әсер етеді. Сонымен қатар,  кездейсоқ сандардың қажетті  үлестірім функцияларын көрсетейік.

Блок 1. Транзакт үлгіге кіреді.

Блок 2. Осы транзактің қажетті санды көшірмелерін жасаймыз. Олар виртуальды байланыс желісінің абоненттері болып саналады.

Блок 4.Транзакті алып, оны шақырулар арасындағы уақытқа сәйкес тоқтатамыз. Сонымен, шақырулдар бізде белгілі кедергімен келіп түседі.

Блок 7. Цифрлік трактте бос кадрдың болуын тексереміз.Егер бос кадр бар болса, онда 8 блокқа көшеміз. Егер бос кадр болмаса, онда транзакт осы блокта бос кадр пайда болғанша тоқтатылып тұрады. 

Блок 8.Кездейсоқ санды қалыптастырамыз және оны қызмет ету ықтималдығымен салыстырамыз. Егер алынған сан кіші болса, онда 9 блокқа көшеміз. Егер үлкен болса, онда – 18 блокқа.

Блок 9-13. Келген шақыруға көпарналы құрылғыны пайдалануға мүмкіншілік береміз. Оны кезекке қоямыз, қызмет ету уақытына тоқтатамыз, одан кейін кезекті де көпарналы құрылғыны да босатамыз. Шақыруға қызмет етілді.

Блок 15-16. Шақырулардың бәріне қызмет етілгенін тексереміз. Егер бәріне қызмет етілсе, онда 46 блокқа көшеміз. Керісінше жағдайда, келіп түскен шақырудың тағы бір көшірмесін жасаймыз және 4 блокқа көшеміз.

Блок 18. Кездейсоқ санды шығарамыз және оны жауап болмаған жағдайлардың пайызымен салыстырамыз. Егер алынған сан кіші болса, онда 31 блокқа көшеміз, керісінше жағдайда ( яғни жауап болмаған жағдайлар пайызы берілген деңгейден жоғары, онда біз шақыруға қызмет ете алмаймыз) – 19 блокқа көшу.

Блок 19-24. Келіп түскен шақыруға көпарналы құрылғыны  пайдалануға мүмкіншілік береміз.Оны кезекке қоямыз, “бос емес “ сигналын тыңдаудың орта уақытына тоқтатамыз, одан кейін кезекпен көпарналы құрылғыны босатамыз. Сонымен, шақыруға қызмет етілген жоқ және ол блокта “бос емес” сигналын тыңдау уақытына тоқтатылып тұрды.

Блок 26. Кездейсоқ санды шығарамыз және оны  табандылық функциясымен салыстырамыз. Егер сан функция мәнінең кіші немесе тең болса, онда 27 блокқа көшеміз, керісінше жағдайда – 42 блокқа.

Блок 27-30. Сонымен, абонент бос болмағандықтан,біздің шақыруға қызмет етілмеді. Енді оны қайталанып келетін шақырулар арасындағы уақытқа тоқтатып қоямыз да, 7 блокқа көшеміз.

Блок 31-36. Байланыс желісінде жауап алмау пайызы берілген деңгейден төмен. Сонымен біз тағы бір шақыруға қызмет ете аламыз. Байланысты орнатамыз. Келіп түскен шақыруға көпарналы құрылғыны алуға мүмккіндік береміз. Оны кезекке қоямыз, ұстап тұрамыз ( байланысты орнату уақытының орта мәніне тең аралыққа), бұдан кейін кезекпен құрылғыны босатамыз.

Блок 37. Абоненттің жоқ болуын имитациялаймыз. Кездейсоқ санды шығарамыз және оны абонент жоқ жағдайдағы табандылық функциясының мәнімен салыстырамыз. Егер  алынған сан   функциядан кіші немесе оған тең болса онда 38 блокқа көшеміз, керісінше жағдайда  42 блокқа көшеміз.

Блок 38-41. Абонент жоқ болғандықтан, шақыруға қызмет етілмеді. Қайталанып келетін шақырулар арасындағы уақыттардың орта шамасына тең уақытқа шақыруды ұстап қаламыз, 7 блокқа қайтамыз. Басқа сөзбен айтқанда, талаптануды қайталаймыз.

Блок 42-45. Шақырулардың бәріне қызмет етілгенін тексереміз. Егер шақырулардың бәріне қызмет етілсе, онда 46 блокқа көшеміз, керісінше жағдайда келіп түскен хабардың тағы бір жанамасын жасаймыз да 4 блокқа қайтамыз.

Блок 46-50. Жадыға статистикалық мәліметтердің бәрін жазамыз.

Блок 51-54. Көпканалды құрылғының пайдалану коэффициентін тексереміз. Егер ол берілген деңгейден төмен болса, онда адаптация коэффициентін үлкейтеміз, бұл амалмен неғұрлым көп хабарларға цифрлық трактің бос кадрлары беріледі. Сонымен біз көпарналы құрылғыны пайдалану коэффициентін үлкейтеміз. Егер коэффициент берілген деңгейден үлкен болса, онда 55 блокқа көшеміз.

Блок 55. Барлық транзакті жоямыз да, үлгіні тағы бір рет іске қосамыз.

4.5 Жұмысқа тапсырма

Бастапқы бағдарламаға өзгертулер енгізіңіз, олар берілген тапсырманы орындауды қамтамасыз етуге тиіс:

4.5.1 аяқталған сөйлесулер үшін қайталанып келетін шақырулар санының үлестірім функциясын анықтау;

       4.5.2 желідегі абоненттер санына қарай шақырулардың тоқталу ықтималдығының графигін тұрғызу;

       4.5.3  желідегі абоненттер санынан тәуелді табандылық функциясы

үшін, бір шақыруға сәйкес қайталап келетін шақырулар санының орта мәнінің графигін тұрғызу;

4.5.4  желідегі абоненттер санымен сөйлесудің табысты болуының ықтималдығы арасындағы тәуелділіктің графигін тұрғызу;

4.5.5 аяқталмаған сөйлесулер үшін қайталанатын шақырулар санының үлестірім функциясын анықтау; 

4.5.6 жуықтап есептелетін табандылық функциясы үшін абоненттік желідегі блоктану ықтималдығын анықтау;

4.5.7 табандылық функциясы үшін  желідегі абоненттер санымен бір шақыруға келетін талаптардың орта саны арасындағы тәуелділіктің графигін тұрғызу;

4.5.8 абоненттік желідегі блоктану ықтималдығының графигін табандылық функциясы үшін желідегі абоненттер санына қарай келтіру;

4.6 Жұмысты орындау реті

а) Осы лабораториялық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулармен танысу;

б) Оқытушыдан тапсырманың вариантың алу;

в) Алынған вариантқа сәйкес GPSS тілінде бағдарламаны құрастыру;

г) Цифрлық концентратордың жұмыс істеу үрдісінің үлгісімен имитациялық эксперименттер жүргізу.


                                 Сурет 4.2

 


                                                                                                                               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Концентратордың жұмысының имитациялық үлгісінің бағдарламасы

 

Блок-диаграммаға сәйкес байланыс желісінің цифрлық концентраторының жұмысының үлгісінің GPSS тіліндегі бағдарламасын құрастырамыз.

 

          SIMULATE

0001 SVE1 EQU       1

0005 SVE1 STORAGE   6

0010      INITIAL   X$ABON,30

0015      INITIAL   X$INTER,12000

0020      INITIAL   X$RAZG,1200

0025      INITIAL   X$PROSL,150

0030      INITIAL   X$POFT,600

0035      INITIAL   X$OBSL,400

0040      INITIAL   X$NEOT,500

0045      INITIAL   X$UST,40

0050      INITIAL   X$ADAP,5

0055 PER1 FVARIABLE 100000#N$EX1/X$POTER

0060 PER2 FVARIABLE 100000#N$DL1/X$POTER

0065 PER3 FVARIABLE 100000#X$SRED/(N$DL1+N$EX1)

0070 BER1 FVARIABLE X$BLO1+N$ZAN-X$BLO2

0071 BER2 FVARIABLE X$POTER+X$BLO3+X$BLO4

0072 PER4 FVARIABLE 100000#(V$BER1/V$BER2)

*

0110 EXP  FUNCTION  RN4,C24

0,0/.100,.104/.200,.222/.300,.355/.400,.509/.500,.690/

.600,.915/.700,1.200/.750,1.380/.800,1.600/.840,1.830/

.880,2.120/.900,2.300/.920,2.520/.940,2.810/.950,2.990/

.960,3.200/.970,3.500/.980,3.900/.990,4.600/.995,5.300/

.998,6.200/.999,7/1,8/

*

0120 TOCH FUNCTION  P3,C7

1,600/2,700/3,750/4,790/5,820/6,850/7,880

*

0123 OTS  FUNCTION  P3,C3

1,300/2,400/3,500

*

0125      GENERATE  1,,,1

0130      SPLIT     X$ABON,ACT

0135      TERMINATE

0140 ACT  ADVANCE   X$INTER,FN$EXP

0145      ASSIGN    3,1

0150      SAVEVALUE POTER+,1

*

0155 VHO  TEST LE   S1,X$ADAP

0160      TEST L    RN6,X$OBSL,IPV

0161      ENTER     1

0162      QUEUE     1

0163      ADVANCE   X$RAZG,FN$EXP

0164      DEPART    1

0165      LEAVE     1

*

0170 DL1  SAVEVALUE SRED+,P3

0175      TEST NE   TG1,1,ED1

0180      SPLIT     1,ACT

0185      TERMINATE 1

*

0190 IPV  TEST G    RN7,X$NEOT,NOT

0195      SAVEVALUE BLO2+,1

0196      ENTER     1

0197      QUEUE     1

0198 ZAN  ADVANCE   X$PROSL,FN$EXP

0199      DEPART    1

0200      LEAVE     1

*

0205 OTK  SAVEVALUE BLO1+,1

0210      TEST LE   RN5,FN$TOCH,EX1

0215      SAVEVALUE BLO3+,1

0220      ASSIGN    3+,1

0225      ADVANCE   X$POFT,FN$EXP

0230      TRANSFER  ,VHO

*

0235 NOT  SAVEVALUE ADR+,1

0236      ENTER     1

0237      QUEUE     1

0238      ADVANCE   X$UST,FN$EXP

0239      DEPART    1

0240      LEAVE     1

0245      TEST LE   RN6,FN$OTS,EX1

0250      SAVEVALUE BLO4+,1

0255      ASSIGN    3+,1

0260      ADVANCE   X$POFT,FN$EXP

0265      TRANSFER  ,VHO

0270 EX1  SAVEVALUE SRED+,P3

0275      TEST NE   TG1,1,ED1

0280      SPLIT     1,ACT

0285      TERMINATE 1

0290 ED1  SAVEVALUE RES1,V$PER1

0295      SAVEVALUE RES2,V$PER2

0300      SAVEVALUE RES3,V$PER3

0305      SAVEVALUE RES4,V$PER4

0310      TERMINATE 1

0315      GENERATE  1000

0320      SAVEVALUE ADAP,5

0325      TEST G    SR1,800,KON

0330      SAVEVALUE ADAP,6

0335 KON  TERMINATE

0340      START     500

0341      REPORT    REPORT.GPS

0450      END

 

 

4.7 Лабораториялық жұмыс туралы отчет

Отчет келесі мәліметтерден тұрады:

4.7 жұмыстың берілген варианты бойынша тапсырма және бастапқы мәндер;

4.7.2 бағадарлама;

4.7.3 қойылған есепті шешу нәтижелері.

 

 

4.8 Тексеру сұрақтары

 

1 Келіп түсетін шақырудың блоктану ықтималдығын анықтайтын абоненттік желінің параметрлерін атаңыз.

2       Абоненттер санынан тәуелді абоненттік желінің сипаттамаларын атаңыз.

3       Цифрлық трактінің шығысындағы шақырулар ағынының үлестірім функциясының түріне талдау жасаңыз.

4       Қайталап талаптанудың орта санын анықтайтын желінің параметрлерін атаңыз.

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     Лившиц А.Л., Мальц Э.А. Статистическое моделирование систем массового обслуживания. –М.: Сов.радио, 1987.

2.     Теория телетрафика: Учебник для вузов / Ю.Н. Корнышев, А.П. Пшеничников, А.Д. Харкевич.- М: Радио и связь, 1996.

3.     Ионин Г.Л, Седол Я.Я. Статистическое моделирование систем телетрафика – М.: Радио и связь, 1982.

4.     Полляк Ю.Г., Филимонов В.А. Статистическое машинное  моделирование средств связи.- М: Радио и связь, 1988.

5.     Чагаев Н.С. Моделирование процессов управления в узлах коммутации. М.: Радио и связь, 1984.

6.     Советов Б.Я., Яковлев С.А.Моделирование систем. – М.: Высшая школа,1998.

7.     Шрайбер Т.Дж. Моделирование на GPSS.-M. Машиностроение, 1980.

 

Мазмұны

Кіріспе

1.     Лабораториялық жұмыс № 1 …………………………………………………3

2.     Лабораториялық жұмыс № 2 ………………………………………………….7

3.     Лабораториялық жұмыс № 3 ………………………………………………….10

4.     Лабораториялық жұмыс № 4 …………………………………………………..13

Әдебиеттер тізімі... …………………………………………………………………24

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                             Жин. Жоспары 2003, поз. 83

 

 

 

 

Күмісай Хасенқызы Тұманбаева

 

 

 

Телекоммуникация желілерін және жүйелерін үлгілеу

Лабораториялық жұмыстарды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

(380140 - Байланыс желілері және телекоммуникация жүйелері, 380240 –

Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер  мамандықтарының студенттері

үшін)

 

 

 

Редакторы Ж.А.Байбураева

 

 

 

 

Басуға қол қойылды______                                  Пішімі  60х84 1/16

Таралымы _50____дана                                          1  баспаханалық қағаз          

Көлемі _____  оқу-есепті баспа.т.                        Тапсырыс ___  

Бағасы______

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, А. Байтұрсынұлы қөшесі, 126