АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Автоматты электрлік байланыс кафедрасы

ЦИФРЛЫҚ КОММУТАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

Лабораториялық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау (HICOM 300 1-ші бөлім)

(38040 «Байланыс желісі және коммутация жүйесі», 380240 - «Көпарналы телекоммуникация жүйесі» мамандықтарының студенттері үшін)

 
Алматы 2004

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Т.К. Бектыбаев, С.А.Калиева. Цифрлық коммутация жүйлері. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (HICOM 300 1-ші бөлімі). (380140 - Байланыс желісі және коммутация жүйесі, 380240 - Көпарналы телекоммуникация жүйесі мамандықтарының студенттері үшін).

 Алматы: АЭжБИ, 2004. - 30 б.

Әдістемелік нұсқау зертханалық жұмыстардың тақырыбынан, жұмыстың мақсатынан, тапсырма және орандалу тәртібінен, сондай-ақ бақылау сұрақтарының тізімін құрайды.

Без.   , кесте.  , библиогр.  атау.

Пікір беруші:тех.ғыл. канд. проф. А. Д. Джангозин.

Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 жылғы басу жоспары бойынша басылды.

                                © Алматы энергетика және байланыс институты, 2004 ж.

Кіріспе

“Siemens” компаниясының кәсіпорын-мекемелік автоматты телефонды станциясы (КМАТС – УПАТС) Нісоm 300 атты цифрлы жүйесі, мекемеде және өнеркәсіпте автоматты телефонды байланысты ұйымдастыруға арналған. Бұл КМАТС тобы өздерiнiң қызметтiк мүмкiншiлiгiне сай тек телефондық байланыс құрушы КМАТС әдеттегi қызметiн ғана емес, қосымша оперативті телефонды байланыс желiсiн (директорлық, диспетчерлік), дерек тарату және т.б. екі абонент немесе бiр топ абоненттер болып келетiн шоғырланған есептеу желілер арасында цифрлы ақпарат таратуды ұйымдастыра алады.

Кәсіпорындарда, транспорттарда және мекемелерде таратылатын хабардың басым көпшiлiгi дауыс формасында болғандықтан, телефон байланыс қызметi УПАТС үшiн ең маңызды болып табылады. Бұқаралық желіден ерекше УПАТС  қойылатын талап хабарды оперативті жеткізу. Бұл талапты қазiргi заманның УПАТС–тарында, осыған жататын «Нісоm300», абоненттерге әртүрлi қызмет көрсетудiң қосымша түрлерiмен (ДВО) қамтамасыз ету арқылы iске асырылады. Жеке алғанда Нісоm300 жүздеген ДВО – түрiн iске асыра алады. «Нісоm300» жүйелiк терминал F500/Q500 немесе ПЭВМ–ге орнатылған «COMTES»  терминалдық бағдарлама арқылы басқарылады. Бұл терминалдық немесе ПЭЕМ станциясы арнайы LBU/LCU плата арқылы қосылады.

№1 зертханалық жұмыс. Станциядағы абоненттер карточкаларымен жұмыс істеу

1.1          Жұмыс мақсаты

Жұмыстың мақсаты абоненттердiң нөмiрлерiнiң тiзiмiн, олардың  физикалық орналасуын және жеке мәліметтер параметрлерін өзгерту арқылы УПАТС Нісоm 300-де жұмыс істеуге машықтандыру.

1.2          Зерханалық құрылғыларды әліптеу

Бұл зертханалық жұмыста құрамында абоненттік модульдер, «COMTES» интерфейстiк бағдарламасы қондырылған ПЭЕМ-ді және телефондық аппараттарды қолданып  Нісоm 300 атпен шығаратын цифрлы жүйені қолдану.

1.3  Тапсырма

1.3.1  КМАТС Нісоm300 жүйесінің абоненттерін  анықтау.

1.3.2  Абоненттің жеке мәліметінің параметрлерін өзгерту.

1.3.3  Бастапқы деректердi қалпына келтіру.

1.4   Жұмыстың  орындалу тәртібі

1.4.1 Тапсырмадағы варианттар бойынша телефондарды RJ-11 қосқышына қосыңыз.

1.4.2 ПЭЕМ-дегі «COMTES»  бағдарламалық интерфейсті қосу.

1.4.3 “DIS-SCSU” бұйрығын қолдана отырып, ПЭЕМ арқылы Нісоm 300  абоненттерінің жеке мәліметтерін монитор бетіне шығару. Хабар шығару листингі 1.1 - суреттте көрсетілген.

DIS-SCSU:102,;

H500:  AMO SCSU  STARTED

---------------------------- USER DATA -----------------------------------------

STNO    102            COS1    20              LCOS1   1         DVCFIG       SET400

SSTNO   N              COS2    20              LCOS2   1         DIGNODIS  N       PEN            1-1-84-2

DPLN     0               SPDC    1                STDNO  6         SECR             N      INS             Y

ITR         0               SPDC    2                HFREE              ALERT         1       COTRACE  N

COSX     0               SPDI     N               RCBKNA  N      DSSTNA     N      WITKEY      N

                                                                RCBKB     N      DSSTNB     Y       ALARMNO 0

COFIDX                 CCTIDX                 INBL                  DIAL                     SPEC

SDACT                   SDII                        SDCI                  ACKST                  CLKDIR

                                                                DHPAR

STNDI                    TTXDI                    VTXDI               FAXDI                   DTEDI

VCEBL   N             TTXBL                   VTXBL              FAXBL                  DTEBL

                               TTXRATE               VTXRATE                                       DTERATE

TTXDATE             VTXDATE                                        DTEDATE

                               TTXIN                     VTXIN               FAXIN                   DTEIN

---------------------------- ACTIVATION IDENTIFIERS FOR FEATURES ---------------

FWDS    N             FWDT    N                FWDV    N        FWDF  N                FWDD       N

HTOS    N             HTOT     N                 HTOV    N        HTOF  N                 HTOD       N

DND     N              VCP       Y                  CWT     N

---------------------------- FEATURES AND GROUP MEMBERSHIPS --------------------

ESSTN

PUGR                    HUNTING GROUP        N

                               NIGHT VARIANT        N        ASSOCIATED STN           N

 CLEAR CHANNEL        N             ANALOG SIDE OF A MODEM     AMO-SCSU -207       STATION CONFIGURATION OF SWITCHING UNIT     DISPLAY COMPLETED;

1.1           – сурет.  Абоненттің жеке мәлімет листингі

1.4.5 “PEN” параметрі арқылы, 1.1 - суреттегі листингтің  жоғағры жағында көрсетілген,  телефонның физикалық орналасу орнын көріп, оны келесі заңдылықпен жазып алыңыз.


Шкаф                     Полка                    Слот                         Порт                      

Ескерту: Басқа параметрлер қызметтік болып саналады, және бұл жұмыста қолданбайды. 

1.4.6 Абоненттің  физикалық орналасуын өзгертпей,  тізімдегі нөмірді өзгертіңіз, оны “CHU-SCSU” бұйрығы арқылы жүзеге асырыңыз. Нәтиже листингі 1.2 - суретте көрсетілген.

CHA-SCSU:2001, , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , 2002;

H500: AMO SCSU STARTED

H19: THE STNO    2001 HAS THE NEW NUMBER 2002.

PLAUSIBLE  PARAMETER ENTRIES HAVE ALSO BEEN CHANGED.

AMO-SCSU -161 STATION CONFIGURATTION OF SWITCHING UNIT

CHANGE COMPLETED;

1.2 - сурет. Тізімдегі абонент нөмірінің листингі.

1.4.7. Аналогты аппараттағы нөмірді теру түрін өзгерту командасын енгізу, ол үшін “CHU-SCSU” командасын қолданыңыз. Нәтиже листингі      1.3 - суретте көрсетілген.

CHA-SCSU:2001, , , , , , , , , , , , , , , , , DP;

H500: AMO SCSU STARTED

H09: 2001 STATION DATA CHANGED.

AMO-SCSU -161 STATION CONFIGURATTION OF SWITCHING UNIT

CHANGE COMPLETED;

1.3 - сурет. Аналогты аппараттағы теру түрін өзгерту командасын енгізу листингі

1.4.8. Абоненттің жеке мәліметін  дисплейге шығару командасын енгізіңіз, ол үшін “DIS-SCSU” командасын қолданыңыз.

1.4.9. Бастапқы мәліметтерге қайта оралып, абонент нөмірін және телефонмен нөмірді теру түрін өзгертіңіз, ол үшін “CHU-SCSU” командасын қолданыңыз. Листингі 1.4 - суреттте көрсетілген.

CHA-SCSU:2001, , , , , , , , , , , , , , , , , DTMF, , , , , , , , , , , , , , , , , 2001;

H500: AMO SCSU STARTED

H19: THE STNO 2002 HAS THE NEW NUMBER 2001.

PLAUSIBLE  PARAMETER ENTRIES HAVE ALSO BEEN CHANGED.

AMO-SCSU -224            STATION CONFIGURATTION OF SWITCHING UNIT

CHANGE COMPLETED;

1.4 - сурет. Абонент нөмірін және телефонның нөмірін теру түрін өзгерту листингі.

Ескерту: Жұмысты қатаң тәртіппен орындау қажет. Оқытушының берген варианттарымен ғана жұмыс істеу керек.

1.5. Тапсырманың варианттары.

Вариант

Абоненттің нөмірі

1

102

150

2

101

166

3

203

266

4

205

250

1.6 Зертханалық жұмысқа есеп беру тәртібі.

Есеп беруде КМАТС Нісоm 300 қолданылатын командаларының тізімі жазылуы керек. Қолданылған командаларды біліп, арасындағы айырмашылыққа қорытынды жасау.

1.7. Бақылау сұрақтары

1.7.1. Нісоm300 станциясында қандай арнайы терминалдар қолданылады?

1.7.2. Станциядағы барлық абоненттерді қарап шығу үшін қандай команда қолданады ?

1.7.3. “CHU-SCSU” командасы не үшін қолданады ?

№2  зертханалық жұмыс. Станцияда абоненттерді генерациялау

2.1  Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың мақсаты ол КМАТС Нісоm 300 жүйесіндегі абоненттерді қосып-алып тастау, генрациялау, абоненттерді станциядан ажырату болып табылады.

2.2  Зертханалық құрылғылрды әліптеу.

Бұл зертханалық жұмыста абоненттік модульдері бар КМАТС               Нісоm 300 жүйесі, «COMTES»  бағдарламалық интерфейсі бар ПЭЕМ, телефондық аппараттар қолданылады.

2.3  Тапсырма

2.3.1 КМАТС Нісоm 300 жүйесінде жаңа абоненттерді генерациялау.

2.3.2 Станцияда абоненттерді алып тастау.

2.3.3 Станциядағы абонент телефондарын өшіру.

2.3.4 Станциядағы абонент телефондарын қосу.

2.3.5 Бастапқы мәліметтерге қайта оралу.

2.4  Жұмыстың орындалу тәртібі

2.4.1 Вариантқа байланысты телефондарды RJ-11 қосқышына  қосыңыз.

2.4.2  Барлық телефондық аппараттар жұмыс күйінде болуы керек.

2.4.3  ПЭЕМ-дегі «COMTES» бағдарламалық интерфейсін қосу.

2.4.4  Абоненттердің физикалық орналасуына байланысты, абонент телефонын ажырату командасын енгізу, ол үшін “DEACT-DSSU” командасы қолданылады. Хабар шығару листингі 2.1 - суретте көрсетілген.

DEACT-DSSU: DI, PEN, 1 – 1 – 84 – 2 , ;

H500:  AMO DSSU  STARTED

H03:  1 1 84 2   DEACTIVATED

AMO DSSU  -  26    DEVICE SWITCH OF SWITCHING UNIT

DEACTIVATE COMPLETED;

2.1 - сурет. Телефонды ажырату листингі

2.4.5 Абоненттің физикалық орналасуына байланысты абонент телефонын станция құрамына қосу командасын енгізу, ол үшін “АСТ- DSSU” командасы қолданылады. Хабар шығару листингі 2.2-суретте көрсетілген.

ACT-DSSU: AUL , PEN , 1 – 1 – 84 - 2;

H500:   AMO  DSSU   STARTED

H01: 1 1 84 - 2 ACTIVATED

AMO - DSSU - 26        DEVICE SWITCH OF SWITCHING UNIT

ACTIVATE COMPLETED;

2.2 - сурет. Телефонды станция құрамына қосу листингі

2.4.6  Абоненттің тізімдік нөмірі бойынша абонент телефонын ажырату командасын енгізу, ол үшін “DEL-SCSU” командасы қолданылады. Хабар шығару листингі 2.3-суретте көрсетілген.

DEL - SCSU: 102 , ALL ;

H500:  AMO SCSU  STARTED

H08: 102    STATION DATA DELETED.

AMO-SCSU -26        STATION CONFIGURATION OF SWITCHING UNIT

DELETE COMPLETED;

2.3-сурет. Телефонды ажырату листингі.

2.4.7  Аналогты абоненттер үшін  тізбектегі жаңа нөмірді  генерациялау командасын енгізу, ол үшін “ADD-SCSU” командасы қолданылады. Хабар шығару листингі 2.4-суретте көрсетілген.

ADD-SCSU:152 , , ANATE , 0 , 0 , 10 , 10 , 1 , 1 , , , 0 , N , 0 , , , , , , , , DTMF , , , , N , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , Y , , , N , ;

H500:  AMO SCSU  STARTED

H06: 152   THIS STATION IS CONFIGURED AT PEN 1-1-84-2.

H11: 152    CONTROL HAS BEEN PASSED TO CALL PROCESSING FOR STATION ACTIVATION.

AMO-SCSU -26        STATION CONFIGURATION OF SWITCHING UNIT

ADD COMPLETED;

2.4 - сурет. Аналогты абоненттерді генерациялау листингі.

2.4.8  Сандық абоненттер үшін тізбектегі жаңа нөмірді генерациялау командасын енгізу, ол үшін  “ADD-SCSU” командасы қолданылады. Хабар шығару листингі 2.5-суретте көрсетілген.

ADD-SCSU: 102 , , SET400 , 0 , 0 , 20 , 20 , 1 , 1 , , , 0 , N , , , 6 , , , , , , , , 1 , N , N , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , , Y , , , N , ;

H500:  AMO SCSU  STARTED

H06: 102    THIS STATION IS CONFIGURED AT PEN 1-1-84-2.

H11: 102    CONTROL HAS BEEN PASSED TO CALL PROCESSING FOR STATION ACTIVATION.

AMO-SCSU -26        STATION CONFIGURATION OF SWITCHING UNIT

ADD COMPLETED;

2.5-сурет. Сандық абоненттерді генерациялау листингі.

2.4.9  Жаңа абоненттің жеке мәліметін дисплейге шығару командасын енгізу.

2.4.10  Бастапқы мәліметтерді қайта келтіру командасын енгізу.

2.5  Тапсырма варианттары.

Вариант

Абоненттің нөмірі

1

102

150

2

101

166

3

203

266

4

205

250

2.6 Зертханалық жұмысқа есеп беру тәртібі.

Есеп беруде КМАТС Нісоm 300 жүйесіндегі қолданылатын командаларының тізімін жазыңыз. Жасалған командалар арасындағы айырмашылыққа қорытынды жасау.

2.7  Бақылау сұрақтары

2.7.1 Абоненттің тізімдік нөмірін алып тастау үшін, қандай командалар қолданылады?

2.7.2 Аналогты немесе сандық телефон аппараттарын станция құрамына  қосқанда нені ескеру қажет?

2.7.3 DEACT- DSSU командасын орындағанда қандай нәтиже алуға болады ?

№3 зертханалық жұмыс. Телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын құру.

3.1 Жұмыстың мақсаты КМАТС Нісоm 300 жүйесінің абоненттері үшін телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын құру

3.2  Зертханалық құрылғыларды әліптеу

Бұл зертханалық жұмыста абоненттік модульдері бар Телефон аппаратындағы шақыру сигнал бағытын өзгерту тобын құру Нісоm300 жүйесі,  «COMTES» бағдарламалық интерфейсі бар ПЭЕМ және ТА қолданылады.

3.3 Тапсырма

3.3.1 КМАТС Нісоm 300 жүйесінің телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын қарау.                           

3.3.2 КМАТС Нісоm 300 жүйесінің телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын қосу.

3.3.3 КМАТС Нісоm 300 жүйесінің телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын алып тастау.

3.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

3.4.1 Вариантқа байланысты телефондарды RJ-11 қосқышына қосыңыз.

3.4.2 Барлық телефондық аппараттар жұмыс күйінде болғанын тексеріп алыңыз.

3.4.3 ПЭЕМ-гі «COMTES» бағдарламалық интерфейсін қосу.

3.4.4 Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын дисплейге шығару командасын енгізу, ол үшін            “DIS-АUN” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі 3.1-суретте көрсетілген.

DIS-AUN: SYS;

H500:  AMO AUN   STARTED

H4: PU GROUPS NOT ASSIGNED IN SYSTEM

AMO-AUN  -184       CALL PICKUP GROUPS

DISPLAY COMPLETED;

3.1-сурет. Телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобының  листингі 

3.4.5 Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын қосу, ол үшін “ADD-AUN” командасын қолдану.  Хабар шығару листингі 3.2-суретте көрсетілген.

ADD-AUN: 2 , 103 & 102 & 152 ;

H500:  AMO AUN   STARTED

H3: PU GROUP 2 IS ASSIGNED WITH 3 USERS

AMO-AUN  -184       CALL PICKUP GROUPS

ADD COMPLETED;

3.2-сурет. Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын қосу

3.4.6 Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын дисплейге шығару командасын енгізу.

3.4.7 Қосылған топтан тізбек нөмірін алып тастау командасын енгізу, ол үшін “DEL-AUN” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі                   3.3-суретте көрсетілген.

DEL - AUN: STN , , 102 ;

H500:  AMO AUN   STARTED

AMO-AUN  -184       CALL PICKUP GROUPS

DELETE COMPLETED;

3.3 - сурет. Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобынан абоненттерді алып тастау листингі.

3.4.8 Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын дисплей бетіне шығару.

3.4.9.        Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын алып тастау, ол үшін “DEL-AUN” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі 3.4-суретте көрсетілген.

DEL-AUN:GR,2;

H500:  AMO AUN   STARTED

AMO-AUN  -184       CALL PICKUP GROUPS

DELETE COMPLETED;

3.4-сурет. Станциядағы телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын алып тастау листингі.

3.5 Тапсырма варианттары

Вариантар

Абоненттер нөмірі

1

102

150

100

153

2

101

166

103

105

3

203

266

206

202

4

205

250

200

253

3.6 Зертханалық жұмысқа есеп беру тәртібі

Есеп беруде КМАТС Нісоm 300-де қолданылатын командаларының тізімі жазылуы керек. Жасалған командалар арасындағы айырмашылыққа қорытынды жасау.

3.7  Бақылау сұрақтары

3.7.1 Телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобын қосқанда қандай команда қолданылады?

3.7.2  Телефондағы қызметтерді қалай қосуға болады ?

3.7.3  Телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобына қанша абонент қосыла алады ?

3.7.4. Телефон аппаратындағы шақыру сигналының бағытын өзгерту тобына қанша аналогты абоненттер қосыла алады ?

№4 зертханалық жұмыс. Телефон аппаратындағы шақыру сигналының ауыстыру тобын құру

4.1  Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың мақсаты станцияның абоненттері үшін телефон аппаратындағы шақыру сигналының ауыстыру тобын құру.

4.2 Зертханалық құрылғыларды әліптеу

Бұл зертханалық жұмыста УПАТС Нісоm 300, абоненттік модульдер, қондырылған «COMTES» бағдарламасы, ТА-тар қолданылады.

4.3  Тапсырма

4.3.1  УПАТС Нісоm 300 сигналындағы ауыстыру тобын қарау.

4.3.2  УПАТС Нісоm 300-ге сигналына ауыстыру тобын қосу.

4.3.3   УПАТС Нісоm 300-ге сигналынан ауыстыру тобын алып тастау.

4.4 Жұмыстың орындалу тәртібі

4.4.1 Вариантқа байланысты телефондарды RJ-11 қосқышына қосыңыз.

4.4.2 Барлық телефондық аппаратар жұмыс күйінде болғанын тексеріп алыңыз.

4.4.3 ПЭЕМ-гі «COMTES» бағдарламалық интерфейсін қосыңыз.

4.4.4 Станциядағы сигналды ауыстыру топтарын дисплей бетіне шығару, ол үшін “DIS-SA” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі 4.1-суретте көрсетілген.

DIS-SA;

H500:  AMO SA    STARTED

H01: NO HUNTING GROUPS HAVE BEEN ADDED FOR THE SPECIFIED PARAMETERS

AMO-SA   -146       HUNTING ARRANGEMENTS

DISPLAY COMPLETED;

4.1-сурет. Станциядағы сигнал ауыстыру тобының листингі

4.4.5 Станциядағы сигналды ауыстыру топтарын қосу үшін “ADD-SA” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі 4.2-суретте көрсетілген.

ADD-SA:VCE,102,,,103&152,CYC;

H500:  AMO SA    STARTED

F43: IF VARCQ = N IS SPECIFIED, PARAMETER CQMAX MUST ALSO BE DECLARED

CQMAX = 0

AMO-SA   -49        HUNTING ARRANGEMENTS

ADD COMPLETED;

4.2-сурет. Станциядағы сигнал ауыстыру тобының листингі

4.4.6 Қосылған топты дисплей бетіне шығару командасын енгізу.

4.4.7 Топтағы басты нөмірді өзгерту командасын енгізу, ол үшін “CHA-SA” командасын қолдану. Хабар шығару листингі 4.3-суретте көрсетілген.

CHA-SA:HT,152,,,102;

H500:  AMO SA    STARTED

AMO-SA   -213       HUNTING ARRANGEMENTS

CHANGE COMPLETED;

4.3-сурет. Топтың басты нөмірінің өзгеру листингі

4.4.8 Жасаған топқа басқа абонентті қосу, ол үшін “ADD-SA” командасын қолданыңыз. Хабар шығару листингі 4.4-суретте көрсетілген.

ADD-SA:STN,102,,,VCE,152;

H500:  AMO SA    STARTED

AMO-SA   -49        HUNTING ARRANGEMENTS

ADD COMPLETED;

4.4-сурет. Станциядағы сигнал ауыстыру тобына жаңа абонентті қосу листингі.

4.4.9 Сигнал ауыстыру тобын дисплей бетіне шығару командасын енгізу.

4.4.10 Жасалған топты алып тастау командасын енгізу, ол үшін              “DEL-SA” командасын енгізу. Хабар шығару листингі 4.5-суретте көрсетілген.

DEL-SA:CD,152;

H500:  AMO SA    STARTED

AMO-SA   -213       HUNTING ARRANGEMENTS

DELETE COMPLETED;

4.5-сурет. Станциядағы сигнал ауыстыру тобын алып тастау листингі

4.5 Тапсырма варианттары

Варианттар

Абоненттер нөмірі

1

102

150

100

153

2

101

166

103

105

3

203

266

206

202

4

205

250

200

253

4.6 Зертханалық жұмысқа есеп беру тәртібі

Есеп беруде КМАТС Нісоm 300-де қолданылатын командаларының тізімі жазылуы керек. Жасалған командалар арасындағы айырмашылыққа қорытынды жасау.

4.7 Бақылау сұрақтары

4.7.1 Сигналды ауыстыру топтарын қосу үшін қандай команда қолданады?

4.7.2 Телефондағы қызмет ету түрлерінің қосылуы қалай жүргізіледі?

4.7.3 Сигналды ауыстыру топтарында қанша абоненттер қатыса алады?

Әдебиеттер тізімі

1. Нісоm300 цифрлық КМАТС техникалық сипаттамасы “Siemens” фирмасының материалдары бойынша.

Мазмұны

Кіріспе...........................................................................................................3

№1 зертханалық жұмыс..............................................................................3

№2 зертханалық жұмыс..............................................................................6

№3 зертханалық жұмыс..............................................................................9

№4 зертханалық жұмыс..............................................................................11

Әдебиеттер тізімі………………………………………………………….14

2004 ж.қосымша жоспар бойынша реті 91      

Темирхан Касенович Бектыбаев

Самал Ахметжановна Калиева

ЦИФРЛЫҚ КОММУТАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (HICOM 300 1-ші бөлім)

(38040- Байланыс желісі және коммутация жүйесі, 380240 - Көпарналы телекоммуникация жүйесі мамандықтарының студенттері үшін)

Редакторы  Ж.А.Байбураева

Стандарттау жөніндегі маман Н.М. Голева

Басуға қол қойылды                                Формат 60х84 1/16

Тиражы  50 дана.                                     1 типография қағазы                    

Көлемі     оқу-басп.т.                                Тапсырыс__

Бағасы  30 теңге

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013  Алматы, Байтурсынов к., 126