Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс институты

 

Автоматы электрбайланыс кафедрасы 

 

 

Дестелерді жалғайтын сандық желі 

5B0719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ш.А. Мирзакулова, Балгабекова Л. О, Дестелерді жалғайтын сандық желі. 5B0719 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- Алматы: АЭжБИ, 2010. - 25 с. 

Әдістемелік нұсқауларда ІР-телефония технологиясының D-Link желі құрылғысының базасында зертханалық жұмыстарды өткізуге дайындау үшін материалдар келтірілген. Оларда IP PBX, шлюз және IP-телефонның жазба сипаты берілген. ІР-телефония операторы желісіне қосылудың, IP PBX желілік құрылғысы мен шлюздің кескінді пішіндеудің,  телекоммуникацияның негізгі және кеңейтілген қызметтерін ұсынумен байланысатын сеанстарды өткізудің әдістемесі, ұсынылатын әдебиет тізімі және бақылау сұрақтары  келтірілген.

 

КІРІСПЕ

«Дестелерді жалғайтын сандық желі» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған осы әдістемелік нұсқауға курстың екі негізгі тарауы бойынша материалдар кіреді және D-Link фирмасының дестелік желісі (Voice over IP) мен желі құрылғылары (жалғайтын) бойынша дауысты таратуды зерттеуге негізделген.   Дестелік телефония жүйелерінің жинағымен, ІР-желілері бойынша таратылатын дауысты дестелік түрлендірудің ерекшеліктерімен және ІР-телефония желісін құрудың нұсқаларымен таныстыру бойынша білім алуға студенттерге мүмкіндік береді. Дестелік телефония нақты жүйесінің тағайындалуына байланысты оның құрамына: ІР-телефондары, VoIP-шлюздері медиақосымшалар серверлері кіреді. Классикалық аналогтық және цифрлық телефон аппараттарына қарағанда, ІР-телефондарында дестелерді жалғайтын желіге қатынаудың көпфункионалдық торабы болады.

VoIP құрылғылары ІР дестесінің формасында дауыстық сигналдарды таратады. Олар қарапайым телефон желілерін ІР-желісіне қосады, ол Интернет бойынша дауысты таратуға мүмкіндік береді.

Дестелік телефония жүйелерінің үлкен болашағы бар, ол келешекте классикалық телефон жүйелерін ысырып тастай алады. Қазіргі мультсервистік желілерді құру тек телефон трафигі мен деректерді тарататын желі трафигін біріктіру мәселесін шешуден басталған. Дауыстық сигналды мультисервистік желіге оңтайлы біріктіру үшін телефон трафигі тізбектеп түрлендірудің бірқатар санатынан өту керек: кванттау, кодтау, дестелерге тығыздау және қаптау.

Дестелерді жалғайтын деректерді үлестіретін желісі бойынша дауыстық ағынын таратудың негізгі қасиеттері келесілер болып табылады:

- қызмет ұсынудың құнын елеулі төмендету - өйткені, бұл жағдайда қосымша арналарды және оларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру қажеттілігі түсіп қалады;

- біріктірілген қызметтер кешенін ұсыну үшін бірегей желіні құру мүмкіндігі;

- әкімшілік бірігуін қамтамасыз ету.

Соңғы бірнеше жылда ІР-телефония технологиясы айтарлықтай бірте-бірте дамыды және бүгінгі күнде таратылған шешімдер алдыңғыларынан айырмашылығы бар. Бір жағынан, бұл аппараттық шешімдердің дамуымен, жеке айтқанда, қуатты магистралдық және транзиттік маршрутизаторлар, әрі жоғарыжылдамдықты телекоммуникациялық арналардың пайда болуымен  шартталған. Екінші жағынан, осындай сапалы жаңа технологиялардың, олар мультисервистік ІР-желілерінде қызмет көрсетудің сапасын (QoS) және транзиттік маршрутизаторларға қызмет көрсету сапасын бақылауға арналған (RSVP) қорды резервтеу хаттамасының пайда болуымен шартталады.

 

1 Зертханалық жұмыс

 

Қарапайым ІР-желілерін құру

 

1.1 Жұмыстың мақсаты

 

Қарапайым ІР-желілерін құруға; ІР-телефонның енгізілген функцияларын терумен таныстыру; түрлі функционалдық батырмаларын пайдаланатын  ІР-телефонының пішініне дағдыландыру.

 

1.2 Алдын ала дайындау

 

ІР-адресінің құрылымын, қосалқы желі маскасының тағайынын, 2 деңгейлі коммутаторы желілің құрылғысынын тағайынын оқып білу.

 

1.3 Жұмыс тапсырмасы

 

1.3.1 Қарапайым ІР-желісін құру.

1.3.2 ІР-телефондарын баптау (DPH 140S).

1.3.3 ІР-телефондарына түрлі ІР-адрестерін және қосалқы желісінің маскасын енгізу.

1.3.4 Абоненттер арасында байланысты орнату, сонымен нөмірді терген кезде берілген ІР-адресін қолданыңыз.

1.3.5 Бос емес абоненттік байланысын іске асыру. Сонымен шақыру жоғалмайды және ІР-телефонының екінші желісінде сигналдық шам жанады.

 

1.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

 

1.4.1 DES 3526 коммутаторының кез келген портына DPH 140S ІР-телефондарын 1-ші суретке сәйкес қосылсын.

 

 

1 суретDES 3526 коммутаторына ІР-телефондарын қосудың сұлбасы  

 

1.4.2 Арнайы баусымдар арқылы екі ІР-телефондарының қоректенуін қосу.

1.4.3 ІР-телефондарын пайдалануды бастау үшін баптау алгоритміне сәйкес адрестік параметрлерін орнату керек (2-ші суретті қараңыз).

 

2 сурет - DPH-140S баптау алгоритмі 

 

Программалық және аппараттық IP-телефондары дестелерді жалғайтын желілерде соңғы құрылғылар-терминалдар қызметін орындайды. ІР-телефонын пайдалана отырып, дестелік телефония желісінің абоненттерімен тікелей телефондық қосылысты орнатуға болады.

1.4.4 DPH-140S  IP-телефонында «MENU» батырмасын басу керек.

1.4.5 «ADSL DIALUP» функциясын сөндіру үшін «DISABLE» параметрін таңдау керек.

1.4.6 Енгізілген DHCP функциясының ІР-адрестерін динамикалық тарату мүмкіндігін істен шығару үшін «DISABLE» параметрін таңдау керек.

1.4.7 «IP-адрес» қосымша бетінде ІР-телефондарына он нүктемен көрсетіп сәйкесті ІР-адрестерін беру керек. ІР-адресті жазған кезде дисплейдегі нүктелерді (байттарды бөлетін) көрсету үшін «0» цифрын үш рет басу керек.

1.4.8 «Subnet Mask» қосымша бетінде әр ІР-телефоны үшін қосалқы желінің стандарттық бірдей маскасын беру керек.

1.4.9 «Router IP» қосымша бетінде сол телефондардың ІР-адрестеріндей сол ауқымнан ІР-адресін көрсетіп, қосалқы желінің бірдей маскасын шығарып қою керек.

1.4.10 ІР-телефондардың екеуінің де дұрыс бапталуын тексеру керек.

1.4.11 Пішіндемелер бапталуын сақтау үшін «MENU» батырмасын басу керек.

1.4.12 Түтікті көтеріп, шақырылатын абоненттің ІР-адресін теру керек.

1.4.13 Бос емес абонентті теруді жүзеге асыру керек.

 

1.5 Алғашқы берілгендер

 

Алғашқы берілгендер 1-ші кестеде көрсетілген.

 

1 к е с т е  – Алғашқы берілгендер

Нұсқалар

1-телефонның IP-адресі

2-телефонның IP-адресі

Қосалқы желінің маскасы

1

192.168.8.2

192.168.8.3

255.255.255.0

2

192.168.14.2

192.168.14.3

255.255.255.0

3

192.168.17.2

192.168.17.3

255.255.255.0

4

192.168.18.2

192.168.18.3

255.255.255.0

 

1.6 Бақылау сұрақтар

 

1.6.1 IP-телефонның негізгі қызметі.

1.6.2 IP-адрес құрылымы.

1.6.3 Қосалқы желінің тағайыны.

1.6.4 DHCP тағайыны.

1.6.5 Вокодерлер тағайыны.

 

1.6.6 Дауыстық сигналды мультисервистік желіге біріктіру үшін қандай түрлендірулер қажет?

 

 

2 Зертханалық жұмыс

 

IP PBX DVX-7090 арқылы телефон шақыруларын (VoIP) іске асыру

 

2.1 Жұмыстың  мақсаты

 

IP PBX DVX-7090 серверін, ІР-телефонын баптауға және ІР-телефондарына IP PBX DVX-7090 адрестік кеңістігі нөмірлерін жазуға дағдыландыру.

 

2.2 Алдын ала дайындау

 

IP PBX DVX-7090 серверлік типті қазіргі PBX жабдығымен таныстыру.

 

2.3 Жұмыстық тапсырма

 

2.3.1 DVX-7090 серверлік типті PBX жабдығын пайдаланып, ІР-телефония желісін құру.

2.3.2 IP-телефондарын баптау (DPH 140S).

2.3.3 IP-телефонына абонент атын жазу.

2.3.4 ІР-телефондарына түрлі ІР-адрестері мен қосалқы желі маскасын енгізу.

2.3.5 ІР-телефондарына PBX DVX-7090 IP-адрестерін жазу  

2.3.6 ІР-телефондары серверімен анықтау үшін ІР-телефондарына логин және пароль енгізу.

 

2.4 Жұмысты орындау бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

2.4.1 DES 3526 коммутаторының әртүрлі портына DPH 140S IP-телефондарын және  DVX-7090 серверін 3-ші суретке сай қосу керек.

 

 

3 суретDVX-7090 серверін пайдаланатын желі

 

2.4.2 IP-телефондарын пайдалану үшін адрестік параметрлерін баптау алгоритміне сәйкес орнату керек (4-ші суретті қараңыз).

 

 

4 сурет DPH-140S  IP-телефонының баптау алгоритмі

 

2.4.3 DPH-140S  IP-телефонында  «MENU» батырмасын басу керек.

2.4.4 «Display name» қосымша бетіне атау беру керек (ол IP-телефонның дисплейінде соңынан көрінеді).

2.4.5 «ADSL DIALUP» функциясын сөндіру үшін «DISABLE» параметрін таңдау керек.

2.4.6 Енгізілген DHCP функциясының ІР адрестерін динамикалық тарату мүмкіндігін сөндіру үшін  «DISABLE» параметрін алу керек.

2.4.7 «IP-адрес» қосымша бетінде ІР-телефондарына он нүктемен көрсетіп сәйкесті ІР-адрестерін беру керек. ІР-адресті жазған кезде дисплейдегі нүктелерді (байттарды бөлетін) көрсету үшін «0» цифрын үш рет басу керек.

2.4.8 «Subnet Mask» қосымша бетінде әр ІР-телефоны үшін қосалқы желінің стандарттық бірдей маскасын беру керек.

2.4.9 «Reg Server» қосымша бетінде IP-адрес серверін береміз (DVX-7090).

2.4.10 «SIP UID» және  «SIP PASSWORD» қосымша бетінде DVX-7090-те телефонды тіркеуге қажетті логин және пароль беру керек.

2.4.11 ІР-телефондардың екеуінің де дұрыс бапталуын тексеру керек.

2.4.12 Пішіндемелер бапталуын сақтау үшін «MENU» батырмасын басу керек.

2.4.13 Желілік LAN  (RJ-45) кәбілін IP PBX портына, ал екінші жағын компьютерге қосу керек.

2.4.14 Компьютерге ІР-адресті:  192.168.224.XXX/24 жазу керек.

2.4.15 Браузерді іске қосып, іздеу жолағында 192.168.224.226 теру керек (5-ші суретті қараңыз).

 

 

 

5 сурет Браузер терезесі

 

2.4.16 Пайда болған формада Login: «admin»; Password: «qwerty» енгізілсін (6-шы суретті қараңыз).

 

 

6 сурет Логин мен парольді енгізу терезесі

 

2.4.17 «Configuration» қосымша бетіне келесі параметрлерді (7-ші суретті қараңыз): WAN портының DVX-7090 IP адресі мен қосалқы желінің маскасын: 192.168.8.5,  қосалқы желінің маскасын: 255.255.255.0 жазыңыз.

 

 

7 сурет Пішіндеме терезесі

 

2.4.18 «Users» қосымша бетіне ауысыңыз (8-ші суретті қараңыз)

 

 

8 сурет Пайдаланушы терезесі

 

Бұл терезеде тіркелген пайдаланушылар туралы ақпар көрсетіледі. Жаңа пайдаланушыны қосу үшін «New user» батырмасын басыңыз (9-шы суретті қараңыз).

 

 

9 сурет Пайдаланушы терезесі

 

2.4.19 Пайда болған қосымша бетте келесі параметрлер жазылады: пайдаланушының есімі, абонент телефонының нөмірі, телефонның ІР-адресі; ІР порттың нөмірі (үнсіз 5060).

2.4.20 «Registration» өрісінде абонентті анықтау үшін қолданылатын логин мен пароль беріледі;

- ақпаратты енгізгеннен кейін  «Apply» батырмасын басу керек;

- «Users» қосымша бетінде «Groups» батырмасын басып және абонент топ мүшесі екенін белгілеу (әр абонентке жеке беріледі) керек (10-шы суретті қараңыз.

 

 

10 суретТопта мүшелілікті болдырмау терезесі

 

2.4.21 «Configuration» қосымша бетіне ауысып, «Submit», содан кейін  «Reboot» батырмаларын басу керек (жүйе жаңа пішіндемесімен қайта жүктеледі).

2.4.22 Түтікті көтеріп, PBX DVX-7090 адрестік кеңістіктен екінші телефонның берілген нөмірін теру керек.

2.4.23 Түтікті көтеріп, шақырылатын абоненттің ІР-адресін теру керек.

2.4.24 Бос емес абонентті теруді жүзеге асыру керек.

 

2.5 Алғашқы берілгендер

 

Алғашқы берілгендер 1-ші кестеде көрсетілген.

 

2 к е с т е  – Алғашқы берілгендер

Нұсқалар

Бірінші телефон

Екінші телефон

Қосалқы желі маскасы

Атауы

Нөмірі

IP-адрес

Атауы

Нөмірі

IP-адрес

1

5911

5911

192.168.8.2

5912

5912

192.168.8.3

255.255.255.0

2

5913

5913

192.168.14.2

5914

5914

192.168.14.3

255.255.255.0

3

5915

5915

192.168.17.2

5916

5916

192.168.17.3

255.255.255.0

4

5917

5917

192.168.18.2

5918

5918

192.168.18.3

255.255.255.0

 

2.6 Бақылау сұрақтары

 

2.6.1 IP PBX DVX-7090 тағайыны?

2.6.2 IP PBX DVX-7090 қандай интерфейстері бар?

2.6.3 IP-телефонда қандай интерфейстер болады?

 

2.6.4 Дауысты дестелік түрлендірудің ерекшеліктері.

2.6.5 Жаңғырық-сигналдың пайда болуы неге байланысты?

2.6.6  Дестелік телефонияның артықшылығы.

 

 

3 Зертханалық жұмыс

 

SIPөмірін пайдалана отырып, DVG-5008S шлюзі арқылы VоIP қоңырауларын іске асыру.

 

3.1 Жұмыстың мақсаты

 

IP-телефоны, IP PBX DVX-7090 сервері және DVG-5008S шлюзі негізінде желіні құруға, әрі  IP-телефонын, IP PBX DVX-7090 серверін, DVG-5008S шлюзін баптауға дағдыландыру.

 

3.2 Алдын ала дайындау

 

FXS DVG-5008S шлюз бен FXO шлюзінің функционалдық қызметтерінің әртүрлілігін оқып білу.

 

3.3 Жұмыстық тапсырма

 

3.3.1 DVX-7090 серверлік типті PBX жабдығын, шлюз бен ІР-телефондарын пайдаланып ІР-телефония желісін құру.

3.3.2 DPH 140S  IP-телефондарын FXS DVG-5008S шлюзінің кез келген портына қосу.

3.3.3 FXS DVG-5008S шлюзін DVX-7090 серверінің бірінші портына қосу.

3.3.4 IP-телефондарын баптау (DPH 140S).

3.3.5 IP-телефонына абонент есімін жазу.

3.3.6 ІР-телефондарына түрлі ІР-адрестері мен қосалқы желі маскасын енгізу.

3.3.7 «Reg Server» қосымша бетіне (DVX‑7090) серверінің ІP-адресін жазу.

3.3.8  «SIP User Name» қосымша бетіне SIP серверінде тікелген есімді жазу.

3.3.9 Сервермен ІР-телефондарын анықтау үшін ІР-телефондарында логин мен пароль жазу керек.

3.3.10  DVX-7090 серверлік типті IP PBX баптау.

3.3.11 Желілік кәбілді (RJ-45) IP PBX портының  LAN-ға, ал екінші соңын компьютерге қосу.

3.3.12 Компьютерге мына адресті жазу: 192.168.224.XXX/24.

 

3.3.13 Браузерді іске қосып, іздеу жолында 192.168.224.226 теру.

3.3.14  «admin»; Password: «qwerty» Login енгізу.

3.3.15 «Configuration» қосымша бетіне келесі параметрлерді: DVX-7090 портінің WAN IP-адресін: 192.168.8.5; 255.255.255.0 қосалқы желі маскасын жазу.

 3.3.16  «Users» қосымша бетіне аналогты және цифрлық телефондарды жазу.

3.3.17  Шлюзді баптау.

 

3.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

 

ІР-телефония қызметі шлюз-құрылғысын, ол желілік көзқарастан, желінің біреуінен (мысалы, PSTN) әлемдік Интернет желісінің дестелеріне және керісінше түсетін басқарушы ақпарат пен деректерді түрлендіруді жүзеге асырады. Демек, осындай түрлендіру шығатын сөздік сигналды бұрмаламау керек, ал тарату режімі абоненттер арасындағы ақпараттың алмасуын нақты уақытта сақтап отыру керек.

«Нүкте-нүкте» түрдегі қосылыс кезінде шлюз орындайтын негізгі қызметтер келесіден тұрады: тұлғалық интерфейстің коммуникациялық желісімен жүзеге асырылуы; абоненттік сигналдау сигналдарын детектірлеу және генерациялау; абоненттік сигналдау сигналдарын деректер дестесіне және кері түрлендіру; сөздік сигналдарын деректтер дестесіне және кері түрлендіру; желі бойында сигналдау және сөздік дестелерге тарату, байланысты ажырату.

ТСР/ІР архитектурасының шеңберіндегі шлюз қызметінің көптеген бөлігі қолданбалы деңгей процесінде жүзеге асырылады. Екісымды абоненттік желіні пайдаланған кезде ең көкейтесті мәселе жаңғырық қарымталау болып табылады, оның ерекшелігі – сөздік және телефондық сигналдаудың екі класты сигналдарын қарымталайды. Телефон сигналдауын табу және детектірлеу  ең негізгі мәселе болып табылады. Оның күрделігі қызметтік сигналдар сөз сигналдарымен араласа алады. Сөз ағымы декодерге түсер алдында ол қалпына келу керек. Ол үшін нақты уақыт хаттамасы қолданылады. Осы хаттаманың басында, жеке айтқанда, дестенің уақыттық таңбасы мен нөмірі таратылады. Бұл параметрлер ағымдағы дестелер ретін ғана анықтамай, әр дестені детектрлеу уақытында анықтауға, яғни ағымды қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

 

3.4.1 Келтірілген 11 суретке сәйкес сұлбаны жинау керек.

 

 

11 сурет Серверді, шлюзді және ІР-телефондарын пайдаланатын желі

 

 

3.4.2 DPH 140S IP-телефондарын FXS DVG-5008S шлюзінің әр LAN порттарына қосу.

3.4.3 Аналогтық телефондарды FXS арналған әр портқа қосу.

3.4.4 FXS DVG-5008S шлюзін DVX-7090 серверінің бірінші портына қосу.

3.4.5 IP-телефондарын баптау (DPH 140S).

3.4.6 IP-телефонына абонент есімін жазу.

3.4.7 IP-телефондарына  қосалқы желінің әртүрлі ІР-адрестері мен маскасын енгізу.

3.4.8 «Reg Server» салмасына  (DVX‑7090) серверінің ІР-адресін жазу.

3.4.9 «SIP User Name» салмасына SIP серверінде тіркелетін есімін жазу.

3.4.10 ІР-телефоны серверін анықтау үшін ІР-телефондарына логин мен пароль жазу керек.

3.4.11 IP-телефондарының бапталғанын тексеріп және «MENU» батырмасын басу керек.

3.4.12 DVX-7090 серверлік типті IP PBX баптау.

3.4.13 Желілік кәбілді (RJ-45) IP PBX  LAN портына, ал екінші жағын компьютерге қосу.

3.4.14 Компьютерде IP-адресін: 192.168.224.XXX/24 жазу.

3.4.15 Браузерді іске қосып және іздеу жолында: 192.168.224.226 теру

3.4.16 Login: «admin»; Password: «qwerty» енгізу.

3.4.17 «Configuration» салмасында келесі параметрлерді: WAN DVX-7090 портының IP адресін: 192.168.8.5; қосалқы желінің маскасын: 255.255.255.0 жазу.

3.4.18 «Users» салмасына аналогтық және цифрлық телефондарын жазу.

3.4.19 Шлюзді баптау.

3.4.20 Network Settings салмасына параметрлерді (12 суреттегі) жазу.

 

 

12 сурет Шлюзді баптаудың терезесі

 

3.4.21 SIP салмасында аналогтық абоненттерді тіркейміз (13 сурет).

3.4.22 Аналогтық телефон түтікшесін көтеріп, басқа аналогтық телефон нөмірін теру.

3.4.23 Аналогтық телефон түтікшесін көтеріп, ІР-телефон нөмірін теру.

 

 

13 суретТіркеу терезесі

 

3.4.24 IP-телефон түтікшесін көтеріп, басқа ІР-телефон нөмірін теру.

 

3.5 Алғашқы берілгендер

 

3.5.1 Алғашқы берілгендер 3 кестеде келтірілген.

 

3 к е с т е  – Алғашқы берілгендер

Нұсқасы

Бірінші телефон

Екінші телефон

Аналогтық телефон

Атауы

нөмірі

IP-адрес

Атауы

нөмірі

IP-адрес

1 тел

2 тел

1

5911

5911

192.168.8.2

5912

5912

192.168.8.3

701

702

2

5913

5913

192.168.14.2

5914

5914

192.168.14.3

703

704

3

5915

5915

192.168.17.2

5916

5916

192.168.17.3

705

706

4

5917

5917

192.168.18.2

5918

5918

192.168.18.3

707

708

 

3.6 Бақылау сұрақтары:

 

3.6.1 Шлюз тағайыны

3.6.2 Шлюз жұмысының қағидасы

3.6.3 Тағайыны

3.6.4 FXS шлюзі

3.6.5 FXO шлюзі

3.6.6 VAD жұмысының қағидасы.

 

 

4 Зертханалық жұмыс

 

IP-телефониясының мини провайдерлік желісін құру

 

4.1  Жұмыстың мақсаты

 

IP-телефондар DPH-140S базасында, DES 3526 коммутаторы, DVX-7090 сервері және үш жақты конференц-байланысы мүмкіндігі бар бірнеше DVG-5008S шлюздері негізінде мини-провайдерлік ІР-телефония желісін құру.

 

4.2 Алдын ала дайындау

 

2-ші деңгейлі коммутатормен, дауыстық кодектермен: PCM (G.711 және G.726), әрі CELP (G.723.1, G.728 және G.729); VoIP қызметінің түрлерімен таныстыру.

 

4.3  Жұмыстық тапсырма

 

4.3.1 DVX-7090 серверлік типті PBX жабдығын, шлюздерді, ІР-телефондары мен 2-ші деңгейлі DES 3526 коммутаторын пайдалана отырып, IP-телефонияның мини провайдерлік желісін құру.

4.3.2 DPH 140S IP-телефондарын DVG-5008S шлюздерінің әр LAN порттарына бір-бірден қосу.

4.3.3 DVG-5008S шлюздерін 2-ші деңгейлі  DES 3526 коммутаторының кез келген портына қосу.

4.3.4 DVX-7090 серверін 2-ші деңгейлі  DES 3526 коммутаторының кез келген портына қосу.

4.3.5 IP-телефондарын (DPH 140S) үш санына баптау.

4.3.6 IP-телефонына абонент есімін жазу.

4.3.7 IP-телефондаына түрлі қосалқы желінің т.рлі ІР-адрестері мен маскаларын енгізу.

4.3.8 «Reg Server» салмасына (DVX‑7090) серверінің ІР-адресін жазу.

4.3.9 «SIP User Name» салмасына SIP серверінде тіркелетін есімді жазу керек.

4.3.10 Анықтау үшін ІР-телефонның серверімен ІР-телефондарына логин мен парольдерін жазу керек.

4.3.11 DVX-7090 серверлік типті PBX ІР баптау.

4.3.12 Желілік (RJ-45) кәбілін  IP PBX портының LAN-на, ал екінші жағын компьютерге қосу.

4.3.13 Компьютерге IP-адресті: 192.168.224.XXX/24 жазу.

4.3.14 Браузерді іске қосып, іздеу жолында:  192.168.224.226 теру

4.3.15 Login: «admin»; Password: «qwerty» енгізу.

 

 

4.3.16 «Configuration» салмасында келесі параметрлерді: DVX-7090 портының WAN IP-адресін: 192.168.8.5; қосалқы желінің маскасын: 255.255.255.0 жазу.

4.3.17 «Users» салмасына өтіп, IP-телефондарын жазу.

4.3.18 Жаңа пайдаланушыны қосу үшін «New user» батырмасын басу керек.

4.3.19 Пайдаланушының есімін, телефон нөмірін, телефондардың ІР-адрестерін, (5060) портының ІР нөмірін енгізу.

4.3.20 «Registration» өрісінде абоненттерді анықтау үшін пайдаланылатын логин мен пароль беріледі.

4.3.21 Ақпаратты енгізгеннен кейін «Apply» батырмасын басу.

4.3.22 «Users» салмасында «Groups» батырмасын басып, абоненттер топта мүше екенін белгілеу (әр абонентке жеке қойылады).

4.3.23 Ақпаратты енгізгеннен кейін «Configuration» салмасына өтіп, «Submit» батырмасын, содан кейін «Reboot» батырмасын басу керек.

4.3.24 Шлюздерді баптау.

4.3.25 Network Settings салмасына келесі параметрлерді: қосалқы желінің IP-адресін, маскасын (үш шлюзге де) жазу.

4.3.26 Абоненттер арасында байланысты жүзеге асырып, сонымен қатар, нөмірді терген кезде сервердің берілген нөмірін пайдалану керек.

4.3.27 ІР-телефондарындағы батырмалар арқылы конференц-байланысты ұйымдастыру керек.

 

4.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

 

4.4.1 Келтірілген 14 суретке сәйкес сұлбаны жинау.

 

 

14 сурет Жүйелі уақыт орнату

 

4.4.2 DPH 140S IP-телефондарын  FXS DVG-5008S шлюзінің кез келген LAN портына қосу.

4.4.3 FXS DVG-5008S шлюзін DVX-7090 серверінің бірінші портына қосу.

4.4.4 IP-телефондарын (DPH 140S) баптау.

4.4.5 DPH-140S IP-телефонында «MENU» батырмасын басу.

4.4.6 IP-телефонда абонент есімін жазу.

4.4.7 «ADSL DIALUP» функциясын істен шығару үшін «DISABLE» параметрін таңдау.

1.4.8 Енгізілген DHCP функциясының ІР адрестерін динамикалық тарату мүмкіндігін істен шығару үшін «DISABLE» параметрін таңдау.

4.4.9 IP-телефондарға әртүрлі ІР-адрестерін енгізу.

4.4.10 «Subnet Mask» салмасына әр ІР телефонға арналған қосалқы желінің стандарттық бірдей маскасын енгізу.

4.4.11 «Router IP» салмасында телефондардың ІР адрестері секілді ауқымдағы ІР адресін жіберіп және қосалқы желінің бірдей маскасын қойып шығу керек.

4.4.12 «Reg Server» салмасында (DVX‑7090) сервердің IP-адресін жазу.

4.4.13 «SIP User Name» салмасына SIP серверінде тіркелетін есімді жазу.

4.4.14 Анықтау үшін ІР-телефонның серверімен ІР-телефондарына логин мен парольдерін жазу керек.

4.4.15 IP-телефондардың бапталғанын тексеріп, «MENU» батырмасын басу.

4.4.16 DVX-7090 серверлік типті IP PBX баптау.

4.4.17 Желілік (RJ-45) кәбілін IP PBX портының  LAN-на, ал екінші жағын компьютерге қосу.

4.4.18 Компьютерде IP-адресті: 192.168.224.XXX/24 жазу.

4.4.19 Браузерді іске қосып,  іздеу жолында: 192.168.224.226 теру.

4.4.20 Login: «admin»; Password: «qwerty» енгізу.

4.4.21 «Configuration» салмасында келесі параметрлерді: DVX-7090 портының IP адрес WAN: 192.168.8.5; қосалқы желінің маскасын: 255.255.255.0 жазу.

4.4.22 «Users» салмасына өтіп, IP-телефонарын жазу.

4.4.23 Жаңа пайдаланушыны енгізу үшін «New user» батырмасын басу.

4.4.24 Пайдаланушылардың есімін, телеофн нөмірлерін, телефондардың ІР-адрестерін, ІР порттың нөмірін (5060) енгізу керек.

4.4.25 «Registration» өрісінде абоненттерді белгілеуге арналған логин мен парольді жазу.

4.4.26 Ақпаратты енгізген кейін «Apply» батырмасын басу керек.

4.4.27 «Users» салмасында «Groups» батырмасын басып, абоненттердің топтағы мүшелігін белгілеу (әр абонентке жеке қойылады).

4.4.28 Ақпаратты енгізгеннен кейін «Configuration» салмасына өтіп,  «Submit» батырмасын, содан кейін «Reboot» батырмасын басу керек.

 

4.4.29 Шлюздерді баптау.

4.4.30 Network Settings салмасында мына параметрлерді: IP-адрес, қосалқы желінің маскасын (үш шлюзге де) жазу.

4.4.31 Абоненттер арасында байланысты жүзеге асырып, сонымен қатар, нөмірді терген кезде сервердің берген нөмірін пайдалану керек.

4.3.32 ІР-телефондарындағы батырмалар арқылы конференц-байланысты ұйымдастыру керек.

 

4.5 Алғашқы берілгендер

 

4.5.1 Алғашқы берілгендер 4 кестеде келтірілген.

 

4 к е с т е Алғашқы берілгендер

Нұсқа

лары

Бірінші телефон

Екінші телефон

Үшінші телефон

Атауы

нөмірі

IP-адрес

Атауы

нөмі рі

IP-адрес

Атауы

нөмірі

IP-адрес

1

5911

5911

192.168.

8.2

5912

5912

192.168.

8.3

5913

5913

192.168.

8.4

2

5914

5914

192.168.

14.2

5915

5915

192.168.

14.3

5916

5916

192.168.

14.4

3

5917

5917

192.168.

17.2

5918

5918

192.168.

17.3

5919

5919

192.168.

17.4

4

5911

5911

192.168.

17.2

5913

5913

192.168.

17.3

5915

5915

192.168.

17.4

 

4.6 Бақылау сұрақтары

 

4.6.1 VoIP деген не?

4.6.2 PCM дауыстық кодектері деген не?

4.6.3 CELP дауыстық кодектері деген не?

4.6.4  2-ші деңгейлі коммутатор.

4.6.5 G.723.1

4.6.6 VoIP қызметінің түрлері.

Қысқартулар  

DHCP (Dynamic Host Configuration Protocol) – адрестерді динамикалық тағайындау хаттамасы

FXS (Foreign Exchange Station) – телефон стансасының абоненттік аналогтық интерфейсі

FXO (Foreign Exchange Office) – телефон стансасының стансалық аналогтық интерфейсі

IP (Internet Protocol) – желілік Интернет деңгейінің хаттамасы

LANтөңіректік-есептеу желісі

PCM – импульстік-кодалық модуляция

PBX мекемелік станса

RSVP – қорларды резервтеу хаттамасы

SIPсеансты атау хаттамасы

WAN төңіректік желілер

QoS – қызмет көрсету сапасы

VAD – сөзді белсендіру детекторы

VoIP (Voice over IP) – IP дауысы

Әдебиеттер тізімі 

1. Жданов А.Г., Рассказов Д.А., Смирнов Д.А., Шипилов М.М. Дестелерді жалғайтын желілер бойынша сөзді тарату (IP-телефония). - СПб.: СПбГУТ, 2001 – 148 б.

2. Росляков А.В., Самсонов М.Ю., Шибаева И.В. IP-телефония. - М.: Эко-Трендз, 2003 – 252 б.

3. Шелухин О.И., Лукьянцев Р.Ф. Сөзді цифрлық өңдеу және тарату. – М.: Радио и связь, 2000 – 454 б.

4. Гольдштейн Б.С., Пинчук А.В. Суховицкий А.Л. IP-телефония. – М.: Радио и связь, 2001. – 336 б.

5. Рабинер Л.Р., Шафер Р.В. Сөздік сигналдарды цифрлық өңдеу. – М.: Радио и связь, 1981. – 200 б.

6. Олифер В., Олифер Н. Компьютерлік желілер. Қағидалары, технологиясы, хаттамалары. - СПб.:Питер, 2006 – 958 б.

Мазмұны 

Кіріспе

3

1 Зертханалық жұмыс. IP-телефонияның қарапайым желілерін  

    құру

 

4

1.1 Жұмыстың мақсаты

4

1.2 Алдын ала дайындау

4

1.3 Жұмыстық тапсырма

4

1.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

4

1.5 Алғашқы берілгендер

6

1.6 Бақылау сұрақтары

6

2 Зертханалық жұмыс. IP PBX DVX-7090 арқылы телефон

    шақыруларын (VoIP) іске асыру

 

7

          2.1 Жұмыстың мақсаты

7

          2.2 Алдын ала дайындау

7

          2.3 Жұмыстық тапсырма

7

2.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

7

2.5 Алғашқы берілгендер

12

2.6  Бақылау сұрақтары  

12

3 Зертханалық жұмыс. SIPөмірін пайдалана отырып, DVG-5008S шлюзі арқылы VоIP қоңырауларын іске асыру

 

13

          3.1 Жұмыстың мақсаты

13

          3.2 Алдын ала дайындау

13

3.3 Жұмыстық тапсырма

13

3.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

14

3.5 Алғашқы берілгендер

16

3.6 Бақылау сұрақтары 

16

4 Зертханалық жұмыс. IP-телефониясының мини провайдерлік желісін     

    құру

 

17

4.1 Жұмыстың мақсаты 

17

4.2 Алдын ала дайындау

17

4.3 Жұмыстық тапсырма 

17

4.4 Жұмысты орындау жөнінде әдістемелік нұсқаулар

18

4.5 Алғашқы берілгендер

20

4.6 Бақылау сұрақтары

21

Қысқартулар   

22

Әдебиеттер тізімі                                                                                                   

23