Коммерциялық емес акционерлік қоғам

Алматы энергетика және байланыс университеті

Автоматы электр байланыс кафедрасы

 

 

 

Байланыс желілері және коммутация жүйелері 

5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2011  

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ш. А. Мирзакулова., К. М Ургенишбаев., Л. О Балгабекова. Байланыс желілері және коммутация жүйелері. (5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін) зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау - Алматы: АЭжБУ,  2011. - 27 б.

 

Әдістемелік нұсқау IP - PBX KX - TDA200 «PANASONIC» цифрлі гибридті жүйеге орнатылған PRI платасында зертханалық жұмыстарды орындауға және дайындық бойынша материалдардан тұрады.

Әдістемелік нұсқауда көпфункционалды цифрлік жүйелік телефон аппараттарының функционалды кнопкалары сипатталған және тәжірбиелі мәліметтерде абоненттік бағдарламалаумен іске асатын негізгі және кеңейтілген байланыс қызметін ұсына алатын шақыруларды өңдеу және өткізу әдістері, ұсынылған әдебиеттер тізімі және бақылау сұрақтары келтірілген.

Әдістемелік нұсқау 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.

Без.-23, кесте - 6, әдеб.көрсеткіші.- 3 атау.

Пікір беруші: техн.ғыл. канд., АЭБ каф. профессоры Туманбаева К.Х..

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011ж. баспа жоспары бойынша басылады. 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» ҚЕАҚ, 2011 ж.

2010ж. жиынтық жоспары., реті 147

 

 

Кіріспе 

Берілген «Байланыс желілері және коммутация жүйелері» пәні бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау ұйымдарда аналогты телефонияда қолданылатын принциптерден концептуалды айырмашылықтары бар, ISDN функциялы цифрлік КАТС электрбайланыс желiсіне қосылуын оқуға негізделген.

ISDN желісінің қарапайым аналогты телефон желісінен негізгі ерекше айырмашылығы болып, ISDN-станциялары аналогтық емес, цифрлық ағындардың коммутациясын қамтамасыз етеді; іс жүзінде қосылудың жылдам орнатылуы; әр байланыс түйініне ISDN - желінің максималды кідірісі (задержка) 30 мс аспайды. Аналогты сигналдың цифрлық сигналға түрленуі ISDN-терминалдары деңгейінде өтеді (яғни, соңғы пайдаланушының құрылғысында). Соған байланысты ISDN-станциясы біртекті цифрлық ағындарды, дәл сол уақытты арна бойынша таралуын білмей жатып, коммутациялуға мүмкінгдігі бар.

ISDN – бұл телефонияның дамуының перспективті бағыты. Оның айырмашылық сипаттамалары: ISDN қызмет көрсетуінің икемділігі, әмбебаптылығы және масштабталатындығы болып табылады. Үй абоненттерінен ISDN желісіне ауысуының басты себебі қосылудың жоғары сапалылығы және бір уақытта телефондық сұхбат пен модем арқылы Internet – провайдермен қосыла алатындығы болып табылады. Одан басқа, бір линияда әр түрлі абоненттік номерлердің болуы қосымша жеке телефондық линиялардың орнату проблемасын шешеді.

Қазіргі таңда көптеген мекемелер ішкі коммутацияның қосымша қызметтері мен әдістерін қолдану үшін ISDN функцисы бар мини-АТС орнатады. ISDN-нің қосымша қызметтері мекемелер маңында ғана шектелмейді, сонымен қатар кез келген ISDN абоненттері қолданады.

Мини-АТС әдетте жетіспейтін және бағасы жоғары болатын қалалық линиялардың қолданылуының тиімділігін арттырады. Сонымен қатар сыртқы абонентпен сөйлесу барысында керекті адаммен телефон бойынша  концультация алуға мүмкіндікте болады – ал бұл сөйлесуді сыртқы абонент естімейді. Сонымен қатар мекемелердің көп жақты конференция құруға да мүмкіндіктері бар.

Цифрлық линия (линии ISDN) байланысын немесе байланыс операторының ұсынылған Caller ID АТС қызметтерін қолдану барысында жүйелік аппараттарының дисплейнда шақырушы абоненттің номерінің бағытын қамтамасыз етеді. Одан басқа, бұл номер қоңырауға жауап берген абоненттің кіріс қоңыраулар журналында сақталады. Кіріс шақыруларының қабылдануының әр түрлі функцияларын қолдайды. Сыртқы линиядан келіп түсетін тура кіріс шақырылым автоматты түрде алдын ала программаланған адресатқа бағытталады. Әрбір сыртқы линияға әрбір уақыттық режим үшін адресат тағайындалады (күндізгі/түнгі/түскі/үзіліс). Кіріс қоңырауларды шақырушы абонент идентификаторы бойынша орналастыру. Кіріс линиясы

бойынша кіріс қоңырауы алдын ала программаланған адресатқа шақырушы абоненттің  идентификациялық номері (АНА) шақырушы абоненттердің   идентификация кестесі ретінде қолданылатын жүйелік тез терілімдер кестесіне енгізілген номерлермен сәйкес келген жағдайда ғана бағытталады.  Әрбір шақырушы абоненттің  идентификация кодына (жүйенің анықтамасынан терілуге арналған  телефондық номеріне) жеке адресат тағайындалуы мүмкін. Кіріс қоңырауларды абонент топтарынан (Ring Group)     қабылдау сол топқа кіретін  барлық абоненттерге бірдей  (немесе бөгеулікпен)  түседі. Бос абонентті іздеу тобы (Hunting Group) болады егер шақырылған ішкі абоненттің  ішкі линиясы бос болмаса, АТС кіріс қоңырауын сол іздеу тобындағы жүйелік программалау арқылы бос абонентке қарай қайта бағыттайды. Бос ішкі абоненттерді іздеу  алдын ала программаланған іздеу типіне сәйкесінше  автоматты түрде жүзеге асады:  

- циклдік (Circular Hunting) –бос ішкі абонентті іздеу айналым және  берілген іздеу тобы үшін анықталған рет бойнша жүргізіледі;

- бірретті (однократный) (Terminated Hunting) – бос ішкі абонентті іздеу берілген іздеу тобы үшін белгіленген соңғы ішкі абонентке жеткенге дейін   анықталған рет бойнша жүргізіледі.

Қоңырауды біртекті орналастыру тобы (UCD Group) –келіп түсуші қоңыраулар әр түрлі ішкі абоненттер арасында біртекті орналасады. Топта  ішкі абоненттерді іздеу алдын ала программаланған ретпен соңғы қоңырауды қабылдаған ішкі линиядан бастап айналым бойынша жүргізіледі.  Қоңырауды біртекті орналастыру тобы   (ACD Group) – келіп түсуші қоңыраулар әр түрлі ішкі абоненттер арасында біртекті орналасады. Келесі кіріс қоңырау бос емес абонентке қарай бағытталады.

ЖБТЖ –ға  бірінші жылдамдықта PRI интерфейсі (Primary Rate Interface) арқылы да қол жеткізуге болады. Сонымен қатар мысалы жоғары сапалы байланыс видеоконференцясы мақсаты үшін, жоғары жылдамдықты H0 немесе H12 жылдамдықта, алты немесе он екі негізгі цифрлық арналар (НЦА) инверстік мультиплексорлеу технологиясы көмегімен ISDN режимінде бір арна қалыптасу кезінде қол жеткізілу де мүмкін.

Мини-АТС  XDP и DXDP (Digital eXtra Device Port) функцияларын қолдайды. DXDP функциясы  XDP функциясының жалғасы болып табылады. Ол бір цифрлік портқа екі жүйелік телефондарды, ал гибридті портқа – сәйкесінше екі цифрлық және бір аналогтық телефонды  тәуелсіз қоса алады.

 

1 Зертханалық жұмыс. Нөмірленген жоспарға нұсқау және ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалау

 

Жұмыстың мақсаты: нөмірленген жоспарға нұсқау және ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалаудың дағдылануын алу.

 

1.1 Алдын ала дайындық

 

Бақылап білу: қазіргі замандағы КАТС – тың мүмкіндіктерін,  KX-TDA  Maintenance Console бағдарламалық өнімінің, нөмірленген жоспар түсінігін, жүйелік және бірлиниялық телефондық аппаратты, телефондық байланысың стандартты базалық функциясын.

 

1.2 Жұмыстың тапсырмасы

 

1.2.1 Нөмірленген жоспарды құру.

1.2.2 Ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалауды жүзеге асыру.

1.2.3 Екі желілік телефон аппараттары үшін (DPT) және екі біржелілік телефон аппараттары үшін (SLT) ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалауды жүзеге асыру.

1.2.4 Конфигурациялық баптауларды тексеру.

1.2.5 DPT-дан DPT-ғ а; с DPT-дан SLT-ғ а; SLT-дан SLT-ғ а жинақтамаларын жүзеге асыру.

 

1.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

1.3.1 Нөмірленген жоспарға нұсқау және ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалау үшін желілік кабельдер көмегімен IP-PBX-ға USB-порт арқылы дербес компьютерді қосу қажет.

1.3.2 ДК-дің жұмыс аймағынан KX-TDA-200 бағдарламалық өнімінің белгісін табу. Белгі бойынша бағдарламаны екі шертіп іске қосыңыз.

1.3.3 1.1- суретте көрсетілгендей етіп, құралдар тақтасынан «Connect» мәзірін таңдаңыз, ары қарай мәзірге «USB-ді» таңдаңыз.

1.1 суретМәзірді таңдау

  

1.3.4 Бағдарлама терезесінде конфигурациялауға тиісті опцияларға қол жеткізіледі.

1.3.5 System мәзірін қайтарып 2.6.2 командасын ашу, (1.2 суретті қара).

 

 

1.2 сурет - Нөмірленген жоспарға нұсқау

 

1.3.7 1.3 суретте көрсетілгендей етіп, System мәзірін қайтарып 2.6.1 командасын ашу. Станцияның әр қорының өзінің ішкі нөмірі болады. Бұл АТС-тің қандай да бір қызметтік функцияларының қол жеткізілімі, дауыстық хабары, ішкі абоненттің, ICD тобы болуы мүмкін. Станция түсінуі үшін одан телефондық аппараттан қандай- да бір санды терген кезде, станция алдын- ала әр санның мәнге ие екендігін жазуы тиіс екендігі міндеттеледі. Бұл терілген санға тиісті заң және міндеттелген әрекет АТС тарапынан нөмірленген жоспар деп аталады. Телефондық аппараттан физикалық тональдық жиынтық нөмерден 12 әр түрлі бірінші цифр теруге болады. (0-9, *, #). Бұлар бастапқы белгілер және АТС орындау керек әрекеттерді анықтау. Нөмірлік жоспарда бірінші цифр 1 ден 4 ке дейін АТС-тің ішкі нөмірлері  болуына қол жеткізілді. ХХ белгісі көрсетілген ресурс станциясы бірінші көрсетілген цифрды және оған тағы кез келген екі цифр көрсетеміз дегенді білдіреді.

 

 

1.3 сурет Ішкі нөмерлерді тағайындау

 

1.3.8 Баған түріндегі Loading Number екібелгілік көрсеткішті нөмірлік жоспар бойынша төртбелгілі болады, (1.4 суретті қара).

 

 

1.4 сурет Төртбелгілі нөмірге ауысу

 

1.3.9 Ішкі линияларды бағдарламалау үшін Configuration бағдарламасындағы мәзірді ашу керек.

1.3.10 1.12 командасын ашу және Extension number бағанына ішкі нөмерлерді цифрлық телефондық жүйеге (DPT) және біржелілі телефондарға (SLT) енгізу, (1.5 суретті қара).

 

1.5 суретDPT-ға телефон нөмерлерін тіркеу

 

1.3.11 Конфигурациялық баптаудан «Apply» батырмасын басып сақтаймыз, (1.6 суретті қара).

 

 

1.6 суретКонфигурациялық баптауын сақтау

 

1.3.12 Шақыру жиынтықтарын іске асыру:  ТА DPT дан ТА DPT ға; ТА SLT дан ТА SLT ға; ТА DPT дан ТА SLT ға.

 

1.4 Бақылау сұрақтары

 

1.4.1 Жүйелік және біржелілі телефондық аппараттың арасында қандай айырмашылықтары бар?

1.4.2 Нөмірлік жоспар туралы айтыңыз.

1.4.3 Конфигурациялық ішкі сызықтары IP-PBX та қалай іске асырылады?

1.4.4 DPT-ның функциональдық мүмкіндіктері жайлы айтыңыз.

1.4.5 Кеңселік АТСтың функциональдық мүмкіндіктері?

 

1.1 КестеБерілгендері

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

DPT: 103; 108

SLT: 119, 120

DPT: 102; 106

SLT: 122, 125

DPT: 104; 109

SLT: 126, 127

DPT: 111; 112

SLT: 128, 129

Аты «Лаура»

«Тимур»

«Алла»

«Борис»

  

2 Зертханалық жұмыс. Қалалық линиялардың порттарын бағдарламалау

 

Жұмыстың мақсаты: қалалық линиялардың порттарын бағдарлауды үйрену.

 

2.1 Алдын ала дайындық

 

Бақылап білу: LCOT16 IP-PBX платасының мүмкіндіктерін, СО (Central Office) линиясының функциясын, жалпыға бірдей телефондық желі мен УАТС арасындағы линияны ұйымдастыру.

 

2.2 Жұмыстың  тапсырмалары

 

2.2.1 IP-PBX (КАТС) – та  қалалық линиялардың порттарын бағдарламалау мүмкіндіктерін зерттеу.

2.2.2 Қалалық линиялар жалпыға бірдей телефондық желіде (ЖБТЖ) орналасқан   Hicom 300 H телефондық станциясынан коммутацияланғанын кросста  бақылау.

2.2.3 СО аналогты қалалық линияны бағдарламалауды IP-PBX –та  линия саны 4 болатындай жүзеге асыру.

2.2.4 Конфигурациялық баптауларды (настройки) тексеру.

2.2.5 IP-PBX –тан  Hicom 300 H қалалық телефондық станциялардың телефондық нөмірлеріне шығыс байланыстың терілімдерін жүзеге асыру.

2.2.6 Hicom 300 H қалалық телефондық станциялардың телефондық құрылғысынан (DPT и SLT) IP-PBX офистік телефон құрылғысына кіріс байланыстың терілімдерін жүзеге асыру.

 

2.3 Зертханалық жұмысқа нұсқаулар

 

2.3.1 IP-PBX (КАТС) – та  қалалық линиялардың порттарын бағдарламалау мүмкіндіктерін зерттеу. Қалалық станцияның ролін Hicom_2 телефондық станциясы атқарады.

2.3.2 Аспаптар тақтасында (панель инструментов) «Connect» мәзірін таңдаңыз, содан кейін түспелі (ниспадающем) мәзірден «USB» таңдаңыз.

2.3.3 Инсталляция үшін жүйелік парольді енгізіңіз: 1234 және жүйеге кіру үшін [OK] батырмасын басыңыз.  

2.3.4 Hicom_2 қалалық станциясынан келесі телефондық  нөмірлерді белгілейміз: 270, 271, 272, 273

2.3.5 Қалалық линиялар жалпыға бірдей телефондық желіде (ЖБТЖ) орналасқан   Hicom 300 H телефондық станциясынан коммутацияланғанын кросста  бақылау.

2.3.6 Configuration мәзірін барынша үлкейтіп (развернуть),  1.5 LCO Port бұйрығын ашыңыз және бағандарда  Hicom 300 H телефондық станциясынан аналогты қалалық линияның порттарын, 2.1 суретте көрсетілгендей, конфигурациялаңыз.

 

 

2.1 сурет Аналогты қалалық линияның  конфигурациясы

 

2.3.7 «dialing mode» бағанында әрбір СО үшін номердің терілім типін тағайындау, сонымен бірге терілім типін -   DTMF  көрсетіңіз.

2.3.8 «CPC detection» бағанында incoming үшін де, outgoing үшін де  256 ms мәнін көрсетіңіз бұл тоқтатқыш сигнал детекторымен жұмыс істеген кезде керек.

2.3.9 Қалған барлық параметрлерді өзгеріссіз қалдырыңыз.

2.3.10 Қоңырау терілімдерін іске асыру:жалпыға бірдей телефондық желіден(Hicom 300 H) кеңселік АТС – ке.  

2.3.11 Қоңырау терілімдерін іске асыру: кеңселік АТС – тен жалпыға бірдей телефондық желіге (Hicom 300 H).

2.3.12 Бос емес екі жақты абонентке қоңырау терілімін жүзеге асыру.

2.3.13«Pause Time» және «Flash Time» бағандарындағы жазуларды анализдеңіз. ЖБТЖ – дан қоңырау терілімдерін жүзеге асырыңыз және олардың неге арналғандығын анықтаңыз.  «Pause Time» және «Flash Time» бағандарында уақытты өзгертіңіз. Дұрыстығын тексеріңіз.

2.3.14 3.5.1 бұйрығын ашыңыз және Group Name  бағандарында, 2.2 суретте көрсетілгендей, топтың атын жазыңыз.

 

2.2 сурет  - Әрбір қалалық линияның топ атауы

2.3.15 Содан кейін, 3.5.2 бұйрығына өтеміз Groups -> Incoming Call Distribution Group -> Member мәзірінде топ мүшесін тағайындаймыз (2.3 суретті қара).

 

 

2.3 сурет   Топ мүшелерін тағайындау

 

Қалалық линия топтары кейбір абонентерге қалалық линияларға қол жеткізуді шектеу үшін арналған ( мысалы офиске 15 қалаллық линиялар келіп түседі, сонымен бірге барлық жарнамаларда бірнеше осы нөмірлер көрсетіледі. Қандай да болмасын жағдайда офис қызметкері қалаға қоңырау шалу әрекетімен бұл линиялардың шығыс қоңырау үшін  бір де біреуін бос емес күйіне түсірмейтіндей жасау қажет. Тек компания директорына бұл қатысты емес – оған егер басқа линиялардың барлығы бос болмаса, жарнама линиясымен де қоңырау шалуға рұқсат етілген).

Сонымен қатар, жиі болатын жағдай линияның жартысы – тура қалалық, ал қалған жартысысы – жоғары тұрған АТС арқылы өтеді, және  ол бойынша қалаға шығу үшін қосымша сан теру қажет.

Барлық қосылмаған линияларды (мысалы сіздің жүйеңізде 16 линиялық плата тұр, ал қалалық линиялар саны тек қана 4) бір топқа орналастыру жөн – ары қарай біз жай ғана біздің жүйенің барлық абоненттеріне тиым саламыз.

2.3.16 СО линиясы  арқылы шығытын қоңырау үшін келесі реттегі қалалық нөмірді теру қажет*37+номер СО (мысалы 001,002,003,004) қажетті телефондық құрылғының нөмірі.

 

2.4 Бақылау сұрақтары

 

2.4.1 Байланыстырушы линия мен СО линиясының арасында қандай айырмашылық бар?

2.4.2 СО линиясының сипаттамасы.

2.4.3 СО линиясының конфигурациясын қалай жүзеге асыруға болады?

2.4.4 LCOT16 платасында қанша  СО линиясы бар?

2.4.5 LCOT16 мүмкіндіктері.

 

2.1 кесте Бастапқы берілгендер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

Шығ.қоңырау:

200;266

Шығ.қоңырау:

207; 267

Шығ.қоңырау:

201; 269

Шығ.қоңырау:

203; 268

  

3 Зертханалық жұмыс. Абоненттің анықтамасын жасау

 

Жұмыстың мақсаты: абоненттің анықтамасын ұзын телефон нөмірлерін жылдам теру үшін жасауды үйрену. Абоненттің анықтамасын жасау дың үш түрлі нұсқасы болады – екі нұсқасы барлық телефондар үшін және біреуі дербес (персоналды) телефондық аппарат үшін.

 

3.1 Алдын ала дайындық

 

Танысу:  Quick Dialling, Speed dialling бағдарламалау  және дербес жылдам теру ережелері.

 

3.2 Жұмыстың тапсырмалары

 

3.2.1 Quick Dialling, Speed dialling  және дербес жылдам теруде абоненттің анықтамасын жасауды бағдарламалаудың мүмкіндіктерін зерттеу.

3.2.3 Speed Dialling бағдарламалауын жүзеге асыру.

3.2.4 Дербес жылдам теруде бағдарламалауды жүзеге асыру.

 

3.3 Зертханалық жұмысқа нұсқаулар

 

3.3.1 Аспаптар тақтасында (панель инструментов) «Connect» мәзірін таңдаңыз, содан кейін түспелі (ниспадающем) мәзірден «USB» таңдаңыз.

3.3.2 Инсталляция үшін жүйелік парольді енгізіңіз: 1234 және жүйеге кіру үшін [OK] батырмасын басыңыз.  

3.3.3 2.6.2. бұйрығын ашып,  Operator Call графасынан тез терілім үшін жіберетіндей  0 санын босатамыз ( 3.1 суретті қара).

 

 

3.1 сурет «0» санының босатылуы

3.3.3 2.6.4 System -> Numbering Plan -> Quick Dialling бұйрығын ашып, босатылған 0 санын тез терілімге тағайындаймыз (3.2 суретті қара).

 

 

3.2 сурет Quick Dialling терілуі (тез терілім)

 

Енді кез келген ішкі абоненттерде  0-ді терген кезде станция көрсетілген сандар комбинациясын тереді (біздің жағдайда – 9100 номері бойынша қалаға қоңырау шалу) (терілген нөмірдің ауысуы болады). Бұл сандардың комбинациясы әр түрлі болуы мүмкін – сыртқы линия тобына шығу коды, ішкі абонентке қоңырау шалу және т.с.с.

3.3.4 Сонымен қатар мына сандарды да босатуға болады: 1,2,3,4,5,6 ол үшін  2.6.1. бұйрығын ашып, нөмірдің басына бір санын қосу қажет(3.3 суретті қара).

 

 

3.3 сурет –1,2,3,4,5,6 сандарының босатылуы

 

3.3.5 Quick Dialling функциясынан басқа АТС – та нөмірді қысқартылған түрде теруге мүмкіндік беретін, тағы да бір функция бар (жоғарыда Quick Dialling функциясын қарастырдық). Бұл функция Speed dialling деп аталады. Ол жоғарыда сипатталған  Quick Dialling функциясына қарағанда әмбебаптығы төмендеу, бірақ сонда да өте пайдалы. Тез терілімнің  1000 ұяшығына ие. Әрбір ұяшықта қандай да бір нөмір жазылуы мүмкін (мысалы, қызметкердің ұялы телефоны, тұтынушының нөмірі және т.с.с) – бір сөзбен айтқанда – жиі хабарласатын кез келген нөмір.

3.3.6 Жылдам терудің (скоростной набор) жүйелік және жеке (персоналды) түрлері болады.  Speed dialling функциясының қолданылуын қарастырайық. Ол үшін  Feature мәзірін барынша үлкейтіп (развернуть), 1.1. бұйрығын ашамыз (3.4 суретті қара).

 

 

3.4 сурет Speed Dialling терілуі

 

Жоғарыдан түспейтін (ниспадающем) мәзірінен  20 ұяшық жадынан тұратын, біз жұмыс істейтін  блокты таңдаймыз. Әрбір ұяшыққа тез терілімнің аты мен нөмірін жазамыз. Нөмірленген жоспарына  сәйкес (2.6.2 бұйрығы) бұл тез терілім ұяшықтарына қол жеткізу  үнсіз (по умолчанию) - **(екі жұлдызша) және ұяшық нөмірі. Яғни, абонент өз аппаратында трубканы алып **001 тере алады, және АТС бұл ұяшықта алдын ала бағдарламаланған нөмірді  өзі тереді (мысалға – бұл қалалық нөмір ( бірінші саны 9 – бұл қалалық линияға шығатын код)).

3.3.7 Жоғарыда нөмердің жүйелік жылдам терілім функциясы сипатталған. Онда барлық ұяшықтар –барлық АТС пайдаланушылары үшін ортақ. Кейбір кезде әрбір пайдаланушыға жылдам терілім үшін өзінің дербес тізіміне ие болу қажеттігі туындайды. Бұл мақсаттар үшін дербес жылдам терілім функциясы бар. Ол үшін Extension мәзірін барынша үлкейтіп (развернуть), 1.3 бұйрығын ашу қажет. Жоғарыда түспелі (ниспадающем) мәзірінен дербес  Speed Dialling функциясы тағайындалатын ішкі абонентті таңдаймыз. Кестені жүйелік    Speed Dial үшін толтырғандай, 3.5 суретте көрсетілгендей  толтырамыз.

 

 

3.5 сурет Персоналды жылдам терілім

 

3.3.8 Нөмірленген планына  сәйкес бұл  функцияға  қол жеткізу  үнсіз (по умолчанию) - ***(үш жұлдызша) және дербес жылдам терілімнің  ұяшығының нөмірі.  Енді, кез келген абонент трубканы алып  ***  және ұяшық номерін тере алады – және АТС берілген ұяшықта жазылған  номерді  өзі тереді және берілген нақты пайдаланушыға мысалға – егер пайдаланушының ішкі нөмірі 1110 болып, ол ***00 терсе –онда 9105 номері бойынша қалалық қоңырау шалады. Бірдей нөмірі бар ұяшықта әр түрлі пайдаланушы үшін әр түрлі қоңырау шалу (дозвон) нөмірі жазылуы мүмкін болуына назар аударыңыз – жүйелік жылдам терілімге қарағанда. 

3.3.9 Қоңырау  терілімдерін іске асырыңыз.

 

3.4 Бақылау сұрақтары

 

3.4.1 Телефондық нөмірлердің жылдам терілімінің жасалуының қажеттілігі неде?

3.4.2 «Speed dialling» қандай функция?

3.4.3 «Quick dialling » қандай функция?

3.4.4 «Personal speed dialling» қандай функция?

 

3.1 кесте Бастапқы берілгендер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

Quick Dialling

Speed Dialling

Дербес жылдам терілім

87776893277,

87776866666

87776895555

87272760203

87272765924

87177155555

87012541694

871727602

871727659

  

4 Зертханалық жұмыс. PRI цифрлік  интерфейсі көмегімен екі офистік АТС-тің біріктірілуі

 

Жұмыстың мақсаты: PRI цифрлік  интерфейсі көмегімен цифрлік қосылу линиясын (ЦҚЛ) ұйымдастыруды үйрену.   

  

4.1 Алдын ала дайындық

 

Танысу: PRI  интерфейсі көмегімен цифрлік қосылу линиясының ұйымдастырылуы

 

4.2 Жұмыстың тапсырмалары

 

4.2.1 Екі АТС арасында цифрлік қосылу линиясын ұйымдастыру.

4.2.2 Сәйкесінше конфигурациялық баптауларды (настройки) орындау.

4.2.3 ЦҚЛ бойынша терілімдерді тура және кері бағытта орындау.

 

4.3 Зертханалық жұмысқа нұсқаулар

 

4.3.1 Аспаптар тақтасында (панель инструментов) «Connect» мәзірін таңдаңыз, содан кейін түспелі (ниспадающем) мәзірден «USB» таңдаңыз.

4.3.2 Инсталляция үшін жүйелік парольді енгізіңіз: 1234 және жүйеге кіру үшін [OK] батырмасын басыңыз.  

4.3.3 Configuration мәзірін барынша үлкейту (развернуть)  1.1 «Slot» бұйрығын ашу, бұйрықты 4.1 суретте көрсетілгендей  ашу.

 

4.1 суретPRI слотының конфигурациясы

 

4.3.4 1.7 бұйрығын ашу.  Port Type  бағанында  4.2 суретте көрсетілгендей екі АТС синхронизациялау үшін  Quick-Slave  мәндерін қойып шығу.

 

 

4.2 сурет Екі АТС - тің синхронизациясы

 

4.3.5 1.1 бұйрығына қайта оралып, «Card Command»  терезешесінде INS батырмасын 4.3 суретте көрсетілгендей басу қажет.

 

 

4.3 суретPRI ағынының  инициализациясы

 

4.3.7 ISDN «Outgoing Call Type» бағанында «Overlap» және «En-Bloc» мәндерін зерттеңіз.

 

4.4 Бақылау сұрақтары

 

4.4.1 PRI ағынының жасалуының қажеттілігі неде?

4.4.2 Синхронизация не үшін керек?

4.4.3 BRI және PRI ағындарының айырмашылығы неде?

4.4.4 СО алдында PRI ағыны қандай ұтыс береді?

4.4.5 PRI конфигурациясы.

 

4.1 кесте – синхронизация нұсқаларын зерттеуге арналған бастапқы мәліметтер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

4 нұсқа

CO

Extension

QSIG-slave

QSIG-master

  

5 Зертханалық жұмыс. Қызмет көрсету және тыйым салу кластары

 

Жұмыстың мақсаты: қызмет көрсету және тыйым салу кластары бойынша бағдарламалауды үйрену - ол кейбір абоненттерге қала аралық және қалаға шығу, сонымен қатар кейбір ішкі абоненттер топтарының қоңырау шалуға мүмкіндігін шектеу (мысалы, жүк тасушылар директорға тура шыға алмай – тек қана секретарь арқылы шығу үшін)   

 

5.1 Алдын ала дайындық

 

Бақылап білу: КАТС IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC» және Hicom 300 сервистік мүмкіндіктерін.

 

5.2 Жұмыстың тапсырмалары

 

5.2.1 Кіріс қоңыраулардың УАТС-та орнатылу мүмкіндіктерін зерттеу.

5.2.2 Абоненттер тобын құру. Қаладан әр түрлі кіріс қоңыраулардың орнатылуын зерттеу.

 

5.3 Зертханалық жұмысқа нұсқаулар

 

5.3.1 Аспаптар тақтасында (панель инструментов) «Connect» мәзірін таңдаңыз, содан кейін түспелі (ниспадающем)  мәзірден «USB» таңдаңыз.

5.3.2 Инсталляция үшін жүйелік парольді енгізіңіз: 1234 және жүйеге кіру үшін [OK] батырмасын басыңыз.  

5.3.3 System мәзірін барынша үлкейту(развернуть), 7.1 бұйрығын ашу,  COS name бағанында керекті аттарда белгілеу және  TRS Level деңгей беру (5.1 суретті қара).

 

 

5.1сурет – конфигурациялық баптауларды (настройки) тексеру

 

Әр түрлі қызмет көрсету кластарының негізгі құрамын өзгерту үшін, TRS Level бағанында әрбір класқа шектеу деңгейін белгілеу. Сонымен қатар бұл жерде біз кейбір кластарға бір қалалық линиядан екіншіге ауыстыруға рұқсат бере аламыз (мысалы, қызметші үйге кетіп бара жатып, барлық қоңырауларды өз ұялы телефонына аудара алады).

5.3.4 4.1.1 Extension -> Wired Extension -> Extension Setting бұйрығын ашып, әрбір телефондық құралға COS-ты  5.2 суретте көрсетілгендей орнату.

 

 

5.2 сурет әрбір телефондық құралға  COS белгіленуі

 

5.3.5 System мәзірін барынша үлкейту (развернуть), 7.2 бұйрығын ашып, 5.3 суретте көрсетілгендей, таңдалған телефон номеріне тыйым салуды орнату.

 

 

5.3 сурет – АТС ішінде қоңыраудың тиым салынуы

 

5.3.6 2.7.3 бұйрығын ашып, 5.4 суретте көрсетілгендей, қалаға қоңырауға тиым салуды орнату.

 

 

5.4 сурет  – Қалаға қоңырауға тыйым салу

 

5.3.7 Терілімдерді іске асыру.

 

5.4 Бақылау сұрақтары

 

5.4.1 COS функциясы не үшін керек?

5.4.2 External Call Block көмегімен қандай тиым салуларды орнатуға болады?

5.4.3 Internal Call Block көмегімен қандай тиым салуларды орнатуға болады?

  

5.1 кестебастапқы берілгендер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

АТС ішіндегі абоненттер арасында тиым салуды орнату

Қалаға шығуға тиым салу

Ішкі абонентке сегіздікке (восьмерка) шығуға тиым салу

111, 101

109,102

111

109

111, 101

109,102

  

6 Зертханалық жұмыс. DXDP және DISA функцияларын зерттеу

 

Жұмыстың мақсаты: DXDP функциясын әр түрлі нөмірлері бар екі жүйелік телефондық құралды бір абоненттік линияға қосуды бағдарламалауды, сонымен қатар  DISA функциясын (мини АТС сервисіне автоматты тура қол жеткізуді) үйрену. 

 

6.1 Алдын ала дайындық

 

Бақылап білу:  цифрлық гибридті  IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC» (цифрлі, аналогты и гибридті)  ішкі порттар сипаттары бар және  DXDP сервистік функциясы бар,  DHLC8 платасымен жұмыс істеумен танысу. Одан басқа,  OPB3 (3 тіркеуіші бар қосалқы базалық плата) платасымен танысу және   DISA (мини АТС сервисына тура қол жеткізу) функциясын қосу үшін арналған  MSG4 (хаттамаларды сақтайтын 4 арналы плата) платасы бар немесе жоқ екендігіне көз жеткізу.

 

6.2 Жұмыстың тапсырмалары

 

6.2.1 DXDP функциясының көмегімен артық шығынсыз  жүйенің сыйымдылығын арттыруды үйрену.

6.2.2 Кросс көмегімен әрбір гибридті порттан сәйкесінше цифрлік және аналогты терминалды қосу.    

6.2.3 MSG4 платасының бар болуын тексеру  

6.2.4 Конфигурациялық баптауларын (настройки) тексеру.        

6.2.5 Қалалық телефондық Hicom 300 H станциясының телефондық құралынан DXDP функциясы қосылған телефондық құралына кіріс байланысының терілімдерін іске асыру.

 

6.3 Зертханалық жұмысқа нұсқаулар

 

6.3.1 Аспаптар тақтасында (панель инструментов) «Connect» мәзірін таңдаңыз, содан кейін түспелі (ниспадающем)  мәзірден «USB» таңдаңыз.

6.3.2 Инсталляция үшін жүйелік парольді енгізіңіз: 1234 және жүйеге кіру үшін [OK] батырмасын басыңыз.  

6.3.3 АТС гибритті портқа екі әртүрлі цифрлік құралдар қосылғанын  түсіну және оларға тәуелсіз ішкі нөмірлерді тарата алуы  үшін 6.1 суретте көрсетілгендей, әрбір сондай DXDP портына нөмір тағайындалуы керек,   DXDP функциясын қосу керек, Extension бағанында нөмірлерді тізіп шығу керек.

6.3.4  Бір абоненттік линияда өздерінің жеке нөмірлері бар екі тәуелсіз жүйелік телефондық аппарат бар екендігіне көз жеткізіңіздер.  

6.3.5 Дауыстық хабарламалармен (голосовыми сообщениями) жұмыс істеуді үйрену. Дауыстық сәлемдесулермен жұмыс істеген кезде жүйе  KX-TDA0190 және KX-TDA0191 платаларымен комплетацияланғанына көз жеткізіңіздер. Соңғысы  KX-TDA0190 (дочерлік платаны орнатуға 3 ұяшық) бар) платасында орнатылатын дочерлік (дочерней) плата болып табылады. Жүйе жалпы ұзақтығы 8 минут болатын 64 дауыстық хабарламаларды беруге мүмкіншілігі бар. KX-TDA0191 платасының әрқайсысы 4 бір уақытта ойналатын жаңыртылған (воспроизводимых) хабарламаларды қолдайды. Егер 4 -хабарламаның ойнауы барысында 5-қоңырау келіп түссе – оған хабарлама жауап бермейді.      

 

6.1 сурет DXDP функциясының қосылуы

 

6.3.6 5.3.2 мәзір Optional Device -> DISA -> Message Setting ашып,  бірнеше абоненттерді топқа жинайық. Мысалы, нөмірлері 109,110,111 және локальді виртуальді  нөмірі 501 болатын “DISA” тобына тағайындаймыз (6.2 суретті қара).

 

 

6.2 сурет - DISA функциясының қосылуы

 

6.3.7 Хабарламаны жазу үшін жүйелік телефондық аппаратта келесі номерді теру қажет *361501, ал оны тексеру үшін *362501 теру керек.

6.3.8 Panasonic станциясының 220В қоректің жоғалуы кезінде екі аналогты телефондық аппараттың тура қалалық линияға қосылуы мүмкін.

6.3.9 Аналогты телефондық аппараттың тура қалалық линияға қосылуы үшін PFT1 SLC-16 платасында орналасқан ағытпасы мен LCOT PFT1 платасының ағытпасын телефондық баусым арқылы жалғастыру қажет.

  

6.4 Бақылау сұрақтары

 

6.4.1 DXDP функциясы не үшін қажет?

6.4.2 DISA функциясы не үшін керек?

6.4.3 Ғимаратта 220В  қоректің жоғалуы кезінде телефондық аппарат жұмыс істеу үшін не істеу қажет?

 

6.6 6.1 кестеде бастапқы берілгендер көрсетілген

 

6.1 кестеБастапқы берілгендер

1 нұсқа

2 нұсқа

3 нұсқа

DXDP

101

102

103

302

303

304


Қысқартулар тізімі 

 

АНА – автоматы номерді анықтау

АТС – автоматты телефондық станция

НЦА негізгі цифрлық арна

ПК – персоналды компьютер

ҚЛ – қосылу линиясы

ЖБТЖжалпыға бірдей телефондық желі

КАТС – кеңселік АТС

ЦҚЛ – цифрлық қосылу линиясы

ACD Group – қоңырауды бірқалыпты үлестіру тобы

BRI (Basic Rate Interface) – базалық жылдамдықтағы интерфейс

СО (Central Office) – ЖБТЖ бар байланыстың аналогты линиясы

DPT – жүйелік телефондық аппарат

DXDP (Digital eXtra Device Port) – артық жаратусыз жүйенің сыйымдылығын үлкейту функциясы

ICD – кіріс қоңырауларды үлестіру жүйесі

ISDN (Integrated Services Data Network) – қызмет интеграциясы бар цифрлық желі

SLT – бір линиялы телефондық аппарат

PRI (Primary Rate Interface) – біріншілік жылдамдықтағы интерфейс

UCD Group - қоңырауды бірқалыпты үлестіру тобы

XDP (eXtra Device Port) – артық жаратусыз жүйенің сыйымдылығын үлкейту функциясы

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Иванова Т.И. Корпоративные сети связи. – М.: Эко-трендз, 2001- 278 с.

2. Руководство по функциям цифровой гибридной IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC».

3. Руководство пользователя цифровой гибридной IP-PBX KX - TDA200 «PANASONIC». 


Мазмұны 

Кіріспе

4

1 Зертханалық жұмыс. Нөмірленген жоспарға нұсқау және ішкі байланыс сызықтарының порттарын бағдарламалау

 

6

1.1 Алдын ала дайындық

6

1.2 Жұмыстың тапсырмалары

6

1.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

6

1.4 Бақылау сұрақтары

9

2 Зертханалық жұмыс. Қалалық линиялардың порттарын

программалау

 

10

          2.1 Алдын ала дайындық

10

          2.2 Жұмыстың тапсырмалары

10

2.3. Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

10

2.4 Бақылау сұрақтары

12

3 Зертханалық жұмыс. Абоненттің анықтамасын жасау

13

          3.1 Алдын ала дайындық

13

3.2 Жұмыстың тапсырмалары

13

3.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

13

3.4 Бақылау сұрақтары

16

4 Зертханалық жұмыс. PRI цифрлік  интерфейсі көмегімен екі офистік

АТС-ң біріктірілуі     

 

16

4.1 Алдын ала дайындық

17

4.2 Жұмыстың тапсырмалары

17

4.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

17

4.4 Бақылау сұрақтары

18

5 Зертханалық жұмыс. Қызмет көрсету және тиым салу кластары

19

5.1 Алдын ала дайындық

19

5.2 Жұмыстың тапсырмалары

19

5.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

19

5.4 Бақылау сұрақтары

21

6 Зертханалық жұмыс. DXDP және DISA функцияларын зерттеу

22

6.1 Алдын ала дайындық

22

6.2 Жұмыстың тапсырмалары

22

6.3 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқаулар

22

6.4 Бақылау сұрақтары

24

Қысқартулар тізімі

25

Әдебиеттер тізімі

26