Коммерциялық емес акционерлік  қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

 

 

БАЙЛАНЫС ЖЕЛІЛЕРІ МЕН КОММУТАЦИЯ ЖҮЙЕЛЕРІ

5В071900 – Радиотехника, электроника и телекоммуникации мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған зертханалық жұмыс бойынша әдістемелік нұсқау

 

 

 Алматы 2012

Құрастырғандар: Якубова М.З, Абиров Ж.А, Терликбаева Г.Б, Жапанова А.Ш. Байланыс желілері мен коммутация жүйелері: 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған зертханалық жұмыс бойынша әдістемелік нұсқау. – Алматы: АУЭС,2012. – 28 б.

 Әдістемелік нұсқауда зертханалық жұмыс тапсырмаларына  түсініктеме, оларды орындауға қойылатын талаптар және тапсырма нұсқалары берілген.

Бұл зертханалық жұмыс негізінде студенттер оқып үйренген теориялық материалды тәжірибемен ұштастырып, өздігімен талдау жасап, телефон желісіндегі электр тізбектерінің шамаларын өлшеп үйренеді.

Без.17, кесте. 8, әдеб.көрсеткіші. 5 атау.

Пікір беруші: доцент Агатаева Б.Б.

  «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

  

Кiрiспе 

Зертханалық жұмыс  тыңдаушыларды электрондық телефон аппараттарының (ТА) негiзгi түрлерiмен таныстырады, ТА-ны жөндеу және пайдалану  дағдыларын құрастыруда есептер  шешедi, шетелде өндiрілген ТА отандық телефон желдерiне  бейiмделуi. Зерттеу бағдарламасы келесi бөлiмдерден тұрады:

-         Телефон аппаратының сұлбасын зерттеу.

-         Шақыру құрылғысын зерттеу.

-         Сөйлесу тізбегінің параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу.

-         Сөйлесу тізбегінің қабылдау күре жолы.

-         Импульсті және сөйлесу кiлттерiнiң параметрлерiн өлшеу.

-         МОП транзистордағы  импульсті кiлттi зерттеу.

-         Электрондық нөмiр тергiштiң жұмысын зерттеу.

Бастапқы дайындықты деңгейіне байланысты зертханалық жұмыс 14 сағат есептелiнген.

Зерттеулер жүргізу үшiн арнайы мамандандырылған зертханалық құрылғымен жабдықталған, оған:

-        АТС кернеулі имитатор;

-        электрондық ТА  сұлбасы бар коммутациялық өрiс;

-        ТА әр түрлі сұлбалары мен оның компоненттерін жинауға және зерттеуге арналған модулдер жинағы.

Зертханалық құрылғы тұтас көрiнiс 1-фотосуретте  көрсетiлген.

1 бет_00011

1        сурет - Зертханалық құрылғы

Сонымен бiрге тәжiрибелердi жүргізу барысында әмбебап өлшеу аспаптары қолданылады:

-         осцилограф;

-         сигналдар генераторы;

-         сандық мультиметр.         

Зертханалық құрылғы сипаттамасы

 1  АТС сигналдарының имитаторы

 АТС сигналы имитаторы 60В тұрақты кернеуiмен және айнымалы шақыру сигналымен зерттелетiн сұлбаларды қамтамасыз етедi. Қауiпсiздiк мақсатында шақыру сигналының кернеуi 60 В-ке дейiн төмендетілген.

Өлшегiш аспаптарын қосу ыңғайлы болу үшiн имитатор кернеуi симметриялық емес сызық бойымен (қорытынды Л1 - жерге қосу) беріледi.

Бұдан басқа, имитатордың құрамында нөмір теру индикаторы және буферлік ЖҚ (ЗУ) болады. Олар осцилограф экранындағы сигналдардың формаларын бақылауы үшiн терілген нөмірдің  бірінші санының үздіксіз сигналдарын қамтамасыз етеді. Және де  осы блокта (БП) тұрақты кернеудiң қосалқы реттелетiн көзі орналастырған.

Басқару органдары бар алдыңғы панель және АТС сигналды имитатордың құрылымдық сұлбасы сәйкесінше 2.а,б суреттерінде көрсетiлген

a)

b)

2  сурет - Басқару органдары бар алдыңғы панель

 

ТА-ны қоректендіру үшiн тұрақты кернеу GВ( +60)  көзiнен тұрақты токпен  Rатс  АТС элементтерінің кедергісі арқылы  желіге келіп түседі. Желідегі кернеу Uжел вольтметрмен V тексеріледi.

 "Шақыру" батырмасын басу кезiнде желіде бөлгiш конденсаторы  Ср арқылы айнымалы шақыру кернеуi (60В, 50Гц) түседi. Абонент жауабы кезінде шақыру кернеуі түседі.

Нөмiр теру индикаторы ТА-ның 5 терілген сандарын көрсететіп тұрады. Индикатордың тастауы «тоқтат» сигналы бойынша жүзеге асады.

Буферлiк есте сақтайтын құрылғы «тоқтатудан» кейін терілген бірінші санды есте сақтайды және желіні  1000 есе жылдамдықты  үздіксіз сигналдармен қамтамасыз етеді, ол берілген санның терілгеніне сәйкес келеді. Сигнал формасын бақылау кезінде (шығыс Ү)   буферлік ЖҚ-дағы (ЗУ)  осциллографтың сыртқы синхронизациясы (шығыс синхр)   қолданылады.

 2 Электрондық ТА бар коммутациялық (теру ) өрiс

 Теру өрiсi екi жарты бөліктен тұрады. Сол жақ жартысында АТС-ке қосыла алатын отандық өндiрiстегі электрондық аппараттың бiр үлгiдегi сұлбасы орналастырған (пунктирмен көрсетілген барлық ұстатқыштарды (перемычка) орнату кезінде).  Ұстатқыштардың бар болуы теру өрiсiнiң оң жақ бөлігіндегі жеке компоненттерден жиналатын кез келген ТА түйiнiн алмастыруға мүмкiндiк бередi.

 

3  сурет  - Электрондық ТА құрылымдық сұлбасы

Электрондық ТА құрылымдық сұлбасы келесі түйіндерден тұрады:

1-Шақыру құрылғысы(ВУ).

2-Диодтық көпір.

3 -Тұтқалы ауыстырып-қосқыш(РП).

4 -Нөмiр тергiштiң қоректену сұлбасы.

5 -Нөмiр тергiш (НН).

6-Импульсті кiлт (ИК ).

7-Нөмір тергіштің(НН) «тоқтат» сұлбалары.

8-Сөйлесу кiлтi (РК ).

9-Қосымша текстатура.

10-Сөйлесу сұлбасы(РС).

11-Телефон тұтқасы.

12-Пьезоэлектриялық түрлендiргiш.

 

ТА элементтерінің нөмiрлерi жуан шрифтпен ерекшеленген.

Зертханалық ТА-дағы тұтқалы ауыстырып-қосқыш (РП) тумблердің рөлі орындайды (тумблердiң жоғарғы жағдайы ТЛФ тұтқасының көтерілуіне сәйкес келеді).

Микрофондық және телефондық капсюльдерi орналасқан ТЛФ тұтқасы стандартты тiркеуiшті теру өрiсiне қосылады, сонымен бiрге телефон капсюлi 39, 40 қорытындыларына, ал микрофондық 41, 42 қорытындыларына қосылады. ТЛФ тұтқасына қосылу тіркеуіші теру өрісінің сол жақ қабырғасында орналастырған.

Нөмiр тергiшпен 5 нөмiрлерді теру үшiн сол жақ (дөңгелек)  тестатура қолданылады. Оң жақ тестатура 9 теру өрiсiнiң оң жақ бөлiгінде жиналатын нөмiр тергiштердiң сұлбаларын зерттеуi үшiн арналған. Тестатураның iшкi құрылғысы 4-суретте көрсетiлген. Мысалы "1" пернесін басу кезiнде ХО және YО қорытындылары тұйықтанады (замыкаются).

 

4 сурет - Тестатураның iшкi құрылғысы

 ТА-ны АТС сигналды имитаторға қосу теру өрiсiнiң сол жақ жоғарғы бөлiгiндегi Р 1 тiркеуiші арқылы арнайы кабельмен iске асады. Бұдан басқа, екінші стандарттағы  ТА желісіне (Л1, Л2)  қосылу қарастырылған. (Тiркеуiш АТС кернеулi имитатордың артқы қабырғасында).

 3 АТС-пен өзара әрекеттесетін ТА

 АТС имитаторына қосылған зерттелетін ТА-ның ықшамдалған сұлбасы 5-суретте көрсетілген.

Олар ТА-ның 3-суреттегі  сұлбасымен және теру өрісінде бейнеленген  сұлбамен өте ұқсас (3-суретте  тұрақты кернеу полярлығына қарамай-ақ  қосуға мүмкіндік беретін диодтық көпiр қосымша көрсетiлген).

 

5 сурет - АТС имитаторына қосылған зерттелетін ТА-ның ықшамдалған сұлбасы

 Шақыруды күту режимінде  (тұтқа ТЛФ аппараты үстiнде жатады) тұтқалы ауыстырып-қосқыш ажыратылған және Л1, Л2 желісіне шақыру құрылғысы (ВУ) ғана қосылған.  Шақыру сигналы түссе, АТС-тен қоңырау таратылады.  Іс жүзiнде ТА-ның қалған элементтерiнiң жұмысына шақыру құрылғысының (ВУ) ықпалы ескерілмейді және шақыру құрылғысы (ВУ) міндетті түрде конденсатор арқылы қосылады.

Егер абонент ТЛФ тұтқасын көтерсе, онда тұтқалы ауыстырып-қосқыш (РП) тұйықталады және сөйлесу сұлбасы (РС)  Л1, Л2 желісіне қосылады, егер қалыпты жағдайда импульсті кiлт (ИК) ажыратылған, ал сөйлесу кезінде қосылады.

Сөйлесу сұлбасы кедергісі қалыпты ток бойынша ТА-ның түріне байланысты  Rpc  160-600Ом-ды құрайды.

Нәтижесінде желіде Iл= Uл/(Rатс +Rрс) тогы ағады, ал кернеу  желіде мына шамаға дейін азаяды:

UTa = Uл (Rpc/(RaTc+Rpc)) = 5 -15 В  

АТС аппараты (нақты) желіде 1мА-ден асатын ток пайда болған кезде шақыру сигналын өшіреді (егер ол осы уақытта жіберілсе) және желіде ТА-мен тыңдалатын тональді сигнал беріледі.

Сөйлесу кілті нөмір теру кезінде теру уақытына байланысты тұйықталады, ал импульсті кілт желіні қысқа тұйықтайды және ол теру уақытындағы сандар санына тең.

Желідегі нөмір теру (5 саны) уақытындағы кернеу өзгерісі 6-суретте көрсетілген.

6 сурет - Желідегі «5» нөмірін теру уақытындағы кернеу өзгерісі

Импульсті кілтті ажырату кезінде амплитудасы 60В және ұзақтықтығы 60мс  бес импульс пайда болады.

Теру импульсін қабылдаған АТС коммутациялық құрылғысы керектi байланысты орнатады. Шақырылатын абонент тұтқаны көтергенде, ТА-ның сөйлесу сұлбасы екі абонентті желіде параллель байланыстырады және сөйлесу сигналдарының екi жақты өтуiн қамтамасыз етедi. АТС ішінде өтетін сигналдар мен  ТА желісіне байланысты сұрақтар бұл зертханалық практикумда қарастырылмайды.

 1 Зертханалық жұмыс №1. Телефон аппаратының зерттеу сұлбасы

 Жұмыстың мақсаты: телефон аппаратының зерттеуi және оның жеке түйiндерiн желіге қосу.

 1.1  Алдын-ала дайындық

 Телефон аппаратының құрылымымен танысу. «Кіріспе» бөлімінде  көрсетілген материалдарымен танысу.

 1.2 Жұмыс тапсырмасы

 1.2.1 1.1-суретте көрсетілген тізбекті жинау.

1.2.2 Жұмысқа қабiлеттiлiкке барлық түйiндерді тексеру.

1.2.3 Жасалған жұмыс туралы қорытынды жазу.

 1.3 Керекті құрал-жабдықтар

 Электрондық телефон аппараты, ұстатқыш.

 1.4 Жұмыс жасауға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

 1.4.1 Қысқа ұстатқыштар көмегiмен функционалдық сұлбаға сай телефон аппаратының сұлбасын жинау. Ол үшiн 7 суреттегідей етіп 2-3 нүктелеріне  шақыру құрылғысына қосамыз;  9-10, 11-12 импульсті кiлтті қосамыз; 13-14, 15-16 нөмiр тергiшті қосамыз; 17-18, 19-20, 21-22 сөйлесу сұлбасын қосамыз; 26-37, 27-38, 28-39, 29-40 телефонды және микрофонды қосамыз.

 

7 сурет - Телефон аппаратының сұлбасы

 

1.4.2 АТС-тың сигнал құрастыруын  қоректенуi көзіне қосу (қосылған жағдайға «желі» батырманы қосамыз, бұл жағдайда батырма жарқырауы керек).  

1.4.3 АТС имитатор блогінде «шақыру» батырмансын басу. Шақыру сигналының бар болуы шақыру құрылғысының (ВУ)  жұмысқа қабiлеттiлiгi туралы куәландырады.

1.4.4 Тұтқалы ауыстырып-қосқыш (РП) тумблердi жоғарғы жағдай ауыстыру (тұтқа алынған). Тұтқадағы АТС-тың гудогінің бар болуы (9-блок) сөйлесу сұлбасының жұмысқа қабiлеттiлiгi туралы куәландырады.

1.4.5  Пернетақтада кез-келген нөмiрдi теру.

1.4.6 Индикатордағы нөмiр терудің бар болуы нөмiр тергiш және кiлттердің К және РК)  жұмысқа қабiлеттiлiгін көрсетедi.

1.4.7 Осциллографтың кiрісін АТС-тың сигнал құрастыруы блогіндегі «Синхр» тетігіне қосыңыз.

1.4.8 Осциллографтың жазбасын   қайта синхрондаңыз және нөмiр теру  импульстерiнiң бар болуына көз жеткiзiңiз.

1.4.9 АТС-тың сигнал құрастыру блогiнiң қабiлеттiлiгiн оның желілі шығысына кез келген өнеркәсiп өндірісіндегі телефон аппаратын қосып тексеруге болады.

 

1.5 Бақылау сұрақтары

 1.5.1 Электрондық телефон аппаратының функционалдық түйiндерi негiзгi қандай?

1.5.2 Электромеханикалық және электрондық телефон аппаратының маңызды айырмашылығы неде?

1.5.3 АТС имитаторларлы зертханалық құрылғы не үшін керек? Ол қандай сигналдар береді?

1.5.4  Шақыру сигналының параметрлерi қандай?

  

2 Зертханалық жұмыс №2. Шақыру құрылғысының (ВУ) зерттеу

         Жұмыстың мақсаты: телефон аппаратының шақыру құрылғысының жұмысын зерттеу.

 2.1 Алдын ала дайындық

 Телефон аппаратының құрылғысымен танысу, атап айтқанда шақыру құрылғысының түйінімен танысу.

 2.2 Жұмыс тапсырмасы

 2.2.1 8 суреттегi тізбекті жинау.

2.2.2 керек электр параметрлерiн түсіру.

2.2.3 кедергi формула бойынша есептеу.

2.2.4 кестеге нәтижелердi енгiзу.

2.2.5 iстелген жұмыс туралы қорытынды жазу.

 

2.3 Керекті құрал-жабдықтар

 Электрондық телефон аппараты, ұстатқыш, мультиметр.

 

 2.4 Жұмыс жасауға арналған әдiстемелiк нұсқаулар

 2.4.1 8-суреттегі зерттеу сұлбасын жинау (бiр мультиметрдi, вольтметр және милиамперметрді қолдану кезінде олар кезекпен қосылады).

2.4.2 "Шақыру" батырмасын басып  шақыру сигналының бар екеніне көз жеткiзу.

 

8 сурет -  АТС - ке қосылған шақыру құрылғысы

 

2.4.3 АТС имитаторлы сигналды алдыңғы панельде орналасқан "Қосу" батырмасын басу арқылы қосамыз.

Имитатордың қосылғандығының белгiлерi: "Қосу" перне жылтылдайды және цифрлар индикаторының  ИН тақтасына көрсеткiш бес көлденең сызықжылтылдайды. Uлин  вольтметр 60 В кернеудi көрсетедi.

2.4.4 «Желі» имитаторының  шығысын «АТС» телефон  құрылғыссының екі арнайы телефондық екіөткізгішті сыммен соңдарында TJ типті арнайы ажыратқыш арқылы қосу керек. Шақырылатын жабдықты (ВУ) АТС имитаторына жалғау қажет.

2.4.5 Макетке сигналдың өткенін тексеру, ол үшін имитатордың алдыңғы панеліндегі «Шақыру» пернесін басу керек. «Шақыру» пернесін басқаннан кейін телефондық құрылғыдан қоңырау шығады, ал имитатор вольтметрінің тілшесі 20 В және 60В арасында ауытқиды.

2.4.6 Вольтметрді шақырылатын жабдыққа (ВУ) жалғау керек (1 торап).

Ол үшін вольтметр кабельінің бір соңын 1 макеттің ұяшығына жалғау қажет, ал екінші соңымен (жерленген!) иілгіш өткізгіштердің бір штипселіне жанасу қажет, 2 және 3 ұяшыққа қосқышты қосу керек.

Ескерту: Осы және бұдан кейінгі бақылауларда міндетті түрде «жерленген» кабельдер ұзын және түсі қара болуын есте сақтау керек. «Жерленген» кабельдердің соңдарын макеттегі «_» белгіленген ұяшықтарға жалғау керек.

2.4.7 Шақырылатын жабдықтың кедергісін, мына айнымалы ток тәртібі бойынша есептеңіз:

 

                                                                                                          (2.1)

 

мұндағы,  ;Uлин – вольтметр көрсеткіші «Uлин»;

Zл – АТС және жіберілетін желінің толық кедергісі, ол 1,5 кОм-ға тең.

Шыққан нәтижелерді 2.1. кестеге толықтырып, нормативпен салыстырыңыз.

 

2.1 кесте – ШЖ-тың негізгі парамертрлері

Өлшенетін шама

Болжанатын нәтиже, норматив

Шыққан (есептелген) нәтиже

1

Шақыру кернеу, Uо, В

90...180

 

2

Шақыру құрылғысының ток күші 10, мА

~8

 

3

Шақыру құрылғысының айнымалы ток бойынша кедергісі Zв, кОм

~4

 

  

2.5. Бақылау сұрақтары 

2.5.1 ШЖ қалай жұмыс жасайды?

2.5.2 ШЖ құрылымына қандай элементтер кіреді?

2.5.3 ШҚ қандай кернеу және токтың мәнінде жұмыс істейді?

2.5.4 Жабдықтың толық кедергісін вольтмерт арқылы қалай есептеуге болады (егер ондағы АТС-пен жіберлетін желінің кедергісі белгілі болса)?

 

3 Зертханалық жұмыс №3. Сөйлесу жүретін тізбектің параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу. Жіберілу трактісі

Жұмыстың мақсаты: сөйлесу жүретін тізбектің параметрлері мен сипаттамаларын зерттеу және өлшеу.

 

 3.1  Жұмысқа дайындық

 Телефондық жабдықтың құрылымымен танысу. «Кіріспедегі» материалды оқу. 9 суретте көрсетілгендей, негізінен сөйлесу сұлбасы  тек қана тізбектей қосылған микрофондық және телефондық капсюльден тұрады.

 

 

9 сурет - Микрофондық және телефондық капсюльдер

 Дегенмен, бұл кезеде «жергілікті эффект» бақыланады, микрофонның сигналы өзіндік телефондық жабдықта естіліп тұрады. Нақты ТА сөйлесу сұлбаларында жергілікті емес сұлбалар қолданылады. Мысалы, 9 - суреттегі РС сұлбасында І және ІІ  орамдағы микрофон токтары тең (егер Zк = Zл), егер қарама-қарсы бағытқа бағытталған болса, телефондағы сигнал өз микрофонынан басылады.

 

3.2 Жұмыс тапсырмасы 

3.2.1 3.2. суретте көрсетілген тізбекті жинау.

3.2.2 Керек электр параметрлерін алу.

3.2.3 Керек параметрлерді формула бойынша еспетеп алу.

3.2.4 Шыққан мәндерді кестеге енгізу.

3.2.5 Жасалған жұмысты қорытындылау.

 

3.3. Тәжірибеге керек құрылғылар 

Электронды телефондық жабдық, қосқыштар, мультиметр, аудиогенератор, 1 мкФ сыймдылықты конденсатор.

 

3.4. Жұмысты орындау реті 

3.4.1 Сөйлесу жүретін тізбекті 10 сурет бойынша жинау.

10 сурет - Сөйлесу жүретін тізбекті зеттеуге арналған сұлба

 

Еспе телефонды кабельь арқылы (TJ ажыратқышты) телефон трубкасын сол жақ шетіндегі ағытпаға жалғау қажет.

Телефон және микрофон сөйлесу тізбегінің шығысына (9 блок) қосылу үшін 26-37; 27-38; 28-39; 29-40 ұяшықтарына ажыратқыштар орнату керек (10 суретке қара).

Сөйлесу тізбегінің кірісін, жіберілетін желіге 17-18 және 19-22 ажыратқыш арқылы қосу қажет.

3.4.2 Сөйлесетін тізбекті АТС имитарторына қосу, ол үшін РП ауыстырып-қосқыш рычагін жоғары жаққа орнату керек.

Мультиметрді тұрақты кернеу өлшегін режиміне ауыстыру керек. Кернеу өлшеу шегін 30 В орнату.

Макеттегі 8 және 12 ұяшыққа мультиметрді қосу. Сөйлесу режимінде Uлр желі кернеуін өлшеу. Мультиметр және вольтметр көрсеткіштерін салыстырыңыз (имитаторда). Егер айырмашылық аз болса 3.1. кестеге енгізіп, нормативпен салыстырыңыз.

3.4.3 АТС имитаторына сөйлесу тізбегін өшіру, ол үшін ауыстырып-қосқыш рычагін төмен жаққа орнату керек.

Бос жүріс (Uло) режиміндегі линияның кернеуін мультиметр және вольтметр арқылы өлшеңіз. Шыққан өлшеулерді бір-бірімен және нормативпен салыстырыңыз. Мультиметр көрсеткішін 3.1. кестеге енгізіңіз.

3.4.4 Rтл сөйлесу режиміндегі телефон жабдығының кедергісін тұрақы ток арқылы есептеу: 

                                              ,                                       (3.1)                                                      

мұндағы -  АТС және жіберілетін желінің толық кедергісі, ол 1,5 кОм-ға тең.

3.4.5 Жіберілу тракт коэффициентінің өсуін және жергілікті әсерін өлшеу үшін, өлшеулерде болған өзгерістерді экспериментальді тізбекке 11 сурет бойынша енгізіңіз.

11 сурет - Экспериментальді тізбек

 

11 - сурет бойынша, сөйлесу тізбегінің (28 ұяшық) микрофондық кірісіне грамоникалық кернеу генераторын С1 конденсатор (1 мкФ) арқылы қосамыз.

28- кірістегі кернеуді өлшеуге мүмкіндік алу үшін, генератор қосамыз. Оған терме өрісін және иілгіш өткізгіштерді қосамыз, 12 суретте көрсетілген.  

 

12 сурет - Шығысындағы кернеуді өлшеу

 Бұдан басқа, сөйлесу тізбегіндегі 26 микрофон шығысындағы кернеуді ыңғайлы өлшеу үшін, 26-шы қосылуды 37-ге ауыстыр, ол 13 суретте келтірілген.

13 сурет -  Микрофон шығысындағы кернеуді өлшеу

3.4.6 13 - суретте көрсетілгендей вольтметрді орнату. Ол үшін генератордың кірісін шығыс кернеуін микрофондағы кіріс Uм-ді орнатыңыз. Ол 30 – 50 мВ, жиілігі 800 ГЦ тең.

3.4.7 Вольтметрді телефонның 26 шығысына ауыстырыңыз, ол үшін телефон капсюліндегі кернеуді Uтел 26 және 43 узелдар арасындағы кернеу сияқты өлшеу. Ол 13 - суретте көрсетілген.

3.4.8 Вольтметрді сөйлесу тізбегінің кірісіндегі 8 және 12 арасындағы ұяшыққа қосып, Uлин айнымалы кернеуді өлше.

3.4.9 Жіберу трактінің өсу коэффициентінің мәнін 3.1 кестеге есептеп, енгізіңіз.  

                                 ,дб                                                    (3.2.) 

және жергілікті әсерінің өшуін есептеңіз

                                  ,дБ.                                                     (3.3) 

Шыққан мәндерді 3.1 кестеге енгізіп, нормативпен салыстырыңыз. 

3.4.10 Жергілікті әсерінің өшуін Амэ(f) диапазонында 20 Гц ... 20 кГц жиілікті сипаттамасын жазып алыңыз. Ол үшін, 11 суретте көрсетілгендей вольтметр арқылы берілген Uм кернеу деңгейін бақылап, қадағалаңыз және оны тұрақты қылып, содан кейін Uтел кернеуінің мәндерін, кем дегенде берілген жиілік диапазонында  5-6 нүктесінде өлшеулер жасаңыз. Uтел және Uм=const кернеулерін салыстырыңыз және оларды децибел арқылы көрсетіңіз.

Есеп беру қағазында жиілікті сипаттамсын график арқылы көрсетіңіз.

3.4.11 Сөйлесу диапазонын 20 Гц ... 20 кГц жиілік арасындағы Кпер(f) жіберу трактінің өсу коэф. тәуелділігін жазыңыз. Uм микрофон кернеуінің мәнін вольтметр арқылы қадағалап және тұрақтандырып Uлин кернеуінің мәнін өлшеп алу керек.  8 және 12 ұяшықтар арасында кем дегенде  5-6 нүктесінде өлшеу (берілген жиілік диапазонында) 11 суретті қараңыз.

Uлин және U=const  кернеулерін салыстырып және нәтижелерді децибелдер арқылы алыңыз.

Кбер(f) жиілік сипаттамасындағы күшею коэффициентінің графиктерін есеп беру қағазына салыңыз.  

         3.1 кесте - Жіберілу трактісінің негізгі параметрлері

Өлшенетін шама

Болжанатын нәтиже, норматив

Шыққан (есептелген) нәтиже

1

Сөйлесу режиміндегі линияның тұрақты кернеуі Uл, В

3...15

 

2

Бос жүріс режиміндегі линияның тұрақты кернеуі Uло, В

56...64

 

3

Rта сөлесу режиміндегі тұрақты токтың ТА-ға кедергісі, Ом

150...600

 

4

Жіберілу трактісінің өсу коэффициенті Кбер, дБ

-3....+40

 

5

Жергілікті әсерінің өшуі, дБ

~15

 

  

3.5 Бақылау сұрақтары 

3.5.1  Сөйлесу тізбегі деген не (сұлба)?

3.5.2  Ол қандай функциялар атқарады?

3.5.3 «Жергілікті әсер» дегеніміз не? Оның әсерін қалай азайтуға болады?

3.5.4 Rта тұрақты ток бойынша қалай телефон жабдығының толық кедергісін қалай табамыз (егер вольтметр бар болса, ал Rл тұрақты ток бойынша жіберілу линиясының кедергісі белгілі болса)?

3.5.5 Жіберілу трактісінің өсу коэффициенті қалай өлшенеді, есептеледі?

3.5.6 «Жергілікті эффект» өшуі қалай өлшенеді, есептеледі? 

4 Зертханалық жұмыс №4. Сөйлесу тізбегінің қабылау трактісі 

Жұмыс мақсаты: сөйлесу тізбегінің алу трактісінің параметрлері мен сипаттамаларын зерттеу мен өлшеу. 

 

4.1  Жұмысқа дайындық 

Телефондық жабдықтың құрылымымен танысу. «Кіріспедегі» материалды оқу.   

 

4.2  Жұмыс тапсырмасы 

4.2.1 14 - суретте көрсетілген тізбекті жинау.

4.2.2  Керек электр параметрлерін орнату.

4.2.3  Керек параметрлерді формула бойынша есептеу.

4.2.4  Шыққан мәндерді кестеге енгізу.

4.2.5 Жасалған жұмысқа қорытынды беру.

 

4.3 Тәжірибеге керек құрылғылар 

Электронды телефондық жабдық, қосқыштар, мультиметр, аудиогенератор, 10 мкФ сыймдылықты конденсатор, 150 Ом кедергілі резистор.

 

4.4 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау 

4.4.1 Сөйлесу тізбегінің алу трактісінің коэффициентін өлшеу. РП (блок 1) ауыстырып-қосқыш рычагін жоғарыға көтеріңіз!

Экспериментке арналған тізбекті жинаңыз, 14 - суретте көрсетілген.

14 сурет - Сөйлесу тізбегінің алу күре жолы 

Тізбекті жинағанда 17-18 және 19-22 ұяшықтарда  қосқыштарды қалдырыңыз, 11 сурет бойынша тізбектің телефондық капсюльімен қосылуын сақтаңыз.

G гармоникалық тербелістер генераторын  R1C1 тізбектей жалғанған тізбек арқылы сөйлесу тізбегіне қосу керек, ол 14 суретте көрсетілген. Ол үшін 31 ұяшықты R1 резисторы (кедергісі 150 Ом) бар теру өрісіне жалғау керек. Содан кейін жанындағы 10 мкФ сыймдылықты C1 конденсаторға қондыру қажет.

Теру өріс мен 36 «жерленген» ұяшықтың арасында G генератордың соңын жалғау керек.

Вольтметрді 8 және 12 ұяшық арасында қосыңыз. Вольтметр арқылы сөйлесу тізбегінің кірісіндегі кернеуді 50 мВ және 800 Гц жиілікте орнатыңыз.  Содан кейні Uг генератордың кернеуін зерттеу керек, ол Uл сияқты орнатылған. 16 және 30 ұяшықтар арасындағы телефондық шығысты ауыстырып, Uтел-дің шығыс кернеуін зерттеңіз.

4.2.2 Кқаб алу трактісінің жіберу коэффициентін есептеу және Zта телефон жабдығының толық кедергісін, сөйлесу режиміндегі айнымалы ток  бойынша есептеу: 

                             Кпр = 20lg (Uтел /Uл) ,дБ;                                                     (4.1) 

                            Zтa=Uл /Iвx =R1 Uл /( Uг-Uл ), Ом.                                               (4.2) 

Шыққан мәндерді 4.1. кестеге енгізіп, нормативпен салыстырыңыз.

4.4.3 Кпр(f) алу трактісінің амплитудалы-жиілікті сипаттамасын 20 Гц ... 20 кГц диапазон арасында алу. Берілген диапазонда жиілікті ауыстыра отырып, Uг генераторының кернеуін бақылап және түзу арқылы, Uтел кернеуінің шығыс мәнін өлшеу. Шыққан мәндерді Кпр мәнге ауыстыру, оны 4.4.2 пунктдегі формула арқылы жасауға болады.

4.4.4 Кпр(f)-тің амплитудалық-жиіліктік сипаттамасын салу.

4.4.5 14 суреттегі сұлбаны талдау.

 

4.1 кесте – Негізгі параметрлері

Өлшенетін шама

Болжанатын нәтиже, норматив

Шыққан (есептелген) нәтиже

1

 

Жіберілу трактісінің өсу коэффициенті Кбер, дБ

-3....+40

 

 

2

Zта сөйлесу режиміндегі айнымалы токтың ТА толық кедергісі, Ом

450...800

 

4.5 Бақылау сұрақтары 

4.5.1  Сөйлесу тізбегіне қандай элементтер кіреді?

4.5.2 Сөйлесу тізбегінің күшейту трактісінiң қабылдау коэффициентi қалай өлшенеді және есептеледi?

 

 5 Зертханалық жұмыс №5. Импульстік және сөйлесу кілтінің параметрлерін өлшеу 

Жұмыстың мақсаты: импульстік және сөйлесу кілтінің параметрлерін өлшеу және зерттеу. 

5.1 Алдын-ала дайындық 

Телефон аппаратының құрылымымен танысу. «Кіріспе» бөліміндегі мәліметтерді оқып шығу.

Электрондық ТА коммутацияясының элементтерi - импульстік және сөйлесу кілті келесi функцияларды орындайды:

- импульсті кiлт (ИК) нөмірді теру кезінде тондық және тонсыз хаттаманы қалыптастырады  (тұйықталу және сызықтың айыруы жолымен), ол АТС коммутациялық құрылымдарының жұмыстарын басқарады;

- сөйлесу кiлтi (СК) сызықтан ТА сөйлесу бөлiгiн нөмір теру уақытында бөлiп тастайды.

 

5.2 Жұмысқа тапсырма

5.2.1 15 және 16 - суретінде көрсетілген тізбекті жинау.

5.2.2 Қажетті электр параметрлерін алу.

5.2.3 Формула бойынша қажетті параметрлерді есептеу.

5.2.4 Нәтижені кестеге енгізу.

5.2.5 Жасалынған жұмысқа талдау жасау. 

 

5.3 Қажетті құрал-жабдықтар

Электрондық телефон аппараты, қосқыш, мультиметр.

         5.4 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

5.4.1 Нөлге тең АТС имитатордың блогiндегi тұрақты кернеу көзінің деңгейін орнату. Ол үшiн тiреуге дейiн имитатордың алдыңғы панелiндегі "Рег.U" тұтқаны солға бұру. Керекті кернеу мәні алынған жағдайда, "0-12 В" вольтметр бойынша бақылау.

Ауыстырып қосқыштың Рп (блок 1)  тұтқасы жоғарғы жағдайда екендігіне  көз жеткiзу.

   Тұрақты кернеуді өлшеу үшін ауыстырып қосқыш мультиметрінің тұтқасын "100V=" жағдайға келтіру. "U=R"және "0" ұялардың арасындағы мультиметрдiң кабелін қосу.

5.4.2 15 суретте көрсетілген (блок 7) сұлба бойынша импульстік кілт тізбегін жинау.

 15 сурет Импульстік кілт тізбегі

Тізбекті жинау барысында 9-10 және 11-12 қосқышын қою. Қоректену блогiнiң панелiндегi 30- макеттiң жерге қосу ұясын "-"  ұзын өткiзгiшпен қосу. Басқа ұзын өткiзгiшпен 14- импульсті кiлттiң бағдарлаушы кiруiмен "+" ұясын байланыстыру.

5.4.3 17 және 22 макеттерінің арасындағы мультиметр ұясын қосып, Uло тұрақты кернеуін өлшеу.

5.4.4 " Рег. U" тұтқасымен қоректену блогiнiң панелiнде Ег кернеуінің мәнін 2 В орнату. Орнатылған вольтметр арқылы "0 - 15 В" аралығында бақылау.

5.4.5 Мультиметр арқылы Е басқарушы кернеуіне сәйкес келетін Uл кернеуiн өлшеу. Нәтиженi 5.1 кестеге енгiзу.

5.4.6 Формула бойынша тұйықталған импульсті кiлтiнiң кедергiсiн Rиз есептеу

, Ом                               (5.1)

5.1- кестеге есептелген мәндi енгiзу және нормативпен салыстыру.

5.4.7 Импульсті кiлттiң тізбегін жинау. Қайтадан мультиметр шкаласына "V=R"  Е =0 кернеуін 100 В диапазонында орнату.

5.4.8 16-суретте көрсетілген (блок 8) сұлба бойынша cөйлесу кілті ИК тізбегін жинау.

16 суретСөйлесу кілті ИК тізбегі

         Тізбекті жинау барысында 17-20 және 21-22 қосқыштарын орнату. 9 және 12 ұясына мультиметрді ауыстырып қосу.

         Қоректену блогындағы  "-" ұясының ұзын өткізгішін 30 «жерлеу» ұясына қосу. Басқа ұзын өткізгішті "+" ұясымен 16 сөйлесу кілтінің басқарушы кілтінің арасына орнату.

5.4.9 Uло кернеуін мультиметр арқылы қайтадан өлшеу.

5.5.10 " Рег. U" тұтқасымен қоректену блогiнiң панелiнде Ег кернеуінің мәнін 3 В орнату. Орнатылған вольтметр арқылы "0 - 15 В" аралығында бақылау.

5.4.11 Мультиметр арқылы Е орнатылған кернеуіне сәйкес келетін Uл кернеуiн өлшеу. Нәтиженi 5.1 кестеге енгiзу.

5.4.12 5.4.6-шы тараудағы формула бойынша тұйықталған сөйлесу кiлтiнiң кедергiсiн Rрз есептеу.

5.1- кестеде есептелген мәндi енгiзу және нормативпен салыстыру.

5.4.13 16 суретте келтірілген сұлба бойынша тізбекті  ажырату.

 

5.1 кесте Негізгі параметрлері

№ пп

Өлшелетiн шама

Норматив, күтiлетiн мәндер

Өлшенген (есептелген) мән

1

Импульстік кілттің тұйықталу кезіндегі тұрақты кернеу UЛ ост, В

1,75

 

2

Тұйықталған импульстік кілттің тұрақты тогындағы кедергі Rиз, Ом

50

 

3

 Тұйықталған сөйлесу кілттің тұрақты тогындағы кедергі Rоз, Ом

 

50

 

5.5 Бақылау сұрақтары

5.5.1 Сөйлесу кілті не үшін қажет?

5.5.2 Импульстік кілт не үшін қажет?

5.5.3 Телефон аппаратының құрылымында тұйықталу және ажырау кезінде қандай өзгерістер болады?

 

6 Зертханалық жұмыс №6. МОП транзисторындағы импульстік кілт 

Жұмыстың мақсаты: МОП транзисторындағы импульстік кілтті зерттеу. 

6.1 Алдын-ала дайындық 

Телефон аппаратының құрылымымен танысу. «Кіріспе» бөліміндегі мәліметтермен танысу.

Электронды ТА−да екі кілт де не арнайы полярлы транзисторда (КП1014КТ1 типті), не болмаса құрамды биполярлы транзисторда орындалады, оларға қатал талаптар қойылады:

- тұрақты кернеу коммутацияясы 70 В−ға дыбыс 100 мА дейін;

- кернеуді 220 В және ұзақтығы 100 мА дейін ұстап тұру қабілеті; (шақыру сигналында телефон трубкасын көтерген кезде); ашық кілттің кедергісі 50 Ом-нан аспау керек (150 Ом 0 және 1ші класты аппараттар үшін);

 - жабық кілтінің кедергісі 300 кОм-нан кем емес.

Шетелде өндірілетін ТА-да бұл шарттар орындалмайтындығын айта кеткен жөн. Соның салдарынан нөмір теру кезінде үзіліп кетуі мүмкін, тіпті ТА қатардан шығып кетуіне әкеледі.

 КРI014КТ1 МОП транзисторындағы импульстік кілтін зерттеу.  

 

6.2 Жұмыс тапсырмасы  

6.2.1 17- суретінде көрсетілген тізбекті жинау.

6.2.2 Қажетті электр параметрлерін алу.

6.2.3  Формула бойынша қажетті параметрлерді есептеу

6.2.4  Нәтижені кестеге енгізу.

6.2.5  Жасалынған жұмысқа талдау жасау. 

 

6.3 Қажетті құрал-жабдықтар 

Электрондық телефон аппараты, қосқыш, мультиметр, тұрақты кернеу генераторы(иммитатор орнатылған), КРI014КТ1 МОП транзистор.

 

         6.4 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау 

6.4.1 17 суретте көрсетілгендей зерттеу сұлбасын жинау.  

 

17 сурет – МОП транзисторын іске қосу 

6.4.2 РП-ның тұтқасын көтерілген трубка жағдайына келтіру, соған сәйкес Uлин =60В(егер сұлба дұрыс болса). 

6.4.3 Е1 басқарушы кернеуін 0-ден 3В дейін өзгерте отырып, Uшығ(Е1) кілтінің беріліс сипаттамасын алу; алынған мәндерді кестеге енгізу. 

6.4. 4 Uшығ(Е1) тәуелділігінің графигін салу.

6.4.5 Кілттің ашық жағдайындағы кернеудің түсуін анықтау Uшығ( Еl=3В кезінде).

 

6.1 кесте – Негізгі параметрлері

Е1

Uвых

В

В

 

 

 

 

 

6.5 Бақылау сұрақтары

6.5.1 МОП транзистордың жұмысы неге негізделеді?

6.5.2 Uвых(Еl ) нелiктен  осылай өзгередi?

6.5.3 МОП транзисторының іске қосылу сұлбасын түсіндіріңіз. 

 

7 Зертханалық жұмыс №7.  электронды нөмір теруші жұмысы 

 Жұмыстың мақсаты: электронды нөмір теруші жұмысын зерттеу және оқып үйрену.

 

7.1 Алдын-ала дайындық 

Телефон аппаратының құрылымымен танысу. «Кіріспе» бөліміндегі мәліметтерді оқып шығу. Нөміртергіш абоненттік линияның 60 В кернеуіне есептелінген. Қоректену кернеуі 2,5 В-тан 5,0 В- қа дейін.  

         Цифр аралық үзілістің орнатылған мәндері 640, 740, 840 мс; импульс коэффициентінің мәні 70/30, 66/33, 50/50 мс/мс (импульс ұзақтығының импульс арасындағы уақыттық қашықтығына қатынасы ретінде)

 

7.2 Жұмыс тапсырмасы  

7.2.1 Қажетті электр параметрлерін алыңыз .

7.2.2 Формула бойынша қажетті параметрлерді есептеу

7.2.3 Нәтижені кестеге енгізу.

7.2.4  Жасалынған жұмысқа талдау жасау. 

 

7.3 Қажетті құрал-жабдықтар 

Электрондық телефон аппараты, қосқыш, мультиметр.

 

         7.4 Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау 

7.4.2 Телефон  аппараттың электрондық толық тізбегін  субпанельдік макеттің сол жағына  жинаңыз  (1-жұмыстың  7- суреті). Төменгi жағдайға (2 блок) (ауыстырып қосқыш) РП тұтқасына ауыстыру.  РП-ді төменгi жағдайға (2 блок) ауыстырыңыз.

Қосқышты орнатыңыз: 11-12, 17-18, 21-22, 26-37, 27-38, 28-39, 29-40.

Өлшегiш аспаптарды қосу  үшiн оң жақ субпанелдегі контактіні алаңдар арқылы сол жақ субпанельдегі 9 және 10, 13-14, 15-16, 19-20-шi ұяшықтарды қосу керек.

7.4.3 АТС  имитатордың алдыңғы панелінде орналасқан оциллоскоптың шығысын ‘’Y’’  буферлiк есте сақтайтын құралына    қосу керек. Имитатор  "Синхр."  шығысын  осциллоскоптың синхронизациясының кiрiсіне қосу. Сыртқы синхронизацияның  режимін   тиiстi тұтқасымен орнатыңыз.

7.4.4  Жоғарғы жағдайға РП-тың тұтқаны ауыстырып (қосқышының тұтқасын  ауыстыру), телефондық линияға  аппаратты  қосамыз. 

Тізбектің  құрастыруының дұрыстығына  көз жеткiзу. Белгiлердiң бiрi бұл шамамен - ‘’Uлин’’  вольтметрiнiң  көрсетулерi 6 В деңгейге дейiн төмендуі.

7.4.5  Тұрақты кернеудi өлшемнiң режимiне мультиметрді  орнату. Ол үшiн ауыстырып қосқышның ‘’=‘’ жағдайынан ауыстырып , ‘’O’’ және "U=R‘’ ұясындағы мультиметрдi кабельдiң  соңын  қосу.

7.4.6  Мультиметрді 6,10 және 20 ұяларына кезекпен қоса отырып, нөміртергіштің кернеуін U, импульстік кілттегі кернеуді UIL және сөйлесу кілтіндегі кернеуді өлшеу.   Барлық кернеулер - "Земли" қалпында болу керек.

       Сол жақ тестатурадағы "Үзу" (#) бастырмасын басып және осы бастырманы ұстап тұру арқылы UAL кернеуін қайта өлшеу.

Алынған мәндерді 7.1 кестесіне енгізіңіз.

 

7.1 кесте - Электрондық нөмір терушінің жұмыс режимі

№ пп

Өлшенетін шамалар

Өлшеніп алынған мәндер

1

Кернеу көзі, U, В

 

2

Импульстік кілт кернеуі, U'L, В

 

3

Сөйлесу кілті кернеуі, U AL, В

 

 

7.4.7 Нөмірді терудің импульсін бақылау және олардың параметрлерін өлшеу. Сол жақ тестатураның "Үзу" (#) бастырмасын басу. Содан кейін 7.2 кестеде көрсетілген символға сәйкес келетін цифрлық бастырманың (10нан 20-ға дейін) біреуін бірнеше рет басу керек. Сол кезде нөміртергіш нөмір теруді бастайды. Бұл құбылыстар көп ретті нөмір теруге және осциллоскоптың экранында көп ретті бақылауда қажет. Барлық реттілікті қайталап теру үшін "Үзу" (#) және "Қайталау" (*) пернелерін ретпен басу қажет.  

7.4.8 Осциллоскоптың кірісін NSI (13 ұя) шығысына қосу.

7.4.9 "#" және "*" пернелерін баса отырып, осциллограмманың кернеуін бақылау және суретін салу. Т" деңгейін және теру ұзақтығын және Т2 мен ара қашықтығын өлшеу. Сондай ақ цифраралық үзілістің Т мц ұзақтығын өлшеу. Импульс коэффициентінің мәнін формула бойынша есептеу.    

Kи=T1/T.                                          (7.1) 

Алынған нәтижелерді 7.2 кестесіне енгізу .

Ескерту: Өлшеу және есептеу кезінде мынаны есте сақтау керек, терудің импульсі буферлік есте сақтау құрылғысымен жазылғаннан 1000 есе жылдамырақ іске асады. Дұрыс емес терілген цифрды өшіру үшін сол жақ текстатураның "#" пернесін екі рет басу керек. 

7.4.10 Осциллоскоптың кірісін NSA (15 ұя) шығысына қосу керек. "#" және "*" пернелерін кезекпен баса отырып, сөйлесу кілтінің импульсінің осциллограммасын бақылау және суретін салу.  Бұл импульстердiң деңгейін және ұзақтығын анықтау.

Нәтижелерді 7.2 кестесіне енгізу.

7.4.11 Нөмiртергiштi зерттеудің тізбегін жинау.

 

7.2 кесте – Электронды нөмір терушінің жұмыс режимі

 

Өлшенетін шамалар

Өлшеніп алынған мәндер

1

Нөмір теру импульсінің ұзақтығы Т, с

 

2

Нөмір теру импульсі мен уақыт арасындағы интервал Т2, с

 

3

Цифраралық кідіріс ұзақтығы Тмц, С

 

4

Импульстік коэффициент Ки

 

5

Сөйлесу кілті импульсінің амплитудасы, В

 

6

Сөйлесу кілті импульсінің ұзақтығы, с

 

 7.3 кесте – Теру импульсінің параметрлері

Импульс сериясының параметрлері

бригада нөмірі (нұсқа)

 

     1

     2

     3

   4

5

     6

1

Нөмір теру символы

 

 

 

 

 

 

2

Импульстік коэффициент

 

 

 

 

 

 

3

Цифраралық кідіріс, с

 

 

 

 

 

 

4

Импульс жиілігі, Гц

 

 

 

 

 

 

 

7.5 Бақылау сұрақтары 

7.5.1 Импульстік нөмір теру дегеніміз не?

7.5.2 Импульстік коэффициент дегеніміз не?

7.5.3 Цифраралық кідіріс уақыты дегеніміз не?

7.5.4  Электрондық телефон аппаратындағы нөмір теру импульс жиілігі қандай?

7.6.5 Импульсті нөмірді теру кезінде линия кернеуі кейбір цифрларды тергенде қалай өзгереді?

  

 Әдебиеттер тізімі 

1.  Иванов О.Н., Копп М.Ф., Коханова З.С., Метельский Г.Б./Под ред. О.Н. Ивановой  Автоматическая коммутацияя – М.: Ради и связь, 1988.-624 б.

2.   Коволева В.Д., Вахтанов Л.И., Рябченко Ю.С., Шиманоквй.Ф.Г. Основы телефонной коммутацияи: Учебник для техникумов связи – М.: Ради и связь,1987. -304 б.

3.  Гольштейн Б.С. «Системы коммутации» : ЖОО арналған оқулық – 2- бас. – СПб: БХВ – Санкт – Петербург, 2004. – 318 б.

4.  Абилов А.Б. «Сети связи и системы коммутации»: - М.: Радио и связь, 2004 -208б.

5.  Иванов О.Н. «Автоматическая коммутация» »: - М.: Радио и связь, 19887 - 624б. 

 

Мазмұны 

Кіріспе

3

Зертханалық құрылғы сипаттамасы

4

1 Зертханалық жұмыс №1. Телефон аппаратының зерттеуi сұлбасы     

8

2 Зертханалық жұмыс №2. Шақыру құрылғысының (ВУ) зерттеуi     

10 

3 Зертханалық жұмыс №3. Сөйлесу жүретін тізбектің параметрлері мен сипаттамаларын өлшеу. Жіберілу күре жолы     

12  

4 Зертханалық жұмыс №4. Сөйлесу тізбегінің қабылау трактасы     

18

5 Зертханалық жұмыс №5. Импульстік және сөйлесу кілтінің  параметрлерін өлшеу  

20

6 Зертханалық жұмыс №6. МОП транзисторындағы импульстік кілт    

23

7 Зертханалық жұмыс №7.  Электронды нөмір теруші жұмысы    

25

Әдебиеттер тізімі             

28

 2012 ж.жиынтық жоспары, реті 119