Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Автоматты электробайланыс кафедрасы 

 

АҚПАРАТТАР ТЕОРИЯСЫ

 

050704 - Есептеу техникасы  және бағдарламамен қамтамасыз ету

мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін есептеу-

   графикалық жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2008

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:  Қ.С. Чежимбаева, Ж.А. Абиров. Ақпараттар теориясы. 050704 - Есептеу техникасы  және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттері үшін есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

Әдістемелік нұсқауларда 100 нұсқадан тұратын екі есептеу-графикалық жұмыстарды берілген мәндеріне байланысты орындауға арналған тапсырмасы, сонымен қатар ЕГЖ-ны өңдеу әдістемесі, ұсынылатын әдебиеттер тізімі берілген.

Әдістемелік нұсқаулар 050704 - Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету мамандығының барлық оқу түрлерінің студенттеріне арналған.

 

Алғы сөз 

«Ақпарат теориясы» пәні әртүрлі бағыттағы байланыс құрылғылары мен жүйелерін, қазіргі заманғы анализ және синтез әдістерін меңгерген бакалаврларды дайындауға арналған фундаментальді пәндердің бірі болып табылады.

Қазіргі бакалаврлар нақты техникалық сұраныстарды қанағаттандыратын байланыс жүйесін жобалай отырып, жобаланып отырған байланыс жүйесінде кодтаудың, таңдалған тарату әдісінің, модуляцияның потенциялдық мүмкіндіктерінің толық орындалуын бағалай білу қажет, сонымен қатар байланыс жүйесінің сипаттамаларын потенциалдыққа жақындату үшін оларды жақсарту  жолын анықтай білу керек.

Бұл пәннің мақсаты байланыс арнасы бойымен ақпарат тарату әдістері мен негізгі заңдылықтарын, таратудың дұрыстылығын жоғарылату және қабылдау әдістерін оқып үйрену болып табылады. «Ақпарат теориясы» пәнінде хабар тарату үшін қолданылатын сигналдарының сипаттамаларын, хабардың, сигналдың және бөгеуілдердің математикалық көріністерінің тәсілдері, сигналдардың пайда болу әдістері мен олардың электірлік тізбекте құрылуы, электробайланыс жүйесінің өткізу қабілеттілігі мен бөгеуіл тұрақтылық анализінен туындайтын сұрақтар, бөгеуіл тұрақтылық кодтау, хабарды тиімді қабылдау  әдістері, көпарналы тарату принциптері, байланыс жүйесінің тиімділігінің сұрақтары қарастырылады. «Ақпарат теориясы»  курсын  келесі пәндерде оқытылатын байланыс техникасының теориялық негізін құрайды.

«Ақпарат теориясы» пәнін студенттер 2-курстың ІV-жартысында оқиды. Бұл пәнді оқу барысында, нәтижесінде студенттер байланыс жүйесін құру, осы жүйенің тиімділік анализі туралы, сонымен қатар олардың қабылдау кезіндегі бөгеуіл тұрақтылығын жоғарылату туралы білім алады.

Төртінші семестрде студенттер бұл пән бойынша кешенді түрде емтихан тапсырады. Бірінші 30 сұрақтан тұратын тестілеу жүргізіледі, одан өту үшін 16 немесе одан да көп сұраққа жауап беру қажет. Тесттен өткен студенттер қанағаттанарлық деген баға алады. Ал одан жоғары баға алу үшін пән бойынша жазбаша емтихан тапсыру керек. Емтихан билетіне 1 есеп және 2 теориялық сұрақ кіреді. Жақсы баға алу үшін есепті дұрыс шығарып, оның шығарылуын жазбаша түрде талдау қажет. Өте жақсы баға алу үшін толық 2 теориялық сұраққа жазбаша жауап беру керек және емтихан қабылдаушы мұғалім талап еткен жағдайда, оның мағынасын ауызша жауап беруге дайын болуы қажет.

«Ақпарат теориясы» пәні бойынша есептік – графикалық жұмыс орындалады.

Оқу кезінде орындалатын есептік – графикалық жұмыс студенттерге бұл курстың негізін толық ұғуға көмектеседі.

«Ақпарат теориясы» пәнінің ЕГЖ-сі практикалық сабақтарда кездесетін есептерді шығаруға үйретеді.

ЕГЖ-да екі есеп кездеседі: бірінші есепке цилиндрлік кодтың кодері мен декодерінің сұлбасын салу кірсе, екінші есепке байланыс жүйесінің оптималды сұлбасын салу және оның параметрлерін есептеу кіреді. Олардың біріккен шешімі тапсырманың негізгі мақсаты – телекоммуникациялық жүйені модельдеудің орындалуын ашады. Студенттер өз нұсқасы бойынша телекоммуникациялық жүйені моделдеуге арналған «System View» дестесін қолдана отырып, модуляция мен демодуляция көмегімен цилиндрлік кодтың кодалаушы және декодалаушы құрылғыларының сұлбасын жинау керек. «Ақпарат теориясы» бойынша тапсырмаларды орындамастан бұрын, ең алдымен нұсқаны таңдау әдісімен және ЕГЖ-ні сәндеуге және орындауға қойылатын талаптармен танысу қажет. 

1.  ЕГЖ-ні өңдеуге және орындауға қойылатын талаптар 

1.1  Нұсқаны таңдау 

Нұсқаның нөмері сынақ кітапшасының соңғы екі санына (алдыңғы және соңғы) сәйкес келеді. Мысалы, егер сынақ кітапшасының саны 200002 болса, онда вариант номері 02 болады. 

1.2  ЕГЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар 

Әр есептің шығарылуын тапсырманың тақырыбына қатысты берілген теориялық материалмен танысудан бастау қажет. Бұл жағдайда ұсынылған әдебиеттер тізіміндегі оқу құралдары көмектеседі. Тапсырмаларды шығару жолын көрсете отырып, алынған нәтижелерді талдап орындау керек.

Тексерілген жұмыс қорғалуы тиіс. Қорғауға өткеннен кейін студент мұғалім белгілеген күні жұмысты қорғау керек. Қорғау үшін студент мұғалімнің көрсеткен қателіктерін дұрыстау қажет, есептің толық шығарылу жолын түсіндіре алу керек, есептеу формулаларының дұрыс қолданылуын және оған кіретін символдардың мәнін білу керек.

ЕГЖ қорғау кезінде әр студент есептің шығарылуын түсіндіруге дайын болуы тиіс.

Қате, толық емес немесе басқа нұсқамен орындалған ЕГЖ қабылданбайды және қайта орындау үшін немесе толықтыру үшін қайтарылады. 

1.3  ЕГЖ-ны өңдеуге қойылатын талаптар 

Есептеу – графикалық жұмыстың түсіндірмелік жазбасы оқу жұмыстары бойынша фирмалық стандартқа сәйкес құрастырылады және өңделеді.

1.3.1      Есептеу – графикалық жұмыс А4 форматтағы ақ параққа немесе тор көзді қағазға орындалады. Ол ұқыпты сәнделу керек, мәтін парақтың бір жағында анық жазылған немесе басылған (компьютерлік теру) болу керек. Парақтың екінші жағы тексеріс жұмысы нәтижесінде түзетулер мен толықтыруларға арналған.

1.3.2     Әрбір тапсырманың басында есептің шарты және өз нұсқасының бастапқы мәндері беріледі.

1.3.3     Тексттің беттері, суреттер, кестелер және формулалар нөмірленеді. Есептердің дұрыстығын тексеру үшін олардың шығарылуы толық келтіріледі және керек түсініктемелер жазылады.

1.3.4     Есептеу формулалары толық күйде жазылады. Барлық сандық мәндер тек негізгі бірліктерде келтіріледі.

Жұмыс мәтінінде есептің шығарылуының қысқаша түсініктемесі, сонымен қатар келтірілген формула, сұлба, теориялық материалдар үшін қолданылған әдебиеттерге сілтеме болу қажет.

Егер есептік – графикалық жұмыс келтірілген талаптарға сай орындалмаса, қайта орындауға беріледі. 

2. ЕГЖ -ның тапсырмалары және әдістемелік нұсқауы 

2.1             №1 Тапсырма 

1 тапсырма  

Бірінші ретті қателіктерді түзейтін Хемминг кодының кодері мен декодерінің құрылымдық сұлбасын салу.

Орындау қажет:

а) (n, k) кодының параметрлерін табу: минималды кодалық арақашықтық d0, r кодтың тексеру элементтерінің минималды қажет саны, ол ақпарат элементтерінің берілген k (2 кесте) санына байланысты  берілген кодалық арақашықтықты қамтамасыз етеді және n түзетуші кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы.

б) Q (0,1) (2 - кесте) қарапайым кодтың берілген кодалық комбинациясына байланысты Хэмминг кодының F(0,1) кодалық комбинациясын құру.

в) Хэмминг кодының құрастырылушы (туатын) және тексеруші матрицасын, сонымен қатар әртүрлі разрядтағы бірінші ретті қателікке сәйкес синдром матрицасын құру.

г) Синдромды анықтау әдісімен декодалау үшін бірінші ретті қателікті түзеу режимінде жұмыс істеу кезінде қабылдағышта i-ші разрядта (2 кесте) бірінші ретті қателіктер түзелетінін тексеру және қателіктер табу режимінде жұмыс істеу кезінде i-ші және j-ші (2 кесте) қателіктер кезінде екінші ретті қателіктер табылатынын тексеру.

д) берілген кодтың кодер сұлбасын құру.

е) бірінші ретті қателікті түзеу режимінде жұмыс істеу кезіндегі берілген кодтың декодер сұлбасын құру.

ж) Хэмминг кодының (б пункты) құрылған кодалық комбинациясы негізінде үшінші ретті қателіктерді табатын немесе екінші ретті қателіктерді табатын және біруақытта бірінші ретті қателіктерді түзейтін минималды кодалық қашықтығы  Хэмминг кодының кодалық комбинациясын құру.

з) Хэмминг кодының тексеру матрицасын құру.

и) минималды кодалық қашықтығы Хэмминг кодының кодалық комбинациясы үшін қателіктерді табу және түзеу режимінде жұмыс істеу кезінде i-ші разрядта бірінші ретті қателіктер түзелетінін және біруақытта екінші ретті қателіктер табылатынын (кодалық комбинацияның i-ші және j-ші разрядтарянда) тексеру.

1-к е с т е. Берілген мәндер

Нұсқаның соңғы саны

 

0

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

Кодалық комбинацияның бірінші жартысы

 

10

 

110

 

0010

 

00011

 

01

 

011

 

1000

 

11011

 

101

 

10010

Қателік             i разрядтары       j

1

2

3

5

4

2

4

6

5

7

3

5

6

7

1

3

2

4

3

6

Нұсқаның соңғы санының алдыңғы саны

 

0

 

1

 

2

 

3

 

4

 

5

 

6

 

7

 

8

 

9

Кодалық комбинацияның екінші жартысы

 

10

 

111

 

1001

 

10110

 

11

 

101

 

1010

 

01010

 

1111

 

10000

 2.2             №1 тапсырмаға арналған әдістемелік нұсқау 

Бұл тапсырманы орындау үшін бөгеуіл тұрақтылық кодалау негізі бойынша материалдармен, және Хэмминг кодының құру принципімен, Хэмминг кодының кодалық комбинациясындағы қателіктерді табу және түзеу принципімен танысу керек, сонымен қатар оның негізгі параметрлерінің мағынасын түсіну керек [8, 106-110, 124-127 беттер; 9, 263 бет], мұндағы 6.2 [8] және 7.6 [9] параметрлерге көңіл аударыңдар:

а) кодалық қашықтық, минималды кодалық қашықтық сөздерінің мағынасын түсіну және олардың түзелетін қателіктің қысқартылуымен байланысын анықтау. Кодтың талап етіліп тұрған минималды кодалық қашықтыққа тәуелді кодалық комбинацияның ақпараттық және тексеру элементтерінің қатынасын, кодтың құраушы полиномды таңдау әдістері мен циклдық кодтың кодалық комбинациясын құру алгоритмін қарастыру керек [8, 104,114 беттер, 6.2 - кесте, 112-113].

Тапсырманың а) пунктін келесі кезекпен орындау қажет: d0, r және n анықтау, (n, k) кодының параметрлерін жазу. Барлық есептеулерге түсініктемелер жазу керек.

tтүзеу қателікті түзейтін кодтың d0 минималды кодалық ұзындығын анықтаған кезде (18.4) [7] немесе (6.6) [8] өрнектерін пайдаланыңыз.

Минималды кодалық қашықтық келесі формуламен анықталады

 

                                                    (1)

 

мұнда tтүзеу – түзелетін қателіктердің қысқартылуы.

r тексеру элементтерінің санын анықтау кезінде тек код үшін арналған нақты қатынастық белгілі екенін ескеру қажет: (6.9) [8], мұндағы   

. Мұндағы k – қарапайым кодтың кодалық ұзындығы (информациялық элементтің саны); n – түзетуші кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы. Бұл қатынастықты мына түрде көрсетуге болады

 

немесе                                  (2)

 

Осы қатынастықты пайдалана отырып, r-дің ең кіші мәнінен бастап, таңдау жолы арқылы берілген қатынастықты қанағаттандыратын оның минималды мәнін анықтауға болады. Циклдық кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы құрайды.

б) тапсырманың бұл пунктін тек цифрлық түрде орындау керек. Бірінші 6.1 - кестеге [8, 108 бет] сәйкес кодтың синдром кестесін құрамыз. Ол арқылы тексеру элементтерінің есептеу алгоритмін құрамыз [8, 109 бет], содан кейін 6.21 мысалына [8, 109-110 беттер] сәйкес Хэмминг кодының кодалық комбинациясын құрамыз және оның есептеуін жүргіземіз.

в) жүйелік кодтардың матрицалық көрінісі [8, 118-123 беттер, 6.7, 6.8 мысалдар, 109 бет] көрсетілген. Кодтың G құраушы матрицасы салмағы W=1 қарапайым кодтың кодалық комбинациясы негізінде Хэмминг кодының кодалық комбинациясын жүйелеу жолымен алынады. Кодтың тексеруші матрицасын құраушы матрицаның негізінде олардың өзара байланыс өрнегі арқылы құрауға болады

 

                                                    (3)

 

мұндағы  - өлшемі r жол мен k бағандардан тұратын тексеру матрицасы; – құраушы матрицаның (өлшемі r жол мен k баған) транспонирленген тексеру матрицасы;  - өлшемі r жол мен k баған бірлік квадратты матрица.

Хэмминг коды үшін бірінші тексеру элементтерінің есептеу алгоритмінен алған тексеру матрицасын құрған жөн, содан кейін кодтың құраушы матрицасын саламыз. Синдром матрицасы толығымен осы тапсырманың б) пунктінде жасалған синдром кодының кестесіне сәйкес болу керек. Хэмминг кодының (9,5) тексеру матрицасының мысалы [8, 109 бет] қарастырылған.

г) i-ші разрядта бірінші ретті қателікті түзеу мүмкіндігін тексеру, декодалау кезінде кодалық комбинацияның осы разрядына қателікті енгізу жолымен және синдромды анықтау. Алынған синдромның осы разрядтағы (синдром матрицасы) қателік синдромымен сәйкестігі оның түзелетіні туралы айтады. Осы әдіспен декодалау реті [8, 106-108 беттер, 6.2 мысал, 109 бет] қарастырылған.

Екінші ретті қателіктерді (кодалық комбинацияның і-ші және j-ші разрядтарында) табу мүмкіндігін тексеру үшін цилиндрлік кодтың кодалық комбинациясының осы разрядтарына қателіктер енгізу керек, алынған комбинацияны құраушы полиномдарға бөле отырып, осы разрядтардың қателік кезіндегі синдромдарын табамыз. Табылған синдром кодалық комбинацияның (синдром матрицасы бойынша) белгілі бір разрядындағы бірінші ретті қателік кезіндегі синдроммен сәйкес келсе немесе осы синдромның синдром матрицасында жоқ болса, екінші ретті қателік табылады деген сөз, бірақ ол түзелмейді. Сонымен қатар кодалық комбинацияның екінші ретті қателік кезіндегі барлық синдромын анықтауға болады. Екінші ретті қателіктің әртүрлі нұсқалары үшін синдромның сәйкес келуі олардың түзелуге мүмкінсіздігін айтады, оны тек табамыз.

д) Хэмминг кодының кодер сұлбасы 6.5 - суреттегі [8, 124 бет] сұлбаға сәйкестендіріп салынған. Бұл жерде қарапайым кодтың берілген кодалық комбинациясын кодалау кезінде сұлбаның ұяшықтар күйі туралы кестені құру талап етілмейді.

е) Хэмминг кодының декодер сұлбасы 6.6 суреттегі [8, 125 бет] сұлбаға сәйкестендіріп салынған. Декодер сұлбасын синдром анықтау сұлбасын, синдромның дешифратор сұлбасын және бірінші ретті қателіктерді түзеу сұлбасын қоса салу керек. Мұнда Хэмминг кодының қабылдынғын кодылық комбинациясын декодалау кезінде сұлбаның ұяшықтар күйі туралы кестені құру талап етілмейді.

ж)  Хэмминг кодының кодалық комбинациясын құру мысалы [9, 263 бет, 7.6 мысал] келтірілген.

з) Хэмминг кодының декодалау операциясы [9, 263 бет].

и) Хэмминг кодының кодалық комбинациясын құру мысалы [9, 263 бет, 7.6 мысал] келтірілген. минималды кодалық қашықтықты Хэмминг кодының кодалық комбинациясының i-ші және j-ші разрядтарына қателіктер енгізу керек, содан кейін синдромды анықтаңыз және оның анализін жүргізе отырып, кодалық комбинацияның і-ші разрядтағы қателікті түзеу мен j-ші разрядтағы қателікті табу біруақытта жүргізу мүмкіндігін көрсетіңіз. Қателікті түзеу мүмкіндігі алынған синдром мен осы разрядтағы қателік синдромы арасындағы қатынастық арқылы көрсетіледі. Ол үшін бірінші ретті және екінші ретті қателіктер кезіндегі осы кодтың синдром матрицасын құру қажет. 

2.3             №2 Тапсырма  

Бірінші ретті қателіктерді түзейтін циклдық кодтың кодер мен декодер сұлбасын салыңыз.

Дискретті хабар көзінің әліпбиі N белгіні (N белгіні нұсқаға жақын сан ретінде таңдайды) құрайды, олар екілік кодтың кодалық комбинациясымен кодталады. Хабар көзі кодалық комбинацияны В жылдамдықпен береді. Кодалық комбинацияның «1» элементінің шығу мүмкіндігі – . Кодалық комбинацияны құру сынақ кітапшасының соңғы екі санына (алдыңғы және соңғы) сәйкес.

 

2-к е с т е. Берілген мәндер

Фамилияның бірінші әрпі

А

Л

Х

Б

М

Ц

В

Н

Ч

Г

О

Ш

Д

П

Щ

Е

Р

Э

Ж

С

Ю

З

Т

Я

И

У

К

Ф

р(1)

0.5

0.7

0.3

0.6

0.8

0.4

0.5

0.7

0.6

0.3

Модуляция жылдамдығы

В, Бод

 

50

 

100

 

70

 

60

 

80

 

150

 

160

 

200

 

90

 

120

 

Талап етіледі:

а) Н хабар көзінің өнімділігін анықтау;

б) Хабар көзінің параметрлеріне сәйкес белгінің (сынақ кітапшасының алдыңғы және соңғы саны) кодалық комбинациясын құру;

в) Ібелгі кодалық комбинациясының құрамындағы ақпарат санын анықтау;

г) егер таңдалған әдіс түзеуші кодты талап етсе, берілген сенімділікті және арна бойымен тарату жылдамдығын қамтамасыз ететін циклдық кодтың түрін таңдаңыз. Қарапайым кодтың кодалық комбинациясы негізінде осы кодтың F (0,1) циклдық кодының кодалық комбинациясын құрыңыз және Р(х) құраушы полиномды таңдаңыз;

д) берілген нұсқаның циклдық кодының кодалаушы және декодалаушы құрылғыларының сұлбасын алу, сонымен қатар «System View» дестесін қолдана отырып, сұлбаларды жинау. 

2.4             №2 тапсырмаға арналған әдістемелік нұсқау 

Бұл тапсырманы орындау үшін келесі негізгі мәндерді түсіну қажет: ақпарат, хабар және т. б. [9, 12-14 беттер].

а) бірлік уақытта көзден шығатын ақпараттың орташа саны көздің өнімділігі деп аталады және келесі формуламен анықталады

                                (4)

Мұндағы:

б) Хабар көзі берілетін символдың А әліпбиімен сипатталады. Осы әліпбидің көлемі (символдар саны) k, ал аі  А (1 ≤ і ≤ k) символдар тарату ықтималдығы р(аі) болсын және символдар саны келесі формуламен анықталсын

                                                     (5)

 

Хабар көзінің параметрлеріне сәйкес келетін белгінің (сынақ кітапшасының соңғы санының алдыңғы саны және соңғы саны) кодалық комбинациясын құрамыз: мысалы: 2610 → 0110102.

в) Ібелгі – кодалық комбинациясының құрамындағы ақпарат санын анықтаймыз

 

                                                (6)

 

мұндағы n1 – белгінің кодалық комбинациясындағы «1» элементтерінің саны;

n0 – белгінің кодалық комбинациясындағы «0» элементтерінің саны.

г) Бір бағытты арна үшін қателік түзейтін кодқа бөгеуіл тұрақты кодалауды қолданайық.

tтүзеу қателікті түзейтін кодтың d0 минималды кодалық ұзындығын анықтаған кезде (18.4) [7] немесе (6.6) [8] өрнектерін пайдаланыңыз. tтүзеу = 1 бірінші ретті қателікті түзейтін кодты қолданайық.

Минималды кодалық қашықтық келесі формуламен анықталады

 

                                                   (7)

 

мұндағы tтүзеу – түзелетін қателіктердің қысқартылуы.

r тексеру элементтерінің санын анықтау кезінде тек  код үшін арналған нақты қатынастық белгілі екенін ескеру қажет: (6.9) [8], мұндағы    n = k + r. Мұндағы k – қарапайым кодтың кодалық ұзындығы (информациялық элементтің саны); n – түзетуші кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы. Бұл қатынастықты мына түрде көрсетуге болады

 

 немесе                                     (8)

 

Осы қатынастықты пайдалана отырып, r-дің ең кіші мәнінен бастап, таңдау жолы арқылы берілген қатынастықты қанағаттандыратын оның минималды мәнін анықтауға болады. Циклдық кодтың кодалық комбинациясының жалпы ұзындығы  құрайды.

Құраушы полиномды таңдап, циклдық кодтың кодалық комбинациясын құрау керек. Циклдық кодтың кодалық комбинациясын алгебралық түрде, сонымен қатар цифрлық түрде жүргізу керек.

Циклдық кодпен кодалау 18.5 [7], 6.3 [8] қарастырылған.

Кодтың құраушы полиномын 18.1 кестеден [7, 316 бет], 6.2 кестеден [8, 114 бет] немесе 7.2 кестеден [9, 268 бет] алуға болады. [8, 9] – де құраушы полиномдар цифрлық және алгебралық түрде келтірілген. Кодтың құраушы полиномының дәрежесі кодтың r тексеруші элементтерінің санына тең екенін ескеру қажет. Құраушы полиномды мұқият таңдаңыз, өйткені кейбір оқулықтарда полином кестесінде қателіктер бар ([9, 7.2 кесте], r = 4 кезінде полиномдардың алгебралық және цифрлық түрлері сәйкес келмейді).

Екілік сандарды цифрлық және алгебралық түрде көрсету, сонымен қатар оларды қосу және бөлу операциялары [7, 315 бет; 8, 110-111 беттер] көрсетілген. Кодалық комбинацияны құраушы полиномға цифрлық және алгебралық түрде бөлу мысалы [8, 113, 315, 117, 118 беттер] қарастырылған. Циклдық кодтың кодалық комбинациясын алгебралық және цифрлық түрде құрастыру [8, 113-114 беттер, 6.3 мысал] көрсетілген.

F(0,1) циклдық кодтың кодалық комбинациясын құрғаннан кейін, оның дұрыстығын тексеріңіз. Циклдық кодтың кодалық комбинациясының дұрыстығын тексеру оны Р(0,1) құраушы полиномға бөлу арқылы жүргізіледі. Нолдік қалдықтың (қалдықсыз) шығуы кодалық комбинацияның дұрыс құрылуын айтады, яғни бұл циклдық кодтың рұқсат етілген кодалық комбинациясы. Нолдік қалдықтың (қалдықтың болуы) шықпауы кодалық комбинацияның дұрыс еместігі туралы айтады, яғни бұл циклдық кодтың тиым салынған кодалық комбинациясы.

д) берілген нұсқаның циклдық кодының кодалаушы және декодалаушы құрылғыларының сұлбасын алу, сонымен қатар «System View» дестесін қолдана отырып, сұлбаларды жинау. Бұл пункт №4 зертханалық жұмыспен сәйкестендіріліп орындалады.

 

Әдебиеттер тізімі 

1.                 Скляр Б. Цифровая связь. Теориялық негіздер мен тәжірибелік қолданылулар: 2-ші басылым. /Ағылшын тілінен аударма – М.: Издательский дом «Вильямс», 2003 – 1104 бет.

2.                 Прокис Дж. Цифровая связь. Радио и связь, 2000 – 797 бет.

3.                 В. К. Душин. Теоретические основы информационных процессов и систем: Оқулық. – М.: Издательство – торговая корпорация «Данников и К», 2003.

4.                 А. Б. Сергиенко. Цифровая обработка сигналов: жоо арналған оқулық. – М.: - 2002.

5.                 В. Дьяконов. VisSim+Mathad+Matlabвизуальное математическое моделирование. – М.: «Солон-Пресс»,2004.

6.                 В. И. Карлащук. Электорнная лаборатория на IBM PC. – М.: Радио и связь, 1991.

7.                 Паныилов И. П., Дырда В. Е. Теория электрической связи. – М.: Радио и связь, 1982.

8.                 Емелянов Г. А., Шварцман В. О. Передача дискретной информации. – М.: Радио и связь.1982

 

Мазмұны 

Алғысөз.......…………………………………………………………………...

3

1 ЕГЖ-ні өңдеуге және орындауға қойылатын талаптар ........……………..

5

1.1 Нұсқаны таңдау………………………………………………………

5

1.2 ЕГЖ тапсырмаларын орындауға қойылатын талаптар...................

5

1.3 ЕГЖ-ны өңдеуге қойылатын талаптар...........………………………

5

2 ЕГЖ -ның тапсырмалары және әдістемелік нұсқауы ......………………..

6

2.1 №1 Тапсырма………………………………………………………...

6

2.2 №1 тапсырмаға арналған әдістемелік нұсқау .....………………….

7

2.3 №2 Тапсырма....……………………………………………………...

9

2.3 №2 тапсырмаға арналған әдістемелік нұсқау …………………......

10

Әдебиеттер тізімі ……………………………………………………………..

12