Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Автоматты электрлік байланыс кафедрасы 

 

МУЛЬТИСЕРВИСТІК ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ  ЖЕЛІЛЕР

  6В0719  – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрлерінің магистранттары үшін     есептеу – сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау

  

Алматы 2009 

ҚҰРАСТЫРУШЫ: К.Х. Тұманбаева. Мультисервистік телекоммуникациялық желілер. 6В0719  – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының барлық оқу түрлерінің магистранттары үшін     есептеу – сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқау –Алматы: АИЭС, 2009. – 18 бет. 

Јдістемелік нұсқау құрамына  «Мультисервистік телекоммуникациялық желілер» пәні бойынша есептеу – сызба жұмыстарын орындау үшін бастапқы деректер және кеңестер кіреді. Жұмыстар магистранттарды теориялық білімдерін пайдалануға, инженерлік есептерді компьютерде шешуге бейімдейді.

 

 Кіріспе 

Мультисервистік телекоммуникациялық желілер дисциплинасынан оқу жоспары бойынша үш есептік - графикалық жұмыс орындалуы тиіс.

Бірінші жұмыстың тақырыбы: Үлестірілген абоненттік концентраторларды жобалау кезіндегі шлюздарды жабдықтауды есептеу. Бұл жұмыста шлюздардың саны, жабдықтың сыйымдылық көрсеткіштері, десте желісіне шлюздардың транспорттық қоры қосылу мүмкіндігі анықталады.

Екінші жұмыстың тақырыбы: Цифрлық желілердегі қызмет көрсету сыйпаттамасын есептеу. Бұл жұмыста интегралды қызмет көрсетудің (N-ISDN) таржолақты цифрлық желілердегі қызмет көрсету сипаттамасының сапасы анықталады.

Үшінші жұмыстың тақырыбы: Өзі тәріздес трафик. Жұмыста өзі тәріздес трафиктің түсінігі ашылады, R/S статистика тәсілімен Хёрст параметрі анықталады.

Нұсқалардың нөмері топтың журналдағы тізім реті бойынша анықталады.

 

Есептік - графикалық жұмысты рәсімдеуге қойылатын талаптар

 

ЕГЖ А4 (210х297) көлеміндегі ақ парақтарда орындалады. ЕГЖ-ның А4 (210х297) көлеміндегі тор көзді парақтарда орындауға рұқсат етіледі.

Тапсырмалар берілген тәртіппен орындалады. Әрбір тапсырманың басында есептің берілгені және нұсқаға сәйкес есептеу мәліметтері келтіріледі. Содан кейін қысқаша теориялық материал келтіріледі. Есептеудің дұрыстығын тексеру үшін оларға қажетті түсіндірулер, қажет болған жағдайда қолданылған әдебиеттер тізіміне сілтемелер көрсетілуі керек.

Жұмыста алгоритмнің құрылымдық сұлбаны және бағдарламаның листингі көрсетілуі тиіс. Компьютерлік бағдарламаларда алынған нәтижелер кестелер немесе графиктер түрінде рәсімделуі қажет.

 

1 Есептік-графикалық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар

1.1 №1 жұмыс. Үлестірілген абоненттік концентраторларды жобалау кезіндегі шлюздарды жабдықтауды есептеу

 

Тапсырма 1

NGN шешімін қолдана отырып, абоненттік концентраторды құру принципін көрсету.

 

Тапсырма 2

Қажетті шлюз жабдықтар көлемін есептеу:

а) шлюздар санын және абоненттік қосылыстар жағындағы шлюз жабдықтарының көлемдік көрсеткіштерін анықтау;

б) десте желісіне кіру мүмкіншілігін беретін шлюздардың транспорттық қосылу қорын анықтау. NGN шешімін қолдана отырып, үлестірілген абоненттік концентраторларды құру кезінде келесі мәліметтер бастапқы болып табылады:

1) концентраторды қалыптастыру кезіндегі әртүрлі жүктеме көздерінің санының қосылуын іске асыруды жоспарлау. Жүктеме көздеріне жатады:

а) резиденттік қосылу мүмкіншілігі бар шлюзға (RAGW) қосылған және аналогты абоненттік желілерді қолданатын абоненттер;

б) базалық кіру мүмкіншілігі бар ISDN және RAGW-ға қосылуды қолданатын абоненттер;

в) SIP терминалын қолданатын және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер желісіне қосылатын абоненттер;

г)  H.323 терминалын қолданатын және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер  желісіне қосылатын абоненттер;

д) MGCP/MEGACO терминалын қолданатын және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер желісіне қосылатын абоненттер;

е) SIP, H.323   MGCP/ MEGACO терминалдарына және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер желісіне абоненттердің қосылуын қамтамасыз ететін жергілікті есептегіш желілер;

ж) ISDN-PRA сыртқы интерфейсті қолданатын және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер желісіне қосылатын УПАТС;

з) V5 интерфейсті кіру мүмкіншілігі бар және кіру мүмкіншілігі бар шлюздар деңгейіндегі дестелер желісіне қосылатын жабдықтар желісі;

2) жоғарыда атап өтілген коммутацияланған арналары бар желілер көздерінен үлестірілген жүктемелер;

3) беріліс параметрлеріне келтірілген десте желілерінің беріліс терминал жабдықтарының үлестірілген сипаттамалары және үлестірілген жүктемелер;

4) шлюз жабдықтарына енгізуге жоспарланған кодек түрлері.

Келтірілген сипаттамалар мәндері өз нұсқасы бойынша (3.1 кесте) анықталуы қажет.

 

1.2 № 2 жұмыс. Мультисервисті желілердегі қызмет көрсету сипаттамаларын есептеу

 

Тапсырма 1

Саны – V, В стандартты цифрлық 64 кбит/с жылдамдықты кіру мүмкіншілікті арналар бар делік. V арнасы бар түйінге 2 категориялы сұраныс келіп түседі. В1:В2:В3 кіру мүмкіншілігіне тиісті A1:A2:A3 трафик профилі белгілі. Өз нұсқасына тиісті бастапқы берілгендер бойынша сұраныстардың жалпы және индивидуалды қателерін анықтау керек.

Бастапқы берілгендерді 3.2 кестеден анықтау керек.

 

Тапсырма 2

Мультисервисті желіге үш категориялы сұраныстар келіп түседі. Трафиктің белгілі профилі бойынша және келіп түсетін жүктеменің берілген өлшемі бойынша қызмет көрсетудің сипаттамаларын анықтау.

Бастапқы берілгендерді 3.3 кестеден анықтау керек.

 

2.3 №3 жұмыс. Өзі тәріздес трафик

 

Тапсырма 1. Өзі тәріздес трафик жайлы түсінік.

Тапсырма 2. R/S статистика тәсілі бойынша Хэрст параметрлерін анықтау.

Бастапқы берілгендерді 3.4 кестеден анықтау керек.

 

2. Әдістемелік нұсқаулар

 

2.1 №1 жұмыс. Үлестірілген абоненттік концентраторды жобалау кезіндегі шлюз жабдықтарын есептеу.

 

2.1.1 Бірінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар.

 

Әртүрлі қызмет түрелерін көрсетуге негізделген желілік инфроқұрылымдарды құру элементі NGN жабдығы болып табылады. NGN технологиясын қолдана отырып, базалық, сондай сияқты информациялық және мультимедиялық телефония қызмет түрлерін көрсететін желілер конфигурациялары құруға боолады.

NGN жабдығын қолданудың негізгі аспекттері мыналар болып табылады:

-                    ТФОП инфроқұрылымын құру және дамыту, ол мыналарға бағыттылған: соңғы тұтынушыларды желіге қосуды ұйымдастыру, телефон желілерінің транзакты аймағын ұйымдастыру;

-                    интелектуалды байланыс желілерінің қызмет көрсету көздеріне кіру мүмкіншілігі бар инфроқұрылымды құру;

-                     телематикалық қызмет түрін, соның ішінде мультимедиялық қызметті көрсететін инфроқұрылымды құру;

-         виртуалды жекеменшік желіні құру (VPN).

         

          NGN инфроқұрылымы – бұл қызмет көрсету ерекшелігі тұрғысынан өз бетінше жеке желі түрі емес, жаңа технологияларды қолдана отырып, белгілі бір желілерді құру және дамыту құрылғысы деп түсінген жөн.

         Сондықтан, минималды талаптарға сай қызмет көрсетуге қолдау тұрғысынан, желілер құрылымын құру құралы ретінде NGN технологиясына қойылатын талаптар белгілі бір желілерге қойылатын барлық талаптардың орындалуы болып табылады.

         Тапсырманы орындау үшін материалды /1,6/-дан және берілген тақырып бойынша дәрістен алуға болады.

 

        2.1.2 Екінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар

      

 Абоненттік желінің сыншылдық біріншілік желі топологиясын, орнату үшін бөлменің болу параметрлерін ескере отырып, қолдану болжамы бойынша шлэюздар саны анықталады.

       Келесі параметрлерді енгізейік:

       NPSTN – аналогты абоненттік желі арқылы қосылуды қолданатын абоненттер саны;

       NISDN  – базалық кіру мүмкіншілігі бар ISDN қосылуды қолданатын абоненттер саны; 

       NV5 кіру мүмкіншілігі бар шлюзға қосылатын, кіру мүмкіншілігі бар V5 интерфейсіндегі желілер саны;

       Nj_V5 – v5 j интерфейсіндегі тұтынушы арналар саны, мұндағы j – кіру мүмкіншілігі бар желі саны; j=10;

       NPBX – шлюзға қосылатын УПАТС саны;

       Nк_PBX – УПАТС к. қосылу интерфейсіндегі тұтынушы арналар саны мұндағы к. – УПАТС номері, к=7.

       Берілгені:

1.                YPSTN – кіру мүмкіншілігі бар шлюзға PSTN абоненттерінен келіп түсетін жалпы жүктеме;

yPSTN – ТФОП абонентінен ЧНН-ге үлестірілген жүктеме. yPSTN=0,1 Эрл

 

YPSTN= NPSTN* yPSTN=670*0,1=67 (Эрл)

 

2.                YISDN – кіру мүмкіншілігі бар шлюзға ISDN абоненттерінен келіп түсетін жалпы жүктеме;

 yISDN – ISDN абонентінен ЧНН-ге үлестірілген жүктеме. YISDN=0,2 Эрл

 

YISDN= NISDN* yISDN=570*0,2=114 (Эрл)

 

3.                Yj_V5 – кіру мүмкіншілігі бар шлюзға қосылатын V5 интерфейсті j желіге кіру мүмкіншілігі бар жүктеме.

 уV5 – V5 интерфейсті бір тұтынушы арнаның жүктемесі. уV5 = 0,8 Эрл

 

Yj_V5= Nj_V5* уV5= 17*0,8=13,6 (Эрл)

 

4.  Yк_PBX –УПАТС k-дан шлюзға қосылатын   жүктеме.

yк_PBX ISDN біріншілік кіру мүмкіншілігі бар бір тұтынушы арнаның үлестірмелі жүктемесі, yк_PBX=0,8 Эрл

 

Yк_PBX= Nк_PBX* yк_PBX=11*0,8=8,8 (Эрл)

 

Есептеуді қорытындылай келе:

1. ТФОП және ISDN абоненттерінен кіру мүмкіндігі бар резиденттік шлюзға келіп түсетін жалпы жүктеме мынаған тең

 

YRAGW= YPSTN+ YISDN=67+114=181 (Эрл)

 

2. V5 интерфейсті, кіру мүмкіншілігі бар желіге жабдықтардың қосылуын қамтамасыз ететін, кіру мүмкіншілігі бар шлюзға келіп түсетін жалпы жүтеме мынаған тең

 

YV5=∑ Yj_V5=10*13,6 =136 (Эрл)

  

3. УПАТС құрылғыларының қосылуын қамтамасыз ететін, транкингті шлюзға келіп түсетін жалпы жүктеме, мынаған тең

 

YPBX=∑ Yк_PBX=7*8,8 =61,6 (Эрл)

 

4. Егер шлюз, резидентті кіру мүмкіншілігі бар шлюз, және транкингті шлюзға қосылу УПАТС функциясын орындаса, шлюзға келіп түсетін жалпы жүктеме мынаған тең

 

YGW= YPSTN+ YISDN+ Yj_V5+ Yк_PBX= 67+114+136+61,6 =378,6 (Эрл)

 

5.Сұранысқа қызмет көрсету кезінде кодектің m түрінің жеткізу жылдамдығын VCOD_m  делік. Ендеше желінің десте трафигіне берілу үшін іріктелген транспорттық қор кодектің m түрін қолданғанда, k- қордың қолдану коэффициенті, k=1,25

 

2.1 К е с т е

Кодек

Сығу коэффициентінің

диапазоны

Қарастырылып отырған сығу коэффициенті

 

Өткізу жолағы,

кбит/с

Кідірсті басуды ескерген кездегі өткізу жолағы,  кбит/с

G.711µ

1-4

4

84.80

46.59

 

VGWUSER=k* VCOD_m*YGW=1,25*378,6*84,8=40131,6 (кбит/c)

Иілгіш коммутатор құрылғысы келесі түрде есептеледі.

          Үлестірілген абоненттік концентраторды құру кезіндегі иілгіш коммутатордың негізгі мақсаты сұранысқа қызмет көрсету үшін сигналды информацияны өңдеу және байланысты орнатуды басқару болып табылады.

          Келесі айнымалыларды енгізейік

 

LMEGACO= 100

NMEGACO= 10

 

Әртүрлі сұраныстарға қызмет көрсету мақсатында сигналды информацияны тасмалдау үшін келесі көлемді өкізу жолақтары қажет

 

VPSTN=(PPSTN*NPSTN*LMEGACO*NMEGACO)/90=(3*670*100*10)/90=22,33 кбит/с

 

VISDN=(PISDN*NISDN*LIUA*NIUA)/90=(9*570*100*10)/90= 57 кбит/с

 

VV5=(PV5*NV5*LVSUA*NVSUA)/90=(22*9*100*10)/90= 2,2 кбит/с

 

VPBX=(PPBX*NPBX*LIUA*NIUA)/90=(22*11*100*10)/90= 2,68 кбит/с

 

Сонымен қоса шлюзды басқару кезінде, MGCP протоколымен хабар алмасу үшін шлюзда транспорттық қордың болуы  қарастырылуы керек, ол мына формуламен анықталады

 

VMGCP= [(PPSTN*NPSTN+PISDN*NISDN*+PV5*NV5+PPBX*NPBX)*LMGCP*NMGCP]/90

VMGCP = [(3*670+9*570+22*9+22*11)*100*10]/90= 84,22 кбит/с

 

Сол себептен жалпы транспорттық шлюз қоры барлық қажетті құраушылар қосындысы ретінде анықталуы мүмкін

 

VGW=VGW_USER+VPSTN+VISDN+VV5+VPBX+VMGCP

VGW =40131,6+22,33+57+2,2+2,68+84,22 = 40,3 Мбит/с

 

Транспорттық интерфейстен басқа да интерфейстер мөлшері, желілер топологиясы бойынша анықталады.

Қалай болса да интерфейстер мөлшері  кем болмау керек

 

NINT=VGW/VINT

 

мұндағы VINT – бір интерфейстің пайдалы транспорттық қоры, VINT=2048 кбит/с;

NINT= 40300/2048=20.

 

2.2 № 2 жұмыс. Мультисервисті желілердегі қызмет көрсету сипаттамаларын есептеу

 

2.2.1 Бірінші тапсмырма бойынша әдістемелік нұсқаулар

 

Қазіргі заманға сай МСЖ құрудың басты мақсаты әртүрлі трафик түрлеріне қажетті деңгейде (QoS) қызмет көрсету болып табылады. Десте желілерінң коммутациялы арна желілерінен ерекшелетін бір айырмашылығы, ол белгілі бір информациялық ағында әртүрлі құрамды трафик тасымалдануы мүмкін. Сонымен қоса трафиктің әр түрі - критикалық және критикалық емес қатар арқылы сипатталады. Десте желісі арқылы дауыс трафигін тасымалдау үшін десте желісіндегі қызмет көрсету сапасын бағалайтын, қызмет көрсету класы түсінігі енгізіледі. Қазіргі уақытта қызмет көрсетудің сапасын анықтау субъективті болып табылады және ол эксперттердің баға беру тәсіліне негізделген, яғни априори, желіні жобалау кезінде нақты қажетті деңгейдегі сапаны қамтамасыз ететін желілік сипаттамалар ескерілетіні жайлы кепілдік беруге болмайды. Ал басқа жағынан қарасақ, десте желілерінде, эксплуатация кезіндегі байланыстың қызмет көрсетуіне ықпалын тигізуге мүмкіншілік беретін, қызмет көрсету сапасын қамтамасыз ететін жақсы дамыған механизмі бар. Сонымен қоса, желінің техникалық сипаттамалары сондай технологияларды қолдануға мүмкіншілік береді.

Бірінші тапсырмадағы есепті шығару үшін келесі амалдарды орындау керек:

1) жалпы жүктемені екі категориясы бар арналар көзі арқылы анықтаймыз

 

2) әртүрлі категория көздерінен келіп түскен сұраныстар кезінде, формулалар арнаға түсетін жүктеме дисперсиясы үшін әділетті болады, олар i-категорясы арқылы жасалады, i=1/. Жүктеменің дисперсиясын анықтаймыз

 

 Эрл2

          3) дисперсиясы математикалық үмітінен үлкен жүктеме үйілген деген атауға ие болды. Үйілген жүктеме А түйінінде жоғалып, қызмет көрсету үшін басқа бір В түйініне  келіп түскен сұраныстар ағынымен жасалады. Бұл ағын үзілісті болуы мүмкін, себебі В түйініне сұраныстар А түйінінде бос байланыстыру құралдары болмаған жағдай да ғана келіп түсе алады.

Үйілу жүктеменің D дисперсиясының оның у математикалық үмітіне қатынасымен анықталады

 Эрл

 

         4) әрбір келіп түскен сұраныстың орташа шығынға ұшырау мүмкіншілігі Хейворд формуласымен анықталады

 

 

 

 , P= 

 

Мұндағы А=y/z=30,6/2.64=12, V=v/z= 36/2,64=14.

          4-ші пункт Паскаль алгоритм тіліндегі бағдарлама көмегімен орындалуы керек. Есеп беруде бағдарламаның листингін және оның жұмыс нәтижелерін көрсету керек.

          5) бірінші және екінші категориялар сұраныстарының шығын мүмкіндіктері, сәйкесінше:

 

pi=mi/z*p=1/2.64*0.12=0.045

p2=m2/z*p=3/2,64*0.12=0.136

 

          2.2.2 Екінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар

          Екінші тапсырмадағы есепті шығару үшін келесі амалдарды орындау керек:

         1) трафиктің берілген профиліне сай, екінші және үшінші категориялар көздері үшін сұраныстар бойынша жүктеменің құрама бөліктерін анықтайды:

 

 Эрл

 

 Эрл

         

          2) i категориясына қызмет көрсету үшін қажет

жүктеменің үйілу коэффициентін арналар санының орташа мәні ретінде анықтайық

 

              

           3) арналарға жүктеменің үдемелі қарқындылығы

    Эрл

           

4) әрбір келіп түскен сұраныстың орташа шығынға ұшырау мүмкіншілігі Хейворд формуласымен анықталады

 

 

 , P= 

 

Мұндағы  А=y/z=180/10.44=17, V=v/z= 190/10.44=18

          5) 4-ші пункт Паскаль алгоритм тіліндегі бағдарлама көмегімен орындалуы керек. Отчетта бағдарламаның листингін және оның жұмыс нәтижелерін көрсету керек.

6) әр категориялар үшін сұраныстардың шығын мүмкіндіктері

 

pi=mi/z*p=2/10.44*0.14=0.026

 p2=m2/z*p=2/10.44*0.14=0.026

   p30=m3/z*p=40/10.44*0.14=0.536

 

2.3 №3 жұмыс. Өзі тәріздес трафик

 

2.3.1 Бірінші тапсмырма бойынша әдістемелік нұсқаулар

Мультисервисті желілерді жобалау кезінде, кепілденген сапалы қызмет көрсету мәселелерін зерттеулермен байланысты сұрақтар өте қажетті болып табылады. Қойылған мәселені нәтижелі түрде шешу үшін желілердің өзгешіліктері мен ерекшеліктерін ескеру қажет. Көп уақыт бойы желілер трафик табиғаты Пуассондық процеске сай деп есептеліп келді. Уақыт өте келе желілік ағын мінездемесін зерттеу мен өлшеулер көбейіп отырды. Нәтижесінде, жергілікті немесе глобалды десте ағындарын әр уақытта Пуассондық процесті қолдана отырып модельдеу мүмкін емес екендігі байқалды. Осылайша, желі трафигін зерттеген кезде пайда болатын көптеген мәселелер, тағы бір, дестелердің желімен қозғалатын процесс мінездемесі мәселесімен толықты. Бұл мәселе қазіргі күнгі көптеген ғалымдармен нәтижелі түрде қарастырылуда. Бүгінгі таңда, желілік трафиктің өзін ұстауы немесе мінезі өзі тәріздес деп аталатын процесс арқылы нәтижелі түрде модельденетіні жайлы қорытынды туындап отыр. Өзі тәріздестіктің қасиеті фракталдың бір түрі ретінде ассоциацияланады, яғни шкаланы өзгерткен кезде өзі тәріздес процестің корреляциялық құрылымы өзгеріссіз қалады.

1993 жылы бір топ ғалымдар (W.Leland, M.Taqqu, W.Willinger и D.Wilson ) алғаш рет өзі тәріздес трафик жайлы, оны тапқаннан кейін, сөйлей бастады, олар Bellcore корпорациясының желісінде Ethernet-трафигін зерттеп және оның өзі тәріздес қасиеті бар екенін байқады, яғни сапасы уақыт осінің кез-келген дерлік масштабында бірдей көрінеді. Өзі тәріздес трафик шарттарында телефон желілерін жобалау кезінде нәтижелі түрде қолданылатын пуассондық моделдерге және Эрланг формаларына негізделген қазіргі заманға сай компьютер желілерін есептеу тәсілі (арналардың өткізгіштік қабілеті, буферлердің көлемдері және т.с.с.), жөнсіз оптимистік нәтиже беретін және нақты жүктемені бағаламаушылыққа келіп соқтыратыны анықталды. Мында компьютерлік және телефон желілері арасындағы айырмашылықты келесі мағынада түсіну керек: белгілі тарихи жайттарға байланысты телефон желілері алғашында арна коммутациясы принципі бойынша қалыптасты. Берілген желілердегі трафик сипаттамалы жақсы зерттелген және де есептеудің қатал тәсілдері қалыптасқан. Компьютер желілер негізіне дестелерді коммутациялау тәсілі алынып отырды, ал есептеу тәсілі мүмкін, қарқынды түрде дамып отырған технологиядан, теориялық базаның қалыңқырауынан болар, сол қалпында қалып қойды, сол себептен өзі тәріздес мәселенің туындауына алып келді. Сонымен бірге қазіргі уақытта VoIP, ОКС№7 десте коммутациясын қолданатын желілер арқылы дауыс информациясын тарату тәсілдері кең етек алып отыр, олардың да трафигі өзі тәріздес болып табылады.

Үшінші ЕГЖ-нің бірінші тапсырмасы телекоммуникация желілеріндегі өзі тәріздес процесс жайлы қысқаша реферат түрінде көрсетілуі керек.

 

 

2.3.2 Екінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар

Өзі тәріздестіктің дәрежесін сипаттайтын басты параметр Херст (Hurst) параметрі H болып табылады.

Орта мәні µ, дисперсиясы σ2 және    корреляция функциясы r(k), k>0, X = {xt , t = 0,1,2,…} стационарлы кездейсоқ үрдіс берілсін. Әрбір m = 1,2,3,… қадам үшін жана стационарлы кездейсоқ шамалардын жиынтығы құрастырылады (өзіне сәйкес корреляция функциясымен бірге), олар бастапқы Х жиынтығын өзара қиылыспайтын өлшемі m блоктарға бөліп алынады. Басқа сөзбен айтқанда, әрбір m үшін (m = 1,2,3,..)   X(m)  кездейсоқ шамасы келесі түрде беріледі

 

X(m)k = , к≥1.

 

 Херстін параметрі келесі қатынастықтан табылады

,

мұндағы R=max(Xk) - min(Xk) – ауытқудын мөлшері;

- стандарттық ауытқу,

N – жиынтық мүшелерінің саны, a- константа.

Херстың H көрсеткішін пайдалана отырып, кездейсоқ  үрдістердің үш түрін қарастырады:

1) 0<=H<=0,5 – кездейсоқ үрдіс өзі тәріздестік қасиетіне ие емес, мұндай кездейсоқ үрдісті  антиперсистентті деп атайды

2) H = 0,5 – толығымен кездейсоқ жиынтық, классикалық броун қозғалыстарына сәйкес;

3) H > 0,5 - персистентті (өзі өзі сақтайтын) үрдіс, ұзақ жадысы бар және өзі тәріздестік қасиетіне ие емес.

Сонымен, өзі тәріздес ықтималды үрдіс Херст параметрінің мәнімен сипатталады, параметр келесі мәндермен шектеледі

                         0,5  < H < 1.

Қосымша келесі жағдай туралы айтып кету керек, өзі тәріздес үрдіс жиі жарылғыш (burst) сипаттамасына ие болады, ол дегеніміз оқиғалардың келіп түсу жылдамдығы төмен бола турып, уақыт бойынша келіп түскен оқиғалар саны кенет көтерілуі.

Трафикке қатысты өзі тәріздестік бақылаудың уақыттық масштабын өзгерткенде трафиктің уақыттан тәуелсіздік түрін және жарылғыш (burst) сипаттамасын жоғалтпауында.

 

3 Зертханалық жұмыс нұсқалары

 

  3.1 Бірінші жұмыстың екінші тапсырмасына бастапқы мәндер

 

                3.1 К е с т е

 

NPSTN

NISDN

NV5

Nj V5

NPBX

Nk PBX

1

700

600

5

20

10

10

2

690

590

7

19

9

11

3

680

580

8

18

8

10

4

670

570

9

17

11

11

5

660

560

5

16

12

13

6

650

550

6

15

7

9

7

640

540

2

14

6

10

8

630

530

3

13

5

11

9

620

520

4

12

13

12

10

610

510

5

11

7

13

11

600

500

6

10

4

14

12

590

490

7

21

5

15

13

580

480

8

22

6

10

14

570

470

9

23

7

11

15

560

460

10

24

8

12

16

550

450

11

25

9

13

17

540

440

2

26

10

10

18

530

430

3

27

11

11

19

520

420

4

28

12

12

20

510

410

5

29

13

13

21

500

400

6

20

14

14

22

490

390

7

21

15

15

 

j = 10 барлық варианттар үшің;

i = 5 барлық варианттар үшің;

k = 7 барлық варианттар үшің.

 

  3.2. Екінші жұмысқа арналған бастапқы мәндер

 

Бірінші тапсырмаға арналған бастапқы мәндер 3.2 кестеде берілген. Барлық нұсқаулар үшін n = 2.

 3. 2. К е с т е

 

 

V

λ1

λ2

m1

m2

h1

h2

N1

N2

1

30

0.2

0.1

1

4

1

1

50

25

2

32

0.1

0.2

1

3

1

2

48

24

3

34

0.3

0.2

2

2

2

1

46

22

4

32

0.1

0.3

3

1

2

2

52

23

5

36

0.1

0.2

1

3

1

2

54

21

6

30

0.3

0.2

2

2

2

1

55

20

7

32

0.2

0.2

4

1

1

1

56

19

8

34

0.3

0.1

1

3

1

2

44

31

9

32

0.1

0.2

1

3

1

1

45

30

10

36

0.2

0.1

1

4

1

2

43

32

11

38

0.3

0.2

2

2

2

1

42

20

12

40

0.2

0.1

1

4

1

1

50

25

13

30

0.1

0.2

1

3

1

2

48

24

14

32

0.3

0.2

2

2

2

1

46

22

15

34

0.1

0.3

3

1

2

2

52

23

16

32

0.1

0.2

1

3

1

2

54

21

17

36

0.3

0.2

2

2

2

1

55

20

18

30

0.2

0.2

4

1

1

1

56

19

19

32

0.3

0.1

1

3

1

2

44

31

20

34

0.1

0.2

1

3

1

1

45

30

21

32

0.2

0.1

1

4

1

2

43

32

22

36

0.3

0.2

2

2

2

1

42

20

 

Екінші тапсырма үшін бастапқы мәндер 3.3. кестеде берілген. Барлық нұсқаулар үшін n = 3.

 

3.3 К е с т е

 

Нұсқа

 

Трафик

профилі

А1:А2:А3

 

 

m1

 

m2

 

m3

 

A1

(Эрл.)

 

V

1

100:10:1

1

2

30

100

240

2

90:10:1

1

3

25

95

220

3

80:10:1

2

2

20

90

210

4

70:10:1

1

2

35

85

200

5

60:10:1

2

2

40

80

190

6

50:10:1

2

1

38

75

180

7

40:10:1

1

1

26

70

170

8

30:5:1

1

2

24

100

160

9

25:5:1

2

1

32

95

150

10

20:5:1

2

2

30

90

140

11

75:5:1

1

3

20

85

130

12

100:10:1

3

1

25

80

240

13

90:10:1

3

3

30

75

220

14

80:10:1

2

3

35

70

210

15

70:10:1

3

2

40

72

200

16

60:10:1

1

2

38

74

190

17

50:10:1

1

3

36

76

180

18

40:10:1

2

2

34

78

170

19

30:5:1

1

2

32

80

160

20

25:5:1

2

2

30

82

150

21

20:5:1

2

1

35

84

140

22

75:5:1

1

1

40

86

130

 

   3.3 Үшінші жұмыстың бастапқы деректері

        

          Екінші тапсырмаға арналған бастапқы мәндер 3.4 кестеде берілген.

 

       3.4 К е с т е

 

Санның

 

                     Нұсқалардың нөмірлері

1

2

3

4

5

6

1

0,6205

1.0605

4.2284

3.4463

2.2427

6.1127

2

0.5518

1.1958

1.9813

13.0687

2.1561

2.4212

3

0.5380

1.8853

4.0231

4.5256

1.5488

2.5038

4

1.1067

1.1264

3.8992

9.3961

9.9681

2.5862

5

0.7309

1.0392

1.5530

1.6038

1.5367

2.0481

6

1.0221

7.3378

2.0112

1.6260

1.5845

2.5466

7

0.7454

1.2091

2.7770

2.2366

9.9200

4.0219

8

0.8751

2.9830

2.0257

5.6908

1.5376

2.3278

9

0.8676

1.0886

5.7070

1.5667

7.0638

2.3669

10

0.8178

3.1391

4.0538

2.2061

1.5070

2.2334

11

1.3150

2.2237

1.8830

1.6594

10.5094

3.9062

12

0.8079

1.7117

5.5281

3.5407

1.9364

3.4073

13

0.5521

1.0517

2.2888

2.7516

2.0412

2.3141

14

0.9863

9.2598

3.2865

3.5841

10.6622

6.1455

15

0.7616

1.4051

1.5596

18.8588

1.8737

2.2260

16

0.6031

2.5078

1.9666

3.6462

1.6270

6.3857

17

0.9691

1.0905

2.0880

3.1493

1.9729

4.085

18

0.5016

5.3221

12.4670

2.8609

1.5177

2.045

19

0.9132

1.6814

5.6733

2.4415

8.7829

5.4767

20

1.6855

1.7825

2.3928

1.8645

2,2356

2.9922

                                           Әдебиеттер тізімі

 

1. Телекоммуникационные системы и сети: Учебное пособие. В 3 томах. Том 3. – Мультисервисные сети / В.В. Величко, Е.А. Субботин, В.П. Шувалов, А.Ф. Ярославцев; под ред. проф. В.П. Шувалова. – М.: Горячая линия Телеком, 2005.

2. Гургенидзе А.Т., Кореш В.И. Мультисервисные сети и услуги широкополосного доступа. – СПб.: Наука и техника, 2003.

3. Филимонов А.Ю. Построение мультисервисных сетей Ethtrnet. – СПб.: БХВ-Петербург, 2007.

4. Крылов В.В., Самохвалова С.С. Теория телетрафика и ее приложения. - СПб.: БХВ-Петербург, 2005.

5. Лагутин В.С., Степанов С.Н. Телетрафик мультисервисных сетей связи. – М.: Радио и связь, 2000.

6. Ершов В.А., Кузнецов Н.А.  Мультисервисные телекоммуникационные сети. – М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2003.

 7. Шелухин О.И., Тенякишев А.М., Осин А.В. Фрактальные процессы в телекоммуникациях. – М.: Радиотехника, 2003.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ....................................................................................................................3

1 Есептік-графикалық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар...........4

1.1 №1 жұмыс. Үлестірілген абоненттік концентраторларды жобалау кезіндегі шлюздарды  жабдықтауды есептеу ......................................................4

1.2 №2 жұмыс. Мультисервисті желілердегі қызмет көрсету сипаттамаларын есептеу .....................................................................................................................5

1.3 №3 жұмыс. Өзі тәріздес трафик ......................................................................5

2. Әдістемелік нұсқаулар .......................................................................................5

2.1 №1 жұмыс. Үлестірілген абоненттік концентраторды жобалау кезіндегі шлюз жабдықтарын есептеу...................................................................................5

2.1.1 Бірінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар....................................5

2.1.2 Екінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар.....................................6

2.2 № 2 жұмыс. Мультисервисті желілердегі қызмет көрсету сипаттамаларын есептеу......................................................................................................................9

2.2.1 Бірінші тапсмырма бойынша әдістемелік нұсқаулар.................................9

2.3 №3 жұмыс. Өзі тәріздес трафик.....................................................................11

2.3.1 Бірінші тапсмырма бойынша әдістемелік нұсқаулар...............................11

2.3.2 Екінші тапсырма бойынша әдістемелік нұсқаулар ..................................13

3 Зертханалық жұмыс нұсқалары........................................................................14

3.1 Бірінші жұмыстың екінші тапсырмасына бастапқы мәндер.......................14

3.2. Екінші жұмысқа арналған бастапқы мәндер...............................................14

3.3 Үшінші жұмыстың бастапқы деректері........................................................16