ДЕСТЕЛІК КОММУТАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы энергетика және байланыс университеті

Автоматты электрбайланыс кафедрасы

                                 

 

ДЕСТЕЛІК КОММУТАЦИЯ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ

5В071900  – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін 
зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

Алматы 2013

Құрастырушы: Калиева С.А. Дестелік коммутация технологиялары: 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік  нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2013 - 32 б.

 

Әдістемелік нұсқау «Дестелік коммутация технологиялары» пәнінен «D-Link» фирмасының жабдықтарында коммутаторларды баптауға зертханалық жұмыстарды орындауға арналған.

Әдістемелік нұсқауда тәжірибелердің сипаттамасы, жұмыс жасау әдістемесі және берілгендерді тиімді өңдеулер, қажетті әдебиеттер тізімі мен бақылау сұрақтары берілген. Әдістемелік нұсқау 5В071900 – Радиотехника, электроника и телекоммуникация мамандығының студенттеріне арналған.

Без.-51,  кесте - 9, әдеб. көрсеткіші - 6 атау.

 

Пікір беруші: Темырканова Э.К.

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2013 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2013 ж.

 

 

Кіріспе

 

Әдістемелік нұсқау «Дестелік коммутация технологиялары» пәнінен «D-Link»  фирмасының жабдықтарында коммутаторларды баптауға зертханалық жұмыстарды орындауға арналған.

Коммутаторлар – көптеген қазіргі желілердің басты бөлігі. Микросегментацияны қолдана отырып, олар ақпаратты көптеген пайдаланушыларға желі арқылы бір уақытта жіберуге мүмкіндік береді. Микросегментация жеке немесе белгіленген сегменттер – әр сегментке бір жұмыс стансасын (коммутатор портына сегмент емес, тек жұмыс стансасы қолданылады) жасауға мүмкіндік береді. Осы кезде әрбір жұмыс стансасы барлық өткізу жолағына рұқсат алады және оған басқа стансалармен жарысудың керегі жоқ. Егер құрылғы дуплексті режимде жұмыс жасаса, онда коллизия болмайды.

Коммутация технологиясы. Коммутаторлар әдетте OSI моделінің арналық деңгейінде жұмыс жасайды. Олар кірген кадрларды талдайды, олардың МАС-адрестері негізінде ары қарай таратылуы жайлы шешім қабылдайды және кадрларды белгілеу пунктіне жеткізеді. Коммутаторлардың басты ерекшелігі - жоғарғы деңгейлердің хаттамалары үшін мөлдірлігі. Коммутатор 2-деңгейде жұмыс жасағандықтан, OSI моделінің жоғарғы деңгейлерінің ақпаратын талдаудың қажеті жоқ.

2-деңгейдің коммутациясы – аппараттық. Коммутаторда кадрдың таратылуы Application-Specific Integrated Circuits (ASIC) деп аталатын арнайы мамандандырылған контроллермен өңделеді. Коммутаторлар үшін  жасалған бұл технология үлкен емес кідіріспен гигабитті жылдамдықты үйлестіруге мүмкіндік береді.

2-деңгейлі коммутаторды қолданудың екі басты себебі бар:  желіні сегменттеу және жұмыс топтарын біріктіру. Коммутаторлардың жоғары өнімділігі желі өндірушілеріне физикалық сегментте түйін санын азайтуға мүмкіндік береді. Ірі желіні логикалық сегменттерге бөлу (сегменттерді жүктеу есебімен) желі өнімділігін, сондай-ақ мәлімет қорғалу деңгейін жоғарылату арқылы желі құрастыру икемділігін жоғарылатады және желіні басқаруды жеңілдетеді.

Екінші деңгейлі коммутацияның артықшылықтарына қарамастан бірнеше шектеулері де бар. Желіде коммутаторлардың бар болуы кең жолақты кадрлардың (broadcast) барлық желінің сегменті бойынша таралуына, оның мөлдірлігін сақтай отырып, бөгет болмайды.

Осылайша, желіге OSI моделінің 3-деңгейінің қызметі қажет екені анық. Үшінші деңгейлік коммутация – ASICs контроллерімен өңделетін десте таратуы жүретін аппараттық коммутация. 2-деңгей коммутаторына қарағанда 3-деңгей коммутаторлары MAC-адрестері негізінде емес, желілік деңгейдің ақпараты негізінде шешім қабылдайды. 3-деңгейлі коммутацияның негізгі мақсаты – 2-деңгейдің жылдамдығы мен маршруттаудың масштабталуын алу. 3-деңгейдің коммутаторы дестені өңдеуді маршрутизатор сияқты орындайды:

- 3-деңгейдің ақпараты негізінде (желілік адрес) дестенің белгілеу орнына жету жолын анықтайды;

- дестенің желіде болу уақытын тексереді;

- кез келген қосымша ақпаратты өңдейді және оған жауап береді;

- ақпараттық басқару базасындағы статистиканы өңдейді (Management Information Base -MIB);

- қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз етеді (егер қажет болса);

- тарату кідірісіне сезімтал мультимедиялық қосымшалар үшін сервистің қажетті сапасын қамтамасыз етеді (QoS).

3-деңгейлі маршрузитатор мен коммутатордың арасындағы негізгі айырмашылық - 3-деңгейлі коммутация негізінде аппараттық іске асыру жатыр. Жалпы белгілеулі маршрутизаторларында дестелік коммутация бағдарлама арқылы іске асады. 3-деңгей коммутаторлары маршрутизаторларға қарағанда жылдамырақ және арзанырақ болғандықтан, оларды жергілікті желіде қолданған ыңғайлы.

4-деңгейлі коммутация 4-деңгей ақпаратын басқаруына жауап беретін желілік деңгейдің аппараттық маршруттау негізінде орындалады. Десте тақырыбындағы ақпарат әдетте желілік деңгей адрестелуін, 3-деңгей хаттамасының түрін, желіде болу уақытын (TTL) және бақылау қорытындысын өз құрамына кіргізеді. Дестеде сонымен қатар хаттама түрі және порт нөмірі секілді жоғарғы деңгейлердің хаттамасы жайлы ақпарат бар. 4-деңгейлі коммутацияның қарапайым анықтамасы – тек МАС немесе ІР адрес негізінде ғана емес, порт нөмірі секілді 4-деңгейдің параметрі негізінде де дестені тарату жайлы шешім қабылдау мүмкіндігі.

Маршрутизаторлар транспортты деңгей ақпараты негізінде трафикті басқара алады. Осы әдістің бірі рұқсаттың кеңейтілген тізімін құрастыру болып табылады (extended access lists).

Коммутаторлар  4-деңгейдің қызметін орындағанда олар тақырып ішіндегі TCP және UDP өрістерін оқиды да, осы дестеде ақпараттың қандай типі таратылып жатқанын анықтайды. Желі әкімшісі коммутаторды бағдарлап қоюы мүмкін: қосымша басымдылығына сәйкес тарфикті өңдеу. Бұл функция соңғы пайдаланушылар үшін сервис сапасын анықтауға мүмкіндік береді. Сервис сапасы анықталғанда, коммутация 4-деңгей коммутациясы пошталық хабарлама немесе FTP дестесіне қарағанда бейнеоконференция трафигіне көбірек өткізу жолағын бөледі. Егер таңдалған саясат трафикті басқаруды қосымша бойынша бөлу немесе әр қосымша шығаратын трафик көлемін есептеу керек болғанда 4-деңгей коммутациясы қажет. Бірақ 4-деңгей коммутациясын орындаушы коммутаторларға коммутация кестесінің үлкен санын анықтау және сақтау мүмкіндігі қерек болатын айта кету керек.

 

1 зертханалық жұмыс. Коммутатордың параметрлерін баптау

 

Жұмыстың мақсаты: DES-3526 коммутаторын баптап, жұмысын оқып үйрену.

 

1.1 Алдын ала дайындық

 

D-Link коммутаторларының коммутация деңгейлер бөлігін қайталау (коммутаторлар бойынша дәрістер).

 

1.2 Жұмысты орындауға тапсырма

 

1.2.1 Құрылғыларды коммутаторға қосу үшін қолданатын кабельдердің түрлерін анықтау.

1.2.2 HyperTerminal бағдарламасының параметрлерін тексеру және өзгерту.

1.2.3 HyperTerminal бағдарламасы бар компьютерді қолданып, коммутатордың консоліне қосылу.

Ескерту: Қажетті құрылғылар:

-  компьютер – 2 дана;

-  DES-3526 коммутаторы – 1 дана.

 

1.3 Жұмыс орындаудағы әдістемелік нұсқамалар

 

1.3.1 Коммутатордың алдыңғы және артқы панелін зерттеу.

 

 

1.1 сурет - DES-3526 коммутаторының сыртқы көрінісі

 

1.3.2 HyperTerminal бағдарламасының параметрлерін баптау.

Windows операциялық жүйесінде Пуск/Программы/ Стандартные/Связь/HyperTerminal таңдаңыз. Байланыстың атын енгізіңіз.

                      а)                                                         б)

 

1.2 сурет - Байланыстың атын енгізу және қосылу түрін анықтау терезесі

 

Коммутаторға қосылған СОМ-портты таңдаңыз. Порт параметрлерін орнатыңыз:

 

 

1.3 сурет - Порт параметрін анықтау терезесі

 

HyperTerminal бағдарламасы орнатылған копмпьютерді қолданып, коммутатордың консоліне қосылу (логин- “admin”, пароль- “admin”).

HyperTerminal бағдарламасында «show switch» командасы арқылы коммутатордың сипаттамаларын анықтаңыз.

 

1.6 сурет

 

Ескерту: ары қарай HyperTerminal-дың барлық командалары қою шрифтпен беріледі. Әр жұмыстың алдында reset config жасаңыз.

 

Коммутаторға жаңа IP-адрес орнатыңыз. Коммутатордың IP-адресі компьютердің IP- адрестерінің адрестер диапазонынан болуы қажет.

 

DES-3526# config ipif System ipaddress xxx.xxx.xxx.xxx/8,

xxx.xxx.xxx.xxx - IP-адрес

/8-желі асты маскасы

Сіздің бригадаңыздың мүшелері үшін әртүрлі артықшылық деңгейлері бар тізімдік жазбаларын жасаңыз.

 

DES-3526# create account admin/user <username>

 

Жасалған тізімдік жазбаларды қараңыз.

 

DES-3526#show account

 

Ескерту: Өзіңіз орнатқан логин мен парольді есте сақтаңыз!

 

IP конфигурациясын тексеріңіз.

 

DES-3526#show ipif

Порттардың конфигурациясын тексеріңіз.

DES-3526#show ports

 

Коммутатордың қазіргі конфигурациясын қараңыз.

 

DES-3526#show switch

 

Коммутатордың барлық баптауларын қалпына келтіру.

 

DES-3526#reset config

 

1.4 Тиісті қорытындылар жасап, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз

 

1.5 Бақылау сұрақтары

 

1.5.1 Коммутатор үлгісінің нөмерін анықтаңыз?

1.5.2 Коммутатордың консольді порты бар ма?

          1.5.3 Коммутатордың қорек көзінен ажыратқышы бар ма?

1.5.4 Коммутатордың алдыңғы пернетақтасында барлығы қанша порт бар?

1.5.5 10/100Мбит/с порттар саны қанша?

1.5.6 1000Мбит/с порттар саны қанша?     

1.5.7 Коннекторлардың қандай түрлері қолданылады (барлық порттар үшін атап өту)?

1.5.8 Коммутатордың алдыңғы пернетақтасында қандай индикаторлар орналасқан?

 

2 зертханалық жұмыс. Порттар және 802.lq  негізінде VLAN құру

 

 

Жұмыстың мақсаты: VLAN технологиясына түсінік беру және коммутаторларды баптау.

 

2.1 сурет

2.1 Алдын ала дайындық

 

VLAN тақырыбын дәрістен қайталап, пысықтаңыз.

 

2.2 Жұмыс орындауға тапсырма

 

2.2.1 2.1-суретте көрсетілген сұлбаны жинаңыз.

2.2.2 Әр коммутаторға VLAN-ды порттар және таңба негізінде баптау.

2.2.3 Әр коммутатордағы VLAN-ға порттар қосыңыз.

2.2.4 Ping тестін жүргізіңіз.

 

2.3 Қажетті жабдықтар

 

Коммутатор DES-3526: 2.

Компьютер саны: 4.

Ethernet кабелі (RJ-45):6.

Консольдік кабель (COM-порт):2.

 

2.4 Жұмыс орындаудағы әдістемелік нұсқамалар

 

2.4.1 А коммутаторын баптаңыз.

 

Бастапқы VLAN-нан порттарды алып тастаңыз, басқа VLAN-да қолдану үшін.

 

DES-3526#config vlan default delete 1-24

 

v2 және v3 VLAN-дарын құрыңызда, сәйкес VLAN-дарға таңбаланбаған порттарды белгілеңіз.

 

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-12

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add untagged 13-24

 

2.4.2 В коммутаторын баптау.

 

Бастапқы VLAN-нан порттарды алып тастаңыз, басқа VLAN-да қолдану үшін

 

DES-3526#config vlan default delete 1-24

 

v2 және v3 VLAN-дарын құрыңыз да, сәйкес VLAN-дарға таңбаланбаған порттарды белгілеңіз.

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-12

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add untagged 13-24

 

Екі коммутаторда VLAN-ның бапталуын тексеріңіз.

 

DES-3526#show vlan

 

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

2.5 Тиісті қорытындылар жасап, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз

 

2.6 Бақылау сурақтары

 

2.6.1 VLAN  технологиясының ұстанымын түсіндіріңіз.

2.6.2 VLAN  түрлері қандай?

2.6.3 Порттар негізіндегі виртуалды желілер.

2.6.4 802.lq   таңба негізіндегі виртуалды желілер.

2.6.5  МАС адрестер негізіндегі виртуалды желілер.

2.6.6  Порттар күйін атаңыз.

2.6.7 Бір желідегі  портты өшіріп, басқасына қосу.

2.6.8 Браузер арқылы  виртуалды желі құрыңыз.

 

3 зертханалық жұмыс. Арналарды біріктіру командалары (802.3ad)

 

Жұмыстың мақсаты: бұл зертханалық жұмыс студенттерге D-Link коммутаторындағы арналарды біріктіру негізінде жоғары жылдамдықты магистральды алу.

 

 

3.1 сурет

 

3.1 Алдын ала дайындық

 

Арналарды біріктіру қағидаларын, тәсілдерін қайталау.

 

3.2 Жұмысты орындауға тапсырма

 

3.2.1 А коммутаторына арналарды біріктіру тобын баптаңыз.

3.2.2 В коммутаторына арналарды біріктіру тобын баптаңыз.

3.2.3 FTP сервердің көмегімен файлды жіберу.

3.2.4 Filezilla бағдарламасы көмегімен файлды қабылдау.

 

Ескерту: қажетті құрылғылар:

- DES-3526 коммутаторы – 2 дана;

- Flash FTP және Filezilla бағдарламасы бар компьютер – 4 дана;

- Ethernet кабелі (RJ-45) – 7 дана;

- консольдік кабель (COM-порт) – 2 дана.

 

3.3 Жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

3.3.1 А коммутаторын баптау (порттар 2,4,6,8).

Арналарды біріктіру тобын құру.

DES-3526#create link_aggregation group_id 1 type static

 

Арналарды біріктіру алгоритмін анықтау.

DES-3526#config  link_aggregation algorithm mac_source_dest

 

Арналарды біріктіру тобының порттарын белгілеу.

DES-3526#config link_aggregation group_id 1 master_port 2 ports 2,4,6,8 state enable

 

3.3.2 В коммутаторын баптау (порттар 1,3,5,7).

Арналарды  біріктіру тобын құру.

DES-3526#create link_aggregation group_id 1 type static

 

Арналарды біріктіру алгоритмін анықтау.

DES-3526#config link_aggregation algorithm mac_source_dest

 

Арналарды біріктіру тобының порттарын белгілеу.

DES-3526#config  link_aggregation group_id I master_port 1 ports 1,3,5,7 state enable

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

3.3.3 FlashFXP бағдарламасын ашу керек (Пуск – программы - FlashFXP).

 

3.2 сурет

 

3.3 сурет

3.3.4 Filezilla бағдарламасын іске қосқаннан кейін хостың, FTP серверінің адресін көрсетіп  қосылу керек. Байланыс орнатылғаннан кейін, оң жақтағы алаңда FTP серверінде жіберген файлдар пайда болады.

Тінтуірдің оң баспасын басу арқылы тапсырма бойынша берілген файлды оң жақтағы терезеден сол жақтағы терезеге көшіру керек.

 

 

3.4 сурет

 

3.5 Алынған мәндерді талдау және қорытынды жасай отырып, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз

 

3.6 Бақылау сұрақтар

 

3.6.1 Арналарды біріктіру дегеніміз не?

3.6.2 Арналарды  біріктіру қандай мақсатпен қолданады?

3.6. Арналарды  біріктірудің қандай түрлерін білесіз?

3.6.4 LACP хаттамасы не үшін қолданылады?

3.6.5 Арналарды біріктіру алгоритмдерін атаңыз?

3.6.6 Қандай команданың көмегімен арналарды біріктіруді баптауға болады?

3.6.7 Қанша коммутаторды қолданып, нені орындауға болады?

3.6.8 Топ идентификаторы дегеніміз не?

 

4 зертханалық жұмыс. Асимметриялық VLAN және күре жолды сегменттеу

 

Жұмыстың мақсаты: қолданушыларды асимметриялық VLAN мен күре жолды сегменттеу мәзірлерімен таныстыру.

 

4.1 Бастапқы дайындық

 

Асимметриялық VLAN және күре жолды сегменттеу бөлімін қайталау.

 

4.2 Жұмысқа тапсырма

 

4.2.1 Асимметриялық VLAN-ды құру, оны тексеру.

4.2.1 Әр коммутаторда күре жолды сегменттеу командасын баптау.

 

4.3 Жұмысқа қажетті жабдықтар

 

Коммутатор DES-3526: 2

          Компьютер саны: 4.

Кабель Ethernet (RJ-45):6.

Консольдік кабель (COM-порт):2.

 

4.4 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

4.4.1 Асимметриялық VLAN-ды құру (4.1 суретті қара).

 

4.1 сурет

 

Асимметриялық VLAN-ның жүйесін коммутаторда құрыңыз.

 

DES-3526#enable asymmetric_vlan

 

VLAN-ның барлық порттары дұрыс берілгенін тексеріңіз.

DES-3526#show vlan

 

VLAN-ды таңбамен құрыңыз.

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#create vlan v3 tag 3

 

VLAN-ға таңбаланбаған порттарын беріңіз.

 

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-16

DES-3526#config vlan v3 add untagged 1-8, 17-24

 

Ping тестін қолданыңыз. Тестілеу нәтижесін кестеге енгізіңіз.

 

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

GVRP-ға тексеріңіз.

 

DES-3526#show gvrp

 

Барлық VLAN-ға PVID белгілеңіз.

 

DES-3526#config gvrp 1-8 pvid 1

DES-3526#config gvrp 9-16 pvid 2

DES-3526#config gvrp 17-24 pvid 3

 

GVRP-ні қайтадан тексеріңіз.

 

DES-3526#show gvrp

 

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Тестілеу нәтижесін кесте тұрғызып енгізіңіз.

 

4.4.2 Күре жолды сегменттеу (4.2 суретті қара).

 

 

4.2 сурет

 

4.4.2.1 А коммутаторында трафикті сегменттеуді баптаңыз.

 

DES-3526#config traffic_segmentation 1-4 forward_list 1-24

DES-3526#config traffic_segmentation 6 forward_list 1-6

DES-3526#config traffic_segmentation 9-16 forward_list 1-4, 9-16

DES-3526#config traffic_segmentation 17-24 forward_list 1-4, 17-24

 

4.4.2.2 В коммутаторында трафикті сегменттеуді баптаңыз.

 

DES-3526#config traffic_segmentation 1 forward_list 1-24

DES-3526#config traffic_segmentation 2-16  forward_list _list 1-16

DES-3526#config traffic_segmentation 17-24 forward_list 1, 17-24

 

Коммутатордың бапталуын тексеріңіз.

 

DES-3526#show traffic_segmentation

 

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Тиісті қорытындылар жасап, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз.

 

4.5 Бақылау сұрақтары

 

4.5.1 Асимметриялық VLAN дегеніміз не?

4.5.2 Асимметриялық VLAN-ның симметриялықтан айырмашылығы қандай?

4.5.3 Асимметриялық VLAN-ды баптағанда қандай шектеулерді білесіз.

4.5.4 GVRP хаттамасы арқылы нені көруге болады?

4.5.5 Күре жолды сегменттеуді не үшін қолданады және мағанасы неде?

4.5.6 Қандай командалардың көмегімен күре жолды сегменттеу іске асырылады?

4.5.7 PVID және VID мағынасы неде?

4.5.8 Ортақ күре жол дегеніміз не?

 

 

5 зертханалық жұмыс. STP, RSTP, MSTP тіректі ағаш хаттамасының командаларын баптау

 

Жұмыс мақсаты: тіректі ағаш хаттамасының қызметі мен мақсатын түсіну, сонымен қатар бұл хаттама D-Link коммутаторында қалай бапталатынын білу.

 

5.1 Алдын ала дайындық

 

STP, RSTP, MSTP хаттамаларының жұмыс жасау қағидалары мен порттар күйін қайталау.

 

5.2 Жұмыс орындауға тапсырма

 

5.2.1 STP баптамасын тексеру, порттар жағдайларын және олардың екі коммутатордағы рөлі.

5.2.2 Әр VLAN үшін тіректі ағашты баптау.

5.2.3 Жүктемені реттеу үшін MSTP (802.1s) көптік тіректі ағашты баптау.

Ескерту: қажетті құрылғылар:

- DES-3526 коммутаторы – 2 дана;

- Компьютер саны – 4 дана;

- Ethernet кабелі (RJ-45) – 4 дана;

- Консольдік кабель (COM-порт) – 1 дана.

 

5.3 Жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

5.3.1 RSTP (802.1w) үдемелі тіректі ағашының баптамасы.

А коммутаторының баптамасы. HyperTerminal бағдарламасы арқылы бастапқы түрде VLAN IP адресін баптаңыз (бірінші зертханалық жұмыста қосылу көрсетілген).

 

DES-3526#config  ipif System ipaddress 192.168.1.1/24

DES-3526#enable stp

 

STP тіректі ағашының баптамасын тексеріңіз.

DES-3526#show stp

 

Үдемелі тіректі ағаш STP бастапқы түрде таңдалған. Егер жоқ  болса, оны қосыңыз.

DES-3526#config stp version rstp

 

Тамырлы коммутатор болу үшін, төменгі приоритет қондырыңыз (бастапқы түрде приоритет = 32768) және қалған порттарды шеткі етіңіз.

 

DES-3526#config stp priority 4096 instance_id 0

 

DES-3526#config stp ports 1:5-1:24 edge true

 

5.3.1.2 В коммутаторының баптамасы.

Бастапқы түрде VLAN IP адресін баптаңыз (№1 зертханалық жұмыста қосылу көрсетілген) және STP тіректі ағашын қосыңыз. Тіректі ағашының баптамасын тексеріңіз.

DES-3526#config ipif System ipaddress 192.168.1.5/24

DES-3526#enable stp

DES-3526#show stp

 

Үдемелі тіректі ағаш STP қосылғаннан кейін бастапқы түрде таңдалған. Егер жоқ  болса, оны қосыңыз. Қалған порттарды шеткі етіңіз.

 

DES-3526#config stp version rstp

DES-3526#config stp ports 1:5-1:24 edge true

 

STP баптамасын, порттар жағдайларын және олардың екі коммутатордағы рөлін тексеру.

 

DES-3526#show stp ports

 

Нұсқаулық жолды ашыңыз Пуск/Программы/Стандартные/ Командная строка. РС1 ден РС2 ге және керісінше созылмалы ping нұсқауын орындаңыз (крестердің орнына байланыс орнатылатын IP адресі тағайындалады), «ping» нұсқауын тоқтату үшін Ctrl+C пернелер терімін тереміз.

 

5.2 сурет

 

 

5.3.2 Әр VLAN үшін жабқыш ағашты баптау.

 

5.3.2.1 А коммутаторын баптау. Басқа VLAN қолдану үшін, VLAN-нан бастапқы түрде порттарды өшіріңіз.

 

DES-3526#config vlan default delete 1-24

 

VLAN v2 және v3 құрыңыз және әр VLAN үшін таңбаланбаған порттарды тағайындаңыз.

 

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-12

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add untagged 13-24

 

STP қосыңыз және жағдайын тексеріңіз.

 

DES-3526#enable stp

DES-3526#show stp ports

 

HyperTerminal бағдарламасының терезесінде STP жағдайы туралы мәлімет шығады. MSTP қосыңыз.

 

DES-3526#config stp version mstp

DES-3526#config stp mst_config_id name abc

DES-3526#config stp mst_config_id revision level 1

DES-3526#create stp instance_id 2

DES-3526#config stp instance_id 2 add_vlan 2

DES-3526#create stp instance_id 3

DES-3526#config stp instance _id 3 add_vlan 3

 

STP приоритетін ол тамырлы болатындай етіп баптаңыз. Приоритет 4096 болуы тиіс, бастапқы түрде =327687

 

DES-3526#config stp priority 4096 instance_id 0

DES-3526#config stp priority 4096 instance_id 2

DES-3526#config stp priority 4096 nstance_id 3

 

Қалған порттарды шеткі етіңіз.

 

DES-3526#config stp ports 1-10 edge true

  DES-3526#config stp ports 13-22 edge true

 

5.3.2.2 В коммутаторын баптау. Басқа VLAN қолдану үшін, VLAN-нан бастапқы түрде порттарды өшіріңіз.

 

DES-3526#config vlan default delete 1-24

 

VLAN v2 және v3 құрыңыз және әр VLAN үшін таңбаланбаған порттарды тағайындаңыз және STP-ді қосыңыз.

 

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-12

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add untagged 13-24

DES-3526#enable stp

 

Кабельдерді 5.4 суреттегідей қосыңыз. 10, 11 VLAN 2 үшін және  22, 23 порттарды VLAN 3 үшін қолданыңыз.

 

5.3 сурет

 

STP жағдайын тексеріңіз.

DES-3526#show stp ports

 

MSTP қосыңыз.

 

DES-3526#config stp version mstp

DES-3526#config stp mst_config_id name abc

DES-3526#config stp mst_config_id revision_level 1

DES-3526#create stp instance_id 2

DES-3526#config stp instance_id 2 add vlan 2

DES-3526#create stp instance_id 3

DES-3526#config stp instance_id 3 add_vlan 3

 

Қалған порттарды шеткі етіп тағайындаңыз.

 

DES-3526#config stp ports 1-10 edge true

DES-3526#config stp ports 13-22 edge true

Ping тестісін қосып тексеріңіз. Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Екі коммутатордағы порттар жағдайын тексеріңіз. Тест нәтижесін өңдеп есепке енгізіңіз.

 

DES-3526#show stp ports

 

Тиісті қорытындылар жасап, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз.

5.3.3 Жүктемені реттеу үшін MSTP (802.1s) көптік тіректі ағашты баптау.

 

 

5.4 сурет

5.3.3.1 А коммутаторын баптау. Басқа VLAN қолдану үшін, VLAN-нан бастапқы түрде порттарды өшіріңіз.

 

DES-3526#config vlan default delete 1-22

 

VLAN құрыңыз, VLAN-ға порттарды қосыңыз және VLAN үшін IP интерфейс жасаңыз.

 

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add untagged 1-10

DES-3526#config vlan v2 add tagged 23-24

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add untagged 11-22

DES-3526#create vlan v3 add tagged 23-24

 

MSTP қосыңыз.

 

DES-3526#enable stp

DES-3526#config stp version mstp

DES-3526#config stp mst_config_id name abc

DES-3526#config stp mst_config_id revision_level 1

DES-3526#create stp instance_id 2

DES-3526#config stp instanc_ id 2 ad_ vlan 2

DES-3526#create stp instance_id 3

DES-3526#config stp instance_id 3 add_vlan 3

 

STP приоритетін ол тамырлы болатындай етіп алыныз.

 

DES-3526#config stp priority 4096 instance_id 0

DES-3526#config stp priority4096 instance_id 2

DES-3526#config stp priority4096 instance_id 3

 

v2 үшін 23, v3 үшін 24 порты активті болатындай етіп беріңіз. Қалған порттарды шеткі етіп тағайындаңыз.

 

DES-3526#config stp mst_ports 23 instance_id 2 priority 96

DES-3526#config stp mst_ports 24 instance_id 3 priority 96

DES-3526#config stp ports 1-22 edge true

 

 

5.3.3.2 В коммутаторын баптау. Басқа VLAN қолдану үшін, VLAN-нан бастапқы түрде порттарды өшіріңіз.

 

DES-3526#config vlan default delete 1-22

VLAN құрыңыз, VLAN-ға порттарды қосыңыз және VLAN үшін IP интерфейс жасаңыз.

 

DES-3526#create vlan v2 tag 2

DES-3526#config vlan v2 add imtagged 1-10

DES-3526#config vlan v2 add tagged 23-24

DES-3526#create vlan v3 tag 3

DES-3526#config vlan v3 add imtagged 11-22

DES-3526#config vlan v3 add tagged 23-24

 

MSTP қосыңыз.

 

DES-3526#enable stp

DES-3526#config stp version mstp

DES-3526#config stp mst_config_id name abc

DES-3526#config stp mst_confi_ id revisio_ level 1

DES-3526#create stp instance_id 2

DES-3526#config stp instance_id 2 add_vlan 2

DES-3526#create stp instance_id 3

DES-3526#config stp instance_id 3 add_vlan 3

 

Қалған порттарды шеткі етіп тағайындаңыз.

 

DES-3526#config stp ports 1-22 edge true

 

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Екі коммутатордағы STP жағдайын тексеріңіз.

 

DES-3526#show stp ports

 

Тиісті қорытындылар жасап, зертханалық жұмыстың есебін дайындаңыз.

 

5.4 Бақылау сурақтары

 

5.4.1 Тіректі ағаш хаттамасы дегеніміз не?

5.4.2 RSTP хаттамасының ерекше жақтары қандай?

5.4.3 MSTP хаттамасы несімен ерекше және не үшін қолданылады?

5.4.4 RSTP мен MSTP арасындағы айырмашылық.

5.4.5 Порттар қанша күйде бола алады?

5.4.6 BPDU кадрының форматы.

5.4.7 STP-дың кірістік және шығыстық порттары.

5.4.8 STP хаттамасының жұмыс жасау алгоритмін түсіндіріңіз? Тамырлы коммутаторды қандай критерийлер бойынша таңдайды?

 

 

6 зертханалық жұмыс. Порттарды бейнелеу командасын баптау

 

Жұмыстың мақсаты: порттарды бейнелеуді қолдану және оларды баптау тәсілдерін үйрену.

 

6.1 Алдын ала дайындық

 

«Порттарды  бейнелеу» (Port Mirroring) бөлімін қайталаңыз.

 

6.2 Жұмыс орындауға тапсырма

 

6.2.1 Порттарды бейнелеу сұлбасын жинаңыз.

6.2.2 Күре жолды талдау Wireshark бағдарламасын қосып компьютерлер арасындағы трафикті байқаңыз.

 

6.3 Қажетті жабдықтар

 

Коммутатор DES-3526: 1.

Компьютер саны: 2.

Ethernet кабелі (RJ-45):2

Консольдік кабель (COM-порт):1.

 

 

6.1 сурет

 

6.5 Жұмыс орындауға әдістемелік нұсқамалар

 

6.5.1 Коммутаторды баптаңыз. Порттардың бейнеленуін төмендегі команда көмегімен белгілеңіз.

 

DES-3526#conjig mirror port 1:1 add source ports 13-24 both

DES-3526#enable mirror

 

Рing тестісін орындаңыз. Алынған нәтижені кестеге енгізіңіз.

 

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

6.5.2 Күре жолды талдау Wireshark бағдарламасын қосып компьютерлер арасындағы трафикті байқаңыз.

 

 

6.2 сурет

 

 тетігін басыңыз.

 

6.3 сурет

 

6.4 сурет

 

Талдау терезесінде дестелердің қалай таратылатынын көруге болады.

Wireshark бағдарламасының негізгі терезесінде дестелердің қандай хаттамалармен таратылу процесін көруге болады.

 

6.7 сурет

 

Егер де күре жолды тағы көргіңіз келсе, «Continue without Saving» тетігін тағы бір рет басыңыз да барлық қадамдарды қайталаңыз.

 

6.8 сурет

 

Компьютердегі порттардың бейнеленуін өшіріңіз.

 

DES-3526#disable mirror

 

Рing тестісін орындаңыз. Алынған нәтижені кестеге енгізіңіз.

 

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Wireshark бағдарламасын тағы қосып, байқап көріңіз. Нәтижелерін өңдеп, есепке енгізіңіз.

 

6.6 Бақылау сұрақтары

 

6.6.1 «Порттарды бейнелеу» ұстанымын түсіндіріңіз.

6.6.2 Wireshark бағдарламасы қандай мақсатта қолданылады?

6.6.3 Wireshark бағдарламасының негізгі терезесінде не көрсетіледі?

6.6.4 Порттар бейнелеуін алып тастағаннан кейін жүргізілген ping тестің қорытындысын түсіндіріңіз?

6.6.5 Тестілеу кезінде компьютерлер арасында қанша пакет таратылады?

6.6.6 Қандай хаттамалармен пакеттер таратылады?

6.6.7 ICMP хаттамасының қызметі?

6.6.8 Ethernet кадрының форматы қандай өрістерден тұрады?

 

7 зертханалық жұмыс. Порттарды корғау командалары баптау

 

Жұмыстың мақсаты: тұтынушының D-Link комутаторының порттарын  корғаудың негізгі жүйелерімен таныстыру.

 

7.1 Алдын ала дайындық.

 

«Порттарды қорғау» (Port Secupity) бөлімін қайталау.

 

7.2 Жұмысты  орындауға тапсырма

 

7.2.1 Порттарды қорғаудың сұлбасын құру.

7.2.2  Web-браузер арқылы портты қорғауды жүзеге асырыңыз.

 

7.3 Қажетті жабдықтар

 

Коммутатор DES-3526: 1.

Компьютер саны: 2.

Ethernet кабелі (RJ-45):2.

Консольдік кабелі (COM-порт):1.

7.1 сурет

 

7.4 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

МАС адрестерді орнату. Internet Explorer Web-браузерін ашу. «Адрес» өрісінде комутатор IP-адресін жазу.

 

 

7.2 сурет

 

Тінтуірдің сол батырмасымен «Login» айналмалы белгісіне басу. Пайда болған терезеде  логин және паролін енгізу. ОК батырмасын басу.

Сол жақ терезедегі «Configutation» папкасына тінтуірдің сол жақ батырмасын басу. Кейін «IP-MAC Binding», «IP-MAC Binding table».

 

7.3 сурет

 

МАС-ті өзгертетін компьютердің IP-адресін теріңіз. Кейін сол компьютердің қажетті МАС адресін жазу, «All ports» опциясындағы белгілемені алып тастау  және берілген МАС адрес меншіктелетін компьютер қосылған портты меңзеу. Кейін  батырмасын басу. Астында жаңа МАС адрес пайда болады.

7.4 сурет

Коммутаторды баптау.

DES-3526#config port_security ports 1-24 admin_state enable max_learning_addr 1

Портқа белгілі болған MAC адресті тексеріңіз. Компьютерлер адресі тіркелген адреспен сәйкестігін тексеріңіз.

DES-3526#show fdb port 4

DES-3526#show fdb port 14

 

Ping тестісін жүргізіңіз.

РС1-ден РС2-ге - ping 192.168.1.1

және керісінше - ping 192.168.1.5

 

Тестің нәтижелерін кестеге енгізіңіз. Компьютердердің порттарының орындарын ауыстырыңыз, ping тестісін тағы да орындаңыз.

 

 

7.6 Бақылау сұрақтары

 

7.6.1 «Порттарды қорғау» мағынасы неде?

7.6.2 «Порттарды қорғау» не үшін қолданады?

7.6.3 МАС адрес дегеніміз не?

7.6.4 Компьютерлердің порттарының орындарын ауыстырғаннан кейінгі ping тестісінің нәтижесін түсіндіріңіз.

7.6.5 Порттарды керісінше өзгертпей, тестің нәтижелерін өзгертуге бола ма?

7.6.6 Коммутаторда қанша порт бар?

7.6.7 Порттарды қорғаудың неше тәсілі бар?

7.6.8 Коммутаторларға қандай критерийлері бойынша қорғау орнатуға болады?

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.     Шелухин О.И., Лукьянцев Р.Ф. Цифровая обработка и передача речи. – М.: Радио и связь, 2000. – 454 с.

2.     Гольдштейн Б.С., Пинчук А.В., Суховицкий А.Л. IP-телефония. – М.: Радио и связь, 2001. – 336 с.

3.  Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы. В.Г. Олифер, Н.А. Олифер. – СПб.: Питер, 2000. - 264 c.

4.  Чежимбаева К.С., Калиева С.А. Учебное пособие. Применение сетевого оборудования для локальных сетей. АИЭС. - Алматы, 2010. – 82 с.

5.  Чежимбаева К.С., Калиева С.А. Конспект лекций. Технологии пакетной коммутации. АИЭС. - Алматы, 2010. – 58 с.

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                              3

1 зертханалық жұмыс. Коммутатордың параметрлерін баптау                 5

2 зертханалық жұмыс. Порттар және 802.lq  негізінде VLAN құру          8

3 зертханалық жұмыс. Арналарды біріктіру командалары (802.3ad)      10

4 зертханалық жұмыс. Асимметриялық VLAN және күре

 жолды сегменттеу                                                                                                  14

5 зертханалық жұмыс. STP, RSTP, MSTP тіректі ағаш

хаттамасының командаларын баптау                                                                    17

6 зертханалық жұмыс. Порттарды бейнелеу командасын баптау            24

7 зертханалық жұмыс. Порттарды корғау командалары баптау              27

Әдебиеттер тізімі                                                                                          30

 

2013ж жинақтық жоспары,  реті  99