Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Автотоматты  электробайланыс кафедрасы 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК  МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В071900 -  «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандықтарының  барлық оқу түрлерінің студенттері үшін өндірістік машықтану жұмысын орындауға  арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

Алматы 2012 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР:   Қ.С. Чежимбаева, Д.А. Абиров. 5В071900 -   «Радиотехника,  электроника  және телекоммуникациялар» мамандықтарының  барлық оқу түрлерінің студенттері үшін өндірістік машықтану жұмысын орындауға  арналған әдістемелік нұсқау.  - Алматы:  АЭжБУ, 2012.- 13б.

  

ҚР  5.03.005 -2009  МЖМБС негізінде жазылған бұл  әдістемелік нұсқауда, өндірістік машықтану бакалаврларды оқыту циклының аяқталуының негізі болып табылады. Дипломдық жұмысты жазу үшін керекті деректер жинау және өңдеу өндірісті тәжірибені жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Көбісінде жоғарыда айтылған тәжірибеден өту болашақ  жұмыс орны ықпал етеді. Бұндай іске асыру әдістемелік нұсқауда нақты жазылған. 

 

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., проф. К.Х. Тұманбаева 

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. баспа жоспары бойынша басылады. 

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж

 

Кіріспе 

Өндірістік машықтану болашақ маманның қалыптасуы мен оқу  үрдісінің маңызды құраушы бөлігі, оның өндірістік кәсіпорынның телекоммуникациялық жүйесімен танысуы, нақты құралда физикалы-химиялық үрдісін үйрену, сонымен қатар ұйымдастыру, техникалық жүйені басқару машықтануда ақпараттық технологияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін пайдалану бойынша біліктілігін жетілдіру  болып табылады.

Мамандарды дайындау бүгінгі заманда көптеген модельдердің көбейуіне  байланысты жобаларды, зерттеулерді сәйкес оқуды талап етеді. Өндірістік машықтану жұмысын орындау уақытында студенттер оқу үрдісі кезіңдегі алған білімін тереңдетумен қатар, бір немесе екі жұмысшы мамандығының міңдеттерін атқара отырып, өндірістегі еңбекті ұйымдастырудын алдынғы тәсілдерімен танысуы керек.  Сонымен қатар ол көліктік желінің, қосылу желісінің дамуымен және жетілдіру ерекшіліктерін, қазіргі замандағы электробайланыстын көрсететін қызметтерімен танысуы қажет, өндірісте қолданылатын құрылғылардың функцияларымен, техникалық параметрлерін оқып зерттеуі керек (ақпаратар ағыны, құрылғыларды резервтеу, кросскоммутация матрицасының көлемі, кіріс-шығыс көлемі және т.б.)

5В071900 -  «Радиотехника,  электроника   және телекоммуникациялар» мамандықтарының  дайындау оқу жоcпарына, академиялық күнтізбеге  сәйкес өндірістік машықтану өтеді:

- бірінші өндірістік машықтану– 3-курста,

- екінші өндірістік машықтану– 4-курста. 

Өндірістік машықтану қоры ретінде телекоммуникациямен, ақпараттық-басқару жүйелерін монтаждау мен жөндеу жобаларымен айналысатын қазіргі заманғы өнеркәсіптік мекемелер мен ұйымдар болады. Сонымен қатар АЭжБУ және басқа жоғарғы оку орындарының зертханаларымен, кафедралары болып табылады.

 

1         Өндірістік машықтану мақсаты

 

ҚР  5.03.005 -2009. МЖМБС-мен анықталған  мамандандырылған сипаттағы өндірістік  машықтану келесі мақсаттардан тұрады:

- телекоммуникация жүйелері, басқарудың автоматтандыру жүйесі, сонымен қатар технологиялық құралдарының құрылысы мен құрастыруын меңгеру негізінде арнайы және жалпы білім пәндері бойынша студенттердің алған білімдерін толықтыру мен түйіндеу;

- өнеркәсіптік мекеменің эксплуатациялы мамандарының жұмысына тікелей қатысу мен визуалды қадағалау;

- инженерлі-техникалық маманның ұйымдастырушы жұмысының негіздерін үйрену және жобалық өндіруін меңгеру негізінде;

- өнеркәсіптік мекеменің қосымша және негізгі қондырғыларының режімді сипаттамалары, эксплутация техникаларын және конструктивті шешімдерді үйренуде, қызмет етуші агрегаттың техникалық шарттары негізінде  дипломдық жоба (бітіруші жұмысы) бойынша материал жинау;

- студентті басқару ұйымымен, еңбекті ұйымдастыру мен жобалау жүйесімен, қазіргі заманғы маркетинг пен бизнес-жобаны құрастырумен таныстыру;

- арнайы және жалпы білім пәнін меңгеру кезінде алынған тәжірибелік біліктілік пен теоретикалық білімді толықтыру мен түйіндеу;

- телекоммуникация жүйелерін, автоматтандыру жүйесін жобалау, монтаждау және эксплуатациялау бойынша біліктілігін түйіндеу;

- өнеркәсіптік мекеменің өндірістік қызметінің негізгі техника-экономикалық және экологиялық көрсеткіштері бойынша материал жинау;

- қызмет етуші мекеменің шартына сай инженерлі-техникалық жұмыскердің қызмет біліктілігін алу, сонымен қатар еңбек ұжымында өндірістік қатынасын үйрену;

- студенттерді эксперименталды зерттеуді, тәжірибелік және әдеби мәліметтерді өңдеуді, сонымен қатар мәліметтердің патентті және библиографикалық іздеулерді жүргізуде біріншілік біліктілігін беру мақсатында кафедрадағы ғылыми жұмыстар негізі туралы таныстыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідегідей тапсырмалар реті қарастырылады:

- дипломдық жоба тақырыбына сай келетін негізгі және қосымша құрал жұмыстарын, өндірістің технологиясын үйрену;

- дипломдық жоба тақырыбына байланысты студент мекемедегі бар телекоммуникация жүйелері,  автоматтандыру жүйесі бойынша техникалық әдебиет пен жобалық құжаттамалар қорына сәйкес ізденістеруді жүргізуі тиіс;

- Интернетті қолдана отырып, ұқсас жүйе бойынша ақпараттық іздеуді жүзеге асыру;

- өздік жұмысына студентті тікелей тәжірибелік дайындау;

- ұжымда ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін иелену.

2 Өндірістік машықтануға қатысушылардың құқығы мен міндеттері

 

2.1 Студентердің құқығы мен міндеттері

 

Студент өндірістегі бар техникалық құжаттармен және басқа  әдебиеттермен, жұмыс істеуге құқығы бар, оларды міндетті түрде орнына қайтаруы тиіс.

Машықтану алдында  кафедрадан машықтану күнделігін алған уақытта, студент  жеке тапсырманы, машықтану өту тәртібі туралы нұсқау алуға міндетті.   

Өндіріске келген уақытта студенттер мекеменің ішкі ережелері мен тәртіптеріне бағынады. Машықтану құжатында және мекеме бұйрығына сәйкес рәсімделетін қауіпсіздік техникасы бойынша сынақ тапсырады және нұсқаулықтан өтеді. Сонымен қатар студент жұмыс орынында өрт сөндірудін ережелері туралы нұсқау алуы қажет. Нұсқау алғаны туралы мекеменің қауіпсіздік техникасы журналына қол қоюға міндетті.

Машықтануды жалпы басқару үшін оқу орнынан жетекші оқытушы тағайындалады. Өндірісте машықтануды толық басқару үшін өндіріс орнынан жетекші тағайындалады. Машықтанудан келген соң студент бір жетінің ішінде есеп беруге міндетті.

Есеп АЭжБУ [2] стандартына сәйкес орындалуы қажет. Сонымен қатар студент толық толтырылған (мекеменің мөрлері, өндіріс орнынын жетекшісінің диференциалды қойған бағасы; пікірі) машықтану күнделігін кафедраға тапсыруы қажет;

Өндіріс орнының жетекшісінің бағасы (тоғыз баллдық шкаламен) және пікірге қойған қол таңбасы, мекемеге келген және қайтқан күндері мөрменен бекітеледі.

 

2.2 Жетекшілер міндеттері

 

  Машықтануды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмысы университеттен жетекшіні тағайындау мезетінен басталады. Ол оқытушының студент - машықтанушы контингенттерімен танысуды, практиканы ұйымдастыру бойынша қолданыстағы материалдарды үйренуді, олардың бітіруші жұыстарының тақырыбына сай студенттердің жеке тапсырмасының сұрақтарын дайындауды керек етеді.

Машықтануды жүргізу алдында университеттің жетекшісі келесі жұмыстарды өткізуі қажет:

- студенттермен ұйымдастыру  жиналысын  жүргізу. Жиналыста машықтануды өту реті, тапсырмасы, мақсаты, есеп орындауда бақылау мерзімін түсіндіру сұрақтары қаралуы керек;

- топпен мекемедегі қауіптілігі жоғары зоналарда тәртіп ережелерін, өнеркәсіптік мекемедегі өрт және жарылысты ескерту бойынша шараларды қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді үйрену;

- машықтану бойынша қажет құжат пен оқу- әдістемелік әдебиетті алу;

Машықтанудан өтуді бақылау студенттің дипломдық жобасының жетекшісі болып табылатын, университет жетекшісімен жүзеге асырылады.

Өндірістік-дипломалды машықтану бойынша есепті қорғау мен қабылдауды дипломдық жоба жетекшісінің қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Машықтану уақытынын азайтылуы немесе ауыстырылуы рұқсат етілмейді. Студент үш күн мерзімінде машықтанулық бағдарламаны орындауынын мүмкін еместігі жайлы машықтану жетекшісіне хабардар етуі керек.

Өндірістегі машықтану жетекшісі:

- университет жетекшісімен алдын – ала келісілген мерзімде жұмыс бағдарламаларын, машықтануды өтудің күнтізбелік жобаларын, жеке және жүйелік тапсырмалармен танысады және олардың орындалуын бақылайды;

- студенттердің жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, мекеменің үрдістерін және басқада сұрақтарды үйрену үшін шарттарды құрайды, қарастырылған бағдарламамен студенттің машықтану күнделік жүргізуін бақылайды.

 

3       Өндірістік машықтану құрамы

 

Студент машықтану уақыты кезінде өндірісте қойылған тапсырмаларды шешуге арналған сұрақтарды үйренеді. Сұрақтардың кез келгенін талқылағанда мекеменің мамандарының телекоммуникация жүйелері, басқару арқылы автоматтандыру жүйесін техникалық және эксплуатация қызметі бойынша әртүрлі жұмыс түрінде машықтанушылардың міндетті түрде жеке қатысуы қарастырылады.  Арнайы сұрақтармен қатар студент машықтану уақыты кезінде бітіруші жұмыстың сәйкес бөлімдерінің негізін құрайтын мекеме экономикасымен және ұйымдастырумен, еңбекті қорғаумен байланысты сұрақтарды жеке тапсырма ретінде қарастыруы қажет. 

 

4 Ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары 

 

 Ғылыми-техникалық ақпараттар дерекнамалары қатарында қолданылады:                            

а) кафедрада ұсынылған әдебиеттер;         

б) өндірістегі техникалық құжаттамалар:

- өндірістің техникалық  регламенттері;

- технологиялық карталары мен жұмыс нұсқаулары;

- паспорттары, техникалық түсініктемелері мен құрылғы сызбалары;

- жобалау материалдары;

- жаңа техниканы еңгізу жоспарлары мен есептері.

в) Интернет желісіндегі Web-сайтағы өндірістің ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары.

Қолданылған әдебиеттер машықтану есебінде көрсетілуі керек.

 

5 Жалпы тапсырма

 

Машықтанудан өту уақытында студенттер келесіні үйренуі керек:

- мекеменің өсу өзгерісі, кәсіпорындағы телекоммуникациялық жүйенің функциональдық құрылымы;

- телекоммуникациялық жүйенің техникалық негізі (құрылғысы), желі түрі, өткізу қабілеті, сенімділігі, басқарылуы, телекоммуникациялық жүйенің синхронизация құрылғыларына талабы;

- АТБ түрі, техникалық сипаттамалары мен конструктивтік ерекшіліктері, сиымдылығы (сыртқы және ішкі жолақтар саны), интерфейс түрі, станция басқарылуы, АТБ сервистік функциялары, сонымен қатар қандай сұрақтарды орындайды, қолданылған және жетілдірілген байланыс құралдарының техникалық сипаттамалары;

- арналармен тарату трактарының  негізгі параметрлерің  өлшеу тәсілдерімен  және бақылау-өлшегіш аппараттар жиынтығының техникалық сипаттамалары;

- телекоммуникациялық құрылғыларды жобалау және игеру көрсеткіш-техникалық құжаттары;

- телекоммуникациялық құрылғылар жұмысын  үздіксіз қамтамасыз ету талаптарының орындалуының техникалық шешімдері;

-  кәсіпорнындағы еңбекті қорғаумен байланысты сұрақтарды шешуі;

- құрылғылардың белгілі түрлерін күту мен игеру, құрылғылардың зияндануын табу және жөндеуінің тәртіптері;

- бүгінгі күні қолданылған бағдарламармен, аппараттар жиынтығына қойылатын   функциональдық   сипаттамалар   талаптар мәселесін  шешілуі,

шешетін сұрақтар тізімі және  олардың өзектілігі.

Сонымен қатар студент келесі жұмыстарды орындауы керек:

- перспективті техноло­гияны және көрсететін қызмет таңдауымен қатар көрсетілген қызметтерді талдау;

-   көліктік және қосымша телефондық желінің жағдайын талдау;

- пайдаланушылардың желі операторына қосылу мүмкінділігін ұйымдастыруды талдау;

- телекоммуникация жүйесіндегі және байланыс құрылғыларында ақпараттар алмастырудың негізгі пішіндерің, негізгі техникалық сипаттамалары мен жұмысының физикалық прициптерің талдау;

- пайдаланушыларға көрсететін барлық қызметтерді ескере отырып, қосылу мүмкінділігінің архитектурасы мен радиоқосылу жүйелерінің, мыс және оптоталшық кәбельдерінің негізіңде қосылу желісінің технологиялық шешімдерін талдау;

- дипломдық жобаға дайындық, жобаға байланысты теория мен тәжірибе сұрақтарын түйіңдеу;

- дипломдық жобаға қажетті бастапқы мәліметтер мен материалдарды іріктеу;

- дипломдық жоба тақырыбына сәйкес отандық және шет елдік басылым- дарды, ҚР Көлік және коммуникация Министрлігінің басқару құжаттарын,   ХЭК  ұсыныстарын, монографияларды және оқулықтарды   библиографиялық ізденістерден өткізу;

- зерттеудің мақстатымен, мәселерін дайындау үшін  жоба тақырыбына сәйкес қажетті әдебиеттерді және ғылыми-техникалық есептерді жинап, жүйелендіру;

- дипломдық жобаны сәтті орындау үшін арнайы пәндерді өздігінен қайталау;

- дипломдық  жұмыста қойылған мақсатқа сәйкес мәселелерді шешу үшін үлгілік шешімдермен танысу;

- дипломдық  жобада (жұмыста)  есептеу жұмыстарын орындау үшін қолданылатын математикалық  аппаратпен, тәсілдерді таңдау;

- дипломдық жоба тақырыбына сәйкес техникалық сұрақтарды терең түйіндеуді және талдауды орындау;

- дербес компьютермен, бақылау-өлшегіш аппараттар жиынтығымен және телекоммуникация аппараттарымен жұмыс істеуді жақсылап үйрену;

  - дипломдық жобаға техникалық тапсырманы дайындау және бекіту;

- дипломдық  жобада (жұмыста) жасалатын негізгі сұрақтарды орындау үшін пайдалынатын мүмкін тәсілдерді талдау;

- дипломдық  жоба (жұмыс) құжаттарың  ажарлау технологиясын түйіңдеу.

Дипломдық жоба тақырыбына сәйкес техникалық сұрақтарды терең түйіндеуді және талдауды орындау дипломдық жоба жетекшісімен анықталады.

 

5.1 Жеке тапсырмалар

 

Жеке тапсырмалар дипломдық жоба тақырыбына сәйкес болуы керек.

Студенттердің зерттеу жұмысы арнайы техникалық тапсырмаларды   шешуде өзіндік шығармашылық біліктілігін алуға, біркелкі емес шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын орындау үшін студент келесі бағыттардың бірі бойынша тақырыптарын тұжырымдайтын жеке тапсырмаларын  алады:            

- арналармен мәліметтер таратудың  негізгі параметрлерін  өлшеу тәсілдерімен  және бақылау-өлшегіш аппараттар жиынтығының техникалық сипаттамаларымен танысу;

- телекоммуникациялық құрылғылар жұмысын  үздіксіз қамтамасыз ету талаптарының орындалуының техникалық шешімдерін зерттеу;

- телекоммуникациялық құрылғылардың динамикалық сипаттамасын зерттеу;

- телекоммуникациялық құрылғыларды жобалау, игеру және басқару алгоритмін дайындау;

-  өндірістік телекоммуникациялық құрылғылардың құрылымдылық сұлбаларын түйіндеу;

- телекоммуникациялық құрылғылар жұмысын үлгілеу және т.б.

Жеке тапсырмалар кафедрада орындалатын зерттеу жұмыс тақырыптарымен сәйкестендірілуі керек. Мысал ретінде өндірістік машықтануда студенттердің орындайтын жұмыстарының мазмұны мен графигі 1-кестеде көрсетілді.

    1 кесте - Мысал

Атауы

Уақыты

Есеп беру формасы

 

1

 

Технологиялық  басқару нысандарын оқу  

1 -2 апта

Жұмыс бөлімі

электронды түрде

2

Телекоммуникациялық жүйелердің сипатталуы және талдауы.

2 апта

- # -

3

 

Телекоммуникациялық нысанының жүйелік талдауының жүргізілуі. ТЖ құрастырылуының (жобалауының) есебін қою

2 апта

  

- # -

4

Техникалық құралдар құрамын анықтау (таңдау, негіздеу). Инструменталды құралдарды оқып білу. Арналармен мәліметтер таратудың  негізгі параметрлерін  өлшеу тәсілдерімен  және бақылау-өлшегіш аппараттар жиынтығының техникалық сипаттамаларымен танысу

3 -4 апта

 

- # -

5

Бітіруші жұмыста шығарылатын есептер тізімін қалыптастыру

 

- # -

6

Машықтану туралы есеп құрастыру

5 апта

Машықтану туралы есеп

 

          6 Есеп құру мен ажарлауға жалпы талаптар

 

          Есеп беру студенттің машықтану кезіндегі жұмысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Машықтану бойынша есеп беруді дайындауды студент үздіксіз жүргізеді. Әрбір студент жеке есеп берулерін көрсетуі тиіс. Есеп беру АЭжБУ [2] стандартына сәйкес орындалуы қажет.

Есеп беруде машықтану бағдарламасының негізгі және жеке тапсырмасын көрсететін материалдар ретпен келтіріледі. Есеп беру материалының мазмұны технологиялық және басқа құжаттар мазмұнына бірдей болмауына зер салуы керек. 

Есеп беруде қажетті сұлбалар, графиктер, суреттер келтіріледі. Есеп беруге  бағдарламаларды, суреттерді және т.б. тіркеуге болады. Графикалық материалдар машиналық графика құралын қолдана отырып орындалады. Мекемеде алынған сызбалар көшірмесін есепке тіркеу тек қана мекемедегі машықтану жетекшісінің рұқсатымен орындалады.

Есеп беру 297x210 мм пішінді қағазда және стандарттар талаптарына сәйкес ресімдеу қолмен немесе ДК мәтіндік редакторы көмегімен сауатты жазылуы тиіс.

         Есеп беру мұқаба беттен, кіріспеден, бөлімдерден және қорытындыдан тұруы қажет. Мұқаба бетте машықтану мекемесінің атауы, одан өту орны, студенттің, машықтану жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

Есеп беруге міндетті қосымша ретінде келесі бөлімдерден тұратын күнделік болып табылады:

-  бағыттама (ЖОО-да толтырылады);

- машықтану өтуі туралы анықтама (машықтану өтетін жерде толтырылады, қолтаңба мен мөрмен бекітіледі);

- машықтануды өту бойынша күнтізбелік жоба – студенттің жұмыс жазбасынан, машықтану барысында жетекшінің ескертулерінен тұрады (жетекші қолтаңбасымен бекітіледі);

- машықтану барысында студентпен жиналған материалдар тізімі (студентпен толтырылып,  мекемедегі жетекшімен келісіледі);

- ғылыми-зерттеу жұмысы және рационализаторлық ұсыныстар (студентпен толтырылып, мекемедегі жетекшімен келісіледі);                      

- студенттің машықтану тұжырымы бойынша қорытынды және оның ұсыныстары (мекемедегі жетекшімен келісіледі).                   

Өндірістік машықтану нәтижесі АЭжБУ-де қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесіне негізделіп, есеп беруді қорғау кезінде комиссиямен бағаланады.

Студент машықтану бойынша есеп беруін қорғап болғаннан кейін университет жетекшісі есеп беру бойынша ескертулері мен өз бағасын күнделік соңына енгізеді.

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. ГОСО РК  5.03.005 -2009.

 2. Стандарт организации. Работы учебные. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию работ учебных. СТ НАО 56023-1910-01-2009. –Алматы: АИЭС, 2009.

3. Авдалян Н.А., Восс М.А. Инструкция по расчету нагрузок и объема оборудования сельских координатных АТС. – М.: Радио и связь, 1983.- 240 с.

4. Бакланов И.Г. ISDN и FRAME RELAY: Технология и практика из­мерений. – М.: Эко-Трендз, 1999. - 12 с.

 5. Баркун М.А., Ходасевич О. Р. Цифровые системы синхронной ком­ мутации. – М.: Эко-Трендз, 2001'. - 192 с.

6. Буланов А.В., Буланова Т.А., Слепова Г.Л. Основы проектирования электронных АТС типа АТСЭ 200: Учеб.пособие для вузов.. - М.: Радио и связь, 1988.-63 с.

7. Гойхман В.Ю., Гольдштейн Б.С. Мультисервисные абонентские концентраторы, //Технологии и средства связи. -2004.- № 1.

8. Гольдштейн Б.С. О развитии коммутационной техники связи, Вестник связи. - 2001.- № 7.

9. Гольдштейн Б.С. Э(Ре)волюция коммутационной техники //Вестник связи. - 2002.-№ 11.

10. Гольдштейн Б.С. Протоколы сети доступа - том 2 - М.: Радио и связь, 2001г.

11.Экономика связи.- М.: Радио и связь, 1992/ Под ред. Срапионова О.С.     

12. Баклашов Н.Х., Китаева Н.Х. Охрана труда на предприятиях связи. Охрана окружающей среды. — М.: Радио и связь, 1989.

 

Мазмұны 

Кіріспе

3

1. Өндірістік машықтану мақсаты

4

2. Өндірістік машықтануға қатысушылардың құқығы мен міндеттері

5

2.1 Студентердің құқығы мен міндеттері  

5

2.2 Жетекшілер міндеттері

5

3. Өндірістік машықтану құрамы

6

4. Ғылыми-техникалық ақпаратар дерекнамалары 

6

5. Жалпы тапсырма

7

5.1Жеке тапсырмалар

8

6. Есептеу құру мен ажарлауға жалпы талаптар

9

Әдебиеттер тізімі

11

  

 2012ж. негізгі жоспары, реті 127