Алматы энергетика  жӘне байланыс   институты

Автоматты  электрлік байланыс  кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Телекоммуникация   желілері  мен 

жүйелерініњ  негіздері

Курстық   жұмысты  орындау  үшін   әдістемелік  нұсқаулар

(3801- Байланыс желілері жєне жүйелері, 3802- КӨпканалды телекоммуникациялық жүйелер, 3803- Радиотехника,3501-Электрондық

         жүйелер және технологиялар мамандықтарының  студенттері  үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы – 2001ж.

 

Құрастырушы: К.Қ.Тұманбаева.

Телекоммуникация   желілері  мен  жүйелеріњің   негіздері.

Курстық   жұмысты  орындау  үшін   әдістемелік  нұсқаулар (3801- Байланыс желілері және жүйелері,3802- Көпканалды телекоммуникациялық жүйелер,3803- Радиотехника,3501-Электрондық жүйелер және технологиялар мамандықтарының  студенттері  үшін)- 16 бет.

 

 

 

 

 

Әдістемелік   нұсқау  құрамына  курстық   жұмыстың  тапсырмалары, оларға  қойылатын   талаптар  және  есептерді   шешу   әдістері   енгізілген.

Кесте-1, сурет-5, библиогр.- 4 атау.

 

 

 

 

 

Пікір   жазушы: АЭБ  кафедрасының  профессоры, т.ғ.к.  Ә.Ж.Жанғозин.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Алматы энергетика  және байланыс   институты   2001ж   жоспары  бойынша   басылады.

 

 

 

 

 

 

Ó Алматы   энергетика  және байланыс   институты, 2002

 

 

 

Кіріспе

 

“Телекоммуникация   желілері  мен  жүйелері” курсының  мақсаты – электрбайланыс   желілері   мен  жүйелерін  құрастыру   қағидаларын, желіні  басқару  негіздерін,  біртұтас  автоматтандырылған   байланыс  желісін   орнату   мәселелерін    және   желінің  көрсеткіштерін  есептеу   мен   талдаудың  математикалық   әдістерін  оқып   білу.

Бағдарламаға   сәйкес  курсқа   теоретикалық  мәліметтерді   оқып  білу мен  қатар  практикалық, лабораториялық  сабақтарды  және  курстық   жұмысты  орындау   кіреді.

Курстық  жұмыста  студенттер  өз  бетімен  тұжырым   жасай   алатыныњ, оқыған  мәліметтерін  талдап   қорыта  алатыныњ, кез - келген  деңгейдегі   желінің   құрылымын  сипаттай   алатыныњ , желінің  бөлігін  құрастыру   мүмкіндігін, оның  көрсеткіштерін  есептеп, талдау   жүргізу  мүмкіндігін  көрсету   қажет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Курстық   жұмысқа  тапсырма

 

Курстық  жұмыс  төрт  бөлімнен  тұрады

 

1.1 Біртұтас  автоматтандырылған   байланыс  желісін (БАБЖ) құрастыру дың   негізгі қағидаларын  келтіріңіз. Схеманы   түсіндірмелерімен  жалпы   түрде   көрсетіңіз.

1.2 Келесі   желілердің   құрамы  мен  құрылымын  сипаттаңыз:

-              жергілікті   телефондық  желіні;

-              зона  ішіндегі  телефондық  желіні;

-              қалааралық  және  халықаралық  телефондық  желіні.

1.3 Қалааралық  байланысты  ұйымдастырудың   берілген   варианты   үшін  екі  жергілікті   телефондық   желілердің  телефон  аппараттары  (ТА)  арасындағы  сөйлесу  трактісінің  схемасын  орнатыңыз. Схемада  өшудің  үлестіруін  көрсетіңіз.

1.4 Әрбіреуінде   екі  жергілікті   желі   орналасқан  екі  зоналық  желілердің  құрылым  схемасын  келтіріңіз. Зоналар  арасындағы  байланысты   көрсетіңіз, айналма   жолдарды   екі  бірінші  класстың  АКТ І (қосымша В)  көмегімен  ұйымдастырыңыз. Жергілікті  желілердің  сыйымдылығы   таңдап   алғанда, желінің  құрылымын  көрсете  алу  есте  болу  керек.

Оқытушы  көрсеткен  желінің   бөлімі   үшін  талдау  жасаңыз:

-              жолдар  мен  қималардың  жиынын  салыңыз;

-              құрылымдық  сенімділікті  анықтаңыз.

 

2 Курстық  жұмысқа  әдістемелік  нұсқаулар

 

Курстық  жұмыс  ГОСТ- қа  сәйкес  өлшемі  А4  беттерде  орындалады. Бірінші  бетте  варианттың  нөмірі   көрсетіледі.

Бөлімдердің  орындалу  реті   осы  нұсқауларда  көрсетілген  реттей  болу  керек. Әр  тапсырманың  алдында   керекті   варианттың  шарты  және  бастапқы   мәндер   жазылуы   тиіс. Суреттер  мен   схемалар  ұқыпты   орындалуы   қажетті. Талдау  және  есептеулердің  бәрі   толық   келтіріледі. Жұмыстың   соңында   пайдаланған  әдебиеттер  тізімі, студенттің   қойылған   қолы  және  календарлық  күн  келтіріледі.

Басқа   вариант  бойынша   орындалған   немесе   ұқыпсыз  жазылған   жұмыс   қабылданбайды. Тапсырманың  варианты  сынақ  кітапшасының  нөмірінің  соңғы   санымен, ал  n - параметрі  соңғының  алдындағы   санымен   анықталады.

 

2.1 Бөлім 1.1 арналған  нұсқаулар

 

Ықылас  қойып  келесі   мәліметтерді   оқып  білу  қажет: [1] – 61- 66 бет; [2] – 30 – 38 бет; [3] – 34 - 38 бет. Оқулықтардан   текстінің  көшіріп  алмай, қысқаша  біртұтас  автоматтандырылған   байланыс  желісін   құрастырудың   қажеттілігін, мақсаттары  мен  қағидаларын  келтіріңіз.

 

2.2 Бөлім 1.2 арналған   нұсқаулар 

 

Келесі  мәліметтерді   оқыңыз: [1] – 61-67 бет; [2] – 38 - 44 бет; [3] – 34 - 51 бет. Әрбір  курстық  жұмыста   желінің   тек   бір   деңгейін   сипаттау   қажет  (жергілікті, зона  ішіндегі  және  т.б.), деңгейлер  варианттарға  сәйкес   алынады.

Ауылдық   телефондық   желі  бір  ауылдық  әкімшілік  аудан   көлемінде   орналасқан   абоненттерді  байланыспен  қамтамасыз  етеді. Бұл  желіге   кіретін   станциялардың  келесі   түрлері   болады:

-  орталық  станция  (ОС), аудан  орталығында   орналасады; негізгі   коммутациялық   торап, осыдан   зоналық   және   қалааралық   желілерге   шығыс  ұйымдастырылады;

-  тораптық   станциялар (ТС);

-  соңғы  станциялар (СС), кез – келген  ел  орналасқан   жерде   болады. Ауылдық  желілер  радиалды   немесе   радиалды – торапты  әдістерімен   құрастырылады.

Қалалық  телефондық  желілер, абоненттер  санына  қарай, келесі   түрлерге    бөлінеді:

-  аудандарға   бөлінбейтін   желі;

-  тораптарсыз  аудандарға   бөлінетін  желі;

-  торапты   аудандарға   бөлінетін  (кіріс  хабарлар  торабы – (КХТ)  және  шығыс  хабарлар   торабы – (ШХТ)  кіреді ).

Қалааралық  телефон   желісі  құрамына   автоматты  қалааралық  телефон   желісі  (АҚТЖ), бірінші   және   екінші   класқа   жататын (АКТ – І  және АКТ – ІІ ) автоматты   коммутация   тораптары, телефон  каналдарының  шоғырлары   кіреді.

Екі  АҚТЖ  арасындағы   АКТ – тар  саны   төрттен  аспауға  тиіс.

Еліміздегі   коммутацияланатын  желіде   қосу   трактісін   құрастыратын  коммутацияланатын  бөлімдер  саны   11 – ден    көп   болмауы   керек.

Желіні   схемамен  бейнелеңіз.

 

2.3 Бөлім  1.3 арналған   нұсқаулар

 

Келесі  мәліметтерді   оқып   біліңіз: [1] – 75 – 76 бет; [2] – 30 – 45 бет; [3] – 34 – 57, 92 – 97 бет.

Екі  түрлі  жергілікті   желілердің  абоненттері  арасында   сөйлесу   трактісін   құрастырыңыз. Мысалы:   

Шығушы  желі – торапсыз   қалалық   телефон   желісі;

Кіруші   желі – ауылдық   телефон    желісі;

Қалааралық   желі – (АҚТС – АКТ ІІ – АКТ І – АКТ І – АКТ ІІ – АҚТС).

Сөйлесу  трактінің  схемасы 1 суретте   көрсетілген.

Қалдық  өшу  шамасын   үлестіргенде   келесі   ұсыныстарды  ескеру   керек:

- екі  телефон   аппараттары   арасындағы   қалааралық  каналдың   800 Гц   жиілігіндегі     қалдық   өшуі  30 дБ  аспауы   қажетті;

- зоналық   каналдың   төртсымды   бөлімінің   қалдық   өшуі  7 дБ, абоненттік  жолдың – 4,5 дБ, ҚҚЖ (қалааралық  қосу   жолдары), ТҚЖ (тапсырыс  қосу   жолдары) – 4 дБ;

- СС,ТС,ОС,АТС,КХТ,ШХТ,АҚТЖ  екісымды    коммутация   үшін  £ 1 дБ, ал  төртсымдыға – 0 дБ;

-  АКТ – тардың  қалдық  өшуі – 0,5 дБ.

Ауылдық  телефон  станциясында  4 дБ  нормасы екі  коммутацияланатын  бөлімге   сәйкес  келеді, бірақ  ауылдық  байланыс   жолдарының  өте   ұзын   болатынынан, бұл  норманы   іске асыру   қиын. Сондықтан, төртсымды   каналды  ТС  дейін, тіпті   ОС (орталық  станция)  дейін   созуға   болады. Бұл  тұжырымды  есеппен  дәлелдейік. ОС пен  ТС – тың  ара  қашықтығы  L =4 км  болсын, ал  ТС  мен   СС (соңғы  станция)  арасында   М = 2,5 км. Сонда  егер   біз   симметриялық  төменгі   жиілік  кабелін  пайдаланып, оның  өткізгішінің   нөмірін  0,8 мм  тең   деп   алсақ, онда   осы  бөлімдерде   жалпы  өшу  мәні   келесі    болады:

 

(4+2,5) · 0.65 дБ/км = 4,225 дБ,

 

есептелген   мән  рұқсат   етілген   шектен  үлкен, сондықтан  төртсымды  трактіні   ТС дейін   орнатамыз. Енді  ТС – СС  бөлімінде, ұзындығы 2,5 км, диаметрі  кішірек  өткізгіш   қолданамыз:

 

2,5 · 1,39 = 3,475 (1,39 дБ/км  өшуіне  0,4 мм диаметрі  сәйкес келеді).

 

Үлесті   өшулер  туралы   мәліметтер  Қосымша  А – да   берілген.

 

1,0

3.0

1,0

4,0

1,0

4,5

4,5

0

3, 5

9,5

9,5

0,5

<30

ОС

АҚТ І

АҚТ ІІ

АҚТС

АТС

АҚТ І

3, 5

0,5

0,5

0

9,0

АҚТ ІІ

АҚТС

0,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1-    сурет

 

2.4 Бөлім 1.4 арналған   нұсқаулар

 

Келесі   теориялық  мәліметтерді   оқып   білу: [3] – 34 – 57 бет; [4] – 51 – 58 бет; 132 – 137 бет.

2.4.1 Екі   зонада   орналасқан желілердің  құрылымдарын  сипаттаңыз, әр   зонада   екі   жергілікті   желі   орналасқан:

І зонада – СТЖ (селолық   телефон   желісі) 17 мың   абоненттерге   және  ҚТЖ (қалалық  телефон  желісі ) 25 мың  абоненттерге  арналған.

ІІ зонада – СТЖ   9 мың  абоненттерге   және  ҚТЖ ( қалалық   телефон   желісі)  90  мың   абоненттерге   арналған.

Бірінші   зонаның   СТЖ – не  8000  нөмірлік  ОС, 1500  нөмірлік  үш   тораптық  станция   және   500 нөмірлік  СС – лар  кіреді  дейік. Желінің  құрылымы   радиалды – торапты.

Бірінші    зонаның   ҚТЖ – не   үш  ААТС, біреуі – 9000 нөмірлік, ал  екеуі – 8000  нөмірлік, кіретін   болсын. Станциялар  “әрбіреуін - әрбіреуімен”   әдісімен  қосылатын  болсын. Әр   ААТС – тың   АҚТС  пен  қосу   үшін   ТҚЖ  және  ҚҚЖ   жолдары   бар  дейік. Бірінші   зонаның   СТЖ   мен   ҚТЖ – дердің   абоненттері   АМТС   арқылы   қосылады.

Екінші   зонаның  СТЖ – нің   құрылымы  бірінші   зонаның  СТЖ – сіндей – ОС, ТС  және  СС.

Екінші   зонаның  ҚТЖ – нің   90 мың   абоненті   бар. Сондықтан  оны  екі   тораптық  аудан  түрінде   ұйымдастыруға  болады. Біріншісіне   бес  аудандық   АТС  кіреді, екіншісіне – төрт, әрбіреуі  10 000 нөмірлік. Әр  ауданға  ҚХТ  және  ҚКХТ   кіреді. 2 – ші  суретте  ІІ - ші тораптық   аудан  үшін   толық    қосулар  схемасы   көрсетілген, ал   бірінші  үшін   тек   ААТС 1  және  ААТС 5  қосулары   көрсетілген.

Бір  аудан   ішінде   ААТС – тар   “әрбіреуі - әрбіреуімен”  әдісімен   қосылған. АҚТС – ке   шығу  үшін   әрбір   ААТС – тың  тапсырыс   жолдары  (ТҚЖ)  бар. Керісінше    байланыс   (АҚТС – ААТС)  қосу   жолдары  (ҚҚЖ), КХТ  және  ҚКХТ   арқылы   ұйымдастырылады.

Екінші   ауданның  әр   ААТС – ы   шығыс    жолдарымен   бірінші   ауданның   КХТ – мен,  және   кіріс  жолдарымен  өз  ауданының  КХТ – мен   қосылады.

Осы  түрде   бірінші    тораптық   ауданның  қосу   жолдар  желісі   құрастырылған.

Қалааралық    байланыс   тікелей   АҚТС – ті   қосатын  жолдармен, немесе  АКТ-І (автоматты  коммутация  торабы)  арқылы   ұйымдастырылады.

2.4.2  Бұл  тапсырманың   екінші   бөлімі – желінің   кез - келген   бөліміне   талдау   жасау. Мысалы, 3 – ші суретте көрсетілген   ауылдық   желінің   фрагментін  қарастырайық. Мұнда  (1 – 2) – абоненттік   жол, (2 – 5), (3 – 4) – қосу   жолдары,  СС  мен  ТС  қосатын, (4 – 6)  және  (5 – 6)  - ТС  мен  ОС   қосады,  ал  (2 – 3)  және  (4 – 5) – қосымша   байланыс,  СС және  ТС  арасына   сәйкес.

Бұл  желінің   құрылымдық  матрицасы  1 – кестеде    келтірілген.             

d

m

n

e

c

b

a

6

4

1

2

3

5

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

3 – сурет.

Кесте - 1 

 

1

2

3

4

5

6

1

1

a

0

0

0

0

2

a

1

b

0

c

0

3

0

b

1

e

0

0

4

0

0

e

1

D

m

5

0

c

0

d

1

n

6

0

0

0

m

n

1

 

Бірінші   абоненттен   ОСқа (6)  дейін   жолдар   жиынын  құрастыру   үшін   құрылымдық   матрицаның   бірінші   тік  жолымен  алтыншы   жатық  жолын   алып  тастаймыз,  содан   кейін   қалған   анықтағыштың  мәнін   есептейміз.

 

abedn V abem V acn V acdm     (*)

V ae

ab

a

Бірінші  жатық  жол  бойынша   жіктейміз

a    0    0    0    0

1    b    0    c    0

b    1    e    0    0

0    e    1    d    m

c    0    d    1     n

Д

b    0    c    0

1    e    0    0

e    1    d    m

0    d    1     n

Бірінші  жатық  жол  бойынша   жіктейміз

e    0    0

1    d    m

d    1     n

1    e    0

e    1    m

0    d     n

 

 

 


 

 

 

 

 

 

r(m1 abedn) = 5 ; r(m2 abem) = 4 ; r(m3 acn) = 3 ; r(m4 acdm) = 4.

 

 

 


Табылған   жолдардың   ұзындығы,  осы   жолға  кіретін   қабырғалардың   ұзындығы,  осы   жолға   кіретін   қабырғалардың  ұзындықтарын   қосумен   анықталады.

Lm1 = L12 + L23 + L34 + L45 + L56 ;

 

 

Lm2 = L12 + L23 + L34 + L46  ;

Lm3 = L12 + L25 + L56  ;

Lm4 = L12 + L25 + L54 + L46 ;

 

 

 

 

 

 


2.4.3 Бірінші  және  алтыншы   төбелер   арасындағы   қималар    жиынын   құрастыру  үшін   табылған   жолдар    жиынын  да  (*)   дизъюнкцияны   конъюнкцияға   және конъюнкцияны  дизъюнкцияға    ауыстырамыз. Алынған   логикалық  өрнекті   ықшамды   түрге   келтіреміз.

M = {abedn V abem V acn V acdm}

S = {(aVbVeVdVn)( aVbVeVm)(aVcVn)(aVcVdVm)}

 

 

 

 

(aVbVeVdVn)( aVbVeVm) =

a V ab V ae V am V ab V b V be V bm V ae V eb V e V em V da V db V de V dm V 

 

 

 

 

na V nb V ne V nm =   aVab=a  = a V b V e V dm V nm ;

(aVcVn)(aVcVdVm) = a V ac V ad V am V ca V c V cd V cm V na V nc V nd V nm =

a V c V nd V nm ;

 

(aVbVeVdmVnm)(aVcVndVnm) = a V ac V and V anm V ba V bc V bnd V bnm V ea V ec V end V enm V dma V dmc V dmnd V dmnm V nma V nmc V nmnd V nm = a V bc V bnd V nm V ec V end V dmc ;

 

 

 

 

 

 

 

 


Сонымен, жеті   қима   анықталды, рангілері  1 – ден  3 – ке    дейін   өзгереді.

r(s1a) = 1; r(s2bc) = 2; r(s3bnd) = 3; r(s4nm) = 2; r(s5ec) = 2; r(s6end) = 3;

r(s7dmc) = 3;

 

 

 


2.4.4  Байланыс  желісінің   құрылымдық   сенімділігін   талдау   үшін   келесі   негізгі  формулаларды   пайдалану   қажетті:

а) сурет 4, а – да  көрсетілген  ( i,j ) қабырғалар   жиынынан  тұратын   жүйе берілсін  rst , ( i,j ) қабырғасының   кідіріссіз  жұмыс   істеу  ықтималдығын  Pi,j  деп    белгілейік.

Онда   осы   жүйенің   сенімділігі  келесі  форомуламен   есептеледі:

rst = П pi,j ;      (i,j) Î mst

1   2   .  .  .  .  .

i     j

S

a)

t

Pk

P2

S

P1

.

.

б)

t

2

1

m

d

S

a

b

г)

 

 

 

 

 

 

 

 

d

m

b

a

t

S

2

1

д)

4,2 – сурет.

 

с

d

m

b

a

t

S

2

1

в)

 

 

 

 

 

 

 

 

 


б) паралельді   қосылған  к  қабырғалардан  тұратын   жүйенің   сенімділігі   келесі   формуламен   анықталады:

              к

rst = 1 - П (1 – pi);

             i=1

 

 

 

 


в) құрылымы   күрделі   желілердің    сенімділігін  есептеу  үшін,  алдымен  оларды  ықшамды   түрге  келтіреді. 4.в. суретте  көрсетілген  “көпірлі” желіні  қарастырайық.

Бұл  желінің  сенімділігі  (s,t)   келесі    формуламен    есептеледі.

rst = pc × rst(pc = 1)+(1 - pc) rst (pc = 1)

 

 

 

 


  Болғанда  (s,t)  жүйесі  pc = 1 тең  болғанда 1  және 2  төбелері  біріктірілген   желіге  айналады (4.г. сурет), ал  pc = 0  болғанда   ол  паралельді  тізбектей   қосылған   желіге   айналады.( 4.д. сурет)

Бірінші   жағдайда

 

rst(pc = 1) = [1 - П (1 – pi)][1 - П (1 – pj)];

                                        i                               j

 

rst = [1 - (1 – pa) (1 – pd)][1 - (1 – pb) (1 – pm)] = (pa+ pd – pa× pd)( pb+ pm– pb× pm);

 

 

 

 

 

 

 

 


Екінші  жағдайда

rst(pc = 0) = 1- (1 – pa× pb) (1 – pd× pm)  = (pa× pb + pd × pm – pa × pb× pd ×pm ;

 

 

 

 


“Көпірлі” құрылымды жүйенің   сенімділігі:

rst = rc (pa + pd – pa × pd)(pb + pm – pb × pm) + (1 – pc)(pa × pb + pd × pm – pa × pb × pd × pm);

 

 

 

 

 


Енді   талдау   жасалып   отырған   желінің (сурет 3.) кідіріссіз   жұмыс  істеу  ықтималдығын  есептейік. Бұл  желінің  құрылымы  “көпірлі”, сондықтан

r26 = rd [(pb × pe + pc – pb × pe × pc)(pm + pn – pm × pn)] + (1 – pd)(pb × pe × pm + pc × pn – pb × pe × pm × pc × pn) = 0,8(0,8 × 0,8 + 0,8 × 0,83 )( 0,8 + 0,8 – 0,64) + 0,2(0,83 + 0,64 – 0,85) = 0,878 ;

r16 = 0,8 × 0,878 = 0,702.

 

 

 

 

 

 

 


Сөйлесу   трактінің  (1 – 6)  сенімділігі, қосымша  байланысты  (2 –3)  және (5 – 4)  қарастырмағанда,  тең  болады:

r(m12346) = 0,8 × 0,8 × 0,8 = 0,512

 

 

 


Желінің   құрылымын  ықшамдаудың   бірнеше   түрі   болады, олардың   ішінен   біреуін    таңдау  зерттеушінің  ісі.

 

 

 

Әдебиеттер    тізімі

 

1. Электросвязь.  Введение  в  специальность. – М,: Радио и связь, 1988. – 239с.

2. Давыдов Г.Б., Рогинский В.Н., Толчан А.Я. Сети  электросвязи. – М.:Связь, 1997 – 260 с.

3.  Зайончковский Е.А., Пшеничников А.П. и  др.  Автоматическая  междугородная  телефонная  связь. – М.:Радио  и  связь, 1984 – 296с.

4. Теория   сетей   связи / Пол  ред. Рогинского  В.Н. – М.: Радио и  связь, 1981 – 192 с.

                  

                                             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  А

 

Үшінші  бөлімге   тапсырма

 

 

 

Шығушы жергілікті желі

Қалааралық  желі

Кіруші      желі

Ара  қашықтық,км

0

Аудандырылған

ҚТС

АҚТС– АКТ ІІ – АКТ І– АКТ І – АКТ ІІ – АҚТС

СТЖ

L=3+0,5n

M=1+0,3n

1

Аудандырылған

ҚТС

АҚТС– АКТ ІІ – АКТ І–  АҚТС

СТЖ

L=1+n

M=2+0,2n

2

ҚТЖ және КХТ

АҚТС– АКТ ІІ – АҚТС

СТЖ

L=2+0,8n

M=2+0,3n

3

ҚТЖ және ШХТ

АҚТС– АҚТС

СТЖ

L=3+0,2n

M=5 - 0,3n

4

ҚТЖ және КХТ,ШХТ

АҚТС– АКТ ІІ – АКТ І– АҚТС

СТЖ

L=1+0,7n

M=6 - 0,3n

5

ҚТЖ және ШХТ

АҚТС– АКТ ІІ – АҚТС

СТЖ

L=2+n

M=7 - 0,3n

6

СТЖ

АҚТС– АКТ ІІ – АҚТС

ҚТЖ және КХТ

L=4+0,1n

M=4 - 0,5n

7

СТЖ

АҚТС– АКТ ІІ – АКТ І– АҚТС

ҚТЖ және КХТ

L=8 - 0,2n

M=6 - 0,2n

8

СТЖ

АҚТС– АҚТС

ҚТЖ торапсыз

L=9 - 0,3n

M=6 - 0,4n

9

СТЖ

АҚТС– АКТ І

ҚТЖ торапсыз

L=4+0,2n

M=6 - 0,2n

 

 

Бөлімді  орындағанда   келесі   жайларды   ескеріңіз:

1)  - сынақ  кітапшасының   нөмірінің   соңғы  цифрасының   алдындағысы;

 

2)    ОС және ТС  арасындағы   қашықтық;

        ТС  және  СС  арасындағы   қашықтық;

 

3)  толқындар   өшуін   есептеу   үшін  келесі   мәндерді  қолдану   керек.

 

d = 0,4мм --- 1,39дБ/км ; d = 0,5мм --- 1,13дБ/км ;

d = 0,6мм --- 0,87дБ/км ; d = 0,7мм --- 1,75дБ/км ;

d = 0,8мм --- 0,65дБ/км .

 

 

Қосымша  Б

Төртінші   бөлімге   тапсырма

 

 

І  зона

ІІ  зона

0

СТЖ – (7 + 0,1n) мың. нөмір

ҚТЖ – (20 + n) мың. нөмір

СТЖ – (120 + 2n) мың. нөмір

ҚТЖ – (45 - n) мың. нөмір

1

ҚТЖ – (100 + 2n) мың. нөмір

СТЖ – (9 + 0,2n) мың. нөмір

СТЖ – (7 + 0,5n) мың. нөмір

ҚТЖ – (25 + n) мың. нөмір

2

ҚТЖ – (30 + n) мың. нөмір

ҚТЖ – (45 + 2n) мың. нөмір

СТЖ – (11 + 0,3n) мың. нөмір

ҚТЖ – (85 + 2n) мың. нөмір

3

СТЖ – (14 + 0,3n) мың. нөмір

ҚТЖ – (35 + n) мың. нөмір

СТЖ – (80 + 3n) мың. нөмір

ҚТЖ – (18 +0,2 n) мың. нөмір

4

ҚТЖ – (120 + 3n) мың. нөмір

СТЖ – (17 + 0,1n) мың. нөмір

СТЖ – (50 + n) мың. нөмір

ҚТЖ – (10 + 0,5n) мың. нөмір

5

СТЖ – (12 - 0,1n) мың. нөмір

ҚТЖ – (100 - n) мың. нөмір

СТЖ – (25 - n) мың. нөмір

ҚТЖ – (7 + n) мың. нөмір

6

СТЖ – (8+ n) мың. нөмір

ҚТЖ – (10 + n) мың. нөмір

СТЖ – (95 + 3n) мың. нөмір

ҚТЖ – (35 + 4n) мың. нөмір

7

СТЖ – (7 + 2n) мың. нөмір

ҚТЖ – (80 - 2n) мың. нөмір

СТЖ – (20 - n) мың. нөмір

ҚТЖ – (45 + 2n) мың. нөмір

8

СТЖ – (25 + 2n) мың. нөмір

ҚТЖ – (15 - 0,2n) мың. нөмір

СТЖ – (90 + 2n) мың. нөмір

ҚТЖ – (9 +0,2 n) мың. нөмір

9

СТЖ – (75 + n) мың. нөмір

ҚТЖ – (30 + 2n) мың. нөмір

СТЖ – (10 + n) мың. нөмір

ҚТЖ – (16 - 0,7n) мың. нөмір

 

Н  саны  сынақ  кітапшасының   нөмірінің    соңғы   цифрасының   алдынғысына  тең.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қосымша  В

 

Әдебиеттерде   қолданылатын   аббревиатураларының  (қысқартылған  сөздердің)  аудармасы   және   түсіндірмесі .

 

АТС – АТС – автоматты   телефондық   станция;

АМТС – АҚТС – автоматты   қалааралық   телефондық  станция;        

ГТС – ҚТЖ – қалалық   телефондық   желі;

ЗСЛ – ТҚЖ – тапсырыс   қосу жолы ;

ЕАСС – БАБЖ – біртұтас   автоматты   байланыс   желісі;

ОАКТС – ОЕКТЖ – орта   елдік   коммутацияланатын  телефондық   желі;

ОС – СС – соңғы  станция;

РАТС – ААТС – аудандық   автоматты  станция  жолы;

СЛМ – ҚҚЖ – қалааралық   қосу   жолы;

СТС – СТЖ – селолық  телефондық   желі;

УАК – АКТ – автоматты  коммутация   торабы;

УИС – ШХТ – шығыс   хабарлар   торабы;

УВС – КХТ – кіріс  хабарлар   торабы;

УВСМ – ҚКХТ – қалааралық   кіріс  хабарлар   торабы;

УС – ТС – тораптық  станция;

ЦС – ОС – орталық  станция.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

Кіріспе  - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  3

 

1. Курстық   жұмысқа   тапсырма   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 4

 

2. Курстық   жұмысқа   әдістемелік  нұсқаулар   - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  4

 

2.1 Бөлім  1.1 арналған   нұсқаулар   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 4

 

2.2 Бөлім  1.2 арналған   нұсқаулар   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 4

 

2.3 Бөлім  1.3 арналған   нұсқаулар   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 5

 

2.4 Бөлім  1.4 арналған   нұсқаулар   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 6

 

Әдебиеттер   тізімі   - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -11

 

Қосымша А  - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - 12

 

Қосымша Б  - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  13

 

Қосымша В  - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -  14

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                           

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                         

                                                                                           

                                                                                                 Жин.жоспар 2001, поз.70

 

 

 

 

 

Күмісай  Қасенқызы   Тұманбаева

 

 

 

 

 

 

Телекоммуникация   желілері  мен

жүйелерінің   негіздері

Курстық   жұмысты  орындау  үшін   әдістемелік  нұсқаулар

(3801- Байланыс желілері және жүйелері,3802- КӨпканалды телекоммуникациялық жүйелер,3803- Радиотехника,3501-Электрондық

         жүйелер және технологиялар мамандықтарының  студенттері  үшін)

 

 

 

 

Редакторы Ж.А.Байбураева

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Басуға  қол  қойылды __________

Таралымы _50______ экз

Көлемі _____ оқу – есепті   баспа

Табақ

Қалпы  60×84  1/16

Баспаханалық   қағаз  №1

Тапсырыс _____  Бағасы _____     


 

 

 

Алматы  энергетика   және  байланыс    институтының   ротапринті

480013  Алматы, А. Байтұрсынұлы   көшесі, 126 үй