КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Электроника кафедрасы

 

 

ЖЕЛІЛІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының

барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды

орындауына арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2012

ҚҰРАСТЫРУШЫ: С.Б. Абдрешова «Желілік технология негіздері» пәні бойынша 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының барлық оқу түрінің студенттері үшін зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБУ, 2011. - 41 б.

 

Әдістемелік нұсқаулар «Желілік технология негіздері» пәні бойынша компьютерлік сыныптарда зертханалық жұмыстарды орындауға арналған. Әрбір зертханалық жұмыс үшін қысқаша әдістемелік нұсқаулар және жеке орындауға арналған жаттығулар берілген. Зертханалық жұмысты орындаудан бұрын студент әдістемелік нұсқаулармен танысып, осыған байланысты материалдарды оқып және бақылау сұрақтарына жауап беруі тиіс. Зертханалық жұмысты орындағаннан кейін студент оқытушыға электронды түрде әрі жазбаша есеп беруі тиіс.

 

Әдістемелік нұсқаулар 5В071900 – «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған.

Әдеб. көрсеткіші –      атау.

 

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доц. Б.М.Шайхин

 

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2012 ж.


Мазмұны

Кіріспе..................................................................                                   4

1 Зертханалық жұмыс. Базалық топологиялар және

компьютерлік желілерде мәліметтер тарату тәсілдері                             5

 

2 Зертханалық жұмыс. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуші

эталондық моделі.

Бір рангілік және сервермен басқарылатын желілер                             11 

3 Зертханалық жұмыс. Тура және ширатылған utp кабельдерін

қысу және тестілеу                                                                                  16 

4 Зертханалық жұмыс. Деректер берілісінің ортасы                              21 

5 Зертханалық жұмыс. Сымсыз адаптерді орнату және баптау             25 

6 Зертханалық жұмыс. Сымсыз желі үшін ену нүктесін орнату

және реттеу                                                                                             29 

7 Зертханалық жұмыс. Сымсыз маршрутизаторды реттеу                   30 

Әдебиеттер тізімі........................................................                             41

 

 

Кіріспе

Зертханалық жұмыстардың негізгі мақсаты студенттердің теориялык білімдерін пысықтай отырьш, компьютерлік желілерді, олардың компоненттерін, сондай-ақ бағдарламалық жабдықтарды орнатудағы тәжірибелік машықтануды жетілдіру.

Зертханалық жұмыстарды орындау барысы үш бөліктен тұрады:

      үй тапсырмасын орындау;

      зертханалық тапсырманы орындау;

      орындалған жұмыстарды қорғап, есеп беру.

Үй жұмысы теориялық материалдарды игеріп, қажет болған жағдайда берілген есептерді шығарып, бақылау сұрактарына жауап беруден тұрады.

Зертханалық тапсырма негізінен аппараттық және бағдарламалық жабдықтарды орнатуға арналған демонстрациялық бағдарламаларды қарастырып, оларды талдай отырып игерумен және зертханалық жұмыстарды жасанды түрде болса да жасаумен шектеледі. Жұмыстардың бұлай орындалуы, нақты желілерге тікелей қол тигізуге болмайтындығына байланысты болып отыр. Өйткені жұмыстағы желіге тәжірибе жасаймын деп, оны мүлдем істен шығарып алуға болады. Сондықтан жасалынып отырған зертханалық жұмыстардың нағыз желілердің жұмыстарына ұксас болғанымен, ол тек сыртқы ұқсастық болып отыр.

Жасалынған жұмыстар бойынша есеп беруді төмендегі баптарға сәйкес дайындау керек:

           жұмыстың мақсаты мен тапсырмасы;

           теориялык дайындықтың қысқа қорытындысы;

           есеп тапсырмасының (бар болса) нәтижесі;

           зерттеліп отырған желілер мен олардың компоненттерінің және басқа да процестердің графикалық сызбалары;

           тәжірибелік зерттеулердің (аппараттарды, драйверлерді, басқа да бағдарламаларды орнатудың, алудың) нәтижелері;

           жұмыс бойынша қорытынды. 

 

1 Зертханалық жұмыс. Базалық топологиялар және компьютерлік желілерде мәліметтер тарату тәсілдері

Жұмыс мақсаты:

-      компьютерлік желілердің базалық топологияларымен танысу;

-      компьютерлік желілерде мәліметтерді тарату ерекшеліктері мен принциптерін үйрену;

-      компьютерлік желілердегі енім әдістерін талдау.

Үй жұмысы

Берілген әдебиеттер бойынша [1-7] негіздік топологиялар мен желіге енім әдістерін оқып, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

Жұмыстық тапсырма

NetEss каталогының ішіндегі Demo каталогында орналасқан Demo3 және Demo11 демонстрациялық бағдарламаларын қарап шығу.

Базалық топологиялар

Demo 3

 

Overview

1* Топология немесе желілік топология термині физикалық негіздегі компьютерлер мен кабельдер және басқа да желілік компоненттер жиынтығы ретінде анықталады.

Bus topology

2 «Шина» топологиясы. Шина топологиясын “сызықтық шина” (linear bus) деп те атайды. Ол ең қарапайым және кең тараған топология болып саналады. Желідегі бар компьютерлер магистраль деп аталатын бір кабель бойымен қосылады.

3 Сигнал тарату. Мәліметтер электр сигналы ретінде барлық желілік компоненттерге бірден таратылады. Дегенмен хабарды, сигнал ішінде шифрланған түрде көрсетілген “қабылдаушының” адресіне сәйкес келетін ғана қабылдаушы қабылдай алады. Сонымен қатар әр мезетте тек бір ғана компьютер хабар тарата алады

4 Сигналдың шағылысуы. Мәліметтерді тасымалдайтын электр сигналдары желідегі бар кабельдердің басынан аяғына дейін бірден тарайды. Егер арнайы шара қолданылмаса, сигналдар кабелдердің соңына жеткен соң одан кері шағылысып, тура тарап келе жатқан басқа сигналдарды бұзуы мүмкін. Сондықтан, мәліметтер алушысына жеткізілгеннен кейін немесе электр сигналдары кабель соңына жеткен соң, олар өшірілуі қажет.

6-компьютерден жіберілген сигнал кабельдің соңына жетіп, шағылысып, желіде қосымша бөгеуілдер тудырады.

5 Терминатор. Электр сигналдарының шағылуын болдырмау үшін әр кабельдің соңына электр сигналдарын жұтатын терминатор (terminator), қойылады.

6 6-компьютер 2-компьютерге сигнал жібергісі келеді делік. Кабельдің шетіне терминатор қойылған, сондықтан кабельдің соңына жеткен сигнал шағылыспай бірден жұтылады (жойылады). Жойылған сигнал басқа компьютерлердің мәліметтер жіберуіне кесірін тигізбейді.

7 Пассивті топология. Шина топологиясы пассивті топология. Олай дейтініміз, компьютерлер желі арқылы таратылган мәліметтерді тек "тыңдайды", олар жіберушіден алушыға дейін арнайы жеткізілмейді. Сондықтан, егер бір компьютер істен шықса, оның жоқтығы басқаларына әсерін тигізбейді.

8 Кабельдің үзілуі екі терминатордың арасындағы кабельдің екі бос ұштарының пайда болуына әкеп соғады. Бос ұштардың пайда болуы желілік кабельдің физикалық түрде үзілуіне немесе оның бір шетінің компьютерден немесе терминатордан ажырап кетуіне байланысты. Осы ұштардан шағылысқан сигнал желінің жұмысын тоқтатады. Сондықтан істен шыққан компьютердің орны қалпына келтірілмесе, онда желі "құлады" деген сөз.

9 Өз жағдайында желідегі компьютерлер жұмысқа деген қабілетілігін толық сақтауы мүмкін, бірақ сегмент бойындағы кабель үзігі қалпына келтірілгенше, олар бір-бірімен байланыса алмайды.

Star topology

10 «Жұлдызша» топологиясы бойынша компьютерлер кабель сегменттері арқылы шоғырландырғыш (Hub) деп аталатын орталық компонентке тікелей жалғанады. Жіберуші компьютерден берілген сигналдар концентратор арқылы калған компьютерлерге тарайды.

11 Егер 1-компьютер 6-компьютерге сигнал жібергісі келсе, онда ол сигналды алдымен шоғырландырғышқа жібереді. Ал шоғырландырғыш сигналдың одан ары қарай тарауына жауап береді.

12 Егер компьютер ақаулықты болса, ол желі жұмысына қатыса алмайды, бірақ та ол желідегі басқа компьютерлердің жұмысына әсерін тигізбей, желі жұмысын ары қарай жалғастыра береді.

13 Егер Hub ақаулықты болса, онда желідегі компьютерлер жұмыс істей береді, бірақ желі жұмысын токтатады. Бұл жағдайда желіде нақты не туындайды? Кабельдер қосылған желілік платалар Hub-тың жұмыс істемейтінін біле отырып, оған сигналдар жіберуін доғарады.

Ring Topology

14 "Сақина" топологиясында компьютерлер сақинаға ұқсас тұйықталған кабельге қосылады. Сондықтан кабельдің терминатор қосатындай бос ұштары болмайды. Сақина арқылы сигналдар бір бағытта барлық компьютерлерден өтеді. Бұл топологияның пассивті "шина" топологиясынан айырмашылығы, мұнда әр компьютер репитер қызметін де атқарып, күшейтілген немесе қайталанған сигналды келесі компьютерге жеткізіп беріп отырады. Соған байланысты, бір компьютер істен шықса, онда бар желі де жұмысын тоқтатады.

15 Token ring версиясында әр компьютер Hub-қа қосылған. Барлық хабарлар бір компьютерден 2-компьютерге Hub арқылы жеткізіліп отырады.

16 Token ring топологиясы сырттан қарағанда жұлдызшаға ұқсауы мүмкін. Бірақ іс жүзінде біз логикалық сақина бойынша жұмыс істеп, мәліметтер бір компьютерден екінші компьютерге өте отырып, керекті компьютерге дейін жеткізіледі.

17 Компьютерден шыққан сигнал Hub-қа беріліп, одан ары келесі компьютерге жеткізіліп отырады.

18 Маркер тарату. Мәліметтер таратудың "Сақина" желісіндегі бір түрі – маркер тарату деп аталады. Оның мәнісі мынада. Маркер, бір компьютерден екінші компьютерге, "мәліметтер таратамын" деген компьютерге жеткенше өз ретімен өте береді. Аталған компьютерге жеткенде, компьютер маркерді алып, оны аздап өзгертіп (енді бос емес дегенді көрсету үшін), оған электрондық адрес пен мәліметтерді қосып, одан ары қарай сақина бойымен жібереді.

Мәліметтер бір компьютерден екінші компьютерге өте отырып, адресі көрсетілген компьютерге жеткенше жылжи береді.

Хабар жетісімен, қабылдаушы компьютер мәліметтерді қабылдап, оны алғандығын растайтын белгі қосып, маркерді таратушыға қайта жібереді. Осы хабар таратушыға қайтып жеткенде ғана, маркер толығымен босап, қайтадан хабар таратуға даяр болады.

19 Сигнал әр компьютерден тізбектеле өтетіндіктен, бір компьютердің істен шығуы, бүкіл желіні істен шығаруы мүмкін. Бірақ Token ring желісі істен шыққан компьютерді анықтай отырып, оны жұмысқа қоспай, басқа компьютерлердің желідегі жұмыстарын жалғастыра беруіне мүмкіндік береді.

Star Bus Topology

20 Қазіргі кезде шина, жұлдызша және сақина принциптерін қоса қолданылатын құрама желілер жиі пайдаланылады.

Жұлдызша-шина (star-bus) бұл жұлдыз бен шина топологияларының құрамасы. Көбінесе былай жасалынады: жұлдызша топологиясымен қосылған бірнеше желілер өзара магистралдық сызықтық шинамен жалғастырылады.

21 Мұндай жағдайда бір компьютердің істен шығуы желіге әсерін тигізбейді, қалған компьютерлер өзара жұмыстарын жалғастыра береді.

22 Шоғырландырғыштың істен шығуы өзіне косылған компьютерлер мен басқа да шоғырландырғыштардың жұмысын тоқтауына әкеп соқтырады.

23 Eгep Hub жұмыс істемесе, онда Hub-қа косылған компьютерлер мен Hub-тар арасындағы желі де жұмыс істемейді.

Review

24 Шина топологиясы

-          Компьютерлер бір шина бойымен жалғанған.

-          Бір мезетте тек бір ғана компьютер хабар тарата алады.

-          Желіге берілетін сигнал кабельдің басынан аяғына дейін тарайды.

-          Терминаторлар сигналдарды жұту үшін шинаның ең соңғы ұштарына қойылады.

-          Шина топологиясы пассивті топология.

-          Желідегі үзіліс, желіні толығымен істен шығарады.

25 Жұлдызша топологиясы

-           Барлық компьютерлер кабель арқылы Hub-қа (шоғырландырғышқа) қосылған.

-           Компьютерлерден шыққан бар сигналдар Hub-қа жеткізіледі, ал Hub оларды одан ары таратады.

-           Егер бір компьютер істен шықса, ол желінің істен шығуына әкеп соқтырмайды.

-           Erep Hub істен шықса, онда желі жұмыс істемейді, дегенмен, компьютерлер өз беттерімен жұмыстарын жалғастыра береді.

26 Сақина топологиясы

-           Барлық компьютерлер кабель арқылы Hub-қа қосылады.

-           Желі бойымен сигнал логикалық сақина арқылы өтеді.

-           Пассивті шина топологиясынан айырмашылығы, әр компьютер сигналды қабылдап, оны келесі компьютерге жеткізіп отырады.

-           Маркер, компьютердің біреуінде хабар жіберілмекші болғанға дейін желі бойымен тарап отыратын сигнал.

-           Маркер келіп жеткенше ешқандай да компьютер хабар тарата алмайды.

Енім әдістері

Demo 11

 

1 Overview

The Function of Access Methods

2 Бірнеше компьютерлер қосылған желіде, кабельге барлық компьютерлердің енім мүмкіндігі болуы керек. Егер екі компьютер қатарынан, бір мезетте мәлімет тарататын болса, онда олардың мәліметтері өзара соқтығысып, коллизия пайда болады.

3 Желіде мәліметтерді бір пайдаланушыдан екіншісіне тарату үшін немесе оларды серверден алу үшін, әртүрлі әдістер пайдаланылады:

-      мәліметтерді кабельде бұрын жүріп жатқан хабарлармен соқтығыстырмай енгізу;

-      мәліметтерді коллизия нәтижесінде бұзылмаған деген белгілі бір сенімділік дәрежеде қабылдау.

4 Енім әдістері компьютерлердің мәліметтерді желілік кабель бойымен жіберу және қабылдау тәртіптерін анықтайтын белгілі бір ережелер жиынтығы.

Желі жұмысын бұзбай, үйлесе жұмыс істеу үшін желідегі бар компьютерлер бір ғана енім әдісін пайдалануы керек. Егер кейбір компьютерлердің енім әдістері басым болатын болса, олар басқа компьютерлердің жұмыс істеуіне мүмкіндік бермейді.

Енім әдістері желідегі қабылдау және тарату жұмыстарын реттей отырып, бірнеше компьютердің кабельге бірден енуін болдырмай, әр кезеңде тек бір ғана компьютердің хабар таратуын қамтамасыз етіп отырады.

CSMA/CD

5 Тасымалы бақылаулы және коллизиясы айқындалган көпшілік енімде (қысқаша CSMA/CD) желідегі барлық компьютерлер клиенттер де, серверлер де кабельді "тыңдай" отырып, тарап жатқан мәліметтерді (трафикті) байқауға тырысады.

Осыдан:

1)       Кабелдің бос екеніне (трафиктің жоқтығына) компьютердің көзі жетеді.

2)       Онда компьютер мәліметтерді таратуды бастай алады.

3)       Егер кабель бос болмаса (мәліметтер тарап жатқан кезеңде), желілік компьютерлердің біреуі де хабар таратуды бастай алмайды.

6 Eгep екі немесе бірнеше компьютерлер қатарынан мәліметтерді тарататын болса, онда коллизия пайда болады. Онда бұл компьютерлер таратуды белгілі бір ықтималдық уақыт аралығында тоқтата тұрып, одан кейін байланысты қайта жасауға тырысады.

Енім атына көңіл бөліңіздер. Компьютерлер кабельді тыңдап көреді, осыдан – тасымал бақылау. Көпшілік жағдайда бірнеше компьютер мәліметтерді бірден таратқысы келеді, осыдан көпшілік енім. Мәліметтерді тарата отырып, компьютерлер кабель бойындағы коллизияның пайда болуын қадағалайды, бола жатса, таратуды тоқтата тұрып, біршама уақыт күтіп, содан соң таратуды кайта бастайды. Бұл коллизияны айқындау.

7 CSMA/CD бәсекелес, жарыстық әдіс. Өйткені желілік компьютерлер мәліметтер тарату үшін өзара бәсекеге, жарысқа түседі.

3-, 4- және 6-компьютерлер мәліметтер таратуға дайын. 6-компьютер мәліметтер таратып жатыр, ал 3- және 4-компьютерлер таратуға дайын тұр: жасыл домалақ шаралар соны көрсетеді.

CSMA/CA

8 Тасымалы бақылаулы және коллизия болдырылмайтын көпшілік енім (қысқаша CSMA/CA), маркерлік тарату немесе CSMA/CD сияқты жиі тараған емес. Бұл әдісте желілік компьютер мәліметтер жіберер алдында, арнайы сигнал жолдап, өз ойын басқаларға алдын ала жеткізеді. Мұны білген басқа компьютерлер сигнал таратпайды, сондықтан коллизия болу мүмкіндігі де жойылады.

Бірақ алдын ала көпшілікке хабар тарату желі трафигін үлкейтіп, оның өткізу қабілеттілігін төмендетеді. Сондыктан, CSMA/CA CSMA/CD-ға қарағанда баяу қимылдап, жай әрекетгілік танытады.

 

Token Passing

9 Маркерлік енімнің негізгі мәні: ерекше түрлі кішкентай пакет, маркер (token), сақина бойымен компьютерден компьютерге ауысып, жылжып отырады. Мәлімет жолдау үшін кез келген компьютер, желі бойындағы бос маркерді тосып алуы керек.

Егер компьютер, бос маркерге қол жеткізіп, өз мәліметтерін орналастырып үлгерсе, онда баска компьютерлер мәліметтер тарата алмайды. Әр уақыт кезеңінде тек бір ғана компьютер маркерді пайдалана алатындықтан, желіде жарыс та, коллизия да, уакытша үзіліс те пайда болмайды

10  Акпарат келесі алгоритм бойынша тарайды:

a)      Ақпарат таратқысы келген компьютер бос маркерді тосып алады.

b)      Маркерге қол жеткізген компьютер оған қаттамаланған мәліметтерін және алушы туралы деректерін тіркеп, оны ары карай аттандырады.

c)       Мәліметтер алушыға жеткенде, ол компьютерге көшіріп алынып, желі бойымен ары қарай жіберіледі.

d)      Жіберілген акпарат жіберуші компьютерге қайтып жеткенде, ол толығымен жойылады және жаңа маркер жасалынады.

Demand Priority

11 Приоритетті сураныстық енім енім әдістерінің жаңа түрлерінің бірі. Оған Ethernet стандартының негізінде жасалынған, мәліметтер тарату жылдамдығы 100 Мбит/с-қа жететін, 100VG-AnyLAN жатады. IEEE стандарты бойынша ол 802.12 категориясын құрады.

100VG-AnyLAN желілері тек шоғырландырғыштар мен соңғы түйіндерден тұрады. Шоғырландырғыштар, желі түйіндерін бірінің соңынан бірін сұрастыра отырып, олардың хабар таратамын дегендерін анықтап, кабельге енім билігін басқарып отырады. Ол барлық адрестерді, байланыстар мен түйіндерді біле отырып, олардың жұмыс қабілеттілігін де тексереді.

100VG-AnyLAN анықтамалары бойынша соңғы түйіндер деп компьютер, көпір, маршрутизатор немесе коммутаторларды атаймыз.

12 Приоритетті сұраныстық енім бойынша компьютер бір мезгілде мәліметгерді тарата да, қабылдай да алады, өйткені бұл желіде кабельдің арнайы схемасы пайдаланылған: сегіз сымдық кабельдің әр қос сымымен 25 МГц жиілікті сигналдар таратылады.

Приоритетті сұраныстық енім желілерінде, байланыс жіберуші компьютер, шоғырландырғыш және қабылдаушы компьютер арасында ғана орнатылады. Мұндай әдіс, мәліметтері бар желіге бірден тарайтын CSMA/CD-гe қарағанда, әлдеқайда тиімді. Приоритетті сұраныстық енімде әр шоғырландырғыш өзіне тікелей қосылған соңғы түйіндер мен репитерлерді ғана біледі, ал онымен салыстырғанда CSMA/CD-де әр концентратор желі тораптарының бар адрестерін білуі керек.

13 CSMA/CD әдісіндегідей, приоритетті сұраныстық енімде де екі компьютер мәліметтер тарату үшін жарысқа түсуі мүмкін. Бірақ, жарыс бола қалған жағдайда, тек соңғы әдісте ғана, мәліметтер түріне карап, артықшылықты пайдалану схемасы іске асырылған. Екі сұраныс қатар түскен жағдайда, шоғырландырғыш бірінші жолды приоритеті жоғарғы сұранысқа береді. Сұраныс приоритеттері бірдей болса, олар еркін түрде атқарылады.

Review

14

Қасиеті немесе функциясы

CSMA/CD

CSMA/CA

Маркерлік енім

Приоритетті сұраныстық енім

Байланыс түрі

Көпшіліктік

Көпшіліктік

Маркер арқылы

Шоғырландырғыш арқылы

Енім түрі

Жарыстық

Жарыстық

Жарыстық емес

Жарыстық

Желі түрі

Ethernet

Local Talk

Token Ring, ArcNet

100VG-AnyLAN

Бақылау сұрақтары

1          "Шина" топологиясының жұмыс істеу ерекшеліктері.

2          "Жұлдыз" топологиясының жұмыс істеу принципі.

3          "Сақина" топологиясының жұмыс істеу ерекшеліктері.

4          Жұлдыз-шина топологиялары бойынша желінің мысалын (схемасын) келтіріңіз.

5          Жұлдызша-сақиналы топологияның желілік ерекшеліктері.

6          Терминатор қандай қызмет атқарады?

7          Репитор дегеніміз не?

8          Hub не үшін қолданылады. Активті және пассивті шоғырландырғыштардың айырмашылығы неде?

9          Коллизия дегеніміз не және ол қандай жағдайда пайда болады?

10      «Коллизия терезесі» дегеніміз не?

11      Енім әдістері не үшін қызмет етеді және оның қандай әдістерін білесіздер?

12      CSMA/CD енім әдісі.

13      CSMA/CA енім әдісі.

14      Көпшіліктік тарату мен жарықтық әдістердің өзіндік мәндері неде?

15      Маркерлік таратуды пайдаланатын енім әдісінің мәні.

16      Приоритетті сұраныстық енімге түсінік беріңіз.

17      Енім әдістеріне салыстырмалық сипаттама беріңіз.

2 Зертханалық жұмыс. Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық моделі. бір рангілік және сервермен басқарылатын желілер

Жұмыс мақсаты:

      ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI моделімен танысу;

      бір рангілік және сервермен басқарылатын желілердің ерекшеліктерімен танысу.

Үй жұмысы

Берілген әдебиеттер бойынша ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық OSI моделімен танысып, оқып, үйреніп, бақылау сұрақтарына жауап беріңіз.

Жұмыстық тапсырма

Demo7 және Demol5 демонстрациялық бағдарламасын қарап шығып, зертханалық жұмысты орындаңыз.

Ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық моделі

Demo 7

 

1 The ISO/OSI Reference Model

2 1984 жылы ISO ашық жүйелердің өзара әрекеттесуінің эталондық моделі (Open System Interconnection Reference Model, OSI) деп аталатын өзінің моделінің жаңа версиясьн ұсынды. Ол кейінірек халықаралық стан­дарт болып қалды: өндірушілер желілік өнімдерді құрған кезде осы моделді ескере отырьп, соған сәйкес жасады.

Модель желілік орталарды сипаттаудың ең кең тараған түрі болды. Көп деңгейлі жүйе бола отырып, байланыс сеансын орнату кезінде ол программалық және аппараттық жабдықтаулардың өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етумен бірге, көптеген басқа да мәселелерді шешуге көмек берді.

OSI моделінде желілік функциялар жеті деңгейге бөлінген. Әр деңгейге әр түрлі желілік амалдар, құрылғылар және протоколдар сәйкес келеді.

A Layered Architecture

3 Физикалық (Physical) деңгей. OSI моделіндегі ең төменгі 1-деңгей. Бұл деңгей реттелмеген биттер ағынын физикалық ортамен (мысалы, желілік кабель арқылы) өткізуді камтамасыз етеді. Мұнда кабельмен байланысудың электрлік немесе оптикалық, механикалық немесе функционалдық интерфейстері қарастырылады.

Физикалык деңгей өзінен жоғары орналасқан деңгейлерден келіп түскен хабарларды тасымалдайтын сигналдарды калыптастырады.

Бұл деңгейде желілік кабельдің желілік адаптермен қосылу тәсілі анықталады, мысалы: ондағы шықпалар саны, олардың функциялары. Сонымен бірге мұнда кабель бойымен хабар тасу әдісі де белгіленеді.

Физикалық деңгей биттерді (0 және 1) бір компьютерден екінші компьютерге жеткізуге арналған. Биттердің мазмұндарының бұл денгейде ешқандай мағынасы жоқ, бірақ бұл деңгейде мәліметтердің кодталуы және синхрондалуы камтамасыз етіліп, мәліметтердің бұлжымай, "1" болса "1" болып,. әлдеқайда "0" болып кетпей жетуі қамтамасыз етіледі. Физикалық деңгейде әр биттің ұзақтылығы және желілік кабельмен жіберілген кездегі электрлік немесе оптикалық сигналға ұласу тәсілі де қалыптастырылады.

Арналық деңгей 2-деңгей, 3-желілік деңгейден 1-физикалық деңгейге мәліметтер кадрлерін (frames) жеткізуді қамтамасыз етеді.

Кадрлар, мәліметтерді орналастыруға арналған, логикалық түрде ұйымдастырылған кұрылым. Қабылдаушы компьютердің арналық деңгейі физикалық деңгейден келіп түскен "шикі" биттер ағынын мәліметтер кадрларына айналдырды.

Желілік (Network) деңгей, 3-деңгей, хабарлардың адрестелуіне және логикалық адрестер мен аттарды физикалық адрестерге ауысуды қамтамасыз етеді. Мұнда нақты желілік жағдайларға байланысты, мәселен қызметтің приоритетіне немесе басқа да шарттарға байланысты, жіберуші компьютер мен қабылдаушы компьютер арасындағы маршрут анықталады.

Егер желілік адаптер мәліметтердің үлкен блоктарын өткізе алмаса, онда желілік деңгейде осы блоктар бөлшектерге бөлінеді. Ал қабылдаушы компьютердің желілік деңгейі бұл мәліметтерді бастапкы жағдайға келтіріп, қайта жинайды.

Транспорттық (Transport) деңгей, 4-деңгей, сеанстық деңгеймен бірге қосылудың қосымша денгейі болып табылады. Ол пакеттердің қателіксіз жеткізілуін қамтамасыз етеді. Бұл деңгейде хабарлар түрлендіріліп, жаңғыртылады: көлемі үлкен хабарлар бірнеше пакеттерге бөлінеді, ал көлемі аз хабарлар бір пакетке біріктіріледі: бұл пакеттердің желі арқылы өту тиімділігін арттырады. Қабылдаушы компьютердің транспорттық деңгейінде хабарлар пакеттен қайта ашылып, қаз қалпына келтіріледі. Қабылдаудың сәтті аяқталғаны туралы жіберушіге қайта сигнал жіберіледі.

Транспорттық деңгей хабар ағынын басқарып, ондағы қателерді тексеріп отырады. Сонымен қатар пакеттерді жіберу және қабылдау мәселелерімен шұғылданып, соған байланысты мәселелерді шешеді.

Сеанстық (Session) деңгей, 5-деңгей, кез-келген екі компьютерлердегі қолданбалы программалардың өзара қосылуының орнатылуын, колданылуын және аяқталуын қамтамасыз ететін жалпы сеанс деп аталатын ұғымды береді. Бұл деңгейде екі қолданбалы программалардың өзара байланысында бірін-бірі (аттарын) танып, олардың қорғанысын қамтамасыз ететін функциялар орындалады.

Сеанстык деңгей пайдаланушы есептерінің өзара синхрондалуын қамтамасыз етеді, ол мәліметтер ағынындағы бақылау нүктелерін (check­points) қою арқылы іске асырылады. Мұның бір пайдасы желіде қате кеткен жағдайда, бар мәліметтерді қайталамай-ак, тек соңғы бакылау нүктесінен кейін орналасқан мәліметтерді ғана жаңадан жіберу. Бұл деңгейде өзара қатынасатын процестер арасындағы диалог басқарылып отырады, яғни қай жақ хабар жібереді, қай уакытта, қанша уақыт аралығында т.с.с.

Өкілеттік (Presentation) деңгей, 6-деңгей, желілік компьютерлер арасындағы мәліметтер алмастыру пішінін (форматын) анықтайды. Бұл деңгейді аудармашы деп те атауға болады. Қолданбалы 7-деңгейден келіп түскен мәліметтер жіберуші компьютерде жалпы бекітілген аралық фор­матқа ауыстырылып, ал қабылдаушы компьютерде ол керісінше, аралық форматтан компьютердің қоданбалы деңгейінде пайдаланылатын форматқа аударылады. Өкілеттік деңгей протоколдардың, жіберілетін мәліметтердің өзгертілуіне, олардың шифрлануына, кодталуына, қолданылатын белгілер жиынының өзгертілуіне және графикалық бұйрықтардың кеңейтілуіне жауап береді.

Бұл деңгейде редиректор (redirector) деп аталатын утилита жұмыс істейді. Ол енгізу және шығару амалдарын сервер қорларының адрестеріне бағыттап отырады.

Қолданбалы (Application) деңгей, 7-деңгей, OSI моделінің, ең жоғарғы деңгейі. Ол қолданбалы процестердің желілік қызметтерге ену терезесі  кызметін атқарады. Бұл деңгей пайдаланушыға тікелей қызмет көрсетеді: файлдарды тарататын, қорларға енімді атқаратын, электрондық почта қызметін көрсететін программалық жабдықтарды байланыстырады. Қолданбалы деңгей желіге жалпы енімді, мәліметтер ағынын және қателерді түзету істерін басқарады.

Transmitting Data

4 Мәліметтер желіге жіберілгенде, ол жоғарыда аталған жеті деңгейдің бәрінен де өтеді. Әр деңгей пакетке өзінің белгілі бір басқарушы мәліметін қосады, ал арналық 2-деңгей бағыттау (маршруттау) хабарын қосады.

Физикалық деңгей пакетті физикалық желіге жеткізеді.

5 Мәліметтер қабылдаушы компьютерге жеткенде, әр деңгей хабардың өзіне арналған бөлігін қабылдап, пакетті өңдеп, келесі деңгейге жібереді.

6 Бұл процесс желідегі екі компьютер арасындағы хабарды жіберу кезінде әрдайым қайталанып отырады.

Review

7

      OSI моделі желілік байланысты жеті деңгейге бөлетін архитектура.

      Желімен жіберілетін пакетке әр деңгей өзінің басқарушы мәліметін қосады.

      Оның құрамына байланысты дұрыс қамтамасыз ету үшін қажетті жабдыктар мен протоколдар қандай күйде жұмыс істеу керектігі жайында хабар болады.

      Желілік өнімдер OSI моделінің негізінде құрылуы керек.

Бір рангілік және сервермен басқарылатын желілер

Demo 15

1 Бір рангілік желіде бар компьютерлердің құқықтары бірдей. Әр компьютер клиенттің де, сервердің де функцияларын қатар орындай алады. Әр пайдаланушы компьютеріндегі қандай мәліметтерді желі бойынша ортақ пайдалануға болатынын өзі шешеді.

2 Бір рангілік желіде компьютерлер өзара жұмыс топтарына бөлінеді. Бір рангілік желілер компьютерлер саны көп болмағанда, шамамен екіден онға дейін болғанда тиімділік көрсетеді. Жалпы желіге жауап беретін әкім ұғымы болмайды. Әркім өз қауіпсіздігін өз бетінше шешеді және кімге қандай қорларды пайдалануға рұқсат ететінін де өзі шешеді.

3 Жұмыс тобы өсе келе, мұндай орталықтандырылмаған жүйені басқару қиынға соғады. Мысалы, желі бойында 15 клиенттік станция болатын болса, онда 15 клиенттік кызмет көрсету үшін, 15 жеке қауіпсіздік қорларын жасау керек.

4 Windows 2000 Server-де қауіпсіздік жүйесі тиімді, ал әкімшілігі оңай атқарылатын домендік жүйелер пайдаланылады. Домен дегеніміз, бір немесе бірнеше серверлерден, клиенттерден тұратын, мәліметтер базасы мен қауіпсіздігі біртұтас жасалынған, логикалык топ.

Үлкен желілер бірнеше домендерден тұруы мүмкін.

5 Домендерде арнайыландырылған серверлер болуы мүмкін. Олар тек қана серверлік функцияларды орындайды, клиенттік немесе жұмысшы станциясының жұмысын атқармайды.

Сервермен басқарылатын желіде қауіпсіздікті және қорларды басқару әкімшілігі орталықтандырылған.

6 Осындай арнайыландырылған серверлердің бірі бірінші реттік домен контроллері (Primary Domain Contoller, PDC). PDC доменде бірінші орналастырылатын сервер. Онда пайдаланушылардың тіркеу жазбасының бірінші көшірмесі сақталады. Ол файл, баспа т.б серверлер ретінде де пайдаланылады. Әр доменде бір PDC болады.

7 Windows 2000-да PDC-тен кейін орнатылатын серверлер қосалқы домен контроллері (Backup Domian Controller, BDC) ретінде қойылады. BDC қауіпсіздік саясатының қосалқы көшірмесін, олардың базасын сақтайтын және енім тексеруін жүргізетін компьютер. BDC-тің болуы қалайда мақсат емес, дегенмен оның құрғанда біреуінің болтаны дұрыс. Оның үстіне ол файл, баспа т.б серверлер ретінде де пайдаланыла береді.

8 PDC істен шықса, онын жұмысын BDC жалғастырып алып кетеді.

9 Сервер атқаратын жұмыстар әрі күрделі, әрі кешенді. Мысалы, файл және баспалық серверлер пайдаланушылардың файлдарға немесе баспа құрылғыларына жол салуын қадағалайды. Почта сервері почтаның қабылданып, таралуын басқарса, факс сервер желідегі бірнеше факс-модемдерді пайдалана отырып, факстердің таратылуы мен қабылдануын камтамасыз етеді.

Review

Бір рангілі желі кішігірім, екіден онға дейін компьютерлерді қосатын, бір немесе бірнеше жұмыс топтарына бірлескен компьютерлер жинағы. Әр клиент өз базасын өзі басқарады.

Оннан асқан  компьютерлер саны бар желілер домендік құрылымға бірігуі керек. Онда әкімшілік пен қорғаныс саясатын жеңіл ұстауға болады.

Әр доменнің өзінің контроллері бар. Және олар арнайыландырылған серверлер, мәселен, файл, баспа, қолданбалы программаларды орындайтын және электрондық почталардың серверлері болуы мүмкін.

Бақылау сұрақтары

1          OSI моделінің деңгейлерін атап өтіңіз.

2          OSI моделінің негізгі деңгейлерінің атқаратын рөлдерін айтып беріңіз.

3          Протоколдар стегі дегеніміз не? Протоколдардың қандай көп тараған стандартты стектерін білесіздер?

4          IEEE 802 стандартының OSI моделінен қандай айырмашылығы бар?

5          802 спецификациясының неше категориясы бар? Негізгілерін атап өтіңіз.

6          OSI моделінің кеңейтілген түрлерінен не білесіз? LLC және MAC ұғымдары нені көрсетеді?

7          IEEE 802.1Q, р, d спецификациялары нені білдіреді?

8          IEEE 802.3z, 3ab спецификациялары нені көрсетеді?

9          Көпірлер, маршрутизаторлар мен шлюздер OSI-дің қандай деңгейлерінде жұмыс істейді?

10      Желілік пакеттің құрылымын суреттеп беріңіз. CRC қалай талданады, не үшін пайдаланылады?

11      HLC дегеніміз не?

12      Маршрутталатын протоколдардың мағынасы неде? Қандай маршрутталатын және маршрутталмайтын протоколдарды білесіз?

13      Бір рангілі желінің ерекшеліктері неде?

14      Сервермен басқарылатын желілердің ерекшеліктері неде? Қолдану аймақтары қандай?

15      "Ортақ қор", "Ортақ пайдаланым" дегеніміз не? Қандай құрылғылар ортақ пайдаланымға беріле алады?

16      "Желі әкімінің" рөлі қандай?

17      Желі бірнеше серверлерден тұра ала ма?

18      Қандай компьютерлік желі бір рангілік немесе жергілікті желі деп аталады?

19      Сервермен басқарылатын желінің қандай ерекшеліктері бар?

20      С2 қауіпсіздік сертификаты деген не? «Алқызыл кітап» не туралы жазылған?

3 Зертханалық жұмыс. «Түзу» және «қиыстырылған» utp сымдарын қысу мен тесттен өткізу

Жұмыстың мақсаты:

     мәліметтерді тарату ортасымен танысу;

     Ethernet желісі үшін UTP сымдарын қысу мен тесттен өткізу жағынан тәжірибе алу.

Жұмыс тапсырмасы

Т568В стандарты бойынша «түзу» сымды қысып жасау.

Сымды тестердің көмегімен тесттен өткізу.

Т568В және Т568А стандарты бойынша «қиыстырылған» сымды қысып жасау. Сымның жұмыс істеу қабілетін тестер арқылы тексеру.

Қажетті жабдықтар:

1)       әр жұптағы екі студентке 5 немесе 5e категориясындағы сымның екі кесіндісі. «Түзу» сымның ұзындығы 1,5 метр, ал «қиыстырылған» сымның ұзындығы 3 метр болуы қажет;

2)       төрттен кем емес RJ-45 коннекторы (сымдарды дұрыс қоспаған жағдайда көбірек керек болуы мүмкін);

3)       RJ-45 қысу құрал-жабдығы;

4)       Ethernet сымдарын тексеретін тестер.

Зертханалық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

Ширатылған екі сымнан тұратын кабель осы күні кеңінен таралған кабельдер түріне жатады, оларды «ширатылған жұп» (twisted pair) деп атайды. Ол ақпаратты 100 Мбит/с жылдамдықпен таратуға мүмкіндік береді, жеңіл орнатылады, бірақ бөгеуілдерге төзімділігі төмен орта болып саналады. Сымның максималды ұзындығы 100 метрден аспайды, минималды ұзындығы – 1м.

Коннектор ретінде сегіз түйіспелі модульді қосқыш "RJ-45" қолданылады.

1 – 8 түйіспе,

2 – коннектор фиксаторы,

3 – сым фиксаторы.

1 суретКоннектордың жанынан қараған түрі

Түйіспе 1
2
3
4
5
6
7
Түйіспе 8

2 суретКоннектордың түйіспелер жағынан қараған түрі

Қысқан кезде түйіспелер корпустың ішіне батырылып, сым талшықтарының оқшаулағышын (2) тесіп мыс өткізгішпен (1) түйіндеседі.

3 сурет Коннектордың алдынан қараған түрі

 

«Түзу» сымда, 1-ші түйіспенің сым талшығының түсі сымның екі басында да бірдей болады. Қалған жеті түйіспе үшін осы жағдай қайталанады.

Сым Ethernet желісі үшін TIA/EIA T568A немесе T568B стандарттары негізінде жасалады, осы стандарттар әр түйіспеге келетін сым талшығының түсін анықтайды. «Түзу» сымдар, әдетте дербес компьютерді концентраторға, коммутаторға немесе қабырғаға орнатылған арнайы ұяшыққа тікелей қосуға арналған.

«Қиыстырылған» сымда, сымның бір ұшына қарағанда келесі ұшында екінші және үшінші сым талшықтарының жұптары орындарымен ауысқан болып келеді. Осындай сымның бір ұшы T568A стандартына, ал екінші ұшы T568B стандартына сәйкес келеді. «Қиыстырылған» сымдар әдетте бір типті құрылғыларды өзара жалғау үшін қолданылады, мысалы, компьютерді компьютермен, коммутаторды коммутатормен және т.б үшін.

Зертханалық жұмысты жұппен немесе топтасып орындаған жөн.

1 К е с т е – Сым талшықтарының T568A стандарты бойынша орналасуы

Түйіспе

Жұп

Сым талшығының түсі

Қызметі

1

2

Ақ/жасыл

Жіберу

2

2

Жасыл

Жіберу

3

3

Ақ/тоқсары

Қабылдау

4

1

Көк

Қолданылмайды

5

1

Ақ/көк

Қолданылмайды

6

3

Тоқсары

Қабылдау

7

4

Ақ/қоңыр

Қолданылмайды

8

4

Қоңыр

Қолданылмайды

2 К е с т е Сым талшықтарының T568B стандарты бойынша орналасуы

Түйіспе

Жұп

Сым талшығының түсі

Қызметі

1

2

Ақ/тоқсары

Жіберу

2

2

Тоқсары

Жіберу

3

3

Ақ/жасыл

Қабылдау

4

1

Көк

Қолданылмайды

5

1

Ақ/көк

Қолданылмайды

6

3

Жасыл

Қабылдау

7

4

Ақ/қоңыр

Қолданылмайды

8

4

Қоңыр

Қолданылмайды

 

Жұмысты орындау тәртібі

 

Ethernet технологиясына арналған «түзу» сымды жасау және тесттен өткізу

 

Сымды алып жұмысқа даярлау

 

                     1       Қажетті ұзындыққа сәйкес сымның бір бөлігін кесіп алыңыз.

                     2       Оқшаулағышты тазалайтын құрал-жабдықтың көмегімен кабельдің екі ұшын сыртқы қабынан 5,08 см (2") тазалаңыз.

                     3       «Түзу» кабель үшін қолданылатын стандарт негізінде жоғарыдан керекті кестені анықтаңыз.

                     4       Жұпты сымның бас жағын тарқатып, түрлі-түсті сымдарды стандартқа сәйкесті етіп орналастырыңыз. Мүмкіндігінше сымның қысқа аймағын тарқатқан жөн. Сымдардың ширатылып тұруы өте маңызды, өйткені олар бөгеуілдерді басуды қамтамасыз етеді.

                     5       Сымдарды бас бармақ пен балан үйрек (екінші) саусақ арасына қысу арқылы түзетіп, жазыңыз.

                     6       Кабельдегі сымдардың орналасу тәртібінің стандартқа сәйкестігіне көз жеткізіңіз.

                     7       Сымдарды орналастырып болған соң түзу бөлігінің шетінен ұзындығы 1,25 – 1,9 см етіп кесіңіз. Егер одан ұзын бөлігін қалдырса, онда кабель «қиыстырылған» бөгеуілдерге (көрші сымдар жасайтын бөгеуілдер) қарсы тұра алмайтын болады.

                     8       Сымды енгізген кезде RJ-45 коннекторының мұртшасы төмен қарай бағытталған болуы керек. Сымды RJ-45-тің коннекторына (розъем) толық кіргізіңіз, барлық сымдар коннекторға барынша мол кіруі керек.

                     9       Коннектордың шеттерін қарап шығыңыз. Сегіз сым RJ-45 –тің ажыратқышының түйіспелеріне тығыз түрде жанасуы керек. Кабельдің сыртқы қабығының кейбір бөлігі де ажыратқышқа енгізілуі керек. Егер қабық толық түрде терең ажыратқышқа енгізілмесе, онда ол кабельдің бұзылуына әкелуі мүмкін.

                   10     Егер барлығы дұрыс тегістелсе және енгізілсе, онда RJ-45 коннекторы мен кабельді қысу инструментіне орналастыру керек. Қысу инструменті RJ-45 коннекторын екі поршенмен қысады.

                   11     Коннекторды қайтадан қараңыз. Егер дұрыс орнатылмаған болса, онда бұл ұшты кесіп тастап, осы процесті қайталаңыз.

                   12     Жоғарыда сипатталынған амалдарды орындап, RJ-45 коннекторнын кабельдің екінші ұшына орнатыңыз.

 

Кабельді тестілеу

 

                     1       Кабельді тестілеушінің көмегімен «түзу кабельдің» жұмыс істеу қабілетін тексеріңіз. Егер кабель тестілеуден өтпесе, осы зертханалық жұмысты қайта орындауға тура келеді.

                     2       Әрбір тестіленетін кабель үшін келесі процедураны орындаңыз. Кабельдің бір шетін RJ-45 коннекторын маркировкасы UTP/FTP болатын тестерлеушіге енгізіңіз. Кабельдің басқа шетін RJ-45–ті қамтитын втулкасына енгізіңіз. Кабельді тестілеуден өткізіңіз.

 

Ethernet технологиясына арналған «қиыстырылған» сымды жасау және тесттен өткізу

 

Кабельді алу және дайындау

 

                     1       Кабельдің керекті ұзындықты бөлігін кесіп алыңыз және оның оқшаулағышын (изоляциясын) алуға арналған құрал-жабдықтың көмегімен кабельдің екі ұшынан 5,08 см (2") бөлігін қабығынан тазартыңыз.

                     2       Осы құжаттың басындағы T568A стандартқа арналған кестені табыңыз. RJ-45 коннекторын кабельдің бір ұшына орнату үшін бұрын орындалған амалдарды 1.1.2- 1.1.10 пункттері бойынша орындаңыз (кесте мен T568А стандартын пайдаланып).

                     3       Коннекторды мұқиат қайта қараңыз. Дұрыс орнатылмаған жағдайда шетін кесіп тастап, процесті қайталаңыз.

                     4       Кабельдің келесі ұшын T568B стандарты бойынша өңдеу

                     5       RJ-45-тың басқа шетіне коннекторды орнату үшін бұрын сипатталынған амалдарды орындаңыз (бірақ T568B стандартына арналған кестені пайдаланып).

                     6       Коннекторды қайта қараңыз. Дұрыс орнатылмаған жағдайда бұл ұшты кесіп тастап, процесті қайталаңыз.

 

Сымды тестер көмегімен тексеру

 

                     1       Сымға арналған тестер көмегімен «қиыстырылған» сымның жұмыс істеу қабілетін тексеріңіз. Егер сым тесттен өтпесе зертханалық жұмыстың осы сымға арналған бөлігін қайтадан орындаңыз.

Бақылау сұрақтары

                      1       Сымның қандай түрлерін білесіз?

                      2       UTP сымының максималды ұзындығы. Неліктен сымның ұзындығы шектелген?

                      3       «Түзу» сымның «қиыстырылған» сымнан айырмашылығы қандай?

                      4       Өрілген жұп сымдарын қосу үшін қандай коннекторлар қолданылады?

                      5       UTP сымының жұмысына қандай бөгеуілдер әсер етеді?

                      6       UTP сымын қысып жасауда қолданылатын сұлбаны келтіріңіз және мәліметтерді тарату принципін түсіндіріңіз.

                      7       Өрілген жұп сымдарының негізгі электрлік және жиіліктік параметрлері.

                      8       категориясындағы UTP сымының салмақ-көлемді (массогабаритті) және эксплуатациялық параметрлері.

4 Зертханалық жұмыс. Мәліметтерді тарату ортасы

Жұмыстың мақсаты:

          екі жұмыс станциясын өзара байланыстырудың әртүрлі әдістерімен танысу;

          ақпараттарды таратуға арналған әртүрлі орталардың сипаттамаларын оқып үйрену және артықшылықтары мен кемшіліктерін танып білу.

Жұмыс тапсырмасы

Екі компьютер арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру (компьютерді компьютерге тікелей жалғау).

Өзара коммутатордың көмегімен байланысқан екі жұмыс станциясының арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру.

Компьютерлер арасында ену нүктесінің көмегінсіз сымсыз байланысты ұйымдастыру.

Осы мәліметтерді тарату әдістерін салыстырып қорытынды жазу.

Қажетті жабдықтар:

1)       әр жұптағы екі студентке 5 немесе 5e категориясындағы «түзу» және «қиыстырылған» кабельдер (үшінші зертханалық жұмыста жасалған кабельдер жарайды);

2)       2 немесе 3 коммутатор;

3)       сымсыз желі карталары бар компьютерлер, әр жұпқа 2ден.

Әдістемелік нұсқау

Компьютерлердің желілік картасына арналған IP адрестер 1-кестеден таңдап алынады.

1 Ке с т е

Жұп

 

Бірінші компьютердің

IP адресі

Екінші компьютердің

IP адресі

Желі асты маскасы

1

10.0.0.1

10.0.0.2

255.0.0.0

2

10.0.0.3

10.0.0.4

3

10.0.0.5

10.0.0.6

4

10.0.0.7

10.0.0.8

5

10.0.0.9

10.0.0.10

6

10.0.0.11

10.0.0.12

 

Жұмыстың орындалу тәртібі

 

                     1            Екі компьютер арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру (компьютерді компьютерге тікелей жалғау).

                     2            «Қиыстырылған» сымның көмегімен (алдыңғы зертханалық жұмыста жасалған сымды қолданыңыздар) екі дербес компьютерді бір-біріне жалғаңыз (1 суретті қара).

 

1 сурет

 

                     3            Компьютерлер бір-бірімен байланыса алуы үшін желілік карталарына IP адрес тағайындау қажет. IP адрестерді сәйкесінше 1 кестеден алыңыздар.

                     4            Адресті тағайындау үшін желілік ортаның «Сипаттама» (Свойства) терезесін ашу қажет. Ашылған терезеден жергілікті желіні таңдап, соның сипаттамасын көрсететін терезені ашыңыз. Осы терезедегі TCP/IP протоколының сипаттамасына кіріп IP адресті тағайындаңыз.

                     5            Осы іс қимылдарыңызды екінші компьютер үшін қайталаңыздар.

                     6            Ping утилитасының көмегімен компьютерлер арасындағы физикалық байланысты тексеру қажет.

                     7            Байланысты тексеру үшін екі компьютерде де «Пуск» кнопкасын басып «Выполнить» деген жолды таңдаңыз. Ашылған терезешеде cmd командасын теріңіз.

                     8             Командалық жол ашылады. Осы жолда компьютердің IP-адресін анықтау үшін ipconfig командасын теріңіз.

                     9            Екі компьютердің IP-адресін жазып алыңыз.

                   10          Компьютер 1: _________________________

                   11          Компьютер 2: _________________________

                   12          Екі компьютердің біреуінің командалық жолында көрші компьютердің IP-адресі мен ping командасын енгізіңіз. Егер сым жұмыс істеп тұрса, байланысты тексеру қателіксіз өтуі қажет.

                   13          Өздеріңіз таңдаған немесе оқытушы көрсеткен папкаға (жүйелік емес) жалпылай ену қызметін ашыңыз. Осы папкадағы мәліметті көрші компьютерге көшіріңіз. Көшірілу уақытын (ақпаратты көшіруге қанша уақыт қажет болды), мәліметтің көлемін және таратылу ара-қашықтығын (сымның ұзындығы) белгілеп жазып алыңыз.

Ескерту. Тексеру дұрыс өтуі үшін компьютерлерде  Windows брандмауэрын уақытша өшіре тұру қажет.

                   14          Өзара коммутатордың көмегімен байланысқан екі жұмыс станциясының арасында мәліметтерді тасымалдауды ұйымдастыру.

                   15          «Түзу» кабельдің (алдыңғы жұмыста жасалған түзу кабельді қолданыңыз) көмегімен дербес компьютерді желіге (коммутаторға, 2 суретті қара) қосыңыз.

2 сурет

 

Мұндағы n – 255 төмен кез-келген сан, желі асты маскасы ретіне 255.0.0.0 алуға болады.

                   16          Дербес компьютердің (ДК) желілік карталарының IP-адрестері ешбір өзгеріссіз, бұрынғы қалпында қалуы керек.

                   17          Ping утилитасын пайдаланып, көрші компьютерлермен қосылуының физикалық жағдайын тексеріңіз.

                   18          Егер тексеру сәтті болса, онда бұрын құрастырылған жалпы дестедегі информацияны (бұрынғы көлемде) көрші компьютерге жеткізу керек. Көшіру уақытын белгілеңіз (информаияларды көшіруге қанша уақыт қажет болғанын және оны алдыңғымен салыстырыңыз.

Ену нүктесінсіз компьютерлер арасында сымсыз байланыс орнатуды ұйымдастыру

 

                     1            Компьютерлер (немесе компьютер мен ноутбук арасында) арасындағы сымсыз желіні (жеткізу нүктесіз) келтіру.

      3 сурет

 

                     2            Желілік орта (Сетевое окружение) қасиеті арқылы Сымсыз желілік байланыс (Беспроводное сетевое соединение) қасиетін таңдаңыз, одан Сымсыз желілерді (Беспроводные сети) таңдаңыз.

                     3            Ашылған терезеде Қосу (Добавить) кнопкасын басыңыз және желілік атты жазыңыз, мысалы – home. Disable деген параметр беріп, деректерді шифрлауды тоқтатыңыз.

                     4            Сол терезеде Қосымша (Дополнительно) кнопкасын басыңыз. Ашылған терезеде ұсынылған нұсқалардан Компьютер-компьютер желісін (Сеть компьютер-компьютер) таңдаңыз.

                     5            Сымсыз желілік байланыс (Беспроводное сетевоге соединение) белгісінде тышқанның оң жақтағы клавишасын басып, Сымсыз желілерді қарап шығу (Просмотр доступных беспроводных сетей) параметрін таңдаңыз.

                     6            Ашылған терезеде Рұқсат (Разрешить) деген белгі қойып, Қосу (Подключить) деген кнопканы басыңыз.

                     7            Егер сымсыз желілік байланыстың белгісінде қызыл крестик жоғалса, онда компьютерлер арасында сымсыз байланысты орнатылғаны.

                     8            Ping командасының көмегімен командалық жол арқылы жаңа желіні тестілеу керек. Ол үшін Пуск/Выполнить (Run) ашып, cmd командасын жазып, ОК кнопкасын басу керек, осыдан кейін ping командасын жазу керек.

                     9            Ping командасынан кейін IP адресті жазуды ұмытпаңыздар. Егер тест ойдағыдай өтсе, сымсыз желі арқылы көрші компьютерге еніп, осы жұмыста қолданылған жалпы папкадағы мәліметті (көлемі өзгермеуі тиіс) өз компьютеріңізге көшіріңіз. Тағыда көшірілу уақытын (ақпаратты көшіруге қанша уақыт қажет болды), мәліметтің көлемін және таратылу ара-қашықтығын белгілеп жазып алыңыз. Алдыңғы көрсеткіштермен салыстыра отырып қорытынды жазыңыз

Бақылау сұрақтары

1          Мәліметтерді тарату ортасы деп нені атауға болады?

2          Ақпаратты жіберудің әртүрлі әдістерін салыстырып артықшылықтары мен кемшіліктерін айқындаңыз.

3          Мәліметтерді таратудың физикалық ортасын тестілеу үшін қандай утилитаны қолдануға болады?

4          Екі хостты өзара байланыстыру үшін қандай стандартты процедуралар жүзеге асырылуы қажет?

5          Сымсыз мәліметтерді тарату ортасының артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

5 Зертханалық жұмыс. Сымсыз адаптерді орнату және реттеу

Жұмыстың мақсаты:

     сымсыз желілік адаптерді орнату және реттеу бойынша тәжерибелік машықтану, сонымен қатар ену нүктесі жоқ сымсыз желінің жұмысын оқып үйрену.

Жұмыс тапсырмасы

Желілік сымсыз адаптерді монтаждауды жүргізу (тек бір компьютерде ғана).

Драйверді орнату.

Статикалық IP адрес беру.

Ену нүктесі жоқ компьютерлердің арасында сымсыз байланысты орнату.

Зертханалық жұмысты түгелдей тестілеу қажет.

WEP арқылы мәліметтерді шифрлеуді орнату.

Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

Жүйенің талаптары:

-          32 битқа арналған PCI-разъемді компьютер;

-          кем дегенде 300 МГц және 32 Мб жадылы процессор;

-          802.11b/g сымсыз желілік адаптері (берілген әдіс үшін).

108 Mbps радио PCI адаптері

 

1 сурет  – IEEE 802.11g радио PCI адаптері

Сымсыз желі схемасы. Сымсыз адаптерді монтаждау.

 

Егер сізде екі немесе оданда көп компьютеріңіз болып (жұмыс бекеттері немесе ноутбуктар) және сіз файлдар мен принтерлерді бірге қолданғыңыз келсе, онда сіздің желіңіз келесідей кейіпте болады:

2 сурет  – Компьютер-компьютер сымсыз желісі

 

Бұл орнатуды аяқтау үшін, келесі пункттерді орындау қажет.

 

                     1       Сымсыз PCI адаптерін жеке дара жұмыс компьютеріне орнату. Сымсыз адаптерді монтаждау демонстрация үшін тек бір ғана компьютерде орындалады.

                     2       Компьютердің корпусын ашып, радио адаптерді аналық платаның PCI слотына орнату қажет.

3 сурет

 

                     3       Компьютердің корпусын жауып, радио адаптердің антеннасын орнату қажет.

4 сурет

 

WLAN Monitor бағдарламалық жабдығы мен драйверін орнату.

 

                     1       Картаны орнатқаннан кейін компьютердің қосылу/жүктелу барысында Жаңа жабдықтарды іздеу терезесі ашылады, бұл жерден Install the software automatically таңдап, драйвері бар дискіні қойып, Next басыңыз.

                     2       Жаңа жабдықтарды орнату шебері сымсыз карта драйверін орнатады, арықарай Готово басыңыз.

                     3       WLAN Monitor бағдарламасын орнату. Орнату файылдарына әкелетін жолдар: D:/PCI Adapter/ Driver_Utility/Setup.

                     4       Бірнеше рет Next басыңыз. Бағдарлама орнатылып, компьютерді қайта жүктеуді/сөндіріп қосуды сұрайды. Finish басыңыз.

                     5       Сымсыз карталар орнатылып қойылған басқа компьютерлерде Свойство компьютера және Диспетчер устройств арқылы картаның бар екеніне көз жетізіңіз. Дұрыс орнатылып па, қараңыз? Жоқ болса, Диспетчер устройств тышқанды сіздің сымсыз картаңыздың атына әкеліп, тышқанның оң жақ тетігін басыңыз, онда Обновить драйвер көрсеткішін таңдаңыз. Содан соң 3.4.3–3.4.4. пункттерін қайталаңыз.

                     6       Сымсыз картаға статикалық IP-адресті беру, свойства Интернет протокола TCP/IP (свойство Сетевого окружения және Беспроводного сетевого соединения арқылы) ашу арқылы орындалады.

Назар аударыңыз: барлық компьютерлерге IP-адрес сол IP адрес аумағыда болу керек және желі асты маскасыда сіздің желіңіздегі барлық компьютерлер үшін бірдей болу қажет. Мысалы: егер бірінші компьютерге 255.0.0.0 желі асты маскасы бар 10.0.0.2 IP-адресі тағайындалса, онда екінші компьютерге 255.0.0.0 желі асты маскасы бар 10.0.0.х (ондағы x – 3 пен 254 арасындағы нөмір) IP-адресі тағайындалуы мүмкін.

Компьютерлер арасында (немесе компьютермен ноутбук) ену нүктесі жоқ сымсыз желіні орнату.

 

                     1       Сетевые окружения қасиеті арқылы Беспроводного сетевого соединения қасиетін ашу керек, бұл жерде Беспроводные сети жолын таңдаңыз.

                     2       Ашылған терезеден Добавить тетігіне басыңыз және желі атын теріңіз, мысалы home. Disable көрсеткішін белгілеп, мәліметтерді шифрлеуді сөндіріңіз.

                     3       Сол терезеде Дополнительно тетігін басыңыз. Ашылған терезеден ұсынылған нұсқалардың ішінен Сеть компьютер- компьютер көрсеткішін таңдаңыз.

                     4       Беспроводного сетевого соединения иконкасында тышқанның оң тетігін басып, Просмотр доступных беспроводных сетей көрсеткішін таңдаңыз.

                     5       Ашылған терезедегі Разрешить подключение-ге белгі қойыңыз және Подключить тетігіне басыңыз.

                     6       Назар аударыңыз, Беспроводные сетевые соединения иконкасындағы қызыл крестик жоғалып кетті, бұл дегеніміз компьютерлер арасында сымсыз байланыс пайда болды дегенге пара пар.

                     7       Ping командасының көмегімен командалық жол арқылы өзіңіздің жаңа желіңізді тестілеңіз. Ол үшін Пуск/Выполнить (Run) ашыңыз, cmd командасын теріңіз, ОК тетігін басыңыз және одан кейін ping командасын теріңіз.

                     8       Ping командасынан кейін IP адресті көрсетуді ұмытпаңыз. Көрші компьютерге сымсыз желі арқылы кіріп көріңіз (ол үшін көрші компьютерде алдын ала белгілі бір папкаға ортақ енуді ашып қойыңыз).

WEP арқылы мәліметтерді шифрлеуді реттеу.

 

Ол үшін Свойства беспроводной сети терезесін ашыңыз. Ашылған терезеден өзіңіздің сымсыз желіңізді таңдап, Свойства (Properties) тетігін басыңыз және ертереке сөндірілген WEP шифрование қосыңыз. Шифрлеу үшін кілтті қолмен енгізіңіз (кілт ретінде кез келген бес әріптен тұратын сөзді алуға болады, тек барлығы үшін кілт бірдей болу керек).

5 сурет

 

Сымсыз желі терезесінде құлпы бейнесі және сымсыз желі қорғанған деген хабарламада пайда болуы керек. Егер ол болмаса, компьютерді қайта жүктеңіз/сөндіріп қосыңыз.

Бақылау сұрақтары

1     Сымсыз желілердің ерекшеліктері мен қажеттілігі. Артықшылықтары мен кемшіліктері.

2     802.11x стандартының ашық аймақта және ғимаратта сымсыз желінің әсер ету жуық радиусы қандай?

3     Сымсыз желілердің түрлері. Сымсыз жергілікті компьютерлік желілердің әртүрлі құрылымдары.

4     WPAN және WLAN.

5     Сымсыз компьютерлік желілердің стандарттары.

6     802.11 стандартының жаңаруы.

7     802.11n стандарты.

8     Сымсыз жергілікті компьютерлік желілерді тұрғызудың әртүрлі құрылымдары.

9     WLAN да қолданылатын антенналардың түрлері.

 

6 Зертханалық жұмыс. Сымсыз желі үшін ену нүктесін орнату және реттеу

 

Жұмыстың мақсаты:

-     ену нүктесін орнату және реттеу бойынша тәжерибелік машықтану;

-     ену нүктесінің жұмыс істеу принципін оқып үйрену;

-     ену нүктесі бар сымсыз желіні реттеуді үйрену.

Жұмыс тапсырмасы

Ену нүктесін орнату.

Ену нүктесін реттеу.

Ену нүктесі мен компьютерлердің арасында желілік байланысты орнату. Жүйені тестілеу.

Ену тізімі көмегімен ену нүктесін қорғау.

Ену нүктесі арқылы Интернетке шығуды алу.

Жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

Қажетті аспаптар:

-     5V, 2.0A ге радио адаптері бар 108 Mbps ті ену нүктесі;

-     Ethernet кабелі;

-     SMA антенналар жиыны.

Жүйенің құрамы және жұмысқа талаптар

Орнатылған Ethernet-адаптері мен Windows ХP/2000 операциялық жүйелері бар компьютерлер.

1 сурет  – Ену нүктесі

 

Ескерту – Тастау тетігі (1 суретті қараңыз, кішкентай домалақ нүкте) ену нүктесін, оның бастапқы заводтағы реттеулерінің қалпына дейін келтіреді.

ЛВС порты – Auto-MDI/MDIX

Ену нүктесін жергілікті желімен немесе компьютермен жалғау үшін, бұл порттың разъемына Ethernet-кабелді қоя аласыз.

Power

Әркез жанып тұратын жасыл шам қорек көзінің бар екенін көрсетеді.

LAN

Жыпылықтап тұрған жасыл шам Ethernet-порттың жұмысын көрсетеді.

WLAN

Жыпылықтап тұрған жасыл шам сымсыз байланыс жұмысын көрсетеді.

1                                   

Жұмыстың орындалу реті

 

                     1       Ену нүктесін компьютерге желілік адаптер ұяшығы арқылы желілік кабель көмегімен қосыңыз.

                     2      

Жергілікті компьютердің желілік адаптерінің IP-адресі 10.0.0.х аумағында болуы керек, ондағы х 2÷254 аумағында жатады, ал 255.0.0.0 желі асты маскасы.

2 сурет

 

                     3       Ену нүктесін реттеу парағына түсу үшін, 2 суретте көрсетілген web-браузерді ашып, адресті теріңіз.

                     4       Ашылған терезеде User Name (Пайдаланушы) облысында admin теріңіз.

                     5       Құпия сөзді бұрынғысын қалтыруыңызға болады немесе жаңасын ашуға болады. ОК тетігін басыңыз.

                     6       Содан кейін Current Status (Ағымдық Статус) экраны пайда болады. Current Status (суретті қараңыз) экранының сол жақ беті сіздің сымсыз ену нүктеңіз жайлы негізгі ақпаратты көрсетеді, IP-адресті, желі асты маскасын және шлюзді қосқанда.

3 сурет

 

                     7       Ену нүктесін реттеу. Ену нүктесінің конфигурациясын Advanced Setup экранының көмегімен өзгертуге болады. Берілген құрылғыға IP-адресті, желі асты маскасын және шлюздің адресін оқытушыдан алу керек (IP-адрестердің мәндері және маршрутизотордың желі асты маскалары компьютерлердің сымсыз карталарының IP-адрестеріне тәуелді және олар бір аумақта болуы керек). Жаңа көрсеткіштерді сақтау үшін Apply тетігіне басыңыз, содан кейін Restart System пиктограммасына.

4 сурет

 

                     8       Ену нүктесінің қалған көрсеткіштерімен мүмкіншіліктерін оқып үйрену. Ethernet кабельді ажыратыңыз және WLAN бойынша енді сымсыз ену нүктесіне енуді алып көріңіз. Экранның төменгі жағында құрылғының қалыпты жұмысын көрсететін терезе пайда болады (5 суретті қараңыз).

5 сурет

 

                     9       Ену нүктесі мен желідегі компьютерлер арасында желілік байланысты реттеу. Мүмкіндігінше жергілікті желіні уақытша өшіру керек (disable) және сымсыз желінің басқа компьютерлеріне енуді орнатып көру.

Зертханалық жұмыстарды орындау барысында сымсыз желілік адаптерлер орнатылып және реттеліп қойылған деп есептеледі (№6 зертханалық жұмыс).

                   10     Компьютерлердің IP-адрестері мен желі асты маскалары және ену нүктелері келістірілген болуы керек.

Егер Сіз желідегі компьютерлерге IP-адрес белгілеген болсаңыз, онда әр компьютердің IP-адресі дәл сол адрестердің IP аймағында, желідегі барлық компьютерлер және желі асты перделеріде желідегі қалған барлық компьютерлердегідей болу керектігін есте сақтауыңыз керек

Мысалы, егер бірінші компьютерге желі асты пердесі 255.0.0.0 және IP-адресі 10.0.0.2 белгіленген болса, ал екінші компьютерге желі асты пердесі 255.0.0.0 және IP-адресі 10.0.0.3 белгіленсе және т.с.с. (алдыңғы зертханалық жұмысты қараңыз).

Ескерту: Егер бірнеше компьютерлерге немесе басқада құрылғыларға бірдей IP-адрес белгіленген болса, онда олар желіде көрінбей қалады.

Барлық желі бір жұмыс тобында болу керек, әйтпесе желі жұмыс істемейді.

                   11     ping командасының көмегімен алынған желіні тестілеңіз, сымсыз желі компьютерлері ping командасының барлық сұраныстарына жауап беру қажет.

 

Ену тізімінің көмегімен ену нүктесін қорғау.

 

                     1       Ену нүктесінің басты парағына кіріп, Advanced Setup мәзірін таңдаңыз. Онда мәзір конфигурациясын ашып, Access Control Settings таңдаңыз.

                     2       Accept (рұқсат ету) және Reject (тыйым салу) көрсеткіштерінің көмегімен ену нүктелерінің желіге ену ережелерін орнатуға болатын кесте пайда болады, осы кестенің төменгі жағында компьютерлердің сымсыз карттарының сәйкес MAC-адрестері (физикалық адрестері) енгізіледі.

                     3       Сымсыз карттардың МАС-адрестерін ipconfig/all командасының көмегімен алуға болады.

                     4       Алынған ену тізімінің жұмыскерлігін ертеде алынған білімдеріңізді пайдаланып, тексеріңіз.

                     5       Ену нүктесін пайдаланып Интернетке енуді қамтамасыз ету.

                     6       Жұмысты орындау кезінде, орнатудың бұл түрі желідегі әр компьютер мен ену нүктелеріне статикалық IP-адрестер қажет ететініне көңіл аудару қажет.

                     7       Интернетке қосылған ЛЕЖ жүзеге асырудың көптеген варианттары бар екенін Есте сақтау керек, сонымен қатар сымсыз желіде бар. Реттелген ену нүктесін желілік құрылғыға (коммутаторға), ол өз кезегінде қалыпты жағдайдағы шлюзбен байланысы бар, қосу варианттардың бірі болып тпбылады.

6 суретWLAN арқылы Интернетке шығуды ұйымдастырудың нұсқаларының бірі

 

                     8                     Интернеттің кез келген сайтын ашып көріңіз.

Бақылау сұрақтары

1          Сымсыз ену нүктесінен басқа әдеттегідей қандай сервердің типі жұмыс станциясының WLAN қосылуына үшін

Какой тип серверов, помимо точки беспроводного доступа, как правило, доступен для подключения рабочей станции к WLAN?

2          Сымсыз ену нүктесін басқару үшін қосылудың қандай типін қолдануға болады?

3          Access Point реттеудің ерекшеліктері.

4          Wi-Fi мен WiMAX айырмашылықтары.

5          Wi-Fi жұмысының жиілік аумақтары.

6          802.11а ның 802.11g ден айырмашылықтары.

7          Wi-Fi қолданылатын модуляция түрлері.

8          Wi-Fi өткізу қабілеттілігін жоғарлату әдістері.

9          Wi-Fi желісінің құрылғылары.

10      Сымсыз желі хаттамалары.


7 Зертханалық жұмыс. Сымсыз маршрутизаторды реттеу

Жұмыстың мақсаты:

сымсыз маршрутизаторды баптауды және оны желіге қосуды тәжірибе жүзінде үйрену;

– сымсыз маршрутизатор негізінде тұрғызылған, желіні дұрыс орнатуды үйрену.

Жұмыс тапсырмасы

Компьютерді маршрутизаторға қосуға баптау.

Маршрутизаторды баптау.

Желіні біріктіру.

Сымсыз байланыстың қауіпсіздігіне жауап беретін көрсеткіштерді баптау.

Зертханалық жұмысты тестілеу.

Интернетке байланыс алу.

Методикалық нұсқау

Сымсыз маршрутизатортың сыртқы кейіпі 1 суретте келтірілген.

1 сурет

Берілген маршрутизатордың тетіктері мен кілттерінің күйі 1 кестеде келтірілген.


1 Кесте

Позиция

Жағдайы

Сипаттамасы

Power

On

Электрқоректендіру көзіне қарасты байланысты көрсетеді.

OFF

Қорек жоқ.

Status

On

Құрылғының WLAN мен байланысын көрсетеді.

WAN

 

WAN портқа байланысты көрсетеді.

жыпылықтау

Мәліметтерді тарату.

WLAN

 

Байланыс орнатылды.

жыпылықтау

Пакетті таратады немесе алады.

 

Байланыс тіршілігі жоқ.

LAN

 

Байланыс орнатылғанын көрсетеді.

жыпылықтау

Мәліметтерді тарату.

 

СЕЖ еш байланыс жоқ.

 

Маршрутизаторға қосу үшін компьютерді реттеу

 

                     1       Егер сіз сымсыз маршрутизаторды конфигурациялау үшін оған LAN бойынша қосылғыңыз келсе, онда сізге компьютердің Ethernet-картасын, оған 192.168.1.х IP-адрес (мұндағы (х) 2 ден 253 ке дейінгі сан) пен 255.255.255.0 желі асты маскасын беріп, реттеу қажет, өйткені берілген сымсыз маршрутизаторға қалыпты жағдайдағы 192.168.1.1 IP-адресі берілген. Ал егер WLAN бойынша қосылғыңыз келсе, онда жоғарыда көрсетілген IP-адресті беріп сымсыз картаны реттеу қажет.

 

Сымсыз маршрутизаторты баптау

 

                     1       Web-браузер терезесін ашып және берілген сымсыз маршрутизатордың 192.168.1.1 IP-адресін тере отырып, Сіз маршрутизаторды конфигурациялау мәзіріне ене аласыз.

 

2 сурет

                     2       Ашылған терезеде пайдаланушының аты мен құпия сөзін теріңіз. Үнсіз күйде екі қатардада «admin» сөзі теріледі.

                     3       Бас мәзір ашылады, сымсыз маршрутизатордың конфигурациясын жаңарту және баптау үшін Wizard пиктограммасына басыңыз.

                     4       Қарапайым сымсыз маршрутизатортың конфигурациясын алу үшін, мұнда Сіз жәй ғана қалыпты процессті бақылай аласыз (қарапайым алты қадамда). Ары қарай жалғастыру үшін, "далее" (Next) басыңыз.

3 сурет

1 қадам: жаңа Құпия сөз орнатыңыз, мысалы password.

2 қадам: өзіңіздің уақыт белгісін таңдаңыз.

3 қадам: компьютерлік желімен байланысты қамтамасыз етіңіз.

IP-адрес және желіастылық масканы орнатыңыз (IP-адрес және желіастылық масканы оқытушыдан сұрап алыңыз), бұл мәндер сіз байланыстырғыңыз келген маршрутизатор желісіне тәуелді. Егер Сіз DHCP қолдансаңыз, онда ол автоматты түрде IP-адресті тағайындай алады. IP-адрестің диапазонын “начало Диапазона” және “конец Диапазона” белгілейсіз. Жалғастыру үшін "Далее" тетігін шертіңіз.

DHCP сервер.

4 сурет

4 қадам: Интернетпен байланыс типін анықтау. Фиксирленген IP-адресі бар пунктті таңдаңыз.

5 сурет

Бұдан соң келесі терезе пайда болады. Бұл экран маршрутизаторда WAN байланысты баптауға WAN үшін IP-адресті жүктеуге, DNS адресті қосуға мүмкіндік береді.

Өтініш, WAN және DNS сервер адресін орнатыңыз (оқытушыдан алу). Кейін Next басыңыз.

6 сурет

5 қадам: сымсыз ЖЕЖмен байланыс орнату. ESSID жолына сымсыз желінің атын теріңіз, мысалы – ЕСТ.

6 қадам: жаңа көрсеткіштер өз күшіне ену үшін маршрутизаторды Restart-ты басу арқылы қайта жүктеңіз. Егер өзгертпей шыққыңыз келсе Exit-ті басыңыз.

                     5       Маршрутизаторды қайта жүктегеннен кейін Ethernet кабелін ағытып, оған сымсыз арна арқылы қосылып көріңіз. Ол үшін IP-адресін автоматты түрде алатындай етіп TCP/IP хаттамасын баптау қажет (Сетевое окружение қасиетінде). Содан кейін сымсыз желілік қосылудың терезесін ашып, өзіңіздің сымсыз желіңізді таңдаңыз (маршрутизатордың желісін) және Қосу пернесін басыңыз. Егер тізімде сіздің желіңіз болмаса, онда желі тізімін жаңарту көрсеткішін таңдаңыз (сымсыз желілік қосылу терезесінің сол жақ бөлігінде).

                     6       Ертеректе алынған дағдыларды пайдалана отырып, басқа компьютерлерді маршрутизатордың сымсыз желісіне қосыңыз.

                     7       Басқа компьютердің бумаларына енуге рұқсат алып көріңіз.

Сымсыз байланыстың қауіпсіздігіне жауап беретін көрсеткіштерді баптау.

 

                     1       LAN Setting арқылы әкімшілік және пайдаланушы құпия сөздерін белгілеу. Бұл құпия сөздер маршрутизатордың интерфейсіне рұқсат алу үшін қолданылады. Растау үшін құпия сөз қайта терілуі қажет.

7 сурет

 

                     2       Access мәзірі арқылы маршрутизатордың сымсыз желісіне сүзгі құру (маршрутизатордың бас мәзірінің сол жағынан). Сүзгілеуді көптеген көрсеткіш бойынша жасауға болады, әрбір сүзгіні зерттеуге тырысыңыз.

                     3       Мысал үшін МАС адресі негізінде сүзгі құрамыз. Ол үшін өзімізге қолайлы жағдайды таңдаймыз (белгі қою арқылы), белгілі бір түйіннен сымсыз маршрутизатор арқылы пакеттердің өтуіне рұқсат ету (allow) немесе тыйым салу (deny). Осыдан кейін MAC Address жолында таңдалған жағдайды қолдануға қажет болатын түйіннің физикалық адресін теріңіз, мұндағы Name жолы – компьютер аты.

                     4       Add (Добавить) басыңыз. Қайтадан енгізілген көрсеткіштерді сақтау үшін маршрутизатор қайтадан жүктеледі. Енді өзіңіздің құрған сүзгіңіздің жұмысқа қабілеттілігін тексеріп көріңіз, ол үшін маршрутизаторға сүзгінің ену ережелерін қанағаттандырмайтын түйіннен кіруге тырысыңыз. Сізге енуге рұқсат берілмеуі керек.

WLAN арқылы Интернет алу үшін маршрутизаторды кафедраның жергілікті желісіне қосыңыз.

Бақылау сұрақтары

1          Маршрутизатортың жұмысының ену нүктесінен айырмашылығы.

2          WEP ұсынатын үш қызметтің түрін атаңыз.

3          WEPте бар криптографикалық аутентификация механизмін түсіндіріңіз.

4          Жұмыс бекетіне қатысты кері түп нұсқалықтың болмау себебінен қандай текті шабуылдар жүзеге асырылады.

5          Құпиялықты қамтамасыз ету үшін WEP қандай алгоритмі қолданылады.

6          Инициализация векторымен байланысқан WEP кемшілігі желідегі қаскүнемге қандай мүмкіндіктер туғызады.

7          Біртұтастықты қамтамасыз ету үшін WEP қандай алгоритмі қолданылады.

8          Түп нұсқалықты қамтамасыз ету үшін SSID немесе MAC-адрестерді қолданған неге жеткіліксіз болады?

9          Неге 802.1X түп нұсқалығы өздігінше жүйедегі әлсіз жері ретінде қарастырылады?

10      WLAN арқылы ақпараттарды таратқан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жүйенің қай типін қолданған жөн?

11      WLAN-мен жұмыс істеген кезде қандай периодты бағалауды жүргізу керек?

12      WРА және WРА2 шифрлеу технологиялары.


Әдебиеттер тізімі

Негізгі әдебиеттер

1     Олифер В.Г., Олифер Н.А. Компьютерные сети. Принципы, технологии, протоколы: Учебник для вузов. 3-изд. – СПб.: «Питер», 2007. – 958 c.

2     Программа сетевой академии Cisco CCNA 1 и 2. Вспомогательное руководство. 3-е изд. с испр.: пер. с англ. – М.: Вильямс, 2005. – 1168 с.

3     Гук М. Аппаратные средства локальных сетей. Энциклопедия – СПб: Издательство «Питер», 2000. – 576 с.

4     Компьютерные сети. Учебный курс /Пер. с англ. - М.: Русская редакция ТОО «Channel Trading Ltd.», 1998. - 696с.

5     Джеймс Челлис, Чарльз Перкинс, Мэтью Стриб. Основы построения сетей: Учебное руководство для специалистов MCSE-М.: Лори, 1997. - 323 с.

6     К. Андерсон, М. Минаси. Локальные сети: Полное руководство. - СПб.: Корона,. 1999. - 624 с.

7     Кульгин М. Технологии корпоративных сетей: Энциклопедия. - СПб.: Питер, 1999. -704 с.

8     Компьютерные сети. Книга 1: High-Performance Networking: Энциклопедия пользователя: Пер. С англ./Марк А, Спортак и др. - К.: ДиаСофт, 1999.-432 с.

9     Компьютерные сети. Книга 2: Networking Essentials: Энциклопедия пользователя: Пер. С англ./Марк А. Спортак и др. - К.: ДиаСофт, 1999. -432 с.

10      Рошан П., Лиэри Дж. Основы построения беспроводных локальных сетей стандарта 802.11.: Пер. с англ. – М.: Издательский дом «Вильямс». 2004, – 304 с.

11      Столингс В. Беспроводные линии связи и сети,  2003.

12      Хелд Г. Технологии передачи данных. 2003.

13       Семёнов Ю.А. Алгоритмы телекоммуникационных сетей. ч 1. Алгоритмы и протоколы каналов и сетей передачи данных (ГНЦ ИТЭФ). - Издательство: ИНТУИТ.ру, БИНОМ. Лаборатория знаний., book.itep.ru, http://citforum.ru/nets/semenov.

14      Пахомов С. Протоколы беспроводных локальных сетей. – Компьютер пресс. – № 5 – 2004.

15      Пахомов С. Протоколы беспроводных сетей семейства 802.11. – Компьютер пресс, № 5, 2005.

16      Беспроводные сети стандарта 802.11.g //Электронная версия на сайте http://www.rmt.ru

17      Беспроводные локальные сети //Электронная версия на сайте http://www.rmt.ru

18      Топология беспроводных компьютерных сетей //Электронная версия на сайте http://www.rmt.ru

19      Беспроводной доступ Wireless LAN //Электронная версия на сайте http://www.insystem.ru

20      Введение в беспроводные локальные сети //Электронная версия на сайте http://www.rmt.ru

21      Оборудование WLAN точки доступа //Электронная версия на сайте http://www.bytemag.ru

Қосымша әдебиеттер

1          Кулаков Ю.А., Омелянский С.В. Компьютерные сети. Выбор, установка, использование и администрирование. - К.: Юниор, 1999. - 544 с

2          Высокоскопроизводительные сети. Энциклопедия пользователя: Пер. с англ./Марк А. Спортак и др. - К.: ДиаСофт, 1998. - 432 с.

3          2000. СПб.: BHV - Санкт-Петербург, 1999. П.Зубанов Ф. Перспектива Windows NT 5.0. - М.: Русская редакция ТОО «Channel Trading Ltd.». - 1998. - 392 с.

4          Кастер X. Основы Windows NT и NTFS. Пер. с англ.- М.: ТОО «Channel Trading Ltd.», - 1996. -440 с.

5    Стерн М., Монти Г., Бэчманн В. Сети приложений на основе Windows NT для профессионалов. - М.: Питер Ком, 1999. - 448 с.

6        Казаков С. И. Основы сетевых технологий. -М.: Микроинформ, 1995.

7          Кулаков Ю. А., Луцкий Г.М. Локальные сети: Учебное пособие. - Киев: Юниор, 1998.-336 с.

8          Новиков Ю. В., Карпенко Д.Г. Аппаратура локальных сетей. Функции, выбор, разработка. - М.: ЭКОМ, 1998 - 288 с.

9          3олотов С. Протоколы Интернет. - СПб.: BHV - Санкт-Петербург, 1998, - 304 с.

10      Толковый словарь по вычислительной технике. - М.: Русская редакция ТОО «Channel Trading Ltd.», - 1995. - 496 с.

11      Титтел Э., Хадсон К., Стюарт Дж. М. Networking Essentials. Сертифика­ционный экзамен - экстерном (экзамен 70-058). – СПб.: Питер Ком, 1999.

12    Титтел Э., Хадсон К., Стюарт Дж. М. NT Server 4. Сертификационный экзамен - экстерном (экзамен 70-067). – СПб.: Питер Ком, 1999. - 400 с.

13      Найк Дилип. Стандарты и протоколы Интернета. /Пер, с англ. - М.: Русская редакция ТОО «Channel Trading Ltd,». - 1999. -384 с.

14      Семенов Ю.А. Протоколы и ресурсы Интернет. -М.: Радио и Связь, 1996 -320 с.

15      Корпоративные технологии MS Windows NT Server 4.0: Учебный курс. М.: Издательский дом «Русская редакция» ТОО «Channel Trading Ltd-1998-664с.

16      Люцарев B.C. и др. Безопасность компьютерных сетей на основе Windows NT. - М.: Русская редакция ТОО «Channel Trading Ltd- 1998. -304 с.