ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы энергетика және байланыс институты

 

 

 

 

М. Ш. МҰҚАШЕВ, С. А. ДҮЙСЕНОВ, Б. З. ҚАЛИЕВ

 

ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА

 

ТЕХНИКАЛЫҚ СЫЗУ

 

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2004 ж


УДК 744(075)

 

Инженерлік графика. 2 – бөлім Техникалық сызу.

М. Ш. Мұқашев, С. А. Дүйсенов, Б. З. Қалиев

Оқу құралы.

АЭжБИ, Алматы, 2004.-86 б.

 

 

         Оқу құралы Алматы энергетика және байланыс институтының 1 курс студенттеріне және техникалық лицей мен колледж оқушыларына арналған.

 

         Безенд. - 80, кесте - 10, қосымша - 15, библиогр. - 8 атау.

 

 

 

 

 

 

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., доцент Э.А. Яхьяев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі 2004 ж. жоспары бойынша басылады.

 

ISBN…………………………………..

         с                 Алматы энергетика және байланыс институты, 2004 ж

 

Мазмұны

 

1       Сызбаларды орындауға жалпы ережелер және геометриялық тұрғызулар.................................................................................6  

1.1       Сызбаларды рәсімдеу...............................................................................6

1.2       Масштабтар........................................................................8

1.3       Сызықтар............................................................................8

1.4       Сызба қаріпі (шрифтісі)...................................................8

1.5       Сызбада өлшемдерді түсіру............................................ 11

1.6       Түйіндестіру........................................................................18

2       КҚБЖ 2.305 – 68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен  анықтамалары............................................................................20

2.1       Сызбадағы кескіндер.........................................................20

2.2       Түрлер ...................................................................................21

2.3       Тіліктер..................................................................................24

2.4       Қималар.................................................................................28

2.5       Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері .............29

2.6       Тақырып бойынша типтік тесттер жинағы...................32

3       Ажырайтын қосылыстар............................................................34

3.1       Бұрандалар туралы жалпы мағлұматтар......................   34

3.2       Бұрандалы қосылыстардың элементтері ........................42

3.3       Құбырлардың бөлшектерін жалғастыру..........................44

4       Ажырамайтын қосылыстар........................................................46

4.1       Бөлшектерді пісіріп (балқытып) біріктіру.......................46

4.2       Бөлшектерді дәнекерлеп және желімдеп біріктіру..........49

5       Ажырайтын және ажырамайтын  қосылыстар тақырыбы бойынша тапсырмалар...................................................................................51

5.1       Тапсырманың есептерін шығару жүйесі ..........................51

5.2       Тақырып бойынша типтік тесттер жинағы.....................52

6       Жалпы көрініс сызбасын оқу және бөлшектеу.......................  62

6.1       Жалпы нұсқаулар....................................................................62

6.2       Жалпы көрініс сызбасын бөлшектеу жүйесі ....................63

6.3       Өлшемдерді түсірудегі базалар туралы қысқаша түсініктер..............64

6.4       Қосымша нұсқаулар...............................................................65

      Қосымшалар.........................................................................................74

      Пайдаланған әдебиеттер тізімі..........................................................88

 

Кіріспе

        

Инженерлік графика пәнін инженерлк білімнің негізін қалаушы пәндердің бірі деп есептейтін болсақ, сызбаны техника тілі деп есептеумізге болады. Себебі, кез-келген нәрсенің егжей-тегжейлі сыйпаттамасының өзі, бізге ол туралы сызба беретіндей толық түсінік бере алмайды. Сондықтан әрбір болашақ маман сызбаларды орындай, оқи және олардың көмегімен инженерлік есептерді шығара білуі қажет. Бірақ, сызба адамның ойын жеткізетін құрал ретінде өз мақсатына жетуі үшін мемлекеттік стандарттар тағайындаған ережелермен орындалуы тиіс. Ұсынылып отырылған оқу құралына мынадай тақырыптар кірген.

         1.  Геометриялық тұрғызулар. Мұнда сызбаларды орындау тәсілдерімен,  КҚБЖ мемлекеттік стандарттарымен (форматтар, сызықтар, масштабтар, шрифтілер, сызбада өлшемдерді түсіру, т.с.с.) танысасыздар. Сонымен қатар сызықтарды түйістіру әдістері келтірілген. Тараудың соңында тақырып бойынша орындайтын тапсырмалар және дайын жұмыстардың үлгілері келтірілген. 

         2. Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар. Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) 2.305–68 мемлекеттік стандарты (ГОСТ) өнеркәсіппен құрылыстың барлық салаларының сызбаларында нәрселерді (бұйымдарды, ғимараттарды және т.б.) кескіндеу ережелерін тағайындайды. Сол себепті, техникалық сызу пәнінде бұл стандартты оқуға ерекше көңіл бөлінеді. Стандарт бойынша бұйымдар өзара перпендикуляр проекциялар жазықтықтарына тік бұрышты (ортогональ) проекциялау тәсілімен кескінделеді. Бұл тәсілдің теориялық негіздері сызба геометрия пәнінде  қарастырылады (1 – бөлім). Сондықтан, сызбаларды орындаған кезде тік бұрышты проекциялау тәсілінің барлық заңдылықтары мен қасиеттері сақталуы тиіс. Бірақ бұйымның кескіндерінде осы стандартта қарастырылған кейбір шартты жеңілдіктерді қолдануға болады.

Ұсынылып отырған оқу құралында жоғарыда көрсетілген КҚБЖ мемлекеттік стандарттарының негізгі ережелері мен анықтамалары берілген. Сонымен қатар, «Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар» тақырыбы бойынша тапсырмалар және дайын жұмыстардың үлгілері келтірілген.

3.  Ажырайтын  және  ажырамайтын  қосылыстар. Машиналар мен аспаптардың бөлшектері өз ара ажырайтын немесе ажырамайтын қосылыста болуы мүмкін.

Бөлшектерді өзара формаларын бұзбай біріктіру немесе ажыратуға болатын қосылыстарды ажырайтын қосылыстар деп атайды. Ажырамайтын қосылыстарда бөлшектерді бір-бірімен формаларын бұзбай ажырату мүмкін емес.

Ажырайтын қосылыстар бұрандалы бөлшектердің (болт, винт, шпилька, гайка), штифттердің,  шлицтердің және т.б. көмегімен орындалады.

Ажырамайтын қосылыстар бөлшектерді өзара пісіріп (балқытып) біріктіру, дәнекерлеу, желімдеу және т.б. әдістермен орындалады.

Оқу құралында конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінің (КҚБЖ) ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар тақырыбына арналған мемлекеттік стандарттарының  негізгі ережелері мен анықтамалары берілген. Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген тақырып бойынша тапсырмалар және дайын жұмыстардың үлгілері келтірілген.

4. Жалпы көрініс сызбасын оқу және бөлшектеу тақырыбында   бұйымның кескіндері, өлшемдері туралы мағлұматтар келтірілген. Вентильдің құрастыру сызбасының мысалы арқылы тапсырманы орындауға түсініктемелер берілген.

Қазіргі уақытта техникалық сызу пәнінен қазақ тілінде жазылған оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар өте аз, ал КҚБЖ мемлекеттік стандарттары қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан, ұсынылып отырған оқу құралын мейілінше толық пайдалану қажет. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1  Сызбаларды орындауға жалпы ережелер және геометриялық 

    тұрғызулар

 

1.1    Сызбаларды рәсімдеу

 

Сызбалар мен басқа да конструкторлық құжаттарды өлшемдерін мемлекеттік стандарт (ГОСТ 2.301-68) тағайындаған қағаздарға (ватманға) орындайды. Өлшемдері тағайындалған сызба қағазын пішім деп атайды.

Парақтардың пішімі сызбаның сыртқы жиегінің өлшемдерімен анықталады (1.1 – сурет).

Пішімдер негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді. Негізгі пішімдердің белгіленулері мен өлшемдері 1.1 – кестеде келтірілген.

Ватманға сызбаны орындамас бұрын пішімнің сыртқы жиегін 1 жүргізіп алу керек (1.1 – сурет). Одан кейін сызбаның өрісін шектейтін ішкі жиек 2 жүргізіледі. Ішкі жиек пішімнің үстіңгі, оң және төменгі жақ шеттерінен 5 мм қашықтықта, ал сол жақ шетінен 20 мм қашықтықта жүргізілуі тиіс.               

 

 

 

 

   а)                                      ә)                                    б)

 

1.1  – сурет. Сызба парақтарын рәсімдеу

1 – сыртқы жиек;  2 – ішкі жиек (сызба өрісінің жиегі); 3 – сызба өрісі;  4 – негізгі жазудың қосымша графасы; 5 – негізгі жазу.

 

Пішімнің сол жағындағы ені 20 мм болатын жолақ сызбаларды іске (альбом түрінде) тігу үшін қалдырылады. Сызбаны орындап болған соң, қағаздың артығын сыртқы жиектің бойымен қиып алып тастау қажет.

1.1 – кесте. Негізгі пішімдер

  Пішімдердің       

  белгіленулері

А0

А1

А2

А3

А4

   Өлшемдері, мм

841 х

1189

594 х

841

420 х

594

297 х

420

210 х

297

* Қажетті жағдайларда А5 (148 х 210) пішімін қолдануға болады

Сызбаның оң жақ төменгі бұрышына негізгі жазу 5 орналастырылады

(1.1 – сурет). А4 пішімінде негізгі жазу парақтың тек қана қысқа жағының бойында орналастырылады (1.1,б – сурет).

 

 


1.2 - сурет

 

         Негізгі жазудың формасын, графаларының мазмұнын ГОСТ 2.104-68 тағайындаған (1.2 - сурет).

1.1   Масштабтар

Сызықтық  масштаб деп   нәрсенің  сызбадағы  сызықтық    өлшемдерінің

оның   нақты   сызықтық   өлшемдеріне  қатынасын  көрсететін  санды  атайды.

         Сызбада кескіндердің масштабы нәрсенің күрделілігіне, мөлшеріне байланысты ГОСТ 2.302-68 тағайындаған төмендегі реттен қабылданады:

         кішірейту масштабтары ..... 1:2;   1:2,5;   1:4;   1:5;   1:10;   1:15;  

                                                          1:20;   1:25;   1:40;   1:50;    1:75;   1:100;

         нақты шама .........................  1:1;

         үлкейту масштабтары ........  2:1;   2,5:1;   4:1;   5:1;

                                                           10:1;   20:1;   40:1;   50:1;   100:1.

         Нәрсе кескінінің масштабына байланыссыз сызбада әр уақытта оның тек қана нақты өлшемін қояды.

         Масштабты негізгі жазудың осыған арналған графасында былайша белгілейді – 1:1,  1:2,   2:1,  т.с.с., ал қалған жағдайларда А (4:1), Б-Б (1:2) үлгісінде.

 

1.2   Сызықтар

 

Өндірістің кез-келген саласының сызбаларында қолданылатын сызықтар-

дың аталуын, тұрпатын (сызылуын) және негізгі қолданылатын орынын ГОСТ 2.303-68 тағайындаған (1.2 –кесте).

         Тұтас негізгі сызықтың қалыңдығы S кескіннің мөлшері мен күрделілігіне және сызбаның пішіміне байланысты 0,5-тен 1,4 мм-ге дейінгі аралықта алынады. Сызбадағы бір түрлі сызықтардың қалыңдықтары бірдей болуы тиіс.

         Үзілме және үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларының ұзындығын кескіндердің мөлшеріне байланысты қабылдау керек. Сызықтар сызықшалары ұзындығы және олардың ара қашықтығы шамамен бірдей болуы керек.

         Үзілме нүктелі сызықтар сызықшаларымен қиылысуы керек және аяқталуы керек.

         Сызбада сызықтардың ең кіші қалыңдығы 0,3 мм, ал олардың ең кіші ара қашықтығы 0,8 мм болуы тиіс.

 

1.3  Сызба қаріпі (шрифтісі)

 

Сызбалардағы барлық жазулар ГОСТ 2.304-81 тағайындаған стандартты

шрифтілермен орындалады. Шрифтінің өлшемі оның бас әріптерінің миллиметрмен есептелген биіктігімен анықталады. Бас әріптің биіктігі (h) жазу жолының табанына перпендикуляр бағытта анықталады. Шрифт сызығының қалыңдығы (d) шрифтінің типіне және биіктігіне байланысты алынады. Кіші әріптердің биіктігі (с) келесі кіші шрифтінің өлшеміне тең (ең кіші шрифт үшін с=1,3).

 

         Мемлекеттік стандарт төмендегідей шрифт типтерін тағайындаған:

         а)  А типті көлбеусіз (d = 1/14 h);

         ә)  А типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750);

         б)  Б типті көлбеусіз (d = 1/10 h);

         в)  Б типті көлбеу (көлбеулік бұрышы шамамен 750).   

 

 1.2 – кесте. Сызықтардың түрлері

 

Аталуы

Тұрпаты (сызылуы)

Сызықтың қалыңдығы (негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты)

Негізгі қолданылатын орны

1.       Тұтас қалың,  

      негізгі

 

S

Көрінетін нұсқа (контур) сызықтары;

көрінетін ұласу сызықтары

2. Тұтас

     жіңішке

 

 

Беттестірілген қималардың нұсқаларының сызықтары; шығару және өлшем сызықтары; тілік пен қиманы штрихтау сызықтары; көмекші тұрғызу сызықтары; жазулардың астын сызу сызықтары

3.  Тұтас

     ирек

 

Үзу сызықтары; көріністегі тіліктен шектеу сызықтары

4. Штрихты

    (Үзілме )

Көрінбейтін нұсқа сызықтары; көрінбейтін ұласу сызықтары

 

 1.2 – кестенің жалғасы

 


Аталуы

Тұрпаты (сызылуы)

Сызықтың қалыңдығы (негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты)

Негізгі қолданылатын орны

6. Қалаңдатылған  

  штрихпунктирлі

 

Температуралық өңдеуге немесе қапталуға тиісті беттерді көрсететін сызықтар; қиюшы жазықтықтың алдындағы элеметтерді кескіндеу сызықтары 

7. * Үзік

 

 

Қиюшы жазықтықтардың орнын көрсететін сызықтар немесе қима сызықтары

8. Тұтас жіңішке

    сынықты

    (іркісінді)

Ұзын үзу сызықтары

9. Штрихпунк- 

    тирлі   жіңішке

    қос   нүктелі

 

 

Жазбалардағы бүгу сызықтары; нәрсенің бөлшектерін шеткі немесе аралық жағдайда кескіндейтін сызықтар; көрініспен бірге орындалған (беттестірілген) жазбаны көрсететін сызықтар

*Күрделі тіліктер мен қималар үшін үзік сызықтың ұштарын жіңішке

штрихпунктирлі сызықпен жалғастыруға болады.

Шрифтілерді орындаған кезде жіңішке сызықтармен ішіне әріптер сызылатын көмекші тор тұрғызу қажет. Тор сызықтарының ара қашықтығы шрифт сызығының қалыңдығына тең болады.

ГОСТ 2.304-81 төмендегідей шрифт өлшемдерін тағайындаған: (1,8); 2,5; 3,5; 5; 7; 10; 14; 20; 28; 40. 1,8 өлшемді шрифт тек қана Б типі үшін қолдануға рұқсат етілген. Қарындашпен орындалған сызбаларда өлшемі 3,5-нан кем шрифтілерді қолдану тиімді болмайды.

Өлшемдері 10-нан кем шрифтілермен орындалатын жазулар үшін тек қана әріптердің биіктігі мен енін көрсететін параллель түзулер жүргізсе жеткілікті.

Конструкторлық құжаттардағы жазуларды көбіне Б типті көлбеу шрифтілермен орындайды. 1.3 – кестеде және 1.2 – суретте осы шрифтінің әріптері мен цифрларының параметрлері мен орындалу үлгілері (тұрпаттары) берілген. ГОСТ 2.304-81-де орыс, латын, грек және басқа елдер алфавиттері әріптерінің араб пен рим цифрларының және белгілердің конструкциясы мен параметрлері берілген. Біз 1.2 – суретте тек қазақ алфавитінде қолданылатын әріптердің жазылу үлгісін келтіріп отырмыз (РСТ 851-87-ге сәйкес).  

 

1.4   Сызбада өлшемдерді түсіру

 

Сызбада   өлшемдерді   түсірудің   негізгі   ережелерін      ГОСТ 2.307-68

тағайындаған.

         Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары мен өлшем сандары көмегімен көрсетіледі. Өлшем сызықтарын өлшемі көрсетілетін кесіндіге параллель етіп, ал шығару сызықтарын - өлшем сызықтарына перпендикуляр етіп жүргізеді. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.

 

         Өзара параллель өлшем сызықтарының ең кіші аралығы 7 мм, ал өлшем сызығы мен контурлық сызықтың ең кіші аралығы 10 мм болуы қажет (1.3 – сурет). Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарының қиылысуын қамтамасыз ету керек. Шығару сызықтары стрелкалардың ұштарынан 1 ... 5 мм шығып тұруы қажет.

 

 

1.3  – сурет

 

 


1.3 – кесте

 

 

Шрифтінің параметрлері

Белгі-

ленуі

Өлшемдерінің

қатынасы

Шрифтінің өлшемдері

 

 

 

h

 

 

d

2.5

3.5

5

7

10

Өлшемдері  мм-мен

           

1.     Бас әріптер:

 

Әріптердің, сандардың және белгілердің биіктігі

 

Ж, Ф, Ш, Ь әрптерінің ені

 

А, Д, М, Х, Ы, Ю, Қ, Ң, Ү, Ұ, әріптерінң және ø белгісінің ені

 

Б, В, И, Й, К, Л, Н, О, П,  Р, Т, У, Ц, Ч, Ь, Э, Я, Ғ, Ө, Һ,  әріптерінің, R мен N белгілерінің және 4  цифрдің ені

 

Г, Е, З, С, Ө әріптерінің және 1-ден басқа цифрлардың ені

 

І әріптің ені

 

1 цифраның ені

 

 

 

 

 

h

 

q

 

 

q1

 

 

 

q2

 

 

q3

 

q4

 

q5

 

 

 

 

 

(10/10)h

 

(9/10)h

 

 

(7/10)h

 

 

 

(6/10)h

 

 

(5/10)h

 

(4/10)h

 

(3/10)h

 

 

 

 

 

10d

 

8a

 

 

7d

 

 

 

6d

 

 

5d

 

4d

 

3d

 

 

 

 

 

   2.5      3.5       5.0        7.0     10.0

 

    2.0      2.8       4.0        5.6      8.0

 

 

    1.8      3.5      3.5         4.9     5.0

 

 

 

    1.5       2.1      3.0         4.2    5.0

   

 

    1.2       1.8       2.5        3.5     5.0

 

    1.0       1.4       2.0        2.8     4.0

 

    0.8       1.0         1        2.1     3.0

 

1.3 – кестенің жалғасы 

 

 

Шрифтінің параметрлері

Белгі-

ленуі

Өлшемдерінің

қатынасы

Шрифтінің өлшемдері

 

 

 

h

 

 

d

2.5

3.5

5

7

10

Өлшемдері  мм-мен

          

 ІІ. Кіші әріптер:

б, в, д, р, ф, ү, ұ, һ әріптерінен басқа әріптердің биіктігі

б, в, д, р, ф, ү, ұ, һ әріптерінің биіктігі

ф әрпінің биіктігі

ж, т, ф, ш, щ әріптерінің ені

м, ы, ю, қ, ң  әріптерінің ені

і  әріптерінің ені

Қалған әріптердің  ені

Әріптердің аралығы

Сөздердің аралығы

Жазу жолдарының ең кіші аралығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

с

с1

с2

q6

q7

q8

q9

a

 

 

 

 

 

 

 

 

e

 

 

 

 

 

 

 

b

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(7/10)h

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(10/10)h

 

 

 

 

 

 

 

(12/10)h

 

 

 

 

 

 

(7/10)h

 

 

 

 

 

 

(6/10)h

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(2/10)h

 

 

 

 

 

 

 

(5/10)h

 

 

 

 

(2/10)h

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

(6/10)h

 

 

 

 

 

 

 

(17/10)h

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7d

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10d

 

 

 

 

 

 

 

 

12d

 

 

 

 

 

 

7d

 

 

 

 

 

 

 

6d

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2d

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5d

 

 

 

 

2d

 

 

 

 

 

 

 

6d

 

 

 

 

 

 

 

 

 

17d

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.8        2.5      3.5       5.0         7.0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.5       3.5       5.0       7.0        10.0

 

 

 

 

 

 

 

 

3.0       4.2       6.0       8.4        12.0

 

 

 

 

 

 

1.8        2.5      3.5       4.9         7.0

 

 

 

 

 

 

 

1.5        2.1      3.0        4.2        6.0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

0.5        0.7      1.0        1.4        2.0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.2        1.8       2.5        3.5       5.0

 

 

 

 

1.5         2.1      3.0        4.2       6.0

 

 

 

 

 

 

 

0.5        0.7       1.0        1.4       2.0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.4        6.0        8.5        12.0   17.0

 

 

һ – шрифтінің биіктігі, мм;  d – шрифт сызығының қалыңдығы  =  (1/10)  h

 


Стрелкалар элементтерінің өлшемдерін негізгі сызықтың қалыңдығына байланысты қабылдайды және сызбада оларды шамамен бірдей қылып сақтайды. Стрелкалардың формалары мен олардың элементттері өлшемдерінің қатынастары  1.4 – суретте көрсетілген.

 

             

                              1.4 - сурет

 

         Өлшем сандары өлшем сызықтарының ортасына жазылады. Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.

         Аралары бір-біріне жақын бірнеше параллель немесе концентрлі өлшем сызықтарын жүргізген кезде өлшем сандарын шахмат тәртібімен орналастыру керек.

         Өлшемдерді сызықтық және бұрыштық деп екіге бөледі. Сызбада сызықтық өлшемдерді миллиметрмен өлшем бірлігін қоймай көрсетеді, ал бұрыштық өлшемдерді градус, минут және секундпен көрсетеді (мысалы: 50; 0040/; 3020/10//).

         Сызықтық өлшемдердің өлшем сандарын өлшем сызықтарының әртүрлі көлбеулігіне байланысты 1.5а – суреттегідей орналастырады. Сызықталған секторда өлшем саны шығару сызығының сәкісіне жазылады.

         Бұрыштық өлшемдерді 1.5ә - суретте көрсетілгендей қылып қояды. 

 

 

 

1.5 - сурет

 

         Өлшемдері кіші бұрыштар үшін өлшем сандарын шығару сызығының сәкісіне жазады.    

         Контур сызықтарын, өстік, центрлік және шығару сызықтарын өлшем сызықтары ретінде қолдануға рұқсат етілмейді.

         Егер тізбектей орналасқан өлшем сызықтарында стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды өлшем сызықтарына 450 бұрышпен көлбейтін сызықшалармен немесе нүктелермен алмастырады (1.6а – сурет). 

         Егер стрелка қоятын орын контур сызықтарының өзара жақын орналасуына байланысты тар болатын болса, онда контур сызықтарын үзуге рұқсат етіледі (1.6ә - сурет).

                                                   

                     а)                                     ә)                                   б)

 

1.6 - сурет

         Егер өлшем санын немесе стрелкаларды қоятын орын тар болса, онда оларды 1.6б – суретте көрсетілген әдістердің бірімен қояды.

         Радиустың өлшемін қойғанда өлшем санының алдына бас R әріпі жазылады. 

         Радиустың өлшемі үлкен болған жағдайда центрді доғаға жақындатуға рұқсат етіледі. Бұл жағдайда радиустың өлшем сызығын бөліктері бір-бірімен 900 жасайтын сынық сызықпен көрсетеді (1.7а – сурет).

         Егер шеңбер доғасының центрін анықтайтын өлшемдерді көрсету қажет болмаса, онда радиустың өлшем сызығын центрге жеткізбеуге және оны центрге қатысты ығыстыруға болады (1.7ә - сурет).

         Бір центрден бірнеше радиустың өлшемдерін қойғанда кез келген екі радиустың өлшем сызықтарын бір түзудің бойына орналастырмайды (1.7б – сурет).

         Диаметрдің өлшемін түсірген кезде (барлық жағдайларда) өлшем санының алдына  белгісі қойылады.

1.7 - сурет

 

         Нәрсенің бірнеше бірдей элементтерінің өлшемдерін, әдетте, шығару сызығының сәкісіне элементтердің санын көрсетіп бір рет қояды (1.8а – сурет). Нәрседе шеңбердің бойымен бір қалыпты орналасқан элементтердің (мысалы, тесіктердің) өлшемдерін қойған кезде олардың өзара орналасуын анықтайтын бұрыштық өлшемдердің орнына тек олардың санын көрсетеді (1.8ә - сурет).  

 

                                        а)                                           ә)       

1.8 - сурет

 

         Егер фаска  450  бұрышпен  орындалатын  болса,  онда  оның  өлшемдерін

1.9 – суреттегідей қылып қояды. Басқа бұрыштармен орындалған фасканың өлшемдері жалпы ережелер бойынша көрсетіледі – сызықтық және бұрыштық өлшемдермен немесе екі сызықтық өлшемдермен (1.10 – сурет). Фаска бұрышы конус беті жасаушысы мен бөлшек өсі арасындағы бұрыш деп есептеледі.

         Сызбада берілген нәрсені үзіп көрсеткенде өлшем сызығын үзуге болмайды (1.9ә - сурет).

                       а)                                                      ә)                                          

1.9 – сурет

1.10 - сурет

1.5  Түйіндестіру

 

Бір сызықтың екінші бір сызыққа біртіндеп жатық ұласуын түйіндестіру

 деп атайды. Мысалы, 1.11 – суретте берілген а және b сызықтары үшінші с сызығының көмегімен біртіндеп жатық түйіндестірілген. Екі сызықтың бір-біріне жатық ұласу нүктесін түйіндесу нүктесі деп атайды. Жатық ұласудың міндеті   шарты-түйіндесу   нүктесінде  сызықтардың  ортақ   жанамасы   болуы:

1.11 – суретте taM ≡ tcM, tcN ≡ tbN (мұнда taM-   

                       1.11 - сурет                       М нүктесінде а сызығына жүргізілген

                                                                  жанама және т.с.с.).  

         Біздер техникада өте кең қолданылатын мынадай қарапайым түйіндесулерді қарастырамыз: түзу сызықтың шеңбердің доғасына жатық ұласуы және бір шеңбердің доғасының екінші шеңбердің доғасына жатық ұласуы.

         Түйіндесулерді орындаған кезде төмендегідей элементтерді ажырата білу керек: түйіндесу нүктесі, түйіндестіру доғасының центрі және осы доғаның радиусы. Осы аталған элементтердің біреуі белгілі болса онда берілген түйіндесуді орындауға болады.   

 

1.6.1  Екі түзудің түйіндесуі

 

 

1.12  – сурет

Екі түзу (l1, l2) және түйіндестіру доғасының радиусы R берілген (1.12 –

сурет). Түйіндестіру доғасының центрін табамыз. Ол үшін l1 және l2 түзулеріне

параллель R-ға тең қашықтықта түзулер жүргіземіз. Осы түзулердің қиылысу нүктесі О іздеп отырған центрімізді береді. О нүктесінен l1 мен  l2-ге перпендикуляр түсіріп, түйіндесу нүктелерін табамыз (А, В). Табылған нүктелерді радиусы R-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.

 

1.6.2    Түзу сызықтың шеңбер доғасымен түйіндесуі

 

Радиусы R1-ге тең  шеңбер доғасы,  l  түзуі және  түйіндестіру  доғасының

радиусы  R  берілген (1.13 – сурет).   Түйіндестіру доғасының центрін табу үшін

l түзуіне параллель R-ға тең қашықтықта түзу, ал берілген шеңбер доғасының центрі О1-ден радиусы (R1+R)-ге тең көмекші доға жүргіземіз. Осы көмекші сызықтардың қиылысу нүктесі О іздеп отырған центрімізді береді. О нүктесінен l-ге перпендикуляр түсіріп, түйіндесу нүктесі М-ді табамыз. Екінші түйіндесу нүктесі ОО1 кескіндісінің берілген шеңбер доғасымен қиылысқан жерінен табылады. Табылған М және N нүктелерін радиусы R-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.

 

1.13 - сурет

             

1.6.3    Екі шеңбер доғасының түйіндесуі

 

Радиустары   R1    және   R2 – ге  тең  шеңбер  доғалары  және  түйіндестіру

доғасының радиусы R берілген (1.14 – сурет). Берілген доғалардың центрлері О1 мен О2-ден радиустары (R1 + R)-ға және (R2 + R)-ға тең концентрлі көмекші шеңбер доғаларын жүргіземіз. Осы доғалардың қиылысу нүктесі түйіндестіру доғасының центрін береді. Түйіндесу нүктелерін табу үшін О нүктесін О1 және


1.4 – сурет

О2 нүктелерімен қосамыз. Табылған нүктелерді радиусы R-ға тең шеңбер доғасымен қосамыз.

 

2  КҚБЖ 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен

              анықтамалары 

 

2.1    Сызбадағы кескіндер

 

Нәрселердің  кескіндері  тік  бұрышты  проекциялау  әдісімен  орындалуы қажет. Бұл жағдайда нәрсе бақылаушы мен тиісті проекциялар жазықтығының арасында орналасқан деп саналады. Негізгі проекциялар жазықтықтары ретінде текшенің алты жағы қабылданады. Текше жақтары 2.1 – суретте көрсетілгендей сызба жазықтығымен беттестіріледі.

 

2.1 - сурет

         Нәрсенің фронталь проекциялар жазықтығындағы кескіні сызбада бас кескін ретінде қабылданады. Нәрсенің қалған кескіндері сызбада бас кескінмен проекциялық байланыста орналастырылады. Нәрсені фронталь проекциялар жазықтығына қатысты орналастырғанда, онда осы жазықтықтағы кескіні формасы мен өлшемдері туралы неғұрлым толық мағлұмат беруі қажет. Сызбадағы кескіндер құрылымына байланысты түрлер, тіліктер және қималар болып бөлінеді.

 

2.2    Түрлер

      

          Түр – нәрсе  бетінің  бақылаушыға   бұрылған  бөлігінің кескіні (2.2  – сурет). Стрелкалар бақылаушының қарау бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі,

 

жергілікті және қосымша болып бөлінеді.

         Негізгі түрлердің атаулары бақылаушының қарау бағытымен (2.3 – сурет) сәйкес белгіленеді (2.4 – сурет):

         1 – алдынан қарағандағы түр (бас түр), 2 – үстінен қарағандағы түр, 3 – сол жақтан қарағандағы түр , 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5 – астынан қарағандағы түр, 6 – артынан қарағандағы түр.

 

 

2.2-сурет

         Түрлерде нәрсе беттерінің көрінбейтін бөліктерінің контурларын үзілме сызықтардың көмегімен көрсетуге болады (2.5 – сурет).

 

 

2.3 – сурет

 

 

2.4 – сурет

 

          Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз, бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 – суреттерде нәрселердің ең болмаса бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр, конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, ол үшін өлшем сандарын төмендегідей белгілермен толықтыру керек – R,  ,   (2.8 – сурет).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.6 – сурет                                                2.7 – сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

2.8 – сурет

 

         Егер сызбада көріністердің бірі бас кескінмен проекциялық байланыссыз орналасса, онда проекциялау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған көріністің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы В түрі.

         Егер нәрсенің кез келген бір бөлігі негізгі түрлердің ешқайсына да формасы мен өлшемдері өзгертілмей проекцияланбайтын болса, онда қосымша

түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі проекциялар жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей стрелкамен және әріппен белгіленеді (2.9 – сурет, А түрі).

 

 

 

 

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.9 – сурет

 

2.3 Тіліктер

 

         Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған кескіні. Бұл жерде ойша қию нәрсенің басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қимада пайда болған пішін мен нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі кескінделеді (2.10 – сурет). Егер оның нәтижесінде нәрсе құрылымын түсіну қиынға түспесе, қиюшы жазықтықтың артындағының бәрін кескіндемеуге де болады.

 

2.10 - сурет

 

         Нәрсенің қиюшы жазықтыққа түскен бөлігін шартты түрде сызықтап көрсетеді (2.9, 2.10 – суреттер).

         Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты екіге бөлінеді: қарапайым – егер қиюшы жазықтық біреу болса; күрделі – егер бірнеше қиюшы жазықтық болса.

         Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың проекциялар жазықтығына қатысты орналасуына байланысты горизонталь, фронталь және профиль болып үшке бөлінеді.

         Егер қиюшы жазықтық горизонталь проекциялар жазықтығына параллель болса, онда тілік горизонталь тілік деп аталады (2.11,а – сурет).

         Жоғарыда көрсетілген мысалдарда қиюшы жазықтықтар берілген денелердің (нәрселердің) симметрия жазықтықтары арқылы өткен, сондықтан олардың орны көрсетілмеген және тіліктердің үстіне ешқандай әріптік белгі қойылмаған.

 

                     а)                                                                   ә)

2.11 - сурет

 

            Егер қиюшы жазықтық симметрия жазықтығымен беттеспесе, онда оның орны сызбада үзік сызықпен көрсетіледі және сызық сызықшаларына перпендикуляр екі стрелка жүргізіледі. Стрелкалардың сырт жағына орыс алфавитінің бас әріпі екі рет, ал тіліктің үстіне бұл әріптер сызықша арқылы жазылады. Стрелкалар үзік сызықтың шетінен 2 ... 3 мм қашықтықта орналасулары тиіс (2.12 – сурет).

            Егер түрмен оның орнына сызылатын тілік симметриялы  болса, онда

                   2.12 - сурет                         жарты түрді  жарты  тілікпен біріктіріп

                                                               сызуға болады,  ал  бөлетін  сызық  ретінде 

                                                               симметрия өсі алынады (2.13 – сурет)                                   

         Қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

         Егер қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса, онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады (2.14 – сурет). Суретте көрсетілген мысалда қиюшы жазықтықтардың бірі фронталь проекциялар жазықтығына параллель, ал екіншісі оған көлбеу орналасқан. Қиюшы жазықтықтар стрелкалар қойылған үзік сызықтармен көрсетілген (А – А). Тілікті тұрғызу үшін көлбеу орналасқан қиюшы жазықтықты олардың қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь проекциялар жазықтығына параллель  жазықтықпен  беттестіреміз.  Сонда қима π2 – ге параллель бір жазықтықта орналасады. Нәрсенің қиюшы жазықтықтарда орналасқан бөлігі сызықталады. 

                                     

                                 

 

 

 

                                2.13 - сурет  

 

2.14 – сурет

 

           

             Егер қиюшы жазықтықтар өзара параллель болса, онда мұндай тілік сатылы тілік деп аталады (2.15 – сурет).

 

2.15 – сурет

         Жоғарыда аталған тіліктерден басқа, нәрсенің жеке шектелген бір бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады (2.16 – сурет). Сызбада жергілікті тілік жіңішке ирек сызықпен немесе тұтас жіңішке іркісінді сызықпен шектеліп көрсетіледі.

         Нәрселердің жұқа пластина тәрізді бөліктері мен беріктілік үшін қалдырылған қабырғалары және т. б., бойлық тіліктерде (ал шарларды ыңғай) қиылмаған түрінде көрсетіледі.

 

2.4             Қималар

 

Қима  -  нәрсені  бір немесе  бірнеше  жазықтықпен  қиғанда пайда болған пішіннің кескіні (2.16 – сурет, Б–Б). Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі.

         Тіліктің құрамына енбейтін қималар екіге бөлінеді – шығарылған және беттестірілген.

 

         Беттестірілген қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның контуры тұтас жіңішке сызықпен сызылады (2.17, 2.18 – суреттер). Симметриялы емес беттестірілген қималарда қию сызықтары жүргізіледі, бірақ олар әріптермен белгіленбейді.

         Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады (2.16, 2.19 – суреттер), сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың контуры негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Стрелкалардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әріпі жазылады (2.16 – сурет, Б – Б).

                                          2.17 – серет             2.18 - сурет

 

Егер беттестірілген немесе шығарылған қима симметриялы кескін болса, онда қиманы әріптер және стрелкалармен белгілемейді және қию сызығын көрсетпейді (2.17, 2.19 – суреттер).

 

2.19 - серет

 

2.5             Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

 

Жоғарыда    айтып    кеткеніміздей,    сызбада   тіліктер   мен   қималарды

орындаған кезде нәрселердің «кесілген» бөліктері сызықталып көрсетіледі. Бұйымдар жасалған материалдарына байланысты сызбада түрлі сызықталады (ГОСТ 2.306-68).

         Егер нәрсенің немесе бұйымның материалы көрсетілмесе, онда олардың қималары 2.20 – суретте көрсетілгендей етіп сызықталады. Қалған жағдайларда материалдардың графикалық белгіленулері 2.1 – кестеде келтірілгендей болуы қажет.

2.1 – кесте.     Материалдардың қималарда графикалық белгіленулері

(ГОСТ 2.306-68)

 

Материал

        Белгіленуі

 

Металдар, олардың қорытпалары

Металл емес материалдар

(төменде аталғандардан тыс)

 

Ағаш

 

Табиғи тас

 

Керамика және силикат

материалдар

 

Бетон

 

Шыны және жарық өткізетін басқа

материалдар

 

Сұйық

 

Табиғи топырақ

       

         Өзара   параллель    сызықтау    сызықтары

кескіннің контур сызықтарына (2.21а – сурет) немесе оның өсіне (2.21ә - сурет), немесе сызба өрісі жиегінің сызықтарына 450-тық бұрышпен көлбей жүргізіледі.                                                                                                        

                2.20 - сурет                          Егер   сызықтау   сызықтары    контур

                                                   сызықтарымен немесе өстік сызықтарымен беттесіп кететін болса, онда сызықтау сызықтарын 300 немесе 600-тық бұрыштармен көлбей жүргізуге болады (2.22 – сурет).

         Сызықтау сызықтарын оң немесе сол жаққа көлбей жүргізуге болады. Бір нәрсенің барлық қималары бірдей сызықталуы тиіс. Сызықтау сызықтарының ара қашықтығы сызбаның өлшеміне байланысты 1 ... 10 мм аралығында болуы тиіс.                 

                   

              а)                                ә)                                                     2.22 - сурет 

                           2.21 – сурет    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.6             Тақырып бойынша типтік тесттер жинағы

 

1 – тест (2.23 – сурет)

Қандай сызбада жазықтық конус бетін:

1.                 Шеңбер бойымен қияды;

2.                 Эллипс бойымен қияды;

3.                 Түзу сызықтар бойымен қияды;

4.                 Парабола бойымен қияды;

5.                 Гипербола бойымен қияды.

 

       

 

         

 

2.23 – сурет

 

         2 – тест (2.24 – сурет)

Қандай сызбада бөлшектің төменде аталған түрлері көрсетілген:

1.                 Алдынан қарағандағы (негізгі);

2.                 Оң жағынан қарағандағы; 

3.                 Артынан қарағандағы;

4.                 Үстінен қарағандағы;

5.                 Астынан қарағандағы.

 

   

          

 

                                                                      2.24 - сурет

 

           

  

    

 

         3 – тест (2.25 – сурет)

Қандай сызбада бөлшектердің төменде аталған тіліктері мен қималары көрсетілген:

1       Жәй тілік;

2       Сатылы тілік;

3       Сынық тілік;

4       Жергілікті тілік;

5       Қима.

 

                     

                                2.25 – сурет

 

3  Ажырайтын қосылыстар

 

3.1    Бұрандалар туралы жалпы мағлұматтар

 

3.1.1  Бұранданың кескіні

 

         Бұранда деп белгілі бір жазық контурдың цилиндрлік немесе конустық бетпен винтті қозғалысынан пайда болған бетті айтады.

         Бұрандалар бірнеше белгілері бойынша 3.1 – суретте көрсетілген схемаға сәйкес топтастырылады.

                                              

      

                                         

3.1 – сурет

 

Схемаға қосымша айтарымыз, барлық бұрандалар екі топқа бөлінеді: стандартталған және стандартталмаған.

         Бұрандаларды сызбаларда ГОСТ 2.311-68 – ге сәйкес шартты түрде кескіндейді.

         Стерженьдегі бұранданы былайша кескіндейді: бұранданың сыртқы диаметрімен қалың негізгі сызықпен және ішкі диаметрімен тұтас жіңішке сызықпен (3.2, 3.3 – суреттер).

 

                 3.2 – сурет                                                   3.3 – сурет

 

         Тесіктегі бұранданы бұранданың ішкі диаметрімен қалың негізгі сызықпен   және   сыртқы   диаметрімен   тұтас    жіңішке   сызықпен   көрсетеді

(3.4, 3.5 – суреттер).

       

               3.4 – сурет                                                   3.5 – сурет

 

          Стерженнің немесе тесіктің осіне параллель жазықтыққа проекциялау арқылы алынған кескіндерде тұтас жіңішке сызық бұранданың ұзына бойына жүргізіледі. Стерженнің (тесіктің) өсіне перпендикуляр жазықтыққа проекциялау арқылы алынған кескіндерде ішкі (сыртқы) диаметрмен тұтас жіңішке сызықпен шамамен шеңбердің 3/4 бөлігіне тең доға жүргізіледі. Доға кез келген жерден үзілуі мүмкін (3.2 ... 3.5 – суреттер).

          Бұранданың   кескінінде   жіңішке   сызықты   негізгі   сызықтан   кемінде

0,8 мм – ден бұранданың қадамының өлшеміне тең аралықта жүргізеді.

          Профилі стандартталмаған бұранданы 3.6 – суреттегі әдістердің бірімен барлық қажетті өлшемдерін қойып көрсетеді. Өлшемдерінен басқа сызбада бұранданың кіріс саны, сол бағыты және т.б. қосымша мағлұматтар «бұранда» деген сөзді қоса көрсетіледі.

 

3.6 – сурет

 

          Бұрандалы қосылыстардың айналу өсьтеріне параллель жазықтықтағы тіліктерінің кескіндерінде тесіктегі бұранданың тек қана стерженнің бұрандасымен жабылмаған бөлігі көрсетіледі (3.7, 3.8 – суреттер).

 

                                  3.7 – сурет                                                       3.8 – сурет

                  

                              

3.1.2    Бұрандалардың негізгі өлшемдері, профильдері және белгіленулері.

Стандартты бұрандалардың барлық түрлері сызбада бірдей кескінделеді, сондықтан кескіні бойынша олардың түрін ажырату мүмкін емес. Бұранданың түрі, оның негізгі өлшемдері және оны жасауға қажетті басқа да мағлұматтар бұранданың белгіленуі аталатын ерекше жазумен көрсетіледі.

          Бұранданың негізгі өлшемдері мыналар:

            d – сыртқы бұранданың сыртқы диаметрі (болттың);

            D – ішкі бұранданың сыртқы диаметрі (гайканың);

            d2 – болттың орта диаметрі;

            D2 – гайканың орта диаметрі;

            d1 – болттың ішкі диаметрі;

            D1 – гайканың ішкі диаметрі;

            P – бұранданың қадамы;

            n – кіріс саны;

          nP – бұранданың жүрісі, гайканың бір айналғандағы өстің бойымен

                   жылжуы.

         Енді қысқаша бұрандалардың профилдері мен белгіленулеріне тоқтала кетелік.

          3.1.2.1   Техникада ең көп қолданылатын метрлік бұрандалар. Метрлік бұранданың профилі (3.9 – сурет) төбесіндегі бұрышы 600 болатын теңбүйірлі үшбұрыш (ГОСТ 9150-81). Бұранданың сыртқы, орта және ішкі диаметрлерінің негізгі өлшемдері ГОСТ 24705-81, диаметрлері мен қадамдары ГОСТ 8724-81, жасалынуының дәлдік дәрежесі ГОСТ 16093-81 мемлекеттік стандарттарында белгіленген.

 

         

 

 

 

 

 

 

 

 

3.9 – сурет

              Белгілі бір диаметрдегі метрлік бұранда бір ірі және бірнеше ұсақ қадамды болып жасалуы мүмкін. Мысалы, диаметрі d = 20 мм бұранданың ірі қадамы әруақытта да 2,5 мм, ал ұсақ қадамы 2;  1,5;  0,75  немесе 0,5 мм болуы мүмкін. Сондықтан метрлік бұранданың белгіленуінде ірі қадамы көрсетілмейді, ал ұсақ қадамы міндетті түрде көрсетіледі. Сонымен қатар бұранданың белгіленуінде шектік өріс (ГОСТ 16098-81) және LH әріптері көрсетіледі, егер бұранда сол болса.

          Бұранданың белгілену мысалдары:

          а)  диаметрі 20 мм сыртқы бұранда (стерженьдегі) –

               М20-6д; М20 LH-6д; М201,5-6д; М201,5LH-6д.

          ә)  диаметрі 20 мм ішкі бұранда (тесіктегі) –

               М20-6H; М20 LH-6H; M201,5-6H; M201,5 LH-6H.

          б)  көп кірісті бұранда – М2410(Р1)-6д,

бұл жерде 10 – бұранданың жүрісі, 1 – қадамы, 6д – сыртқы бұранданың шектік өрісі (дәлдік дәрежесі).

         3.1.2.2   Құбырлық цилиндр бұрандалар (ГОСТ 6387-81) су, газ құбырларында, оларды өзара қосатын бөлшектерде (муфта, фитинглерде), шүмектерде және т.б. жерлерде қолданылады.

          Сыртқы және ішкі құбырлық бұрандалардың профилдері ортақ, ұштары дөңгелек келеді (3.10 – сурет). Сол себепті де мұндай бұрандалы қосылыстар неғұрлым саңылаусыз (ауа кірмейтіндей) болып келеді. Бұранданың белгіленуіне G - әріпі, бұранданың дюйммен берілген өлшемі, бұранданың орта диаметрінің дәлдік дәрежесі – А немесе В және бұралатын бөлігінің ұзындығы (егер ол стандартта белгіленгеннен артық болса) енеді.

          Мысалы:

G ¼ - A; G ½ LH – A;

G LH – B – 40; G ⅜ - A – 20,

бұл жерде 20 және 40 сандары 

                               3.10 – сурет                   бұралатын бөлігінің ұзындықтары, мм.                    

          Құбырлық бұранданың белгіленуіндегі оның дюйммен берілген өлшемі шамамен құбырдың өткізушілік қабілетін есептейтін ішкі диаметрінің дюймға айналдырылған өлшеміне тең.

Сондықтан құбырлық бұранданың белгіленуін 3.11 – суретте көрсетілгендей қылып шығару сызығының сатысына жазады.

 

3.11 – сурет

 

          3.1.2.3   Трапециялық бұранда ерсілі – қарсылы қозғалысты беретін винттерде қолданылады. Трапециялық бұранданың профилі бүйір қабырғаларының арасындағы бұрышы 300 болатын тең бүйірлі трапеция (ГОСТ 9484-81). Трапециялық бұрандалар бір немесе бірнеше кірісті болады.

               Белгілену мысалдары:

          а)  бір кірісті – Тr 40  6 - 8e;

          ә)  бір кірісті, сол – Tr 40  6LH - 8e;

          б)  көп кірісті (үш кірісті) – Tr 40  9(P3) - 6e.

бұл жерде 40 – диаметрі, 9 – бұранданың жүрісі, 3 – қадамы, мм.

          3.1.2.4   Тіректік бұрандалар бір бағыттағы күштер түсетін, винттерде қолданылады, мысалы домкраттарда. Бұранданың профилі (2.12 – сурет) және негізгі өлшемдері ГОСТ 10177-82, ал шектік өрісі ГОСТ 25096-82 бойынша анықталады.

               Белгілену мысалдары:

 

          S 80  20 – 7h;

          S 80  20LH – 7h;

          S 80  20(P5) – 7h,

бұл жерде 80 – диаметрі, 20 – жүрісі,  5 – қадамы.

          Аса үлкен күштерге арналған немесе диаметрі 80 ... 2000 мм винттерде профилінің бұрышы 450 болатын тек қана бір кірісті тіректік бұрандалар   қолданылады                               

(ГОСТ 13535 – 87).  Олар   былай                                   3.12 – сурет

белгіленеді:   S 200  12  450 ГОСТ 13535-87,

 12 – бұранданың қадамы.

          3.1.2.5   Тік бұрышты бұрандалар винттер, домкраттар, пресстер және т.б. механизмдерді жасағанда пайдаланылады. Тік бұрышты бұрандаларды қолданғандағы негізгі мақсат винтке түскен күштен оның өз бетімен бұралып кетпеуі. Бұл бұранданың профилі стандартталмағандықтан, сызбада оны жасауға қажетті барлық өлшемдері көрсетіледі.

 

                                  а)                                       ә)

 

 

3.13 – сурет 

 

          3.13 – суретте кейбір кең тараған бұрандалардың сызбада кескінделуі мен белгілену мысалдары келтірілген (а – ірі қадамды метрлік; ә - ұсақ қадамды метрлік; б – құбырлық цилиндрлік; в – құбырлық конустық ішкі; г – екі кірісті трапециялық; ғ – тіректік; д – дөңгелек Эдиссон бұрандасы; ж – тік бұрышты).

          Жоғарыда көрсетілген бұрандалар мен қатар машина және прибор жасауда бұрандалардың басқа да түрлері қолданылады.

          Мысалы :     оптикалық      приборлар      үшін     окулярлық     бұрандалар

(ГОСТ 6359-75); диаметрі 1 мм-ден кіші, дәл механиканың құралдарында қолданылатын метрлік бұрандалар (ГОСТ 9000-81); жоғары қысым мен температурада жұмыс істейтін құбырлардың қосылыстарында қолданылатын құбырлық конустық бұрандалар (ГОСТ 6211-81); электр шамдарының цоколі мен патрондары және т.с.с. бұйымдарда қолданылатын дөңгелек Эдиссон бұрандасы (ГОСТ 6042-83) және т.б.

               

           3.2  Бұрандалы қосылыстардың элементтері

 

3.2.1    Бұрандалы бөлшектер және олардың белгіленулері

            Бұрандалы қосылыстарды бұрандалы бөлшектердің (детальдардың) көмегімен орындайды. Бұрандалы бөлшектерге мыналар жатады: болт, винт, шпилька және гайка. Бөлшектерді бір-бірімен жалғастырған кезде гайканың астына шайба (жұқа сақина темір) салынады, ал бұрандалы бөлшектер бір- бірінен өз бетімен ажырап кетпес үшін пружиналы шайбалар, шплинттер, штифттер және т.б. қолданылады.

          Бұрандалы бөлшектер белгілі бір мемлекеттік стандарт (ГОСТ) бойынша жасалады. Барлық бұрандалы бөлшектердің шартты белгіленулері бірдей.

          Мысалы: Болт 3М121, 25-6д х60.109.40Х.016 ГОСТ 7798-70,

бұл жерде 3 – орындалу үлгісі, М12 – метрлік бұранданың символы және бұранданың диаметрі, 1,25 – бұранданың ұсақ қадамы, 6д – шектік өрісі, 60 – болттың ұзындығы, 109 – беріктік дәрежесі 10,9, 40Х – болттың материалының маркасы, 016 – сыртының қапталу (жабылу) түрі (цинкті, хромды), қалыңдығы 6 мкм.

          Болт М12-6д х60.58 ГОСТ 7798-70,

бұл жерде болттың орындалу үлгісі 1 (көрсетілмейді), ірі қадамды (көрсетілмейді), ұзындығы 60 мм, беріктік дәрежесі 5.8, сырты басқа металменен қапталмаған.

 

3.2.2    Болт – бір ұшында басы, ал екінші ұшында бұрандасы бар цилиндр

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                            3.14 – сурет                                         3.15 – сурет

 

стержень. Болттар бастарының формасы және өлшеміне, стерженнің формасына, бұрандасының қадамына, орындалу түріне және орындау дәлдігіне байланысты бөлінеді. Техникада ең көп қолданылатын басының формасы алты жақты болттар. 3.14 – суретте ГОСТ 7798-70 бойынша орындалған осындай болттың сызбасы көрсетілген.

 

          3.2.3  Гайка – бұрандалы тесігі бар бөлшек. Гайкалар орындалуына байланысты мынадай типтерге бөлінеді: алты жақты, квадрат, дөңгелек және т.б. Алты жақты гайкалар биіктігіне байланысты нормаль, биік және аласа болып бөлінеді. 3.15 – суретте ГОСТ 5915-70 бойынша орындалған алты жақты гайканың сызбасы көрсетілген.

         

          3.2.4  Шпилька – екі ұшында да бұрандасы бар цилиндр стержень. Стерженнің тегіс бөлігінің диаметрі бұранданың диаметріне тең d1=d (тип А) немесе бұранданың диаметрінен кіші болуы мүмкін d1≈d2 (тип Б). Бұрандалы тесік орындалған бөлшектің материалына байланысты L1-дің өлшемі әр түрлі болады. Егер бөлшек болаттан, қоладан, жезден және титан қортпаларынан жасалса L1=d; шойыннан жасалса L1=1,25d немесе L1=1,6d; егер жеңіл қортпалардан жасалса L1=2d және L1=2,5d.                                  3.16 – сурет

3.16 - суретте ГОСТ 22032-76 бойынша орындалған шпилкалардың сызбасы көрсетілген.

 

         

          3.2.5  Шайба - бөлшектерді бір-бірімен жалғастырғанда гайканың астына салынатын жұқа сақина темір. 3.17 – суретте ГОСТ 11371-78 бойынша орындалған шайбаның сызбасы көрсетілген.

 

                                                                                                     3.17 - сурет

          3.3  Құбырлардың бөлшектерін жалғастыру

 

          Құбырлардың өзара ажырайтын қосылыстары бұрандалы бөлшектердің (фитинглер) көмегімен орындалады. Фитинглердің қатарына мыналар жатады:

муфталар, бұрыштамалар, үш тармақты құбыр бөлшектері және т.б.

          Муфталар (3.18 – сурет) екі құбырды бұрандалы жалғастыру үшін қолданылады. Ол ішкі құбырлық цилиндр бұрандалы тесігі және сыртқы бетінде қырлары бар бөлшек.

               Қысқа түзу муфта                   Dу ГОСТ 8954-80

 

                                                     

3.18 – сурет

 

          Фитинглердің конструкторлық өлшемдері ГОСТ 8944-75 белгіленген.

          3.19 және 3.20 – суреттерде құбыр мен оларды өзара жалғастырғанда пайдаланылатын гайканың сызбалары келтірілген.

 

                                                      Құбыр ГОСТ 8969-75

             

3.19 – сурет

 

 

Гайка ГОСТ 8961-75

 

 

3.20 – сурет

 

4  Ажырамайтын қосылыстар

 

4.1    Бөлшектерді пісіріп (балқытып) біріктіру

 

          Қазіргі уақытта ажырамайтын қосылыстардың ішіндегі негізгісі бөлшектерді өзара пісіріп (балқытып) біріктіру болып табылады. Пісіріп біріктірудің көптеген түрлері мен оларды орындау әдістері бар. Олардың ішіндегі кең тарағандары электрдоғалы және газбен пісірулер.

          Электрдоғалы және газбен пісіріп біріктірулерді жалғастырылатын бөлшектердің өзара орналасуына байланысты төмендегідей түрлерге бөледі: түйістірілген (С), бұрыштық (У), тавролық немесе «Т» әріпі тәрізді (Т), беттестірілген (Н).

         

          Өзара біріктірілетін бөлшектердің дайындалған жиектерінің сыртқы пішініне және пісірілген жерінің өзгешілігіне байланысты, пісіріп біріктірулерге әріп пен саннан тұратын тиісті белгілеулер ұсынылған, мысалы,

 

С1, С2, У3, Т2, Н4 және т.с.с. Пісірілген жерлердің типтері мен олардың конструкциялық элементтері стандартталған. Мемлекеттік стандарт ГОСТ 2.312-72 –ге сәйкес сызбаларда көрінетін пісірілген жер негізгі сызықпен кескінделеді (4.1 – сурет).

 

Көрінетін және көрінбейтін пісірілген жердің кескінделінуі

 

 

 

4.1 – сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

4.1 – кесте. Пісірілген жерлердің типтері                                                           

Қосы-

лыс

тың

түрі

Дайындалған жиектердің сыртқы пішіні

Пісірілген жердің орындалу өзгешілігі

Көлденең қимасының пішіні

Шартты

белгі-

ленуі

дайындалған

жиектерінің

пісірілген

жердің

 

 

Түйістірілген

 

жиектері

тік

 

 

екі жақты

 

С2

 

 

бір жақты

 

 

 

С4

 

 

бір жиегі

қиғаш

 

 

 

екі жақты

 

 

 

С9

бір жақты кілтті

 

 

 

 

С12

екі жиегіде қиғаш

 

 

 

екі жақты

 

 

 

 

 

С13

 

 

Бұрыштық

жиектері   тік

 

 

 

 

 

екі жақты

 

 

У2

бір жиегі қиғаш

 

 

 

У3

 

 

Тавролық

 

 

 

жиектері   тік

 

 

 

 

 

екі жақты

 

 

 

 

Т1

 

 

бір жақты

 

 

 

 

Т5

 

 

Беттес-тірілген

 

жиектері   тік

 

 

 

екі жақты

 

 

 

Н1

 

 

бір жақты

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н2

 

            Көрінетін пісірілген жердің шартты белгілеуі шығару сызығының сатысының үстіне, ал көрінбейтін пісірілген жердің – астына жазылады (4.1 – сурет). Шығару сызығы бір жақты стрелкамен басталып пісірілген жердің кескінінен жүргізіледі (4.1, 4.2 – суреттер).

          Пісірілген жердің шартты белгіленуінде сызбада төмендегідей мағлұматтар көрсетіледі (4.2 – сурет): 1 – пісірілген жерлердің типтері мен конструкциялық элементтерінің мемлекеттік стандарты; 2 – мемлекеттік стандарт бойынша пісірілген жердің әріп пен саннан тұратын белгіленуі; 3 – мемлекеттік стандарт бойынша пісіріп біріктірудің орындалу тәсілінің шартты белгіленуі; 4 – “” таңбасы және пісірілген жердің катетінің өлшемі; 5 – үзік-үзік пісірілген жердің пісірілетін бөлігінің ұзындығы, “/ ” немесе “ Z ” таңбалары және қадамы; 6 - ″″, ″″ немесе ″  ″ көмекші таңбалары;           7  -       немесе ″    көмекші таңбалары.

 

4.2    – сурет 

Пісірілген жердің шартты белгіленуінде қолданылатын кейбір көмекші таңбалар төмендегідей мағынаны білдіреді:

·        - пісірілген жер бұйымды жинау кезінде орындалады;

/ - тізбек орналасқан үзік-үзік пісірілген жер;

Z – шахмат тәрізді орналасқан үзік-үзік пісірілген жер;

·        - тұйық сызық бойымен пісірілген жер.

Егер сызбада бірнеше бірдей пісірілген жерлер кескінделсе, онда олардың

белгіленулері бірақ рет көрсетіледі де, пісірілген жерлердің қалған кескіндерінен шығару сызықтары жүргізіліп, сатыларына пісірілген жердің реттік нөмірі жазылады. Ал бірдей пісірілген жерлердің жалпы саны белгіленуі көрсетілген шығару сызығында көрсетіледі (4.1 – сурет).

 

4.2             Бөлшектерді дәнекерлеп және желімдеп біріктіру

 

          Бөлшектерді өзара жеңіл балқитын қортпалардың (припой) көмегімен біріктіру дәнекерлеу, ал желімнің көмегімен біріктіру желімдеу деп аталады.

          Сызбаларда дәнекерленген және желімделген жерлер ГОСТ 2.313-82-ге сәйкес қалыңдығы 2S –қа тең тұтас сызықпен кескінделеді (4.3, 4.4 – суреттер).

          Дәнекерлік және желімдік қосылыстарды белгілегенде шығару сызығына тұтас негізгі сызықпен төмендегідей таңбалар қойылады:

          ( - дәнекерлік қосылыста (4.3 – сурет);

          K  - желімдік қосылыста (4.4 – сурет).

          Егер жоғарыда аталған қосылыстар тұйық сызық бойымен орындалса, онда  шығару сызықтары диаметрлері 3...5 мм болатын  жіңішке сызықпен

 сызылған шеңберлермен аяқталады (4.3, 4.4 – суреттер).

 

Дәнекерлік қосылыстың сызбада кескінделуі және белгіленуі

 

         

 

4.3– сурет

 


             Қортпа (припой) немесе желімнің белгілі бір стандарт бойынша белгіленуі сызбаның техникалық талаптарында көрсетілуі тиіс. Мысалы ″ПОС 40 ГОСТ ...″, немесе ″Желім БФ-2 ГОСТ ...″, т.с.с.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Желімдік қосылыстың сызбада кескіленуі және белгіленуі

 

4.4 – сурет

 

 

 


 

 



5  Ажырайтын және ажырамайтын қосылыстар тақырыбы бойынша   

              тапсырмалар

 

5.1    Тапсырманың есептерін шығару жүйесі

 

          1 – есеп.  Жеке варианттары бойынша әрбір студент болттың сызбасын екі проекцияда орындауы қажет: алдынан қарағандағы және үстінен қарағандағы түрлерін. Болттың өлшемдерін 5.1 – кестеден алу керек. Қалған өлшемдері (R, r) сыртқы диаметрі d – ға байланысты немесе тұрғызу арқылы табылады. Есеп А4 форматқа орындалады. Тапсырманың орындалу үлгісі 9 – қосымшада келтірілген.

          2 – есеп.   Әрбір студент 5.1 –кестеде көрсетілген өлшемдері бойынша гайканың  екі  түрін  А5  форматта орындауы қажет.  Гайканың  орындалу үлгісі

10 – қосымшада келтірілген      

          3 – есеп. Жеке варианттары бойынша әрбір студент 5.2 – кестеде берілген өлшемдеріне сәйкес шпильканың сызбасын А5 форматта орындауы қажет. Тапсырманың орындалу үлгісі 11 – қосымшада келтірілген.

          4 – есеп.     Бұл есепте студент ГОСТ 2.315-68 – ке сәйкес екі бөлшектің болт, гайка және шайбаның көмегімен қосылысының қарапайым түрін  А4 форматқа сызуы қажет. Барлық қажетті өлшемдерін 5.1 – кестеден алу керек. Қосылысты үш түрде орындау керек. Тапсырманың орындалу үлгісі 12 – қосымшада келтірілген. Сызбада тек қана габариттік және монтаждық өлшемдері қойылады.

          Болтты қосылыстың қарапайым (ықшамдалған) кескінін орындағанда гайканың және болттың басының өлшемдері бұранданың өлшеміне байланысты анықталады (5.1 – сурет).

                     d/ = 0,85 d

                    H/ = 0,8 d

                    Sш = 0,15 d

                    D/ = 2d

                    h/ = 0,7 d

                    Dш/ = 2,2 d

                    K = 0,3 d            

           5 – есеп.   Әрбір студент 5.2 – кестеде көрсетілген өлшемдері бойынша екі бөлшектің шпилька, гайка және шайбаның

 

көмегімен қосылысының қарапайым түрін А4 форматқа сызуы қажет. Қосылысты үш түрде орындау керек. Тапсырманың орындалу үлгісі 13 – қосымшада келтірілген. 

          6 – есеп.    Тапсырма бойынша әрбір студент 5.3 – кестеде көрсетілген өлшемдері бойынша екі құбырдың муфта, контргайка және шайбаның көмегімен қосылысының сызбасын А4 форматқа орындауы қажет. Тапсырманың орындалу үлгісі 14 – қосымшада келтірілген.

          7 – есеп.    Тапсырманың үлгісі 15 – қосымшада келтірілген. Ол барлық студенттерге бірдей. Сондықтан әрбір студент бұйымның кескінін үлгіде көрсетілген өлшемдері бойынша А4 форматқа көшіріп сызуы керек. Тапсырманы орындағанда ажырамайтын қосылыстардың сызбада кескінделуі мен белгіленуіне аса назар аудару қажет.

         

          5.2  Тақырып бойынша типтік тесттер жинағы 

 

          Бұрандалар

          1 – тест (5.2 – сурет)

Көрсетілген профилдері бойынша бұрандалардың түрлерін анықтаңдар:

1.     Метрлік бұранда;

2.     Құбырлық бұранда

3.     Трапециялық бұранда;

4.     Тіректі бұранда;

5.     Тік бұрышты бұранда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          2 – тест (5.3 – сурет)

 

Шартты кескіні және белгіленуіне қарап бұрандалардың түрлерін анықтаңдар:

1.     Профилі төбесіндегі бұрышы 600 болатын тең бүйірлі үшбұрыш;

2.     Профилі төбесіндегі бұрышы 550 болатын және ұштары дөңгелек тең бүйірлі үшбұрыш;

3.     Профилі бүйір қабырғаларының арасындағы бұрышы 300 болатын тең бүйірлі трапеция;

4.     Профилі бүйірлері тең емес трапеция;

5.     Стандартталмаған профилді.  

 

 

5.3 - сурет

 

          Бұрандалы бөлшектер және ажырайтын қосылыстар

 

          3 – тест (5.4 – сурет)

 

Кескіндері мен белгіленулері бойынша бұрандалы бөлшектердің және ажырайтын қосылыстардың түрлерін анықтаңдар:

1.     Ірі қадамды болт;

2.     Ұсақ қадамды винт;

3.     Болаттан жасалған бөлшектердегі бұрандалы тесіктерге арналған шпилька;

4.     Екікірісті бұрандалы қозғалысты винт;

5.     Шпонканың көмегімен біріктіру

 

 

5.4 – сурет

           

             4– тест (5.5 – сурет)

 

          1.  Фитингінің көмегімен біріктіру;

          2.  Шойыннан жасалған бөлшектерді шпильканың көмегімен біріктіру;

          3.  Ұсақ қадамды болтпен біріктіру;

          4.  Үшкірісті бұрандасы бар, қозғалысты винтпен біріктіру;

          5.  Ірі қадамды винтпен біріктіру.

 

 

5.5 – сурет

 

          Ажырамайтын қосылыстар

         

5 – тест (5.6 – сурет)

 

Сызбада орындалу және белгіленулері бойынша ажырамайтын қосылыстардың түрлерін анықтаңдар:

1.     Түйістіріліп пісірілген қосылыстар;

2.     Бұрыштық  түрімен пісірілген қосылыстар;

3.     Тавролық түрімен пісірілген қосылыстар;

4.     Беттестірілген түрімен пісірілген қосылыстар;

5.     Бөлшектерді дәнекерлеп біріктіру.

 

 

  

 

5.6 – сурет

 

          6 – тест (5.7 – сурет)

 

Көлденең қимасының пішіні бойынша пісірілген жерлердің типтерін анықтаңдар:

1.     Түйістірілген, жиектері тік, екі жақты қосылыстар;

2.     Түйістірілген, бір жиегі қиғаш, бір жақты кілтті қосылыстар;

3.     Бұрыштық, жиектері тік, екі жақты қосылыстар;

4.     Тавролық, жиектері тік, екі жақты қосылыстар;

5.     Беттестірілген, жиектері тік, екі жақты қосылыстар.      

 

5.7 – сурет

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


    5.1 – кесте.

 

Болт ГОСТ 7798-70,

гайка ГОСТ 5915-80

Шайба

ГОСТ 11371-78

Жалғастыратын бөлшектер

 

  Вариант

Бұранданың диаметрі  “d”

Болттың ұзындығы “L”

Бұрандалы жердің ұзындығы  “L0

Болттың басының биіктігі “h”

Сыртқы шеңбердің диаметрі  “D”

Фасканың диаметрі /басы/  “D1

Фасканың катеті /бұрандалы ұшы/ с

 

Кілтке арналған өлшем “S”

Гайканың биіктігі “H”

Сыртқы диаметрі “D0

Ішкі диаметрі “d0

Шайбаның қалыңдығы “S1

І-і бөлшектің қалыңдығы

2-і бөлшектің қалыңдығы

Жалғастырылатын бөлшектердің ені

Масштаб

І

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

1

6

25

18

4

10,9

9

1

10

5

12,5

6,4

1,6

7

8

20

2,5:1

2

8

30

22

5,5

14,3

12

1,25

13

6,5

17

8,4

1,6

8

10

24

2,5:1

3

10

38

26

7

18,7

15

1,5

17

8

21

10,5

2

9

15

25

2:1

4

10

40

26

7

18,7

15

1,5

17

8

21

10,5

2

10

16

28

2:1

5

12

40

30

8

20,9

17

1,5

19

10

24

13

2,5

9

15

30

2:1

6

12

45

30

8

20,9

17

1,5

19

10

24

13

2,5

12

16

35

2:1

7

14

45

34

9

24,3

20

2,0

22

11

28

15

2,5

10

16

35

2:1

8

14

50

34

9

24,3

20

2,0

22

11

28

15

2,5

10

17

40

1:1

9

16

60

38

10

26,5

22

2,0

24

13

30

17

3

18

20

45

1:1

10

16

65

38

10

26,5

22

2,0

24

13

30

17

3

15

28

48

1:1


 

                             

   5.1 – кестенің жалғасы. 

І

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

11

18

65

42

12

29,9

24

2,5

27

15

34

19

3

20

21

50

1:1

12

18

65

42

12

29,9

24

2,5

27

15

34

19

3

15

31

50

1:1

13

20

75

46

13

33,3

27

2,5

30

16

37

21

3

20

28

55

1:1

14

20

80

46

13

33,3

27

2,5

30

16

37

21

3

20

33

60

1:1

15

22

80

50

14

35,0

29

2,5

32

18

39

23

3

25

25

60

1:1

16

22

85

50

14

35,0

29

2,5

32

18

39

23

3

23

32

65

1:1

17

24

85

54

15

39,6

33

3,0

36

19

44

25

4

25

28

70

1:1

18

24

90

54

15

39,6

33

3,0

36

19

44

25

4

25

32

75

1:1

19

27

95

60

17

45,2

37

3,0

41

22

50

28

4

25

34

80

1:1

20

30

105

66

19

50,9

41

3,5

46

24

56

31

4

30

35

85

1:2

21

30

110

66

19

50,9

41

3,5

46

24

56

31

4

25

45

88

1:2

22

36

125

78

23

60,8

50

4,0

55

29

56

37

5

35

40

90

1:2

23

36

140

78

23

60,8

50

4,0

55

29

56

37

5

38

54

95

1:2

24

42

150

90

26

72,1

59

4,5

65

34

78

43

7

40

54

100

1:2

25

42

160

90

26

72,1

59

4,5

65

34

78

43

7

44

60

105

1:2

26

48

165

100

30

83,4

68

5,0

75

38

92

50

8

45

55

110

1:2

27

48

165

101

30

83,4

68

5,0

75

38

92

50

8

50

50

115

1:2

28

48

170

110

30

83,4

68

5,0

75

38

92

50

8

60

40

120

1:2

 

 

 

 

 

 


           5.2 - кесте

Вари-

анттар

 

Шпилька ГОСТ 22032 – 76

Гайка

ГОСТ 15523 – 23

Шайба

ГОСТ

11371 – 78

Жалғастырылатын бөлшектер

 

А типті

Б типті

Бұранданың  диаметрі “d”

Бұранданың

қадамы

Шпильканың ұзындығы “L”

 

Фасканың катеті  с

Тартылатын   ұзындығы “L0

 

Отырғызылатын ұшының ұзындығы “L1

Тегіс бөлігінің диаметрі      /Б типіне/ “d2

Гайканың биіктігі “H”

Сыртқы шеңбердің

диаметрі “DI

Фасканың диаметрі“D1

Кілтке арналған    өлшем “S”

Сыртқы диаметр “Dш

Ішкі диаметр “dш

Шайбаның  қалыңдығы “Sш

Бөлшектердің ені

І-бөлшектің қалыңдығы

Шпилькаға арналған

тесіктің диаметрі

Тесіктің тереңдігі

Ұсынылған масштаб

Ірі /Б типті/

Ұсақ/А типті/

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

1

15

10

1,50

1,25

35

1,5

26

10

7,8

12

18,7

15

17

21

10,5

2,0

40

15

10,5

17

2:1

2

16

10

1,50

1,25

40

1,5

26

12

7,8

12

18,7

15

17

21

10,5

2,0

42

20

10,5

15

2:1

3

17

12

1,75

1,25

45

1,5

30

15

9,5

15

20,9

15

19

24

13

2,5

40

22

13

21

2:1

4

18

12

1,75

1,25

50

1,5

30

12

9,5

15

20,9

17

19

24

13

2,5

44

25

13

18

1:1

5

19

16

2,00

1,50

50

2,0

38

16

13

19

26,5

22

24

30

17

3,0

52

20

17

24

1:1

6

20

16

2,00

1,50

55

2,0

38

20

13

19

26,5

22

24

30

17

3,0

55

25

17

28

1:1

7

21

20

2,50

1,50

60

2,5

46

20

16

24

33,3

27

30

37

21

3,0

65

25

21

30

1:1

8

22

20

2,50

1,50

65

2,5

46

25

16

24

33,3

27

30

37

21

3,0

68

30

21

35

1:1

9

23

22

2,50

1,50

70

2,5

50

22

18

26

35,0

29

32

39

23

3,0

68

35

23

33

1:1

10

24

22

2,50

1,50

75

2,5

50

25

18

26

35,0

29

32

39

23

3,0

68

38

23

35

1:1

11

25

24

3,00

2,00

75

3,0

54

24

20

28

39,6

33

36

44

25

4,0

70

35

26

36

1:1

12

26

24

3,00

2,00

80

3,0

54

30

20

28

39,6

33

36

44

25

4,0

70

49

26

42

1:2

13

27

30

3,50

2,00

90

3,5

66

30

24

36

50,9

41

46

46

31

4,0

90

40

32

45

1:2

14

28

30

3,50

2,00

100

3,5

66

40

24

36

50,9

41

46

56

31

4,0

90

50

32

55

1:2

      5.3 – кесте.                                                   Муфтаның, құбырдың, гайканың өлшемдері                                              

 

 

 

Варианттар

Шартты тесік  “Dу”,мм

Құбырлық бұранданың

диаметрі

 

 

 

Муфта ГОСТ 8954 – 75

Құбыр

ГОСТ 8969 – 75

Гайка

ГОСТ 8969 – 75

Ұсынылатын масштаб

Муфтаның ұзындығы  “L”

Қабырғасының қалыңдығы “S”

Төмпешіктің       қалыңдығы  “b”

Қырының      биіктігі “h”

Қырының ені “b1

Ені “b2

Қабырғасының   қалыңдығы “S1

Құбырдағы гайка мен муфтаға арналған бұранданың ұзындығы “l1

Бұранданың ұзындығы “l”

Гайканың биіктігі “H”

Кілттік өлшем “S”

Сыртқы шеңбердің диаметрі “D”

Фасканың диаметрі “D1

Дюйммен “G”

мм – мен

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

 

1

15

8

1/4

13,2

22

3,5

3,0

2,0

2,0

3,5

3,5

38

7,0

6

22

25,4

20

1:1

 

2

16

10

3/8

16,7

24

3,5

3,0

2,0

2,0

3,5

3,5

42

8,0

7

27

31,2

25

1:1

 

3

17

15

1/2

21,0

28

4,2

3,5

2,0

2,0

4,0

4,2

50

9,0

8

32

36,9

30

1:1

 

4

18

20

3/4

26,4

31

4,4

4,0

2,5

2,0

4,0

4,2

54

10,5

9

36

41,6

33

1:1

 

5

19

25

1

33,2

35

5,2

4,0

2,5

2,5

4,5

4,8

62

11

10

46

53,1

43

1:1

 

6

20

32

1/4

41,9

39

5,4

4,0

3,0

2,5

5,0

4,8

68

13

11

55

63,5

52

1:1

 

7

21

40

1/2

47,8

43

5,8

4,0

3,0

3,0

5,0

4,8

75

15

12

60

69,3

56

1:1

 

8

22

50

2

59,6

47

6,4

5,0

3,5

3,0

6,0

5,4

86

17

13

75

86,5

70

1:1

 

9

23

65

1/2

75,2

53

6,4

5,0

3,5

3,5

6,5

5,4

98

19,5

16

95

110

90

1:2

 

10

24

8

1/4

13,2

22

3,5

3,0

2,0

2,0

3,5

3,5

38

7,0

6

22

25,4

20

2:1

 

11

25

10

3/8

16,7

24

3,5

3,0

2,0

2,0

3,5

3,5

42

8,0

7

27

31,2

25

2:1

 

12

26

15

1/2

21,0

28

4,2

3,5

2,0

2,0

3,5

4,2

50

9,0

8

32

35,9

30

2:1

 

13

27

40

1/2

47,8

43

5,8

4,0

3,0

3,0

5,0

4,8

75

15,0

12

60

69,3

56

1:2

 

14

28

50

2

59,6

47

6,4

5,0

3,5

3,0

6,0

5,4

86

17,0

13

75

86,3

70

1:2

 


           6  Жалпы көрініс сызбаны оқу және бөлшектеу

 

          6.1  Жалпы нұсқаулар

 

          Жаңа бұйымды жасау және оған тиісті конструкторлық құжаттарды дайындау жалпы жағдайда бес сатыдан тұрады (ГОСТ 2.103-68). Олардың алғашқы төрт сатысында (техникалық тап0сырма, техникалық ұсыныс, эскиздік жоба, техникалық жоба) жобалық құжаттар, ал соңғы сатысында – жұмыс

құжаттары дайындалады.

          Жалпы көрініс сызбасы (коды ВО) – бұйымның конструкциясын (құрылымын), оның негізгі бөлшектерінің өзара байланысын және бұйымның жұмыс істеу принципін анықтайтын құжат. Жалпы көрініс сызбасы бұйымды жобалаудың алғашқы сатыларында дайындалады (техникалық ұсыныс, эскиздік және техникалық жоба). Ол жобалау құжаттарына жатады.

          Эскиздік жобаға кіретін жалпы көрініс сызбасының  құрамына 2.119-73 мемлекеттік стандартына сәйкес жалпы жағдайда төмендегілер кіреді:

         а) бұйымның кескіндері (түрлер, тіліктер, қималар), бұйымның конструкциясы, оның негізгі бөлшектерінің өзара байланысы және жұмыс істеу принципі жөнінде түсініктеме беретін тексттік бөлім мен жазулар;

          ә)    өлшемдері;

          б)    схемасы (егер қажет болған жағдайда);

          в)    бұйымның техникалық көрсеткіштері (егер қажет болған жағдайда).

          Жалпы көрініс сызбасы 2.109-73 мемлекеттік стандартының талаптарына сәйкес орындалады. Құрамындағы бөлшектер ықшамдалып кескінделеді.

          Жалпы көрініс сызбасын оқу дегеніміз, сызбада кескінделген бұйымның атқаратын қызметін, құрылымын және жұмыс істеу принципін, оны                 жинау немесе бөлшектеу ретін көз алдына елестете білу. Жалпы                көрініс сызбасын оқу жұмыс құжаттарын дайындау үшін, құрастыру          сызбалары және бөлшектердің жұмыс сызбалары орындалады.         Сызбаларды  оқу студенттердің кеңістіктік ойлау қабілетін жетілдіруде үлкен роль атқарады. 

          Сызбаларды оқу барысында студенттер негізгі жазу, спецификация  және сызба бойынша төмендегілерді анықтайды:

-         бұйымның және оның бөлшектерінің аталуын;

-         сызбада келтірілген тіліктер мен қималардың түрлерін;

-         кескінделген бұйымның қолданылатын жерін, құрылымын және жұмыс істеу принципін;

-         бөлшектердің өзара орналасуын;

-         масштабына байланысты бөлшектердің өлшемдерін, т.с.с.

          Әрбір бөлшектің кескіні спецификация мен сызбада көрсетілген позициялық нөмірлері бойынша анықталады.

          Сызбаны оқу барысында сызбадағы кескіндердің өзара проекциялық байланысын ескеру қажет. Сонымен қатар, тіліктерде немесе қималарда әрбір бөлшек тек өзіне тән штрихталады (штрих сызықтарының бағыты және олардың ара қашықтығына байланысты).

          Сызбаны оқу кезінде жалпы көрініс сызбасында бөлшектер ықшам түрде кескінделетінін естен шығармау керек. Ал жұмыс сызбаларын орындағанда ондай ықшамдаулардың көбі рұқсат етілмейді (ГОСТ 2.109-73, ГОСТ 2.305-68 және т.б. қараңдар).

 

           6.2  Жалпы көрініс сызбасын бөлшектеу жүйесі

 

          Бөлшектеу (деталировка) инженерлік графика пәнін оқудың соңғы бөлімдерінің бірі болып табылады. Осы тапсырманы орындай отырып студенттер жалпы көрініс сызбасын оқу және сол бойынша бөлшектердің сызбасын орындау шеберлігін пысықтайды.

          Бөлшектеу тақырыбына берілетін тапсырма жалпы көрініс сызбасынан, оның техникалық сипаттамасынан және сұрақтардан тұрады. Әрбір студентке жеке тапсырма беріледі.

          Бөлшектеу тапсырмасын төмендегідей жүйемен орындау ұсынылады:

          1)  сызбаны оқу – негізгі жазуды оқып, кескінделген бұйымның атқаратын қызметін, құрылымын, жұмыс істеу принципін, бөлшектеу және жиналу ретін анықтау;

          2)  бөлшектердің және бұйымның құрамына кіретін құрастырылған бұйымдардың (егер ондайлар болса) формалары мен габариттік өлшемдерін анықтау. Әрбір бөлшек үшін кескіндерінің санын, масштабын және қажетті тіліктер мен қималарды белгілеу. Кескіндердің саны неғұрлым аз және жеткілікті болуы қажет. Сонымен қатар негізгі түрді (алдынан қарағандағы) дұрыс таба білу керек;

          3)   форматтардың өлшемін ГОСТ 2.305-68-ге сәйкес қабылдау. Бұл жерде негізгі жазуға (форма I, ГОСТ 2.104-68), бөлшектің өлшемдерін қоюға және техникалық талаптарды жазуға қалдырылатын орындарды ескеру қажет.

          Берілген А1 форматты сызба қағазын қажетті кіші форматтарға бөлу керек. 1.1 – суретте соның бір мысалы келтірілген.

          4)  бөлшектің эскизін оқытушы тексергеннен кейін, оның кескінін жіңішке сызықтармен форматта орындау;

          5)     өлшемдер мен беттердің кедір-бұдырлығының  параметрлерін  қою

 

          6.1 – кесте.

          Кейбір материалдардың ГОСТ бойынша шартты белгіленулері

-------------------------------------------------------------------------------------------------------                     

                          Материал                                      |  Сызбада белгілену үлгісі

 

1     Көміртекті болат (ГОСТ 380-88)                    Болат 3 ГОСТ 380-88

2     Сапалы конструкциялық көміртекті

       болат (ГОСТ 1050-88)                                     Болат 45 ГОСТ 1050-88

3     Жоғары сапалы болат (ГОСТ 4543-71)          Болат ЗОХНЗА ГОСТ 4543-71

4     Сұр шойын құймасы (ГОСТ 1412-85)            СШ 15 ГОСТ 1412-85

5     Құйма жез (ГОСТ 17711-80)                            ЛЦ 38 МцС2 ГОСТ 17711-80

6     Қысыммен өңделген қалайнсыз                       Бр АЖ МцС10-3-1,5

       қола (ГОСТ 18175-78)                                       ГОСТ 18175-78

7     Қысыммен өңделген алюминий

       қортпасы                                                              Д16 ГОСТ 4784-74

8     Престелген фенопласт, группасы 32,               Фенопласт 32/К-21-22

       маркасы К-21-22 (ГОСТ 5689-79)                    ГОСТ 5689 -79

9     Табақ электротехникалық гетинакс,                 Гетинакс У 1,2

       маркасы , қалыңдығы 1,2 мм                         ГОСТ 2718-74

       (ГОСТ 2718-74)   

10    Полистирол ПСЭ-2, ПСЭ-1                              ПСМ-қара -2-4

                                                                                     ГОСТ 20282-86

11    Электротехникалық эбонит А, Б , В                Эбонит Б-40 ГОСТ 2748-77

12    Целлулоид А, Б, В                                             Целлулоид АП1, 1,20, ақ

                                                                                     1 сорт ГОСТ 21228-85

 

          6.3  Өлшемдерді түсірудегі базалар туралы қысқаша түсініктер

 

          Бөлшектер (детальдар) деп біртекті материалдан құрастыру операциясыз жасалған бұйымдарды айтады. Мысалы, болт, ось, шпилька және т.б.

          Сызбада өлшемдер өлшем сызықтары және өлшем сандары арқылы көрсетіледі. Өлшем сызықтары өлшемі көрсетілетін кесінділерге параллель, ал шығару сызықтарына перпендикуляр жүргізіледі. Өлшем сызықтары бір немесе екі шетінен стрелкалармен аяқталады.

          Өлшем сызықтары мен шығару сызықтарының мүмкіншілігінше қиылыспауын қамтамасыз ету керек.

          Сызбада, оның масштабына байланыссыз, кескінделетін нәрсенің нақты өлшемдері көрсетіледі. Сонымен қатар, сызбада өлшемдердің жалпы саны мүмкіндігінше аз да, бірақ сызбада көрсетілген затты жасау және өлшемдерін бақылау үшін жеткілікті болуы қажет.

          Өлшемдерді түсіруді бастамас бұрын, бөлшектерде өлшемдер түсірудегі базалар деп аталатын беттер, сызықтар немесе нүктелер анықталады.

          21495-76 мемлекеттік стандартына сәйкес мұндай базалар үшеу –конструкторлық (негізгі және көмекші), технологиялық және өлшемдік.

          Конструкторлық база бөлшектің бұйымдағы орнын анықтайды немесе осыған байланысты басқа бөлшекті орыналастыруға көмекші база болып табылады.

          Технологиялық база бұйымды жасау немесе жөндеу барысындағы оның орналасу қалпын анықтайды.

          Өлшемдік база бұйым мен өлшеу құралының өзара орналасу қалпын анықтайды.

          Өлшемдік базаға байланысты бөлшектердің өлшемдері үш түрлі тәсілмен түсіріледі – тізбекті, координатты және түйдектелген. 

          Анықтағыш өлшемдер сызбада «» белгісімен белгіленеді, ал техникалық талаптарда «Анықтағыш өлшем» деген жазу жазылады.

 

          6.4  Қосымша нұсқаулар

 

          Бұйымдарды бөлшектеудің реті негізінен оларды ажырату процесіне ұқсас келеді. Бөлшектеу ретімен мысал арқылы танысалық.

          Суретте (63б.)вентильдің құрастыру сызбасы берілген. Вентиль сұйықтар мен газдардың өтуін реттейтін бұйым.

          Вентиль корпустан (1), оған бұранда арқылы бекітілетін штуцерден (3) тұрады. Штуцердің іштей орындалған бұрандалы тесігіне шток (2) еңгізіліп, олардың арасындағы саңылау сальник (9), нығыздатушы (5) және гайка (4) арқылы бітеледі. Штоктың жоғарғы жағына винттің (7) көмегімен бекітілген маховикті (6) сағат тілінің бағытына қарсы бұрайтын болсақ шток жоғары көтеріліп, корпустың ішкі тесігі ашылады. Сол мезетте сұйық немесе газ вентиль арқылы өте бастайды. Маховикті кері бағытта бұрайтын болсақ шток төмен түсіп, корпустың ішкі тесігі жабылады.

          Құрастыру сызбасы мен оның сипаттамасы сызбада кескінделген бұйымның пішіні мен жұмыс істеу ретін, оны құрайтын бөлшектердің формалары мен өлшемдерін, олардың бір-біріне бірігу тәсілдерін, сонымен қатар өзара қимылдау принциптерін анықтауда үлкен роль атқарады.

          Жоғарыда берілген сипаттаманы  және қосымшадағы сызбаларды пайдалана отырып, құрастыру сызбасын бөлшектеу ретімен өз беттеріңше толығырақ танысыңдар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

          

    



 


 


 


 



 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 


 

 


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

         

           

1.   Левицкий В. С. Машиностроительное черчение – М.: Высшая школа, 1988.

2.    КҚБЖ. Сызбаларды орындауға жалпы ережелері. ГОСТ 2.311 - 68. 

       Бұранданың кескіні. – М. 1991.

3.   КҚБЖ. Сызбаларды орындауға жалпы ережелері. ГОСТ 2.312-72. пісірілген      

      жерлердің шартты кескінделеулері және белгіленулері (орыс тілінде). – М.

       1991.

4.    КҚБЖ. Сызбаларды орындауға жалпы ережелері. ГОСТ 2.313-82.

       Ажырамайтын қосылыстардың жалғастырылған жерлерінің шартты  

       кескінделеулері және белгіленулері (орыс тілінде). – М. 1991.

5.   КҚБЖ. Сызбаларды орындауға жалпы ережелері. ГОСТ 2.315-68. Бұрандалы

       бөлшектердің қарапайым және шартты кескіндері (орыс тілінде). – М. 1991.

6.    Сызу. Жалпы білім беретін орта мектепке арналған оқулық/ Түпнұсқасының  

       редакциясын басқарған В.Н.Виноградов . – Алматы: Мектеп, 1986.

7.    Сызудан анықтама құрал/ В.Н. Богданов, А.П. Верхола және т.б. /орыс          

        тілінде/. – М.:Машиностроение, 1989.

8.    Чекмарев А.А. Инженерная графика. Учебник для ВУЗов. М.: Высшая

       школа, 1988.

9.    Дүйсенов С.А., Мұқашев М.Ш., Төлбаев Ә.Ә. Инженерлік және 

       компьютерлік графика. Геометриялық тұрғызулар. Есептеу – графикалық

       жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ, 2003.

 

 

 

        

 

 

 

Сайын Айтқалиұлы Дүйсенов, Мәрлен Шапанбайұлы Мұқашев,

 Бақытжан Зауытбекұлы Қалиев  

 

 

 

 

 

 

ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА

 

ТЕХНИКАЛЫҚ СЫЗУ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

 

 

 

 

 

Редакторы  Ж.А. Байбураева

2003 ж. жин. тақ. жоспары,_21_реті

 

Басуға қол қойылды

Пішімі 60х84  1/16

№1 типография қағазы

Тиражы 100 дана.

Көлемі 5,4 оқу-басп.т.

Бағасы 172 тенге

Тапсырыс

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байтұрсынов к., 126

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

Инженерлік графика және қолданбалы механика кафедрасы

 

 

                                                                               БЕКІТЕМІН

                                                                               Оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі

                                                                               проректор

                                                                               __________________Э.А.Сериков 

                                                                               “____”_____________2003ж.

 

 

 

ИНЖЕНЕРЛІК ГРАФИКА

2 – бөлім

ТЕХНИКАЛЫҚ СЫЗУ

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

(барлық мамандықтардың және барлық оқыту түрлерінің студенттері үшін)

 

 

 

КЕЛІСІЛДІ                                               Кафедра мәжілісінде қаралды

ОӘБ бастығы                                            және құпталды____________

____________О.З.Рутгайзер                    ___  ____2003ж. №__хаттама

___  _____________2003ж.                      Каф.меңгерушісі ________А.Дінасылов

                                                                  

Редакторы                                                 Келісілді

____________Ж.А.Байбураева                Каф.меңгерушісі

___  _____________2003ж.                       __________________________________

 

                                                                     __________________________________

                                                                 

                                                                     __________________________________

 

                                                                     Құрастырушылар:         

                                                                     __________________С.А. Дүйсенов

 

                                                                     __________________М.Ш. Мұқашев

 

                                                                     __________________Б.З. Қалиев                                                    

 

Алматы 2004**