Алматы энергетика және байланыс институты 

Инженерлік графика және компьютерлік графика кафедрасы

  

 

КЕСКІНДЕР– ТҮРЛЕР,ТІЛІКТЕР,ҚИМАЛАР

 

Тапсырмалар және оларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

1-бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫ: М.Ш.Мұқашев. Кескіндер-түрлер, тіліктер, қималар.

         1-бөлім. Тапсырмалар және оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар. –     

         Алматы: АЭжБИ,  2008. -37б.        

 Әдістемелік нұсқауларда мынандай мәселелер қарастырылған: “Кескіндер-түрлер, тіліктер, қималар” тапсырмасының мақсаты және оның көлемі; тапсырманы орындау жүйесі; ЕСКД 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен анықтамалары; материалдардың графикалық белгілері және оларды сызбаларда қолдану ережелері /ГОСТ 2.306-68/; тапсырманың есептерін шығаруға әдістемелік нұсқаулар. Есептердің тапсырмалары қосымшаларда берілген.

         Әдістемелік   нұсқаулар қазақ мектептерін бітірген Алматы энергетика институтының барлық мамандықтарының студенттеріне арналған.

         Әдістемелік   нұсқаулар екі бөлімнен тұрады.

    

Мазмұны

     Кіріспе                                                                                                                   4

1    Жалпы нұсқаулар                                                                                                5

1.1 Тапсырманың мақсаты және көлемі                                                                  5   

1.2 Тапсырманы орындау жүйесі                                                                             5

2  2.305-68. Мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен анықтамалары  6

2.1  Сызбадағы кескіндер                                                                                         6

2.2  Түрлер                                                                                                                  6

2.3  Тіліктер                                                                                                              10

2.4  Қималар                                                                                                             15

2.5  Бақылау сұрақтары                                                                                           17

3     Материалдардың графикалық  белгілері және оларды сызбаларда қолдану ережелері        18

4     Тапсырманың  есептерін  шығаруға әдістемелік нұсқаулар                        20

        Қосымшалар                                        

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі                                                                          36     

  

КІРІСПЕ

         Конструкторлық документацияның бірыңғай жүйесінің 2.305-68 мемлекеттік стандарты өнеркәсіп пен құрылыстың барлық салаларының сызбаларында нәрселерді /бұйымдарды, ғимараттарды және т.б./ кескіндеу ережелерін тағайындайды. Сол себепті, техникалық сызу курсында бұл стандартты оқуға ерекше көңіл бөлінеді. 2.305-68 мемлекеттік стандарты бойынша бұйымдар өзара перпендикуляр жоба жазықтықтарына тік бұрышты /ортогональ/ жобалау тәсілімен кескінделеді. Бұл тәсілдің теориялық негіздері кеңістіктің геометриялық модельдері – нүктелер, сызықтар, жазықтықтар, беттер арқылы сызба геометрия курсында қарастырылады. Сондықтан, сызбаларды орындаған  кезде тік бұрышты жобалау тәсілінің барлық заңдары мен қасиеттері сақталуы тиіс. Барлық бұйымның кескіндерінде осы стандартта қарастырылған кейбір шартты жеңілдіктерді қолдануға болады.

         Ұсынылып отырылған әдістемелік нұсқауда жоғарыда көрсетілген мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен анықтамалары берілген. Сонымен қатар, “ Кескіндер – түрлер, тіліктер, қималар” тақырыбы бойынша тапсырмалар, оларды орындауға әдістемелік нұсқаулар және дайын жұмыстардың үлгілері көрсетілген.

         Қазіргі уақытта сызу пәнінен қазақ тілінде жазылған оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалар өте аз, ал мемлекеттік стандарттары қазақ тіліне аударылмаған. Сондықтан ұсынылып отырған әдістемелік нұсқауларды мейлінше толық пайдалану қажет.

 1     Жалпы нұсқаулар 

         1.1 Тапсырманың мақсаты және көлемі

         Тапсырманың мақсаты семестрлік жұмысты орындау арқылы 2.305-68 мемлекеттік стандартының негізгі ережелері, анықтамаларымен толық танысу және сызбаларды орындауға дағдылану.

         Инженерлік графика пәнінің бағдарламасына сәйкес тапсырманың көлемі шамамен А1 форматына тең болуы қажет.

         Тапсырма төмендегідей есептерден тұрады:

1-есеп – нәрсенің кеңістіктегі кескіні /бейнесі/ бойынша түрлерін тұрғызу;

2-есеп- берілген екі түрі бойынша үшінші түрін тұрғызу, қарапайым тіліктерді және шығарылған қиманы орындау;

3-есеп – берілген екі түрлердің бірінде сатылы тілікті орындау;

4-есеп – берілген екі түрлердің бірінде сынық тілікті орындау;

5-есеп – берілген екі түрі бойынша үшінші түрін тұрғызу, тиісті түрлердің орнына қажетті тіліктерді орындау /жергілікті тіліктерді қолдануға болады/.

         1,3,4-есептер А4 форматтарына,  ал  2,5-есептер А3 форматтарына орындалады.

         1,2-есептер тек қана  аудиторияда практикалық сабақта орындалады да, студенттерге өз бетімен үйде орындауға берілмейді.

 

         1.2. Тапсырманы орындау жүйесі

 

         Тапсырманың мақсаты және көлемімен танысқаннан кейін оқулықтардың, оқу құралдарының және 2.305-68 мемлекеттік стандартының осы тақырыпқа байланысты бөлімдерін оқу қажет. Білімдеріңді бақылау сұрақтарымен тексеріп, түсінбеген сұрақтарың болса оқытушыдан түсініктеме алу керек. Жұмыс орнын, сызба жабдықтары мен құралдарын алдын ала дайындап алу қажет. Орындалған және ұқыпты тексерілген сызбаны оқытушыға бекітілген мерзімнен кешіктірмей өткізу қажет.

         Сызбаны орындағанда төмендегі  көрсетілген  реттілікті сақтаған жөн:

         1/ сызбаның өрісін тиімді пайдалану үшін сызбаның масштабын анықтау керек;

         2/ сызба өрісінің өлшемдерін ескере отырып, түрлердің орнын анықтау керек;

         3/ берілген бөлшектің габаритті өлшемдеріне сәйкес /биіктігі, ұзындығы, ені/, түрлерді төртбұрыштармен сызу керек;

         4/ осьтік және центрлік сызықтарды жүргізу керек;

         5/ түрлерді жіңішке сызықтармен салып, сонан соң есептің талабына сәйкес тұрғызуларды орындау керек;

         6/ сызбаны бастырып, безендіру керек.

         Барлық сызбалар тек қана қарындашпен орындалады. Сызықтардың түрлері 2.305-68 мемлекеттік стандартына сәйкес болуы керек. Сызбаларда     

2.303-68 – ге  сәйкес болуы керек. Сызбаларда 2.307-68 –ге сәйкес міндетті түрде өлшемдер түсірілуі қажет.

 

 

2  2.305-68 Мемлекеттік стандартының негізгі ережелері мен анықтамалары   

 

         2.1  Сызбадағы кескіндер

 

         Нәрселердің  кескіндері тік бұрышты проекциялау әдісімен орындалуы қажет. Бұл  жағдайда нәрсе көруші мен  тиісті жоба жазықтығының арасында орналасқан деп ұйғарылады. Негізгі жоба жазықтықтары ретінде кубтың алты жақтары қабылданады. Кубтың жақтары 2.1 – суретте көрсетілгендей етіп жазылып, сызба жазықтығымен беттестіріледі.

 

 

2.1Сурет

 

 

         Нәрсенің фронталь жоба  жазықтығындағы кескіні сызбада басты ретінде қабылданады. Нәрсенің  қалған кескіндері сызбада басты кескінмен проекциялық байланыста орналастырылады. Нәрсені фронталь жоба жазықтығына қатысты  орналастырғанда, оның осы жазықтықтағы кескіні нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы неғұрлым толық мағлұмат беруі  қажет. Сызбадағы кескіндер құрылымына  байланысты түрлер, тіліктер және қималар болып бөлінеді.

 

2.2  Түрлер

 

Түр – нәрсенің көрушіге бағытталған көрінетін бетінің кескіні /2.2 сурет/. Стрелкалар көрушінің көзқарасының бағытын көрсетеді. Түрлер негізгі, жергілікті және қосымша болып бөлінеді.

         Негізгі түрлердің аттары көрушінің көзқарасының бағытымен сәйкес белгіленеді /2.3 сурет/.

         2.4 – суретте көрушінің 1....6 стрелкалардың бағытымен нәрсеге қарағандағы пайда болған негізгі түрлер көрсетілген. Олар былай деп аталады:

         1 – алдынан қарағандағы түрі /бас түрі/, 2 - үстінен  қарағандағы түрі.

 

 

2.2 Сурет

 

 

2.3 Сурет

 

 

2.4 Сурет

3 - сол жақтан қарағандағы түр, 4 – оң жақтан қарағандағы түр, 5- астынан қарағандағы түр,  6 - артынан қарағандағы түр.

         Кескіндердің  санын азайту үшін түрлерде нәрсе беттерінің қажетті көрінбейтін   бөліктерін   штрихты  сызықтардың   көмегімен     көрсетуге болады /2.5 сурет/.

Сызбада түрлердің саны неғұрлым аз,бірақ нәрсенің формасы мен өлшемдері туралы толық мағлұмат беретіндей   болуы қажет. Мысалы, 2.6 және 2.7 суреттерінде егер кез келген бір түрі болмаса, сызбаны дұрыс оқу қиындық  туғызады. Сонымен қатар, шар, цилиндр,конус, табаны квадрат призма сияқты бөлшектерді бір-ақ түрмен көрсетуге болады, егер өлшем сандарын төмендегідей      

 

 

2.5 Сурет

2.6 Сурет                                                                       2.7 Сурет

 

 

 

 

 

белгілермен толықтырылса – R,Ø,ٱ /2.8 сурет/.

 

2.8 Сурет

 

         Егер сызбада түрлердің бірі бас кескіннен жобалық байланыссыз орналасса, онда жобалау бағыты бағытпен көрсетілуі қажет. Бағыттың және пайда болған түрдің үстіне орыс алфавитінің бас әріптерінің бірін қою қажет. Мысалы, 2.9 – суреттегі астынан қарағандағы түр.

         Егер нәрсенің кез-келген бір бөлігі  негізгі түрлердің ешқайсысында да формасы мен өлшемдері өзгеріссіз жобаланбайтын болса, онда қосымша түрлер қолданылады. Қосымша түрлер негізгі жоба жазықтықтарына параллель емес жазықтықтарда пайда болады. Қосымша түр де жоғарыда көрсетілгендей бағытпен және әріппен белгіленеді /2.9 сурет, А түрі/.

         Нәрсе бетінің шектелген, жеке бөлігінің кескінін  жергілікті түр деп атайды /2.9 сурет, Б-түрі/.

         Жергілікті түр жіңішке ирек сызықпен шектелуі немесе шектелмеуі мүмкін. Жергілікті түр сызбада қосымша түр секілді белгіленеді.

        

2.3  Тіліктер

 

Нәрсенің ішкі көрінбейтін бөліктерін штрихты сызықтардың көмегімен көрсетуге болады /2.5 сурет/. Бірақ, мұндай штрихты сызықтар сызбаны оқуды қиындатады. Сондықтан заттың ішкі құрылысын көрсету үшін тілік деп аталатын кескін қолданылады.

         Тілік нәрсенің бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиғандағы кескіні. Бұл жерде ойша қию нәрсенің басқа кескіндеріне өзгерістер енгізбейді. Тілікте қимада пайда болған фигура мен нәрсенің қиюшы жазықтықтың арғы жағындағы бөлігі  кескінделеді /2.10 сурет/.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.9 Сурет

2.10  Сурет

 

         Тілікте қимада пайда болған фигураны сызбаның өрісінің рамкасына 450–қа тең бұрыш жасай көлбейтін тұтас жіңішке сызықтармен штрихтайды.

         Тіліктер қиюшы жазықтықтардың санына байланысты екіге бөлінеді: қарапайым – егер қиюшы жазықтық біреу болса; күрделі – егер бірнеше қиюшы жазықтықтар болса.

         Қарапайым тіліктер қиюшы жазықтықтың горизонталь жоба жазықтығына қатысты орналасуына байланысты горизонталь, вертикаль және көлбеу болып үшке бөлінеді

         Егер қиюшы жазықтық  π1-ге  параллель болса, онда тілік горизонталь тілік деп аталады /2.11а-сурет/.

         Қиюшы жазықтық  π2-ге  параллель болса, онда тілік фронталь тілік деп /2.10-сурет/, ал егер ол  π3-ке параллель болса, онда тілік профиль тілік деп аталады /2.11б-сурет/.

           Жоғарыда көрсетілген мысалдарда қиюшы жазықтықтар берілген денелердің /нәрселердің/ симметрия жазықтықтары арқылы өткен. Сондықтан олардың орны көрсетілмеген және тіліктердің үстіне ешқандай әріптік белгі қойылмаған.

  

2.11 Сурет

 

Егер қиюшы жазықтық симметрия жазықтығымен беттеспесе, онда оның орны сызбада үзік сызықпен көрсетіледі  және оған перпендикуляр  көзқарас бағытымен екі  стрелка жүргізіледі.Стрелкалардың сырт  жағына орыс алфавитінің  бас әрпі екі рет, ал тіліктің үстіне бұл әріптер сызықша  арқылы жазылады. Стрелкалар  үзік  сызықтың шетінен 2...3мм  қашықтықта орналасулары тиіс /2.12-сурет/.  Егер түр мен оның  орнына сызылатын тілік  симметриялы  болса, онда жарты түрді жарты  тілікпен біріктіріп сызуға болады. Осьтік сызық бұл жағдайда бастырылмайды  /2.13-сурет/.

 

 

 

 

 

 

 

2.12 Сурет

  

Қиюшы жазықтықтардың өзара орналасуына қарай күрделі тіліктер сынық және сатылы болып екіге бөлінеді.

Егер қиюшы жазықтықтар өзара қиылысса, онда мұндай тілік сынық тілік деп аталады /2.14-сурет/. Суретте көрсетілген мысалда қиюшы жазықтықтардың бірі фронталь жоба жазықтығына параллель, ал екіншісі оған көлбеу орналасқан. Қиюшы жазықтықтар бағыттар қойылған үзік сызықтармен көрсетілген /А-А/. Тілікті тұрғызу үшін көлбеу орналасқан қиюшы жазықтықты олардың қиылысу сызығынан айналдырып, фронталь жоба  жазықтығына параллель жазықтықпен беттестіреміз. Сонда қима π2-ге параллель   

                   2.13 Сурет                                       жазықтықта орналасады.  Нәрсенің қиюшы   жазықтықтарда орналасқан  бөлігі штрихталады

 

 

 

2.14 Сурет

  

Егер қиюшы жазықтықтар өзара параллель болса, онда мұндай тілік сатылы тілік деп аталады /2.15 сурет/. Қиюшы жазықтықтардың орналасуына байланысты сатылы тіліктер горизонталь, фронталь және профиль болуы мүмкін. 2.15-суретте фронталь сатылы тілік көрсетілген.

 

2.15 Сурет

 

         Қиюшы жазықтықтар үзік сызықпен белгіленеді. Сатылы тіліктің бір ерекшелігі, тілікте қиюшы жазықтықтардың бірінен екіншісіне өткенде пайда болатын қырлар көрсетілмейді. Сонда күрделі тілік қарапайым тілік сияқты орындалады.

         Жоғары аталған тіліктерден басқа, нәрсенің жеке шектелген бір бөлігінің ішкі құрылысын көрсету үшін жергілікті тілік қолданылады /2.16 сурет/. Сызбада жергілікті тілік жіңішке ирек сызықпен немесе тұтас жіңішке сынық сызықпен шектеліп көрсетіледі.

         Нәрселердің жұқа пластина тәрізді бөліктері мен беріктілік үшін қалдырылған қабырғалары және т.б., егер қиюшы жазықтық ұзын жағына сәйкес орналасса, тілікте штрихталмайды.

        

2.4  Қималар

 

Қима – нәрсені бір немесе бірнеше жазықтармен қиғанда пайда болған фигураның кескіні /2.16-сурет, Б-Б/. Қимада нәрсенің қиюшы жазықтықта орналасқан бөлігі ғана көрсетіледі.

  

 

2.16 Сурет

 

Сызбада орналасуына байланысты қималар екіге бөлінеді - шығарылған және беттескен.

Беттескен қима нәрсе кескінінің үстіне орындалады да, оның нұсқасы /контуры/ тұтас жіңішке сызықпен сызылады /2.17-сурет/. Симметриялы емес беттескен қималарда бағытты қию сызықтары жүргізіліп, бірақ әріптермен белгіленбейді.

Шығарылған қима сызба өрісінің кез келген бос орнына сызылады /2.16, 2.19-суреттер/. Сондықтан оны қолдану тиімдірек болады. Шығарылған қиманың нұсқасы негізгі сызықпен жүргізіледі. Қиюшы жазықтықтың орны мен қима тіліктегі сияқты көрсетіледі және белгіленеді. Жалпы жағдайда үзік сызықтың көмегімен қию сызығы жүргізіліп, оған бағытын көрсететін стрелкалар қойылады. Бағыттардың жанына және қиманың үстіне орыс алфавитінің бірдей бас әрпі жазылады /2.16-сурет, Б-Б./ Егер шығарылған қима қиюшы жазықтықтың жалғасында орындалса, онда қиюшы жазықтық жіңішке штрих-пунктирлі сызықпен көрсетіледі /2.19-сурет/.

 

             2.17 Сурет                                                          2.18 Сурет

 

          2.5  Бақылау сұрақтары

1. Нәрселердің кескіндері қандай әдіспен тұрғызылады?

2. Нәрселердің қандай кескіндерін білесіздер?

3. Қандай кескін түр деп аталады?

4. Сызбада негізгі түрлер қалай орналасады?

5. Түрлер қалай белгіленеді?

6. Қандай  түрлер  қосымша түрлер деп аталады?

7. Қандай түрлер жергілікті түрлер деп аталады?

8. Тілік дегеніміз не?

9. Қандай  тіліктерді білесіңдер?

10. Сынық және сатылы тіліктердің айырмашылығы неде?

11. Бір  кескінде түрдің бөлігін тіліктің бөлігімен жалғастыруға бола ма?  Ол  қалай орындалады?

12. Нәрсенің қандай  кескіні қима деп аталады? Қиманың тіліктен  айырмашылығы  неде?

13. Қималардың қандай түрлерін білесіңдар? Олардың орындалу ерекшеліктері неде?

14. Сызбада қималар қалай белгіленеді?

 

 2.19 Сурет

  

3  Материалдардың графикалық  белгілері және оларды сызбаларда қолдану ережелері    

 

         Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сызбада тіліктер мен қималарды орындаған кезде нәрселердің “кесілген” бөліктері штрихталып көрсетіледі. Техникада бұйымдар әртүрлі материалдардан жасалады, сондықтан сызбада олар материалына байланысты әртүрлі штрихталады /ГОСТ 2.306-68/.

         Егер нәрсенің немесе бұйымның материалы көрсетілмесе, онда олардың қималары 3.1-суретте көрсетілгендей етіп штрихталады.

Қалған жағдайларда материалдардың графикалық белгілері 3.1- кестеде                                                                  көрсетілгендей болуы қажет. Өзара параллель штрихтау сызықтары  кескіннің нұсқа /контур/  сызықтарына /3.2а- сурет/ немесе оның  осіне /3.2б-сурет/, немесе сызба  өрісінің рамкасының сызықтарына 450 бұрышпен көлбей жүргізіледі.

Егер штрихтау сызықтары нұсқа сызықтары немесе осьтік сызықтармен беттесіп кететін болса, онда штрихтау сызықтарын 30 немесе 600 бұрыштармен көлбей жүргізуге болады /3.3-сурет/.

Штрихтау сызықтарын оң немесе сол жаққа көлбей жүргізуге болады. Бір нәрсенің барлық тіліктері мен қималары бірдей штрихталуы тиіс. Штрихтау сызықтарының ара қашықтығы сызбаның өлшеміне байланысты 1...10 мм аралығында болуы тиіс.

 

 

                  а)                                        б)

                              3.2 Сурет

3.3 Сурет
Материалдардың сызбалардағы графикалық белгілері

 

3.1 Кесте

 

 

Материал

 

 

Белгісі

Металдар және қатты қоспалар

Металл емес материалдар,

Талшықты және пресстелген

 

Ағаш

 

Табиғи тас

 

Керамика және қаланатын

силикат материалдар

 

Бетон

 

Шыны  және т.б. мөлдір материалдар

 

Сұйықтар

 

Табиғи  топырақ

 

  

4  Тапсырманың  есептерін  шығаруға әдістемелік нұсқаулар                               

1-тапсырма.   Нәрсенің  кеңістіктегі  кескіні  бойынша түрлерін тұрғызу.

Сызбада нәрсенің  кескіндері неғұрлым аз, бірақ оның конструкциясын түсінуге жеткілікті болуы қажет. Сондықтан олардың санын анықтау үшін алдымен берілген нәрсенің қандай  геометриялық денелерден құралатынын анықтау керек. Мысалы, 4.1-суретте көрсетілген нәрсенің формасы дұрыс алты бұрышты призмадан, радиал тесігі  бар қуыс цилиндрден және призмалардан /беріктілік  үшін жасалған қырлардан/ тұрады. Бас түрі 1-стрелканың  бағытымен қабылданады. Себебі, біріншіден, ол нәрсенің конструкция жөнінде неғұрлым толық мағлұмат береді;  екіншіден, призмаларды бас түрде неғұрлым  көп  жақтармен көрсету қажет.

 Енді кескіндерді орындауға көшуге болады. Алдымен, қабылданған масштаб бойынша жіңішке сызықтармен кескіндердің орнын белгілеп алу қажет         /4.2.а-сурет/. Сонан соң бас түрді сол жағынан қарағандағы және үстінен қарағандағы түрлерді жобалық байланыста сызып алу қажет /4.2б-сурет/.

         Есеп осы методикалық нұсқаудың 1.2-ші бөлімінде көрсетілген жүйемен орындалуы қажет.

Қосымшада осы тапсырма бойынша тапсырмалар берілген.

                                                                                     

 

 

                    4.1 Сурет

  

а)                                                                                                         б)                                                                                   

 

 

 

 

 

 

4.2 Сурет

  

 

Қосымша

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

Кернеу бейнесін қарап, бөлшектің үш түрін (алдынан, үстінен, сол жағынан қарағандағы) керекті тіліктермен орындау керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                     

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                                 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                            

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1. Есмұханов Ж.М. Сызу. Жалпы  білім беретін мектептің VII класс оқушыларына және мұғалімдерге арналған көмекші құрал.  Алматы: Мектеп, 1986.

2. Сызу. Жалпы білім  беретін мектепке арналған оқулық Түпнұсқасының редакциясын басқарған В.Н.Виноградов. Алматы: Мектеп, 1986.

3. Сызудан анықтама құрал. В.Н. Богданов, И.Ф.Малежик, А.П.Верхола және т.б /орыс тілінде/. М.: Машиностроение, 1989.

4. Левицкий В.С. Машина жасау сызуы /орыс тілінде/. М.: Высшая школа, 1988.

5. ЕСКД. Сызбаларды орындаудың жалпы ережелері. ГОСТ 2.301-68…ГОСТ 2.311-84 /орыс тілінде/. М.: 1991.