Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Радиотехника кафедрасы

ТЕЛЕДИДАР
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
(5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығына арналған)

Алматы 2014

Құрастырушылар: Урусова Т.А., Лановенко М.В., Накисбекова Б.Р. Теледидар. Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулар. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығына арналған. - Алматы: АЭжБУ, 2012.- 27 б.

Зертханалық  жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар «Теледидар» курсынан зертханалық жұмыс орындайтын студенттерге арналған. Нұсқаудың бөлімдері ұсынылған әдебиеттерге, сілтемелерге және өзін-өзін тексеруге арналған бақылау сұрақтарымен қамтылған. 5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығына арналған.

 Сурет  8, әдеб.көрсеткіштері – 4 атау.

Пікір беруші: АЭжБУ доценті С.А. Калиева

«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 ж. басылым жоспары бойынша басылады.

«Алматы энергетика және байланыс университеті» ҚЕАҚ, 2014 ж.

1 Зертханалық жұмыс №1. «Толық теледидарлық дабылдың пайда болуы мен және оның параметрлерін өлшеудің негізгі ұстанымдарын зерттеу»

Зертханалық жұмыстың мақсаты: бейнелеу дабылы және импульс генераторларынан ТТВС (толық телевизиялық сигнал) құру процесін зерттеу.

1.1   Зертханалық жұмыстың суреттелуі

1.1.1 Бағдарламаны жіберіңіздер және мәзірде «Толық теледидарлық дабылдың пайда болуымен және оның параметрлерін өлшеудің негізгі ұстанымдарын зерттеу» жұмысын таңдаңыз.

1.1 сурет - ТТВС құру ұстанымын зерттеу

Тумблерді « ТСТВС » жағдайына қойып, « кірісті таңдау » тетігімен бейнемонитордың « сыртқы » режимін таңдаңыз. Сигналдарды бақылау нүктелерінде бақылау үшін  КТ1 коммутаторын пайдаланыңыз (1.1 суретті қараңыз). Бейненің бір жолының осциллограммасын бақылау үшін осцилограф блогын «1 жолды таңдау» режімінде қолданыңыз.

Жұмыс ТТВС генераторының негізгі бақылау нүктелерінде осциллограммаларды зерттеуге рұқсат етеді. ТТВС  құру процесінің көрнекті зерттеуі үшін импульс генераторын сөндіру мүмкіншілігі бар (әрбір генератордағы  «қосу» тетігі).

ТТВС генераторы сұлбасының құрамына кіретіндер: ГСГИ немесе ЖСИГ- жолдық сөнетін импульстар генераторы, ТИГ  - екі еселенген жолдық жиілігі бар түзеткіш импульстар генераторы, ЖИГ- жолақты импульстар генераторы, БИГ - басқарушы импульстар генераторы, КИГ – кадрлық импульстар генераторы.

1.3 Зертханалық жұмысқа тапсырма

1.3.1 Осциллографтың көмегімен құлаш, кезектестік жиілігін, импульстар ұзақтығын өлшеу.

1.3.3 ТТВС параметрлерінің және оны құраушыларды зерттеу.

1.3.3 Жолдық өшкіш импульстар салыстырмалы ұзақтықтарын есептеу.

1.3 Жұмыстың орындалу реті

1.3.1 Осцилографқа сигналдарды  тізбектеп беру керек:

- ЖӨИГ – Жолдық өшкіш импульстар генераторынан ( КТ4);

- ЖИГ - Жолдық  импульстар генераторынан (КТ 3);

- ТИГ – Түзеткіш импульстар генераторынан  ( КТ10);

- КИГ – Кадрлық импульстар генераторынан  ( КТ6).

Осциллографтың көмегімен құлаш, кезектестік жиілігін, импульстар ұзақтығын өлшеу, әрбір жағдай үшін осциллограммалардын суретін салып алу  (зерттелетін сигналдың екі  -  үш периоды).

1.3.1.1  ЖӨИГ, ЖИГ, ТИГ, КИГ –ды тінтуір көмегімен кезекпен қосып және өшіре отырып,  монитор экранында пайда болған өзгерулерді байқау. Бақылаулардың негізінде бұл генераторлардың көмегімен шығарылатын импульстардың тағайындауы туралы қорытынды жасау.

1.3.3 ТТВС параметрлерінің және оны құраушыларды зерттеу.

1.3.3.1 Осциллограмманы есептеу үшін  осцилограф ұңғылануы уақытында түрлі тестік сигналдар үшін бейне көзінен берілетін  КТ1 генераторына ПТВС-ты, жол ұзақтығы және өріс ұзақтығын жазып қою, (зерттейтін сигналдардың екі  -  үш периоды).

1.3.3.3 Тестік дабыл үшін «градационды сынаны» (8 тік жарықтық жол) осцилограф көмегімен өлшеу ( Гн. КТ13) ТТВС (В) құлашы және оның құраушылардың құлаштарының қатынасы (%).­

ТВС құраушыларының мағынасын түсіндіру.

1.3.3.3 KT3 генераторындағы жолдық - синхрондаушы импульс ұзақтығын  (мкс) және KT6 генераторындағы кадрлық синхрондаушы импульс ұзақтығын  (мкс) осцилограф көмегімен өлшеу, қатынастарының  мөлшерін есептеу:

                                       .                                                   (1.1)

Қатынас  мөлшерінің неге бұлай алынғанын түсіндіру.                                1.3.3 Есептеу:

1.3.3.1 Жолдық өшкіш импульстар салыстырмалы ұзақтығын:

 

                                           .                                                (1.3)

 жолдық ұңғы периоды;

-  жолдық ұңғы жиілігі;

n - бір секундта таралатын  кадрлар саны;

z - бейне ыдырауы жолдарының нормалды саны­.

1.3.3.3 Жолдың белсенді бөлігінің ұзақтығы:

(мкс).                                         (1.3)

1.3.3.3 Кадрлық –өшкіш импульстардың салыстырмалы ұзақтығы:

,                                                   (1.4)

 кадрлық ұңғы периоды ( мс );

 -  кадрлық ұңғы жиілігі.

1.3.3.5 Бейне ыдырауының белсенді жолдарының саны:

,                                                 (1.5)

мұндағы z =625.

1.3.3.5 Жолдың белсенді бөлігіндегі ыдырату элементтерінің саны:

,                                                      (1.6)

к = 4/3 -  кадр  форматы.

1.3.3.5  кадрдың белсенді бөлігінің элементтерінің саны:

                                                  .                                             (1.7)

1.3.3.6  Бір элементті жарықтық сигналының           ұзақтығы (нс):

.                                                       (1.8)

1.3.3.7 жарықтық сигналын тарату трактісінің жоғарғы өткізуі шекарасын анықтайтын жарықтық сигналы спектрінің жоғарғы шектік жиілігі (МГц):

.                                   (1.9)

1.3.5 Алынған мәндерді Nка = kz = 0,5 х 106  және тарату жүйесінің бейнекүшейткіш трактісінің жоғарғы шектік ­ өткізу жолағымен ~6 МГц салыстыру. Қорытынды шығару.

        

1.4 Есептеу нәтижесіне қорытынды жасау

1.4.1 Тәжірибе және есептеу нәтижесінде алынған ТВ жүйесі мен осциллограмманың уақытша және амплитудалық қатынастарын өлшеңіз және есептеңіз.

1.4.2 Қорытынды жасаңыз.

1.5 Бақылау сұрақтары

1.5.1. ТВ жүйесінің функционалды зертханалық сұлбасындағы барлық элементтері мен сигналдарының тағайындалуын түсіндіріңіз.

1.5.2 Өшіріліп қалатын импульстер не үшін керек?

1.5.3 Егер бейнемониторға жолдық және кадрлық өшкіш импульстар берілмесе, бейнемен не болады?

1.5.4 Түсіндіріңіз, неге ұңғылану жылдамдығы байланысты болатын бейнені ыдырату параметрлері (жолақ саны, бір секундтағы кадрлар саны, кадр форматы) ТВ сигналын тарату трактісінің  өткізуі жолағын анықтайды?

1.5.5 Әрбір жолдық ұңғыланудың кезекжолдық ұңғыланудан қандай артықшылық, жетіспеушілік, ерекшеліктері ­бар?

1.5.6 Әрбір жолдық ұңғылануды кезекжолдық ұңғыланудың орнына қолданғанда ТВ жүйесінің қандай параметрлері өзгереді?

1.5.7 ТВС құраушыларының мағынасын түсіндіріңіз?

1.5.8 ЖӨИГ,  ЖИГ, ТИГ, КИГ – мағынасын түсіндіріңіз.

         2 Зертханалық жұмыс №2. «ТВ сигналдың сызықтық бұрмалануын зерттеу»

Зертханалық жұмыстың мақсаты: теледидарлық күре жолдарда бейнедабыл пішіні мен бейне сапасына сызықтық бұрмалаулардың ықпалын тексеру және ЖЖ және ТЖ аймағында құлдырау және көтерілуі бар сигналдың сүзгі арқылы өтуін зерттеу.

2.1  Зертханалық жұмыстың суреттелуі

2.1.1 Бағдарламаны жіберіңіз  және мәзірден «ТВ сигналдың сызықтық бұрмалануын зерттеу» жұмысын таңдаңыз.

2.1.2 ГИС  шығысынан ТСТВС-ты  КТ2-ға беріңіз. КТ3-ті бейнемонитор ТСТВС-ның кірісіне қосыңыз. Бейнемониторды «кірісті  таңдау»  тетігімен  «сыртқы» режиміне келтіру керек, ал  тумблер «ТСТВС» жағдайында  болсын.   Сүзгілер  арасындағы  ауыстырып қосу

«жоғары | төмен» тетіктерімен жүзеге асырылады (2.1 суретте көрсетілген).

Жұмыста келесі басқарулар қолданылады:

R1 – ТЖ облысында АЖС-тың бұрмалануы болатын  сүзгілер арқылы өтетін сигнал деңгейін дұрыстау үшін.

ТЖ облысы – өтпелі жиілік келтірулері үшін / ТЖ облысында бұрмалауы бар сүзгілердің кесу жиіліктері.

ЖЖ облыс - өтпелі жиілік келтірулері үшін / ЖЖ облысында бұрмалауы бар сүзгілердің кесу жиіліктері.

Қалғандары осцилограф блогын  басқару үшін қолданылады.

2.1  сурет - Сызықтық бұрмалануларды зерттеу

2.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

2.2.1 ЖЖ жарықтық сигналы сызықтық бұрмалауларының сигнал формасы  және бейне сапасына ықпалын      зерттеу.

2.2.2 Сызықтық бұрмалаусыз  сигнал осциллограммасын салу.

2.2.3 Жарықтықтың қара - ақ құламасынан импульс   ұлғаюының  фронт ұзақтығын өлшеу.

2.3  Жұмыстың орындалу реті

2.3.1 «ТЖ облысы» реттеуішінен 0,01MГц  жиілігінде,  ГИСтен «ақ квадрат» сынау сигналын беріңіз.

2.3.1.1 Тінтуір көмегімен кілтті жоғары/төмен жағдайына тізбекті аударыңыз, өткізу жолағының АЖС трактісінің ТЖ аймағында құлдырау-көтерілуі негізінде жарықтық сигналының сызықтық бұрмалануын  енгізіңіз.

2.3.1.2 Ауыстырып қосқыштың әрбір жағдайы үшін бейнемонитор экранында бейне өзгерулерін бақылаңыз. Есептеу үшін оларды жазып қойыңыз.

2.3.1.3 Осцилограф ұңғылануының масштабы 10 мкс/бөл  орнатыңыз.  KT1,2 –дегі осциллограмманы әрбір жағдай үшін салып алыңыз, импульстің жалпақ бөлігінің құлдырау-көтерілуін бұрмаланбаған сынау сигналының амплитудасымен салыстырмалы пайызбен өлшеп алыңыз.

2.3.2 ЖЖ жарықтық сигналы сызықтық бұрмалауларының сигнал формасы  және бейне сапасына ықпалын      зерттеу.

2.3.2.1 Кіріске сигналды «ақ квадрат»  ГИС-тан беру. Осцилограф ұңғылану масштабы 0,2 мкс-ті орнатыңыз. Сызықтық бұрмалаусыз  сигнал осциллограммасын салу (қосқыш орта жағдайда).  Мониторда бейне сапасын бағалау, есептеу нәтижесі үшін  жазып қою.

2.3.2.3 Жоғарғы жиіліктердің аймағында АЖС құлдырауы есебінен жарықтық сигналының сызықтық  бұрмалауларын ауыстырып қосқыштың әрбір жағдайында бейнемонитор экранында бейне өзгеруін бақылай отырып енгізу.

2.3.2.3 Осцилограф ұңғылануы масштабын өзгертпей, ауыстырып қосқыштың жоғарғы және төменгі жағдайларында КТ1,2 осциллограммаларын салып алу, реттеуішпен «ЖЖ облысы»  4,5 MГц жиілікке қою. Жарықтықтың қара - ақ құламасынан импульс   ұлғаюының  фронт ұзақтығын өлшеу .

2.3.3 Кіріске ГИС-тан сигнал        «қара квадрат» беру. Тәжірибелерді 2.3.1-2.3.3.т.т сәйкес қайталау.  Нәтижелерін  есептеулерде көрсету.

2.4 Есептеу нәтижесіне қорытынды жасау

2.4.1 Зертханалық жұмыстың құрылымдық сұлбасын көрсетіңіз.

2.4.2 Зерттейтін сигналдардың параметрлері және олардың ерекшеліктерінің түсіндіруімен осциллограммаларын, импульс фронтының  ұзақтығының мағынасы.

2.4.3 Алынған нәтижелер бойынша қорытынды жасаңыз.

2.5 Бақылау сұрақтары

2.5.1 Өткізу жолағының төменгі жиіліктер облысында АЖС-тың құлдырауы кезінде қандай бұрмаланулар болады және олар қалай ­ ТВ бейнеде көрінеді?

2.5.2 Горизонтальдық бағытта бейне анықтылығы немен анықталады?

2.5.3 Өткізу жолағының жоғарғы жиіліктер облысында АЖС-тың құлдырауы кезінде ТВ сигналы және ТВ бейнесінің қандай бұрмаланулары болады?

2.5.4 Кіріске ГИС-тан «қара квадрат» беру нәтежесінде нені байқауға болады?

2.5.5 ТВ бейнесінің қандай бұрмаланулары бар?

2.5.6 Сұлбадағы ҚТ қандай қызмет атқарады?

2.5.7 Теледидарлық күре жолдарда бейнедабыл пішіні мен бейне сапасына сызықтық бұрмаланудың ықпалы қандай?

2.5.8 ТВ сигналдың сызықтық бұрмалануы деген нені білдіреді?

3 Зертханалық жұмыс №3.  «Тасымалдаудың біріншілік түстерінің дабылының  құралуы» (2-бөлім )

Зертханалық жұмыстың мақсаты: RGB компоненттік дабылынан кодтайтын матрица көмегімен жарықтық және түрлі түсті дабылдарды алу. RGB компоненттік сигналынан декодталатын матрица көмегімен жарықтық және түрлі түсті дабылдарды алу.

3.1 Зертханалық жұмыстың суреттелуі

3.1.1 Бағдарламаны жіберіңіз және мәзірде «Тасымалдаудың біріншілік түстерінің дабылының  құралуы» жұмысын таңдаңыз.

3.1 сурет - Тасымалдаудың біріншілік түстерінің сигналының  құралуы

3.1.2 RGB ГИС  шығысынан RGB сұлба  кірісіне дисплейде бейнеленген бейнесигналды  беріңіз, RGB сұлбасы  шығысын RGB бейнемонитор кірісіне қосыңыз, тәртіпке ауыстыру кірулерге қосыңыз. «Кірісті таңдау» тетігі көмегімен бейнемониторды «сыртқы» режиміне ауыстыру,  тумблер «RGB» жағдайында. Осцилографтың  екі каналын КТ коммутаторы шығысына қосыңыз.

Жұмыста келесі басқарулар қолданылады:

- негізгі R  түсімен салыстырмалы жарықтық коэффициенті;

- негізгі G  түсімен салыстырмалы жарықтық коэффициенті;

- негізгі B түсімен салыстырмалы жарықтық коэффициенті;

K – сұлба кірісінде  күшейткіштердің  коэффициенті. Сигналдардың жұмысшы деңгейін құру үшін қолданылады (ақтың деңгейі 700 мВ).

3.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

3.2.1 Негізгі және қосымша түстерде жарықтық сигналдар деңгейін есептеу.

3.2.2 Негізгі және қосымша түстерде Ey сигналының деңгейін есептеу. Өлшеулерді есептеулермен салыстыру.

3.2.3 G-Y дұрыс құралуы үшін   және   коэффициенттерін есептеу. 

3.3 Жұмыстың орындалу реті

Реттеуіштер көмегімен , ,  коэффициенттерін жарықтық сигналын  құру формуласымен   сәйкестікте шығару:

                               .                                           (3.1)

3.3.1 Түрлі түсті жолақ бейнесінің үзіндісін және жолдың белсенді бөлігіндегі негізгі сигналдардың осциллограммаларын (олардың ұялары КТ-1,2,3) салып алу (3.3 суретті қараңыз).

3.3 сурет – Түрлі түсті жолақ бейнесінің үзінді

3.3.2  У - жарықтық сигналы осциллограммасын алдындағылармен  бір уақыттық масштабта (КТ4) салып алу. , ,  коэффициенттерінің дұрыс құралуы кезінде 3.1 формуласымен сәйкестікте оның сатылы формада болатынына  көз жеткізу.

3.3.3 Негізгі және қосымша түстерде жарықтық сигналдар деңгейін есептеу.

3.3.4  Негізгі және қосымша түстерде Ey сигналының деңгейін есептеу. Өлшеулерді есептеулермен салыстыру.

 3.3.5 Er-y, Eb-y (KT-5, KT-6) түрлі түсті сигналдар осциллограммаларын салу.

3.3.6 Негізгі және қосымша түстерде жарықтық сигналдар деңгейін есептеу. Өлшеулерді есептеулермен салыстыру.

3.3.7 Декодталатын матрица шығысында негізгі түстер сигналдарының осциллограммаларын көріп шығу, олар R, G, B сигналдарын жарықтық және түрлі түсті сигналдардан қалпына келтіреді. Қалпына келген (KT- 7, 8, 9)  сигналдары пішінінің  – негізгі R, G, B түсті (KT-1,2,3) сигналдары пішінінің сәйкестігіне  көз жеткізу.

3.3.8 Мәзірден «Тасымалдаудың біріншілік түстерінің сигналының  құралуы» жұмысын таңдаңыз, декодтайтын матрица сұлбасы G-Y түстік сигналдың қалпына келу механизмін R-Y және  B-Y сигналдарын Y жарықтық сигналынан бөліп алумен түсіндіреді (3.3  суретті қараңыз).

3.3 сурет - Тасымалдаудың біріншілік түстерінің сигналының  құралуы

3.3.8.1  G-Y дұрыс құралуы үшін   және   коэффициенттерін есептеу  және оларды 3.3 формуласымен сәйкестікте араластыру керек:

.                                        (3.2)

3.3.8.2 Түрлі түсті сигналдар қосындылағышы шығысында G-Y сигналының формасын көру (КТ9).

3.3.8.3 KT - 10, 11, 12 ұяларында алынған формаларды KT - 1, 2, 3 ұяшықтарындағы негізгі түстік сигналдар формасымен  салыстыру:

                                                       (3.3)

3.3.8.4  R,G,B бейнемониторы кіріс алмалы-салмалы бөлігінен  негізгі түстер сигналдарын уақытымен өшіріп отыру. Әрбір жағдайда қандай бейне және неге пайда болатынын түсіндіру. Алынған бейнелердің негіздеуін есептеу нәтижесінде келтіру.

3.4 Есептеу нәтижесіне қорытынды жасау

3.4.1 Түрлі түсті жолақтардың сынауыш бейнелерін көрсету.

3.4.2 ЦВКУ  экранында түрлі түсті жолақ бейнесімен келісілгенде бірлік уақыттық масштабта жолдың белсенді бөлігінде барлық сигналдардың осциллограммасын салу.        

3.4.3 Түсіндіруді қажет ететін есептеулер нәтижесі. Қорытынды жасау.

3.5 Бақылау сұрақтары

3.5.1 Түрлі түсті теледидар  жүйесі үшін Ey жарықтық сигналды құру теңдеуін жазыңыз.  

3.5.2 Неліктен жиіліктер жолағында жарықтық сигналымен салыстырғанда  түстік сигналдардың  қысқарған түрін тасымалдауға болады?

3.5.3 Er-y түсті сигналының матрица сұлбасын үш кедергіде салыңыз.

3.5.4 Er - y түсті сигналының  құрамына қандай компоненттер енеді?

3.5.5 Түрлі түсті теледидарда  түсті сигнал  компоненттері бар кезде көздің қандай сипаттамасымен коэффициенттер анықталады?

3.5.6 Eв - y түсті сигналының матрица сұлбасын үш кедергіде салыңыз.

3.5.7 Eв - y түсті сигналының  құрамына қандай компоненттер енеді?

3.5.8  Түрлі түсті теледидар жүйесінде қандай түсті сигналдар таралады?

3.5.9 Ey түсті сигналының матрица сұлбасын төрт кедергіде салыңыз.

3.5.10 Теледидарлық қабылдағышта түсті Eg-y сигналы қалай қалыптасады?

3.5.11 Түсті сигналдардың негізгі ерекшеліктері неде?

3.5.12 100% қанық сары түс алған кезде  негізгі түстер сигналдары қандай мәндерді қабылдайды?

3.5.13 ТЦТВС құрамына қандай сигналдар енеді?

3.5.14 Қара - ақ сюжеттердің таралуы кезінде  түсті сигналдардың амплитудасы неге тең?

4 Зертханалық жұмыс №4. «Жарықтық және анықтылық бұрмалауларын зерттеу»

Зертханалық жұмыстың мақсаты: бейне анықтылығы мен жарықтығын реттеу  әдістерін және олардың бұрмалауларының түзету әдістерін зерттеу.

4.1 Зертханалық жұмыстың суреттелуі

4.1.1 Жұмыс орындалуына арналған бағдарламаны жіберіңіз және  мәзірде «жарықтық және анықтылық бұрмалауларын зерттеу» таңдаңыз.

4.1 сурет - жарықтық және анықтылық бұрмалауларын зерттеу

4.1.2 RGB ГИС  шығысынан RGB сұлба  кірісіне дисплейде бейнеленген түсті вертикалды бейнесигналды  беріңіз, RGB сұлбасы  шығысын RGB бейнемонитор кірісіне қосыңыз, тәртіпке ауыстыру кірулерге қосыңыз. «кірісті таңдау» тетігі көмегімен бейнемониторды  «сыртқы» режиміне ауыстыру,  тумблер «RGB» жағдайында. Осцилографтың  екі каналын КТ коммутаторы шығысына қосыңыз.

Реттелетін күшейткіш коэффиценті бар күшейткіштер арқылы  сигнал бастаудан бұрмалаулар бастауы мен коммутаторға беріледі. Бұрмалаулар бастауында  сигнал анықтылық бұрмалауын  (1 және 2 тетіктер), жарықтық (3 және 4 тетіктер), жарықтық және анықтылық (5 тетік) немесе бұрмалаусыз өтеді (6 тетік) және жарықтық және анықтылық реттегіші блогына барады. Коммутаторға 2 сигнал келеді:  бұрмаланған, ал содан соң түзетілген негізгі сигнал. Коммутаторда 3 жұмыс тәртібі болады, олар коммутаторда  басқару блогы тетіктерімен орнатылады. 1 режимде бейнемонитор экранында негізгі бейне суреттеледі, 2 режимде  бұрмаланған және  түзетілген бейне, 3 режимде экранның жоғарғы жартысында - негізгі, төменгісінде - бұрмаланған және  түзетілген.

Егер бұрмалау алғаннан соң  сигнал 1В деңгейінен жоғарырақ немесе 0В қара   деңгейінен төмен болса,  онда ол шек қоюға шыдайды, сондықтан – кей реттеу  жағдайларында  негізгі сигналды алу оңай емес.  Әсіресе бұл №4 көрінеді.

Жұмыста келесі басқарулар қолданылады:

К - сұлба кірісіндегі күшейту коэффициенті. Сигналдардың жұмысшы деңгейін құру үшін қолданылады (ақ деңгейі 700 мВ);

Ur 1-  R1 потенциометрмен берілетін кернеу. Анықтылық түзетуі үшін қолданылады;

Ur 2- R2 потенциометрмен берілетін кернеу. Жарықтық түзетуі үшін қолданылады.

4.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

4.2.1 Еr, Еg, Ев сигналы амплитудасын өлшеу тетіктерді ауыстыра отырып анықтылықтың әртүрлі мәндері үшін КТ1 ұяшығында сигнал формасларын салу.

4.2.2 Еr сигнал амплитудалары өлшеу және КТ1 және КТ9 ұяларында салыстыру,   анықтылық ретегіші көмегімен олардың теңдігін алу.

4.2.3 ВКУ экранында алынған төменгі және жоғарғы экран бөліктерін  салыстыру, олардың ұқсастық дәрежесін бағалау.

4.3 Жұмыстың орындалу реті

4.3.1  Коммутатордың басқару блогынан 2 режимді таңдау.

4.3.1.1 Еr сигналы амплитудасын өлшеу және 1, 2 тетіктерін ауыстыра отырып анықтылықтың әртүрлі мәндері үшін КТ1 ұяшығында сигнал формаларын салу. Бейнемонитор экранында бейне өзгерістерін бақылап отыру.

4.3.1.2 Еg сигналы амплитудасын өлшеу және 3, 4 тетіктерін ауыстыра отырып анықтылықтың әртүрлі мәндері үшін КТ2 ұяшығында сигнал формаларын салу. Бейнемонитор экранында бейне өзгерістерін бақылап отыру.

4.3.1.3 Ев сигналы амплитудасын өлшеу және 5 тетіктігін таңдай отырып, анықтылықтың әртүрлі мәндері үшін КТ3 ұяшығында сигнал формаларын салу. Бұл бізге бейненің анықтылығы мен жарықтығын реттеуге мүмкіндік береді. Тінтуір тетігімен бұрмалауларсыз 6-сипаттаманы таңдап, сигнал амплитудасын  өлшеу, есептеу нәтижелерін жазып қою.

4.3.2 Коммутатордың басқару блогынан 3 режимді таңдау. Бұл режимде кадр 2 жартыларға бөлінген - жоғарғы бөлігінде -  бұрмаланбаған, төменгі бөлігінде – түзетілген бейне.

4.3.2.1 Еr сигнал амплитудалары өлшеу және КТ1 және КТ9 ұяларында салыстыру,   анықтылық ретегіші көмегімен олардың теңдігін алу. Есептеу нәтижесін жазып қою.

4.3.2.3 ВКУ экранында алынған төменгі және жоғарғы экран бөліктерін  салыстыру, олардың ұқсастық дәрежесін бағалау.

4.3.3 Еg сигнал амплитудалары өлшеу және КТ2 және КТ10 ұяларында салыстыру,  анықтылық ретегіші көмегімен олардың теңдігін алу. Есептеу нәтижесін жазып қою.

4.3.3.1 ВКУ экранында алынған төменгі және жоғарғы экран бөліктерін  салыстыру, олардың ұқсастық дәрежесін бағалау.

4.3.3.2 Ев сигнал амплитудалары өлшеу және КТ3 және КТ11 ұяларында салыстыру, бейнемонитор экранынан сәйкестікті бақылай отырып олардың теңдігіне көз жеткізу. Өзгерістер мен салыстырмалы сараптаманы есептеулерде көрсету. Қорытынды жасау.

4.4 Есептеу нәтижесіне қорытынды жасау

4.4.1 Зертханалық жұмыстың құрылымдық сұлбасын салу.

4.4.2 Зерттелетін сигналдар ерекшеліктерін түсіндіретін параметрлері және осциллограммаларын көрсету.

4.5 Бақылау сұрақтары

4.5.1 Төменгі жиіліктер спектрінде жарықтық сигналы бұрмалауларының көріну себептері көрсетіңіз.

4.5.2 Күшейткіш трактта жоғары жиілікті жарықтық сигнал құрауыштарында  сызықтық бұрмалаулардың көріну себептері көрсетіңіз.

4.5.3 Төменгі және жоғарғы жиіліктер Спектрі облысында жарықтық сигналының бұрмалануларының түзету тәсілдерін көрсетіңіздер.

4.5.4 ВКУ экранында алынған төменгі және жоғары экран бөліктерін салыстыру нәтижесі.

4.5.5 Жоғары жиіліктер спектрі облысында жарықтық сигналының бұрмалануларының түзету тәсілдерін көрсетіңіз.

5 Зертханалық жұмыс №5. «ТВ дабылының аналогты-цифрлық түрленуі »

Зертханалық жұмыстың мақсаты :   ТТВС дабылы бұрмалауларына және бейне сапасына кванттау және дискретизацияның әсерлерін зерттеу.

5.1 Зертханалық жұмыстың суреттеуі

5.1.1 Бағдарламаны жіберіңіз және мәзірде «ТВ сигналының аналогты- цифрлық түрленуі» жұмысын таңдаңыз.

5.1.3 Жұмыс жарықтық сигналы қолдануымен өткізіледі сондықтан, ГИС және DVD - ойнатқышты «_ Cb _ Cr» форматқа  ауыстырып қосыңыз. «G/Y» шығысынан  ГИС  вертикалды жолақты бейнесигналдарды АЦП кірісіне беріңіз. ЦАП шығысын  ТСТВС бейнемонитор кірісіне қосу. «Кірісті таңдау» тетігі көмегімен бейнемониторды «сыртқы» режиміне ауыстыру,  тумблер «ТСТВС» жағдайында». Осцилограф каналын коммутатор шығысына қосыңыз. Дискретизация және бейнесигнал кванттауы АЦП  көмегімен жүзеге асады. Сонымен қатар, АЦП алынғандардың - екілік кодқа кодтауды жүзеге асырады, сондықтан жұмыста кері  өзгертулерді жүзеге асыру үшін ЦАП қатысады. 

5.1 сурет - ТВ сигналының аналогты- цифрлық түрленуі

Тетіктермен келтірілген АЦП разрядтылығы кванттау қадамын анықтайды.  АЦП Тактировкасы және ЦАП  бір генератордан жүзеге асады. ТЖ генераторы импульстары жиілігі сигнал дискретизациясы жиілігі болып келеді.

Жұмыста келесі басқарулар қолданылады:

К - АЦП кірісіндігі күшейткіш - коэффициенті. Сигналдардың жұмысшы деңгейін құруы үшін қолданылады (ақ деңгейі 700 мВ).

Қалғаны  осцилограф блогын басқару үшін қолданылады.

5.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

5.2.1 Сигнал дискретизациясы жиілігінің бейне сапасына тәуелділігін зерттеу.

5.2.2 Тестік бейнелердің сапасын 5 балдық шкаламен бағалау.

5.2.3 Кванттау разрядтылығы мен дискретизация жиіліктерінің бейнедегі хабар санына ықпал жасауын қорытындылау.

5.3 Жұмыстың орындалу реті

5.3.1 АЦТ кірісіне күшейткіш коэффициентін K=0,7 шығарып қойыңыз.

5.3.2 АЦП кірісіне ГИС - тан  «ақ вертикалды жолақ» сигналын беріңіз.

5.3.3 Кванттау разрядтылығын 1 ден 8-ге дейін өзгерте отырып, КТ-11 ұяшығындағы әрбір кванттау разрядтылығына лайықтыны осциллограмманы салыңыз,  ұдайы бейнемонитор экранында өндірілетін тік жолақтар сан жағынан  өзгерулерін байқаңыз.

5.3.4 Сигнал дискретизациясы жиілігінің бейне сапасына тәуелділігін зерттеңіз, ТЧ генераторы жиілігін стендтың алдыңғы панеліндегі лайықты реттеуішпен өзгерте отырып аламыз.

5.3.5.1 Бейнемонитор экранында бейне сапасын ТЧ генератор жиіліктерінің 3 әртүрлі мәндерінде бағалаңыз (Котельников теоремасы шартына лайықты және лайықты еместігін: азырақ, бірдей және көбірек 10 MГц (2fгр.)).

5.3.2 - осциллограмма жиіліктерінің 3 мәні үшін КТ10 ұяшығында осцилограмманы салып алыңыз, ВЧ - толтыру жиілігін осцилограф масштабын лайықтыға келтіріп есептеңіз және алынған мәндерді «ТЧ генераторы»  экран терезесіндегі  шығарылған мәндермен салыстырыңыз.

5.3.3 DVD  ойнатқыштан АЦП  кірісіне сигнал беріңіз. Дискіні тестік бейнелермен «сурет», «қала» және «мәтін» орнатыңыз және зертханалық құрылымды модулімен құру үшін  оларды кезекпен беріңіз:

- «сурет» бейнесі, негізінде, төмен жиілікті  жарты дауыстық ауысулардың көп санды ірі бөлшектерінен тұрады;

- бейнелеу «қала» жалпы жоспар объектілерінен айрықша түзеледі;

- бейнелеу «мәтін» ұсақ бөлшектер асырайды.

5.3.4 Тестік бейнелердің сапасын 5 балдық шкаламен бағалаңыздар, кванттау биты және разрядтылығын  өзгерте отырып, 5.1 кестеге толтырыңыз.

5.1  к е с т е - Дискіні тестік бейнелер

Тесттік

бейне

Дискретизация жиілігі (генератор ТЧ)

2 MГц

10 MГц

20 MГц

«Сурет»

«Қала»

«Мәтін»

5.3.5 Кестелердің нәтижелерімен сапаны бағалаудың кванттау адымы мөлшеріне және  дискретизация жиіліктеріне тәуелділіктерінің графиктерін салыңыз (балдық жүйе бойынша).

5.3.6 Кванттау разрядтылығы мен дискретизация жиіліктерінің бейнедегі хабар санына ықпалын жасауын қорытындылаңыз. Алынған нәтижелерді негіздеңіз.

5.4 Есептеу нәтижесі

5.4.1 Тәжірибе нәтижесінде алынған ТВ жүйесінің параметрлері  (кванттау разрядтылығы және дискретизация жиілігі) және осциллограммасы, олардың салыстырмалы талдауы және кестені толтырыңыз.

5.4.2 Алынған нәтиже бойынша қорытынды жасаңыз.

5.5 Бақылау сұрақтары

5.5.1 Дискретизация жиілігін таңдаудағы белгілерді атаңыз?

5.5.2 Қандай дискретизация құрылымдары көрудің қабылдау ерекшеліктерін көбірек ескереді?

5.5.3 Егер дәрежелердің саны 8 болса, кванттау деңгейлерінің қандай саны қамтамасыз етіледі?

5.5.4 Сегіз разрядты  кванттау қазіргі  талаптарға  және бейне сапасына сай бола ма?

5.5.5 Бейнеле сапасындағы ерекшеліктерді түсіндіріңіз,  мұндағы дискретизация форматтары 4:2:2,4:2:0,4:1:1,4:4:4.

5.5.6 Неге әртүрлі бейнелер кванттау шкаласының тереңдеуінен әр түрліше «азап шегеді» ?

5.5.7 Тәжірибе нәтежелерін ескере отырып дискретизация жиілігін таңдау дұрыстығын растаңыз.

5.5.8 ТВ сигналының аналогты – сандық түрленуін түсіндіріңіз.

6 Зертханалық жұмыс №6 « PAL кодерін зерттеу»

Зертханалық жұмыстың мақсаты: RGB негізгі компоненттік сигналдан PAL форматында ТСТВС құру принципін зерттеу , жарықтық сигналға тоқтау мөлшерінің, Ku және Kv компрессиясы коэффициенттерінің, бейне қалыптастырылуына тұтану деңгейінің ықпалын зерттеу.

6.1  Зертханалық жұмыстың суреттеуі

Жұмыстың орындалуына арналған бағдарламаны жіберіңіз және мәзірде «PAL кодерін зерттеу» жұмысын таңдаңыз.

6.1 сурет - PAL кодерін зерттеу

RGB ГИС шығысынан  RGB кодтайтын матрица PAL кодері кірісіне тік жолақ бейнесигналын беріңіз. PAL кодер шығысын КТ23  ТСТВС бейнемонитор кірісіне қосыңыз. Бейнемонитор  «сыртқы» режиміне  «кірісті таңдау» тетігімен келтірілуі керек, тумблер - «ТСТВС» жағдайын қою керек. Осцилографтың екі  каналын коммутатор шығысына қосыңыз.

Жұмыстағы басқарулар:

K1 -  PAL кодер кірісіндегі күшейту коэффициенті. сигналдардың жұмысшы деңгейін құру үшін қолданылады (ақ деңгейі 700 мВ);

K2  -  Сигнал деңгейін құруы үшін қолданылады - (нормалды деңгей K 2=0.8);

Uвсп –  тұтану импульстарының  деңгейін  құруы үшін (нормалды мағына 0.3);

Ku - Cb сигнал компрессия коэффициенті (нормалды мағына 0.49);

Kv -  Cr сигнал компрессия коэффициенті (нормалды мағына 0.88).

ГИС кодерді дұрыс күйге келтіру, түстердің шекарасында өтетін бұрмалауларды зерттеуде, түрлі түсті тік жолақ бейне қолдануы кезінде ТСТВС құралуы процесі бақылаулары үшін қолдануда ыңғайлы.

DVD - Ойнатқыш, ерекше бұрмалаулардың бақылауы үшін қолдану

(мысалы, ұсақ мерзімдік бейне бөлшектерінде жарықтық сигнал спектрі сигнал жолағына түседі тигізеді).

6.2 Зертханалық жұмысқа тапсырма

6.2.1 PAL кодері функционалды сұлбасын зерттеңіздер.

6.2.2 Жолдардың белсенді бөлімдеріндегі сигналдарды өлшеңіздер.

6.2.3 Бақылау нүктелерінде ЦП  осциллограммаларын салыңыз және қорытынды жасаңыз.

6.3  Жұмыстың орындалу реті

6.3.1 PAL Жүйесі туралы теориялық мәлімдеулермен танысыңыз, сонымен қатар PAL кодері функционалды сұлбасын зерттеңіздер (6.1 суретте көрсетілген).

6.3.2 «Бейнелеу» (стенды сол бөлімдері) «түрлі түсті тік жолақ» сигналыy таңдаңыз. Мониторда  (стенды оң бөлімі) тік түрлі түсті жолақ бейнеcін  және  үзіндісін байқаңыз.

6.3.3 Осцилограф масштабында 10 мкс/бөл - осциллограмманы және амплитудалық және уақытша параметрлерді (КТ5) және түсті Er - y, Eb - y  (КТ7 және КТ6 сәйкесті),  жолдың белсенді бөлімдеріндегі сигналдарды өлшеңіздер.

6.3.4 10 мкс/бөл  осцилограф  масштабында КТ23 кодер шығысында  осциллограмманы салып алыңыз.

6.3.5 Осцилограф масштабын 1 мкс/бөл орнатыңыз, тоқтау мөлшерлерін 0 ден 375 нс өзгерте отырып, КТ23 кодері шығысында осциллограммаларды байқаңыз. Тоқтау мөлшерінің әртүрлі мәнінде осцилограмманы салыңыз.  Сигнал бұрмалауларының байқалмайтын оптималды тоқтау мөлшерін  орнатыңыз.

6.3.6 Масштабты 10 мкс/бөл орнатыңыз - «тұтануларды» салып алыңыз (КТ8 және КТ9) және түсті  тұтанулардың сигналдарының енгізу орындарымен (КТ14 және КТ15). Ұзақтық пен тұтану периодын өлшеңіз.

6.3.7 Масштабты 1 мкс/бөл орнатыңыз, ТЖС кейін түсті сигналдардың фронттарының тіп-тік ұлғаю уақытын өлшеңіз,  КТ6-КТ11 және КТ7-КТ12 бақылау нүктелердің сигналдарын салыстыра отырып

6.3.8 50 нс/бөл орнатыңыз. Тs  периодын өлшеңіз және сигнал  түрлі-түсті сигналдың fs жиілігін есептеңіз КТ21. Берілген стандартпен алынған мәндерді салыстырыңыз.

6.3.9 Масштабты 20 мкс/бөл орнатыңыз және тұтанулардың жиілігімен коммутаторға берілетін басқарушы импульстар жиілігін салыстырыңыз (КТ10). Оның периодын анықтаңыз.

6.3.10 Масштабты 50 нс/бөл қайтадан орнатыңыз, осцилограф екінші кірісін қолдана отырып fs (ЦП) түсті сигналдар фазасын КТ16, КТ20 басқарушы нүктелерде салыстырыңыз. (Тінтуір оң тетігін басу). Бақылау нүктелерінде ЦП осциллограммаларын салыңыз және қорытынды жасаңыз.

6.3.11  Масштаб 0,5 мкс/бөл КТ18 және КТ19 бақылау нүктелерінде түсті сигналдардың формаларын салыңыз. Түстік ауысуда фаза секірісі барлығына көз жеткізіңіз.

6.3.12 Осцилограф 10 мкс/бөл масштабында КТ13 жарықты, КТ22 түстік және толық түсті PAL жүйесінің КТ23 сигналдарының құрамын, формасын түсіндіріңіз.

6.4 Есептеу нәтижесі

6.4.1 Тәжірибелер нәтижесінде алынған осциллограмма, амплитудалардың өлшеулері ─ ұзақтық, фронттың  тіп-тік ұлғаю уақыты, сигналдың жиіліктік есептеулері  және период анықтамалары.

6.4.3  Қорытынды.

6.5 Бақылау сұрақтары

6.5.1 Квадратуралық теңдіктік модуляцияның қандай негізгі ерекшеліктері бар?

6.5.2    Квадратурада сигналдардың құру шарттары қандай?

6.5.3 Зерттейтін сигналдарының арасында қандай фазалық арақатынастар бар?

6.5.4 БМ - да теңдік қандай шарттары бар?

6.5.5 БМ - да  теңдік бұзылуы неге  әкеледі?

6.5.6 Квадратурада түсті сигналдардың құралуының шарттары бұзылуы кезінде бейнеде қандай бұрмалаулар көріне алады?

6.5.7  Дифференциалды - фазалық бұрмалау дегеніміз не? Және ол бейнеде ұалай байқалады?

6.5.8 PAL кодеріндегі квадратуралық балансты модуляцияның ерекшкліктері неде?

6.5.9 ­ PAL кодеріндегі  түсті синхронизация  сигналдарының түзілу шарттары қандай?

6.5.10 PAL кодеріндегі  түсті сигнал қандай жағдайда басылады?

6.5.11 PAL кодерінде түсті сигнал жиілігі қалай таңдалады?

7 Зертханалық жұмыс №7. «СК мониторларының параметрлерін сынау бағдарламасымен бағалау»

Зертханалық жұмыстың мақсаты: сұйықкристалды монитор жұмыс ерекшеліктерін және арнайы сынау бағдарламалық өнімдер арқасында олардың  негізгі сипаттамаларын зерттеу.

7.1  Зертханалық жұмысқа тапсырма

«РiхРегАn» бағдарламасын жіберіңіз.

«РiхРегАn» бағдарламасы  (ехе РiхРегАn) аттас файлымен қоса жіберіледі кейін, ол өзіне монитормен басқаруды алады және толық экранды тәртіпте ашылады. Экранның оң жоғарғы  бұрышына жасыл рамкада экран жаңартулары жиілігінің мәлімдеулері  шығарылады (Frame ratе), ол секундына кадрлар санымен (fps), «жоғалған» кадрлардың санында (Frames lost), процессор қосылуы дәреженде (CPU load) пайыз бойынша, таңдалған (Mode) режимінде экран рұқсаттары (үлгі 1280 x 1024 элемент), сонымен қатар түсті таңдау «тереңдігіне»  - бір бейне элементіне бит санымен (bрр) анықталады. Бұлар экранда РiхРегАn программасы көмегімен жүзеге асырылған әрбір тестілерде көрінеді, оны  F 12 пернесімен шақыруға болады.

Басқару бағдарламасы, сонымен қатар анықталған тестер экранда көрсетілген пернелердің арқасында жүзеге асады. Бейнекартаның синхронизация тәртібі Shift + 7 және Shift + F 8 пернелерімен басқарылады.

F10 пернесі бағдарламаның  жұмысын тез қосады, Еsc пернесімен жұмысты қайта қалрына келтіруге болады.

Графикалық объектілердің барлық жылдамдық ­ көрсеткіштері экранда қозғалыс алу мөлшерлерімен көрсетілген, олар бір кадрға бейне элементтерінің сәйкес санымен анықталған (pixel pro frame - ppf). Жылдамдық мөлшерлерінің кадрлардың жиілігіне тәуелділігі , 1 секундта элементтердің санына ­сәйкес  жылдамдықтың бүтінсандық мағынасы қалыпты әрекетке дәл келеді.

7.2  Жұмыстың орындалу реті

7.2.1 Монитордың гамма – сипатамасын қалпына келтіру.

7.2.1.1 Тестіленетін мониторда оптималды рұқсат көрсетілгеніне көз жеткізу, әр экран элементіне бейненің бір элементі сай келу керек.

7.2.1.3 Экранда жиі пайда болатын қызыл машинканы қарап шығу оның қозғалысы жұлқынуларсыз, қалыпты  болуы тиісті.

7.2.1.3 Қосылудың сызықсыз сипаттамасының бейне сапасына әсері үшін монитордың гамма – сипаттамасын келтіру (перне «F1»). Гамма коэффициентін дұрыс шығаруға негізбөлген бұл  жұмыс тәртібінде, бағдарлама интерфейсі келесі түрде көрінеді: Е пернесі арқасында  бағдарламаның негізгі мәзірге қайтуға болады, ал «ашық жер» пернесімен - тесті өткізулері жеңілдетуге арналған қосалқы элементтерді экраннан алып тастау.  Экранның төменгі бөлігінде ­ қозғалмалы реттеуіш орналасқан     0,1-ден 4,0-ке шейін өзгертуге мүмкіндік береді.

7.2.1.5 Экранның төменгі бөлігіндегі жарықтық динамикалық диапозонының барлығын алып жатқан жарты дауыстық шкала учаскелері жақсы анықталуы үшін  зерттейтін монитор анықтылығы мен жарықтығын реттеу.

7.2.1.6 Артқы жақтағы квадраттар жарықтығы сұр фон жарықтығымен сәйкес болуы үшін қызыл жолақ көмегімен гамма коэффициентін  орнату.

7.2.3 « Кішкене жалаулармен » тесті өткізу.

7.2.3.1 «Кішкене жалаулармен» тесті өткізу  үшін F2 пернесін басумен  бағдарламаның  жаңа терезесі ашылады. F1 және F2 пернелері тесті өткізу үшін объектілердің түстік сұлбасын өзгертуге мүмкіндік береді , «ашық жер» пернесі экраннан артық элементтерді алып тастайды, Е – негізгі мәзірге көшу.

7.2.3.3 Тесті өткізу үшін алдымен интерфейспен танысу қажетті: екі реттегішті үлкен движоктарды орташа жағдайға қою. «Сtrl» пернесін басу, екі реттеуіш шеткі оң жағдайға орналасады. Кейін екі реттеуішті  қайтадан орта жағдайға орнату керек.

7.2.3.3 Жалаулардың жарықтығымен салыстырылуы үшін қара - ақ кішкене жалаулардың пайда болу режимінде алдымен қозғалғыш жалаулардың жарықтығын белгілеп қою қажеті. Содан соң («Ctrl» пернесін басыңыз) сұр түстер режиміне ауысу керек. Кішкене жалаулардың ауыспалылығын әртүрлі жылдамдықта тестілеу.

7.2.3.5 Ұзын реттеуіштердің екеуінің көрсетулерін есептеуге жазып қою қажеті («Ctrl» пернесін басыңыз).

7.2.3 «Ізге түсу» тестінің өткізілуі.

7.2.3.1 Тесті пернемен іске қосады.

Тесті тағайындау  СК инерциялылығының бағалауына негізбөлген, қозғалушы объектілерде көрінеді. Бағдарлама экранда айқын фонда белгілі бір жылдамдықпен қозғалатын екі тікбұрышты өндіреді. Тікбұрыштардың шекаралары монитор инерциялылығына тәуелді мөлшерлерін үлкейте отырып шайылады. «Қуғындалушы» және «қуғындаушы» тікбұрыштарының аралығындағы  ара қашықтық «Distans (pixels)» қозғалыс реттеуішімен жөнге салынады, ол үшін ара қашықтықтың ең аз мәнін орнату керек. Бұл құрумен  төмен орналасқан  «Transition time (ms)» реттеуіші орналасады, ол екі тікбұрыштардың арасында тесті сандық нәтижесін анықтайды.

7.2.3.3 Оқытушы тапсырмасымен алдын ала таңдалған түрлі-түсті сұлбаларға тестілеу жасау (F2 және FЗ пернесін басыңыз).

7.2.5 «Белгілердің айырып танушылық» тесті.

7.2.5.1 F4 пернесімен тесті жіберу терезесі ашылады. Бұдан кейін экранмен 1 минут ішінде баяу латын  әріптерінің кездейсоқ жүйелілігі орналасады, оны студент  экранның орталығындағы жарық тікбұрышқа пернетақта арқылы танып  жазып қоюы тиіс.

7.2.5.2 Табыс жағдайында  «Input correct» жазуы көрінеді және экран ортасында әріптердің үстінде орналасқан («Теmро») әріптердің ауыспалылық жылдамдық регуляторы, келесі (көбірек оң) жағдайға көшеді. Жылдамдық үлкейеді. Сtгl пернесімен әріптердің жаңа жүйелілік шығаруын ынталандыруға болады. Жүйелі үлкеюші мәндердің қатарынан кейін, оларды оқып шығу қиын, және шарасыз қате жіберілгенде  «Input incorrect!» жазуы көрінеді және экранның жоғарғы бөлігіндегі жарық тікбұрышта тәжірибе нөмірін көрсетуші жазу пайда болады, ең үлкен жылдамдық кезінде ол жақсы нәтиже берген болатын («Best readable Tempo so far:» - Х орнына тәжірибе нөмірі), есептеу нәтижесінде жазып қою керек.

7.2.5  «Бүлінген» бейне еліктеуі.

7.2.5.1 «Бүлінген» бейне еліктеуін көрсететін қорытынды тест, F6 пернесімен жіберіледі және электрлік үлгіні таңдаумен ұсынылады.

7.2.5.2 F6 пернесін басқаннан кейін мына мәтінде қысқаша суретте көрінеді, кейін пайдаланушыға «ашық жерді» басуға ұсыныс жасайды және горизонтальмен жүгіруші бейнелері бар негізгі терезе ашылады. Горизонтальдық 5 - позициялы ауыстырып қосқыш «Graphic no» графикалық объектіні ауыстыруға рұқсат етеді.

7.2.5.3 Экран орта бөлігінде  монитор инерциясыздығынан  шекаралары тіке емес қабылданатын графикалық объекті орналасады. Объектінің ауысуынан,  бағдарламалық ұқсатқыш жұмыс жасайды, оның басқару органдары  экранның төменгі бөлігінде орналасқан.

«Бүлінген» бейне еліктеуі СК ұяшықтарындағы өтпелі процестерді анықтайтын ­ функция құрастырады. Бұлар процестер (асу «қараңғыны» күй-жағдайдың «жарық» және керісінше) суреттеледі: өспелі («rise») және бәсеңдеуші («fall») функциялармен, графиктердің сапалы сипаттамалары болады, горизонтальдық ось бойынша  ­  уақыт, ал тік бағытта  - ТК күй-жағдай көрсетуші салыстырмалы нормаланған мөлшер, (мысалы, оның мөлдірлігі).

Графиктің сол жағында келесідей реттеушілері болады:

«gamma» - гамма коэффициенті;

«rise exp» - өспелі фротты сипаттаушы уақыт тұрақтысының экспонентасы;

«time r» - үдемелі фронт ұзақтығы;

«rise del» - үдемелі  фронттың тоқтау уақыты;

«fall exp» - азаюшы фронтты сипаттайтын уақыт экспонентінің  тұрақтысы;

«time f » - бәсеңдеуші фронт ұзақтығы;

«fall del» - үдемелі  фронт тоқтау уақыты;

«tempo s» - объектінің қозғалыс жылдамдығы.

Бүлінген бейненің құрылуы үшін гамма мәнінен алшақтайтын графиктер де жіңішке көк сызықтармен көрсетілген.

7.2.5.4 Экранмен қозғалысы үшін  графикалық бейнені таңдау.

7.2.5.5 Ауысу жылдамдығын беру.

7.2.5.6 Тесті қайталап жасау қажет, бірақ реттеуіштердің көрсетулерінің өзгертуі кезінде бейне перне басуынан кейін жоғалады және жаңадан «Сtrl» басқаннан кейін салынуы мүмкін.

7.3 Есептеу нәтижесі

7.3.1 Үйлесімді мағына: жарықтық және анықтылық, гамма - коэффициенті сонымен қатар, секундына кадрлар санын, «жоғалған» кадрлардың санын көрсету.

7.3.3  Қорытынды жасау.

7.4 Бақылау сұрақтары

7.4.1 Кадрлардың жиілігіне жылдамдық мөлшерлерінің байланыстылығының  себебі неде?

7.4.2 ТFТ – мониторларында гамма коэффициентінің мөлшері неге тәуелді болады?

7.4.3 Кішкене жалаулармен ненің көмегімен іске асады?

7.4.4 «fall exp» - нені білдіреді?

7.4.5 Shift+7 және Shift+8 пернелерінің қызметі.

7.4.6 СК мониторларының құрылымы қандай?

7.4.7 Сұйықкристалды монитор жұмыс  ерекшеліктерімен көрсетіңіз.

7.4.8 СК жетістігін және кемшілігін түсіндіріңіз.

Әдебиеттер тізімі

1.    Телевидение /Под ред.В.Е.Джакония.-М.: Радио и связь, 2004.

2.    Современные телеклммуникации./ Под редак С.А.Довогого, -М.: Эко –Трэнз, 2003.

3.     Смирнов А.В. Основы цифрового телевидения: Учебное пособие. -М.: «горячая линия – Телеком», 2001.-224 с.

4.    Айтмагамбетов А.З.,Сабдыкеева Г.Г. Цифровое теле радиовещание:                 Учебное пособие.-АИЭС, 2003.

5.    Основы радиосвязи и телевидения Мамаев Г.В.- М.: «Горячая линия-Телеком», 2007.

6.    Урусова Т.А. Телевидение. Конспект лекции.-АУЭС, 2011.

7.    Урусова Т.А. Накисбекова Б.Р Теледидар. Курстық жұмысқа әдістемелік нұсқау. –АИЭС, 2009.

Мазмұны

1 Зертханалық жұмыс №1. «Толық теледидарлық сигналдың пайда болуы мен және оның параметрлерін өлшеудің негізгі ұстанымдарын зерттеу»

3

2 Зертханалық жұмыс № 2. «ТВ сигналдың сызықтық бұрмалануын зерттеу»

6

3 Зертханалық жұмыс №3. «Тасымалдаудың біріншілік түстерінің сигналының  құралуы» (2 бөлім )

9

4 Зертханалық жұмыс №4. «Жарықтық және анықтылық бұрмалауларын зерттеу»

13

5 Зертханалық жұмыс №5. «ТВ сигналының аналогты- цифрлық түрленуі»

15

6 Зертханалық жұмыс №6 «PAL кодерін зерттеу»

18

7 Зертханалық жұмыс №7. «СК мониторларының параметрлерін сынау бағдарламасымен бағалау»

Әдебиеттер тізімі

21

25

Жинақтық жоспар 2012 ж.,реті.135

Урусова Т.А
Лановенко М.В
Накисбекова Б.Р.

ТЕЛЕДИДАР
Зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқаулар
(5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығына арналған)

Редактор Қасымжанова Б.С
Стандарттау бойынша маман Н.Қ.Молдабекова      

________ басуға қол қойылды
Пішіні 60х84 1/16
Таралымы _50_дана
Баспаханалық қағаз №1      
Көлемі 1,8 оқу.бас.ә.
Тапсырыс___Бағасы 900  тг.

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі-көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі,126