Адматы энергетика және байланыс институты

Телекоммуникациялық жүйелер кафедрасы

 

¤НДІРІСТІК ЖЄНЕ ДИПЛОМ  АЛДЫНДЫНДАЃЫ  МАШЫЌТАНУДАН  ¤ТУДІЊ БАЃДАРЛАМАСЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

 (380240 көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, 380940– Радиобайланыс пен радионавигация мамандыќтарыныњ студенттері ‰шін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                   Алматы 2004


 

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Телекомуникациялық жүйелер кафедрасы

 

БЕКІТЕМІН

Оқу және әдістемелік жұмыстары

жөніндегі проректоры

                                                 _______________________Э.А. Сериков

                                           “_____” __________________ 2004 ж.

 

 

ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ДИПЛОМАЛДЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУДІҢ БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

(380240 – Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, 380940 – Радиобайланыс пен радионавигация мамандықтарының студенттерІ үшін)

 

 

 

 

КЕЛІСІЛГЕН                                 _____________ кафедра мәжілісінде

ОӘБ бастығы                                               келісілген және мақұлданған

______ О.З. Рутгайзер                            “___” ___ 2003ж. Протокол №__

“___” _________2004ж.                           Кафедра меңгерушісі_____________

                                                 С.В. Коньшин

 

Редактор

_______Ж. А. Байбураева

“___”_________2004ж.

 

 

                                                 Құрастырушылар (әзірлеушілер):

                                                 ___________________С.В. Коньшин

                                                 ___________________Б.Б. Агатаева

 

 

 

*жалпытехникалық кафедралар үшін

 

 

 

Алматы 2004

ҚҰРАСТЫРУШЫ: С.В. Коньшин, Б.Б. Агатаева. Өндірістік және диплом алдындағы машықтану өтудің бағдарламасы мен ережелері. (380240 – Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер, 380940 – Радиобайланыс және радионавигация мамандықтарының студенттері үшін). – Алматы: АЭЖБИ, 2004.-27 б.

 

 

 

       Бағдарлама екі өндірістік және диплом алдындағы машықтануларға арналған тәжірибелік дайындықтың кезеңдерін бяндайды. Студенттерге институттағы арнаулы пәндерден алатын білімдерін өндірісте бекітуге кепілдемелер беріледі. Есептерді дайындау мен оларды қорғау туралы мәселелер қарастырылады. Сонымен қатар, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау туралы; өндірісті ұйымдастыру мен басқару, экономикасы жөнінде мәселелер беріледі.

       АЭЖБИ студенттерінен институттан шығарылатын әдістемелік нұсқауларды ұқыптап ұстауды өтінеді.

       Без.9, кесте 2, библиогр. – 7 атау.

 

 

      

       Пікірші: техн. ғыл. канд., доц. Г.С. Казиева.

 

 

 

 

 

 

 

 

       Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 жылғы жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

                                      ãАлматы энергетика және байланыс институты, 2004ж

 

МАЗМҰНЫ        

 

Кіріспе ...........................................................................................................   4

1      Өндірістік машықтану қатысушыларының құқықтары мен

     міндеттері..................................................................................................   5

1.1  Студенттің құқықтары мен міндеттері.............................................   5

1.2  Институт атынан машықтану жетекшісінің құқықтары мен

міндеттері............................................................................................   6

1.3  Мекеме атынан машықтану жетекшісінің құқықтары мен

міндеттері............................................................................................   6

2      Машықтану өткізудің тәртібі..................................................................   7

2.1 Машықтануды ұйымдастыру.............................................................  7

2.2 Негізгі базадан тыс өндірістік машықтану.......................................  8

2.3 Машықтану бойынша есепке қойылатын талаптар.........................  8

2.4 Машықтану қорытындысын шығару................................................. 9

2.5 Ғылыми-техникалық ақпарат көздері................................................ 10

3      Оқу-өндірістік машықтану........................................................................ 10

3.1 Мақсаты мен тапсырмалары............................................................... 10

3.2 Оқу-өндірістік машықтану өтудің мазмұны мен тәртібі.................. 11

3.3 Жалпы инженерлік машықтанудағы жұмыс уақытын шамалап

үлестіру.................................................................................................. 11

3.4 Сызықты-Аппараттық Цехтың (САЦ) жабдығын оқып үйрену...... 12

3.5     ЛАЦ жабдығын оқып білу................................................................. 13

4      Екінші өндірістік машықтану...................................................................  15

4.1 Мақсаты мен тапсырмалары................................................................ 15

4.2 Студент-машықтанушы жұмысының жоспары мен машықтану   бойынша есептің мазмұны.................................................................... 16

4.3 ЦТЖ-нің сызықтық трактын оқып үйрену......................................... 17

4.4 Электрқоректендіру құрылғысымен танысу...................................... 18

4.5 СЦИ-да машықтануды өткенде жеке тапсырмалар түрлері............. 18

5      Диплом алдындағы машықтану................................................................. 19

6      Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау...........................................................22

7      Өндірісті ұйымдастыру мен басқару, экономикасы................................ 23

8      Күнделіктер мен есептерді дайындауға кепілдемелер............................ 24

8.1 Машықтану бойынша күнделік пен есепке қойылатын

талаптар.................................................................................................. 24

8.2 Машықтану қорытындысын шығару................................................... 25

9  Әдебиет тізімі................................................................................................ 26

 

 

 

 

Кіріспе

 

Өндірістік машықтану оқу процессі формаларының бірі болып табылады, сондықтан, квалификациялық мінездемеге сәйкес машықтанудың мақсаты – студенттердің телекоммуникациялық аппаратураны, радиобайланыс және радионавигациялық жабдықтарын пайдаланудың реалды шарттары жөнінде, қызметшілердің жұмыс жағдайлары жөнінде білім алу және телекоммуникациялық пен радионавигациялық аппаратураны жобалау, өндіру мен пайдалану саласында әлі кезігетін өндірісті-технологиялық, ұйымдастыру-басқарушылық, жобалау-конструкторлық және ғылыми-зерттемелік қызметінде дағдылану.

Машықтанулық дайындыққа берілген уақыт ішінде студенттер оқу процессінде алған білімдерін баянды етуге, бір-екі жұмыс мамандықтан дағдылануға және реалды өндірістік тапсырмаларды орындау барысында еңбекті ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы әдістерімен танысуға міндетті.

380240 – Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер және 380940 – Радиобайланыс және радионавигация мамандықтарының оқу жоспарымен сәйкес машықтанулардың келесі түрлері мен олардың мерзімдері белгіленген:

-          біріншісі – оқу-өндірістік 3 курста (6 сем.) – 5 апта,

-          екіншісі – өндірістік 4 курста (8 сем.) – 5 апта,

-          үшіншісі – диплом алдындағы 5 курста (10 сем.) – 6 апта.

Машықтанулардың барлық түрлері өндірісте, мекемелерде, ұйымдар мен фирмаларда, жобалау-конструкторлық пен ғылыми-зерттеу институттарында, сонымен қатар, “Телекоммуникациялық жүйелер” мен АЭЖБИ-дің басқа бөлімдерінің оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларында өткізіледі.

Өндірістік машықтанулардың мақсаттары:

1      Студенттердің институтта оқу процессі кезінде алған білімдерін машықтану бағдарламасына сәйкес қойылған тапсырмаларды өз бетімен мәдени орындау жолымен баянды ету.

2      Өндірістік тапсырмаларды орындау үшін, алған білімді қолданудың шеберлігін қалыптастыру, әсіресе, алдағы іс-әрекетте қажетті, инженер мамандығының тәжірибелік дағдыларын алу.

3      Барлық тәжірибелер нәтижесінде студент бір немесе екі жұмыс мамандығын оқып білуге және учаскедегі, сменадағы немесе бөлімдегі жұмыс ұжымды басқару тәжірибемен танысуға тиісті.

Өндірістік машықтануды ұйымдастыру тапсырмасына кіреді: өндірістік объектілерді оқып білу мен машықтану негіздерін таңдауға арналған дайындық жұмыстары, жұмыс бағдарламалары мен әдістемелік нұсқауларды дайындау, институт пен машықтану негіздерімен келісім шарттарын жасау.

Әр машықтану басталуының алдында институттың бұйрығымен машықтану мерзімдері мен негіздері бекітіледі, студенттерді үлестіру және машықтану негіздері бойынша жетекшілерді белгілеу беріледі.

Студенттердің машықтану басшылығын кәсіпорындардағы тәжірибелі мамандық иелері орындайды.

Студенттер өндіріспен жақынырақ танысу үшін және түлектердің ой өрісін кеңейту үшін, түрлі машықтануды , әдетте, әр түрлі кәсіпорындарда жүргізуге лайықты.

 

1.        Өндірістік машықтануға қатысушыларының құқықтары мен міндеттері

 

1.1  Студенттің құқықтары мен міндеттері

 

Студент әдебиетпен , техникалық құжаттамалармен және машықтану бағдарламасы бойынша кәсіпорында болатын басқа да материалдармен қолдануға құқылы, бірақ оларды қайтаруға міндетті.

Барлық студенттер машықтану басталуының алдында, кафедрада күнделіктерді алуға тиісті. Күнделікте машықтанудың бар бөлімдеріне тапсырмаларды енгізіп, машықтанудың өту тәртібі бойынша нұсқау алуға тиісті.

Кәсіпорынға келісімен, жұмысты бастау алдында студенттер өртке қарсы қауіпсіздік бойынша, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғау бойынша нұсқау алады, кәсіпорындарда ішкі еңбек тәртіп ережелерімен танысады. Бұл ережелерді орындау жөнінде студенттер сәйкесті журналда өздерінің қолдарымен растайды.

Алғашқы кезеңдерден бастап, студенттер кәсіпорын жұмысының жалпы ритміне қосылуға тиісті, бұл машықтану өтудің графигінде ескерілген.

Машықтанушылардың жұмысы кәсіпорын жетекшісі мен институт атынан жетекшісімен бұл кәсіпорында орнатылған жүйеге сәйкес бақылануы тиіс (мысалы, жұмысқа шығу табелін жүргізу).

Өндірісті оқып-білудің негізгі әдістері болып дербес байқау, технологиялық нормалар мен басқа техникалық құжаттамамен танысу, жеке тапсырманы орындау табылады.

Машықтанудан институтқа келісімен, бірінші апта бойы студент кафедраға машықтану бағдарламасы мен АЭЖБИ стандарт талаптарына [1] сәйкес толық орындалған, сипаттауы бар есеп, кәсіпорында куәландырылған күнделік пен машықтанудан дифференциалданған сынақты тапсыруға міндетті.

 

 

1.2       Институт атынан жетекшінің құқықтары мен міндеттері

 

Машықтанудың институт атынан жетекшісі:

-       студенттің машықтануға шығу алдындағы барлық ұйымдастыру шараларды өткізуін қамтамасыз етеді (машықтану өтудің нұсқауы және т.б.);

-       студенттердің машықтанудан өтуінің жоғарғы сапасын және оның оқу жоспары мен бағдарламаларына қатаң сәйкестілігін қамтамасыз етеді;

-       оқу жоспары мен бағдарламаларына сүйеніп, студенттер үшін машықтану негіздерінде, кәсіпорындарда, мекемелерде, ұйымдарда оқуды, сонымен қатар экономика, технология мен өндірісті басқарудан, еңбекті қорғаудан, инженерлік психологиядан, байланыс сапасын стандартизация мен басқарудан, табиғатты қорғау, құқықтық және басқа мәселелерден дәрістер мен семинарларды ұйымдастырады;

-       қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар атынан жетекшілерімен бірігіп, студенттерді коллективтің қоғамдық жұмысына қатыстырады, сонымен қатар кафедра тапсырмасымен ескерілген студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын басшылық етеді;

-       кәсіпорынның, мекеменің, ұйымның студенттерге еңбектің қалыпты жағдайларын және күнделікті өмірді қамтамасыз етуді бақылауды жүргізеді, студенттерге еңбекті қорғау мен қауіпсіздік техникадан міндетті нұсқаулардың өтуін тексереді;

-       машықтанушылардың ішкі тәртіп ережелерін орындауды тексереді;

-       машықтану жөніндегі есептерді қабылдау мен өндіріс машықтануының қорытындылары бойынша студенттік ғылыми конференцияларды дайындау коммисиясының жұмысына қатысады;

-       студенттердің машықтанудан есептерін қарастырады, олардың жұмыстары жөнінде сипаттау береді және кафедра меңгерушісіне студенттердің машықтанулық дайындығын толық жетілдіруден ұсыныстар және ескертулермен бірге машықтанудан өтуі туралы жазбаша есеп береді;

-       барлық жұмысын кәсіпорын, мекеме мен ұйым атынан жетекшісімен тығыз байланыста орындайды;

-       студент-машықтанушыларды рационализаторлық және ойлап шығарушылық жұмыстарға аралыстырады.

 

1.3      Машықтанудың кәсіпорын атынан жетекшісінің құқықтары                  мен міндеттері

 

Машықтану басшылығын тікелей орындайтын, студенттердің кәсіпорындардағы машықтану жетекшісі:

-       өзіне тіркелген студенттердің өндірістік машықтанудан өтуін институт атынан жетекшісімен тығыз байланыста ұйымдастырады;

-       студенттерді нақты жұмыс орнындағы жұмысты ұйымдастырумен, технологиялық үрдісті басқарумен, құрал-жабдықпен, техникалық жабдықтар мен оларды пайдаланумен, өндіріс экономикасымен, еңбекті қорғаумен және т.б. таныстырады;

-       машықтанушылардың өндіріс жұмысына тұрақты бақылау өткізеді, барлық тапсырмаларын нақты жұмыс орында дұрыс орындауға көмектеседі, жұмыстың алдыңғы қатарлы әдістерімен таныстырады және өндіріс мәселелері бойынша кеңес береді;

-       студент-машықтанушыларды жұмыстың қауіпсіз әдістеріне үйретеді;

-       студент-машықтанушылардың күнделіктерінің жүргізуін, есептерінің дайындығын тексереді және оларға машықтану бағдарламасы мен жеке тапсырмасын орындау жөнінде мәліметтері бар өндірістік мінездемелерін құрастырады;

-       кафедра тапсырмасы бойынша студент-машықтанушыларды рационализаторлық және ойлап шығарушылық жұмысына қатыстырады.

 

2.        Машықтануды өткізудің тәртібі

 

2.1     Машықтануды ұйымдастыру

 

       Машықтанудың бірінші күні кәсіпорын атынан жетекшісінің бұйрығымен студенттер кәсіпорынға машықтанушы болып алынуы тиіс және оларға кәсіпорын атынан жоғары квалификацияланған маман жетекші болып  тағайындалады.

       Әр машықтану студенттердің кәсіпорын жұмысымен танысудан, кәсіпорын және өндірістік экскурсия туралы жалпы мағлұмат алудан басталуы тиіс. Студенттер кәсіпорынның технологиялық сұлбасын зерттейді, одан кейін оларды белгілі бір жұмыс орнына үлестіреді.

       Студент кәсіпорынның технологиялық мақсаты мен оның ұйымдастыру-басқарушылық қамтамасыз ету жайында толық түсінікті алу мақсатында, институт өкілдері мен негізгі кәсіпорынның өкілдері жұмыс орынды таңдау мен олардан өту тәртібін бірлесіп шешеді. Әр жұмыс орнында студент жұмыс пен оның технологиялық тізбектегі басқа түйіндерімен байланысы туралы жеке түсінік алуы тиіс.

       Кәсіпорын атынан немесе сәйкесті бөлімшенің атынан машықтану жетекшілері машықтану басталғанға дейін, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері бойынша сөйлесулер өткізеді. Студентке инструктаж бен кәсіпорындағы оқудың барлық нормативтік түрлерін айтып білдіреді.

Машықтану барысында студент белгілі орындағы өз әрекеттерін күнделікке сипаттап жазады, сұлбаларды сызады, т.с.с. машықтану соңында студент өз жазуларын кәсіпорын қызметінің өзіндік жалпы мінездемесі үшін және машықтану есебін құрастыру үшін қолданады.

Күнделік негізінде студент тікелей кәсіпорында өз бетімен машықтанудан есеп жасайды және оны кәсіпорын атынан жетекшісіне машықтану аяқталғанға 5 күн қалғанда, пікір жасалу үшін тапсырады.

Машықтанудан есеп және оған қатысты барлық қосымшалар машықтанушы жұмысын бағалайтын және пікір беретін кәсіпорын жетекшісімен қарастырылады.

Машықтану жетекшісінің қолы кәсіпорынның мөрімен куәландырылады. Сонымен қатар, мөрлер күнделікке студент  келгенде және кетер алдында және бағаға (бес балдық шкала бойынша) қойылады.

 

2.2     Негізгі базадан тыс өндірістік машықтану

 

Болашақ инженердің ой өрісін кеңейту мақсатында, өндірістік машықтану өтілгенде, шектес өндірістерге, сонымен қатар қазіргі заманғы техника мен ең жаңа технологияны жабдықтау, автоматизция мен өндірісті бақылау жайында көңіл аударатын басқа саланың кәсіпорындарына экскурсиялар ұйымдастырылуы мүмкін.

       Экскурсияларды өткізу графигі институт атынан жетекшісімен құрастырылады және кәсіпорын атынан жетекшісімен келісіп шешіледі.

       Жалпы инженерлік машықтанудан өтетін студенттер үшін, кәсіпорынның түрлі қызметерімен экскурсиялық танысу алдында, сәйкесті бөлімшелер қызметшілердің кәсіпорынды энергиямен жабдықтауды, оның жөндеу-механикалық қызметтері, сыртқы ортаны қорғау шаралары және т.б. ұйымдастыру жөнінде дәріс немесе сөйлесулер өткізгені дұрыс.

       Техникалық және диплом алдындағы машықтанудан өтетін студенттер үшін, осы барлық саланың дамуында, өндірісті ұйымдастыру мен экономикада осы кәсіпорынның мәні мен тапсырмасы туралы дәрістер студенттер үшін аса маңызды.

       Машықтануды институттағы сәйкесті кафедра оқытушыларының күшімен кейбір арнайы курстары немесе олардың бөлек бөлімдері оқылуы мүмкін.

 

2.3     Машықтану есебіне қойылатын талаптар

 

Студенттің негізгі құжаты – сол машықтану кезіндегі жазған есебі. Өндірістің бағдарламасына сәйкес, есеп машықтану аяқталғанға 2-4 күн қалғанда, түпкісімен дайындалады. Есеп көлемі 25 беттен кем емес қолжазба немесе 20 бет терілген текст түрінде (MSWORD  формасында бірлік интервалымен және “Times New Roman” топтың 14 шрифтімен).

Есеп құрамында машықтануды ұйымдастыру жөнінде, студенттің алдына қойылатын тапсырмаларды орындау нәтижелері жөнінде, сонымен қатар құрал жабдықтарды ұйымдастыру, көлемін, жетілдіру туралы студенттің өз пікірін білдіретін “Қорытынды” бөлімі міндетті болуы керек.

Сипаттаулар аз көлемді, түсінікті және сандық мәліметтермен, эскиздермен, сұлбалармен, графиктер және сызбалармен қоса берілуі керек. Есептің титул беті белгіленген бірыңғай қалып бойынша орындалады. Есептің титул бетінде жоғарғы оқу орны, факультеті, кафедраның аты, машықтанудың аталынуы, оның өту орны, студенттің фамилиясы, аты, әкесінің аты, тобының индексі, институт және кәсіпорын атынан жетекшілердің фамилиялары және есептің құрылу жылы көрсетіледі. Титул бетінен кейін есепте кәсіпорын атынан жетекшісінің мөрімен куәланған студенттің сипатталуы салынады, одан кейін мазмұны орналасады.

Есептің мәтінді бөлігі АЭЖБИ стандартына сәйкес құрылады [1]. Парақтың шеттері қоршалмайды, ақ шеттері сызықпен бөлінбейді. Есептегі парақтардың нөмірленуі титул бетінен бастап, қосымшалардың соңғы беттеріне дейін алмаспайтын болып келеді. Парақтың нөмерін жоғарғы оң бұрышына қояды да, қоршамайды. Кестелер мен суреттері бар парақтарды алмаспайтын нөмірленуге кіргізеді.

Есептің барлық бөлімдерін араб сандарымен есептің түгел көлемінде нөмірленеді. Бөлімдердің атауы қысқа және мәтіннің айналасында басқы әріптері түрінде бөлектенуі керек. Атауда сөздердің тасымалдауына рұқсат етілмейді.

Сандық материалды кесте түрінде дайындау керек. Әр кестенің нөмірі және тақырыптық атауы болуы керек. Кестені ол туралы мәтінде бірінші рет сөз қылғаннан кейін орналастыру керек.

Технологиялық сұлбалар мен эскиздерді суретпен атайды да, бөлім көлемінде нөмірлейді (мысалы, “Сурет 4.2”).

Машықтанулық есеп студент жұмысын 5-балдық жүйемен бағалайтын және сипаттау беретін, кәсіпорын атынан жетекшісімен тексеріледі. Кәсіпорын атынан жетекшісінің сипаттауы міндетті түрде мөрмен куәланады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарына сай құрылмаған есеп түзетуге қайтарылады.

 

2.4     Машықтанудың қорытындысын алу

 

Машықтану біткенде, студент кәсіпорын мен кафедра өкілдерінен тұратын комиссияға немесе институт кафедрасына сынақ тапсырады. Машықтануды бағалаудың негізгі белгілері:

а) Студенттің машықтану кезіндегі іс белсенділігі;

ә) Студенттің өндірістік тәртібі;

б) Сынақты тапсырғанда студенттің ауызша жауаптары;

в) Орындалған жеке тапсырманың саны мен сапасы;

г) Шеберді, сменаның бастығын алмастырғандағы жұмыс сапасы (өндірістік және диплом алдындағы машықтану кезінде);

ғ) Машықтану есебінің сапасы.

       Машықтану аяқталғанда, әр студент есепті тапсырады, ол кафедра мәжілісінде талқыланады.

       Өндірістік машықтанудың қорытындысы факультет кеңесінде қаралады.

       Өндірістік (жазғы) машықтанулардан есеп 10 қыркүйектен кешіктірмей тапсырылады; ал диплом алдындағы машықтанудан – біткеннен кейін 10 күн ішінде тапсырылуы тиіс.

       Машықтану есебінің өткізілу мерзімдері бұзылған жағдайда, факультет оқу процесінің графигін орындамаған студентті шығарып тастау туралы АЭЖБИ ректорына ұсыныс береді.

 

2.5     Ғылыми-техникалық ақпараттың көздері

 

Ғылыми-техникалық ақпараттың көздері болып:

а) кафедрадан ұсынылатын әдебиеттер;

ә) кәсіпорынның техникалық құжаттамасы:

-       өндірістің техникалық регламенттері;

-       жұмыс инструкциялары мен технологиялық карталары;

-       жабдықтың паспорты, техникалық сипаттамасы мен сызбалары;

-       жобалау материалдары;

-       жаңа техника енгізу туралы жоспарлар мен есептер.

б) желісінде өндірісті басқару құралдарын өндірушілердің немесе сыбайлас салаларындағы кәсіпорындардың  сайттарында болатын ғылыми-техникалық ақпарат.

Барлық қолданылған әдебиеттер есептің әдебиеттер тізімінде келтіріледі.

 

3     Оқу-өндірістік машықтану

 

3.1  Мақсаты мен тапсырмалары

 

Студенттер оқу-өндірістік машықтануға 3-курс аяқталғанда жіберіледі. Ол ОАО “Қазақтелеком”, ГЦТ “Алматытелеком”, “Дальняя связь” Одағы (ОДС) және басқа компаниялардың өндірісімен танысуды білдіреді.

       Таныстырмалы машықтану ақпараттану, электротехника, электр тізбектер теориясы, сандық есептеу техника т.с.с. пәндерінен тәжірибелік дағды алуға және білімдерді баянды етуге қолданылады. Сонымен қатар, кейін кездесетін курстарды өте жақсы игеруге қажет болатын мағлұмат алуға қолданылады.

       Өндірістік машықтанудың мақсаты – институтта алған білімдерін толықтыру және баянды ету, өндірістік ұжым ішінде қоғамдық жұмыстың дағдыларын алу. Өндірістік машықтану кезінде студенттер телекоммуникациялық және радионавигациялық жабдықты зерттейді және аппаратураны техникалық қолдануды ұйымдастырудан тәжірибе алады, өндірісті ұйымдастыру мен экономика, қауіпсіздік техника және рационализаторлық қызметінің мәселелерін зерттейді.

       Машықтану ұзақтығы – 5 апта. Машықтанудың бірінші күнінде студенттер қауіпсіздік техникасынан нұсқау алады да, содан ОАО “Қазақтелеком”, ГЦТ “Алматытелеком”, ОДС және басқа компаниялардың құрылымдық бөлімшелеріне жіберіледі.

 

3.2         Оқу-өндірістік машықтанудан өтудің мазмұны мен тәртібі

 

Қажетті құжаттар дайын болғаннан кейін, жалпы мағлұмат алу мақсатында студенттер жетекшімен бірге кәсіпорын бойынша экскурсиядан өтеді. Кәсіпорын және жеке бөлімшелер бойынша экскурсия кезінде, студент-машықтанушылар өндірісті ұйымдастырудың жалпы қағидаларымен, сонымен қатар басқарудың әкімшілік сұлбасы мен кәсіпорынның әкімшілік бөлімдерінің және қызметтерінің рөлімен танысады.

Кәсіпорынды қарап шығу алдында, бөлімшенің жауапты қызметшісі студенттермен сөйлесу өткізеді. Онда кәсіпорын жөнінде негізгі тарихи мәліметтер, жұмысының маңызды көрсеткіштері, өндірістің құрылымы мен оны ұйымдастырудың ерекшеліктері, басқа кәсіпорындармен байланысы айтылып кетуі тиіс.

Содан кейін студент-машықтанушылар бригадаларға (топтарға) бөлініп, бөлімдерге жіберіледі. Өндіріспен, аппаратураның жұмысымен танысу жұмыс орындарында өтеді.

 

3.3         Жеке тапсырма

 

       Жеке тапсырманы орындағанда, студент институтта алған білімін машықтану кезінде көрсете білуі тиіс.

       Мысалы ретінде, келесі жеке тапсырмалар болуы мүмкін:

       а) жабдықтардың құрылымдық сұлбасын құру;

       ә) бөлек түйіндерді құру, олардың қызметі;

       б) жабдықтаң даму жоспарын құру;

       в) компьютерде бағдарламаларды жасау;

       г) бөлек түйіндерді есептеу (регенерациялық, дистанциондық қоректену, байланыс сапасы, сенімділік, т.с.с.);

       д) бағыттаушы ортаны анықтау;

       е) аппаратураның өткізу қабілеттілігін жоғарылату әдістері т.б.

 

3.4  Жалпы инженерлік машықтанудың жұмыс уақытын шамалап    бөлу

 

       Өндірістік машықтану үшін кафедрада оқу жоспары бойынша 5 апта бөлінген, ол 5 күндік жұмыс аптасы кезінде, 25 жұмыс күнін құрайды. Машықтануда болғанда, студенттер құрылымдық бөлімшелер қызметкерлері үшін белгіленген, ішкі тәртіп ережелеріне бағынады. жоғарыда белгіленген жұмыс күндеріне байланысты, студенттер жұмыс уақытын келесідей бөлу ұсынылады:

 

3.4.1    Құжаттарды дайындау, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау алу мен кәсіпорынмен экскурсиялық танысу – 1 күн.

 

3.4.2    ХҚТС пайдалану қызметі немесе ОАО “Қазаэронавигация”

 

а) АМТС құрылымдық сұлбаларын оқып білу – 2 күн;

ә) УАК, ISDN құрылымдық сұлбасын оқып білу – 2 күн;

б) электр сигналдардың өту қағидаларын, бақылаушы жиіліктерде, сигнализацияны оқып білу – 2 күн;

в) радионавигациялық жабдықтау жұмысын ұйымдастыру сұлбаларын оқып білу – 6 күн.

 

3.4.3    Линиялық-аппараттық цех (ЛАЦ) немесе радионавигациялық зертхана

 

а) аппаратураның құрылымдық сұлбасын, бөлек түйіндердің қызметін, басқалармен байланысын оқып білу – 10 күн;

ә) қозғалмалы тексеру пульттерін оқып білу және жабдықтарды тексеруге арналған профилактикалық жұмыстарға қатысу – 5 күн.

 

3.4.4    Кабельрост пен бақылаушы мұнарасымен танысу – 1 күн.

 

3.4.5    Электрқоректендіру қондырғысымен танысу – 1 күн.

 

3.4.6                     Сынақ – 1 күн.

 

 

Студенттердің жұмыс уақытын жергілікті шарттарды ескеріп, өзгертіп бөлуге болады.

 

 

3.5              ЛАЦ жабдығын оқып білу

 

Машықтанудан өткенде, ЛАЦ-тың кабельдік және цифрлық жабдықтарымен танысу керек. Бұл кезде келесі мәселелерге көңіл аудару керек:

3.5.1  Жеке түрлендіргіш жабдық. Спектр құрастыру, құрылымдық сұлбадағы блоктардың қызметін, сигналдың өтуін, тасымалдаушы жиілік мәндерін, тарату және қабылдау деңгейлерінің шамасын қарастыру. Сонымен қатар, ТЖ арнаның негізгі мінездемелерін, біріншілік топтың құрылуын. Арнадағы бөгеуіл қорғанушылығын есептеу. Арнаның ЛАЦ бойымен өтуі.

3.5.2  Топтық түрлендіргіш жабдық, ИКМ типті беру жүйелері.

Құрылымдық сұлбаның блоктарын, жүйенің негізгі және инверсті спектрдің құрылуын, екіншілік құрылуды, тасымалдаушы жиіліктерді қарастыру. Екіншілік пен үшіншілік топтардың негізгі сипаттамалары – деңгейлер диаграммасымен танысу, амплитуда-жиіліктік сипаттамасымен, сызықтық емес коэффициенті, паразитті модуляция, бөгеуіл деңгейлерінің тарату мен қабылдау тракттары арасындағы қорғанушылықпен танысу.

3.5.3  Өлшеу приборларымен танысып, олардың жұмыс істеу қағидасын және қолдануды оқып білу. Мысалы: псофометр, гармоникалардың анализаторы, жиілікөлшеуіш, деңгейді өлшегіш, ток пен кернеу өлшеуіші, Приборлардың техникалық мәліметтерімен және олармен істеу тәртібімен танысу. Айтылған приборлар көмегімен өлшеулер жүргізу.

3.5.4  Жабдықтың орналасу жоспарымен танысу. Автозал ішінде жабдықты орналастыру қағидасы. Стнациялық конструкциясы мен жинақталуы. Науалардың құрылғысы мен станциялық кабельдерді төсеу әдісі. Автозалдағы токүлестіргіш желісі. Станциялық сигнализацияның түрлері мен қызметі.

 

                     ЛАЦ бойынша есептің мазмұны

 

-       тарату жүйесінің (аппаратураның) құрылымдық сұлбасы. Түрлі блоктардың аталынуы ашылған түрде көрсетілуі тиіс;

-       аппаратураның барлық блоктарының қызметі түсіндіріледі және олардың техникалық сипаттамалары беріледі, ішіндегі біреуінің нақтылық сұлбасы көрсетіледі;

-       ақырғы станцияның басқа станциялармен шығыс және кіріс байланысының барлық бағыттары үшін, байланыс тракттардың сұлбалары, бағыты мен ақпаратты беру әдістері ескеріліп, көрсетілдеі және түсіндіріледі;

-       беру жүйесінде қолданылатын байланыс линияларының комплектілерінің қызметі мен типтері көрсетіледі. Платадағы комплект саны мен стативтегі платалар саны келтіріледі;

-       синхронизация түрі мен қызметі қарастырылады, жүйенің қоректену сұлбасы келтіріледі;

-       станцияның жұмысы кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша сипаттамасы беріледі;

-       мәлімдеме бойынша орындалған жұмыстардың сипаттамасы келтіріледі;

-       тексеруші жабдықтардың қызметі мен оларды қолдану әдістері;

-       бір прибор үшін тексерулердің құрылымдық пен нақтылық сұлбалары;

-       табылған бұзылулардың анализін көрсетіп, орындалған тексерулердің тізімі мен сипаттамасы;

-       тексеру кезінде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша сипаттамасы;

       Жабдықты тексерудің сұлбалары мен әдістерін оқып білу. Бұзылуларды анықтау мен дағдыны алу мақсатында, түрлі жабдықты тексеруге тікелей қатысу.

       Жабдықты тексеруде қолданылатын бағдарламалық қамтамасыз етуді оқып үйрену.

       Жұмыс істеу барысында үйрену керек:

       а) тығыздалған тізбектердегі тракттардың сұлбалары;

       ә) тарату жүйесінің жинақталуы мен орналасуы;

       б) осы аппаратураның қызмет көрсету тәртібі;

       в) бағдарламалық қамтамасыз етуді қолдану кезінде, ТЖ автоматтандырылған қызмет көрсетуінің тәртібі.

       Техникалық есепте келтіріледі:

-       ТЖ ақырғы жабдықтың жиынтығы;

-       ТЖ жабдығын орналастыру;

-      ТЖ қолданғандағы АТС пен АМТС арасындағы байланыс трактының сұлбасы;

-      ТЖ аппаратурасын пайдалану кезінде өткізілетін тексерулер мен өлшеулер тізімі;

-      ТЖ аппаратурасын пайдалану, тексеру, өлшеулер жүргізу кезінде қолданатын бағдарламалық қамтамасыз етудің қысқаша сипаттамасы.

       ЛАЦ-та жұмыс істегенде оқып білу керек:

1)   байланыс линияларын айырып-қосу щиттерді (промщиттерді) орналастыру жоспары мен олардың қызметі.

2)   сынап өлшейтін үстелдің құрылымы мен қызметтері.

3)   байланыс линияларын кросстау жұмысы мен линияларды өлшеу.

4)   байланыс линияларда өлшеу жүргізгенде, қолданылатын қамтамасыз ету.

       Кросстау бойынша техникалық есепте көрсетіледі:

-       кросстауға арналған жабдықты орналастыру мен қызметі;

-       сынап өлшейтін үстелдің қызметтері;

-       автозал ішіндегі байланыс линиялардың өту сұлбалары, кабель түрі, сыйымдылығы, қорғаныс құрылғылар мен рамкалар көрсетіледі;

-      станцияаралық байланыстарды кросстау бойынша студент- машықтанушылардың орындаған жұмыстардың тізімі мен сипаттамасы.

       Радионавигациялық жабдықтарды оқып үйренген кезде, студенттер сәйкесті аппаратураны қарастырады және есептерінде сәйкесті сипаттау сұлбаларын келтіреді.

 

4          Екінші өндірістік машықтану

 

4.1   Мақсаты мен тапсырмасы

 

       Машықтанудың мақсаты – студенттердің институтта алған білімдерін баянды ету мен кеңейту. Машықтану кезінде студенттер аппаратураны техникалық пайдалану мен қызмет көрсетуі бойынша іс жүзінде дағдылануы тиіс, экономика мен өндірісті ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы мен рационализаторлық әрекеті туралы мәселелерді оқып білуге тиісті. Өндірістік машықтануға студенттер 4-ші курсты аяқтағанда жіберіледі.

       Машықтану ұзақтығы 5 апта.

       Машықтанудың бірінші күні студенттер қауіпсіздік техникасынан нұсқау алып, ОАО “Қазақтелеком” және басқа компанияның бөлімдеріне жіберіледі.

       Машықтану тапсырмаларына келесі негізгі мәселелер енуі керек:

       4.1.1  зертхана мен кәсіпорынның бөлімдерінің ғылыми-зерттеулік пен пайдаланушылық іс-әрекетіне қатысу;

       4.1.2   халықаралық стандарттың, ГОСТ және ЕСКД талаптарына сәйкес жобалау-конструкторлық құжаттаманы құрастырудың негізгі кезеңдерінде қатынасу;

       4.1.3  негізгі инженерлік есептеулерді орындаудың дағдыларын алу;

       4.1.4  тәжірибелік зерттеулерді модельдеу , өткізу мен қою дағдыларын, есептеу техниканың құралдарын қолданып, тәжірибе мәліметтерін өңдеу мен талдау дағдыларын алу;

       4.1.5  электрондық бақылаушы өлшеуіш аппаратураны қолданған кезде, дайын өнімді бақылау мен зерттеу әдістерін оқып білу.

       Машықтану мазмұнында зертханалар  мен кәсіпорынның бөлімдерінің іс-әрекетімен танысу керек. Айта кетсек, кәсіпорынның пайдалануы мен жөндеу бөлімдеріне негізгі назар аударылуы тиіс.

       Машықтану кезінде студенттер техникалық бақылау бөлімінің, зертханалар  мен кәсіпорынның бөлімдерін пайдалану мен жөндеу бөлімшелерінің іс-әрекетімен танысады. Олар инженердің басшылығымен аппаратураны дәлдейтін қызметшілердің жұмыс орындарында жұмыс істей алады.

 

       Жеке тапсырмалардың мысалға болатын тақырыптары:

-      өндіру мен пайдалану үрдісі кезінде радиоэлектрондық аппаратураның жұмыс істеу қабілетін бақылау әдістері;

-      пайдалану үрдісінде радиолектрондық аппаратураны көзбен шолып әдісі мен құралдық диагностикалық әдісі;

-      радиоэлектрондық аппаратураның электромагниттік тіркесушілігін қамтамасыз ету әдістері;

-      аппаратура жұмысының жылулық тәртібін қамтамасыз ету әдістері;

-      ұялық, пейджингтік, тринкингтік, спутниктік және магистралды байланыстың дауыспен қосталған бейнелік сигналдарын таратуға арналған өнеркәсіпті радиотаратқышын жасаудың құрылымдық сұлбаларын оқып зерттеу;

-      курстық жобада есептелінетін өнеркәсіптік нақтылық сұлбаларды және жоғарыда айтылып кеткен таратқыштардың жоғары жиіліктік трактінің нақтылық сұлбаларын оқып білу;

-      радиотаратқышты іске қосу, жұмыстық жиілікке дәлдеу мен оны пайдалану бойынша тәжірибелік жұмыстарды жүргізу мен танысу. Сонымен қатар, мүмкін болатын болса, радиоқабылдағыштың өзін және бөлек блоктарын дәлдеу және жөндеу;

-      дыбыс пен бейне сигналдарын редакциялау үшін, ұйымдарда орнатылған кәсіби компьютерлік бағдаламаларымен танысу;

-      кәсіпорындармен шығарылатын немесе пайдаланылатын өнімдердің негізгі түрлерін және олардың техникалық сипаттамалырын оқып білу;

-      жобалау мен осы жобалауды автоматтандыру кезінде компьютерлерді қолдану, электрондық өнімдердің үлгілерін эксперименталды зерттеулер жүргізгендегі нәтижелерін өндеу.

 

4.2  Студент-машықтанушылар жұмысының жоспары мен ХҚТСПЖ машықтанудың техникалық сесбінің мазмұны

 

       Халықаралық қалааралық телефондық станцияда (ХҚТС) машықтану өткен кезінде, негізгі цехтар мен қызметтермен танысу қажет болады.

 

       4.2.1 Автоматика жабдығымен танысу

      

       Автоматика жабдығының құрылымдық сұлбасын оқып зерттеу, жабдықтың келесі түйіндерінің құрамын, қызметі мен фнкцияларын қарастыру керек:

       а) коммутациялық жабдық;

       ә) сызықтық жабдық;

       б) комплексті-регистрлік жабдық;

       в) басқарушы құрылғылар.

 

4.2.2    5 ESS типті жабдықтың қызметі

 

4.2.3    Сигнализацияның негізгі түрлері

 

4.2.4    Регистрлік және сызықтық сигнализацияның жүйелері

 

4.2.5    Жүйенің, қызметтің және мүмкіншіліктің ерекшеліктері

 

4.2.6    ISDN және интеллектуалды жүйеде негізделген қызметтер

 

4.2.7   Жалпыға бірдей қолдануға арналған модульді бақылаушы және уақыт интервалдарының блогы деген жабдықтарымен танысу (МСТИ, СБИС, NCT, SM, SMP, TMS, PIDV, TSIV, DI, DLT, TSI, DSU, PSV және т.б.)

 

4.2.8   Цифрлық байланыс жолдарының (ДЛТИ) блогымен, аналогты байланыс жолдарының (АТИ) блогымен, электрбайланыстық интегралды қызметінің линия блогымен (ISLU) танысу

 

4.2.9   Қалааралық сөйлесу туралы ақпаратты жазу жабдығымен танысу

 

4.2.10                  Автозалдың токтаратушы желімен танысу. Түрлі градациялы кернеулердің қатар бойымен, штатив және приборлар бойымен таралудың әдісін анықтау, сақтандырғыштардың орналасуын, олардың типтері мен номиналдарын анықтау.

 

Техникалық есепте келесі мәселелер келтіріледі;

-      құрылымдық сұлба, бөлек түйіндердің қызметі, қажеттілігі және басқа түйіндермен байланысы;

-      орындалған тексерулердің, табылған зиянданулардың талдауымен қоса, тізімі мен сипаттамасы;

-      ХҚТС және АТС станциялар арасындағы байланыс трактінің сұлбасы, монтаждалған сыйымдылық, келешекте дамуы;

-      станциядағы негізгі қызмет ету жұмыстарын ұйымдастыру;

-      негізгі міндеттері көрсетілген техникалық қызметшілердің құрамы.

 

4.3     ЦТЖ сызықтық трактіні оқып білу

 

4.3.1  ЦТЖ трактісі. Ақырғы станцияның (АС) сызықтық трактінің жалпы сипаттамасы. АС құрылымдық сұлбасы, түйіндердің қызметі, қабылдау жағындағы сызықты цифрлық сигналдан цифрлық сигналдарды бөліп шығару.

4.3.2  ЦТЖ аралық станциясы. Ақырғы станцияның құрамы. Сызықты трактінің ақырғы аппаратурасы (СТАА). Сызықтық регенраторлық, телемеханика аппаратурасы (ТМА), қызмет ету байланысының аппаратурасы (ҚБА). Дистанциондық қоректенудің аппаратурасы (ДҚА).

4.3.3  Бірнеше қызмет көрсетілмейтін регенерациялық пункттерді (ҚРП) телебасқару мен олардың кызмет көрсетілетін регенерациялық пункттер (ҚКРП) немесе АС күйлерін телебақылау.

4.3.4  ҚРП орналасу жері, күшейту бөліктерінің аралықтары. Тракт бойында өткізілетін өлшеулер түрлері. Техникалық қызмет көрсету түрлері. Техникалық қызметшілердің құрамы мен сипаты.

Техникалық есепте келтірілетіндер:

-       ЦТЖ ақырғы жабдығының құрылымдық сұлбасы;

-       Беру жүйелеріндегі ақырғы жабдығының жинақталуы

-      Ақырғы пункт (АП), ҚКРП, ҚРП арасындағы байланыс трактінің сұлбасы;

-      Жабдықты пайдалану кезінде тексерулер мен өлшеулер тізімі.

 

4.4     Электрқоректену қондырғысымен (ЭҚҚ) танысу

 

4.4.1  Түзеткіштер мен ЛАЦ-ғы электрқоректену сұлбасымен танысу;

4.4.2  Аккумулятор бөлмесімен және оны пайдалану ережелерімен танысу;

4.4.3  ЭҚҚ жұмыс режимі мен оны пайдалану ережелері;

ЭҚҚ бойынша техникалық есепте:

-       ЭҚҚ қарапайымдалған сұлбасы;

-      Аккумуляторлық батареялар мен түзеткіштердің техникалық сипаттамасы;

-      Аккумуляторлық және түзеткіштік бөлмесіне қойылатын талаптардың орындалуын талдау;

-      ЭҚҚ-нда  студент-машықтанушымен орындалған жұмысты сипаттау.

Радионавигациялық жабдық бойынша техникалық есепте сәйкесті аппаратурасы, сұлбалары, техникалық сипаттамалары туралы ақпарат келтіріледі.

  

4.5     СЦИ машықтанудан өткендегі, жеке тапсырмалардың түрлері

 

4.5.1  СЦИ түрлерінің (STM-1, STM-4, STM-16, STM-32) құрылымдық сұлбаларын, модульдер атауларын толық ашып, блоктар саны мен бағыттағы байланыс линияларын көрсетіп, толығымен оқып білу;

4.5.2  Басқарушы құрылғыларын оқып үйрену. СЦИ кезінде ұйымдастырылатын арналар саны. Жүйенің өткізу қабілеттілігі. Өткізілетін мүмкін ағындар;

4.5.3  Интерфейстік карталарға мүмкін болатын арналарының байланысын орнату, интерфейстік картадағы порттар саны, қорғаныс режимінің типі, қорғаныс режимі кезінде, мультиплексордағы ең үлкен жүктеме;

4.5.4  (TM, H, R, ADM) жабдықтарын пайдалану нұсқауларын оқып зерттеу. Синхронизацияның түрі. Таған типі және (TIU, SSU, BCU, MSU, BBU, SMU, PPU және т.б.) блоктарының номенклатурасы;

4.5.5  СЦИ сызықтық трактісі. СЦИ жабдығының топтары (SVUX, SL, S*C, SR) топтарды қолданудың қызметі. SLT құрылымдық сұлбасы, блоктардың (түйіндердің) қызметі. SMA синхронды мультиплексорлары (құрылымдық сұлбасы, блоктарының қызметі). SN коммутациялық өрісі;

4.5.6  G703 интерфейсі, оның физикалық және электрлік сипаттамалары. (СЦИ, РНИ, ЦГИ) аппаратуралары арасындағы өзара әрекеттесу сұлбасы. Кодтың түрі, оның қызмет етуінің алгоритмі;

4.5.7  Сәулелену көздері мен фотоқабылдағыштар (СИД, ИИ). Сәулелену көздерінің сипаттамаларына қойылатын талаптар. Оптикалық күшейткіштер, сәулелену көздері, түрлері (ВОК, ТАК). Функционалдық сұлба. Оптикалық қабылдағыштар, қызметінің сұлбасы.

4.5.8  Техникалық пайдалану мен техникалық қызмет етудің ерекшеліктері.

 

5      Диплом алдындағы машықтану

 

Диплом алдындағы машықтану оныншы семестрде, студенттер оқу жоспарын толығымен орындап, барлық сынақ пен емтихандарын тапсырып болғаннан кейін өткізіледі.

Машықтану ұзақтығы – алты апта. Әдетте, ол жіберілуге сәйкес, ОАО “Қазақтелеком”, ОДТ, ОДС кәсіпорындарында, НИИ-да, телекоммуникациялық аппаратураны жөндеу мен оны пайдаланумен айналысатын саудалық және жеке меншік құрылымдарында, сонымен қатар, ҚР абоненттеріне қызмет көрсетумен айналысатын құрылымдарда, институт кафедрасында өткізіледі.

Диплом алдындағы машықтанудың ерекшелігі – студенттің орындайтын жұмысының сипаты инженерлік сипатына максимал түрде жақындастырылған. Оның мәні мынада: студенттер жабдықты жобалау, жасау, дайындау, сынау, пайдалану мен жөндеу жұмыстарында белсенді түрде қатынасу.

 

5.1    Диплом алдындағы машықтанудың мақсаты мен тапсырмалары

Диплом алдындағы машықтанудың мақсаты студенттің институтта алған теориялық білімдерін баянды ету болып табылады. Дипломдық тапсырмасының тақырыбы бойынша өндірісті оқып үйрену, сонымен қатар, дипломниктің алдына қойылатын, нақты ғылыми-техникалық инженерлік тапсырманы өз бетімен орындауға дайындау. Осы тапсырманың қиындығының деңгейі инженердің квалификациясын талап етеді.

Ол үшін келесі тапсырмаларды орындау қажет:

-       дипломдық жоба тақырыбына байланысты инженерлік-техникалық тапсырмаларды орындау үшін қолданылатын, оқу үрдісі кезінде алған білімдерді баянды ету және кеңейту;

-       ғылыми-зерттеулік, жобалық-конструкторлық және өнертапқыштық әрекеттерді ұйымдастыруын, сонымен қатар жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорынның экономикалық қызмет көрсету жұмысын ұйымдастыруды оқып білу;

-       дипломдық жоба тақырыбына қажетті фактілік материалды жинау;

-       қоршаған ортаны қорғауды ұйымдастыру мен кәсіпорындардағы профтазалығымен байланысты, қажетті материалды жинау;

-       автоматика құралдарын енгізудің техника-экономикалық тиімділігі туралы мәліметтерді жинау.

 

5.2     Машықтанудың мазмұны студенттің инженерлік-техникалық қызметкерлерінің ұжымында штаттық қызметтің біреуінде немесе дублер ретіндегі жұмысымен анықталады. Ол дипломдық жоба тақырыбына сәйкес болатын, байланыс аппаратурасын зерттеу, өңдеу, жобалау, техникалық қызмет көрсету, жөндеу мен дәлдеу жұмыстарына қатысады. Машықтанудың мазмұны жеке тапсырмамен және одан өтудің күнтізбелік жоспарымен анықталады.

 

5.3     Айтылып кеткен мәселелермен танысумен қатар, студент институт атынан бекітілген жетекшімен келісілген жеке тапсырманы орындайды. Бұл тапсрыманың мақсаты – студенттің дербестігін дамыту, маман ретінде техникалық ой-өрісін кеңейту және математикалық модельдің әдістерін қолдану арқылы, өндірістің нақты есептерін шешу үшін, институтта алған теориялық білімдерін қолдану ептілігін тексеру. Жеке тапсырма дипломдық жоба тақырыбымен тығыз байланыста болады. Жеке тапсырманың нақты мысалдары: типтік математикалық модельдерді дайындау, жасалынатын модельдерді, олардың бара-барлық көзқарасына қарағанда, талдау, модельдерді түзету туралы ұсыныстарды жасау, қажетті эксперименталдық деректерді талдау. Өндірістің ықшамдау әдістерін, экономикалық талдауын қолдану туралы ұсыныстардың, есептеулердің алгоритмін жасау тапсырмасы берілуі мүмкін.

Жеке тапсырманың құрамына енетіндер:

-       дипломдық жоба тақырыбына сәйкес жете зерттеулердің күйін оқып білу (патенттік талқылау, қажетті техникалық әдебиет, құжаттарды оқу мен таңдау);

-       дипломдық жоба тақырыбына байланысты теориялық және тәжірибелік зерттеулерді жүргізу (өндіретін макет, түйін немесе жүйенің құрылымдық және нақтылық сұлбаларын жасау);

-       макеттің тәжірибелік зерттеулері және нәтижелерді өңдеу (ЭЕМ есептеулер бағдарламаларын жасау, оларды іс жүзінде тексеру);

-       дипломдық жобаға енетін экономика, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау тараулары бойынша қажетті материалдарды таңдау мен талдау.

Теориялық жұмыстары – жеке тапсырмасы мен машықтану жетекшісі беретін консультациясына сәйкес, ғылыми-техникалық әдебиетті өз бетімен оқуды білдіреді.

Жеке тапсырмалардың мысалға болатын тақырыптар:

-       жұмыс қабілеттілігін бақылау мен диагностиканың алгоритмін инженерлік әдіспен өңдеу;

-       жұмыс қабілеттілігін бақылау мен диагностиканың алгоритмін информациялық әдіспен өңдеу;

-       желі топологиясының диагностика жүргізудің алгоритмін өңдеу;

-      бітірілген функционалдық құрылғысының автоматтандырылған функционалдық диагностикасының жүйесі үшін коммутация сұлбасын өңдеу;

-      байланыс жүйесінің, түйіннің құрылымдық сұлбаларын өңдеу, желіге байланысты барлық қажетті техника-экономикалық есептеулерді орындау;

-      әрекеттегі, сонымен қатар,енді енгізілетін байланыс құралдарының электромагниттік тіркесушілік мәселелерін қарастыру;

-      электрондық аппаратураның сапалық көрсеткіштерін жақсарту әдістерін және жетілдірілген түйіндер немесе блоктарының құрылымдық немесе функционалдық сұлбаларын өңдеу;

-      SDH иерархиясының топологиясын өңдеу, қажетті техникалық есептеулерді көрсету: байланыс жолдарының жүктемесі, сенімділік, мультиплексорлау кезіндегі кіріс және шығыс әдістерін;

-      мультиплексор жұмысын оқып білу, байланыстағы көлік технологиясының сұлбасын өңдеу, сонымен қатар қосылудың құрылымдық сұлбасын көрсету.

 

 

 6  Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау

 

Еңбекті қорғау мәселелерін қарастырған кезде, студенттің өндірісті жетілдіру мақсаты мен еңбекті қорғау мақсатарының өзара үздіксіз байланыста екені туралы, инженерлік-техникалық қызметкерлердің еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етудегі жауапкершілігі туралы нақты түсінігі қалыптасу керек. Телекоммуникациялық құрылғыларды жөндеу кезінде, жұмыстың қауіпсіз тәсілдерінің дағдыларын алу, студенттерді «Еңбекті қорғау» пәнін түсінуге дайындау керек.

Машықтанудан өту барысында студенттер еңбекті қорғау, еңбек жағдайлары, тікелей жұмыс орындарындағы және жұмыс орындарына орналасатын бөлмелердегі потенциалдық қауіптер деген мәселелерді оқып білуі тиіс.

Машықтану түріне байланысты, машықтанулық дайындыққа келесі тапсырмалар кіреді:

-       өндірісте, цехта және жұмыс орнында еңбекті қорғау қызметін ұйымдастырумен танысу;

-      жұмыс орнын (жұмыстық тұрыс, еңбек объектілерін орналастыру, жинақтайтын бұйымдар, жабдықтар, құралдар, приборлар) дұрыс ұйымдастыруын оқып білу;

-      түйіндер, бөлшектер, олардың көздерінің технологиясымен және қорғау әдістерімен байланысты зиян факторлардың адам ағзасына әсерін оқып білу;

-      өрттен қорғануды ұйымдастыру, тұтанудың мүмкін болатын көздері мен өртті сөндіру тәсілдерімен танысу;

-       электржабдықтарымен жұмыс істегенде және электр тогының зақымдануына түскен адамға алғашқы көмек көрсеткен кезде, қауіпсіздік техникасының ережелерін оқып білу;

-       электрқауіпсіздік пен қорғаныстың жеке әдістерін қамтамасыз етуге арналған қорғаныс шараларымен танысу.

Еңбекті қорғау мәселелерін зерттеген кезде, “Еңбек пен қоршаған ортаны қорғау” кафедрасы студенттерді әдістемелік қамтамасыз етеді. Еңбекті қорғау мәселелері жеке тапсырманың құрамына еніп, машықтану есептерінде келтіріледі.

Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін зерттеген кезде, студенттің өндіріс пен оның өнімдерінің қоршаған ортамен әрекеттесуі жөнінде, экология мәселелеріне деген ілтипатты көңіл бөлу туралы түсінігі қалыптасу керек.

Машықтану тапсырмаларына келесі тапсырмаларды енгізу керек:

-       кәсіпорында қоршаған ортаны қорғау шараларын ұйымдастыруын оқып білу (құқықтық және нормативтік құжаттар, санитарлық нормалар және т.б.);

-       өндіріс пен оның өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін оқып білу (электромагниттік өрістердің, агрессивті газдардың және т.б.);

-       кәсіпорынның экологиялық паспорты бар электрондық приборлар мен құрылғыларды, өңдеудің технологиялық процесі кезінде қолданатын, зиян заттарды сақтау және пайдалану мәселелерімен танысу;

-       қоршаған ортаға өнідірістің зиянды өнімдерінің түсудің мүмкін болатын себептерін анықтау, қорғаныс шаралары;

Қоршаған ортаны қорғау мәселелері кәсіпорында дәрістер мен сөйлесулерде айтылып, жеке тапсырманың бөлімдеріне енгізілуі тиіс.

 

7  Өндірістегі экономика, ұйымдастыру мен басқару

 

Мақсаты – студенттерді кәсіпорынның жұмысымен, оның ұйымдастырушылық құрылымымен және өндірістің тиімділігін, өнімнің сапалығын жоғарылатуға бағытталған шаралармен, радиобайланыс инженердің экономикалық дайындығына деген талаптармен таныстыру.

Машықтанудың түріне байланысты, дайындықтың тапсырмаларына төмендегі мәселелерді енгізу керек:

-       цех, бөлік, түйін, кәсіпорынның басқаруын ұйымдастыру;

-       еңбекті ұйымдастыру мен моралді және материалды ынталандырудың жүйесі;

-       кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштері;

Машықтану барысында студенттерге қажет:

-       технология және өндірісті басқару мен экономикасының арасындағы байланысын жете зерттеу;

-      еңбекті ғылыми ұйымдастыруын қолданумен, байланыс қызметтерінің өнімділігі мен сапалығын жоғарылатудың шаралармен танысу;

-      өндіріс өнімінің сұраныс пен өтімі деген мәселелерімен танысу (маркетинг).

Өндірістің экономикасы мен ұйымдастыруы жөніндегі материалдарды жинап, жеке тапсырма ретінде орындауға болады.

Диплом алдындағы машықтану барысында, студенттер келесі пәндер бойынша өздерінің білімдерін баянды етеді: өндіріс экономикасы, экономика және менеджмент, өндірісті ұйымдастыру мен жоспарлау, кәсіпорынды басқару. Бұл білімдерін дипломдық жобаны экономикалық тұрғыдан негіздеу бойынша материалды дайындау мен талдау кезінде қолданады.

Экономика мәселелерін оқуға арналған әдістемелік нұсқау және экономика бойынша жеке тапсырмалардың тұжырымдалынуы, машықтану басталмай тұрғанда, экономикалық пәндердің оқытушыларымен іске асырылады. Өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру мәселелері кәсіпорындағы сәйкесті бөлімшелері қызметкерлерінің дәрістерінде және сөйлесулерінде қарастырылады.

Машықтану барысында қарастырылған, өндірістің экономикасы мен ұйымдастыру жөнінде материалдары (технологиялардың, өнімдердің экономикалық сипаттамалары мен оның бағалануы) машықтану есептерінде келтіріледі.

 

8  Күнделіктер мен есептерді дайындауға арналған ұсыныстар

 

8.1 Машықтану бойынша күнделік пен есепке қойылатын талаптар

 

Күнделік әр студентке беріледі және машықтану бойынша есепті құрастырудың негізі болып табылады. Күнделікке машықтанудың өтуі туралы жұмыстық жазбалар күн сайын енгізіледі (қауіпсіздік техникасын тапсыру, бір күнгі өндірістік жұмыс, жеке тапсырманы орындау жөнінде жазбалар, дәрістер, сөйлесулер және экскурсиялардың мазмұны, т.б.). Техникалық есеп аппаратураның сипаттамасы мен құрылымдық сұлбадан басталуы иіс. Одан кейін тарауларына байланысты, материал тізбектеліп келтіріледі. Сосын станцияаралық байланыс жолын кросстау әрекетіне біртіндеп өтуге болады және т.б. Есептің соңында қорытынды болуы тиіс.

Техникалық есеп берілген желі мен станцияға немесе радионавигациялық жабдыққа қатысты нақты материалдарды қамту керек. Есепте негізгі көңіл талдау, бағалау, критикалық ескертулер мен ұсыныстарға аударылуы тиіс.

Машықтанудан күнделігі кәсіпорын мен институт атынан жетекшілерімен жүйелі түрде (аптасына 1-2 рет) тексеріледі. Машықтану аяқталысымен күнделікке студенттің жұмысы жөнінде сипаттау беріліп, мөрмен расталады.

Оқулықтар мен оқулық әдістемелерінен алынған материалдар, сонымен қатар, басылып шығаруға тиым салынған мәліметтер есепте келтірілмейді.

Барлық суреттер, графиктер, сұлбалар нөмірленіп, мәтінде қысқаша түсіндірілуі тиісті. Барлық суреттер мен сұлбалар сызу ережелері мен АЭЖБИ фирмалық стандартына [1] сәйкес қатаң орындалуы тиіс.

Құрылымдық сұлбада барлық станциялар өзіндік таңбасы бар төртбұрыштармен белгіленеді. Физикалық байланыс жолының әр шоғырын бағытталған ұшы бар түзумен және өтімділігін көрсететін , көлденең сызықтармен белгілейді. Тығыздалған тізбектер екі түзумен көрсетіледі.

Машықтанулық дайындықтың (машықтану бағдарламасына сәйкес) нәтижелері, жеке тапсырмадағы барлық тараулардың орындалуы машықтанудан есеп түрінде дайындалады. Тапсырманың техникалық бөлігі эскиздер, сұлбалар, графиктерді қамту керек.

Студент есебін машықтанудан өту барысында дайындайды да, машықтану соңына 2-3 күн қалғанда, оның сапасын анықтайтын, институт атынан машықтану жетекшісі бағасын береді.

8.2 Машықтанудың қорытындысын алу

 

Дифференцияланған сынақ машықтану аяқталғанда, құрамында кафедра оқытушылары бар, комиссия алдында қорғау түрінде өткізіледі. Студент машықтануының нәтижелерін бағалаған кезде, машықтану бағдарламасының орындалуы ескеріледі. Сонымен қатар, экономика мен еңбекті қорғау тараулары, студенттің өндірістік жұмысы, күнделікті жүргізудің жүйелілігі, есептің сапасы мен сынақтағы берген жауаптары ескеріледі.

Қанағатсыз бағаны алған студент машықтануға қайтадан жіберіледі.

 

 

Әдебиеттер тізімі

1.     ФС    РК    10352-1910-У-е-002-2003  - Фирменный стандарт. Учебно-методические работы. Общие требования к построению, изложению, оформлению и содержанию учебно-методичекой документации.

2.     Иванов В.И., Гордиенко В.Н. и др. Цифровые и аналоговые системы передачи. – М.: Радио и связь, 1995.

3.     Баева Н.Н. Многоканальная электросвязь и РРЛ. – М.: Связь, 1988.

4.     Зингеренко А.М., Баева Н.Н., Тверецкий М.С. Системы многоканальной связи. – М.: Связь, 1980.

5.     Зингеренко А.М. Аппаратура кабельных цифровых СП.– М.: Связь, 1984.

6.     Левин Л.С., Плоткин М.А. Цифровые системы передачи информации. – М.: Радио и связь, 1982.

7.     Берганов И.Р., Гордиенко В.Н., Крухмалев В.В. Проектирование и техническая эксплуатация систем передачи. – М.: Радио и связь, 1982.

8.     Скалин Ю.В., Бернштейн А.Г., Финкевич А.Д. Цифровые системы передачи. – М.: Радио и связь, 1988.

9.     Ситняковский И.В. и др. Цифровые системы передачи АЛ. – М.: Радио и связь, 1987.

10.  Шмалько А.В. Цифровые сети связи. – М.: ЭКО-Трендз, 2001.

11.  Парфенов Ю.А., Мирошников Д.Г. Последняя миль на медных кабелях. – М.: ЭКО-Трендз, 2001.

12.  Бакланов И.Г. Технология измерения первичной сети. - М.: ЭКО-Трендз, 2000.

13.  Бакланов И.Г. Тестирование и диагностика систем связи. - М.: ЭКО-Трендз, 2001.

14.  Кемелбеков и др. Волоконно-оптические кабели. – Томск, 1999.

15.  Кемелбеков и др. Оптические кабели связи. – Томск, 2001.

16.  Гауэр. Дж. Оптические системы связи. – М.: ЭКО-Трендз, 2001.

17.  Гроднев И.И., Ларин Ю.Т. Оптические кабели. – М.: Энергоатомиздат, 1991.

18.  Кириллов В.И. Проектирование цифровых многоканальных систем передачи: Учебное пособие. –М.: БГУИР, 1998.

19.  Слепов Н.Н. Синхронные цифровые сети SDH. – М.: Связь, 1997.

20.  Гордиенко В.Н., Крухмалев В.В. Проектирование и технологическая эксплуатация СП. – М.: Радио и связь, 1996.

21.  Демина Е.П., Резникова Н.П. и др. Менеджмент предприятий электросвязи. – М.: Радио и связь, 1997.

22.  Срапионов О.С. Экономика связи. – М.: Радио и сявзь, 1992.

23.  Баклашов Н.Х., Китаева Н.Х. Охрана труда на предприятиях связи. Охрана окружающей среды. – М.: Радио и связь, 1989.

 

 

2004ж. құрама жоспары, поз.80

 

 

Сергей Владимирович Коньшин

Бақтыхан Байбөріқызы Агатаева

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК  ЖӘНЕ ДИПЛОМ АЛДЫНДАҒЫ МАШЫҚТАНУДАН ӨТУДІҢ

БАҒДАРЛАМАСЫ МЕН ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

(380240 – Көпарналы телекоммуникациялық

жүйелер, 380940 – Радиобайланыс және

радионавигация мамандықтарының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы Ж.А. Байбураева.

 

 

 

 

 

Басылымға қол қойылды___.___.___.        Форматы 60х84 1/16

Тиражы 50 экз.                                    Қағаз типографиялық № 1

Көлемі 1,8 оқу-баспа әдебиеті.                 Заказ_____. Бағасы 52 теңге

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байтұрсынұлы, 126