АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Телекоммуникациялық жүйелер кафедрасы
КӨПАРНАЛЫ
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛЕРI
№ 2 есептеме-сызбалық жұмысты орындауға тапсырмалар мен
әдістемелік нұсқаулар
(380240-Көпарналы телекоммуникациялық
жүйелерi
мамандығының студенттері үшiн)
Алматы 2004
ҚҰРАСТЫРУШЫ: А.Т.Омаров. Көпарналы байланыс жүйелерi. № 2 есептеме-сызбалық
жұмысты орындауға тапсырмалар мен әдістемелік
нұсқаулар (380240 - Көпарналы телекоммуникациялық
жүйелерi мамандығының студенттері үшiн). - Алматы: АЭжБИ,
2004. - 19 б.
Бұл әдістемелік нұсқаулар техникалық жоғары
оқу орындарының бағдарламасына сәйкес «Көпарналы байланыс жүйелерi» пәнi курсының маңызды
тақырыптарына арналып жазылған. Оның iшiнде 100 вариантқа
арналған ЕСЖ-ының тапсырмаларынан басқа оларды орындау
және өңдеу бойынша әдiстемелiк нұсқаулар мен
талаптар, сонымен қатар әдебиеттер тiзiмi келтiрiлген.
Сурет 1, кесте 9,
библиогр. 12
атау.
Пiкiр жазушы: техн. ғылым. канд., доцент А.С. Байкенов.
Алматы энергетика және байланыс институты 2004 ж. жоспары бойынша басылады.
ÓАлматы энергетика және байланыс институты, 2004 ж.
2004
ж. жинақтық тақырыптық жоспары, ретi 83
Кіріспе
«Көпарналы байланыс жүйелерi» пәні «Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығында оқитын студенттерге 4-ші курста
оқытылады. Бұл пәннің мақсаты, көпарналы тарату
жүйелердің құрастыру принциптері және олардың негізгі
сипаттамалары, ақырғы жабдықтарын және күре
жолдарын үйымдастыру әдістері, көпарналы тарату
жүйелерінің арналар мен күре жолдары бойымен сигналдарды
тарату сұрақтары және тарату арналарына қойылатын
талаптары туралы бiлiм алу.
Оқу жоспары бойынша КБЖ пәнінен лекциялар
оқытылады, практикалық және зертханалық жұмыстар
жүргізіледі, жетінші семестрде екі есептеме- сызбалық
жұмыстары (ЕСЖ) және сегізінші семестрде курстық жобасы
орындалады, жетінші семестрде сынақ және сегізінші семестрде курс
бойынша емтихан тапсырылады. Оқу процесінде орындалатын ЕСЖ-тар,
студенттерге КБЖ курсының бөлімдерін толығырақ игеруге
мүмкіндік береді, инженерлік тажiрибеде кездесетін есептерді шешiп
үйренуге көмектеседi.
№ 2 ЕСЖ-ына арналарды жиiлiк бойынша бөлетiн
және цифрлық тарату жүйелердiң ақырғы
станцияларын құрастыру, шуылдардың псофометриялық
қуатын есептеу, үндi жиiлiктi (ҮЖ, ТЧ) арналардың
орнықтылығын есептеу туралы тапсырмалары кірді.
ЕСЖ-тың тапсырмаларын орындауға кiрiсу
алдында, ЕСЖ-ты орындау және өңдеу талаптарымен, вариантты
таңдау тәртiбiмен танысыңыз.
Алматы энергетика және байланыс институты осында шығарылатын әдістемелік
оқулықтарға ұқыпты қарауын өтiнедi.
1
ЕСЖ-ты орындау және өңдеу бойынша талаптар
1.1 Вариантты таңдау
Варианттың нөмiрi сынақ
кітапшасының екі соңғы цифрларына (соңғыдан
бұрынғы және соңғы) сәйкес келеді. Мысалы,
егер сынақ кітапшасының номiрі 993102 болса, онда варианттың
номiрі 02 болады.
1.2 ЕСЖ-ты орындау
бойынша талаптар
Әрбiр есепті шығаруды есептiң
тақырыбына қатысты теориялық материалдарды оқудан
бастау керек. Оған әдiстемелiк нұсқаудың
әдебиеттер тізімінде келтірілген, оқу әдебиеттерi
көмектеседi. Тапсырмаларды ойланып, шығару қадамдарын
анық елестетiп, алынған нәтижеге негiздеуiн iстей бiлу керек.
Тексерілген жұмыс қорғауға
жіберілгеннен кейін, студент оны оқытушы тағайындаған
уақытта қорғайды. Табысты қорғау үшін,
оқытушының ескертулері бойынша түзетулердi енгізу, есепті
шешудiң қадамын толығымен түсіндіре білу, есептеу
формулаларының дұрыс қолданылуын негiздеу, оған кiретiн
символдардың мағыналарын білу қажет.
ЕСЖ-ты қорғау кезінде әрбiр студент
есептің шығарылуы бойынша түсініктеме беруге дайын болуы
керек.
Есте сақтау керек: ұқыпсыз, толық
емес немесе басқа вариантпен орындалған ЕСЖ қабылданбайды оны
қайтадан толықтыруға жіберіледі.
1.3 ЕСЖ-ты өңдеуге талаптар
1.3.1 ЕСЖ-тың түсіндірме жазбасы [9] оқу
жұмыстардың фирмалық стандарты бойынша
құрастырылады және безендiрiп қойылады.
1.3.2 ЕСЖ-ын А4
форматты ақ немесе тор сызықты
қағаздың беттеріне
орындалады. Ол ұқыпты өңделуі қажет, мәтiн
беттің бір жағында
анық жазылуы немесе компьютерлік терiлуi
керек. Беттің екінші жағы студенттің түзетулерi
және жұмыстың тексерілуі нәтижесі бойынша
толықтырулар енгізуге арналған.
1.3.3 ЕСЖ-тың титулдық беті [9] студенттің жұмыстарды
өңдеу ережелеріне
сәйкес өңделеді. Онда институттың,
факультеттің және кафедраның, жұмыс орындалған
пәннің аты, ЕСЖ-тың нөмiрі, студенттiң
аты-жөнi, тобы және сынақ кітапшасының нөмiрі,
жұмыстың қорғауын қабылдаушы
оқытушының қызметі және аты-жөнi көрсетілуі
қажет.
1.3.4 Әрбір есептің басында есептің шарты және өз
вариантының бастапқы берілгендері келтіріледі.
1.3.5 Мәтiн беттері, суреттер, кестелер және формулалар нөмiрленеді.
Барлық есептеулер, олардың дұрыстығын тексеру
мүмкін болу үшін, толығымен келтірiледі және
қажетті түсіндірмелермен қоса берiледi.
1.3.6 Есептеу формулалары жалпы түрiнде, әріптік белгілері
түсіндіріліп және өлшемдері көрсетіліп жазылады.
Барлық сандық мәндерді тек негізгі бірліктерде пайдалану
қажет.
1.3.7 Жұмыстың соңында, өңдеу стандарттарына
сәйкес құрастырылған, жұмысқа
пайдаланған әдебиеттер тізімі келтіріледі. Жұмыс мәтiнiнде
есепті шығаруға қысқаша түсініктемелер, сонымен
қатар формулаларды, сұлбаларды, теориялық материалдарды
келтіргенде пайдаланған әдебиетке сілтемелер болуы керек.
Аталған талаптарды сақтамай орындалған есептеме-сызбалық жұмыс, қайта жөндеуге қайтарылады.
2 ЕСЖ бойыынша тапсырмалар және оларға
арналған әдiстемелiк нұсқаулар
№ 1 - есеп
Телефондық арнадағы, өзiнiң
құраушыларының тобымен құрылатын
бөгеуiлдiң псофометриялық кернеуiн, қуатын және деңгейін
анықтау қажет.
Бөгеуiлдiң құраушыларының жиіліктерi және кернеулерi 1 және 2 -
кестелерiнде келтірілген.
Қорытындыда берiлген сұрақтарға
жазбаша түрде жауабын беру керек:
а) бөгеуiлдердiң псофометриялық
кернеуi, қуаты және деңгейі дегенiмiз не және
үндi жиiлiктi (ҮЖ, ТЧ) арнаның нөлдiк салыстырмалы
деңгейi нүктедегi (ТНОУ) оларға қойылған
нормалары қандай?
б) бөгеуiлдердiң псофометриялық кернеуi
қандай аспаппен өлшенеді және оның ерекшеліктері неде?
1 - кесте
Вариант
нөмiрiнiң соңғы саны |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Бөгеуiл
құраушылардың жиiлiктерi, кГц |
0,3 0,5 1,3 2,5 3,0 |
0,4 0,6 1,2 2,0 3,3 |
0,5 0,8 1,6 2,2 3,1 |
0,4 0,8 1,7 2,0 2,5 |
0,6 0,9 1,3 1,8 2,1 |
0,5 1,0 1,7 2,0 3,0 |
0,7 1,1 1,8 2,4 2,8 |
0,6 0,9 1,1 2,6 3,2 |
0,3 1,0 1,7 2,1 2,4 |
0,4 1,4 1,6 2,2 3,1 |
2 - кесте
Вариант
нөмiрiнiң соңғыдан бұрынғы саны |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Бөгеуiл
құраушылардың кернеулерiнiң тиiмдi мәндерi, мВ |
0,5 1,2 4,5 3,1 0,8 |
0,3 3,5 1,2 0,8 0,1 |
2,8 1,6 1,0 2,5 2,2 |
1,2 0,7 1,6 2,7 3,6 |
1,9 4,5 0,7 1,3 1,5 |
2,1 1,9 3,1 0,5 0,3 |
1,5 2,9 3,3 4,2 0,5 |
6,2 0,3 1,5 0,8 0,1 |
0,4 2,7 4,1 0,5 0,3 |
0,1 3,5 1,5 0,9 3,1 |
№ 1 - есепке
әдiстемелiк нұсқаулар
Бұл есепті шығаруға кiрiсу алдында
арналарындағы бөгеуiлдерге және олардың
телефондық тарату әсеріне байланысты КТЖ пәнiнiң материалын зерттеу керек. Бұл материал
[2, 157-159 - бет; 3, 54-57 - бет; 4, 50-54 - бет; 5, 123-126 - бет; 7, 24-25 -
бет; 8, 51-53 - бет] әдебиеттерiнде келтірілген.
Телефондық арналарындағы
бөгеуiлдердiң бөгейтiн әсерi адамның
құлағымен әртүрлі жиіліктерде әртүрлi
қабылданады. Бөгеуiлдiң гармоникалық
құраушылардың бөгейтiн әсерiн бағалау
кезiнде, оларды 800 Гц жиiлiктi (телефондық арналарында) немесе 1000 Гц
жиiлiктi (хабар тарату арналарында) гармоникалық тербелістiң
бөгейтiн әсерiмен салыстырады.
Бөгеуiлдiң f жиіліктi құраушы мен 800 Гц жиiлiктi
гармоникалық тербелістiң бөгейтiн әсерлерi бірдей
болатын кезiнде, олардың Uf және U800 кернеулері
әртүрлі болып шығады: U800=kf ∙Uf.
Мұнда kf - f жиілігiндегi кернеудің псофометриялық
(өлшейтiн) коэффициенті. Ол f
жиіліктi бөгеуiл құраушының, 800 Гц жиiлiктi
гармоникалық тербеліспен салыстырмалы бөгеу әсерiнің
дәрежесін бағалау үшін керек (kf=U800/Uf).
Бөгеуiлдiң псофометриялық
(өлшенген) кернеуі Uб.псоф. әртүрлі жиіліктердегі
кернеулердiң телефондық немесе хабарлық таратудың
сапасына әр түрлi әсерін, яғни сезгiштiгiнiң
жиiлiктi біркелкі еместiгiн көрсетедi. Бұл телефон-
құлақ жүйесінiң өлшеуiш коэффициенттерiн
есепке алып, 600 Ом активтi кедергiдегi өлшенген бөгеуiлдiң
тиiмдi мәнi болады.
Бөгеуiлдiң жиынтық псофометриялық
кернеудiң есебi, оның әрбір құраушының
әсерін есепке алып жүргiзiледі. Бұл әсерi
құраушының тиiмдi кернеуден, сонымен қатар оның
жиілігінен тәуелді болады, оны псофометриялық коэффициентi
көмегімен есепке алады. Телефондық сигналды тарату кезiнде
мұндағы Uf-
бөгеуiлдiң жеке жиіліктi құраушылар кернеуiнің
тиiмдi мәні, В;
kf - f
жиілігiндегi кернеудің псофометриялық коэффициенті;
k800 -
800 Гц салыстыру жиілігiндегі кернеудің псофометриялық
коэффициенті, k800=1.
Uб.псоф.= √
Псофометрдiң (псофометриялық кернеуді
өлшеуіш аспаптың) құрамына 0,3-3,4 кГц
аралығындағы жиіліктерiнде тарату коэффициенті kf - ке
тең (әр түрлi жиiлiктерiнде әр түрлi)
жиіліктi-таңдаушы (псофометриялық) сүзгi, сонымен қатар
квадраттық детекторы кiредi. Псофометрдiң шкаласы мВ псоф.
өлшем бiрлiгi бойынша дәл бөлiктенген.
Бірінші рет 1934 жылы МККТТ - мен ұсынылған
телефондық арна үшін псофометриялық коэффициенттері
қосымшасындағы А.1 - кестесiнде келтірілген.
Егер бөгеуiлдiң спектрі бірқалыпты
болса, онда бөгеуiлдiң псофометриялық кернеуiнiң
мәнi келесідей анықталады
Uб.псоф.= kп∙Uб.тиiм., В,
(3)
мұндағы kп -
бірқалыпты спектрлі бөгеуiлдiң кернеуiнiң псофометриялық
коэффициенті;
U б.тиiм.- бөгеуiлдiң
кернеуінің тиiмдi мәні (өлшенбеген бөгеуiлдiң
кернеуінің мәні), В.
Бөгеуiлдiң
псофометриялық қуатын келесідей анықтаймыз
Рб.псоф.= k2п∙Pб.тиiм., Вт. (4)
мұндағы Рб.тиiм.-
бөгеуiлдiң қуатының тиiмдi мәні (өлшенбеген
бөгеуiлдiң
қуатының мәні), Вт;
kп2 - бірқалыпты
спектрлі бөгеуiлдiң қуатының псофометриялық
коэффициенті.
Қосымшадағы А.1 -
кестесінде келтірілген сезгiштiгiнiң
сипаттамасы болатын псофометрді және 0,3-3,4 кГц арнаның тиiмдi
таратылатын жиілік жолағын (ҮЖ, ТЧ арнасы) пайдаланған кезде,
қуаттың псофометриялық коэффициенті kп2=0,56,
ал кернеудің псофометриялық коэффициенті kп=0,75 - ке
тең болады. Қуаттың псофометриялық
коэффициентінің мәні ҮЖ (ТЧ) арнасындағы бөгеуiлдiң барлық
құраушылардың қуаттарының псофометриялық
коэффициенттерiнің (А.1 - кестесi) орта арифметикалық мәні
ретiнде алынған
kп2
=
Кернеудің псофометриялық
коэффициентінің мәні kп=
Сонда
Рб.псоф.=
0,56∙Pб.тиiм., Вт, (6)
Uб.псоф.=0,75∙Uб.тиiм., В. (7)
Қуат бойынша
бөгеуiлдiң псофометриялық деңгейін келесідей
анықтаймыз
Рм.б.псоф.=10∙lg(Рб.псоф.[мВт
псоф])=10∙lg(Рб.тиiм.[мBт]) - 2,5=рб.тиiм. -
2,5, дБм. (8)
№ 2 - есеп
Жұмыстың берiлген бастапқы шарттары кезінде
екіжақты ҮЖ (ТЧ) арнасының (1 - сурет)
орнықтылығының қорын (артықтылығын)
анықтау қажет. Есептің бастапқы берілгендері 3, 4
және 5 - кестелерінде келтірілген.
Есепті шығару кезiнде келесiлердi
орындау қажет:
а) кестелерiнде берілген шарттары
кезінде арнаның орнықтылығының қорын
анықтау қажет;
б) жұмыстың
қалыпты режiмін (арнадағы номиналдi тарату деңгейлер болатын
режiмiн) қамтамасыз ететiн ұзартқыштардың а1 және
а2 өшулiктiң, сондай ақ S1 және S2 (1 - сурет)
күшейтуінiң шамаларын анықтау, сонымен қатар бұл
режiм үшiн арнаның орнықтылығының қорын
есептеу қажет.
Есептеуде, тарату және қабылдау
бағыттарындағы дифференциалдық жүйелердiң
(дифжүйелердiң) өшулiгiн 3 дБ, ал транзиттiк ұзартқыштардың
өшулiгiн 3,5 дБ деп алуға болады.
Қорытындыда берiлген сұрақтардың
жауабын жазбаша түрде беру керек:
а) тұйық электрлік
жүйе дегеніміз не? Ол қандай жағдайда өздiгiнен
қозады?
б) үндi жиiлiктi (ТЧ) және төменгi жиiлiктi (НЧ)
телефондық арналары үшін нормалар бойынша орнықтылық
қорының мәндері қандай?
в) үндi жиiлiктi (ТЧ) арнасындағы күшейтуiн емес, ал
қалдық өшулiгiн орнататын себебi қандай?
3 - кесте
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
||
Жолдық жағынан жүктеменiң
кедергiсi |
Кедергiнiң модулi zж1, кОм Кедергiнiң бұрышы Кедергiнiң модулi zж2, кОм Кедергiнiң бұрышы |
1,25 -6 0,7 -14 |
1,3 -12 0,95 +27 |
0,35 -35 1,2 -11 |
0,8 +15 1,14 -8 |
0,35 +6 1,65 +12 |
0,95 +25 1,3 -18 |
1,2 -14 1,75 +14 |
0,7 +35 0,6 -22 |
0,5 -12 0,85 +6 |
0,45 +8 1,1 -10 |
4 - кесте
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
||
Баланстық жағынан жүктеменiң
кедергiсi |
Кедергiнiң модулi zб1, кОм Кедергiнiң бұрышы Кедергiнiң модулi zб2, кОм Кедергiнiң бұрышы |
1,4 -4 1,7 -12 |
2,3 -12 0,9 -25 |
0,3 -16 1,2 +8 |
0,9 +15 1,95 -18 |
1,3 -9 0,85 -12 |
0,9 +20 1,1 +6 |
1,4 -7 0,9 +20 |
0,7 +10 1,35 -13 |
0,8 -25 1,4 -5 |
1,6 -15 1,0 +25 |
5 - кесте
Вариант нөмiрiнiң сандық айырымы |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Арнадағы көбейтуiлерi, дБ |
S1 S2 |
4,5 2,5 |
5,0 6,2 |
3,5 5,5 |
9,0 4,1 |
3,7 8,0 |
7,5 4,8 |
6,5 5,1 |
4,8 3,5 |
7,0 6,7 |
8,1 4,7 |
Ұзартқыштардың өшулiктерi, дБ |
а1 а2 |
4,1 2,1 |
3,5 3,3 |
6,8 1,5 |
7,1 4,5 |
8,5 5,2 |
5,5 6,0 |
4,8 4,7 |
9,0 5,8 |
3,1 6,9 |
5,1 7,5 |
S1
дБ дБ дБ БК ТАР ҚАБ дБ БК дБ дБ ҚАБ ТАР
-6,5 дБ
-0,5 дБ
0 дБ атр ДЖ1 ДЖ2 атр -7 дБ
-7 дБ -3,5 дБ
-0,5 дБ -6,5 дБ -3,5 дБ 0 дБ
а2 4,3 дБ -13 дБ а1
S2
дБ - ұзартқыш; ДЖ- дифференциалдық жүйе
(дифжүйе); БК - дифжүйенiң баланстық контуры; ТАР - арнаның тарату жабдығы; ҚАБ - арнаның қабылдау
жабдығы; а1, а2
- ұзаратқыштағы
өшулiгi; атр - транзиттiк ұзаратқыштағы
өшулiгi;
S1, S2 - бөлiмдегi
(участоктағы) кушейтуi. Арнаның әрбiр нүктедегi сигнал
деңгейлерiнiң мәндерi жұмыстың қалыпты режiмі
үшiн берiлген.
1 – сурет. Екіжақты арнаның
құрылымдық сұлбасы
№ 2 - есепке
әдiстемелiк нұсқаулар
Бұл есепті шығаруға кiрiсу алдында тұйық электрлік
жүйе ретiндегi екiжақты телефондық (ҮЖ; ТЧ)
арнасының қасиеттерімен байланысты КТЖ пәнiнiң
материалын зерттеу керек. Бұл материал [2, 69-82 - бет; 3, 16-22 - бет; 4, 33-43, 99-103 - бет; 5, 92-113 - бет; 6, 42-45, 54-57 - бет; 7, 64-76 - бет] әдебиеттерiнде келтірілген.
Екіжақты арналарды
ұйымдастыру кезінде сөзсіз тұйық электрлік
жүйелер пайда болады. Олардың ТЧ арнасында пайда болуы қарама-қарсы
бағыттарда тарату арасындағы өшулiгiнiң шектелген
шамасы болатын айырушы құрылғыларын, дифференциалдық
жүйелерін пайдалануымен (екiсымды тiзбектен төртсымды тiзбекке
және керi көшу үшiн) түсіндіріледі. Осындай
жүйеде айырушы құрылғылардың өтпелі
өшулiктің шектелген шамасы болғанынан бір тарату
бағыттан екіншісіне әсері тигізiледі.
∑ S < ∑ а, (9)
∑φ
≠ 2∙π∙n.
Осы критериге сәйкес,
төменде айтылған екі шарты бір уақытта орындалған кезде
жүйе өздiгiнен қозады: амплитудалар шарты - ∑S≥∑a (керi байланыс
тұзағы бойынша күшейтулерiнiң қосындысы
өшулiктерiнiң
қосындысынан жоғары немесе оған тең) болса
және фазалар шарты - ∑φ=2∙π∙n, мұндағы n=0,1,2…(керi байланыс
тұзағы бойымен фаза бойынша ығысулардың қосындысы
2π-ге еселi) болса. Қаралатын тұйық байланыс
жүйелерiнде фазалық ара қатыстарын тексеру
болмағандықтан, тиiмдi таратылатын жиiлiк жолағының
кез-келген бір жиілігінде фазалар шарты орындалады деп есептейдi.
Сондықтан, талап етілетін жүйенің шартсыз орнықтылығын
қамтамасыз ету үшін, ∑а>∑S теңсіздігін сақтау
керек, сонда тұйық жүйесi орнықты болады.
Өшулiктерiнiң қосындысы
күшейтуiлерiнiң қосындысынан қаншалықты
үлкен екенін көрсететін шама тұйық жүйе
орнықтылығының қоры - Х деп аталады, ал өздігінен
қозбас бұрын (фазалар шарты орындалған кезде)
күшейткіштердің күшейтуiн қаншалықты
жоғарлату болатын шама тұйық жүйесiнiң
орнықтылығы - σ деп аталады
σ = Х/2, дБ. (10)
Керi байланыс тұзағы
бойынша өшулiктерiнiң қосындысын есептеген кезде, тарату
және қабылдау жақтарындағы а1 және а2
ұзаратқыштарының өшулiктерiн және екі
жақтағы дифжүйелерiнiң аөтп өтпелі
өшулiктерiн еске алу қажет. Тең иықты
дифжүйенің өтпелі өшулігi келесідей анықталады
аөтп=Ae+6, дБ, (11)
мұндағы Ае- дифжүйенің
баланстық өшулігi немесе дифжүйенің
теңестiру сапасын көрсететін,
дифжүйе (баланстық контур)
мен транзиттық
ұзартқыштың кедергiлер бойынша қосуының
келiсiлмегендiктен шығатын
шағылысуының өшулігi, дБ.
Ае=20∙lg|(Zкiр.тр.ұз.+Zб)/(Z кiр.тр.ұз.-Zб)| , дБ, (12)
мұндағы Zкiр.тр.ұз.- дифжүйе жағынан
кiрiсiнiң транзиттiк ұзаратқыштың кiрiс
кедергiсi - Ом;
Zб- баланстық контурдың кiрiс кедергiсi -
Ом.
Дифжүйенің
баланстық өшулігiн мынандай формуламен анықтауға болады
Ае= Аеа +2∙атр= Аеа +7, дБ, (13)
мұндағы Аеа- дифжүйенің
линия (жолы) жағындағы қысқыштарына
қосылатын линияның (жолының)
және баланстық
контурдың кіріс кедергiлерiнiң арасындағы келiсiлмегендiгiнiң
өшулігi - дБ.
Аеа =20∙lg|(Żл+ Żб) / (Ż
л - Żб)|, дБ, (14)
мұндағы Zл- дифжүйенің линия жағындағы қысқыштарына
қосылатын линияның кедергiсi - Ом.
Арнаның стандартты
нүктелеріндегі өлшеуiш деңгейінің номиналдi (нормаланған) мәндерін көрсететін стандартты ТЧ арнасының эквивалентті схемасы [3, 21 - бет, 1.23 - сурет; 4, 100 - бет, 4.4 - сурет; 5, 109 - бет, 3.14 - сурет; 6, 43 - бет, 4.1 - сурет] - те, сонымен қатар 1 - суретте келтірілген.
Екіжақты әрекет ететін, стандартты арнаның орнықтылығының
қоры, транзиттiк ұзаратқыштың өшулiгiнiң мәнiнен тәуелді емес екенін ескерте кету керек (ол арнаның қалдық өшулiгiнiң жартысына тең атр=ақал/2), себебі оның өшулiгiнiң жоғарлауы сол шамадай күшейтуiнің жоғарлауын қажет етеді. Әйтпесе
арнаның қажеттi қалдық өшулiгiнiң мәнi өзгереді.
№ 3 - есеп
6 және 7 - кестелерiнде
келтірілген бастапқы берілгендер бойынша арналарды жиілік бойынша
бөлетiн көпарналы тарату жүйесіндегі (АЖББ КТЖ, МСП с ЧРК)
ақырғы станциясының құрылымдық
сұлбасын құру қажет.
Сонымен қатар:
а) арналарды жиілік бойынша
бөлетiн көпарналы тарату жүйесінің арна
құрушы бөлiмiндегi топтардың құрылуы
сұлбаларын құрастыру және оның
шығысындағы жалпы топтық спектрін анықтау керек;
б) тарату жүйесінің
жолдық (линиялық) спектрін анықтау және арна
құрушы бөлiмi мен жолдық күрежолының
түйіндесу әдісін таңдау (түрлендіру сатыларының
саны, тасушы жиіліктерінің және сүзгіленетін бүйiр
жақ жолақтарының мәні) керек;
в) тарату жүйесіндегi
негізгі элементтерінің (жиілік түрлендіргіштері мен жолақты
сүзгілерiнің) санын есептеу, әр типтi
сүзгілерiнiң, жеке және топтық тасушы жиілiктерi
номиналдарының санын анықтау керек;
г) спектрлерiн түрлендiру
сұлбалар бойынша, тарату жүйесінің берілген арнаның (6
- кесте) жолдық спектрiндегi онымен орын алатын жиілік диапазонын,
сонымен қатар оның виртуалды тасушысы жиілігiн анықтау керек.
Есептің сызбалық
бөлімі келесілерден тұруы керек:
- жүйесiндегі
ақырғы станциясының құрылымдық
сұлбасынан;
- тарату (барлық
жүйелер үшiн) және қабылдаудағы (екіжолақты
жүйелер үшін) спектрлерiн түрлендіру сұлбаларынан,
яғни арналар спектрлерін жолдық жиілік жолағына және
кері ауыстыру сұлбаларынан.
6 - кесте
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
КТЖ-дегi (МСП) арналарының саны |
1250 |
100 |
280 |
340 |
760 |
140 |
550 |
380 |
400 |
460 |
Берiлген арнаның нөмiрi |
1000 |
84 |
145 |
306 |
550 |
39 |
325 |
259 |
105 |
416 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Жолдық жолақтардың саны |
бiр |
екi |
екi |
екi |
екi |
бiр |
бiр |
екi |
бiр |
бiр |
7 - кесте
Вариант нөмiрiнiң сандардың
қосындысы |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Жолдық спектрдiң
төменгi жиiлiгi, кГц |
60 |
8 |
12 |
22 |
18 |
24 |
14 |
36 |
56 |
42 |
Вариант нөмiрiнiң сандардың
қосындысы |
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
18 |
|
Жолдық спектрдiң
төменгi жиiлiгi, кГц |
28 |
48 |
10 |
26 |
38 |
34 |
52 |
16 |
30 |
|
№ 3 - есепке
әдiстемелiк нұсқаулар
Бұл есепті шығаруға кiрiсу алдында арналарды жиілік бойынша
бөлетiн көпарналы байланыс жүйелерінде қолданатын,
арналардың топтарын құру және спектрлердi көп
ретті түрлендіруінiң негiзгi принциптерін оқу, сонымен
қатар, біржолақты төртсымды және екіжолақты
екісымды жүйелерді тұрғызу негіздерін тексерiп анықтау
қажет. Ол [2, 83-117 бет; 3, 25-34, 39-43 бет; 4, 20-33, 111-114 бет; 5,
44-67 бет; 6, 89-92, 93-108 бет] әдебиеттерiнде баяндалған.
Көпарналы тарату
жүйесіндегі ақырғы станциясының схемасында тарату
және қабылдау бөлімдері болу қажет. Олардың
iшiнде, тарату жағындағы линиялық сигналды
құрастыру және қабылдау жағындағы кері
түрлендіру үшін қызмет ететін тек негізгі блоктары болу
керек. Схемасында келесілерді көрсету қажет:
- әрбір модулятор
үшін тасушы жиілігiнiң мәндерін;
- жолақты сүзгілер
өткізу жолақтарының жоғарғы және
төменгі жиіліктерiн;
- тарату жүйесiнiң
тарату және қабылдау бөлiмдерiндегi 1-ші арнаның ТЖ
(НЧ) ақырын және басқа арналардың (арналар
топтардың) ұқсас ақырларының шартты белгiлеулерiн
көрсету керек.
КТЖ-нiң (МСП)
ақырғы станциясының құрылымдық схемасын
тұрғызу мысалдары [2, 191 бет, 6.5 сурет, 197 бет, 6.11 сурет; 5,
237 бет, 6.24 сурет; 6, 100 бет, 6.8 сурет]-терде берiледi.
Тапсырмада арналардың саны
мен линиялық спектрлердің төменгі жиіліктері бойынша
практикада кездеспейтiн стандартты емес КТЖ-лер (МСП) беріледі.
Сондықтан, тапсырмадағы топтардың және линиялық
спектрлерін құрастыруы практикада кездесетiн стандартты тарату
жүйелерiнен айырмашылықтары болады.
Топтық сигналдың
спектрі құрастыруын, АЖББ КТЖ-лерде (МСП с ЧРК) пайдаланатын,
каналдардың бiрiншi, екiншi, үшiншi, төртiншi реттiк топтарын
тізбекті құрастыратын стандартты түрлендiруiмен [2, 102-107
бет; 3, 27-31 бет; 4, 111-114 бет; 5, 205-213 бет] қолдану керек.
КТЖ-нiң берiлген арналардың саны есебімен, ең
соңғы болып құрастырылатын бiрiншi, екінші,
үшінші, төртінші реттiк тобы толық болмай қалуы
мүмкін. Топтардың құрылуы схемаларында 1-ші,
соңғы және тапсырмада берiлген арнасы кiретiн топтардың
құрастыруын көрсету керек. Түрлендіру схемаларында
бастапқы арналарының (арналар топтарының) нөмірлерi мен
жиілік диапазондарын, бүкіл тасушы жиіліктердiң мәндерін,
сонымен қатар құрастырылған топтың спектрiндегi
арналарының (арналар топтарының) нөмірлерi мен жиілік
диапазондарын көрсету керек. Топтық спектрiндегi арналар мен
арналардың топтары олардың шартты белгiлеуiмен көрсетiледi.
Яғни, осы топқа кіретін арналардың нөмірлерін
және олардың топтық сигналдың спектрiндегі
тұрған орындарын білу керек. Әсіресе, бұл тапсырмада
берiлген арнасы кіретiн арналардың тобына қатысты. Сол арна
үшін, спектрдің шартты белгiлеуi және жоғарғы мен
төменгі жиіліктердiң мәндерi линиялық спектрдi
қоса есептегенде барлық топтардың құрылуы
схемаларында болуы керек.
Линиялық спектрді
құрастыру (тасушы жиіліктерiн таңдау) кезiнде,
түрлендіргiштерiнiң кірісi мен шығысындағы
сигналдардың спектрлерi жиiлiк бойынша жабылып қалмау керек,
жарым-жартылай болса да.
Егер осы шартын бір
түрлендіруде орындауға болмаса, онда түрлендіруiнiң екі
сатын қолдану керек [2, 99-100 бет; 4, 29-30 бет].
Екіжолақты байланыста
линиялық жолақтары үшiн жиілік диапазондарын таңдау
кезiнде [2, 118-120, 197 бет, 6.11 сурет; 5, 92-95 бет; 6, 100 бет]
жүйенiң төменгі және жоғарғы линиялық
жолақтарының арасында бiраз жиiлiк аралығын, бағыттаушы
сүзгiлер арқылы сол жолақтарды айыру мүмкiндiгi болу
үшiн, алдын-ала қолдану керек. Бұл жиiлiк
аралығының салыстырмалы енiн (аралығының
жоғарғы мен төменгі жиіліктерiнiң қатынасы) 1,1-
ден кем алмау керек.
Екіжолақты байланыс
жүйелеріндегі бағыттаушы сүзгілердің (ТЖС және
ЖЖС, ФНЧ мен ФВЧ) қиылу жиілігін, жүйенің төменгі
және жоғарғы линиялық жолақтардың арасындағы
жиілік аралығының орта жиiлiгiн алу қажет.
Виртуалды тасушы жиілігiнiң
мағынасы [2, 96-97 бет; 3, 28-29 бет; 4, 31 бет]-те берiлген.
№ 4 есеп
8 кестеде келтірілген
бастапқы берілгендер бойынша арналарды уақыт бойынша бөлетiн
цифрлық тарату жүйесіндегі (АУББ ЦТЖ; ЦСП с ВРК) ақырғы
станциясының құрылымдық схемасын құру
қажет. Схемасындағы әрбiр блоктың қызметiн
қысқаша жазып баяндау қажет. Берiлген ЦТЖ-нiң (ЦСП)
тарату циклдiң құрамын құрастыру қажет.
Сонымен қатар:
а) аналогтық
сигналдың спектрінiң берілген fж жоғарғы шектi
жиілігi болғандағы, оның дискреттеу аралығын (интервалын,
периодын) және жиiлiгiн анықтау керек;
б) топтық күрежолында циклдiк және асқын
циклдiк синхросигналдарының, сонымен қатар АТС-лар арасындағы
басқару және әрекеттесу сигналдарының (БӘС; СУВ)
таратуын қарастырып, топтық импульстi- кодтық модульденген
(ИКМ) сигналдың тактылық жиілігін және тактылық
аралығының (интервалының) ұзақтылығын
есептеу керек;
в) кодтық
сөзiнiң берілген разрядтылығы кезіндегі жүйенің
кванттау деңгейлерiнің санын анықтау керек;
г) вариант нөмiрiнiң
ондық санын сегіз разрядты екілік кодтың түрінде
көрсету керек, бұл кодтық сөзiне сәйкесті
цифрлық сигналдың уақыттық диаграммасын көрсету
керек.
8- кесте
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Арналарының саны N |
6 |
12 |
18 |
24 |
30 |
36 |
42 |
48 |
54 |
60 |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
|
Кодтық сөздiң разрядттарының
саны m |
7 |
8 |
6 |
5 |
9 |
8 |
6 |
9 |
10 |
5 |
Вариант нөмiрiнiң цифрлардың
айырымы |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Сигналдың
спектрiнiң жоғарғы жиiлiгi fж,
кГц |
1,6 |
3,4 |
6,8 |
12,4 |
26,2 |
36,5 |
41,8 |
54,4 |
60,6 |
73,7 |
№ 4 есепке
әдiстемелiк нұсқаулар
Бұл есепті шығаруға кiрiсу алдында импульсті- коддық
модуляциясын пайдаланатын цифрлық тарату жүйелер (ИКМ ЦТЖ, ЦСП с
ИКМ) құрылуының
негiзгi принциптерiн және ИКМ ЦТЖ-нiң ақырғы
станциясындағы жабдықтардың құрылу принциптерiн оқу
керек, сонымен қатар БӘС (СУВ) сигналдардың тарату
ерекшеліктерін, ЦТЖ-лерiндегi синхрондау және таратудың циклдар (Ц)
мен асқын циклдарды (АЦ; СЦ) құрастыру принциптерiн
түсiну керек. Бұл материал [2, 214-215, 219, 323-233, 237-240, 282-293 бет; 3, 81-82,
91, 104-108, 109, 111, 153-155, 163-165 бет; 4, 145-147, 172-174, 180-181,
205-206, 211-212 бет; 5, 279-280, 296 бет; 7, 159-164 бет; 8, 103-107 бет] әдебиеттерiнде келтірілген.
Цифрлық тарату
жүйесіндегі ақырғы станциясының схемасында тарату
және қабылдау бөлімдері болу қажет. Олардың
iшiнде, тарату жағындағы линиялық сигналды
құрастыру және қабылдау жағындағы кері
түрлендіру үшін қызмет ететін негізгі блоктары болу керек.
Цифрлық тарату
жүйесіндегі ақырғы станциясының
құрылымдық схемасының мысалдары [2, 237 бет, 8.21
сурет, 288 бет, 10.6 сурет; 3, 105 бет, 5.31 сурет; 4, 172 бет, 7.19 сурет; 5,
279 бет, 8.5 сурет; 7, 160 бет, 8.1 сурет]-те беріледі.
Тапсырмада арналардың саны мен аналогтық
сигналдың спектрiндегi жоғарғы жиілігінiң мәндерi
бойынша практикада кездеспейтiн стандартты емес ЦТЖ-лер берілген.
Сондықтан, тарату циклдің құрамын
құрастыруы және берiлген ЦТЖ-нiң негізгі параметрлерiн
есептеуi практикада кездесетiн стандартты тарату жүйелерiнен аз
мөлшерiнде айырмашылықтары болады.
Дискреттеу жиілігі Котельников
теоремасы негізінде есептеледi:
fд ≥ 2∙fж, (15)
мұндағы fж- сигналдың
спектрiнiң жоғарғы жиiлiгi, Гц.
Аналогтық
сигналдың дискреттеу
жиілігінiң
шамасын есептеу кезiнде еске алу керек, ТЖ (ТЧ) арнадағы 0,3-0,4 кГц спектрлі телефондық сигналы үшiн оның шамасы стандартты 8 кГц-ке
тең болып
алынады. Телефондық емес
сигналдарды дискреттеу үшін, оның шамасы сигналдың спектрiнiң жоғарғы
жиiлiгiнiң екi еселенген мәнiнен жоғары және онымен
бiрге 8 кГц- ке еселi болу керек.
Тактылық
аралығының ұзақтылығын есептеу үшін,
алдымен, циклдiк және асқын циклдiк синхросигналдарды, сонымен
қатар БӘС сигналдарды тарату үшiн, циклдағы
қосымша арналық аралықтар мен асқын циклдағы
циклдарды есебiне алып, ЦТЖ-нiң тарату циклдiң құрамын
құрастырып жүргiзу керек. Сыйымдылығы бойынша берiлген
ЦТЖ үшiн, тарату циклдiң құрамын құрастыру
сұрақтарға ерекше көңілiн аудару қажет.
ЦТЖ-нiң тарату циклдарды құрастыру, сонымен қатар
стандартты ЦТЖ-лердiң тарату циклдар құрамдарының
мысалдарын [2, 238-239 бет, 8.23 сурет, 282-283 бет, 10.2 сурет, 286-287 бет
10.5 сурет; 3, 153-155 бет, 7.2 сурет, 164-165 бет, 7.9 сурет; 4, 173-174 бет,
7.20 сурет, 206 бет, 7.39 сурет, 212 бет]-те табуға болады.
Асқын циклдағы циклдарының және
циклдағы арналық аралықтарының саны ЦТЖ-дегi
арналардың және синхрондауын үйымдастыру мен БӘС
сигналдарды тарату үшiн қосымша циклдар мен арналық
аралықтардың санын ескерiп таңдап алынады.
Асқын циклдағы
циклдарының және циклдағы арналар аралықтарының
санын таңдауымен, стандартты ЦТЖ-лерiндегi тарату циклдар
құрамдарының мысалдарын қарап түсіну керек.
Циклдiк синхрондау жүйесімен арналардың дұрыс
бөлінуі қамтамасыз етiледi. ЦТЖ-нiң циклдік синхрондауы
кодтық топтарды жүйенiң арналарына үлестіру
тәртібін орнататын арнайы синхрондаушы
сигналды (ЦС) тарату жолымен қамтамасыз етiледі. Бұл синхросигналды
анықты циклдарында, анықты арналық аралықтарында,
анықты импульстік позицияларында орналастырады. Ол әрбiр циклда,
немесе цикл ара (жыпықтау) беріле алады.
ЦТЖ-лерiнде БӘС сигналдарын тарату үшін сигналдық арналарын (СА, СК)
қолданылады. Оларды ұйымдастыру үшін тарату
циклдарындағы анықты арналық аралықтарында арнайы импульстік позициялары беріледі. Ондай арналар БӘС сигналдарды
таратуына тиiстi тек бір ғана дискреттік деңгейін таратуын қамтамасыз етеді. Сондықтан, БӘС сигналдары деңгейі бойынша кванттауы мен кодтауына
тартылмайды.
Олар, амплитудалы-импульстiк модульдеу (АИМ) күрежолын өтiп кетiп,
бiрiктiру құрылғы арқылы ИКМ сигналдың оларды тарату үшiн арналған
циклдiң импульстік позицияларына
тікелей еңгізіледі.
Асқын циклдағы циклдардiң саны, БӘС сигналдар таратуына берілген циклдiң импульстік позицияларындағы СА-ларының (СК) мүмкіндi санымен
анықталады. Бір асқын циклдiң iшiнде барлық сигналдық арналары бір
реттен байқап қалуы қажет. Асқын
циклдағы циклдарынiң есебі және қабылдауындағы СА-ларының
дұрыс үлестірiлуі асқын циклдiк
синхрондау
жүйесiмен қамтамасыз етiледi. Асқын
циклдiк синхросигналы (АЦС, СЦС) анықты тарату циклдардың,
анықты арналық аралықтарында, анықты импульстік позицияларында
орналасады
(әдетте онымен асқын
циклы басталынатын нөлдік Ц0 циклда). Асқын
циклдағы
циклдардың есептеуi АЦС (СЦС) сигналды ұстайтын, ал арналық аралықтардың есептеуi ЦС сигналды
ұстайтын арналық аралығынан
ең жиi басталады.
Циклдiң
құрамы суретiнде асқын
циклдің, циклдiң, арналық және тактылық
аралықтарының ұзақтарын көрсету керек, сонымен қатар олардың қызметiн баяндап
жазу керек. Арналық аралығы
тактылық аралықтарынан (импульстік позицияларынан,
разрядтарынан, разрядтық аралықтарынан) тұратынын
ұмытпаңыз. Олардың саны
кодтық комбинацияларының (сөздерiнiң) екілік симметриялық кодтың m разрядтылығымен анықталады. Кодтың разрядтылығы кодталуға жататын Nдең кванттау деңгейілерiнiң санына
тәуелдi болады және онымен мынандай қатынасымен байланысты:
Nдең = 2m,
(16)
Мұндағы m- екілік симметриялық кодтың разрядтылығы.
Варианттың нөмiрiн
сегіз разрядты екілік кодтың түрінде көрсету кезiнде,
келесіні ескеру керек: ЦТЖ-лерiндегi кодтауы симметриялық екілік кодпен
жүзеге асырылады, оның екілік санның бірінші (аға, ең
үлкен) разряды кодталатын санақтың полярлығын
көрсетедi («1»- оң мәндi, «0»- теріс мәндi санағы үшiн),
ал келесі разрядтар кванттау деңгейінің нөмiрі туралы
информацияны алып жүредi. Осы кодтық сөзiне сәйкесті
цифрлық сигналдың уақыттық диаграммасы, токтық («1» деген символға сәйкесті) және токсыз
(«0» деген символға сәйкесті) элеметтерден тұрады.
Әдебиеттер
тізімі
1.
Многоканальные системы передачи / Н.Н. Баева и др.- М.: Радио и связь,
1996.
2.
Баева Н.Н. Многоканальная электросвязь и РРЛ.- М.: Радио и связь, 1988.
3.
Цифровые и аналоговые системы передачи / В.И. Иванов и др.- М.: Радио и связь,
1995.
4.
Многоканальная электросвязь и РРЛ / Н.Н. Баева и др.- М.: Радио и связь, 1984.
5.
Основы многоканальной связи / Под ред. И.К. Бобровской.- М.: Связь, 1975.
6.
Аджемов А.С. и др. Многоканальная электросвязь и каналообразующая телеграфная
аппаратура.- М.: Радио и связь, 1989.
7.
Гитлиц М.В., Лев А.Ю. Теоретические основы многоканальной связи.- М.: Радио и
связь, 1985.
8.
Проектирование и техническая эксплуатация систем передачи / Под ред. В.Н.
Гордиенко.- М.: Радио и связь, 1996.
9.
Фирменный стандарт. Работы учебные. Общие требования к построению, изложению,
оформлению и содержанию. ФС РК 10352-1910-У-е-001-2002.- Алматы: АИЭС,
2002.
10 Кириллов В.И. Многоканальные
системы передачи. Учеб. пособие для вузов.- М.: Новое знание, 2003.
11 Цифровые и
аналоговые системы передачи. Учебник для вузов./Под ред. В.И. Иванова.- М.:
Горячая линия- Телеком, 2003.
12 Скляр Б. Цифровая связь.
Теоретические основы и практическое применение. Пер. с англ.- М.: Вильямс,
2003.
А қосымшасы
А.1 кесте- Телефондық (ТЧ)
арна үшін псофометриялық коэффициенттерi
f, кГц |
0,3 |
0,4 |
0,5 |
0,6 |
0,7 |
0,8 |
0,9 |
1,0 |
1,1 |
1,2 |
1,3 |
kf |
0,295 |
0,484 |
0,661 |
0,794 |
0,902 |
1 |
1,072 |
1,22 |
1,072 |
1 |
0,955 |
k2f |
0,087 |
0,254 |
0,497 |
0,63 |
0,814 |
1 |
1,149 |
1,488 |
1,149 |
1 |
0,912 |
f, кГц |
1,4 |
1,5 |
1,6 |
1,7 |
1,8 |
1,9 |
2,0 |
2,1 |
2,2 |
2,3 |
2,4 |
kf |
0,905 |
0,861 |
0,824 |
0,791 |
0,76 |
0,732 |
0,708 |
0,689 |
0,67 |
0,652 |
0,634 |
k2f |
0,819 |
0,741 |
0,679 |
0,626 |
0,578 |
0,536 |
0,501 |
0,475 |
0,449 |
0,425 |
0,402 |
f, кГц |
2,5 |
2,6 |
2,7 |
2,8 |
2,9 |
3,0 |
3,1 |
3,2 |
3,3 |
3,4 |
|
kf |
0,617 |
0,598 |
0,58 |
0,562 |
0,543 |
0,525 |
0,501 |
0,473 |
0,444 |
0,412 |
|
k2f |
0,381 |
0,358 |
0,336 |
0,316 |
0,295 |
0,276 |
0,251 |
0,224 |
0,197 |
0,17 |
|
Мазмұны
Кіріспе…………………………………………………………………… 3
1
ЕСЖ-ты орындау және өңдеу бойынша талаптар………………….. 3
1.1 Вариантты таңдау…………………………………………………… 3
1.2 ЕСЖ-ты орындау бойынша талаптар……………………………… 3
1.3 ЕСЖ-ты өңдеуге
талаптар………………………………………….. 4
2 ЕСЖ бойыынша тапсырмалар және оларға
арналған әдiстемелiк
нұсқаулар……………………………………………………………… 4
Әдебиеттер тізімі……………………………………………………….. 16
А қосымшасы…………………………………………………………… 17
Алмас Тұрғалиұлы
Омаров
КӨПАРНАЛЫ
БАЙЛАНЫС ЖҮЙЕЛЕРI
№ 2 есептеме-сызбалық
жұмысты орындауға тапсырмалар мен әдістемелік
нұсқаулар
(380240-Көпарналы телекоммуникациялық
жүйелерi
мамандығының студенттері үшiн)
Редакторы Ж.А. Байбураева
Стандарттау
жөнiндегi маман Н.М. Голева
Басуға қол қойылды___________ Пiшiмi 60 х 84 1/16
Таралымы 150 дана №
1 типография қағазы
Көлемі 1,2 оқу- басп. т. Тапсырыс____________
Бағасы 38 теңге
Алматы энергетика және байланыс
институтының
көшiрмелi-
көбейткiш бюросы
480013, Алматы, Байтурсынов к., 126