АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ
Телекоммуникациялық жүйелер кафедрасы
СЫМСЫЗ ЖЕЛІЛЕР ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
( 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының студенттері үшін)
Сакажанова Эльвира Кадылбековна
Барелко Ольга Николаевна
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Э.К. Сакажанова, О.Н. Барелко. Сымсыз желілер технологиясы. Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттеріне арналған. – Алматы: АЭжБИ, 2007 – 35 б.
Әдістемелік нұсқауда әрбір зертханалық жұмыстың суреттелуі қарастырылған, эксперименталды қондырғылардың функционалды сұлбалары келтірілген, эксперименталды мәліметтерді өңдеуді жүргізу әдістемесі берілген, ұсынылатын әдебиеттер тізімі және бақылау сұрақтары ұсынылады.
Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтары бойынша оқитын бакалавриат студенттеріне арналған.
Без. 17, кесте. 9, әдеб.көрсеткіші. – 8 атау.
Пікірберуші: техн. ғыл. канд., проф. С.В. Коньшин.
«Алматы энергетика және байланыс институтының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2007 ж. баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс институтының» КЕАҚ, 2007ж.
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулар 3802 – Көпарналы телекоммуникациялық жүйелер мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне және бакалавриатта оқитын 050719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарына арналған «Сымсыз желілер технологиясы» курсы бойынша зертханалық жұмыстарды орындауға арналған.
Нақты жинаққа транкингті байланыстың негізгі түсініктері, сонымен қатар транкингті радиожүйелердің жұмыс режимімен ұстанымдары; DTMF және CCTSS дабылдарының түсініктерімен және олардың таралу әдістерімен ұстанымдарын оқып үйрену және де таңдаулы шақыру режиміндегі мобильді радиостанциялардың эксплуатациясы туралы ұғымдармен танысу.
1 Зертханалық жұмыс №1. “ALINCO DJ-382C1” радиостанциясының мысалында жедел әрекетті транкингтік радиостанцияның бапталуын оқып үйрену
1.1 Жұмыстың мақсаты
Жедел әрекетті радиостанциялардың ең негізгі эксплуатациялық дағдыларымен әрекеттену, эфирде жұмыс талаптарымен танысу.
1.2 Алдын-ала дайындалуға арналған сұрақтар
Транкингтік байланыс түсінігінің
негізін, сонымен қатар транкингтік радиожүйенің жұмыс
режімі мен қағидаларын оқып үйрену.
1.3 Қолданылатын жабдықтың
сипатталуы
Зертханалық жұмыста
кеңінен пернетақтасы мен 50 Ом симметриялық емес антеннасы
бар транкингтік радиостанцияның екі модулі қолданылады. Жиілік
диапазоны 340,00 – 360,00 МГц. Баптау қадамы 5, 10, 12.5, 15, 20, 25 кГц
және 40 арналар жадысы болады.
Таратқыш айнымалы жиіліктік модуляцияда жұмыс істейді. Максималды
жиілік ауытқуы ±5 кГц және шақыру үнінің жиілігі
67,0 –ден 250,3 Гц дейін болады. Онда шамамен 2,0 Вт болатын шығыс қуаты
және шақыруды кодалау үшін 38 субдыбысты жиілігі болады.
Супергетерогенді қабылдағыш екілік жүйеде жиілікті түрлендіретін,
сезгіштігі 12 дБ, іріктегіштігі ±12 кГц/-6 дБ –ден төмен болмайды.
Радиостанцияның алдыңғы, үстіңгі және бүйірінен
қарағандағы панелінің көрінісі және олардың
сипатталуы А қосымшасында келтірілген.
1.4 Жұмыс бағдарламасы
1.4.1 Радиостанция модульдерінің негізгі баптауларын оқып үйрену
және оларды автоматты түрде орындалуына дейін жеткізу:
–
жалпы түсіру;
–
қуатты
таңдау;
–
MONI функциясы;
–
жарықтандыру;
–
қайта құру
қадамы;
–
диапазон
бойынша жылдам қайта құру режимі;
–
пернетақтаның
бұғатталуы;
–
жүйелік
мәзіріне кіріс;
– жиілік диапазонын жаймалай тексеру;
– арналарды жаймалай тексеру;
– біржақты телефондық жиынтық.
1.4.2 Мұғаліммен берілген жиілікте (немесе арнада) 5 минуттан аспайтын уақыт аралығында сөйлесулер жүргізу үшін радиостанцияның екі модулінің қосылуын өңдеу.
1.5 Жұмыстың орындалу әдістемесі
Назар аударыңыздар!
Зертханалық жұмысты орындамас бұрын сәуле
шығарғыш қуаттың минималді («Low») деңгейінде
тұрғанына көз жеткізіп алыңыздар (көрсеткіште
инверсті белгі «L» шығады). Қуат деңгейі келесі сұлба
бойынша өзгереді:
[F] + [MONI]/H/L батырмаларын
шерткен кезде «High» > «Low»». Дисплейде сәйкесінше
«H» немесе «L» белгілері шығады.
Ескерту: таратқыш күйінің әр өзгерісінен кейін
сол өзгерісті қолдану керек. Ол үшін [LAMP]
және [MONI] функцияларынан басқа кез келген батырманы шертуіміз керек.
Қарастырулардың қорытындысын 1 кестеге еңгізу.
1.5.1 Жалпы түсіру
Тыныштық күйінде радиостанцияның баптауын түсіреміз.
Радиостанцияны сөндіріп алып, “F” батырмасын басу арқылы іске қосамыз.
1.5.2 MONI функциясы
MONI батырмасына басу – ол шуылазайтқышты сағат тіліне қарсы
бұрағандай болады, өйткені шуылазайтқыш сөнеді.
Ал егер еш нәрсе өзгермеген жағдайда, бұл функция
алдын-ала Диллер көмегімен өшірілген деген сөз.
1.5.3 Жарықтандыру
LAMP батырмасын шерту арқылы біз дисплейдің жарықтануын
ынталандырамыз. Егер екінші рет осы батырманы басатын болсақ, онда ол сөнеді.
Немесе 5 секунд қозғамайтын болсақ та жарықтану сөнеді.
Пернетақтаның бұғаттау функциясы ынталанған
кезде, уақытымен жаймалай тексеру немесе басқа кез келген
операцияны орындау барысында, бұл функция қол жеткізе алатындай күйде
болып қала береді. LAMP батырмасы пернетақта бұғатталған
кезде де белсенді болып қалады.
1.5.4 Батарея зарядының
индикациясы
Егер батареямыздың заряды бітетін жағдайға келсе, дисплейде
“B” шығады.
|
|
|
|
|
1 Сурет – Монитордағы индикация
1.5.5 Қайта құру қадамы
Тыныштық күйінде тұрған қадам сандарының бірімен (5, 10, 12.5, 15, 20, 25 кГц жиілігінде) [F] + [SCAN] комбинациясы арқылы бұранданы сағат тілінің бағытымен бұраймыз, сол арқылы қайта құру қадамының мәнін өзгертеміз.
1.5.6 Диапазон бойынша жылдам қайта құру режимі
1 МГц қадамымен “жылдам қайта құру” режимімен танысып
аламыз. Ол үшін F батырмасын басып тұрып, ауыстырып қосқышты
сағат тілінің бағытымен бұраймыз.
1.5.7 Шуылазайтқыштың табалдырықты мәнінің қондырғысы
Ең алдымен шуылда азайтатын келтіру режиміне кіреміз. Squelch control шуылазайтқыш
баптау тетікшесін сағат тіліне қарсы толығымен бұраймыз.
Содан кейін сағат тілінің бағытымен ақырын кез келген
сигнал жоқ болған кезде дыбыстың шуылы кетпегенінше бұраймыз.
1.5.8 Бұғаттау
“Бұғатталу пернетақтасы” функциясымен танысып алып,
содан кейін бұғаттаймыз. Ол үшін барлық бұғатталған
батырмалар мен жалпы барлық батырмалар арасына өту үшін [F] +
LAMP/KL батырмаларын басамыз, осылайбұғатталудан шығамыз.бұғатталу
орындалу барысында дисплейде KL деген шығады, LAMP, MONI, F және
PTT-ден басқасының барлығы бұғатталады.
|
|
|
2 Сурет – Дисплейдегі көрсетілімі
1.5.9 Жиілік диапазонын жаймалай тексеру
Автоматты түрде жаймалай тексеру режимін қосамыз. Ол үшін
[SCAN] батырмасын 1 секунд шамасында басамыз. Қабылдағыш қайта
құру қадамымен диапазон жиіліктерінің барлығын
тізбектей жинай бастайды. Осы кезде диспледе не болып жатқанына мән
беру керек. Жаймалай тексеру процессін қадағалап, басқа бос
емес жиілік түскенде не болатынына назар аударуымыз керек.
Жаймалай тексеруді тоқтату үшін жаймалай тексеру процессінде SCAN
батырмасын шертеміз. Сигнал қабылданған кезде 5 секунд үзіліс
болатынын байқауымызға болады. Жаймалай тексеру сол нүктеден басталады.
1.5.10 Арналардың жаймалай
тексерілуі
[ANS] батырмасын шертеміз. Қарап шығу барысында, channel control
тетікшесін сағат тілінің бағытына қарай бұрасақ,
дисплейде арналар нөмірі өседі және процессті дұрыс (оң)
бағытта көруге болады, ал channel control-ді сағат тілінің
бағытына қарсы бұрасақ, көрінетін арнаның нөмірі
кемиді және процессті кері бағытта көруге болады.
LAMP және MONI тетікшелерімен барлық жаймалай тексеру процессі
барысында қолдануға болады.
1.5.11 Біржақты телефондық
жиынтық
F батырмасын шерту кезінде, C-ON батырмасын бассақ, біржақты
телефондық жиынтықты қосуға немесе өшіруге
болады.
Бұл функция PTT батырмасы
жіберілген кезде DTMF әр уақытта “C” кодын шығарады.
|
|
|
|
|
|
||
|
|
|
А) жиіліктің көрсетілуі б) арналардың көрсетілуі
3 Сурет
1.5.12 Сөйлесулердің өткізілуі
Тыныштық күйінде баптауды түсіреміз. Екі радиостанцияны да
берілген бір жиілікпен ғана баптаймыз. Егер мегагерцтің жүздік
не болмаса мыңдық бөліктерін құра алмайтын болсақ,
қайта құру қадамында бір ғана станцияны өзгертеміз.
Берілген арнаның нөмірін құрамыз. Шуылазайтқышты
баптау режиміне кіреміз және сөйлесулерді өткізуге кедергі
болмастай шуыл деңгейін құрамыз.
Хабарлама беру үшін [PTT]
тангентасын шертеміз және ақпаратпен алмасуды бастаймыз. LCD
дисплейінде ON AIR деген жазу көрінеді.
PTT батырмасын басып тұрып,
байланысу үшін, алдыңғы панельдегі микрофонға сөйлейміз.
Ал ақпаратты қабылдау
үшін, РТТ батырмасын жібереміз. Шақырушының жауабынан кейін,
дыбыс деңгейін құлаққа жайлы қабылдау үшін
ауыстырып, баптауға болады. Берілген уақыт ішінде РТТ тетікшесін
басқан соң қабылдаутаратқыш қабылдау үшін
автоматты түрде оралады. Бізге берілген модельде 30 секундке құрылған,
ал қадам болса 30 секундтан бастап 450секундке дейін. Ақпаратпен
алмасуды жалғастыру үшін қабылдаутаратқыш қабылдау
режиміне оралған соң, РТТ –ні жібереміз, содан соң қайтадан
РТТ-ні шертіп, басып тұрып, тағы да хабарласуға болады.
Баптауды тексеріп және 80-100 м аралықта қабылдау/таратуды жүргіземіз.
1 Кесте – Қарастырулардың нәтижесі
Орны |
Операция аталуы |
Пернелерді шерту тізбегі және пернелердің комбинациялары. |
Дисплей түрлері |
|
өзгерістен бұрын |
өзгерістен кейін |
|||
|
|
|
|
|
1.6 Есеп беру бланкін дайындау
Есеп беру бланкінде болу қажет: мақсаты, рацияның алдыңғы
панелінің басқару мүшелерінің көрсетілуімен
схематикалық суреті, қарастырулардың нәтиже кестесі, жұмыс
бойынша қорытынды. Барлық суреттер мен кестелер атауларының көрсетілуімен
орнатылған болуы керек.
1.7 Қорытынды сұрақтар
1.7.1 Жедел әрекетті радиостанцияларда шуылазайтқышты не үшін қолданады?
1.7.2 Қай жұмыс режимі (симплексті, дуплексті, жартылай дуплексті)
зерттелген радиостанцияда қолданылады?
1.7.3 Шығыс қуатын қалай өзгертуге болады?
1.7.4 Жиілік диапазондарының жаймалай тексеруін қалай жүргізуге
болады?
1.7.5 Радиостанцияның автоматты түрде өшу режімі не үшін қажет?
1.7.6 Зерттелген радиостанцияда
жаймалай тексерудің қандай режімдері қолданылады?
1.7.7 Қайта құру қадамының жиіліктерінің өзгеруі.
1.7.8 Пернетақтаның бұғатталуы.
1.7.9 Шуылазайтқыштың табалдырықты деңгейінің өзгеруі.
1.7.10
Радиостанцияның басқару мүшелерінің қысқаша
түсініктемесі.
2 № 2 Зертханалық жұмыс. Қолдану режимінде ALINCO
DJ-382C1 мобильді транкингті радиостанцияны бағдарламалау
2.1 Жұмыстың
мақсаты
Мобильді радиостанцияны программалау жөнінде негізгі мәліметтер
алу.
2.2 Үйде дайындалуға арналған сұрақтар
Транкингті байланыстың
негізгі түсініктері, сонымен қоса тракингті радиожүйелердің
принциптері мен жұмыс істеу жүйесін оқып үйрену. DTMF және
CCTSS сигналдарының түсініктемелерімен танысу, және де
принциптері мен тарату жолдарын оқып үйрену.
Есеп беру бланкін дайындау
2.3 Зертханалық жұмыстың сипаттамасы
Радиостанцияда программалаудың
екі режимі қаралған: дилерлік және пайдаланушы. Дилерлік
режимде программалау үшін радиостанцияда "W301" немесе
"W303" маңдайшаларын индикация режиміне сәйкес өшіріп/орнату
керек. Арнайы программаторды қолдану кезінде бүкіл программалау қызметтері
компьютердің көмегімен жүзеге асуы мүмкін.
Арналар саны 0-ден 9 дейін (10). 40 арналы нұсқалар да бар.
Арнадағы ақпарат:
-
жұмыс
жиілігі;
-
жиілік ығысуы;
-
ығысу
бағыты («+» немесе «-»);
-
CCTSS
жиілігі.
Жіберілгеннен кейін
радиостанция дилерлік режимде болады және де сәйкес функциялардың
орнатылуын, сонымен қоса микропрцессордың жадысына ақпаратты
орнатуды қажет етеді.
Берілген зертханалық жұмыста радиостанцияны программалау үшін ақпарат орнату керек:
- жадыдағы арналар мәліметтерін;
- функциялар;
- DTMF функциялары.
Радиостанцияның алдыңғы, үстіңгі және шеткі панелі мен олардың сипаттамалары А қосымшасында келтірілген.
2.4 Жұмыс бағдарламасы:
- арналар жадысын программалау және жадыға ақпарат енгізу;
- жиілік орнату;
- қадам бабын орнату;
- қалыптастыру жиілігін орнату;
- CTSSC жиілігін орнату;
- DTMF/ANI орнату;
- ANI кодасының таралу уақытын орнату;
- ANI кодасын программалау;
- бірінші таралу белгі кодасының кідіру уақытын орнату;
- келесі таралу белгі кодасының кідіру уақытын орнату;
- DTMF шақыруын кодалау режимін орнату;
- радиостанцияның жеке кодасын орнату;
- бөліну белгісін орнату;
- топпен шақыруды орнату;
- автожауап орнату;
- радиостанция функцияларын орнату.
2.5 Жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Ескерту! Зертханалық жұмысты бастамас бұрын, қуат
шығаруы төмен («Low») деңгейде орнатылғанына көз
жеткізу керек (индикаторда «L» инвертті белгі тұрады). Қуат деңгейі
келесі сұлба бойынша өзгереді:
[F] + [MONI]/H/L клавишасын басу
арқылы «High» > «Low». Дисплейде сәйкесінше шығады:
«H», «L».
Ескерту – Таратқыштың
жағдайын өзгерткен сайын бұл өзгерісті қолдану
керек. Ол үшін кез-келген түймені басуға болады, [LAMP] және
[MONI] басқа.
Кез-келген естілетін сөйлесулер
(естілетін жиіліктер) жүріп жатқан жиілікке (арна) түскен жағдайда,
радиостанцияны басқа жиілікке (арна) ауыстыру керек.
Бақылау қорытындыларын
4 кестеге толтыру.
2.5.1 Арналар жадыларын
программалау және жадыға ақпарат енгізу
Жады режимін орнату үшін
«ANS» түймесін басу керек («M» және дисплейде арна реті).
Керекті арна ретін орнату үшін
айырып-қосқышты сағат тілімен немесе сағат тіліне қарсы
айналдыру керек.
«ANS» түймесін қайта
басу арқылы «VFO» режиміне оралыңыз (жиілікті орнату).
Керекті жиілікті орнатыңыз
(қалыптасу жиілігі, екпін де алдын-ала орнатылуы керек).
«F» түймесін басып тұрып,
«TONE» түймесін басыңыз. Дыбыс сигналының шығуы, ақпараттың
жадыға жазылғанын білдіреді.
Ақпараттың жазылуының
дұрыстығын тексеру үшін, жады режиміне шығу үшін
және дисплейде мәліметтерді тексеруіңіз үшін «ANS» түймесін
басыңыз.
Программалауға жататын қалған
арналардың бәріне ақпаратты жазып шығыңыз.
Программалау үшін арналардың жадыларын мұғалім береді.
Жыпылықтап тұрған
«М» әрпі, арна программаланбаған дегенді білдіреді.
2.5.2 Жиілікті орнату
«ANS» түймесін басу арқылы
«VFO» режимін орнатыңыз («М» және арна реті дисплейде болмайды).
Айырып-қосқышты
айналдырып, мұғалім берген жиілікті орнатыңыз. Сонымен қоса
«F» түймесін, 1 МГц қадаммен жиілікті өзгерту үшін қолданыңыз.
«F» түймесін басып тұрып, айырып-қосқышты айналдыру арқылы
жиіліктің МГц-те бірінші үш цифрын орнатыңыз.
2.5.3 Қадам бабын орнату
«F» түймесін басып тұрып,
«SCAN» түймесін басыңыз.
Айырып-қосқышты
айналдырып, мұғалім берген қадам бабын – 5; 10; 12.5; 15; 20;
25 кГц орнатыңыз.
Бұрынғы жұмыс
режиміне қайта оралу үшін «ANS» түймесін басыңыз.
2.5.4 Қалыптастыру жиілігін
орнату
Репитермен жұмыс істеу үшін,
мұғалім берген таратуға және қабылдауға
арналған қалыптастыру жиіліктерін орнату керек. Ол 0-ден 15.995 МГц
аралығында болуы мүмкін.
«F» түймесін
басып тұрып «ANS» түймесін басыңыз, сонда дисплейде
қалыптасу жиілігінің мәні шығады.
Айырып-қосқышты
айналдырып, керекті қалыпты жиілікті орнатыңыз.
Егер жиіліктер бір-бірінен
айтарлықтай ерекшеленсе, 1МГц қадаммен өзгерту үшін «F»
түймесін қолданыңыз.
«F» түймесін
басып тұрып, «ANS» түймесін баса қалыптасу
жиілігінің бағытын таңдаңыз (плюс немесе минус:
дисплейде сәйкесінше «+» немесе «-» белгілері болады).
Белгі мен жиілікті таңдаған
соң, радиостанцияны бұрынғы қалпына келтіру үшін
«ANS» түймесін енгізіңіз.
Егер радиостанция жиілігі мен ығысу
санағы жиіліктің жұмыс істеу диапазонынан шығып кетсе,
дисплейде «OFF» жазуы пайда болады, бұл жағдайда берілген
жиіліктерді тексеріп, теру кезіндегі қателерді түзету керек.
2.5.5 CCTSS жиілігін орнату
EJ-17U қосымша құрылғыны
қолдану кезінде шуылберушімен жұмыс істеуге тура келуі мүмкін.
Ол қабылдау кезінде 38 субдыбыс (инфродыбыс) жиілігінің біреуін
ашады.
«TONE» түймесін енгізіңіз,
дисплейде үн жиілігінің мәні Герцпен беріледі.
Айырып-қосқышты
айналдыра отырып, 38 жиіліктің біреуін таңдаңыз.
Үш режимнің біреуін
таңдау үшін «TONE» түймесін енгізіңіз (суретті қараңыз).
Радиостанцияның бұрынғы
қалпына қайта оралу үшін «ANS» түймесін енгізіңіз.
2.5.6 DTMF/ANI орнату
C-ON түймесін енгізгеннен
кейін, содан соң пернетақтадан кез-келген түймені енгізгенде DTMF/ANI
режиміндегі кодалар программаланады.
DTMF: тарату кезінде DTMF кодасы
арнайы станцияны шақыру үшін таратылады.
ANI: ANI кодаларын қолдану
(максимум 24 белгі) басты станцияға қай корреспонденттен шақыру
келгенін анықтауға мүмкіндік береді.
DTMF немесе ANI режимін таңдау
үшін бастапқы жағдайдан C-ON түймесін енгізу керек.
Пернетақтаны қолданып, режим кодасын енгізіңіз (DTMF – 6, ANI
- 1).
Режимді орнатқаннан кейін
келесі операцияға көшу үшін «PTT» немесе «ANS» түймесін
енгізіңіз.
Бастапқы жағдайға
оралу үшін C-ON түймесін енгізіңіз.
2.5.7 ANI кодасының таралу
уақытын орнату
Қалыпты жағдайдан
C-ON түймесін енгізіңіз. Пернетақтаны қолдана отырып,
ANI – 1 режимінің кодасын енгізіңіз. Айырып-қосқышты
айналдыра отырып, коданы тарататын үш режимнің біреуін таңдаңыз:
-
ANI кодасының
тарату режимі қосылған - d1 ОFF;
- «PTT» түймесін басқанда кода таратылады– d1 1;
- «PTT» түймесін жібергенде кода таратылады– d1 2;
- «PTT» түймесін басқанда да, жібергенде де кода таратылады– d1 3.
2.5.8 ANI кодасын программалау режимі
Комбинация құрамында максимум 24 белгі және де пернетақтаның 16 түймесі қолдануы мүмкін.
Коданы енгізу. Ол үшін қалыпты
жағдайда C-ON түймесін және пернетақтада 2 санын енгізіңіз.
Дисплейдегі сызықтар коданың енгізілмегенін білдіреді.
Пернетақтаны қолдана
отырып, керекті белгілерді басынан аяғына дейін (24 көп емес)
енгізіңіз. Егер қате жіберілсе, «F» түймесін басып енгізіңіз.
Айырып-қосқышты сағат тілімен айналдыра отырып, дисплейде қателестіріп
тұрған жағдайларды орнатыңыз. C-ON түймесін дұрыс
мәнмен бірге енгізіңіз. Коданы енгізуді соңына шейін
жалғастырыңыз. «F» түймесін басып тұрып, айырып-қосқышты
айналдырып, бүкіл енгізілген комбинацияны тізбектеп көруге
болады.
Коданы түсіру. Коданы өшіру
үшін «F» түймесін басып тұрып, «С» түймесін басыңыз.
2.5.9 Бірінші таралу белгі
кодасының кідіру уақытын орнату
Бірінші таралу белгі кодасының
кідіру уақытын орнатыңыз. Ол үшін қалыпты жағдайда
C-ON түймесін және пернетақтада 3 санын енгізіңіз.
Айырып-қосқышты айналдыра отырып, мұғалім берген
кідірісті орнатыңыз - d3 0,1; 0,4; 0,7; 1,0.
2.5.10
Келесі таралу белгі кодасының кідіру уақытын орнату
Бұл
режимде екінші және келесі белгілердің таралу уақыттары,
сонымен қоса бір уақытта белгі арасындағы интервалдар орнатылады.
Қалыпты жағдайда C-ON түймесін және пернетақтада
3 санын енгізіңіз. Айырып-қосқышты айналдыра отырып, мұғалім
берген бірінші белгінің таралу уақытын орнатыңыз - d5
50; 80; 160; 200.
2.5.11 Бірінші белгінің
таратылу уақытын орнату
Бірінші
белгінің тарату уақытын орнатыңыз. Ол үшін бастапқы
кезден C-ON пернесін басып және пернетақтадағы 5 санын басыңыз.
Ауыстырып-қосқышты бұрай отырып, мұғалімнің
бірінші белгіні таратуға берген уақытын-d5 50, 80, 160, 200 таңдаңыз.
2.5.12 DTMF шақыру режимін
орнату
Мұғаліммен
тағайындалған 3 DTMF шақыру режимдерін таңдаңыз
Ол үшін бастапқы күйден C-ON пернесін және пернетақтадағы
6 санын таңдаңыз. Ауыстырып-қосқышты бұрай
отырып, келесі режимдердің біреуін таңдаңыз:
- DTMF режимі сөндірулі- d6 off;
- үшөлшемді
кодты шақыру режимі- d6 c1;
- жетіөлшемді
кодты автоматты жауапбергішсіз шақыру режимі – d6 p2;
- жетіөлшемді
кодты автоматты жауапбергіші бар режимін шақыру – d6AD3.
2.5.13 Радиостанцияның жеке кодын орнату
Бұл режимде радиостанцияның
жеке үшөлшемді коды орнатылады. 0-ден 9-ға дейінгі сандарды қолдануға
болады, ал басқа белгілерді енгізуге болмайды.
Кодты енгізіңіз. Бұл үшін
басапқы күйден C-ON пернесін және пернетақтадағы
7 санын басыңыз. Егер де код енгізілмесе, онда дисплейде «000» деген
белгі көрінеді.
Кодты өшіріңіз. «F»
пернесін басып және ұстап тұрыңыз, содан кейін «C»
пернесін басыңыз. Дисплейде «000» пайда болады.
2.5.14 Бөлімнің
белгісін орнату
Бұл режимде жетіөлшемді
DTMF шақыруының бөлімнің белгісін орындайтын функцияның
комбинациясы орнатылады. Кез келген 16 белгіні таңдауға мүмкіндік
бар. Егер режим қолданылмаса, автоматты түрде # белгісі таңдалады.
Ол үшін бастапқы күйден C-ON пернесін және пернетақтадан
8 санын басып, одан кейін 16 белгінің біреуін пернетақтадан таңдаңыз.
Енгізілетін кодтардың пішіні 2 және 3 кестеде келтірілген.
2.5.15 Топтық шақыруды
орнату
C-ON пернесін, пернетақтадағы 9 санын
және ауыстырып-қосқышты бұрай отырып, 2 күйдің
біреуін орнатыңыз:
- On- топтық шақыру қосулы;
- Off-
топтық шақыру сөндірулі.
2 Кесте – Жеке қоңырау кезіндегі енгізілетін кодтың
пішінін таңдау
|
Пернетақтадан енгізу |
Берілген код |
Жеке кодтың танусыз берілуі |
[5] [3] [4][#] [*] Ескерту 1 |
5 3 4 Е В В В Ескерту 3 |
Өз бетінше енгізілген кодтың берілуі |
[5] [3] [4] [#] [9] [9] [9] [*] Ескерту 2 |
5 3 4 Е 9 9 9 |
«А»123 радиостанциясының жеке кодының берілуі |
[5] [3] [4] [#] [#] [1] [*] |
5 3 4 Е 1 2 3 |
756 шартты кодымен берілу |
[5] [3] [4] [#] [#] [2] [*] |
5 3 4 Е 7 5 6 |
2.5.16 Автожауапберуді орнату
Автожауапберу режимін қосады немесе сөндіреді:C-ON пернесін, пернетақтадағы 0 санын және ауыстырыпқосқышты бұрай отырып, 2 күйдің біреуін орнатыңыз:
- On- автожауапбергіш қосулы;
- Off-автожауапбергіш сөндірулі.
Жетіөлшемді DTMF шақыруы
бар автожаупбергіштің үш нұсқасының
біреуін таңдаңыз. Ауыстырып-қосқышты бұрай
отырып, нұсқалардың біреуін таңдаңыз:
-
орнатылған
коды бар жауап;
-
дыбыс үні
бар жауап.
3 Кесте – Топтық қоңырау кезіндегі енгізілетін
кодтың пішінін таңдау (қабылдаутаратқышты шақыру үшін
В және С, бұдан басқа емес )
|
Пернетақтадан енгізу |
Берілген код |
Жеке кодтың танусыз берілуі |
[5] [3] [А][#] [*] |
5 3 А Е В В В |
Өз бетінше енгізілген кодтың берілуі |
[5] [3] [А] [#] [7] [5] [1] [*]
|
5 3 А Е 7 5 1 |
«А»123 радиостанциясының жеке кодының берілуі |
[5] [3] [4А [#] [#] [1] [*] |
5 3 А Е 1 2 3 |
756 шартты кодымен берілу |
[5] [3] [А] [#] [#] [2] [*] |
5 3 А Е 7 5 6 |
2.5.17 Радиостанцияның функциясын орнату
«F» және «C-ON» пернелерін
бір уақытта басып, ұстап тұрып, екі пернені де жіберіп,
пернетақтада 1-ден 8-ге дейінгі сандарды теріңіз. Ол астында
көрсетілгендей функцияны программалау үшін қажет:
1-таңдалынып
алынған ранада берілуді бұғаттау (қос/өш) - бұл
режим қосылған мезетте радиостанциядан таралу мүмкін емес, сәйкес
«CTCSS» үнін немесе «DTMF» комбинациясын қабылдамаса;
2-экономайзер (қос/өш) – қосылуы-300мс, өшіуі-200см;
3-таралу уақытын шектегіш (қос/өш) – қосылған
шектегіш кезінде үзіліссіз таралу уақыты 30-дан 450-секундқа
дейін 30 секунд қадаммен орнатылады;
4-қуатты таңдау мүмкіндігі (мүмкін/мүмкін емес) –
бұл режимде H/L пернелерін қолдануға немесе қолданбауға
рұқсат алуға болады («F» пернесімен қоса), яғни
таратқыштың қуаты тұрақты, әлде оны өзгертуге
болады деген сөз;
5-монитор пернесін қолдану (мүмкін/мүмкін емес) – бұл
режимде мүмкіндік таңдалып алынады немесе «MONITOR» пернесін баса
отырып оның болмауы. Ауыстырып-қосқышты бұрап, сәйкес
режимді таңдаңыз;
6-
CTCSS үнін таңдау (мүмкін/мүмкін емес) – CTCSS үнін
орнатуға мүмкіндік алу (TONE пернесін қолдану);
7-жаймалай тексеру (мүмкін/мүмкін емес) – бұл режимде
жиіліктің немесе жадының арналарын жаймалап тексеруге рұқсат/мүмкіндік
алу немесе алмау;
8-биппер (қос/өш) – қосулы тұрған биппер кезінде
кез келген пернені басқан кезде (РТТ-дан басқа) қысқа
дыбыстық сигналды естуге болады. Жиіліктерді жаймалай тексеру режимінде
0,5 және 1МГц-ке ауысу кезінде де бір немесе екі дыбыстық сигналын
естуге болады;
1-ден 8-ге дейінгі пернелерді қолдануға болады. Егер де программалау орындалмаса,
онда өз бетінше режим орнатылады. Бір операцияны орындап, келесіге көшу
үшін «РТТ» немесе «ANS» пернесін басыңыз. Радиостанцияның
бастапқы күйге оралуы үшін C-ON пернесін басыңыз.
2.5.18 Микропроцессорды
орнатуды дайындау
Барлық программаланған функцияларды,
жадының арналарын және т.б., сол сияқты заводтық
режимге оралуға болады:
-
радиостанцияны
өшіріңіз
-
«F» пернесін
басып, VOLUME бұрмасын сағат тілінің бағытымен дыбыстық
үн пайда болғанша бұраңыз
-
«F» пернесін
дисплейде неше түрлі белгілер пайда болмайынша ұстап тұрыңыз
- «F» пернесін жіберсеңіз, радиостанция бастапқы заводтық күйге оралады.
«ANS» пернесін бассаңыз,
радиостанцияны басқа режимдерге ауыстыруға болады. Егерде дисплейде
М әріпі көрінсе/жанса (жадының бос арналарында ол жылпылдап тұрады),
радиостанция жадының арналарының режимінде орналасқан және
ауыстырып-қосқышты бассаңыз арналарды 1-ден 9-ға
дейін ауыстыруға болады.
Егер дисплейде тек ғана жиілік көрсетілсе, радиостанция VFO режимінде тұрғаны көрінеді(жиілікті еркін таңдау). Жиілікті орнату ауыстырып-қосқыштың арқасында жүзеге асады.
4 Кесте – Бақылаудың нәтижелері
Пункт |
Операция аты |
Пернелердің тізбектей басылуы және комбинациялары |
Дисплей түрі |
|
|
|
|
Өзгертуге дейін |
Өзгертуден кейін |
2.6 Есеп берудің мазмұны
Есеп беруде болу керек: мақсат, рацияның алдыңғы бетінің басқару мүшелерінің нобайлы суреті, бақылау нәтижелерінің кестесі, жұмыс бойынша қорытынды.
Барлық иллюстрациялар мен кестелер атымен орналасуы керек.
2.7 Бақылау сұрақтары
2.7.1 Ұялы радиостанцияларда не үшін шуды азайтқышты қолданады?
2.7.2
Зерттеліп отырған радиостанцияларда жұмыстың қай режимі
қолданылады (симплексті, дуплексті, жартылайдуплексті)?
2.7.3 ANI коды не үшін қажет
және оларда қанша белгі бар?
2.7.4 CTCSS
жиілігін беріліп отырған радиостанцияда қалай орнатуға
болады?
2.7.5
Автожауап беру не үшін керек және оның орнатылуы қалай
жүзеге асады?
2.7.6
DTMF шу азайтқышында кодалаудың қандай режимдерін білесіз және
бұл режимдер қалай орнатылады?
2.7.7 Топтық шақырудың программалануы қалай орындалады?
2.7.8
Бос емес арнада бұғаттауды қайтіп жасауға болады?
2.7.9
Жиіліктерді өзгерту не үшін керек және ол қалай
орындалады?
2.7.10 Радиостанцияның
жадысында бір нәрсені жазуды қайтіп іске асыруға болады?
3 №3 Зертханалық жұмыс. Арнайы ALINCO
DJ-382C1 жедел әрекетті тракингтік радиостанцияның баптауын зерттеу
және таңдамалы шақыру режімінде тілдесу
3.1 Жұмыстың
мақсаты
Жедел әрекетті
радиостанциялардың таңдамалы шақыру режіміндегі
эксплуатациялық дағдыларымен әрекеттену, эфирде үндік
шуыл бәсеңдету мен DTMF шуыл бәсеңдету
комбинацияларымен жұмыс істеу кезіндегі талаптармен танысу.
3.2 Үйде
дайындалуға арналған сұрақтар
Транкингтік
байланыстың негізгі түсініктерін білу;тракингтік радиожүйелердің
принциптері мен жұмыс істеу режімін оқып білу. Сигналдың DTMF
және CCTSS түсініктерімен танысу. Сигналдың принциптері мен
жіберілу жолдарымен танысу.
Есеп беру
бланкін дайындау.
3.3 Қолданылатын
жабдықтың сипатталуы
Зертханалық
жұмыста кең таратылатын пернетақталы транкингтік
радиостанциялардың екі модулі қарастырылады. Жиіліктер ауқымы
340,00-360,00 МГц, арналар саны – 40. Ауыспалы жиіліктік модуляция қолданылады.
Таратқыш ауыспалы жиіліктік
модуляцияда максималь жиілік ауытқуы ± 5 кГц және шақыру үнінің
жиілігі 67,0 –ден 250,3 Гц дейінгі жиіліктерде жұмыс істейді. Онда
шамамен 2,0 Вт болатын шығыс қуаты және шақыруды
кодалау үшін 38 субдыбысты жиілігі болады. Қабылдағыш пен
таратқыштың жиіліктер аумағы 0 – ± 15,995 МГц аралығында.
Супергетерогенді қабылдағыш екілік жүйеде жиілікті түрлендіретін,
сезгіштігі 12 дБ іріктегіштігі ±12 кГц/-6 дБ –ден кем болмайды.
А
қосымшасында радиостанцияның алдыңғы, жоғарғы
және бүйір панелінің сипаттамасы берілген.
Белгілі бір тілшімен байланыс орнату үшін 38 субдыбысты (инфрадыбысты)
жиіліктер қолданылады. Олар (38 субдыбысты жиіліктер) біруақытта
айтылатын сөзбен бірге немесе «тарату» пернесін басқаннан кейінгі
DTMF посылкасымен жеткізіледі. Бұл әдістерді әрі бірге, әрі
бөлек қолдануға болады. Бұл функцияларды таратушылар
немесе пайдаланушылар орнықтыруы мүмкін.
Басты станцияны анықтау мақсатымен, қай корреспонденттен шақыру
келгеніне байланысты радиостанцияда ANI (максимум 24 белгі) кодалауын қолдану
қарастырылған.
Бұл
радиостанция бұрыннан белгілі модельдерге қарағанда, бірқатар
жетілдірілген функцияларды іске асырады: телефонның симплексті режімінде
жұмыс істеу, бос емес арнада блокировкілеу, тілдесу режімінде шуылды бәсеңдету
ж.т.б
3.4 Орындалу барысы
3.4.1 Радиостанцияның арнайы функцияларын зерттеу:
- DTMF режімінің қосылуы және өшірілуі;
- автотеру;
- автоқайталау;
- DTMF/CTCSS уақыттық өшірілуі;
- Бос емес арнада таратылудың блокирленуі.
3.4.2 Таңдамалы шақыру режіміндегі шуылды бәсеңдету тәсілдерін зерттеу:
- үнділік шуыл бәсеңдету;
ˉ
DTMF шуыл бәсеңдету;
DТMF және CTCSS шуыл бәсеңдетудің
ортақ қолданылуы.
3.4.3
Орнықтырылған DTMF шуыл бәсеңдету арқылы келіссөз
жүргізу режімдері:
- үш таңбалы кодалау;
ˉ
жеті таңбалы
кодалау;
ˉ
топтамалы шақыруы
бар жеті таңбалы кодалау;
ˉ
автожауап
берілуі орнығатын жеті таңбалы кодалау.
3.5 Зертханалық жұмысты
орындау әдістемесі
Назар аударыңыз! Зертханалық жұмысты
орындамас бұрын көрсетілген қуаттың минимальді («Low»)
деңгейі (индикаторда инверсті символ «L»). тұрғандығына
көз жеткізіңіз. Қуат деңгейі мына сұлба бойынша өзгереді:
[F] +
[MONI]/H/L пернелерін басу арқылы «High» > «Low». Дисплейде сәйкесінше:
«H», «L» жанады.
Ескерту:
таратқыштың әрбір жағдайының өзгеруіне
байланысты бұл өзгертуді қолдану керек. Мұны іске асыру
үшін кез-келген пернені басу керек, [LAMP] және [MONI] пернелерінен
басқа.
Келіссөздер
жүріп жатқан өзге жиілікке (арнаға) түсіп кеткен
жағдайда, радиостанцияны басқа жиілікке (арнаға) ауыстыру
керек.
Нәтижелерді 9 кестеге
енгізу.
3.5.1 DTMF
режімінің қосылуы
Егер
"С", "А" немесе "D"белгілерінің бірі көрінбесе,
онда DTMF режімі өшірулі. Қабылданған кодалар анықталмайды,
яғни тарату жүзеге асырылады.
DTMF режімін
қосыңыз. Ол үшін қалыптасқан жағдайдан
C-ON батырмасын басыңыз. Пернетақтаны пайдалана отырып, режім кодын
енгізіңіз:
- үш таңбалы
кодалау - 1 (С);
- жеті таңбалы
кодалау – 2(D);
- автожауап
бергіші бар жеті таңбалы кодалау-3(АD).
Режімді орнықтырғаннан
кейін келесі операцияға өту үшін "РТТ" немесе
"ANS" батырмасын басыңыз.
DTMF режімін өшіру үшін C-ON батырмасын басып, пернетақтадан
6 санын басыңыз.
Бастапқы
жағдайға келтіру үшін C-ON батырмасын басыңыз.
Басылған
"РТТ" батырмасында DTMF кодалары дәл сол уақытта
таратылады.
3.5.2
Автотеру функциясы
Бұл
функция DTMF кодаларын жадыдан автоматты түрде жіберуге мүмкіндік
береді. Жадының жеті ұяшығы DTMF-тің 24 таңбалы
кодаларын сақтай алады.
Автотеру
режімін орнықтырыңыз:
а) басулы
"F" батырмасымен бірге "DIAL" батырмасын басқанда –
терілген коданың соңғы үш саны жанады, егер кода
терілмесе;
б)
жадының бір арнасын( 1-ден 7-ге дейін) ауыстырып-қосқышты
айналдыру арқылы таңдаңыз;
в)
пернетақта (барлық 16 перне қатысуы мүмкін) арқылы
код енгізіңіз. Кодты енгізгеннен кейін, дисплейде сандар оң
жақтан солға орналасады. Код құрамы 24 саннан тұруы
мүмкін;
г) егер қателік
істеп қойсаңыз, онда басулы "F" батырмасымен ауыстырып-қосқышты
сағат тілінің бағытымен бұраңыз. Сонда қате
енгізілген белгі жоқ болып кетеді. Дұрыс белгіні енгізіңіз
және ауыстырып-қосқышты "F" батырмасы басулы күйінде
сағат тілінің бағытына қарама-қарсы бұраңыз.
Кодты түсіріп,
жаңасын орнықтырыңыз. Ол үшін "F"
батырмасымен бірге "С" батырмасын басыңыз – сандар орнына
дисплейде ештеңе пайда болмайды, кейін кодты қайта енгізіңіз.
Автотеруді қосыңыз. Ол үшін арнайы орнықтырылған жиілікте немесе арна нөмірінде "*" батырмасын басыңыз және төрт секундтан аспайтын уақытта (1ден 7дейін) нөмірдің бірін DTMF коды ретінде теріңіз. Код эфирге шығарылады, сонда сіз оны радиостанция дыбыс зорайтқышынан естисіз.
Ескерту – Егер автотеру нөмірінің батырмасы "*" батырмасы басылған соң 4с кейін басылса немесе жадыда автотеру коды жазылмаса, таратылу орындалмайды.
5 кестеде
автотеру кодалары мен олардың дисплейдегі кескіні көрсетілген.
Енгізілуі мүмкін болатын әртүрлі 16 кодалар түрі
белгілі.
5 Кесте – Автотеру белгілерін индекстеу
Батырма |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
A |
B |
C |
D |
* |
# |
Бейне |
0 |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
A |
b |
C |
d |
E |
F |
3.5.3 Автоқайталау функциясы
Сіз автоматты түрде соңғы таратылған DTMF кодасын қайта тере аласыз:
- дисплейде арна жиілігі мен нөмірі болса, "*" батырмасын басыңыз.
4с. аралығында
сол батырманы қайта басыңыз. Соңғы кода терілуі
автоматты түрде қайталанады, сол кезде сіз оны радиостанция дыбыс
зорайтқышынан естисіз.
Назар аударыңыз – Егер "*" батырмасын басқаннан
кейін 4с-тан астам уақыт өтсе, қайталау бомайды.
4 Сурет – Автоқайталау функциясының бейнесі
3.5.4 DTMF/CTCSS уақыттық
өшірілуі
Іске қосылған
DTMF/CTCSS жүйелерінде оларды блокировкілеу үшін DQ батырмасын басыңыз.
Бұл батырманы қайта басқанда жүйе іске қосылады
ж.т.б.
3.5.5 Бос
емес арнада таратылудың блокировкіленуі
Егер DTMF/CTCSS жүйелері қосулы болып, тасушы үнділік (код) қабылданса немесе "РТТ" батырмасы басылып тұрса, ал дыбыстық сигналдар жүріп тарату мүмкін болмаса, яғни бос емес арнада таратылу блокировкіленуі орныққан. Тарату тек қабылдау арнасында станция болмағанда немесе дисплейде DQ символы пайда болғанда жүзеге асады.
3.5.6 Таңдамалы шақыру режіміндегі ССTSS (үнділік) шуыл бәсеңдету
Бұл жағдайда
белгілі бір станциямен байланыс орнату мақсатымен 38 субдыбысты
(инфрадыбыстар) жиіліктің бірі сіздің дауыс сигналыңызға
орнатылады. Аталған функция пайдаланушы қосымша EJ-17U құрылғысын
қолданғанда орнықтырылуы мүмкін.
Қажетті
берілген функцияны орналастыру үшін жиілік үні мен кодалық/шуыл
бәсеңдеткіш функциясын туындату керек. Бұл жағдай үшін
келесі операцияны орындаңыз:
а) TONE
батырмасын басыңыз; Герцпен жиілік екпіні бейнеленеді. (5 сурет);
б) арна тұтқасының орналасуын сағат тілімен жиілікті жоғарылату
үшін және жиілікті төмендету үшін сағат тіліне қарсы
бұраңыз. 6 кестеге сәйкес келетіндей әр-түрлі 38
жиілік екпінінің біреуін таңдаңыз;
в) дисплейде жиілік екпіні пайда болғаннан кейін TONE батырмасын басыңыз
және 6-суретте көрсетілгендей функцияны баптауды ауыстырыңыз;
г) бастапқы экранға келу үшін ANS батырмасын басыңыз.
Назар
аударыңыз – Егер TONE батырмасын бассаңыз орналастыру өзгермейді
(тіпті KL ), яғни, берілген функция ажыратылған.
5 Сурет – Жиілік екпінінің дисплейдегі орналасқан түрі
6 Кесте – Екпін орналастыру үшін жиілік
67.0 |
71.9 |
74.4 |
77.0 |
79.7 |
82.5 |
85.4 |
88.5 |
91.5 |
94.8 |
97.4 |
100.0 |
103.5 |
107.2 |
110.9 |
114.8 |
118.8 |
123.0 |
127.3 |
131.8 |
136.5 |
141.3 |
146.2 |
151.4 |
156.7 |
162.2 |
167.9 |
173.8 |
179.9 |
186.2 |
192.8 |
203.5 |
210.7 |
218.1 |
225.7 |
233.6 |
241.8 |
250.3 |
|
|
|
|
6 Сурет – Жиілік үні мен кодалық/шуыл бәсеңдеткіш функциясын орналастыру
3.5.7 Таңдамалы шақыру режіміндегі DTMF шуыл бәсеңдеткіші
Сіз "PTT" батырмасын басқанда оның радиостанция
динамикасын естисіз. Сондықтан қабылдау-тарату төрт режімнің
біреуінде орналасқан болуы керек. (C –үш өлшемді шақыру;
D – жеті өлшемді шақыру; AD – авто жауап бергішпен қосылған
жеті өлшемді шақыру, егер DTMF шуыл бәсеңдеткіші
дисплейдегі белгіге қолданылса), дисплейде 7 суретте көрсетілгендей
индикацияланады.
7 Сурет – AD функциясын
таңдаудағы дисплейдегі LCD индикациясы
3.5.8 Үш
өлшемді шақыру кодалық хабарласуларын жүргізу
DTMF қосу
режімін және 3.5.1 нұсқауынан үш өлшемді
кодалауды орналастырыңдар. Дисплейде "С" белгісі үш өлшемді
кодалық шақыру режімін нұсқайды. Егер қабылданған
код сіздің радиостанциямен сәйкес келсе, онда шақырту
естисіз.
8
Сурет –Үш өлшемді шақыру кодасының дисплейдегі түрі
9 суретте көрсетілгендей
радиостанцияның кодын орналастырыңдар және растаңдар.
Керекті кодты орналастыру үшін төменде көрсетілген
процедураны орындаңыз:
а)
"С"
әріпі болған жағдайда "F" және
"CODE" батырмасын басыңыз. Дисплейде сіздің
радиостанция кодыңыз жанады (егер 000-онда орналаспаған болса);
б)
пернетақтаның
көмегімен бірінші саннан бастап қажетті кодты теріңіз. Үш
сан жиынынан артық қабылданбайды.
Назар аударыңыздар – Сіздің таңдаған кодыңыз үш
саннан тұру керек.(әріптердің қолдануы
ескерілмейді) выбранный Вами код должен состоять из трех цифр (применение
букв недопустимо):
в)
жұмыс
режімін қалпына келтіру үшін, "ANS" дұрыс жинағын
басыңыз;
г)
код
жинағында қате кеткенде F және C батырмасын қатар басып
қатесін түзеңіз, дисплейде 000 шығады. Код жинағын
қайталаңыз.
10 суретте көрсетілгендей
қабылдау/тарату.
Хабар
"PTT"
батырмасын анықталған корреспондент коды үшін
келтіреміз.(басылатын батырма арасындағы уақыт екі секунд аралығында
болу керек).
Қабылдау
Егер қабылданған
код радиостанцияның жеке кодымен сәйкес келсе, онда сіз шақыру
естисіз. Шақыру 10 секунд аралығында болуы мүмкін, кез-келген
радиостанциямен манипуляция шақыруы басылады. Егер 10 секунд аралығында
ешқандай өзгеріс байқалмаса, онда радиостанция қайтадан
шақыруды күту режіміне өтеді.
Егер ешқандай
әрекет немесе қосымша 10 секунд аралығында операция
орындалмаса, қабылдау-тарату шуыл бәсеңдеткіші жаңадан
жабылады.
|
|
|
9 Сурет – Дисплейде радиостанция индикация кодының расталуы мен орналасуы
|
|
|
|
|
10 Сурет
Енгізілетін
кодтың пішіні (тарату әдісі) 7 және 8-кесте бойынша анықталады
. Кодты тарату үшін "*" түймесін басамыз. "РТТ"
түймесін баса отырып, кодтың қалған түймелерін
іске қосу нақты уақытта DTMF кодын таратуға алып
келеді. Нақтылай түсу үшін 7 және 8-кестемен салыстырыңыз.
Топтық
шақыруды іске асырыңыз. "А" белгісі арқылы бірнеше
станцияларды бір уақытта шақыру кезінде 0-ден 9-ға
дейінгі кез-келген санды алмастырыңыз
Мысалы, "12А" кодын енгізсек 120-дан 129-ға дейін индивидуальді кодтары бар
корреспонденттер шақырылады. “A” белгісі бір реттен артық
қолданыла алмайды. Мысалы, "11А" коды 100-ден 199-ға
дейінгі индивидуальді кодтары бар корреспонденттерді шақырады.
7 Кесте – Жеке қоңырау шалғанда
енгізілетін кодты таңдау. (тек қана қабылдағыш-таратқыш
В үшін)
|
Перне тақтаны енгізу |
Таратқан код |
Кодты танымай тарату |
[5] [3] [4] [#] [*] |
5 3 4 E B B B |
Жанама кодпен енгізгендегі тарату. |
[5] [3] [4] [#] [9] [9] [9] [*] |
5 3 4 E 9 9 9 |
Радиостанцияның өзінің кодымен тарату."А" 123 |
[5] [3] [4] [#] [#] [1] [*] |
5 3 4 E 1 2 3 |
Шартты кодпен тарату 756 |
[5] [3] [4] [#] [#] [2] [*] |
5 3 4 E 7 5 6 |
11 Сурет– Топтық шақыруда тарату
8 Кесте – Енгізілетін кодтың пішінін таңдау. (қабылдағыш-таратқыш В мен С)
|
Перне тақтаны енгізу |
Таратқан код |
Кодты танымай тарату |
[5] [3] [4] [#] [*] |
5 3 А E B B B |
Жанама кодпен енгізгендегі тарату |
[5] [3] [А] [#] [7] [5] [1] [*] |
5 3 А E 7 5 1 |
Радиостанцияның өзінің кодымен тарату."А" 123 |
[5] [3] [4] [#] [#] [1] [*] |
5 3 А E 1 2 3 |
Шартты кодпен тарату 756 |
[5] [3] [А] [#] [#] [2] [*] |
5 3 А E 7 5 6 |
Қабылдау
Сіздің
өзіңіздің кодыңыз және т.б жеті мәнді
режимде бағдарламаналады. Егер қабылданған код (үш сан
және бір бөлгіш белгі) сіздің радиостанцияңыздың
жеке кодымен сәйкес келсе, сіз қоңырауды естисіз.
|
|
|
12 Сурет – Жеті мәнді қоңырау шалудағы қабылдау
Дисплей қабылданған кодты жарықтандырады, клавиатурамен манипуляцияланғанда дисплей бұрынғы күйіне келеді.
Егер қабылданған код фиктивті болса, дисплейде ALL жарқырап шығады. Егер қоңырау жеке адамға болса дисплейде А, егер топтық болса дисплейде С жарқырайды.
Дисплейде сондай-ақ үш мәнді кодтың үш нұсқасы жарықтандырылады:
ˉ таратқыш станцияның өзіндік коды;
ˉ таратқыш станцияның шартты коды;
ˉ таратқыш станцияның жанамалап алынған коды.
Егер код сандары қате терілсе, дисплейде Еrr (error – ошибка) белгісі шығады.
10 Сурет – Қабылдау/тарату үш өлшемді шақырумен кодаланған
3.5.9
Сегіз өлшемді кодалық шақыртуды сөйлесумен өткізу
DTMF қосу режімін және 3.5.1 нұсқауынан жеті өлшемді
кодалауды орналастырыңдар. Дисплейде "D" белгісі жеті өлшемді
кодалық шақыру режімін нұсқайды. Бұл режім нақты
радиостанция немесе радиостанция тобында қолданылады. (11 сурет).
Аналогтық
радиостанция кодын 9 суретте көрсетілгендей орналастырыңдар және
растаңдар. Шартты код үш саннан құралған. Кодты
орналастыру үшін төменде көрсетілген процедураға қараңыз:
а)
дисплейде
"D" белгісі болған жағдайда "F" және
"CODE" батырмасын қатар басыңыз, дисплейде шартты код
немесе нөл болған жағдайда жанады.
б)
пернетақтаны
пайдаланып үш сан кодын келтіреміз. Қате болған жағдайда
"F" және "С" батырмасын қатар басыңыз;
в)
жұмыс
режімін қалпына келтіру үшін "ANS" немесе "PTT"
батырмасын басыңыз.
г)
қате
кеткен жағдайда "F" және бір мезетте тазарту үшін
"С" батырмасын басыңыз.
Назар
аударыңыздар – Кіріспе тек саннан тұруы мүмкін.
|
|
|
13 Сурет – Жеті өлшеммен кодаланған дисплей индикациясы және жеті өлшемді авто жауап бергішпен кодаланған
Нақты радиостанцияның жеті өлшемді қабылдау/тарату кодымен шақырылады.
Хабар
Тарату кодының конфигурациясы – Жеті өлшемді шақыру коды жауапты станция кодынан, бейне бөлгіштігі және үш цифрдан тұрады. (12 сурет).
|
|
|
14 Сурет – Тарату кодының конфигурациясы
3.5.10 Авто жауап бергіші бар жеті мәнді кодты қоңырау шалғандағы сөйлесу.
Тарату алдыңғы әдіске ұқсас өткізіледі.
Егер дисплейде "А" белгісі бар жеке қоңырау қабылданса, радиостанция авто жауап бергіште үш режимде бағдарламаланады:
ˉ радиостанцияның жеке кодымен жауап;
ˉ шартты кодпен жауап;
ˉ тонмен жауап.
Егер "А" белгісі жарықтанбаса, немесе топтық шақыру қабылданса, авто жауап бергіш режимі жұмыс жасамайды, бірақ дауыстық сигналдар 10 сек мезетінде түседі, болдырмау үшін кез-келген түймені басу керек.
Егер ешқандай манипуляция іске аспаса, және 10 сек. аралығында сигнал қабылданбаса, радиостанция күту режиміне өтеді.
Егер дилер рұқсат
етсе, авто жауап бергіш қосулы немесе сөндірулі болуы мүмкін.
Егер қоректендіргішті қосқаннан кейін дисплейде әлі де
"А" және "D" белгілері бар болса, "ANS" түймесін
басыңыз."А" белгісі өшеді, және авто жауап
бергіш өшіріледі. "ANS" қайта басқанда
"А" белгісі пайда болады – авто жауап бергіш қосылған және
т.б.
Ескерту – егер қосқаннан
кейін "А" және "D" жарықтанбаса, онда, бұл
режим орнатылмаған және "ANS" басу нәтиже бермейді.
3.5.11 DTMF
және ССTSS (тондық, селективті) шуыл бәсеңдеткіштерін
таңдамалы қоңырау шалу режимінде үйлестіре қолдану.
Төменде
бұл екі жүйенің комбинациялау әдісі келесідегідей вариациямен
берілген:
ˉ
DTMF/CTCSS
екі жүйесі де өшірілген – қабылдау мен тарату мүмкіндігі;
ˉ
тек CTCSS жүйесі
қосылған – егер қабылданған тон радиостанция қабылдағышындағы
тонға сәйкес келсе шуыл бәсеңдеткіш ашылады және
корреспондент дауысын естисіз. "РТТ" түймесін басып, таратуды
іске асырасыз. Тон сәйкес келсе, қабылдағыштан ешнәрсе
естімейсіз.
ˉ
тек қана
DTMF дауыс бәсеңдеткіші қосылған –
"РТТ" басқанда ондық нүкте жанады , және
радиостанция тарату режиміне көшеді. Таратуды аяқтағаннан
кейін DTMF шуыл бәсеңдеткіші ашық және корреспондентт
сигналын қабылдау мүмкіндігі бар. Егер 10 с аралығында ешқандай
манипуляция іске аспаса және ешқандай корреспондент сигналы қабылданбаса,
радиостанция DTMF шақырудың күту режиміне қайта
оралады.
Назар аударыңыз – Дисплейде ондық нүктенің пайда
болуы, DTMF шуыл бәсеңдеткіші ашық дегенді білдіреді.
DTMF және
CTCSS қосылған
Қабылдағыш
кірісінде сигнал жоқ. "РТТ" басқанда ондық жанады,
таратқыш жұмыс жасап тұр. 10 сек. кейін тарату аяқталған
соң, шуыл бәсеңдеткіш DTMF жабылады. Осы уақыт аралығында,
егер CTCSS сигналы қабылданса, хабар қабылдау мүмкіндігі бар.
Егер радиостанциямен манипуляция болмаса және тасығыш қабылданбаса,
DTMF шуыл бәсеңдеткіші күту режиміне кіреді.
9 Кесте – Бақылау нәтижесі
Пункт
|
Операция атауы
|
Пернелерді басу және перне комбинациясының тізбектілігі. |
Дисплей түрі |
|
Өзгергенге дейін |
Өзгерген-нен кейін |
|||
|
|
|
|
|
3.6 Есептік баяндама құрылымы
Есептік баяндама мыналардан тұру керек: мақсаты, басқару органдары көрсетілген рацияның
алдыңғы панелінің схематикалық суреті,бақылау нәтижелерінің
кестесі, жұмыс бойынша қорытынды. Барлық суреттер мен
кестелер атауы көрсетіле отырып, орналастырылуы керек.
3.7 Бақылау сұрақтары
3.7.1 Мобильді
радиостанцияларда дауыс бәсеңдеткіш не үшін қолданылады?
3.7.2
Зерттеліп отырған радиостанцияда қандай жұмыс режимі
(симплексті, дуплексті, жартылай дуплексті) қолданылады?
3.7.3
Тондық шуыл бәсеңдеткіште қанша жиілік қолданады?
3.7.4 Шуыл бәсеңдеткіштің
тондық режимінде қалай жұмыс жасауға болады?
3.7.5 Автотеру режимі не үшін қажет және қалай орнатамыз?
3.7.6 DTMF шуыл бәсеңдеткішін орнатқанда қандай кодтау режимін білесіз?
3.7.7 Топтық шақыру қалай іске асады?
3.7.8 Алынған арнада блокировка қалай жасалынады?
3.7.9 Қабылдағыш кірісінде не болады, егер DTMF и CTCSS режимі қосылып тұрса және қабылдағыш кірісінде сигнал жоқ болса?
3.7.10 CCTSS және DTMF шуыл бәсеңдеткіштердің комбинациялау әдісінің қысқаша суреттелуі.
А Қосымшасы
Радиостанцияның үстіңгі, алдыңғы, бүйірінен қарағандағы және сұйықкристалды дисплей бейнеленуі
1 MIC ағытпасы |
Микротелефондық гарнитура мен шығарылмалы микрофондардың қосылуы үшін қызмет етеді (EJ-18U құрылғысы қосылған кезде, жұмысын тоқтады). |
2 SP ағытпасы |
Сыртқы дауыс зорайтқыш пен микротелефондық гарнитураның қосылуы үшін қызмет етеді. |
3 антенна ағытпасы |
Антеннаның қосылуы үшін. Сыртқы антенна BNC-қосылғышымен ғана қосуға болады. |
4 squelch control шуылазайтқыш- пен басқару |
Шуылазайтқыш жүйесінің
деңгейін орнату үшін қолданылады. Сағат тілінің
бағытына қарама-қарсы бұрағанда шуылазайтқыш
ашық (шуыл максималь -ді), ал сағат тілінің бағытына қарай
бұрағанда шуылазайтқыштың жүйесінің
табалдырығы максимальді. |
1 L |
Таратушының шығыс қуаты төмен орныққан кезде шығады.. |
2 T SQ. |
Үндік кодалау немесе үндік шуылазайтқыш қосылған кезде пайда болады. |
3 ¸ |
[+] немесе [-], қабылдағышпен салыстырғанда таратқыштың ығысу жиілігін көрсетеді. |
4 B |
Батареяның заряды бітуге таяғанда шығады. |
5 M188 |
Жадының арналар нөмірін көрсетеді |
6 BUSY |
Шуылазайтқыштың, яғни қабылдағыштың кірісіндегі сигналдың ашылуын индикациялайды. (арнаның бос еместігі). |
7 "." |
Жиілік көрсетілімі барысында килогерцті мегагерцтен ажыратады, жаймалай тексеру қосылу режимінде жыпылықтайды.
|
5 LCD (сұйық-кристалды дисплей) |
Барлық белсеңді функцияларды көрсетеді. |
6 Функционалды батырма |
Басқа батырмалардың екілік функцияларын активтендіру үшін осы батырманы шертіп, ұстап тұру керек.. |
7 PTT батырмасы |
Жіберу үшін шертіп, ұстап тұру керек, ал қабылдау үшін жіберу керек.. |
8 Батареялардан ажыратылуы |
Батереяларды ауыстыру үшін қолданылады. Осы батырманы басып, үстіге көтеру керек, содан қабылдаутаратқыштан ажырату үшін батареяларды жылжытамыз.. |
9Дауыс зорайтқыш |
Орнатылған дауыс зорайтқыш.. |
10 Микрофон |
Орнатылған сыйымдылықты микрофон. |
111 Пернетақта |
DTMF сигналдарын тарату үшін, қайта теру, жадыдан нөмірлерді автошақыру, т.с.с. |
12 TONE батырмасы |
CTCSS үндік функциясын орнату үшін. |
13 MONI/H/L батырмасы |
Қабылдау
кезінде шуылазайтқыш толығымен өшеді. Шығыс қуатты
таңдау үшін F-ке қоса осы батырманы шертеміз (H: жоғарғы
/ L: төменгі). |
14LAMP/KL батырмасы |
5 секундқа
жуық дисплейді жарықтандыру үшін осы батырманы
шертеміз. Пернетақтаның бұғатталуын қосу үшін
осы батырмаға қоса F батырмасын шертеміз. |
15 ANS/DIAL батырмасы |
Авто-жауапбергіштің
қосылуы үшін қызмет етеді. Авто-теру режіміне кіру үшін
F және осы батырманы шертіңіз. |
16SCAN/CODE батырмасы |
Жаймалай тексеруді бастайды. F-пен қоса осы батырманы бассақ DTMF іріктелінген шақыруларын теруін қосамыз. |
17 D /C-ON батырмасы |
Шуылазайтқыш
функциясын сөндіру/қосу жағдайына келтіреді. F батырмасы
басылып тұрған кезде бұл батырма DTMF телефондық нөмірлерін
теру үшін қолданылады. |
18Power/Volume реттегіші |
Қоретенуді
қосады және өшіреді, және дауыс қаттылығын
реттейді. Сағат тілінің бағытымен бұрап, қоректендіруді
қосып, дауысты зорайтамыз. |
19 Ауыстырып-қосқыш |
Жады арнасының нөмірін өзгертеді, үндік жиілікті орнатады, және т.б. |
Әдебиеттер тізімі
1. Карташевский В.Г. и др. Сети подвижной связи / Карташевский В.Г., Семенов С.Н., Фирстова Т.В. – М.:ЭКО-ТРЕНДЗ. – 2001.
2. Ратынский М.В. Основы сотовой связи / Под ред. Д.Е. Зимина – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Радио и связь. – 2000.
3. Уильям К. Ли. Техника подвижных систем связи. – М.: Радио и связь. – 1988.
4. Связь с подвижными объектами в диапазоне СВЧ / Под ред. У.К. Джейкса. – М.: Связь. – 1979.
5. Андрианов В.И., Соколов А.В. Сотовые, пейджинговые и спутниковые средства связи. – СПб: БХВ Петербург Арлит. – 2001.
6. Громаков Ю.А. Стандарты и системы подвижной радиосвязи. – М.: Радио и связь. – 1999.
7. Соколов А.В. Андрианов В.И. Альтернатива сотовой связи: транкинговые системы. – СПб: БХВ Петербург. – 2002.
8. Радиостанция «ALINCO DJ-382C1»: Техническое описание и инструкция по эксплуатации.
Мазмұны
Кіріспе
1 №1 зертханалық жұмыс. “ALINCO DJ-382C1” радиостанциясының мысалында жедел
әрекетті транкингтік радиостанцияның бапталуын оқып үйрену
2 №2 зертханалық жұмыс. Зертханалық жұмыс № 2. Қолдану режимінде ALINCO DJ-382C1 мобильді транкингті радиостанцияны бағдарламалау
3 №3 зертханалық жұмыс.
Арнайы ALINCO DJ-382C1 жедел әрекетті тракингтік радиостанцияның
баптауын зерттеу және таңдамалы шақыру режімінде тілдесу
А Қосымшасы
Радиостанцияның үстіңгі, алдыңғы, бүйірінен
қарағандағы және сұйықкристалды дисплейі және
олардың бейнеленуі
Әдебиеттер тізімі