Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕСИТЕТІ
Телекоммуникациялық  жүйелер кафедрасы

РАДИОТАРАТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
мамандығының студенттеріне арналған есептер  жинағы

Алматы 2014

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Гладышева. Н.Н., Шугайып У. Радиотаратқыш құрылғылар. (5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының  студенттеріне арналған есептер  жинағы). - Алматы: АЭжБУ, 2012ж - 26 б.

Есептер жинағы «Радиотаратқыш құрылғылар» курсын өз бетімен оқып үйрену кезінде көмек үшін арналған. Оны оқудағы мақсат – студенттердің теориялык негіздерді, кұрылым принциптерін және құрылу тракттерін және қазіргі уакыттағы әртүрлі бағыттағы радио жүйелердің сигнал таратуын есептеудің негіздерін окып үйренуі. Пәнді окыту үрдісінде (процесс) қойылған мақсатқа жету үшін есептер жинағында оқылатын процестер мен құбылыстардың физикалық және мөлшерлік жақтарын көрсететін керекті такырыптары енгзілген. Осы тапсырмаларды шешу, курс бөлімдерін жақсы оқып үйренуге, шешу кезінде қолданылатын математикалық аппараттарды оқып үйренуге және радиотаратқыш кұрылғылардың нақты сұлбаларына тұжырым жасауға үйретеді.

Жинақтың тақырыптары «Радиотаратқыш кұрылғылар» пәнінің негізгі бес бөлімін қамтиды. Барлық тапсырмалар үшін оқып үйренуге арналған негізгі әдебиеттерге сілтеме жасалған сілтемеленген әдістемелік нұсқаулар жасалған. Қосымшаларда есептеу жүргізуге қажетті функциялардың (Берг, Бессель, Евтянов және т.б.) сандық мәндері берілген.

Оқу құралдың қажеттілігі кейбір бөлімдердің өзіндік жұмысқа шығарылған кезде студенттердің өздік аудиториядан тыс жұмыс көлемінің өсуімен, сонымен қатар тәжірибелік сабақтардың сағаттар санының көтерілуімен шартталады. Бұл базалық пәндердің бірі болып табылады және  5В071900- «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» мамандығы бойынша бакалавриатта оқитын студенттердің радиотехникалық мамандықтарға дайындығын қамтамасыз етеді.

Кесте. 4, без. 5,әдеб.көрсеткіші . - 7 атау.

Пікір беруші: тех. ғыл. канд., профессор  А.Ә.Көпесбаева

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының  2012 жылғы жоспары бойынша басылды.

© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2014ж.

Мазмұны

Кіріспе

3

Шартты белгілердің, қысқартулардың және терминдердің тізімі

4

Өздік жұмысты орындауға арналған нұсқаулар

5

1 Радиосигнал және оның сипаттамалары

5

2 Сыртқы қоздырғыш генераторлар

7

3 Автогенераторлар

15

4 Таратқыштардағы модуляция

16

5 Сүзгілеу және бұғаттау байланыс тізбегі

21

А қосымшасы

23

Б қосымшасы

24

В қосымшасы

25

Г қосымшасы

25

Әдебиеттер тізімі

26

Кіріспе

          Келешекте радиотаратқыш құрылғыларды жиіліктік диапозоны бойынша көзқарасынан - байланыстың талшықты-оптикалық желілерін қолдану арқылы, ал элементтік базалық көзқарас бойынша - жартылай өткізгіштік транзисторларды ғана, диодтарын және қазіргі уақыттағы техникадағы электрондық лампаларын қолдану арқасында дамытуы мүмкін.

        Радиотаратқыш құрылғыларды жаңғырту (дамыту) транзисторларды жасаумен байланысты. Транзисторлық радиотаратқыш құрылғыларды қолдануда арзан, транзисторларды пайдалану аз кернеуді қажет етеді және оны қыздырудың керегі жоқ.

       Кең қолданысқа транзисторлар мен аса жоғары жиілікті қондырғылар ие болды. Қазіргі уақыттағы радиотехникалық аппаратурада жоғары жиілікті 10кВт қуаттағы тербелістер транзисторлар көмегімен өндіріледі. Жеткілікті мөлшердегі қоздыру кезінде транзисторлардың кедергісі осындай генераторда өте үлкен шекте өзгереді, тіпті нөлден шексіздікке дейін. Генератордың мұндай қалпы кілттік режим деп аталады. Транзисторлық генератор кілттік режимде жай генераторларға қарағанда кернеу жетіспеушілік және асқын кернеу режимдерінде жоғары ПЭК және беріктігімен ерекшеленеді, себебі берілген өндірілуші қуат кезінде транзисторлардағы шығын өте аз. Мұнда транзистордың параметрлері өндірілуші қуатқа аз әсер етеді, соның арқасында өндірістегі генераторды туралау жеңілдейді, температура мен қоздыру кернеуінің өзгерісіне сезгіштігі азаяды. Бірақ кілттік генератордың артықшылығы толық мөлшерде транзистордағы процестердің инерттілігі байқалмайтын салыстырмалы төменгі жиілік диапазонында пайда болады. Жиіліктің жоғарылау салдарынан кілттік қасиеттері біртіндеп нашарлайды, 100...200 МГц - тен жоғары жиілікте кілттік тәртіп іске аспайды. Осылайша кілттік режимді қолдану әлі орынды болып келетін аралық жиіліктердің едәуір кең аймағы бар, бірақ ауыстырып қосу процестерінің инерттілігін есептеу керек.

Теорияның және транзисторлық генераторлардың гармоникалық тербелістерін жобалаудың мәселелеріне кеңестік және шет елдік көптеген ғалымдардың еңбектері арналған. Берілген есептер жинағында радиотаратқыш құрылғылар теориясында қабылданған бірыңғай әдістемелік тұрғыдан таратқыштың сипаттамаларын анықтау кезінде шешуге жататын сұрақтар кешені қарастырылады.

Шартты белгілердің, қысқартулардың және терминдердің тізімі

АГ     -         автогенератор

АМ    -       амплитудалық модуляция

ШТЖ -       шығыс тербелмелі жүйе

ВАС   -      вольт-амперлік сипаттама

СҚГ   -       сыртқы қоздырғышты генератор

РТҚ    -    радиотарату құрылғысы

МЖЖ -      микрожолақты желі

ПАМ -       паразитті амплитудалық модуляция

ЖМ   -        жиіліктік модуляция

ЖМГ -                 жиіліктік-модульденетін генератор

КЖК -        кеңжолақты күшейткіш

МТК -        модульденген тербелістер күшейткіші

УҚТ -         ультрақысқа толқындар

ГС    -     гармоникалар сүзгісі

ЭҚ   -         электрондық құрылғы

Τ      -         радиоимпульстер ұзақтығы

Т     -      қайталану периоды

f      -      жиілік

F     -      модуляция жиілігі

ω    -      шеңберлік жиілік

λ     -      толқын ұзындығы

П    -     өткізу жолағы

φ      -            фаза

Д    -           электрондық лампаның өтімділігі

θ     -           ауытқу бұрышы

ξ     -           анодтық кернеудің қолдану коэффициенті

β    -                     транзистор тогы бойынша күшеюдің статистикалық коэффициенті

θ0, β0,  β1 , β3 - бигармоникалық режимді есептеуге арналған коэффициент

ε    -          диэлектрлік өтімділігі

ή   -       пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК)

р   -            контурдың сипаттамалық коэффициенті

w   -           желінің толқындық кедергісі

Q   -          контурдың қайтымдылығы

ТС -           төменгі сипаттама

ЖС –           жиліктік сипаттама

ОВМ-ЖМ- ортақ волттық модуляция- жиліктік модуляция

ЖМАГ-      жиіліктік-модульденетін автогенератор

ТЖС   -      тасушы жиліктік сипаттамасы

АЖС  -       амплитуда жиліктік сипаттамасы

ҚҚБЖ-       құрастыру құжаттарының бірыңғай жүйесі

        Өздік жұмысты орындауға арналған нұсқаулар

        Өздік жұмыстағы есептер оқылып отырған бөлімге сәйкес құрастырылған тапсырмалардан тұрады. Әрбір есепті шешуден бұрын оқу құралының ұсынылған материалдарын және бағдарламаның сәйкес тақырыптары бойынша әдістемелік нұсқауларды оқып танысу керек. Жұмыс мұқият безендірілуі қажет. Безендіру кезінде келесі талаптарды ұстану қажет:

       - жұмысты жеке дәптерде немесе А4 форматты бетте орындау керек, бірінші бетте сынақ кітапшасының нөмері және орындалған жұмыстың нұсқалық нөмірі көрсетілуі қажет;

       - әрбір есептің шарты жұмыста толығымен келтірілуі керек;

       - барлық есептердің шешімдері мен оның түсіндірмелері егжей- тегжейлі болуы керек. Қажет болған жағдайда формулалардың нөмірін көрсету арқылы әдебиет көзіне сәйкес сілтемелер жасалғаны дұрыс. Жалпы формулаға белгілі өлшемдердің сандық мәндері қойылады, аралық есептеулердің нәтижелері және соңғы нәтиже келтіріледі. Аралық есептеулерде мөлшерлік көрсетілмейді, ал соңғы нәтижеде есептелген өлшемнің мөлшері қойылады;

       - барлық өлшем бірліктер халықаралық СИ жүйесі бірлігінде сипатталады;

       - барлық есептеулер мыңдық дөңгелектеуге дейін орындалады;

       - барлық суреттер мен графиктер АЭжБУ фирмалық стандарттары мен ҚҚБЖ талаптарына сәйкес масштабта орындалады;

       - тапсырма сұрақтарына берілген жауап нақты және жеткілікті болуы шарт, бірақ өз сөзімен құралған қысқа да әрі нұсқа болуы керек;

       - жұмыс аяғында қолданылған әдебиеттер тізімін көрсету керек, қолы және күні қойылуы қажет;

       - жұмысты қайта алғаннан кейін (сынақ, сынақ емес болса да) студент жұмысын қарап, рецензиядан кейін барлық көрсетілген кемшіліктерін түзетуде қателермен жұмыс жасауы қажет. Сынақ болмаған жағдайда студент өте қысқа мерзімде қате есептелген жұмысын қайта орындауға және қайта рецензиялау үшін оқытушыға тапсыруға міндетті.

        1 Радиосигнал және оның сипаттамалары

     1.1 Радиотаратқыш құрылғының антеннасында 900 МГц жиіліктегі тербеліс қоздырылады. Таратқыш антеннасы арқылы таралатын бос кеңістіктегі электромагниттік толқынның ұзындығын анықтау керек.

     1.2 Таратқыш жүктемесіндегі тасушы жиілік тоғы амплитудалық модуляция кезінде 50А, модуляция жиілігі 1000 Гц. Жүктемедегі бүйірлік жиілігі тоғын табу керек және спектрді салу керек.

     1.3 УҚТ ЖМ хабар тараткыштың жоғары жиілікті күрежолының өткізу жолағын табу керек, егер жиілік девиациясы 50 кГц, модуляция жиілігінің диапазоны 30 - 15000 Гц болса. Жиілігі 30 Гц модуляция кезінде амплитудалық спектрін салу керек.

        1.4 Уақыттық бөлінген арналары бар радиорелелік байланыс желісінің таратқыш ұзақтығы 1мкс, қайталану периоды 5 мкс радиоимпульстер құрайды. Тасушы жиілігі - 10 ГГц, шыққан импульстік тізбектің жиілігі 0,3-3,4 кГц болған кезде, модуляция таратқыштың жоғары жиілікті күрежолының өткізу жолағын табу керек, радиосигналдың спектрін салу керек.

2.1 

        1.5 Магистралды байланыс таратқышы амплитудалық, жиіліктік немесе салыстырмалы фазалық телеграфиямен жұмыс істейді. Әртүрлі телеграфияда радиотаратқыштың жоғары жиілікті күрежолының өткізу жолақтарын салыстыру керек, егер ақпарат тарату жылдамдығы 300 Бод, жиіліктік телеграфия кезінде жиілік тасқындауы 250 Гц болса.

       1.6 Гармоникалық сигналдың аналитикалық өрнегін жазып және оның негізгі параметрлерін көрсету керек. Спектрді салу керек.

        1.7 Бір жиілікпен модульденген амплитудалы-модульденген сигналдың аналитикалык өрнегін жазып, оның негізгі спектрін салып, параметрлерін көрсету керек.

        1.8 Бір жиілікпен модульденген жиілікті-модульденген сигналдың аналитикалык өрнегін жазып, оның негізгі параметрлерін көрсету керек. Спектрін салу керек.

        1.9 Бір жиілікпен модульденген фазалы-модульденген сигналдың аналитикалық өрнегін жазып, оның негізгі параметрлерін көрсету керек. Спектрін салу керек.

        1.10 Амплитудасы Е0, қайталану периоды Т, ұзақтық τ, жоғары жиіліктік толығудың жиілігі f болып табылатын радиоимпульстер тізбегінің аналитикалық өрнегін жазу керек. Спектрін салу керек.

        1.11 Амплитудасы бойынша F жиілігімен модульденген, ал қалған параметрлері 1.10 есепке сәйкес келетін радиоимпульстер тізбегінің аналитикалық өрнегін жазу керек. Спектрін салу керек.

        1.12 УҚТ ЖМ хабар таратқыш Δf = 50 кГц девиациясымен, модульдеуші жиіліктері 30-15000 Гц жолақпен жұмыс істейді. Жиіліктік модуляция индексін және амплитудалық модуляциямен салыстыру арқылы сигнал-шумға қатысты ұтысын анықтаңыз.

  1.13 Фазалық және жиіліктік модуляцияиның байланысын дәлелдеңіз. Жиіліктік Мжм және фазалық Мфм модуляциялары индекстері           үшін өрнегін жазыңыз. Қандай модуляция кезінде жиілік девиациясы Δf тек модульдеуші сигналдың деңгейінен ғана емес, сонымен қатар оның жиілігіне де тәуелді болады?

  Әдістемелік нұсқаулар, шешімдер және жауаптар:

  1) λ= 0,33 м.

  2) Іб= 17,5 А, П = 2 КГц.

  3) [1, бет. 307-309] қара, П =160 КГц.

  4) [2, бет. 253-257] қара, П = 2 МГц.

  5) [1, бет. 337-341] қара, F = U/2 -модуляция жиілігі, V - тарату жылдамдығы (Бод), П = 10F - амлитудалық телеграфиялы радиотелеграфты арнаның өткізу жолағы, П = 2,6- Δf + 1,5-∆U – жиіліктіктерде графиялы радиотелеграфты арнаның өткізу жолағы, Δf = (f1 - f2)/2 - жиіліктер орын ауыстыруы, П=5U - фазалық телеграфиялы радиотелеграфты арнайы өткізу жолағы.

  6)  S(t)=Асоs(ωt + φ0).

  7)  [1, 226-227 бет]қара.

  8)  [1, 306-308 бет] қара.

  9)  [1, 306-307 бет] қара.

         10) S(t) =

         11) [ 1, 226-227 бет] және 1.10 есепті қара.

         12) [1, 307-309 бет] қара.

         13) [5, 394-395 бет] қара.

2 Сыртқы қоздырғыш генераторлар

2.1  Ауытқу бұрышы θ = π/2, анодтағы тербеліс кернеуінің амплитудасы Ua = 4.5 кВ, анодтағы қоректену көзі кернеуі Еп = 5 кВ, анодтық тоқтың импульсінің пішіні косинусоидалды болғандағы, сыртқы қоздырғыш генератордың (СҚГ) пайдалы әсер коэффициентін (ПЭК) табу керек.

2.2  Сәулелік тетродтың статикалық ВАС 2.1-суретте келтірілген. Электронды лампаның номиналды қуаты Рн=5кВт. Анодтық қоректенудің номиналды кернеуі Еа = 5 кВ. Ауытқу бұрышы Ө = π /2 үшін қоздыру қуатын табу керек, егер экрандық тордағы кернеу Еэ2 = 0.5 кВ болса, онда есептеуді номиналды қуат кезінде жүргізу керек.

2.3  СҚГ-да анодтық токтың импульсінің амплитудасы Іm = 20 А, электронды лампа сипаттамасының тіктігі S =30 мА/В, өтімділігі Д = 0. Ауытқу бұрышы θ1 = 600 , θ2 = 300 болған кезде қоздырғыш кернеуін Ug табу керек. Анодтық кернеуді пайдалану коэффициенті ε =0.95 үшін екі ауытқу бұрышының ПЭК-ін анықтау керек.

2.1  сурет - ГУ-47 сәулелік тетродтың статикалық ВАС

2.4 Анодтық токтың бірінші және үшінші гармоникасы үшін СҚГ параллельді тербелмелі контур-жүктемесінің кедергісін табу керек, контур 10 МГң жиіліктегі резонансқа тураланған болса, қоздырғыш жиілігі f = 10 МГц, контур сыйымдылығы Ск = 100пФ, контур шығындарының кедергісі г - 0,5 Ом

2.5 Транзистордағы тербелмелі қуатты және жиілік екі      еселеткішінің    ПӘК-ін табу керек, егер Θ = 60°, Ек = 15 В, Uк= 12 В, ал коллектор тоғы импульсінің амплитудасы 1км = 30 мА.

2.6           Айыру бұрышы Θ = 40°, транзистор сипаттамасының тіктігі S = 0,3А/В , қоздырғыш кернеуі Uб= 1,5 В, коллектор қоректенуі көзінің кернеуі Ек = 15 В, коллектордағы ашық транзистордың қалдық кернеуі екал= 0.3 В құрайтын жиілікті үш еселеткішінің ПӘК-і мен шығыс тербелмелі кернеуін табу керек.

2.7 Лампалы триодтың статикалық вольтамперлік сипаттамалары 2.2- суретте көрсетілген. Электронды лампаның номиналды қуаты 100 кВт.

2.2  сурет - ГУ-66А триодының статикалық ВАС

         Анодтық қоректендіру көзінің номиналды кернеуі Ек = 10 кВ. СҚГ   есептеулер жүргізу керек және Р= 100 кВт, Θ = 90° үшін қоздырғыш  қуатын табу керек.

        2.8 100 кВт тербелмелі қуаттағы жалпы тор сұлбасы бойынша электронды лампада СҚГ есептеулерін жүргізу керек. Электронды лампаның параметрлері 2.7 есепте келтірілген.

2.9 Транзистордағы СҚГ келесі параметрлері бойыншы есептеулер жүргізу қажет: ЕК=10В, Θ = 90°, P1= 0.3 Вт,  S = 0,25А/В,  Sгp = 0,2 А/В, Uб= 2 В, еотс = 0,8 В. Жылу түрінде коллекторда таралатын ПӘК мен қуатты табу керек.

2.10 Транзисторлы жиілікті екі еселеткіш ауытқу бұрышы Θ = 60° кезінде жұмыс істейді. Егер айыру бұрышы 90° болса, ал баска параметрлері өзгермесе, онда тербелмелі қуат мөлшері қалай өзгереді?

                2.11 Транзисторлы СҚГ жиілігіне тәуелділігінің азаюы үшін эмиттерлік түзеткішінің тізбегін есептеу керек, егер транзистордың келесідей параметрлері болса: fт = 150 МГц,  f = 10 МГц,  β= 20, Ск = 15 пФ,  Сэ = 50 пФ. Жұмыс жиілігі f= 15 МГц.

2.12       Егер транзистордың параметрлері fт = 150 МГц,  Ск = 150 пФ,   eотс =  0.8 В,  U к доп = 20 В, I к доп =0.4 В,   Сэ = 50 пФ,   τос  = 120 пс,    Srp=0.2 А/B,   U б доп = - 4 В,  β= 20,  Ек = 10 В,  Θ = 90º болса, онда эмиттерлік коррекция пайдаланылатын транзисторлық СҚГ' режимін есептеу керек.

          2.13 Транзистор параметрлері: P1= 10 Вт, U к доп = 36 В,   Рк доп= 14 Вт, fт = 600 МГц,  e отс =  1 В,   Сэ = 200 пФ,  U э доп = 4 В,   Ск = 70 пФ, β = 20,  L э = 1 нГн, егер жұмыс жиілігі fжұм =200 МГц болса, онда биполярлық транзистордағы СҚГ қуаты бойынша күшею коэффициентін табу керек.

         2.14 Параметрлері 2.12 есептегі транзистор параметрлерімен сәйкес келетін транзисторлы СҚГ үшін 15 МГц жиілікте гармоникалық кернеумен қоздыру кезіндегі базалық түзеткішінің тізбегін есептеу керек.

         2.15 Гармоникалық кернеумен қоздыру кезіндегі транзисторлы СҚГ сұлбасын салу керек.

         2.16 Гармоникалық токпен қоздыру кезіндегі транзисторлы СҚГсұлбасын салу керек.

         2.17 Жүктелмеген контурдың сапалығы 100, ал жүктелгендікі 20, контурдың толқындық кедергісі р = 300 Ом. Контурдың ПӘК-ін, контур шығын кедергісін, контурға енгізілетін кедергіні табу керек.

         2.18 Контурдың индуктивті тармағына қосылған жүктемесі 50 Ом болатын анодтық тізбектің қарапайым сұлбасының екінші гармоникасы бойынша фильтрацияның нақты коэффициентін табу керек. Контур сыйымдылығы Ск = 100 пФ, жұмыс жиілігі fр = 10 МГц, жүктелмеген контур сапалығы 100.

2.19 Анодтық тізбектің қарапайым сұлбасында жүктеме контурдың индуктивті тармағына қосылған. Индуктивтілік шамасы Lк = 100 мкГ, жұмыс жиілігі 1,5 МГц, анодтағы тербелмелі кернеу амплитудасы Uа=5 кВ, анодтық қоректендіру козінің кернеуі Еа = 5.5 кВ, тұтынылатын қуат Р0=3 кВт, ауытқу бұрышы Θ = 90°. Контур сыйымдылығын, контур ПӘК-ін және генератор ПӘК-ін табу керек.

2.20 Транзисторлы СҚГ келісімділігінің шығыс тізбегін есептеу керек, егер коллектордағы тербелмелі кернеу амплитудасы Uк = 20 В, бірінші гармониканың коллекторлық тогы Iк1 = 4 А. Келісімділіктің шығыс тізбегі П - контур тұрінде орындалған ( ТЖ сұзгі ). Жүктеме кедергісі 50 Ом, жиілігі 10 МГц.

          2.21 есебінің шарттары бойынша келісімділіктің шығыс тізбегінің ПӘК-ін табу керек.

          2.22 Индуктивтілікпен тізбектей қосылған жүктемесінің кедергісі 75 0м болатын Г-тізбекті түріндегі келісімділіктің шығыс тізбегін есептеу керек. Генератордың шығыс кедергісі 10 Ом, жұмыс жиілігі 20 МГц. Келісімді тізбектің ПӘК-ін табу керек.

         2.23 Екі генератордың қуаттарының қосындысының көпірлік сұлбасында әрбір генератордың токтары  = (3 + i4)А  және   = (4 + i3)А. Егер Rн = Rб = 50 Ом болса, онда жүктемелік және баланстық кедергілердің қуаттарын және көпірлік сұлбаның  ПӘК-ін табу керек.

         2.24 Екі тактілік сұлбада ауытқу бұрышы Θ=90°, бір транзистордың коллекторлық тоғының импульс амплитудасы 50 mА, екіншісінікі 60 mА. Резонанс емес жүктемедегі екінші гармониканың тоғын анықтау керек.

       2.25 СҚГ екі лампасын параллeльді қосу кезінде бірінші гармониканың тоқтары сәйкесінше 5А және 4А тең. Егер жүктеме кедергісі 75 Ом болса, онда әрбір лампа үшін жүктеменің байқалатын кедергісін анықтау керек.

         2.26 2.25  есепті СҚГ лампаларының тізбектей жалғанған кезі үшін есептеу керек.

2.27 Синфазды көпірде кірістің жалпы саны 4: көпірде қуаттары қосылатын генератордылардың бірі істен шықты. Көпір шығысындағы қуат неше есе азаяды, егер бір генератордың қуаты 10 Вт болса? Көпірдің балланстық кедергісінде қандай қуат таралады?

          2.28 КЖК каскадының кернеуі бойынша күшеюдің максималды коэффициентін табу керек, егер күшеюші жиіліктер жолағының ені ∆F=30МГц, сипаттамалардың тіктігі 30 mA/В, шығыс сыйымдылығы СВІІІХ= 20 пФ, келесі каскадтың кіріс сыйымдылығы Снх = 10 пФ.

2.29 Егер активті элементтің сипаттамаларының тіктігі 50 мА/В, кіріс кернеуінің амплитудасы Uкір=5 В, анодтық желінің толқындық кедергісі 300 Ом болса, бес каскадтан тұратын УҚТ жүктемесіндегі кернеулер қосындысын табу керек.

          2.30 УҚТ шағылыстыру коэффициенті р = 0,1 болатын келісімді емес жүктемеде жұмыс істейді. Келісімді жүктеме кезінде УҚТ шығыс қуаты 1 кВт. Келісімді емес жүктеме кезіндегі УҚТ шығыс қуатын анықтау керек.

2.31 Транзисторлы СҚГ-да ток және «Меандр» типіндегі кернеу формасындағы кілттік режим қолданылады. Жүктеме мен баланстық кедергі төменгі және жоғары жиілікті сүзгілер арқылы қосылған. Егер Ек = 50 В,Rн = Rб = 10 Ом болса, онда жүктеме мен баланстық кедергіде қандай қуат бөлінеді?

          2.32 Транзисторлы СҚГ айыру бұрышы Θ = 90° болатын кілттік режимде жұмыс істейді. Коллектордағы кернеу формасы төртбұрышты, коллекторлық ток импульсінің формасы косинусоидалды. Егер Ек = 20 В. Іко =1 А болса, Генератордың тербелмелі қуатын және ПӘК-ін табу керек.

         2.33 Егер транзистордың шығыс сыйымдылығы Сшығ =1000 пФ болса, онда генератор үшін коммутациялык шығындарды есепке ала отырып пайдалы әсер коэффициентін табу керек.

         2.34 Егер ГК-10П триоды f = 0,5 МГц жиілігінде жұмыс істесе, сондай-ақ шығыс тогының бірінші гармоникасының амплитудасы Iв1м  =20 А, ал жүктемелік жүйеде шығыс кернеуінің амплитудасы Uвм =9,2 кВ болса, онда бұғаттаушы элементтердің мәндері қандай Lв, СБ ?

         2.35 Егер сапалылық Q=400, ал лампаның шығыс сыйымдылығы Сшығ = 20 пФ болса, онда өте жоғары жиіліктеп таратқышта, толқындық кедергісі 50 Ом қысқаша тұйықталған коаксалды сызықтар контур элементі болып табылады. Осы сызықтың минималды ұзындығын және контурдың баламалы кедергсін табу керек.

        2.36 Біржақты конструкцияның қуат күшейткіші деп келісімділік тізбек сыйымдылықтан Сас = 10 пФ және коаксиалды сызықтардың екі кесіндісінен тұрады. Олардың біреуі анодтық және торлық цилиндрлерден (W, ), ал екіншісі анодтық цилиндрдан және анод шығысынан (w", ") кұралған. Анодтық радиаторының диаметрі 100,2 мм, катодтық шығысының диаметрі 40,3 мм, торлық шығысының диаметрі 60,3 мм; коаксиалды резонатордың сапалығы 600 МГц жиілікте = 400 болатын ГС-7Б-1 лампасы үшін келісімділік тізбегінің резонанстық кедергісін табу керек.

         2.37 Сыртқы диаметрі 100,2 мм, ішкі диаметрі 60,3 мм болатын  коаксалды  резонатрдың толқындық кедергсін табу керек.

         2.38 Тербелмелі контур элементі ретінде ҚТ (30 МГц) радиотаратқышта қолданылатын қысқаша тұйықталған екі өткізгішті ұзын желінің толкындық кедергісін және минималды ұзындығын табу керек.

        2.39 Егер ГУ-37Б триоды f = 70 МГц жиілігінде жұмыс істесе, сондай-ақ шығыс тоғының бірінші Гармоникасының амплитудасы Ів1м-2 А, ал жүктемелік жүйедегі шығыс кернеуінің амплитудасы Uвм = 2 кВ болса, онда бұғаттаушы элементтердің мәндері Lв, СБ қандай?

         2.40 Егер ГУ-62П триоды f =25 МГц жиілігінде жұмыс істесе, сондай-ақ шығыс тоғының бірінші гармоникасының амплитудасы Ів1м=4 А, ал жүктемелік жүйедегі шығыс кернеуінің амплитудасы Uвм =80 В болса, онда бұғаттаушы элементтердің мәндері Lв, СБ қандай?

         2.41 Қуатты РПДУ каскады резонанстық ТС тетродында ЖС ауқымында жұмыс істейді. Шығыс тізбегінің сұлбасын құрастырыңыз.

        2.42 п = 8,  f = 0,6 ГГц, Рn = 0.15 Вт жиілік көбейткішінде варактор тәртібін есептеу керек.

        2.43 Ганн диодындағы автогенератор сұлбасын салып, оның жұмысын түсіндіру керек.

        2.44 Көшкінді-үшқын диодындағы автогенератор сұлбасын салу керек.

        2.45 Резонанстық НС-мен қуатты РПДУ каскады ГУ-44Б тетродында жасалған. Егер жұмыс жиіліктерінің ауқымы 0,600-1,2 МГц, ал Rнс = 1,2 кОм болса, онда бұғаттаушы элементтерді анықтау керек.

                2.46 Егер ауытқу бұрышы Θ=40° болса, онда 2.45 есептің шарттары үшін қысқалылығы 3 тең жиілік көбейткішінің шығысындағы шу деңгейін бағалау керек.

        2.47 Егер коллектордағы кернеу амплитудасы UК = 40 В, ал ток      Ік = 1А, жұмыс жиілігі f = 10 МГц болса. Бұғаттаушы индуктивтілікті Lб есепке ала отырып транзисторлы СҚГ сұлбасын салу керек.

        2.48 Егер кіріс кедергісі Rвх = 20 Ом, ал жұмыс жиілігі f=10 МГц болса, онда СҚГ кірісі мен транзистор базасының арасындағы сыйымдылық мәнін табу керек. СҚГ сұлбасында осы сыйымдылықты белгілеу керек.

        2.49 Егер СҚГ жиілігі f=30 МГц, лампаның шығыс сыйымдылығы 10 пФ, Rое=5 кОм болса, онда СҚГ тізбекті анодтық қоректендіру сұлбасы үшін бұғаттаушы индуктивтілік пен сыйымдылықтың шамасын табу керек. Принциптік сұлбасын салу керек.

        2.50 Егер СҚГ параметрлері 2.49 есепке сәйкес келсе, ал контур сыйымдылығы 50 пФ болса, онда бұғаттаушы индуктивтілік пен сыйымдылықтың шамасын, сонымен қатар параллельді анодтық қоректендіру сұлбасы үшін бөліктегіш конденсатор сыйымдылығын табу керек. Принциптік сұлбасын салу керек.

        2.51 Егер СҚГ-да автоматты торлық ығысу қолданылса, 10 МГц,  Rg = 2 кОм, Свх=10 пФ болса, онда басқарушы тордың тізбектелген қоректендіру сұлбасындағы бұғаттаушы конденсаторды таңдауын жүргізу керек. Қоректендіру сұлбасын салу керек.

        2.52 есеп шарттары бойынша автоматты торлық ығысусыз бұғаттаушы конденсаторды таңдауды жүргізу керек. Қоректендіру сұлбасын салу керек.

        2.53 Егер СҚГ параметрлері 2.51 есебіне сәйкес келсе, онда бұғаттаушы индуктивтілік пен сыйымдылық шамаларын, сондай-ақ СҚГ басқарушы торының индуктивті каскад аралық байланыс (Lсв=20 мкГн) кезіндегі параллельді қоректендіру сұлбасы үшін бөліктегіш конденсатордың сыйымдылығын табу керек. Принциптік сұлбасын салу керек.

        2.54 Егер каскад аралық байланыс (Ссв = 500 пФ) колданылатын болса, онда 2.53 есепті шешіңіз. Сұлбасын салыңыз.

        2.55 Егер СҚГ параметрлері 2.49 есепке сәйкес келсе, онда қыздырғыш лампа тізбегіндегі бұғаттаушы конденсаторды таңдауды жүргізіңіз. Сұлбасын салу керек.

        2.56 Егер СҚГ параметрлері 2.49 есепке сәйкес келсе, онда жалпы торлы сұлбадағы қыздыру тізбегінде бұғаттаушы индуктивтіліктерді анықтау керек. Принциптік сұлбасын салу керек.

        2.57 Резонанстық НС -мен қуатты РТҚ каскады ГУ-47Б тетродында жасалған. Егер жұмыс жиіліктерінің ауқымы 0,800-1,0 МГц, ал Rнс=1,0 кОм болса, онда бұғаттаушы элементтерді анықтау керек.

        2.58 Резонанстық НС-мен қуатты РТҚ каскады ГУ-81М тетродында жасалған. Егер жұмыс жиіліктерінің ауқымы 0,55-0,95 МГц, ал R­нс=0,9 кОм болса, онда блоктаушы элементтерді анықтау керек.

   Әдістемелік нұскаулар, шешімдер мен жауаптар:

   1) η= 70,3%

        2) [1, 64 бет] қара.

        3) [1,61 бет]қара; Ө = 30°; U = 4976 В; η = 0.92; Ө = 60°;

Ug=1333,3B;  η = 0851.

        4) f0=10 МГц жиілігі үшін контур кедергісі Z=ρQ   ρ= ; Q=ρ/r.             f= f0  жиілігі үшін  Z = -j;   к = f / fо.

        5) Р2 = 49,68 мВт; η = 50.6%.

        6) [3, 27 - 29 бет] қара; η = 61.6%, Рз = 143,19 мВт.

        7) [1, 60 бет] қара.

        8) [1, 64 бет] қара.

9) [3, 28 бет] қара.

10) 1.4 есе азаяды.

11) [3, 42 бет] қара.

12) [3, 42 бет] қара.

13) [3 ,53 -55 бет] қара.

14) [3, 38] қара.

15) [2, 50 бет].

16) [2, 53 бет].

17) η= 0,8; R­н = 3 Ом; Rжт=15Oм.

18) Q= ρ/(Rжт + R­n); Ф = n2 (1 - 1/n2) • Q; Ф = 9,24.

19) η­ ­r = 71%; ηк = 93,7% ; Ск= 112,7 пФ.

20) [4, 64 бет].

21) [5, 91 бет].

22) [5, 91 бет].

23) [1, 153 бет]; Рм = 2,45кВт; Рб = 50Вт; η =0,98.

24) [1, 146 бет]; І2 = 2,12mА.

25) [1, 145 бет].

26) [1, 146 бет].

27) [4, 8U бет].

28) Боде қатынасы Ки = S• π / [8 *АГ • ]

29) [2, 86 бет]; Uшығ =187,5 В.

30) Рн = 990 Вт.

31) [1, 8 бет ]; [3, 64 бет].

32) [3, бббет].

33) [3, 65 бет].

34) [5, 164-166 бет].

35) Rэ = w•Q•F(q) ;

F(q) = 4 • sin2 q / 2 q + |sin 2 q| ; q = 2• π • / λ ; *рез =  • arctg+

36) h =2• π  / λ ; Rao.

37) w = 138g D/d) ; w = 30,37 Ом.

38) 2.35 арналған нұсқауларды қара; w = 276g (2D/d - 1).

39) [5, 164-166 бет].

40) [5, 164-166 бст].

41) [5, 164-166 бет].

42) [3, 113 бет].

43) [3, 169 бет].

44) [3, 178 бет].

45) [5, 167-168 бет].

46) kш (0) = -171.1 ДБ.

47) Хιб = 20Rк;  Lб = 12.7 мкГн қатынасын қолдану.

48) Хс = 20Rвx;   С = 40 пФ. қатынасын қолдану.

49) Бұғаттаушы элементтерді келесілерді ескере отырып таңдау керек:  Сб  >  (100-300)  ∕  Roe · ω;  Сб > (50-200) · Cшығ;

Lб(мкГн)   =  (0.25 – 0,6) ·10 12 · 1 ∕ f2(кГц) · Сб(пФ).

50) Сб > (50-200) · Cшығ;  Lб > (10 – 20) Lк ;

Ср > 1  ∕ ((0,01 - 0,05) ·R · ω).

51) 1 ∕ ω · Сб  < Rg  ∕ 30 қатынасын қолдану

52) · Сб  келесі шарттан таңдалады 1 ∕ ω · Сб  < Rвх  ∕ (20-50);

ал УҚТ және    ҚТ ауқымында Сб > (20 - 30) –Сшығ.

53) 1 ∕ ω · Сб  < Rкір  ∕ (20-50); Сб 2.52 есепке сәйкес.

54) 1 ∕ ω · Сб  < Rкір  ∕ (20-50).

55) Айнымалы токтар үшін Сб конденсаторлары едәуір кедергі келтірмеуі керек, Хсб < Rое  ∕ (100-300).

56) [5, 167-168 бет].

57) [5, 168-169 бет].

        3 Автогенераторлар

3.1 кері байланыстағы сыйымдылығы бар АГ-да fp- 6 МГц, Q=150 контуры қолданылған. Тіктік фазасы φs = 0.01 рад деп ала отырып,  fp   қатысты  АГ жиілігінің ығысуын анықтау керек.

        3.2 Егер Lk = 2 мкГн, Сбэ = 2000 пФ, Скз = 4000 пФ, S = 0.01 А/В, Д = 0 болса, онда сыйымдылық үш нүктелік сұлба бойынша АГ өздігінен қоздырылады ма?        

         3.3  Егер пайдалану процесінде индуктивтілік пен сыйымдылық шамалары ± 10 % -ға өзгерсе, АГ жиілігі нешеге өзгереді? Контур индуктивтілігі Ек = 10 мкГн, контур сыйымдылығы Сх = 1100пФ.

         3.4  Егер ауытқу бұрышы Θ = 135°, Іко = 10 мА, Еб = 0.7 В, Ек=12,6 В, S=48 мА/В, β=40 белгілі болса, онда тұрақты ток бойынша АГ қоректендіру тізбегін есептеу керек.

        3.5  АГ-да кварцтық резонатордың параметрлері Lкв = 1 Гн, Скв = 0,01 пФ, Ккв = 5 Ом; контур параметрлері Ск = 100 пФ, L = 10 мкГн, Rк – 2 Ом. Контурмен алынған АГ жиілігінің абсолютті өзгерісі кварцпен алынған АГ жиілігінің абсолютті өзгерісінен неше есе үлкен болады?

        3.6  АГ өздігінен қоздырылудың жұмсак режимінен қатты режиміне өтуі қандай сұлбалы техникалық шешіммен қамтамасыз етіледі?

        3.7 Кварцтық резонатор үшін (3.1 суретті қара) кварц ұстағыштың сыйымдылығы Сквұ = 5 пФ. Кварцтық резонатордың параллельді және тізбектелген резонансының жиіліктерін анықтау керек.

 


3.1 сурет - АГ қоректендірудің тізбегі

 3.8 Сыйымдылықты үш нүктелік сұлба бойынша орындалған АГ контуры параметрлерін есептеу керек. АГ сұлбасы 3.1 -суретте көрсетілген, коллектордағы тербелмелі кернеуінің амплитудасы Uк = 6 В, бірінші гармоника коллекторының тоғы І к1 = 28 мА, базаға келтірілген тербеліс кернеуінің амплитудасы Uб = 1 В, жиілігі f = 21,5 МГц, индуктивтілігі L = 1,3 мкГн,  контур сапалығы Q = 50.

         Әдістемелік нұсқаулар, шешімдер мен жауаптар:

          1) Фазалар балансының өзгеруі (φ к + φ s + φ = 0 жүктеменің  кедергісінің және оның фазасының өзгеруіне алып келеді.

  Rн(ω) = р2 · Qн · ∕  [1 +[ 2 · Qн  (ω - ωо / ω)]2 ];

  Qн = arctg [ 2 · Qн  (ω - ωо / ω)] ;  fаг= 200 Гц.

2) Өздігінен қоздыру шарты  Soр · Rн·(К - Д) > 1.

3) [1, 182 бет].

4) [1, 184 бет].

5) [1, 179 бет].

6) [5, 230 бет].

7) [1, 189 бет].

8) Есептеу үшін келесі қатынастарды қолдануға болады

           Rк = Uк / Iк1;   К = Uб / Uк = C1 / Сз  = ω · L ;  Rэ = .Q ;

           Cк = l / (ω2· L);  p = Ск / C1 = ;     C2=1/[1/Cк–(1/C1+1/C3)].

4 Таратқыштардағы модуляция

          4.1 Егер тасушы режимде ток 10 А, модульдеудің максималды коэффициенті m =1, модульдеудің орташа коэффициенті mорт = 0,3, жүктеме кедергісі Rн = 75 Ом болса, онда АМ тербелісінің бүйір жолақтарының қуаты мен максималды қуатты табу керек.

          4.2 Келесідей параметрлері: өтімділігі Д = 0, шамнын вольт-амперлік сипаттамасының тіктігі S = 80 мА/В, бар шамның анодтық тізбегінде ток модуляция кезінде ығысу арқылы өзгереді. Қоздырудың кіріс кернеуі U=100 B, ауытқу бұрышы 60° пен 100°  арасында өзгереді. Модуляция коэффициентін табу керек.

         4.3 Анодтық модуляция кезінде шамның бірінші гармоникасының максималды тогы 5 А, анодтық қоректендіру көзінің номиналды кернеуі 10 кВ, тасушы режимінде анодтағы тербеліс кернеуінің амплитудасы 9,5 кВ. m= 1 болгандағы модуляция режимінде шам қуатын және анодтағы максималды кернеуді табу керек.

         4.4 Фаза девиациясы 18° болатын фазалық модуляторлы төменгі байланыс таратқышында фазалық модулятордың контур сапалығы Q=150 , резонанстық жиілігі 1 МГц. 5 кГц девиация жиілігін алу үшін жиілікті көбейткіштердің қандай мөлшері қажет болады?

         4.5 Біржолақты модуляциялы таратқыш 4-25 МГц жиіліктер ауқымында жұмыс істейді. Сигнал тасушы қалдықсыз шағылады. Телефония және радиохабар жағдайында жиілікті көбейткіштердің қандай тұрақсыздығы рұқсат етіледі?

         4.6 Торлық модуляциялы ығысу кезінде Еg минус 112В-тан минус 60В- қа дейін өзгереді. Қоздыру кернеуі UgH = Ugmax  = 123 В, торлық токтың тұрақты құраушысы m = 1 кезінде 12,2 мА тең. Модулятор қуатын анықтау керек.

         4.7 Торлык модуляция кезінде максималды қуат режимінде Еgm= -60В, Ia1m = 0,615 А, Ugm=123 В, Іg0m = 12,2 мА. Егeр m = 1 болса, онда тасушы режимінде ығысуды және модулятор қуатын табу керек.

         4.8 Радиотаратқышта модуляция коэффициенті m = 1 анодтық модуляция іске асырылады. Бірінші Гармониканың тогы тасушы режимінде 5 А тең, анодтық қоректендіру көзінің кернеуі 10 кВ, анодтык кернеуді қолдану коэффициенті ξ=0,9, модульденген трансформатор

ПӘК-і qтp =  0,95. Модулятор қуатын табу керек.

         4.9 ОВМ-ЖМ хабар таратқышының қоздырғышынан кейін жиілікті үш еселегішінің екі каскады косылды. Нeге жиілікті үш еселеткіштің екі каскадының орнына 9-ға көбейту режиміндегі бір каскад қолданылмайтындығын түсіндіріңіз?

         4.10 Триодтағы модульдеуші каскадты есептегенде шыңындағы нүктеде мынадай деректер алынды: ІB1П=20 А, Ів0п„=12 А, Іу0п=2 А, Іу1п=4ηА, ηв =0.76. Жиілікті тасушы режимінде бұл тербелістер калай өзгереді?

         4.11 Егер модуляцияның ең үлкен жиіліктері: телеграфтық арналар үшін 300 Гц, телефондық үшін 3400 Гц, теледидарлық үшін 6 МГц болса, онда телеграфтық, телефондық, теледидарлық арналардың қандай мөлшерін 1-ден 10-ға дейінгі толқын ұзындығы ауқымында орналастыруға болады. Теледидарлық арналарда жұмыс бір бүйірлік жолақта жүргізіледі, ал телеграфтық және телефондық арналарда - амплитудалык модуляциямен. Хабарлама спектрінің 10 % құрайтын қорғаныш интервалын есептеу кезінде қарастыру керек.

         4.12 Төменгі байланыстағы таратқыштың жиілік девиациясы 5 кГц. Сигнал спектрінде тасушы жиіліктің құраушысы болмайтын модуляцияның минималды жиілігін анықтау керек.

         4.13 Транзисторлы радиотаратқыштың соңғы каскадында коллекторлық АМ іске асырылады. Егер ηк = 0,8 және m = 1 болса, онда телеграфтық тәртіпте таратқыш КТ 802 А транзисторын қандай максималды қуатпен қамтамасыз ете алады.

         4.14 АМ таратқыштың қуаты Р= 100 кВт. Минималды, ең жоғары және орташа қуаттарын m = 1 және 0,3 болған кезде анықтау керек.

         4.15 АМ таратқыштың қуаты Р = 250 кВт. Минималды, ең жоғары және орташа қуаттарын m = 1 және 0,4 болған кезде анықтау керек.

         4.16 ТВ бағдарламалардың дыбыстық сүйемелденуінің таратқышы девиациясы Δf= 75 кГц СВЧ ауқымында жұмыс істейді, модульдеуші жиіліктердің жолақтары (30-15000) Гц. Таратқыштағы жиіліктердің жолағын табу керек.

         4.17 АМ таратқышының шығысында ГУ-61Б  Рном = 30 кВт тетроды бар. Тасушы режимінде таратқыш қуаты 5 кВт құрайды. Егер оны ГЗЕ класына ауыстырса, онда осындай таратқыш қандай қуат өндіріуі мүмкін?

         4.18 ОВМ-ЖМ хабар таратқыш қоздырғышының жиіліктік

модуляциясы фазалықтан түрлену арқылы пайда болады. Фазалық модулятор Δf = 0.5 рад болған кезде түрлену сызықтығын сақтап қалады. Δf = 50 кГц девиациясын қамтамасыз ету үшін қандай жиілікті көбейтуі қажет болады? Нұсқалар: а) Δf = 140°. б) Δf = 2,5 рад.

         4.19 Егер АГ контуры сыйымдылығы Ск=50 пФ болса, онда Δf = 6кГц девиация жиілігін fр=30 МГц болған кезде алу үшін контурдың қандай сыйымдылығы қажет болады. Нұсқалар: а) fр = 70, Δf = 50 кГц, Ск = 25 п. б) ф = 250; Δf = 50 кГц, Ск = 15 пф.

        4.20 ЖМГ-ң екі тілді ТВ бағдарламасының дыбыстық сүйемелденуі кезіндегі жұмысын түсіндіріңіз. Функционалды сұлбасына мысал келтіріңіз.

         4.21 Баламалы үш нүктелі ЖМАГ мысал келтіріңіз. Өздігінен қоздырырылу шарттарыныц орындалуын дәлелдеңіз. Электрод аралық сыйымдылықтардың қайсысы үш нүктелі сұлба құрамына кіреді?

4.1 сурет -  Жиілікті-модульденуші АГ сұлбас

         4.22 Егер тасушы жиілік тәртібінде каскад қуаты Р~т=0,400 кВт болса, онда модульденуші каскад үшін ГЛ таңдаңыз.                                        Нұсқалар: А) Р~т=1 кВт.      Б) Р~т=80 кВт.

         4.23 Ығысу модуляциясы кезінде шындық тәртіпте МК -ң келесідей параметрлері болады: P~п = 100 Вт; Роп = 150 Вт; Iаоп = 0,1 А; mп= 0,85. Телефондық тәртіп үшін мыналарды анықтаңыз P~ т, Еа.т, Рот, Iaот, ηт.

         Нұсқалар: а) Р_п = 800 Вт; Роп = 1,2 кВт; Іаоп - 0,4 А; mп = 1;

                 б) Р,п = 2,5 кВт; Роп = 4 кВт; Іаоп = 0,8 А; mп = 0,7.

         4.24 Параллель қосылған қиыстырылған ығысуы бар екі қуатты триодтағы ТЖ (НЧ) ауқымындағы модульденуші РТҚ каскадының принциптік сұлбасын салу керек.

        4.25 Егер ЕСМ = -400 В, Іу0 = 2 А болса, онда 4.24 есебінің тапсырмаларына сәйкес ығысу резисторының кедергісін анықтаңыз. Бұл резисторда қандай қуат шашырайды? Қандай резистор таңдауға болады?

        Нұсқалары: а) ЕСМ=-360 В, Іу0=1 А; б) ЕСМ=-500 В, Іу0=2,5 А

        4.26 Радиохабарлаушы РПДУ-ң қуатын жиілікті тасушы режимде табу керек, егер шығыс модульдеуші каскад ГК-68А ГЛ –да кұрылған болса?

         Нұсқалары: а) ГУ-62П; б) ГУ-10А.

        4.27 100% -дық модуляция (алдынғы есеп үшін) кезінде радиохабар таратқышы кандай қуат шығатынын анықтау керек. Осы кезде анодтағы кернеу қалай өзгереді, егер жиілік тасушы режимде Еат= 10 кВ бoлса?

         4.28 Максималды қуат режимінде торлық және анодтық тізбекке қосылған өлшеуіш аспаптардың көрсеткіштері Ірхт=20 А, Імқр=120 А. Кернеулік бойынша режимді анықтаңыз. Анодтық модуляция кезінде шыңдық нүктедегі кернеулік бойынша талапқа осындай тәртіп сай келе ме?    Нұсқалар: а) Імқр=40 А, Ірхт=5 А; б) Імқр=15 А, 1рхт=3 А.

        4.29 Шыңдық нүктедегі модульденуші каскадты есептеген кезде келесідей мәндер алынды: Ів1п=20 А; Івоп=12 А; Іуоп= 2А; 1у1п=4 А, η=0,15. жиілік тасушы тәртіпте бұл мәндер қалай өзгереді?

        4.30 Шыңдық нүктедегі ГУ-66П триодындағы модульденуші каскадты есептегенде Ра.п=62 кВт, Ру.п=0,6 кВт мәндері алынды. ГЛ-ды пайдалануға бола ма?

        4.31 Екі радиохабарлаушы РПДУ шығыс каскадында амплитудалық модуляциясы бар. Егер шығыс тербеліс жүйесі сапалығы Q=100 тең бір контурдан тұратын болса, онда fр=100 МГц -те олар жұмыс істейді. (50- 10000) Гц жиілік спектрінің хабарларын тарату кезінде жиіліктік бұрмаланудың болуы мүмкіндігін анықтаңыз. Нені қолға алу керек?

        4.32 Егер модуляциялық трансформатордың екінші орамы генераторлық шамның шығыс тоғының тұрақты құраушысы бойынша тұйықталатын болса, онда не болуы мүмкін? Неге модуляторлық шамнын шығыс тоғы тұракты құраушысының модульдеуші трансфоматордың бірінші орамасы бойымен өтуі рұқсат етілмейді?

         4.33 Егер сіз радиохабарлаушы РПДУ -ң гармоника коэффицентін өлшеген кезде барлық бақылау жиіліктерінде 1,5% мәнін алсаңыз, онда бұл ГОСТ  талаптарына сәйкес келе ме?

         4.34 Таратқыштың модульденуші каскады КТ-903А транзисторында жасалған. Қоректендіру көзі Ек.т  мен тасушы тәртібіндегі қуаты Р анықтаңыз.

  Нұсқаулар: а) КТ-907; б) КТ-920Б.

  Әдістемелік нұсқаулар, шешімдер мен жауаптар:

1)            [1 , 223-228 бет].

2)      [1 , 233 бет].

3)            Рмах = 47.5 кВт, Uмах = 19 кВ.

4)            [1 ,312 бет].

Контурдың ФЖС  φ= arctg [(w0 / wк - wк / w0) .Q].

3-ке бір көбейткіш

5)           Радиохабарлау кезінде синхронизация шарты ± (1-2) Гц дәлдігімен, телефония кезінде ± 10 Гц.

6)           Iа1н =  Ialм /(1 + m γн)  =  Iа1н / (U .S);   γн)  = (1-cosθ);

Е = Еgm - U .cos (θн) ;

Ug m = U;  UFgm - Е; pF = 0,5 .UF .IF; IF = m. Ig0m.

7)           4.6 есеп нұсқауларын қара.

8)           pF = m2 . pF / 2 qr . qтр..

9)           [5, 418-419 бет].

10)      [5,283 бет].

11)      409090; 36096; 40.

12)      f= 2,08 кГц.

13)      [4, 441 бет].

14)      [5, 304-305 бет].

15)      [5 ,304-305 бет].

         5 Сүзгілеу және бұғаттау Байланыс тізбегі

         5.1 Егер R2=3 Oм, R1=50 Oм болса, онда екі каскад арасындағы байланыс тізбегін есептеу керек. Есептелген тізбектің сұлбасын салу керек.

     5.2 Егер R1=R2=75 Oм, R0=250 Oм болса, онда 5.1-суретте келтірілген сүзгілеуші жүйені есептеу кере.

 

5.1 сурет - Фильтрлеуші жүйе сұлбасы

           5.3 Екі каскад арасындағы байланыс тізбегін есептеу керек, егер R1=R2=50 Ом, ал R0=25 Ом, есептелетін каскадтың сұлбасын келтіру керек.

           5.4 Егер Rн=10 Ом, Rп=88 МГц, Rв=108 МГц, Rкір=3 Ом болса, онда ТЖС - трансформаторын есептеу керек. АЖС бірқалыпсыздығы Δα < 0,05 дБ болса, онда есептелетін каскад сұлбасын келтіріңіз.

            5.5 Симметриялы емес шығысы мен кірісі бар жоғарылатқыш трансформаторды КВ ауқымы үшін келесі кедергілер үшін Rн=75 Ом; Rкір=10 Ом есептеу керек, жүктеме қуаты Рн=50 Вт, трансформатордың ЖТК -і 0,9 - дан кіші емес. Трансформатор  сұлбасын салу керек.

            5.6 2Т 925 Б транзистордың 1,5 -тен 30 МГц -ке дейінгі жиіліктер ауқымында түзеткіш тізбегінің элементтерін есептеу керек.

   5.7 2П 907 Б транзисторының 1,5 ГГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымында түзеткіш тізбегінің элементтерін есептеу керек.

   5.8 Беттік байланысы бар симметриялы жолақтық сызықтардағы үш децибелді квадраты көпірді есептеу керек. Егер шекаралық жиіліктері

f­н=230 МГц, fв=460 МГц болса, онда келтірілген сызықтардың толқындық кедергісі R=75 Ом, төсеніштің қалыңдығы h1=:h2=1 мм, жолақшалар қалыңдығы 0,3 мм, диэлектрик фторопласттан жасалған болады. Бұл жерде жұмыс өшуінің рұқсат етілген бірқалыпсыздығы +\- 0,3 дБ -ден көп болмау керек.

          5.9 «Тандем» түріндегі бүйірлік байланысы бар симметриялы. Егер шекаралық жиіліктері fн=20 МГц, fв=300 МГц болса, онда келтірілген сызықтардың толқындық кедергісі R=50 Ом, төсеніштің қалыңдығы h=2 мм, жолақшалар қалыңдығы 0,2 мм, диэлектрлік өтімділік Е=2,5, жұмыс өшуінің рұқсат етілген бірқалыпсыздығы +\- 0,3 дБ -ден аспауы керек.

         5.10 Шығыс фильтрлейтін жүйені есептеу керек: таратқыштың төменгі және жоғарғы шекаралық жиіліктері fт.т=3 МГц және fж.т=30 МГц; жүктемелік номиналды кедергі Rн=50 Ом; ЖТК рұқсат етілген мәні > 0,8; фильтрлеуші жүйенің кірісіндегі ЖТК рұқсат етілген мәні > 0,7; таратқышының жүктемесіндегі жоғары гармоникалардың рұқсат етілген деңгейі адоп=-60 дБ; анттеннамен келісімді құрылғы арқылы енгізілетін қосымша өшу а = -5 дБ; токтың жоғары гармоникаларының салыстырмалы шамалары аг2 = аг3=-15 дБ; параллельді конденсатор бірінші элемент болуы керек.

        5.11 Сұлбадағы контурда МЖС -ты келесі деректер бойынша есептеу керек: с1=15 пФ, с2=7 пФ (варикап), f0=900 МГц, Zс=20 Ом. Контурдағы кернеуді U1 кернеуімен қалыптаймыз.

  Әдістемелік нұсқаулар, шешімдер мен жауаптар:

1)      [7, 201-205 бет].

2)      [7, 201-205 бет].

3)      [7, 201-205 бет].

4)      [7, 209-210 бет].

5)      [7, 233-234 бет].

6)      [7, 249-250 бет].

7)      [7, 249-250 бет].

8)      [7, 278-279 бет].

9)      [7, 278-279 бет].

10) [7, 299-300 бет].

11) [7, 307-308 бет].

А қосымшасы

А.1 кесте - Косинусоидалды импульстің таралу коэффициенттерінің мәндері

θ 0

cos θ

α0

α1

α2

α3

5

0.9962

0.0185

0.0370

0.0369

0.0368

10

0.9848

0.0370

0,0738

0.0731

0.0720

15

0.9659

0.0555

0.1102

0.1080

0.1043

20

0.9397

0.0739

0.1461

0.1408

0.1323

25

0.9063

0.0923

0.1811

0.1710

0.1549

30

0.8660

0.1106

0.2152

0.1980

0.1559

35

0.8192

0.1288

0.2482

0.2214

0.1814

40

0.7660

0.1469

0.2799

0.2409

0.1845

45

0.7071

0.1649

0.3102

0.2562

0.1811

50

0.6428

0.1828

0.3388

0.2671

0.1717

55

0.5736

0,2005

0.3658

0.2735

0.1569

60

0.5000

0.2180

0.3910

0.2757

0.1378

65

0.4226

0.2353

0.4143

0.2736

0.1156

70

0.3420

13.2524

0.4356

0.2676

0.0915

75

0.2588

0.2693

0.4543

0,2580

0.0668

80

0.1736

0.2860

0.4720

0.2453

0.0426

85

0.0072

0.3023

0.4870

0.2298

0,0200

90

0.0000

0,3183

0,5000

0.2122

0,0000

95

-0.0372

0.3340

0.5109

0.1930

-0.0168

100

-0.1736

0.3493

0.5197

0.1727

-0.0300

105

-0.2588

0.3642.

0.5266

0.1519

-0,0393

110

-0.3420

0.3786

0.5316

0.1312

-0.0449

115

-0.4226

0.3926

0.5348

0.1110

-0.0469

120

-0.5000

0.4060

0,5363

0.0919

-0.0459

125

-0.5736

0.4188

0.5364

0.0741

-0.0425

130

-0.6428

0.4310

0.5350

0.0581

-0.0373

135

-0.7071

0.4425

0.5326

0.0439

-0.0311

140

-0.7 660

0.4532

0.5292

0,0319

-0.0224

145

-0.8192

0.4631

0.5250

0,0220

-0.0180

150

-0.8660

0.4720

0.5204

0.0142

-0.0123

155

-0.9063

0.4800

0.5157

0,0084

-0.0078

160

-0.9397

0.4368

0.5110

0,0044

-0.0041

165

-0.9659

0.4923

0.5068

0.0019

-0.0018

170

-0.9843

0.4965

0.5033

0.0006

-0,0006

175

-0.9962

0.4991

0.5009

0.0001

-0.0001

180

-1.0800

0.5000

0.5000

0,0000

0.0000

Б қосымшасы

          Б.1 кесте - α0=0.2 болған кездегі үшінші гармоника бойынша бигармоникалық режимді есептеу үшін коэффициенттердің мәндері

θ 0

β0

β1

β3

30

-0.0064

-0.0125

-0.0104

35

-0.0073

-0.0142

-0.0114

40

-0.0062

-0.0122

-0.0105

45

-0.0021

-0.0046

-0.0076

50

0.0066

0.0107

-0.0034

55

0.0210

0.0356

0.0005

60

0.0423

0,0715

0.0022

65

0.0716

01190

-0.0002

70

0,1094

0,1782

-0.0084

75

0.1557

0.2480

-0.0232

80

0,2102

0.3267

-0.0445

85

0.2720

0.4117

-0.0709

90

0.3395

0.5000

-0.1000

95

0,4109

0.5883

-0.1291

100

0,4839

0.6733

-0.1555

105

0,5559

0,7520

-0.1768

110

0.6246

0.8218

-0.1961

115

0.6874

0,8810

-0.1998

120

0,7423

0.9285

-0,2022

125

0.7877

0.9644

-0.2005

130

0,8226

0.9893

-0,1966

135

0,8465

1.0046

-0.1924

140

0,8598

1.0122

-0.1895

145

0,8636

1,0142

-0.1886

150

0,8596

1,0125

-0.1896

В қосымшасы

         В.1 кесте - Iк (mБесселя функциясының мәндері

к  \  m

1

2

3

4

5

0

0,765

0,224

-0,26

-0,397

-0,178

1

0,44

0,577

0.399

-0,066

-0,328

2

0,115

0,353

0,486

0,364

0,047

3

0,02

0,129

0,309

0,43

0,365

4

0,002

0,034

0,132

0,281

0,391

5

2*104

0,007

0,043

0,132

0,261

6

2*105

0,001

0,011

0,049

0,131

7

10-6

2*10-4

0.003

0,015

0.053

Г қосымшасы

        Г.1 кесте -  Евтянов функциясы мәндері      F(α) =

α0

F

5

0.0873

10

0.1745

15

0.2618

20

0.3489

25

0.4360

30

0.5227

35

0.6088

40

0.6941

45

0.7780

50

0.8598

55

0.9386

60

1.0134

65

1.0826

70

1.1445

75

1.1969

80

1.2376

85

1.2639

90

1.2732

95

1.1375

100

1.0122

105

0.8960

110

0.7880

115

0.8873

120

0.5935

125

0.5061

130

0.4250

135

0.3501

140

0.2815

145

0.2193

150

0.1639

155

0.1157

100

0.0751

185

0.0428

170

0.0192

175

0.0048

180

0.0000


Әдебиеттер тізімі

1. Радиопередающие устройства./ Под ред. В.В.ШахГильдяна.-М.: Радио и связь, 1990.

2. Шумилин М.С. и др. Радиопередающие устройства. –М.: Высшая школа, 1981.

3. Петров Б.Е., Романюк В.А. Радиопередающие устройства на полупроводниковых приборах. –М.: Высшая школа, 1989.

4. Проектирование радиопередатчиков./ Под ред. В.В.Шахгильдяна.-М.: Радио и связь, 2000.

5. Радиопередающие устройства./ Под ред. В.В.Шахгильдяна.-М.: Радио и      связь, 1996.

6. Ф.С. Атаманцева радиопередающие устройства. Сботник задач и упражнений. –М.: Радио и связь, 1991.

7. Проектирование радиопередатчиков./ Под ред. В.В.Шахгильдяна.-М.: Радио и связь, 2003 -652 б.

2012 ж. жиын, жоспары, реті 147

Гладышева Н.Н.
Шугайып У.

РАДИОТАРАТҚЫШ ҚҰРЫЛҒЫЛАР
5В071900– Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
мамандықтары бойынша оқитын студенттер үшін есептер жинағы

Редакторы : А.А. Кегенбаева
Стандарттау бойынша маманы  Н.Қ. Молдабекова

Басылымға жіберілді __.__.__. 
Пішіні 60×84 1/16
Таралымы  50  дана 
№1 типографиялық қағаз
Көлемі   1,7   оқу. = баспа.
Тапсырыс Бағасы    170  тенге

«Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамының
көшірмелі _көбейткіш бюросы
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126