Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

 

ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯДАҒЫ МЕНЕДЖМЕНТ ЖӘНЕ МАРКЕТИНГ

  Курстық жұмысты орындауға арналған әдісетмелік нұсқаулар

 (5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін)

  

 

Алматы 2012

                                                            

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Алибаева С. А.  Телекоммуникациядағы менеджмент және маркетинг. Курстық жұмысты орындауға арналған әдісетмелік нұсқаулар. (5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін) 

 

Курстық жұмыс 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандықтарының барлық оқу түрінің студенттері үшін арналған. Курстық жұмыста   «Телекоммуникациялардағы менеджмент және маркетинг» телекоммуникациялық қызметтер нарығында студеттердің ұйымдарда үдерістерді басқаруға теориялық және тәжірибелік дайындығын қамтамасыз етеді, басқарушылық және маркетингтік әрекетінің негізгі бағыттарын меңгеруге, студентте менеджмент пен маркетинг туралы білім кешенін қалыптастыруға, сонымен қатар басқару механизмдерін талдау және жобалау дағдыларының пайда болуына мүмкіндік береді.

Студенттерді экономикалық әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуге талпындырады, таңдалған мәселеге қатысты негізгі ережелерге, белгілі бір материалды таңдауға, өңдеуге және талдауға, кестелер мен диаграммаларды құрып, олардың негізінде дұрыс қорытындылар жасауға үйретеді. 

 

Пікір беруші: экон.ғыл. канд., проф., Базылов К.Б.

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының   2012 ж жоспары бойынша басылады.

 © «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

 

2012 ж. жиынтық жоспары, реті – 112

 

Мазмұны 

Кіріспе

 3

1 Жұмыс құрылымы 

4

2 Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар 

4

3 Курстық жұмысты орындау тәртібі  . 

5

4 Курстық жұмысты безендіру 

7

5 Курстық жұмыстың тақырыптары 

7

6 Курстық жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар. 

8

7 «Телекоммуникациялық қызметтер саласындағы қатерлерді басқару» тақырыбындағы қурстық жұмысты орындаудағы нұсқау

10

Әдебиеттер тізім

14

 

  Кіріспе

«Телекоммуникациялардағы менеджмент және маркетинг» телекоммуникациялық қызметтер нарығында студеттердің ұйымдарда үдерістерді басқаруға теориялық және тәжірибелік дайындығын қамтамасыз етеді, басқарушылық және маркетингтік әрекетінің негізгі бағыттарын меңгеруге, студентте менеджмент пен маркетинг туралы білім кешенін қалыптастыруға, сонымен қатар басқару механизмдерін талдау және жобалау дағдыларының пайда болуына мүмкіндік береді. Курстық жұмысты орындау барысында студенттермен алынған ептіліктер оларға басқару теориясының тарихи аспекттерін, менеджменттің теориялық негіздерін және оның телекоммуникациялардағы технологиясын, менеджменттің функцияларын, қағидаларын және әдістерін, электробайланыс өнеркәсіптеріндегі инновацияларды басқаруын, ұйымды жобалау және маркетингтік әрекеттілікті басқару сұрақтарын, ҚР телекоммуникациялық компанияларымен өткізілетін маркетингтік зерттеулердің негізгі бағыттары мен ерекшеліктерін ұғып алуға көмектеседі. Курстық жұмыс жоғары квалификациялы мамандарды дайындау формаларының бірі. Оның жазылуы үлкен мәнге ие:

Біріншіден, ол студенттерді экономикалық әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуге талпындырады, таңдалған мәселеге қатысты негізгі ережелерге, белгілі бір материалды таңдауға, өңдеуге және талдауға, кестелер мен диаграммаларды құрып, олардың негізінде дұрыс қорытындылар жасауға үйретеді.

Екіншіден, студент теориялық мәселелерді талдау кезінде өз ойларын нақты, тізбекті және экономикалық жағынан сауатты мазмұндауға әдеттенеді және өнеркәсіп экономикасын шығармашылықпен қолдануға, оны тәжірибемен байланыстыруға үйренеді.

Үшіншіден, өнеркәсіпті ұйымдастыру және жобалау, байланыстағы менеджмент пен маркетинг бойынша студенттердің білімдерін тереңдетіп, бекітеді.

Төртіншіден, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын дамытады.

Курстық жұмыс – студентті ғылыми-зерттеу жұмысына үйретеді және оны жүргізу бойынша тәжірибе мен дағдылар алуға көмектеседі. Сонымен қатар, курстық жұмыс студенттің пәннің маңызды мәселелерінің бірін өз бетінше оқуының нәтижесі болып табылады.

Қойылатын талаптарға сәйкес курстық жұмысты дайындау үшін студент тек қана «телекоммуникациялардағы маркетинг пен менеджмент» бойынша алынған теориялық білімдерді ғана емес, сонымен қатар белгілі бір байланыс ұйымының әрекетін сипаттайтын нақты мәліметтерді де пайдалануы тиіс.

Студенттер курстық жұмысты мұғалімнің жетекшілігімен орындайды. Орындалған жұмыс тексерілуге тапсырылады. Мұғалімнің оны дұрыс деп бағалағаннан кейін жұмыс қорғалуы тиіс.

Егер жұмыс қойылатын талаптарға сәйкес болса, мұғалім оны  бағалап студентке хабарлайды. Қанағатсыз орындалған жұмыс мұғалімнің ескертулеріне сәйкес қайта өңделуі тиіс.

Қайта орындалған жұмыс курстық жұмыстың бірінші нұсқасымен бірге қайта тапсырылады.

«Телекоммуникациялардағы менеджмент пен маркетинг» бойынша емтихан тапсыруға курстық жұмыстары оң бағаланған студенттер ғана жіберіледі.

Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және кафедрада сақталады.

 

1 Жұмыс құрлымы

Курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұру керек: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Курстық жұмыстың құрылымы оның тақырыбына және күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Кіріспеде автор таңдалған тақырыптың маңыздылығын, оның мән дәрежесінің өңделгендігін көрсетіп, жұмыста шешілетін мәселелерді тұжырымдау керек. Кіріспе қысқаша болу керек (1-2 бет).

Екінші бөлімде тақырыптың жоспары мазмұндалады. Бұл бөлімде мәселенің маңызын сипаттайтын үш-төрт сұраққа бөлу қажет. Сұрақтардың санын көбейту мақсат емес, себебі бұл сұрақтардың үстірт қарастырылуына немесе курстық жұмыс көлемінің артуына әкеледі. Әрбір сұрақтың мазмұндалуын олардың басы мен аяғы анық көрінетіндей етіп нақты шектеу керек. Негізгі бөлім стандартты 15-20 бетте жазылуы керек.

Қорытынды курстық жұмыстың материалдарынан ағып шығады және негізделген ұсыныстарды қамтиды. Қорытындыны қысқыша 1-1,5 беттен аспуы керек.

Курстық жұмыстың соңына белгілі бір тізбекте құрылған пайдаланылған әдебиеттер тізімі қосылады.

 

 

2 Курстық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар

Курстық жұмысты орындайтын әрбір студент жазбаша жұмыстарға қойылатын талаптарды білуі тиіс.

Студент жалпы оқылатын мәселенің және оның бөлек бөлімдерінің жан-жақты және терең теориялық мазмұндалуына негізгі назарын аударуы қажет.

Мазмұнын ашу дәлелді, декларативті емес, ғылыми аргументтелген және түсіндірілген болу керек. Теориялық ережелер және қорытындылар ақиқат болмыстың нақты материалдарына негізделуі тиіс.

Таңдалған тақырыпты толық және дұрыс ашу үшін студент:

1) Берілген мәселе бойынша қазақстандық және шетел көрнекті ғалымдар мен экономисттердің ғылыми жұмыстарын оқуы қажет.

2) Экономикалық мәселелер бойынша үкімет қаулыларын, Парламент сессияларының шешімдерін және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарын білу керек.

Мерзімді баспасөзде және статистикалық жинақтарда жарияланатын статистикалық мәліметтермен танысу керек. Ағымдағы кезеңнің ерекшелігі бізде дамыған, бірқалыпты әрекет ететін нарықтың әлі де жоқ екендігінде. Нарықтық экономикаға өту динамикалық даму үстінде. Сәйкесінше, әлемдегі бар тәжірибеге жүгінуге қажеттілік пайда болады.

         Тәжірибенің қоятын сұрақтары мен мәселелерге теория әрдайым жауап бере алмайды. Осыдан экономиканың түрлі мәселелері бойынша мамандардың көзқарастары түрлі болады, әдебиетте өз көрінісін табатын талқылаулар жүргізіледі. Курстық жұмыста студент оқыған әдебиет негізінде талас мәселе бойынша өзінің көзқарасын анықтауы керек, оны дәлелдеп, кейін қаралатын мәселе бойынша әдебиеттердегі көзқарастарды баяндап беруі керек.

Курстық жұмыс реферат, өзгеше сондықтан кесте, сурет, формуламен қамтамасыз етіліп, есептеу жасалуы керек. қолданылған әдебиеттерге сілтемелер жасалуы керек.

        

 

3       Курстық жұмысты орындау тәртібі

4        

Курстық жұмысты орындау барысын 6 кезеңге бөлу қажет:

-       тақырыпты таңдау;

-       әдебиеттерді таңдап, зерттеу;

-       жұмыс жоспарын құру;

-       фактілі және статистикалық мәліметтерді жинау және өңдеу;

-       курстық жұмысты жазу;

-       курстық жұмысты қорғау.

        

Курстық жұмыс тақырыбын студент кафедра ұсынған тақырыптардың ішінен өзі таңдайды. Кейбір жағдайларда студент кафедра тізіміне қосылмаған тақырыпты ұсынуға құқығы бар. Тақырыпты дұрыс таңдау  жазу жұмысының сапасына ғана емес, оны жалпы орындауына да әсерін тигізеді. Кафедра ұсынған тізімнің ішінен тақырыпты таңдау студентті берілген мәселені тар мағынада немесе тиянақсыз етіп баяндаудан, курстық жұмысты «Телекоммуникациядағы менеджмент және маркетинг» курсынан тыс, соған ұқсас басқа пәндер бойынша орындаудан құтқарады.

         Курстық жұмыстың тақырыбы студенттің өндірістік жұмысымен байланысты немесе болашақ мамандығына сәйкес таңдағаны жөн. Студенттің практикалық жұмысымен байланысты тақырыптарды орындаудың бірқатар артықшылықтары бар. Бір жағынан жұмыстың орындалуын жеңілдетеді, себебі автор теориялық жағдайларды растау үшін өзі қызмет етіп жүрген кәсіпорынның материалын кеңінен қолдана алады. Бұл курстық жұмыстың сапасын көтеруге мүмкіндік береді. Екінші жағынан, студент нақты мәліметтер негізінде пайдалы қорытындылар жасап, ұсыныстарды қалыптастырады. Ол өз кезегінде байланыс ұйымдарының марктингтік басқару жұмыстарын жақсартады, сәйкесінше олардың экономикалық көрсеткіштерін жоғарлатады.

         Тақырыпты таңдаған соң каталог бойынша өз бетінше қажетті әдебиеттер тізімін жасау керек. Оларды таңдап, зерттеу қажет. Бұл жұмысты берілген курс бойынша кафедра ұсынған әдебиеттерді зерттеуден бастаған жөн. Библиографиялық тізімді құрастыру барысында библиографиялық каталогты, тақырыптың библиографиямен, экономикалық журналдарда жарияланған мақалаларды қолдану ұсынылады. Мұнда студенттің негізгі мақсаты – экономикалық әдебиеттердің ішінен таңдалған курстық жұмыста берілген сұраққа қатысы бар, соны талқылайтын мақалалар мен журналдар, кітаптарды таңдау.

         Әдебиеттерді зерттеу барысында кітаптардан және мақалалардан негізгі жағдай, теориялық қорытындылар, анықтамаларды, дәлелдеулерді,  статистикалық мәліметтерді жазып алу ұсынылады. Жақсы құрастырылған жазып алулар мәселенің мазмұнын жақсы игеріп алуға көмектеседі.

         Әдебиеттерді таңдап, зерттеп болған соң, студент негізгі сұрақтарды толығымен ашып бере алатындай етіп курстық жұмыстың жоспарын құруы керек. Жоспар – бұл жұмыстың негізі және жазу жұмысының деңгейі жоспардың құрылуына байланысты болады. Жұмыстың жоспары оның құрылымымен тығыз байланысты. Студенттің міндеті бір-бірімен байланысын және кезектілігін сақтай отырып негізгі бөлімнің 3-4 сұрақтарын анықтап алу.

         Жұмыстың құрастырылған жоспары студентті бақылайтын оқытушысына келісім үшін беріледі.

         Курстық жұмысты жазу үшін әдебиеттер көзі, сондай-ақ нақты материалдар қажет. Олардың негізінде қоғамның экономикалық өмірі туралы, байланыс саласындағы басқару процесінің даму заңдылығы туралы қорытынды жасауға болады. Тек тақырыпқа тікелей қатысы бар мәліметтерді жазып алу қажет, және барлығын емес, тек тақырыптың сұрақтарын ашуға көмектесетін, маңыздыларын ғана жазып алу керек.

         Нақты материалды қолдану барысында белгілі шарттарды сақтау керек, атап айтсақ:

- мәліметтерді абсолютті (млн., тенге, дана) немесе салыстырмалы (%) көрсеткіштерге келтіру керек және оларды салыстыру барысында бірдей өлшемдерге келтіру керек;

- белгілі тенденцияны, заңдылықты дәлелдеу үшін экономикалық процестің мәнін ашып беретін бір немесе бірнеше сандар қатарын келтіру қажет.

- көрнектілігі үшін сандарды кесте диаграмма және графикаларға келтірілуі қажет, яғни өңделуі керек.

 

4 Курстық жұмысты безендіру

Курстық жұмыс сәйкес түрде безендірілуі керек. Безендіруге келесі талаптар қойылады:

1) Оқытушы – рецензенттің белгілеулері үшін сол жақтан орын қалдыра отырып, жұмыстың мәтіні бөлек қағаздың бір жағына жазылуы керек.

2) Жұмыстың қате нұсқасын варианты сызып тастаулардан, жалғаусыз, өздігінше қысқартуларсыз компьютерде түзетілуі қажет. Грамматикалық және стилистикалық қателері саналмайды.

3) Курстық жұмыста келтірілген барлық цитаталармен мен сандық көрсеткіштері бастамалары (источники) көрсетіледі. Курстық жұмыстың барлық беттері номерленген болу керек. Жұмыстың әр бөлімі жаңа парақтан басталуы тиіс.

4) Жұмысты орындап бітіргеннен кейін студент оны кафедраға өткізу қажет.

 

5 Курстық жұмыстың тақырыптары

1.     XXI ғасырдағы телекоммуникация менеджментінің мақсаттары.

2.     Басқару тәсілдері және шешім қабылдау.

3.     Телекоммуникация саласындағы менеджментің ерекшеліктері.

4.     Телекоммуникация саласындағы операторларды басқару және ұйымдастыру.

5.     Телекоммуникация желілерін техникалық қолдануын ұйымдастыруды басқар.

6.     Телекоммуникациядағы сапаны басқару.

7.     Телекоммуникациядағы персоналды басқару.

8.     Маркетингтің териясы тұжырымдамалары.

9.     Телекоммуникация маркетингінің ерекшеліктері.

10. Телекоммуникация қызыметін нарықтық жағдайда зерттеу.

11. Оператордың қызметінде  маркетингтік бағаның қалыптасуы және тарифтік саясат.

12. Қазақстан Республикасындағы телекоммуникацияның қалыптасуы мен дамуы.

13. Инфокоммуникация қызметі және жаңа технологияға сипаттама.

14. Маркетинг жүйесіндегі баға және саясат.

15. Телекоммуникациядағы маркетингтік жоспарлау саясаты.

16. Байланыс қызыметін сатудағы саясат.

17. Телекоммуникация секторының бағалану стратегиясы.

18. Телекоммуникация саласының дамуына сапаның ықпалы.

19. Қаражат менеджментінің телекоммуникация дамуындағы алатын орны.

20. Инновация мен инвестицияны ұйымдастыру процестері.

 

6 Курсты жұмысты орындау үшін әдістемелік нұсқаулар (жақшаларда оқуға ұсынылған мәліметтер көрсетілген)

Курстық жұмысты орындау барысында әр тақырыпқа жақсылап мән беріп келесідегідей ұсыныстарға жүгінген жөн. Мыссал ретінде, кйбір тақырыптарға тоқталып кетсек, № 1, № 13 тақырыпта курстық жұмысты орындаған кезде жаңа технологияға көңіл бөлген жөн (30, 39, 40).

№ 2 Басқару тәсілдері және шешім қабылдау.

№ 4 Телекоммуникация саласында операторларды басқару және ұйымдастыру. Осы тақырыптардың негізгі мақсаты бір бағытты қамтиды да, басқарудың тәсілдерінің әдістеріне, басқару шешім қабылдау тиімділігіне көніл бөлуді талап етеді. Сонымен қатар телекоммуникацияда операторлардың салалық ерекшеліктеріне көңіл бөлу қажет.

№ 3 Телекоммуникация саласындағы менеджменттің ерекшеліктері (16, 30, 31, 32, 33, 34) №7 Телекоммуникациядағы персоналды басқару, бұл тақырып та персоналды басқаруда зейінділікке, жан жақты сауаттылығына , сонымен қатар еңбек мотивациясының  басқарудағы құндылығына ерекше көңіл бөлу қажет (1, 2, 6, 7, 8, 12, 29, 30, 37).

№ 6 Телекоммуникациядағы сапаны басқару, сапаның мазмұн мағынасына тоқтала келіп, бағалау тәсілдеріне көңіл бөлу қажет. (2, 3, 4, 10, 12,30, 32, 33, 34).

№ 8, 9, 10, 11, 14, 15, 16, 17 тақырыптар менеджменттің ерекше тқырыптарының бірі маркетингке арналған (21, 22, 23, 24, 25, 26, 27, 35, 36, 38).

№ 19  тақырып қаржы саясаты мен оның алатын орнына, қағидаларына арналған. (5, 6, 10, 11, 30, 33).

№ 20 Инновация мен инвестицияны ұйымдастыру процестері, бұл тақырып қоғамның даму дәуіріндегі, инновацияның бағалануы, қатерлердің пайда болуы, одан қалай құтылу, сонымен қатар инвестицияның мағынасы, жобаның инвестициялық бағалау тәсілдеріне көңіл бөлу қажет (29, 30, 31, 32, 33, 34).

 

7 «Телекоммуникациялық қызметтер саласындағы қатерлерді басқару» тақырыбындағы қурстық жұмысты орындаудағы нұсқау

 

Кәсіпкерлік қызмет қатермен бірге жүреді. Әр кәсіпорынның өмірінде әртүрлі қатерлер кездеседі. Олардың негізгісін  зерттеу қажет.

Қолданбалы басқару теориясы пайда болу ықтималдылығын қарастырады -  Кд; критикалық - Ккр; катастрофилық - Ккт қатерлер.

Инвестициялық проектінің орындалуында алты жай қатер бар Si (i=l, 2, ..., 6): 1- проектіні дайындау, 2 ­- құрылысы, 3 - қаржаттау, 4 – әлеуметтік жағдайлар, 5 – өндірістің техникалық жағдайы, 6 – экологиялық шектеулер.  Барлық қатерлер қиындық дәрежесі  Р1 бойынша екіге бөлінеді: К1, K2.

Бірінші топтың  К1 қатерлері болып приоритетті қатер саналады. Бірінші топтағы қатерлерге S1, S2, S3, S4. Екіншіге - S5, S6. Бірінші топтағы қатер саны: М1=4, ал екіншісіне - М2= 2.

Қиындық дәрежесі бойынша қатерлердің салмағы келтірілген Wi : W1=0,4; W2=0,2; Wз=0,15; W4=0,12; W5=Q,08; W6=0,05. Сонымен барлық топтағы қатер салмағының қосындысы бірге тең:

                                           .                                                      (1)

Болатын оқиғаларды бағалау ықтималдылығы үшін, әр жай қатерге қатысты, эксперттер шақырылады. Олардың жұмысының нәтижесін келесі кестеде көруге болады:

 

    1 к е с т е – Қатердің әр түріне түсетін орташа ықтималдылығын есептелуі

Қатер түрі

Қатерге түсетін орташа ықтималдылық Vi

S1

0,4

K1

 
S2

0,3

S3

0,6

S4

0,2

K2

 
S5

0,5

S6

0,7

 

Бірінші және екінші топтың ішіндегі жай қатерлердің салмағын анықтау қажет, барлық қатерге олардың қиындығы бойынша балдық баға беру, барлық қатер бойынша ортақ қосынды ретінде 100 балды енгізу, бұл проектіні орындалуындағы үш негізгі қатер түрін айту.

 

Бірінші қадамбұл топтың кіші приоритетінің салмағын анықтау. Ол үшін мына формуланы қолданамыз:

                                  (2)

мұндағы f – бірінші және соңғы приоритетінің салмағының арақатынасы:

                                               (3)

 

Екінші қадамбірінші топтың салмағын анықтау. Ол үшін мына формула қолданамыз:

            (4)

Үшінші қадамберілген топтағы жай қатердің орташа салмағын анықтау. Ол үшін мына формула қолданамыз:

 

                                    (5)

Мысалы, 1 топ үшін салмақ  тең; екінші топ үшін сәйкесінше: .

Орташа салмақтарын топтар бойынша жаза отырып, кесте құру.

 

2  к е с т е - Әр  қатер түрінің салмағын анықтау

Қатер түрі

Приоритеттер

Берілген топтағы қатер салмағы

S1

S2

S3

S4

Ең үлкен приоритет

 

 

0,22

0,22

0,22

0,22

 

 

S5

S6

Ең кіші приоритет

0,055

0,055

Нәтиже

*

1

 

Тәжірибиеде алынған қатерді бағалау ықтималдылығын қолдана отырып, қатерге түсетін балдық  бағасын беруге болады. Ол үшін мына формула қолданылады:

                                         ,                                (6)

мұндағы R – әр қатер түріндегі балдық баға.

Алдыңғы кесте бойынш  мәндерін қолдана отырып, кесте құрыңыз.

 

3  к е с т е – Қатерлік жағдайын тудыратын ықтималдылық қосындысын есептеу

Қатер және Si

салмақ

Қатер ықтималдылығы

Балдар

S1

S2

S3

S4

0,22

0,22

0,22

0,22

0,4

0,3

0,6

0,2

0,088

0,066

0,132

0,044

S5

S6

0,055

0,055

0,5

0,7

0,0275

0,0385

Нәтиже

1

-

R=0,396=100

 

Мысалы  R үшін 100 балл. Сонда қатер мәні келесідегідей болады:

  

4  к е с т е – Қатер мәнін балмен анықтау

Қатер және Si

Қатерлер мәнін балмен

Қатерді маңызды түрлері бойынша ранжирлеу

S1

S2

S3

S4

22,22

16,67

33,33

11,11

2

3

1

4

S5

S6

6,94

9,72

6

5

Нәтиже

100

-

 

Сонымен, ранжирлеу бойынша қатерлер мынадай:

- S3;

- S1;

- S2;

- S4;

- S6;

- S5.

Қорытынды:  қатерді сап түзеткеннен кейін мынадай қорытынды жасауға болады, ең маңызды қатер болып бірінші топқа қатыстылары есептеледі. Бұл қатерлердің балы көпке жоғары болады, екінші топқа қарағанда. Бірінші топтың қатерлері К1 приоритетті, соның ішінде қаражаттау мен проектті дайындау. Себебі проектіні дайындауда алдымен бәрін ойлап, бұл сатыда мүмкін болатын қатерлерді еске алып, бұл сатыда мүмкін болатын қатерлерді еске алып, маңызды қателіктерді жібермеу керек. Қатерлерді азайту үшін, кәсіпорынның мүмкіндіктерін дұрыс бағалау, оның экономикалық жағдайы мен материалды­техникалық базасын талдау. Кәсіпорынның қызметі дәл жоспар құратын, білікті мамандарды тарту қажет.

Оларды максималды түрде азайту үшін, тексерілген және үміт артуға  болатын, құрылыс және монтаждау жұмысын тиянақты істейтін, аз уақыт ішінде минималды шығынмен жасап тапсыратын құрылыс мекемелері немесе бригадаларымен жұмыс жасау керек.

Сонымен бірге ерекше жоғары қатерге қаражаттаумен қатыстысы да кіреді. Олар үшін өзіміздің материалда және материалды емес активтерімізді қорғау қажет.

Кәсіпорынның техникалық жағдайы және экологиялық шектеуімен байланысты қатерлер аз маңыздылығы бар қатер болып табылады. Бірақ экологиялық шектеуі бар қатер басқалармен салыстырғанда жоғары тұрады. Бұл кәсіпорынның қоршаған ортаға тигізетін зияны, сыртқа шығаратын әртүрлі қалдықтарынан болады. Ал әлеуметттік мәселелер қатердің маңыздылығы аз, себебі жұмысқа аларда олар іріктеледі, содан кейін біліктілікті жоғарылату курсынан өтеді.

 

 Әдебиеттер тізімі

 

1.     Веснин В.Р. Основы менеджмента. - М.: 2001.

2.     Виханский О.С, Наумов А.И. Менеджмент. - М.: Гардарика, 2000.

3.     Виханский О.С. Стратегическое управление. - М.: Гардарика, 2000.

4.     Герчикова И.Н. Менеджмент. - М.: Банки-Биржи, 1999.

5.     Бердалиев    К.Б. и др. Основы управления экономикой Казахстана. Алматы: Экономика, 1998.

6.     Бердалиев К.Б. и др. Основы менеджмента, - Алматы, КазГАУ, 2001.

7.     Кэмпбел Д. и др. Стратегический менеджмент. - М.: Издательство Проспект, 2003.

8.     Кнорринт В.И. Искусство управления. - М.: Бек, 2001.

9.     Лебедев О.Т., Коньковская А.Р. Основы менеджмента. - Санкт-Петербург 2000.

10. Менеджмент   организации /Под ред.   З.П.Румянцевой, И.А.Соломатина.   - М.: Инфра-М, 1999.

11. Мамыров Н.К. Менеджмент и рынок: казахстанская модель. - Алматы,1998.

12. Мескон М.Х. и др. Основы менеджмента /Пер.с англ. - М.:Дело, 2000.

13. Модульная программа для менеджеров /Под ред. А.М.Зобова, Н.Б.Филинова и др. - М., 1999

14. Уткин Э.А. Курс менеджмента. - М.: Зерцало, 2001

15. Фатхутдинов Р.А. Система менеджмента. - М., 2000.

16. Чейз Р. и др. Производственный и операционный менеджмент. - М.:Вильямс,2001.

17. Голубков Е.П. Маркетинг. Словарь. - М.: Экономика, 1994. -160 с.

18. Дорошев В.И. Введение в теорию маркетинга: Учебное пособие. -М.: Ин-фра-М, 2000. - 288 с.

19. Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах: Учебное пособие. М.: Инфра-М, 2000. - 496 с.

20. Карлберг, Конрад Бизнес-анализ с помощью ЕхсеП. - Киев: Диалектика, 1997.-448 с.

21. Котлер Ф. Основы маркетинга. - М.: Росинтер, 1996. - 704 с.

22. Маркетинг. Под редакцией Уткина Э.А.: Учебник. - М.: ЭКСМОС, 1998.-320 с.

23. Маркетинг. Под редакцией Эриашвили Н.Д.: Учебник. - М.: ЮНИТИ, 2000.- 624 с.

24. Маркетинг. Принципы и технология маркетинга в свободной рыночной системе. Учебник для вузов. - М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 1998. - 256 с.

25. Маркетинг: Толковый терминологический словарь-справочник. - М.: Инфо-конт, 1991.-224 с.

26. Пунин Е.И. Маркетинг, менеджмент и ценообразование на предприятии в условиях рыночной экономики. - М.: Международные отношения, 1993. -112 с

27. Современный   маркетинг.   Под   редакцией   Хруцкого   В.Е.   -   М.: Финансы и статистика, 1991.-256 с.

28. Уткин Э.А. Сборник ситуационных задач, деловых и психологических игр, тестов, контрольных заданий, вопросов для самопроверки по курсу    "Маркетинг". - М.: Финансы и статистика, 1999.-192 с.

29. Аманжолова К.Б.   Менеджмент в телекоммуникационном комплексе. Учебное пособие. - Алматы: АИЭС, 2006.

30. Е.В.Деминой., под ред. Резниковой Н.П. Организация, планирование и управление предприятиями связи. - М.: Эко брендз, 2005.

31. Базылов.К.Б., Алибаева С.А., Аманжолова К.Б. Организация управления и регулирования в связи общего пользования Республики Казахстан. -А.: АИЭС, 2005.

32. Аманжолова К.Б., Алибаева С.А. Экономика предприятий телекоммуникаций: Учебное пособие. - Алматы, АИЭС, 2003.

33.  Голубицкая Е.А., Жигульская Г.М. Экономика связи: Учебник для вузов.-М.:РиС, 2000.

34. Основы   экономики   телекоммуникаций  /Под  ред.   Голубицкой  Е.А. и Горелика М.А.-М.: Р и С, 1997.

35. Есімжанова С.Р. Маркетинг. Оқу құралы. – Алматы: « ЭКО» Баспа үйі, 2005.

36. Сатыбалдыұлы С., Байтанаева Б. Маркетинг және менеджмент негіздері: оқулық. – Астана: Фолиант, 2007.

37. Рахметов В.А. Персоналды басқару. Оқу құралы. – Алматы,: Экономика, 2005.

38. Голубицкая Е.А., Кухаренко Е.Г., Основы маркетинга в телекоммуникациях. Учебное пособие. – Москва: Радио и связь 2005.

39. Современные телекоммуникации. Технологий и экономика /Под общей редакции С.А.Довгого. -М.: Эко брендз, 2003.

40. Тихвинский В.О. Регулирование и экономика подвижной связи. –М., 2003.

41. Менеджмент в телекоммуникациях: Учебник для вузов. - М.: Р и С, 1997.

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                            3

1.      Курстық жұмыстың құрылымы                                                              4

2.      Курстық жұмысқа  негізгі талаптар                                                       4

3.      Курстық жұмыстың орындалу тәртібі                                                   5

4.      Курстық жұмысты безендіру                                                                  7

5.      Курстық жұмыстың тақырыптары                                                         7

6.  Курстық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқаулар                   8

7. «Телекоммуникациялық қызметтер саласындағы қателерді басқару» тақырыбындағы қурстық жұмысты орындаудағы нұсқау                                 10

8. Курстық жұмыстың орындалуына әдістемелік нұсқаулар

Әдебиет тізімі                                                                                              15