АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

 

КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ САЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

5В0719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының студенттер үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

      

 

       Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Бекишева А.И., Валиева Г.Б., Нұрмағамбетова С. С. Кәсіпкерлік және салық жүйесі.  5В0719 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының барлық оқу бөлімінде оқитын студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.  – Алматы: АИЭС; 2010. –24 б. 

Әдістемелік нұсқау «Кәсіпкерлік және салық жүйесі» пәнінен курстық жұмысты орындауға арналған негізгі жағдайлар мен ұсыныстардан тұрады. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады – біріншісі «Кәсіпкерлік» блоктан теориялық сұрақтар, екіншісі негізгі салық түрлерін есептеуден тұрады. Осы әдістемелік материал студенттерге кәсіпкерлік саласынан теориялық білімін бекітіп, салық есептеуді тәжірибе жүзінде шығаруға және орындауға мүмкіндік береді.

 

 

Мазмұны

 

1 Курстық жұмысты орындаудағы жалпы жағдай

3

1.1 Курстық жұмыстың құрлымы

4

2 «Кәсіпкерлік» блогынан жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау

5

2.1 Курсық жұмысты орындау тәртібі 

5

2.2 Жұмыстың рәсімделуі 

6

2.3 «Кәсіпкерлік» блогынданың курстық жұмыстардың тақырыптары.

6

2.4 «Кәсіпкерлік» блогын орындау бойынша ұсыныс        

8

3. «Қаржылық жүйе» блогы бойынша курстық  жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

 

9

3.1 Жалпы жағдай

9

3.2 Әлеуметтік және жеке қосымша құн салығын есептеу

10

3.3 Корпоративті табыс салығын есептеу

12

3.4 Белгіленген активтер алымдары

16

3.5 Транспорттық құралдарға салынатын салықты есептеу

16

3.6 Мүлік салығын есептеу

17

Әдебиеттер тізімі

19

 

 

                                                                                                   


1 Курстық жұмысты орындаудағы жалпы жағдай

Нарықтық экономика жағдайында халық үшін игілікті және табыс алу мақсатында факторлар мен ресурстарды қолдана алатын «кәсіпкер» - мамандарды даярлау өзекті мәселе болып келеді. «Кәсіпкерлік» блогы студенттерге қазіргі әлемдегі кәсіпкерлікті ұйымдастыру әдістері туралы білім кешеніне және жеке кәсіпкерліктен белсенділікті дамыту бойынша дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Салық мәселесі күрделі және қайшы мәселелердің бірі болып табылады. Салық – бұл нарықтық қарым-қатынастар жағдайындағы қоғамның ажырамас элементі. «Салық жүйесі» блогы студенттерді салық салу жүйесіне: заң шығарушы және нормативтік базамен, салықтарды құру әдістерімен, сонымен қатар салықтардың негізгі түрлерін есептеп шығаруды үйретеді.

Курстық жұмысты орындау әр студентің өзіндік жұмыс ретінде маңызды формасы болып табылады.

Біріншіден, ол студенттерді экономикалық әдебиетпен өз бетінше жұмыс істеуге, белгілі бір материалды таңдауға, өңдеуге және талдауға, кестелерді және диограммаларды құрастыруға және олардың негізінде дұрыс қорытынды жасауға үйретеді;

    Екіншіден, студент теориялық мәселелерді талдау кезінде өз ойын нақты, тізбекті және экономика саласынан сауатты баяндауға үйренеді және алынған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолданып, оларды тәжірибе жүзінде іске асыруға үйренеді;

Үшіншіден, бұл жұмыс студенттердің өндірісті жобалау және ұйымдастыру, байланыс саласындағы менеджмент және маркетинг бойынша білімдерін тереңдетіп бекітеді;

Төртіншіден, компьютерде жұмыс істеу дағдыларын жоғарлатады.

Курстық жұмыс студентті ғылыми-зерттеу жұмысына үйретеді және оны орындау бойынша тәжірибе және дағдыларды алуға көмектеседі. Сонымен қатар курстық жұмыс студенттің өз бетінше пәннің ең маңызды мәселелерінің бірін зерттеуінің қорытындысы болып табылады.

Қойылған талаптарға сәйкес курстық жұмысты дайындау үшін студент пән бойынша алынған теориялық білімді пайдалану ғана емес, сонымен қатар нақты өндірісті сипаттайтын деректі ақпараттарды қолдану қажет.

Студенттер курстық жұмысты оқытушының жетекшілігімен орындалады. Орындалған жұмыс тексеруге өткізіледі. Оқытушы жұмысты тексергеннен кейін жұмыс қорғалуы тиіс.

Егер орындалған жұмыс қойылған талаптарға сәйкес келсе, оқытушы оны бағалап, студентке хабарлай ды. Дұрыс орындалмаған жұмыс оқытушының ескертулеріне сәйкес қайта өңделуі тиіс.

Қайта орындалған жұмыс курстық жұмыстың бірінші нұсқасымен бірге қайта тапсырылады.

Курстық жұмыстан тек жақсы баға алған студент «Кәсіпкерлік және салық жүйесі» пәнінен емтиханға жіберіледі.

Нарықтық экономикаға көшуде халықаралық тәжірибені ескеру керек.

Курстық жұмыс студентке қайтарылмайды және кафедрада сақталады.

 

1.1 Курстық жұмыстың құрылымы.

Курстық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады: кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және әдебиеттер тізімі. Курстық жұмыстың құрлымы тақырыбына және күрделілігіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Кіріспе бөлімінде автор таңдалған мәселенің өзектілігін, оның өндірістік деңгейін көрсету керек және жұмыста шешілетін мәселелерді тұжырымдау керек. Кіріспе қысқа болу қажет (1-2 бет).

Екінші бөлімде тақырыптың мазмұны көрсетіледі. Бұл бөлімді мәселенің мәнін ашатын 3-4 сұраққа бөлу ұсынылады. Сұрақтардың санын арттырудың қажеті жоқ, себебі бұл олардың терең қарастырылмағандықтан курстық жұмыс көлемі ұлғаяды. Сұрақтардың түсіндірілуінің басы мен аяғын көру үшін әрбір сұрақтың баяндалуын нақты шектеу керек. Жұмыстың негізгі бөлімі стандартты 15-20 беттен аспауы тиіс.

Қорытынды үшінші бөлімге жатады, қорытынды курстық жұмыстың жиналған материалдардың нәтижесі болып табылады және негізделген ұсыныстардан құралады. Қорытынды қысқа болу керек, 2-3 бет аралығында.

Курстық жұмыстың  соңында тізбек бойынша құрастырылған әдебиеттер тізімі қосылу керек.

Жұмысты орындайтын әрбір студент жұмысқа қойылатын талаптарды білуі тиіс.

Студент жалпы оқылатын мәселенің және оның әрбір бөлігінің жан-жақты және терең теориялық түсіндіруі керек.

Мазмұнын ашатын, нақты дәлелдер көрсету қажет, яғни деклоративті емес, ғылыми тұрғыда дәлелденген, түсіндірілген болуы керек. Теориялық  ережелер және қорытындылар шынайы болмыстың белгілі бір маттериалдарына негізделуі керек. Таңдалған тақырыптың мазмұнын толық және дұрыс алу үшін студент:

бұл мәселе бойынша Қазақстандық және шетелдік танымал ғылымдар мен экономистердің ғылыми жұмыстарын оқуға;

экономикалық мәселелер бойынша Үкімет қаулыларын, Парламент сессияларының шешімдерін және Қазақстан Республикасының Президентінің жарлығын білуге;

мерзімді баспасөзге және статистикалық жинақтарда жарияланатын статистикалық мәліметтермен танысуға міндетті.

Тәжірибеде жүзінде көптеген қайшылықтар мен сұрақтар туады, осыдан экономиканың көптген сұрақтарына мамандар әртүрлі көз-қараста, олар сәйкес әдебиеттерде көрсетілген. Курстық жұмыста студент қарастырылған әдебиет негізінде қайшы сұрақтарға өз көз қарасын қөрсетіп, талдау қажет. Қарастырылатын пікірге қысқаша сипаттама беру керек.

 

 

2 «Кәсіпкерлік» блогынан  жұмыстың орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

2.1 Курстық жұмысты орындау тәртібі.

Берілген курстық  жұмысты   орындау 6 сатыдан тұрады:

-       тақырыпты таңдау;

-        әдебиетті таңдау және оқу;

-        жұмысқа жоспар құру;

-        фактілік және статистикалық материалдар жинау  және оларды өңдеу;

-        жұмысты жазу;

-        жұмысты қорғау;

Әрбір студент өз бетінше кафедра ұсынған тақырыптардан бір тақырыпты таңдауы тиіс. Тақырыптың дұрыс таңдалуы  студенттердің жұмысты орындап бітіруіне және оның сапасына тікелей байланысты. Кафедраның ұсынған тақырыптар студенттерді көптеген сұрақтардан арылтады.

Студент өзінің болашақтағы мамандығына немесе өндіріске  байланысты тақырыпты таңдауы тиіс. Орындалатын жазбаша жұмыс студенттің тәжірибелік жұмысымен байланысты болса, орындаған жұмысынан мол әсер алады. Студент қазіргі уақытта жұмыс орнынандағы фактілік материалдарды өзінің жұмысына қолдану арқылы жұмысты орындауды жеңілдетеді, сонымен бірге курстық жұмыстың сапасын арттырады. Сонымен қатар студент тапқан мәліметтердің түсінігінен көптеген қажетті шешімдер жасай алады, тапсырмаларды өзгерте алады, бұл оның экономикалық көрсеткіштерін жоғарылатады және де маркетингтік ұйымдастыру жұмысында үлкен әсер етеді.

Тақырыпты таңдап болған соң өз бетінше  тізім бойынша қажетті әдебиеттер тізімін құрып, оларды талдап оқу қажет. Әдебиет тізімін құруда кітапханадағы каталогтар, тізімдер мен мақалалар, экономикалық  жарияланған журналдарды қолдануға болады. Сондықтан студенттің басты мақсаты -  көптеген экономикалық  әдебиеттерден тек қана таңдалған тақырып сұрағына байланысты мақалалар, журналдар  таңдау қажет.

Әдебиеттерді іріктеп және оқып болған соң,  студент курстық жұмыстың негізгі мәселелерін толықтай ашатын, мұқият ойластырылған жоспарды құрастыруы қажет.  Жоспар -  жұмыстың  негізі болып саналады, оны орындалуы жазбаша жұмыстың барлық деңгейіне әсер етеді. Жұмыс жоспары оның құрылымымен тығыз байланысты. Студенттің  негізгі мақсаты - бөлімнің ең басты 3-4 сұрағын талдауы қажет және де олардың өзара байланысы мен баяндау жүйелігін сақтауы тиіс. Нақты материалдарды ықылас  қойып жинаған дұрыс. Жұмысты орындағанда тек қана маңыздысын, сұраққа  тікелей қатыстысын жазу керек.  Нақты материалдарды қолданғанда  керекті ережелерді сақтау қажет, атап айтқанда:

-  мәліметтерді міндетті түрде абсолюттілерге  (млн, тенге, шт.) немесе салыстырмалы (%) көрсеткіштерге және салыстырғанда  оларды  бірдей өлшемдерде жіктеу керек.

- тенденциялармен, заңдылықтардың айқын дәлелі көбірек болып,  экономикалық процестің  маңызын ашуы тиіс;

Цифрлық мәліметтер көрнекі болу үшін  арнайы  кестелермен, диаграммалармен  және графиктермен, бейнеленген жөн.

 

 2.2 Жұмыстың рәсімделуі

Жұмыс тиісті лайықты формамен орындалғаны жөн. Дайындауға келесі талаптар көрсетілген:

Жұмыс мәтінін мақсатқа лайықты жазу керек. Жұмысты жазғанда стандартты қағаз бетіне орындау қажет және де сол жағына оқытушы- рецензиялаушының ескертуіне арналған орын қалдыру керек.

Жұмыстың алғашқы жазылған түрін мұқият компьютерде редакциялау қажет. Грамматикалық және стилистикалық қателерді жібермеу, курстық жұмыс  нөмірленуі  керек. Әр бөлім жаңа беттен басталуы тиіс.

Жұмыс толығымен орындалған соң кафедраға өткізілуі тиіс .

 

2.3 «Кәсіпкерлік» блогынның курстық жұмыстардың тақырыптары.

Тақырып №1 Кәсіпкерліктің мазмұны және түсінігі.

1.1 Кәсіпкерліктің пайда болу тарихы  мен  маңызы.

1.2 Кәсіпкерлік қызметтің экономикалық, әлеуметтік және құқықтық шарттың қажеттіліктері.

1.3 Кәсіпкерліктің формасы  және түрлері.

1.4 Қазақстандағы  кәсіпкерліктің қазіргі формалары.

Тақырып  №2. Кәсіпкерлік қызметінің түрлері.

2.1 Өндірістік кәсіпкерлік.

2.2 Коммерциялық кәсіпкерлік.

2.3 Қаржылық кәсіпкерлік.

2.4 Кеңестік кәсіпкерлік

Тақырып № 3. Нарықтық жағдайдағы кәсіпкерлік.

3.1 Кәсіпорын формалары.

3.2 Кәсіпорынның қызмет ету механизмі.

3.3 Бағаның  реттушілік рөлі.

3.4 Өнім сапасын реттеу рөлі.

3.5 Кәсіпорын пайдасы - қолдану мақсаты.

3.6 Бағалы қағаз нарығындағы кәсіпорын.

3.7 Кәсіпорынның дәрменсіздігі.

Тақырып №4. Өндіріс және өнім  тұтыну.

4.1 Қоғамды толық қанағаттандыратын өнім өндірудің анықтаушы рөлі.

4.2 Техника, технология және өндірісті ұйымдастыру – тиімділігін жоғарлатудың  негізгі факторлары.

4.3 Өнімді өндіру және өнім тұтынулар арасындағы байланыс.

4.4 Өнім сертификациясы.

Тақырып №5 Ұйым және меншікті ісінің дамуы.

5.1 Жаңа кәсіпорынның құрылу реті.

5.2 Техника - экономикалық негіздер мен кәсіпкерлік жоспарларды өңдеу.

5.3 Жаңа кәсіпорынды басқару.

Тақырып №6 Кәсіпорынды жүйелеу механизмі.

6.1 Заңды тұлғалардың  жіктелуі, түрлері мен түсінігі.

6.2 Шаруашылық ұйымын ұйымдастыру құқықтық-шаруашылық формасының маңызы және негізі.

6.3  Заңды тұлғалардың бірігуі.

Тақырып №7 Шағын кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі.

7.1 Шағын кәсіпорынның  мақсаты мен мағынасы.

7.2 Шағын кәсіпорынның ҚР-да дамуы.

7.3 Шағын кәсіпорынның экономикалық қызметінің сипаттамасы.

7.4 Шағын бизнестің мемлекеттен алатын көмегі.

7.5 ҚР-да шағын кәсіпорынның қайшы сұрақтары және оны шешу жолдары.

Тақырып №8 Кәсіпорынның қаржысын басқару.

8.1 Кәсіпорынның қаржысы және комерциялық ұйымдар.

8.2 Қаржылық жоспарлау және болжау.

Тақырып №9 Электробайланыс кәсіпорынның  бағасы мен нарықтық саясаты.

9.1 Баға құраушы факторларды саралау.

9.2 Баға түрлері. Баға жайлы ақпарат көзі.

9.3 Фирма өнімінің бағасын орнату этаптары және әдістері.

9.4 Экспортталатын және импорталатын өнімнің бағасын орнату.

9.5 Сауда келісім шарттарын жүргізу реті

Тақырып №10 ТК саласында кәсіпкерлік тәуекелдер.

10.1 Кәсіпорындағы тәуекел. Тәуекелдің түрлері.

10.2 Жобаны қаржыландыру кезіндегі тәуекел.

10.3 Тәуекелді сақтандыру.

10.4 Бизнес-жоспар және кәсіпкерлік тәуекелдің төмендеуі.

10.5 Кәсіпкер және нәтижелі шешім.

Тақырып №11 Кәсіпкерлердің бәсекесі.

11.1 Бәсекелестіктің түрлері.

11.2 Қазіргі жағдайдағы бәсекелестіктің дамуы.

11.3 ҚР нарығының дамудағы бәсекелестік  рөлі.

11.4 Мемлекеттік монополияға қарсы жүйені басқарылуы.

Тақырып №12 Электробайланыс кәсіпорындарының маркетингі.

12.1 Маркетингтің әлеуметтік - экономикалық маңызы мен мазмұны.

12.2 ТК маркетингтің негізгі принциптері.

12.3 Кәсіпорын мүмкіншіліктерін зерттеу.

12.4 Тұтынушыларды зерттеу.

12.5 Нарықты сегменттеу.

Тақырып №13 ТК саласының инновациялық кәсіпкерлік.

13.1 Инновациялық кәсіпкерлік. Жалпы  жағдайы.

13.2 Нарық жаңалықтарының функциясы мен механизмі.

13.3 Экономикалық және әлеуметтік инновациялық бағаны алу әдістері.

13.4  Инвестицияның негізі және инновацияны ұйымдастыру.

Тақырып №14 Кәсіпкерлердің шаруашылықпен байланысы.

14.1 Нарықтық экономикаға көшудегі шаруашылық байланыс.

14.2 Биржалық келісімдер және тауарды жеткізу.

14.3 Қазіргі экономика-құқықтық кәсіпкерліктің формасы.

14.4 Несиелік ұйымдарға көрсетілетін қызметтер.

14.5 Сақтандыру фирмаларына көрсетілетін қызметтер.

Тақырып №15 ТК  саласындағы кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік басқару.

15.1 Ел экономикасын  мемлекет басқарудың  қажеттілігі.

15.2 Мемлекеттің шарты және алғы шарттары араласуы.

15.3 Кәсіпкерлік қызметке мемлекеттің әсер етуші механизмі.

Тақырып №16 Кәсіпкерлердің жауапкершілігі.

16.1 Мемлекттік басқару органдарының алдындағы жауапкершілігі.

16.2 Шаруашылық келісімдерінің әріптестеріне жауапты болу.

16.3 Шаруа жұмысшылардың жұмыс тәртібін бұзу жауапкершілгі.

16.4 Кәсіпорын мүліктері меншік иесінің алдындағы жауапкершілік.

16.5.Кәсіпкерлердің дау-дамайларын қарайтын органдар.

Тақырып №17 Сыртқы экономикалық кәсіпкерлік қызметтің құрылымы.

17.1 ҚР сыртқы экономикалық қызметінің  құқықтық негізі.

17.2 ТК нарық субъектілерінің сыртқы нарыққа қатысу спецификасы.

17.3 Серіктер кәсібінің негізі – сыртқы нарықтық контракт. Олардың құрылымы мен дайындық жүйесі.

17.4 ҚР  сыртқы экономикалық аумақтық қайшылықтар және оларды шешу жолдары.

    

2.4 «Кәсіпкерлік» блогын орындау бойынша ұсыныс.

Блок бойынша жұмысты орындағанда тақырыптың негізгі бағытына және келесі талаптарға көңіл бөліну қажет.

Кәсіпкерлік – басқарушы мен ұйым мамандарының шаруашылық қызметтерінің ажырамас бір бөлігі. Экономикалық басқарудың бұл маңызды жүйесі  біздің отанымызда  және шетелде жеткілісіз зерттелген. Сонымен қатар, жаңа бизнес немесе фирма құру мүмкіншіліктерінің шарттары әлсіз жарықтандырылып жатыр. ҚР кәсіпкерліктің құқықтық базасында қатысты жеке меншік іс құру реті,  шаруашылық қызметін мемлекеттік тіркеу қарастырылған. Бұл ақпаратты келесі курстық жұмыс тақырып мазмұнына қосу керек  № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 15 (№ 1, 3, 8, 9 – әдебиеттен алыңыз).  

Кәсіпкерліктің өндіріс саласында негізгі мазмұны ретінде өнімге сұраныс орнату және оны қанағаттандыру болып саналады.  Кәсіпкерлердің негізгі мақсаты  кірісі мен шығысының айырмасы арқылы пайда табу. Кәсіпкер  өндірістің тез дамуының, пайда түсірудің және  жұмыс сапасының артуының жолын іздейді және табады. Осыныны  мына - №2, 6, 7, 16 (әдебиет №3, 4, 8, 16) тақырыптарда  белгілеу өте маңызды. №10 «Кәсіпкерлік  тәуекел»  және  №13 «Инновациялық кәсіпкерлік» курстық тақырыптарын орындағанда  мынаған көңіл бөлу керек:  өндірістің дамуы жаңа технолгияның көмегімен іске асыру, әрине,  оған көп ақша керек. Жобаланған іс көп жағдайларда  орындалмайды, өйткені кәсіпкерлік іске тәуекелділік  үлкен әсер етеді (әдебиет - № 1, 2, 3, 6, 8, 15).

Сонымен қатар № 5, 7, 11  курстық жұмыстарда  шағын кәсіпкерліктің артықшылықтарын қарастыру қажет, бәсекелестік мүмкіншілігі, үлкен фирмалармен қарым-қатынасы, шағын кәсіпкерліктін қиыншылықтары,  мемлекеттің сол мекеме қызметіне көрсететін көмегі, ШК кәсіпорындарына жататын белгілері және олар құру түрлері ескеру керек. Шағын бизнесті құру үлкен фирмаларды құруға көмектеседі, ол сонымен қатар кәсіпкерліктің дамуына үлкен ықпал етеді (әдебиет - № 3, 4, 5, 7, 8, 9).  №4, 6, 13, 17  курстық  жұмыстарында  қаржылық және адам қорын зерттеу қарастырылады, капиталдың диверсификациясы, НТП жетістіктерін қолдану, ҚР - да және шетелдерде біріккен кәсіпорындардың түрлеріне, монополизм қайшылықтары, сыртқы экономикалық байланысқа  үлкен фирмалардың араласуы сипатталады.

Кез келген экономикалық субъектің тағдыры оның мазмұнына, мақсатына және мемлекеттің экономиканы басқаруына тәуелді,  мемлекеттік ұйымдар қазіргі уақыттағы экономиканың қойған шартына тәуелді. Осы мәселелерді № 3, 6, 14, 15, 16  жұмыстарда қарастыру қажет.

 

 3 «Қаржылық жүйе» блогы бойынша курстық  жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау.

 

3.1 Жалпы жағдай

Курстық жұмысты орындағанда студент мынаған көңіл бөлуі керек:

-   пәннің сәйкес бөлімдерін меңгеруге және қайталауға;

-    тақырыптың негізгі сұрақтарын анықтау және есеп шығаруда мұқият орындауға;

-    қазіргі «ҚР салық кодексінің» негізінде салықты есептеуге;

-    барлық есептелінеген көрсеткіштерді кестеге толтырылуға;

-    әр есептеуде түсіндірме және қорытынды шешім жасауға;

«Салық жүйесі» блогы бойынша курстық жұмыста келесі салық түрлері есептелінеді:

-   жеке қосымша құн салығы және әлеуметтік салық;

-   көлік және мүлік құралдарына салық;

-   корпоративті қосымша құн салығы;

 

 

 

3.2 Әлеуметтік және жеке қосымша құн салығын есептеу

 

3.2.1 Жеке табыс салығы

 

ҚР салық кодексіне сәйкес (СК 6 бөлім) жеке табыс салығын (ЖТС) төлеушілерге салық жылына сәйкес табысқа салынатын салық төлемдерін төлейтін жеке тұлғалар жатады.

Жеке табыс салығы әр жұмысшыдан ҚР салық кодексіне бекітілген мөлшерде және тәртіпте алынып отырады.

Жұмысшының табысын анықтағаннан кейін, салық жылының әр айына сәйкес салыққа жататындар:

-        Қазақстан Республикасы заңнамасымен бекітілген жинақтаушы зейнетақы қоры төлемдерінен (табыс сомасынан 10%);

-        Қазақстан Республикасы заңнама акті бекітілген кезеңге сәйкес табыстан алынатын төлем минималды еңбекақы төлем  мөлшерінің сомасынан;

-        өз еркімен төленетін зейнетақы төлемдері;

ЖТС келесі формуламен есептелінеді:

                                    ЖТС = (Т-МЗаТ-МЕА)*Ст/100                                    (1)

мұндағы, Т – аударылған табыс, теңге;

МЗаТ – міндетті зейнетақы төлем сомасы, теңге;

МЕА – минималды еңбекақы, теңге;

Ст – ЖТС ставкасы, %.

 

3.2.2 Әлеуметтік салық

Әлеуметтік салық төлеушілерге жататындар (СК 12 бөлім):

а) жеке кәсіпкерлер;

б) жеке нотариустар, адвокаттар;

в) заңды тұлғалар ҚР резиденттері, егер осы бап пункті бойынша бекітілген болса;

г) Қазақстан Республикасында тұрақты мекемелер арқылы қызмет атқаратын резидент емес тұлға;

Салық салынатын объект төлемшілері жұмыс берушінің шығыны болып саналады, резидент – жұмысшы төлемдері, төлем пайда ретінде болады.

Әлеуметтік салық СК сәйкес есептелінеді.

Әлеуметтік салық (ӘС) зейнетақы қоры ұстауларынан кейін салынатын салық.

          Әлеуметтік салық келесі формуламен есептелінеді:

                                          ӘН=(Т-МЗаТ)*Ст/100,                                            (2)

мұндағы Т – табыс ретінде болатын резидент жұмысшы төлемі, жұмыс берушінің шығыны;

МЗаТ – міндетті зейнетақы төлем сомасы;

Ст – ӘС ставкасы ( %).

 

Есеп 1. Ағымдағы жылдың қаңтар айында қызметкердің ЖТС және әлеуметтік салықтарын есептеңіз.

 

1 Кесте  – 1 есепті орындау үшін бастапқы мәндер

 

Варианттар (мың тг.)

Атаулар

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Жалақы

47

75

55

58

62

48

45

43,3

41

57,5

Сыйақы (жалақының %)

20

10

25

15

20

25

30

30

25

20

Квалификацияны жоғарлату курстары

 

45

 

 

35

 

40

 

 

 

Ауруханалық (больничные)

 

5,6

 

 

8

 

11

18

 

10

Алименттер

20

 

15

10

 

 

7,3

 

 

7,7

Іс сапар шығындары

100

40

25*

45

36*

15*

60

5*

35

10*

Санаторияға

жолдама

70

 

 

35

 

 

85

 

100

 

Медициналық қызмет төлемдері

100

**

20

 

35

 

65

 

30

 

 

Ескерту

* Арнайы құжаттармен расталмаған іс сапар шығындары

** косметология қызметінің төлемдері.

 

Жеке қосымша құн және әлеуметтік салық нәтижелерін 2 кестесіне толтыру керек.

 

2 Кесте  – ЖҚҚС және ӘС  есептеулер нәтижесі                        теңге

Табыс аударым

Міндетті зейнетақы жарна сомасы

ЖТС бойын-ша алынған

сома

ЖТС мен салынған

табыс

сомасы

ЖТС

сомасы

 ӘС  мен салынған

табыс

сомасы

ӘС

сомасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 


3.3 Корпоративті табыс салығын есептеу.

 

3.3.1 Корпоративті табыс салығын салудың жалпы ережелері.

Заңды тұлғаларлардан алынатын маңызды тікелей салық корпоративтік табыс салығы болып саналады. Төлеушілерге – ҚР заңнамасы бойынша Қазақстанда кәсіпорындар мен ұйымдар сонымен қатар шетел компанияларда  кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға жатады. Корпоративті табыс салығы салу объектілеріне:

1) салық салынатын табыс;

2) төлем көздерінетін түсетін табыс;

3) Ќазаќстан Республикасында ќызметiн тұраќты мекеме арќылы жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаның таза табысы корпорациялыќ табыс салығы салынатын объектiлер болып табылады.

СК 99 және 100 бабына сәйкес салық салынатын табыс (ССТ) табу үшін жылдық жиынтық табыстың (ЖЖТ) және  түзетулермен (Т) бірге алымдар айырмасымен анықталады (А)

                                     ССТ=ЖЖТ±Т-А                                                (3)

Салық кезеңіне Заңды резидент тұлғаның жылдық жиынтық табысы Қазақстан Республикасы және де басқа шет елдерде алынатын (алынған) табыстар жатады. Жылдық жиынтық табыс салық төлеушілердің барлық табыс көздері жатады.

ЖЖТ салық салынатын табысты анықтауға жататындарға (СК 100-122 бап § 2, 3):

а) салық төлеуші тұлғаның табыс табу мақсатында қызметтегі шығыны, табыс салық салымын анықталғаннан кейін алынады, СК сәйкес шығындар алымдарға жатпайды;

б) егер, СК қарастырылған шығын, алымдар көлемі тағайындалған нормадан аспауы тиіс жағдайда;

в) салық төлеуші тұлғаның табыс табу мақсатында қызметке байланысты шығыны арнайы құжат бар болғанда алымдар алынады;

Алымдарға белгіленген активтерден нормаға сәйкес амортизациялық аударымдар жатады. БА бойынша амортизациялық аударымдар амортизациялық топқа бөлінеді.

 

3 Кесте  – Белгіленген активтер тобы

топ

Белгіленген активтер атаулары

 

Шекті амортизация нормасы, %

1

2

3

I

Ғимараттар, құрылыстар. Мұнай, газ скважиналары және тасмалдаушы құрылғылардан басқалар

10

II

Машиналар және құрылғылар. Мұнай – газ алу құрылғылары және машиналары, ақпаратты өңдеу құрылғылары

25

III

Компьютерлер және ақпаратты өңдеу құрылғылары

40

IV

Басқа топтарға қосылмаған белгіленген активтер

15

       3 к е с т е н і ң –  жалғасы

 

Әр топтың салық салынатын кезеңінің басы мен аяғында қорытынды сомасы анықталады, оны топтың құндық балансы (ТҚБ) деп атайды№

Алдыңғы салық кезеңінің аяғындағы топтың құндық балансы белгіленген активтердің қалдықтық құны боп саналады, алдыңғы салық кезеңінде төленген амортизация аударым сомасынан азаяды, сонымен қатар СК 121 және 122 бапқа сәйкес түзетулер кіреді.

БА кірістері болса ТҚБ БА құнына жоғарлайды, ал егер БА шыққан жағдайда ол төмендейді.

                                             ТҚБб = ТҚБс-А±Т1,                                             (5)

                                       ТҚБс = ТҚБб + БА-БА±Т2,                                       (6)

мұндағы ТҚБб салық период басындағы топтың баланстық құны;

ТҚБа - салық период соңындағы топтың баланстық құны;

А- алдыңғы салық периодында төленген амортизация аударым сомасы;

Т1- СК Кодексінің 121 бапқа сәйкес түзетулер;

+БА- салық периодында кіретін белгіленген активтер;

-БА- салық кезеңінде шығатын белгіленген активтер;

Т2- СК 122 бапқа сәйкес түзетулер

Белгіленген шығындарға жататын ремонт шығынының алымдары сол салық кезеңінде болған шығынға жатады және де салық кезеңінің соңында топтың құндық балансы өседі.

 

2 Есеп. Есеп жылы бойынша компанияның көрсеткіштері 4 және 5 кестелерінде көрсетілген. Көрсеткіштерді негізге алып, көлік құралдар салығы, мүлік салығын және корпоративті мүлік салығын есептеңіз.

 

4 Кесте 2 есепті орындауға арналған бастапқы мәндер        

бет

Компанияның көрсеткіштерінің атаулары

 

 

Кәсіпорынның белгіленген активтері жыл басында құн балансымен келесі негізгі қаражат түрлерімен ұсынылған:

1. 

әкімшіліктік ғимарат

2.       

қойма ғимараты

3.      

өндірістік көлік  (жүк көтерімділігі 1 т дейін)

4.      

жеңіл автокөлік  (қозғалтқыш көлемі 2000 куб.см)

 

4 к е с т е н і ң – жалғасы

5.      

компьютерлер

6.      

алдыңғы салық периодында ғимаратты сатқаннан қалған шығын

 

салық периодында болған шаруашылық операциялар:

7.      

өндірістік көлік алынды (жүк көтерімділігі 1 т дейін)

8.      

кеңсеге жиһаз сатып алынды

9.      

жеңіл авто көлік жөндеуден өтті

10.  

сот шешімі бойынша несиелік қарыздардың шегерілуі

11.  

кеңсенің жиһазы сатылды

12.  

мүлікті жалға бергеннен түскен пайда

13.  

шілде айында мектепке компьютерлер қайтарымсыз берілді

14.  

материалдар алынды

15.  

тауарлар мен қызметтерден түскен табыс

16.  

10 ақпан айында номиналды бағаға 1000 дана акция алынды

17.  

4 ақпан айында резидент емес өкілден тауар алынды ($) (курс $ -120,5)

18.  

4 ақпан айында алынған тауарға 8 наурызда төлем жүргізілді, келесі сомма ($)(курс $ -120,1)

19.  

компания дивидент алды, төлем көзінен ұсталынған салық құжаты бар

20.  

асхана қызметінен түскен пайда

21.  

15 наурызда 200 дана бұрын алынған акция келесі бағаға сатылды

22.  

программалық қамтамасыз ету сомасы

23.  

әкімшілік ғимаратқа жөндеу жүргізілді

24.  

алдыңғы жылы желтоқсан айында сатылған тауарды қайтару,

қайтарылған тауар партиясының өзіндік құны

25.  

бюджетке салынған штраф

26.  

қайырымдылық қорына аударымдар

27.  

еңбек ақы төлеу шығындары жүргізілді

28.  

асхана шығыны

29.  

нормаға сәйкес іс сапар шығындары (құжатпен расталмаған командировка шығыны)

30.  

алдынғы жылы ЖШС «Вымпел» банкрот болды, бухгалтерлік есепке сәйкес дебиторлық қарызы

31.  

период бойынша басқа да шығындар

32.  

жалға алған қойма шығыны

33.  

жарнамаға кеткен шығын

34.  

электроэнергия шығыны

35.  

компания сату келісім шарты бойынша тауарды жеткізу кестесін бұзғаны үшін сатып алушыға штраф төленді

36.  

Ағымдағы кезеңде бюджетке корпоративтік салық бойынша аванстық төлемдердің есептелген сомасы


 

5 Кесте Компанияның көрсеткіштік мәндері нұсқа бойынша алынады мың тг

 

Нұсқалар

бет

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.         

1230

2500

6000

 

 

 

3000

 

 

1200

2.         

900

1100

650

780

698

876

986

972

1020

860

3.         

 

1212

 

580

1018

860

 

760

824

852

4.         

560

740

840

620

 

360

740

 

863

 

5.         

670

520

862

320

460

280

652

540

510

370

6.         

380

220

310

 

 

60

 

90

88

 

7.         

312

 

235

129

250

140

360

160

250

178

8.         

 

780

 

920

 

 

790

650

 

489

9.         

120

130

126

90

 

76

260

 

150

 

10.    

 

 

460

160

250

780

 

 

 

 

11.    

 

850

 

924

 

 

700

800

 

500

12.    

1211

 

1122

1111

1123

 

 

1412

1518

145

13.    

 

150

 

 

180

182

152

112

220

123

14.    

1230

4500

5200

3840

1890

3890

3700

4250

3010

1896

15.    

9786

8965

9256

9893

8895

9987

9145

9256

9568

8723

16.    

1

2

2,5

0,9

1,1

2,0

1,5

3

4

2,5

17.    

125

300

86

45

100

96

74

38

120

89

18.    

105

250

80

45

100

96

70

38

110

85

19.    

360

255

860

300

180

 

600

 

260

 

20.    

485

790

810

1200

369

1482

980

367

675

850

21.    

1,1

1,9

2,7

1,2

1,3

2,0

1,6

2,8

4,1

2,8

22.    

455

 

860

 

398

 

756

 

 

 

23.    

120

300

850

 

 

 

500

 

 

170

24.    

130

80

 

260

103

 

230

 

90

 

25.    

20

12

6

45

37

28

42

16

18

19

26.    

50

 

40

20

 

90

 

46

 

35

27.    

406

505

580

620

650

430

930

1100

890

480

28.    

236

800

980

1300

520

1500

1000

650

680

900

29.    

40

(12)

50

83

(15)

90

68

120

(30)

75

(40)

180

(16)

310

150

(28)

30.    

62

100

111

260

45

286

75

290

260

140

31.    

136

289

186

369

160

258

180

262

189

250

32.    

 

256

 

 

 

 

350

260

 

110

33.    

 

53

 

 

 

 

 

210

45

 

34.    

100

89

99

29

101

121

230

212

90

88

35.    

 

 

63

 

70

 

69

15

 

 

36.    

320

380

360

250

330

250

300

270

200

310

 

 

3.4 Белгіленген активтердің алымдары

Белгіленген активтерді (БА) алымдарын анықтау нәтижелерін (СК 4 бөлім § 3) 6 кестеге толтырылу қажет.

 

6 Кесте - БА салық салуға арналған салық есептеу ведомосты                     мың тг.

БА

Атаулар

 кес

аморт.

норма

 

%

СБГн1

БА

алынған

баға

БА

шық

баға

Ремонт

шығ

СБГк

 

жыл

аморти

зация

сома

СБГн2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Барлығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

мұндағы СБГн1- салық салынатын жаңа периодындағы топтаманың құндық балансы, ол осы салық салынатын алдыңғы периодтын соңында топтаманың құндық балансына тең.

СБГ2 – жаңа салық салынатын периодтын топтаманың құндық балансы.

 

3.5  Транспорттық құралдарға салынатын салықты есептеу

Көлік құралдарының салық төлеушілеріне (СК 13 бөлім) жекеменшік салық салу нысандары бар жеке тұлғалар және жекеменшік шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығына ие салық салу нысандары бар заңды тұлғалар жатады.

Салықты есептеу үшін есеп жылының тағайындалған айлық есептік көрсеткіш (АЕК) ставкасына сәйкес (кесте 7 кара).

 

7 Кесте Транспорттық құралдарға салынатын салық ставкасы

Салық салынатын объект

Салық

ставкасы, АЕК

Жеңіл көліктер

с объемом двигателя (куб. см):

1100 дейін қосымша

1100 жоғары 1500 дейін қосымша

1500 жоғары 2000 дейін қосымша

2000 жоғары 2500 дейін қосымша

2500 жоғары 3000 дейін қосымша

3000 жоғары 4000 дейін қосымша

4000 жоғары

 

 

1

2

3

5

8

15

117


 

7 к е с т е н і ң – жалғасы

Ауыр, (прицепті санамағанда)

арнайы ауыр жүк тасымалдау автокөліктер:

 

1 тоннаға дейін қосымша

1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қосымша

1,5 жоғары 5 тоннаға дейін қосымша

5 тоннадан жоғары

3

5

7

9

 

 

 

 

 

 

 

Транспорттық құралдарға салынатын салықты есептеу нәтижелерін 8 кестеге толтырыңыз

 

8 Кесте   Транспортқа салынатын салықтың салық салу ведомості.  

Салық салынатын объект

Салық ставкасы, АЕК

(айлық есептік көрсеткіш)

Салық соммасы, мың тг.

 

 

 

Барлығы

 

 

 

3.6 Мүлік салығын есептеу

Салық салынатын объектке ие мүлік салығын төлеушілер қатарына (СК 15 бөлім) заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер және жеке тұлғалар жатады. 

Мүлік салығын төлемшілеріне  жататын заңды және жеке кәсіпкерлерге:

а) Қазақстан Республика территориясындағы атқарылатын шаруашылық немесе оперативті басқару жеке меншік құқық негізінде төлемге жататын объектілерге ие заңды тұлғалар;

б) Қазақстан Республика территориясындағы жеке меншік құқық негізінде төлемге жататын объектілерге ие жеке кәсіпкерлер;

Заңды тұлға және жеке кәсіпкерлерге салынатын салық объектілеріне ғимарат, құрылыс ғимараттары, одан да басқа  Қазақстан Республика территориясындағы жермен байланысты негізгі қор немесе жылжымайтын мүлік инвестициялары боп саналады.

Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің салық салу нысандары бойынша салықтың базасы бухгалтерлік есептің деректері бойынша анықталатын салық салу нысандарының орта жылдық баланстың құны болып табылады (6 кесте СБГн2 қорытынды мәні шартты қабылданған).

 Заңды тұлға объектінің орта жылдық салық салу бағасына  сайкес мүлікке салынатын салық ставка

сы 1,5 %.

Мүлікке салынатын салықты есептеу нәтижелерін кесте 9 толтырыңыз.

 

9 Кесте  – Мүлік салығы бойынша салықтық есеп ведомосты

Салық салу объектісі

Салық ставкасы, %

Салық сомасымың тг.

 

 

 

Барлығы

 

 

 

Барлық есептеулердің нәтижесін 10 кестесіне толтырыңыз.

 

10 Кесте  – Корпоративті табыс салығын есептеу нәтижесі

№ п/п

Атаулар

Мән,

мың тг.

1.

Табыстар

 

 

 

 

Жалпы табыстар (СГД)

 

2.

Алымдар

 

2.1

Белгіленген активтердің (БА) алымдары

 

 

 

2.2

Басқа да алымдар

 

 

 

2.3

Салықтар

 

 

 

 

Жалпы алымдар

 

3.

Салық салынатын табыс (ССТ) (∑п.1-∑п.2)

 

4.

Салық салынатын табыстың азаюы

 

 

 

 

Салық салынатын табыстың азаю сомасы

 

5.

Шығындар

 

6.

Корпоративті табыс салығын есептеу сомасы (п.3-∑п.4-п.5)

 

7.

Корпоративті табыс салық ТС) (п.6*ставкасы КТС/100)

 

8.

Корпоративті салықтың аванстық төлемдері

 

9.

Корпоративті табыс салығын бюджетке салу

(п.7-п.8)

 

 


Әдебиеттер тізімі

«Кәсіпкерлік» блогынан әдебиеттер тізімі

1.        Бусыгин А.В. Предпринимательство. - М, 1997.

2.        Курс предпринимательства / под ред. проф В.Я. Горфинкеля, проф. З.А.Швандера – М, Финансы, 1997.

3.        Хоскинг А. Курс предпринимательства – М, 1993.

4.                 Мескон М.Х., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менеджмента. М, Дело 1997.

5.                 Малое предпринимательство: теория, мировой опыт и Казахстан / под ред. Е.Б. Жатканбаева, Алматы 2001.

6.                 Томпсон А.А., Стрикленд А.Дж., Стратегический менеджмент - М, ЮНИТИ, 1998.

7.                 Экономика и бизнес/ Под ред. В.Д.Камаева - М, 1993.

8.        Менеджмент в ТК / под ред. Н.П. Резниковой, М. 2005.

9.        Брэддик У. Менеджмент в организации. - М 1997.

10.         Горемыкин В.А., Богомолов А.Ю. Планирование предпринимательской деятельности. Метод, пособие - М, 1997.

11.         Берл Г. Кишнер П. Мгновенный бизнес план: 12 быстрых шагов к успеху – М, 1995.

12.         Бизнес-план / Под. ред. проф. А.И. Малиновского - М, Финансы и статистика, 1998.

13.         Маркова 3., Кравченко Н. Бизнес-планирование, Новосибирск, 1994.

14.         Липсиц И.В. Бизнес-план – основа успеха: практ. пос. - М., 1992.

15.         Чутаков С.Н. Стратегическое ценообразование в маркетинговой политике предприятия. - М., ИНФРАМ, 1995.

16.         Экономика предприятия / Под. ред. В.М. Семенова . - М., Центр экономики и маркетинга, 1997.

17.         Гражданский кодекс РК. – Алматы, 1997.

18.   Теория и практика антикризисного управления / под. ред. С.Г. Беляева, З.И. Кошкина . - М., Закон и право, ЮНИТИ, 1996.

19.   Гражданское и торговое право капиталистических государств. Отв. ред. Е.А. Васильев – М., 1993.

20.         Комаров А.С. Ответственность в коммерческом обороте. - М., 1991.

21.         Сутырии С.Ф., Погорелецкий А.И. Налоги и налоговое планирование в мировой экономике. Уч. пособие. - Санкт-Петербург, Гос. Университет, 1998.

22.         Смешанное государство: мировой опыт и Казахстан, Алматы 1998.

 


 «Салық жүйесі» блогынан әдебиеттер тізімі

1.     Кодекс Республики Казахстан “О налогах и других обязательных платежах в бюджет” от 10 декабря 2008года (с изменениями и дополнениями на текущий год).

2.     http://urist.kz/- бесплатная база законодательства

3.      http://base.zakon.kz/

4.     Сейдахметова Ф.С. Налоги в Казахстане. Алматы: LEM, 2002.

5.     Ермекбаева Б.Ж., Лесбеков Г.А. Основы налогообложения. Алматы: 2002.

6.     Ержанова С. Налогообложение юридических лиц в Казахстане. Алматы: 1997.

7.     // Бюллетень бухгалтера. 2008-2009г.

8.     // Файл бухгалтера, 2008-2009г.

9.     // ЮКГБ (юридический консультант главного бухгалтера), 2008-2009г.

10. // Бухучет на практике, 2008-2009г.