ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ 

″Алматы энергетика және байланыс университеті″

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

 

 

 

С.А. Алибаева, К.Б. Базылов

КӘСІПОРЫН ЭКОНОМИКАСЫ

Оқу құралы 

 

 

Алматы 2012


УДК 338. 45 (075. 8)

ББК 65. 29. Я 73

Кәсіпорын экономикасы:

А 44. Оқу құралы/ С.А. Алибаева, К.Б. Базылов;

АЭжБУ. Алматы, 2012. – 125 бет.

 

 

ISBN 978-601-7327-23-1

 

 

Оқу құралында байланыс кәсіпорындарының жаңа нарықтық жағдайындағы   салалық, әлеуметтік экономикалық ерекшеліктері; байланыс саласындағы басқару, жоспарлау негіздері, байланыс жұмысының сапасы; кадрлар, еңбек өнімділігі, еңбек ақысы; өндіріс қорлары; өзіндік құн және баға, пайда, рентабельділік; байланыс саласының капиталды салымының тиімділігі қарастырылған.

Оқу құралы 5В071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының бағыты бойынша оқитын студенттер үшін арналған.

Без. 17, кесте 11, әдеб. көрсеткіші. – 26 атау. 

 

      ББК 65. 29. Я 73

 

ПІКІР БЕРУШІЛЕР: Сатпаев атындағы ҚазҰТУ э.ғ.к.    Байтанаева  Б.А.,  

                                    АЭжБУ  доценті  э.ғ.к. Тузелбаев Б. И.

 

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігінің 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.

 

ISBN 978-601-7327-23-1

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

Мазмұны

 

1-тақырып. Байланыс саласына әлеуметтік-экономикалық сипаттама беру және байланыс саласының құрамы. ҚР-дағы саланың қазіргі жағдайы мен әрі  қарай дамуы 

 

   4

2-тақырып. Байланыс саласындағы басқару мен жоспарлаудың негізі 

 17

3-тақырып. Байланыс қызметі және оны жоспарлау 

 21

4-тақырып. Байланыс жұмысының сапасы және оны жақсарту жолдары

 28

5-тақырып. Кадрлар, еңбек өнімділігі және байланыс саласындағы еңбек ақы төлеу

 32

6-тақырып. Байланыстың өндірістік қорлары және олардың қолданылуы

 44

7-тақырып. Байланыс  қызметінің өзіндік құны және оны төмендету жолдары 

 63

8-тақырып. Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі 

79

9-тақырып. Байланыс кірістері және оларды анықтау әдістері, пайданы және байланыс операторларының тиімділігін есептеу 

90

10-тақырып. Байланыс дамуындағы инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтаудың методологиялық негіздері 

105

Әдебиеттер тізімі

125

 

Кіріспе 

Кәсіпорын экономикасы мамандар дайындау ісінде негізгі пәннің бірі болып табылады. Оның мақсаты – студенттерге кәсіпорынның экономикалық және шаруашылық саласында қажетті білім беру. Бұл пәнді беруде шаруашылық жүргізудің нарықтық үлгісі жағдайында кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық тетігін зерттеу негізінде студенттердің экономикалық ойын дамыту болып табылады.

Нарықтық қарым-қатынас жағдайында экономикалық саланың басты бағыты ұлттық экономиканың негізгі бөлігі болып  саналатын кәсіпорынға ауысып отыр. Кәсіпорынның өндірістік іс-әрекетіне экономикалық заңдар -дың әсерін зерттейтін «Кәсіпорын экономикасы» пәнінің мазмұны алға қойған мақсаттардың ең тиімді экономикалық көрсеткіштеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Кәсіпорын экономикасы білім беретін әрі ғылыми пән, ол кәсіпорынның шаруашылық іс-әрекетінің әдістері мен ережелері туралы түсіндіреді. Мемлекеттік білім беру стандартына сай оқу құралында өнім өндіруді ұйымдастыруда пайдаланатын шаруашылық әдістері мен тәсілдері, кәсіпорынның болашақтағы және ағымдағы мәселелері, сонымен қатар алға қойылған нақты экономикалық және әлеуметтік мақсаттарды шешуге арналған стратегиясы келтіріледі.

Бұл курсты оқу студенттерді қалыптасқан құқықтық, экономикалық, қаржылық және әкімшілік ортада кәсіпорынның қызмет етудегі жаңа тетігі – студенттерді біліммен қаруландыру мүмкіндігін береді.

Осыған байланысты негізгі міндеттер қойылады:

- сала ерекшеліктеріне байланысты кәсіпорынның ерекшелігі, даму ерекшеліктері;

- кәсіпорынның ресурс потенциалын, соның ішінде негізгі және айналым қорларын, еңбек ресурстарын пайдалануды;

-  байланыс қызметінің сапа көрсеткіштерін талдау;

-  өзіндік құнды, экономикалық тиімділікті талдау;

 Оқу құралында  студенттер кәсіпорында болатын экономикалық құбылыстар мен үдерістердің мәнін, олардың өзара байланысы мен тәуелділігін терең түсінуді, оларды жүйелеу мен үлгілеу, факторлардың әсерін анықтауды, қол жеткізілген нәтижелерді бағалауды сондай-ақ өндіріс тиімділігін арттыру резервтерін анықтауды үйренуге мүмкіндік алады деп үміттенеміз.

 

1-тақырып. Байланыс саласына әлеуметтік-экономикалық сипаттама беру және байланыс саласының құрамы. ҚР-дағы саланың қазіргі жағдайы мен әрі  қарай дамуы

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)     Байланыс саласының ерекшеліктері мен экономикалық сипаттамасы.

2)     Байланыстың қоғамдағы рөлі.

3)     Байланыс құрамын ұйымдастыру және саланың ішіндегі жеке-дара салалар.

4) Қазақстан Республикасында Телекоммуникация нарығына шолу.

 

1.1           Байланыс саласының ерекшеліктері мен экономикалық сипаттамасы.

 

Қоғамдағы еңбектің бөлінуіне байланысты ұлттық экономикада жеке-дара оқшауланған, жоғары дәрежелі салалар пайда болады.

Әрбір сала кәсіпорындардың және өндірістің шығарған өнімдерінің, технологиясынан және мамандандырылған кадрларынан тұрады. Жеке саланың жалпы экономикасында міндетті: өнім шығару; тауар шығару; қызмет көрсету; сонымен жеке қажеттілікті және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру болып табылады.

Осы тұрғыдан өндіріс салаларына  ауыл-шаруашылық, құрылыс, көлік, байланыс салаларын және т.б жатқызады [1]. Сонымен қатар экономикалық теория макроэкономиканы негізгі өндірістік және инфрақұрылымды деп ерекше салалық топқа жатқызады, олар қоғамдағы өндіріске, жалпы халыққа және де өндірістік, өндіріссіз сфералардың тиімді қызмет істеуіне ықпалын тигізеді.

«Инфраструктура» - инфрақұрылым термині ескі латын тілінен құрылады, «infra» - төмен, асты, ал «structura» - құрылым, орналасу, бір сөзбен айтқанда негізгі өндірістен тыс. Дегенменде, сол саланың дамуына ықпалын тигізеді. Яғни байланыс саласы инфрақұрылымға жатады. Байланыс қызметін басқа салаларға және тасымалдауда байланыс саласында тұтынушылық баға және баға қалыптасады. Тұтынушылық баға дегеніміз, өндірістік және өндірістік емес сфераның, қоғамның және адамдардың жеке өлшеуіндегі байланыс қызметін қолданғандағы, яғни ақпарат арқылы алған қажетті тиімділігі, яғни соңғы нәтижесі. Байланыс саласында қалыптасқан баға дегеніміз, ол бір уақыт мерзімінде байланыс қызметін көрсетуден түскен ақша мөлшері, осы ақша ішкі өнімді құрайды. Байланыс саласы ішкі жалпы өнімнің 3,7% -ын құрайды [2].

Байланыс қызметін қолдануда экономикалық басқа секторларының тауарларын қолдану сияқты, егер байланыс қызметін өндірістік сферада қолданылатын болса, онда оның бағасы жаңа өндірілген өнімнің бағасына көшіп отырады.

Бірінші ерекшелік – шығарылатын өнім заттай қалыпта емес, тек қызмет көрсету қалпында болады.

Оның себебі:

а) байланыс өнімін шығарғанда материалдардың ішкі заттың қолданылмауында;

б) өзіндік құнның құрамында материалдардың ішкі заттың болуы үлесінің аздығында, ал оның керісінше еңбек ақы үлесінің көптігінде.

Екінші ерекшелігі - өнімнің өндірілуі мен қолданылуы бір мезетте.

Себебі:

1) байланыстың шығарған өнімі (қызметі) – қорда (запас) қоймада сақталуы мүмкін емес, сонымен қатар дайын өнім өндірістен соң сатуға шығарылмауында;

2) байланыс құралының тұтынушыға тым жақын болуында;

3) жүктеменің мезгілге қарай бірқалыпты еместігінде.

Үшінші ерекшелігі – ақпараттың еңбек құралы есебінде тек қана бір орыннан екінші орынға орын ауыстыруында.

Себебі:

1) ақпараттың орын ауыстыруынан басқа құбылысқа ұшырайды, ақпарат бұрмаланады, соның салдарынан тұтынушының тұтынуы құндылығы мен бағалылығы жоғалып, тұтынушыға нұқсан (зиян) келтіріледі.

2) берілген хабардың дәлдігімен нақтылығы ең маңызды мәселе болып табылады;

3) сондықтан қызметтің сапалығы қажет.

Төртінші ерекшелігі – ақпаратты жеткізу процесі (ісі) екі жақты болып келеді, себебі:

1)                жіберуші оператормен қабылдаушы оператордың арасында байланыс болмаса, ақпарат жеткізілмейді;

2)                жекеленген байланыс операторы жалғыз өзі қызмет көрсете алмайды да, сол технологиялық тізбегінің бір бөлігі болып табылады (оның этаптары: мысалы, шығу телеграммасы, транзитті телеграмма және кіру телеграммасы);

3)                техникалық экслуатацияны ұйымдастыруға және қолдануға бірыңғай ереже қолданылады.

Осы жоғарыда айтылған ерекшеліктерді ескере отырып, байланыс саласын инфроқұрылымға жатқызады.

Себебі:

1)                байланыс қызметінің  жалпылама қолданылуымен қатар кәсіпорынның сан-алуан салаларымен жер бетімен хабарласуында;

2)                желінің құрылуының ерекшелігінде;

3)                сала сыртындағы тиімділіктің пайда болуында.

Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша электрбайланысының қызметін саладан тыс тиімділіктің 90-95 пайызы тұтынушылардың, ал 5-10 пайызы қызмет көрсетушінің, яғни байланыс саласының пайдасына түседі. Осы тұжырымды растау үшін мына 1.1 суретті ұсынып отырмыз.

 

 

1.1 сурет - Байланыс саласының саладан  тыс тиімділігі

 

Байланыс қызметін тұтынушыларға жалпы халық, үй шаруашылығындағылар, өндіріс кәсіпорындары, инфрақұрылымдар, басқару органдары және байланыс саласының өзі жатады. Осы тұтынушылардың барлығы да байланыс қызметін қолдану арқылы тиімділікті көздейді. Олардың негізгі мақсаты – байланыс қызметі мен өзінің қажеттілігін қамтамасыз етіп, нақты көзге көрінетін және көрінбейтін нәтиже алу. Ал байланыс саласының негізгі мақсаты – табысын жоғарылатып, шығындарын азайтып, таза пайда табу.

 

          1.2  Байланыстың қоғамдағы ролі

 

Қазіргі кезде телекоммуникация саласы дүниежүзінде ең бір дамыған сала. Телекоммуникация инфраструктура арқылы берілетін ақпарат екі-үш жыл сайын екі есе өсіп тұрады.

Телекоммуникация саласын қоғамда индустриалды жаңа сала деп те атайды, оның себебі өндірістік өнімнің өсуіне байланыстың өнімі бірнеше рет өседі.

Ақпарат ұлттық ресурстың негізгі көзі, ол басқа ресурстарға ұқсап азаймайды, керісінше ұлғаяды да сапасы жоғарылайды, жетіліп отырады.

Байланыс саласының ІЖӨ (ішкі жалпы өнім) құрылуында үлесі оның шығынының үлесін бірнеше есе жауып кетеді, яғни телекоммуникацияның дамуына салынған әрбір доллар, 3-4 доллар табыс әкеледі. ІЖӨ-дегі байланыс саласының үлесі Электрбайланысын Халықаралық ұйымдастыру, Экономикалық байланыстыру және дамыту ұйымының ақпаратына жүгінсек,     осы ұйымға кіретін байланыстың 25 операторының таза пайдасы жүздеген жер жүзіндегі банктердің пайдасынан әлдеқайда жоғары.

Ақпаратты технологиямен телекоммуникация бірлесуі жаңа технологияның, яғни инфокоммуникацияың пайда болуына әкеледі. Осыдан байланыстың негізгі мақсаттарын белгілейміз:

 

    1 кесте - Байланыс қызметінің мақсаттары

Мақсаттары

Мақсаттың мағынасы

1

2

Әлеуметтік

Әлеуметтік – байланыс қызметін тұтынушы пайдаланған уақыты пайда болады – адамдардың, ұжымдардың бір-бірімен хабарласқанында ақпарат жүйесіне шығуында, хабарларын жеткізуде

Экономикалық

Басқаруды жеңілдету, уақытты үнемдеу, соның әсерінен еңбек өнімділігін арттыру

Технологиялық

Инфокоммуникациялық жоғары технологиялы салаларға енуімен ақпараттандырудың техникалық жабдықтануын қамтамасыз ету

Мемлекеттендіру

Мемлекетті басқару үшін ұжымдарды байланыс құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету, соның ішінде ұлттықтың қауіпсіздігі халықпен әкімшілік арасында қарым-қатынас орнату 

 

 

1.3  Байланысты ұйымдастыру құрылымы. Байланыс желілері және салалық тармақтары

 

Қазақстан Республикасының байланысы бұл бір қалыпты жүйе емес, бұл атқаратын қызметіне және құқұқты ұйымдастыру формасын, меншіктік жағдайына  т.б. да ерекшеліктеріне нысандарына байланысты әр алуан желілеу, шаруашылық,  басқарушылар мен салалық тармақтар (подотрасли). Байланыс саласының құрылымын саланың ішіндегі 2 негізгі тармаққа бөледі:

1)                Электрбайланысы - телекоммуникацияны қосады, радиобайланысы, радиобайланысы, теледидар.

2)                Пошта байланысы - почта қызметін көрсету, почталық алмасуларды: қабылдау, жөнелту, апарып беру сияқты, т.б. қызметтерді; мерзімді басылымды, пенсияны және әлеуметтік жәрдемақыларды жеткізу болып табылады.

Қазақстанның пошта саласының негізі 1,5 ғасыр бұрын қаланды.  Қазіргі таңда бұл салада 80-нен астам компаниялар мен байланыс операторлары жұмыс жасауда. Әрине олардың ішінде ұлттық деңгейдегі "Қазпошта" АҚ ерекше рөл атқарып отыр. Оның елдің барлық аймағында 3,5 мың пошта байланысы бөлімшесі бар. Олар қала мен ауылдық елді-мекендерде  де әрқилы салалар бойынша  тұрғындарға қызмет көрсетіп келеді. Қазіргі кезеңде ҚР-ның байланысы – байланыс желілерінің және өндіріс тармақтарының жиынтығы. Олардың қандай меншіктігіне қарамастан республиканың ұшы қиыры жоқ аумағында бір бірінен байланысы жатқан орталықтандырып басқарылған технология желісінің кешені.

Қазақстандағы жалпылама қолданылу телекоммуникация желісі меншіктік формасына және қандай қатарға жатуына қарамастан барлық тұтынушыларға, жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаларға, жалпылама байланыс қызметін көрсетеді.

Ведомствалық байланыс желісі – бұл мемлекет ұйымдарының өндірістік және мамандырылған қажеттігіне байланысты қызметін атқаратын орын. Ол тұтынушыларға телекоммуникациялық жалпылама қызмет көрсету желісіне шыға алады. Егер де лицензиясы болса, ведомствалық байланыс желісі, жеке тұлғаларға және заңды тұлғаларға қызмет көрсете алады.

Осы қарастырылып отырған байланыс саласын ҚР Көлік және Коммуникация министрлігі басқарады. Электр байланысының басқарушы органы – байланыс  және ақпараттану коммитеті. Қазақстанның ұлттық байланыс операторы және кеңес үкіметінен кейінгі ең серпінді дамып келе жатқан телекоммуникация компанияларының бірі «Қазақтелеком» АҚ, инфокоммуникациялық қызметтің кең ауқымын ұсынады. Дегенмен, нарықтық жағдайда   «Қазақтелеком» компаниясынан басқа да бірнеше  жүзедеген операторлар қызмет жасайды. Нарықта «Қазақтелеком» АҚ-ның ауқымды үлесін ескере отырып,төмендегі құрылымдық сұлбаны (1.2 суретті қара) беріп отырмыз.


1.2 сурет - Компания құрылымы

 

 

 

 

1.4 Қазақстан Республикасында Телекоммуникация нарығына шолу

 

Қиындықтарға қарамастан, Қазақстандағы ақпараттандыру және байланыс саласының дамуы оң қарқынын сақтап келеді. ҚР АБА мәліметтеріне сәйкес ағымдағы жағдай көрсетілген қызметтер өсімінің жоспарлы қарқынын төмендеткенмен, елдің өзге де салалары сияқты айтарлықтай ықпал ете алған жоқ.  

2010 жыл қорытындылары бойынша сала дағдарыс әсеріне қарамастан өсті. Байланыс нарығының жиынтық көлемі 431 млрд теңгеден асты, бұл ретте өсім қарқыны 12% құрады.

Экономикалық дағдарыстың өсім қарқынын бәсеңдетуге айтарлықтай ықпалы бола қойған жоқ. Негізгі себептері, жалпы алғанда, саланың дамуын айқындайтын дәстүрлі бекітілген телефония, ұялы байланыс және интернет желісіне кеңжолақты қатынау – ақырғы пайдаланушыға қызметтердің басты нарықтары өмірлік циклдарының кезеңдерімен байланысты 2010 жылы нарықтың өсім қарқыны ҚР ІЖӨ өсімі қарқынынан асты.

Ұялы байланыс. Нарықтың табиғи топтасуынан ұялы байланыс желісіндегі жаңа абоненттердің келуі айтарлықтай төмендегенімен, операторлардың ортақ кірісі бәрібір оң қарқынға ие болды. Бұл ретте кірістердің өсім қарқыны алдағы жылдармен салыстырғанда небәрі 12% құрады, 2009 жылы кірістердің жалпы құрамында ұтқыр байланыс үлесі, оның ішінде операторларға көрсетілген қызметтерді қоса алғанда, 56% құрады, ақшалай алғанда, операторларға қызметтерден кірістерді қоса алғанда, нарық көлемі 2010 жылы 243 млрд теңге болды. Ұялы байланыс операторлары мынадай факторларға орай кірістер өсімін сақтай алады:

-                     Белсенді абоненттер санының артуы. Операторлардың абоненттерді мейлінше қарқынды және тұрақты түрде пайдалануын көтермелеу, сондай-ақ бұрын қосылған, алайда қазір белсенді емес абоненттерді қайтадан тарту іс-шараларын жүргізу, «төлемшіл» абоненттер санын арттыруға мүмкіндік берді.

-                     Қосымша қызметтер (VAS) тұтынуды ұлғайту.  VAS кірістер 2009 жылы ұялы байланыс абоненттерінің жалпы кірісімен салыстырғанда озық қарқынмен өсті. Ең бастысы бұл деректерді ұтқыр бөру қызметтерін тұтынуды жандандырудың және USB-модемдер арқылы ұтқыр қатынаудың жаңа түрінің өтімділігін арттырумен байланысты. Екінші жағынан, тұтынушылардың байланысқа өз шығындарын оңтайландыруға жалпы ұмтылысы SMS пайдаланушылар өсімінің артуына ықпал етіп, қысқа хабарламаларға телефон қоңырауларының арзан баламасы ретінде қарауды қайта жандандырды.

-                     Бекітілген байланыс желелерінен трафиктің келуі. Ұялы байланыстың қолайлылығы мен қызметтері құнының ұдайы төмендеп отыруы қандай да бір қызметтерге «сымдық» қатынаудың барлығына қарамастан оларды психологиялық деңгейде пайдалануға итермелейді.

-                     Қазақстандық ұялы байланыс нарығы Орталық Азиядағы ең дамыған нарық болып табылады. 2010 жылы ұялы байланыстың ену деңгейі республика халқының жалпы санының 100% құрады. Бұл ретте 100% асатын – Астана (113%) және Алматы (105,6%) қалаларында.

Бекітілген телефония. Бекітілген байланыс – бұл маңыздылығы бойынша телекоммуникация нарығының ұтқыр байланыстан кейінгі екінші секторы, көлемі 2010 жылы 81,6 млрд теңгені құрады. Бұл сектордың үлесі телекоммуникация рыногының жалпы көлемінің 19%-ын құрады. Абоненттік желіжолдардың өсуіне қарағанда тұтынылған қызметтер көлемінің айтарлықтай өспеуі мынадай факторлармен байланысты:

-                     Экономикалық тұрақсыздық жағдайында кәсіпорындардың іскерлік белсенділігінің төмендеуінен жақын және алыс шетелдерге шалынатын телефон қоңырауларына деген қажеттілік төмендеді. Сонымен қатар, жеке тұлғаларда да, заңды тұлғалар да, сапасы соңғы кезде КЖҚ қызметтерін дамытудың нәтижесінде  сапасы мейілінше жақсарған интернетке дыбыс қосымшалары есебінен ХҚТБ қызметтеріне өз шығындарын оңтайландыруға ұмтылады.

-                     Дәстүрлі телефонияны ұялы байланыспен ауыстыру. Ұялы байланысты жан-жақты тарата отырып, жақын және алыс шет елдерге телефон қоңырауларына тарифтердің төмендетілуі трафиктің бекітілген желілерден ұялы желілерге қарай жылыстауына ықпал етіп, трафиктің ұялы желілер ішінде оқшауланып қалуына әкеледі. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстандағы телефон тығыздығы 100 адамға 25 телефон желіжолдан келді. Соңғы жылы телефон тығыздығы өсімі шамамен 7% құрады. Телефондандыруда осындай қарқын сақталған жағдайда нарық 2012 жылға қарай толық қамтылытын болады. Жергілікті телефон байланысы қызметінің үй шаруашылықтарына кірігуі 74%-ды құрайды, 2010 жылдың қорытындысы бойынша қалалық жердегі отбасыларды телефондандыру деңгейі 91,3%  -ды, ауылдық жерде – 52,4% құрады.

Деректер беру және интернет. Экономиканың басқа салаларында өсу қарқынының бәсеңдеуі мен кірістің төмендеуі байқалуына қарамастан телекоммуникация саласы , әсіресе интернет желісіне қатынауды ұсыну қызметі, айналымын арттырып отыр. Интернет желілеріне қатынау қызмметтері, сөзсіз ҚР телекоммуникация саласының драйвері болып табылады. 2010 жылы нарық көлемі абсолюттік көрсеткіштер түрінде 44 млрд теңгені құрады, Қазақстандағы ұтқыр байланыстың өсу қарқынының төмендеуінен кейін 2010 жылы интернет нарығы өсу қарқыны көрсеткіші бойынша бірінші орынға шықты. Интернетке кеңжолақты қатынау нарығы 2009 жылы анағұрлым қарқынды дамыды. Бұл сегмент ұтқыр байланыс және кәбельді телевидениемен бірге ҚР телекоммуникация нарығының анағұрлым қарқынды дамып келе жатқан сегменттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда ұтқыр байланыс нарығының өсу қарқыны төмендегеннен кейін, өсу қарқынының көрсеткіші бойынша интернет желісіне қатынау қызметтері нарығы 2010 жылы 1 орынға шықты. 2008 жылмен салыстырғанда интернетке қатынау қызметі 2010 жылы ақшалай түрде 48,3% -ға өсті.

2009 жылдың  аяғында интернетті пайдаланушылар саны Қазақстанда 3,16 млн адамды немесе ҚР 19,8% құрады. Жалпы алғанда 2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың желтоқсанына дейінгі кезеңде интернет аудиториясының көлемі 30%-дан асаға көбейді. Бұл ретте балалар аудиториясының үлесі 12%-ды құрады.

Интернетті пайданаудың негізгі әдісі компьютер немесе ноутбук арқылы. Интернет қызметтерін ұтқыр телефон арқылы пайдаланатындар үлесі көп емес және тұрғындар саны 70 мың және одан да асатын ҚР қалаларында тұратын ересек (16 және одан үлкен жастағылар) интернет пайдаланушылардың 7% құрайды. Интернетті ұтқыр телефон және компьютерден пайдаланушылар аудиториясының саны айтарлықтай жуықтайтыны байқалады: ұтқыр интернетті ұтқыр телефоннан пайдаланатын 10 адамның 7-еуі интернет қызметтерін компьютер/ноутбук арқылы пайдаланады, мұны Қазақстан интернет аудиториясының нақты көлемін анықтауда ескеру қажет.

2010 жылдың желтоқсан айында тұрғындар саны 70 мың және одан асатын ҚР қалаларындағы интернетке қосылған 100 үй шаруашылығының 26% «Қазақтелеком» АҚ «Megaline»  кеңжолақты интернет қызметтерін пайдаланған, ал 2007 жылы бұл көрсеткіш 100 үй шаруашылығының 6% ғана құраған болатын.

Бүгінгі таңда интернетке кеңжолақты қатынау қызметінің кірігу деңгейі республиканың үй шаруашылықтарының 9,5% құрайды, яғни үй шаруашылықтарының жарты миллионға жуығы интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметтерін пайдаланады. Осылайша, КЖҚ қызметтері қарқынды өсіп отыр.

Корпоративтік клиенттер арасында КЖҚ жоғарғы кірігу деңгейін есепке алғанда, кеңжолақты қатынау қызметінің бұдан әрі өсуі SoHo сегменті кәсіпорындары және республиканың үй шаруашылықтары есебінен артатын болады.

Ақылы теледидар нарығы. Телекоммуникация нарығының жалпы кіріс көлеміндегі ақылы телевидениеден түсетін кіріс үлесі 2,7% құрайды. Бұл қызмет түрінен түсетін кіріс көлемі 2010 жылы 12,3 млрд теңгені құрады. Бұл ретте телекоммуникация рыногындағы өсу қарқыны бойынша ақылы ТВ нарығы  2008 жылы көш басында болса, ал 2009-2010 жылдары нарықтағы кірістің өсу қарқынының төмендеуі байқалатынын атап өту қажет. Мұның басты себебі – ақылы ТВ рыногындағы бәсекелестіктің күшеюі салдарынан провайдерлердің тарифтерді төмендетуі болып отыр. Ақылы телевидение қызметтері бойынша клиенттік базаның өсу қарқыны 6 % құрайды. Бүгінгі таңда қызметтерді республиканың 1 080 850 үй шаруашылығы пайдаланады, ақылы телевиидение қызметтерінің кірігу деңгейі 24% құрайды. Нарықтық қолданыстағы сыйымдылығына қатысты алғанда қызметтің еең көп кірігуі 83% құрайды. Осылайша қызметтің өсу және дамуы өте жоғары. Офистік станцияның тегін сервистері, қалааралық және халықаралық байланыс үнемді пакеттер сияқты артықшылықтары маңызды. Орта бизнес үшін – виртуалды офистік станция (PBX) , шешімінің масштабталуы, жобалық командаралды шапшаң құру, қашықтағы қалааралық және халықаралық байланыс қызметтеріне үнемді пакеттер. Бұл қызмет сонымен қатар жеке тұлғаларға да ұсынылады.

«Қазақтелеком» АҚ интернет желісіне қатынауға бұрын қосылған жеке тұлғалар мен корпоративтік клиенттер  ұсынылатын қызметтер пакетін толықтыра алатынын атап өту қажет. Жеке тұлғалар «ID Phone» қызметіне «Қазақтелеком» АҚ сервис жүйесі орындарында қосыла алады, ал корпоративтік клиенттер бұл қызметті «Қазақтелеком» АҚ кез-келген филиалының корпоративтік сервис орталықтарында ресімдей алады. Қаларалық және халықаралық байланыс қызметтері «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы Республиканың әрбір тұрғынының қонағына ҚР кез-келген аумағымен қаларалық байланыс қызметін және әлемнің барлық елдерінің халықаралық байланыс қызметін ұсынады. Қалааралық  және халықаралық байлыныс қызметтері Қоғамның жалпы кіріс құрылымындағы маңызды баптардың бірі болып табылады. Қолда бар нарық үлесін сақтау және аталған қызметтердің кірістерінің төмендеу қарқынын ұстап тұру үшін Қоғам 2009 жылы алдын ала төленген трафик көлемі пакеттерін енгізді, бұл абоненттерге оңтайлы және қолжетімді тарифтер бойынша қызмет ұсынуға жол ашты. Таксофон желісі қызметі. Ұтқыр байланыс интенсивті дамып отырған жағдайда өзінде үйреншікті, сенімді таксофондарға деген қажеті қашанда жедел және құпия қоңырау жасап, қауіпті апаттық жағдайларда көмегі тиетін заманауи таксофондар тәулігіне 24 сағат бойы кез-келген климаттық жағдайда жұмыс істеуінің арқасында сақталып келедіДеректер беру және интернет сегменті.  ҚР телекоммуникация рыногының ұтқыр байланыс және кәбілді телевидениемен бірге барынша қарқынды дамып келе жатқан сегменті болып табылады. Топ Қазақстандағы интернет қызметтерінің ең ірі провайдері болып табылады. Интернет желісіне кеңжолақты қатынау қызметі – «Megaline». «Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобы бүгінгі күні Қазақстанда Ғаламдық желіге қатынаудың елеулі ресурстрына ие интернет желісіне қатынау қызметінің провайдері рыногында сөзсіз көшбасшы болып табылады. «Megaline» қызметі Қазақатсанның барлық ірі қалалары мен аудан орталықтарындағы барлық «Қазақтелеком» АҚ абоненттеріне қолжетімді. «Megaline» қызметіне интернет қызметіне қатынаудың мынадай түрлері кіреді:

«Megaline Home» (үйге арланлған интернет)  - ADSL технологиялсы бойынша кәдімгі телефон  желіжолы  базасында көрсетіледі (8Мбит/c дейнгі жылдамдық).

«Megaline Business»  (офиске арналған интернет)  - бөлектелген қосу технологиясы базасында және ADSL технологиясының желісі бойынша көрсетіледі.

«Megaline Wi-Fi» (жолдағы интернет) – Wi-Fi технологиясы бойынша интернет желісіне сымсыз қатынау.

Кең жолақты интернет компанияның пайдаланушыларының түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ADSL  көмегімен бөлектелген қосылыс, сондай-ақ ұтқыр шешімдер (WiMax, WLL, Wi-Fi) базасы арқылы көсетілуге мүмкін. Интернетке кеңжолақты қатынау  қызметі – «IDNet». 2009 жылдың аяғында «Қазақтелеком» АҚ Кеңжолақты қатынау желілерін дамытудың 2015 жылға дейінгі жеке бағдарламасын іске асыруды қолға алды. Бағдарламаның негізгі мақсаты еліміздің барлық ірі қалларында FTTH және ETTH талшықты-оптикалық технологияларын қолдана отырып, жаңа буын кеңжолақты қатынау желілерін салу болып табылады. Технологиялар Triple Play қызметтерінің толық ауқымын ұсынуға мүмкіндік береді. 2009 жылы IDNet – интернетке қатынаудың жаңа ызметін нарыққа шығарған Алматы қаласы желісі құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Қызмет 100Мбит/с жылдамдықта трафик алмасуды интерактивті телевидение үштен артық қосылуды, телефония қызметі (VoIP), бейнеконференцияларды, бейнебақылауды және басқаларын ұсыну мүмкіндігін береді. «Megaline Mobile»  қызметі. «Megaline Mobile»  қызметі  - ҚР рыногындағы интернетке ұтқыр қатынауды ұсынатын мүлдем жаңа қызмет бұл қызмет үшін дәстүрлі CDMA  - протоколының кеңейтілуі болып табылатын AVDO (3G) заманауи ұтқыр деректер беру технологиясы қолданылады. «Megaline Mobile»  қызметі Алматы қаласында 2009 жылдың екінші тоқсанынан бастап іске қосылды. Абоненттер бұл қызметте «Megaline Mobile Start»  және  «Megaline Mobile Plus»   тарифтік жоспаралары бойынша 256 кбит/c   жылдамдықпен қосыла алады. Интернет  желісіне коммутацияланған қатынау қызметтерін – «Интернет аймағы», «Қазақстандық интернет». «Интернет аймағы» компьютері, модемі мен телефоны бар Қазақстан Республикасының әрбір тұрғынына орналасқан жеріне қарамастан дүниежүзілік желіге қосылуға мүмкіндігін ашып берді. Қызмет шарт жасаудың, тіркелу , аванстық төлем абоненнтік ақау төлеу қажеттілігінің жоқ болуымен ыңғайлы. Қызметті пайдаланғаны үшін төлем «Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация қазметтері үшін жалпы есеп-шот бойынша жасалады. Сонымен қатар «Қазақстандық Интернет» - бұл адамдардың бір-бірімен қарым – қатынасына арналған тағы бір орын және электрондық пошта үшін мінсіз шешім:  «Қазақтелеком» АҚ әрбір ниет білдірушіге mail.kz  серверінде өзінің тегін электрондық жәшігін ашуды ұсынады. Корпоративтік желілер салу қызметтері. «IP VPN» қызметі іс жүзінде кез келген Қазақстандық компания үшін корпоративтік виртуальді желілер салуды оңай және қолжетімді етуге мүмкіндік береді. «Қазақтелеком» АҚ корпоративтік IP желілер ұйымдастырудың қарапайымдылығы мен әмбебаптылығын қауіпсіздік кепілдігімен ақпаратты қорғау  қызмет сапасының деңгейінің жоғарылығымен толықтырады.  «Айқын цифрлық арналар» (AЦA) қызметі көлемі үлкен ақпараттарды және деректердің кез келген түрін пайдаланатын айырбастау хаттамаларына шектеусіз беруді қажет ететін клиенттерге – байланыс операторларына, интернет – провайдерлерге, ірі корпоративтік клиенттерге, мемлекеттік мекемелер мен ведомстволарға, ғылым мен білім беру ұйымдарына бағытталған. 

Frame Relay технологиясы бір-бірінен қашықтау орналасқан офистердің тұрақты виртуальдық қосылысын және Интернетке қатынауды қамтамасыз етеді. Frame Relay пайдаланушылары, әдетте деректер беру үшін икемді және тармақталған желілерді қажет ететін банктер болып табылады. Корпоративтік клиенттерге «Қазақтелеком» АҚ «Жоғары сапалы бейнеконференция «Telepresence»» қызметін ұсынады,  ол Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасында (Мәскеу – Алматы, Мәскеу – Астана, Мәскеу – Алматы – Астана) жоғары қатысу әсерімен екі – және үшжақты бейнебайланысты ұйымдастыруға жол береді. Ақылы телевидение сегменті әлемдегі және ҚР телекоммуникация рыногындағы ең жылдам дамитын сегмент болып табылады. «ID TV» бренды бойынша интерактивті қызмет – бұл IP технологияларға негізделген қызмет. Қызмет бірнеше ондаған телеарналарға қатынаудан басқа бірқатар бірегей мүмкіндіктерге ие:  тапсырыс бойынша бейнекөру, электронды хабарлар бағдарламасын қарау, өз қалауы және қажеттіліктеріне сәйкес арналарды пакеттерге топтау. Эфирді басқару мүмкіндігенн басқа «ID TV» барлық телеарналардың және фильмдердің цифрлық кескін сапасы мен көлемді стереодыбысын қамтамасыз етеді. Ұтқыр байланыс сегменті Қазақстанның телекоммуникация рыногының көлемі жағынан ең үлкен және сонымен бірге үдемелі амып келе жатқан сегменті болып табылады. Ұялы байланыс қызметі «Қазақтелеком» АҚ компаниялар тобы «Neo», «K’cell», «Activ» брендтерімен GSM  стандартының, сондай-ақ CDMA стандартының «Path Word»  және «Dalacom»  брендтерінің ұялы байланыс қызметін ұсынады.

Стандартты ұялы байланыс қызметтерінен басқа ұтқыр байланыс пен деректер беруді дамытудың заманауи үрдістеріне сай кең ауқымдағы қосымша қызметін ұсынады:

1)                MMS – ұялы телефон көмегімен мультимедиялық хабарламалар (кескін, әуен, бейне) жіберуге, қабылдауға мүмкіндік беретін жүйе;

2)                WAP ұтқыр телефон арқылы интернет ресуртарына қатынау құралы;

3)                EDGE –ұтқыр телефон арқылы интернет желісіне цифрлық жылдам қатынау технологиясы;

4)                 GPRS – ұялы байланыс желісінің пайдаланушысына GSM желісінде басқа құрылғылармен және сыртқы желілермен, оның ішінде интернетте, деректер алмысуға мүмкіндік беретін деректерді пакетпен беру технологиясы.

«Қазақтелеком» АҚ зияткерлік байланыс желісі – бұлбайланыстың ең заманауи телекоммуникация құралдарын пайдалана отырып, жаңа қызметтерді жылдам әзірлеп, енгізуге мүмкіндік беретін әмбебеп орта. Зияткерлік тұғырнама қызметтері қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ өз клиенттеріне бірқатар Зияткерлік қызметтерді ұсынуға дайын: Freefone (FPH), Premium Rate (PRM), «Теледауыс беру» қызметі - Televoting (VOT), «Алдын ала төленген карталар қызметі - Prepaid calling card (PCC)», дыбыс порталы қызметі. Инфрокоммуникациялық қызметтер сегменті. Бизнесті әртараптандыру бойынша жұмыстарды жалғастыра отырып, «Қазақтелеком» АҚ компаниялары тобы және инфрокоммуникациялық қызметтерді дамытуда. «Қазақтелеком» АҚ Интернет Дата орталықтарын ашу «iD Host» хостинг қызметін ұсынуға мүмкіндік береді. «iD Host» хостинг қызметі интернет желісінде тұрақты болатын серверде ақпаратты нақты орналастыру үшін «iD Host» хостинг алаңы ресурстарын ұмынуды білдіреді.  «Қазақтелеком» АҚ мынадай хостинг қызметтерін ұсынады:

iD Free – бұл «Қазақтелеком» АҚ тегін виртуальды хостингі, ол пайдаланушыға қысқа мерзім ішінде өз интернет-жобасын id.host.kz аймағында домен атауымен тіркелуге және орналастыруға мүмкіндік береді   (мысалы: homepage.idhost.kz);

iD Shared – хостинг түрі, мұнда бір веб-серверде орналасқан көптеген веб-сайттар бір бағдарламалық жасақтаманы пайдаланады. Бұл күніне 1000 дйінгі келішілер бар шағын жобаларға сай келетін ең үнемді хостинг түрі;

iD VPS – хостинг түрі, мұнда пайдаланушыға бөлектелген виртуальды сервер ұсынылады. «id Shared» қызметіне қарағанда анағұрлым қуатты ресурстарды талап ететін, бірақ бүтін сервердің ресурстарын толық көлемде пайдаланбайтын орташа деңгейдегі веб-порталдарды орналастыру үшін қажет;

iD Place – клиенттің серверін «iD Host» хостинг алаңына орналастыру;

iD Server – хостинг алаңының ресурстарын ұсынумен «iD Host» хостинг алаңындағы серверді жалға беру;

iD Mail – шектеусіз forwarding және поштаны фильтрлеуді жұмыс күйіне келтіруді қоса электронды пошта ұсыну;

iD Place (Colocstion) – «iD Host» хостинг алаңына клиенттің серверін орналастыру. Қызметтің құрамына манылар кіреді:  «iD Host» хостинг алаңының бағанында орын ұмыну, резервтегі электрмен қоректендіру, 100 мбит/с жылдамдықта интернет желісіне қатынау порты, тегін трафикғ климаттық режимді, күзетті, мониторинг, қызмет көретуде көмек көрсетуді, деректерді резервтік көшіру мен ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету;

iD Domen – .KZ аймағында екінші деңгейдегі домендік  атаулады тіркеу және ұсыну;

iD Server (Dedicated) – хостинг алаңында серверді жалға ұмыну;

iD Host, клиенттің конфигурациясына қажетті сервер ұсыну мүмкіндігі.

Халықаралық операторларға көрсетілген қызметтер. Қазіргі уақытта «Қазақтелеком» АҚ дыбыс трафигімен алмысуға арналған 20 елдің 34 халықаарлық операторларымен тікелей арналары бар. Ростелеком, Deutshe Telekom, France Telecom, Verizon Business, AT&T сынды ірі телекоммуникация операторларымен ынтымақтастық Қазақстан абоненттеріне телефон, ISDN қызметтерін қоса алғанда әлемнің барлық елдеріне шығуды қамтамасыз етеді.

Телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту. Компанияның телекоммуникациялық инфрақұрылымын дамыту ел тұрғындарын қоғамдық, саяси және экономикалық өмірге тартуға ықпал ете отырып, оның экономикалық дамуын ынталандырады.

Компанияның қаржылық дағдарысқа қарамастан, «Қазақтелеком» АҚ ірі ауқымды инвестициялық бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда.

Компанияның телекоммуникация желісін жаңғырту және дамыту бойынша барлық инвестициялық жобалары инновациялық сипатқа ие, озық телекоммуникалық технологияларды пайдалануға негізделген және берілетін ақпараттың сапасы бойынша да әлемдік талаптарға сай заманауи телекоммуникация желісін құруға бағытталған.

 

 Бақылау сұрақтары:

1) Байланыс саласының ерекшеліктері неде?

2) Байланыс саласының ерекшеліктеріне экономикалық сипаттамасы қандай?

3)  Байланыстың қоғамдағы рөлі неде?

4)  Байланыс саласы қандай құрамы неден тұрады?

5) Байланыстың негізгі мақсаттары қандай?

6) Байланыс нарығына шолу жасаңыз.

 

2-тақырып. Байланыс саласындағы басқару мен жоспарлаудың негізі

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)  Басқарудың мағынасы мен маңызы.

2)  Басқару тәсілдер мен қағидасы.

3)  Байланыс саласындағы басқаруды ұйымдастырудың мақсаттары.

4)  Байланыс кәсіпорындары және оларды классификациялау.

5)  Өндірісті басқарудағы жоспарлаудың мағынасы және рөлі.

6)  Байланыс кәсіпорынның бизнес – жоспары.  

 

2.1  Басқарудың мағынасы мен маңызы

 

Басқару дегеніміз  бұл өндірістің өнімділігін жоғарлату мен жалпы үнемдеу үшін, өндірістегі ұжымға, жеке-дара жұмысшыға арнайы бағытталған үздіксіз әсер етуші шара, ал сол арқылы  материалдай, заттай  еңбек элементіне әсер етуі.

Басқару мақсаты: бәсекелестік, тай-таласта жеңіп шығу (аман қалу), ең жоғары пайда алу, белгілі нарыққа шығу.

Басқарудың негізінде жүйелі (системный) әдісі жатыр, ол үш күрделі құрылымнан тұрады: басқарушы субъект, басқарылатын объект және сыртқа орта. Басқарушы субъект ол жеке басшы, әйтпесе топталған басшылар болуы мүмкін.  Басқарылатын объект, әйтпесе, басқарылатын жүйе ол жеке жұмысшы, топтасқан адамдар және фирманың жалпы қызметкерлері болуы мүмкін. Ұйымның сыртқы ортасына не жатады: Поставщиктер – бәсекелестер, сатып алушы- клиенттер; бизнес партнерлер, мемлекет және оның құрылымы; мәдениет; мораль; адамгершілік; әдет-ғұрып; экономикалық факторлар; саясат факторлары; халықаралық орта.

Басқару процесі – бұл жалпы барлық басқару – жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау үшін жасалынған циклді қайталанып отыратын процесс, соның ішінде тізбектеліп қайталанып байланысып жатқан қағидаларды атап өтуге болады.

Жоспарлау дегеніміз мақсатты анықтап, осы мақсатқа жетудің жолдар мен мүмкіншіліктеріне жол табу.

Ұйымдастыру – бұл құрылымды реттеп құру, ынталандыру және  ішкі құбылысты  іске асыру.

Мотивация – ынталандыруға әректет ету, бағыттау  процестері.Еңбекке ынталандыруды екі топқа бөлуге болады:

-біріншісі, адамдарды басқару, жазалау, марапаттау-мадақтау.

-екіншісі, қазіргі уақытта кең таралған, адамның ішкі дүниесіне байланысты еңбек мотивациясы.

Бақылау – бұл алынған нәтижені қойылған мақсатпен салыстырып өлшеу. Бақылауға – атқару қызметінің нәтижесін байқау, зерттеу, талдау жатады.

         

2.2  Басқару тәсілдері және қағидалары

 

а)  Құқықтық – ұйымдастыру тәсілдері – бұл өкімет күші мен беделі, негізі, тәсіл, яғни үкімдер, заңдар, бұйырықтар, жарлықтар және қаулылар.

Ал байланыс саласында – бұл бір-бірімен шиеленісіп жатқан және шаруашылық субъектіге кіретін республика желісінің қызметін іске асыратын нормативті-заңдылық базасын жасау болып табылады.

б) Экономикалық тәсілдер бұл адамдардың экономикаға және экономикалық қатынастарға қызығушылығынан туындаған тәсілдер. Бұл тәсілдер салық, кредит (несие), кедендік, тарифтік саясат, еңбек ақыны төлеу жүйесі және жұмысшыларды экономикалық қызықтыру арқылы іске асады. Экономикалық тәсілді кәсіпорынның дәрежесіне қарайтын болсақ, коллективтің және жеке-дара жұмысшының өзінің міндетін орындау үшін ынталандыру және жауапкерлік шараларының жүйесін іске асыру.

в) Әлеуметтік-психикалық тәсілдер - салаға және кәсіпорынға қолайлы, сонымен қатар әлеуметтік сфераларға психологиялық жағдай жасауға бағытталған. Осы тәсілдің мағынасы, еңбек жағдайын жақсарту, әлеуметтік сферадағы құрылыс объектілері, жұмысшыларды сан-алуан әлеуметтік төлемдермен және жеңілдіктер қамтамасыз ету.

 

2.3 Байланыс саласын басқаруды ұйымдастырудың мақсаттары

 

Нарықтық экономика жағдайында саланы басқару мақсаты нені шешеді:

1)           байланыс қызметінің бәсекелестігін арттырады;

2)           байланыс қызметінің қаржылық көрсеткіштерінің нәтижесін жақсартады;

3)           өндіріс факторларының пайдалану тиімділігін арттырады;

4)           саланың бәсекелестігін еңбек нарығында, құнды қағаздарда, капиталда қамтамасыз етеді.

 

2.4  Байланыс кәсіпорындары және оларды классификациялау

 

Кәсіпорын дегеніміз экономиканың бірінші бастапқы звеносы. Әрбір мемлекеттің ұлттық табысын осы кәсіпорындар құрайды. Кәсіпорындар өндіруші рөлін атқарады. Кәсіпорындар келесі белгілеріменен ерекшеленеді. Кәсіпорындардың саралануы қызмет түріне, меншік нысынасына, шығаратын өнімнің көлеміне, қызметті реттеу деңгейіне, ұйымдық-құқықтық түрлеріне байланысты. Байланыс кәсіпорындары мына тұрғыда жіктеледі: меншік түріне байланысты, құқықтық ұйымдастыру түріне байланысты, жеке дара салалар болып. Сонымен қатар, қызмет көрсету нысанына байланысты.

Меншік түріне байланысты мемлекеттік, жеке және аралас кәсіпорын болып бөлінеді.

Құқықтық ұйымдастыру түрінде – акционерлік қоғам, әр түрлі серіктестік түрінде болады.

Жеке дара салалар – пошта байланысы, электр байланысы, радио байланысы, теледидар  байланысы.

Қызмет көрсету құрамына байланысты – бірлескен және мамандандырылған болады.

Қызмет көрсетудегі орнына немесе тұтынушыға байлынысты, сонымен қатар байланыс саласында,құрылыс кәсіпорындары, жоспарлау институттары, оқу орындары бар. Осы айтылған құрылымдарды басқару күрделі шешім қабылдауды талап етеді.

 

2.5  Өндірісті басқарудағы жоспарлаудың мағынасы және рөлі

 

Жоғарыда айтып кеткендей, жоспарлау басқарудың ең бір маңызды құралы болып саналады және адамдардың алдына қойған мақсатын іске асыру үшін негізгі бағытқа жолдайды.

Жоспарлаудың мерзіміне қарай мына түрлерін ажыратамыз: стратегиялық жоспарлау, ұзақ мерзімдік жоспарлау, орташа мерзімдік жоспарлау және ағымдағы жоспарлау.

Стратегиялық жоспарлаудың мақсаты саланың жалпы мақсатын бағдарлау болып табылады. Стратегиялық мақсат мына сұрақтарға жауап беруі қажет: саланың жалпы экономикалық миссиясы қандай? Нарықтық жағдайда қандай қызмет көрсетуі керек? Нарықта қандай мақсатты көздейді? таза пайданы сатуды, активті қандай жылдамдықпен өсіруге болады?

Ұзақ мерзімді жоспарлау мерзім көкжиегі 2 жылдан жоғары. Бұл жоспарлауда стратегиялық мақсат іске асуы қажет. Мақсаты жіктеліп іске асырылады. Орташа мерзімдік жоспарлауда 1 жылдан 2 жылға дейін.

Ағымдағы жоспарлау немесе бюджеттеу бұл кәсіпорынның жұмысының бір жылғы ұйымдасуын басқаруға кететін жоспарлама. Ағымдағы жоспарлауда нақты көрсеткіштердің есептелуі, өсуі және сату көлемі, өндірістік шығындар, таза табыстар есептелінеді.

 

2.6  Байланыс кәсіпорынның бизнес – жоспары 

 

Бизнес жоспарлау кәсіпорын жұмысының кеңейтілген программасын дайындап, оны іске асыру процессі болып есептелінеді.

Бизнес – жоспарлау нарық жағдайына байланысты, инвестицияға, ішкі – сыртқы факторларды есепке алып, ұзақ мерзімге жасалған стратегиялық жоспар бойынша дайындалады. Бизнес жоспар бірнеше бөлімдерден тұрады:

-    Түйіндеме.

-    Кәсіпорын мен оның өнімінің жалпы сипаттамасы.

-    Сатуды нарықтық талдау.

-    Бәсекелестікті бағалау.

-    Маркетинг стратегиясы.

-    Ұйымдық жоспар.

-    Қаржылық жоспар.

-    Тәуекелділікті бағалау және сақтандыру.

Түйіндеме – бизнес  жоспардың қысқаша мағынасы көрсетіледі. Түйіндеменің мағынасына қарап инвестор осы жобада не туралы көрсетілгенін анықтайды. Сондықтан бизнес-жоспардың түйіндемесі әрі қысқа, әрі мағыналы болуы қажет. Сонымен қатар түйіндемеде қаржы мәселесі және оның ақталу мерзімі анық көрсетілуі керек.

Кәсіпорын мен оның өнімінің жалпы сипаттамасы. Бұл бөлімде өнімнің (қызметтің) қажеттілігі және онан алынатын тиімділік мәселесіне нақты көңіл бөлінуі керек. Сонымен қатар мына сұраққа да нақты жауап қайтару керек: Біздің өніміміз бәсекелесіміздің тауарынан қандай ерекшелігімен көзге түседі? Шығарылған өнімнің (қызметтің) сапасы қандай? Осы сұрақтарға нақты, түсінікті жауап қайтарылуы керек.

Сатуды нарықтық талдау. Біздің тауарымыз немесе қызметіміз кімге қажет? Нарықтық жағдайда осы қызметке талдау жасалыну қажет. Біздің тұтынушыларымыз кімдер? Қызмет көрсету көлемі қандай? Сұранысты бағдарлау және қызметті жоспарлау осы бизнес-жоспардың негізін құрайды. Тұтынушыларға бағаға ереше көңіл бөлу қажет. Сонымен қатар жарнамаға нақты шығы шығарып оның қайтарылуын қадағалау қажет.

Бәсекелестікті бағалау. Жаңа бәсекелестердің пайда болуы және олардаң мүмкіндіктері қандай? Олардан асып түсу ойларыңда бар ма? Бұл бөлімнің мақсаты бәсекелестікте жеңіп шығу. Қателікке жол бермеу. Мұндағы көп кездесетін қателік толысқан нарыққа енуге талпыну. Бәсекелестігіне қарағанда  кәсіпорынның қандай артықшылығы байқалады? Яғни, өнімнің жоғарғы сапасы, жоғарғы дәрежедегіызмет көрсету менжірибелі мамандарының көптігінде. Осы бөлімде ерекшеліктеріңізді көрсете ала біліңіз.  

Маркетинг стратегиясы. Бұл бөлімде өнімді тұтынушыға жеткізу сонымен қатар мына келесі негізгі элементтерге көңіл бөлу керек:

1)                Сіздің өніміңіздің (қызметтің) өз бетінше немесе делдал көмегімен тарау схемасы.

2)                Сіздің өніміңіздің (қызметтің) бағалану саясаты.

3)                Жарнамаға қанша қаражат жұмсай аласыз?

4)                Тұтынушыларды қызықтыру тәсілдері: Тұтынушыларды қалай өзіңізге қарата аласыз? Сату аймағын қалай кеңейтесіз? өндірісіңізді қалай көбейтесіз? Өніміңізді кепілдікпен және қосымша қызметпен тарата аласыз ба?

5)                Өз қызметіңіздің жақсы жақтарын көрсетуді қалай ұстап тұра аласыз?

6)                Қандай табыс және таза пайда алуды көздейсіз?

 

Бақылау сұрақтары:

1)      Басқарудың мағынасы мен маңызы неде?

2)      Басқару тәсілдер мен қағидасы қандай?

3)      Байланыс саласындағы басқаруды ұйымдастыру дегеніміз не?

4)  Кәсіпорынды басқарудағы жоспарлаудың мағынасы және рөлі неде?

5)  Байланыс кәсіпорынның бизнес – жоспарында қызмет көлемін табу тәсілі қандай?

 

 

3-тақырып. Байланыс қызметі және оны жоспарлау

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)                Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы

2)                Байланыс қызметінің номенклатурасы мен классификациясы

3)                Қызмет өлшеуіштер

4)                Қызметті жоспарлау

 

3.1  Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы

 

Байланыс қызметі – бұл пошта, телеграф, телефон, радио және теледидар сияқты әр түрлі хабарламаларды тарату мен жеткізу, түрлендіру, қабылдау істерін жүзеге асыратын мекеменің ақырғы қорытынды өнімі.

Байланыс қызметнің тұтынушылық  тиімділігін сипаттау екі түрлі формада беріледі:

-       Бірлік хабарламаларды тарату формасында, мысалы, телеграмма, телефондық сөйлесулер және т.б. немесе мұның шартты түрдегі атуы  - алмасу түрінде.

-        Тұтынушыларға  ұзақ қолдану мерзіміне берілетін немесе ақпаратты тарату мен қабылдау үшін техникалық құрылғыларды жалға беретін байланыс құралдары түрінде (абоненттік желілер, таксофондар, радиоаймақтар, абоненттік телеграф және т.б.).

Өзінің тұтынушылық қасиетіне байланысты техникалық құралдарды беру  немесе жалға беру формасының түрі ыңғайлырақ және тұтынушыға максималды жақын болып келеді. Техникалық құралдарды қолдану қызметінің формасының мүмкіншіліктері алмасу формасымен салыстырғанда  көп  артығырақ  болып  келеді. Сондықтан да бүкіл әлем бойынша, сонымен қатар отандық телекоммуникациялық қызмет нарығында  да алмасу формасының бөлігі төмендеп, техникалық құралдарды беру  формасының меншікті салмағы өсуде.

Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы және ерекшеліктері саланың  мамандандырылған ерекшеліктерімен  анықталады. Соның ішіне жалпы салаға немесе бір мекеменің өндірістік процесінің шеңберінде экономикаға және байланыс операторларының ұйымдастыру жұмыстарына жасалынатын өнімнің заттық емес сипаттамасы мен өндіру мен тұтыну қызметтерінің уақыт бойынша сәйкес келіп қалуы айырықша үлкен әсерін тигізеді.

Осы көрсеткіштердің  негізінде қажетті өндірушілік ресурстар есептелінеді – жұмысшылар саны, негізгі қорлар мен айналым құралдарының шамасы, бұл өз кезегінде компанияның алатын  кірістерінің көлеміне, пайдасы мен рентабельділігіне тікелей әсер етеді.

Қалааралық және халықаралық қызмет көрсету процесіне бірнеше мекемелер қатысады. Мұндағы  әрбір  мекеме тек бір ғана сатыға қатысады,яғни  шығыстық, кірістік немесе транзиттік.

Әрбір мекеменің жұмыс көлемін сол мекемеде түрлендірілген (шығыс, кіріс немесе транзиттік) хабарламалар санымен бағалауға болады.  Әдеттегідей, бұл тұтынушыларға берілетін  қызмет санынан асып кетеді. (қызмет саны, шығыс хабарламаларының  санымен анықталады).

Байланыс сатыларының тізбегінде, яғни жергілікті телефонды байланыс, сымсыз жүргізілу (радиофикация) радиотаратылу мен телевидениядағы өндірістік процесінде тек бір ғана мекеме қатысады  да  өз қызметін арғы тұтынушыға дейін жеткізеді.

Іскерлік және өзіндік өміріне байланысты, байланыс мекемелері бірқалыпсыз  ауырлықта жұмыс істейді.

Ауырлық  -  белгілі бір уақыт аралығындағы байланыс мекемесіне келіп түскен хабарламалар саны.

Алмасу – сол уақыт периодындағы таратылған хабарламалар. Әдетте, ауырлық әрқашан алмасудан көп болады.

Мекемелердегі сағаттық-тәуліктік бірқалыпсыздықты сипаттамасын көрсету үшін  ауырлықтық концентрация  коэффицентімен есептелінеді. Бұл тек алмасу формасындағы қызметтер үшін.

(3.1)

 

 мұнда : 

 - ЧНН – дегі жүктеменің концентрация коэффиценті;

- ЧНН-дегі тәуліктік жүктеме;

 - тәулік бойындағы ауырлық .

 

3.2  Байланыс  қызметінің  номенклатурасы  мен  классификациясы

 

Байланыс қызметінің номенклатурасы  деп – белгіленген тариф бойынша төленетін  және тұтынушыға берілетін  байланыс қызметі түрлерінің тізімін айтады. Ол тұрақты емес және жаңа қызметтерің пайда болуы мен техникалық прогресстің дамуымен бірге түрін өзгертіп тұрады.

Мұндай номенклатура  әр оператордың  алынған  лицензиясына сәйкес формаланады және оның позициясы ақылы қызметпен сәйкес келеді. Байланыс мекемелері тұтынушыларға – тұрғындар мен іскерлік секторларға  1000-нан астам әр түрлі қызмет түрін ұсынады.

Байланыс қызметі  олардың  өндіру  мен  тұтыну процесстерінің ерекшеліктеріне байланысты бірнеше белгі бойынша классификацияланады.

Мысалы, тұтынушылық қасиеттеріне байланысты:

Негізгі және қосымша.  Негізгі қызметтер ақпарат тарату процесінің ақырғы мақсатын көрсетеді, ал қосымша қызметтер негізгі қызметке оларды қолдану кезінде ыңғайлы және тиімді қылатын  кейбір жаңа тұтынушылық қасиеттер береді.

Таратылатын ақпараттың түріне байланысты байланыс қызметі 4 топқа бөлінеді:  мәтінді тарату (телеграмма, электронды  пошта ),  дауыстар ( телефондық байланыс),  бейнелер (теледидар, Ғаламтор) және мультимедия қызметі (мәліметтерді біріктіру, дауыстар мен бейнелер).

Ақпарат алмасу әдісі бойынша байланыс қызметі  біржақты (радиотарату және теледидар) немесе екіжақты  (телефон және бейнетелефонды байланыс, мәліметтер тарату және Ғаламтор, бейне конференциялар) қызмет  көрсетеді.

Жіберулердің  таратылу жылдамдығына байланысты  қызметтер қарапайым ( кәдімгі жай) және шұғыл (шұғыл телеграммалар, зона ішілік және қалааралық телефондық сөйлесулер), сонымен қатар, электр байланыс желісінде ақпарат тарату жылдамдығына байланысты – төменгі жылдамдықты  (телефонды байланыс, төменгі жолақты Интернет, 3G – үшінші ұрпағының жылжымалы байланысы)  мен жоғары жылдамдықты (кең жолақты Интернет, 3G,4G – үшінші,төртінші  ұрпағының жылжымалы байланысы).

Қолданушылардың аумақтық бөлінуіне байланысты  барлық қызметтер  ішкі  және  халықаралық  болып  бөлінеді.

Қызметтердің  қолданылуына байланысты  жасалынатын тиімділік пен оларды өндіру сатыларымен анықталады.  Ақырғы тұтынушыларға көрсетілетін  қызмет,  абонент пен қолданушы арасындағы ақпарат таратудың (хабарламаларды) өндірістік процесінің  барлық сатыларын қамтиды (шығыс, кіріс және транзиттік).  Олар кәсіпорынның бір ғана кәсіпорын деңгейінде,яғни шығыс,кіріс немесе транзиттік фазаларында аяқталмаған өнім болады да,ал осы сатылардан өткеннен кейін салалық деңгейде аяқталған өнім болып табылады. Қосылу мен трафикті тарату қызметтері  мекемедегі операторлардың қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылады.

Инновациялық қызметтер – бұл  нарыққа  шығарылуға  дайын  және тұтынушылық көлемінің қарқынды өсу сатысында тұрған қызметтер.

Бағалануға байланысты, барлық қызметтер тұтынушылардың дәрежесіне қарай құбылмалы тариф немесе нақты (фиксированный) тариф және тегін (тарифсіз) болып бөлінеді.

 

3.3   Қызметтерді өлшеуіштер

 

Байланыс қызметтерінің көлемін сипаттау үшін өлшеудің  табиғи және бағалы әдістері қолданылады. Табиғи өлшеуіш қызметтің физикалық қажеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді қолдануға негізделген. Бұған, мысал үшін хат, телеграмма, сөйлесу трафигінің таратылған уақыты, фиксималды хабарламалардың беттерінің, трансляциялық радио аймақтардың және т.б. саны жатады. Дыбыстық, бейнеақпарат және мәліметтерді, сонымен қатар Ғаламтор желісімен таратылған ақпараттарды біріктіретін мультимедияның қызметтерінің қатынасында өлшеудің табиғи бірліктері негізінде  Мегабайт    ( Мбайт)  ақпараттары орнатылған. Барлық қызметтер түрінің натуралды өлшеуіштері сәйкесінше номенклатуралармен және ақылы қызметтердің прейскуранттарымен көрсетілген.

Қызмет көлемінің табиғи көрсеткіштері инвестициялық бағдарламалардың және операторлардың стратегиялық дамуының негізінде жатыр. Қызметтің табиғи көрсеткіштерін ескере отырып байланыс объектілері мен мемлекеттің байланыс желілерін құру жобалары  жүзеге  асады.

Байланыс қызметінің номенклатурасы өте кең, ал табиғи өлшеуіштің бір агрерирленген  көрсеткіштің  әр түрлі тұтынушылық бағаларын есептей алатын мүмкіншілігі жоқ. Сол себептен бағалық-ақшалық өлшеуіш қолданылады.Оның әмбебаптылығы мынада: ол әр түрлі байланыс қызметтерінің  жиынын бір ғана өлшеуіште,яғни ақшалы өлшеуішпен көрсете алатындығында.

Қызметтердің жалпы көлемінің бағалық өлшемі ретінде ақылы қызмет пен орташаланған тарифтердің ( орташа  пайда таксасы)  табиғи көрсеткіштерімен  анықталатын  байланыс қызметінен алынған пайда көрсеткіші алынды.  Экономика саласында  бағалық өлшеуіштің қолданылу аумағы өте кең. Оның негізінде байланыс ұйымдарының, акционерлік қоғамдардың, аймақаралық  компаниялардың және т.б. жалпы қызмет көлемі анықталады.

Ол қаржылық жоспарлау көлеміндегі пайда бөлімін дайындайтын  негізгі іргетасы болып табылады және еңбек өнімділігі, өзіндік құн, пайда сияқты – маңызды экономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін  қолданылады.

Байланыс ұйымдастырудың  филиалдық және құрылымдық мекемелерінде ішкі өнімділікті жоспарлау үшін, нормаланған тапсырмаларды дайындау үшін, жеке цехтардың, аймақтардың және т.б. жұмыс қорытындысын бағалау үшін - шартты табиғи өлшеуіш қолданылады. Оның негізінде байланыс қызметінің халықаралық және қала аралық  телефондық сөйлесулерді, телефондық аппараттардың жеке және коллективті қолданысын құруға  өзінің физикалық мазмұны бойынша жақын, бірақ шығындары бірдей емес, тұтынушылық бағалары әр түрлі табиғи көрсеткіштерін өлшеуге болады.

Номенклатура қызметін байланыс қызыметінің түрлері құрайды. Номенклатура тұрақты емес және ҒТП әсерінен түрі өзгереді және жаңа қызмет түрлерінің пайда болуына ықпал етіледі.

Жеке хабарлар тарату бойынша байланыс кәсіпорны әр квартал сайын негізі байланыс қызметтері туралы мәліметтер береді. Осы қызмет түрі бойынша номенклатураға келесілер кіреді:телеграммалар, оның ішінде халықаралық,электронды  пошта арқылы хабарлар,оның ішінде  халықаралық.

ҚТБ және АТБ қызметі бойынша келесі  техникалық құралдар түрі кіреді.

Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамалары, номенклатурасы, құрылу қағидалары және қолданылуы 3.1,3.2 суреттерде көрсетілген.

 

 

3.1 сурет - Байланыс қызметтерінің өлшемдері

 

 

3.2 сурет - Байланыс қызметінің экномикалық сипаттамалары

 

 

3.4  Қызметті жоспарлау

        

Алмасу формасы түріндегі жоспарланған жылдың ақылы қызметтерінің шамасын анықтаушы болып – олардың байланыс қызметінің сұранысын  анықтайтын ішкі және сыртқы факторлардың  жоспарланған өзгеру қарқыны мен шамасының мәндерін айтамыз.

Орташа жылдық өзгеру қарқынын  орнықтыру үшін алдынғы жылдардың алмасу динамикасы талданады.

Егер алдыңғы (2-3 жыл) жылдардың  нақты  бір  түрінің  динамикасының талдау процесі барысында қарқынды өсу тенденциясы немесе қызмет көрсету көлемінің төмендегені белгіленсе, онда жоспарлық жылда  оның шамасы  трендтік  экстраполяциясының  негізіне   анықталуы  мүмкін   (геометриялық  орта  формуласы  бойынша К=k21· k32).                                                 

Жоспарлы жылдағы қызмет көрсетудің көлемінің өзгерісін анықтау барысында мекемелердің желілері мен байланыс пункттерінің өсуі, қызмет көрсетудің сапасының жақсаруы мен қол жетерлілігі, тарифтердің өсуі мен тұтынушылардың орташа пайдасының өсуінің нәтижесінде байланыс қызметіне сұраныстың өзгеруі мүмкіншілігін ескеру қажет.

Жоғарыда айтылып кеткен факторлардың  алмасу формасы түріндегі ақылы қызметтердің көлеміне әсері әр байланыс мекемелерінің түріне байланысты  өзінің сандық бағасы бар коэффицент арқылы есептелінеді.

Қалааралық телефон  байланысының  қызмет көрсету көлемі  келесі факторлармен анықталады:

-                     (К  сапа) – сапалақ коэффиценттің көмегімен қызметтің сапасын жақсарту;

-                     (К к.ж.) -  байланысқа қол  жеткізуді өсіру;

-                     (К пайда) – тұтынушылардың орташа жанды пайдасын өсіру;

-                     (К тариф) – қызмет көрсету тарифтерінің өзгеруі.

Онда жоспарлы жылға арналған қызмет көрсету көлемі әсер етуші факторларды есептеген кезде мынадай болады:

Тұтынушыларға техникалық құрылғылары беру түріндегі қызмет көрсетудің көлемін анықтау методикасы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктері мен тұтыну  сипаттамасына байланысты 2 топқа бөлуге болады:

1)                Берілетін арналардың санымен немесе желіге қол жеткізетін абоненттік құрылғылармен (телефондар,радиотаратқыштар,абоненттік құрылғылар) санымен өлшенетін қызметтер.

2)       Радиобайланыстың,  радиотарату  және теледидар құралдарының  арналы-уақыт санымен өрнектелген қызметтер.

Қызмет көрсету көлемінің жобасын құрастыру кезінде есептеулер орташа жылдық есеппен жүреді және мекеменің жыл соңында қол жеткізетін абсолютті шамасы есептелінеді.

Сондықтан  бастапқыда жоспарлы жылдың басындағы (N1.1) техникалық құралдардың санын анықтайды, ал сосын сол жоспар бойынша жоспарлы жылдың орташа жылдық өсімі анықталады.

Табиғи түрдегі  қызмет көлемінің орташа жылдық шамасы уақытты ескере отырып анықталады.Техникалық құралдардың әр кварталдағы енгізілуіне байланысты  орташа жылдық өсім табылады.

 


∆Nж=(3,5∆N1+2,5∆N2+1,5∆N3+0,5∆N4)/4,                           (3.2)

 

 мұнда: 3,5; 2,5; 1,5 және 0,5- техникалық құралдардың квартал бойында қолданылуының сандық коэффициенттері;

∆Nt-техникалық құралдардың жеке кварталдардағы қосылғаны.

Егер жоспарлауды жылдың нақты  айлар мен анықтайтын болсақ,онда орташа жылдық шамасын  мына формуламен анықтауға болады:

 

∆Nж=∑∆Nt ∙kt/12,                                                        (3.3)

 

мұнда: kt- техникалық құралдардың жеке айлардағы қолданылуы.

Техникалық құралдардың жалпы жоспарлау жылындағы қызмет көлемі мына формуламен анықталады:

 

Nж=N1.1 ± ∆Nж,                                                                                 (3.4)

 

 мұнда:

 N1.1-жоспарлау жылының басындағы  техника құралының көлемі;

∆Nж- орташа жылдық өсу мөлшері.

 

Бақылау сұрақтары:

1)       Байланыс қызметінің экономикалық сипаттамасы неде?

2)    Байланыс қызметінің номенклатурасы дегеніміз не?

3)    Байланыс қызметінің классификациясын қалай анықтуаға болады?   

4)    Қызмет өлшеуіштері қандай?

5)    Байланыс қызметін қалай жоспарлауға болады?

 

4 – тақырып. Байланыс жұмысының сапасы және оны жақсарту жолдары

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1) Байланыс жұмысы сапасының маңызы.

2) Қызмет көрсету жұмысының сипаттары және байланыс қызметінің сапаларын жақсарту жолдары.

 

4.1           Байланыс жұмысы сапасының маңызы

 

Нарық кезінде, кәсіпорынның нәтижелі жұмыс істеуі тек қана шығарылған заттарымен қызметтеріне байланысты емес, жұмыс шығаратын заттардың ассортиментіне, тұтынушылардың талаптарына байланысты техникалық экономикалық сынаттамаларына сәйкес болу керек.

Сапа белгілі көрсеткіш бәсекелестігіне, тұтынушыларды еліктіруге, қолданылатын фактор болып саналады.

Байланыс саласындағы сапаның кейбір түрлері: жіберу жеделдігі, дер кезінде жеткізу, өңдеу т.б. оларға қойылатын жоғарғы талап: хабарды сақтау, шындықты өзгертуге, жан жаққа тарап кетпеуі, хабарлардың құпиялылығын сақтау.

Бірнеше кәсіпорынның байланыс қызметінің қатысуы, сапа көрсеткішіне, желілікке байланысты сипаттама береді.

Сапа көрсеткішінің жоғары болуы жаңа техника прогресстеріне өндірістің тиімді болуына, ресурстарды үнемдеп қолдануға әсерін тигізеді.

Байланыс жүйесін желілік түрде құру хабарлардың жылдам жіберілуіне әсер етеді.

Тұтынушылардың сапаға қойылатын маңызды бір талабы, ол қызметтерді оңай қолдану болып табылады (жақындығы, дамуы) оңай қолданылуы тағы да байланыс қызметінің бағасына тікелей  байланысты.

Телерадио хабарларын таратуға тұтынушылардың қоятын талабы,ол телерадио бағдарламаларын жоғары сапамен қабылдау, эстетиканың болуы да шарт және  экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі  қажет.

Байланыс қызметінің қорытынды нәтижесін сипаттайтын жалпы қасиеттері:

-         Жіберу жылдамдығы.

-        Жіберудің нақтылығы, өзгермеуі, сақталуы.

-     Сенімділік, техника құралдарының тұрақты жұмыс істеуі  ыңғайлы.

-        Байланыс қызметтеріннің құралдарының оңай пайдалануы.

-        Ыңғайлы пайдалануы, эстетикалылығы, экологиялық қауіпсіздігі.

-        Байланыстың құпиялықтың қамтамасыз етуі жан – жаққа таратылмауы.

Байланыс операторларының міндеті:

Байланыс қызметін пайдалануға беру және оның сапасын, стандарттарды, техника нормаларын, сертификацияны сақтау: әртүрлі штрафтарды кәсіпорын төлейді.

Байланыс жұмысының сапасы 2 топтан тұрады: қызмет көрсету жұмысының сапа көрсеткіштері; Байланыс қызметінің сапа көрсеткіштері.

Байланыс жұмысының сапасының жүйесі 4.1 суретте көрсетілген.  

 

 

4.1 сурет - Байланыс жұмысының көрсеткіштер жүйесі

 

Жіберу жылдамдығының нормативі хабардың өзінің бақылау уақыты болады; Қызмет сапасын бағалайтын жеке көрсеткіштер системасы.

Қалалық және ауылдық телефон станцияларындағы:

-                     Орындалмаған сөйлесулер - % -ы.

-                     Қалалық ТС арқылы сөйлесудің - %-ы.

-                     Бақылау уақытында өткен телеграмма - %-ы.

-                     Бақылау уақытында тапсырылған телеграммалардың - %-ы.

-                     1000 өңделген телеграмманың сапасыз жіберілген телеграммалар саны.

Қалалық ТС:

-                     ҚТС100 телефон аппаратына келетін орташа кварталдық өтініш саны.

-                     Бақылау уақытында жөнделген бұзылулардың - %-ы.

-                     Бұзылған таксофондардың меншікті үлесі.

Ауылдық ТС:

-                     Ауылдық ТС 100 телефонға келетін орташа кварталдық өтініш саны.

-                     Бақылау уақытында жөнделген бұзылулардың -%-ы.

Сым арқылы таратылатын радиохабар:

-                     100 радиожүйесіне келетін шағымдар саны.

-                     Бақылау уақытында жөнделген шығымда- ы.

-                     Станциялардың тоқтау уақытының - %-ы.

Радиобайланысы, радиотелехабар тарату:

-                     1000 сағат жұмыс істегендегі радиотаратқыштардың үзілістерінің барлық себептерінен  болған минутпен есептелінген уақыты.

-                     Радиохабар таратудағы нормативтен жоғары  үзілістердің 1 квт - қа дейінгі уақыт мерзімі.

-                     Кәсіпорын күнәсіне байланысты болған таратушы радиоканалдардың нормативтен жоғары болған үзілістің уақыт мерзімі.

-                     Теледидар таратқыштарының 1000 сағат жұмыс істегендегі болған сапасыз жұмыс істеуінің есептегендегі уақыт мерзімі.

Спутник байланысы:

-                     Нормадан жоғары және жалпы үзілістің уақыт ұзақтығы.

Пошта байланысы:

-                     Пошта жолдамаларын жоғалтпау және ұрлатпау.

-                     Ақша аудармдарын  ұрлатпау және жетіспеушілікті болдырмау.

-                     Басылымдарды дер кезінде жеткізу.

-                     Хаттардың бақылау уақытында өту - %-ы.

Осы жоғарыдағы сапа көрсеткіштері, олар шағым саны. Сапа көрсеткіштері кәсіпорынның жұмысын қадағалау үшін қолданылады. Байланыс қызметтің сапа көрсеткіштері тұрақты  түрде есепке алынуы тиіс.

 

4.2           Қызмет көрсету жұмысының сипаттары және байланыс қызметінің сапаларын жақсарту жолдары

 

Байланыс жұмысы сапасының комплексті және жүйелі түрде жақсарту проблемалары сапа деңгейіне әсер ететін (4.2 суретті қара) факторларды табуды қажет етеді.

Факторларды екі топқа бөлуге болады:

-                     Техника – технология факторлары.

-                     Ұйымдастыру – экономикалық факторлар.

 

 

4.2 сурет - Байланыс жұмыс сапасына әсер етуші факторлар

 

Техника-технологиялық фактолар:

-                     Кәсіпорын желісін кеңейту.

-                     Құралдарды жаңарту, іске қосу.

-                     Ғылыми жаңалықтарды енгізу.

-                     Байланыс құралы сұлбаларын ықшамдау.

-                     Құрал-жабдықтардың  сапасы.

-                     Басқару жүйесін қорғау.

-                     Пропорционалды даму.

Ұйымдастыру экономикалық факторлар:

-                     Операторлардың нормативті заң базасын құру.

-                     Лицензия, сертификация жұмыстарын ұйымдастыру.

-                     Бәсекелестік - нарықта бірнеше операторлардың болуын білдіреді.

-                     Қызмет көрсету тәсілдері және болашақтағы даму түрлерін  енгізу.

-                     Біркелкі емес  жұмыс ауырлығы немесе жұмыс ауырлығын теңеу үшін  ыңғайлы тариф жүйесін қолдану.

-                     Экологиялық мотивациясы және еңбекақы мотивациясын ұйымдастыру.

-                     Жоғарғы сапаға жоғарғы тариф енгізу.

-                     Сапа жұмысын бақылау, тұтынушылардың  құқығын  қорғау.

Сапа көрсеткіштері техника мен өндіріс технологиясының жанаруына байланысты жаңарып, өзгеріп отыруы керек.

 

Бақылау сұрақтары:

1)      Байланыс қызметінің сапасының мағынасына қойылатын талаптар қандай?

2)      Байланыс саласының жұмысының сапасын қандай көрсеткіштер анықтайды?

3)      Тұтынушыларға қызмет көрсеткендегі сапаның анықтайтын тәсілдер

4)          Сала ішіндегі қызмет көрсету сапасын талдап көрсетіңдер.

5)          Қандай технико-технологиялық факторлер сапа дәңгейіне әсер тигізеді?

 

5-тақырып. Кадрлар, еңбек өнімділігі және байланыс саласындағы еңбек ақы төлеу

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)         Байланыс кадрларының құрылымы және құрамы;

2)      Байланыс еңбек ресурстарының құрамы мен структурасы;

3)           Кәсіпорынның оптималды жұмыскерлер санын табу методикасы;

4)           Еңбек өнімділігінің  негізігі мәні және көрсеткіштері;

5)           Байланыс саласындағы еңбек өнімділігінің өсу факторларымен резервтері;

6)           Еңбек ақысының мәнісі, принциптері және оның төлеу көздері.

7)           Қазақстан Республикасындағы Біртекті трафиктік кестенің сипаттамасы

 

5.1  Байланыс кадрларының құрылымы және құрамы

 

Еңбек ресурстарының мәні мынады, жұмысшылардың еңбегімен еңбек құралдары қимылға келеді, ол арқылы өндірушінің нарыққа шыққандағы  тұтыну құнын жасайды. Ұжымның көптеген техникалық және ұжымдық мүмкіндіктері болса да, ол тиімді жұмыс жасай алмайды және сәйкесті қызметкерлері құрамы болмаса, нарықта өндірістің материалды-техникалық базасындағы кіріс потенциалын іске асыруға бақталас бола алмайды.

Өндірістік қатынастағы еңбек ресурстарының рөлі мен мәнін терең түсіну, батыс мамандарын заттық және азаматтық капиталдың өндіріс сипаты жиынтығы ретінде қиын жағдайға әкеліп соқты.

Дүниежүзілік тәжірибе өндірістің техникалық негізі толық және қиын болған сайын, өндірістік процеске өмірлік мән, ынта, өнер енгізетін  азаматтық факторлар мәні соншалықты арта түседі.

Салалық ерекшеліктер ішінен еңбек ресурстарының қолданатын көлеміне, құрылымы және мәндері  шикізаттың шығынын қажет етпейтін  қызметтердің заттық емес сипатын ажыратып көрсетуі керек. Еңбекақыға байланысты, жалпы құрылымдық операторлық  шығындардың, салыстырмалы салмағын жоғарылатады және саланы еңбек сыйымдылығын талап етеді. Пошта  саласына байланысты жағдай қиындайды , бұл кезде осы саланың қызмет көрсету спецификасы орналасқан жеріне байланыс хабарламарды жеткізуімен тікелей байланысты болып келеді, ал бұл өз кезегінде  қосымша өндірістік қызметкерлерді қажет етеді.

Сонымен қатар, байланыс барлық түрлі өндірістік ресурстарды қалыптастыру процесінің жоғарғы ғылыми-техникалық процестерінің жоғарғы қарқынды және инновациялық құраушының күшейткіші,жоғары технологиялық саласы болып табылады. Бұл тенденция жалпы білімдік, профессиялық және квалификациялық деңгейі, сонымен қатар азаматтық сипаттамаларына, технологиялық жаңаландыруларға биімделу тездігіне, инновацияны қабылдауына ұжымдық-техникалық және әлеуметтік экономикалық өндіріс шарттарының өзгеруіне байланысты тұрақты өзгеруіне әкеліп соғады. Белгіленген ерекшеліктерге байланысты  байланыстың еңбек ресурстарымен басқару және реттеу тиімді механизімін жасап шығаруға негізделген, сол саланың және оған кіретін шаруашылық субъектілерінің экономикалық потенциалдың тиімділігін жоғарлатады.

Макроэкономикалық деңгейде еңбек ресурстарын басқару салалық және аймақтық тұрғыда жұмысбастылықты реттеуді, заңдарды, еңбекке орналастыру кепілдігі сұрақтарын қарастыратын нормативтік актілерді өңдеу, еңбек қызметін ұйымдастыруды, еңбекті және оның мотивациясын компенсациялауды жүзеге асыруды ұсынуды іске асырады.  

 

5.2  Байланыс еңбек ресурстарының құрамы мен структурасы

 

Еңбек ресурстары материалды, рухани игілікті құру кезінде  ерекше орын алады. Әлем тәжірбесіне қарасақ, неғұрлым өндіріс техникасы күрделі болса, соғұрлым адам қажеттілігінің мағынасы өсе береді.

Еңбек материалды игіліктің көзі ғана емес, сонымен қатар өмір тіршілігінің маңызды тармағы, адамның мүмкішілігі, өмірге деген ынтасы болып табылады.

Материалды өндіріс тармағында, жұмыскерлер саны қысқаруда, жыл сайын 1 – 1,5 %, ал қосымша өндірістегі жұмыскерлер санының меншікті үлесі 5,3 – 2,7 % ке дейін төмендеді.

Байланыс саласы тармағындағы жұмыскерлер саны  азайып келеді. Жұмыскерлердің байланыс салсындағы  өзгеруі 5.1 суретте келтірілген.

Жұмыскерлердің еңбек істері функционалды еңбектің бөлуіне негізделген. Олар жұмысшылар және қызметкерлер болып бөлінеді.

Жұмыскерлерге – операторлар, телеграфистер, электромонтерлер, кабельщиктер т.б. жатады.

Қызметкерлерге – инженер-техник жұмыскерлері жатады.

Байланыс саласының 50 % көбісі жұмысшылар, радиотеледидарда да негізінде  инженер-техник жұмыскерлерінен тұрады.

Еңбекті кәсіпқой-біліктілігіне байланысты кәсібі және мамандығы деп бөліп, олардың ішінде еңбек күрделілігіне қарай бөледі. Еңбекақы төлеуде 21 разрядты сетка еңгізілген. Мамандарды жұмысқа қабылдағанда 1-2 категория берілуі мүмкін. Жаңа профессиялар пайда болады.

Мамандар дайындау, қайта дайындау, біліктілігін көтеру жолдарынан өтеді (университет, институт, курстар, жеке бригада арқылы дайындау). Жұмыскерлер өндірісте бір - біріне ауысып отырады.

Кадрлардың жылжып, ауысып отыруын сипаттау үшін және ұжымның  тұрақтылығын бағалау үшін айналым және тұрақтамаушылық коэффициенттері қолданылады.

                                                       (5.1)

Айналым көрсеткіші бағалағанда мына жағдайды айыра білу қажет, олар: а) объективті себептерге қарай керекті айналым; б) субъективті себептерге қарай артық айналым болады.

 

 

5.1 сурет - Байланыс жұмыскерлерінің салалық структурасы

 

Еңбек кәсіптілігі функционалдық еңбек бөлінісіне негізделген, яғни барлық байланыс ұйымындағы жұмысшыларды олардың істелінген жұмыстың сипатына және өндірістік үрдістің орындалудағы роліне байланысты топтарға бөледі. Функционалды еңбек бөлініс негізіне нақты бір өндірістік тапсырмалардың орындалуына бағытталған еңбек кәсіптілігінің ерекшеленген түрі- өндірістік функция жатады.

Барлық жұмысшылар негізгі кәсіптеріне байланысты өндірістік процесске қатысу деңгейі мен атқаратын қызметіне тәуелді жұмысшы және маман болып бөлінеді.

Жұмысшылардың категорияларына (санатына) байланысты келесі топтар ерекшеленеді:

-       тұтынушыларға қызмет көрсетумен, айырбастауды жеткізумен және өңдеумен айналысатын  байланыс жұмысшылары (почталық байланыс операторы, реттеушілер, хатшылар, телеграфшылар, телефонистер және т.б.);

-       құрылғыларға және байланыс құралдарына эксплуатационды-техникалық қызмет көрсетумен айналысатын байланыс жұмысшылары (электромонтерлар, кабелшілер мен пайкілеушілер, антеншілер-мачтовшілер және т.б.).

Мамандар категорияларына кіретіндер:

-   жетекшілер (ұйымдар мен олардың филиалдарының директорлары, құрылымдық бөлімшелерінің басқарушылары, олардың орынбасарлары, сонымен қатар кәсіптік бағыттағы бас мамандар: бас экономист, бас бухгалтер, бас инжинер және т.б.);

-   ұйымдармен, жоспарлаумен, қаржыландырумен, кадрлық қамтамасыздандырумен, өндірістің техникалық жабдықталуымен, абоненттерге сервистік қызмет көрсетумен және т.б. айналысатын функционалдық қызмет қызметкерлері (экономисттер, бухгалтерлер, менеджерлер, маркетологтар, маркетологтар, энергетиктер және т.б.);

-   байланыс құралдарына эксплуатациялық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын инженер-техникалық жұмысшылар (инженерлер, техниктер, электромеханиктер).

Толығымен алғанда байланыс саласында жалпы өндірістік мамандардың көбісі (50% жуық)  негізгі кәсіпте қызмет көрсетумен, өңдеумен және алмасуды жеткізумен айналысатын жұмысшылар орын алады. Алайда қызмет көрсетуді туындататын сипаттамамен және ұйымның техникалық жабдықталу деңгейімен шартталған бөлек функционалдық топтар санауларының арасындағы қатынас салалық қимада айрықшаланады. Мысалы,пошталық байланыстағы алмастыру формасында қызмет көрсетуде пайда болатын және қол еңбегінің өте жоғарғы үлесі, мамандардың көбісі функционалдық топтарға сәйкес жұмысшыларды құрайды.

Электрлік байланыс ұйымдарының, көлемдік қызмет құрылымында негізгі қызметтерге техникалық құралдар мен байланыс каналы жатады. Көбінесе басты орында құрылғыны техникалық эксплатациялаумен және байланыс құру жұмысшылары болып табылады.  Телерадиокомплекс кәсіпорындарында( ең жоғары қоры бар) құрылғылар күрделілігімен ерекшеленеді және оған қызмет көрсету өте жоғары квалификациялауды талап етеді. Өндіргіштік штаттың негізгі құрамын байланыс құрылғысына қызмет көрсететін инженерлі техникалық жұмысшылар мен мамандар құрайды.

Байланыс саласындағы ғылымдық техникалық прогресс қызмет көрсету салмағын жоғарылатумен  және пайдаланушыларға техникалық рұқсат құралдары мен байланыс каналдарын  берумен байланысты. Осыған қоса, компанияларда техникамен жабдықталуы жоғарылайды және алмасуды өңдеу мен абонентке қызмет көрсету  жаңадан енгізілген компьютерлік технологиялар арқылы жасалады.  Бұл байланыс саласындағы жұмысшылардың функционалды құрамының өзгерісіне әкеледі, яғни өндіру саласының персоналдарының бөлігінің өсу бағытына және техникалық құралдарға, машиналарға және механизмдерге қызмет көсету өседі. Жыл сайын бұл бөлік 0,3-0,5 пайызға өсуде.

Телекоммуникациялық жүйелердің құрылғыларының күрделенуіне  және көлемді көбейту шартына байланысты, байланыс кадрларының профессионалдық құрамы мен квалификациясына қатаң талап қойылып отыр.

Профессионалды квалификациялық еңбек бөлінісі–барлық жұмысшыларды прфессиясы мен мамандығы бойынша бөлуді ұсынады. Ал оның ішінде еңбектің қиындылығы бойынша топтарға, яғни квалификациясы бойынша.

Мамандық - бұл арнайы теориялық білімдер мен практикалық біліктілікті қажет етіп белгілі бір еңбек түрлерін өндіріс саласында қолданатын еңбектің түрі.  Еңбек фунцияларын белгілі өндіріс аймақтарында нақты мамандық аясында және жұмысшының нақты професссионалдық дайындығын қажет етеді. Мысалы: Телефонист мамандығы анықтама ақпараттық ГТС қызметі, МТС тапсырыстар үстелінің телефонисті қала аралық телефонист мамандықтарын біріктіреді. Мамандандырылған телеграфистерде аяқтау пунктінің телеграфисті аппаратты және аппаратсыз аймақтардың телеграфтық түйіндері ерекшеленеді. Электрожөндеушілердің мамандандырылған тобы қызмет көрсетіледі,  яғни коммутациялық құрылғыда, тарату жүйесінде және электр көзі құрылғылары болып бөлінеді.

Еңбектің қиындығына қарай, оған деген біліктілік пен практикалық қабілеттер,  жұмысқа жауапкершілік және осы жұмысты орындау үшін кәсіпорынның нақты аймағы мен жұмыс орны болуы бойынша квалификационды топтарға кіріледі. Ол жеке физикалық және психологиялық сипаттамасы және жұмысты профессионалды квалификациялы түрде орындау қасиеттеріне сай болады.  Жұмысшының мамандандырылған және жеке қасиеттері жалақыны әділетті төлеуі жұмыстың физикалық және ой қабілеті арқылы  жұмыс істеуіне байланысты.

Байланыс жұмысшыларының квалификациясын анықтау негізінде 18 разрядты торап жатыр.  Осыған байланысты байланыс жұмысшылары қызмет көрсетумен, айырбастау өңдеумен апару арқылы 3 разрядты тарифті тораппен дифферинциалды деңгейлермен сипатталады. Мысалы: байланыс операторлары 3-5 разрядтары мен,  телеграфистер 4-6 разрядтарымен, телефонистер 5-8 деңгейлерімен бағаланады.

Білікті байланыс жұмысшысының деңгейі 4-нші, 9-ншы разряд бойынша құрылғыға және мекемеге көрсетілген қызметі бойынша бағаланады. Инженер техникалық жұмысшылармен және мамандардың квалификациясы белгілі бір білім деңгейімен анықталады. Жұмыс орнына қабылданған кезде 1-нші, 2-нші  немесе 3-нші категория бойынша бекітіледі, ал 8-16 деңгейлері жалақы төлеу үшін қойылады (бас мамандар үшін 13-16 деңгей). 

 

5.3 Кәсіпорынның оптималды жұмыскерлер санын табу методикасы

 

Нарықтық экономикасы ресурстардың қысқарту қажеттігін көздейді, оның ішінде еңбек ресурстары да бар. Қазірігі қүнделікті және болашақтағы жұмыскерелер қажеттілігі деп ажыратады. Еңбек ресурстарының қажеттілігі 5.2 суретте көрсетілген.

 

5.2 сурет - Еңбек ресурстарының қажеттілігі

 

Тасымаладарды сұрыптайтын жұмыскерлер саны:

 

   ,                                       (5.2)

мұнда:

q – табиғи бірліктегі і-ші  түрдегі өндірістік операциялардың саны немесе орташа айлық алмасу;

 –1 сағатта – 1адамға шаққандағы операциясындағы  і –ші түрдегі өнім нормасы;

 - демалушының орнына істеуші коэффициенті. 1,08=24-28 күндік демалыс;

 - бір адамның жұмыс уақытының айлық қоры 165-169,2 сағат тасымал көлемі жетіспесе жұмыскер саны, қосымша маман үшін жұмыс істеуді есепке алу керек.

         Құралдарды пайдаланатын жұмыскерлер саны:

                                    ,                                  (5.3)

 

мұнда:

N- құралдар саны;

Hвp.o – уақыт нормасы, j – түрлі құралды пайдалануға жұмсалатын инженер техниакалы қызметкерлер саны, нормативке байланысты болады.

         Басқару жүйесінің қызметкерлер саны, кәсіпорынның ұйымдастыру структурасы бойынша табылады.

         Негізгі өндіріске керекті жұмысекер санын табу. Жыл басындағы жұмыскерлер санына () жұмыс көлемінің өсуіне байланысты жылдық штатының орташа өсімнің қосып, одан орташа жылдық босаған қызметкер санын алып тастаймыз.

жыл басындағы саны + орташа жылдық өсім – Э босатылған жұмыскелер саны.

        Орташа жылдық жұмыскерлер өсімін есептеу:

 

.                                 (5.4)

Ай бойы қабылдаған жұмыскерлердің орташа жылдық өсімін есептеу:

 


,                                                (5.5)

мұнда:

- қарастырылып отырған жылдың і-ші айындағы өсімі;

 - қарастырылып отырған жылы қабылдаған жұмыскерлердің жұмыс істеген толық айлар саны.

Еңбек өніміділігін арттыру арқылы жұмысшылар күшін үнемдеу:

 

                               (5.6)

айлық жұмыс уақыты

 - шараларды қолдануға дейінгі және қолданғаннан кейінгі уақыты нормасы.

5.4 Еңбек өнімділігінің  негізігі мәні және  көрсеткіштері

 

Еңбек өнімділігі бір жұмыскердің бір уақытта қызмет көлемін өндіру арқылы табылады. Еңбек өнімділігі - керісінше еңбек сыйымдылығы көрсеткіші, бұл бір қызметті жасау үшін жұмсалған уақыты көрсетеді.

Қызмет көлемінің өсімін төмендегі жолдармен алуға болады:

- Қосымша ресурстарды қолдану арқылы.

- Еңбек өнімділігінің өсуі арқылы.

Еңбек өнімділігінің өсу қарқыны,бірінші – экстенсивті, екінші – интенсивті болады.

Еңбек өнімділігінің өлшемі:

-                     Натуралды.

-                     Шартты-натуралды.

-                     Баға арқылы көрсетіледі.

Еңбек өнімділігінің баға арқылы өлшенуі кеңінен таратылған, оның формуласы:

,                                            (5.7)

мұнда:

-қызметтен түскен табыс (1 жылда);

- орташа жылдық жұмыскерлердің саны.

Еңбек ресурстарының тиімділігін (эффективтілігін) бағалау үшін еңбек өнімділігі көрсеткіші қолданылады.

Еңбек өнімділігінің тиімділігінің өсуінің маңызды сипаттамалары:

-          Еңбек өнімділігінің өсуі арқылы негізгі өндірістен алынған табыс.

-          Еңбек өнімділігінің өсуі арқылы үнемделген шартты штат.

Еңбек өнімділігінің өсуі арқылы алынған табыс:

 

,                                (5.8)

мұнда:

 - негізігі өндіріс табысы;

- еңбек өнімділігі;

-жоспарланған штат;

- ағымдағы жылдың еңбек өнімділігі;

- жоспарлау жылындағы еңбек өнімділігі.

Еңбек өнімділігі өсуіне байланысты шартты үнемделген штат:

 

.                                                    (5.9)

Есептелген табысты алу үшін керекті жұмыскерлер саны:

.                                (5.10)

Еңбек өнімділігінің өсу темпы орташа еңбек ақысының өсу темпысынан артық болуы керек.

Нарыққы өту кездерде бұл жағдай сақталған жоқ. Қазіргі жағдайда біртіндеп қалпына келе жатыр. Осы жағдайдың сақталуы қажет. Еңбек өнімділігінің  өсу қарқыны, қордың жабдықталу қарқынынан артық болуы керек.

Егер де осы  пропорция сақталған жағдайда,  интенсивті өрлеуге сәйкес деп айтуға болады, яғни өндіріс тиімділігі  көтеріледі.

 

5.5 Байланыс саласындағы еңбек өнімділігінің өсу факторлары мен резервтері

 

Еңбек өнімділігінің өсу факторлары еңбек процесстерінің элементтерінің өзгеруі деп түсіну керек.

Еңбек өнімділігінің өсу резервтері, еңбек ресурстарының қолданбаған мүмкіншіліктері болып табылады.

Өндіріс саласынан тыс факторларға жататындар: демографиялық, әлеуметтік, экономикалық әртүрлі жағдайлар.

Ішкі салалық факторлар: жұмыскерлер санының қысқартылуы, олар 2 топқа бөлінеді:

-         Техника-технологиялық.

-         Ұйымдастырушылық мәселелері.

Техника-технологиялық факторлар: механизациялау,автоматизациялау, модернизациялау, компьютерлеу.

Басқару жүйесін жақсарту еңбекті, өндірісті ұйымдастыру жұмыстарын жақсарту. Кадрлерді іріктеу, дайындау, жұмыс орындарын ұйымдастыру, өндіріс процестерін ықшамдау, еңбек шарттарын жақсарту, материалды, моральді жағдайларды жақсарту жұмыстары жатады.

Еңбек өнімділігінің өзгеруіне кейбір факторлардың көпшілік әсері тиеді.

,                                  (5.11)

мұнда:

 - і факторға байланысты жұмыскерлер санының үнемделуі;

және - базисті және қазіргі жылдардағы жұмыскерлер саны;

 - негізгі өндіріс табысының өзгеруі.

Барлық факторларды комплексты қолдану қажет,сонымен қатар еңбек өнімділігінің өсу факторларының  бірі болып еңбек тұрақтылығын жандандыруы болып  табылады.

Нарықтық экономика дамыған елдерде, еңбекті жандандыру проблемасы кеңінен терең зерттелуде.

Жандандыру деп, жұмыскерлердің  өз бастарының және ұжымның  мақсаттарына жету үшін, белгілі тұрақты жандандыру процессінің қалыптасу ісін түсінеді. Еңбектенудің мотивтері 5.3 суретте көрсетілген.

 

 

5.3 сурет-Еңбектенудің мотивтері

 

5.6  Еңбекақысының мәнісі, принциптері және оның төлеу көздері

 

Халықтың табиғи, рухани және әлеуметтік қажеттіктерін қанағаттандырудағы негізгі көздері еңбекақысы деуге болады.

Еңбекақы жұмыскерге еңбегін пайдаланғаны үшін ақша түрінде берілетін материалды сыйлық. Сыйдың көлемі еңбектің көпшілігіне және сипатына байланысты.

Еңбекақы, еңбек нарығындағы қажеттілікпен ұсынысына байланысты.

Олар номиналды (ақшалай) және нақтылы (реальды) еңбекақысы болып бөлінеді. Еңбекақысының қарқынының өсуі, еңбек өнімділігінің өсу қарқынынан төмен болуы керек. Еңбекақысының  деңгейіне дифференциалды болуға тиісті.

Мемлекет жүйесінен еңбекақы реттеліп отыруы қажет, еңбек туралы заңдар қабылданып, онда еңбекақысының минималды деңгейі белгілінеді. Бірдей тариф сеткасы кіргізіледі. Акционерлік қоғамдар еңбекақысын өздері заңға байланысты ұйымдастырады.

Еңбекақының көзі де және жұмысшыларды ынталандыруы да кәсіпорынның өзінің қоры болып табылады.Бұл қор тұтынуға бағытталған, оның құрамы 5.4 суретінде көрсетілген.

 

 

5.4 сурет - Байланыс саласының  тұтыну қорының құрамы

 

Байланыс саласында еңбекақы деңгейі әртүрлі. Пошта байланысында еңбекақы, электр байланысымен салыстырғанда екі-үш есе кем.

Еңбекақысын төлеу түрлері мен жүйесі Қазақстан Республикасындағы Біртекті тарифтік кестенің сипаттамасымен анықталады.

 

5.7 Қазақстан Республикасындағы Біртекті тарифтік кестенің сипаттамасы

 

Төленетін еңбекақыны анықтау үшін, еңбек шығынынан бөлек тарифтік кестені білу қажет. Еңбекақы төлеу реформасының негізін Біртекті тарифтік кесте құрайды.

Біртекті тарифтік кестені (БТК) құрайтын 21-разрядты шкала ішіне барлық кәсіптер мен қызметтердің разряд бойынша тізім жасалған (5.1кестені қара). Жұмыскерді қандай да бір мамандық-қызметтік топқа жатқызу олардың еңбегінің күрделілігіне негізделіп жүргізіледі.

Басқаша айтқанда, еңбектің күрделілігі мен жұмыскер мамаңдығы, белгілі бір дәрежеде барабар әрі өлшемдес ұғымдар болып табылады, сол себепті жұмыскер мамаңдығы оның атқаратын жұмыс күрделілігін мейлінше дәл көрсетеді. Жұмыскер мамандығы – бұл сапалық ұғым және оның тікелей сандық өлшеуші жоқ. Бірақ оның жанама түріндегі өлшеуші оны игеруге жұмсалған уақыт болып есптеледі. Кестені түзуде, жұмыскердің жеке қасиеттері ескерілмейді, соған қарамастан олар да мамандықтың маңызды бір бөлігін құрайды. Қызметкердің мамандық деңгеін өлшеу үшін оның қандай да бір қызметке кірісуге даярлау ұзақтығы алынады. Бұл дайындық  үш сатыдан- жалпы және арнаулы білімі, сонымен қатар берілген қызметке кірісу кезіндегі жұмыс өтілінен тұрады. Жұмыс өтілі берілген қызметті атқаруға қажетті қызметтердегі жинақтаған тәжерибесімен ғана есептеледі.

 

         5.1 кесте - Қазақстан Республикасындағы біртекті трафиктік кесте

БТК разряды

Трафиктік коэффициент (1-разрядқа қатысты)

БТК разряды

Тарифтік коэффициент (1-разрядқа қатысты)

1

2

3

4

1

2

3

4

1

1,0

12

2,20

2

1,07

13

2,37

1

2

3

4

3

1,15

14

2,55

4

1,24

15

2,74

5

1,33

16

2,95

6

1,43

17

3,17

7

1,54

18

3,41

8

1,66

19

3,67

9

1,78

20

3,94

10

1,91

21

4,24

11

2,05

 

 

 

Мамандық-қызметтік топтар құру үшін қызметтер бойынша қызметкерлердің еңбек қиындығына байланысты мамандық айырмашалағын аңықтау мақсатында ғылыми мекемелер нақты басшы, мамандар және өзге де халық шаруашылығының әр түрлі саласындағы қызметкерлердің жұмысқа орналасуға қажетті іс жүзіндегі дайындық уақытын анықтау жөнінде зерттеу жүргізді. Осындай уақыт аралығы еңбек салалары бойынша неғұрлым маңызды, сондықтан түйіндік қызметтір кәсіби мамандық карталары көмегімен анықталады. Қызметтер мен мамандық қызметтік топтар бойынша кызметкерлердің еңбек күрделігіндегі сандық айырмашылығы болып табылған еңбек күрделігінің коэффициенті төмендегі формуламен анықталады:

 

Кеқормөлш,                                            (5.12)

мұнда:

Тор – сәйкес қызметтегі жұмыскерлерді орташа өлшемді дайндау ұзақтығы;

Тмөлш – шартты түрде қабылданған қарапайым еңбек ететін жұмыскерді даярлаудың мөлшерлі мерзімі, оған мектепте алған білімі және төменгі сатыдағы қызметтерге орналасуға қажетті қысқа мерзімді даярлау кіреді.

Қызметтерді еңбек күрделігінің коэффициентіне сай лауазымға бөлу еңбек күрделігі мен жұмыскер мамандығы арасында тікелей байланыс барын көрсетті және мамандық көрсеткіші басшылар, мамандар мен қызметкерлер қызметін тарифтеуді нақтылауға пайдаланылды.

Лауазымға бөлу 17 блок құруға мүмкіндік берді. Қызметкерлерді тарифтеу диапазоны 2-ден 21-разрядқа дейін орын алады, соның ішінде өндіріс саласының қызметкерлері 2-ден 18-дейін. Күрделігіне қарай бір разрядтың шарты “салмағы” анықталды. Ол өндірістік сала қызметкерлерінің тарифтеуінде пайдалануға сәйкестеленіп есептелген.

Жұмыскерлер еңбегін Біртекті тарифті кесте негізінде біртекті тарифтік төлеміне көшіру деген сөз қызметкерлерге де, жұмыскелер секілді жеке мамандық разряды беріледі дегенді білдірмейді. Кәсіби деңгейдің көрсеткіші ретінде мамандық санатын қолдану қажет. Тарифтік разрядты қызметкерлер үшін қолданудың жалғыз мақсаты – БТК төлеміне сәйкес тобын анықтау.

                  

Бақылау сұрақтары:

1)                Байланыс кадрларының құрылымы және құрамы неден тұрады?

2)                Жұмысшылардың санын қалай анықтауғы болады?

3)                Еңбек өнімділігі қандай көрсеткіштермен есептелінеді?  

4)                Байланыстағы жұмысшылардың еңбек ақысын төлеу түрлері қандай?

5)                ҚР біртекті тарифтік кесте дегеніміз не?

 

6 -тақырып.  Байланыстың өндірістік қорлары және олардың қолданылуы

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)                 Байланыстың өндірістік қорлары, олардың экономикалық сипаттамасы,   құрамы, құрылымы.

2)                Негізгі қорларды  бағалау әдістері.

3)                Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы.

4)                Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштік жүйесі.

5)                Байланыс кәсіпорнының айналым құралдары, оның құрамы мен      құрылымы, айналым құралдарын қолданудың көрсеткіштері.

6)                Негізгі қор мен айналым  қорларының салыстырма түрлері.

 

6.1 Байланыстың өндірістік қорлары, олардың экономикалық сипаттамасы,   құрамы, құрылымы

 

Өндірістік қызметті іске асыру үшін кез – келген субъектінің экономикалық ресурстары болуы қажет. Қазіргі экономикалық әдебиеттерде ресурс негізгі екі формаға бөлінеді: материалды ресурстар (еңбек құралдары, еңбек заты, жер); адам ресурстары (еңбек және кәсіптік қабілеттілігі).

Еңбек құралдары негізгі қор (негізгі құралдар) болып табылады, ал еңбек заттары – байланыстың өндірістік қорларын құрайтын айналым құралдары болып табылады. Еңбек құралдарының еңбек затынан айырмашылығы мынадай: еңбек жабдығы, құрал- сайман- өндірісте ұзақ уақыт пайдаланылады; сонда да оның қалыпты, нақты формасы бұзылмай сақталады; оның құны ақырындап өнімге ауысады.

Негізгі қорлар (НҚ) өндіріс процесіне ене отырып, өзінің табиғи – заттық формасын сақтай отырып, қызмет көлемін құруда ұзақ уақыт қолданылып келеді. Өзінің қызмет ету мерзімінде олар тізбектік айналымдар қатарына кіреді және өзінің бағасын амортизация түрінде жаңадан құрылған өнімнің бағасына біртіндеп ауыстырады. Амортизацияланбаған бөлігі негізгі қорда қалады.

Негізгі қорлардың ауысуы қызмет ету мерзімінің өтуімен және керекті құралдардың жаңаруымен жүзеге асырылады.

Айналым құралдары (АҚ) әр еңбектің өндіріс циклында түгел пайдаланылады, өндіріс циклын өзгертіп, жаңалап, ауыстырып отырады.

Негізгі өндіпістік қорлар және айналым құралдары кәсіпорынның уставтық қорын құрайды, ал акционерлік қоғамдарда олар өзінің акционерлік капиталының бағасын көрсетеді. Ол кірістің негізгі көзі болып табылады деп айтуға да болады.

Байланыс саласында негізгі қорлар 92 – 97 %  құрайды, тек соның 7 – 8 % ғана айналым құралдарын құрайды. Бұл саланың ерекшелігімен  айқындалған, мұндағы еңбек заты бұл – заттық емес сипаты бар ақпарат, ал қызмет ету барысында шаруашылық өнімдерін шығару кезінде орын алатын шикізаттар мен материалдарды қолданбайды.

Негізгі өндірістік қорлар (НӨҚ) келесілерге бөлінеді (6.1 суретті қара):

 

 

 

 

 

Өндірісті негізгі қорлар мәліметтерді тарату бойынша өндіріс процестеріне қатысады немесе осы процестердің іске асуы үшін керекті материалды жағдайларды қамтамасыз етеді.

 

 

6.1 сурет - Байланыс саласының негізгі қорларының түрлері

 

Өндірісті және қызмет көрсетуді құру кезінде орындалатын функцияларға байланысты барлық экономика саласына қажетті бірыңғай негізгі өндірістік қорлардың сипаттық түрлері белгіленген. НӨҚ – ң әрбір саласына оның технико – технологиялық негізін қалыптастыратын еңбектің өзіндік құралдарын қосады.

Негізгі қорлар өзінің атқаратын қызметіне байланысты, өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік негізгі қорлар (НӨҚ) - өндіріске,хабар беру процесіне тікелей қатынасатын қорлар. Олар электр байланысының құрылғылары, құрал-жабдықтары хабар тарататын құбырғылары, ал пошта саласында, пошта алмасуын  жеткізетін транспортерлер, машиналар, көліктер және т.б. Өндіріс ғимараттары, құбырғылар, құрал-жабдықтарда осыған жатады. Байланыс саласының  негізгі өндірістік қорларының  салалық меншігіне байланысты түрлік құрылымы  6.1 кестесінде көрсетілген. Осы кестеде көрсетілгендей НӨҚ-ның әрбір саланың меншіктік пайыз салмағы  әр түрлі болып келеді.

Негізгі өндірістік емес қорларға  - өндіріске тікелей қатыспаса да, кәсіпорынның балансындағы  қорлар жатады. Бұл топқа осы байланыс ұжымының  меншігіндегі тұрғын үйлер, бала-бақшалар, спорттық кешендер және де ойын-сауық кешендері жатады.

Негізгі өндіріс қорларына түрлік  құрылымдарына - өндіріс ғимараттары, байланыс құрылғылары, жеткізу құралдары, машиналар (жұмысшы және күш машиналары), көліктер (пошта тасымал машиналары, пошта вагондары, автомобильдер, электрокаралар) жатады.

Қосымша өндіріс қорларына - өлшеуіштер және реттеуіш аспаптары қондырғылар мен зертханалық жабдықтар жатады.

 

  6.1 кесте - Байланыстың негізгі өндірістік қорларының түрлік құрылымы

НӨҚ-дың түрлері

Меншікті салмақ,%

Байланыс бойынша барлығы

Пошталық байланыс

Электрбайланыс

РБ,РТжәнеТД

1

2

3

4

5

Ғимараттар

17,1

70,8

13,7

20,0

Құрылғылар  мен жеткізу құраладары

35,2

0,0

36,9

28,0

Машиналар мен жабдықтар

45,1

12,8

46,9

48,8

Көлік құралдары

1,3

4,2

1,4

1,0

Тағы басқалар

1,3

12,2

1,1

2,2

Барлығы

100,0

100,0

100,0

100,0

 

Сонымен қатар негізгі өндіріс қорлары активті (белсенді) және пассивті болып екіге бөлінеді. Байланыс саласында белсенді НӨҚ-на жұмыс және күш машиналары, құрылғылар, тарату құрылғылары және тасымал көліктері жатады. Пассивті НӨҚ-на ғимараттар, құрылғылар, құрал-саймандар, инструменттер жатады.

НӨҚ-ның  түрлік  құрылымы оның  қайта қалпына келтіру, яғни техникалық  қайта жабдықтау, реконструкциялау  және модернизациялау арқылы іске асады.

 

6.2   Негізгі қорларды  бағалау әдістері

 

Негізгі құралдардың әр түрлі топтарының бағасы оның жалпы бағасына қатынасы -  НӨҚ-ң сипаттық немесе технологиялық құрылымын анықтайды. НӨҚ-ң бағалау әдістері табиғи (натуральды) және ақшалай болып бөлінеді.

НӨҚ – ң  натуралды  бағалау әдістері еңбек құралдарының техникалық құрамын, кәсіпорынның өндірістік қуатын, НӨҚ – ң деңгейлерін анықтағанда қолданылады. Табиғи формада НҚ – ды бағалау кезінде мыналар белгіленеді: құрылғының саны, оның өнімділігі, қуаты, өндірістік ауданның өлшемі және т.б. мөлшерлік шамалар.

Натуралды көрсеткіштердің негізінде НҚ– ң кірісі мен шығысының жоспарлануы жүзеге асырылады, құрылғының балансы құрылады, оған қызмет көрсету үшін керекті штат есептелінеді. Соған байланысты кәсіпорында инвентаризациялау мен паспортизациялау өткізіледі, бұл кезде НҚ–ң жеке түрлері және олардың әрқайсысының мөлшерлік сипаттамасы анықталады.

Натуралды көрсеткіш көрнекі және нақты болып табылады, бірақ еңбек құралдарының түрлерін және кәсіпорын немесе сала бойынша НҚ – ң жалпы бағасын анықтай алмады. НҚ-ң жалпы бағасын, оның динамикасы мен құрылымын, қайта өндірісінің жоспарлануын, тозу деңгейін анықтау үшін НҚ-ң ақшалай бағалау әдісі қолданылады. НҚ-ды бағалау –  бұл олардың ақшалай анықталуы. НҚ-ды бағалаудың негізгі түрлері мыналар болып табылады:толық бастапқы құнды бағалау;толық қалпына келтіру құны.

Толық бастапқы құнды  бағалау  (Фб ) – затты сатып алуға, құрылысқа құбырларға, тасымалдауға және монтаждауға кеткен шығынның іс жүзіндегі соммасы.

Толық қалпына келтіру құны (Фв) – қазіргі кездегі НӨҚ – ды қайта қалпына келтіруге кеткен (құрылысқа, құбырларға, сатып алуға) шығын сомасы.Толық қалпына келтіру бағасы негізгі қордың қай уақытта енгізілуіне тәуелді емес, яғни ағымдағы нарықтық бағаның деңгейіне тең. НӨҚ-ды толық қалпына келтіру, еңбек құралдарының бағасының қарқынына тәуелді, мерзімді қайта бағалау нәтижесімен анықталады .

Қайта қалпына келтіру көрсеткішінің бастапқы көрсеткішке тәуелді ауытқу шамасына, ҒТП –ке, инфляция деңгейіне және т.б. байланысты.

Толық бастапқы және қалпына келтірілген құндарды бағалау әдістері қолдану кезінде негізгі қорлардың тозатындығын және өз құндылығын біртіндеп жоғалтатындығын ескермейді. НӨҚ-дың мұндай құны қалдық деп аталады және олардың әсерлі қолданылуы,  мерзімінде тозу дәрежесін ескере отырып анықтайды. Ол бастапқы және қалпына келтірілген құн бойынша есептелуі мүмкін.

Тозуды шегергендегі бастапқы құн немесе бастапқы бағалаудағы қалдық құн (Ф’б) жасалған қызметтердің құнына көшірілмеген қаражат құралдарының негізгі қорларын жасауға бастапқыда жұмсалған бөлігін  сипаттайды. Бастапқы бағалаудағы қалдық құн толық бастапқы құн мен олардың нақтылы қолдану уақытында НӨҚ-ды қалпына келтіруге кеткен амортизация сомасының айырмасына тең, яғни

 

                                  ,                                                (6.1)

мұнда:

 Наі- НӨҚ-ның і-ші түрдегі амортизациясының нормасы, %;

 Тбі- і-ші түрлі НӨҚ-ның нақтылы жұмыс істеу мерзімі.

Тозуды шегергендегі қалпына келтірілген құн немесе қалдықты қалпына келтіретін құн (Ф’қ) негізгі қорлардың толық қалпына келтірілген құны мен амортизация эксплуатациясы кезінде енгізілген соманың айырмасына тең. Қалпына келтірілген құн және қалдықтық қалпына келтірілген құнды есептеу әдісі бойынша НӨҚ-ды бағалаудың экономикалық негізіне қарайтын болсақ, қарастырылып отырған бағалау түрі еңбек құралдарының моральдық, физикалық тозуын ақшалай түрде ескеретіндігін көреміз. Бағалаудың бұл түрі қазіргі жағдайларда НӨҚ-дың  нақтылы көлемін құндылық түрінде бағалауға  мүмкіндік береді, ал ол өз кезегінде негізгі капиталдың ұзақ мерзімде қызмет істеуіне, құрылымына ие саланың жеке ұйымдары бойынша салыстыруды қамтамасыз етеді.

Ұйым активтерінің құрамдық бөлігі ретінде ұйым баланстарында көрініс табатын НӨҚ-дың баланстық құны (Фбл) тәжірибелік маңызға ие.  Баланстық құн әр жыл мен тоқсанның аяғындағы толық және қалдықтық баға бойынша анықталады. Толық құн бойынша оның көлемі келесі формуламен есептеледі:

                                          Фблж.б.енг – Фшығ,                                                                       (6.2)

 мұнда:

Фж.б. – есеп беру мерзіміндегі  (жыл, тоқсан) негізгі қорлардың толық қалпына келтірілген құны;

Фенг және  Фшығ – есеп беру мерзіміндегі енгізілген және шығарылған негізгі қорлардың толық құны.

Қалдықтық құн бойынша негізгі қорлардың балансы (тозуды шегергенде) келесі түрде болады:

                                          Ф’бл =Ф’ж.б.енг- Ф ’шығ – А,                                   (6.3)

мұнда:

            Ф’ж.б. - есеп беру мерзіміндегі (жыл, тоқсан) негізгі қорлардың қалдықтық құны;

           Ф’шығ - есеп беру мерзіміндегі шығарылған негізгі қорлардың қалдықтық құны;

            А – есеп беру мерзіміндегі негізгі құралдардың қайта қалпына келтіруге кеткен амортизациялық бөліну сомасы.

НӨҚ-дың баланстық құндарын анықтау формулаларынан олардың өлшемі жыл бойы тұрақты болмайтындығы көрінеді: жаңа құрылыс, модернизация және техникалық қайта қарулануға байланысты жаңа еңбек құралдары енгізіледі, ал олардың бөлігі тозу мен ескіру себептерінен өндірістік үрдісінен шығады. Осыған байланысты, аналитикалық мақсаттар үшін экономикалық есептеулерде:

 

                                   Ф=[(Фж.б.ж.с.)/2+ Ф1.4 + Ф1.7+ Ф1.10]/4,                        (6.4)

мұнда:

          Фж.б. және Фж.с. – жыл басы мен соңындағы НӨҚ-дың құны;

          Ф1.4, Ф1.7, Ф1.10 – айлар басына НӨҚ-дың құны ( 4 – сәуір, 7 – шілде, 10 – қазан), олар сәйкесінше 2,3 және 4-ші тоқсандардың басын анықтайды. Олардың көлемі нақты уақытты интервалындағы қорлардың енгізілуі мен шығарылуына ескерілуімен орнатылады. Негізгі қорлардың орташа жылдық құнының көрсеткіші кең қолданысқа ие,  осы көрсеткіш арқылы  негізгі қордың пайдалану көрсеткіштері анықталады.

6.3    Негізгі қорлардың тозуы және амортизациясы

 

Негізгі өндіріс қорлары (НӨҚ) байланыстың қызмет көрсету процесіне енгеннен кейін тозады және өзінің техникалық сипаттамаларын жоғалтады. Бұл құбылыс тозу деп аталады. Оның экономикалық мәні - еңбек жабдықтарының өзіндік тұтыну құны мен бағасының жоғалуынан тұрады. Негізгі өндіріс қорлары екі түрге бөлінеді:

-                     физикалық тозу;

-                     моральді тозу.

Физикалық тозу құрылғының істен шығуы, іске пайдалану кезінде сипаттамасының өзгеруі немесе қоршаған ортаның әсер етуі сияқты факторларына байланысты. Тозудың бұл түрін физикалық деп атайды. Өйткені оның заттай сипаты еңбек жабдығының белгілі бір сипаттамаларының өзгеруі болып келеді. Мысалы, құрылғыны көп қолданғаннан кейін оның түйіспелері мен қозғалыстағы бөліктері тозады, сапалығы мен мықтылығы төмендейді. Сыртқы ортаның (жоғары ылғалдық, қышқылдардың болуы) әсерінен металды бөліктер коррозияға ұшырайды, сөйтіп олардың қорғаныс қабықшалары бұзылады. Нәтижесінде негізгі жабдықтар түгелімен немесе олардың бөліктері белгілі бір функцияларды жүзеге асыру және сапалы қызмет көрсету қабілетінен айырылады.

Негізгі қорлардың көптеген түрлері физикалық тозуға әртүрлі жылдамдықпен ұшырайды. Ғимараттар баяу, ал жұмыс машиналары және көлік жабдықтары тез тозады. Осыны ескере отырып, арнайы нормативті актілермен негізгі өндіріс қорларының белгілі бір түрлерін қолданудың пайдалы мерзімі бекітілді. Қазақстан Республикасы  бойынша қолданудың пайдалы мерзіміне байланысты барлық  өндіріс қорлары 10 топқа бөлінеді (6.1 кестені қара). Әр топта мерзім уақыттық интервал түрінде құрылады. Мысалы, бір жылдан екінші жылға дейін, үш жылдан бес жылға дейін, жиырма жылдан жиырма бес жылға дейін және т.б. Операторлар бекітілген интервалдарға сүйеніп, негізгі қорлардың қолданылу пайдалы мерзімін анықтайды.

Негізгі өндіріс қорларының материалды тозуын анықтайтын негізгі факторлар:

1)                қолдану қарқындылығы және жұмыс ұзақтығы;

2)                негізгі қорлардың сапасы;

3)                қоршаған ортаның әсері және құрылғыларды зиянды әсерден қорғау;

4)                техникалық қызмет көрсетудің сапасы және периодтылығы.

Жалпы жағдайда негізгі қорлардың физикалық тозуы өзінің қызмет ету мерзімі кезінде бірқалыпсыз өтеді. Жұмысқа пайдаланудың бастапқы периодынды тозу жылдамдығы жоғары, өйткені жаңа құрылғыны өндіру, монтаждау, байланыс объектілерін құру кезінде жіберілген кемшіліктері шығады. Содан кейін қолданудың пайдалы мерзімінің үлкен бір бөлігінде немесе  аралығында физикалық тозу орташа қарқынмен өседі. Негізгі қорлар толық физикалық қабілетсіздікке келгенде, тозу қадамы күрт өсіп кетеді.

Физикалық тозудың даму қадамының бәсеңдеуі - байланыс саласының мәнді функцияларының бірі. Яғни, тозудың бәсеңдеуі құрылғының уақыты және қуаты бойынша рационалды қолданылуы, қызмет көрсету тәсілдерінің өңделуі, уақытында сапалы жөндеу жүргізу, өндіріс орындарында жақсы климаттық жағдайлар (температура, ылғал) тудыру және сыртқы зиянды факторлардан қорғаудың нәтижесінде болады. Осының барлығы ұжымның материалды-техникалық базасына оң әсер етеді, өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Физикалық тозу (Иф) қызмет ету (Тсл) мерзімі кезіндегі амортизациялық шығындардың (А) қосындысына тең немесе бұл мәннің НӨҚ-ның балансты бағалануына қатынасымен 100%-ға көбейтілуі, яғни

 

Иф =∑ Аt      және     Иф =(∑ Аt / Фб)·100.                        (6.5)  

 

Ғылыми-техникалық прогресстің шарттарына сәйкес, негізгі қорлар физикалық тозумен қатар моральды тозуға ұшырауы мүмкін. Бұл тозу құрылғының физикалық ескіруімен байланысты емес.

Моральді немесе экономикалық тозу дегеніміз еңбек құралдарының ғылыми-техникалық прогресстің салдарынынан тұтыну бағасы мен бағалар құнының жоғалуын, моралды немесе экономикалық тозу деп атайды.

Моральді тозудың негізгі екі формасы бар: біріншісі негізгі қорлардың қайта қалпына келтіруге кеткен экономикалық  шығындардың қысқартылуымен түсіндіріледі. Моральды тозудың бірінші формасында негізгі қорлардың құны төмендейді, бірақ олардың тұтыну бағасы сақталып қалады.

Моральді тозудың екінші формасы нарықта байланыс құрылғыларының, станцияларының жаңартылған, жоғары өнімді және үнемді түрлерінің пайда болуы нәтижесінде негізгі қорлардың бағасының тұтыну құнының төмендеуіне әкеліп соғуымен түсіндіріледі.

Моральді ескірген, тозған құрылғылардың көмегімен жасалған қызметтің сапасы төмен болғандықтан өз тұтынушыларын жоғалтады. Сымсыз байланыс аумағында NMT-450 стандарты GSM стандартына қарағанда ескірген. Сондықтан нарық экономикасы шарттарына сәйкес байланыс  операторларының жұмыстары тиімді болу үшін, моральді тозған құрылғыны ауыстыру қажет.

Тұрақты экономика шартына сай моральдік тозу бастапқы және қайта қалыптасқан негізгі өндірістік қордың бағасына байланысты анықталады:

 

Имб – Фв  немесе   Им=(Фб – Фв)100/Фб.                           (6.6)  

 

Қайта қалыптасу бағасы инфляцияның жоғарғы қарқыныына бастапқыға қарағанда үлкен болуы мүмкін, яғни негізгі қорлардың материалдық немесе экономикалық құрамына ғана емес, сонымен қатар баға факторларына да байланысты болып келеді. Сондықтан, моральдік тозудың жеткілікті дәрежедегі тұрақтылығы не эксперттік жолмен, не қызмет көрсету мерзімдерінің  негіздеріне сәйкес және орнатылған мерзімнің пайдалы НӨҚ қолдану арқылы анықталады. Бұл тәсіл құрылғылардың жеке түрлерінің моральдік тозу шамасын бағалау үшін жеңіл қолданылуы мүмкін. Егер де ұйымның негізгі амалдарының жиынтығының барлығына колдану қажет болса, онда қызмет көрсету мерзімдерінің көрсеткіштерімен бекітілген және тиімді пайдалану мерзімдері әр түрлі жас ерекшелік топтарында орта есеппен анықталады.

Жалпы тозу негізгі өндіріс қорларының физикалық және моральдік тозуы бойынша есептеледі:

 

Ио=100 – (100 – Иф)(100 – Им).                                    (6.7) 

 

Тозу мәселесін қарастыра отырып, бір нәрсеге көңіл бөлу керек, пайдаланылса да, әлде өндіріс процесінде пайданылмаса да (қоймада және т.б. жерлерде), барлық НӨҚ физикалықта да, сонымен қатар моральдікте де ескіреді. Жұмыс жасамайтын негізгі қорлар жаңа өнім шығармай және қызмет көрсетпейтіндіктен, тозу соңғы жағдайда кері әсерін тигізеді, яғни тозудың орнын толтырмайтын операторлардың тікелей шығыны болып табылады.

Техникалық жаңа жаңдандыру, байланыс құрылғыларын жаңалау және де қазіргі заманға сай цифрлық құрылғылар негізіндегі желіні кеңейту, соңғы жылдары төмендеп кеткен негізгі өндіріс қорларының тармақтарындағы тозудың төмендеуінің тұрақтылығына алып келеді, мысалы, электроэнергетикада, транспортта және өндірісте. Қоғамды ақпараттандыру шартында телекоммуникация жүйесіне қойылатын талаптардың жоғарлауын ескере отырып, НӨҚ жасаралық және сапалық құрамының жақсаруына бағытталған және құрылғыларының тозу шамасын азаюына арналған, байланыс саласында тізбектелген саясат  жүргізіледі.

Еңбектің жаңа амалдарын енгізу нәтижесінде, жаңа құрылыс, қайта құру және техникалық қайта жабдықтаудың есебінен тозудың дәрежесінің төмендеуі негізгі өндіріс қорларының жаңаруына ықпалын тигізеді. Негізгі қорлардың жаңаруын сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

Коб - жаңару коэффициенті, НӨҚның жыл бойы енгізілген бағаның жыл аяғындағы мәнінің қатынасы, яғни:

 

Кобенг / Фж.с;                                            (6.8)  

Квыб - істен шығу  коэффициенті, негізгі қорлардың жыл бойғы істен шығу  бағасының жыл басындағы баға қатынасы тең:

 

                                                       Кшығшығ / Фж.б..                                         (6.9)  

Байланыс саласында жаңару коэффициентінің нақты мәні соңғы жылдары тұрақты өсуде, бұл өндіріске қарағанда 2-3 есе жоғары. Негізгі өндірістік байланыс қорларының орташа жылдық шығыс коэффициенті  2%-ды құрайды, ал бұл жеткіліксіз болып табылады.

Негізгі өндіріс қорларының тозуын өтейтін экономикалық амалы амортизация болып табылады. Амортизация - НӨҚ бағысының жаңадан пайда болған өнім немесе қызметтің тозуының бағасын біртіндеп орнын басуын көрсетеді. Амортизацияның сандық мәні және оның ақшалай көрсеткіші болып, негізгі өндіріс қорларының толық қайта құрылуына арналған амортизациялық өтеулер болады. Амортизациялық өтеулерді экономикалық тұрғыдан алсақ, еңбек амалдарындағы ақшаның заттануы, бір өндіріс айналымында шығындалатын өнім мен қызметтің эквивалеті.

Тиімді пайдалану мерзімдерінің 6.2-кестесі бойынша, көрсететін НӨҚ-ның әрбір түріне сәйкес келетін амортизация нормасы (Наі) және негізгі өндірістік қорлардың нақты түрінің (Фі) бағасынан операторлар амортизациялық өтеулерді шығарады.

 

         6.2 кесте– Амортизация топтарын қоса алғандағы байланыстың негізгі қорларының классификациясы

Амортизациялық топтар

Тиімді пайдалану мерзімдері

Байланыстың негізгі қорлар түрлерінің мысалы (амортизация объектілері)

1

2

3

Бірінші

Бір жылдан екі жылға дейін

Телекоммуникациялық құрылғылар мен линиялы-кабельдік жұмыс үшін байланыс жолдарын пайдалануға арналған арнайы жабдықтар мен құралдар

Екінші

Екі жылдан үш жылға дейін

Кабель орнатушы

Үшінші

Үш жылдан  бес жылға дейін 

Таксофондық және радиотелефондық аппараттарын қоса алғандағы, телефон аппараттары мен арнайы құрылғылары

...

...

...

Оныншы

Отыз жылдан аса

Темірбетонды және металл каркасты ғимарат

 

Іс жүзіндегі салық заңдылықтарына сәйкес басқарушы субъектілер байланыс операторларымен бірге амортизациялаудың екі түрлі әдісінің бірін қолданады: сызықты немесе сызықсыз. Сызықтық әдіс – пайдалануға берілген мерзімге тәуелсіз ғимараттардың, құрылысының және таратушы құрылғылардың амортизациялық есептеулерді анықтауда қолданады. Жоғарғы негізгі өндірістік қорларға қарағанда ұжымдар жоғарыда айтылған екі әдістің біреуін қолдана алады.

 

Hai = (1/Tпол. исп.)·100,                                   (6.10)  

мұнда:

Hai – і-інші түрдегі амортизациялау алғашқы бағасының пайыздық қатынасының амортизациялау нормасы.

Тпол.исп. – осы амортизациялау объектісін тиімді қолдану айға шаққандағы мерзімі.

Сызықсыз әдісті қолдану кезінде амортизациялау санағының мынандай есептеу формуласы қолданылады.

Наі = (2/Tпол. исп)·100,                                     (6.11)  

 

Амортизациялау есептеуінің сызықсыз әдісін қолданады. Негізгі қаржылардың қалдық бағасы есепке алынады, ал амортизациялық төлемдермен есептеу мынадай жолмен жүреді; осы айдан келесі айға бұл кезде амортизациялау объектісінің қолдық бағасы оның алғашқы (қалыпқа келтіру) бағасының 20%-на жетеді және осы қалдық баға амортизациялық төлемдер мақсатында базалық бағасы болып тіркеледі.

Содан кейін жалпы қаржының осы объект бойынша бөлінетін бір айлық амортизация саласы осы объектіні тиімді пайдалану мерзімі біткенге дейінгі айлар санына бөлу арқылы анықталады.

Өзінің экономикалық маңызы бойынша амортизациялық төлемдер нормасы жаңа өнім бағасына айналып, ай сайын қайтарылып отыратын негізгі қаржының бір бөлігінің салыстырмалы көрсеткіші болып табылады. Негізгі қорлардың жаңарып отыру қарқыны жөнінен амортизация нормасының абсолюттік көлемі өте жоғары маңызға ие. Егер амортизация нормасы төмен деңгейге белгіленсе, онда операторға негізгі өндірістік  қор үшін қаржы жинауға ұзақ уақыт қажет болады, бұл дегенін ғылыми-техникалық прогрестің  қарқынын баяулатады. Ал жоғары норма жағдайында ұжымдардың қоғамдық еңбек шығындары жоғарылап, жасалатын қызметтердің өзіндік құны артады. Бұл дегенің байланыс қызметтердің тарифтері өзгеріссіз болса, өндірістің рентабельдігі мен түсетін пайдасының төмендеуіне себеп болады, ал бағаны өсіру – қызметтерді пайдалану деңгейінің қысқаруына әкелуі мүмкін. Сондықтан, амортизациялық нормаларды белгілеу кезінде ғылыми-техникалық прогресстің өсу талаптарын қанағаттандыратын,  телекоммуникациялық компаниялар қызметінің тиімділігін арттыру және қолданушылардың төмен бағалы негізгі қызметтерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін парасатты – жеңіл жолдарды табу қажет.

Амортизациялық төлемдердің есептеу формуласының жалпы түрі мынадай:

А=∑ФіНаі/100,                                          (6.12)  

мұнда:

 Фі – і-ші түрдегі негізгі өндірістік қорлардың бағасы.

Жоғарыда айтылғандай, сызықтық әдіс кезінде амортизацияға төлеу алғашқы негізгі қорларды соңғы 2 қайта бағалау аралығында қолданысқа енгізілген объектілер үшін және қалпына келтіру (соңғы қайта бағалау кезінде іске қосылған объектілер үшін) бағасы есепке алынады, ал сызықсыз әдіс қолданылса, онда амортизация объектілерінің қалдық бағасы есепке алынады.

Еңбек құралдарының кейбір түрлерін пайдалану шарттарын көрсететін спецификалық факторларды есепке алу мақсатында амортизацияға төлеу тәртібі әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, егер негізгі қорлар агрессиялық орта жағдайында қолданылса, жұмыстың жоғары сменалығында болса немесе қаржылық аренда келісім-шарты (лизингтік келісім-шарт) болып табылатын болса, онда ұжым амортизациялық нормаларға арнайы нормативті – заң шығарушы актілер белгілеген көлемнен аспайтын жоғары коэффициенттерді қолдануына құқылы.

Амортизациялық төлемдер тек белгіленген мақсатта қолданылуы тиіс, яғни ғылыми-техникалық және өндірістің дамуына, қайта өндіріс пен байланыс ұжымдары негізгі қорларының жетілдірілуіне. Бұл өндірістің материалды-техникалық базасының жақсаруына қамтамасыз етеді, көрсетілетін қызметтердің санын көбейту мен олардың сапасын жоғарылату себеп болады.

 

6.4  Негізгі өндірістік қорларды қолданудың көрсеткіштік жүйесі

 

Байланыстың негізгі қорын пайдалана білу, жетілдіру - әр мекеменің маңызды міндеті. Негізгі қордың мекеме экономикасына әсер етуін жоспарлайды, бағалау үшін көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады. Олар шынайы табиғи және құндық көрсеткіштерден құралады. Құндық көрсеткіштер экономиканың барлық саласына ортақ болып табылады, ал табиғи көрсеткіштер. Негізгі қордың технологиялық құрамының ерекшелігін есептейді.

Табиғи технико – экономикалық көрсеткіштер үшке бөлінеді:

-                     құрылғылар мен каналдарды қолдану;

-                     құрылғылардың жұмыс істеуі;

-                     байланысқа енгізілген өндірістік қуатты меңгеру.

Құрылғылар мен каналдарды қолдану көрсеткіштері жеке түрдегі байланыс құрылғылары үшін ортақ болып табылады. Оларға мыналар жатады:

-                     экстенсивті пайдалану коэффициенті;

-                     интенсивті пайдалану коэффициенті;

-                     интегралды пайдалану коэффициенті.

Мысал: 

Таратқыш 24 сағаттың ішінде 18 сағат жұмыс істеді, 650мың көлемдегі сөздің 400 мыңы жіберілді.

0,75 – экст.

0,61 – интенс.

0,46 – интегр.

Қарастырылған натуралды  технико-экономикалық көрсеткіштер жүйесі байланыс жүйесінің қондырғылары мен құрылғыларының жекелеген түрінің қолданыс сипаттамасын береді. Бұл әсерлі еңбек  құралдары мен олардың берілуінің ұлғаю  резервін анықтауда маңызды орынға ие. Алайда тек қана натуралды көрсеткіштерді қолдану байланыс қызметін жасау процесіне қатысты жалпы негізгі құралдар жиынтығын қолдануды кешенді бағалау мүмкіндігін қамтамасыз етпейді. Сол себепті оларды жекелеген мекемелерде,бөлімшелерде,салаларда (АҚ) есептелетін қолдану көрсеткіштерінің жалпылай бағалануымен (ҚЖК) толықтырады.

НӨҚ – ды қолданудың тиімді көрсеткіші бұл - НӨҚ –ды қолдану көрсеткіші немесе қорқайтарылым болып табылады. Қорқайтарылым негізгі капиталдан қанша өнім алынғанын көрсетеді.

Екінші көрсеткіш - қорсыйымдылығы, НӨҚ–ң ортажылдық көрсеткішінің (Фк) өндірілген өнімнің көрсеткішіне (Днегіз) қатынасымен есептелінеді. Қорсыйымдылық байланыстың кірістер бірлігі (1 теңге) алынған кезде НӨҚ – ң қандай көрсеткіші кеткенін көрсетеді.

Мекеме жұмысшыларын еңбек құралымен қамтамасыз ету дәрежесін сипаттау үшін құралдану қоры  көрсеткіші пайдаланылады.

Экономикалық көзқарас тұрғысынан ол  негізгі қорлардың  бірлік уақытқа қатысты  (жыл немесе тоқсан) құн бірлігінің өнімділігін сипаттайды.

Экономикалық тұрғыдан тиімділік категориясы, қайтарылым қорларының көрсеткіші (Ки) өндіріс қызметтерінің нәтижесі мен орташа негізгі қорларда қолданылатын жылдық құнын салыстырумен анықталады.Өндірістің нәтижесінің көрсеткіштері ретінде байланыс қызметтерінен түсетін кірісті (Кқызм), тауар, жұмыс және қызмет сатылымынан  түсетін түсім (Тсату) немесе қызмет көрсетуден түсетін пайданы (Псату) айтуға болады, яғни:

 


                   Ки= Кқызм/Қ,  Ки= Тсату /Қ  немесе   Ки= Псату /Қ.                         (6.13)

 

Есептелінген формуладан көріп тұрғанымыздай, қайтарылым қоры негізгі өндірістік қорларға салынған әрбір теңгеден қанша кіріс, түсім, пайда келгендігін көрсетеді. Оның абсолюттік көлемі неғұрлым жоғарылаған сайын компанияның негізгі капиталының жиынтық қолданылуы соғұрлым тиімді болады.

Соңғы жылдары байланыс салаларында қайтарылым қорының  тұрақты өсу қарқыны байқалуда, оған қор сақтандыру технологияларының және жоғары өндіргіштік құрылғылар сонымен қатар еңбек құралдарының интенсивті  қолданылуының деңгейінің өсуі айғақ болады. Әрқайсысының әр түрлі техникалық жабдықталуының, берілетін ақпараттардың объективті ерекшеліктерінің, қызметтерді тарификациялау жүйесінің, тұтынушылар мен өзге де факторлар тарапынан сұраныстың әр түрлі болуы  салааралық және қызмет түрлері арасындағы  қайтарылым қорының  көрсеткіш деңгейі әр түрлі болуына себеп болады.

Айтарлықтай жоғары қайтарылым қоры жылжымалы байланыс саласында байқалады, оған әсер ететін факторларға мыналарды жатқызуға болады:осы түрдің қызметтеріне деген сұраныстың жоғары болуы, телекоммуникациялық нарық сегментінде басқарылмай жұмыс жасайтын операторлар тарапынан ыңғайлы тарифтік саясаттың болуы, салыстырмалы қарағанда құрылғылар бағасының төмен болуы мен негізгі құралдар қайтарылымы тұрғысынан өзге де пайдалы факторлар болып табылады. Пошталық байланыс саласында қайтарылым қоры негізгі өндірістік қорлардың орташа салалық қолданыс  коэффициентінен 3 есе жоғары. Бірақ мұндағы қайтарылым қорларының жоғары болуы басқа салалармен салыстырғанда негізгі құралдарды қолданумен емес, құралдар көлемінің шағын және қор сыйымдылығының үлкен болғандығымен байланысты.

Әр түрлі байланыс құралдары хабарлама тарату процесінде бірдей орын алмайтындығы белгілі. Негізгі өндірілетін қызметтер көлеміне тікелей тек қана активті қорлар әсер етеді (машиналары және құралдары,тарату құрылғылары және т.б.), ал пассивті қорлар тек қана өндірістік процестердің ағымының дұрыс болуын қамтамасыз етеді. Сол себепті қайтарылым қорының дұрыс анықтамасы ретінде көрсеткіш  қордың жалпылама көрсеткішінің (ҚЖК) орташа жылдық  активтік бөліктің құнын (Қакт) қарастыруға болады. Осыған байланысты қайтарылым қоры жалпы алғанда мынадай түрге ие болады:

 

                                            Ки.акт.= Кқызмакт.                                                   (6.14)

 

Жаңа  еңгізілген өндірістік қорларды бағалау үшін қайтарылым қорларының өсім көрсеткіштері (Kи.пр) есептелінеді, ол жаңа ҚЖК көмегімен алынған кіріс сомаларының (.∆Кқызм.) орташа жылдық құнына (Қж.е) қатынасымен алынады:

 

                                            Kи.пр= Кқызмж.е..                                                                              (6.15)

 

Егер қайтарылым қоры ҚЖК жалпы құны бойынша есептелген ұзындығына қарағанда жоғары болса,онда негізгі қорлардың қолдану  деңгейі тұтастай алғанда өседі. Егер жаңа еңгізілген қорлардың қайтарылымы байланыс мекемелерінің жалпы алғандағы мәнінен аз болса,онда болашақта ҚЖК қолдану тиімділігінің төмендеу қарқыны байқалады.

Қайтарым қорына кері шама-қор сыйымдылығы, ол төмендегідей жолмен есептеледі:

 

                                           Kф=1/ Kи.=Қ /Кқызм.                                                                            (6.16)

 

Қор сыйымдылығы байланыс қызметінен негізгі өндірістік қорлардан түсетін құнның қалай жұмсалатындығын көрсетеді. Айқын көрініп тұрғандай неғұрлым қайтарылым қоры жоғары болса, соғұрлым қор сыйымдылығы төмен болады және керісінше, сол ҚЖК қолдану әсерін жоғарылату еңбек құралдары қайтарылуының жоғарылауымен байланысты, ол өз кезегінде себепті қор сыйымдылығын төмендетуге алып келеді.

Жекелеген салалар мен байланыс мекемелерінде негізгі қорлардың қолданылу деңгейі техникалық қамтамасыз етілуі, ҚЖК  өндірісіне қатысты көлем  мен құнға тығыз байланысты. Процесс кезінде  еңбек ресурстарымен байланысты негізгі қорлар мекеменің өндіріс потенциалының тек  бір бөлігі ғана болып табылады. Сол себепті қайтарылым қорының көрсеткіштерін еңбекті қаржыландыру көрсеткішімен тығыз байланыста қарастыру қажет.

Еңбекті қаржыландыру қор) әрбір жұмысшыға  келетін өндіріс қорының көлемімен сипатталады. Бұл көрсеткіш ҚЖК  орташа жылдық құнының жұмысшылар санына (Сжұм) қатынасымен есептеледі, яғни:

 

                                Ққор= Қ / Сжұм.                                                         (6.17)

 

Байланыс салаларының атқаратын қызметінің ерекшелігіне байланысты еңбекті қаржыландыру көрсеткіші де соғұрлым   бір-бірінен ерекше. Атап айтсақ, орташа салааралық көрсеткішпен салыстырғанда пошталық байланыс жүйесінде ол көрсеткіш 5 есе төмен, ал электрбайланысы  мен телерадиокешендерінде 4-5 есе жоғары. Электрбайланыс саласының даму деңгейіне қарай  еңбекті қаржыландыру көрсеткіші басқа салалармен салыстырғанда өте үлкен қарқынмен өсуде.

ҚЖК қолдану деңгейі  еңбек өнімділігі мен өзіндік құн секілді маңызды экономикалық көрсеткіштерге әсер етеді. Мысалы, егер еңбек өнімділігі формуласының (Өеңбқызм/ Сжұм) алымы мен бөлімін бірдей негізгі қорлардың орташа жылдық құнына көбейтер болсақ, онда келесі аналитикалық өрнекті алуға болады:

 


                    Өеңб= Кқызм· Қ/ Сжұм· Қ= (Кқызм/ Қ)( Қ/ Сжұм)= Kи Ққор.                 (6.18)

 

Еңбек өнімділігі мен ҚЖК қолдануының тікелей пропорционалды тәуелдігі, жұмыс күшін тиімді пайдалану қайтарылым қорын жоғарылату мен еңбек қаржыландыруын өсу есебінен жоғарылатуға әкеледі.

Өзіндік құн мен негізгі қорларды қолдану арасындағы байланыс былайша анықталады. Өзіндіқ құн (Өқұн) жалпылай түрде қызметтерді өндіруге қатысты операторлардың қарапайым шығынының(Шқар) осы қызметтердің ақшалай түрдегі көлеміне қатынасымен сипатталады:

 

                                         Өқұн= Шқар/ Кқызм.                                                                                   (6.19)

 

Қарастырылған натуралды техника-экономикалық жүйесі мен негізгі қор көрсеткіштерін кешендерде қолданған жөн.

 

6.5  Байланыс кәсіпорнының айналым құралдары, оның құрамы мен      құрылымы, айналым құралдарын қолданудың көрсеткіштері

 

Бұл айналым ереже бойынша бір өндірістік циклде орындалады, яғни сол уақыт аралығында НҚ толықтай шығындалады және өзінің  көрсеткішін жаңадан өндірілген өнімге немесе қызмет көрсетуге ауыстырады. Айналым құралдары үнемі қозғалыста болады.

Байланыс  кәсіпорынының айналым құралдары біртекті емес және өзінің құрамына айналым өндірістік қорларын және айналым қорларын енгізеді.

Кәсіпорынның өндірістік айналым қорлары қызмет көрсетумен  тікелей байланысты және өзінің құрамына көмекші  материалдардың қорларын, сол уақыттағы қызмет көрсету және құрылғыларды жөндеу үшін қор бөлшектерін, жанармай, құрал-жабдықтар және шаруашылық инвентары. Кәсіпорынның  негізгі емес  қорына мыналар кіреді: шикізат, негізгі материалдар, аяқталмаған өнім, болашақ мерзімдегі шығындары  және т.б.

Айналым өндірістік қорлар өндіріске өзінің табиғи күйінде түседі және қызмет көрсету кезінде толығымен қолданылады.

Айналым құралдарының  екінші бөлімі – айналым қаражаттары. Айналым қаражаттары дегеніміз есептеуіш шоттардағы және кассадағы өндірістің ақша құралдары, құнды қағаздарға енгізу, дебиторлық қарыз. Бұл дайын өнімнің негізгі емес  қызметтен қорға салынған өндіріс құралдары, яғни қоймадағы формалық киім және т.б.

Айналым қаражатының бұл бөлігі  жаңадан көрсетілген қызметтің бағасына тікелей қатынасы жоқ, әйтсе де негізгі  айналым қаражатының запасын жасаушы  және есеп айырушы  көрсеткіші болып табылады.

Байланыс  саласында өндірістік айналым қорлары 30%( өндірісте 70%-ке дейін ).

Салалық кесінділерде айырмашылықтар бар, олар көптеген факторларға  байланысты:  техникалық жабдықтауға, еңбек ұйымына, өзара есептеуде, абоненттермен  есептесу тәсіліне және т.б.

Осылай өзінің экономикалық табиғатында айналым құралдары – бұл өндірістің  айналым қорларына салынған ақша құралдары және айналым қорлары. Айналым құралдарының негізгі қызметі өндірісті үздіксіздігін және бірқалыптылығын қамтамасыз ету.

Нарықтық экономика шарттарында нормалаудың және айналым құралдарының көздері болып меншіктік  және қарыздық құралдар болып табылады.

Меншіктік айналым құралдары жетіспегенде өндіріс  банктегі аз мерзімді несиелер түріндегі қарыздармен, несиелік қарыздармен және де қарыздардың басқа да түрлерімен қолданылады.

Өндірістің тиімді қызметінің ең бір маңызды шарттарының бірі өндірісте айналым құралдарының керекті мөлшерінің минималды болуы.

Айналым құралдарын нормалау. Әр түрлі айналым құралдарына деген қажеттілік оларды нормалауға негізделген, сонымен қатар нормаланғанға негізгі байланыс саласында бүкіл айналым құралдары жатады, ал негізгі емеске -  аяқталмаған өндіріс және өндіріс қорындағы дайын өнім жатады.

Айналым құралдарын нормалауды негізделген нормаларды орнату және оларды шығындаудың нормативтері  ретінде түсіндіруге болады.

Айналым құралдарының нормалары – бұл айналым құралдарының әр түріне деген кәсіпорынның минималды қажеттілігі. Мысалы, қордағы бөлшектердің нормалары құрылғының балансты бағасының процентімен анықталады, материалдардаң және жаңармайдың нормалары олардың кәсіпорын қорындағы күндерімен анықталады, жұмыс киім нормалары теңгемен, яғни кәсіпорындағы бір жұмысшы  үшін деп анықталады.

Айналым құралдарының нормативтері ақша түрінде кәсіпорынның оның әр түріне деген қажеттілігін сипаттайды.  Жалпы нормативтер  айналым құралдарының і-ші түрі ретіндегі норманың туындысы (Hoc i)  және осы нормаға байланысты көрсеткіш (Ki) ретінде анықталады,яғни

                                                                                                                            

                                    Hi=HociKi,                                                    (6.20)

мұнда:

Hoci-і-ші түрдегі айналым құралдарының көрсеткіші;

Ki-норма.

Кәсіпорынның айналым құралдарындағы жалпы қажеттілігі  айналым құралдарының нормативтерінің  барлық түрлерінің сомасының қосындысы ретінде  көрсетіледі

                                                                                                                                                                                            

Hобщ=∑Hi.                                                    (6.21)

Айналым негізгі құралдарының кәсіпорында  тиімді пайдалану көрсеткіштері.

Айналым құралдарының мөлшері, өнім мөлшеріне және айналымның ұзақтығына байланысты. Айналым құралдары  айналымда неғұрлым тезірек айналса, соғұрлым өндірістің пайдалану тиімділігі жоғарылайды. Сондықтан айналым құралдарын пайдалану тиімділігі олардың қимылының жылдамдығымен (айналыммен) сипатталады.

Айналым қорларының пайдалану көрсеткіштеріне жататындар:

- Айналым коэффициенті.

- Айналым ұзақтығы.

- Айналым құралдарының  айналымға енгізу коэффициенті.

Айналым коэффициенті – бұл көрсеткіш бір уақыт аралығында қызметтен түскен кіріс орташа айналым қорының бір теңгеге шаққандағы қатынасына тең:

Коб= Кқызм.с,                                                    (6.22)

мұнда:

До.д- бір мезгілдегі қызметтен түскен  кіріс;

Ос- қарастырылып отырған мерзімдегі  айналым құралдарының орташа бағасы (жыл, тоқсан).

Негізінде бұл коэффициент қарастырылып отырған уақыт мерзіміндегі  айналым  құралдарының айналым санын анықтайды.

Бір айналымның ұзақтығы - бұл  уақыт аралығында күнмен есептелінетін, яғни сол уақыт аралығындағы авансталған айналым құралдары, кәсіпорынға қызмет көрсету бағасының бөлшегі ретінде қайтып оралатын көрсеткіш.

 

КдсТдн/ Кқызм.,                                                (6.23)

мұнда:

Тдн – периодтағы күндер саны (бір жыл есебінде 360 күн деп алынады, тоқсанға – 90 күн).

Айналым құралдарының айналымға енгізу коэффициенті, яғни оның өлшемі айналым коэффициентіне кері, айналым құралдарының қызмет көрсетуге кеткен сомасын сипаттайды.

 

Кзаг=1/Кобс/ Кқызм.,                                       (6.24)

Айналымды тездету тиімділігі ақша құралдарын босатумен сипатталады, яғни пайдалануды жақсарту үшін байланыста  қолдануды азайтумен  сипатталады.

Босату өлшемі мына формуламен анықталады:

 

∆Ос= (Кқызм дн)(Кд2д1), егер  Кд1д2 болса,                       (6.25)

 

мұнда:

Кд1 және Кд2 – салыстырмалы мерзімдегі  бір айналым ұзақтығы немесе бір мерзімдегі жоспарлық немесе есептік мәліметтер.

Айналым құралдарын қолдануды жақсартудың негізгі бағыттары мыналар: кәсіпорынға  байланыс құралдарына қызмет көрсету немесе эксплуатациялау кезінде материалды және энергетикалық ресурстарды үнемдеуді қамтамасыз ететін прогрессивті техниканы немесе технологияны енгізу; материалды техникалық қамсыздандыру жүйесін жеткізушімен тікелей ұзақ келісімдер арқылы жақсарту, жеткізу комплекстілігі, материалдардың және қорлағы бөлшектердің  сапалылығын жақсарту; айналым құралдарының және экономикалық стимуляцияның нормаларын жақсарту, олардың сақталуын және қолданылуын жақсарту; тауар және материалды құндылықтардың  артықшылықтарын жаңашыл етіпи реализациялау; материалдардың барлық түрлерін, қордағы бөлшектерді, жанармайды электроэнергияны үнемдеу, құрылғыларды пайдалану мерзімін ұзарту.

 

 

6.6   Негізгі қор мен айналым  қорларының салыстырма түрлері

 

Жоғарыда айтылғандай, негізгі қорлар мен айналым қорларының мағынасы мен түрлері қарастырылды. Ендігі  қарастыратынымыз негізгі қорлар мен айналым қорларының ерекше белгілері  (6.3 кестені қара).

  

 6.3 кесте  – Негізгі қор мен айналмалы қорды салыстыру

Ерекше белгілері

Өндірістік қорлар

Негізгі қорлар

Айналым қорлары

1

2

3

Құрамы бойынша

Қызмет істеу мерзімі бір жылдан артық еңбек құралдары

Қызмет істеу мерзімі бір жылдан кем еңбек заттары мен құралдары

Өндіру процесіне қатысу ұзақтылығы мен жұмыс істеу сипаттамасы бойынша

Бірнеше айналымдар бойы өнім шығаруда толық көлемде қатысады

Әр айналымдарда (өндірістік циклдерде) толығымен пайдаланылады

Табиғи нышанды өзгерту сипаттамасы бойынша

Өзінің табиғи нышанын өзгертеді. Өндіріліп жатқан өнімнің құрамына кірмейді

Өзінің табиғи нышанын өзгертеді. Жаңа өнімнің құрамына заттай кіреді

Құнды тасымалдау әдісі бойынша

Өзінің құнын жаңа өнімге бөлшектеп тасымалдайды – тозу мөлшері бойынша

Бір өндірістік цикл ішінде өндіріліп жатқан өнімге өзінің құнын тасымалдайды

Айналымға салу әдісі  бойынша

Өзінің айналу (қызмет істеу мезгілі) уақыты ішінде бірнеше тізбекті айналымдарға қатысады. Айналу процесінде құнның тасымалданған (пайдаланылған) бөлігі (амортизация) біртіндеп амортизациялық қор түрінде жинала береді, тасымалданбаған бөлігі (қалдық құн) пайдалану ортасындағы негізгі қорлардың құрамында қалады

Олардың айналу мерзімі бір айналымның мерзіміне сәйкес келеді

Қайта өндірудің мерзімділігі мен жаңарту әдісі бойынша

Бірнеше айналымдардан немесе қызмет істеу мезгілінің өтуінен тозуына байланысты   пайдаланудан шығарғаннан кейін жаңартылады 

Әр айналымнан кейін табиғи нышанда жаңартылып отырылады

   

Байланыстың негізгі қорлары – саланың өндірістік қорының басым бөлігі, үздіксіз қайталанатын еңбек процесінде (бірнеше айналымдарда) толық көлемде көп рет қатысатын, құндық нышанда көрсетілген еңбек құралы, бұл кезде өзінің натуралды нышанын сақтайды және өнімнің тозу мөлшеріне байланысты құнды біртіндеп өндіріліп жатқан өнімге тасымалдайды. Осының салдарынан негізгі қорлардың авансталған құны толық айналымды құрайтын (қызмет істеу мезгілінің бітуіне байланысты) бірнеше айналымдардан кейін толық қайтарылынады.

 

Бақылау сұрақтары:

1)  Байланыс кәсіпорнындағы НӨҚ құрамы және құрылысы?

2)  НӨҚ тозуы дегеніміз не және ескірудің қандай түлерін білесіз?

3)  НӨҚ амортизациясы дегеніміз не, амортизацияны есептеудің қандай тәсілдері бар?

4)  НӨҚ пайдаланудың тиімділігінің қандай түрлері бар?

5) Байланыс кәсіпорнында айналым құралдарының құрамы және құрылысы қандай?

6) Айналым қорларын қолданудың тиімділігінің қандай көрсеткіштерін білесіз?

7) Негізгі өндірістік қорлардың айналым құралдарынан айырмашылығы неде?

 

7-тақырып. Байланыс  қызметінің өзіндік құны және оны төмендету жолдары

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1) Өзіндік құнның мәні, оның калькуляциясы және құрылымы.

2) Байланыс қызметінің өзіндік құны және оны анықтау методикасы.

3) Өзіндік құнның төмендеуінің мәні мен жолдары.

 

7.1 Өзіндік құнның мәні, оның калькуляциясы және құрылымы

 

Ақшалай формада өндіруші және қызметті жүзеге асырушы шығын түрінде жұмсалатын, шығару және қызметті тұтынушыға жіберу процесі,тірі және заттай еңбектің шығынымен байланысқан. Бұл шығынның түрі өзінің экономикалық мазмұнымен, байланыс қызметін пайдалану және еңбек ресурстарын тұтынушыға қызмет көрсету, негізгі қорлар мен ұйымнан белгілі периодта аудару құралы процессінде қолданылған бағалық құнды жүзеге асырады.

Өндіруші және жүзеге асыру қызметімен байланысқан, байланыс операторының шығындары ағымдағы шығын категориясна жатады, және жүйеде экономикалық көрсеткіш іс әрекеті «Іс әрекеттің кәдімгі түрімен шығындар» атын иемденеді. Олардың ұзындығы тікелей байланыс ұйым көрсеткішінің ақырғы жұмысына, өндірілген және іс қимылдың коммерциялық тиімділігіне әсер етеді, сол себепті шығынның ұзындығы мен құрамы негізделген және экономикалық ақталынған болуы керек, яғни оператордың әрекетімен байланысқан кірісті алуға бағытталған. Бұл шығынның құрамын есепке алғанда өндірісте және өнім мен қызметті жүзеге асыру, экономикалық іс-қимылдың барлық сферасын жоспарлау және оларды есепке алу біркелкілігін қамтамасыз ететін, және ақырғы өнімнің шығуымен тікелей байланыспаған, ақталмаған шығынның кіруін тоқтататын Қазақстан Республикасының Салық  кодексмен реттеледі.

Сәйкесінше өндіріс пен қызметті жүзеге асырумен байланысқан,  байланыс ұйымының шығын әдістемесімен әрекетіне келесі статьялар  кіреді:

еңбекке төлеу шығыны;

негізгі қорды амортизациялау;

материалдық шығындар;

өзге басқа да шығындар.

Қазіргі уақыттағы күші бар әдістерге сәйкес байланыс ұйымдарының шығындарына келесі бөлімдер кіреді:

 

                                   Зоб=Ее+Ә+ Ао +Мз+Ө,                                          (7.1)

мұнда:

Ее  – еңбекақы;

Ә- әлеуметтік қажеттілікке бөлінетін салым;

Ао- негізгі қордың амортизациялық шығыны;

Мз – материалдық шығындар;

Ө– өзге шығындар.

Келтірілген топтама барлық мекемелерге және өндіріс орындарына біркелкі, және оның құрамына бірнеше элемент кіретін экономикалық біркелкілікке негізделген. Сондай-ақ нақ осы іс-қимыл өрісінің барысында мынандай шығындарға бөлек статьялар қосылады, қызмет көрсетудің немесе өнім шығу процессінің таралуының ерекше көрінісі. Мысалы, басқа өндіріс орындарда болмайтын, электрбайланыс өрісінің спецификалық шығыны, операторлардың байланыста қызмет көрсетуі және трафиктерінің өту қызмет көрсету байланысымен байланысты. Пошталық байланыс ұйым шығынының құрамына маркерленген өнімдерді сатып алу, поштаны тасымалдау жатады.

Әрбір статья шығыны салық кодексімен және басқа да заңдық акттілерімен анықталады, өндіріс және коммерциялық іс-әрекет субъектілердің басшылары осындай өрісте реттеледі.

Еңбек төлемінің шығыны барлық жұмыскерлерге нақты ақшалай түрде беріледі, олар еңбек өрісінде нақты мекемеде жұмыс жасау барысында алады. Мұндай төленуге жататындар:

¾              трафиктік ставкаға бөлінген, атқаратын қызметінің жалақысынан, істелінген қызметтен  немесе ұйымның пайыздық төлемдерінен және еңбек  ақы  жүйесінің соммасынан;

¾              үлкен өндірістік нәтижелердің сыйақысы және еңбектегі жетістіктер, тарифтік белгілердің қосылуы және мамандық жетістіктердің төлемдері;

¾              теңестіретін және компенсациялайтын төлемдер, олар жұмыс режимімен және еңбек шартымен байланысты, сондай-ақ жұмыстық сапарлар, түнгі уақыт жұмысы, мамандықтың және қызмет көрсету зонасының кеңеюімен байланысты, ауыр және зиянды жерлерде жұмыс жасау;

¾              ақысыз тамақ бағасы және ақысыз формалық киіммен қамтамасыз ету бағасы;

¾              кезекті және оқу демалыстарына төленетін шығындар;

¾              аудандық реттеу еңбекақы төлемдері, сонымен қатар қосымша заңдық еңбек келісім-шарттарына қарастырылған және ұжымдық келісімде келісілген қосымша төлемдер.

Еңбек төлемінің шығынына сондай-ақ әлеуметтік қажеттіліктерді қанағаттандыратын төлемдер (әлеуметтік, зейнетақы) жатады.

Амортизация - негізгі өндіріс қорларының тозуын өтейтін экономикалық  шығын.

Материалдық шығындардың құрамына шығарылатын өнімнің спецификалық саласынан көрініс табады, нақты ол заттық емес қызмет түрі, өндіріс орындарында қолданылатын заттар немесе оның негізін қалайтын, нақты өнім немесе материалдың шығыны болмайды. Материалдық шығындармен сипатталатын өндіріс орындарына:

¾               материалдарды және қосымша бөлшектерді, құралдарды, құрылғыларды, зерттеу жүргізу үшін зертханалық құрылғылары жатады;

¾              барлық өндіріс орындарына қажетті от, су және энергия көзін алу;

¾              мекемелердің көлік қызметтері, теміржолмен пошталарды тасымалдау, әуе және басқа да  көліктік  жүйелердің шығыны;

¾              табиғатты қорғау мақсатында оны қамтамассыз ету және эксплуатациялау.

Басқа да шығындар ¾  бұл комплексті статьяға, кіретін және жоғары қаралатын топтамалар шығыны және тиімді жағдайда қызмет түрлерін пайдалану  қажетті көріністер табады, сонымен қатар операторлардың ұйымдастырылған және коммерциялық  қызметі жатады. Бұл статьялар құрамына:

¾              негізгі  қорларды жөндеу шығыны;

¾              жеке ұйымдардың қызметін төлеу,оператораралық байланыстар кеісім-шарт шығынының байланысы, қызмет көрсету байланысының трафигінің өтуімен байланысты;

¾              арендалық төлемдер;

¾              меншіктердің ерікті және міндетті сақтандыру шығындары;

¾              ғылыми және тәжірибелі-конструкторлық  жұмыстарының шығындары;

¾              коммуналдық қызметтердің төлемі (жылу, жарық, сумен қамтамасыз ету және тағы басқа ұйым балансында есепке алынған, өндіріс ғимараттарының іші және өндірістік емес объектілер);

¾              заңдастырылған  салық жинау  іс-әрекеттермен байланысты төлемдер;

¾              сертификацияланған қызметтердің шығыны;

¾              қызметтік көліктерді қамтамасыз ету шығындары;

¾              өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жайлы еңбекпен қамтамасыз ету шығындары;

¾              жұмыскерлерді жалға алу, кадрларды дайындау және қайта дайарлау шығындары;

¾              аудиторлдық, заңды, ақпараттық, консультативтік және басқа аналогтық қызметтердің төленуі;

¾              командировкалық  шығындар;

¾              көрмелік шығындар;

¾              концерлярлық жабдықтар, байланыс қызметінің төленуі, есептеу орталықтары және банктер шығыны;

¾              маркетинг, қазіргі нарықтық конъюктураны зерттеу және көрсетілетін қызмет жарнамасының шығыны;

¾              ұйымдардың басқарылуы немесе бөлек басқа да қатарлардың басқарылу шығындары.

Басқа да қарастырылған өндіріс және қызметті жүзеге асыру топтамалардың шығыны, байланыс ұйымдарының шығындары мына белгілерде классификацияланады, ол  7.1 суретте көрсетілген.

Экономикалық мазмұны жағынан шығындар тірі және заттандырылған еңбек болып бөлінеді. Тірі еңбек шығынының мазмұнының бағасы әлеуметтік қажеттіліктерді қамтамасыз ететін шығындар жатады. Ал басқа шығындардың барлығы заттандырылған еңбек төлеміне жатады. Қызмет көрсетудің тірі еңбек төлемінің азаюы және басқа шығынының көбеюі, өткен еңбекпен нәтижесімен байланысты, барлық өндірілген өнім шығынының азаюы байланыс операторының жұмысы әсерлі болады.

Көрсетілген теоретикалық есептеулер байланыс өрісінің жұмыс әсерінің ары  қарай дамуына өз үлесін қосады, мысалы рентабельді деңгей. Оның нәтижесі жоғары қормен қамтамасыз етілу электро байланыста үлкен орын алады, өндіріс еңбегінің жоғарлануы, ал бірдей кіріс көлемі жұмыскерлердің аздығын қамтамасыз етеді, оның соңғы әсері өндіріс ресурстарының көп шығындалуымен анықталады.

 

 

7.1  сурет - Қызметтерді жүзеге асыратын және өндіріс шығындарының классификациясы

 

Барлық байланыс шығындарының өзіндік құны және жеке өрістеріне  байланысты тура және жанама болып бөлінеді. Мұндай классификация нақты қызметтің және байланыс тарифтерінің жалпы нәтижесінің қолданылуының үлкен мәнге ие болады.

Көптеген байланыс ұйымдары біріккен субъект типтерінің басшысы болады, олар қызметтерін әртүрлі өрісте және кең номенклатурада көрсете алады. Сондай ақ аймақтық мекемелерді және стуктуралық бөлімшелердің төмен иеархиясының деңгейлерін айтуға болады. Барлық операторлардың бөлігі немесе мекемелер анықталған орталыққа бағындырылады немесе жеке нақты аймаққа бағынады. Мұндай шығындарды тура деп атайды. Бұл шығын  құрамына өндіріс персонал еңбегінің төлемі, негізгі қорлардың амортизациясы, өндіріс орындарына қажетті электро-энергия желі аралық байланыс шарттарының шығыны, құрылғының ремонты және т.б.

Қалған шығындар, оның маңыздысы материалдық шығын, ал үлкен бөлігі басқада шығындар, административті басқарылатын персоналдың төлемақысы, нақты қызмет көрсетудің есептелуі, олар мекеменің көрсететін қызметімен байланысты. Бұл шығындар жанама түрге жатады, олардың өрістерге таралуы және қызметі байланыс операторларының рекомендация енгізілуімен байланысты және жеке кіріс және шығыс есебімен байланысты.

Байланыс мекемелерінің ауыртпашылық түсуінің біркелкісіз шарты, кезекші персоналдың нормаланған бос уақытының болуы құрылғының тоқтамай қызмет жасауын қамтамасыз етеді және үлкен шығындардың бөлінуін қамтамасыз етеді, олар өндірістің және өндірушінің қызметімен байланысты, бұл қызметтер тұрақты және тұрақсыз болады.

Шартты тұрақты шығындар практикалық жүзінде өзгеріссіз  болады. Көрсетілетін қызметтің көлемі кең көлемде үлкейсе, ол ақырлы әсердің кеңдігіне тәуелді еместігін білдіреді.

Мысалы, жұмыскерлердің еңбекақы шығыны жұмыскелердің санымен және олардың орташа еңбек санымен анықталады. Өндіріс орындарындағы персоналдың болуы түсетін ауыртпалыққа байланысты. Осы қолданылатын шектемелерде және еңбектегі шектемелер түсетін ауыртпалықтың біркелкіліксізден алынады, сондай ақ персоналға қызмет көрсететін және техникалық жабдықтардың сапалылығы және уақытылы келеңсіздіктерге жол болдырмау жатады. Осылай жұмысшы штаттары резервпен анықталады, ол қосымша қызмет көлемін және сәйкесінше ақы алуға қолданады.

Аналогты көзқарастар амортизациялы шығын қатысымен байланысты.

Мысалы, мұндай шығын түрлері, арендалық төлем, коммуналдық шығын төлемдері, салық, құрамына кіретін шығындар, сақтандыру және т.б. шығындар, өнімге қызмет көрсетілмесе де орын алады.

Пошталық және электробайланыс мекемелерінде, бір бірімен ауысу қызмет түрлері, егер қызмет көлемі  20, 30 %- ға көбейседе тұрақты шығындар өзгеріссіз қала береді. Акционерлік ұйымдардың электро байланыс және олардың бөлімшелерінде, қолданушыларға техникалық құрылғыларды жеткізу, шартту тұрақты шығындар практикалық жүзінде бүкіл өндірістік қуатының және құрылғының меңгеру периоды уақытында шығындар өзгермейді.

Өндірістің кеңейуі кезінде жаңа құрылғылар және қосымша жұмысшыларды оның қолданылуына шақыру, еңбек төлемінің көтерілуі жоғары болады, амортизациялы бөлінулер және басқа да шартты тұрақты шығындар, мәнді қызмет көлемі көбейгенде қайта тұрақтандырылады.

Шығындар көрсетілетін қызметпен пропорционалды өссе оны айнымалы дейміз. Байланыс ұйымдарының шығындарына материалды және қосымша бөлшектер, өндіріс қажеттіліктеріне электроэнергия, желі аралық операторлардың байланысые жүзеге асыратын шарттарға төленетін қомақты сомма, поштаны тасымалдау үшін көлік шығындары.

Шартты тұрақты және тұрақсыз бөлінулердің бағасы резервтерді іздеу және азайту үшін маңызды болады, шртты тұрақты шығындардың салмағы үлкен болса, көрсетілетін қызмет көлемі көбейген сайын олардың ортақ ені  баяу өседі.

Нарықты шартта экономикалық мазмұнға қатысты шартты, тұрақты және ауыспалы шығындары толықтандырылады, соңғы алынатын кіріс ары қарай коммерциялық әрекетттің дамуына негізделеді немесе өзінің тығылыққа ұшырағанын жария етеді. Егер алынған кіріс ауыспалы шығыннан аз болса, онда ол ұйым тығырыққа ұшырайды. Дәстүрлі телекоммуникациялық компанияларда негізгі, негізгі мемлекеттің байланыс жүйесін құрайды, өндіріс масштаб күшіне, желінің қуаты және басқа да тығырыққа ұшырау себебі шын мәнінде болуы мүмкін емес, жаңа операторлар, ортақ қолданыстағы желіге қосылады, олар өздерінің коммерциялық әрекеті табысты жүзеге асыру үшін олар ауыспалы кідірістерді минимизацияларға ұмтылдыру керек. 

 

7.2 Байланыс қызметінің өзіндік құны және оны анықтау методикасы

 

Өндіріс және байланыс қызметін жүзеге асыратын шығынмен байланысты немесе қарапайым әрекетпен сипатталатын операторлардың ортақ шығындары, ереже бойынша, өндіріс шегінің кеңейуін динамикалық  тенденциясының көтерілуі, қызмет көлемінің өсуі, инфляциялық процесстердің әсері және басқа да обьективті және субъективті факторлар. Сондықтан абсолютті шығынның негізін қарастырған кезде, өндіріс ресурстарының қолданыстағы экономикалық бағасын обьективті түрде беруге болмайды және байланыс орталықтарынды ортақ динамикалық шығын сәйкестендіріледі.

Өзіндік құн – бұл операторлардың қарапайым іс қимыл түрлерінің есептелуде қызмет бағасын немесе натуралды түрде сипаттама беру шығыны.

Қызмет көлемі бағасының көрсеткіші ретінде  баға есептеуде байланыс қызметінің 100 теңге кірісі немесе  100 теңге тауардан түсетін пайда, жұмыс және қызмет алынады. Ірі баға өлшемін қолданылуы, көптеген байланыс операторлары көп номенклатуралы өндіріс сипаттамалы болады, кіріс және шығыс есептелуі жеке резервтегі қызмет енді жасалуда. Сондай-ақ 100 теңге бағадағы кіріс ағымдағы шығыс қолданылу деңгейін бағалауға рұқсат етеді. Ұйымдарда бұл ақпараттарды толықтай орнықтырады және динамикада қарастырады, оны жақын компаниялармен салыстырады және ортақ өндіруші шығындар ірі көрсеткіш қызметтерінде бағасын көрсетеді. Мұндай талдау өндіруші ресурстардың қолдануына және негізгі бағыттағы оптимизациясы операторлардың рационалды саясатына қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Нақты байланыс қызметтің өзіндік құнының көрсеткіші негізгі тарифтердің қалпы болып табылады, тұтынушылардың қажеттілігіне оның маңызды деңгейіне тәуелді, сондай-ақ сол компанияның қаржы және бәсекеге қабілеттілігі анықталады. Сондықтан байланыс қызметінің өзіндік құны заттық номенклатура резервінде экономикалық индикатор сапасында қарастырған жөн, ол операторларға нарықта бизнесті әсерлі жүргізу және позициясын дұрыс қолдануға мүмкіндік береді.

Қызмет көлемінің өлшенуі іріленген өзіндік құнды анықтау методикасы келесі кезеңдер кіреді:

-   мекеменің жалпы шығыны зонасы және өндірістегі жекеленген статьялар шығындарын анықтау;

-  байланыс қызметінің 100 теңгеге шаққандағы өзіндік құнын есептеу (тауарды сатудан, жұмыстан, қызметтен 100 теңгеге шаққандағы);

-  алдыңғы нәтижелермен зерттелетін мерзімде бағаларды өлшеп салыстыру және соның негізінде қорытынды шығару.

Шығындарды анықтағанда іс әрекеттің қарапайым түріне тура есептеу, нормаланған тәсіл және үлкейтілген өлшемдер тәсілі қолданылады. Шығындарды анықтаған кезде, нормаланған өндірісті және операторлардың коммерциялық іс әрекетін қаматамасыз ету үшін олардың объективті қажетті өлшемін орнатады, әрбір мақала басқа көрсеткіштермен байланысады, олардың деңгейі нақты шығын түрінің абсолюттік өз әсерін тигізеді.

Еңбек төлеміне төленетін шығындар құрамына жұмыскерлердің негізгі іс-әрекетіне байланысты болады, ол еңбек заңымен қарастырылады, сондай- ақ компенсациялық және стимулдаушы төлемдер анықталады. Еңбек төлемінің комплексті төлем сипатын ескере отырып, шығындар статьясы бойынша  Жалпы шығын есептеу орташа еңбекақымен (Ее) орташа және персоналдың () орташа жылдық санының қатынасын аламыз:

 

                                                         Ж=Ее·Ч.                                              (7.2)

 

Бұл методикада мекеменің толықтай еңбек төлемінің шығыны анықталады, жұмысшылардың негізгі іс әрекеті, сондай ақ персонал бойынша, компания штатында болмаса, бірақ еңбек келісімде негізгі іс әрекетті  келісілген  қосымша шартпенен жасайды.

Нақты мекеменің жеке өрістері арқылы еңбек төлемінің шығынын жоспарлаған кезде бір жұмысшыға шаққанда, еңбек ақының орташа жылдық ақысы және оның осы жоспар  мерзімде, мемлекетте минималды төлем ақы танденциясы өзгеруімен және резервтерінің өсуімен нақты анықталады.

Әлеуметтік қажеттіліктерге бөлінетін қаражат еңбек шығынына бөлінетін қаражатқа тәуелді, және әлеуметтік салық нормасында есептеледі. Бірыңғай әлеуметтік норма салығы 11 % құрады. Әлеуметтік бірыңғай салық өлшемі мерзімді түрде заңдық тәртіпте қаралады, ол мемлекеттің әлеуметтік экономикалық жағдайын ескереді және оның тенденциясы төмендеуі мүмкін.        Жалпы  жағдайда амортизациялы қаржы бөлінісі өндірістегі негізгі қорлардың  балансты бағасының сомасымен есептелінеді, ол өзінің бағасын тауарға өткізе алмайды, НӨҚ түрінің нормасында құралған амортизациясы пайдалы қолдану мерзімімен байланыстырылады:

 

                                                       А = (∑Фбі∙Наі ) / 100,                                    (7.3)

мұнда:

Фб- балансты негізгі өндіріс қоры;

Наі-амортизация нормасы.

Заттық материалдық, инвентор сатып алу, басқа мекемелердің қызметін сатып алу қызмет түрлерді алу үшін операторлардың фактілік шығындары негізінде материалдық шығындардың бағасы жасалады. Жоспарлық мерзімде көптеген материалдық шығындар іріленген байланыс қызметінен 100 теңге кіріс іріленген есептеу ретінде анықталады.

Материалдық шығындардың жалпы соммасы (м), жоспарланған өлшем және іріленген   байланыс қызметінің кіріс көлемінің  (Кқызм) өлшемнің көбейтіндісімен  және 100 теңгеге бөлінуімен анықталады:

 

                                    М = м·Кқызм / 100 теңге.                                   (7.4)

 

Мұндай есептеулер материалдық шығындарды толығымен жүргізеді, сондай-ақ құрамдарында: материалдар, қосымша бөлшектер, өндірістік қажеттіліктерге  арналған электроэнергия және т.б.

Оператордың жалпы шығыны, барлық статьялар шығынын анықтағаннан кейін,қандай шығындардан тұратыны 7.1 формуласында анықталған.                      

Содан, байланыс қызметінің өзіндік құнының 100 теңгеге шаққандағы  мөлшері мына формуламен анықталынады:

 

         С =( Зоб / Кқызм) 100 тг   немесе  С =( Зоб / Тсату) 100 тг.           (7.5)

мұнда:

Зоб - жалпы шығын;

Тсату- сатылғаннан түскен түсім.

Өзіндік құн жеке шығындардың әсерінен азаюы мүмкін. Бұл процедура бағаның калькуляциясы деп аталады және әрбір шығынынң ортақ өндіріс бағасының формалануына баға қосуына жұмыс жасайды және операторларының қызметін дамуына да. Жалпы жағдайда калькуляция формасы мына түрде болады:

 

       С =(Ее/ Кқызм +Ә/ Кқызм +А/ Кқызм +М/ Кқызм +Ө/ Кқызм) 100 тг.                 (7.6)             

 

Калькуляция арқылы өзіндік құнының  құрамы анықталады және байланыс қызметіне кететін шығындардың  резервтерін құрайды.

7.1 кестеде электрбайланысының шығындарының калькуляциясы көрсетілген. 

 

7.1 кесте - Электрбайланыс шығындарының  калькуляциясы

Статьялар атауы

және шығын  элементтері

Электрбайланысының 

құрылымы,

%

 

1

2

Әлеуметтік қажеттілікті қосқандағы  еңбек төлемінің шығыны

36.0

Амортизациялық бөлінулер

13.8

Материалдық шығындар

6.4

Басқа да шығындар

43.8

Жалпы барлығы

100.0

Байланыс мекемелерінің көптеген түрлерінде үлкен салмақты  шығын еңбек төлемінің шығыны болып табылады, материалдардың, шикізаттардың  құрамы төмен немесе жоқ.

Соңғы нәтижеде байланыс қызметінің өзіндік құны  іріленген бағалық өлшеммен есептелініп,  жоспарлау  (С1) мерзіміндегі  көрсеткіш өткен жылғы (Со) көрсеткішпен салыстырылып мына формуламен анықталады:

 

                                                                              (7.7) 

 

Алынған нәтижелерді қорытындылай отырып, операторлар әрекетінің өндірістік ресурстарды пайдалануы мен тиімді қолдану қажеттілік шарасын анықтайды.

Жекеленеген байланыс қызметтінің  өзіндік құнының анықталуы  көрсетілетін қызмет және байланыс желісінде қолданылатын қызмет түрінде жүзеге асырылатын  жекеленген кіріс және шығыс есебін  қолданылуы тарифтердің қалыптасуына негізделеді.

Жекеленген есеп жүйесі бір жүйеге келтірілген жүйені жинақтауға, бухгалтерлік, яғни  ақпаратты тіркеуге және таратуға, операторлардың әрекет түріне байланысты және калькуляциялау объектісінің байланыс қызметіне байланысты, статистикалық және оперативті есеп жүргізуге көмегін тигізеді. Жекеленген есептің  негізгі принципі кіріс және шығыс операторларының іс- әрекетіне және нақты қызмет көрсету көлемінің арасындағы орнатылған әркетіне байланысты таратылады, нәтижесінде тұтынушылар қолданады. Бұл принциптің жүзеге асырылуы барлық өндіруші коммерциялық әрекеттің, мекемелердің өндірістегі процесске бөлінуіне байланысты, бұл нақты қызмет пен шығыстың көлем аралық байланыс себебін орнатуға мүмкіндік береді. Жекеленген есеп сондай-ақ объективті, тізбектей және тиімді қызметпен жүргізіледі (7.2 суретті қара).

 

 

 

7.2 сурет - Жекелеген есепеу жүйесіндегі байланыс қызметіндегі өзіндік құнды анықтауға  шығындардың таралу тізбегі

 

 

7.3 Өзіндік құнның төмендеуінің мәні мен жолдары

 

Өзіндік құнның мөлшері ұйымның өнім мен қызметтерді жасау мен іске асыру процесіндегі шығындардың сипатын көрсетіп қана қоймай, ол оның қызметінің ақырғы қорытындылары мен жұмыс тиімділігіне тікелей әсер етеді. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектілердің коммерциялық әрекеттері екі бірыңғай мақсатқа қол жеткізуге бағытталған. Біріншісі, қоғамдық және жеке сұраныстарды толығырақ қанағаттандыру үшін бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді жасаудан тұрса, екіншісі, алынған кірістер (түсім) мен өндірістік процесте жұмсалған ресурстардың арасындағы айырмамен анықталатын пайда табудан тұрады. Соңғылары белгілі бір уақыт аралығында қалыптасқан нарық жағдайында төмен болған сайын, үлкен пайданы кәсіпорындар алатын болады, өндірістік және әлеуметтік дамыту, номенклатураны кеңейту, көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту, қызметшілерді экономикалық ынталандыру бойынша олардың мүмкіндіктері маңызды болмақ.

Тарифтерді құру негізіне кіретін қызметтердің өзіндік құнын төмендету оларды азайтудың алғы шарты болып табылады, және байланыс қызметтерін тұтынушылардың тобы үшін қол жетімдірек етіп жасайды. Осы негізде ақпаратпен алмасуды арттыру қызметтерді іске асырудан кірістердің өсуіне және пайданың көбеюіне әкеп соғады. Осылайша, қызметтерді өндірумен және оларды тұтынушыларға жеткізумен байланысты шығыстарды төмендету байланыс операторларының бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатуға және олардың өзінің өндірістік және әлеуметтік миссиясын тиімдірек орындауына мүмкіндік туғызады.

Жоғарыда айтылғанды ескеріп, телекоммуникациялық компаниялар өндірістік шығындарды төмендетудің резервтерін іздестіру мен пайдалану бойынша тұрақты жұмыс жүргізеді. Бұл проблеманың күрделілігі өзіндік құнның деңгейі мен қозғалысын белгілейтін факторлардың әр түрлілігімен ескерілген. Оларға қызметтерді өндіруші-операторлардың тарапынан ықпал етудің мүмкіндігі тұрғысынан қарасақ барлық факторларды жалпы экономикалық, салалық және ішкі өндірістік етіп бөлуге болады. Жалпы экономикалық факторлардың тобы нақты бір ұйымдардың қызметіне тәуелді болмайтындарды қамтиды, және олардың өзіндік құнға әсері экономиканың барлық салаларында бірдей бағытта болады. Бұл, ең алдымен, мемлекеттің еңбекақыны реттеу мен әлеуметтік қамтамасыз ету саласындағы саясаты. Сонымен, еңбекақының ең аз деңгейін және Бірыңғай тариф кестесінің бірінші дәрежесінің тариф мөлшерін көтеру мемлекеттік кәсіпорындарында шығындардың тиісті бабын автоматты түрде ұлғайтады. Сондай-ақ, электр байланысы акционерлік қоғамдарында қаржы мүмкіндіктері шамасында қызметшілердің материалдық әл-ауқат деңгейі төмендемес үшін орташа еңбекақы көтеріледі. Еңбекке ақы төлеу шығыстарының өсуі өз кезегінде осылармен тікелей байланысты болатын әлеуметтік мұқтаждық аударымдарының көбеюіне әкеп соғады, бұл аударымдар заңнама тәртібімен әлеуметтік сақтандырудың, зейнеткерлік қамтамасыз етудің мемлекеттік қорларына және т.б. аударым нормаларының өзгеруі кезінде өсуі немесе азаюы мүмкін. Байланыс ұйымдарының қызметіне тәуелді болмайтын өзіндік құнды көтеретін фактор ретінде инфляция қарқынына сәйкес негізгі өндірістік қорларды мерзімдік қайта бағалау, сондай-ақ негізгі құралдарды дұрыс пайдаланудың ресми белгіленген мерзімдерін өзгерту болып табылады.

          Байланыс ұйымының өзіндік құн құрылымындағы құрылыс материалдары, өндірістік электроэнергия мен шығынына аз ғана салмааз ғана салмағына қарамастан, түрлі салалардағы бағалар мен тарифтердің өзгеруі динамикасына, өнімді тұтынушылар мен телекоммуникациялық компаниялар болып табылатын қызметтерге әсерін ескермеуге болмайды. Соңғы кездері электро энергетика және темір жол транспорты секілді салаларда байланыс операторларының шығындарын тұрақтандыратын немесе қысқартуға мүмкіндік беретін экономиканың өндірістік секторын тұтынушылар үшін тарифті төмендетуге арналған әдістер оң нәтежелер беруде.

         Өзіндік құн деңгейіне мемлекет жүргізетін салық саясаты да өзіндік әсерін тигізеді. Өндіріс пен оларды жүзеге асыру үшін кететін шығындардың құрамындағы салық санымен салықты төлеуді анықтау нормалары байланыстың мемлекеттік емес ұйымдарының құнын бір жүйеге келтірудің объективті факторлары болып табылады.

        Операторлардың өндірістік шығындарына әсер ететін салалық факторлар құрамында маңыздылары транзиттік қайта қабылдауды барынша азайту тұрғысынан қарағанда байланыс құралдарын орналастыру сұлбасын оңтайландыру, пошталық жолдамаларды тасу маршруттарының оңтайландыру, жасалып жатқан және сертификатталған құрал–жабдықтар мен байланыс жүйесінің үнемділігі, жалпы қолданылатын байланыс желісінің операторларының арасындағы жүйе тиімділігі болып табылады.

Өзіндік құнды төмендетудің ең тиімді сақтық қоры – байланыс ұйымдарының, өндірістің және оларды жүзеге асыру үшін арналған қызметтердің шығындарының санын азайту үшін тиімді болып  ішкі өндірістік факторлар мен белсенді әсерлер болып табылады. Сонымен қатар, өзіндік құнды төмендетуге арналған іш-шараларда өз әсерін тигізуде.

Барлық ішкі салардың байланысын ұйымдасырудағы өзіндік құнды төмендету үшін арналған сақтық қордың ең тиімдісі – еңбек ақыны төлеуге кететін шығындарды үнемдеу болып табылады. Бұл шығын бабы бір жұмысшының орташа еңбекақысына және өндіріс қызметкерлерінің жарты жылдық жалақысын атәуелді. Орташа еңбек ақы төмендемеу керек, өйткені жұмысшылардың материалдық жағдайы, олардың әлеуметтік құқығы нашарлап, сонымен қатар операторлардың салалы еңбек рыногындағы бәсекеге қабілеттілігі төмендеп кетеді. Сол үшін операторлардың бар күш жігері өндірістегі бос болмау санын азайтуға бағытталу керек. Бұл мәселені шешуде өндірістік процестерді автоматтандыру мен механизациялау, прогрессивті технологияларды енгізу, ескірген қондырғыларды ауыстыру мен модернизациялау, еңбек пен басқару ұйымын жетілдіру маңызды болып табылады. Шығындар мен жұмыс уақытының өндіріске кетпейтін шығындарын толықтай жою, мамандардың сәйкес келуі мен қызмет көрсету зонасын өсіруді кеңінен қолдану, кадрларды олардың сәйкес келетін біліктілігіне орай орналастыру, ғылымға негізделген еңбек нормаларын енгізу, өндірістік операцияларды орындау әдістерін  оңтайландыру – мұның барлығы қызмет бірлігін туғызу үшін тірі еңбек шығынын қысқартуға септігін тигізеді және өзіндік құнды төмендетуге алып келеді. Соның әсерінен байланыс ұйымында  «Еңбек ақыны төлеуге кететін шығындар» бабы бойынша ғана емес сонымен қатар, осымен байланысты барлық бабтар мен элементтерді үнемдеуге мүмкіндік туады. Бұл жерде бірінші орында әлеуметтік қажеттіліктерді орындау мен қатар еңбек ақыны төлеу фондының көлеміне тәуелділігімен немесе жұмысшылардың санымен (мысалы, арнайы киім, құны төмен және тез тозатын бұйымдарға кететін шығындар және т.б )    анықталуы қарастырылады.

Еңбек өндірісінің өсімінің әсері бойынша өзіндік құнды төмендетудің шарттары – оның өсім ырғағының орташа еңбекақы өсімінің ырғағымен салыстырғанда озуын қамтамасыз ету болып табылады, яғни мына теңдіктің орындалуы қажет:  Iе/IӨ<1.  Сандық тұрғыда бұл тәуелділік келесі формуламен сипатталады:

 

                                 Icтр=[(1–I3/IПтр) d3баз]100,                                          (7.8)

 

 мұнда:

I3 пен IПтр – салыстырмалы бірліктердегі базалыққа қатысты орташа еңбек ақының өзгеруі мен еңбек өнімділігінің қарастырылып отырған периодтағы индексі;

 d3баз салыстырмалы бірліктегі базалық периодтың өзіндік құнындағы еңбек ақыны төлеуге кететін шығын үлесі.

Осылай өзіндік құн құрылымындағы еңбек ақының меншікті саны жоғары болған сайын, еңбек өндірісінің өсімінің оның төмендеуіне әсері сезінерлік. Бұл дегеніміз, 9.1 тарауда айтылғандай байланыс салаларындағы еңбек ақыны төлеуге кететін шығындар тұрақты – шартты шығындарға, қызмет көрсету көлемінің динамикасына, кірістер мен еңбек өндірісінің әсеріне қатысты. Жалпы алғанда тұрақты – шартты және айнымалы шығындардың өзіндік құнды өзгертуге арналған әсер келесі аналитикалық теңдікпен анықталады:

 

                                      Ic=[(1 – (dпост /IКқызм + dпер)] 100,                                (7.9)

 мұнда:

 Ic  - байланыс қызметінен түсетін кірістердің 100 теңгеге тең өзіндік құнының өзгеруі; dпост пен dпер -  өзіндік құнның тұрақты – шартты және айнымалы шығындардың меншікті сандары; IКқызм – байланыс қызметінен түскен кірістер индексі.

Осының есебінен, тұрақты – шартты шығындардың меншікті саны өскен сайын кірістің өсу ырғағының қалыпты түрде жүруі төмендей береді.

Айта кететін жайт, маңызды қорларды қолдануды жақсарту, келесі байланыс құралдарына қызмет етуге кететін шығындарды азайту есебінен өзіндік құнды азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар  компанияларда өзіндік құнды төмендетудің өздік көздері секілді энергетикалық және материалдық ресурстарды үнемді жұмсау үшін жүйелі жұмыста жүргізілуі тиіс.

Поштаны тасу үшін кететін көп шығындары бар пошталық байланыс үшін пошталық байланыстарды оптимизациялау, көліктің ең үнемді түрін таңдау, көліктік құрылғыларды көбірек жүктеу, бос жүрістерді қысқарту тиімді болып табылады.

Жеңіл шығындарды азайту, әсіресе жалпы шаруашылық және әкімшілік - басқармалық шығындарды азайту – байланыс ұйымының өзіндік құнын төмендетудің бір жолы болып табылады. Сонымен қатар, өндіріспен тығыз байланысты коммуналды қызметтерге, іс –сапарларларға кететін төлемдерді үнемдеуде байланыс ұйымының жалпы шығынын азайтуға мүмкіндік береді.

Шығындардың әр бабының өзгеруінің өзіндік құнды төмендетуге сандық әсерін келесі формула сипаттайды:

                                                 I=[(1 – Iсі/Iкқызм) dібаз]100,                          (7.10)

  мұнда:

 I– шығындардың і-ші бабының есебінен өндірістің өзіндік құнының өзгеру индексі;

Iсі  - салыстырмалы бірліктегі шығындардың і-ші бабының базалықпен салыстырғындағы өзгеру индексі;

 Iдусл – сол мерзімдегі байланыс қызметінен келіп түскен кірістердің өзгеру индексі;

dібаз – базалық периодтың өзіндік құн шығынының  і-ші түрдегі бөлігі.

Өзіндік құнды жалпы төмендету әр баб бойынша өзіндік құнды төмендетудің өзгеруі бойынша анықталады:

                                                Ic =.                                                     (7.11)

Қызметтің қарапайым түрімен шығындарды үнемдеуде, ішкі өндірістік резервтерді қолдану өзіндік құнды төмендетудің маңызды факторы ретінде кірістермен көрсетілетін қызметтің көлемін арттыратын байланыс операторларының күшін жандандыру қажет. Шығындалған ресурстардың құнының өзгеріссіз қалуынан алынған үлкен нәтижелерде өзіндік құнды төмендетумен шығындарды шартты үнемдеуге алдып келеді, оны мына формула бойынша анықтауға болады:

 

                                        ∆Зоб=(С0 – С1) Кқызм1] / 100,                                      (7.12)

 мұнда:

 С0 мен С1 – базистік және есептік периодтағы байланыс қызметінен келіп түсетін кірістің 100теңгеге тең өзіндік құны;

Кқызм1 – есептік периодтағы байланыс қызметінен келіп түсетін кірістер;

100 – кірістерді өзіндік құнның өлшеміне алып келу үшін қолданылатын коэффициент.

Тұтынушылар мен абоненттердің жағынан түсетін сұраныстарға көрсетілетін қызмет көлемінің өсімінің шектеулігіне қарамастан байланыс операторлары қызмет атаулығын кеңейтіп оның сапасын жақсарту арқылы, клиенттерге қызмет көрсетудің прогрессивті формаларын енгізу және олардың байланыс құрылғыларына қол жетімділігін арттыру арқылы, телекоммуникациялық нырықтың және басқада шаралардың реттеусіз секторына икемді тарифті саясатты қолдану арқылы оған оңтайлы әсер ете алады.

Әлемдік тәжірибенің көрсетуі бойынша, мысалы байланыс желісінің интеллектуалды қызметін енгізу ( «Тегін шақырту», «Қосымша төлемі бар ақпараттық қызметтер», «Теледауыс беру» және т.б қызметтер) операторлардың кірістерін үлкейтіп қана қоймай, қала аралық және ішкі зоналық трафикті генерациялайды. Ол трафикті таратуда қолданылатын сәйкес телефондық желіні молырақ қолдануды және операторлардың кірістерінің өсуін қамтамасыз етеді.

Хабарламаны тарату процессін автоматизациялау, клиенттерге қызмет көрсету үшін сервистік орталықтарды құру – қызмет сапасымен қызмет  көрсетудің сапасын жақсартады, байланыс қызметтерін тартымдырақ етіп, абоненттерді оны интенсивті қолдануға ынталандырады. Аналогтық әсер төлеуге қабілеттілігі әр түрлі тұтынушыларға есептелген түрлі тарифтік жобаларды енгізу кезінде, қызметті қолданудың көлемімен және олардың сапаға сұранысы кезінде оң нәтижеге жетуі мүмкін.

Желіні кеңейту есебінен абоненттердің байланыс құрылғыларына қол жетімділігін арттыру клиенттік базаның кеңеюіне сәйкес келетін кіріс көлемінің өсімін қамтамасыз етіп қана қоймай, «ауқым әсерлігі» есебінен көрсетілетін қызметтің өзіндік құнының төмендеуіне ықпал жасайды.

Үлкен қуатты радиотрансляциялық желілірде және жергілікті қалалық телефондарда ауқым әсерлілігі абонеттік құрылғылардың тығыздығының өсуінің әсерінен, бір абоненттік бекетке сызықтық құрылғылардың тартылысының қысқаруы әсерінен оларға қызмет көрсету шығыны сәйкесінше азаяды.

Қорыта айтатын болсақ, өзіндік құнның төмендеуі – бұл мақсат емес, бұл дегеніміз іс-әрекеттің максималды соңғы нәтижелеріне жету құралы, операторлардың жұмысының әсерлілігін арттыру және олардың ырғақты тұрғыда дамып жатқан нарықтық ортада бәсекеге қабілеттілігін арттыру.

   

Бақылау сұрақтары:

1) Қызметтердің өзіндік құны дегеніміз не, салада өзіндік құнның қандай көрсеткіштері есептеледі?

2) Өзіндік құн қызметтеріне шығындардың қандай баптары енгізіледі?

3) 100 тг кірістке шаққандағы өзіндік құнның көрсеткіші қалай анықталады және оның экономикалық мағынасы неде?

4) Өзіндік құнның калькуляциясы дегеніміз не және оны қалай есептейді?

5) Қызметтің соңғы нәтижелеріне өзіндік құнның  ықпалы қандай?

6) Өзіндік құнның өзгеруіне қандай факторлар әсер етеді?

7) Негізгі өзіндік құнның төмендеу жолдарын атаңыз.

 

8-тақырып. Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі

Қарастырылатын сұрақтар:

1)                Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі

2)                Байланыстағы бағаның қалыптасу стратегиялары

3)                 Мемлекеттік бағаны реттеу жағадайында тарифтерді                  қалыптастыру әдістері

4)                Баға түрлері

 

 

8.1    Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі

 

Баға белгілеу мәселелері кез келген шаруашылық субъектісі үшін маңызды және күрделі болып табылады. Бағаларда экономикалық қатынастардың  барлық субъектілерінің мүдделері шоғырланады және тоғысады.

Өнімді, тауарды және қызметтерді өткізу бағалары негізінде іске асырылады, бұл бағалар өз мәнінде экономикалық негізделген шығындардың және оған объктивті қажетті кіріс мөлшерін қосудың  ақшалай көрінісі болып табылады.

Мұндай келісім кәсіпорындарға ағымдағы шығындарды орнына келтіру, сондай-ақ қызметтерге экономикалық ынталандыру және өндірісті дамыту мен жаңалау үшін қажетті қаражаттар алуға мүмкіндік береді.

Байланыстағы баға белгілеу жүйесі жалпы нарық принциптеріне негізделеді және өндіріс пен қызмет тұтынудың процестерінің ерекшелігін, телекомуникациялардың ағымдағы жағдайын және динамикасын, сондай-ақ жалпы экономикалық және салалық факторлардың кешенін ескереді (8.1 кестені қара).

 

8.1 кесте-Байланыс қызметтерінің бағасы мен тарифтерінің классификациясы

Классификациялық көрсеткіштер

Баға мен тарифтердің түрлері

1

2

Іске асырудың  қортынды бағасының қалыптасу кезеңі

1)      Байланыс қызметтерінің тарифтері

2)      Қосылу қызметі мен трафикті өткізу қызметінің бағалары

3)      Өзара есепайырысу  енгізудің  есептік бағалары (таксалары)

Тұтыну ерекшелігінің сипаттамасы

1)      Негізгі қызметтердің тарифы

2)      Қосымша қызметтердің тарифы

Мемлекеттің әсер ету деңгейі

1)      Мемлекет тарапынан реттелетін тарифтер

2)      Еркін тарифтер

Қызмет төлемдерінің өлшемі

1)      Ортақ тарифтер (қарапайым тарифтер)

2)      Дереу тарифтер

3)      Жеңілдік тарифтер

4)      Тегін қызметтер

Қызметті пайдалану аясы

1)      Халыққа көрсетілетін  қызметтердің тарифы

2)      Мекемелерге көрсетілетін қызметтердің тарифы

 

Бағаның салалық жүйесі елеулі әр түрлі болуымен ерекшеленеді және бірқатар белгілері бойынша жіктелуі мүмкін, олардың ең маңыздылары 8.1-кестеде ұсынылған.

Байланыс қызметтерінің тарифтері –қоғамдық, өндірістік және жеке тұтыну саласында тұтынушыларға көрсетілетін ақылы қызметтерге тағайындалатын бағалар жүйесі.

Қосу қызметі және трафиктерді өткізу бойынша қызметтер бағалары-тұтынушыларға соңғы желілік қызметтер ұсынатын желілік  жалпы мақсатта қолданылатын электрбайланыс саласы операторлары арасындағы есеп айырылысу үшін қолданылатын шкі бағалар категориясы.

Сондай-ақ, өзара есеп айырысуды  жүргізу үшін есептік бағалар (таксалар) ішкі бағалардың тағы бір түрі болып табылады. Олар агентік шарттар бойынша, сондай-ақ басқа салалардың шаруашылық етуші субъектілерінің қайтарымсыз төлемі үшін орындалған жұмыс пен байланыс операторлары арасындағы есеп айырысулар үшін, пошта, телеграф және телефон байланысы қызметтерінің халықаралық есептесулер жүйесінде қолданылады (мысалы, пошта тасымалына қатысушы көлік ұйымдарымен есептесулер үшін).

Баға белгілеу және оның деңгейін либералдау жүйесіне мемлекеттің әсер ету дәрежесі бойынша реттелетін және еркін тарифтер мен бағалар ажыратылады. Мемлекеттік реттеуге қызметтердің жекелеген түрлерінің тарифтер мен бағалары жатады, олардың тізімі арнаулы нормативті актілермен белгіленеді. Мемлекет тәртіптейтін қатарға нақты қызметтерді енгізу үшін негізгі өлшемдер қызметтердің әлеуметтік мәнділігі және сәйкесті тауар нарығының монопозициялау дәрежесі болып табылады. Олардың ерекше әлеуметтік мәнділігін ескере отырып, байланыстың әмбебап қызметтерінің тағайындады.    

Байланыстың белгілі  саласындағы негізгі қызметтердің тарифі, белгілі қызметтер өндірісінің өз құнына әсер ететін  түрлі факторларға байланысты дифференцияланады.

Мысалы, пошта байланысындағы жазбаша корреспонденция мен  бандерольдар салмағы мен құндылығына байланысты тарификацияланады. Хабарламаны жіберудің тарифтері салмағына, жергілікті елді мекендердің арақашықтығына, оның құндылығын белгілейтін сомасына, пайдаланылатын көліктің  түріне (әуедегі немесе жердегі) тәуелді. Пошталық және телеграфтық хабарламаларды жіберу тарифі,  жіберілетін соманың өлшеміне  байланысты орнатылады.

Телеграммалардың тарификациялау кезінде негізгі факторлардың бірі сөздердің  мөлшері болып табылады. Телеграфтық арналаарды жалға берудің   бағасы  сол арналардың ұзақтығы мен өткізу қабілетіне  байланысты болады.

Қалааралық  телефон байланысын орнату кезінде, оның құны арналардың бос болмау уақыты мен арақашықтығына тәуелді болады. Жергілікті елді мекендердің арақашықтығына орай 7 тарифтік зона орнатылған: 100 км-ге дейін; 101 км-ден 600 км-ге дейін, 601 км-ден 1200 км-ге дейін, 1201 км-ден 3000 км-ге дейін, 3001 км-ден 5000 км-ге дейін, 5001 км-ден 7000 км-ге және одан жоғары. Берілген қызметтің тарификациялану кезінде,  тариф әр зонаға   1 мин үшін орнатылады. Телефон арналарын жалға беру тарифы арналардың  ұзақтығы мен уақытына (периодына) тәуелді. Оған қоса каналдың типіне де байланысты болады – аналогтық және сандық. Радиобайланыс пен радиотарату  амалдарын пайдалану  тарифы жұмыстың 1-кан.сағатына орнатылады, ол  таратқыштың қуатына байланысты болады. 

Байланыс қызметі рыногының бәсекелестігі жеткілікті дәрежеде дамыған секторларында немесе қызметтер тұтыну деңгейі тарифтер шамасына елеулі әсер етпейтін секторларда, тарифтерді нарықты баға белгілеушілердің әсерінен өндірушілердің өздері белгілейді.

Еркін тарифтер бойынша мысалы, телематикалық қызметтер, дербес радио шақыру және жылжымалы байланыс деректерін тарату қызметтері, яғни негізінен жаңа қызметтер іске асырылады.

Ал жаңа инновациялық қызметтер тарифтеріне қатысты, олардың деңгейі және динамикасы, әсіресе, бәсекелестік деңгейі ерекше орын алатын нарықтық баға түзуші факторларды ескере отырып, операторлар қалыптастырады. Атап айтқанда, бәсекелестікті дамыту – тұтынушылардың жағдайына, олардың сапа параметрлеріне, қоятын талаптарына, нақты қызмет түрлеріне, жиі сұранысқа ие болатын, әртүрлі категорияларына есептелген, көп нұсқалы тарифтік жоспарлар әзірлеуге операторларды итермелейді. 

Мысалы, қалааралық телефон байланысына қосымша қызмет байланысын қосу үшін жеке тұлғаның қалааралық байланысқа қосылуына, абоненттің сөйлесу уақытына, басқа абоненттің төлеміне, сөйлесу уақытына тәуелді. Жергілікті телефон байланысында қосымша қызметтер автоматты түрде номерді анықтау, телефон номерін өзгерту, ақпараттық анықтама қызметіндегі көлік қатынастарының кестесін анықтау, сауда және мәдени ұйымдардың кесте жұмысы, ауа-райын болжау және тағы басқалары болып табылады. Пошталық байланыс ұйымдарында қосымша қызмет дәстүрлі негізгі қызметтің қосылуы ретінде болуы мүмкін және жаңа қызмет турлеріне де байланысты. Жіберушілердің мүмкіндіктерін қанағаттандыру үшін қағаздарды жіберу және ақшалай аударым  кезінде қосымша  қызметтер болып табылады. Пошталық ұйымдар тұтынушыларына ұсынылатын пошталық хабараламалардың жедел немесе экспресс-пошта арқылы жіберілуі  қосымша қызметтерге жатады.

Автоматты роуминг, жасырын нөмірлерді анықтау, SMS- хабарламаларды жіберу, ғаламторға шығу мүмкіндігі, мультимедиялық хабарламаларды (MMS) жіберу мүмкіндігі, әртүрлі ашық хаттарды қабылдау, логотиптерді жеткізу секілді әдетке айналған қосымша қызметтермен қатар қолданылатын жылжымалы байланыс желісіндегі  қосымша қызметтер қарқынды дамуда. Жылжымалы байланыс желісі операторлары тұтынушыларға  кең тұрғыда аудио-бейне ресурстарды (әуендер, жаңалықтар мен жарнамалар), анықтамалар мен кеңестер қабылдау мүмкіндігін,дауыс беруге қатысуға, викториналарға, лотореяларға, ойындарға және көптеген қосымша қызметтерді қолдануға мүмкіндік беруде. Осыған орай жылжымалы байланыс саласы қызметтеріне деген сұраныс өсіп отыр. 

Қызмет байланысының жүзеге асуы арнайы бағамен орнатылады, оны тариф деп атайды. Олар: жалпы (жай), жеңілдіктік, қосымша қызметке және қызмет байланысының жаңа түрлеріне бөлінеді.

Жалпы тарифтер – байланыс қызмет етуінің барлық түрін қамтитын негізгі және көбірек тарағаны.

Жеңілдікті – жалпы тарифпен салыстырғанда байланыс қызметтерінің кейбір түріне жеңілдетілген тариф (түнде, кеш кезінде қалааралық әңгімелесулер, т.б.). Сонымен қатар  мына категориялар үшін  мүгедектер үшін, соғыс ардагерлері мен еңбек ардагерлері үшін және т. б.

Қызмет түрлерінің қoсымша түріне тариф сәлемдемені буып- түю үшін жасалған қызмет ақысы, адамды белгілі бір қалааралық телефонмен   сөйлесуге шақыру  шақыру т.б. жатады.

Тариф жүйесінің негізгі кемшілігі тарифтердің қызмет көрсету істерінің түрлерінің өзіндік құнынан кері ауытқуынан болады.

Байланыс тарифтері басқа салаларының өнімдеріндегі сияқты экономикалық заңдарды тұрақтандыруды, өнім нарықтарын тұрақтылығын іздейді.

Біздің еліміздегі байланыс тариф жүйесін құрудың негізгі принциптері:

а) тарифті құнға, бағаға негіздеп жасау принципі, егер тарифті құннан жоғары есептесе, байланыс саласында қаражат жұмсау тиімділігіне асыра, не кем көрсетуге әкеліп соғады. Бұл - кері әрекет.

ә) егер мемелекеттік жоспар бойынша белгілі шаруашылық, әлеуметтік саяси міндеттерді шешу үшін тарифті құннан шегеруге болады. Ол үшін мынандай факторлар ескеріледі:

-пайдалану сипаты – жеке немесе өндірістік;

-байланыс қызмет көрсету маңызы;

-байланыс қызмет көрсетуді жоғарылату, қызықтыру, сұранысты молайту негізгі байланыс қорларын орынды, дұрыс қолдана білу, өндіріс салаларының экономикалық негіз дәрежесінде тиімді, әсерлігін арттыруды көздеу. Яғни егер жеке тұтынушыны алсақ, онда тұрғындардың кіріс, табыс дәрежесінің өте төмендігін есепке алу керек, тариф жоғары болмауы қажет, бірақ өндірістің рентабельділігін сақтауды  ескеру қажет, ал егер жоғары тарифті қызмет көрсету нарқын қолданудан қызметтің көлемі төмендеуі мүмкін.

Тарифтің бағадан  шегінуі ұзақ немесе уақытша сипат алуы мүмкін.

б) Байланыстың қызмет көрсету біркелкі ұқсастықтарына тариф еліміздің территориясында бірдей жүруі керек, ондағы жағдайда дифференциалауда азғана белгілер есепке алынады. Себебі қалааралық барлама өндіріс процесінде жекелелген байланыс мекемелерінің ісімен шектелмейді, еліміздің түрлі ауданындағы мекемелер шығыны орталық есеппен жүргізіледі.

в) Тарифті жасағанда байланыс мекемесінің жұмыс жағдайы, оның өзіндік құн құруға келтіретін әсері есепке алынады. Бұнда байланыс мекемесінің  немесе соған баламалы еліміздің аудандарында өзіндік құн 1.5 –2 және жоғары есе көтеріледі. Бұл жағдайда тариф көрсеткіші де жоғары болады.

г) Тарифті техникалық жетістіктерді байланыс құралдарын жетілдіре пайдалану арқылы үнемі төмендету жағы қарастырылады.

ғ) Тарифті жасауда жеке байланыс құралын жасау емес байланыс жүйесін барлық, жалпы көпшілік, қоғамның пайдалана алуын ескеру қажет.

д) Қызмет көрсетуді пайдаланудың жеке немесе өндіріске қолданылу сипаты есепке алынуы қажет.

 Байланыста қызмет көрсетудің қазіргі тарифтері қызмет көрсетудің түрлерін дамытуға кедергі болып отыр, әсіресе ол жергілікті телефон жүйесі мекемелеріне қиын. Тарифтің төмен болуы қызмет көрсету түрлерінің тиімділік әсерін төмендетеді.

Қосымша қызметке және қызмет байланысының жаңа түрлерінің тарифі — бұл жалпы тарифтік номенклатураны ұстамайтын тариф.

Бұдан басқа бағалану жүйесінің орындалуы дифференциялдық жолмен сипатталады:

-   өзіндік құнға әсер ететін фактордан бөлінетін тарифтер (мысалы, қалааралық сөйлесудің тарифтері оның ұзақтығына, қашықтығына және т.б. факторларға байланысты);

-   пайдалану сферасынан бөлінетін тарифтер:

1)                Халық санағы үшін.

2)                Бюджеттік кәсіпорын үшін.

3)                Коммерциялық құрылым үшін.

Байланыстағы бағалану жүйесінің кемшілігіне тарифтердің өзгеруінен инфляция мерзiмi кезінде (2—3 айға) төлемақы мен бағаның өсуі жатады, ол кәсіпорынға ақшалай шығын алып келеді. Бұның барлығы бағалану жүйесінің мүмкін болуын қажет етеді: бағалану факторының нарықтық тіркеуінің  және қызмет сапасының  деңгейінің көмегімен тарифтердің есептеу әдісін қолдану.

 

8.2 Байланыстағы бағаның қалыптасу стратегиялары

 

Байланыс операторларының баға саясаты қоғамдық және жеке тұтынушыларды барынша қанағаттандыру басты миссиясын ескере отырып, байланыстың ең аз шығындарын дәстүрлі және жаңа қызметтерін өндіруді қалыптастыруға болады. Осы екі бірлікті міндетті тиімді шешу тек баға белгілеудің оңтайлы (оптимальный) стратегиясын таңдау шартында ғана мүмкін болады. Компанияның  бағаны анықтау стратегиясы 8.1 суретте көрсетілген.

8.1 сурет - Байланыс қызметінің бағаны қалыптастыру  стратегиясы

Баға белгілеу жүйесіне және басқа факторларға мемлекеттік әсер ету дәрежесі нарықтағы бәсекелестік деңгейі қызметтердің  өмірлік айналым кезеңдері тарифтерді тағайындау саласындағы компанияның саясатына тәуелді болады. Телекомуникациялық секторда келесі стратегиялар қолданылуы мүмкін:

1) кілегей (сливок) алу стратегиясы - тарифтер бойынша олардың өндірісі шығандарынан елеулі асатын қызметтерді іске асыруды қарастырады. Оны қолдану дәл осы сәтте нақты нарық сегментінде ұқсастары, аналогтары жоқ жаңа қызметтер нарығында пайдаланумен тиімді. Кілегей алу стратегиясын тауар нарықтарында пайдаланылады, мұнда баға белгілеу жүйесіне мемлекет бақылау жасамайды.

Егер оператор басымдық жағдайда бәсекелестігі жоқ нарықта әрекет етсе, онда ол өзінің монополиялық жоғары бағасын тағайындайды, бұл жағдайда іске монополияға қарсы заңнама қосылады.

2)  ішке ену баға стратегиясы – қызмет өндіруші ең аз табыспен немесе өндіруге шыққан шығыннан төмен қызмет тарифтерін белгілейді. Стратегияның мақсаты - өткізудің жаңа рыногына жалпы сұранысқа ие дәстүрлі қызметтермен қатар, жаңа қызметтердi шығу. Мұнда оператор қажет тиімділікті бәсекелестерді ығыстыру және өндіріс ауқымын кеңейту есебінен алады.

3) сараланған (дифференцированный) баға белгілеу стратегиясы, бұл – белгіленген сұраныс сегменттері және нақты абоненттермен қызмет көрсетулерінің тұтыну қарқынына және уақытына байланысты жеңілдіктер қолдану бойынша бір атаулы қызметтерге тарифтер белгілеуді қарастырады.

Бұл стратегияны бірқатар тәртіптелетін қызметтерге мысалы, жергілікті телефон байланысына абоненттердің – жұртшылық және ұйымдар екі тобы бойынша тарифтерді саралауда телекомуникация компаниялары кең пайдаланылады. 

Апта күндері және тәулік сағаттары бойынша сараланған тарифтерді қолдану жүктеменің біркелкі еместігін реттеуге және  өндіріс қуаттарын біркелкілеуге, пайдалануға жағдай жасайды. Сараланған баға белгілеу стратегиясын жаңа қызметтер көрсететін, мысалы, белгілі желі абоненттерімен және басқалармен демалыс күндері сөйлесулер жүргізу үшін төмендетілген төлем мөлшерлемелері мен тариф жоспарларының нұсқаларын ұсынатын жылжымалы байланыс операторлары ойдағыдай қолданады. 

4)  психологиялық баға белгілеу стратегиясы нақты қызметтерге жоғары сұраныс тудыратын немесе оларды тұтынуда абоненттерде елеулі қосымша пайда алу сезімін тудыратын  психологиялық әсер етудің белгілі бір тәсілдерін пайдалануға негізделген.

Мысалы, 99,9 құндылық баға бірлігі жүз бірлікке тағайындалған бағаға қарағанда, ол тұтынушымен психологиялық жеңіл қабылданады. Психологиялық бағаларға қазіргі технологиялық көмек арқылы ұсынатын инновациялық қызметтерге қойылатын бағаларды жатқызуға болады, бұл жағдайда жоғары баға қызметі жоғарғы сапа көрсеткішіне қызмет етеді.

5)   бәсекелесті баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегияны іске асыруда операторлар қызметтерді тарификациялауда бәсекелестер бағаларына бағдар алуы, икемді тарифтік жоспарлар пайдалануға, тарифтер деңгейін өзгертусіз жаңа тұтыну қасиеттерімен қызметтерді толықтыруы, өндіріс шығындарын қысқартуы, сөйтіп тарифтердің төмендеуіне және қосымша клиенттер тартуына жағдайлар жасалуы мүмкін.

Басқа стратегияларға қарағанда бәсекелесті баға белгілеу маркетингтік зерттеулер қажеттігін шарттайды, бұл жағдайда нарық коньюнктурасының жалпы үрдістері, ұсынылған қызметтерге тұтынушылардың қатысы, олардың төлем қабілеттілігі, сұраныстары және ынталары бағаланады.

 

8.3 Мемлекеттік бағаны реттеу жағдайында тарифтерді қалыптастыру әдістері

 

Әдетте телекомуникациялық қызметтердің номенклатурасын ескере отырып, оңтайлы саясатын, олардың өмірлік айналым бәсекелестік деңгейін, мемлекеттік органдарын және басқа әсерлерін, сөйте отырып, қызметті өткізудің ең үлкен тиімділігін қалыптастыру үшін баға белгілеудің бірнеше стратегиясын пайдаланады.

Әдетте, кәсіпорынның бағасы  өнімнің өзіндік құны мен пайданың қосындысынан тұрады:

 

                                                  Б = Қ+П,                                                     (8.1)

мұнда:

Б - баға

Қ- өнімнің өзіндік құны;

П – пайда.

Реттелетін қызметтік тарифтері, олардың шынайы құнын ескере отырып тағайындалады. Осы әдіске сәйкес тариф есебінің формуласы төмендегі түрде болады:

 

                                 Цті = ЭОЗі + Пнорм.і + НДС,                                     (8.2)

 

мұнда:

 ЭОЗі - өндірістегі і-ші түрдегі қызметтің экономикалық негізделінген шығындар;

Пнорм.і – қызметтің і-ші түрдегі тарифіне қосылатын нормативтік пайдасы;

      НДС халық үшін тарифтерге енгізілетін қосымша құн салығы (бұл салық ұйымдардан белгіленген тарифтен артық алынады).

Нормативтік пайда экономикалық негізделген шығындар сияқты тәртіп қадағалаушы орган бекіткен әдістемесіне сәйкес анықталады.

Осы әдіс негізінде тарифті белгілеу қызмет көрсетушілер үшін тиімді болып табылады, себебі тарифтер өндіріс шығындарын толық ескереді, ал оған қосылған кіріс инвестицияларды қайтаруды және қызметкерлердің әлеуметтік қамсыздандыруды көтеруге бағытталған бағдарламаларын іске асыруға кепілдік береді.

Телекомуникация желілері дамыған елдерде қазіргі уақытта ең көп тараған  тарифтерді шектік баға белгілеу әдісі бойынша реттеу болып табылады. Мысалы, бұл – Европа Одағының тіптен барлық елдерінде, сондай-ақ АҚШ-та, Канадада және ТМД бірқатар елдерінде қолданылады. Оны пайдалануда реттеуші орган операторлар үшін белгіленген күнтізбе кезеңіне тарифтерді шектік өзгерту индексін (ИПИТ) белгілейді. Жалпы түрде бұл индекс төмендегі формула бойынша анықталады:

 

                                         ИПИТ = Іинф - ∆Іэф                                        (8.3)

мұнда:

 Іинфсалыстырмалы бірліктерде ел экономикасындағы инфляциялық процестерді сипаттайтын көрсеткіш;

∆Іэф болжалды кезеңде байланыс операторларының қызмет тиімділігінің мүмкін болатын өсімі.

Шетел тәжірибесінде инфляция факторы әртүрлі көрсеткіштермен ескеріледі: тұтыну бағалар индексі, елдегі өнеркәсіп өнімінің баға индексі, тәртіп қадағалаушы орган эталонға алған немесе БҰҰ, Дүниежүзілік банк, Халықаралық қазыналық қор және т.б. халықаралық ұйымдар ұсынатын инфляциялық көрсеткіштер, басқа елдердегі инфляция индекстері.

Болжанатын кезеңде байланыс операторларының қызметінің ықтимал болатын тиімділігінің өсуін сипаттайтын ИПИТ көрсеткішін есептеу формуласын қосу, бұл - телекомуникация секторындағы экономиканың басқа салаларына қарағанда, тұтастай өндірістік ресурстардың қайтарымы және еңбек өнімділігінің жоғарырақ өсімі үшін объективті жағдайы бар өндіріс саласы немесе күтілетін тиімділіктен тарифтерді төмендету түріндегі артықшылықты алудың толық көлемімен шартталады.  

Телекомуникациялық компаниялар үшін тиімділік факторын төмендету мен тарифтердің шектік өзгеру индексінің есебі қажетті табысталуы үшін өндіріс шығындарын қысқартуға ынталандыру болып табылады.

Бәсекелесті нарықта келісімді тарифтер пайдалану мүмкін, бұлар сатушылар және сатып алушылар қызметтерінің өзара тиімді құны туралы келісу еркіндігін білдіреді. Бірақ бұл жағдайда да өндірушілер әрқашан өз шығындарын жабуға және пайда алуға ұмтылады, ал тұтынушылар қызметтерді төлей отырып, олардың объектілігін таниды. Яғни,  бұл жағдайда келісу тарифтерінің принципі  пайдаланылады, бұл шектік шығындар бойынша тарифтерді анықтау негізінде есептеледі.

 

8.4    Баға түрлері

 

Меншік қатынастарының тереңдеу және жан-жақты даму қарқынына    байланысты ақша – тауар қатынасының да қызмет, әрекет аясы дами түсуде.

Меншік қатынасындағы жүріп жатқан өзгерістер баға жасау реформасына маңызды әсерін тигізуде.

Барлық көптеген бағалар өзінің жүйесін құрады, ал олардың сапасы қоғамдағы өндіріс-кәсіп қатынастары мен қоғамдық өндірістің тиімділікке ынталануын қаншалықты объективті көрсете алуынан туады.

Баға жүйесі келесі бөліктерге бөлінеді: көтерме баға, ауыл шаруашылығы үшін сатып алу, немесе өткізу бағасы, құрылыстарды сметалық баға, сауда бағасы, халыққа қызмет көрсетіп және көліктік тарифтер. Бағалар бірінен бірі бөлек, дара сүре алмайды, олар өзі өмір сүрген ортадағы бар салалар арасындағы саны және сапасына қарай пропорциялы негізде жасалады.

Бағаны іс- әрекетінің мерзіміне қарай да бөледі:

- жекелеген баға – белгілі мерзім ішінде жасалады және белгілі өнім тобына ғана алынады;

- уақытша баға – көбіне өнімнің жаңа түріне, мақсат ауыр технологиялық процесті қосып, өнімнің даярлау жолын ұзақ пайдалана отырып, алдағы уақытта көбірек сериялы өндіру көзделгенде ғана қойылады;

- тұрақты баға – өмір сүру, қызмет мерзімі ерте бастан шектелмеген жағдайда қолданылады.

Енді бірыңғай  баға – территориялық көлемде қолданылады немесе пайда болады, бүкіл ел көлемінде және бөлек экономикалық аудан, республика, облыс бойынша бағалар өмір сүруі толық мүмкін.

Қазір елімізде бағаның үш түрі бар: нақты, келісілген және еркін – шектелген баға.

Нақты бағаны кейде орталықтанған деп те атайды, өйткені ол басшылық ету дәрежесіне байланысты, одақтық, республикалық, жергілікті дәрежеде жасалады. Тірелген баға еліміздің экономикалық потенциалын және қоғамдық өндіріс процесін анықтайтын маңызды тауарларға қояды.

Келісілген баға және тарифтер тұтынушылармен келісу арқылы жасалады. Ол нормаға негізделуі де мүмкін, немесе сұраныс пен ұсынысқа байланысты да жасалады.

Еркін баға – ұсыныс пен сұраныс бойынша еркін жасалады.

Барлық үш баға түрі де баға жасауда ұсыныс пен сұраныс негізінде өнім меншігінің, өнім иесінің еркімен жасалады.

Баға жасаудағы дұрыстық, тиімділік сыртқы экономиканы тиімді дамыту үшін маңызы өте зор. Баға жасау, оны құру принциптерінің негізгі мекемелердің сыртқы экономикалық қызметі – ол деген дүниежүзілік баға пропорциясы және дәрежесіне келісілген бағаны жақындату, ортақ пайданы қарастыруды сақтау деген ұғым.

Сыртқы сауда келісімін жасағанда дүниежүзілік нарықта бағаның бірнеше түрі қолданылады: жариялы, есептік.

Жариялы баға бұл арнайы хабарламаларда дүниежүзілік бағаларды да қоса жариялайды. Мысалы: анықтама бюросы бағалар туралы, биржалық котировкалар және аукцион бағалар, саудаласу бағасы, келісілген баға, ірі фирмалардан ұсыныс бағасы.

Анықтау бағасы – бұл көбіне капиталистік елдерде ішкі және сыртқы сауда көбіне қолданылады, оның негізгі құндылығы дүниежүзілік нарықтағы негізгі өнім түрлерінің бағасын шамалау, әсіресе, газет – журналдар, арнайы бюллетеньдер, фирмалық каталогтер, прейскуранттар. Анықтау баға көбіне номинальды сипатта болады, негізгі қызметі белгілі жерлердегі өнімді шамалай келістіру, базисті баға – көбіне реалды бағамен салыстырғанда көтеріңкі болады, сондықтан сатушы мен алушының арасында 15-30% кейде 50% жеңідікке кемітуге  дейін барады.

Биржа мен аукцион бағалар дүниежүзілік сауда да ауыл шаруашылығы тегінен немесе минерал тауарлар сияқты шикізат түрінде кең көлемде қолданылады.

Халықаралық тауарлардың аукцион бағалары ерте бастан келісілген орында, белгіленген мерзімде ұйымдастырылып, максимальды ұсынылған бағалар көлемінде алушыларға тауар партиялары қатысады.

Биржа котировкасы – аукционнан өзгеше. Ол әдейі ұйымдасқан, ұқсас тауарлар бірлігі. Мысалы, дақылды, (бидай, жүгері, қарабидай, сұлы,қант, кофе, какао, бұрыш,  арахис, ауыл шаруашылығындағы азық емес және орман шикізаттары (мақта, джут, жібек, жуылған жүн, каучук, пиломатериалдар) түсті, қымбат металдар, мұнай өнімдері. Биржалық сауда да аукцион сияқты келісім бойынша жүреді.

Тауарлар бағасы – арнайы формадағы сауда негізінде болады, ол товарларды тапсырушыға өткізу немесе белгілі құжатқа  сай товар жасаушыға өткізуге болады. Бұларда бірнеше сатушы және бір сатып алушы тапсырыш беруші болады, әрине, алушы саны жағынанда бағасы жағынан да өзіне тиімді, пайдалысын таңдайды.

Халықаралық саудада ең қиын көлемді қаражатты және ауыр техникалар өнімі машина құрылысы (байланыстық, энергетикалық, металлургиялық машина құрылысы, көлік көтергіштері, жолқұрылыс, ауыл шаруашылық жабдықтары ұшақтары, кеме). Осы кезде машина мен жабдықтарға арналған барлық экспорт бағаларының 1/3 –ін қамтиды. Бұдан басқа сауда да өндіріс кәсіп мекемелерінің құрылысы бағаланады, (көпір, темір және автожолдар, құбыр желілері, порт және коммуналдық ғимараттар, электростанция, лицензиялар, түрлі инженерлері - кеңес қызмет көрсету бағаланады.

Қарапайым келісім тауарына қарағанда сату тауарларына қызмет ету құны азырақ болғандықтан сатылымдағы сатушылар арасындағы бәсекелестік дәрежесі жоғары болады.

Саудаласу қорытындысы және бағалар үнемі баспа, бюллетень, экономикалық журналдардың бетінде хабарланады және сауда палаталарындағы іскер топтарға таратылып отырады. Келісімдердің белгілі дәрежедегі баға және келісім-шарттағы баға көбіне баспада жарияланбайды.

Есептегі баға көрсеткіші басқа хабарламалар болмаған жағдайда ғана экспорт, импорт бағаларының индексі статистикалық ведомстволарда жарияланады.

Индекс бағасы екі жағдайда қолданылады:

1) белгілі тауардың қазіргі кездегі және ұзақ уақыттық болашағындағы бағасын анықтау үшін,нарық  коньюнтурындағы орнын анықтау үшін зерттеу;

2) нақтылы мерзімге сай баға жасау үшін, оның абсолютті маңызына қажет болмағанда.

Есептік бағаның көрсеткіштік түрінің біреуі экспорттық және импорттық бағалардың орта көрсеткішінде. Сыртқы сауда кедендік тауар құнының қосындысын оның санына бөлгенде шығады. Сыртқы саудада ортастатистикалық баға тек бір түрдегі, техникалық жеңіл өнімдерге ғана қолдануға болады, ал кедендік статистика құрылымында экспорт, импорт товарлар іріленген номенклатура бойынша жүргізіледі.

Қорыта келгенде, аталған көрсеткіштің ешқайсысы баға ақпаратына сапалы, әмбебап түрде алынып, дүниежүзілік нарық бағаларын жасау немесе өзгерту істерін шеше алмайды, сондықтан кешенді пайдалану қажет.

 

Бақылау сұрақтары:

1)  Байланыс қызметіндегі баға белгілеу жүйесі дегеніміз не?

2)  Байланыстағы бағаның қалыптасу стратегиялары қандай?

3) Мемлекеттік бағаны реттеу жағадайында тарифтерді                     қалыптастыру әдістері неде?

4)  Индекс бағасы қандай жағдайда қолданылады?

5)  Қандай бағаның түрлерін білесің?

 

9-тақырып. Байланыс кірістері және оларды анықтау әдістері, пайданы және байланыс операторларының тиімділігін есептеу

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)                 Байланыс кәсіпорындарының кірісін есептеу. Орташа кірістік таксалар түсінігі.

2)                Пайда және рентабельдік көрсеткіштері. Тиімділік  көрсеткіштерін анықтау

3)                Салық жүйесі және оның байланыста қолданылуы

 

9.1 Байланыс кәсіпорындарының кірісін есептеу. Орташа кірістік таксалар түсінігі

 

Байланыс саласының және оған кіретін бірлестіктердің негізгі әлеуметтік-өндірістік функциясы болып барлық абоненттер мен пайдаланушылар тобының ақпарат таратудағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ету қызметі болып табылады. Сол уақытта тауарлы-ақшалы қатынас шартында сәтті коммерциялық әрекет тек жасалынған қызметтердің іске асуы операторлардың шығынын орнына келтіру үшін, заңмен бекітілген міндетті төлемдерді іске асыру үшін, өндірістік және әлеуметтік дамуды қаржыландыру үшін жеткілікті қаражат әкелетін болса ғана мүмкін саналады.

Мұндай әдіс нарықтық экономиканың маңызды қағидасымен - өзін-өзі ақтау және қаржыландыру қағидасымен нақтыланады, мұнда әр басқарушы субъект іске асыру үрдісі кезіндегі әрекеттердің соңғы нәтижелерінен алынатын қаражат есебінен өзінің өндірістік шығындарын жауып және кеңейтілген өндірістендіруді қамтамасыз ете білуі керек.

Байланыс саласының басты мақсаты тұтынушыларға телекоммуникациялық қызмет көрсетуден тұратындықтан, операторлардың әрекетінің соңғы нәтижесін сипаттайтын негізгі көрсеткіш болып бекітілген тарифтер бойынша қолданушылардың іске асыруынан алынатын байланыс қызметінен алынатын кірістер болып табылады. Операторлар тек соңғы қолданушыларға  (ұйымдар мен елді аймақтар) ғана емес, басқа ортақ қолданудағы телекоммуникациялық байланыс компанияларына да операторлар арасындағы ортақ әрекет келісімі негізінде қызмет көрсету шартында мұндай операторлардың кірістерінің жалпы сомасы өзіне трафикті өткізу және қосылу қызметтерінің кірісін қосып алады. Байланыс саласы кірістерінің жалпы сомасы әр оператордың кірістерінен жиналады және іске асырылған қызметтер көлемі мен әрекеттегі тарифтердің (баға) сәйкес түрге келуіне тура тәуелділікте болады.

Өндірістің көп номенклатуралық сипатын және тарифтік прейскуранттың үлкен санды позицияларын есепке алсақ, байланыс қызметінің нақты түрлеріне байланысты кірістерді анықтаудың түрлі әдістемелік жолдары бар. Бұл айырмашылықтар құрылған соңғы эффектінің(бірлік хабарламалар тарату пішініндегі және техникалық құрылғыларды пайдалануға беру пішініндегі қызметтер), қызметтің жекеше ерекшеліктеріне тәуелді тарифтің өлшемін анықтайтын факторлардың (10.1 бөлімін қараңыз), реттелетін және реттелмейтін қызметтерге тариф орнатқанда қолданылатын баға құру әдістерінің пішіндерімен шартталған. Аталған факторлар байланыс қызметінің, әсіресе жобалау мен болжауда, кірістерін анықтау кезінде қолдану қажеттілігінің, ортақ кірістік такса деп аталатын спецификалық көрсеткіштердің  алдын алады.

Ортақ кірістік такса дегеніміз – оператордың бір іріленген қызмет көрсеткені үшін алатын қызметтің орташа бағасы немесе орташа кірісі болып табылады.

Бұл көрсеткіштің негізін мысал бойынша қарастырайық. Бұрын посылканы жіберу үшін тариф салмаққа, жіберу қашықтығына, жарияланған бағасына тәуелді орнатылғаны белгіленген. Жыл сайын пошталық байланыс ұйымдары бірнеше ондаған миллион посылкаларды қабылдайды және жібереді, олардың әрқайсысының анықталған салмағы болады, нақты елді мекендегі пунктіге жіберілуге арналады және өзінің жарияланған бағасы болады. Бұл факторлар оны қабылдау пунктінде жіберу тарификациясының моментімен толық саналады. Алынған төлем кассаға түседі, содан кейін ұйымның есебіне және қызметті іске асырудан алынған бірлескен, фактілерге негізделген кірістердің құрамына кіреді.

Бірақ егер болашағы бар кезеңдегі қызметтің берілген түрі үшін кірістерді анықтау туралы сөз болса, онда әр посылка үшін тарифтік жинаққа әсер ететін барлық факторларды есепке тіркеу мүмкін емес, өйткені олардың көлемі бүтіндей бөлшексіз салмақ, қашықтық, және жарияланған баға бойынша жобаланады. Сондықтан жоспарланған кірістер тек операторлар ықтималдылықтың анықталған дәрежесімен есеп берудегі мәліметтерден және ауысу құрылымының мүмкін болатын өзгерістері мен объективті факторлар есебіндегі тарифтерден анықталатын орташаланған тарифтер – орташа кіріс таксалар негізінде саналуы мүмкін.

Зонаішілік қалааралық телефон байланыстары (сөйлесулері) кезінде жалпы жағдайдағы тарификация тарифтік зоналармен (қашықтық) анықталатын 1 минуттік сөйлесудің бағасынан және байланыс ұзақтығынан тәуелділікте іске асады.

Сөйлесу үшін фактілік төлем тариф түрлерін де қамтиды: шұғыл, қарапайым, жеңілдіктермен. Бұдан басқа тарификация кезінде қалааралық байланыс орнату тәсілі, автоматты не қолмен, де рөл атқарады, өйткені операторларға телефонисттің қатысуымен сөйлесу кезінде тарифке көтеруші коэффициенттер орнататын құқықтар берілген. Мұнымен автоматикамен немесе телефонистер көмегімен іске асырылған бір елді мекендегі, бірдей ұзақтықтағы сөйлесулер, егер олар аптаның әр күні не тәуліктің әр уақытында берілсе, әртүрлі баға мен бірдей емес орташа тарифте болады, яғни операторға әртүрлі кіріс әкеледі. Әрине, бұл барлық факторларды болашағы бар кезеңде, тіпті ең жалпы жақын кезде де есепке алу мүмкін емес.

Алдындағы мысалдағы аталғандардың көбісін ортақ қолдану желісінің қосылған операторларына көрсетілген трафик тарату қызметтеріне жатқызуға болады. Алдыңғы бөлімде көрсетілгендей, ортақ қолдану байланыс желісінде елеулі жағдайдағы операторлар үшін берілген түрге қызметтің бағасы орталықтанып орнатылады, бірақ операторлармен жыл мезгілдері, апта күндері, тәулік сағаттары, қолданылған қызметтер көлемі тәуелділігі, іске қосылған транзиттік түйіндер саны, трафикті тарату қашықтығы және басқа факторлар бойынша дифференциалдана алады. Сондықтан берілген жағдайда трафикті өткізумен қызметтерден түскен кірісті орташа кірістік таксаларды қолданусыз жоспарлау мүмкін емес.

Ұқсас қиыстыруларды пошталық және телеграфтық ауысулардың, факсимильді хабарламалардың, сөйлесу бағасын уақыттық жүйемен төлеу кезіндегі жергілікті телефондық ауысудың, Интернет желісі бойынша қосылудың және т.б. басқа түрлерімен келтіруге болады, бұл болашағы бар кезеңде бірлік хабарламаларды тарату пішініндегі байланыс қызметінен түскен кірістерді анықтаудағы орташа кірістік таксаларды қолданудың қажеттілігін объективті шарттайды.

Орташа кірістік таксалар базистік кезеңдегі ауысу түрлері бойынша есеп берудегі мәліметтер негізінде анықталады. Егер нақты түрдегі байланыс қызметіне тарифтер топтарға дифференциалданған абоненттерден орнатылса, онда орташа кірістік таксалар да елді мекендер мен ұйымдарға бөлек есептелінеді. Бұл үшін нақты қолданушылар тобынан алынған байланыстың белгілі түрі үшін кірістердің жалпы сомасы берілген түрдің  оларға көрсетілген қызметінің санына бөлінеді:

 

                                                Цijотч = Дуслijотч·qijотч,                                           (9.1)

 

мұнда:

 Цijотч – есеп беру кезеңіндегі j-ші қолданушылар тобы үшін і-ші  түріндегі қызметтің орташа кірістік таксасы  (орташа бағасы); 

 Дуслijотч –j-ші қолданушылар тобынан алынған і-түріндегі қызметтің есеп беру кезеңіндегі кірістері;

  qijотч – есеп беру кезеңіндегі j-қолданушылар тобы көрсеткен і-түріндегі қызметтің саны.

Егер тарифтер қолданушылардың барлық категориялары на бірдей болып реттелетін мүшемен немесе оператордың өзімен орнатылса, онда орта кірістік таксалардың санағы ұқсас формуламен, бірақ жалпы кіріс сомасы және қызметтердің жалпы көлемі есепке алына отырып жүреді.

Жоспарланған кезеңге(тоқсан немесе жыл) ортаташа кірістік такса оның есеп беру (базистік) мәнінің объективті факторлар есебінен қызметтердің орташа кірісінің өзгерісін санайтын коэффициентке  (индекс) көбейтілуімен анықталады:

 


                           Цijпл = Цijотч·Iijпл   немесе     Цiпл = Цiотч·Iiпл,                     (9.2)       

                              

мұнда:

  Iijпл - j-қолданушылар тобынан алынған і-түріндегі қызметтің жоспарлық кезеңді қолданушылар категориялары бойынша тариф орнатудағы есеп берумен салыстырғандағы орта кірістік таксаның өзгеру индексі;

  Iiпл - сәйкес қызметке бірлік тарифті орнату кезіндегі жағдайға арналған ұқсас индекс.

Егер әңгіме реттелген тарифтер қатары жайында болса, онда бұл коэффициентті орнату өте оңай. Тарифтерді мемлекеттік реттеу механизмімен сәйкес олардың өзгеруі жылына бір рет қана іске асады, оның үстіне ереже бойынша жаңа тарифтер енгізілетін  айы белгіленеді. Сондықтан реттелетін қызметтер бойынша орташа кірістік такса жоспарланған және нақты тарифтер мен жоспарлы кезеңдегі ай ішінде олардың қолданылуының уақыты есебімен орташа өлшенген мән ретінде жеткілікті дәл есептелінеді.

Жалпы жағдайда реттелгендер қатарына кірген нақты қызмет бойынша орташа кірістік таксаны мына формуламен анықтауға болады:

 

              Цperijпл=( Цperijотч·nотч+ Цperijотч·Іperijпл·nж)/( nотч+ nж),                 (9.3)

 

мұнда:

 Цperijотч j-категориялы қолданушылар үшін  i-түріндегі реттелетін қызметтердің орта кірістік таксасы;

 Іperijпл -  j-категориялы қолданушылар үшін  i-түріндегі қызметіне реттелетін мүшемен жоспарланған өзгері индексі (өсу не кему);

nж , nотч -  жоспарлы кезеңдегі ай саны, бұл кезде әрекеттегі (есеп беру) және жоспардағы тарифтар қолданылады.

Ұқсас әдістемелік тәсілдерді трафикті босатудағы реттелетін қызметтерге орта кірістік таксаларды жоспарлауда да қолдануға болады.

Байланыс қызметінен кіріс көлемін анықтау қажет болған жағдайда еркін болып келетін және операторлармен орнатылатын тарифтерге орта кірістік такса өзгеруін болжау таңдалған баға беру стратегиясы, тарифтер орнатудағы қолданылатын әдістері, сәйкес қызметтерге баға иілімділігі сұранысы есебімен іске асады. Бұнда ерекше рөлді нақты нарықтық сегменттің маркетингілік зерттеулері ойнайды, олардың нәтижелері бойынша сұраныстың ең маңызды факторлары шығарылады және нарықтық баға беруші факторлардың мөлшерлі параметрлері болжанады.

Ауысу пішініндегі қызметтерден түскен кірістер мәні жоспарланған орта кіріс таксалармен және qiпл өрнегіндегі сәйкес түрдің қызмет көлемінің жоспарлы корсеткіштерімен мына формула бойынша анықталады:

 

                                           .                                                (9.4)

 

Абоненттерге техникалық құрылғыларды қолдануға (абоненттік желілер, абоненттік телеграфты орнатқанда, трансляциялық радионүктелерде және т.б.) көрсету пішініндегі қызмет көрсетуден түскен кірістерді анықтағанда орташа баға орташа абоненттік төлем түрінде болады. Қарастырылып отырған қызметтер тобы үшін ауысу пішініндегі қызметтерге қарағанда олардың төлем мөлшеріне жеткілікті түрде аз әсер ететін факторлар санына қарамастан, олар операторлар әрекетінің соңғы нәтижелерін бағалауда есептеуге қажет тарифтер вариациясын шарттайды. Осылай жергілікті телефон байланысы желісіне рұқсат алу үшін тариф реттелетін мүшемен шекті баға ретінде орнатылады. Бұл операторға қызмет көрсетілетін шекараның жеке сегменттерінде желіге рұқсат алу үшін дифференциалды түрде сұраныс пен ұсыныстың қатынасына, потенциалды абоненттердің бәсекелестігі мен төлемге қабілеттілігіне байланысты төлем қоюына мүмкіндік береді.

Желіге рұқсат алу үшін тарифтерді, абоненттерге абоненттік желіні тұрақты қолдануға, қосылу қызметіне арналған бағаларды мемлекет реттейді, бұл олардың периодты қарауға және уақыт бойынша тұрақсыздығын шарттайды. Оның үстіне 10.6 бөлімде көрсетілгендей, қосылу қызметі үшін шекті бағалар қосатын оператордың қарастыруы бойынша қосылатын операторға көрсетілген осындай нүктелердің санына байланысты дифференциалдануы мүмкін.

Аумақішілік және қалааралық арналарды, телеграфтық арналарды, жергілікті телефондық желідегі тура сымдарды пайдалануға беру сияқты қызметтерге тарифтер еркін болып табылады, сондықтан олар нарықтық баға беру факторлар әрекетіндегі одан да үлкен динамикаға түседі.

Техникалық құрылғыларды қолдану үшін орташа төлемді анықтау әдістемесі осы жылы да, болашақта да негізінде жоғарыда қарастырылғанға ұқсас. Техникалық құрылғыларды қолдану үшін орташа абоненттік төлем қолданушылар (егер мұндай тарифтер дифференциациясы нақты қызметтер қатынасында бар болса ) тобымен олардан түсетін кірістер мен берілген кіріс көлемін қамтамасыз ететін абоненттік құрылғылардың орташа жылдық саны негізінде жеке анықталады. Жоспарлы кезеңге орташа тариф қызмет түрлері мен реттелетін мүшелер болжамдары есебімен немесе қарастырылатын топтың қызметтеріне еркін тарифтердің жоспарлы динамикасына маркетингілік зерттеулер мен экономикалық негіздеулері бойынша абоненттер тобымен орнатылады.

Абоненттерге абоненттік желілерді, трансляциялық радионүктелерді тұрақты қолдану үшін, қосылу нүктелеріне қызмет көрсету үшін түскен және т.б. осы жылдағы мен болашақтағы кезеңдегі есеп беруде кірістер төмендегі формулалармен анықталады. Оның біріншісі орташа абоненттік төлем қолданушылар тобымен орнатылғанда, екіншісі техникалық құрылғыларды пайдаланудағы бірлік бағалар қолдану шартында қолданылады:

 

                         немесе         ,                (9.5)

мұнда:

  Цij - есеп беру(жоспарлы) кезеңіндегі j-қолданушылар тобы үшін і-түріндегі техникалық құрылғыларды қолдануға орта абоненттік төлем;

  Nij - есеп беру(жоспарлы) кезеңіндегі абоненттердің j-тобымен көрсетілген і-түріндегі техникалық құрылғылардың орташа жылдық саны;

 Цi мен Ni  - абоненттер тобына бөлусіз тарифтер орнату жағдайы үшін ұқсас көрсеткіштер.

Операторлардың телефондық және телеграфтық арналарды, дыбыстық және телевизиялық хабарлау арналарды жалға алудағы кірістерінің мәні олардың сәйкес түрлері, әрекет ету уақыты мен орнатылған жалдық төлемнің саны мен ұзақтығының негізінде анықталады. Радиобайланыс, радиохабарлау, телекорініс құралдарының  жұмысы үшін сағаттық төлем түріндегі кірістер радиотаратқыш және қабылдағыш құрылғылардың жоспарлы жұмыс уақыты мен таратқыштың түрі мен қуатына тәуелді бір сағат жұмыс үшін тариф өлшеміне байланысты.

Байланыс қызметінің жалпы кіріс көлемі олардың барлық қызмет түрінен алынған сомамен анықталады.

Елді мекенге, ұйымдарға, қосылған телекоммуникациялық компанияларға қызмет көрсету байланыс операторларының негізгі қызмет сферасына жатады. Бұдан басқа олар нақты жұмыс түрлерін орындап, ақпарат таратуға және байланыс құралдарына қызмет көрсетуге қатыссыз қалпына келтіруге қызмет жасайды, яғни негізгі емес әрекеттер. Олардың іске асуына байланыс ұйымы белгілі кірістер алады(Днеосн), олар байланыс қызметінің кірісімен бірлескенде тауарды сатудан түскен түсім, жұмыс пен қызметтен түскен пайданы құрайды. Сонымен, сатудан түскен пайда байланыс қызметінің кірісі сомасы және негізгі емес әрекеттің кірісі ретінде саналады:

 

                                                                                          (9.6)

 

2006ж. басына дейін электробайланыс операторларының пайдасында байланыс қызметінен түскен кірістер басым болды, ал жұмысты сату мен негізгі емес әрекеттің кірісі құрылымда 2-3 пайыздан жоғары пайда әкелген емес. Жергілікті және қалааралық операторлар арасындағы экономикалық өзара әрекетті қағидалардың өзгеруімен олардың бірге жұмыс істеуі туралы келісімшарттан агенттік марапат ретінде алатын барлық ақша пайдаға қосылады да, байланыс қызметінен түскен кіріс бөлігінің қысқаруына әкелетін құрылымға өзгертеді. Агенттік келісімшарт бойынша жұмыстар электробайланыс ұйымының негізгі әрекет жұмысшыларымен құрылғылар мен басқа негізгі құралдарды қолдана отырып жасалынады, олар негізгі әрекеттің өндірістік қорына жатады. Сондықтан есеп кезінде еңбек өнімділігі, өзін-өзі ақтау сияқты көрсеткіштерді қолдану қажеттігі туады, қор беру байланыс қызметінің кірісі негізінде емес, жалпы пайда есебінен болады, өйткені ол операторлардың өндірістік әрекетінің бірлескен нәтижесін сипаттайды. Бұл жағдайдағы сатудан түскен түсім есебінің формуласы:

 

                                                                               (9.7)

Пошталық байланыста жалпы пайдадағы негізгі емес әрекеттен түскен кіріс бөлігінің 25%-дан асатын жоғары тұрақты меншікті салмағы бар, оның сатумен, қолданушыларға қаржылай қызмет көрсетумен және басқа қызмет бағыттарымен байланысты профильдік емес қызметтер номенклатурасы кеңеюі есебінен өсуге тенденциясы бар.

 

9.2            Пайда және рентабельдік көрсеткіштер. Пайдалану  көрсеткішін анықтау

 

Пайда - маңызды көрсеткіш сапасында жүреді, ол шаруа етуші субъектілердің қызметінің соңғы нәтижелері мен тиімділігін сипаттайды.

Байланыс саласында пайданың бірнеше көрсеткіші пайдаланылады. Олардың ең бастысы – қызметтерді іске асырудан түскен кіріс (Ппрод), бұл негізгі қызмет бойынша іске асырулар мен қызметтер түсімі және шығындар  арасындағы айырым түрінде анықталады, яғни  

 

                                              Ппрод = Тсату –Зоб.                                                 (9.8)

 

Әдеткі қызмет пен салық салуға дейінгі пайда, негізгі қызметтен және негізгі емес қызметтен түсетін пайдадан тұрады. Негізгі емес қызмет кірісі осы қызмет түрінен, сондай-ақ өткізу қызметінен тыс түсетін пайда мен шығыс арасындағы айырым түрінде есептеледі:

 

                                              Пнеқ = П1  +П2.                                                                          (9.9)

 

Нарықтық экономикада кез келген басқарушы субъектінің сәтті қызмет етуінің шарты өнім не қызметті құрумен байланысты шығыннан кірістің жоғары болуы және пайда табу болып табылады. Айырмашылық үлкен болған сайын жеке кәсіпорын ретінде де, өндірістік, әлеуметтік, рухани және басқа қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қоғам ретінде де мүмкіндіктер зор. Сонымен, пайда басқарушы субъектілердің эффектті әрекеті мен соңғы нәтижесін сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңына сәйкес байланыс ұйымынан түскен пайда салық төлеуге жұмсалуы тиіс. Негізгі қызмет түрінен басқа коммерциялық сипаттағы басқа жқмыстарды операторлар іске асыратындықтан, салық төлеуге жұмсалатын жалпы пайда (Пнал) өзіне тағы операциялық қызметтен түскен пайда не шығын (П(У)опер) және іске асыру жұмыстарынан тыс түскен пайда не шығын (П(У)внереал).

Операциялық қызметке операторлардың басқа ұйымдар мен қосымша әрекеттің уставты капиталы, негізгі құралдарды сату, материалдық құндылықтар, қаржылық салымдар, материалды емес активтерге қатысуы жатады. Операциялық қызметтен түскен пайдаға қабылдау пайыздары мен төлем арасындағы айырым, ал шығынға несиелік ұйымдар қызметінің төлемі, салық мен жинақ бойынша операциялық шығындар және басқалар кіреді.

Іске асыру жұмыстарынан тыс түскен пайда не шығын курстық және сомалық айырымдар есебінен: келісімшартты бұзғаны үшін штраф, уақыты өтіп кеткен қарыз, есеп беру жылынан шыққан өткен жылдың пайдасы мен шығындары, қайырымдылық қорына арналған шығындар, ҚР салықтық кодексіне сәйкес басқа да пайдалар мен шығындардан құралады.

Салыққа жұмсалатын пайданы құрайтын қаржы бөлігі сол уақытта заңға сәйкес салықтан босатылады. Бұлар операторлардың әмбебап қызмет көрсетуінен түскен пайда, коммуналды-тұрғын және әлеуметтік-мәдени сфераға кететін нормативтен жоғары пайда болып табылады.

Салыққа жұмсалатын пайданы мына формуламен есептейді:

 

                         Пнал = Ппрод +П(-У)опер+П(-У)внереал –Пнеобл .                       (9.10)

 

Салық төлегеннен кейін қалған пайда кәсіпорын қалтасына түсіп, таза пайда  деп аталады, ол келесі формуламен анықталады:

 

                            Пчист = Пнал – Пнал·Ннал ,                                                      (9.11)

мұнда:

 Ннал – пайдаға салықтың әрекет етуші нормасы.

Кәсiпорынның таза пайдасы кәсiпорын ұжымында немесе акционерлер  жиналысында анықталатын әр түрлi мақсаттарға жұмсалады. Ұйымның өзінде  қалатын пайда негізінен жинақтау және тұтыну қорларының есебiне бағытталады. Жинақтау қоры байланыс және тұрғын-үйлердің жаңа объекттерiнiң құрылысын қаржыландыруы үшiн, қолданыстағы желiлердi кеңейтуге және жаңғыртуға, жаңа жабдықтар алуға,  меншiктi айналым қаржысын толықтырып отыруға арналған.

Тұтыну қорына түсетiн пайда байланыс  ұйымдарының қызметкерлерiне әр түрлi еңбек және әлеуметтiк жеңiлдiктерi жасауға жұмсалады. Олардың қатарына жататындар, мысалы, қызметкерлерге (заңмен ескерiлген) қосымша демалыстарын төлеу, соның iшiнде, бала тәрбиелеп отырған әйелдерге; зейнетақыға үстемелер және зейнетке шыққан еңбек ардагерлерiне бiржолғы жәрдемақы беру; ұйымның атынан жоғарғы және орташа арнайы оқу орындарда жіберілген студенттерге және білім алушыларға шәкіртақы (стипендия) беру; қызметкерлерге және олардың балаларына емделуге,  саяхаттауға және экскурсияға жолдамаларын төлеу; кәсiпорынның буфеттерi және асханаларында  азық-түлік құнының қымбаттауын компескелеу; материалдық көмек көрсету, соның iшiнде тұрғын-үй құрылысына бастапқы жарна үшiн; тұрғын-үй шарттарын жақсартуы үшiн қызметкерге ерекшеленген несие өтеу; тұрғын-үй, пәтерақы, жатақхана орындарыны төлеу; жұмыс орынына дейін және кері бағытта жолақысын (проезд) төлеу; өз қызметкерлерiнiң пайдасына шешілетін жеке бас және мүлiктiк сақтандыру келiсiм шарттары бойынша операторлармен төлеп қойылатын сақтандыру жарналары және тағы басқалар.

 Электрбайланыс акционерлiк қоғамдарында таза пайда арқасында, АҚ жарғысымен бекiтілетін,  қосымша қор және қызметкерлердi  акционерлеу арнайы қоры құрыла алады. Қосымша қор шығындарды жабу үшiн, сонымен қатар  қоғам облигацияларын жабу және оның акцияларының сатып алуға арналған. Қызметкерлердi акциялау қорының құрылуының ерекше мақсаты өндiрiстiк ұжымның мүшелерi арасында тарату үшін, оның акционерлерімен сатылатын  қоғам акцияларын иелену. Көрcетiлген қорларға бөлiп шығарулардың (отчисления) өлшемі және ретi акционерлiк қоғамның жарғысымен реттеледi, ал олардың қолдануының ретi АҚ –ның директорлар Кеңесiмен анықталады.

Таза пайдадан сонымен қатар, құқықты және кәдiмгi акциялар бойынша дивидендтер төлеу  iске асырылады. Дивидендтердi төлеуге бағытталатын пайда өлшемі туралы шешiм АҚ директорлар Кеңесiнiң ұсынысы бойынша акционерлердiң жалпы жиналысымен қабылданады.

Кәсiпорынның қарамағында қалатын пайда, арнайы қорлар құрылмай - ақ  тiкелей мақсатта пайданыла алады. Егер есеп беру мерзiмінің соңында (жыл немесе тоқсан) ұйымның барлық пайдасы шығындалып кетсе, онда оның қалған бөлiгi таратылмалған деп аталады және компанияның меншiктi қаржысының көзi ретінде  қарастырылады.

Демек, пайда байланыс ұйымдарының экономикалық жұмысының нәтижесiн анықтайды, яғни  оның өндiрiстiк - коммерциялық қызметінің әсерін (эффект) сипаттайды. Бұл әсердiң абсолюттiк шамасы неғұрлым жоғары болса, табыс көлемі соғұрлым көп болады және түскен түсімді оператор алады, сонымен бiрге өндiрiстiк қорлар мен шығындар үнемдірек болады.  Нәтижесiнде компаниялар өндiрiстiк және әлеуметтiк дамуы үшiн үлкен қаржы мүмкiндiктерiн алады, бәсекеге қабілеттілігі артады және инвестициялық тартымдылығы жоғарылайды.

Сонымен қатар тиімділікті бағалайтын негізгі көрсеткіштердің бірі рентабельділік болып табылады. Шаруашылықтың акционерлік қоғамдардың  түрінде өзіндік  капиталдың рентабельдік көрсеткіші маңызды мәнге ие,яғни таза пайданың өзіндік капиталдың бағасына проценттік қатынасы. Өзіндік капитал дегеніміз - меншіктік заң ретінде тиесілі және активтердің белгілі бір көлемінің қалыптасуы туралы  акционерлік қоғамның қаржаты. Бұл қаражат уставтық капиталдың, қосымша капиталдың, резервтік капиталдың және өткен жылдардың бөлінбеген пайдаларының сомасы. Осылай,өзіндік капиталдың рентабельдігін келесі формуламен есептейді:

 

                                              Pск =(Пчист  / СК)·100,                                     (9.12)

мұнда:

 СК– қарастырылатын периодтың орташасы (квартал, жыл) өзіндік капиталдың өлшемі.

Бұл көрсеткіш  акционерлер мен инвесторлардың телекоммуникациялық компанияларға салынатын қаражаттың тиімділігінің индикаторы болып табылады.

Кәсіпорынның рентабельдік қасиетін өсіру үшін қызметті ұйымдастыру керек, себебі қызмет санын көбейтіп және байланыс жүйесін модернизациялап, пайдаланушылық қасиеттерін жақсарту, инновациялық қызмет түрлерін енгізу және абоненттерге қызмет көрету формасын прогрессивтеу, ыңғайлы тарифтік саясатты қолдау (әсіресе нарықтағы бақылусыз өндіріс секторында ). Мұндағы басты рөлді еңбек өнімділігінің өсу шараларына, басты қорлар мен өндіріс қуаттарын жақсартуына, барлық шығыдардың шектелуіне, құрылғылардың пайдалану және тұтынушыларға қызмет көрсетуіне байланысты.

Өндіріс тиімділігін бағалау үшін тиімділіктің шамасын алу үшін пайдаланылған ресурстармен немесе шығындармен алынған тиімділікті салыстыру қажет.

Алынатын тиімділіктің көлемі мен қарқыны қолданылатын ресурстардың (еңбек материалдық және ақшалай) және қоғамдық еңбектердің шығындарымен іске асырылатын көлеміне тәуелді болады. Бұл жағдайда ресурстар мен шығындар қайта жасалатын құнды қалыптастыру процесіндегі оларды экономикалық мазмұны және рөлі бойынша ажыратылады.

Ресурстар - өндірістің нәтижелерінің анықтаушы факторы, ал ағымдағы шығындар белгілі тиімділікті алуды қамтамасыз ететін пайдаланылған ресурстардың көрінісі болып табылады.

Өндірістің экономикалық тиімділігінің ең қорытындылаушы көрсеткіші пайдалылық болып табылады. Ол ұйымның өндірістік қызметінің әр түрлі сандық және сапалы сипаттамаларының синтезі болып табылады.

Байланыс ұйым қызметінің нәтижелерінің экономикалық тиімділігін бағалау үшін бірнеше пайдалылық көрсеткіші қолданылады, олардың әдістемелік есебі тиімділік пен шығындар немесе ресурстар қандай көрсеткіштермен көрінетіндігіне байланысты.

Ең жиі қолданылатыны өндірістік шығындар пайдалылығының көрсеткіші болып табылады, бұл көрсеткіш пайызбен өрнектелген пайдалану шығындарының сомасы және кірістің (қызметті өткізуден салық төлеуге шейін немесе таза кіріске дейін) ара қатынасы бойынша анықталады.

                                 Р3 = (Пiоб) · 100,                                          (9.13)

мұнда:

Пі - өнімді (қызметті) өткізудегі кіріс;

Зоб – ағымдағы пайдалану шығындары сомасы.

Бұл көрсеткіш кәсіпорынның өндіріске және қызметті өткізуге шығарылған шығынының тиімділігін сипаттайды.

Өндірістің жалпы рентабельділігі – уақыттың белгілі кезеңі үшін (тоқсан, жыл) кәсіпорынның өндіріс қызметінің кірісін (шығысын) сипаттайды. Ол негізгі өндірістік қорлардың және айналым қорларының қаржыларын орташа жылдық құнының баланстық кірісі қатысы ретінде анықталады.

                               Робщ. =     .                                                     (9.14)                                          

Шаруашылық етудің акционерлік түрі жағдайына өз капиталының рентабельділігі көрсеткіші маңызды мәнге ие болады, ол өз капиталының құнының таза кіріске пайыздық қатынасы ретінде анықталады. Өз капиталы ретінде меншік құқына және активтердің белгілі бөлігін қалыптастыру үшін пайдаланылатын қаржы құралдары түсініледі.

Бұл көрсеткіш телекоммуникация компанияға салынатын қаржының тиімділігінің индекаторы ретінде акционерлер мен инвесторлар үшін қызмет етеді. Электр байланысының акционерлік қоғамдары бойынша өз капиталының орташа пайдалылығы 20 % астамды құрайды, бұл халықаралық деңгейге сай келеді.

Бұл жағдай отандық телекоммуникация секторын инвесторлар үшін тартымды етеді және құнды қағаздардың ішкі және шетел рыногында электр байланыстың акционерлік қоғамының акцияларын жоғары құнын қамтамасыз етеді.

9.1 кестеде байланыс ұйымдарының қызметiнің жалпы экономикалық тиімділігінің баға көрсеткiштерiнің жүйесі келтірілген, олардың көпшілігі байланыс саласына қалай есептелінсе, сәйкесінше басқа өндіріс салаларына да солай есептелінеді.

 

9.1 кесте - Байланыс ұйымы қызметінің экономикалық тиімділігінің баға көрсеткіштерінің жүйесі

Корсеткіш топтары

Тиімділік көрсеткіштерінің аты

1

2

1.     Ресурстар мен шығындардың жеке түрлерін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

1.1.     Еңбек өнімділігі (1 жұмысшыға келетін кіріс), мың. теңге 1 жұмысшыға

1.2.    Қор қайтарылымы , тг. 100 теңгеге НӨҚ

1.3.      Өзіндік құн  100 тенге кіріске

2.     Ресурстар мен өндіріс қуатының жеке түрлерін пайдалану тиімділігінің көрсеткіштері

 2.1.  жұмысшыға шаққандағы желі саны,   дана

  2.2. 1 желіге түсетін табыс, теңге

2.3         Қызметтің қарапайым түрлеріне 1 желіге жұмсалатын шығын, теңге

2.4 Жұмыскерлерге төлемақы, теңге

2.5      1 қызметкерге жұмсалатын орташа шығын, теңге

3.     Нарықтың заманауи сегменттерінің тиімділік көрсеткіштері

3.1  Сатудың жалпы пайдасынан түскен инновациялық қызметтердің кіріс бөлігі, %

3.2  инновациялық қызметтерден түскен кірістердің өсу қарқыны, %

3.3            ARPU (есеп беру кезеңіндегі 1 абонент үшін орташа кіріс,ол жылжымалы байланыста қоладынылады), теңге

4.     Қызмет тиімділігінің жалпылама көрсеткіштері

4.1  Операциялық маржа, %

4.2      EBITDA (сатудан түскен таза пайда,девидент пен амортизацияны алып тастағаннан кейінгі ), мың теңге

4.3 Өндірістік шығындарының рентабельділігі, %

4.4 Өзіндік капиталдың рентабельділігі, %

 

Бiрiншi топқа өндiрiстiк ресурстардың және шығындардың жеке түрлерiн қолданудың экономикалық тиiмдiлiгінің дәстүрлi көрсеткіштері енді, оқулықтың сәйкес тарауларында қарастырылған экономикалық мән мен есептеу әдiстемесi қосымша түсiндiрулерді талап етпейдi.  Дамыған нарықтық экономикалық елдердiң телекоммуникациялық компанияларында олар операторлардың кәсiпкерлiгінің жеке жағын талдауда және баға беруде кең қолданылғанымен,  басқа топтың көрсеткiштерiнің көпшiлiгi отандық тәжiрибеде салыстырмалы түрде жақында қолданыла бастады.

 

9.3            Салық жүйесі және оны қолдану

 

Мемлекеттің бюджет жүйесінің  аса маңызды құраушы негізгі мемлекеттің салықтық құғының көмегімен мәжбүлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер- салықтар, алымдар, баждар,төлемақылар және т.б., яғни жинақтап айтқанда салықтар болып есептелінеді. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің экономикалық-құқықтық маңызы олардың төленуіне байланысты туындайтын қаржылық-экономикалық және құқықтық  қатынастарда, яғни салық төлеушілердің мемлекетке салық төлемінің затын (сомасын)  берулері кезінде салық заңдарымен белгіленген салықтық құқықтық қатынасқа қатысушы салық органдары мен салық төлеушілердің арасында туындайтын қатынастарда жарқын көрініс табады.

Сонымен, салық деп, мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда нақты айқындалған мөлшерде және қатаң белгіленген мерзімде Республикалық немесе жергелікті бюджетті қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты түрде мемлекеттік уәкілетті органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті  төлемді айтамыз.

ҚР-да салықтың барлық түрлерін анықтайтын және реттейтін құжат -  “Қазақстан Республикасының  салық және басқа бюджетке міндетті төлемдер туралы кодексі (Салық кодексі)” деп аталады.

Барлық салықты жіктеу негізін оларды алу тәсілі құрайды, ол салықты тура және жанама деп бөлуге мүмкіндік береді (мұндай бөлу сондай-ақ қайта ауыстыру принципімен байланысты).

Тура салық – салық төлеушілердің табысына немесе мүлкіне тікелей тағайындалады. Бұлар: табыс салығы, мүлік салығы, кіріс салығы, жер салығы. Бұл салықтар тұрақты сипат белгілері бар құбылыстарды салынады, демек мұндай салықтар алдын ала белгіленеді. Тура салықтардың арасы былай бөлінеді:

 1) нақты-тура салықтар, бұлар қызметке және тауарға салынады, яғни сату, сатып алу, мүлікке иелік ету, мүұнда салық төлеушінің қаржылық жағдайы ескерілмейді. Бұл салыққа жататындар: жер салығы, ұйымдардың мүлкіне салық, көлік құралдарының иесіне салық және т.б.;

2) жеке-тура салықтар, бұлар салық төлеушінің мүлкі мен әлеуметтік жағдайына байланысты олардың төлем мүмкіндігін ескере отырып тағайындалады. Мемлекеттік билік органдары прогрессивтік салық салу және салмау минимумын енгізуге құқықты. Жеке-тура салығына кіріс салығы, жеке тұлғалардың мүлкіне салық.

Жанама салықтар. Тауарлар, қызметтер және жұмыстар бағасына үстеме ретінде салынады. Бұлар тұтыну салықтары, аксистер сату салықтары, кедендік төлемдер. Жанама салықтар алу нысаны бойынша төмендегідей бөлінеді:

1)  жанама жекелік, бұлар - тауарлардың қатаң белгіленген топтарына салынады (тауарлардың жеке топтарына аксистер);

2) жанама салықтар кейбір ескертулермен барлық тауарларға, жұмыстарға, қызметтерге салынады (қосымша құн салығы), фискальдық монополиялар бұлар мемлекет қолында шоғырланған тауарлар, қызметтер, өндірістер сатуларында салынады, сондай-ақ кедендік салымдар.

Тура және жанама салықтардың артықшылықтары да кемшіліктері де бар.

Тура салықтардың артықшылықтары: бұлар көбіне төлем қабілеттілігімен шамаласады, дәлірек және анығырақ әрбір салық төлеушінің салық міндеттілігін белгілейді, ал олар бойынша түсімдер бюджетке сенімді және анықталған кіріс келтіреді. Тура салықтың кемшіліктері: салық төлем базасының төмендігі, кіріс деңгейінің жоғары еместігі, мүліктік жағдайының жетімсіздігінен тұрады, олар мемлекет үшін аз кіріс береді.

Жанама салықтар ең кірісті болады, себебі, салық жаппай тұтыну заттарына салынады, яғни.тіпті экономикалық қызметтің құлдырау жағдайында да мемлекетке кіріс келтіреді, себебі, олар тауардың бағасының ішіне кіреді, сондықтан олардың төлем уақыты салық төлеушіде салықты төлейтін ақшасы болған жағдайда және олар ол  үшін байқалмайтын кезде болады. Мемлекет салықты көбейту арқылы  пайда деңгейін өсіре алады.

Жанама салықтың кемшіліктері мынада: ол төлем мүмкіншілігіне кері пропорционал, жанама салыққа көптеген шығындар кетеді және мұндай салық іскерлердің қызығушылығына қайшы. Нарықтық экономикада олар өндіріске шығынды төмендету үшін және товарды, жұмысты, қызметті іске асыратын  құрал ретінде қызмет ете алады.

Субъекті бойынша салықтар келесі түрлері бойынша бөлінеді: физикалық тұлғалардың төлейтіні, заңды тұлғалардың төлейтіні және  физикалық тұлға түрінде де, заңды тұлға түрінде де төлейтін аралас тұлғаларың төлейтін салығы (мемлекеттік пошлина, жердің салығы).

Қазақстан аумағында салынатын салықтардың түрлеріне:

1)                корпорациялық табыс салығы;

2)                жекелей табыс салығы;

3)                қосылған құн салынатын салық;

4)                акциздер;

5)                жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері;

6)                әлеуметтік салық;

7)                жер салығы;

8)                көлік құралдары салығы;

9)                мүлік салығы жатады.

 

Бақылау сұрақтары:

1)                Байланыс қызметінен алынатын пайданың мәні мен мағынасы қандай?

2)                Орташа  таксасының  қолдану себептері?

3)                Байланыс операторлары табыстың қандай көрсеткіштерін анықтайды, оларды есептеу методикасы қандай?

4)                Мекеменің таза табысы қандай нәрселерге шығындалады?

5)                Рентабелділіктің көрсеткіштерін есептеу методикасы мен мағынасын түсіндіріңдер?

6)                Салық және салықтың түрлері?

 

10-тақырып. Байланыс дамуындағы инвестицияның экономикалық тиімділігін анықтаудың методологиялық негіздері

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1)                Байланыс дамуындағы инвестициялық қаржыландыру көздері мен оның экономикалық мәні.

2)                Инвестицияның жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігін бағалаудың көрсеткіштері мен әдістері.

3)                Салыстырмалы экономикалық тиімділікті бағалау әдісі.

4)                 Инвестициялық жобалаудың бизнес-жоспарларының тиімділігін бағалау.

 

10.1 Байланыс дамуындағы инвестициялық қаржыландыру көздері мен оның экономикалық мәні

 

Қазіргі заманғы жабдықтар мен технологияны өңдеу коммутациялар мен ақпараттарды беру, қызметтің жаңа түрлерін енгізу негізінде байланыс желілерін дамыту және модернизациялау, еуропалық және әлемдік ақпараттық кеңістік интеграциясы инвестиция түріндегі қомақты қаржылық ресурстарды талап етеді.

Инвестиция - бұл қоғамдық қажеттіліктерді толық қамтамасыз ету мақсатындағы және қызмет көрсету салаларында пайда алу үшін, қазіргі жабдықтар мен байланыс желілерін модернизациялау және жаңа құрал-жабдықтарды жасауға арналған ұзақ мерзімді жинақталған қор.

Жалпы жағдайда инвестицияға тек қана күрделі құрылысқа кететін қаражат қана емес, сонымен бірге құнды қағаздарға (акциялар, облигациялар), қаржылық салымдар және басқа да ұзақ мерзімді мақсаттар жатады. Бірақ соның ішінде инвестициялық қызметтің бірінші бағыты приоритеттік мағынаға ие және салалық инвестициялық қорлар құрылымында едәуір салмаққа ие, әдетте инвестиция ұғымы байланыс дамуындағы күрделі қаржымен теңестіріледі.

Күрделі қаржы салу - жұмыс жасап жатқан кәсіпорынның техникалық қайта жабдықталуына және жөнделуіне, кеңейтілуіне, жаңадан құрылуына кететін шығынның, өндірістік және өндірістік емес міндеттемелердің негізгі қорларының жиынтығы. Оларға құрылыс монтаждық жұмыстарды жүргізумен байланысты құралдар,  жабдықтар мен кабельдік өнімдер, оларды тасымалдау, пайдалану орнындағы  монтаж жатады. Қазіргі салық ставкасы бойынша  қосымша құнға (12 %)  салық есептеледі.

Инветицияны қаржыландыру көздерін анықтау үрдісі салалық және аумақтық аспектлерде оларды пайдаланудың алдыңғы қатардағы аспектлері байланыс құралдарының дамуына жұмсалатын қаржының тиімділігін қамтамасыз ететін экономикалық механизмді жұмсау саладағы инвестицияның мәнін құрайды.

Қарастырылып отырған уақыт аралығында ақпараттандыру мен байланысты дамытуға кеткен уақыттық  инвестиция көлемі 5,6 есе, ал шетелдік 3,7 есе өсті, сондай-ақ салаға кеткен күрделі қаржы бөлудің жылдық өсу қарқыны тұтасымен алғанда экономика бойынша сәйкес көрсеткіштерден 3-4 есе жоғары болды.

Байланыстағы инвестициялық қызметті қаржыландыру негізгі қайнар көзі болып:

-жекеменшік қаражат;

-заемдық және тартылған қаржы;

-бюджеттік ассигнования;

-шетелдік инвестициялар.

Байланыс желілері мен жабдықтарды модернизациялау және дамытуға бағытталған қаржының жалпы көлемінің едәуір бөлігін ұйымның өкілділігіне қалған  сатудан, негізгі және басқа қызмет түрлерінен түскен пайданы, амортизацияны қамтитын телекоммуникациялық компаниялардың жекеменшік қаражаты құрайды. Соңғы қаржы көзі инвестицияны қаржыландырудың басқа көздеріне қарағанда ерекше. Себебі жетекші телекоммуникациялық  компаниялардың акциялары отандық және шетелдік құнды қағаздар нарығында жоғары сұранысқа ие. Тұтас алғанда инвестицияны қаржыландырудың көп бөлігін үлесі инвестицияның жалпы көлемінің 50% құрайтын байланыс операторларының таза шығыны мен амортизациялау аударымдары құрайды.

Телекоммуникациялық секторларда заемдар және тартылған қаржылар есебінде дәстүрлі түрде банктік несиелер қолданылады, бірақ бәрінен белсенді заемның   лизингті және облигацияларды сату түрі болып табылады.

Лизинг (қаржылық жалға беру) дамуды инвестициялау көзі ретінде банктік несиелерге және өз ақшасына жабдықтарды тікелей сатып алуға қарағанда біршама жеңілдіктермен, бәрінен бұрын пайдаға және мүлікке төленетін салықтың аздығымен сипатталады.

Инфокоммуникация сферасында лизингтік келісім-шарт қарқыны мен көлемінің өсуі тұрғысынан экономиканың басқа сфераларымен салыстырғанда лизинг ерекше сұранысқа ие. Лизингтік активтердің құрылысында ақпараттандыру және байланыс жабдықтары бойынша келісім-шарт көлемі машиноқұрылыс және технологиялық жабдықтардан кейінгі екінші орынға ие, ал олардың үлесі елімізде оның өсуінің тұрақты қарқынымен сипатталатын лизингтік келісім-шарттың жалпы құнының үштен бірін құрайды.

Байланысты дамытудағы инвестициялауға тартылған қаржылар ішінде телекоммуникациялық компанияларда облигацияларды шығару басты рөл атқарады. Бұл инвестициялау көзін заемға қаржы алудың тиімді құралы ретінде қарастырылады, ол бір жағынан инвестицияны ұзақ мерзім негізінде алуға мүмкіндік бересе, ал екінші жағынан – олардың шығарылуы мен таратылуы құқығының жартысының берілуін талап етпейді.

Шетелдік инвестиция  көлемі соңғы жылдары қарқынды өсуде. Шетелдік инвестициялар негізінен, сауда несиелері, банк салымдары, халықаралық қаржы ұйымдарының несиелері түрінде көрінеді.

Мұнда инвестицияға салынатын нақты жобалаулар үлесі төмен (1% дан аз), сонымен бірге шетелдік инвестициялар қаржыларының бір бөлігі халықаралық және қалааралық байланыстың жоғары рентабельділігін дамытуға бағытталады. Сондықтан байланыс желілерін модернизациялау және дамытуды қаржыландырудың негізгі көздері теллекоммуникациялық компаниялардың жекеменшік және тартылған қаражаттары жатады.

Қаржы жұмсаудың салалық құрылымы  электрбайланысын дамытуға, соның ішінде жергілікті телефон байланысын дамытуға бағытталған инвестицияларды қамтумен сипатталады. Бұлардың үлесі операторлардың негізгі құралдарын модернизациялау мен кеңейтуге кеткен бір уақыттағы шығын көлемінің 60%-нан жоғары пайызды құрайды.  Мұнымен бірге интернет желісіне қосу және мәліметтерді жеткізудің ұжымдық пунктерін ұйымдастыру қызметтерін атқаратын пошта байланыс бөлімшелері мен жоғары техникалы қызметкөрсетуді енгізу нәтижесінде қаржы бөлудің жалпы құрылымында пошта байланыс салаларының үлесінің өсу тенденциясы байқалады. Саланы қаржыландырудың жалпы инвестициясында радио, теледидар және космостық байланыстың көлемі мен үлесі артуда. Бұл хабар және байланыстың азаматтықспутниктік жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін бағдарламалардың таратылуымен, сол сияқты цифрлық теледидардың хабар берумен байланысты.

Өлшем бойынша ұлттық нарықтың телекоммуникациялық қызметтермен қанығуы мәнді түрде күрделі қаржынының өндіріс құрылымын өзгертеді.  Төменгі телефондық тығыздық қызметінде ішкізоналық және магистральдық тарату желісінің жеткіліксіз болуына байланысты  негізгі операторлар қызметінің инвестициялық бағыты жаңа құрылыс және әсер етуші құрылыс-техникалық базаның кеңеюі болып табылды.

Қазіргі таңда телефондық тығыздық әлем бойынша 100 тұрғынға 24 телефонға жетті, бұл көрсеткіш инфокоммуникация дамыған елдерге қарағанда анағұрлым төмен. Сондықтан операторлардың басты міндеттері жаңа иновациялық қызметтерді жоғары жылдамдықта ақпаратты тарту және түрлі сервисті қосымшаларға рұқсат алуға, сонымен қоса базалық қызметтің сапасын аналогтық ескірген құрылғыларды қайта құру және өндiрiстiң техникалық қайта жабдықтау нәтижесінде цифрлыққа ауыстыру болып табылады.

Жаңа қызметтердің дамуы инвестициядағы өте тиімді бағыт, олардың орнығу уақыттары 3-4 жылды құрайды, ол дәстүрлі байланыс қызметінің кеңеюіндегі  таратудың орнығуынан 2-3 есе аз. Осыны есепке ала отырып, операторлар 25%-дан жоғары барлық күрделі қаржыларды қызмет көрсетудің  нарықтағы берілген перспективті сегменттерін техникалық базаның дамуына бағыттайды.

Координаттық АТС–ті цифрлыққа ауыстыру міндеті бұрынғы инвестиция көлемінің қайта құрылуы мен техникалық жаңаруына қарағанда маңызы үлкен бағыттың негізінде шешіледі, жалпы бағадағы бөлігі  күрделі қаржылардағы дәстүрлі операторлардың 40%-на жетеді. Алайда құрылғылардың жеткіліксіздігіне байланысты бұл процесс  өте жай жүзеге асады.

Сонымен қоса экономиканың жаңғыруы, оның нақты секторының өсуі, тұтынушылардың төлемге қабілеттілігі және олардың қызмет сапасы мен номенклатураға  қатысты  сұраныстары, сонымен қоса телекоммуникациялық нарықта бәсекелестіктің қарқынды дамуы операторлардан өз желілерінде техника-технологиялық негізде тездетіп дамуын талап етеді. Бұл іс-әрекеті мемлекетпен реттелетін дәстүрлі, ұлттық операторлардың меншіктік мүмкіндіктерін арттыратын үлкен инвестициялық шығындармен байланысты.

Операторлардың инвестициялық қажеттіліктерін қамтамасыз ету жоспарында ең маңызды тарифтік басқару болып келеді. Тарифтердің осы деңгейінің нәтижесінде пошта, телеграф және жергілікті телефон байланыстары реттеуші органдармен төмен бағада,ал төмен қабілеттіліктері төмен тұтынушыларға қызметтің бұл түрі өз бағасынан төмен бағамен  қызмет көрсетті. Бірақ бұл жүйе операторлардың желілерді модернизациялау мен дамыту үшін жеткілікті меншік қорларын алуларын қамтамассыз ете алмады.

Нарықтық экономикалық жүйеге көшу кезіндегі инвестицияны мемлекеттік реттеу 10.1-суретте келтірілген алгоритм бойынша жүзеге асырылады.

Байланыстың ары қарай даму кезеңінде  Байланыс және ақпарат министрлігінің  2011-2015 жылғы стратегиялық жоспары бойынша байланыс саласының   дәстүрлі қызметтерімен қатар, жаңа технологиялардың түрлерінің дамуы қарастырылып отыр, олар: Жоғары жылдамдықты мобильді ену (HSPA, LTE, WiMAX) қазіргі күндері енгізіліп, бүкіл әлем бойынша дамуын жалғастырып, абоненттерді жылдамдықтармен қамтамасыз етуді жалғастырып жатыр. Кеңжолақты мобильді ену  нарырығында 4 ұрпақ технологиясы енгізілуі көзделген; сонымен қатар  теледадарлардың цифлық дамуы; CDMA 450 және NGN  технологиясын қолдану арқылы  ауылдық жерлерде байланыс желісін телефондау және интернетке қосу құрылысы қарастырылған.

Байланыс операторлары қалалық мультисервисті ену желілері мен Metro Ethernet базасына негізделген қалалық оптоталшықты  инфрақұрылымның құрылысын жүзеге асыруда. Ол ADSL негізінде Ғаламторға  кеңжолақты енуді қамтамасыз ететін қызметтер түрлерін  және жоғары жылдамдықты қалалық арналарды құруға мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған шаралардың іске асуы нарықтық жағдайда қомақты инвестицияны қажет етеді.

        

10.1 сурет - Байланыс дамуындағы инвестиция бағдарламасының келісімі мен құрастыру алгоритмі

 

10.2 Инвестицияның жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігін бағалаудың көрсеткіштері мен әдістері

 

Мөлшері шектеулі инвестициялық қаржыларды тиімді жұмсау үшін байланыс операторлары өндіріс қуаттылығын пайдалану мен жасауға аз шығын жұмсап, көп кіріс және пайда алып келуді қамтамасыз ететін техника мен технологияны енгізуі тиіс.

Сондықтан байланыс мекемесінің инвестициялық қызметінің негізгі кезеңі болып, жобалау кезінде-ақ оларды іске асырудағы экономикалық және әлеуметтік салдарын бағалауға мүмкіндік беретін байланыс желілері мен құралдарды модернизациялау және дамыту жобасының экономикалық негіздеу табылады.

«Тиімділік шығын» қарым-қатынасы бойынша байланысты дамытудағы инвестицияның оптимальді бағыттарын таңдау көп жағдайда экономикалық тиімділікті анықтаудың методологиялық қадамдарына байланысты. Қаржы жұмсаудың, жаңа техниканың, ұйымдастыру –техникалық іс-шаралардың, инвестициялық жобалаудың тиімділігін анықтаудың көптеген анықтамалары бар, бірақ нақты экономикалық міндеттерді шешу үшін олардың әрқайсысы өз салаларында қолданылады.

Оларды екі топқа біріктіруге болады: статикалық және динамикалық.

Нарықтық экономика жағдайында инвестициялық бағдарламаны қаржыландыру және іске асыру үшін динамикалық әдістерді пайдаланумен  жасалатын, негізгі бөлімі олардың тиімділігін бағалау болып табылатын бизнес-жоспар қолданылады. Оларды ұзақ мерзімді қаржы бөлуге байланысты, жобалаудағы дұрыс бағалауға қажет әртүрлі кезеңдерге жататын ақша түсірілімдері мен төлемдерінің тең еместігін ескеруге мүмкіндік береді.

Бірақ та, практикалық іс-әрекетте бұрынғыша салыстырмалы тиімділігі мен жалпы (абсолюттік) бағалау әдістерінің дәстүрлі (статикалық) түрінің мәні зор. Бұл инвестициялық жобалаудың өзі үлкен кәсіби шеберлікті, ұзақ уақыт пен  қаржыны талап ететін күрделі және қымбат үрдіс екендігімен түсіндіріледі. Бұл шығындар жобаның құны жоғары болса. Ұзақ мерзімге қолданылса және оптималды мерзімде қайтару кепілдігімен ақшаларын салатын инвесторлар болса ғана өтеледі.

Егер де оператор өз бетінше өндірісті кеңейту немесе модернизациялауды қаржыландырса, сол сияқты жобаны бір жыл көлемінде ғана жүзеге асырса, онда тиімділікті анықтаудың қарапайым әдістері қолданылады. Олар көрсетілген жағдайларда жаңа негізгі қорларды енгізудің тиімділігін бағалауда, жаңа техника, технология, еңбекті және өндірісті ұйымдастыруда сенімді нәтижелер береді.

Өндіріс мақсатын және оның нәтижелігін бағалауды негіздеуде қаржы көздерінің жалпы (абсолюттік) тиімділігінің көрсеткіштері қолданылады. Бұл әдіс салалық даму бағдарламасын тұтасымен және байланыс даму перспективаларын  жасаудың барлық кезеңдерін анықтауда, байланыс түрлері мен жекелеген салаларында, кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдарда қолданылады. Ол байланыс қондырғылары мен құрылыс обьектілерінің қаржылық жобалауында, құрылыстың жүзеге асырылуының нәтижесін бағалауда, дамуы бойынша ұйымдық-техникалық іс-шараларды негіздеуді, кәсіпорындарды жетілдіруде және қайта жөндеуде, сол сияқты  өндірістің қуаттылығы мен  негізгі қорларды бағалауда  пайдаланылады. Жалпы (абсолюттік) тиімділіктің негізгі көрсеткіштері болып жалпы тиімділік коэффициенті мен жұмсалған қаржыны қайтару мерзімі табылады.

Жалпы тиімділік коэффициенті (Ек) өндірісті жетілдіруге немесе дамытуға жұмсалған әрбір жылы рубльден бір уақытта қаржы шығынын алуға болатын тиімділікті сипаттайды. Бұл коэффициент өндірілген циклдың қай кезеңіне және басқарудың қай деңгейіне арналғандығына байланысты тиімділік әртүрлі көрсеткіштермен сипатталады. Қоғамдық өндіріс деңгейінде  өндіріс толығымен белгілі бір уақытта (мысалы, жыл) алынған ұлттық өнімнің (НД) өсу түрінде, ал жалпы тиімділік коэффициенті осы өсуді шақыратын (К) оны жұмсалған қаржыға бөлгенде шығады:

 

 

                                       Ек.нд=НД.                                                 (10.1)

 

Экономиканың жекелеген салаларында, байланыс саласы мен салықтарды қосқанда, жалпы тиімділік коэффициенті пайданың жылдық өсімінің (∆П) оның өсуін қамтамасыз ететін жұмсалған қаржыға қарым –қатынасымен анықталады:

                                              Ек.пп=П /К.                                            (10.2)

 

Байланыс жекелеген обьектілерінің құрылысының жалпы тиімділігін бағалауда тиімділік сапасы ретінде пайданың (П) жалпы жиынтығы көрінсе, ал кәсіпорынды қайта жөндеуде және жекелеген  ұйымдық- техникалық шараларды жүзеге асыруда тиімділік пайданың айырмашылығымен анықталады, яғни:   

 

                      Ек.п=П /К ;  Ек.рек=2 1) /К.                                     (10.3)

 

Бір кешенге енетін бірнеше байланыс обьектілері бойынша жалпы (абсолюттік) тиімділікті бағалау жүзеге асырылса, онда нәтижелілік коэффициенті мына формула бойынша анықталады:

                                 Ерез1Е12Е2+...+аnEn ,                                      (10.4)

мұнда:

Е1,Е2,En-кешенге енетін әрбір обьекті бойынша жалпы тиімділік коэффициенттері;

а12n-бірлік үлесінде кешеннің жалпы сметалық бағасына сәйкес келетін бөлінген салмағы.

Обьектілердің тиімділігі олардың рентабильділігімен сипатталады, яғни пайданың айналым құралдары мен негізгі өндіріс қорларыныңорташа жылдық құнына  қатынасымен анықталады.

            Күрделі қаржының қайтарылу мерзімі (Тк) жылдың қандай уақытында күрделі қаржыларын жүзеге асыру нәтижесінде алынған тиімділік, осы салынған қаржылардың жиынтығын қайтару мүмкіндігін көрсетеді. Жалпы жағдайда қайтарылу мерзімі жалпы (абсолюттік) тиімділіктің кері коэффициент өлшеміне қатысын көрсетеді,  яғни Ткі=1/ Eкі.  Бірақ сөз байланыстың қайта жөнделетін немесе салынып жатқан деңгейіндегі инвестициялардың қайта мерзімінің анықтамасы болғанда, есептеу нәтижесінің обьективтілігін көтеру үшін байланыстың өндірістік қуаттылығын игеру және құрылыс жобалауды қамтитын тұтас инвестициялық циклды қарастыруды талап етеді.

Бұндай жағдайда  күрделі қаржыларды жұмсаудың басы мен одан толық тиімділікті  алу арасындағы уақыт бойынша қозғалысты ( лаг) есептеу қажет. Лаг ұзақтығы пайдалануға берілген жобалаудың, құрылыс пен қуатылықты игерудің кезеңдерімен анықталады. Инвестицияны қайтару мерзімін бағалау көзқарасы бойынша құрылыс лагы мен игеру үлкен маңызға ие. Себебі біріншісі – ақша салымдарымен тікелей байланысты болса, екіншісі – жобалау көрсеткіштерінің жаңа обьектілерінің жетістіктері бойынша біртіндеп қайтаруымен байланысты.

Орташа алғанда норма бойынша есептелген байланыс саласындағы лаг құрылысы шамамен 1,3 жылға , ал игеру лагы 1,7 жыл, яғни жалпы лаг, яғни жалпы лаг 3 жыл шамасын құрайды. Қайтарылу уақытының жалпы  (абсолюттік) тиімділігін бағалауда лаганың меңгерілуі ескерілуі тиіс, сонымен бірге көрсеткіштің есептеу әдісі байланыс обьектілері мен кәсіпорынның жобалау қуаттылығының меңгерілу сипатына байланысты. 10.2 суретінде әрқайсысы инвестицияның белгілі көлемінің салынуымен сипатталып, кезеңдер  бойынша жүзеге асырылатын өндірістік қуаттылықтың енгізу үрдісі көрсетілген, мысалы  байланыс магистральдарының құрылысы. Бұл жағдайда сатып алу мерзімі екі құраушыдан тұрады: обьектінің пайдалануға берілуінен күшеюге дейін және осы кезеңде орны толмаған қаржы көздерінің қайтарылуы мерзімі. Есептеу   формуласы:

                                      Тк=t+(K+∆K-П1·t)/П2,                               (10.5)

 

мұнда:

 t -  жылдардағы обьектінің пайдалануға берілу уақытынан күшеюге дейінгі кезеңі;

К - бірінші кезең бойынша обьектінің құрылысына кеткен қаржы қоры;

∆K –күшеюмен байланысты қаржы қорлары;

 П1·t− күшеюге дейін алынған пайда жиынтығы;

П2 – күшеюден кейінгі алынған пайда.

 

 

10.2 сурет - Инвестициялық цикл

Есептелген жалпы (абсолюттік) тиімділіктің және Тк негізгі көрсеткіштері обьектілер мен кәсіпорындардың көрсеткіштерінің орта салалықтарымен, болмаса белгіленген жоспарлы нормативтермен салыстырылады. Шаруашылықты өз бетінше жүзеге асыру жағдайында байланыс операторлары инвестициялық жобаларды жасауда экономикалық тұтастықты мақсат ете отырып, әрбір обьектіге арналған күрделі қаржысын қайтарудың оптималды мерзімін белгілейді және бұл жөнінде инвесторлармен келіседі. Мұнда тиімділіктің сапасына халықаралық практикада сатып алу кезеңінде қолданылатын 5 жылға тең және оған сәйкес тиімділік коэффициенті 0,2 қабылданады.

Бұл көрсеткіштердің экономикалық мәні мынада: байланыс обьектісі салынған әрбір капитал теңгелік қаржысының жыл сайын 20 тиын пайда әкеледі, осылай олардың жалпы сомасы  5 жылда қайтарылады. Егер есептелген жалпы тиімділік көрсеткіштері жоспарлы нормативтерден төмен болмаса, онда қарастырылып отырған күрделі қаржыныңның бағыттары тиімді деп саналады.

Жалпы тиімділікті бағалауда негізгілермен қоса қосымша көрсеткіштер де қарастырылады. Олардың қатарына міндеттелген соңғы нәтижені  -  қызмет пен пайданы алудағы ресурстарды сақтау өлшемдерін бағалауға мүмкіндік беретін күрделі қаржының үлес көрсеткіштері үлес) жатады. Ол күрделі қаржылары өлшемдерінің өндірістік қуаттылықты (ПМвв) іске қосуға негізделген бірлікке немесе байланыс қызметтерінен алынған бірлікке  кіріс) қатынасымен К(үлес)=К/ПМвв немесе Күлес =К/ Дкіріс  анықталады.

Жалпы (абсолюттік) тиімділіктің қосымша көрсеткіштерінің қатарымен еңбек өнімділігі, өзіндік құн, қор қайтарымы, пайда және рентабелдік, яғни ресурстардың кейбір түрлернің тиімділігін сипаттайтын, сол сияқты өндіріс тұтас анықталады. Бұл күрделі қаржының экономикалық тиімділігін байланыс ұйымдарының қызметтерінің негізгі экономикалық көрсеткіштерімен байланыстырады және инвестицияның олардың көрсетілуіне әсерін бағалауға мүмкіндік береді.

Байланыс саласында, тұрғындарға қызмет көрсету сапасына ерекшк көңіл бөлінеді. Байланыстың инфроқұрылымдық табиғатын және телекоммуникациялық қызметтерді тұтынудың жалпы сипатын ескере отырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік мәселелерді шешуге, тұтас алғанда экономика тиімділігін көрсететін әсері жағынан алғанда салалардың және кейбір ұйымдардың дамуының әлеуметтік экономика салаларын анықтайды.

 

10.3  Салыстырмалы  экономикалық тиімділікті бағалау әдісі

 

Ғылыми-техникалық прогресс жағдайында практикалық тұрғыдан операторлар қызметтерінің әр түрлі аспектілерін жетілдіру бағытталған кез- келген техникалық немесе ұйымдастыру шаралары, әр түрлі жолдармен жүзеге асырылуы мүмкін. Желілерді кеңейту немесе модернизациялау туралы шешім қабылдаудың алғашқы сатысында қазіргі заманғы электрондық телефон станцияларын пайдалану анықталғанымен, операторлар алдында телекоммуникациялық жабдықтар нарығында кездесетін көптеген отандық және шет елдіктердің  ішінен ең тиімдісін таңдау мәселесі тұрады. Бұрынғы дәстүрлі технологиялардың орнына енгізілі  байланысты заманауи технологиялардың  ішінен ең тиімдісін таңдау мен варианттарын салыстыру салыстырмалы экономикалық тиімділік атауына ие, ең кең таралған тиімділікті бағалау әдістерінің бірі болып табылады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу негізінде варианттарды таңдау жобалау алдындағы кезеңге салынған күрделі қаржының бағыттарын негіздеуде; жаңа құрылыс жобаларын жасау мен қазіргі кәсіпорындар мен объектілерге қайта жөндеулер жүргізуді негіздеуде; жаңа техника мен технологияны енгізуде; өндірісті модернизациялау мен еңбек ұйымдарын жетілдіру шаралары. Басқа сөзбен айтқанда, салыстырмалы экономикалық тиімділік әдісі барлық жағдайларда қолданылады. Жаңа техниканың экономикалық тиімділігін есептеуге жатады; ғылыми – техникалық жетістіктерге ие байланыс салаларында алғаш іске асырылатын ғылыми зертеулердің және қолданбалы еңбектердің нәтежелері; техналогиялық үрдістерді, өндіріс механизациялау мен автоматтандыруды ұйымдастыру үшін қажет байланыс жүйелері мен құралдары, жаңа жатілген еңбек құралдары; қызметтің техникалық – экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды, тұрғындарға қызмет көрсету сапасын көтереді, еңбекті жеңілдетеді, еңбек жағдайларын жақсартуды және салалық дамудың басқа міндеттерін шешуді қамтамасыз ететін өндірісті ұйымдастыру әдістері. Келтірілген шығындардың көрсеткіштері тиімділіктің варианттарын салыстыру мен таңдаудың негізгі көрсеткіші болып табылады. Келтірілген шығындар (Зпрі) салыстырмалы нұсқалардың әрқайсысы бойынша қалыпты қызмет түрлерінің ағымдағы жылдық шығындарының обі) және салыстырмалы экономикалық н(пл)) тиімділік  коэффициентінің көмегімен жылдық мөлшерге келтірген күрделі қаржыныңың і) жиынтығын құрайды.

Саластырмалы нұсқалардың дұрысы, барлық жағдайларда ең аз шығын әкелетін, яғни

 

                    Зпріобі + Ен(пл) Кі → ең төменгі                                    (10.6)

 

келтірілген формулада ағымдағы шығындар, сол сияқты бір уақыттағы капитал көздері бірдей уақыт интервалына келтіріледі. Алайда, келтірілген жағдайда күрделі қаржының (қайтару) орнына келу мерзіміне тең есептеу кезеңіне сәйкес жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл жағдайда келтірілген шығынды есептеу  формуласы мынандай түрге ие болады:

 

                              Зпрі= Кі + Тн(пл) Зобі → ең төменгі.                                    (10.7)

 

Салыстырмалы тиімділіктің (Ен(пл)) нормативті (жоспарлы) коэффициенті қосымша күрделі шығынның әрбір теңгесі жыл сайын қандай ең төменгі пайда әкелуі қажет екенін көрсетеді, яғни ол жаңа техника мен күрделі қаржының нақты нұсқаларын енгізу тиімділіктің экономикалық тұрғыдан ақталған ең төменгі шекарасын анықтайды. Күрделі қаржының нормативтік (жоспарлы) қайтарылу мерзімі салыстырмалы экономикалық тиімділіктің нормативтік коэффициентімен сәйкес алынған, салынған қаржының барлығы пайдамен қайтарылатын жыл уақытының кезеңімен сипатталады. Сонымен Тн(пл) =1/ Ен(пл).

Алдыңғы бөлімдерде, қазіргі уақытта бірыңғай белгіленген тиімділік нормативтерінің жоқ екені айтылған. Байланыс операторлары әрбір нақты жағдайда өзбетінше таратылған инвесторлардың талаптарын ескере отырып, немесе жобаны қаржыландыру бойынша өз мүмкіншіліктерін пайдаланып нормативтерді жоспарлы түрде белгілейді. Салыстырмалы тиімділікті бағалауда салыстыруларға арналған базаларды таңдау зор маңызға ие. Салыстыру үшін базаны жобалау кезеңінде отандық телекоммуникациялық желілерге арналған сертификатталған отандық және шетелдік байланыс техникаларының ең үздік үлгілері қолданылуы тиіс. Жаңа техника таңдалған вариантты жүзеге асыруды ауыстыруды қажет ететін бұрынғы техникамен салыстырылады. Нақты техникалық, ұйымдастыру және басқа міндеттерді шешуде барлық салыстырмалы варианттар ағымдағы шығындар мен капитал көлеміне әсер етуші өндірілетін қызметке, обьект қуаттылығына немесе байланыс жүйесіне, жіберу қабылеттілігіне, уақыт бойынша күрделі қаржыларын бөлуге, жабдықтардың сапалы параметрлеріне, қызмет көрсету мерзімінің тиімділігіне   қатысты.

  Келтірілген  шығынды анықтайтын формула мынадай түрге ие:

 

                 Зпр уді=Сі+Eн(пл)Куді  → ең төменгі;                              (10.8)

 

                 Зпр уді= Кудін(пл) Сі  → ең төменгі,                             (10.9)

 

мұнда:

Сі және  Куді- қызметтің (өзіндік құн) әдеттегі көріністеріне үлесті шығын және үлесті күрделі қаржы (номер, арна, 1кВт қуат және т.б.)

Егер нұсқалар күрделі қаржының кезеңдер бойынша жүзеге асырылуымен немесе бірнеше объектілерді салу мүмкіндіктерімен ажыратылса, ал олардың ішіндегі оптималды түрін таңдауда уақыт факторы ескерілуі тиіс.

Әр түрлі уақыт шығыны уақыт факторы бойынша әрбір жылдағы оның көлемін әр түрлі уақыттағы шығын коэффициентіне көбейту жолымен алынады (дисконтталған коэффициент). Формуласы:

 

                                         αt  = (1+Eн.п)t,                                  (10.10)

мұнда:

t – жылдағы уақыт кезеңі, келесі кезектегі құрылыстрарды жүзеге асыруға арналады;

Ен.п. – әр түрлі уақыттағы шығын нормативті;

r – инвестициялық тәуекел.

Жалпы жағдайда  дисконтталған коэффициентті жоғарыда көрсетілген көрсеткіштермен анықтауға болады, яғни Ен.пинф+Р+ r, бірақ іс жүзінде осы формулаға кіретін параметрлерін анықтау өте қиын, сондықтан есептеулерде әртүрлі уақыттардағы келтіру шығын коэффициенті күрделі қаржылардың салыстырмалы экономикалық тиімділігінің жоспарлық нормативіне тең деп алынады, яғни  Ен.п= Ен.(пл).

10.1 кестеде әртүрлі Ен.п  кезінде дисконттау коэффициентінің  мәндері келтірілген.

 

10.1 кесте - Дисконттау коэффициенттерiнiң мәнi

Дисконт

тың                       Дисконттау коэффициенттерi

нормасы                                               Жылдар

 

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

0,1

0,901

0,826

0,751

0,683

0,621

0,564

0,513

0,467

0,424

0,386

0,11

0,901

0,812

0,731

0,659

0,593

0,535

0,482

0,434

0,391

0,352

0,12

0,893

0,797

0,712

0,636

0,567

0,507

0,452

0,404

0,361

0,322

0,13

0,885

0,783

0,693

0,613

0,543

0,480

0,425

0,376

0,333

0,295

0,14

0,877

0,769

0,675

0,592

0,519

0,456

0,400

0,351

0,308

0,270

0,15

0,870

0,756

0,658

0,572

0,497

0,432

0,376

0,327

0,284

0,247

0,16

0,862

0,743

0,641

0,552

0,476

0,410

0,354

0,305

0,263

0,227

0,17

0,855

0,731

0,624

0,534

0,456

0,390

0,333

0,285

0,243

0,208

0,18

0,847

0,718

0,609

0,516

0,437

0,370

0,314

0,266

0,225

0,191

 

Әр түрлі уақыт шығыны дисконттық коэффициент көмегімен екі нұсқада іске асырылады. Бірінші жағдайда, алдыңғы жылдардың шығындары объектіні пайдаланудың бастапқы уақытына келтіреді. Мысалы: егерде бірден болашақ сұранысты ескере отырып үлкен көлемді АТС-ті салса, онда бастапқы кезеңде жіберілген қуаттылықтың бір бөлігі ғана қосылады. Бұл жағдайда болашақта қолданылатын құрылысты салуға кеткен күрделі қаржыларының бір бөлігі, АТС іске қосылғанымен, абонентке қосылғанша пайдаланылмайды. Келтірілген капитал шығындары (Кпр) олардың нақты жиынтығы (К) дисконттық коэффициентке көбейтумен анықталады, нәтижесінде Кпр < К, at > 1. Бұл күрделі қаржылардың екінші кезектегі объектілерді пайдалануды бастағанға дейін пайда және кіріс әкелмейтіндігімен түсіндіріледі. Екінші жағдайда кейінгі жылдардың шығындары ағымдағы уақытқа келтіріледі.

Жалпы түрде К соңғы жылдардың күрделі қаржылары мына формула бойынша жыл басындағыға келтіріледі:

 

                                 Кtпр=∑Кіt (1-Енп) ti-tр ,                                      (10.11)

 

мұнда:

Кtпр –t –шы жылға келтірілген күрделі қаржылар;

         Кіt - j жылдарына сәйкес күрделі қаржылардың нақты жиынтығы;

         tp – ti – соңғы жылдардың шығынын жыл басына алып келу кезеңі.

         Ерте уақыттардағы күрделі қаржылары соңғы жылдарға сәйкес жылдардың дисконттық шығындарының қосындысымен есептелінеді:

 

                                Кtпр=∑Кіt (1-Енп), tp – ti                                                                 (10.12)

 

tp – ti –соңғы жылдарға ерте кездегі шығындарды әкелу кезеңі.

Жоғарыда келтірілгендерден, бірнеше кезектегі құрылыс тиімді, ал біреуі – тиімсіз деген ұғымға келуге болмайды. Әрбір нақты жағдайда бұл бірінші және соңғы кезектегі құрылыстардың арасындағы уақыт аралығына, сол сияқты пайдалануға жіберілетін екінші және басқа кезектрді енгізуге қажет құралдардың көлеміне және басқа кезектерді енгізуге қажет құралдардың көлеміне байланысты. Бұдан шығатыны, егерде объектілер жобалау қуаттылығы бірдей бір немесе бірнеше кезектермен салынатын болса, екінші жағдайда ол қосымша азаматтық құрал-жабдықтарға, коммуникацияларды жүргізуге т.с.с. байланысты қымбатқа түседі. Сондықтан әр түрлі уақытта келтірілген шығын нұсқалардың экономикалық тиімділігін есептеуде ғана қолданылады, құрылыстың сметалық бағасы өзгертуге негіз бола алмайды.

Жобаланған нұсқа басқаларынан сапалы белгілермен ерекшеленсе, онда алғашқыларын қарағанда қымбаттайды. Барлық келтірілген салыстырмалы нұсқаларды бір жағдайға әкелу үшін жаңа техниканың сапалы параметрлерін ескеру қажет. Бұның ерекшелігі мұнда, байланыстың жаңа жабдықтары мен аппаратураларын енгізу және өңдеу әр уақытта еңбек өнімділінің артуымен сипатталмағанымен, ол көрсетілетін қызмет түрін жақсартады.

Салыстырмалы экономикалық тиімділікті бағалаған кезде қосымша көрсеткеш кең қолданысқа ие. Базалық және жобаланған – екі нұсқасы салыстырылыған кезінде салыстырмалы тиімділік және ақталу мерзім коэффициентін есептеу негізінде екеуінің бірін нақты таңдауға болады. Егер де базалық нұсқа негізінде әсер етуші жаңа техниканың нұсқасы қарастырылса (1 нұсқа), онда осы шығыны бойынша және де жобаланған нұсқа (2 нұсқа) шығыны бойынша келесі теңдеу бар: К2>К1 және Зоб2<Зоб1. Осы жағдайда салыстырмалы тиімділік және ақталу мерзім коэффициентін келесі формула бойынша есептеуге болады:

 

                              Ерасч = (Зоб1-Зоб2)/(К2-К1)=∆Зоб/∆К;                    (10.13)

                              Трасч = (К2-К1)/(Зоб1-Зоб2)= ∆К/Зоб.                   (10.14)

 

Берілген көрсеткіштердің экономикалық мағынасы мынада: осылардың біріншісі жыл сайын қосымша күрделі енгізудін әр тиыннан пайда болатын қазіргі шығынның экономиясын сипаттайды, ал екіншісі жаңа нұсқа бойынша қосымша күрделі енгізу ағымдағы шығындардың үнемдеуімен ақталаған кезін ғана сипаттайды.

Есептелген көрсеткіштер жоспарланған нормативетермен немесе инвестрлермен келісілген мәндерімен салыстырылады. Егер Ерасч≥Ен(пл), ал Трасч≤Тн(пл), онда екінші нұсқауы тиімді болып, енгізіледі. Бұл жағдайда байланыс өндірісі немесе оның филиал қызметінің негізгі көрсеткіштеріне жобаның практикалық іске асыруна тәуелділігі бағаланады. Біріншіден еңбек пен экономия өнімділігінің өсім көрсеткіштері келесі формуламен анықталады:

                                   ΔIПтр = (Птр2 – Птр1) 100/Птр2                                         (10.15)

                                        ΔЧ = (tp1 – tp2)q2/Фр.в ,                              (10.16)

                                  ΔЧусл = Дусл2 /Птр1 - Дусл2 /Птр2,                       (10.17)

 

мұндағы Птр1 және Птр2 – базалық және жобаланған нұсқалар бойынша еңбек өнімділігі; tp1 және tp2 – салыстырмалы нұсқалар бойынша бірліктің еңбектілігі; q2 – жаңа техникалық құралдар арқылы көрсетілген қызмет көлемі; Фр.в – бір жұмыскердің жұмыс істеу уақыттың қағидалы айлық қоры; Дусл2 – жаңа техника енгізілгеннен кейін байланыс қызметінен пайда болатын мүмкін табысы.

Жұмыс күшінің экономиясы туралы мәліметтер еспепке алып, жаңа техниканы енгізу арқасында босатылатын қызметшілердің меншікті салмағы анықталады, базалық нұсқасы бойынша жалпы санында – Ч1:

 

                                    dЧПтр = ΔЧреал(усл)/(Ч1-ΔЧреал(усл)).                         (10.18)

 

Өндірістік персоналдың экономиясы еңбекті төлеу қорынан және әлеуметік қажеттіліке жұмсаудан ағымдағы шығынның экономиясына әкеледі, ол жаңа техниканы енгізу арқасында пайданың өсуіне эквивалентті:

        

                                          ΔЗоб = ΔП = (С1-С2)Дусл2.                                (10.19)

 

Ол, келесі формуламен анықталатын, өз құнының төмендеуіне әкеледі:

 

                                              ΔIc = (C1-C2)100/C1.                                   (10.20)

 

Сонымен қоса, салыстырмалы тиімділіктін қосымша көрсеткіштер негізінде экономиялық және өнімділігі жоғарырақ құрылғыны енгізгендегі өндірістін рентабельдік өскіні есептеледі:

 

                                       ΔР = П1/Зоб1 - П2/Зоб2 = Р1-Р2.                             (10.21)

 

Салыстырмалы тиімділіктің бағалы көрсеткіші – жылдық экономиялық әсер. Ол жаңа техниканың енгізу, рационализациялық ұсыныс, зерттеулер, техникалық-ұйымдастық шаралар нәтижесінде алынған сомалық экономиялық шығынын көрсетеді. Жалпы жағдайда жылдық экономиялық әсер базалық және жобаланған нұсқаулар арасындағы айырмашылықтар ретінде анықталады, бірақ та енгізілген шаралардан және де жасаушыда болған деректерден қарастырылатын көресткіштердің есептеу методикасы өзге болады.

Пайданы әкелмейтін нұсқауды енгізіп, сапалық сипаттамасы негізінде сәйкестенідреміз:

                      Эф = Зпр1-Зпр2 = (Зоб1+Ен(пл)К1)-(Зоб2+Ен(пл)К2).           (10.22)

 

Егер нұсқалар қуаты, қызмет көрсету көлемі немесе пайданың сомасы бойынша айырылса, онда жылдық экономиялық әсер келтірілген шығындар негізінде анықталады:

                         Эф =[(C1+Ен(пл)Куд1)-(С2+Ен(пл)Куд2)]Дусл2.               (10.23)

 

Егер нұсқалар сапалық сипатымен айырылса, онда базалық нұсқа бойынша келтірілген шығындар сапа коэффициентін αэкв’ есептеп анықталады, яғни:

                     Эф =[(C’1+Eн(пл)Куд1 αэкв)-(С2+Ен(пл)Куд2)]Дусл2.           (10.24)

 

Қол еңбегін ауыстыратын жаңа техниканы енгізуден жылдық экономиялық әсерін анқтау кезінде, меншіктің күрделі шығынын анықтау қиын болған кезде немесе олар мүлде болмаған кезде келесі формуланы қолданған жөн:

 

                                    Эф = (С1-С2)Дусл2-Ен(пл)Куд2.                         (10.25)

 

Егер салыстырмалы нұсқалары өз құны бойынша айырмашылығы болмаса, бірақ та бастапқы құны әр түрлі болса, онда есептеулерде тек қана меншікті күрделішығындар есептеледі:

 

                                     Эф = Ен(пл)(Куд1-Куд2)Дусл2.                           (10.26)

 

Жылдық экономиялық әсер жобалау, өнрісіте және жаңа техниканы қолданған кезде есептелуі мүмкін. Оның көлеміне сәйкес жаңа байланыс техниканы енгізуде, еңбек және өндіріс ұйымынның жетілдіруде ат салысқан жұмысшыларды материалды ыңталандыру іске асырылады.

 

10.4 Инвестициялық жобалаудың бизнес-жоспарларының тиімділігін бағалау

 

Байланыс желілерін дамыту және модернизациялау қаржыландыру үшін өз ақшаларымен қатар несие және тартылған инвестицияларды шетелдіктерді қосқанда маңызды күрделі қаржыларын талап етеді.

Операторлар телекоммуникациялық жобаға өз қаржыларын салып отырып, объектілерді пайдалануға жіберілгеннен кейін алатын тиімділіктердің есебінен тез арада қайтаруына қызығушылық танытады. Тағы да инвесторлар жағы мен несие берушілер үшін күрделі қаржыларының қайтарылу факторлары маңызды. Себебі салынған ақшалар салынған айналымнан біраз уақытта басқа бағытта пайдаланған бұл құралдар комерциялық табыс алып келуі мүмкін. Әрине несие берушілер мен инвесторлар бұрыннан келісілген пайыз немесе өндірістегі үлесі жөнінде алдын ала жұмсалған капиталына кепілдік алуы тиіс. Сондықтан қазіргі жағдайда инвестициялар туралы шешім қабылдау олардың тиімділігін міндетті түрде бағалауды қарастыратын инвестициялық жобалаудың бизнес-жоспарын жасауға негізделеді.

Бизнес-жоспар – бұл жобаның инвестициялық идеясын сипаттайтын анализдермен және технико-экономикалық негіздермен жобалау шешімдерін жүзеге асыру стратегиялық бағдарламаларды жасау үшін, несиелерді алу, инвесторларды іздеу үшін негіз болып табылады.

Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты қосымша қаржы алу үшін инвесторларды тарту болып табылатындықтан, онда міндетті түрде салынған қаржының қайтарылу шарты да айтылуы тиіс. Ол компаниялардың сенімділігіне, басқару персоналарының қабілеттілігіне, қосылған қаржыны тиімді пайдалануды және одан қосымша пайда түсетіндігіне сендіруі тиіс. Сондықтан бизнес-жоспарды жасау инвестициялық үрдіске қатысушы барлық субъектілердің мүддесіне сай, белгілі көрсеткіштермен сипатталатын оның тиімділігін бағалаумен толықтырылуы тиіс.

Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарының тиімділігін бағалау төмендегідей түрлерге бөлінеді:

-                     оған тікелей қатысушылардың жобасын жүзеге асыруға кеткен қаржыларды ескеретін коммерциялық және қаржылық тиімділік;

-                     жобаның жүзеге асырылуының жергілікті немесе аумақтық бюджеттің қаржылық салдарын сипаттайтын бюджеттік тиімділік;

-                     жобаның жүзеге асыруға байланысты нәтижелер мен шығындарды бағалайтын әлеуметтік-экономикалық тиімділік.

Әлеуметтік-экономикалық тиімділіктің көрсеткіштері қаланың, аумақтың, тұтас елдің мүддесін қозғайтын жобалар шегінде анықталады.

Инвестициялық жобалаудың инвестиция негізінде төмендегідей жоспар құрылымын қарастырады:

-                     байланысты дамытудың мақсаты мен міндеттері;

-                     бастапқы мәліметтер;

-                     шыққан мәліметтер.

Бірінші бөлімде байланыс қызмет көрсету нарығының сегментіне сәйкес маркетингтік зерттеу нәтижесі беріледі. Бастапқы мәліметтерді ары қарай есептеу үшін барлық мәліметтерді беруі тиіс. Атап айтқанда:

-                     тұтынушылардың топтары мен түрлеріне қарай қызмет көрсету көлемін және орташа кірісті;

-                     жыл бойынша және тұтасымен жоспарланған қуаттылықты енгізу; оларды меңгеру деңгейлері;

-                     қуаттылық бірлігіне сәйкес салмақтыкүрделі қаржылары;

-                     несиелерді алу жағдайлары;

-                     қаржы шаруашылық қызметі; нәтижесінің, салық салымдарының нормативті көрсеткіштері.

Бұл ақпарат бизнес-жоспардың қаржы бөлімін жасауға негіз болады. Қаржылық бөлімге мыналар енеді:

-                     қажетті финанстық ресурстар мен несиелерді төлеу мерзімі мен шарттары ескерілген көздері;

-                     жыл бойынша пайдалынылған қызмет шегіндегі кіріс және шығыс жоспары;

-                     инвестицияларды төлеу үшін ағымдарына болжам;

-                     инвестицияның тиімділік көрсеткіштері.

Байланысты дамытудың инвестициялық жобаларының бизнес-жоспарының тиіміділігін бағалау үшін жүргізілген негізгі бастапқы мәліметтер мен есептеулер нәтижелері 10.3  суретінде көрсетілген.

 

 

10.3 сурет - Бастапқы деректер мен жіті жобалардың тиімділіктің есептеу тәртібі

 

Жобаны жүзеге асуруға қажет инвестицияның тиімділігін бағалау үшін жобалау кезеңінің жылдары бойынша іске асырылатын ақша ағымының болжамы зор маңызға ие. Ақша ағымы әртүрлі бағыттағы қызметке ие екі бөліктен тұрады, біріншісі – жобаны жүзеге асыру үрдісінде туындайтын және оған қажет: акционерлік капитал, бағалы қағаздардан кірістер, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді несиелер, негізгі қызмет үрдісінде алынған және инвестицияны төлеуге бағытталған ақшалар. Екіншісі – объектінің құрылысы мен жабдықтары.

Жобадан түскен кіріс тұтынушылардың тобына және түріне қарай көрсетілетін қызмет көлемін жобалау негізінде есептелінеді. Қызмет көлемі өндірістің қуаттылығын игеру мен оны енгізудің әдісімен сәйкес есептеу кезеңінің кезеңімен анықталады. Орташа кіріс мөлшерімен болжамдау телекоммуникациялық нарықтың реттелмеген секторындағы еркін бағаның құрылуымен және тарифтерді мемлекеттік реттеу үйлесіміне негізделген механизм саласында жасалады.

Жобада ағымдағы шығындарды анықтауда олардың толық калкумециясын жасау қиын. Сондықтан еңбек төлеміне кеткен ақша, әлеумтеттік қажеттілікке кеткен ақша, әлеуметтік қажеттілікке кеткен аударымдар, амортизация тікелей есептелінеді. Ағымдағы шығындардың арасында амортизациялық аударымдар ерекше орынға ие. Басқалармен салыстырғанда ол инвестицияларды қайтарудың қайнар көзі болып табылады.

Жобалау кезеңінің жылдары бойынша кіріс пен шығысты анықтаудан кейін инвестицияларды қайтаруға бағытталған, нәтижесінде пайда көлемі белгіленетін пайда мен шығындардың қаржы болжамы жүзеге асырылады.

Байланыс дамуының жобалауы операторлар енгізілген жоба қуаттылығын игеруді жүзеге асыратын және инвестицияларды қайтару үшін қаржы алатын бірнеше жылдарға созылатындықтан инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалаудың тиімді шарты болып, уақыт бойынша күрделі қаржылары мен болашақта түсетін ағымдардың қатынасы табылады. Бұл екі көрсеткіш әр уақытта пайда болатындықтан салыстырылмайды. Сондықтан инвестиция және болашақта түсетін ағымды, олардың қайтарылу көздері тәрізді экономикалық тиімділікті бағалаудың динамикалық әдістерін пайдалану мен бір уақытқа есептелген эквивалентті көрсеткіштерді келтіру қажет. Нәтижесінда ағымдағы шығын құны (ШҚ) мен түсім құны (ТҚ) анықталады. Көбінесе қаржы қорлардың экономикалық тиімділігін бағалаудағы динамикалық әдістер төмендегі көрсеткіштердің есебімен анализіне негізделеді:

-                     таза кіріс;

-                     кірістің ішкі нормасы;

-                     шығынның (рентабильность) кіріс индексі;

-                     сатып алу мерзімі.

Таза кіріс деп – есептелген уақыттағы жинақталған тиімділікті (ақша ағымының сальдосын) айтады. Халықаралық практикада бұл көрсеткіш ағылшынның NetValue сөзінен алынған NV символымен белгіленеді.

Ақшаның келетін (ЧП)және қайтатын (ЧО) айырмашылығы  бір  кесінді  өмір мерзімінде  таза кіріс деп аталады.Ол түсетін пайдадан дамуға (Празв) және амортизациялық (А) бөлігіне бағытталып, инвестиция шығынын (ИЗ)және салықты (Н) алып тастағанға тең.

 

                          ЧД = NV = Празв+А-ИЗ-Н = ЧП-ЧО.               (10.27)

Егер де өмір мерзіміндегі жобаның  таза кірісі кері  (-) өлшемде болса, онда осы жобаның шығындарының көп болғандығы сонымен қатар салынған инвестицияның  қайтарылмауында. Осы сұрақтың объективті жауабын  дисконтталған мөлшермен анықтауға болады.

Инфляциялар және де басқа қауіп қатерден мезгіл аралығында әсердің объективті бағалауын дисконтирленген өлшеулер негізінде өтуі қажет. Ол мақсаттарға таза дисконталған пайда (ЧДД) есептеледі. Ол есептелген мезгілдегі жинақталған дисконталған тиімділікке тең. Ағылшынша ол NPV деп белгіленіп, Net Present Value дегенді білдіреді.

Таза дисконтталған пайда келесі формуламен есептеледі:

 

                                   ЧДД = NPV = ,                         (10.28)

 

мұндағы Т – жобаның өмір сүру айналым саны;

ЧДД-ның мөлшері бойынша жобаның тиімділігі анықталады:

ЧДД >0– жоба тиімді, ол жыл сайын салынған қаржыдан пайда пайызын Ен.п көбірек әкеледі;

ЧДД = 0 – жоба бейтарап, ол жыл сайын пайда пайызын Ен.п дәл сонша әкеледі;

ЧДД <0– жоба тиімсіз, ол жыл сайын пайда пайызын Ен.п кемірек әкеледі.

Ішкі пайдалықтың нормасы (ІПН) таза дискоталған пайда нөлге тең болған жағдайдаға дисконттың нормасы Ен.п, яғни келтірілген әсердің мөлшері келтірілген инвестициялық шығындармен салыстырылады. Ағылшынша ол IRR деп белгіленіп, Internal Rate of Return дегенді білдіреді.

Егер ІПН >Ен.п  болса, оның таза дисконттау кірісі оңтайланғаны  және экономикалық тұрғыдан  тиімді.Ал егер,  ІПН<Ен.п   онда керісінше   тиімді болмағаны.

Кейбір жағдайларда жобаның тиімділігі пайда мен шығынның айырымымен емес, оның бөлімімен бағаланады. Пайдалықтың индексі (Profitability Index) салынған қаржыға жобаның “қатыстық” қайтарымын сипаттайды. Осы көрсеткіш тиімді жобаларда әрдайым бірден үлкен болады.

Пайдалылық индексі немесе рентабельділік ақша түсімдерінің ақша қайтарылуының қатынасына тең, яғни  1-ден жоғары, оның мәнінің тиімді болғаны.

Ақталу мерзімі инвестициялық жобаның аз уақыттағы қайта қайтарылуын сипаттайды,ары қарай таза дисконтталған кіріс теріс емес мағынасында қалады. Сонымен, таза дисконтталған келіп түсетін кіріспен күрделі қаржы мен  басқа да шығындардың салыстырма түрінен туындайды.

 

10.2 кесте - Инвестицияның ақталу мерзімін есептеу тізбегі

№  көрсеткіштердің аталуы

 

1-ші жыл    2-ші жыл   3-ші жыл   және т.б.

 

            1

2                 3                 4                5            

1    Іске асырудан пайдасы

 

2    Эксплуатациялық шығындар

 

 

3   Салық салынатын пайда

 

4   Салықтар

 

5   Таза пайда

 

6   Инвестициялық шығындар

 

7   Амортизацияны есепту үшін

     инвестициялық шығындар

 №6            №7              және т.б.

   №8

8   Амортизациялық аударымдар

 

 

9   Ақшалық құралдың таза тарауы

 

 

10 Меншікті жыл үшін қайтарылмаған инвестициялар

№6               №10             №10және т.б.

№9               №9               №9

 

                                                       

 

10.3 кесте - Аймақтық оператордың байланысты дамыту жобасы бойынша таза   дискоталған  пайданы есептеу (дисконтың нормасы - 0,2)

Мерзімнің қадамы

Жыл

Дисконтирлеу коффициенті

Дисконтирленген тарау, мың тг

Дисконтирленген қайту, мың тг

ТДП, тг

1

2

3

4

5

6

0

 

1,0

 

-1 337 275,00

-1337275,00

1

1

0,83

159 868,58

-

-1177406,42

2

2

0,69

276 028,47

-

-901 377,96

3

3

0,58

363 031,04

-

-538 346,92

4

4

0,48

403 033,57

-

-135 313,35

5

5

0,40

462 785,02

-

327 471,67

                 

Жалпы жағдайдағы инвестицияның ақталу мерзімінің есептеуі 10.4 кестесінде, ал 10.5 кестеде электробайланыс операторының даму жобаның шынайы мәндері көрсетілген. Таза дискоталған пайданы есептеген нәтижесінен жобаның ақталуы бес жылдан кейін болатыны көрінеді.

Инвестициялық жобаның бизнес-жоспары – техникалық, экономикалық, қаржылық салалардан тұратын өте күрделі құжат. Егер де инвестициялауға бірнеше нұсқаулар болса, онда  жобалауға дейін біреуін таңдауға болады, содан ғана содан кейін ғана таңдалған нұсқауға бизнес-планға тапсырыс беруге болады.

 

Бақылау сұрақтар:

1) Инвестицияның экономикалық мәні қандай және капиталдық шығынның құрамы?

2) Байланыстың дамуында инвестицияны қаржыландырудың негізгі бастауы қандай және оның құрамы?

3) Байланыс дамуына және оның динамикасына инвестиция құрылымының саласына сипаттама берініз.

4) Операторлардың инвестициялық бағдарламаларының электр байланысының реттейтiн органдармен әзiрлеу және келiсудiң мағынасын түсiндiрiңiз

5)  Ортақ күрделi жұмсалымның тиiмдiлiктi бағаның әдiстемесi мән және қолдану облысы қандай?

6)    Қалайша инвестицияларды өтелiмдiлiк мерзiмдерiнiң анықтауында ортақ тиiмдiлiктi бағаның жанында уақыт факторын ескерiледi

7)  Салыстырмалы экономикалық тиімділікті бағалаудың әдістеменің қолдану аймағы қандай және мәні қандай?

8)  Салыстырмалы тиiмдiлiк және өтелiмдiлiк мерзiмiнiң келтiрiлген шығындар және нормативтiк коэффициенттердi экономикалық мәнi қандай?

9) Қалайша күрделi салымдар және қуат және жабдықтың сапалы параметрлерi бойымен айыратын жаңа техника нұсқаларды теңестiруге болады?

10)  Не үшін қалыпты шығындарды дисконттеу қажет және дисконт нормасы қалай анықталады?

11)  Инвестициялық жобаның бизнес-пландық тиімділігін бағалауда қандай ерекшеліктер бар?

  

Әдебиеттер тізімі 

1.   Голубицкая Е.А., Жигульская Г.М. Экономика связи. Ученик для вузов. -М.: Радио и связь. 2000.

2.    Голубицкая Е.А. Экономика связи. Учебник для студентов ВУЗов.-М.: ИРИАС. 2006.

3.   Закон РК «О связи».-Алматы, ЛЕМ, 2004.

4.   Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы. Алматы, 2008.

5.   Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы.- Алматы, АЭжБИ, 2007.

6.   Қуатова Д.Я. «Экономика предприятия». Учебное пособие.- Алматы, 2011.

 

Қосымша әдебиеттер

 

1.     «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуыны басты бағыты».Елбасының биылғы Қазақстан халқына Жолдауы//Егемен Қазақстан, 28 қаңтар 2012.

2.      Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да төлемдер туралы» Заңы (Салық кодексі). ЛЕМ, 2005.

3.     Закон РК «Об инвестициях». – Казахстанская правда, 2002, 11 января.

4.     Закон РК «Об инновационной деятельности». - Казахстанская правда, 2002, 9 июля.

5.     Закон РК «Об акционерных обществах». – Казахстанская правда, 2003, 16 мая.

6.     Предпринимательство в Республике Казахстан. 2004г. Законодательные документы и материалы. – Алматы, 2004.

7.      Индивидуальный бизнес в Республике Казахстан. – Алматы, ЛЕМ, 2004.

8.     Закон РК «О труде в Республике Казахстан». - Алматы, ЛЕМ, 2004.

9.     Стратегия индустриально-инновационного развития Республики Казахстан на 2003-2015 годы. – Астана, 2003.

10.  Горелик М.А. Основы экономики телекоммуникации (связи) Радио и связь. М: - 2003.

11.  Тихвинский В.О. Регулирование и экономика подвижной связи. Радио и связь. М: - 2003.

12. Тихвинский В.О., Володина Е.Е. Подвижная связь третьего поколения. Экономика и качество услуг. Радио и связь.- М.: -2005.

13.  Чаадаев В.К. Бизнес-процессы в компаниях связи. Эко-Тренз.- М.: 2004.

14.  О стратегическом плане Министерства связи и информации  Республики Казахстан на 2011-2015 годы – Казахстанская правда, 2011, 29 января.

15.  Н.П.Иващенко.Экономика фирмы: Учебник/Под общ.ред.проф. -М.:ИНФРА-М, 2008.-528с- (Учебники экономического факультета МГУ им.М.В.Ломоносова).

 

Кафедра материалдары:

1.     Алибаева С.А., Базылов Қ.Б., Кәсіпорын экономикасы. Есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2011.

2.     Базылов К.Б., Еркешева З.Д. Экономика предприятия. Методические указания по выполнению РГР для студентов специальности 050719 -РЭТ. Алматы. АИЭС. 2009

3.     Базылов К.Б., Алибаева С.А.. Салалық экономика және менеджмент. Семестрлік тапсырмаларды  орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. Алматы, 2008.

4.     Базылов К.Б., Алибаева С.А.. Экономика и менеджмент в отрасли. Методические указания к выполнению РГР для студентов специальности 050719 -РЭТ. Алматы. АИЭС. 2009

5.     Боканова Г.Ш.,Алибаева С.А.. Экономика предприятия. Методические указания к выполнению лабораторных работ для студентов специальности 050719 -РЭТ. Алматы. АИЭС. 2011.