АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК МАШЫҚТАНУДАН ӨТУГЕ АРНАЛҒАН

 БАҒДАРЛАМА

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының «Байланыс экономикасы және менеджменті мамандануы бойынша оқитын студенттерге арналған

 

 

 

 

Алматы 2011

 ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Базылов К. Б., Нурмагамбетова С. С. Өндірістік машықтанудан өтуге арналған бағдарлама.  5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының «Байланыс экономикасы және менеджменті мамандануы бойынша оқитын студенттерге арналған.  – Алматы: АЭжБУ; 2011. –24 б. 

 

         Байланыс саласының экономика және менеджмент мамандануы бойынша оқитын студенттердің диплом алды жазу алдындағы, әртүрлі байланыс кәсіпорындарда өндірістік машықтану өткізуді ұйымдастыру мәселелерін қамтиды.

Кесте. - 10, библиогр.- 32 атау.

 

Пікір беруші: экон. ғыл. кан., проф. С.Г. Парамонов

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» 2011 жылғы жоспарына сәйкес басылады.

  

Ó «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2011 ж.


                                              2011 ж. жиынтық жоспар бойынша реті - 43  

 

 Мазмұны 

Кіріспе

4

          1 Өндірістік машықтанудың мақсаты мен міндеті

5

2 Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

5

3 Студенттердің міндеттері

6

4 Машықтану бағдарламасының мазмұны

8

5 Дербес тапсырмаға ұсынылатын үлгі ретіндегі тақырыптар

9

6 Диплом жұмысына деректерді жинау

10

7 Өндірістік машықтанудан өтуі туралы есеп жазу

10

Әдебиеттер тізімі

 

12

 

Кіріспе

 

Студенттердің кәсіби машықтануды өткізу, бакалаврларды дайындаудағы бір керекті маңызды мәселе болып есептелінеді.

Бұл теориялық алған білімдерді бекітуге бағытталған. Болашақ мамандар экономика және менеджмент, өндірісті ұйымдастыру, кәсіпорынды басқару бағытында керекті түйінді білім болады.

Олар әртүрлі экономикалық жағдайлар пайда болғанда, оларды бағалап, қорытындылап, ұсыныстарды айта білуі керек. Өндірісте пайда болған қиыншылықтардың шешу жолдарын қарастырып, кәсіпорынның экономикалық қорытынды көрсеткіштеріне көтеру тәсілдерін белгілеуге тиісті. Өндірістік машықтану студенттердің қазіргі экономикалық тәсілдерін меңгеріп, саланы басқару, өндіріс тиімділігін көтеру және қоғамды информатизациялау жұмыстарын ұйымдастыруға жәрдем жасайды.


1 Өндірістік машықтанудың мақсаты мен міндеттері

 

Студенттердің өндірістік машықтанудың мақсаты мен міндеттері:

-        экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару пәндерінде оқыған дәрістердің, тәжірибелік, зертханалық сабақтар, онымен қатар, студенттің өз еркімен өзі калап алған пәнді оқығанда, алған теориялық білімдерін кеңейтіп, бекіту болады;

-        кәсіпорындардың, компаниялардың, филиалдардың, қалалық, аудандық телекоммуникация, пошта байланыс тораптарының ұйымдасу құрылымымен танысу;

-        кәсіорынның бөлімдерінің, басқармаларының, департаменттерінің функцияларымен, жұмыстарымен танысу;

-        цехтардың, бөлімшелердің т. б. өндірістерінің ұйымдастырылуымен, олардың өндіріс процесстерінің қалыптасу мәселелерімен танысып білу;

-        кәсіпорынның бизнес-жоспарымен, экономикалық көрсеткіштерімен, жұмыс қорытындыларымен  және байланыс қызмет нарығының бәсекелестіктігін, кәсіпорынның мықты және осал жақтарын жан-жақты білу;

-        кәсіпорынның жұмыс барысымен жан-жақты танысу негізінде дипломды жазуға керекті деректерді жинау;

-        машықтану насанында жүріп, кафедрадан алған дербес тапсырманы орындау болады.

  

2 Өндірістік машықтануды ұйымдастыру

 

Студенттердің өндірістік машықтану оқу тізбегінің маңызды бөліміне жатады. Өндірістік, диплом жазу алдындағы машықтануға оқу жоспарын толық орындаған студенттер ғана жіберіледі.

Диплом жазу алдындағы өндірістік машықтануды студенттер «Қазақтелеком» АҚ, оның филиалдарымен, байланыс тораптарымен, «Қазпочта» АҚ өндіріс мекемелерінде, «Қазтелерадио» АҚ, «Нурсат», «Астел», «Транстелеком», «Казтранком», «Кателко», «K’Cell», «Beeline», «Далаком» және басқада байланыс операторларының өндірістерінде өткізеді. Машықтану өткізілетін операторлар мен АУЭС-тің арасында машықтанудан өту туралы шарт болуға тиісті.

Машықтануға барар алдында  студент мамандарды шығаратын кафедрадан төменгі құжаттарды алуға тиісті:

-        машықтану бағдарламасын;

-        дербес тапсырмасын;

-        машықтану күнделігі. 

 

Кәсіпорын әкімшілігі:

-        машықтануға келген студентті бір тәжірибелі маманға жүктеп, оны машықтану жетекшісі ретінде тағайындауға тиісті;

-        студенттің өндіріс тәртібін сақтауын қадағалап отырады. Егер өндіріс тәртібін бұзған жағдайда, ол туралы университетке хабар еріп тұрады;

-        техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселесі бойынша студенттерге нұсқау өткізеді.

Диплом жазу алдындағы машықтануды, кәсіпорын мен университеттің машықтану жетекшілері бірігіп басқарады. Кәсіпорындағы машықтану жетекші өндірістік машықтану біткеннен кейін студенттің күнделігін, оның машықтану туралы жазған есебін қарап, оларға ескертулері мен ұсыныстарын көрсетіп, машықтанудан өтті деген жалпы пікірін жазады. Студенттің осы жұмыстарына жазбаша түрде мінездеме  береді (қолы қойылып, мөр басылады). Әр студент машықтануда жүрген мерзімде күделік жазып, аяғында машықтану туралы есеп жазады.

Машықтану біткеннен кейін студент кафедраға машықтану туралы есепті және толтырылған күнделікті өткізеді. Дербес тапсырма туралы есепті, студент тапсырмада көрсетілген тақырыпты орындап, машықтанудың жалпы есебіне кіргізеді.

Машықтану туралы жазған есебін, студент, кафедра құрған 2-3 адамнан тұратын комиссия алдында қорғайды. Тиісті баға қойылады. Есепті қорғау бағасы, студентке стипендия тағайындау кезінде есепке алынады.

 

3 Студенттердің міндеттері

 

I Санды коммуникация жүйесінде өтетін тәжірибенің мазмұны.

Өндірістік тәжірибе өтуі кезінде төмендегілермен танысу керек:

-        автозал;

-        жіберу жүйесінің залы;

-        кросс;

-        ауа-тазартқыш.

Танысып білу керек:

1)     станса жабдығының құрамы, олардың орналасуы, модульдердің бір-біріне қосу кезіндегі өзара байланысы;

2)     санды АТС-тың жабдықтарын пайдалану жолдарын ұйымдастыру;

3)     техника құжаттарының құрамы;

4)     абонент желілерін техникалық пайдаланудағы негізгі сілтемелердің құрлымы және абонент деректерін басқару;

5)     жалғастуры желілерінең маршруттарын басқару және техникалық пайдаланудағы негізгі сілтемелердің құрлымы;

6)     электір жабдықтау сұлбасы, оның жұмыс істеу тәртібі. 

 

II Ұялы байланыс жүйесінің ұйымдасуы, танысуы, білуі керек.

1)     «NEO», «K’Cell», «Active» түрлеріне сәйкес GSM стандартты ұялы байланыс қызметтерін пайдалану жұмыстарымен және «Pathword», «Dalacom» түрлеріне сәйкес CDMA стандартты, сонымен қатар Wi-МАХ  технологиясымен танысу қажет.

2)      Ұялы байланыс стандаттарымен (аналогты және санды) танысып білу керек.

 

     III Телеграф саласында тәжірибе өткізетін студенттер танысып білу керек:

1)     кәсіорынның телеграф байланысын негізгі бөлімдері.

2)     канал құрушы жабдықтар және оларды техникалық пайдалану принциптері.

 

IV  Аудандық телекоммуникация торабында тәжірибені өткізетін студенттер төмендегіні білуі керек:

1)     Аудандық телекоммуникация торабында орналасқан жабдықтардың байланысымен танысу жұмысын жүргізеді.

2)     Төмендегі мәселелерді қарап танысады:

-   ауданның ауылдық телефон байланысының ұйымдасу сұлбасы;

-  желідегі істеп тұған стансалардың барлық түрлерінің құрылымдық сұлбасын;

-   желідегі пайдаланып отырылған барлық тығыздау жүйесінің түрлерінің құрылымдық сұлбасы;

-   пайдаланып отырған нөмірлеу жүйесі;

-   коммутация және тығыздау жүйелерін электрмен жабдықтауды ұйымдастырылуы.

 

V Интернет жүйесіне кеңжолақты кіру қызметтерімен танысу.

 

VI  NGN технологиясымен танысу.

VII Пошта байланысы кәсіпорындарында тәжірибені өткізетін студенттер төмендегі өндіріс процесінің ұйымдастырылуы жұмыстарымен танысып білу қажет:

1)   ауыр хаттаманы өңдеу цехі;

2)   хат хабарларды сұрыптайтын бөлімшесі;

3)   газет журналдарды жөнелтетін экспедиция;

4)   ақша аударма бөлімшесі;

5)   хаттама тасымалдау бөлімшесі;

6)   хаттама жолдарын апарып беру бөлімшесі;

7)   хаттама байланысының бөлімшесі;

8)   қаланың, ауданның хаттама  байланысың ұйымдасуы.  

 

VIII Диплом жазу алдындағы өндірістік машықтануды өткізудегі студенттердің міндеттері:

1)     университеттің өндірістік машықтануды өткізу туралы жазылған нұсқауын орындауға тиісті;

2)     желі бойынша қолданылатын  телекоммуникация технологиясының байланысын ұйымдастыру, талаптары мен сипаттамасымен танысу;

3)     кәсіпорын жұмыскерлерімен қатар тапсырылған жұмысқа жауапкершілікпен қарауға тиісті;

4)     өндірістік машықтанудың күнделігіне күнде толтырып отыру қажет;

5)     машықтану бағдарламасында және дербес тапсырмада көрсетілген мәселелерді орындау керек;

6)     диплом жазуға керекті деректерді жинауға тиісті;

7)     машықтану біткеннен кейін, кафедраға жазба түрінде машықтану туралы есептен толтырылған күнделікті өткізіп, есепті қорғайды. Жоғары көрсетілген талаптар орындалмаған жағдайда студентті өндірістік машықтанудан шығарып жіберуі немесе университет әкімшілік тарапынан шара қолдануы мүмкін (университеттен шығарып жіберуге дейін). 

 

4 Машықтану бағдарламасының мазмұны

 

Өндірісті машықтанудан өткізу мерзімінде, студент төменде көрсетілген мәселелермен танысып біліп, дипломға керекті деректерді жинауға тиісті:

1)     кәсіпорынды және оның құрлымын көрсету. Кәсіпорынның, филиалдың, телекоммуникация және пошта байланысының торабының, радиотелехабар тарату оратлығының, байланыс операторының (машықтану өткізілетін) қазіргі және болашақтағы дамуы туралы деректерді білу, жинау;

2)     байланысты ұйымдастыру, телекоммуникация желесінде қолданылып жүрген технология, жабдықтар, нысаналарды көріп танысып, оларды баяндап жазуға тиісті;

3)     байланыс желілерін пайдалануды ұймдастыру мәселелерін станциялардың, байланыс желісінің нысандарының қуатының пайдалануын қарау керек;

4)     телекоммуникация, пошта байланысы, радиотелехабар тарату қызметімен пайдаланушыларды қамтамасыз ету жағын қамтып қарайды;

5)     кәсіпорынның 3 жылдық экономикалық көрсеткіштерін жинау. Байланыс саласының нарық қызметтерінің қазіргі жағдайына талдау жасау, қызметтердің даму көрсеткішінің көлемі, табысы, пайдасы, оларды салыстыру. Пайдалану шығындары мен өзіндік құн көрсеткішетрін талдауға тиісті; Бір адамға келетін (байланысшыға) абоненттік желінің санын (соңғы телефон апаратты 1 қаңтар телефон аппараты 1 қаңтарға) алу, соңғы 1 телефон апаратына келетін табысты алу. Кәсіпорынның бір байланыс адамына келетін табыс, бір байланыс адамына келетін шығын, бір телефон аппаратына келетін шығын көрсеткіштерін жинап алу болады;

6)     кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерінің болжамын қарап алу;

7)     кәсіпорынның еңбек ресурстары, мамандармен қамтамасыздандырылуы. Еңбек өнімділігі. Еңбек төлемі, олардың қандай түрлері қолданылады. Әлеуметтік мәселелерінің жағдайын көрсету;

8)     үш жылдық жұмыс және қызмет сапасының көрсеткіштерін қарап алу;

9)     еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі жұмыстарын ұйымдастыру мәселелерін көрсету;

10)кәсіпорынның мықты және осал жақтарын, бәсекелестерді көрсету;

11)кәсіпорынның бөлімдері мен басқару жұмыстарының жағдайдарымен танысу.

 

5 Дербес тапсырмаға ұсынылатын үлгі ретіндегі тақырыптар

 

1)   Оператордың, оның филиалының немесе құрылыстық бөлімшесінің бизнес-жоспары, қызмет түрлерін суреттеу, баға номенклатурасының негізгі позициясы, оның ішінде сату мүмкіндігі басым жаққа қызмет түрлерін көрсету.  Басты пайдаланушыларды көрсету, сұраныстың болжамы және сатуға жоспарланып отырған қызметтер көлемін көрсету керек.

2)    Байланыс қызметтерінің салалық нарығына талдау беру негізгі нарық сегменттеріне, ішкі және сыртқы факторларға, компанияның негізгі бәсекелестеріне, олардың нарықтағы мүмкін үлестеріне суреттемелер беру керек. Қызмет түрлерінің дамуына байланысты, аса көңіл бөлетін мақсатты сегменттерді белгілеп көрсету қажет.

3)   Бәсекелестік стратегияны бағалап белгілеу. Бәсекелестікке қатысатын жаңа байланыс ұйымдары. Бәсекелестікке басым түсу стратегиясы.

4)   Бизнес-жоспардың маркетингті жоспары. Пайдаланушыларға байланыс қызметтерін сату жүйесін көрсету. Қызметтерді нарықтық сату шаралары, қызметтерге жарнама беру, маркетингті жоспарды іске асырғанда мүмкінінше түсетін табысты көрсету.

5)   Машықтанудан өтетін кәсіпорындағы сапа көрсеткіштерінің жүйесі. Қызмет көрсету және байланыс қызметтерінің сапалық нормативтері.

6)   Еңбек ресурстарын тиімді пайдалану. Еңбек өнімділігі және еңбек сыйымдылығы. Еңбек өнімділігінің өсу резервтері. Машықтанудан өтетін кәсіпорын туралы жазу керек.

7)   Еңбек ақы төлеу жүйесінің түрлері, кәсіпорында еңбек ақының қандай түрлері қолданылады. Байланыс жұмыскерлеріне қалай сый ақы төленеді.

8)    Негізгі қорлар мен өндіріс қуатының пайдалану көрсеткіштері, нысаналар мен стансалардың іске қосылу көрсеткіштері, кәсіпорындағы қордың қайтарылу мерзімі, еңбектің қормен құралдануы, қор сыйымдылығы.

9)   Кәсіпорынның байланыс қызметтерінің өзіндік құны, шығын туралы мақалалар. Байланыс кәсіпорындарында өзіндік құнды төмендету жолдары.

10)  Бағалардың қалыптасу жүйелері. Еркін және реттелген бағалар, келісім баға. Кәсіорында қолданылып жүрген бағалар. Телекоммуникацияда, почта байланысында бағаның қалыптасу стратегиясы.

11)  Почта байланысы, телекоммуникация және радиотелехабар тарату кәсіпорындарында нарықтық байланыс қызметтерінің қалыптасуы.

12)   Пошта байланысы, телекоммуникация және радиотелехабар тарату кәсіпорындарында еңбекті жандандыру жолдары.

13)  Байланыс ұйымдары істерінің тиімділігін бағалайтын көрсеткіштер жүйесі.

14)Байланыс қызметінің бағаларын мемлекеттік реттеу әдістері.

 

Студенттің дербес тапсырмасы бойынша машықтану өтетін кәсіпорында орындайды (кәсіпорын деректері бойынша).

 

6 Диплом жұмысына деректерді жинау

 

Диплом жазу алдындағы өндірістік машықтану өтетін нысана, дипломның тақырыбына сай қарастыру керек. Студент машықтанудан өтетін бағдарлама мен кестеге байланысты өз жұмысын жоспарлауға тиісті, жазуға керекті деректерді мүмкіншілігі болғанша толық жинауға күш салуы керек. Осыған байланысты деректерді төменгі талапқа сәйкес жыйнауға тиісті:

-        диплом жұмысының техникалық бөліміне қатысты болуы;

-        дипломның экономика, өндірісті және кәсіпорынды басқру бөліміне сай;

-        қоршаған орта мен табиғатты қорғау және техникалық қауіпсіздік бөліміне сай болу қажет.

Диплом жазуға керекті деректерді жинағанда, студент кәсіпорынның бизнес-жоспарына, өндіріс шаруашылығын талдау жұмысына, маркетингті талдау, басқа өндіріс тармақтары жұмысының қорытындыларына көңіл бөлу қажет етеді. Өндіріс процестерінің кемшіліктерін ашып, оларды болдырмауға ұсыныстар беру керек. Диплом жазуға арналған, жинақталған деректер қазіргі алдыңғы өндіріс процестерін және технико-экономикалық көрсеткіштерді қамтуы тиіс.

 

7 Өндірістік машықтанудан өтуі туралы есеп жазу

 

Университеттің дипломды жазу алдында өтетін өндірістік машықтану туралы нұсқауы бойынша және машықтану бағдарламасына сәйкес студент машықтанудан өту туралы есеп жазады. Есепте төменгі мәселелер көрсетілу керек:

а) машықтану өткен нысанына туралы жалпы жағдайлар;

б) жұмыстың мақсаты мен міндеттері;

в) өндіріс жұмысын жүргізудің тәсілдері;

г) дербес тапсырманы орындау туралы.

Кейбір қаралған мәселелердің түйіндегі кезектерін көрсету. Есеп кезектікке байланысты суреттер мен сызбалармен, сұлбалармен толықтырылады. Есепті жазғанда негізгі дерек өндірістік машықтану күнделікті болып есептелінеді. Машықтану санына келгенде студент күнделікті істеген жұмысты көрсететін толықтырып отыруға тиісті. Машықтану туралы есеп машықтануда істеген жұмыс туралы негізгі құжат болып саналады. Есепті жасалған жұмыстардың суреттемелері, мазмұндары толық көрсетілуі керек. Орындалған есеп әр-түрлі деректер, ережелер, нұсқаулар, жұмыстарды талдау, қорытынды деректері қолданылады. Есеп машықтану өту кестесіне байланысты біртіндеп жазылып отырылады. Есепке дербес тапсырма бойынша жасалған жұмыстар кіреді. Есеп тапсырмай, машықтану сынағы қабылданбайды. Дайындалған машықтану туралы есеп, әуелі өндірістегі студенттің машықтану басшылығымен, университеттен бекітілген басшы екеуі қарап шығады. Есепке студент және екі машықтану жетекшілері қол қоюлары керек. Кәсіпорындағы машықтану басшысының қойған қолы кәсіпорынның мөрімен расталу керек. Есеп жұмысының рәсімделуі және оның мазмұны машытанудан өту бағаланғанда есептелінеді. Өндірістегі машықтану жетекшісі студенттің машықтану бойынша есептеулер мен жалпы қорытынды жазады, оған баға береді. Машықтану күнделігіне өндірістегі машықтану жетекшісі машықтану біткені туралы күнін көрсетіп, кәсіпорын мөрімен растайды. Есеп және күнделік университеттегі машықтану жетекшісіне беріледі. Студент машық туралы есебін кафедра комиссиясының алдында қорғайды, оған балды-рейтингтік әріптік баға қойылады.

Университеттің нұсқауы бойынша қанағатсыз деген баға алған студент немесе есепті тапсырмаған жағдайда, студент өндірістік машықтанудан қайтадан өтеді.

 

Әдебиеттер тізімі 

1.      Голубицкая Е. А. Экономика связи. Учебник. – М.:ИРКАС. 2006.

2.      Дроздов В. В., Дроздова Н. В. Экономический анализ. Практикум. - Питер. 2006.

3.      Тихвинский В. О. Регулирование и экономика подвижной связи. – Москва: «Радиосвязь». 2003.

4.      Салимжанов Н. К. Ценообразование. Учебник. - Москва. 2008.

5.      Голубицкая Е. А., Кухаренко Е. Т. Основы маркетинга в телекоммуникациях. Учебник. «Радио и связь». 2005.

6.      Ситников С. Г., Солодова Т. А. Организация производства на предприятиях электросвязи. - Москва. 2009.

7.      Базылов К. Б., Алибаева С. А., Бабич А. А. Методические указания по выполнению экономического раздела выпускной работы бакалавров. АИЭС. 2009.

8.      Базылов К. Б., Еркешева З. Д. Экономика предприятия методические указания АИЭС. 2009.

9.       Приказ АО «Казахтелеком» №220 от 03.07.2009. «Правила прохождения практики студентами в АО «Казахтелеком». Инструкция для обучающихся проходящих профессиональную практику. АИЭС. 2008.     

10.   Инструкция для обучающихся, прохождящих профисиональную практику. АИЭС. 2008.