Алматы энергетика және байланыс институты

 

Экономика өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

Экономика  және  өндірісті ұйымдастыру

 

Семестрлік тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар (050719-радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін).

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Базылов Қ.Б., Еркешева З.Д. Экономика және өндірісті ұйымдастыру. 050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының күндізгі бөлімінде оқитын студенттер үшін семестрлік тапсырмаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқау - Алматы: АЭ ж БИ, 2008. - 13 б.

 

Экономика және өндірісті ұйымдастыру пәнінің семестрлік тапсырмаларын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 050719-Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының күндізгі бөлім студенттеріне арналған.

Әдістемелік  нұсқауда байланыс кәсіпорындары жұмыстарының нақтылы міндеттері көрсетілген. Оларды орындау, тақырыпты игеруге жәрдем жасайды.

 

1  Жалпы жағдай

 

1.1  Кіріспе

Байланыс саласына бірнеше өндіріс тармақтары кіреді. Олардың экономикасы, өндіріс процестерінің алдағы техника-технологиялық жаңалықтарына сүйене отырып ұйымдастырылуы, нарықтық экономиканың талабына сәйкес келеді.

Семестрлік жұмыстың мақсаты-студенттерді байланыс кәсіпорындарының өндірістік процестерімен, экономикалық және ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстырып, тапсырмаларды орындап, тақырыпты толық игеруге жәрдем жасау.

Әдістемелік нұсқауда байланыс кәсіпорындарының қорытынды көрсеткіштерінің жүйесі. Олардың қолданылатын әдістері көрсетілген.

 

1.2 Семестрлік тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар

 

Семестрлік тапсырмаларды орындауға ұсынылған әдістемелік нұсқауларды қолдану керек.

Семестрлік тапсырма орындалғаннан кейін, белгіленген уақытта рецензия берілуі тиіс.

Студент орындалған тапсырмаларды қорғауға дайын болуы керек, шығарылған есептерге, жазылған қорытындыларға, теориялық сұрақтарға, жөнделген қателерге негізделеген түсінік беру тиіс. Егер, орындалған тапсырмаларға керекті өзгерістер кіргізу керек болса, студент көрсетілген кемшіліктерді, тапсырманы қорғауға дейін орындауға тиісті.

Семестрлік тапсырманы қаламмен жазып орындауға да болады, парақтың шетіне (формат А4) рецензенттің ескертулерін жазатын алаң қалдыру керек.  Тапсырманың варианты толық жазылуға тиісті. Сыртқы мұқабасына студенттің деректері жазылады. Түсінк жазба, стандартты парақта орындалуы қажет. Семестрлік тапсырманы стандартты ақ парақ қағазға, яғни парақтың бір бетіне орындалғанда, жалпы қойылған белгілі тлаптар (ФСРК10352-1910у.е.-001-2002 оқу жұмысы) орындалуы керек.

Беттердің, кестеелрдің және суреттердің нөмірлері және кестелер мен суреттердің аттары жазылады. Семестрлік тапсырманың шарттары, есеп формулалары да, олардың әріптік белгілері де толық жазылып, өлшем көрсеткіштері де көрсетіледі. Кестелер мен есептелінген деректерге, есептің шешу жолдарына түсініктер беріліп, соңында қорытынды айтылады және пайдаланылған әдебиеттер тізімдері көрсетіледі. Семестрлік тапсырма қазіргі ұйымдастыру техника құралдарын қолданып, алынған қорытындыларға және олардың кейбір графикалық көрсеткіштеріне ПЭВМ-нің әртүрлі мүмкіншіліктерін пайдаланылған жөн.  Орындалған жұмысқа студент қолын, уақытын өрсетеді. Кейбір семестрлік тапсырмалар есеп-құрал техникалары арқылы тапсырмаларды орындай алады.

 

1.3 Семестрлік тапсырмаларды орындауға ПЭВМ қолдану

 

Қазіргі кезде экономикалық талдау жасау үшін көптеген бағдарламалар бар. Жеке семестрлік тапсырмаларды орындау үшін белгілі формулалар бірнеше рет қайталанып қолданылады. Осындай жағдайда есептеу техникасын қолдану икемді болады, олар еңбек шығындарын қысқартуға әсер етеді. Семестр тапсырмаларын ПЭВМ-ді қолданып орындау, әртүрлі операция жүйелерін кеңінен қолдану тәжірибесін дамытады. ПЭВМ-ді семестрлік тапсырманың кейбір есептерін шешуді кеңінен қолдану керек. Тапсырманы орындағанда, түсінік жазылымда жасалынған есеп, мысалдарын көрсетіп оларды кесте және графикалық көрініс, диаграмма ретінде түсініктерін жасау керек. Семестрлік тапсырманың беттерінде көрсетілген мәліметтер республикада қолданылатын стандарттарға сәйкес болуы тиіс. 

 

1.4 Вариантты алу

 

Студенттер 1 және 2 семестрлік тапсырмаларды орындайды.

Бірінші семестрлік тапсырмада студенттер теориялық сұрақтарға жауап беріп, есеп шығарады.

Екінші семместрлік тапсырмада студенттер күрделі есептерді шығарады.

№1, №2 семестрлік тапсырмаларды бірге орындайды:

а) 1-ші семестрлік тапсырманың теориялық сұрақтарының вариантары иендері студенттің сынақ кітапшасының соңғы үш санының қосындысы ретінде алынады.

 Мысалы: - ххх035 сынақ кітапшасының соңғы нөмеріне 8-тақырып  жатады (0+3+5=8);

б) есептің нөмері төмендегіше алынады. Есептің вариант нөмері сынақ кітапшасының соңғы санына сәйкес келеді, оған қосымша коэффициент қолданылады. 10-вариант болады. Варианттардың санын көбейту үшін, бастапқы берілген деректерді түзету коэффициентіне көбейтеді. (кесте 1.1) түзету коэффициентін де сынақ кітапшасын соңғы санына сәйкес келеді.

 

1.1 К е с т е  -  Түзету коэффициентін алу

 

Сынақ кітапшасының соңғы саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

Түзету коэффициенттің көрсеткіші

1,005

1,01

1,015

1,02

1,025

1,03

1,035

1,04

1,045

1,05

 

2  Семестрлік тапсырмалар

 

2.1 Бірінші семестрлік тапсырма

2.1.1 Теориялық сұрақтардың тізімі.

1. Байланыс саласының экономикалық сипаттамасы және ерекшеліктері.

2. Елдің экономикалық потенциалын және қоғамды информацияландыруды қалыптастырудағы инфокоммуникацияның рөлі.

3. Нарықтық экономика жағдайында басқару және реттеу жұмыстарының мәнісі мен міндеті.

4. Байланыс саласын бақарудағы және реттеудегі мемлекет органдарының қүрылымы мен функциялары.

5. Нарықтық экономика кезеңінде, нарықтық байланыс қызметтерінің қолданылуы.

6. Өндіріс қорларының структурасы, классификациясы, экономикалық мәнісі.

7. Негізгі өндіріс қорларды бағалау тәсілдері.

8. Негізгі өндіріс қорлардың тозуы және амортизациясы.

9. Өндіріс күштерінің және негізгі қорлардың пайдалану көрсеткіштерінің жүйесі.

10. Байланыс саласының негізгі өндіріс қорларын пайдаланылуын жақсарту жолдары және олардың маңызы.

11. Өзіндік құнның мәнісі, калькуляциясы және қүрылымы .

12. Өзіндік құнды төмендету жолдары және оның маңызы.

13. Байланыс қызметтерінің бағасының классификациясы және мәнісі, бағаны құру қүрылымы.

14. Байланыс қызметтерінің бағасының қалыптасуындағы нарықтық тәсілдері.

15. Байланыс қызметтері бағасының мемлекеттік реттеу тәсілдері.

16. Байланыс кәсіпорындарының жұмысының қорытындысын бағалау, табысы, пайдасы, және тиімділігі.

17. Байланыс саласын дамытуға жұмсалатын  инвестицияны қаржылау көздері және оның экономикалық маңызы.

18. Инвестициялық жалпы экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері және бағалау тәсілдері.

19. Инвестициялық жобалардың бизнес-жоспарларының тиімділігін бағалау.

20. Байланыстағы сертификаттау және лицензиялау жұмыстары.

21. Байланысты ұйымдастырудағы негізгі мемлекет заңдарымен нормативті актілері.

22. Байланыс сеттерін ұйымдастыру, дамыту, құрудағы негізгі принциптер, байланыс желімрінің маңызы.

23. Байланыс саласында почта, электро-байланысы, радиотеледидарды  тарату өндірісін ұйымдастыру, олардың маңызы, сипаттамалары.

24. Байланыс кәсіпорындарында өндіріс процестерін ұйымдастыру негіздері.

25. Өндірісті пайдалану жұмыстарын ұйымдастыру.

26. Байланыс қызметінің санасы және қызмет көрсету жұмысының санасының көрсеткіштер жүйесі мен нормативтері.

27. Байланыс қызметінің санасын және қызмет көрсету жұмысының санасын жақсарту жолдары.

28. Байланыс саласында еңбекші, еңбек ақыны ұйымдастыру жұмыстары.

29.Байланыс кәсіпорындарының жұмысын жоспарлау және қаржыландыру.

30. Еңбек өнімділігінің көрсеткіштері және олардың маңызы.

 

2.1 К е с т е - Бастапқы деректер                                                                       

 

Өлшемі

Жалпы уақыты

1  Телерадиохабарларын тарататын радиорелелі желісінің бір станциясын айына пайдалануға жұмсалатын уақыты.

сағат

507

2 Жабдықтарды жұмысқа дайындау уақыты

 

сағат

35

3 Өлшеу жұмыстарын жүргізуге керекті уақыт

 

сағат

80

 

Демалысқа баруды есептейтін коэффициент, Котпуск -1,08.

Күніне 7 сағат жұмыс істегенде, жұмыс уақытының айлық нормасын, норма-173 сағат.

Есепті шешуге арналған әдістемелік нұсқаулар

Радиорелейлі желіні пайдалану үшін оған керекті техника мамандарының саны, станцияның типіне және оның телевизия мен телефон символының жұмыс істеу уақытына сәйкес табылады.

Телерадиотарату жүйесін пайдалануға жұмсалатын уақыты (Встанция) табу үшін, жабдықтардың жұмыс істеу уақытын (Воборуд), жабдықтарды жұмысқа дайындау уақытын (Вподгот) және жұмыстар өлшеу жұмыстарын жүргізуге керекті уақыттар (Визмер) есептелінеді.

  Станцияның жұмыс істейтін уақыты, (Встанции)

Встанция=Воборподготизмер.          (1)

Станцияда жұмыс істейтін жұмыскерлер саны (ч - жұмыскер).

 

Чжұмыскер=                (2)

 

Радиорелейлі  станцияс күндіз-түні жұмыс істейтін болса, онда кезекті  жұмыскерлер саны белгіленген өндіріске керекті жұмыскер саны нормативті бойынша табылады.

 

2.2 К е с т е - Норматив                                     

Қызмет аты

Жұмыскерлер саны (бірлік)

 

Соңғы басты және жүйелі станция, теледидар бағдарламасын кіргізіп бөліп жұмыс істейтін.

Теледидар бағдарламасын кіргізіп, не бөліп жұмыс істейтін соңғы және аралық станциялар

Аралық станциялар

Кезекті жұмыскерлер (бір кезектегі)

инженер

1

-

-

Аға электро-механик

1

-

-

Электро-механик

-

1

1

 

Станция жұмыскерлерінің штат кестесін жасау керек?

Теледидар бағдарламасын бөлетін соңғы радиорелей станциясы.

Қызметкерлер белгіленген еңбек ақысы бойынша айлық алады. Компания жұмыскерлерінің орташа еңбек ақысы 35 мың тенге.

   Қорытынды жазу керек.

 

2.1.3 2-есеп, Оның маңызы.

 Өткен жылы телекоммуникация компаниясында 3000 адам жұмыс істейді, оның ішінде жұмысшылар саны 950. Әр жұмысшы орташа есеппен бір жылда 232 күн жұмыс істейді. Есеп жылы компания еңбекті тиімді ұйымдастыру мақсатында, күрделі шаралар жасады. Осыған байланысты, орташа есеппен әр жұмысшы 236 күн жұмыс істейді.

 Өндіріс өнімі мен еңбек өнімділігі өткен жылы да, есеп жылы да өзгерген жоқ. Күрделі шара қолданғанға байланысты компонияда жұмыскерлер саны қалай өзгереді (L-изм).

 

2.3 К е с т е - Бастапқы деректер                                           

Көрсеткіштер аты

Саны (бірлік)

1 Өткен жылы жұмыскерлер саны ( Lпрошл)

       Оның ішінде жұмыскерлер( Lраб.)

2 Әр жұмысшының өткен жылғы орташа жылдық жұмыс күні (Отр.прош.)

3 Әр жұмысшының есеп жылғы орташа жылдық жұмыс күні (Отр.отгеб.)

4 Өндіріс өнімі (Vпр.) және еңбек өнімділігі (Выр. Раб.) өткен және есеп жылы өзгерген жоқ.

 

3000

 

 

950

 

 

232

 

 

236

 

Жұмысшылар санының өзгеруін табу

Әдістемелік нұсқау

 

Vпр=Lраб.прош. *232*Выр.раб=Lраб. отчет.  *236*Выр. раб.            (3)

                                            

 

Осыған байланысты,

   Lраб. отчет =Lраб. прош *Отр.прош  /Отр. отчет.                                             (4)

 

                                    .  .    

Есеп жылы, компанияда жұмысшылар санының азаюы

 

         Lизмен.=Lраб. прош -Lраб. отчет.                                                                     (5)

                .  

Корытынды жазу керек.

 

2.2 Екінші семестрлік тапсырма

 

Бастапқы деректер, вариант нөмеріне сәйкес түзету коэффициенті арқылы өзгереді түзету коэффициенті ктапшасының соңғы санына сәйкес алынады.

                                                                              

 

2.4 К е с т е -  Түзету коэффициенті 1-ші, 2-ші есептердің деректеріне қолданылады

 

Түзету коэффициенттері

Вариант

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

 

 

 

2.4 кестенің жалғысы

 

Түзету коэффициенттері

Вариант

 

1

Халықтың бір телефон номерін пайдалануының шығыны

 

1,08

 

1,15

 

1,12

 

1,09

 

1,11

 

1,10

 

1,17

 

1,16

 

1,10

 

1,13

2

Мекемелердің бір телефон номерлерін пайдалануының шығыны

 

1,17

 

1,20

 

1,21

 

1,18

 

1,24

 

1,16

 

1,25

 

1,22

 

1,19

 

1,23

3

Аймақта бір жанға келетін орташа табыс

 

1,13

 

1,16

 

1,11

 

1,14

 

1,15

 

1,17

 

1,12

 

1,10

 

1,19

 

1,18

4

Аймақтағы абонентер саны

 

1,15

 

1,12

 

1,22

 

1,2

 

1,18

 

1,17

 

1,21

 

1,26

 

1,13

 

1,24

5

Халықтың бір телефон номеріне келетін экономикалы негізделген шығын

 

1,1

 

1,12

 

1,15

 

1,14

 

1,13

 

1,11

 

1,16

 

1,18

 

1,11

 

1,17

6

Мекеменің бір номеріне келетін экономикалы негізделген шығын

 

1,17

 

1,16

 

1,22

 

1,2

 

1,18

 

1,19

 

1,21

 

1,23

 

1,25

 

1,24

 

Бірінші тапсырма.

Мемлекеттік реттеу органының ұсынысы бойынша халық телефонының аймақтағы абоненттік төлем ақысы үйіші жанының қосынды қаржысының 1% аспауы керек, бұл жағдайда аймақта бір айға, бір жанға келетін орташа табыс 12500 тенге, ал үшінші жаны коэффициенті 3,4 адам.

Халыққа және кәсіпорындарға, мекемелерге обенентттік төлем ақысын есептеп шығару керек. Аймақтың жергілікті телефон желісінің абоненттер саны 210800 нөмері, оның 75%  халықта. Компанияның телефонның бір нөмерін пайдалану шығыны, халыққа қызмет көрсететін нөмер үшін-450 тенге айына, ал, кәсіпорындар, мекемелер үшін-600 тенге айына.

Жоспарлап отырғаникемділіктің деңгейі-15%.

Қорытындысына сәйкес көрсетілген қызметтің икемділігі туралы қорытынды талдау жазу керек.

1-ші тапсырманы орындауға арналған.

Әдістемелік нұсқаулар.

Бұл тапсырмада оптимальді тарифті табу үшін бірін-бірі қаражаттандыру негізіндегі тәсіл қолданылады. Ал, реттелмейтін қызметтерге операторлар бағаны өздері қояды.

 Әуелі, мемлекет реттейтін (халыққа), мемлекеттік өкілдігі бар орган бекіткен қызмет бағасынан түскен табыс санасы төмендегі формула  бойынша  табылады:

 

Дрегумернаселен.=Тнаселен. *Nнаселен.        (6)

Бұл жерде Тнаселен - реттейтін органның халыққа арналып бекіткен бағасы.

Nнаселен. - жеке тұлғалы абоненттер саны.

Айына өкілдігі бар органның абоненттік төлем ақысын халыққа бекітетін бағасы (НДС-сіз)

Тнаселен.=Ддругиесем*Dаб.п.       (7)

Бұл жерде Ддругие - аймақ бойынша, біржанға келетін, пайдаланушылардың  орташа табысы;

Ксем-үйіші жаны коэффициенті;

Dаб.п.-ұсынылған, семья қаржысындағы абоненттік төлем ақының өзіндік үлесі.

 Келесі этапта, барлық пайдаланушылар қолданатын, барлық қызметтер түрінен түсетін жалпы табыстың көлемі - Дреал.общ. табылады.

Онымен қатар, пйдалану шығындары-Э общ. және салықты төлейтін, өндірістік, әлеуметтік шаралар жүргізуге керекті пайда да есекте болады.

Дреал.общ.=Эобщ(1+Рпл/100).     (8)

   Бұл жерде Рпл. - жоспарланған тиімділіктің деңгей.

 Жалпы пайдалану шығыны төмендегі формула бойынша есептелінеді.

Э общ.=Снаселен*Nнаселенорганиз*Nорганиз.    (9)

  Бұл жерде: Снаселен., Сорганизм. - компанияның халықтың, мекемелердің бір телефон нөмерін пайдалану үшін жұмсалатын айлық шығыны;

N населен., Nорганиз - әр тонтағы абономенттер саны.

Жалпы табыс пен және бағасы реттелеін қызметтерден түсетін табыстың айырмашылығы, компанияның бағасы реттелмейтін ( заңды тұлғалар бағасы) қызметтерден алуға тиісті, керекті сомасы болады.

Днерет.=Дорг.=Дреал.общрегулар.      (10)

 Осылай, заңды тұлғалар пайдаланған қызеттерден түскен табыс срмасы, осы қызметтер көлеміне (Nорт) бөініп, заңды тұлғалар үшін қызмет бағасы табылады.

Торт=Дорт/Nорт         (11)

Пайдаланушылардың әр тобына экономикасы негізделген шығынымен (ЭОЗ) және нақты абоненттік төлем ақының қатынасы есептелінеді.

 

К1соот=ЭОЗіmi.       (12)

Бұл жерде ЭОЗ-экономикалы негізделген шығын нормативті пайдамен і-топтас пайдаланушылар үшін;

Цmi -қолданылып жүрген баға і-топтас пайдаланушылар үшін.

 

 Одан әрі, 2жыл ішінде ЭОЗ деңгейіне жету үшін, әр тоқсанныңбаға индексациясының коэффициенті төменгі орташа геометриялық формуламен табылады

Кіинд.эоз=.        (13)

 

 Бағаны есептегенде, информацияның болжам деңгейін есепке алу керек. Бұл үшін, информацияны есепке алу үшін, әр тоқсанның баға индексациясын есептеу керек:

 

Кіинд.инф.=  .          (14)

 

 Бұл жерде Iинф.- тиісті жылдың жылдық болжам инфляция деңгейі.

Осыған байланысты, айлық абоненттік төлем ақы төмендегі формула арқылы табылады

Цmijmij-1инд.инф.      (15)

 

Бұл жерде Цmij  және  Цmij-1 – і топтас пайдаланушылар үшін, j  және j-1 тоқсандағы баға.

Қорытынды жазу керек.

 

Әдебиеттер тізім

 

1. Е.А. Голубицкая. Экономика связи: Учебник для студентов ВУЗов.- М.:ИРИАС,  2006.

2. Е.А. Голубицкая, Г.М. Жигульская. Экономика связи: Учебник для ВУЗов.-М.: Радио и связь, 2000.

3. В.Б. Бычин, С.В. Малинин. Нормирование труда: Учебник.- М.: Экзамен, 2003.

4. Экономика предприятия ( под редакцией проф. О.И. Валкова): Учебник.- Москва: Инфра-М, 1997.

5. М.П.Переверзев, С.И. Логвинов, С.С. Логвинов. Организация производства на промышленых предприятиях: Учебное пособие.- М.: Инфра-М, 2006.

6. Цены и Ценообразование (под редакцией д.э.н., профессора И.К. Салимжанова).- М.: Проспект, 2003.

7. С.А.Алибаева, К.Б.Аманжолова. Экономика предприятия. Программа, методические указания и контрольные задания ( для студентов ВУЗа).-Алматы: АИЭС, 2006.

8. К. Б. Базылов, С.А. Алибаева, К.Б. Аманжолова.  Организация управления и регулирования в связи общего пользования Республики Казахстан: Учебное пособие.- Алматы: АИЭС, 2005.

 

Мазмұны

 

1  Жалпы жағдай3

1.1  Кіріспе3

1.2 Семестрлік тапсырмаларды орындауға қойылатын талаптар3

1.3 Семестрлік тапсырмаларды орындауға ПЭВМ қолдану. 4

1.4 Вариантты алу4

2  Семестрлік тапсырмалар4

2.1 Бірінші семестрлік тапсырма4

2.2 Екінші семестрлік тапсырма8

Әдебиеттер тізімі12