Коммерциялық емес акционерлік қоғам 

Алматы энергетика және байланыс институты 

    

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы 

 

САЛАДАҒЫ ЭКОНОМИКА

050717- Жылу энергетикаcы мамандығының «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», «Жылу технологиясының энергетикасы», «Кәсіпорындар мен ұйымдардың энергетикалық жабдықтары және энергетикалық шаруашылығы» мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы  2009 ж

ҚҰРАСТЫРУШЫ: С.Г. Парамонов, Б.И.Түзелбаев. 050717- Жылу энергетикаcы мамандығының «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», «Жылу технологиясының энергетикасы», «Кәсіпорындар мен ұйымдардың энергетикалық жабдықтары және энергетикалық шаруашылығы» мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБИ, 2009.  -  20 б. 

 

Әдістемелік нұсқау қазандықтан және дербес жылу өндіруші қондырғылардан жіберілетін жылу энергиясының өзіндік құнын анықтау бойынша техника-экономикалық есептеулерді орындауды, сондай-ақ  олардың тұрғындарды жылу энергиясымен қамтамасыз етудің ұтымды сүлбесін таңдау үшін инвестициялық жобаларды бағалау әдістерін қолдану қарастырылады. 

  

 Мазмұны

Кіріспе.............................................................................................................

4

Берілген мәліметтер......................................................................................

5

1

Жылу энергиясына қажеттілікті есептеу әдістемесі..........................

6

1.1

Жылу энергиясының жылдық шығынын анықтау.............................

6

1.2

Максималды сағаттық жүктемені анықтау.........................................

7

2

Жылумен қамдау үлгісінің техника-экономикалық салыстырмасы.............

8

2.1

Жылумен қамдаудың бірінші нұсқасындағы жылуды жіберудің өзіндік құнын есептеу................

8

2.2

Жылумен қамдаудың екінші нұсқасы бойынша жылуды жіберудің өзіндік құнын есептеу.........................................................

12

3

Жылумен қамдау нұсқасын салуды және оны пайдалануды экономикалық бағалау..........................................................................

14

Әдебиеттер тізімі...........................................................................................

19

  

Кіріспе

«Елді мекенді энергиямен қамтамасыз етудің ұтымды үлгісін таңдау» тақырыбындағы курстық жұмысты орындауға арналған әдістемелік нұсқау «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы», «Су және отын дайындау технологиясы» мамандығын таңдаған студенттерге арналған. Бұл мамандықтағы студенттер жоғарғы және төменгі потенциалды жылу энергиясын қолданатын тұтынушылары бар және жылу энергиясын алу үлгісі мен оның шығындары әртүрлі болып келетін Қазақстанның кез келген ұлттық шаруашылық саласындағы кәсіпорындарда жұмыс істей алады.

Отын-энергетикалық қорлардың өзара алмасуы, көмір, мұнай және газ бағасының үйлесімді емес өсуі, тауар өндірісіндегі жаңа технологиялар жетістігі, энергетикалық нарықта пайдалану ПӘЕ-і жоғары және автоматты жану үрдісі бар шетелдік жылу өндіруші қондырғылардың пайда болуы, сонымен қатар жылу желісі мен электр стансаларындағы энергетикалық жабдықтардың тозуы, жылу және электр энергиясы тарифтерінің күрт өсуі ең аз шығындалатын энергиямен қамтамасыз етудің мәселелерін өз бетінше және кешенді түрде шешуге мүмкіндік береді немесе талап етеді.

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты энергетикада да елеулі жағдайлар болды, сонымен қатар олар отын- энергетикалық қорлардың құнына да әсерін тигізді. Егер кейбір энергия сыйымдылықты технологияларда энергия құнының үлесі өнімнің өзіндік құнының 25 - 30%-ына жетсе, онда қазіргі уақытта бұл көрсеткіш одан әрі өсуде. Көптеген салаларда шығарылған өнімнің өзіндік құнының құраушылары өнімнің энергия сыйымдылығы көрсеткіштерін талдауға және нақты қадағалауға мүмкіндік бермейтін жасырын ақпаратқа айналды. Ішкі өнімнің жалпы энергия сыйымдылығы орташа есеппен Европада - 0.4, Жапонияда - 0.2, ал Қазақстанда - 1.03 ш.о.т/мың $ құрайды. Бұл отандық технологиядағы ғылыми-технологиялық үрдіс деңгейінің төмендігін көрсетеді.

Тұтынушыларды энергиямен қамтудың экономика тұрғысынан тиімді нұсқасын таңдауға мүмкіндік беретін отын-энергетикалық ресурстарын ұтымды пайдаланудың маңызды мәселелерінің бірі олардың өзара алмасуы болып табылады. Зауыт, фабрика, үй, ықшамаудан немесе басқа да нысандарды энергиямен қамтамасыз етудің ұтымды үлгісі туралы шешім қабылдауда алдымен өнімнің нақты түрін өндірудің технологиялық үрдісін түсіну керек. Студенттер мысалы, күкірт қышқылын, тазартылған мысты, сыраны немесе шоколадты кәмпиттерді алудың және осыларға байланысты жылу және электр энергия шығындарының көлемі мен ережелерінің технологиялық тізбегін нақты әрі толық елестете алмайды. Бұл сұрақтарды олар курстық жұмыстың тақырыбын ашатын, күнделікті жылыту, ыстық сумен қамдау және тамақ дайындау үрдістерінен біледі, сонымен қатар энергиямен қамдаудың әртүрлі үлгісін салыстырудың техника-экономикалық әдісі кез келген технологиялық үрдістерде немесе нысандарда қолданылуы мүмкін.

Берілген жұмысқа мынандай міндет қойылады: ірі өндірістік кәсіпорынның өз жұмыскерлері тұратын жеке қала үлгісіндегі тұрғын үйлері бар және бұл елді мекеннің тұрғындарын жылу энергиясымен қамтамасыз ету керек. Тәжірибе жүзінде оқиға дамуының келесі үлгісі нақтырақ болуы мүмкін: кәсіпорын елді мекенді жылумен қамдау жүйесін салу және  пайдаланумен айналысатын, сонымен қатар құрылысқа кеткен ақшалай қаражатты қайтаруға, жылу энергиясын халыққа тариф бойынша беруді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін заңды құқығы бар мекемені («Энергия» АҚ) құрады. Ол үшін селоны жылумен қамдаудың мүмкін болатын үлгісіне және жылу энергия бірлігін алуда аз ақша шығындалатын нұсқа үшін техника-экономикалық салыстыру жүргізу керек. Инвестициялық жобаны бағалау әдісін қолдана отырып, бизнес-жоспар құру керек (жобаның ақша ағымын, жобаның өтелу мерзімін және NPV, IRR, PP мәндерін анықтау керек).

Курстық жұмысты орындау кезіндегі өндірістік нысандар және комуналды-тұрғын үй шаруашылығын энергиямен қамдаудың ұтымды сұлбасын таңдау бойынша инвестициялық талдау әдістері студенттерге техника-экономикалық есептеулер жүргізудің ең қазіргі заманғы әдістемелерін игеруге мүмкіндік береді. 

 

Берілген мәліметтер

 

Елді мекен көп қабатты тұрғын үйлерден тұрады.

Бірінші үлгі: селоның жылулық жүктемесі қатты отынмен (Екібастұз көмірі) жұмыс істейтін және бір орталықтан жылынатын «Энергия» АҚ-ның қазандығымен қамтамасыз етіледі. Оны орталықтандырылған жылумен қамдау (ОЖҚ) деп атайды.

Екінші үлгі: «Энергия» АҚ-ы әрбір көп қабатты үйде табиғи газбен жұмыс істейтін, орталықтандырылған емес жылумен қамдау (ОеЖҚ) деп аталатын дербес жылу өндіруші қондырғыны (ДЖӨҚ) орнатады.

Көп қабатты тұрғын үйлер мынандай сипаттамалары бойынша ғимараттың ауданы - 25000 м, пәтерлер саны - 60, тұрғындар саны - 240 адамнан тұратын, бірдей типті, төрт қабатты болып салынады.

Есептеулер жүргізу үшін негізгі мәліметтер 1-кестеден алынады (1-кестені қараңыз).

  

 1 Кесте - Есептеуге қажетті бастапқы мәліметтер

№ А

t орт.ж , С

t с.а.е , С

Z ж. тәу

№ Б

Халық, адам

1

- 7, 1

- 29

206

1

3000

2

- 3

- 24

179

2

3500

3

- 2, 9

- 25

164

3

4000

4

- 4, 1

- 28

180

4

4500

5

- 7, 5

- 34

201

5

5000

6

- 7, 3

- 36

212

6

5500

7

- 3, 6

- 23

181

7

6000

8

- 0, 5

- 16

158

8

6500

9

- 0, 3

- 20

166

9

7000

10

- 6, 3

- 28

201

10

7500

Оқудың барлық түрінде оқитын студенттер үшін курстық жұмысты орындаудың нұсқасы келесі түрде алынады: сыртқы ауа параметрлері сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша алынады (№А); қала типті селодағы халық саны сынақ кітапшасының соңғы цифрының алдыңғысы бойынша алынады (№ Б).

Курстық жұмыста мыналарды есептеу керек:

-     бір үйдің және барлық селолардың жылыту және ыстық сумен қамдау үрдістеріне кететін жылу энергияның жылдық қажеттілігін;

-     жылыту және ыстық сумен қамдау үрдістеріндегі максималды сағаттық жылу жүктемесін;

-     селоны жылумен қамдаудың екі үлгісі үшін бірлік жылуды берудің өзіндік құнын;

-     ең аз шығындалатын нұсқасы үшін оны салудың экономикалық негізі бойынша және инвестицияны бағалау әдісін қолданатын жылумен қамдау үлгісін пайдалану бойынша есептеулер жүргізу керек.

Курстық жұмыс комьпютерде орындалады және міндетті түрде кейіптемелер талданып, алынған шамалардың өлшем бірліктері көрсетілуі қажет.

Жұмысты қорғау барлық ескертулерді түзеткеннен кейін жүргізіледі. Студент есептеу жүргізу әдістемесін және жұмысты орындауға қатысты барлық теориялық сұрақтарды білуі қажет.

 

1     Жылу энергиясына қажеттілікті есептеу әдістемесі

 

1.1 Жылу энергиясының жылдық шығынын анықтау

 

Бір ғимарат үшін жылудың және жылытудың жылдық шығыны мына кейіптеме бойынша анықталады

               

Qж = qо * a * Kt  * Vс  *(t ауа -t орт.ж)*Zж *  24 , Гкал/жыл

 

qо - ғимараттың меншікті жылулық сипаттамасы, 0,27 ккал/м3сағ С;

а -сыртқы ауаның шоғырлану (инфильтрация) еселеуіші = 1,05;

Кt - сыртқы ауаның есептік температурасының өзгерісін ескеретін еселеуіш = 1,08;

Vс - сыртқы өлшемі бойынша ғимараттың көлемі, 25000 м3;

tауа - ғимарат ішіндегі ауаның температурасы, 18°С;

tорт.ж - жылыту кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасы (ғимарат бойынша);

Zж  - жылыту кезеңінің ұзақтығы, тәулік (ғимарат бойьшша);

24 - бір тәуліктегі сағат саны.

Ыстық сумен қамдау кезіндегі жылудың жылдық шығыны былай анықталады

 

Qыс.су=M*C*(tыс.су-tс.су ж)*Zж*0,8 + М*С*( tыс.су - tс.су қ)*Zқ, Гкал/адам-жыл

 

Мыс.су - ыстық судың тәуліктік шығыны, бір адамға тәулігіне 100 литрден деп есептеледі;

С -судың салыстырмалы жылу сыйымдылығы = 1,0 ккал/кг;

tыс.су - ыстық су температурасы = 65°С;

tс.су қ, tс.су ж -  қыс (жылыту) және жаз кезеңдеріндегі суық су температурасы, 5 және 15°С;

Zж, Zқ - қыс және жаз кезеңдерінің ұзақтығы, тәулік.

 

1.2 Максималды сағаттық жүктемені анықтау

 

Максималды сағаттық жүктеме қазандықтың орнатылған қуатын таңдаудың негізі болып табылады, жылыту және ыстық сумен қамдау үшін де сәйкесті кейіптемелермен анықталады.

Максималды сағаттық жүктеме жылыту үрдісі үшін келесі кейіптемемен есептеледі

 

Q ж.сағ = qо * a * Kt* Vс * ( tауа - t с.а.е), Гкал/сағ

 

 tс.а.е - сыртқы ауаның есептік температурасы тұрғындардың орналасқан жерінің табиғи-климаттық жағдайына байланысты қабылданады (ғимарат бойынша).

Егер жылыту үрдісінде жылу энергиясы жалпы бүкіл ғимаратқа шығындалса және уақытша қажеттіліктерге байланысты болмаса, онда ыстық сумен қамдау үрдісі дербес болып табылады, яғни бұл бір орталықтан жылынатын көп қабатты үйлердегі тұрғындардың бәрі бірдей уақыт аралығында ыстық суды тұтынбайтынын көрсетеді. Ондай жағдайда  ыстық суды бір уақытта пайдалану Кт еселеуішімен түзетіліп отырады және ОЖҚ зонасында тұратын халықтың санына байланысты болады.

Ыстық сумен қамдау кезіндегі максималды сағаттық жүктеме қазандықтың қызметіне жүгінетін барлық халықтар үшін мына кейіптемемен анықталады

 

           m * n * ( t ыс.су  - t с.су )

Q ыс.су сағ = K т *----------------------------  Гкал/сағ

          24

 

Кт - ғимараттағы халық саны үшін сағаттық тепе-теңсіздік еселеуіші = 2;

m - бір тәуліктегі ыстық суды тұтыну нормасы, л;

n - бір орталықтан жылынатын аймақтағы (ОЖҚ)  халық саны, адам;

t с. су  - 10 С  деп алуға болады.  

Елді мекендегі жылу энергиясының жылдық қажеттілігі төмендегідей анықталады

Qжыл = Qж + Qыс.су, Гкал/жыл,

 

Qж - бір үйді жылытуға кеткен жылудың жылдық шығынын (үй) селоны жылытуға кеткен жылудың жылдық шығынының көбейтіндісімен анықталады;

Qыст.су - бір адамға шаққандағы жылудың жылдық қажеттілігінің елді мекендегі тұрғындардың жалпы санының (ТС) көбейтіндісімен анықталады.

Тұрғын үйлердің максималды сағаттық жүктемесі төмендегідей болады

 

Q сағ = Qж.сағ* Үй + Qыс.су сағ, Гкал/сағ.

 

Қазандықтардың орнатылған қуаты жылыту және ыстық сумен қамдау үрдісінде көп қабатты тұрғын үйлерді салу аймағының максималды сағаттық жүктемесімен анықталады

 

Qсағ

Nорн =   -------------------- , Гкал/сағ

n жж * n рет

 

n жж - жылу желісіндегі шығын =0,8

n рет - жүктемені реттеу кезіндегі шығын =0,95.

 

2 Жылумен қамдау үлгісінің техника-экономикалық салыстырмасы

 

2.1 Жылумен қамдаудың бірінші нұсқасындағы жылуды жіберудің өзіндік құнын есептеу

 

Қатты отында жұмыс істейтін қазандықтан (бірінші нұсқа бойынша) елді мекенді жылумен қамдаудың жалпы шығының құрамы келесіні құрайды

 

Шқаз=(Шқжжжабдсақ)+Шотынтасымеажалпыжөн, мың $.

 

Кейіптемеде қазандыққа, жылу желілеріне, үй мен пәтердің ішіндегі жабдықтарға, отынға, отынды сақтауға, отынды тасымалдауға, еңбекақы, жалпы өндірістік және жөндеуге байланысты шығындар көрсетілген. 

Олардың әрқайсысын және оларды анықтау әдістемесін жеке-жеке қарастырамыз.

Шқ – қатты отында жұмыс істейтін қазандықтың шығындары, оларға  қазандық және оның қосалқы бөлшектерінің құндары, құрылыстық-монтаждық және іске қосу-түзету жұмыстары кіреді, яғни ол қазандықтың баланстық құнын білдіреді.

Қазіргі уақытта көптеген ТМД елдерінде әртүрлі қуаттағы қазандық агрегаттарын шығаратын зауыттар бар, бірақ берілген қуаттарда қазандық құндарын өндіріп шығарушы зауыттар бойынша жеткілікті дәрежеде мәліметтердің болмауы қиындық туғызады. Сондықтан қазандықтың қуатына жалпы қазандық құнының эмпирикалық тәуелділігін анықтау тәсілін пайдаланамыз.

Бұл тәуелділік келесідей көрсетіледі

 

Шқ = ( m + m 1* Nорн ) * n , мың $

 

m - қазандық қуатына тәуелді емес шама, 25 мың $ тең;

m1 - қазандық қуатқа тәуелді қабылданатын шама, 21 мың $ тең;

Nорн- бір қазандықтың орнатылған қуаты, оны таңдаған кезде қалған қазандықтардың жөндеуде тұрғанын ескере отырып, жазғы кезең уақытында қазандықтың ыстық сумен қамдаудың жылулық жүктемесін жаба алатындай болуы керек. Бір қуаттағы қазандықтарды таңдау керек және олардың саны үштен аз болмауы керек.

n - қазандықтардың саны, дана.

Шжж – жылу желілерінің шығындары. Минералды ватамен жабылып, фольгамен қапталған жер астымен жүргізілген екі құбырлы желі деп алынады. Ауылдарды жылумен қамдаудың типтік жобаларын талдау негізінде алынған жылу желілерінің ұзындығын бір тұрғын үшін 1,0-1,5 м деп қабылданады. Жылу желісінің диаметрі максималды сағаттық жүктемеге тәуелді болады және 1 метр жылу желісін салу орташа шамамен құны 20 - 25 $ аралығында қабылдау қажет. Нақтырақ айтқанда, оқшауламаның қалыңдығы оқшауламаға кететін шығындар мен желідегі жылу шығындарының арасындағы оңтайландырмалық шама болып табылады және ол шығындар табиғи-климаттық жағдайларға да байланысты болуы мүмкін.

Шжабд - ыстық судың шүмектері мен жылыту батереяларын қоса есептегендегі және үйдің астыңғы қабатындағы әрбір пәтерлерге бөліп тарату желілеріне кететін көп қабатты үйлер ішіндегі қондырғылар шығындары. Бір пәтер үшін 60 $ шамасында қабылданады.

Шотын - отын шығындары төмендегідей анықталады

 

Шотын = Вт * Ботын, мың $.

 

Шартты отынның жылдық шығыны келесі түрде есептеледі

 

Вш = b менш * Q жыл, мың ш.о.т.

 

Осы тәріздес есептеулерде жылу электр стансасы немесе қазандықтар  үшін отынға жылдық қажеттілік қазандық агрегаттарының ПӘЕ-і бойынша емес, отынның пайдалы пайдалану еселеуіші (ППИ) бойынша анықталады

 

143

b менш =--------------------------------    ш.о.кг/Гкал,

n қаз * n жж * n тр сақ * n рет

 

143 – қондырғының ПӘЕ бірге тең болған кездегі 1 Гкал жылу алуға болатын ш.о.кг мөлшері.

Кейіптеменің бөліміндегілер сәйкесінше қазандықтың, жылу желілерінің, отынды тасымалдау мен сақтаудың және  қазандық жүктемесін реттеудің ПӘЕ-тері болып табылады, олар, жалпы айтқанда, отынның пайдалы пайдалану еселеуішін көрсетеді.

Есептеуде ПӘЕ мәндерін келесідей: қатты отында жұмыс істейтін қуаты онша үлкен емес қазандықтар үшін nқаз=0,6 - 0,7, nжж = 0,8, nтасым.сақ= 0,9 - 0,95 аралығында, nрет = 0,95 де қабылдау керек.

Шартты отында табиғи отынға аудару Екібастұз отынының құнарлығына (4050 ккал/кг) байланысты есептеледі ( Ка еселеуіші)

 

Вт = Вш : Ка, мың т.о.т.

 

Qжыл - көп қабатты үйлер аумағын жылытуға және ыстық сумен қамдауға қазандықтың жылдық жылу жіберуі, Гкал.

Б – отын бағасы, ол нарықта отынның сапасына және қай жерден (көмір өндіру орнындарынан немесе обылыстық және аудандық отын базаларынан) сатып алғанына байланысты болады. Оның мәнін отынды тасымалдау құнын есептемегенде  орташа әр т.о.т үшін 14 $ шамасында алуға болады. 

Шсақ- қатты отынды сақтауға байланысты шығындар (алаңды, жер асты жолдарын және  күлділікті кетіру жүйелерін жабдықтау). Бір т.о.т үшін 1 $ деп  қабылданады.

Штасым – отынды тасымалдау шығындары. Жұмыста халықтың саны 10000 адамға дейінгі елді мекендер қарастырылады және «қала типті село» тобына жатқызуға болады. Ондай селолар көбінесе отын темір жол көлігімен жеткізілетін облыстық және аудандық орталықтар, отын базасы бар ірі кәсіпорындардың жанында орналасқан. Сондықтан отын тасымалдау автомобильмен жеткізіледі, оның ара қашықтығы  40 км деп қабылданады. Алматы қаласының автокөлік кәсіпорындарының нарығын талдау отынды тасымалдау шығындары бойынша әртүрлі амалдар қолданатынын көрсетті. Кәсіпорындардың бір бөлігі автокөлікке пайдалану уақыты бойынша төлем- ақыны алады, ал бір бөлігі әр тоннасы және жеткізу арақашықтығы бойынша төлем алады. Сондықтан есептеу кезінде отынды арақашықтығы бойынша есептеуге тоқталамыз. Бір т.о.т-сын тасымалдау шығыны 4 $-ға тең деп қабылданады.

Шеа – еңбекақы шығындары. Басқару, пайдалану және жөндеу қызметкерлерін ескеретін жұмысшылардың саны (Кш) штаттық еселеуіш негізінде анықталады. Қатты отында жұмыс істейтін онша үлкен емес қазандықтар үшін Кш - 2,5-3,0 адам/Гкал шамасында қабылданады. Бір жұмыскер үшін орташа еңбекақы 120 $ құрайды. Осыған 21,5% (зейнет ақы қоры, әлеуметтік салық) қосу керек. Бір жыл үшін еңбекақы төмендегі кейіптеме бойынша есептеледі

 

Шеа = Nорн * Кш * 120 * 1,215 * 12,  мың $.

 

Шжалпы - жалпы стансалық шығындар төменгілердің қосындысынан  30 % шамасында қабылданады

 

Шжалпы = 0,3 * ( Шеа + Ша + Шжөн ), мың $.

 

Шжөн - қазандықты жөндеу және оған қызмет көрсету шығындары төмендегідей қабылданады

 

Шжөн = 0,2 * Ша,  мың $.

 

Ша- амортизациялық аударылымдар, бұл қазандықтың негізгі активтерінің табиғи және моралды тозуының ақшалай көрінісі, яғни жылу энергиясын өндіру шығындарына олардың құнының бір бөлігін қосу жолы арқылы  олардың орнын толтыруға бөлінетін қаржы.

ҚР Президентінің салықтар мен төлемдер туралы Жарлығына сәйкес, жылу техникалық жабдықтар үшін амортизациялық аударылымдардың шамасы олардың баланстық құнынан 8% -дан артық болмауы керек. Мына кейіптемемен анықталады

 

Ша = 0, 08 * ( Шқ + Шжабд + Шжж  + Шсақ).

 

Елді мекенді жылумен қамдаудың бірінші нұсқасы бойынша жылу энергиясының 1 Гкал өзіндік құны  былайша анықталады

 

 

                                Ша + Шотын + Штасым + Шеа + Шжалпы + Шжөн

                S1 = --------------------------------------------------------------  ($)теңге/Гкал.

                                                     Qж + Qыс.су

 

2.2 Жылумен қамдаудың екінші нұсқасы бойынша жылуды жіберудің өзіндік құнын есептеу

 

Ауылды жылумен ДЖӨҚ-дан (екінші нұсқасы бойынша) қамдауға келесідегідей құраушылар кіреді

 

         Шджөқ = Шжөқ  + Шгж + Шжабд + Шотын + Шеа + Шжалпы + Шжөн, мың $.

 

Бұл құраушылар, сәйкесінше, табиғи газда жұмыс істейтін дербес жылу өндіретін қондырғыға қаржы салымдарын, көшемен газ желілерін тарту шығындарын, үйлердің ішкі қондырғыларына кететін шығындарын, отын, еңбекақы, жалпы өндірістік және жөндеу шығындарын көрсетеді.

Шжөқ - табиғи газда жұмыс істейтін дербес жылу өндіруші қондырғыларға (ДЖӨҚ) жұмсалатын шығын. Бұл қазандықтар үйдің астында орнатылады, сыртқы жылу тораптары болмайды және тек бір ғана тұтынушыға қызмет етеді, яғни тұтыну орнында орнастырылады және жылумен қамдаудың осы тәсілін орталықтандырылған емес деп атайды (ОеЖҚ).

Қазіргі уақытта түрлі елдерде өндірілетін сұйық отын мен табиғи газда қазандықтардың көптеген түрлері кездеседі. Мысалы, Bongionni, Ferroli (Италия), Rapido, Ferro, Riello, Wolf (Германия), DKB, Saturn (Корея), Volcan, Baymak (Түркия) және басқа да көптеген қазандықтар бар. Түрлі фирмалардың қазандықтарын талдаған кезде италияндықтар өндіріп шығаратын қазандықтардың бағасы жағынан тиімділігін көрсетті. Сондықтан есепте түрлі қуатта орнатылған «Ferroli» қазандығы алынған қазандықтардың бағасын 2-кестеден алуға болады.

Мынаны ескерген жөн, қарастырылған қазандықтардың құжаттық ПӘЕ-і  - 0,85 тен 0,92 аралығында жатады. Тәжірибе көрсеткендей пайдалану ПӘЕ-і, әдетте 3  5%-ға төмен болады. Біздің жағдайда ПӘЕ - 0,9 шамасында қабылданады.

 

 2 Кесте - Қазандықтардың қуатына қарай бағасы

Гкал / сағ

0, 16

0, 2

0, 23

0, 26

0, 31

0, 36

0, 41

0, 48

0, 56

Бағасы, мың $

10 ,8

12, 5

13, 2

17, 1

18, 8

20, 6

22, 5

24, 4

26, 5

 

Қазандықтың орнатылған қуаты бір үйді жылыту және ыстық сумен қамдауына қажет максималды сағаттық жүктеме бойынша таңдалынады. Бір үйді ыстық сумен қамдауға қажет сағаттық жүктемесі селоны ыстық сумен қамдаудың қосындысы сағаттық жүктемесін үйлердің санына бөлу арқылы анықталады.

Шгж - газ желісіне кететін шығындар, оның құрамына: орта қысымды газ құбырынан селоға дейін газ желісін тарту (орташа қысымдағы газ құбыры торабына газ реттеуші пунктер ГРП қойылады және одан Lж = 3 км қашықтықта селоға қарай төменгі қысымды газ торабы салынады) және әрбір үйге баратын көшемен тартылатын газ тораптарын жасау. Шгрп құны шамамен -2000 $, ал ауылға дейін желінің құны 1,5$/км. Көше газ торабының ұзындығын (Lк) әр үйге 120-150м деп, ал әр 1м желісінің құны 1 $ -ге тең деп қабылданады. Нәтижесінде төмендегідей беруге болады

 

Шгж = Шгрп + 1,5 * Lж + Үй* Lк * 1,0 мың $.

 

Шжабд- үйдің ішкі қондырғыларына кететін шығын, бірінші нұсқа бойынша қабылданады.

Шотын - табиғи газға кететін шығындар келесідей анықталады.

Алдымен шартты отынның ДЖӨҚ үшін 1 Гкал жылу энергиясын өндіруге жұмсалатын шығынын анықтаймыз

 

143

bменш = ---------------    ш.о.кг/Гкал.

n қаз * n рет

 

Кейіптеменің бөлігіндегі ПӘЕ мәнін, сәйкесінше 0,9 және 0,96 деп алынады. Содан кейін бір үйді жылытуға және ыстық сумен қамдауға қажетті шартты отынның жалпы шығынын табамыз

 

                                     Вш = bменш * (Qж + Qыс.су), ш.о.т 

 

және аудару еселеуіші Ка арқылы шартты отынды табиғи отынға Вт ауыстырамыз (1000 м3=1,15 ш.о.т, 1 ш.о.т = 870 м3).

Отынның бағасы

 

Шотын = Вт * Б, мың $.

 

Табиғи газдың бағасы, оны өндіру, магистралды және бөліп таратушы газ желілерімен тасымалдауды есепке алғанда, яғни газды өткізу бағасы, оны 13 теңге/м3 мөлшерінде қабыланады. Газдың бағасы бүкіл селоға анықталады.

Шеа - еңбекақы шығындары. Жүктемені реттеуді, отынды беру және ыстық судың температуралық параметрлерін автоматты басқару қызметкерлердің тәулік бойы қатысуын талап етпейді, тек қана қазанның жұмыстық параметрлеріне үнемі бақылауды талап етеді. Көрсетілгендей, негізгі мақсаты елді мекенге жылу энергиясын өндіру және тарату болып табылатын «Энергия» АҚ құрылуына байланысты, оның міндетіне мекеннің бүкіл ДЖӨҚ-ға қызмет көрсетуі кіреді. ДЖӨҚ-ның жұмысын үнемі бақылау және қызмет көрсету үшін төрт адам жеткілікті, қосымша екі адам АҚ-ның қаржы және ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады. Сонда еңбекақы төмендегідей қарастырылады

 

Шеа = Сқ * 120 * 12 * 1,215, мың $.

 

Сәйкесінше, кейіптемедегі белгіленулер Сқ - қызметкерлердің саны, 120 -бір жұмысшының орташа айлық еңбекақысы, 12 - бір жылдағы айлар, 1,215 - еңбекақы қорынан алынатын аударылымдар.

Ша - амортизациялық аударылымдар, елді мекенді жылумен қамтамасыз ету сұлбасына қажетті қосынды капиталдық салымдардың 8 % мөлшерінде қабылданады

 

Ш а  = 0,08 * ( Шжөқ + Шжабд + Шгж), мың $.

 

Шжөн - қондырғыларды жөндеуге кеткен шығындарды төмендегі кейіптемемен қабылдаймыз

 

Шжөн = 0,15 * Ша, мың $.

 

Екінші нұсқа бойынша 1 Гкал жылу жіберудің өзіндік құны барлық село үшін есептелініп, ауылға дейін газ жеткізу, көшедегі газ жүйесі, еңбекақы шығындары барлық үйге қатысты және олар әрбір өндірілген жылуға өз үлесін қосуы керек

 

Ша + Шотын +  Шеа + Шжалпы + Шжөн

                        S2 = ----------------------------------------------- , ($)теңге/Гкал.

Qж + Qыс.су

 

Техника-экономикалық есептеулер нәтижесі бойынша жылумен қамтамасыз етудің әртүрлі нұсқалары бойынша 1 Гкал жылу энергиясын алудағы меншікті шығындар анықталады және селоны жылу жүктемесін экономикалық жағынан тиімді сұлбамен жабу үшін бірінші (немесе екінші) нұсқа таңдалынып алынады. Бұл нұсқаны тәжірибеге енгізу үшін «Энергия» АҚ-ы жобаны жүзеге асатынына қаржы-экономикалық бағалау жүргізу кажет.

 

3. Жылумен қамдау нұсқасын салуды және оны пайдалануды экономикалық бағалау

 

Кез келген энергиямен қамдау нысанын салуды және оны пайдалануды экономикалық бағалау үшін бастапқы кезде бизнес-жоспар құрып, оны негізге ала отырып шешім қабылдайды, егер ұлтаралық шешім болса, инвестициялық жоба өнделеді. Бұл ақша бағасының уақыт бойынша өзгерісін және жобаны іске асырудағы барлық кешенді шығындарды есепке алатын техника-экономикалық шешімдер қабылдауды бағалаудың қазіргі әдісі: ол бағалар мен келешектегі болатын тарифтік саясат, өнімді өткізу көлемі, жобаны іске асырудан болатын кіріс пен пайданы, несиені қайтаруға кететін пайда бөлігін, кәсіпорын несие алатын банктің пайыздық мөлшерлемесі, несие қайтару мерзімі.

Ірі энергетикалық нысандарды салу мен оны пайдалануды қаржылық-экономикалық бағалаудың қиындығы инвестициялардың бірнеше кезеңдермен түсуіне және жобаны іске асыруда нәтижелердің пайда болу ұзақтығына байланысты. Мұндай операциялардың ұзақтығы инвестицияларды бағалаудың белгісіздігіне және қателесу қаупіне әкеледі. Сондықтан практикада инвестициялық жобаларды бағалаудың жобаның қателік деңгейі минимумға жеткізілген әдістері қолданылады. Бұл әдістер таза келтірілген құнын (NPV), жобаның өтелу мерзімін (РР) анықтау, пайданың ішкі нормаларын есептеу (IRR), инвестицияның рентабелділігін есептеу (РІ), инвестицияның бухгалтерлік рентабелділігін есептеу (ROI) болып табылады. Әрине практикада әрқашан инвестициялық жобаларды бағалаудың барлық 5 әдісі бірдей қолданыла бермейді. Сондықтан берілген жұмыста бастапқы 3 әдісі ғана қолданылады.

Ауылдың барлық үйін қазандықпен немесе ДЖӨҚ қондырғыларымен  жылу энергиясын қамдау белгілі қаражатты талап етеді және әдеттегідей қаржының бір бөлігін кәсіпорын береді. Қалған ақшаны жылумен қамдау нысанын салушы және оны пайдаланушы акционерлік қоғамдардың есебінен қамтамасыз етіледі.

Біздің жағдайда келесідей анықталады: құрылыстағы (қазандықтың және ДЖӨҚ-ның, жылу және газ жүйелерінің, тұрғын үйлер қондырғыларының бағасы) қосынды капиталдық салымдардың 70 %-дық мөлшерін өнеркәсіп қамтамасыз етеді, ал қалған 30 %-дық қосынды капиталдық салымдарды «Энергия» АҚ қамтамасыз етеді. Жылумен қамдаудың сұлбасын пайдалануға кеткен қосынды шығындар (отын, еңбек ақы, амортизация, жөндеу, жалпы шығындар) өнеркәсіп пен АҚ арасында теңдей бөлінеді, яғни 50 %-дан. «Энергия» АҚ өзінің қаржыландыру үлесін банктен жылдық салымы 10 % -дық несие арқылы қамсыздандырады.

Инвестициялық жобаны бағалауда тек төрт көрсеткіш пайдаланылатыны белгілі:

Іо – бастапқы инвестициялар;

CF - несиені қайтаруға жіберілетін қаржы ағыны;

r - банктің несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі (10%);

n -  несиенің күнтізбелік жылы.

Инвестициялық жобаларды жасағанда және талдағанда ең қиыны пайданы есептеу және несиені қайтаруға жіберілетін қаржы ағынын CF есептеу болып табылады.

 «Энергия» АҚ-ның жылу энергиясын жіберу тарифінің  рентабелділігі  25% делік, демек

 

Тж = Sотын * 1,25 теңге/Гкал.

 

АҚ жылу энергиясын сату кезіндегі кіріс: Кіріс=Тж*Qж, млн.теңге, ал қосынды шығындар келесідей анықталады: Ш = Sж * Qж, млн.теңге. Олардың айырмасы пайданың мөлшерін береді: П = Кіріс - Ш, млн.теңге, мөлшері 30 %-ға тең. Табыс салығын төлегеннен кейін таза пайда шығады, ТП = П * (1-0,3) бұл толығымен банкке несие қайтаруға кетеді, демек қаржылық ағынды CF-ті құрайды.  

 

Таза келтірілген құнды NPV анықтау әдісі  

Бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде фирманың құны қаншаға көтеріле (немесе сол инвестициядан берілген мерзімде түсетін таза пайданы көрсетеді) алатындығын көрсететін инвестицияны анықтаудың әдісі және ол төмендегідей анықталады

 

                  

       

I0 – бастапқы қаржылық салымдар.

Есептеу нәтижелерін 3-кестеге ұқсас енгізу керек.

Есептеу мысалы: фирма жылына 10%-бен төрт жылға 18000 сомада несие алды.

 

3 Кесте NPV есептеу

жыл

CF

R10

PV10

0

-18000

1

-18000

1

10000

0,909

9090

2

8000

0,826

6608

3

6000

0,751

4506

NPV

 

 

+2204

 

      

 

NPV есептеу PV-дің бірінші оң мәніне дейін жүргізіледі. Егер есептеу берілген мерзімде жылдар бойынша тиімсіз болса, онда жобаның стратегиясын қайта қарау керек - CF-ті көбейту немесе r-і төмен банк табу керек.

Егер NPV фирмаға қажет уақытты қанағаттандырса, онда жобаның нәтижесінде фирманың құны өседі, яғни жоба тиімді, оны қабылдау қажет.

Бұл әдістің кеңінен қолданылуы бастапқы шарттардың әртүрлі комбинацияларға барлық жағдайларда экономикалық ұтымды шешімдерді табуға мүмкіндік бере алатын тұрақтылығымен түсіндіріледі.

 

Пайданың ішкі нормаларын IRR есептеу әдісі

Пайданың ішкі нормасы инвестициялау мақсатына бағытталған қаржының өтелу деңгейін көрсетеді. Бұл r-дің қандай мәнінде NPV=0 болатын көрсетеді

.

NPV=0 болған кездегі IRR – бұл жоба фирманың құнының өсуін қамтамасыз етпейді және оның төмендеуіне әкелмейді.

Бұл дисконттық еселеуіш (R= 1: (1+r)n инвестицияларды жарамды және пайдасыз деп бөледі. IRR-ді инвестициялауға капиталды қандай бағаға алғанын және оны пайдаланғанада қандай таза пайда деңгейін алғысы келетіні (баръерлік еселеуіш) ескере отырып фирма өзіне таңдайтын салымдардың өтелу деңгейімен салыстырады.

Есептеу нәтижелерін 4-ші кестеге ұқсас енгізу керек.

Есептеу мысалы: фирма жылына 15% -бен төрт жылға 20000 сомада несие алады.

 

4 Кесте IRR есептеу

жыл

CF

R15

PV15

R20

PV20

 

 

 

 

 

 

0

-20000

1.0

-20000

1,0

-20000

1

8000

0,820

6960

0,833

6664

2

10000

0,756

7560

0,694

6940

3

6000

0,658

3548

0,579

3474

4

4000

0,572

2288

0,482

1928

NPV

 

 

+756

 

-994

       

IRR шамасы төмендегі кейіптемемен анықталады

 

 

IRR жоба бойынша тәуекел деңгейінің индикаторы болады - IR қаншалықты фирмамен қабылданған баръерлік еселеуіштен көп болса, соншалықты жобаның беріктік қоры көп болады және соншалықты болашақтағы қаржылық түсімдерді бағалау кезіндегі қателіктер қорқынышты болмайды.

 

Инвестицияның өтелу мерзімін  РР есептеу

Бұл әдіс бастапқы инвестициялардың сомасын өтеуге қажет уақытты анықтауға негізделген

 

        

Екі әдіс бар: CF жылдар бойынша тең болғанда және CF жылдар бойынша әртүрлі сомамен жүргенде:

Егер І0= 600, ал CF 150-ден, онда РР= 600:150= 4 жыл.

Егер І0= 600, ал CF -700+150+100+200= 650, онда өтелу мерзімі 3,75 жыл, яғни 3 жыл 9 ай.  

 

 

Әдебиеттер тізімі 

1.Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса.- М.: Высш. школа, 2003

2. Чокин Ш.Ч., Сюндюков Р.Х. Энергетика сельского хозяйства Казахстана.- Алма-Ата: Гылым, 1998.- 368 с.

3. Парамонов С.Г. Методические указания к выполнению расчетно-графической работе. Топливно-энергетичекий баланс.-Алматы: АИЭС,1999.- 12 с.

4. Дукенбаев К. Энергетика Казахстана и пути ее интеграции в мировую экономику.- Алматы, 1996.- 532 с.

5. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы, 2007.