Алматы энергетика жӘне байланыс институты

 

     Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

 

 

 

Сала Экономикасы

 

 «Рынок жағдайындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметінің эффективтілігі»

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

(жылу энергетика  және электр энергетика мамандықтарының күндізгі бөлімінің студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы  2005


ҚҰРАСТЫРУШЫ: Б.И. Түзелбаев. Сала экономикасы. Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар (жылу энергетика және электр энергетика мамандықтарының күндізгі бөлімінің студенттері үшін).– Алматы: АЭжБИ,  200. - 18 б.

 

 

Әдістемелік нұсқау курстық жұмысты орындау жөніндегі жалпы ережелерден тұрады және жылу энергетика мен электр энергетика мамандықтарының күндізгі бөлімінде оқитын студенттеріне арналған.

Кесте 6, библиогр. – 5 атау.

 

 

 

 

 

 

Пікір білдіруші:  экон.ғыл.канд., доц.  Ержанов С.И.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2005 жылғы баспа жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 200.

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………………………………………………………...............................

4

1 

Электр энергиясы мен қуатының көтерме нарық субъектілері арасындағы екі жақты қысқа мерзімдік келісім-шарт жасаудың  тиімді нұсқасын таңдау және  негіздеу …………...................................................

 

 

6

2

Электр энергия сұранысының өзгеруіне байланысты шығынды болжау және талдау ………………………………………….......................……........

 

7

3 

Аймақтық электр желілері компаниясының қызметінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу ……………......................................

 

9

4

Пайданың рұқсат етілген деңгейінің (таза пайданың) анықталу реті ......

9

5

Аймақтық электр желілері компаниясының желілеріне электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметтерінің тариф деңгейлерінің есебі....................................................................................................................

 

 

11

6 

Тарифтік сметаны құру және есептеу ………………………….....................

12

7

Негізгі қорларды қолдану тиімділігін бағалау көрсеткіші………….............

13

 

Қорытынды және тұжырымдар…………………………………….……......

14

 

Қосымша А…………………………………………………............................

15

Қосымша Б…………………………………………………...….............................

Қосымша В………………………………………………………...........................

Әдебиеттер тізімі …………………………………………….................................

16

17

18

 

 

 

 

 

 

 


Кіріспе

 

Тиімділік - зерттелетін нысанның нәтижелері мен шығындарының қарым-қатынасына байланысты белгілі мақсатты жүзеге асыру шамасында қарастырылады.

Энергетикалық компанияның жеке жақтарының қызметін сипаттайтын тиімділік жүйесінің көрсеткіші, оның менеджментінің сапасына жан-жақты баға беруге мүмкіндік береді. Осындай баға компанияның басшылығына қалай қажет болса, электр энергиясын қолданушыларға да, реттеуші органдарға да, қоғамдық топтарға (экология қорғаушыларына) да және сыртқы инвесторларға да сондай қажет.

Тиімділік жүйесін үш негізгі блокқа бөледі:

-   нәтижелілік аймақтық компаниялардың өндірістік-инновациялық қызметі және қолданушылармен өзара іс-қимылы;

-   үнемділік (экономикалық тиімділік) - өнімнің өзіндік құнын, қор қайтарылымы және өндірістік қуат пен қондырғыларды тиімді қолданудың басқа да көрсеткіштерін бағалау;

-   пайдалылық (қаржы тиімділігі) - қорытындылық пен үнемділіктен басқа сыртқы ортамен компаниялардың өзара іс-қимылы факторына байланысты компанияның, қаржы қызметінің қорытынды көрсеткішінің анықталуы.

Пәндік жұмысты шығарудағы негізгі мақсат, Қазақстан Республикасындағы электр энергия нарығының даму шартына байланысты аймақтық электр желілері компаниялары (АЭК) қызметінің тиімділігін бағалау былай жүргізіледі:

-   аймақта тұтынушыларды электр энергиясымен қамтамассыз етуді сенімді әрі тиімді қамту;

-   энергетикалық нарығының субъектілері арасындағы екі жақты  келісім-шартты жедел жасаудың тиімді нұсқасын таңдау әрі негіздеу;

-   электр энергия шығындарын азайту шараларын жүзеге асыру және таңдау;

-   кәсіпорынды қаржыландыруды жандандыру бағдарламасын жүзеге асыру  және өңдеу;

-   кәсіпорынның электр энергия мен қуатты тасымалдау қызметін есептеу жүйелерін жетілдіру.

 

          Аймақтық желілері компаниясының қызметінің негізгі түрлеріне:

-  электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметі;

-  электр энергиясын алып-сату қызметі жатады.

 

Студенттерге тапсырма:

)          шартты аймақтың электр энергиясы мен қуатының ұсынылған моделіндегі көтерме сауда нарығының қатысушыларын анықтау керек;

)          аймақтық электр желілері компаниясының электр энергиясын тасымалдау бойынша қызмет көрсету шығындарын бағалау. Болашақта қысқа мерзім ішінде берілген аймақтағы тұтынушыларға электр энергиясын  әр түрлі топтар бойынша тұтынуының болжамдық көлемін есептеу және құрылымын құру керек;

)          станциядан алынған электр энергиясының бағасына және электр энергиясын аймақаралық деңгейдегі желілерімен тасымалдау қызметінің тарифтеріне байланысты өзінің тұтынушыларын электр энергиясын жеткізудің оңтайлы нұсқасын ұсыну және есептеу керек;

)          электржелілері компанияларына келісілген пайда деңгейін  анықтау әдістемесінің мазмұнын оқу және есеп жүргізу;

)          шартты аймақтың электр энергия сұранысының орнын толтырудың оңтайлы нұсқасын негіздеу әрі таңдау;

)          аймақтық электр желілері компаниясының желілерімен электр энергиясын тасымалдау және тарату қызметінің тариф деңгейін анықтау;

)         негізгі қорларды қолданудағы тиімді көрсеткіштерді бағалау.

 

Пәндік жұмыстың берілгендері:

-         тұтынушылардың топ бойынша электр энергиясын тұтыну құрылымы (6 бет);

-         электр энергиясы мен қуатының көтерме сауда нарығындағы әр түрлі ЭӨҰ электр энергиясына ұсыныс бағасы (6 бет);

-         электр энергиясын сату схемасы мен механизмі  (8 бет);

-         Ұлттық электр желілерімен электр энергиясын тасымалдау қызметінің  тарифтерін анықтайтын есептік формулалар (9 бет);

-         табиғи монополия субъектілерінің іске қосылған активтердің реттелетін базасын анықтайтын есептік формулалары мен тәртібі (10 бет);

-         іске қосылған активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесін есептеу реті (11 бет);

-         тариф деңгейін анықтайтын формулар (13 бет);

-         негізгі қорларды қолданудың бастапқы берілгендері (15-16 бет);

-         нұсқа бойынша электр энергиясын қолданудың бастапқы берілгендері (қосымша А);

-         нұсқаға сәйкесті электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметін құрайтын шығындар (қосымша Б);

-         пайда мөлшерінің көрсеткіштерінің мәні мен активтер құны (қосымша В).

Қосымша келтірілген нұсқаларды студент фамилиясының бірінші әріпі мен сынақ кітапшасының соңғы санына байланысты алады.

 

 

 

1 Электр энергиясы мен қуатының көтерме нарық субъектілері арасындағы екі жақты қысқа мерзімдік келісім-шарт жасаудың  тиімді нұсқасын таңдау және  негіздеу

 

Пәндік жұмысты шығарудың барлық нұсқаларына, келесідей электр энергиясын топтар бойынша тұтыну көлемі мен құрылымы 1-ші кесте мен А қосымшада берілген.

 

1 –кесте. Тұтынушылардың топ бойынша тұтыну құрылымы

Көрсеткіштер  атауы

Тұтыну үлесі, %

Өндірістік тұтынушылар

30

Өндірістік емес тұтынушылар

25

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер

5

Бюджеттік ұйымдар

15

Халық

25

Барлығы

100

 

Электр энергиясын жеткізушілер

Берілген аймаққа электр энергиясын жеткізушілер негізінен энергия өндіруші ұйымдар болып табылады (ЭӨҰ) ( 2 кесте).

 

2-кесте. Көтерме сауда нарығындағы ЭӨҰ-дың электр энергияны ұсыну бағасы (негізгі жеткізушілер және олардың параметрлері).

 

ЭӨҰ атауы

ЭӨҰ-дан жіберілетін электр энергиясының орташа құны, тиын/кВт∙сағ

Орнатылған қуаты, МВт

Бар қуаты,

МВт

1

2

3

4

БСЭС.220

23.25

675

665

ЕСЭС220

98

2100

1977

ЕСЭС500

98

2100

1977

ЖСЭС

163

1230

1104

Кап.СЭС

160

364

300

КАРСЭС2

190

608

608

КАРЖЭО-3

130

440

395

Павл.ЖЭО -2,3

120

550

468

ППЖЭО-2

108

380

345

ПС-7(АЖЭО-2)

160

510

386

ПЖЭО-1

120

350

256

РУДНЕН.ЖЭО

170

123

103

СТЕП(ТКХЦ)

160

180

80

2-ші кестенің жалғасы

1

2

3

4

ТАШ.СЭС

308

500-ден көп емес 

ТАШ.СЭС.500

308

500-ден көп емес 

-

УКСЭС

95

312

312

УКЖЭО

95

241.5

241

ФРУНЗЕН.

308

500 аз  

-

ОЖЭО2

153

240

207

ШСЭС

95

702

702

ЭСЭС 1.500

93

4000

1555

ЭСЭС2

100

1000

723

         

Курстық жұмыста жеткізушілерді таңдаған кезде келесі шарт берілген: әрбір көтерме сатып алушылар жедел келісім-шарт бойынша электр энергиясы мен қуатты 3 түрлі ЭӨҰ-нан олардың бағаларының өсу ретіне байланысты біріншісінен-20%, екіншісінен-45% және үшіншісінен-35% сатып алуға мүмкіндігі бар.

 

2 Электр энергия сұранысының өзгеруіне байланысты шығынды болжау және талдау

 

Шартты аймақтағы электр энергиясын тұтыну болжамы

Электр энергияны тұтынуды қысқа мерзімді болжау кезінде болашаққа электр энергияны тұтыну үлесінің өсуі сауда құрылымы мен қызмет көрсету сферасындағы төлемдік қабілеттілігі артынуынан болады деп жоспарланып отыр. Халыққа таза жіберілген электр энергияның өсуі мен коммерциялық электр энергия шығынын төмендету нәтижесінде жүзеге асырылады. Барлық аймақтарда электр энергиясын тұтынуды болжау 3-кестеде берілген мәндерімен есептелінеді. Электр энергиясын тұтынудың болжанылынған нәтижелері 4-кестеге жазылады. (Осы жылғы электр энергиясын тұтыну А қосымшасында келтірілген).

Жалпы электр энергиясын тұтынудың болжалынылған көлемі, тұтынушы топтарының болжанылған көлемдері нәтижесінде анықталады.

 

3-кесте. Тұтынушы топтардың электр энергиясын тұтынудың өсімшесін болжау

Тұтынушылардың атауы

Электр энергиясын тұтыну өсімшесі, %

Өндірістік тұтынушылар

10

Өндірістік емес тұтынушылар

3

Ауылшаруашылық тауар өндірушілер

1

Бюджеттік ұйымдар

4

Халық

15

Өткен жылғы есептемелік берілгендерде электр желілері компаниясының нақты шығындары желіге жіберілген электр энергия көлемінің 15 % -ін құрайды.

Болжанған мәндер 4-кестеге жазылады.

 

4-кесте. Электр энергиясының шығыны мен тұтыну динамикасы

Атауы

Осы жыл

Болжанылып отырған жыл

Электр энергияның желіге жіберілуі млн.кВт∙сағ

 

 

Шығындар, %

 

 

Шығындар, млн.кВт∙сағ

 

 

Таза жіберілгені, млн.кВт∙сағ

 

 

 

Тариф деңгейі

Тариф деңгейінде компанияға электр энергиясын жеткізу мен тасымалдау қызметінің бағасы ҚР "Табиғи монополия туралы" заңына сәйкес бақыланады және берілген аймақтың табиғи монополияны реттеу және бәсекені қорғау Департаментімен бекітіледі. Нұсқаның берілгендері мен тариф сметасын құраушылар Б қосымшасында берілген.

 

Электр энергиясын тарату схемасы

Электр энергиясын тарату 31.07.1997 № 1193-ші ҚР-ң Үкіметінің қаулысына сәйкес келесі схема түрінде жүргізіледі: көтерме сауда нарығы -аймақтық нарық - ықшам аудандар. Қазіргі аймақтық компаниялар ЭӨҰ-нан электр энергиясын сатып алуды қамтамасыз етеді және оны барлық қолданушыларға жеткізіп таратады. Электр энергиясын сатып алу, электр энергиясын әкелуге жедел келісім-шарт жасау негізінде жүргізіледі, ал әкелушілермен есеп тұтынушыларға қойылған есептегіш аспаптардың көмегімен  есептелінеді. Тариф құрылысы келесі құрылымнан тұрады, кВт/сағ:

-     сатып алынатын электр энергиясының құны;

-     ұлттық электр желілерімен (ҰЭЖ)  электр энергиямын тасымалдау құны (" ΚΕGOС" ААҚ);

-     аймақтық компаниялардың желілерімен электрэнергияны тасымалдау құны.

 

Ұлттық электр желілерімен тасымалдау қызметі үшін алынатын тариф

ҰЭЖ тарифі тұрақты және айнымалы бөліктен, диспетчеризация мөлшерлемесінен тұрады:

  Тариф = диспетчеризация мөлшерлемесі + тұрақты бөлік + айнымалы бөлік құраушылары және ұзындығы жағынан шектелген

L’ = L                     0 £ L £ 600 км;

L’ = 600 = const     L >600 км,                             

 

 
         

Т = 0,253 + 0,000784*L,                                                                             (1)

 

мұндағы, L- ҰЭЖ-нан келетін электр энергия транзитінің маршруты. Диспетчеризация үшін көрсетілген қызмет тарифі - Тдис=0,043 тг/кВт*сағ. ҰЭЖ тарифінің төленімі электр энергия нарығы қолданушыларындағы сияқты төленеді.

 

 

3  Аймақтық электр желілері компаниясының қызметінің экономикалық тиімділігінің көрсеткіштерін есептеу

 

Экономикалық тиімділікті екі аспектіде қарастыруға болады: ресурс өндірулігі және өндіріс пен электр энергиясын берудің шартты құны. Электр желілері компаниясының энергия өткізу қызметінің негізгі тиімділік көрсеткіштері:

-    электр энергиясын сату көлемі;

-    ақша қаражаттарының алымы (теңге) (пәндік жұмыста ақша қаражаттарының алымы  100% толық көлемде алынған);

-    нақты шығындар;

-    жиынтық табыс;

-    рентабелділік нормасы.

 

4 Пайданың рұқсат етілген  деңгейін (таза пайданы) анықтау реті

 

Пайданың рұқсат етілген деңгейі (таза пайда) іске қосылған активтердің реттеуші баға шамасының пайда мөлшерлемесінің туындысымен анықталады, ол келесі формуламен есептеледі (Б-қосымша):

 

                                            ПРЕД= АРБ х ПМ,                                            (2)

 

мұндағы    ПРЕД- пайданың рұқсат етілген деңгейі (теңге);

АРБ- іске қосылған активтердің реттелетін базасы (теңге);

ПМ- пайда мөлшерлемесі (%).

 

 Табиғи монополия субъектілерінің іске қосылған активтердің реттелетін базасын анықтау реті

 Мемлекеттік кәсіпорындар мен акцияны бақылау пакеті мемлекетке қарасты акционерлік қоғамдардың, сонымен қатар солармен еншілес заңдық тұлғалардың іске қосылған активтерінің реттелетін базасы активтердің нақты құнын іске қосылған активтер коэффициентіне көбейту арқылы анықталады

 

    АРБ=АҚ ´ Кіа,                                                    (3)

 

мұндағы  АҚ- активтердің нақты құны (теңге);

                 Кіа- іске қосылған активтер коэффициенті.

Іске қосылған активтер коэффициенті Субъектінің негізгі өндіретін және көрсететін (нормативті шығындарға байланысты) қызметінің (тауарды, жұмысты) нақты көлемінің технологиялық қуатқа қатынасы арқылы  табылады.

 Іске қосылған активтер коэффициенті уәкілетті құрылым субъектілері келісімімен анықталады.

Активтердің нақты құны конкурс негізінде таңданылған тәуелсіз бағалаушылардың қайтадан бағалауынан алынған қорытынды мен негізгі субъект құрамының қалдық құны негізінде анықталады. Субъектіні қайта бағалаудың негізгі құрамы уәкілдік орган келісімімен анықталады.

 

Іске қосылған активтердің реттелетін базасының пайда мөлшерлемесін есептеу реті

Іске қосылған активтердің реттелетін базасының табыс ставкасы пайданың рұқсат етілген деңгейі есебі үшін қолданылады (салық салынғаннан кейінгі таза пайда).

Энергетикалық сектордың табиғи монополия субъектілері үшін пайда мөлшерлемесі капиталдың орташа өлшенілген құны  (КОӨҚ) әдісі арқылы есептелінеді де, мына формуламен анықталады

 

ПМ (КОӨҚ) = [(1 - g) × ге]+[ g × rd],                      (4)

 

мұндағы g- левиридж, жалпы финанс құрылымындағы субъектінің меншікті қаржысы мен қарыз қатынасын сипаттайтын шама, яғни барлық капитал құрылымындағы негізгі қаржының соңғы қайтадан бағалануынан туындаған, іс жүзінде қарызға алынған қаржы үлесі;

re-акционерлік (меншікті) капиталға сый беру мөлшерлемесі,%;

rd-қарыз қаржысына сый беру мөлшерлемесі, % және қарыз қаржысына сый беру мөлшерлемесі былай анықталады

 

rd=rf+РК.                                                        (5)

 

Акционерлік (өз меншігіндегі) капиталға сый беру мөлшерлемесі былай анықталады

 

re=rf+ra,                                                           (6)

 

мұндағы ra-акционерлік (өз меншігіндегі) капиталдардың тәуелділігі үшін берілетін сый. Акционерлік (өз меншігіндегі) капиталдардың тәуелділігі үшін берілетін сый белгіленген реттегі уәкіл мүшелері арқылы анықталады.

Акционерлік (меншікті) капиталға сый беру құны қарыз қаржысына сый беру құнынан көп болады.

Пайданың рұқсат етілген деңгейін анықтау есебі 5-кестеге жазылады.

 

 

5-кесте. Пайданың рұқсат етілген деңгейі (ПРЕД)

Көрсеткіштер атауы

 

Өлшем бірлігі

Мәні

1 ПРЕД АЭК

 

 

2 ПРЕД =АРБ*ПМ,

мың теңге

 

3 АРБҚ * Кіа

теңге

 

4 АҚактивтердің нақты құны

мың теңге

 

5 Кіа- іске қосылған активтер

   коэффициенті =ҚК / М

 

 

6 ҚК  - қызмет көрсетіліп

   отырған нақты көлем (желіге

   келіп түскен электр энергиясы)

мың кВтс

 

7 М  - технологиялық қуат

МВт

 

 

 

5 Аймақтық электржелілері компаниясының желілеріне электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметтерінің тариф деңгейлерінің есебі

 

Энергия өндіруші ұйымдардан алынған (ЭӨҰ) электр энергиясының орташа сатып алу тарифі былай анықталады

                                             (7)

мұндағы - і-ші ЭӨҰ-нан сатып  алынатын электр энергиясының қосынды көлемі;

Бі-і-ші ЭӨҰ-ң электр энергия бағасы.

 

"Кіріс" тарифі былай анықталады

 

                                            (8)

 

мұндағы ZАЭК - аймақтық электр желілері компанияcының шығыны, млн.теңге;          

Wт.т. – тұтынушылармен таза тұтынылған электр энергия көлемі, млн.кВтс.

 

Соңғы тұтынушылар үшін электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметінің орташа тарифі былай анықталады

 

                         (9)

 

мұндағы Zсат-электр энергия шығындарының орнын толтыру үшін сатып алынатын шығындар;

Zт-ҮЭЖ-мен электр энергиясын тасымалдау қызметіне кететін шығындар (" KEGOC"ААҚ).

 

 

6 Тарифтік сметаны есептеу және құрау  

Алдынғы пункттердегі барлық есептер компьютерде есептеліп және 6 кестеге енгізіледі.  

 

6-кесте. Электр энергияны тасымалдау мен тарату қызметінің тарифтік сметасы

 

Көрсеткіштері

Өлшем бірлігі

Шығындар түрін анықтау

Болжанып отырған жылдың шығындары мен тарифтер деңгейі  

1

2

3

4

I

Электр энергияны тасымалдау және тарату  

 

 

А

Өндірістік құн

мың теңге

тұрақты

 

1

Материал шығындары

мың теңге

тұрақты

 

2

Еңбек төлеу фонды

мың теңге

тұрақты

 

3

Әлеуметтік салық

мың теңге

тұрақты

 

4

Жөндеу

мың теңге

тұрақты

 

5

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

тұрақты

 

6

 Тағы басқалар

мың теңге

тұрақты

 

Б

Айналым шығыны

мың теңге

тұрақты

 

 

соның ішінде

 

 

 

7

Еңбекақыны төлеу қоры

мың теңге

тұрақты

 

8

Әлеуметтік салық

мың теңге

тұрақты

 

9

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

тұрақты

 

10

 Тағы басқалар

мың теңге

тұрақты

 

11

Тасымалдаудың толық шығындары

мың теңге

 

 

12

Толық таза тұтынылған электр энергия

млн.кВтс

 

 

 

6 кестенің жалғасы

1

2

3

4

13

Желілік компанияның өзіндік құны

теңге/кВтс

 

 

14

Пайда

мың теңге

айнымалы

 

15

"кіріс" тарифі

теңге/кВтс

 

 

II

Өз тұтынушыларын электр энергиямен қамтамассыз ету

 

 

16

Сатып алынған  электр энергия

мың теңге

айнымалы

 

 

соның ішінде электр энергияны сатып алу құны

мың теңге

айнымалы

 

 

"KEGOC" желісімен тасымалдау құны

мың теңге

айнымалы  

 

17

Энергиямен қамтамасcыз ету шығындары

мың теңге

 

 

 

соның ішінде

мың теңге

 

 

 

Материалдар

мың теңге

тұрақты

 

 

Еңбекақы қоры

мың теңге

тұрақты

 

 

Әлеуметтік салық

мың теңге

тұрақты

 

 

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

тұрақты

 

 

 Тағы басқалар

мың теңге

тұрақты

 

18

Орташа жіберілген тарифі

теңге/кВтс

 

 

19

Толық шығын

мың теңге

 

 

 

Ескертпе: Болжанып отырған жылға шығындар (пайыз түрінде) желіге жіберілген электр энергия көлемінің өсуіне байланысты өзгермейді және тұрақты деп алынады.

 

7 Негізгі қорларды қолдану тиімділігінің бағалау көрсеткіштері

 

Негізгі қорларды қолдану тиімділігін бағалау үшін, жеке және жалпылағыш көрсеткіштер жүйесі қолданылады. Жеке көрсеткіштер өндірістік процесте үлкен орын алатын жекеленген негізгі қаржы объектілерін қолданудың тиімділік  құны үшін қолданылады.

Электрмен қамтамассыз ету құрылғыларының қолдануын бағалаудың жеке көрсеткіштеріне: оларды қолданудың экстенсивті және интенсивті коэффициенттері жатады:

Электрмен қамтамассыз ету құрылғыларының экстенсивті қолдану коэффициенті э)

 

Кэнақнор          ,                                       (10)

 

мұндағы Тнақ- энергетикалық қондырғылар мен құрылғыларды қолданудың нақты уақыты;

Тнор- жұмыстың нормативті уақыты.

Құрылғыны интенсивті қолдану коэффициенті и):

 ,                                   (11)

мұндағы Wн - белгілі мерзімдегі электр энергиясының нақты өндірілген (немесе тасымалданған) көлемі;

                Nорн - орнатылған қуат;

                Тн- уақыттық мерзімнің ұзақтығы.

Жалпылағыш көрсеткіштер өндірісте негізгі қорларды толығымен қолдану тиімділігін бағалауды көрсетеді. Оларға қор қайтарылымы, қор сыйымдылығы жатады.

Қор қайтарылымы - ақшалай немесе табиғи түрде кәсіпорынның өндірген өнімінің көлемін негізгі қорлардың құнына шаққанын сипаттайды. Энергиямен қамтамассыз етуде өнімнің көлемін бағалау - тұтынушыларға жіберілген электр энергия табиғи түрде кВт.сағ.-пен, ал құндық түрде сатылған электр энергиядан алынған табыспен беріледі

                                                  (12)

немесе

                                                  (13)

мұндағы Wтб- тұтынушылармен таза тұтынылған электр энергия;

Дт- таза тұтынылған электр энергиядан алынған табыс;

Снқ-кәсіпорынның негізгі қорлалрының орташа құны.

Қор сыймдылығы қор қайтарылымының кері көрсеткіші, әр өндірілген өнім бірлігіне кіретін негізгі қор шығындарын сипаттайды:

                                                          (14)

9¸14 формулалары бойынша есеп жүргізу керек.

 

 

Қорытынды және тұжырымдар

 

Курстық жұмыстың негізгі есептік нәтижелері.

 

 

 

 

Қосымша А

    А1-кесте. Өткен жылғы электр энергиясының тұтынылуы

Нұсқалар

 

Қолданушылар атауы

 Электр энергия көлемі, млн.кВтс

А,Ә,Б,В,Г,Ғ, Д,Е,Ё Ж,З,И,К,Қ,Л,М,Н

1

"Павлодарэнерго "

1830,18

2

«ВК РЭК» ЖАҚ

5115,11

3

Карағанды АЭК

5442,99

4

Жезқазған АЭК

3543,61

5

Қостанай АЭК

2975,91

6

Ақмола АЭК

1924,09

7

Көкшетау   АЭК

1121,58

8

Солт-Қазахстан АЭК

920,08

9

Жамбыл  эл. желілері

1556,43

0

Қызыл-Орда АЭК

1031,78

 

О, Ө, П,Р,С,Т,У,Ұ, Ү, Ф,Х,Ц,Ч,Щ,Ш,

Ы,І,Э,Ю,Я

1

"Павлодарэнерго "

5268,56

2

«ВК РЭК» ЖАҚ

5715,13

3

Карағанды АЭК

3295,55

4

Жезқазған АЭК

2470

5

Қостанай АЭК

1943,33

6

Ақмола АЭК

1071,3

7

Көкшетау   АЭК

993,68

8

Солт-Қазахстан АЭК

1603,12

9

Жамбыл  эл. желілері

547,73

0

Қызыл-Орда АЭК

1538,83

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Қосымша Б

 

Б1-кесте. Электр энергиясын тасымалдау мен тарату қызметіне кеткен шығындар

Крсеткіштері

Өлшем бірлігі

Нұсқалар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

0

А

Өндірістік құн

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Материал шығындары

мың теңге

285280

484976

533474

142640

342336

410803

369723

184861

129403

388209

2

Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге

318215

540966

595062

159108

381858

458230

412407

206203

144342

433027

3

Әлеуметтік салық

мың теңге

60750

103276

113603

30375

72900

87481

78733

39366

27556

82669

4

Жөндеу

мың теңге

3715

6316

6947

1858

4458

5350

4815

2407

1685

5056

5

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

94622

160857

176942

47311

113546

136255

122630

61315

42920

128761

Подпись: 16
6

 Тағы басқалар

мың теңге

74400

126480

139128

37200

89280

107136

96422

48211

33748

101244

Б

Айналым шығыны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

7

Е Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге

117297

199405

219345

58648

140756

168907

152017

76008

53206

159617

8

Әлеуметтік салық

мың теңге

22393

38068

41875

11196

26871

32246

29021

14511

10157

30472

9

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

13041

22169

24386

6520

15649

18779

16901

8450

5915

17746

10

 Тағы басқалар

мың теңге

131824

224101

246511

65912

158189

189827

170844

85422

59795

179386

17

Энергиямен  қамтамассыз ету шығындары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Материал шығындары

мың теңге

10720

18224

20046

5360

12864

15437

13893

6947

4863

14588

 

Еңбекақы төлеу қоры

мың теңге

17248

29322

32254

8624

20698

24837

22353

11177

7824

23471

 

Әлеуметтік салық

мың теңге

3622

6158

6774

1811

4347

5216

4695

2347

1643

4929

 

Негізгі қорлар амортизациясы

мың теңге

33984

57773

63550

16992

40781

48937

44043

22022

15415

46245

 

 Тағы басқалар

мың теңге

30400

51680

56848

15200

36480

43776

39398

19699

13789

41368


Қосымша  В

Фамиляның 1 әріпімен

Шартты аймақ 

N/N

 

Қолданушылар аты

Активтер-дің нақты құны, теңге

Технология-лық қуат, МВт 

 

А,Ә,Б,В,Г, Ғ,Д,Е,Ё Ж,З,И,К,Қ,Л,М,Н

АЭК1

"Павлодарэнерго "

1649400

500

АЭК2

«ВК РЭК» ЖАҚ

1519520

780

АЭК3

Карағанды АЭК

3415616

976

АЭК4

Жезқазған АЭК

832492,8

768

АЭК5

Қостанай АЭК

2165994,2

500

АЭК6

Ақмола АЭК

1332997,1

400

АЭК7

Көкшетау   АЭК

1066397,7

250

АЭК8

Солт-Қазахстан АЭК

853118,2

170

АЭК9

Жамбыл  эл. желілері

782494,5

289

АЭК0

Қызыл-Орда АЭК

1125995,6

170

О, Ө, П,Р,С, Т,У,Ұ,Ү, Ф, Х,Ц,Ч,Щ,ШЫ,І,Э,Ю,Я

АЭК1

"Павлодарэнерго "

1714340

1200

АЭК2

«ВК РЭК» ЖАҚ

1571472

780

АЭК3

Карағанды АЭК

2457177,6

710

АЭК4

Жезқазған АЭК

665742,1

500

АЭК5

Қостанай АЭК

1132593,6

310

АЭК6

Ақмола АЭК

966296,81

200

АЭК7

Көкшетау   АЭК

873037,47

160

АЭК8

Солт-Қазахстан АЭК

738430,02

340

АЭК9

Жамбыл  эл. желілері

410743,95

100

АЭК0

Қызыл-Орда АЭК

828595,16

233

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

В1- кесте. Активтер құны

 

В2-кесте. Пайда мөлшерлемесінің көрсеткіштері

ПМ (КОӨҚ) = [(1 - g) × ге]+[ g × rd], мұндағы

 

 

 

Қарыз қаржы

0

Меншікті қаржы

0

 

норматив

орта

 

мин

макс

g - левиридж, жалпы финанс құрылымындағы субъектінің меншікті қаржысы мен қарыз қатынасын сипаттайтын шама, жалпы қаржы құрылымында

0,90

0,90

0,90

ге = гf + га, меншікті капиталға сый беру мөлшерлемесі

0,10

0,12

0,114

rf = АҚШ облигациясының номин. шығын+ҚР мемлекет. сый ақы

0,044

0,044

0,044

га - акционерлік (меншікті) капиталдардың тәуелділігі үшін берілетін сый ақы.

0,06

0,08

0,07

гd =rf+ ҚСа

0,074

0,084

0,079

Қарыздық сый ақы

0,03

0,04

0,035

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.   Райзберг Б.А. Рыночная экономика. – М.: Деловая жизнь, 1995.

2.  Экономика предприятия. Под ред. проф. Д.И. Волкова. - М.: Инфра – М:, 1998.

3.   Закон Республики Казахстан «Об электроэнергетике». // Казахстанская правда, 24 августа 1999.

4.   Постановление Правительства Республики Казахстан № 1126 от 15 октября 2002 года «Об утверждении Программы совершенствования тарифной политики субъектов естественных монополий на 2002-2004 годы».

5.   Г.Ж. Даукеев, А.А. Жакупов, К.К. Токтибахиев, Б.И. Тузелбаев Методология формирования тарифов в секторе  электроэнергетики Казахстана: состояние, проблемы, перспективы. - Энергетика и топливные ресурсы Казахстана. – 2000.– №2. – С.17-25.

 

 

 

 

                                                                           Қосымша жоспары 2005 ж. реті 8

 

 

 

 

Бақберген Ибадиллаұлы Түзелбаев

 

 

 

сала Экономикасы  

Нарық жағдайындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметінің эффективтілігі

Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар

 

(жылу энергетика  және электр энергетика мамандықтарының күндізгі бөлімінің студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы   Ж.А. Байбураева       

 

 

 

 

Басуға қол қойылды “___”_________

 

Формат 60х 84 1/16

Тираж     50   экз.

Типографиялық қағаз № 1

Көлемі __________оқу. – бас.п.

 

Тапсырыс ____. Бағасы___ теңге

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының көшірмелі-көбейткіш бюросы  

480013 Алматы, Байтұрсынов көш., 126