Алматы энергетика жӘне байланыс институты
Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы
САЛА Экономикасы
Бітірушілер жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Электр энергетикасы бағыты бойынша оқитын бакалаврлар үшін
Алматы 2010
ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Б.И. Түзелбаев, А.А. Жакупов. Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару. Бітірушілер жұмысының экономикалық бөлімін орындауға арналған әдістемлік нұсқаулар электр энергетикасы бағыты бойынша оқитын бакалаврлар үшін.– Алматы: АЭжБИ, 2010ж. – 23 б.
Әдістемелік нұсқау бітірушілер жұмысының экономикалық бөлімін орындау жөніндегі жалпы ережелерден тұрады және электр энергетикасы бағыты бойынша оқитын студенттерге арналған.
Мазмұны
Кіріспе |
3 |
|
1 |
Жалпы бөлім |
3 |
1.1 |
Жобаны жасаудың мақсаты |
3 |
1.2 |
Нарықты талдау |
3 |
1.3 |
Электр энергиясының тарифі |
4 |
1.4 |
Өндіріс жоспары |
4 |
1.5 |
Ұйымдастыру жоспары |
4 |
1.6 |
Заңдық жоспар |
4 |
1.7 |
Экологиялық ақпарат |
5 |
2 |
Энергетикалық нысанның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу |
5 |
2.1 |
Электр стансасын салуға қажетті қаржыны анықтау |
5 |
2.2 |
Қосалқы стансаны және желіні салуға кететін қаржы салымдарын анықтау |
5 |
2.2.1 |
Қосалқы стансаны салуға кететін қаржы салымдарын анықтау |
5 |
2.2.2 |
Желілерге қажетті қаржы салымдарын анықтау |
7 |
3 |
Өндірістің жылдық ұстанымдарын анықтау |
9 |
3.1 |
Стансаның жылдық шығындарын анықтау |
9 |
3.2 |
Қосалқы станса мен оған қосылған желілердің ұстанымдары қосалқы стансаны, тарату құрылғыларын және тасымалдау желілерін ұстап тұруға байланысты кететін ұстанымдар |
11 |
3.2.1 |
Электр энергиясының шығындарына байланысты ұстанымдары анықтау |
13 |
3.2.2 |
Энергияның айнымалы шығындары және оған байланысты ұстанымдар |
15 |
4 |
Өзіндік құн |
15 |
5 |
Өткізу көлемі. Пайданы анықтау |
16 |
6 |
Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау |
17 |
6.1 |
Инвестицияның экономикалық тиімдігін есептеудің негізгі әдістері |
17 |
6.1.1 |
Қаржылық салымдардың қарапайым өтелу мерзімі |
17 |
6.1.2 |
Таза келтірілген (дисконтталған) құн |
17 |
6.1.3 |
Ішкі табыс нормасы - Internal rate of return (IRR) |
18 |
6.1.4 |
Рентабельдік индексі |
18 |
6.2 |
Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдісі |
19 |
7 |
Қорытынды |
20 |
Қолданылған әдебиеттер тізімі |
21 |
Кіріспе
Жоғарғы оқу орнын бітірушілер жұмысының экономикалық бөлімі бизнес-жоспар жасауды немесе техника-экономикалық негіздеуді көздейді.
Бизнес-жоспары негізінен келешекте салынатын кәсіпорынның қызметін талдауды білдіреді. Ал техника-экономикалдық негіздеуде көбінесе техникалық нысандарды немесе кәсіпорындарды салудың немесе жаңартудың тиімділігі талданып, экономикалық көрсеткіштері бағаланады. Яғни бизнес-жоспар немесе техника-экономикалық негіздеу энергетика саласындағы жаңадан құрылатын кәсіпорынға немесе істеп тұрған кәсіпорындарға инвестицияны салудың экономикалық тиімділігі бағаланады. Осы бағытта кәсіпорынның мүмкіндігі дұрыс бағалануы және қызметі дұрыс ұйымдастырылуы керек. Ол үшін міндетті түрде өзінің қызметін мұқият жобалау, қажетті қаржыны, оған кеттетін жылдық ұстанымдар есептеліп, кәсіпорынның келешектегі даму нарығының қажеттілігіне сәйкес қаралуы керек, қажетті ресурстардың мүмкіндігі ескерілуі және оның тиімділігінің көрсеткіштері талдануы қажет.
Бұл әдістемелік нұсқауда электр стансалар және қосалқы станса мен желілерді салудың негізгі нормативтік қаржылық салымдары мен жылдық ұстанымдарын анықтаудың жалпы бағыттары ғана берілді. Студент осы нұсқаудың ауқымында өз бетінше жұмысын нақты мәліметтермен толықтыруға және кең көлемде есептер жүргізуге болады.
1 Жалпы бөлім
1.1 Жобаны жасаудың мақсаты
Берілген бөлімде қаралып отырған жұмыстың мақсаты жазылуы керек. Зерттеліп отырған нысанның сипаты – оның түрі (станса, қосалқы станса, электр энергиясын беру желілері) айтылады; зерттеліп отырған нысанның тұтынушыларын сипаттау керек, сондай-ақ нысан орналасқан немесе орналасатын аймақтың сипатын жазу керек (мысалы желі салу үшін -жергілікті жердің жағдайы, желдің соғуы, жерінің тайғақтығы).
Сонымен қатар нысанды салудың (қайта құрудың немесе жаңартудың) қажеттілігі түсіндіріледі.
1.2 Нарықты талдау
Бұл бөлімде берілген аймақтың болашақтағы энергияға сұранысының өсуі қарастырылады, оның құрылымы және тұтынушылары сипатталады.
Экономикалық және қаржылық тиімділік көрсеткіштерін анықтау үшін есептеу мерзімін 20-30 жыл деп алып есептеу керек. Есептік мерзімге энергетикалық нысанды салу уақыты, энергетикалық жабдықтың және оған қосылған желілердің уақытша және тұрақты пайдаланудан бастап табиғи қызмет ету мерзіміне дейін жұмыс істеу уақыттары кіреді.
1.3 Электр энергиясының тарифі
Бұл бөлімде берілген аймақтың қолданыстағы тарифтері, оның құрылымы қарастырылады.
1.4 Өндіріс жоспары
Нысанды салу (қайта құру немесе жаңарту) сипаттамасын беру керек және барлық жұмыстардың мерзімін көрсету керек. Берілген 1-кестедегі сияқты, электр энергиясын станса (қосалқы станса) шинасынан жіберу бағдарламасы анықталады.
1-Кесте Электр станса немесе қосалқы станса шинасынан электр энергиясын жіберу бағдарламасы
Көрсеткіштер |
Нысанды салу (немесе қайта құру немесе жаңарту) және пайдалану жылдары |
|||
1 |
2 |
… |
n |
|
Жүктеменің өсу коэффициенті, % |
|
|
|
|
Электр стансасын салу немесе ондағы қайта құру және жаңарту бойынша |
||||
Өндірілген энергия, млн.кВт.сағ |
|
|
|
|
Электр стансаның өз қажетілігіне кеткені, %
|
|
|
|
|
Қосалқы стансаны және желілерді салу (немесе оларды қайта құру және жаңарту) бойынша |
||||
Желіге келіп түскен электр энергиясы, млн.кВт.сағ |
|
|
|
|
Энергия шығыны, млн.кВт.сағ: |
|
|
|
|
Жүктемелік |
|
|
|
|
Тұрақты |
|
|
|
|
Электр станса немесе қосалқы станса шинасынан таза жіберілген электр энергиясы, млн.кВт.сағ |
|
|
|
|
1.5 Ұйымдастыру жоспары
Берілген нысанды басқаруды ұйымдастыру құрылымын ұсыну керек.
1.6 Заңдық жоспар
Заң жүзінде кәсіпорын түрі анықталады, сондай-ақ нысанды салу, қайта құру немесе жаңартуға қажетті қаржыны тарту жолдарын және несие алған жағдайда несиені төлеу схемалары анықталады.
1.7 Экологиялық ақпарат
Жұмыс жүргізілетін аймақтағы экологиялық жағдайға, сонымен қатар нысанды жұмысқа енгізеннен кейін экологиялық жағдайға әсері жайлы жазу керек.
2 Энергетикалық нысанның техника-экономикалық көрсеткіштерін есептеу
2.1 Электр стансасын салуға қажетті қаржыны анықтау
Жылу электр стансаларына салынатын меншікті қаржы орнатылатын қуаттың бір киловат-сағаттағы құнын анықтауға мүмкіндік береді. Оның құны стансаға орнатылатын қондырғылардың түрлеріне, қуатына технологиялық байланыс схемаларына, салынатын жердің жағдайына, пайдаланатын отын түрлеріне байланысты болады.
Электр стансасын салуға кететін қаржы салымдарын төмендегідей беруге болады
К = Кменш.* Торн* Кт.к. , (1)
мұндағы Кменш.- меншікті қаржы салымы, теңге (2-кестені қараңыз).
Торн - орнатылатын қуат , МВт;
Кт.к.- станасаны қандай аймаққа салынатын ескеретін түзету коэффициенті (0,99-1.1 аралығында алуға болады).
2 -кесте Электр стансасына қажетті меншікті қаржы салымдары
ЖЭС қуаты, МВт |
200 |
300 |
600 |
900 |
1000 |
1200 |
1500 |
1800 |
2400 |
3000 |
Кменш, $/кВт |
2227 |
2192 |
2183 |
2162 |
2155 |
2146 |
2134 |
2112 |
2101 |
2012 |
ЖЭО қуаты, МВт |
100 |
150 |
200 |
300 |
400 |
500 |
600 |
|
|
|
Кменш, $/кВт |
2597 |
2416 |
2327 |
2229 |
2212 |
2199 |
2194 |
|
|
|
Ескерту: Су электр стансаларына қажетті меншікті қаржы салымдары 1 кВт орнатылған қуатқа 2072-2775 $/кВт( мұндағы 2072 $/кВт Рорн>400 МВт болса, ал 2072-2775 $/кВт Рорн<400 МВт болғанда).
2.2 Қосалқы стансаны және желіні салуға кететін қаржы салымдарын анықтау
2.2.1 Қосалқы стансаны салуға кететін қаржы салымдарын анықтау
Қосалқы стансаға кететін қаржы салымдары келтірілген анықтамаларда жалпылама қосынды құндары келесідегідей құраушылармен анықталады:
- РУ барлық кернеу бойынша тарату құрылғылары;
- трансформаторлар (автотрансформаторлар (AT));
- компенсациялық құрылғы және реакторлар;
- шығындардың тұрақты бөліктері.
Қосалқы сатнсаны салуға қажетті қаржы төмендегiдей анықталады
Кқ/ст = ∑Кi · ni + Ктұр., (2)
мұндағы Ki – таратушы құрылғалардың, трансформаторлардың, ток шектеуіш реакторлардың құндық көрсеткіштері, сонымен қатар жоғары жиліктік байланыспен жабдықталған сызықты ұяшықтарға қосымша қаржы салымдары;
ni – ондағы жабдықтар бірлігінің саны;
Ктұр. – қосалқы стансаның қуатына аз тәуелді болып келетін қосалқы
станса бойынша шығындардың тұрақты бөлігі.
ТҚ ұяшығының құнына ажыратқыштардың, айырғыштардың, ток пен кернеу трансформаторларының, қайта кернеуленуді шектеуіштің, басқару апаратының, сигнал берудің, ЖҚ және А, бақылау кәбілдерінің, шиналық өткізгіштердің, құрылыс конструкцияларының, фундаменттердің, сондай-ақ құрылыс-монтаждық жұмыстардың құндары кіреді.
Трансформаторлардың және автотрансформаторлардың есептік құнын есептеген кезде шиналық өткізгіштерді де орнату, шина өткізгіштерін, найзағайдан қорғау, жерге тұйықтау, бақылау кәбілдері, релелік қорғаныс, құрылыс конструкцияларының, құрылыс-монтаждық жұмыстардың шығындарын есепке алу керек.
Қосалқы станса бойынша шығындардың тұрақты бөлігінің көрсеткіштері нысанды салатын ауданды дайындаудың, жалпы қосалқы стансаны басқару пунктінің, өз қажетіне жұмсалатын шығындар бойынша құрылғылардың, аккумляторлық батерея, компрессор, ішкі және сыртқы жолдардың, байланыс пен телемеханика құралдарының, май шаруашылығы, су тасымалы, канализация, сыртқы жарықтандыру және басқа да жалпы қосалқы стансалық элементтердің құны бойынша қосынды толық шығындар кіреді.
Қосалқы стансаға қажетті барлық қаржы салымдары бойынша есептеулер 3-кестеге енгізіледі.
3-Кесте Нысанға салынатын қаржы
Т Қ немесе жабдық |
Ұяшық саны немесе жабдық элементтері |
Бір ячейканың құны немесе жабдық бірлігі, млн.теңге. |
Жалпы құны, млн.теңге. |
ТҚ 500 кВ а) Жоғары жилікті апаратсыз |
|
|
|
б) Жоғары жилікті апаратпен |
|
|
|
ТҚ 220 кВ а) Жоғары жилікті апаратсыз |
|
|
|
б) Жоғары жилікті апаратпен |
|
|
|
ТҚ 110 кВ а) Жоғары жилікті апаратсыз |
|
|
|
б) Жоғары жилікті апаратпен |
|
|
|
ТҚ 35кВ |
|
|
|
ТҚ 10кВ |
|
|
|
Трансформаторлар |
|
|
|
Автотрансформаторлар |
|
|
|
Шунттік реакторлар |
|
|
|
Токты шектеуіш реакторлар |
|
|
|
Тұрақты шығындар |
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
2.2.2 Желілерге қажетті қаржы салымдарын анықтау
Электр желілерін салу құны оның негізгі параметрлері: кернеуі, бағана түрі, сым маркасын, фаза конструкциясын салынатын аймақ, трассаның сипаттамасы, климаттық жағдайы арқылы анықталады:
Кэж = kменш · L · αжт · αа + ΔКо.кес. + ΔКж.ж. + nр.б. · Кж.б. + Кбл. (3)
мұндағы Кменш.i –кернеу мен және тізбектердің санына сәйкес, сондай-ақ трассаның жүріп өту шартын (тегіс жермен, егер орман болса 10% артық емес, жүкті трассаға дейін жеткізу 20 км-ден артық емес және жабдықты трасса бойынша тасу 10 км артыз емес) ескеретін, әрбір 1 км линияға қажетті меншікті құн;
L - линия ұзындығы;
αжт – желдің тегеурінінің жылдамдығын ескеретін түзету коэффициенті
(4-кесте);
αа – трассаның қандай аймақпен өтетін ескеретін коэффициент (4-
кесте);
ΔКо.кес. – ормандағы ағаштарды кесуге кететін шығындар, егер орман
трассаның 10% құрайтын болса;
ΔКж.ж. – егер жеткізу шарты жоғарыдағыдан айырмасы болса;жүкті
линияға жеткізу шығындары;
nр.б. – линия бойы бойынша жөндеу базаларының саны;
Кж.б. – бір жөндеу базасын салуға және жабдықтауға қажетті шығындар;
Кбл. – тасымалдау желілердің бойы бойынша байланыс желілерін тарту шығындары.
Есептеу кезінде бір жөндеу базасын салуға және жабдықтауға қажетті шығындарды, сонымен қатар байланыс линияларының шығындары 10% деп алынады.
4-кесте Желдің тегеурінінің жылдамдығын және трассаның қандай аймақпен өтетін ескеретін түзету коэффициенттерінің мәндері
Желіні салып өту жолдарының шартары |
Тұғырының (бағанының) материалы |
||||
темірбетон |
болат |
ағаш |
|||
35-110кВ |
220-500кВ |
35-110кВ |
220-500кВ |
||
Жел тегеурінінің жылдамдығы: 6,0-7,5 Н/м2 7,5 Н/м2 жоғары |
1,06 1,1 |
1,06 1,1 |
1,06 1,15 |
1,06 1,15 |
1,08 1,1 |
Таулы аймақ |
1,5 |
1,35 |
1,6 |
1,32 |
1,7 |
Қалалық және өндірістік құрылыс |
1,7 |
- |
1,6 |
1,62 |
1,4 |
Батпақты трасса |
2,1 |
1,7 |
1,46 |
1,16 |
1,5 |
өзен жағасы |
1,18 |
1,1 |
1,14 |
1,09 |
1,35 |
Ерекше мұзды тайғақты жер |
1,28 |
1,21 |
1,27 |
1,27 |
1,29 |
КЛ салудың құны төмендегідей анықталады
, (4)
мұндағы kменш. – кәбіл, жабдық, құрылыс-монтаждық жұмыстарының арнайы өту жолдары, асфальттық-бетондық төселімдерді бұзу немесе қалпына келтіруге кететін шығындарды ескеретін кәбілдік линияны салуға кететін меншікті қаржылық шығындар;
Lкл – кәбілдік желінің ұзындығы.
5-ші кестеге электр энергиясын тасымалдау линиялары бойынша барлық қажетті қаржы салымдарын есептеулер енгізіледі.
5-Кесте Электр желілеріне салынатын қаржы
Линия |
Жалпы линияның ұзындығы, км |
Бір км линияның құны, млн.теңге. |
Линияның жалпы құны, млн.теңге (жөндеу базасы мен байланыс линиясын қоса есептегенде) |
ВЛ 500 кВ |
|
|
|
ВЛ 220 кВ |
|
|
|
ВЛ 110 кВ |
|
|
|
ВЛ 35 кВ |
|
|
|
ВЛ 10 кВ |
|
|
|
КЛ 10 кВ |
|
|
|
Барлығы: |
|
Энергетикалық нысанға салынатын барлық қаржы салымдары мынаны құрайды:
Кэн = Кқ/с + Кэж (5)
3 Өндірістің жылдық ұстанымдарын анықтау
3.1 Стансаның жылдық шығындарын анықтау
Жалпы стансаға кететін жылдық шығындарға- отынға деген шығындар (Шотын), еңбек ақы (Шеақ), негізгі қордың амортизациялық жарнасы (Ша), ағымдағы жөндеу шығындары (Шжөн), жалпы стансалық шығындар (Ш жст) кіреді
Шст = Шотын+ Ша+Шеақ+Шжөн+Ш жст. (6)
Отын шығындары төмендегідей анықталады
Шотын = Ботын*Вш.о., (7)
мұндағы Вш.о. - электр энергиясын жіберуге кететін шартты отынның жылдық шығыны
, (8)
мұндағы Вменш. – меншікті шартты отынның жылдық шығыны, кг.ш.о./кВт*сағ.
Энергияны жіберуге кеткен табиғи отынның жылдық шығыны
, (9)
мұндағы 29300 –шартты отынның меншікті жану жылуы, кДЖ/кг;
Q – табиғи отынның меншікті жану жылуы, кДЖ/кг:
көмір үшін - 27217 кДЖ/кг (Қарағанды), 20306 кДЖ/кг (Екібастұз);
мазут үшін- 39430 кДЖ/кг;
газ үшін – 34330 кДЖ/м3.
Қаржы салулар және негізгі қорлардың амортизациялық шыға-рылулары Иа шығындық немесе негізгі жабдықтардың, құрылыстар, ғимараттар, қосалқы жабдықтарды жетілдіруі мен жаңартылуына жұмсалынатын қаржымен анықталады. Қазіргі мезгілде ұлттық экономикада тұрақтылық және тіпті амортизация процессі туралы бірдей пікір болмағандықтан амортизация шығаруға қажетті санды анықтау өте қиын.
, (10)
мұндағы – орта амортизацияның нормасы, % ( ЖЭС үшін 5.8 – 7.1, ЖЭО үшін 6.7 – 7.9, ГЭС үшін 2 - 5 ).
К – стансаны салуға кеткен қаржы салымдары, млн.теңге.
Стансаның пайдаланатын қызметкерлер табысы Шеақ, ол келесі: негізгі жұмысшы қызметкерлер табысынан; инженерлік-техникалық жұмысшылар, жөндеу қызметкерлері, әкімшілік қызметкерлер табыстарынан құралады.
, (11)
мұндағы - берілген станса үшін штаттық коэффициент (6-кесте);
-электр стансасына орнатылған қуат.
- өндірістегі бір қызметкердің орташа жылдық қор табысы.
6-кесте Жылу электр стансаларына кәсіпорын-өндірістік жұмыс істеушілердің штаттық коэффициенті (nШТ)
ЖЭС, ЖЭО қуаты |
Агрегаттардың саны және қуаты |
Штаттық коэффициенті |
|
ЖЭС |
ТЭО |
||
100 |
2*50 |
- |
1,7-2 |
200 |
4*50 |
1,2-1,5 |
1,6-1,8 |
300 |
6*50 |
1,1-1,4 |
1,5-1,7 |
200 |
2*100 |
1,1-1,3 |
1,4-1,6 |
400 |
4*100 |
1-1,3 |
1,3-1,5 |
600 |
6*100 |
1-1,2 |
1,2-1,4 |
300 |
2*150 |
1,2-1,4 |
1,5-1,6 |
600 |
4*150 |
1,1-1,3 |
- |
900 |
6*150 |
0,9-1 |
- |
1200 |
8*150 |
0,7-0,9 |
- |
800 |
4*200 |
1-1,1 |
- |
1200 |
6*200 |
0,8-0,9 |
- |
1600 |
8*200 |
0,6-0,8 |
- |
1200 |
4*300 |
0,6-0,8 |
- |
1800 |
3*300 |
0,5-0,7 |
- |
2400 |
8*300 |
0,4-0,6 |
- |
2400 |
3*800 |
0,3-0,6 |
- |
3200 |
4*800 |
0,3-0,5 |
- |
Ағымдағы жөндеу шығындарына Шжөн, негізгі және қосалқы жабдықтар, құрылыстар, ғимараттар және автопарктың жөндеу шығындары жатады
. (12)
Жалпы стансалық шығындарға Шж.ст. сым тетікке, ұялы байланыс және байланыстың басқа түрлеріне кететін шығындар, есептегіш техниканың қызметі, еңбекті қорғау, кадрлар дайындау, құқықтық дәрістік, банк қызметі, агротехника қызметі, лифтілер, өрт сөндіруші және қорғаныс қызметі, кеңселік және пошталық қызметтеріне жұмсалынатын шығындар кіреді
. (13)
3.2 Қосалқы станса мен оған қосылған желілердің ұстанымдары қосалқы стансаны, тарату құрылғыларын және тасымалдау желілерін ұстап тұруға байланысты кететін ұстанымдар.
Сонымен қатар электр энергиясын тасымалдау және тарату кезінде, электр энергиясын бір бөлігі электр желілерінде және қосалқы стансаларда жоғалып электр энергиясының шығыны орын алады. Бұл шығындар электр энергиясын тасымалдауға байланысты болғандықтан, оның құны жылдық ұстанымдардың құрамына кіреді
Штасм. = Шпайдал + Шыср., (15)
мұндағы Шпайдал – электр желілері кәсіпорынының желілерді жөндеу-пайдалану қызметтері бойынша қосынды шығындары, теңге/жыл;
Шыср – желідегі ысырап болатын шығындардың қосынды құны, теңге/жыл.
Электр желілері кәсіпорынының желілерді жөндеу-пайдалану қызметтері бойынша қосынды шығындары жалпылама көрсеткіштермен анықталады.
Шпайдал. = Шаморт + Шқ/жөн, (16)
мұндағы Шаморт. – жылдық амортизациялық (реновацияға кететін) ұстанымдар, теңге/жыл
, (17)
мұндағы ааморт – амортизациялық аударылымдар нормасы, %/жыл;
Шқ/жөн– желілерге қызмет көрсетуге байланысты шығындар және жөндеу шығындары теңге/жыл
, (18)
мұндағы αқ/жөн – электр желілеріне қызмет көрсетуге және жөндеуге кеткен шығындар нормасы, %/жыл.
Пайдалану шығындарын есептеу кесте 7 мен 8 енгізіледі.
7-кесте Электр энергиясын бөліп тарату бойынша пайдалану шығындары
Элемент |
Қаржы салымы, млн.теңге |
αаморт,% |
αқ/жөн,% |
Шаморт, млн. теңге/жыл |
Шқ/жөн, млн. теңге/жыл |
Шпайдал, млн. теңге/жыл |
ТҚ 500 кВ |
|
|
|
|
|
|
ТҚ 220 кВ |
|
|
|
|
|
|
ТҚ 110 кВ |
|
|
|
|
|
|
ТҚ 35 кВ |
|
|
|
|
|
|
ТҚ 10 кВ |
|
|
|
|
|
|
Автотрансформаторлар |
|
|
|
|
|
|
Трансформаторлар |
|
|
|
|
|
|
Токты шектегіш реакторлар |
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
8-кесте Электр энергиясын тасымалдау бойынша пайдалану шығындары
Элемент |
Қаржы салымы, млн.теңге |
αаморт,% |
αқ/жөн,% |
Шаморт, млн. теңге/жыл |
Шқ/жөн, млн. теңге/жыл |
Шпайдал, млн. теңге/жыл |
ВЛ 500 кВ |
|
|
|
|
|
|
ВЛ 220 кВ |
|
|
|
|
|
|
ВЛ 110кВ |
|
|
|
|
|
|
ВЛ 35 кВ |
|
|
|
|
|
|
ВЛ 10 кВ |
|
|
|
|
|
|
КЛ 10кВ |
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
3.2.1 Электр энергиясының шығындарына байланысты ұстанымдарды анықтау
Энергия шығындарын төмендегі кейіптемемен беруге болады
Шыср=DW∙Быср.., (19)
мұндағы DW – энергия шығынының шамасы;
Быср. – ысырап болған 1 кВт-сағ құны (сатып алынған электр энергиясының бағасы).
Электр желісіндегі энергияның жылдық шығыны
DW=DРкор∙8760 + DРmах∙τ, (20)
мұндағы DРкор – желідегі тәжіге ысырапталатын орта жылдық қуат шығыны;
DРmах – максималды жүктеме кезіндегі қуат шығыны;
τ – максималды шығынның жылдық уақыты.
Желідегі тәжіге ысырапталатын қуат шығыны төмендегідей анықталады
DРтәж = рменш.тәж.∙L, (21)
мұндағы Рменш.тәж. - ЭЖ 110-500 кВ линиясының 1 км ұзындығына шаққандағы желідегі тәжіге ысырап болатын қуат шығыны:
L - линия ұзындығы.
Максималды жүктеме болған кездегі қуат шығыны анықталады
, (22)
мұндағы Smax – ЭЖ максималды жүктеме кезіндегі берілетін қуат;
U – линияның кернеуі;
ρ - 10-500 кВ линиясының меншікті активтік кедергісі;
α - 20 С° өзгешеленетін температура кезінде линияның кедергісінің
өзгерісін ескеретін коэффициент;
L - линия ұзындығы.
Таңдалған жабдыққа максималды шығынның жылдық уақыты, автотрансформаторлардағы энергия шығыны және электр энергиясының шығынының орнын толтыруға кететін шығындар есептеледі.
Реактордағы энергия шығыны төмендегідей анықталады
DW=0,005∙QP∙n∙8760, (23)
мұндағы n – реакторлардың саны.
Энергия шығындары (тасымалданатын қуатқа тәуелсіз) шартты-тұрақты және (тасымалданатын қуатқа тәуелді) шартты-айнымалы болып бөлінеді.
Электр энергиясының шығындарына байланысты ұстанымдарды есептеу кесте 9 мен 10 енгізіледі.
9-кесте Энергияны түрлендіру кезінде (трансформаторда) жоғалатын шығындарға байланысты ұстанымдар
Элемент |
Тұрақты шығындар, МВт-сағ |
Айнымалы шығындар, МВт-сағ |
Шыср, млн.теңге/жыл |
Трансформатор |
|
|
|
Автотрансформатор |
|
|
|
Токты шектегіш реактор |
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
10-кесте Энергияны тасымалдау кезінде жоғалатын шығындарға байланысты ұстанымдар
Элемент |
Тұрақты шығындар, МВт-сағ |
Айнымалы шығындар, МВт-сағ |
Шпот, млн.теңге/жыл |
BЛ 500 kB |
|
|
|
BЛ 220 kB |
|
|
|
BЛ 110 кB |
|
|
|
ВЛ 35 кВ |
|
|
|
ВЛ 10 кВ |
|
|
|
КЛ 10 кВ |
|
|
|
Барлығы: |
|
|
|
3.2.2 Энергияның айнымалы шығындары және оған байланысты ұстанымдар
Айнымалы шығындар автотрансформаторлардағы, қосалқы стансалардың реакторларындағы айнымалы шығындарын және линияның сымдары мен кәбілдерінің активті кедергілеріндегі шығындарын есептеу арқылы анықталады.
Трансформаторлар мен автотрансформаторлардағы айнымалы шығындардың мәндері келесідегі кейіптемемен анықталады
, (24)
мұндағы – қысқа тұйықталу шығыны.
2.3.4 Энергияның тұрақты шығындары және оған байланысты ұстанымдар
Тұрақты шығындар қосалқы стансалардағы автотрансформаторларда және 110-500 кВ ЭЖ-індегі тәжіге ысырап болатын шығындарды есептеу арқылы анықталады.
, (25)
мұндағы n – трансформаторлар немесе автотрансформаторлардың
саны;
– трансформатор немесе автотрансформатордағы бос жүріс
шығындары.
4 Өзіндік құн
Энергия өндіруші ұйымның (стансаның) шинасынан жіберілетін электр энергиясының немесе электр желілері кәсіпорынның электр желілеріндегі электр энергиясын тасымалдаудың толық өзіндік құны энергияны төмендегідей анықталады:
(26)
мұндағы Wжыл – электр энергиясының стансадан таза жіберілген немесе желіден тұтынушыларға таза жіберілген электр энергиясының жылдық мөлшері.
5 Өткізу көлемі. Пайданы анықтау
Станса үшін өткізу көлемі деп, өз шинасынан сатылған электр энергиясының құндық мөлшерін айтады
Qt = Бээ ∙ Wt . (27)
Кейіптемедегі t –индексі жыл сайынғы электр энергиясының тұтыну көлемінің өзгеріп отыруына байланысты өткізу көлемі өзгеріп отыруы мүмкін.
Станса өніміне баға белгілеу электр энергиясының өзіндік құнына қажетті рентабелділік нормасын қосу арқылы анықтауға болады. Дегенмен, егер нарықта бәсекелестік болатын болса, онда нарықтағы бағадан жоғары қоюға болмайды. Оны төмендегідей беруге болады
Бээ= S*(1+r), (28)
мұндағы r - рентабелділік нормасы.
Ал электр желілері кәсіпорыны үшін тариф өткізу көлемін төмендегідей беруге болады
Qt = Тээ ∙ (Wt - DWыср.t), (29)
мұндағы Тээ – электр энергиясын тасымалдау қызметіне төленетін тарифі (егер энергетикалык нысан, жеке кәсіпорын болып құрылса, онда оның тарифі өзіндік құннан рентабелділігі бойынша анықтауға болады, ал тек желілік кәсіпорынның желісін дамыту болатын болса, онда сол кәсіпорынның тарифі алынады);
Wt – электр энергиясының t-мерзімдегі тасымалданған электр
энергиясының көлемі.
Электр энергиясының тұтыну көлемінің өсуіне байланысты жобаланып отырған энергетикалық нысанның электр энергиясын өткізу көлемі 1кестеде келтірілді. Жалпы өткізу көлемі жылдық түскен табыс болып есептеледі. Егер осыдан жылдық шығындарды шығарып тастасақ кәсіпорынның пайдасы болып саналады.
Пайда өткізу көлемінен, яғни табыстан жылдық шығындарды алып тастағанға тең
Пt = Qt - Шt . (30)
Ал таза табыс жоғарыдағы кейіптемеден табыс салығын шығарып тастағанға тең. Энергетикалық нысанды қайта құрудан немесе жаңартудан болатын қосымша табыс қайта құруға немесе жаңартуға дейінгі және ол жүзеге асқаннан кейінгі өткізу көлемі мен шығындарынының өзгеріс нәтижесінде анықталады.
6 Инвестицияның экономикалық тиімділігін бағалау
6.1 Инвестицияның экономикалық тиімділігін есептеудің негізгі әдістері
Инвестицияның қаржылық-экономикалық тиімділігінің көрсеткіштері мен критерийлері ретінде қаржылық салымдардың қарапайым өтелу мерзімі, таза келтірілген (дисконтталған) құн (ТДҚ), ішкі табыс нормасы, дисконталған өтелу мерзімі, инвестицияның рентабелділік индексі қолданылады.
Осы әртүрлі әдістерді қолданған кезде бір-біріне қайшы нәтижелерді алынуы мүмкін, сондықтан инвестицияны бағалау әдістерін кешенді салыстыра отырып, жобаның қайсысы тиімдірек болса сол екені таңдалынады.
6.1.1 Қаржылық салымдардың қарапайым өтелу мерзімі
Қаржылық салымдардың қарапайым өтелу мерзімі - таза пайданы салынған инвестицияны қанша уақыттан кейін қайтара алатын көрсетеді, содан кейін таза пайданың өз игілігіне пайдаланылатынын білдiреді.
, (31)
мұндағы I – капитал салымдары (инвестиция) (К=I);
Пжоба – жобаны енгізу нәтижесінде алынатынын жылдық пайда.
6.1.2 Таза келтірілген (дисконтталған) құн
Таза дисконтталған құн (ТДҚ) - Net present value (NPV) болашақтағы жоспарланып отырған таза пайданы дисконттап, оны салынатын инвестициядан алған кезде алынатын экономикалық тиімділік NPV>0 болу керек. Бұл салынатын ивестицияның тиімді екенін білдіреді
, (32)
мұндағы I0 – инвестиция;
CFt –(Cash flow) жылдық ақша ағымы (жылдық табыс- жылдық
шығындар) және оны төмендегідей беруге болады
CFt = Qt-Шt, (33)
мұндағы Qt; Шt – инвестициялық жобаның t- мерзіміндегі пайда мен жылдық шығындар;
i - банктік пайыздық мөлшерлеме;
n – жылдар саны.
Инвестиция салуда, егер
(NPV)>0 болса тиімді
NPV < 0 тиімсіз және
NPV = 0 кезде инвестициядан пайда не шығыны да болмайтынын көрсетеді.
Егер бірнеше жобаларды (нұсқаларды) қарастырған кезде қайсысының таза дисконтталған құны жоғары болса, онда (NPV)>0 сол нұсқаны таңдау керек.
6.1.3 Ішкі табыс нормасы
Ішкі табыс нормасы - Internal rate of return (IRR) ол NPV =0 кезде i нешеге тең болатыны есептелінеді. Яғни
(34)
болған кезде IRR белгісіз деп, теңдеуден оны табу керек. Оны табудың оңай жолы ДТҚ нөлден үлкен және нөлден кіші болған жағдайдағы екі мәнін төмендегі кейіптемеге қойып тауып алуға болады
. (35)
6.1.4 Рентабелділік индексі
Рентабелділік индексі - profitability index (PI) – таза дисконтталған пайданы инвестицияға бөлу арқылы анықталады
. (36)
Егер:
PI > 1, онда жобаны қабылдау керек;
PI < 1, онда қабылдаудың қажеті жоқ;
PI = 1, жоба пайда да және шығында әкелмейді.
Рентабелділік индексі таза дисконтталған құннан айырмашылығы салыстырмалы көрсеткіш болып саналады. Жобаларды таңдауда, егер олардың NPV бірдей болған кезде PI қарап таңдауға болады.
Жобаланып отырған энергетикалық нысанды техника-экономикалық көрсеткіштермен сипаттауға болады (11-кесте).
11-кесте Техника-экономикалық көрсеткіштер
Көрсеткіштер атауы |
Мәндері |
• орнатылған қуат |
|
• максималды қуатты пайдалану уақыт саны |
|
• энергияны өндіру немесе тасымалдау көлемі |
|
• электр энергиясының жылдық шығыны |
|
• қосынды қаржы салымдары (инвестиция) |
|
• электр энегиясын өндіру немесе тасмалдаудың өзіндік құны |
|
• өтелу мерзімі |
|
• жалпы рентабелділігі |
|
• нысанның ішкі табыс нормасы |
|
• таза дисконтталған құн |
|
Нысанның қаржылық көрсеткіштері арқылы алынған есептік мәліметтер бойынша негізгі қорытынды жасау керек.
6.2 Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдісі
Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу бірнеше инвестициялық нұсқаларды қарастырғанда немесе олардан болатын экономикалық тиімділікті анықтау қиын болған жағдайда қолданылады.
Техника-экономикалық есептер бұл жағдайда нұсқалардың техникалық және құндық параметрлеріне сүйене отырып жүргізіледі.
Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу кезінде келесі шарттарды сақтау керек:
– жоба бойынша қаралып отырған нұсқалар біртұтас өндіріс көлемін, өнім сапасын немесе жобаның мақсатын (жылдамдық, қуаты, сенімділік) анықтайтын өндірістік басқа параметрлерді қамтамасыз етуі керек;
– барлық нұсқалар жобаны жүзеге асыру мерзімімен сәйкес болуы керек;
– әр бір нұсқаны қолданудың мақсатқа лайықтылығын экономикалық негіздеу бірыңғай техника-экономикалық есептеу әдістерімен жүргізілуі керек;
– барлық нұсқалар пайдаланудың бірыңғай экологиялық нормасын, қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғауға бірыңғай талаптарды және басқа да өндірісті ұйымдастырудың нормативтік актілерін қамтамасыз етуі қажет.
Салыстырмалы экономикалық тиімділікті есептеу әдісі көбінесе инвестициялық жобаларды негіздеу кезінде, егер қаржы ішкі өндірістік мәндегі шараларға салынатын болса, өндірісті жақсартудың соңғы қаржылық көрсеткіштерін (пайда немесе табыс) есептеу қиынға түседі. Отандық тәжірбиеде бұрыннан қолданылып келген сондай көрсеткіш – келтірілген құрылыстық-пайдалану шығындары
Шкелтр = Шағым + Ен . К (37)
немесе
Шкелтр = Шағым + К /Төтелу, (38)
мұндағы Шкелтр – нақты бір нұсқаның құрылыстық-пайдалану шығындары;
Шағым – инвестициялық жоба нұсқасындағы өндірістік пайдалану шығындары;
К – нұсқа бойынша қаржы (капитал) салымдары;
Ен және Төтелу – нормативтік тиімділік коэффициенті немесе қаржы салудың нормативтік өтелу мерзімі.
Тиімді нұсқаны таңдау ең төменгі келтірілген шығындар бойынша жүзеге асады, яғни барлық қарастырылған нұсқалардың ішінен қайсысы төмендегіні қанағаттандырады сол таңдалып алынады
(39)
мұндағы Шкелтрi – i-шы нұсқаның келтірілген шығындары.
Егер жобаның нұсқалары инвестицияны салу мерзімі бойынша және жылдық пайдалану шығындары сол мерзімдерде әртүрлі болатын болса, онда келтірілген шығындар уақыт факторын есепке алып есептеледі
(40)
мұндағы Шt – t-шы жылдағы ағымдағы пайдалану шығындары;
Кt – -шы жылдағы капитал салымдары;
Вt – дисконттау коэффициенті.
Бұл жағдайда да тиімді нұсқаны таңдау келтірілген дисконтталған шығындар мөлшерінің ең төменгісі бойынша жүзеге асады.
Шетел тәжірбиесінде инвестициялық жоба нұсқаларының салыстырмалық тиімділігін бағалауда негізгі критерий ретінде тиімділіктің абсолюттік көрсеткіштерін қолданады - барлық нұсқалардың ішіндегі ең төменгі өтелу мерзімін немесе ең жоғарғы таза дисконтталған құнды таңдайды.
7 Қорытынды
Жоғарғы мәліметтерді талдап және саралай келе инвестицияның тиімді немесе тиімсіздігі жайлы қорытынды шығару керек. Оның себептері түсіндірлуі керек.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Ричард Стутели. Бизнес-план .- Нева.: ОЛМА-ПРЕСС Инвест, 2003. - 352 с.
2. И. Ю. Бринк, Н. А. Савельева Бизнес-план предприятия. Теория и практика. Для студентов вузов.- Феникс. 2002. - 384 с.
3. Царев В.В. Оценка экономической эффективности инвестиции. – Питер. – 2004.- 464 с.
4. Справочник по проектированию электроэнергетических систем под редакцией Рокотяна С.С. и Шапиро И.М. – М.: Энергоатомиздат, 1985.-352 с.
5. Нормативы численности работников предприятия энергоснабжения. – М.: Минэнерго. 1997.
6. Организация оплаты труда работников предприятия в условиях либерализации цен и приватизации. – М.: НИИ труда. 1994. – 208 с.
7. Самсонов В.С., Вяткин М.А. Экономика предприятий энергетического комплекса.- М.: Высшая школа. 2003.-416 с.
8. Гительман Л.Д., Ратников Б.Е. Эффективная энергокомпания: Экономика. Менеджмент. Реформирование. –М.: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2002. -544 с.
9. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: «Рынок жағдайындағы энергетикалық кәсіпорындардың қызметінің эффективтілігі». Курстық жұмысқа арналған әдістемелік нұсқаулар. – Алматы: АЭжБИ, 2005.-18 б.
10. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағұлова Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Алматы.- Экономика. 2001. 328 бет.
11. Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ: Алматы. 2007.
12. Т.М.Попова, Т.В.Ходанова. Дипломное проектирование. Методические указания к выполнению экономической части.- Алматы: АИЭС. 2000.-27 с.