Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Алматы энергетика және байланыс университеті

Экономика, өндірісті ұйымдастыру және басқару кафедрасы

 

  

ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ӨНДІРІСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

  

Алматы, 2012

Құрастырушы: Б.И.Түзелбаев. 5В070400 - «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2012.  -  24 б.

 

Әдістемелік нұсқауда автоматика және есептеу техникаларын шығаратын кәсіпорынды құрудың тиімділігі бағаланады. Кәсіпорынның ұйымдастырмалық құрылымы, жарғылық және резервтік капиталы, сондай-ақ кәсіпорынды құруға қажетті инвестиция мөлшері өндірісті және еңбекті ұйымдастыру әдісін  және оның ұйымдастырмалық, өндірістік құрылымы негізеледі. Кәсіпорын персоналының санын анықтау және еңбекке төлемді ұйымдастыру және кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері қарастырылады.

 

          Кесте 14, әдеб. көрсеткіші – 9 атау. 

 

Пікір беруші:  тех. ғыл.канд., доцент А.Аманбаев

 

«Алматы энергетика және байланыс университетінің» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылды. 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің» КЕАҚ, 2012 ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе

4

Есептік-сызба жұмыстарды орындаудағы байланысты мәліметтер, қағидалар және ақыл-кеңестер

 4

1

№1 Есептік-сызба жұмыс. Кәсіпорын персоналын анықтау және еңбекке төлемді ұйымдастыру

8

1.1

Персоналды таңдау

8

1.2

Еңбекке төлем жүйесін таңдау

10

1.3

Орташа айлық еңбек ақыны есептеу

12

2

№2 Есептік-сызба жұмыс. Кәсіпорын қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері

13

2.1

Өнімнің толық құнын есептеу

13

2.2

Шығарылатын өнімнің есептік бағасы анықтау

15

2.3

Баланстық пайда

15

2.4

Таза пайданы есептеу және бөлу

17

3

№3 Есептік-сызба жұмыс. Инвестицияның тиімділігін көрсететін көрсеткіштерді бағалау

18

Қосымшалар

21

Қолданылған әдебиеттер тізімі

24

  

Кіріспе

Есептік-сызба жұмыстардың мақсаты студенттердің кәсіпорындарды ұйымдастыру мен жоспарлау жайында алған теориялық білімдерін, сонымен қатар олардың практикада кәсіпорынның ең жоғарғы экономикалық тиімділігін есептеп анықтау бойынша білімдерін нығайту болып табылады.

Жұмыстың бастапқы беті АЭжБУ талабына сәйкес безендірілуі керек.

 

Есептік-сызба жұмыстарды орындаудағы байланысты мәліметтер, қағидалар және ақыл-кеңестер

 

Есептік-сызба жұмыстарды орындаудың негізгі мәліметтерін сынақ кітапшасының соңғы санына сәйкес таңдалып алынады.

Есептік-сызба жұмыстарды орындағанда ескерілетін жайттар:

- жұмыстың студенттің өз бетінше істеген жұмысының бір этапы болатынын және болашақта өз мамандығымен жұмыс істегенде практикалық дағды алуына көмектесетінін ескеру керек;

- есептік-сызба жұмыс практика жүзінде бар жайлар мен қазіргі таңда ұйымдастыру мен басқару құрылымдары бар кәсіпорындар мен нарықтық экономикамен таныса отырып құрылған;

- қызметкерлердің санын анықтау тәсілдері мен функцияларын, еңбек ақы тәсілдері мен функцияларын, төлем ақыларын заманға, экономикалық талаптарға сай тағайындауды үйрену болып табылады.

 

Автоматика құралдарын және есептеу машиналарын жинақтап шығаратын кәсіпорынды құруды негіздеу бойынша қажетті мәліметтер

 

Мемлекеттік бағдарлмалар мен нарықтың жағдайына байланысты өндірістік және тұрмыстық есептеу техникалары, автоматика құрылғылары радиоэлектронды және теледидарлық аппаратураларды жинақтап шығаратын кәсіпорындарды салу қажет екенін көреседі.  

Оқу мақсатында құрылатын кәсіпорын тауардың екі түрі бойынша: автоматика және телемеханика құралдарын (цех 1) және есептеу техникаларын (цех 2) шығарады. 

Жылдық жоспарланған екі өнім түрі бойынша жалпы өнім көлемі маркетингтік зерттеулер бойынша алдын ала берілген тапсырыстар мен басқа да ақпараттарға сүйене отырып жасалады:

- цех 1  -  3000 ден  8000 данаға дейін;

- цех 2  -  6000 ден  10000 данаға дейін.

Нақты өнім көлемі студенттің өз бетінше оқытушының келісімімен таңдалып алынады.

Жалпылама технологиялық үрдіс пен өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы 1-кестеде келтірілген.

  

1 кесте - Технологиялық үрдіс пен өнімді дайындаудың еңбек сыйымдылығы

Өнім түрлерін шығару жұмыстарының атауы

Жұмысты орындаудың орташа тарифтік разряды

Өнім түрлерін шығарудың еңбек сыйымдылығы, сағатта

Уақыт нормасының орындалу коэффициенті

Цех 1      

Цех 2

Нұсқа нөмірлері

1, 6, 2, 5

3, 4, 0

7, 8, 9

1, 2, 3

4, 5, 8

6, 7, 9, 0

Станоктық

7

1,5

1,7

1,9

2,8

2,6

2,4

1,06

Слесаpлық

6

2

2,2

2,3

3

2,9

2,8

1,04

Монтажды- жинақтау

5

3,5

3,3

3,7

4

4,2

4,4

1,02

Түзетпелік- сынақтық

9

6

6,5

7

9

8

10

1

Сапаны техникалық бақылау

6

0,5

0,3

0,4

0,3

0,5

0,35

1

 

Сапаны техникалық бақылау коэффициентін 0,3-0,75 аралығында алуға болады (нақты мәнін студент өзі таңдайды).

Материалдар мен қосалқы бөлшектерге кететін шығындар 2-кеcтеде берілген.

 

2 кесте - Материалдар мен қосалқы бөлшектерге кететін шығындар

Нұсқа нөмірлері

Өнім түрі бойынша шығындар (мың теңге)

өнім А

өнім Б

0

7000

8000

1

7500

8500

2

8000

9000

3

8500

9500

4

9000

10000

5

9500

10500

6

10000

11000

7

10500

11500

8

11000

12000

9

11500

12500

 

Жаңадан құрылатын кәсіпорынға қажетті алаң 3-кестеде берілді.

 

3 кесте - Кәсіпорынға қажетті алаң

Нұсқа нөмірі

Қажетті аудан  (шаршы м)

0

500

1

600

2

700

3

800

4

950

5

1300

6

1500

7

5000

8

2400

9

3300

 

Есептік-сызба жұмыстардың құрылымы

 

Есептік-сызба жұмыста келесі сұрақтарға жауап беру керек:

-       кәсіпорынның ұйымдастырмалық құрылымын негіздеу, жарғылық және резервтік капиталын, сондай-ақ кәсіпорынды құруға қажетті инвестиция мөлшерін анықтау; 

-       тауарды өткізу нарығын сипаттау;

-       кәсіпорында пайдаланатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыру әдісін  және оның ұйымдастырмалық, өндірістік құрылымын негіздеу;

-       кәсіпорын персоналының санын анықтау және еңбекке төлемді ұйымдастыру;

-       кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері;

-       қорытынды және ұсыныстар.

Есептік-сызба жұмыстарды орындауға ақыл-кеңестер

 

Есептік–сызба жұмыстарда құрылатын кәсіпорынның ұйымдастырмалық-құқықтық түрін негіздеу керек. Сонымен қатар кәсіпорынды құрушылардың өзара пайыздық құрылымын және жарғылық пен резервтік капиталдарын көрсету керек.

Акционерлік қоғамның жарғылық капиталының мөлшері шетелдік инвестицияның үлесін қоса есептегенде елдегі төменгі еңбек ақыдан 1000 есе жоғары болу керек.

Басқа да кәсіпорындар үшін жарғылық капиталының мөлшері елдегі төменгі еңбек ақыдан 100 есе жоғары болу керек.

Резервтік капиталдың мөлшері жарғылық капиталдың 15-25 % құрайтын болады және бірнеше жыл бойы баланстық пайдадан 5 %-дан жоғары емес мөлшерде аудару арқылы жинақталатын болады.

Соңынан кәсіпорынды құруға қажетті қаржы анықталады және оны қаржыландыру көздері ұсынылады. Кәсіпорынды құруға қажетті қаржы келесідей мәліметтер түрінде берілді:

1) Кәсіпорынды құруға қажетті құжаттарды дайындау, кәсіпорынды құруға байланысты кеңес беруші мамандарға төлем (елдегі төменгі еңбек ақыдан 15–20 есе).

2)  Кәсіпорынды мемлекеттік тіркеу (елдегі төменгі еңбек ақыдан 5 есе).

3) Басқа да шығындар: мемлекеттік алымдар, мөр дайындау, және т.б. (елдегі төменгі еңбек ақыдан 3 есе).

4) Жабдықтар, приборлар, компьютерлер және т.б құрылғыларды сатып алу (елдегі төменгі еңбек ақыдан 20000 - 25000 есе).

5) Өндірістік және шаруашылық құрал-саймандарды сатып алу (елдегі төменгі еңбек ақыдан 1200 - 1300 есе).

6) Көлік  және оның құрадарын сатып алу (елдегі төменгі еңбек ақыдан 1300-1500 есе).

7) Өндіріске қажетті алаңды сатып алу және өндіріске қажетті 1 ш.м алаңның нарықтық құны (елдегі төменгі еңбек ақыдан 15-20 есе).

8) Басқа да өндірістік шығындар (жөндеу, қайта жоспарлау). Оларды  220 - 230 еселік еңбек ақы мөлшерінде қабылдауға болады.

 

Қажетті өндірістік алаңды анықтау

 

Бірінші жұмыста мемлекеттік тапсырыстар мен халық және кәсіпорындардың сұраныстары қарастырылады және өндірістік және еңбекті ұйымдастыру кәсіпорында пайдаланатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыру әдісін (даналық, сериялы және бригадалық өндіріс әдістері және т.б.) және оның ұйымдастырмалық, өндірістік құрылымын (бөлімше, бөлім және қызметтер құрамын) негіздеу қарастырылады. Мұнда өндірістік алаңның схемасы негізінде қажетті жердің аумағы, сондай-ақ кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуіне қажетті өндірістік алаң анықталады, ол келесі формула бойынша есептеледі:

 

S  =  P Hалi  +  Sқос,                                          ( 1 )

 

мұндағы  Pi   - категория бойынша персоналдар саны;

Hалi – персонал категориясы бойынша өндірістік алаңның минималды орташа нормасы:

- 1 негізгі жұмысшы үшін  -                                        9 - 11 ш.м,

- 1 көмекші жұмысшы үшін  -                                     7 - 9  ш.м,

- қызмет көрсетуші персоналдың  1 қызметкері-       5 - 6  ш.м,

- 1 маман үшін -                                                           8 - 10 ш.м,

- 1 басшы үшін -                                                          25 - 30 ш.м,

Sқос – қажетті қосымша алаң (коридорлар, душтық бөлмелер, гардероб,

дәретханалар және т.б.), 1 қызметкер үшін (бір ауысымдық жұмыста) орташа 6-9 ш.м. алуға болады.

Амортизациялық аударылымдар жабдықтардың табиғи және моральдық тозуын қаржылай орнын толтыру екені белгілі және күрделі жөндеу жүргізу мен тозған жабдықтардың орнына жаңа жабдықтар алуға (реновация) жұмсалады. Амортизацияланатын қорға кәсіпорынды ашуға кеткен барлық қаржыны кіргізуге болады. Орташа есеппен амортизациялау нормасын 6 - 8 % аралығында алуға болады.

 

1  №1 Есептік-сызба жұмыс.  Кәсіпорын персоналын анықтау және еңбекке төлемді ұйымдастыру

 

Жұмыстың мақсаты: кәсіпорында пайдаланатын өндірісті және еңбекті ұйымдастыру әдісін  және оның ұйымдастырмалық, өндірістік құрылымын негіздеу және кәсіпорын персоналының санын анықтау және еңбекке төлемді ұйымдастыру болып табылады.

 

Тапсырма:

- кәсіпорын персоналының құрамы, қажетті саны (және категория бойынша);

- әрбір персонал категориясы бойынша еңбекке төлем жүйесін таңдауды негіздеу және қызметкерлер топтары және жалпы кәсіпорын бойынша еңбек ақы қоры;

- персоналдар категориясы және жалпы кәсіпорын бойынша орташа айлық еңбек ақыны есептеу.

 

1.1   Персоналды таңдау

 

Кәсіпорын персоналының құрамына негізгі және көмекші жұмысшылар, мамандар, басқарушы және қызмет көрсетуші персоналдар кіреді.

Әрбір мамандық бойынша негізгі жұмысшылардың қажетті саны келесідей формуламен анықталады:

                              ( 2 )

мұндағы

n - кәсіпорыннан өндірілетін өнім түрінің саны;

Qi - i-шы өнімнің жылдық шығару мөлшері, дана;

ti - i-шы өнімді шығарудың еңбек сыйымдылығы;

Кн - i-шы мамандық бойынша жұмыс істейтін жұмысшылардың i-шы жұмыстың нормасын орындаудың жоспарланған коэффициенті;

Fж – бір жұмысшының жылдық жұмыс істеу уақыты, сағатта. Ол келесідей анықталады:

 

Fж =  Fн ј (1 – Нж.ш.) ,                                        (3)

 

мұндағы  Fн  - бір жұмысшының номиналды жұмыс істеу уақыттық қоры  (2048 сағат деп алуға болады);

Нж.ш. – жұмысқа шықпау коэффициенті (0,1 қабылдау керек).

Негізгі жұмысшылардың құрамына кіретін бақылаушылардың саны келесі  формуламен анықталады:

 

                                            (4)

 

мұндағы  tк - тексеру жұмыстарын орындаудың еңбек сыйымдылығы;

Көн - өнімнің сапасын бақылаудың коэффициенті. Көмекші персоналдар саны негізгі жұмышылардың санының 40 %- 60 % мөлшерін құрайды. Көмекші персоналдарға жататындар: слесарлар-жөндеушілер, жинақтаушылар, көлік жұмысшылары, өндірістік алаңды сыпырушы, қалаушы және т.б.

Әрбір көмекші персоналдардың санын мамандықтар бойынша көрсету керек.

Мамандар санын (технологтар, экономистер, бухгалтерлер және т.б.) негізгі және көмекші персоналдар санынан 20-30 % мөлшерінде алынады.

Қызмет көрсетуші персонал (хатшылар, кассирлер, курьерлер, күзетшілер, референттер, ЭЕМ операторлары және т.б.) барлық жұмысшылар мен мамандардың 10 %-ынан жоғары емес алу керек.

Басқару персоналын кәсіпорын басшысы, оның орынбасарлары мен көмекшілері, мастерлер және т.б.) барлық жұмысшылардың, мамандардың және көмекші персоналдардың санынан 10 %-ынан жоғары емес алу керек. Өндірістік мастер үшін басқару нормасы 25 жұмысшыдан кем болмасын.

Кәсіпорынның  ұсынылып отырған персоналдарының қызметтері мен мамандықтарының тізімі 1-қосымшаға енгізіледі.

Персоналдың санын анықтау кезінде жұмыстың сапасын және уақытында орындалуын ескере отырып, еңбек ақы шығындарын барынша үнемдеуге тырысу керек.

Персоналды таңдау ретін сипаттап жаз немесе 4-кестені  пайдалан.

 

4 кесте - Кәсіпорынға персоналды таңдау әдісі               

Персоналды

таңдау амалы

Персонал категориясы

Жұмыс-шылар

Басқару персоналы

Мамандар

Қызмет көрсетуші персонал

Конкурс, сайлау, тестілеу, әңгімелесу

 

 

 

 

Анкеталық мәліметтер

 

 

 

 

Ақыл-кеңестер

 

 

 

 

Оқу орындардың тапсырысы бойынша

 

 

 

 

Еңбек биржасы және т.б. арқылы

 

 

 

 

 

Кәсіпорын жұмыскерлерінің саны анықталғаннан кейін штаттық кесте құрылады және 5-кестеге енгізіледі. Содан соң жұмысшылардың құрылымы есептеліп 6-кестеге жазылады.

 

1.2   Еңбекке төлем жүйесін таңдау

 

Әрбір персонал категориясы үшін еңбекке төлем жүйесін таңдау қажет (тарифтік, келісім-шарттық, үлестік) және қысқаша негіздеу керек. Өндірістік кәсіпорындарда көбінесе жұмысшыларға тарифтік еңбек ақы төлем жүйесі қолданылады.

Осы жүйе бойынша негізі жұмысшыларға (бақылаушыларды қоспағанда) еңбек ақы төлеудің келісімді-сыйақылы түрі қолданылады. Мұндай жағдайда негізгі жұмысшылардың еңбек ақы қоры төмендегідей анықталады:

 

ЕАҚнег = ЕАнег + ЕАқос,                                   ( 5 )

 

мұндағы   ЕАнег - өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;

ЕАқос – қосымша еңбек ақы (кезекті демалысты төлеу ЕАҚнег –дан 8-12 %);

Негізгі еңбек ақы төмендегідей  анықталады:

 

ЕАнег = ЕАт + С ,                                            ( 6 )

 

мұндағы   ЕАт – тарифтік еңбек ақы;

С - сыйақы (ЕАт-дан 30-50 %).

  

5 кесте - Кәсіпорынның штаттық кестесі                         

Қызметтер мен мамандықтардың атауы

Штаттық бірліктер саны

Тарифтік

разряд

Айлық еңбек ақы, теңге

1 Басқару персоналы:

1.1 Кәсіпорын президенті

1.2 Экономика және қаржы бойынша вице-президент

 

1

1

 

18

17

 

2 Мамандар:

2.1 Юрист

2.2 Финансист және т.б.

 

 

 

3 Жұмысшылар:

3.1 Негзгі

3.2 Көмекші

 

 

 

4  Қызмет көрсетуші персонал:

 4.1 Кассир

4.2 Күзетші және т.б.

 

 

 

 

 

6 кесте - Кәсіпорын жұмысшыларының құрылымы       

Жұмысшылар категориясы

Адам

%

Басқару персоналы

Мамандар

Жұмысшылар

Қызмет көрсетуші персонал

 

 

Барлығы

 

100

 

Тарифтік еңбек ақы келесідей есептеледі:

 

,                                            (7)

мұндағы  n - жұмыскерлердің саны;

tе.с.i – жұмыс түрі бойынша өндірілген барлық өнімнің еңбек сыйымдылығы, сағ.;

Тсағi – разрядқа сәйкес сағаттық тарифтік мөлшерлеме. Оны келесідей анықтауға болады:

 

Тсағi ЕАай1 ј Кт / (Күн ј · кау ),                                 (8)

 

мұндағы ЕАай1 –Бірыңғай тарифтік мөлшерлеменің (БТМ) 1-ші разрядының айлық еңбек ақы,

Күн – бір айдағы орташа жұмыс күндерінің саны (21,5 күн );

кау – ауысым ұзақтығы (8 сағат);

Кт жұмыс разрядына сәйкес тарифтік коэффициент. БТМ-нің тарифтік коэффициенттер мәндері 3-қосымшада келтірілген.

Негізгі жұмысшылардың еңбек ақы қорының есебін 7-кестеге енгізу керек.

7 кесте - Негізгі жұмысшылардың еңбек ақы қоры          

Жұмыстардың атауы

Барлық өнімдерді шығарудың еңбексыйым-дылығы (сағ), tе.с.

Тсағi

(теңге/сағ)

ЕАт

ЕАнег

ЕАқос

ЕАҚ

Станоктық

 

 

 

 

 

 

Слесаpлық

 

 

 

 

 

 

Монтажды-жинақтау

 

 

 

 

 

 

Түзетпелік

 

 

 

 

 

 

Сапаны бақылау

 

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

 

 

Көмекші жұмысшылар мен бақылаушылардың еңбегі уақыттық-сыйақылы түрі бойынша бағаланады. Осы түрі бойынша жылдық еңбек ақы қоры төмендегідей анықталады:

 

ЕАҚкөм = Fж ј Тсағ ј Ркөм  +  С  +  ЕАқос,                      (9)

 

мұндағы Тсағ –жұмысшының разрядына сәйкес сағаттық тарифтік мөлшерлемесі;

Ркөм – белгілі бір разрядтағы көмекші жұмысшының саны.

Мамандардың жылдық еңбек ақы қоры келесі формуламен анықталады:

 

ЕАҚмаман = ЕАтұрј 12 ј Рмаман  +  С,                   (10)

 

мұндағы ЕАтұр – тұрақты айлық еңбек ақы (қосымша 1 және 2 қара);

Рмаман – тұрақты айлық еңбек ақыға сәйкес мамандар. Осы сияқты басқару және қызмет көрсету персоналдарының жылдық еңбек ақы қорлары анықталады.

 

1.3   Орташа айлық еңбек ақыны есептеу

 

Кәсіпорынның бір жұмысшысының орташа айлық еңбек ақысы келесідей анықталады:

 

ЕАо.а.  = ЕАҚжалп/ ( 12 ј Ржалп),                        (11)

 

мұндағы ЕАҚжалп– кәсіпорынның жалпы жылдық (барлық персоналының) еңбек ақы қоры;

Ржалп - кәсіпорынның персоналының жалпы саны.

Еңбек ақының жалпы қорының есебін және орташа айлық еңбек ақыны 8-кестеге енгізу керек.

 

8 кесте - Орташа айлық еңбек ақы                                   

Пеpсоналдар категориясы

ЕАҚ

(мың теңге)

Р

(адам)

Орта айлық еңбек ақы (мың теңге)

Басқару персоналы

Мамандар

Жұмысшылар

Қызмет көрсетуші

персонал

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

  

2  №2 Есептік-сызба жұмыс. Кәсіпорынның қызметінің қаржылық-экономикалық нәтижелері

 

Жұмыстың мақсаты: кәсіпорын өнімінің бағасын бағалау болып табылады.

Тапсырма: өнімнің толық құнын есептеу, шығарылатын өнімнің есептік бағасын анықтау, баланстық пайданы, таза пайданы есептеу және бөлу.

 

2.1 Өнімнің толық құнын есептеу

 

Төртінші бөлімде әрбір өнім түрі үшін өзіндік құндарын есептеп шығу керек. Өнімнің толық өзіндік құнын есептеу келесідей формуламен анықталады:

ӨҚөнім  =  ӨҚөнд  +  Шком ,                              (12)

 

мұндағы   ӨҚөнд - өндірістік өзіндік құн;

Кшығ - коммерциялық шығындар (маркетингтік зерттеу, жарнама, тара және т.б., ӨҚөнд-дан 15-25 % деп алуға болады)

Өндірістік өзіндік құн анықталады:

 

ӨҚөнд = Шм + ЕАнег+ ЕАқос+ (Шә.қ.+ Шк.с.)ј·ЕАҚөнім+ Шүст + Шб,          (13)

 

мұндағы Шм - негізгі матеpиалдар мен көмекші бөлшектерге кететін шығындар;

ЕАнег - өндірістік жұмысшылардың бір өнімге кететін негізгі еңбек ақысы;

ЕАқос - өндірістік жұмысшылардың бір өнімге кететін қосымша еңбек ақысы;

Шэ.қ.  - әлеуметтік қажеттілікке аударылатын жалпы шығын мөлшері (қосымша 3);

Шк.с.  - көлік салығы ( қосымша 3);

ЕАҚөнім- негізгі жұмысшылардың бір өнімге шаққандағы еңбек ақы қоры ( ЕАнег + ЕАқос);

Шүст – үстеме шығындар (ЕАнег-дан  30 %);

Шб – басқа өндірістік шығындар (ЕАнег-дан  5-6 % деп қабылдау керек).

Өндірістік жұмысшылардың бір өнімге шаққандағы негізгі еңбек ақысының есебі 9-кестеге енгізіледі.

Әрбір өнімнің толық өзіндік құнын анықтай отырып, келесідей бағаларды болжауға болады:

- кәсіпорын бағасын – Бк;

- өткізу бағасын (есептелген, нарықтық)  - Бөтк.

9 кесте - Өндірістік жұмысшылардың негізгі еңбек ақысының есебі 

Жұмыстар атауы

t-жұмысқа кететін уақыт (сағ)

Тсағ

(мың теңге)

ЕАт

(мың теңге)

С

(мың теңге)

ЕАнег

(мың теңге)

Станоктық

 

 

 

 

 

Слесаpлық

 

 

 

 

 

Монтажды- жинақтау

 

 

 

 

 

Түзетпелік

 

 

 

 

 

Сапаны бақылау

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

 

 

Өнімнің екі түрі бойынша барлық шығындар баптарын есептеуден кейін 10-кестеге өзіндік құндар сметасы жасалады.

 

10 кесте - Өнім бағасын есептеу                                     

Баптар атауы

Белгіленуі

Сомасы

Өнім А

Өнім Б

Материалдық шығындар

Шм

 

 

Негізгі еңбек ақы

ЕАнег

 

 

Қосымша еңбекақы

ЕАқос

 

 

Амортизациялық аударылымдар

Ша

 

 

Әлеуметтік қажеттіліктерге аударылымдар

Шә.қ.

 

 

Көлік салығы

Шк.сал.

 

 

Үстеме шығындар

Шүст

 

 

Басқа да шығындар

Шб

 

 

Өндірістік өзіндік құн

ӨҚөнд

 

 

Коммерциялық шығындар

Шком

 

 

Толық өзіндік құн

ӨҚтол

 

 

Ескерту: нарық жағдайында баға берілген өнім түріне сұраныс пен ұсыныстың әсері нәтижесінде анықталады.

 

2.2 Шығарылатын өнімнің есептік бағасын анықтау

 

Өнімге кәсіпорын бағасы келесі формула бойынша анықталады:

 

Бк  =  ӨҚтол  +  Пөтк  =  ӨҚтол  +  Rр ј · ӨҚтол ,                     ( 14 )

 

мұндағы  Пөтк - өнімді өткізуден түскен пайда;

Rр - өнімнің рентабельділік деңгейі  (20 – 40 %).

Өнімді өткізу бағасы мына формуламен анықталады:

 

Бөтк  =  Бк +  Шққс  +  Шак ,                               ( 15 )

 

мұндағы Шққс - қосымша құнға салық  (қосымша 3);

Шак - акциз (есептеу техникаларына қолданылмайды).

Тауарды дүкендер немесе көтерме сатып алушылар арқылы сататын болса, онда өткізу бағасына қосылатын баға Бк–дан 15-20% мөлшерінде алуға болады).

Сонымен екі өнім түрі бойынша есептелген бағалар 11-кестеге енгізіледі.

 

  11 кесте - Өзіндік құн және өнім бағасы                        

Көрсеткіштер атауы

Белгіленуі

Өнім  А

Өнім Б

Толық  өзіндік құн

ӨҚтол

 

 

Өнімді өткізуден түскен пайда

Пөтк

 

 

Кәсіпорын бағасы

Бк

 

 

Қосымша құнға салық

Шққс

 

 

Алып сатушының қоспа бағасы

Та.с.

 

 

Өткізу бағасы

Бөтк

 

 

 

2.3 Баланстық пайда

 

Келесі кестеге өнімнен түскен түсімді және пайданы (баланстық пайданы) анықтау керек.

Нарықтық баға бойынша өткізілген өнімнің түсімінің шамасы (бpутто) келесідей анықталады:

,                                            ( 16 )

мұндағы Wi - өткізілген тауардың саны, дана (шығарылған өнім санымен тең деп алуға болады).

Кәсіпорын бағасы бойынша өткізілген өнімнің түсімінің шамасы (нетто) келесідей анықталады:

,                                          ( 17 )

Өнімді өткізуден түскен пайда анықталады:

 

,                                ( 18 )

Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметін көрсететін баланстық пайда төмендегідей анықталады:

 

Пб  =  Пөтк  +  Пб.ө.  +  Vт  -  Vш  -  Шсал,                   ( 19 )

 

мұндағы Пб.ө. – басқа да өткізулерден түскен пайда  (қажетсіз, артық және өндірістен шығарылған активтерді сатудан түскен пайда Пөтк- дан  10-20 %);

Vт – басқа да атқарылған қызметерден түскен табыстар (бағалы қағазар мен басқа бірлескен кәсіпорындарда өз үлесі бар болуы себепті, айыпұлдар қабылдау, басқа кәсіпорындардың келісім-шарттарды бұзуына байланысты төлемдер, Пөтк –дан  7-10 %);

Vш - басқа да атқарылған қызметтерден болған шығындар (айыппұлдар, басқа кәсіпорындардың келісім-шарттарын бұзуына байланысты төлемдер, Пөтк-дан  2-3 %) ;

Шсал - салықтар.

Салықтарды келесідей анықтауға болады (қосымша 3),:

Есептік-сызба жұмыста басқада салықтар түрлерін ЕАҚ-нан 15-25 % деп алуға болады;

ЕАҚтөм – кәсіпорын қызметкерлерінің төменгі еңбек ақы қоры. Оны келесідей анықтауға болады:

 

ЕАҚтөм  =  ЕАтөм ј Ржалп ј 12,                          (20)

 

мұндағы  ЕАтөм – елдегі төменгі айлық еңбек ақы;

Ржалп – кәсіпорын қызметкерлерінің жалпы саны.

Баланстық пайданы анықтап болғаннан соң, оның қалай бөліп тарату бағыттары қарастырылады:

1)     Табыс салығын төлеу Шсал.т. Оның мөлшері:

 

Шсал.т. = ( Пб ) ј Мт.сал ,                                 (21)

 

мұндағы  Мт.сал – табыс салығының мөлшерлемесі (қосымша 3).

2) Әртүрлі экономикалық санкциялар бойынша төлемдер (салық комитеті, санитарлық-эпидемиялық инспекциялар және т.б. мемлекеттік құрылымдар тарапынан) - Эс, оны Пб дан  1 %  деп алуға болады.

3)  Резервтік қорға аудару- Қрқ.

 

2.4 Таза пайданы есептеу және бөлу

 

Салықтар мен басқа да төлемдерден кейінгі қалған пайда таза пайда деп аталады. Таза пайда төмендегідей анықталады:

 

Пт = Пб – Шсал.т. - Эс - Қрқ .                           ( 22 )

 

Таза пайда кәсіпорында келесідегідей бағытқа жұмсалады:

- банк несиелерінің пайыздарын қайтаруға (Пб –дан  0,2 - 0,3 %) ;

- техникалық дамуға (жинақтау қоры);

- тұтыну қорын құруға (коллективтің әлеуметтік дамуына, персоналға материалдық көмек көрсетуге және т.б.) ;

- қайырымдылық, экологиялық мақсаттарға;

- дивидендтерді төлеуге;

- басқа да мақсаттарға (нормативтен асатын басқармалық және жарнамалық шығындарға және т.б.).

Нақты пайданың мөлшерін студент өзі бетінше бөліп анықтайды. Есептелген табыс пен пайда 12-кестеге жазылады.

12 кесте - Түскен түсім мен пайданы құрау және пайдалану

Көрсеткіштер атауы

Белгіленуі

Мөлшері (теңге)

Нарық бағасы бойынша өнімді өткізуден (алып сатушының бағасынсыз) түскен  барлық түсімдер

ТТбp

 

 

Қосымша құнға салық

Шққс

 

Кәсіпорын бағасы бойынша сатылған өнімнен түскен түсім 

ТТн

 

Барлық өнімді шығарудың толық өзіндік құны

ӨҚтол

 

Өнімді өткізуден түскен пайда

Пөтк

 

Басқа да өткізулерден түскен пайда

Пб.ө.

 

Өткізуден тыс жұмыстардан түскен кірістер

Vт

 

Өткізуден тыс жұмыстардан болған шығындар

Vш

 

Баланстық пайда

Пб

 

Табыс салығы

Шсал.т.

 

Экономикалық санкциялар

Эс

 

Резервтік қор

Қpқ

 

Таза пайда

Жұмсалу бағыттары: техникалық даму, тұтыну қоры, дивиденттерді төлеу, қайырымдылық, қоршаған ортаны қорғау және басқада мақсаттарға

Пт

 

3 №3 Есептік-сызба жұмыс.  Инвестицияның тиімділігін көрсететін көрсеткіштерді бағалау

 

Жұмыстың мақсаты: өндірілетін өнімнің нарыққа төтеп бере алатындығын және ол үшін не істеу керектігін бағалау керек.

Тапсырма: өнімнің тиімділігін немесе соған жұмсалатын инвестицияны бағалау үшін кетірілген таза құнды (NPV), ішкі табыс нормасын (IRR), өтелу мерзімін  (PP) анықта.

 

Жұмысқа әдістемелік нұсқаулар

 

Инвестициялық жобаны бағалауды тек төрт көрсеткіш пайдаланатыны белгілі:

Іо – бастапқы инвестициялар;

CF - несиені қайтаруға жіберілетін қаржы ағыны;

r - банктің несие бойынша пайыздық мөлшерлемесі (осы жыл бойынша банк мөлшерлемесіне сәйкес алынады, %);

n -  несиенің күнтізбелік жылы.

Инвестициялық жобаларды жасағанда және талдағанда ең қиыны пайданы есептеу және несиені қайтаруға жіберілетін қаржы ағынын CF есептеу болып табылады.

 

Таза келтірілген құнды NPV анықтау әдісі  

 

Бұл инвестициялық жобаны жүзеге асыру нәтижесінде фирманың құны қаншаға көтеріле (немесе сол инвестициядан берілген мерзімде түсетін таза пайданы көрсетеді) алатындығын көрсететін инвестицияны анықтаудың әдісі және ол төмендегідей анықталады

 

                  

       

I0 – бастапқы қаржылық салымдар.

Есептеу нәтижелерін 13-кестеге ұқсас енгізу керек.

Есептеу мысалы: фирма жылына 10 %-бен төрт жылға 18000 сомада несие алды.

 

13 кесте - NPV есептеу

жыл

CF

R10

PV10

0

-18000

1

-18000

1

10000

0,909

9090

2

8000

0,826

6608

3

6000

0,751

4506

NPV

 

 

+2204

 

      

NPV есептеу PV-дің бірінші оң мәніне дейін жүргізіледі. Егер есептеу берілген мерзімде жылдар бойынша тиімсіз болса, онда жобаның стратегиясын қайта қарау керек - CF-ті көбейту немесе r-і төмен банк табу керек.

Егер NPV фирмаға қажет уақытты қанағаттандырса, онда жобаның нәтижесінде фирманың құны өседі, яғни жоба тиімді, оны қабылдау қажет.

Бұл әдістің кеңінен қолданылуы бастапқы шарттардың әртүрлі комбинацияларға барлық жағдайларда экономикалық ұтымды шешімдерді табуға мүмкіндік бере алатын тұрақтылығымен түсіндіріледі.

 

Пайданың ішкі нормаларын IRR есептеу әдісі

 

Пайданың ішкі нормасы инвестициялау мақсатына бағытталған қаржының өтелу деңгейін көрсетеді. Бұл r-дің қандай мәнінде NPV=0 болатын көрсетеді

.                                         (23)

 

NPV=0 болған кездегі IRR – бұл жоба фирманың құнының өсуін қамтамасыз етпейді және оның төмендеуіне әкелмейді.

Бұл дисконттық еселеуіш (R= 1: (1+r)n инвестицияларды жарамды және пайдасыз деп бөледі. IRR-ді инвестициялауға капиталды қандай бағаға алғанын және оны пайдаланғанда қандай таза пайда деңгейін алғысы келетінін (баръерлік еселеуіш) ескере отырып, фирма өзіне таңдайтын салымдардың өтелу деңгейімен салыстырады.

Есептеу нәтижелерін 14-кестеге ұқсас енгізу керек.

Есептеу мысалы: фирма жылына 15 %-бен төрт жылға 20000 сомада несие алады.

 

  14 кесте - IRR есептеу

жыл

CF

R15

PV15

R20

PV20

0

-20000

1.0

-20000

1,0

-20000

1

8000

0,820

6960

0,833

6664

2

10000

0,756

7560

0,694

6940

3

6000

0,658

3548

0,579

3474

4

4000

0,572

2288

0,482

1928

NPV

 

 

+756

 

-994

 

IRR шамасы төмендегі формуламен анықталады

 

                

 

IRR жоба бойынша тәуекел деңгейінің индикаторы болады - IR қаншалықты фирмамен қабылданған баръерлік еселеуіштен көп болса, соншалықты жобаның беріктік қоры көп болады және соншалықты болашақтағы қаржылық түсімдерді бағалау кезіндегі қателіктер қорқынышты болмайды.

 

Инвестицияның өтелу мерзімін РР есептеу

 

Бұл әдіс бастапқы инвестициялардың сомасын өтеуге қажет уақытты анықтауға негізделген

                                                                                       (24)

 

Екі әдіс бар: CF жылдар бойынша тең болғанда және CF жылдар бойынша әртүрлі сомамен жүргенде:

Егер І0= 600, ал CF 150-ден, онда РР= 600:150= 4 жыл.

Егер І0= 600, ал CF -700+150+100+200= 650, онда өтелу мерзімі 3,75 жыл, яғни 3 жыл 9 ай.

Біздің жағдайда, қаражат ағындары жыл бойынша тең және бірінші есептеудің мысалын пайдаланған жөн.

 

 

1 Қосымша

Кәсіпорын персоналдарының қызметтері мен мамандықтарының ұсынылған тізімі

Қызметтер мен мамандықтардың атауы

Ұсынылған тарифтік разряд

1. Басқару персоналы:

Кәсіорын жетекшісі - директор, президент

16-18

 

Директор орынбасары, вице-президент:

- маркетинг, қаржы және экономика бойынша

 

15-17

- өндірістік және техникалық сұрақтар бойынша

15-17

-  еңбек және әлеуметтік сұрақтар бойынша

15-17

Бөлімше бастығы

14-16

Мастер

10-12

2. Мамандар:

Бөлім бастығы

14-15

Конструктор, технолог,  программист

7-14

Экономист, финансист

7-13

Бухгалтер, жабдықтаушы

6-12

Бас маман (бас бухгалтер)

13-16

Юрист, маркетолог

7-13

Психолог, социолог, референт

6-12

Сауда агенті

6-12

Кадр инспекторы

6-10

Жұмысшылар:

Негізгі

Техникалық үрдіске сәйкес

Көмекші: Слесарь-жөндеуші

6-9

Жабдықты түзетуші

6-9

Бөлмше сыпырушысы

2-3

Кезекші электрик

5-7

Жинақтаушы

5-6

Көлік қызметшісі

5-7

Қалаушы

4-5

4. Қызмет көрсетуші персонал: лаборант оператор ЭВМ

6-7

шофер

5-6

күзетші

4-5

кассир

2-3

курьер

2-4

хатшы

3-5

Офис сыпырушысы

1-2

 

2 Қосымша  

Бірыңғай тарифтік мөлшерлеме

Тарифтік разряд

Тарифтік коэффициент

1

1,00

2

1,30

3

1,69

4

1,91

5

2,16

6

2,44

7

2,76

8

3,12

9

3,53

10

3,99

11

4,51

12

5,10

13

5,76

14

6,51

15

7,36

16

8,17

17

9,07

18

10,07

 

1. Минималды айлық еңбек ақы мөлшері осы жылдың ресми ақпараттарынан алуға болады немесе оқытушы береді.

2. Өндірістік салада тарифтік мөлшерлеме әрбір кәсіпорынның қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады, есептік-сызба жұмыста айлық тарифтік мөлшерлеме 1-ші разряд үшін елдегі төменгі еңбек ақыдан 3–4  есе көбірек алуға болады).

3. Егер еңбек шарты таңдалған болса, онда айлық тұрақты еңбек ақы мөлшерін төмендегідей алуға болады:

- кәсіпорын президенті - кәсіпорынның барлық жұмысшыларының орташа айлық еңбек ақы мөлшерінен 6-10 есе жоғары  алуға болады;

- вице-президенттің айлығы президенттің айлығының 70-80 % шамасын құрайды;

- бөлімше, бөлім бастықтары және бас мамандар - президент айлығының 60-65% мөлшерін құрайды;

- мамандар - президент айлығының 40-50 % мөлшерін құрайды;

- қызмет көрсетуші персонал  - президент айлығының 10-25 % мөлшерін құрайды;

- мастер - барлық жұмысшылардың орташа айлық еңбек ақы мөлшерінен 2-2,5 есе жоғары төленеді.

 

 3 Қосымша

 Алынатын салық түрлері

 

Салық түрлері

Мөлшерлеме,  %

Базалық есеп

1 Әлеуметтік қажеттіліктерге аудару

( кәсіорын шығындарына кіреді):

- зейнетақы қоры

- жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы

- медициналық сақтандыру

 

Осы жыл бойынша

ЕАҚжалп

 

2 кәсіпорын шығындарына кіретін басқа да салықтар:

- көлік салығы

- мүлік салығы

Осы жыл бойынша

 

 

3 Кәсіпорынның басқа да салықтары

 

ЕАҚ –нан 25 %

4 Кәсіпорыннан алынатын табыс салығы

Осы жыл бойынша

Салық алынатын пайда мөлшері

5 Қосымша құнға салық

Осы жыл бойынша

 

Ескерту: cалық мөлшерлерінің ұдайы өзгеруіне байланысты осы жылдың мәліметтерін алуға  болады немесе оқытушы береді.

 

Әдебиеттер тізімі

1.    Экономика электронной промышленности. Под ред. П.М.Стуколова.- М.: Высшая школа,1976.-338 с.

2.    Камепицер С. Е. "Организация и планирование промышленного предприятия". - М., 1987.

3.    Зайцев Н.Л. Экономика промышленного предприятия. - М., 2001.

4.    Экономика предприятия. / Под ред. Горфинкеля В.Я.,  Швандара В.А. - М.: Юнити, 2003.-742 с.

5.    Волков О.И. Экономика предприятия. Курс лекций.- М.: Инфра-М, 2003.

6.    Новицкий Н.И. Организация производства на предприятиях. - М.: Финансы и статистика, 2004.-392 с.

7.    Закиров Ш.М., Савруков В.Г. Организация и планирование производства. Практическое пособие.- М.: ФУАинформ, 2000.

8.    Түзелбаев Б.И. Сала экономикасы: Оқу құралы, АЭжБИ. Алматы, 2007.

9.    Ефимова Е.Г. Экономика: учебник для студентов неэкономических специальностей. – М.:Флинта; МПСИ, 2008. – 392 с.   

Жоспары 2012 ж. реті 111