Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Физика кафедрасы

 

  

 

 

ФИЗИКА  1

5В071900 – Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар

мамандықтарының барлық оқу түрлерінде оқитын студенттері үшін

әдістемелік нұсқаулар  мен  бақылау тапсырмалары

 

 

  

 

 

 Алматы 2011

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Т.С. Байпақбаев,  Т. Дауменов,  М.Ш. Қарсыбаев. Физика 1. 5В071900 Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандықтарының барлық оқу түрлерінде оқитын студенттері үшін әдістемелік нұсқаулар  мен  бақылау тапсырмалары. – Алматы: АЭжБУ, 2011. –  45 б.

    

         Әдістемелік  нұсқаулар  есептеу-графикалық жұмыс   (ЕГЖ) тапсырма-ларынан ( сырттай  оқу  түрі  үшін  бақылау  тапсырмаларынан ), әдістемелік ұсыныстар мен ЕГЖ  мазмұны  және  оларды орындауға қойылатын  талаптардан, қажетті  әдебиеттер  тізімінен тұрады.

         Сур. 65,  кесте 12,  18 атау 

 

         Пікір  беруші: физ.-мат.ғыл. канд., доцент  Ж.  Искаков

 

         «Алматы энергетика және байланыс институты » коммерциялық емес  акционерлік  қоғамының  2010 жылғы жоспары бойынша басылады

  

         ©  «Алматы энергетика және байланыс университеті » КЕАҚ, 2011 ж.

 

Кіріспе

            Физика курсын  оқып үйрену жоғары техникалық оқу орнының түлектерінің инженерлік-техникалық білімінің, дағдысы мен  машықтарының негізін  құрайды. Олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады.

         Курстың негізгі  мақсаттары:

а) классикалық физика теориялары мен оның  негізгі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеулер әдістерін қолану  арқылы студенттердің біліктіліктері

мен дағдыларын  қалыптастыру;

б) студенттердің шығармашылық ой-танымы мен ғылыми дүниетанымын, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын және  физикалық құбылыстарды модельдеу біліктігін  қалыптастыру.

         Физика 1 курсында  «Механика», «Статистистикалық  физика және термодинамика », «Электродинамика»  бөлімдері  оқытылады.

         Студенттердің физиканы оқып үйренуде алған білімдері мен біліктілік- тері «Электртехника теориясының негіздері», «Теориялық механика», «Қол-

данбалы  механика », «Техникалық гидродинамика», «Гидравлика», «Жылу-техникалық өлшеулер» сияқты техникалық пәндерді оқуда негіз бола алады.

         Физика 1 курсы төрт кредиттен (модульден) тұрады да, күндізгі  оқу бөлімінің студенттері күрделілігіне қарай үш деңгейге бөлінген (А,В,С- таң-

дау  бойынша) моуль ретіне сәйкес есептік-графикалық жұмыстарды, сырттай

оқу бөлімінің  студенттері бақылау жұмыстарын  орындайды. Нұсқаның нөмірін студенттің  өзі  таңдап, оны машықтану сабағын  жүргізетін оқытушы бекітеді. Сырттай оқу бөлімінің студенттерінің бақылау жұмыстарын орындау тәртібі төменде  келтірілген.

 

         1 «Физика 1» пәнін оқып үйренудегі ұсыныстар

 

         Бұл пәнді оқып үйрену кезінде, біріншіден, классикалық және қазіргі физиканың негізгі түсініктерін, заңдылықтары мен ұстанымдарын түсініп алу қажет, өйткені одан кейін оларды әрі  қарай зерттеу  жүзеге асырылады.

         «Механика» бөлімінде ең бірінші мыналарға:

-         ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың кинематикалық және

динамикалық сипаттамалары ұқсастығы мен олардың байланысы.Ол үшін векторлық  алгебраның математикалық аппараты, дифференциалдау мен интегралды  есептеулерді білген  маңызды;

-         консервативті және консервативті емес күштердің ерекшеліктерін

ескеріп , жұмыс пен энергияны  түсінуге;

- импульсің, импульс моментінің, механикалық энергияның сақталу  заңдарын, олардың уақыт пен кеңістіктің симметриялы ең негізгі қасиеттерінен  байқалатын  жан-жақтылығына;

         -  физикалық   есептерді    сақталу    заңдарын    қолданып   шешудің  тиімділігіне назар аудару керек.

 

 «Статистикалық физика және термодинамика» бөлімінде макроскопиялық жүйенің физикалық қасиеттерін зерттеудің бір-бірінен ерекшеленетін және бір-бірін толықтырып тұратын статистикалық және термодинамикалық әдістерін меңгеру қажет. Әсіресе статистикалық таралулар (Максвеллдің, Больцманның), термодинамиканың заңдары, энтропия түсінігі және осы энтропияға байланысты термодинамиканың екінші бастамасын статистикалық пайымдауға жіті назар аудару керек.

«Электрстатика және тұрақты ток» бөлімінде мыналарды: денелерге электр өрісінің зарядтарға әсер етуін, осы өрістің сипаттамаларын (кернеулік пен потенциал) және олардың қасиеттерін түсіндіретін негізгі 1) электрстатикалық  өріс  циркуляциясы туралы, 2) Гаусс теоремаларын түсініп алған дұрыс.

Есеп шығарғанда суперпозиция принципі мен Гаусс теоремасын қолдана білу керек.

Өткізгіштерде зарядтардың таралуы және электр өрісіндегі диэлектриктер жайлы білу де аса маңызды сұрақ болып табылады. Жалпылама Ом заңын оқып үйренгенде потенциалдар айырмасы, электр қозғаушы күш, кернеу туралы түсініктердің физикалық мағыналарын айыру керек.

«Электрмагнетизм» бөлімінде магнит өрісінің сипаттамалары мен қасиеттерін оқи отырып, магнит өрісі мен электрстатистикалық өрістің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын (потенциалды және құйынды сипат, өріс туғызатын көздердің болу-болмауы, электр зарядтарына өрістің әсері) ұғыну қажет.

 

2 Бақылау жұмыстарын орындауға және тапсыруға қойылатын жалпы талаптар

 

Физика есептері сан алуан құрастырылып келетіндіктен, оларды шығарудың бірыңғай жолы жоқ, дегенмен де есептерді шығарғанда мыналарды естен шығармаған жөн:

- есептің мағынасын түсіне білу, мазмұнына талдау жасап, берілген жүйе немесе дене қандай жағдайда қарастырылып отырғанын ойластырып алып, есептің мағынасын аша түсетіндей және әрі қарай оның шығарылуын жеңілдететіндей сызбасын, графигін немесе суретін салып алу керек;

- қарастырылып отырған жағдайда физиканың қандай заңдарын қолдануға болатындығын ойластырып, оны алдымен жалпы түрде жазып көрсету керек, одан кейін сол заңды осы есепке қолданып, теңдеудің әрбір белгісі нені білдіретінін түсіну керек;

- есепті жалпы түрде жазып, жұмыс (есептеу) формуласын алыңыз. Есептің шартында берілген мәндер ізделініп отырған физикалық шаманы өрнектейтін жұмыс (есептеу) формуласына ғана қойылып шығарылады;

- есептеулер жүргізген кезде, оны қалай жуықтап шығаруды білу керек. Формулаға қойылған мәндердің барлығы да бір бірліктер жүйесінде болуы керек (ХБ жүйесінде болғаны дұрыс);

- қажет болған немесе кейбір жағдайларда есеп жауабының дұрыстығын тексеру керек, бұл есептің қатесіз шығуына көмектеседі.

          Барлық ЕГЖ мен бақылау жұмыстары дәптерде (12 беттік) немесе компьютермен жазылып тапсырылады. 1-бет төменде келтірілгендей етіліп толтырылады.

 

Мысалы.   1-бетті толтырудың үлгісі 

«Физика 1» пәні бойынша ЕГЖ №1, М 1 (Бақылау жұмысы №1– сырттай оқу бөлімінің студенттері үшін) 

БРЭк – 10 –1 тобының студенті Батырбеков А.Е.

Нұсқа 15 (Шифр 255327).

           Әр жұмыс бөлек дәптерде орындалады. Жұмыс таза, суреттер – сызғыштың көмегімен, қарындашпен салынылуы керек. Есептің шарты қысқартусыз толығымен жазылады және «Берілгені» деп басталып, жалпыға бірдей белгілеулермен белгіленуі тиіс. Әрбір есеп физикалық шамалардың мағыналарын түсіндіретін анықтамалармен, физикалық заңдылықтармен, схемалық сызбалармен, суреттермен жалпы түрде (әріптік белгілеулер) шығарылуы тиіс. Одан кейін сан мәндерін қойып, есептеп, соңында ізделініп отырған физикалық шаманың өлшем бірлігін жазып қоюы керек. Есептеулер жүргізгенде жуықтап есептеулер ережесін пайдаланып, есептің жауабын қатесіз, түсінікті етіп жазу керек.

         Бетте мұғалімнің ескертпесі  мен түзетулеріне орын қалдырылуы керек.

Жұмысының аяғында студенттің тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі.

Сырттай оқу бөлімінің студенті өз бақылау жұмысын электронды пошта арқылы жіберетін болған жағдайда да жоғарыдағы шарттарды орындауы керек. Егер бақылау жұмысы дұрыс орындалмай, өзіне қайтарылып берілсе, көрсетілген қателіктермен жұмыс жасалып, қайтадан алдыңғы бақылау жұмысымен бірге тапсырылады. Пікір жазушы есептің шығарылуы бойынша сұрақтармен студентті әңгімеге тартуға құқылы.

2.1 Сырттай оқу бөлімінің студентінің бақылау жұмысы нұсқасын таңдау ережесі

 

 Курстың әрбір кредитінде (модулінде) әрқайсысы 10 нұсқадан құралған екі кесте берілген. Нұсқа нөмірі студент шифрының (сынақ кітапшасының нөмірлері) соңғы екі цифры бойынша төмендегідей таңдалады:

- егер соңғы санның алдында тұрған сан тақ болса, әр бақылаудың сәйкесінше есептерінің нөмірлері 1 кестеден, жұп немесе нөл болса – 2 кестеден алынады;

         - шифрдің соңғы саны сәйкес кестедегі нұсқа нөмірін анықтайды.

2.2  Есеп шығару үлгісі

 

Есеп. Жылу машинасы идеал газбен 1-2 изохоралы қыздыру, 2-3 адиабаталық ұлғаю, 3-1 изотермалық сығылу процестерінен тұратын қайтымды цикл жасайды. Цикл кезіндегі температураның максимал мәні Тmax= 400К, ал минимал мәні – Tmin= 300К. Циклдің ПӘК-ін табыңыз. Егер жылу машинасы қайтымды Карно циклымен қыздырғыш пен суытқыштың температураларының осындай мәнімен жұмыс жасаса, машинаның ПӘК қандай болар еді?

Берілгені:

Тmax = 400К               

Tmin = 300К

___________

 

 

Берілген циклдің P-V диаграммасын саламыз:

Жылу машинасының ПӘК-і 

                                 

                                                        .

 

Жүйенің алатын Q1 және беретін – Q2 жылуын табу үшін термодинамиканың 1-бастамасын пайдаланамыз:

         1-2, изохоралық қыздыру: .

         2-3, адиабаталық ұлғаю: .

         3-1, изотермалық сығылу: .

Диаграммадан Тmax = T2, Tmin = T1 екендігі көрініп тұр. Сондықтан                                                                                                    

                                               .                                  (1)

         Көлемдердің  қатынасын температуралардың   қатынасымен алмастырып, адиабата 2-3 теңдеуін пайдаланып және   екендігін ескеріп, былай жазуға болады:

 ,

 

                                                         (2)

(2) теңдеуді (1)-ге қойсақ

.

Теңдеуді түрлендіреміз

.

Соңында

.

Карно циклі бойынша

.

 

Жауабы:    ;      .

        

 

Семестрлік  тапсырма (ЕГЖ) № 1

 

Нұс-қасы

Жалпы физика курсының есептер жинағы. / Т.С. Байпақбаев, Х.Қ. Майлина

  Жалпы физика курсының есептер жинағы.        / В.С. Волькенштейн

А қосымшасы

А1

1.2, 3.24, 3.53

3.12, 2.151

1.1, 1.13

А2

1.7, 3.19(3),  3.52,

2.61 (а,б),  2.40

1.17, 1.30

А3

1.32, 3.19 (2), 3.56

2.61 (в,б), 2.41

1.35, 1.38

А4

1,33, 1.14 (1), 1.57

2.62, 2.43

1.40,1.41

А5

1.34, 3.18 (б), 3.58

2.63, 2.44

1.43, 1.8

А6

1.42, 2.10, 3.59

2.64(а,б), 2.50

1.18, 1.21

А7

1.28, 3.18 (а), 3.60, 2.8

2.51

1.22,  1.26

А8

1.31, 3.17, 3.61

2.64(а,в), 2.55 (1)

1.25,1.24

А9

1.45, 2.3, 3.62

2.65, 2.55 (2)

1.33, 1.37

А10

1.44, 2.2, 3.65

2.66 (1,2), 2.55(3)

1.39,1.42

А11

1.43, 2.5, 3.64

2.66 (1,3), 2.39

1.28, 1.27

А12

1.40, 3.14  (а), 3.63

3.14, 2.36

1.29,1.23

А13

3.66, 1.1, 2.1, 3.41, 3.54

 

1.49, 1.53

А14

1.3, 3.42, 3.55, 3.67(а)

3.10

1.57,1.70

А15

1.11, 2.15 (а,б), 3.23, 3.67(б)

2.54

1.56,1.55

В16

1.23, 2.15 (б,в), 3.43, 3.69

2.56

1.65,1.4

В17

3.71, 1.27, 3.21, 3.46

2.57

1.12,1.19

В18

3.72, 1.30, 3.45, 3.72

2.52

1.7,1.5

В19

1.37, 3.16, 3.44, 3.74

2.53

1.32,1.36

В20

1.38, 3.3, 3.40, 3.75

2.67

1.31,1.45

В21

1.41, 3.12, 3.36

3.34, 3.8

1.44, 1.54

В22

1.46, 2.4, 3.35(1)

3.35, 3.9

1.61, 1.3

В23

1.47, 2.6, 3.35 (2)

3.36,3.15

1.2,1.9

В24

1.49, 3.13, 3.35(3)

3.37, 3.19

1.10, 1.20

В25

1.50,3.11(3), 3.37(1)

3.38, 3.21

1.14, 1.16

В26

1.48,3.11(2), 3.37(2)

3.39 (1), 3.31

1.11, 1.51

В27

1.36, 3.11(1),3.37(3)

3.39 (2),3.31

1.52, 1.59

В28

1.26, 3.22, 3.38

3.5, 3.30

1.58, 1.66

В29

1.14, 2.12, 3.39

3.6, 3.32

1.64,1.69

С30

1.17, 2.11, 3.5(а)

3.7, 3.33

1.67,1.62

С31

1.25, 2.14, 3.1, 3.47

3.13

1.47,1.46

С32

1.24, 2.9, 3.2, 3,48

2.133

1.68, 1.63

С33

3.4, 3.34, 1.18

3,27, 2.160

1.34,1.60

С34

3.8(а), 3.49,1.19

3.28, 2.161

1.6, 1.48

С35

1.22, 3.8(б),3.25, 3.50

3.29

1.15, 1.70

 

 

№ 1 бақылау жұмысы (сырттай оқу)

 

1  к е с т е – Бақылау  жұмыстарының  нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп  нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

А қосымшасы

0

1-13

2-15

3-46

3-30

5-2

1; 70

1

1-22

2-3

3-48

3-32

5-12

2; 69

2

1-32

2-6

3-55

3-36

5-15

3; 68

3

1-26

2-11

3-56(1)

3-23

5-29

4; 67

4

1-29

2-18

3-45

3-31

5-31

5; 50

5

1-17

2-34

3-53

3-29

5-36

6; 55

6

1-18

2-35

3-47

3-25

5-27

7; 45

7

1-19

2-7

3-29

3-11(1)

5-24

15; 35

8

1-20

2-9

3-30

3-44

5-30

16; 36

9

1-30

2-8

3-36

3-50

5-32

17; 26

 

2 к е с т е  – Бақылау  жұмыстарының  нұсқалары (жұп нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

 А қосымшасы

0

1-23

2-36

3-23

3-29(1)

5-38

14; 25

1

1-24

2-39

3-25

3-39

5-42

12; 20

2

1-25

2-43

3-26

3-25

5-41

18; 40

3

1-40

2-45

3-13

3-46

5-25

19; 56

4

1-31

2-46

3-22

3-47

5-23

22; 65

5

1-41

2-50

3-20(1)

3-51

5-44

21; 66

6

1-42

2-57

3-20(3)

3-53

5-3

23; 68

7

1-46

2-67

3-19(1)

3-43

5-18

26; 59

8

1-55

2-68

3-27

3-44

5-19

27; 44

9

1-56

2-76

3-28

3-45

5-8

28; 34

 

А қосымшасы

 

А.1 Релятивтік механикада кинетикалық энергия қалай өрнектеледі? Қандай шартта кинетикалық энергияның релятивтік формуласы классикалық түрге өтеді ? Осыны дәлелдеңіздер.

А.2 Траекториясы қисық сызықты қозғалыс кезінде  дененің нормаль үдеуі:  а) нөлге тең ; б) тұрақты векторға тең бола ала ма?

А.3 Солтүстік жарты шарда солтүстікке қарай меридиан бойымен снаряд атылады. Снаряд қозғалысына Жердің тәуліктік айналуы қалай  әсер етеді?

А.4 Массасы m бөлшектің қозғалыс теңдеуінің траекторияға  нормаль және

жанама  бағыттағы проекцияларын көрсетіңіз.

А.5  Екі оқиға арасындағы  аралық қалай анықталады? Бір инерциалды жүйеден  екінші инерциалды жүйеге өткенде оның инвариантты болып

 қалатынын  дәлелдеңдер.

А.6 Двигателі өшкеннен кейін автомобильдің (дөңгелегі айналмай) жүріп өткен жолы автомобильдің массасына байланысты бола ма? Өзіңіздің тұжырымдамаңызды дәлелдеңіз.

А.7  Ньютонның үш заңының арасында  қандай логикалық байланыс бар? Бірінші заңын екінші заңының салдары ретінде қарауға бола ма?

А.8 Массасы  m денені  вертикаль қабырғаға  F= 4mg күшпен қысады. Дене мен қабырға арасындағы  үйкеліс коэффициенті к=0,5. Денеге не болады?

А.9 Массасы m біртекті  шар  сырғанамай домалап келеді. Егер шардың   массалық центрінің жылдамдығы  vс болса,  онда оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

А.10 ХУ жазықтығында қозғалатын бөлшектің радиус - векторы,  .Егер:

а)   -дің тек модулы өзгеретін болса; б)  -дің тек бағыты  өзгеретін болса;

 в)  -дің  х осіндегі проекциясы ғана   өзгеретін болса , бөлшектің траекториясы қандай болады ?

А.11 Тыныштықтағы массасы нөлге тең болмайтын екі бөлшектің салыстырмалы   жылдамдығының  вакуумдағы жарық жылдамдығынан

әрқашанда  аз  болатынын дәлелдеу керек.

А.12 а) бөлшек жылдамдығы ; б) жылдамдық модулы  шарттарында бөлшек қозғалысының  үдеуі қандай  болады ?

А.13  Инерция күші дегеніміз не ? Ол күштің инерциалды санақ жүйесіндегі  әсер етуші күштерден қандай айырмашылығы бар ?

А.14 Дене горизонтқа бұрыш жасай лақтырылды. Ауаның кедергілері ескерілмесе, а) дене импульсі; б) импульстің қандай да бір бағыттағы проекциясы мәндері сақтала ма ?

А.15 Айналмалы және ілгерілемелі қозғалыстың негізгі теңдеулерін, олардың ұқсастықтарын  ескере отырып,  салыстырыңыздар.

А.16 Массасы m біртекті цилиндр сырғанамай домалап келеді. Егер цилиндрдің  масса центрінің жылдамдығы  vс болса,  онда оның кинетикалық энергиясы қандай болады ?

А.17 Энергия және жұмыс ұғымдарының айырмашылықтары қандай ?

А.18 Лифтінің түбінде массасы m  дене жатыр. Лифтінің денеге әсер ететін реакция күші  неге тең, егер: а) дене бірқалыпты төмен қарай жылдамдықпен қозғалған кезде; б) лифтінің еркін  құлауы кезінде; в)  ол жоғары қарай  үдеумен қозғалған кезде.

А.19 Дененің тыныштықтағы үйкеліс коэффициентін өлшеу үшін төмендегідей  әдісті қолдану ыңғайлы. Дене көлбеу жазықтыққа қойылады. Сырғанау басталатын, жазықтықтың минимал көлбеулік α бұрышы өлшенеді. Осы жағдайларда үйкеліс коэффициенті мен  α бұрыш арасындағы байланыс қандай болады ?

А.20 Шар горизонталь жазықтықта домалап барады. Оның айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы толық кинетикалық энергиясының қандай бөлігін құрайды ?

А.21 Жалпы жағдайда  неге   немесе   деп жазуға болмайды ? Қандай қозғалысты қарастырғанда осы  формулаларды  қолдануға болады ?

А.22 Тұтас шар  қандай да бір тегіс қабырғаға  α бұрыш жасай  соқтығысады.  Тебілу бұрышының  түсу бұрышына тең екенін дәлелдеу керек.

А.23 Динамика теңдеуін декарттық  координаттар  жүйесінің x ,y ,z  остеріне проекциялай отырып, оның дифференциалды теңдеуіне балама үш теңдеуді алу керек.

А.24 Массасы m1  шар  массасы  m2  тыныштықта тұрған шармен орталық абсолютті серпінді соқтығысады. Массалардың қандай қатынасында  бірінші шар соқтығыстан кейін  кері қарай ұшады ?

А.25 Күштердің  суперпозиция  принципін тұжырымдаңыз. Аққу, шортан және шаян туралы есепті қалай түсіндіруге болады ?

А.26 Қандай жылдамдықта бөлшектің массасы оның тыныштықтағы  массасынан екі есе артық болады ?

А.27 Күш ипульсы түсінігін  тұжырымдаңыз.   Неге қарудан атылған оқ шыныны  қиратпай тесіп қана өтеді, ал    стерженьмен  оны тесе алмаймыз ?

А.28 Бір-біріне  қарама-қарсы жылдамдықтармен қозғалып келе жатқан екі  бөлшектің салыстырмалы  жылдамдығын табыңыз.

А.29 Бөлшек  шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып келеді. Бөлшекке әсер ететін  барлық күштердің тең әсерлі күшінің жасайтын жұмысы : а) бір  айналым кезінде; б) жарты айналым кезінде ; в)  айналым кезінде неге тең ?

А.30 Тыныштықта тұрған стерженьге оның салыстырмалы ұзындығы  бастапқы ұзындығының жартысына тең болу үшін қандай жылдамдық береміз ?

А.31 Импульс, импульс моменті, механикалық энергиялардың сақталу заңдары  және уақыт пен кеңістіктің симметриялылық қасиеттері   арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

А.32 Ат шананы бірқалыпты сүйреп келеді.  Үш дененің: ат, шана және жер бетінің  әсерлесулерін қарастыру керек. Осылардың әрқайсысына әсер ететін күштердің  векторларын сызыңыз және  олардың арасындағы  байланыстарды көрсетіңіз.

А.33 Траекториясы бұрандалы сызық болатын  нүктенің қозғалыс жылдамдығы және үдеуі туралы не айтуға болады ?

А.34 Тас вертикаль жоғары лақтырылды. Қандай нүктеде дененің үдеуі  максимал болады ? Есепті  екі жағдайда  қарастырыңыз: а)  ауа кедергісі ескерілмейді ; б) ауа кедергісі жылдамдықтың өсуімен артады.

А.35 Қандай жағдайда дененің орын ауыстыру шамасы оның жүріп өткен жолымен тең  болады ?

А.36 Көлбеу жазықтықта  бірдей деңгейден, бір мезгілде, радиустары бірдей тұтас цилиндр мен шар сырғанамай домалайды. Осы екі дененің қайсысының жылдамдығы үлкен болады ?

А.37 Қарсы  жағаға тез жету үшін жүзгіш  ағысқа қандай бұрыш жасап жүзуі  керек ?

А.38 Массасы m дене көлбеу жазықтықта тыныштықта тұр. Денеге әсер ететін реакция күші неге тең ? Суретін салып көрсетіңіз.

А.39 Қозғалып келе жатқан поездағы бақылаушыға  А  нүктесіндегі ( поездің алдыңғы жағы) және В  нүктесіндегі ( поездың соңғы жағы ) найзағай түсуі бір мезгілде көрінді. Жердегі бақылаушы үшін АСТ (Арнаулы салыстырмалы теория ) позициясы бойынша қай найзағай  жерге бұрын  түседі ?

А.40 Массасы m дене көлбеу жазықтықта  тұрақты  жылдамдықпен  сырғанап келеді. Денеге әсер ететін реакция күші неге тең ? Суретін салып көрсетіңіз.

А.41 Массасы m бөшектің релятивтік кинетикалық энергиясы арқылы релятивтік импульсін өрнектеңіз.

А.42 Спортшы   биіктіктен суға  айналып және бұрылып күрделі секіру жасайды. Осы жағдайларда оның  масса центрі  қалай қозғалады ?

А.43 Эксперимент нәтижесінде  бөлшектің  р импульсы және Е энергиясы анықталды. Оның  m  массасын  және  v  жылдамдығын  қалай анықтауға болады?

А.44 Көлбеу жазықтықта сырғанамай домалап келе жатқан цилиндрдің айналмалы және ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергияларының  қатынасы қандай болады ?

А.45 Гироскоптың тек өзіне тән қасиеті қандай? Гироскопты қолданатын мысалдар келтіріңдер.  Гироскоптың  қандай  қозғалысы прецессия деп аталады ?

А.46 Көлбеу жазықтықта бір рет сырғанап және екінші рет сырғанамай домалап келе жатқан  цилиндрдің жазықтықтың төменгі  нүктесіндегі жылдамдықтарының қатынасы қандай болады ?

А.47 Автомобиль горизонталь жазықтықтағы бұрылыстан өтеді. Егер, автомабильдің жылдамдығы: а) тұрақты болып қалса; б) артатын болса; в) кемитін болса,  автомобильге әсер ететін күштер бағыттары қандай болады ?

А.48 Горизонталь жазықтықта v жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келе жатқан  арбада түтік (труба) орналасқан. Вертикаль түскен жауын тамшылары түтіктің    (трубаның) ішкі қабырғаларына тимей өтіп кету үшін түтік  арбаға қалай бағдарланып орнатылуы керек? Тамшы  vт  жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады деп есептеңіз.

А.49 Біртекті өрісте жұмыстың траектория формасына тәуелсіз екенін дәлелдеу  керек.

А.50 Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясының қай нүктесінде траекторияға нормаль үдеу максимал мәнге ие болады ?

А.51 Массасы М  ауа шары  тұрақты жылдамдықпен  төмен түседі. Шар сол жылдамдықпен жоғары қарай қозғалу үшін қандай шамада ∆М артық жүкті тастау керек ? Шардың көтерілу күші  F тұрақты деп есептеңіз.

А.52 Бөлшектер жүйесінің  импульсі оның масса центріне қатысты санақ жүйесінде неге тең ?

А.53 Жылдамдығы v=0,99c ( с – жарықтың вакуумдағы жылдамдығы) электронның классикалық және релятивистік импульстерінің шамаларын салыстырыңыз.

А.54 Бөлшек модулы тұрақты v жылдамдықпен қисық сызықты траекториямен қозғалады. Бөлшектің  үдеуі  а болатын нүктедегі траекторияның R қисықтық радиусы неге тең болады ?

А.55 Бірдей екі сағат, біріншісі К1 жүйеде, екіншісі К2 жүйеде  орналасқан. Екі жүйе бір – біріне қатысты қозғалыста болса, қай жүйеде  сағат тез жүреді: а)  К1 жүйесінде; б) К2 жүйесінде ?

А.56 Қозғалып келе жатқан шар, массасы сондай тыныштықта тұрған екінші шарға серпінді соқтығысады.  Орталық емес соқтығыстан кейін олар  бір-бірімен тік бұрыш жасап бөлінетінін дәлелдеңдер.

А.57 Қозғалып келе жатқан шар, массасы сондай тыныштықта тұрған екінші шарға серпінді соқтығысады.  Орталық соқтығыстан кейін олар қалай қозғалады ? Оны дәлелдеңдер.

А.58 Дөңгелек темір жолдың  сыртқы бөлігі  ішкі бөлігімен салыстырғанда көтеріңкілеу етіп жасалынады. Неге солай етіп жасалынғанын түсіндіріңіз және керекті көлбеулік бұрышты  қалай есептеуге болады ?

А.59 Бөлшек  қандай да бір уақытта шеңбер бойымен оның  бөлігін модулінің орташа мәні  жылдамдықпен жүріп өтті. Сол уақыттағы бөлшектің   орташа жылдамдығының модулы неге тең ?

А.60 Массалары т1  және  текі пластина А1 Суретте көрсетілгендей

 серіппе арқылы жалғанған. Күштің

әсері тоқтағаннан кейін  жоғарғы пластина  серпіліп,

екінші пластинаны көтеру үшін,  жоғарғы  пластинаға

қандай күш беруіміз керек ?

А.61 Бөлшектің  v жылдамдық модулының                                 

жүріп өткен  S жолына байланысты

 функциясы берілген. Бөлшектің  сол  S жолға             А.1  Сурет

кеткен t уақытының өрнегін жазу керек.

А.62  Кез-келген  N  бөлшектер жүйесіне әсер ететін  барлық күштердің қорытқы күшін , өрнегімен есептеуге болатынын көрсету керек.  Мұндағы М- жүйенің массасы, -оның масса центрінің  жылдамдығы.

А.63 Біртекті, түзу цилиндрдің h –биіктігінің  R-радиусына қатынасы қандай болғанда  барлық үш басты инерция  моменттері  бірдей болады ?

А.64 Бөлшектің  v жылдамдық модулының  оның жүріп өткен  S жолымен байланысы  түрінде келтірілген. Бөлшектің  сол  S жолының  t уақытқа тәуелділігі өрнегін жазыңыз.

А.65  Бірдей  екі стерженнің біріншісі К1 жүйеде, екіншісі К2 жүйеде  орналасқан. Екі жүйе бір – біріне қатысты х осінің бойында қозғалыста болса, қай жүйеде стержень қысқа болады: а)  К1 жүйесінде; б) К2 жүйесінде ?  Стерженьдер  х  осіне параллель болып келеді.

А.66 Бөлшектің  v жылдамдық модулының  оның жүріп өткен  S жолымен байланысы  түрінде келтірілген. Бөлшектің  сол   v жылдамдық модулының   t  уақытқа тәуелді өрнегін жазыңыз.

А.67     ( с – жарықтың вакуумдағы жылдамдығы) жылдамдақпен қозға-лып бара жатқан, қабырғалары а болып келген квадраттың  периметрін тап.

А.68 Дене мен қабырға арасындағы  құрғақ үйкеліс коэффициенті к. Вертикаль қабырғаға қойылған дене түсіп қалмас үшін қабырға қандай  минимал үдеумен қозғалуы керек ?  

А.69 Центрге дейінгі қашықтықтың квадратына кері пропорционал орталық күш өрісінде бөлшек шеңбер бойымен қозғалып жүр. Осы  жағдайда бөлшектің Т – кинетикалық, U-потенциалдық және Е –толық энергиялары қалай өрнектеледі ?

А.70 Ұзындығы стержень  жүйесінде осіне   бұрыш жасай орналасқан. Стержень  жүйесінде  осіне  қандай   бұрыш жасайды және осы жүйеде оның ұзындығы қандай болады ? Жүйелердің салыстырмалы жылдамдығы  .

 

Семестрлік  тапсырма  (ЕГЖ) № 2

 

Нұсқа

  №№

Байпақбаев Т.С.Майлина Х.Қ.Жалпы физика курсы есептері жинағы

В.С.Волькенштейн. Жалпы физика курсының есептер  жинағы

Б қосымшасы

 

А 1

Б 7.4,  Б 6..29

В 5.39, В 5.68,  В  5 .220

 1,   2

А 2

Б 7.9,  Б 6.30

В  5.69, В 5.195, В 5.222

 3,    4

А 3

Б 7.8,  Б 6.31

В  5.40,  В 5.196, В 5.227

 5,   6

А 4

Б 5.1,  Б 6.32

В  5.41,  В  5.197,  В 5.153

 7,  8

А 5

Б 4.2,  Б 6.53

В 5.45, В 5.145, В 5.226

 9,  10

А 6

Б 5.3, Б 6.5 4                                                         

В 5.6, В 5.6 2,В  5. 216

11, 12

А 7

Б 5.6, Б 6.33

В  5.7, В 5.64, В 5.217

13 ,  14

А 8

Б 4.7,  Б 6.35

В 5.47, В 5 .194, В 5.77

15  , 16

А 9

Б 4.9,  Б 6.36

В 5.49, В 5.76, В 5.199

17 , 18

А 10

Б 4.11,  Б 6.39

В. 5.50, В 5.68, В 5.200

19 , 20

А 11

Б 4.14, Б 6.52

В 5.52,  В5 .70, В 5.162     

21 , 22

А 12

Б 4. 16, Б 6.46

В  5.57, В 5.177,  В 5.92

23  , 24

А 13

Б 5.13, Б 6.28

В 5.58,  В  5.82, В 5.218

25  , 26

А 14

Б  4.30,  Б 6.44

В 5.84, В 5.205, В 5.219

27 , 28

А 15

Б 4.46,  Б 6.45

В  5.85, В 5.206, В 5.221

29,  30

В 16

Б 4.51,  Б 6.34

В 5.86, В 5.13, В 5.223

31 , 32

В17

Б  4.54, Б 6.38

В 5.87, В 5.207, В 5.224

33  , 34

В18

Б 4. 52,  Б 6.57

В 5.89, В 5.14,  В 5.225

35 , 36

В19

Б.4.39,  Б 6.55

В 5.88, В  5.15, В 5.170

37 ,38

В20

Б 4.40,  Б 6.58

В 5.83,  В 5.16, В5.184

39 , 40

В21

Б 4.29, Б 6.67,  Б 6.58

В 5.55, В 5. 99

41 , 42

В22

Б  4.33 , Б 6.68, Б 6.61

В 5.56,  В 5.100

43 , 44

В23

Б .4.38, Б 6.69, Б 6.62

В 5 .82, В 5.101

 45 , 46

В24

Б 4.53,  Б 6.56, Б 6.27

В  5.173, В 5.103

47 , 48

В25

Б 4.19, Б 6.37

В 5.58, В 5.148, В 5.32

49 , 50

В26

Б 5.24,  Б 6.40

В 5.151, В 5.104, В 5.25

51,  52

В27

Б 7.14, Б6.41, Б 6.54

В 5.105, В 5.22

53 , 54

В28

Б 7.11, Б 6.42

В 5.214, В 5.91, В 5.26

55 , 56

В 29

Б 7.20, Б 6.43

В 5.215, В 5.89, В 5.14

57 , 58

С30

Б 7.27,  Б 6.60, Б 6.70

В  5.169, В 5.70

59 , 60

С31

Б 7.22, Б 6.59, Б 6.71

В 5.180,  В 5.76

61  , 62

С32

Б 7.24, Б 6.60, Б 6.74

В 5.183,  В 5.76

63  ,64

С33

Б 7.21, Б 6.49, Б 6. 63

В 5.228, В 5.62

 65  ,66

С34

Б 7.22, Б 6.48, Б 6.64

В 5.182, В 5.230

 67  ,68

С35

Б 7.20, Б 6.47, Б6.65

В 5.181, В 5.231

 69 , 70

        

№ 2  бақылау  жұмысы (сырттай  оқу)

 

1 к е с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқалар

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

 Б  қосымшасы

0

8-4

10-62

10-6

11-1

11-75

1; 31

1

8-8

10-49

10-20

11-3

11-69

2; 32

2

8-10

10-36

10-25

11-12

11-65

3; 33

3

8-19

10-34

10-13

11-16

11-61

4; 34

4

8-21

10-17

10-63

11-20

11-54

5; 35

5

8-25

10-15

10-43

11-22

11-64

7; 37

6

8-29

10-1

10-68

11-23

11-66

6; 36

7

9-32

10-5

10-56

11-10

11-60

8; 38

8

9-33

10-7

10-58

11-7

11-71

9; 39

9

9-25

10-1

10-64

11-6

11-72

10; 40

 

2 к е с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (жұп нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп  нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».  - М., 1981)

  Б  қосымшасы

0

9-28

10-77

10-34

11-62

11-74

11; 41

1

9-29

10-74

10-28

11-68

11-70

12; 42

2

9-26

10-58

10-10

11-66

11-68

13; 43

3

9-21

10-56

10-21

11-72

11-64

14; 44

4

9-22

10-52

10-43

11-53

11-60

15; 45

5

8-29

10-40

10-30

11-60

11-53

16; 46

6

8-27

10-42

10-63

11-71

11-63

17; 47

7

8-24

10-22

10-67

11-64

11-65

18; 48

8

8-20

10-34

10-51

11-69

11-70

19; 49

9

8-23

10-41

10-31

11-54

11-54

20; 50

 

Б қосымшасы

 

Б.1 Суреттегі 2 қисығының  ординаттарының  бәрі 1  қисығының  сәйкес  ординаттарынан екі есе артық (Б.1 Сурет). Осы қисықтарда кескінделген молекулалардың  жылдамдық бойынша  бөліну  функцияларының айырмашылығы  неде?

 

          

 Б.1 Сурет                                        Б.2 Сурет                              Б.3 Сурет

 

Б.2 Суретте (Б.2 Сурет)  гелий  мен  көмір қышықыл  газының  адиабаттары кескінделген. Қай газға  қайсы  қисық  сәйкес  келеді ? 

Б.3 Түзулердің қайсысы (Б.3 Сурет), логарифмдік масштаб бойынша, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының  температураға  тәуелділігінің   дұрыс  кескіні  болады ?

Б.4 Идеал газдың  қысымы : а) молекулалардың концентрациясына;  б) температу-раға; в) молекула массасына байланысты  бола ма?

Б.5 Көлемі тұрақты ыдыста қандай да болмасын бір газдың m  грамы,  ал екінші рет  осы газдың 2m  грамы қыздырылды. Осы екі жағдай үшін қысымның температураға тәуелді қисықтарын сызу керек. Қисықтардың орналасуындағы  айырмашылықты көрсет.

Б.6 Газ жылулық тепе-теңдік  күйде  тұр. Мына а) <v x>;   б) <v>;    в) <v> шамалары нөлден өзгеше бола ала ма?

Б.7 Екі бөлікке бөлінген жылу алмасу болмайтын  ыдыстың екі бөлігі қозғалмалы, жылу өткізбейтін  поршеньмен  бөлінген. Бөліктерде  екі түрлі газ бар. Тепе-теңдік күйде поршеннің екі жағында: а) молекулалардың орташа энергиялары; б) молекулалар тығыздығы; в) молекулалардың орташа квадраттық жылдамдықтары бірдей бола ма ? Поршень қозғалғандағы үйкеліс ескерілмейді.

Б.8 Газдың АВС сызбасымен кескінделген теңгермелі процесінде  А және  С нүктелері адиабата сызығы үстінде жатыр (Б.4 Сурет). Бұл процесте : а) газдың  алатын  жылу  мөлшері; б) энтропия  өзгерісі  нөлден өзгеше бола ма ?

                                                                          A

 

 

                                                           

                                                                            B                     C 

                                                                                                                   S

 

Б.4 Сурет

 

Б.9 Идеал газдың температурасын көтеру  үшін: а) изобаралық; б) изохоралық

процестердің қайсысына көп жылу мөлшері керек?

Б.10 Газ тұтас күйінде тыныштық күйде болатын санақ жүйесінде, тепе-теңдік күйдегі газдың молекулаларының орташа жылдамдығы <v>. Газ молекулаларының бір - бірімен салыстырмалы қозғалысының <vсал> орташа жылдамдығын анықтау  керек.

Б.11 Идеал газдың изотермдік (А1) және адиабаттық (А2) ұлғаюларындағы жұмыстарды салыстырыңдар. Газдың бастапқы  күйлері мен соңғы көлемдері  бірдей.

Б.12  Газ молекулаларының  еркін жолының λ орташа ұзындығы мен τ орташа уақытының  Т температура  мен р  қысымға тәуелді сипатын  анықтаңдар. λ және τ шамаларының Т температура мен тұрақты р123 <…қысымдарға тәуелділігін  жобалап салып көрсетіңдер.

Б.13 Ішкі энергияның V көлем мен Т температураға байланысты U(V,T) тәуелділігі белгілі деп есептеп, жүйенің Сизохоралық жылу сыйымдылығын есептеу керек.

Б.14. Температура градиенті ÑТ мен  χ жылу  өткізгіштік белгілі деп есептеп, q  жылу ағыны  тығыздығы векторының өрнегін жазу керек. q және χ шамаларының  СИ-дегі өлшеу бірлігін көрсет.

Б.15. Молекулалардың өзара  әсерлесуінің көлденең эффективті қимасы σ.  Молекулалардың  d  эффективті диаметрін тап.

Б.16. Бір моль газды жабық  ыдыста  қыздырады. Егер газ: а) бір атомды; б) екі атомды  болса  онда энтропия өсімшесін салыстырыңдар. Екі  жағдайда да  бастапқы және соңғы температуралар бірдей.

Б.17. Газ молекулаларының Ñn  концентрация градиенті мен диффузия коэффициенті D берілген. Молекулалар ағыны тығыздығы векторы  өрнегін жаз. j және D  шамаларының  СИ-дегі өлшеу бірліктерін  көрсет.

Б.18. Газ  изотермдік түрде V1 көлемнен V2  көлемге дейін: а) Т=Т1; б) Т=Т2 12) жағдайларда  ұлғаяды. Энтропияның өсімшесін салыстыр.

Б.19. Газдың  температурасы берілген е, |е|=1 бағытымен артады. Газдың  концентрациясы барлық жерде бірдей деп  есептеп, газ ішіндегі  жылу ағыны бағытын анықтау керек.

Б.20. Газ  изотермдік  түрде  ұлғайып,  артынша  бастапқы көлемге дейін адиабаттық  түрде сығылды. Газ  энтропиясы қалай өзгерген ?

Б.21. Газ молекулаларының Ñn концентрация  градиенті белгілі. Газ температурасы  барлық жерде бірдей деп есептеп, молекулалардың  диффузиялық  ағынының бағытын  анықтау керек.

Б.22. Келтірілген (Б.5 Сурет) дөңгелек процестегі  II  тармағы-изотерма. Процестің  қай кезеңдерінде энтропия кемиді? а) I, II; б) IV, III; в) II, III; г) I, II, III.  

                                                    

                                  Б.5 Сурет                                                Б.6 Сурет 

Б.23. Газдың  х осін бойлай бағытталған  ағынындағы  uжылдамдығы  у  осінің оң  бағытына қарай өседі, яғни ux=ux(y). Ағынның  біртекті еместігінің салдарынан пайда болатын  газ импульсы  қалай қарай бағытталған ?

Б.24. Көрсетілген (Б.6 Сурет) дөңгелек процестің  қай кезеңдерінде газ энтропиясы артады ? а) I;   б)  II;  в) III;  г) I,II ; д)  II, III.      

Б.25. Тұтқырлықтың  салдарынан пайда болатын ағын  импульсы тығыздығының П векторын және газ ағынының у осіне перпендикуляр S ауданшаға әсер ететін тұтқыр үйкеліс күшін тап. Тұтқырлық η  берілген. η шамасының  СИ-дегі  өлшем бірлігін анықта.

Б.26. Идеал бір атомды газдың Т температурасы  х осі  бойымен кемиді, функция Т(х) берілген. Қандай да болмасын бір молекула  х нүктесінен х+λ  нүктесіне соқтығыссыз ұшып келді, мұндағы λ – еркін жүру жолының орташа  ұзындығы. Ол орташа кинетикалық энергияның қандай «артығын» Δ<EК>-ні өзімен әкелген ?

Б.27. Жылу өткізгіштік пен диффузия теңдеулерін  салыстырып, а температура өткізгіштікке қандай  мағына беруге болатынын көрсетіңіз.

Б.28. D диффузия, η тұтқырлық және χ жылуөткізгіштік коэффициенттерінің  газдың Т температурасы  мен р  қысымына тәуелділігі сипатын анықтау керек.

Б.29. Карно циклын қолданатын жылу  машинасы қайтымсыз бола ала ма?  Мұндай машинаның қайтымдылығының жеткілікті  шарттарын  тұжырымдаңыз.

Б.30    Суретте көрсетілген I және  II циклдарының ПӘК –ін салыстыру керек  

(Б.7 Сурет).

 

                                                

                                Б.7 Сурет                                                    Б.8 Сурет

 

Б.31 Жылудың : а) сәуле шығару;  б)жылу өткізгіштік  және  в) конвекция арқылы тасымалдануының  ерекшеліктерін қысқаша атап өтіңіз.

Б.32 Келтірілген процестердің қайсысында  (Б.8 Сурет) газ жылу мөлшерін жұтады ? а) I, II; б) II, III; в) III; г) II; д) I;

Б.33  Суретте (Б.9 Сурет)  келтірілген  газ процестері кезіндегі жұтылатын

 (берілетін)  жылу мөлшерлерін салыстырыңдар. а) І, ІІ;  б)  ІІІ және ІV.

Б.34  АВС және АДС процестері кезіндегі (Б.10 Сурет)  газ жұмыстарын

салыстырыңыздар.

Б.35  Көрсетілген процестер кезіндегі (Б.11 Сурет) жұтылатын (шығарылатын) жылу мөлшерлерді салыстырыңыздар. а) АD және ВС;  б) АВ және DС.

Б.36. Суретте көрсетілген (Б.8 Сурет)  сызбадағы  процестердің қайсыларында газ жылу  алады ? а) I, II; б) II, III; в) III; г) II; д) I;

 

                 

         Б.9 Сурет                      Б.10 Сурет                              Б.11 Сурет

 

Б.37. Идеал газдың процессі нәтижесінде қысым n  рет артты. Егер  процесс: а) изохоралық;  б) изобаралық болса, онда идеал газдың әр молекуласының  еркін жолының орташа ұзындығы мен  уақыт бірлігіндегі соқтығысу саны қалай және неше рет  өзгерген ?

Б.38. Сызбалары  суретте көрсетілген процестерде газдың жасайтын жұмысын  салыстырыңыздар (I және II) (Б.12 Сурет).

                                                                                               S

                                                       Т

Б.12 Сурет                             Б.13 Сурет                                Б.14 Сурет

 

Б.39. Газ молекулаларының концентрациясының  координатаға тәуелділігі белгілі деп есептеп, молекулалардың  координата ықтималдық үлестірімділігін табыңыз. V- газ көлемі.

Б.40. Газ 1  күйден 2 күйге бір жолы тек изобаралық түрде өтті, ал екінші рет алдымен 1-3 изохорамен, сонан кейін 3-4  изобарамен,ал соңында 4-2  изохорамен өтті. Тура есептеулер арқылы екі  жағдайда да энтропияның өсімшесі  бірдей болатынын дәлелдеңіздер ( Б.13 Сурет).

Б.41. Бір атомды идеал газ молекулаларының орташа квадраттық жылдамдығы адиабатты сығылу және ұлғаю кезінде қысымға байланысты қалай өзгереді ?

Б.42. Жылу машинасы екі изохорадан және екі изобарадан тұратын цикл бойынша жұмыс істейді. Машина жұмыс істегенде қыздырғыш - газ - суытқыш жүйесінің энтропиясы артатынын дәлелдеңіздер. Мұнда газдың энтропиясы қалай өзгереді? Қыздырғыш пен  суытқыштың жылу сыйымдылығы шексіз деп есептелсін.

Б.43. Тепе-теңдік  күйдегі идеал газдың сыртқы  өрістегі потенциалдық энергиясы u(r), температурасы Т. Газдың  радиус-векторы r0 нүктедегі молекулалар концентрациясы n0. Молекулалардың радиус-вектор r нүктедегі концентрациясын тап.

Б.44. Процесс энтропиясы (Б.14 Сурет) температураға байланысты сызықты артады. Осы процестің жылу сыйымдылығы  температураға байланысты қалай өзгереді ?

Б.45. Біртекті ауырлық өрісінде орналасқан температурасы Т идеал  газдың р қысымының h биіктікке байланысты дифференциалдық  теңдеуін  қорытыңыз, ол үшін биіктігі шексіз  аз dh цилиндр алу керек. Осы теңдеуді температура h  биіктікке тәуелсіз  және р (h=0) =p0 шарттары үшін шығарыңыздар. Сол шарт-тарға сай молекулалардың n концентрациясының биіктікке байланысты  тәуелділігін табу  керек.

Б.46 Бастапқы температуралары Т1 және  Т2 (мұнда Т12) екі дене бір-біріне тиістірілді. Денелер сыртқы ортадан оқшауландырылған және денелердің массалары мен  жылу сыйымдылықтары бірдей. Температура теңелу процесі барысында бұл денелердің  энтропия қосындылары қалай өзгереді ?

Б.47 Жылдамдықтары белгілі (u, u+du) интервалы ішінде жататын молекулалардың  саны  температураның қандай  мәнінде  максимал болады ?

Б.48 Идеал газдың  T=T0+αV заңы бойынша жүретін процестегі мүмкін болатын  ең үлкен қысымды анықтау керек, T0 және α – оң тұрақтылар,V – мольдік  көлем. Осы процесті р, V  диаграммасында салып көрсет.

Б.49 Молекулалардың жылдамдықтар бойынша бөліну функциясында v2 және v3 жылдамдықтармен шектелген (59-сұрақтағы суретті қара) аралықтар көрсетілген. Осы сызба бойынша жылдамдықтары берілген интервал ішіне  кіретін барлық  молекулалардың энергиясын, сондай-ақ олардың орташа энергиясын қалай анықтауға болады ?

Б.50 Поршеньмен жабылған цилиндр ішінде газ бар (Б.15 Сурет). Поршеньнің үстіңгі жағы серпінділік қасиеті Гук заңына бағынатын серіппеге бекітілген.  Егер  қыздыру нәтижесінде газдың көлемі V1 ден V2 –ге ,ал қысымы  р1 -ден р2-ге дейін өзгерген болса, онда газ күйінің өзгерісін  рV  координаттарында салып, бұл жағдайлардағы істелген жұмысты анықтау керек. 

 

                                            

                    Б.15 Сурет                                                 Б.16  Сурет

 

Б.51 Максвелл бөлінуі жылдамдықтар функциясы ғана емес, сонымен бірге молекулалар  энергиялары функциясы ретінде де  берілуі мүмкін. Бұл функция  энергиялары мәндері w- дан  w+dw  интервалы ішінде жататын молекулалар санын: dN=N0f(w)dw  көрсетеді. Осы функкцияның  өрнегін тауып, және ол белгілі бір  газ үшін ғана жарамды ма, жоқ  барлық газдарға қолдануға бола ма ?

Б.52 Абсцисса осіне идеал газға берілген жылу мөлшері, ал ординаттар осіне газдың істеген жұмысы салынған (Б.16 Сурет). Суреттегі түзулердің біреуі изотерма, ал қалған екеуі екі түрлі газ үшін изобаралар. Екі газдың бастапқы күйлері (қысымы, температурасы, көлемі) бірдей. Екі осьтің масштабтары бірдей. Қай түзу қай процеске сәйкес келеді? Әр газдың еркіндік дәрежесі нешеу? (Тербелмелі еркіндік дәрежесі ескерілмесін). Қай процестердің графиктері координат осьтеріне дәл келеді?            

Б.53 Молекулалардың бей-берекет қозғалуы салдарынан, олардың еркін жолы ұзындығы-ның мәні әр түрлі болады.Егер ордината осіне молекулалардың еркін жолы ұзындығы берілген  х  мәнінен артық болатын молекулалар саны логарифмін, ал абсцисса осіне осы х аралықты салса, онда бұған сәйкес тәуелділік көлбеулігі  теріс, теңдеуі     lg N=lgN0-ax  түзу болады. Осы сызба бойынша молекулалардың еркін жолы ұзындығын қалай табуға болады (Б.17 Сурет)?

 

                                   

                   Б.17 Сурет                                                Б.18 Сурет

 

Б.54 Жоғарыда (Б.18 Сурет)  температура  өзгерісі мен бір атомды және екі атомды газдардың күйлерін әр түрлі процестерде өзгерту үшін  берілген  жылу мөлшеріне тәуелділігі берілген . Қай түзу қай  процеске сәйкес келеді? Қай процестердің  сызбасы  координат осьтеріне  сәйкес келеді? Екі газдың бастапқы күйлері (температура, көлем, қысым) бірдей.        

Б.55 Массасы m молекулалардан тұратын газдың температурасы Т. Газ молекулалары жылдамдығының vx компоненті үшін dw(vx)=φ(vx)dvx  ықтималдылықтар бөлінуі  өрнегін жазу керек. Бір сызбаға φ(vx) графигін: а) v=v1, T=T1; б) m=4m1, T=T1; в) m=m1, T=4T1;         г) m=αm1, T=αT1, үшін сызы-ңыздар, мұндағы α – тұрақты сан. Қисықтар астындағы аудандар неге тең ?

Б.56 Көлемі V, жұқа қабырғалы, қабырғалары  тұрақты температурада ұсталып тұратын, ыдыс ішінде идеал газ бар. Ыдыс вакуумде орналасқан. Ыдыс қабырғасына  өте кішкентай ауданы S тесік жасалса, онда ыдыс ішіндегі молекулалардың n   концентрациясы  уақыт өтуіне қарай қалай өзгереді? Ыдыс ішіндегі  қысым 2 есе  кемитін  t1/2 уақытты тап. Газдың ыдыстан  шығуы өте жай жүреді деп есептелсін, яғни газдың бүкіл ыдыс ішіндегі тепе-теңдік күйі бұзылмайды   деуге болатындай. Сондай-ақ, газдың температурасы тұрақты және  сыртқы температураға тең.

Б.57  Максвеллдің, жылдамдық құраушысы (мысалы vx) үшін бөлінуі dw (vx)=φ(vx)dvx=A exp[-mv2x /(2kT)]dvx. Пуассон интегралының мына мәнін пайдаланып ∫ехр(-αξ2)dξ=π/α Максвелл бөлінуін нормалаңдар. φ функциясының максимал мәні:        

а)  температура Т артқанда;

б) масса m артқанда қалай өзгереді? <V2x> -ты  есептеп  тап.

Б.58 Қандай да болмасын  бір идеал газ  үшін  γрv   қатынасы  белгілі. Осы газдың  адиабата  теңдеуін  (d'Q=0)  V,T; p,V; p,T  айнымалылары  бойынша жазыңыздар. Бұл γ  қатынасты неге идеал газдың  адиабата көрсеткіші  дейді?

Б.59 Суретте φ(vx) тәуелділігі берілген. Боялған (штрихталған) аудандардың физикалық  мағынасы  не (Б.19 Сурет)?

 

    

Б.19 Сурет

 

Б.60 Іші бос (сорылып алынған) жұқа қабырғалы, қабырғалары  тұрақты температурада ұсталып тұратын  ыдыс концентрациясы n0 температурасы сондай  идеал газ атмосферасына орналасқан. Ыдыс қабырғасында  өте кішкентай тесік жасалса, онда ыдыс ішіндегі молекулалардың n концентрациясы  уақыт өтуіне қарай қалай өзгереді?

 

         Семестрлік  тапсырма (ЕГЖ) №3

 

Нұсқасы

Т.С. Байпақбаев, Х.Х. Манабаев. Жалпы  физика  курсы есептер  жинағы. Электростатика, тұрақты  ток. Магнетизм.

В қосымшасы

 

А1

1.8, 2..2, 2.50, 3.20, 5.3

1, 2

А2

1.2, 2.3, 2.45, 3.21, 5.4

3, 4

А3

1.5, 2.4, 2.43, 3.25, 5.6

5, 6

А4

1.17, 2.5, 2.45, 3.34, 5.7

7(а),8(а)

А5

1.18, 2.7, 2.46, 3.14, 5.8

9,10(а)

А6

1.9, 2.9, 2.47, 3.15, 5.9

11(а),12

А7

1.6, 2.11, 2.29, 3.16, 5.10

13,14(а)

А8

1.18, 2.10, 2.31, 3.18, 5.11

10(б),4(в)

А9

1.21, 2.7, 2.32, 3.20, 5.12

8(б),15

А10

1.39, 2.5, 2.27, 3.37, 5.13

14(б),19

А11

1.19, 2.3, 2.26, 3.31, 5.14

20, 21

А12

1.12, 2.8, 2.25, 3.21, 5.15

22, 23

А13

1.9, 2.23, 2.50, 4.7, 5.16

24, 26(а)

А14

1.11, 2.14, 1.41, 4.6, 5.17

7(б), 18

А15

1.15, 2.12, 1.42, 4.9, 5.18

14(б), 19

В16

1.10, 2.25, 2.32, 4.4, 5.20

33, 34

В17

1.22, 2.22, 1.40, 4.10, 5.21

35,  36

В18

1.21, 2.19, 2.54, 4.12, 5.22

37, 38

В19

1.14,  2.17, 2.   4.13, 5.23

39, 40

В20

1.20, 2.15, 1.48, 3.27, 5.24

41, 42

В21

1.27, 2.18, 1.43, 3.28, 5.25

25, 27

В22

1.31, 2.20, 3.2, 3.30, 5.26

26(б), 28

В23

1.32, 2.23, 1.46, 3.39, 5.27

29, 30

В24

1.34, 2.34, 3.5, 3.40, 5.28

31, 32

В25

1.29, 2.29, 3.4, 4.19, 5.30

43, 44

В26

1.26, 2.28, 3.16, 4.39, 5.31

45, 46

В27

1.25, 2.27, 3.8, 4.41, 5.32

47, 48

В28

1.33, 2.30, 3.9, 4.32, 5.33

49,  50

В29

1.42, 2.31, 3.11, 4.33, 5.34

51, 52

С30

1.44, 2.34, 3.14, 4.34, 6.6

53, 56

С31

1.40, 2.33, 3.15, 4.35, 6.7

57, 58

С32

1.43, 2.38, 3.17, 4.43, 6.8

61,  62

С33

1.46, 2.40, 3.19, 4.48, 6.9

63, 23

С34

1.40, 2.35, 3.12, 4.49, 6.11

59, 60

С35

1.38, 2.36, 3.13, 4.50, 6.16

55, 56

 

№ 3  бақылау  жұмысы (сырттай  оқу)

 

1 к е с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп  нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

 В қосымшасы

0

13-2

14-22

15-30

17-18

20-6

1; 33

1

13-4

14-24

15-27

17-6

20-4

2; 34

2

13-6

14-26

15-38

17-10

20-2

3; 35

3

13-8

14-28

15-40

17-16

19-36

4; 36

4

13-20

14-30

15-20

17-14

19-34

5; 37

5

13-22

14-50

15-12

18-19

19-26

6; 38

6

13-14

14-52

15-8

18-17

19-29

7; 39

7

14-10

14-54

15-6

18-13

19-11

8; 40

8

14-4

14-56

15-4

18-10

19-13

9; 41

9

14-17

14-47

15-2

18-8

19-6

10; 42

 

2 к е с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (жұп  нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

  В қосымшасы

0

13-5

14-21

15-18

18-9

20-7

11; 63

1

13-9

14-23

15-28

18-6

20-5

18; 61

2

13-10

14-25

15-32

18-18

20-3

16; 62

3

13-13

14-27

15-36

18-14

19-33

17; 60

4

13-16

14-29

15-30

18-4

19-35

22; 59

5

13-18

14-51

15-22

17-11

19-28

21; 58

6

13-21

14-49

15-10

17-13

19-27

23; 57

7

14-6

14-53

15-7

17-22

19-7

25; 55

8

14-8

14-55

15-5

17-24

19-15

27; 47

9

14-18

14-46

15-3

17-25

19-10

29; 49

                         

                                                         В қосымшасы 

В.1 Неге электр  лампысының  қыл сымы қатты қызады, ал  өткізгіш  сымдар

суық  күйінде  қала  береді?

В.2  Электрстатикалық  өрісіне орналасқан  электр  заряды орнықты тепе-

теңдік күйде  бола  ала  ма?

В.3 Цилиндр пішінді конденсатордың  ішкі  және  сыртқы  астарларындағы зарядтарын  сақтап, радиустары  екі  есе үлкейді. Конденсатордың ішкі астарына жақын маңайдағы  электр өрісінің  кернеулігі өзгере  ме?

В.4 Тұрақты  ток  өтіп  тұратын өткізгіш  бетіне жақын кеңістікте   электр  өрісі  бола  ма?

В.5 Электрстатикалық  өрістегі  зарядталған бөлшек пен  сол  өрістің  күш  сызықтарының қозғалыс траекториялары сәйкес  келе ме?

В.6  Аккумуляторды  зарядтауға  жұмсалатын  пайдалы  қуат  жылу  шығаруға  кететін қуаттан  артық  бола  ма?

В.7  Біркелкі зарядталған  дискі  берілген. Анықтау  керек: а) дискі жазықтығының  эквипотенциалды  екендігін; б) барлық  нүктелердегі потенциал  градиенті дискі  жазықтығына  ортогональ  болатындығын.

В.8 Конденсаторды маймен  толтырылғанда оның электр  энергиясы қалай  өзгереді, егер: а) конденсатор    ЭҚК-і тұрақты  ток көзіне қосылған;

 б) зарядталған конденсатор  тұрақты  ЭҚК-і  көзінен  ажыратылған.

В.9 Біртекті  электр  өрісіне  радиусы  R металл шар орналастырылған. Эквипотенциалдық  беттері мен  Е өріс  сызықтарының  сапалық  суретін  жасау  керек.

В.10 Зарядталған сабын  көпіршігі ұлғайып барады. Оның :  а) электр  сыйымдылығы; б) электр  энергиясы  қалай  өзгереді?

В.11 Бір-бірінен  d қашықтықта орналасқан екі  нүктелік  зарядтар  жүйесі  үшін: а) +q   және   +4q ;    б) +q және  -4q  күш  сызықтарының  және  эквипотенциал  беттердің  сұлабасын  салу  керек. Е с к е р т у: өріс  кернеулігі  нөлге  тең  болатын  нүктені  табу  керек. Нөлдік  потенциал  сферасын  және  зарядтарды  қосатын   түзу  бойындағы  потенциалы  өріс  кернеулігі  нөлге  тең  болатын  нүктедегі  потенциалға  тең болатын нүктені табу  керек.

В.12 Цилиндрлік  конденсатордың зарядтарын  сақтап, ішкі  және  сыртқы  астарлары радиустарын екі есе үлкейтті. Конденсатордағы кернеу өзгере ме?

В.13 Электр тізбегінен ажыратылған ток көзінің клеммаларына қосылған

вольтметр  э.қ.к-ін.  көрсетеді  деген  тұжырым  дұрыс   па?

В.14 Мына өрнектердің  физикалық   мағынасы қалай :

         а) ;       б);

         в)   ;         г),

мұндағы  qi    - радиус-векторы    ri   нүктеде  орналасқан  заряд.

В.15 Нүктелік заряд металл  шарға  жақын орналасқан. Зарядқа  әсер  ететін  күш  нөлге  тең  екені  анықталды. Шар зарядының  таңбасын  табу  керек.

В.16  Суреттегі  +q , +q нүктелік  зарядтар  өрісіндегі S  симметрия  жазықтығы  эквипотенциал жазықтық    бола  ма?

 


                          • .+q                 S           • .+q

 

 

В.1 Сурет

 

В.17 Егер бірдей екі  тоқ  көзін  параллель  қосылған  күйден  тізбектеп  қосылған  күйге  ауыстырсақ, қысқаша  тұйықталу  тоғы  қалай   өзгереді?

В.18  Зарядталған  жазық ауа   конденсаторы  астарлары  F  күшімен тартылады.  Конденсатор  астарлары  арасындағы  бос  саңылауға диэлектрик  пластинкасын  енгізсек, бұл күш  өзгере  ме?

В.19 Біртекті  өткізгіште  тұрақты  ток  өткен  кезде  зарядтардың  көлемдік  тығыздығы  нөлге  тең  екенін  көрсету  керек. Өткізгіш ішінде  қандай зарядтар  Е өрісін  тудырады?

В.20. Қай  жағдайда  сыртқы  кедергіге  тұйықталған,    тізбектей  косылған

екі гальваникалық  элемент  сол  кедергіге  қосылған  бір  элемент  беретін токқа қарағанда аз  ток  береді?

В.21  Жазық  конденсатордың  астарларының  арасындағы  кеңістік пластиналарға перпендикуляр  бағытта  өзгеретін   диэлектрлік  өтімділігі ε

диэлектрликпен  толтырылған. Конденсатор  ішіндегі Е және  D векторлық

өрістер  біртекті  ме?

В.22 Екі  концентрлік  сфералармен  шектелген  сфералық  қабат  көлемдік

тығыздығы тұрақты  электрмен  зарядталған. Кулон  заңына  сүйене  отырып, осы  қабатпен  шектелген  қуыстағы  электр  өрісі  нөлге  тең  екендігін  көрсету  керек.

В.23. Электростатикалық  өрістің  потенциалдығынан шығатын қандай шартты, бөгде күштер жоқ жағдайда  біртекті изотропты  өткізгіштегі j тұрақты  ток  тығыздығы қанағаттандыруы  керек.

В.24 Бірдей екі конденсаторды  алып, сол  конденсаторлардың  біреуімен  салыстырғанда екі  есе  аз  немесе  екі  есе  көп  сыйымдылық  алуға  бола  ма?

В.25 Бірдей  кернеуге  есептелген, бірақ  әр  түрлі  қуат  тұтынатын  екі  лампа тізбекке  тізбектей  қосылған. Олардың  біреуі  екіншісіне  қарағанда неге жарығырақ  жанады?

В.26 Біртекті  изотропты  полярлық  диэлектрик ішіндегі нүктелік  зарядты

айнала  ойша  сфера  жүргізілген. Сфера  қамтитын  байланысқан  зарядтың

абсолют  мәні  егер:   а) диэлектрикті  қыздырса; б)  сфера  радиусын үлкейтсе 

қалай  өзгереді ?

В.27  Ені  2а  өтімділігі  2-ге  тең  диэлектрик  пластина  кернеулігі  Е және  сызықтары  пластинаға  перпендикуляр  электр  өрісіне  орналасқан.  Е және  D өрісі  сызықтарын  сызып  көрсету  керек.

В.28 Тұрақты  ЭҚК  көзіне  қосылған  жазық  конденсатордың астарларының ара  қашықтықтарын екі  есе  үлкейтті. Астарлар арасындағы  өзара  әрекеттесу  қалай  өзгереді?  Шет  аймақтық  эффектілерді ескермеңіз.

В.29  U0 потенциал айырмасына дейін  зарядталған  сыйымдылығы  С конденсатор  R кедергісі  арқылы  разрядталады. Разряд  тогы  біртіндеп I (t) графигіне  байланысты  азаяды. Абцисса  өсі  бойына  уақыт, ал  ордината  осі  бойына  lnI  салынған. Осы  процеске  1 түзуі (В.2 Сурет) сәйкес  келеді, одан  кейін  мына  параметрлердің  бірін  (U0,R,C) өзгерту  арқылы  2 жаңа  тәуелділік  алынды. Қай параметр және қалай қарай өзгерген ?

 

 

                                                                            

 


                  

 

           

 

 

                            В.2 Сурет                                                         В.3 Сурет

 

В.30 Диэлектрик  шар  центрінде  q  нүктелік  заряды  бар (В.3 Сурет)  а)   ;  б)      диэлектрикті жарым-жартылай    қамтитын  тұйықталған  S  беті  бойынша алынған интегралдар  нөлден  өзгеше  ме?

В.31  В.4 а,б,в  суреттерінде  3 электр  өрісі  бейнелері  көрсетілген. Әрбір  өріске  орналастырылған  зарядталмаған кішкене  металл шар не істейді ? (В.4 Сурет)

 

 

 

 

 

 


                                   В.4 Сурет                                               В.5 Сурет     

                          

В.32  Тұрақты  ток  электромоторын  U  кернеуіне  қосқан. Якорь  орамасының  кедергісі  R. Орама  арқылы  өтетін  токтың  қандай  мәнінде  пайдалы  қуат максимал  болады? Ол  неге  тең ? Мотор  ПӘК-і қандай?

В.33 Текше (куб) центрінде  q  нүктелік  заряд  бар.  а) текшенің  толық  беті  арқылы; б) текшенің  бір  қыры арқылы  өтетін Е ағыны  неге  тең? Егер  заряд  текшенің  центрінде  емес, бірақ оның  ішінде  орналасса онда  жауапта өзгеріс  бола    ма ?

В.34 Зарядталған  конденсатор  R  кедергісі  арқылы  разрядталады. Разряд  тогы  логарифмінің   уақытқа  тәуелділігінің  екі  разряд үшін  екі түрі  берілген (В.5 Сурет). Тәжірибе  шарты бойынша параметрлердің: U0,R,C.біреуі  ғана  өзгерген. Екі разрядтың  қандай  параметрмен өзгешеленетінін  және  қай  жағдайда  сол  параметр  көбірек  екенін  анықтау  керек.

В.35 Шексіз үлкен жазықтық  тұрақты  беттік  тығыздықпен  σ  зарядталған. Жазықтық  потенциалын нөлге  тең  деп  алып, жазықтықтың  екі  жағындағы  кернеулік  Е және φ потенциалды  табу  керек. Х -тен  тәуелді  Е х және φ графигін  сызу  керек. Х осі  жазықтыққа  перпендикуляр, ал х=0 нүктесі  жазықтықта  орналасқан (В.6 Сурет).

В.36 Электр энергиясын үлкен  қашықтыққа  жеткізу үшін өте  жоғары кернеу қолданылады. Неге жоғары   кернеулердің электр энергиясын тасымалдау желілеріндегі  шығынды                      азайтатындығын  түсіндіру  керек.                                              

В.6 Сурет  

В.37 φ (х)  графигі  бойынша (В.6 Сурет) әрбір  график  облысында  Е өріс  кернеулігінің  модулі мен   бағытын  анықтап, Е х (х) графигін  салу  керек.

В.38 Параллель   қосылған біреуі  ауа, ал

                                                                                                 

екіншісі диэлектрикпен толтырылған,   геометриялық  өлшемдері  бірдей                             В.7 Сурет

екі  жазық  конденсатор бірдей потенциалдар айырмасына  дейін зарядталған (В.7 Сурет).         Қай  конденсаторда  Е  кернеулігі, D  ығысуы  және энергия  тығыздығы  көп  екенін  анықтау  керек. Қай  конденсатор  астарларындағы  зарядтардың  беттік  тығыздығы  көбірек ?

В.39  φ (х) графигінің (В.8 Сур)  қай  облысында: а) өріс  кернеулігі  Е=const және ОХ осінің  оң  жағына  бағытталған;  б) электр  өрісінің  энергия  тығыздығы  ең  үлкен  мәнге  жетеді ?

В.40 Электрон  концентрациясын  n=1023 м-3, тоқ тығыздығы  j=100A/см2 бар  өткізгіштегі  <u> электрондардың  реттелген  қозғалысының  орташа    В.8 Сурет

жылдамдығын    табу  керек. Осы  жылдамдықты  бөлме  температурасындағы  электрондардың жылулық қозғалысының  жылдамдығымен  <u>  салыстыру  керек.

В.41 Модульдері  бірдей, бірақ  таңбалары  қарама-қарсы екі  нүктелі  заряд -q және   +q  бір-бірінен  d  қашықтықта  орналасқан. Е х (х) тәуел-                              В.9 Сурет

ділік  графигін  тұрғызу  керек.                                                                      В.42   К  кілтін тұйықтасақ, амперметр  көрсетуі       қалай  өзгереді ?

В.43   p=u2/R  формуласына  сәйкес  резисторға  кететін  қуат  кедергінің өсуіне байланысты  кему  керек, ал p=I2R-да керісінше. Бұл  жерде  қарама-қайшылық  бар  ма? Түсіндіріңіз.

В.44   Суретте  (В.10 Сурет)  көрсетілгендей кернеулігі Е=const  электр  өрісінде А, В және  С деген үш  нүкте  алынған. UAB, UBC және UAC  нүктелерінің  арасындағы  кернеуді  анықтау  керек. АС=12см, ВС=5см.

 

 

 

                    

                В.10 Сурет                                                    В.11 Сурет  

 

В.45    q заряды  бар  шарик  зарядталмаған    өткізгіш  сфера  ішінде  орналастырылған. а) заряд  центрінде  орналастырылған в) заряд  центрден

тыс. Сферада  индукциялық зарядтар  қалай  таралады? Сфера  ішіндегі және    сыртындағы  электр  өрісінің күш  сызықтарының  суретін  салу  керек.

В.46 Суретте  (В.11 Сурет) ток  күшінің уақыттан  тәуелділік  графигі берілген. I=f(t) тәуелділігін  білдіретін  формула  жазыңыз.

В.47  Радиусы  R  металл  шарына  + q1 зарядын, ал  центрін шардыкімен  бірдей  металл  қабатына + q2 берді. R2 қабаттың  ішкі  радиусы, R3 сыртқы  радиус. Жүйе  центрінен  r  қашықтыққа  тәуелді  орналасқан өріс  кернеулігі  қалай  өзгереді?    Е (r) графигін  тұрғызу  керек (В.12 Сурет).

В.48  Диэлектрлік өтімділігі    диэлектрик, z<0  облысында  орналасқан. В.13 Суретте  көрсетілгендей етіп  Г  контурын  алайық. Өріс  кернеулік  векторы  сурет  жазықтығына  коллинеарлы.  а)  және өрнектерінің таңбасын;  б) Ежәне Е1х   құраушылары өзара қалай байланысқан?

 

 

 

 

 

 

                   В.12 Сурет                                       В.13 Сурет

 

В.49 Біртекті  электр  өрісіне  жіңішке  ұзын  диэлектрик  шыбық  орналастырылған (В.14 Сурет). Е  өріс  сызығының және Е х (х) тәуелділік  графигінің  сапалы  суретін  салу  керек.

                  

                   В.14 Сурет                                       В.15 Сурет

 

В.50 Тоқ  көзі   және  сыртқы  кедергісі  бар  екі  тізбекте  максимал тоқ  күші  бірдей, ал  сыртқы  тізбектегі  максимал қуат бір  жағдайда  екіншісінен  екі  есе  көбірек. Осы  тізбектер  қандай  параметрлермен  өзгешеленеді?

В.51   Өзара  тізбектеп қосылған R1 мен Rжәне С1 мен С2 сыйымдылықтары     суреттегідей қосылған (В.15 Сурет).Тізбекке сыртқы кернеу түсірілген. А  және  В нүктелерінің арасындағы потенциалдар айырмасы нөлге тең болуы үшін R1 мен R2  және  С1 мен С2 сыйымдылықтары  арасындағы  қатынас  қандай  болу  керек ?

В.52 Кернеулігі  Е  электр  өрісіне  өтімділігі  2 диэлектрик  пластина  орналастырылған.  Сызықтар  сурет  жазықтығына  коллинеар  және  пластинамен  бұрыш  жасайды: а) вакуумда  және  пластинада  Е және  D   өріс  сызықтарын  сапалы түрде салып көрсету  керек; б) ЕхDх , Еу , Dу , Е  және D графиктерін  сапалы  түрде  келтіру  керек (В.17 Сурет).

В.53 Модуль  жағынан  тең  екі  нүктелік заряд арасындағы  потенциалдың  таралуы  В.16 Суретте  көрсетілген. Зарядтардың  таңбасын  анықтау  керек. Е-нің х-тен тәуелділігін  алу  керек.

      

                           

                       В.16 Сурет                                              В.17 Сурет

 

В.54 Конденсатор  жартылай  диэлектрикпен  толтырылған. Е өріс кернеулігі, ығысуы  және энергия тығыздығы  оның қай  бөлігінде  көбірек? (В.18 Сурет)

В.55   В.19 Суретте  көрсетілген  сұлаба  учаскесінде  Е кернеулігінің  және φ  потенциалының  тәуелділік  графигін  салу  керек.

                                                                                              

             

 

 

 

 

 

 

 

                   В.18 Сурет                                                В.19 Сурет

 

 

 

В.56  Біртекті  шар  көлемі  бойынша  бірқалыпты  және  оң  зарядталған. Шармен  концентрлі сфераның бірлік  ауданы арқылы өтетін  Е  кернеулік  векторының  ағыны он  радиусы  өсуіне  қарай  қалай  өзгереді, егер  ол:  а) шар ішінде; б) сыртында (вакуум) орналасса.

В.57 ЭҚК ε, ішкі кедергісі r батарея сыртқы айнымалы  кедергімен тұйықталған.: а) I ток күшінің R кедергіге тәуелді; б)Сыртқы тізбектегі  U кернеудің R кедергіге тәуелді сызбасын сызыңыздар (В.19 Сурет).

 В.58 (В.20 Сурет) Зарядталған  өткізгіш шар ішінде -q теріс зарядты шар  орналасқан: а) индукциялық  зарядтар  қалай  таралады; б) шардың  ішіндегі  және  сыртындағы  электр  өрісінің күш  сызықтарының суретін салу  керек; в) эквипотенциалды  беттерді  салу  керек; г) сферадан тыс  орналасқан зарядталған  шарикке -q заряды қалай  әсер  етеді ?

В.59  Үрілмелі ауа конденсаторының  пластиналарының                 В.20 Сурет

ара  қашықтығы  пластина  өлшеміне  қарағанда 

біршама  аз, зарядтардың  беттік  тығыздығы                                      

 δ (В.21 Сурет ). Конденсатордың  ішкі  және  сыртқы  Е  кернеулігі мен φ потенциалын  табу  керек. φ(0)=0 деп  алып, Ех пен φ-дің х-ке  тәуелділік  графигін  тұрғызу керек.                                                        

                                                                                                             В.21 Сурет

В.60 Келесі  құбылыстар  немен  ерекшеленеді: конденсатор  сыйымдылығын  өзгертеді  (мысалы астарлар  арасындағы қашықтықты өзгертіп немесе диэлектрикті салып):  а) конденсатор кернеу  көзінен  алынғаннан кейінгі;      б) конденсатор  кернеу   көзінен  алынбаған   жағдайларды қарастырыңыз.                                                                                            

В.61 Ені  а  шексіз  пластина тұрақты  ρ  көлемді  тығыздықпен  зарядталған

(В.22 Сурет).  Ех  өрісінің кернеулігін  табу  керек. Ех-тің х -тен тәуелділік  графигін  және  φ(0)=0  деп  алып, φ потенциалдың х-тен тәуелділік  графигін  тұрғызу  керек.

В.62  Жазық  ауа конденсаторды  зарядтағаннан  кейін  кернеу  көзінен  алып, керосинге  батырады. Конденсатор  энергиясында қандай өзгеріс  болады?

В.63 Көлемдік  тығыздығы  бірдей ρ зарядты сфералық формасы  бар өткізбейтін  қабықша  берілген (В.23 Сурет) Е(r) тәуелділігін  график арқылы   көрсету  керек.

                                 

         

                   

 

В.22 Сурет                                                    В.23 Сурет     

Семестрлік  тапсырма (ЕГЖ) № 4

 

Нұсқа

№№

Электростатика.Тұрақты ток.

Магнетизм. 2004 ж.

 Байпақбаев Т.С.Манабаев Х.Х

Жалпы физика курсы-ның есептер  жинағы.

В.С. Волькенштейн

Г қосымшасы

1

7.1,  9.1,  10.5

11.24, 11.72

1 ,  15

2

7.2, 9.2,   10.6

11.23, 11.73

3,  16

3

7.3,  9.3,  10.7

11.25,  11.74

2,   32

4

7.4,  9.16,  10.8

11.26, 11.70

4,   31

5

7.5,  9.4,   10.9

11.27, 11.75

5,   19

6

7.6,  9.5,   10.1

11.28, 11.77

6(а), 17

7

7.13,  9.9,  10.2

11.29,  11.78

6(б), 19

8

7.9,   8.2,   10.3

11.39, 11.58

7(а), 31

9

7.14,  8.3,  10.4

11.52, 11.59

7(б),  37

10

7.18,  9.10,  10.11

11.40, 11.64

2,    27

11

7.15,  9.11,  10.12

11.44,  11.65

10,   18

12

7.17,  9.12,  10.13

11.51, 11.36

9,   20

13

7.22,  9.14,  10.14

11.53, 11.79

10,   21

14

7.23,  8.4, 10.16

11.55, 11.18

11,   23

15

7.14,  9.15,  10.17

11.56, 11.80

12,   24

16

7.7,   8.5,   10.10

11.30, 11.84

13,   25

17

7.34,  9.8,  10.21

11.33, 11.85

14,  20

18

7.8,   9.13,  10.15

11.34, 11.86

11,  21

19

7.10,  8.7,   10.18

11.47, 11.67

12,   23

20

7.11,  8.9,    10.19

11.48, 11.68

13,   29

21

7.12,  9.7,    11.12

11.54,11.87

10,   22

22

7.16,  8.12,   11.14

11.57, 11.69

9,   36

23

7.31,   8.15,   11.15

11.59, 11.85

8,   33

24

7.24,   9.6,   11.7

11.60, 11.88

24,  38

25

7.25,  8.17,  11.8

11.61, 11.42

26,   34

26

7.27,  8.18,   11.19

11.62,11.91

27,   35

27

7.21,   9.31,   11.5

11.63, 11.89

22,   28

28

7.20,   8.20,    11.2

11.50, 11.90

25,   30

29

11.16,  9.21,   8.21

11.31, 11.66

8,   29

30

10.22,  9.22,  

11.13, 11.45,  11.65

21,   38

31

11.19,  9.23,  10.10

11.14, 11.76

23,   36

32

11.17,  9.24,  8.22

11.49, 11.83

25,   35

33

11.18,  9.25,  10.21

11.32, 11.35

20,   40

34

10.25,  9.28,   10.15

11.43, 11.37

21,   39

35

11.20,   9.32,  8.24

11.41,11.38

22,   30

 

 

№4  бақылау  жұмысы (сырттай  оқу)

 

1 ке с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

  Г қосымшасы

0

21-4

22-24

23-2

24-24

24-23

1; 40

1

21-6

22-20

23-6

24-22

24-21

2; 39

2

21-10

22-18

23-10

24-20

24-19

3; 38

3

21-16

22-16

23-14

24-18

24-13

4; 37

4

21-18

22-14

23-16

24-16

24-17

5; 36

5

21-20

22-10

23-20

24-14

24-15

6; 35

6

21-22

22-8

23-28

24-12

24-20

7; 34

7

21-25

22-6

23-30

24-10

24-9

8; 33

8

21-29

22-4

23-22

24-8

25-4

 9; 32

9

21-31

22-2

23-34

24-7

25-2

10; 31

 

2 к е с т е   – бақылау  жұмыстарының нұсқалары (жұп  нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.  «Задачник по физике».-М., 1981)

  Г қосымшасы

0

21-5

22-23

23-4

24-20

24-1

11; 21

1

21-7

22-19

23-8

24-21

24-3

12; 22

2

21-15

22-17

23-9

24-19

24-5

13; 23

3

21-19

22-15

23-13

24-17

24-7

14; 24

 4

21-21

22-13

23-15

24-15

24-12

15; 25

5

21-24

22-11

23-17

24-13

24-14

16; 26

6

21-26

22-9

23-21

24-11

24-18

17; 27

7

21-28

22-7

23-27

24-9

25-5

18; 28

8

21-30

22-5

23-29

24-6

25-3

19; 29

9

21-32

22-3

23-33

24-4

25-1

20; 30

 

Г Қосымшасы

 

Г.1 Ток күштері I1 және I2  өз ара перпендикуляр  екі өткізгіш бір жазықтықта орналасқан. Магнит индукция векторы нөлге тең болатын нүктелердің геометриялық орнын табыңыздар: а) Г.1 Суреттегі жағдай үшін; б) Г.2 Суреттегі жағдай үшін.

Г.1 Сурет                                                       Г.2 Сурет

Г.2 Электр заряды  q>0 , v жылдамдықпен қозғалып барады (Г.3 Сурет). Радиус векторлары r1 және r2 болатын 1 және 2 нүктелердегі магнит индукция векторларының модульдерін салыстырыңыз және бағытын көрсетіңіз. в суреттегі жағдай үшін В-ның максимал мәніне сәйкес келетін  a бұрышын табыңыз.                                                                                                                                          

                                                                                                                          r1   1

         1             2                                 r1 1

      r1                r2                                             2

                                                                         r2                                                              2                       

                                                                                                                                           a         r2

      q ○                  v                                 q ○                   v                                       q ○                    v

           а)                                             бr1 = r2                                        в) 

                                                       

Г.3 Сурет

     

Г.3 Біртекті магнит өрісінде оның сызықтарына перпендикуляр түзу өткізгіш орналасқан. Егер өткізгішпен тұрақты ток жіберсек, онда магнит индукция сызықтары қалай өзгереді? Өткізгішке жақын аймақта төмендегі жағдайларда: а) ток "бізге қарай" бағытталған; б) ток "бізден ары" бағытталған болса, онда магнит индукциясы сызықтары қалай өзгереді ?

Г.4 Өте үлкен екі жазық беттерден модульдері бірдей, бағыттары қарама-қарсы беттік токтар өтеді (Г.4 Сурет). Ток бағыттары  сурет жазықтығына перпендикуляр және сол жақтағы пластинада "бізден әрі" бағытталған, оң жақтағы пластинада "бізге қарай" бағытталған. Магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланып, пластиналар арасындағы және олардың екі жағындағы магнит өріс сызықтарының конфигурацияларын анықтау керек.                             Г.4 Сурет

Г.5 Өте үлкен екі жазық беттерден модульдері бағыттары және бірдей, беттік токтар өтеді (Г.5 Сурет). Токтар сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізге"  қарай бағытталған. Магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланып, пластиналар арасындағы және олардың екі жағындағы магнит өріс сызықтарының конфигурацияларын анықтау керек.                                              Г.5 Сурет

Г.6  Өте үлкен екі жазық бет  біртекті магнит өрісінде  жазықтығы магнит өріс 

сызықтарына параллель болатындай етіп орналасқан (Г.6 Сурет). Магнит өріс

сызықтарының конфигурациялары қалай өзгереді, егер беттен мына бағыттарда ток  жіберсек:

а) сурет жазықтығына перпендикуляр "бізге" қарай бағытталған;  

б) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізден ары" қарай бағытталған. Есепті шығару үшін магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін  пайдалану керек.

                                                              

Г.6 Сурет

 

Г.7  Өте үлкен екі жазық бет  біртекті магнит өрісінде  жазықтығы магнит өріс сызықтарына перпендикуляр болатындай етіп орналасқан (Г.7 Сурет). Магнит өріс сызықтарының конфигурациялары қалай өзгереді, егер беттен мына бағыттарда ток жіберсек:

а) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізге" қарай бағытталған;


б) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізден әрі" қарай бағытталған. Есепті шығару үшін магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланыңыз

                                                       

Г.7 Сурет

 

Г.8  Жазық металл  лента бойымен тұрақты ток өтіп жатыр. Ток тығыздығы барлық жерде бірдей. Био-Савара-Лаплас заңын және  суперпозиция принципін пайдаланып, мына жағдайлар үшін  магнит өрісін сипаттаңыздар: a) бетке жақын аймақта, яғни лентаның b  енінен көп кіші r қашықтықтардағы; б) r>>b, үлкен қашықтықтарда. Берілген шарттар үшін  магнит индукция сызықтарының көрінісін салыңдар.

Г.9 Кеңістікті жазық горизонталь шекара  екі бөлікке бөліп тұр. Төменгі бөлікте магнит өрісі нөлге тең. Жоғарғы бөлігіндегі бетке жақын аймақта біртекті магнит өріс сызықтары бетке параллель болатынын дәлелдеңдер.

Г.10 Ток өткізгіш үлкен жазық беттің екі жағында, оның бетіне параллель біртекті магнит өрістері бар. Егер жазықтықтың екі жағындағы бағыттары бірдей, біртекті магнит өріс индукция векторларының шамалары B1= 0,2 Тл  және B2=0,6 Тл болса, онда осы беттің бірлік бетіне әсер ететін күшті анықтаңыздар.

Г.11 Г.8 Суретте тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіш өрісі кернеулігінің қашықтыққа  тәуелді  H(r)  сызбасы келтірілген. Ток тығыздығы өткізгіштің көлденең қимасында біркелкі таралған. Егер, ток күшін өзгертпей, өткізгіштің радиусын R1 ден R2 -ге дейін өзгертсек H(r) сызбасы қандай болады? Ток тығыздығының  өткізгіштің көлденең қимасы бойынша біркелкі таралуы сақталады.

 

Г.8 Сурет

 

Г.12   Цилиндр пішіндес шексіз ұзын түзу өткізгіштен ток өтіп жатыр. Ток тығыздығы  өткізгіштің көлденең қимасы бойынша біркелкі таралған.  Центрі өткізгіштің  осімен сәйкес келетін дөңгелек контур бойынша алынған магнит өріс кернеулігінің циркуляция векторының модулі контур радиусын  арттырса  қалай өзгереді? Екі жағдай үшін қарастыру керек, егер:  а) өткізгіш контурдың ішінде орналасса; б) өткізгіш контур сыртына орналасса. Контур жазықтығы  өткізгіш осіне перпендикуляр орналасқан.

Г.13 Цилиндр пішіндес шексіз ұзын түзу өткізгіштен ток өтіп жатыр. Ток тығыздығы  өткізгіштің көлденең қимасы бойынша біркелкі таралған.  Центрі өткізгіштің  осімен сәйкес келетін дөңгелек контур бойынша алынған магнит өріс кернеулігінің циркуляция векторы ұзындығы сондай квадрат пішіндес контурмен ауыстырса қалай өзгереді? Контур жазықтығы  өткізгіш осіне перпендикуляр орналасқан. 

Г.14   Тогы бар сақинаны диаметрі бойынша α бұрышқа майыстырсақ, онда оның центріндегі магнит өріс индукция векторы қанша есе азаяды? Сақинадағы ток өзгермейді.

Г.15 Индукциясы  В болатын магнит өрісіне перпендикуляр қозғалатын екі зарядталған бөлшектер  алғашқы кездесулерінен кейін қанша уақыттан кейін қайта кездеседі ? Алғашқы кездесуде олар өз ара перпендикуляр қозғалған еді. Бөлшектің заряды q, массасы m . Зарядтардың өзара әсерлесуі ескерілмесін.

Г.16 Зарядталған бөлшек біртекті магнит өріс аймағына өріс сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді.    Егер кеңістіктің  берілген аймағындағы магнит  индукциясы баяу кемитін болса, онда бөлшек қандай траекториямен қозғалады?

Г.17   Зарядталған бөлшек біртекті магнит өріс аймағына өріс сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді. Егер кеңістіктің  берілген аймағындағы магнит  индукциясы баяу артатын болса,  онда бөлшек қандай траекториямен қозғалады? 

Г.18   Зарядталған бөлшек магнит өріс аймағына өріс сызықтарына α<π/2 бұрышпен  ұшып кіреді (Г.9 Сурет)  Егер  бөлшектің қозғалыс бағытына қарай өріс сызықтарының арасы алшақтайтын болса, онда бөлшек қандай траекториямен қозғалады? 

Г.9 Сурет

 

Г.19   Зарядталған бөлшек магнит өріс аймағына, өріс сызықтарына α<π/2 бұрышпен  ұшып кіреді (Г10 Сурет). Егер бөлшектің қозғалыс бағытына қарай өріс сызықтарының арасы бір-біріне жақындайтын болса, онда бөлшек қандай траекториямен қозғалады?

Г.10 Сурет

 

Г.20 Кеңістік жазықтықпен екі аймаққа бөлінген (Г.11 Сурет). Бір аймағындағы магнит өріс индукциясы В1, екінші аймағындағы  өріс  индукциясы В2. Екі өріс те біртекті және өріс сызықтары  бір-біріне параллель. Бөліп тұрған жазықтықтан оған перпендикуляр бағытта, индукциясы В1 өріс аймағына қарай υ жылдамдықпен электрон жіберіледі. Электронның  қозғалысын сипаттаңыздар және оның магниттік өрістер шекарасы бойымен орын ауыстыруының орташа ( дрейфті ) жылдамдығын анықтаңыздар.  

Г.11 Сурет

 

Г.21 Біртекті магнит өрісі мен электр өрісі жазықтықпен екі аймаққа бөлінген (Г.12 Сурет). Магнит өріс индукциясы В жазықтыққа параллель, ал Е электр өріс кернеулігі жазықтыққа перпендикуляр  болып келеді. Электр өрісіне, шекарадан   қашықтыққа массасы m , заряды q>0 бөлшек әкелінеді. Осы бөлшектің қозғалыс траекториясын сызып және оның шекара бойымен орын ауыстыруының орташа (дрейфті) жылдамдығын анықтау керек.  

Г.12 Сурет

 

Г.22 Пластиналар ара қашықтығы d болатын жазық  конденсатордың пластиналары индукциясы В магнит өрісіне перпендикуляр орналасты (Г.13 Сурет). Катодқа жақын жерге баяу қозғалатын электрондар  көзі орналасқан. Электрондар  пластиналарға қарай әртүрлі бағытта ұшады. Электрондарды анодқа қарай бағыттау үшін конденсаторға қандай потенциалдар айырымын беру керек?  Дақ өлшемі немен анықталады?

Г.13 Сурет

 

Г.23 Ара қашықтығы d болатын жазық анод пен катодқа жоғары кернеу беріледі (Г.14 Сурет). Жүйе электродтар жазықтығына  параллель индукциясы В магнит өрісінде орналасқан. Жарықтың әсерінен катодтан шыққан электрондар қандай кернеуде анодқа жетеді ? Егер  B═0,1 Тл, d═2 см болса бұл кернеу неге тең болады?

Г.14 Сурет

 

Г.24   Электрон ені ℓ болатын магнит өріс аймағына  ұшып енеді. Электронның  v жылдамдығының бағыты B өріс индукциясына және аймақ шекарасына  перпендикуляр. Электрон магнит өрісінен аймақ шекарасына қандай бұрыш жасап ұшып шығады ?

Г.25 Жазық конденсатор пластиналарға перпендикуляр болатын біртекті магнит өрісіне орналасқан (Г.15 Сурет). А нүктесінен электрондар  магнит өрісіне перпендикуляр бағытта ұшып шығады. Пластиналарға U потенциалдар айырымы берілген. Электрондар қандай шарттар орындалғанда конденсатор арқылы өтеді?

Г.15 Сурет

 

Г.26   Көлденең қимасы тік бұрышты  a´b  болатын түтік ішінде тығыздығы ρ газ бар (Г.16 Сурет). Түтіктің бір шетінде газ разрядын жасап, сонан кейін ток  күшін тұрақты ұстайды. Пайда  болған газ разрядын магнит күштері, оның алдындағы газды  «ысыра» отырып түтік ішіне  тартады. Плазма «тығынының» орныққан жылдамдығын, оның мәні  ылғи да  газ ішіндегі дыбыс жылдамдығынан артық болатынын ескеріп анықтаңыздар. Магнит өрісі  индукциясы B  түтіктің вертикаль қабырғаларына перпендикуляр.

Г.16 Сурет

 

Г.27   Металл сақинадағы ток  I0 болғанда ол үзіліп кетті. Мықтылығы он есе артық болатын металдан дәл сондай  сақина жасалынды. Жаңа сақинаны қирату үшін сақинаға  қандай ток беруіміз керек?

Г.28   Плазма үдеткіші (рельсотрон) индукциясы  В магнит өрісіне перпендикуляр жазықтықта  жататын параллель ауыр екі өткізгіштен (рельстер) тұрады (Г.17 Сурет). Сутегі ішіндегі  А  және  С нүктелері  арасында электр разряды  жандырылады. Разрядтық I ток күші тұрақты  ұсталады. Магнит өрісінің  әсерімен разрядтық аймақ (плазмалық қойыртпақ)   рельстердің шетіне  қарай үдемелі орын ауыстыра отырып  барып құлайды. Массасы  m  плазмалық қойыртпақтың  жылдамдығы неге тең? Рельстердің арасы ℓ. Плазма  үдетілетін  аралықтың  ұзындығы L. Плазмалық қойыртпақтың жылдамдығын мынадай жағдайда:  B=1 Тл,   ℓ=0,1 м, L=1 м, I=10 А   табу керек. Плазма  қойыртпағы  ішінде 10¹³ сутегі ионы бар.

Г.17 Сурет

 

Г.29 Магнит өріс  индукциясы В жазық беттен өткенде α көлбеулік бұрышы β болып өзгерді.  Магнит өріс индукциясы неше есе өзгереді ? Беттегі сызықтық ток тығыздығы неге тең?

 

Г.18 Сурет

 

Г.30   Кеңістікті, a бұрышпен қиылысатын екі жазықтық, төртке бөледі (Г.19 Сурет). Әр бөліктегі магнит өрісі біртекті. 1 және 3  аймақтардағы B1 және B3 магнит өріс индукциялары АА симметрия жазықтықтарына параллель. 2  және 4  аймақтарындағы өріс индукцияларын анықтау керек.

Г.19 Сурет

 

Г.31   Тогы бар өткізгіш шексіз  және изотропты парамагнитті ортада орналасқан. Егер ортаның температурасын арттырса магнит өріс кернеулігі мен магнит индукциясының шамалары қалай өзгереді?

Г.32   Тогы бар ұзын түзу  өткізгіш ток өткізбейтін, магнит өтімділігі μ>1 болатын магнетикпен толтырылған ортаны вакуумдік ортадан бөлетін, жазықтықта жатыр. Г.20 Суретте осы шарттарға сәйкес келетін магнит индукция сызықтары келтірілген. Осыған сәйкес келетін магнит өріс кернеулік сызықтарын салыңыздар.      

 

Г.20 Сурет

 

Г.33   Тұрақты ток жүріп тұрған соленоидтың бір шетіне жақын жеңіл контур ілінген (Г.21 Сурет). Контур арқылы  тұрақты ток жіберілсе, рамкаға не болады? Тогы бар рамкаға  соленоид тудырған магнит өрісінің әсер ету механизмін ашып көрсетіңіз.

 

Г.21 Сурет

 

Г.34   Жіпке ілінген жеңіл болат стержень біртекті емес магнит өрісіне орналастырылғандағы құбылысты сипаттаңыз. Магнит моменті ұғымы және Ампер күші арқылы магнит өрістің  осы стерженьге  әсер ету механизмін ашып көрсетіңіздер.

Г.35   Жіпке ілінген жеңіл алюминий стержень біртекті емес магнит өрісіне әкелінді. Магнит моменті және Ампер күші арқылы магнит өрістің  осы стерженьге  өсер ету механизмін ашып көрсетіңіздер.

Г.36   Жіпке ілінген жеңіл висмут стержень біртекті емес магнит өрісіне әкелінді. Магнит моменті және Ампер күші арқылы магнит өрісінің  осы стерженьге  әсер ету механизмін ашып көрсетіңіздер.

Г.37   Белгісіз заттан жасалған таяқша вакуумдағы магнит полюстер арасына  магнит өріс сызықтарына параллель орналасқан. Полюстер арасы қандай да бір сұйықпен толтырылғанда таяқша бағытын өзгертпеді. Таяқша жасалынған зат пен сұйықтың  магниттік қасиеті қандай болғаны ?

Г.38   Белгісіз заттан жасалған таяқша вакуумдегі магнит полюстер арасына, магнит өріс сызықтарына параллель орналасқан. Полюстер арасы қандайда бір сұйықпен толтырылғанда таяқша өріске перпендикуляр орналасты. Таяқша жасалынған зат пен сұйықтың  магниттік қасиеті қандай болғаны ?

Г.39   Қаныққан күйге дейін магниттелген темір кесегінен осі магниттелу бағытына дәл  келетін тұтас  цилиндр кесіп алынды. Осы  цилиндрдің магнит өрісінің, сызықтық тығыздығы темірдің көлем бірлігінің магнит моментіне  тең болатын, цилиндр бетімен  жүретін көлденең токтың  өрісіне  пара пар (тең) болатынын  дәлелдеңдер.

Г.40   Қаныққан күйге дейін магниттелген темір кесегінен, осі магниттелу бағытына дәл  келетін тұтас  цилиндр кесіп алынды. Ұзындығы  және радиусы r  цилиндрдің  r<<ℓ     жағдайы  үшін оның   центріндегі магнит өрісінің В  индукциясын тап. Темірдің көлем бірлігінің магнит моменті  J.

 

Әдебиеттер  тізімі 

1. Савельев И.В. Жалпы  физика курсы- Алматы : Мектеп, 1989. - т. 1-2.

2. Сивухин Д.В.  Общий курс физики. – М.: Наука, 1977-1989- т. 1-3.

3. Детлаф А.А. , Яворский Б.М.  Курс физики . -М. :  Высш. шк., 2002.

4. Трофимова Т.И. Курс физики. -М. : Высш. шк., 2002.

5. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М. : Высш.шк. , 1983.

6. Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1-2.

7. Иродов И.Е.  Основные законы механики.- М.:  Высш. шк. , 1997.

8. Иродов И.Е.  Электромагнетизм. Основные законы. - М. : Физматлит., 2000.

9. Джанколи Дж. Физика. -М.: Мир, 1989, т-1-2.

10. Савельев И.В. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М. : Наука, 1988.

11. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М. : Физматлит. , 2001.

12. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике.- М. : Высш. шк., 1981.

13. Трофимова Т.И. Сборник задач по курсу физики для втузов. - М. : Оникс 21 век, 2003.

14. Волькенштейн В.С.Жалпы физика курсының есептер жинағы. –Алматы: Мектеп,  1974.

15. Сборник задач по общему курсу физики. Под ред. В.А. Овчинкина.

В 3-х  частях. – М.: МФТИ, 2000.

16. Лабораторный практикум по физике. Под ред.  Барсукова К.А., Уханова Ю.И. – М.: Высш.шк., 1988.

17. Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. Жалпы физика курсының есептер жинағы (Механика. Молекулалық  физика және  термодинамика). – Алматы: АЭЖБИ,  2003.

18. Байпақбаев Т. С., Манабаев Х.Х. Жалпы физика курсының есептер жинағы  (Электростатика. Тұрақты ток. Магнетизм).- Алматы: АЭЖБИ, 2003.

  2010 ж. жиынтық жоспары, реті  50