Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Физика кафедрасы

 

 

ФИЗИКА

5В074600 – «Ғарыштық техника және технологиялар»

мамандығының барлық оқу түрлерінде оқитын студенттері үшін

есептеу-сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

 

Алматы, 2012 

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: М.Ш. Карсыбаев, А.И.Кенжебекова. ФизикА. 5В074600 – «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығының барлық оқу түрлерінде оқитын студенттері үшін әдістемелік нұсқаулар.  – Алматы: АЭжБУ, 2011. –  24 б. 

 

         Әдістемелік нұсқаулар есептеу-сызба жұмыс (ЕСЖ) тапсырмаларынан, әдістемелік ұсыныстар мен ЕСЖ мазмұны және оларды орындауға қойылатын  талаптардан, қажетті әдебиеттер тізімінен тұрады.

         Сур. -24,  кесте -3,  әдеб.-18 атау 

 

         Пікір  беруші: физ.-мат.ғыл. канд., доцент  Тонконогая Л.А.

 

         «Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес  акционерлік  қоғамының  2011 жылғы жоспары бойынша басылады

 

         ©  «Алматы энергетика және байланыс университеті » КЕАҚ, 2012 ж. 

 

Кіріспе

            Физика курсын  оқып үйрену жоғары техникалық оқу орнының түлектерінің инженерлік-техникалық білімінің, дағдысы мен  машықтарының негізін  құрайды. Олардың ғылыми дүниетанымын қалыптастырады.

         Курстың негізгі  мақсаты:

а) классикалық физика теориялары мен оның  негізгі заңдарын, сондай-ақ физикалық зерттеулер әдістерін қолдану  арқылы студенттердің біліктіліктері

мен дағдыларын  қалыптастыру;

б) студенттердің шығармашылық ой-танымы мен ғылыми дүниетанымын, өзіндік танымдық іс-әрекет дағдыларын және  физикалық құбылыстарды модельдеу біліктігін  қалыптастыру.

         Физика курсында: тұтас орта және қатты дене механикасы, молекулалық физика және термодинамика, электр және магнетизм, газдар мен сұйықтар механикасы  бөлімдері  оқытылады.

         Студенттердің физиканы оқып үйренуде алған білімдері мен біліктілік- тері «Электромагниттік толқындар және атом физикасы», «Оптика және кванттық физика» таңдау пәндері, «Метрология, стандарттау және сертификаттау», «Электротехника», «Механика», кәсіби бағыттаушы «Ғарыштық аппараттар»» сияқты техникалық пәндерді оқуда негіз бола алады.

         Физика курсы 3 кредиттен (модульден) тұрады да, күндізгі  оқу бөлімінің студенттері күрделілігіне қарай үш деңгейге бөлінген (А, В, С - таңдау  бойынша) модуль ретіне сәйкес есептік-графикалық жұмыстарды орындайды. Нұсқаның нөмірін студенттің  өзі  таңдап, оны машықтану сабағын  жүргізетін оқытушы бекітеді.

 

         1 «Физика » пәнін оқып үйренудегі ұсыныстар

 

         Бұл пәнді оқып үйрену кезінде, біріншіден, классикалық және қазіргі физиканың негізгі түсініктерін, заңдылықтары мен ұстанымдарын түсініп алу қажет, өйткені одан кейін оларды әрі  қарай зерттеу  жүзеге асырылады.

«Электр және магнетизм» бөлімінде мыналарды: денелерге электр өрісінің зарядтарға әсер етуін, осы өрістің сипаттамаларын (кернеулік пен потенциал) және олардың қасиеттерін түсіндіретін негізгі: 1) электрстатикалық  өріс  циркуляциясы туралы, 2) Гаусс теоремаларын түсініп алған дұрыс.

Есеп шығарғанда суперпозиция принципі мен Гаусс теоремасын қолдана білу керек.

Өткізгіштерде зарядтардың таралуы және электр өрісіндегі диэлектриктер жайлы білу де аса маңызды сұрақ болып табылады. Жалпылама Ом заңын оқып үйренгенде потенциалдар айырмасы, электр қозғаушы күш, кернеу туралы түсініктердің физикалық мағыналарын айыру керек.

Магнит өрісінің сипаттамалары мен қасиеттерін оқи отырып, магнит өрісі мен электрстатикалық өрістің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын (потенциалды және құйынды сипат, өріс туғызатын көздердің болу-болмауы, электр зарядтарына өрістің әсері) ұғыну қажет.

«Статистикалық физика және термодинамика» бөлімінде макроскопиялық жүйенің физикалық қасиеттерін зерттеудің бір-бірінен ерекшеленетін және бір-бірін толықтырып тұратын статистикалық және термодинамикалық әдістерін меңгеру қажет. Әсіресе статистикалық таралулар (Максвеллдің, Больцманның), термодинамиканың заңдары, энтропия түсінігі және осы энтропияға байланысты термодинамиканың екінші бастамасын статистикалық пайымдауға жіті назар аудару керек.

         «Механика» бөлімінде ең бірінші мыналарға:

-         ілгерілемелі және айналмалы қозғалыстардың кинематикалық және

динамикалық сипаттамалары ұқсастығы мен олардың байланысы. Ол үшін векторлық  алгебраның математикалық аппараты, дифференциалдау мен интегралды  есептеулерді білген  маңызды;

-         консервативті және консервативті емес күштердің ерекшеліктерін

ескеріп , жұмыс пен энергияны  түсінуге;

- импульстің, импульс моментінің, механикалық энергияның сақталу  заңдарын, олардың уақыт пен кеңістіктің симметриялы ең негізгі қасиеттерінен  байқалатын  жан-жақтылығына;

         -  физикалық   есептерді    сақталу    заңдарын    қолданып   шешудің  тиімділігіне назар аудару керек.

 

2 Есептеу сызба жұмыстарын орындауға және тапсыруға қойылатын жалпы талаптар

 

Физика есептері сан алуан түрлі құрастырылып келетіндіктен, оларды шығарудың бірыңғай жолы жоқ, дегенмен де есептерді шығарғанда мыналарды естен шығармаған жөн:

- есептің мағынасын түсіне білу, мазмұнына талдау жасап, берілген жүйе немесе дене қандай жағдайда қарастырылып отырғанын ойластырып алып, есептің мағынасын аша түсетіндей және әрі қарай оның шығарылуын жеңілдететіндей сызбасын, графигін немесе суретін салып алу керек;

- қарастырылып отырған жағдайда физиканың қандай заңдарын қолдануға болатындығын ойластырып, оны алдымен жалпы түрде жазып көрсету керек, одан кейін сол заңды осы есепке қолданып, теңдеудің әрбір белгісі нені білдіретінін түсіну керек;

- есепті жалпы түрде жазып, жұмыс (есептеу) формуласын алыңыз. Есептің шартында берілген мәндер ізделініп отырған физикалық шаманы өрнектейтін жұмыс (есептеу) формуласына ғана қойылып шығарылады;

- есептеулер жүргізген кезде, оны қалай жуықтап шығаруды білу керек. Формулаға қойылған мәндердің барлығы да бір бірліктер жүйесінде болуы керек (ХБ жүйесінде болғаны дұрыс);

- қажет болған немесе кейбір жағдайларда есеп жауабының дұрыстығын тексеру керек, бұл есептің қатесіз шығуына көмектеседі.

          Барлық ЕСЖ мен бақылау жұмыстары дәптерде (12 беттік) немесе компьютермен жазылып тапсырылады. 1-бет төменде келтірілгендей етіліп толтырылады.

 

Мысалы.   1-бетті толтырудың үлгісі 

«Физика» пәні бойынша ЕСЖ №1, М 1

БКТТк – 10 –1 тобының студенті Базарбаев А.

Нұсқа 15.

           Әр жұмыс бөлек дәптерде орындалады. Жұмыс таза, суреттер – сызғыштың көмегімен, қарындашпен салынылуы керек. Есептің шарты қысқартусыз толығымен жазылады және «Берілгені» деп басталып, жалпыға бірдей белгілеулермен белгіленуі тиіс. Әрбір есеп физикалық шамалардың мағыналарын түсіндіретін анықтамалармен, физикалық заңдылықтармен, схемалық сызбалармен, суреттермен жалпы түрде (әріптік белгілеулер) шығарылуы тиіс. Одан кейін сан мәндерін қойып, есептеп, соңында ізделініп отырған физикалық шаманың өлшем бірлігін жазып қоюы керек. Есептеулер жүргізгенде жуықтап есептеулер ережесін пайдаланып, есептің жауабын қатесіз, түсінікті етіп жазу керек.

         Бетте мұғалімнің ескертпесі  мен түзетулеріне орын қалдырылуы керек.

Жұмысының аяғында студенттің тапсырмаларды орындау үшін пайдаланылған әдебиеттердің тізімі көрсетіледі.

        

2.2  Есеп шығару үлгісі

 

Есеп. Жылу машинасы идеал газбен 1-2 изохоралы қыздыру, 2-3 адиабаталық ұлғаю, 3-1 изотермалық сығылу процестерінен тұратын қайтымды цикл жасайды. Цикл кезіндегі температураның максимал мәні Тmax= 400К, ал минимал мәні – Tmin= 300К. Циклдің ПӘК-ін табыңыз. Егер жылу машинасы қайтымды Карно циклымен қыздырғыш пен суытқыштың температураларының осындай мәнімен жұмыс жасаса, машинаның ПӘК қандай болар еді?

Берілгені:

Тmax = 400К               

Tmin = 300К

___________

 

Берілген циклдің P-V диаграммасын саламыз:

Жылу машинасының ПӘК-і 

                                 

                                                        .

 

Жүйенің алатын Q1 және беретін – Q2 жылуын табу үшін термодинамиканың 1-бастамасын пайдаланамыз:

         1-2, изохоралық қыздыру: .

         2-3, адиабаталық ұлғаю: .

         3-1, изотермалық сығылу: .

Диаграммадан Тmax = T2, Tmin = T1 екендігі көрініп тұр. Сондықтан                                                                                                    

                                               .                                  (1)

         Көлемдердің  қатынасын температуралардың   қатынасымен алмастырып, адиабата 2-3 теңдеуін пайдаланып және   екендігін ескеріп, былай жазуға болады:

 ,

                                                         (2)

(2) теңдеуді (1)-ге қойсақ

.

Теңдеуді түрлендіреміз

.

Соңында

.

Карно циклі бойынша

.

Жауабы:    ;      .

 

     Семестрлік  тапсырма (ЕСЖ) №1 «Электромагнетизм»
     1 К е с т е

Нұсқасы

Электростатика, тұрақты  тоқ. Магнетизм./ Т.С. Байпақпаев, Х.Х. МанабаеА. Жалпы  физика  курсы есептер  жинағы.

А Қосымшасы

  

А.1

1.2, 2.11, 2.50, 3.20, 5.2

1, 27

А.2

1.9, 2.9, 2.47, 3.21, 5.4

2, 26

А.3

1.18, 2.10, 2.31, 3.25, 5.9

3, 29

А.4

1.21, 2.3, 2.45, 3.14, 5.10

4, 28

А.5

1.17, 2.7, 2.46, 3.15, 5.11

5, 30

А.6

1.19, 2.5, 2.27, 3.16, 5.12

6, 31

А.7

1.12, 2.2, 2.26, 3.18, 5.13

7, 32

А.8

1.11, 2.12, 1.41, 3.37, 5.15

8, 33

А.9

1.15, 2.14, 1.42, 3.31, 5.17

9, 34

А.10

1.5, 2.23, 1.39, 4.7, 5.18

10, 35

В.11

1.10, 2.25, 2.32, 4.4, 5.20

11, 36

В.12

1.14, 2.22, 1.41, 4.10, 5.21

12, 37

В.13

1.22, 2.19, 2.54, 4.12, 5.22

13, 38

В.14

1.20, 2.17, 1.39, 4.13, 5.23

14, 39

В.15

1.25, 2.15,3.1, 3.27, 5.24

15, 40

В.16

1.27, 2.18, 2.48, 3.28, 5.25

16, 41

В.17

1.31, 2.20, 3.2, 3.30, 5.26

17, 42

В.18

1.32, 2.24, 3.5, 3.39, 5.27

18, 47

В.19

1.34,  2.29, 3.4, 3.40, 5.28

19, 48

В.20

1.26, 2.28, 3.8, 4.39, 5.30

21, 49

В.21

1.33, 2.27, 3.16, 4.19, 5.31

20, 46

А.22

1.42, 2.30, 3.9, 4.41, 5.32

22, 47

С.23

1.29, 2.21, 1.11, 4.32, 5.33

23, 48

С.24

1.23, 2.37, 3.6, 4.33, 5.34

24, 50

С.25

1.29,2.29, 2.4, 4.19, 5.30

25,43

 

А қосымшасы

 

А.1 q нүктелік зарядтың электр өрісінде q0 зарядты радиус векторы r1 1 нүктеден радиус векторы r2  2 нүктеге (а-в) көрсетілген траекториямен орын ауыстырғанда (А.1 суретті қара) электр өрісінің күш жұмысын анықтаңыз. Жұмысты есептеу үшін  формуласын қолданыңыз.

 А.2 Электростатикалық өрістегі зарядталған бөлшек пен сол өрістің күш  сызықтарының қозғалыс траекториялары сәйкес келе ме?

А.3 Конденсатор маймен толтырылған. Егер конденсатор ЭҚК-і тұрақты ток көзіне қосылған болса, онда оның электр энергиясы қалай  өзгереді?

А.4 Конденсатор маймен толтырылған. Егер конденсатор ЭҚК-і тұрақты  ток көзінен ажыратылған болса, онда оның электр  энергиясы қалай өзгереді?

А.5 Зарядталған сабын  көпіршігі пайда болды. Оның:

 а) электр  сыйымдылығы;

б) электр  энергиясы  қалай  өзгереді?

 А.6 Бір-бірінен d қашықтықта орналасқан екі нүктелік  зарядтар  жүйесі  үшін: а) +q және +4q; б) +q және -4q күш  сызықтарының және  эквопотенциал  беттердің схемасын салу керек. Нұсқау: Өріс кернеулігі және потенциалы нөлге тең болатын нүктені табыңыз.

 А.7 Нүктелік заряд металл шарға жақын орналасқан. Зарядқа  әсер  ететін  күш  нөлге тең екені анықталды. Шар зарядының  таңбасын  табу  керек.   

А.8 Неге электр лампысының қыл сымы қатты қызады, ал өткізгіш  сымдар  суық  күйінде  қала  береді?

 А.9 Егер бірдей екі ток көзін параллель қосылған күйден тізбектеп  қосылған  күйге  ауыстырсақ, қысқаша  тұйықталу  тогы  қалай   өзгереді?

 А.10  Қай  жағдайда сыртқы кедергіге тұйықталған, тізбектей  косылған екі гальваникалық элемент сол кедергіге қосылған  бір элемент  беретін  токқа  қарағанда аз  ток  береді?

А.11 Электр энергиясын үлкен қашықтыққа жеткізу үшін өте жоғары кернеу  қолданылады. Жоғары  кернеулердің электр энергиясын тасымалдау желілеріндегі  шығынды  азайтатындығын  түсіндіріңіз.

А.12 Бірдей кернеуге есептелген, бірақ әртүрлі қуат тұтынатын  екі  шам  тізбекке тізбектей қосылған. Олардың біреуі екіншісіне қарағанда неге  жарығырақ  жанады?

А.13 Ені  , өтімділігі 2-ге тең диэлектрик  пластина  кернеулігі  Е және  D күш сызықтары пластинаға перпендикуляр электр өрісіне орналасқан. Е және  D өрісі  сызықтарын  сызыңыз.

А.14 Бірдей екі конденсаторды алып, сол конденсаторлардың  біреуімен  салыстырғанда екі есе аз немесе екі  есе  көп  сыйымдылық  алуға  бола ма?

А.15. Тұрақты ЭҚК көзіне қосылған жазық конденсатордың  астарларының арақашықтықтарын екі есе үлкейтті. Астарлар арасындағы  өзара  әрекеттесу  қалай  өзгереді? Шет  аймақтық эффектілерді ескермеңіз.     

А.16  және б)диэлектрикті жарым-жартылай қамтитын тұйықталған S беті бойынша алынған интегралдар нөлден өзгеше  ме? Көрсетілген әрбір интегралдың физикалық мағыналары қандай?

А.17 Аккумуляторды зарядтауға  жұмсалатын пайдалы қуат жылу шығаруға  кететін қуаттан  артық  бола  ма?

 А.18 Текше  центрінде  q нүктелік заряд  бар. 

а) текшенің  толық  беті  арқылы;

б) текшенің бір қыры арқылы өтетін Е ағыны неге тең? Егер заряд  текшенің нақ ортасында (центрінде) емес, бірақ оның  ішінде орналасса, онда жауапта өзгеріс  бола ма ?

А.19 Центрінде

а) q заряд;

б) моменті р электрлік диполь

орналасқан сфераның беті арқылы өтетін Е кернеулік векторының Ф ағыны неге тең?

А.20 Параллель қосылған біреуі ауамен, ал екіншісі диэлектрикпен толтырылған, геометриялық өлшемдері бірдей екі жазық  конденсатор бірдей потенциалдар айырмасына дейін зарядталған (А.3 суретті қара). Қай  конденсаторда Е кернеулігі, D ығысуы және энергия тығыздығы көп екенін анықтау керек. Қай конденсатор астарларындағы зарядтардың беттік  тығыздығы көбірек?

А.21 Электрон концентрациясы  n=1023 м-3, ток тығыздығы j=100A/см2 бар  өткізгіштегі <u> электрондардың  реттелген  қозғалысының орташа жылдамдығын табу керек. Осы жылдамдықты бөлме  температурасындағы электрондардың  жылулық қозғалысының жылдамдығымен  <u>  салыстыру керек.

А.22 К кілтін тұйықтасақ, амперметр  көрсеткіші қалай өзгереді? (А.4 суретті қара).

А.23 Жазық ауа конденсаторын зарядтағаннан кейін кернеу көзінен  алып, керосинге батырады. Конденсатор энергиясына не болады? Мұнда қателік бар ма?

А.24 Кернеулігі Е=const  электр  өрісінде (А.5 суретті қара) А, В және С деген үш нүкте алынған. UAB,UBC және  UAC нүктелерінің арасындағы кернеуді  анықтау керек. АС=12см, ВС=5см.

А.25 Ток көзі және сыртқы  кедергісі бар екі тізбекте максимал ток  күші бірдей, ал сыртқы тізбектегі максимал күш бір жағдайда екіншісінен екі есе көбірек. Осы  тізбектер қандай параметрлермен өзгешеленеді?

А.26 Металл сақинадағы ток I0 болғанда ол үзіліп кетті. Мықтылығы он есе артық болатын металдан дәл сондай сақина жасалынды. Жаңа сақинаны қирату үшін сақинаға қандай ток беруіміз керек?

А.27 Ток өткізгіштері I1 және I2 өзара перпендикуляр  екі өткізгіш бір жазықтықта орналасқан (А.6 суретті қара). Магниттік индукция векторы нөлге тең болатын нүктелердің геометриялық орнын табыңыздар, а) 1 суреттегі жағдай үшін; б) 2 суреттегі жағдай үшін.

 

 

 

 

 

                                      I1                                                                  I1

 

                I2                                                                  I2

                                                                                      

                                                    А.6 сурет 

                                                     

А.28 Электр заряды  q>0, v жылдамдықпен қозғалып барады. Радиус векторлары r1 және r2 болатын 1 және 2 нүктелердегі магнит индукция векторларының модульдерін салыстырыңыз және бағытын көрсетіңіз (А.7-суретті қара а-в).

в суреттегі жағдай үшін В-ның максимал мәніне сәйкес келетін a бұрышын табыңыз.

А.7 сурет

 

А.29 Өте үлкен екі жазық беттерден модульдері бірдей, бағыттары i1= -i2 қарама-қарсы беттік токтар өтеді. Ток бағыттары (А.8 суретті қара) сурет жазықтығына перпендикуляр және сол жақтағы пластинада "бізден әрі" бағытталған, оң жақтағы пластинада "бізге қарай" бағытталған. Магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланып, пластиналар арасындағы және олардың екі жағындағы магнит өріс сызықтарының конфигурацияларын анықтау керек.

 

 

А.30 Өте үлкен екі жазық беттерден модульдері бірдей, бағыттары қарама қарсы беттік токтар өтеді. Токтар (А.8 суретті қара) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізге" қарай бағытталған. Магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланып, пластиналар арасындағы және олардың екі жағындағы магнит өріс сызықтарының конфигурацияларын анықтау керек.

 

 

А.31 Жазық конденсатор, пластиналарға перпендикуляр болатын, біртекті магнит өрісіне орналасқан. А нүктесінен (А.9 суретті қара) электрондар магнит өрісіне перпендикуляр бағытта ұшып шығады. Пластиналарға U потенциалдар айырымы берілген. Электрондар конденсатор арқылы қандай шарттар орындалғанда ұшып өтеді?

А.32 Өте үлкен екі жазық бет біртекті магнит өрісінде жазықтығы магнит өріс сызықтарына параллель болатындай етіп орналасқан (А.10 суретті қара). Егер беттен мына бағыттарда ток жіберсек:

а) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізге"қарай бағытталған;

б) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізден ары" қарай бағытталған, магнит өрісі сызықтарының конфигурациялары қалай өзгереді? Есепті шығару үшін магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланыңыз.

А.33  Тогы бар өткізгіш шексіз және изотропты парамагнитті ортада орналасқан. Егер ортаның температурасын арттырса, магнит өріс кернеулігі мен магнит индукциясының шамалары қалай өзгереді?                

А.34 Біртекті магнит өрісі мен электр өрісі жазықтықпен екі аймаққа бөлінген. Магнит өріс индукциясы В жазықтыққа параллель, ал Е электр өріс кереулігі жазықтыққа перпендикуляр болып келеді. Электр өрісіне, шекарадан   қашықтыққа массасы m , заряды q>0  бөлшек әкелінеді (А.11 суретті қара). Осы бөлшектің траекториясын сызыңыз және оның шекара бойымен орын ауыстыруының орташа (дрейфті) жылдамдығын анықтау керек.

 

 

А.35 Арақашықтығы d болатын жазық анод пен катод арасына жоғары кернеу беріледі. Жүйе электродтар жазықтығына  параллель, индукциясы В магнит өрісінде орналасқан (А.12 суретті қара). Жарықтың әсерінен катодтан шыққан электрондар қандай кернеуде анодқа жетеді? Егер, B═0,1Тл, d═2 см болса бұл кернеу неге тең болады?

А.36 Жазық металл лента бойымен тұрақты ток өтіп жатыр. Ток тығыздығы барлық жерде бірдей. Био-Савар-Лаплас заңын және суперпозиция принципін пайдаланып, мына жағдайлар үшін магнит өрісін сипаттаңыздар: a) бетке жақын аймақта, яғни лентаның b енінен көп кіші r қашықтықтардағы; б) r>>b, үлкен қашықтықтарда. Берілген шарттар үшін магнит индукциясы сызықтарының көрінісін салыңдар.

А.37 Кеңістік жазықтықпен екі аймаққа бөлінген. Бір аймағындағы магнит өріс индукциясы В1, екінші аймағындағы өріс индукциясы В2. Екі өріс те біртекті және өріс сызықтары бір-біріне параллель. Бөліп тұрған жазықтықтан оған перпендикуляр бағытта, индукциясы В1 өріс аймағына қарай υ жылдамдықпен электрон жіберіледі (А.13 суретті қара). Электронның қозғалысын сипаттаңыздар және оның магниттік өрістер шекарасы бойымен орын ауыстыруының орташа (дрейфті) жылдамдығын анықтау керек.  

А.38 Индукциясы В болатын магнит өрісіне перпендикуляр қозғалатын екі зарядталған бөлшектер алғашқы кездесулерінен кейін қанша уақыттан кейін қайта кездеседі? Алғашқы кездесуде олар өзара перпендикуляр қозғалған еді. Бөлшектің заряды q, массасы m . Зарядтардың өзара әсерлесуі ескерілмесін.

А.39 Тұрақты ток жүріп тұрған соленоидтың бір шетіне жақын, жеңіл контур ілінген. Контур арқылы тұрақты ток жіберілсе, рамкаға не болады? Тогы бар рамкаға соленоид тудырған магнит өрісінің әсер ету механизмін ашып көрсетіңіз.

А.40 Зарядталған бөлшек біртекті магнит өріс аймағына, өріс сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді. Егер кеңістіктің берілген аймағындағы магнит индукциясы баяу кемитін болса, бөлшек қандай траекториямен қозғалады?

А.41  Зарядталған бөлшек біртекті магнит өріс аймағына, өріс сызықтарына перпендикуляр бағытта ұшып кіреді. Егер кеңістіктің берілген аймағындағы магнит  индукциясы баяу артатын болса, бөлшек қандай траекториямен қозғалады?

А.42 Зарядталған бөлшек магнит өріс аймағына, өріс сызықтарына α<π/2 бұрышпен ұшып кіреді. Егер, бөлшектің қозғалыс бағытына қарай өріс сызықтарының арасы бір-біріне жақындайтын болса, бөлшек қандай траекториямен қозғалады (А.14 суретті қара)

А.43 Зарядталған бөлшек магнит өріс аймағына, өріс сызықтарына α<π/2 бұрышпен  ұшып кіреді (А.15 суретті қара). Егер, бөлшектің қозғалыс бағытына қарай өріс сызықтарының арасы алшақтайтын болса, бөлшек қандай траекториямен қозғалады?     

 

 

А.44 Өте үлкен екі жазық бет  біртекті магнит өрісінде  жазықтығы магнит өріс сызықтарына перпендикуляр болатындай етіп орналасқан. Егер беттен мына бағыттарда ток жіберсек (А.16 суретті қара):

а) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізге"қарай бағытталған;

 

 

б) сурет жазықтығына перпендикуляр, "бізден ары"қарай бағытталған, онда магнит өріс сызықтарының конфигурациялары қалай өзгереді? Есепті шығару үшін магнит индукция векторының циркуляция теоремасын және суперпозиция принципін пайдаланыңыз.

А.45  Біртекті магнит өрісінде оның сызықтарына перпендикуляр түзу өткізгіш орналасқан (А.17 суретті қара). Егер өткізгішпен тұрақты ток жіберсек, онда магнит индукция сызықтары қалай өзгереді? Өткізгішке жақын аймақта төмендегі жағдайларда:

а) ток "бізге қарай" бағытталған;

б) ток "бізден ары" бағытталған болса, онда магнит индукциясы сызықтары қалай өзгереді ?

А.46  Тогы бар сақинаны диаметрі бойынша α бұрышқа майыстырсақ, онда оның центріндегі магнит өріс индукция векторы қанша есе азаяды? Сақинадағы ток өзгермейді.

А.47  Жіпке ілінген жеңіл болат өзекше біртекті емес магнит өрісіне орналастырылғандағы құбылысты сипаттаңыз. Магнит моменті ұғымы және Ампер күші арқылы магнит өрісінің осы өзекшеге әсер ету механизмін ашып көрсетіңіз.

А.48  Жіпке ілінген жеңіл алюминий өзекше біртекті емес магнит өрісіне әкелінді. Магнит моменті және Ампер күші арқылы магнит өрісінің осы өзекшеге  әсер ету механизмін ашып көрсетіңіз.

А.49  Жіпке ілінген жеңіл висмут өзекше біртекті емес магнит өрісіне әкелінді. Магнит моменті және Ампер күші арқылы магнит өрісінің  осы өзекшеге әсер ету механизмін ашып көрсетіңіз.

А.50 Цилиндр пішіндес шексіз ұзын түзу өткізгіштен ток өтіп жатыр. Ток тығыздығы  өткізгіштің көлденең қимасы бойынша біркелкі таралған.  Центрі өткізгіштің  осімен сәйкес келетін дөңгелек контурды ұзындығы сондай квадрат пішіндес контурмен ауыстырса, дөңгелек контур бойынша алынған магнит өріс кернеулігінің циркуляция векторы қалай өзгереді? Екі жағдай үшін қарастыру керек, егер:

а) контурдың радиусы өткізгіштің радиусынан кіші;

б) контурдың радиусы өткізгіштің радиусынан үлкен. Контур жазықтығы өткізгіш осіне перпендикуляр орналасқан. 

 

2 кесте - Семестрлік  тапсырма  (ЕСЖ) № 2  «Статистикалық физика және      

термодинамика» 

Нұсқа

  №

Жалпы физика курсы есептері жинағы/ Алматы: АЭЖБИ,  2003.

Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ.

Жалпы физика курсының есептер  жинағы./ Алматы: Мектеп,  1974

А. С.Волькенштейн.

Б қосымшасы

 

А.1

Б 7.4,  Б 6.29

В 5.39, В 5.68,  В  5 .220

1

А.2

Б 7.9,  Б 6.30

В  5.69, В 5.195, В 5.222

2

А.3

Б 7.8,  Б 6.31

В  5.40,  В 5.196, В 5.227

3

А.4

Б 5.1,  Б 6.32

В  5.41,  В  5.197,  В 5.153

4

А.5

Б 4.2,  Б 6.53

В 5.45, В 5.145, В 5.226

5

А.6

Б 5.3, Б 6.5 4                                                         

В 5.6, В 5.6 2,В  5. 216

6

А.7

Б 5.6, Б 6.33

В  5.7, В 5.64, В 5.217

7

А.8

Б 4.7,  Б 6.35

В 5.47, В 5 .194, В 5.77

8

А.9

Б 4.9,  Б 6.36

В 5.49, В 5.76, В 5.199

9

А.10

Б 4.11,  Б 6.39

А. 5.50, В 5.68, В 5.200

10

В.11

Б 4.14, Б 6.52

В 5.52,  В5 .70, В 5.162     

11

В.12

Б 4. 16, Б 6.46

В  5.57, В 5.177,  В 5.92

12

В.13

Б 5.13, Б 6.28

В 5.58,  В  5.82, В 5.218

13

В.14

Б  4.30,  Б 6.44

В 5.84, В 5.205, В 5.219

14

В.15

Б 4.46,  Б 6.45

В  5.85, В 5.206, В 5.221

15

В.16

Б 4.51,  Б 6.34

В 5.86, В 5.13, В 5.223

16

В.17

Б  4.54, Б 6.38

В 5.87, В 5.207, В 5.224

17

В.18

Б 4. 52,  Б 6.57

В 5.89, В 5.14,  В 5.225

18

В.19

Б.4.39,  Б 6.55

В 5.88, В  5.15, В 5.170

19

В.20

Б 4.40,  Б 6.58

В 5.83,  В 5.16, В5.184

22

В.21

Б 4.29, Б 6.67,  Б 6.58

В 5.55, В 5. 99

21

В.22

Б  4.33 , Б 6.68, Б 6.61

В 5.56,  В 5.100

20

С.23

Б .4.38, Б 6.69, Б 6.62

В 5 .82, В 5.101

23

С.24

Б 4.53,  Б 6.56, Б 6.27

В  5.173, В 5.103

24

С.25

Б 4.19, Б 6.37

В 5.58, В 5.148, В 5.32

25

 

Б қосымшасы

 

Б.1 Суреттегі 2 қисығының ординаттарының бәрі 1 қисығының сәйкес  ординаттарынан екі есе артық (Б.1 суретті қара). Осы қисықтарда кескінделген молекулалардың жылдамдық бойынша бөліну  функцияларының айырмашылығы неде?

Б.2 Суретте (Б.2 суретті қара) гелий мен көмірқышқыл газының  адиабаттары кескінделген. Қай газға  қай  қисық сәйкес келеді? 

 

                                             

         Б.1 сурет                                Б.2 сурет                              Б.3 сурет

 

Б.3 Түзулердің қайсысы (Б.3 суретті қара), логарифмдік масштаб бойынша, молекулалардың орташа квадраттық жылдамдығының температураға  тәуелділігінің дұрыс кескіні болады?

Б.4 Идеал газдың қысымы: а) молекулалардың концентрациясына; б) температураға; в) молекула массасына байланысты бола ма?

Б.5 Көлемі тұрақты ыдыста қандай да болмасын бір газдың m грамы, ал екінші рет осы газдың 2m грамы қыздырылды. Осы екі жағдай үшін қысымның температураға тәуелді қисықтарын сызу керек. Қисықтардың орналасуындағы  айырмашылықты көрсет.

Б.6 Газ жылулық тепе-теңдік күйде тұр. Мына а) <v x>;   б) <v>;    в) <v> шамалары нөлден өзгеше бола ала ма?

Б.7 Екі бөлікке бөлінген жылу алмасу болмайтын ыдыстың екі бөлігі қозғалмалы, жылу өткізбейтін поршеньмен бөлінген. Бөліктерде екі түрлі газ бар. Тепе-теңдік күйде поршеннің екі жағында: а) молекулалардың орташа энергиялары; б) молекулалар тығыздығы; в) молекулалардың орташа квадраттық жылдамдықтары бірдей бола ма ? Поршень қозғалғандағы үйкеліс ескерілмейді.

Б.8 Газдың АВС сызбасымен кескінделген тепе-теңді процесінде А және С нүктелері адиабата сызығы үстінде жатыр (Б.4 суретті қара). Бұл процесте: а) газдың алатын жылу мөлшері; б) энтропия өзгерісі нөлден өзгеше бола ма?                                                                                        

 

 

Б.4 сурет

 

Б.9 Идеал газдың температурасын көтеру үшін: а) изобаралық; б) изохоралық

процестердің қайсысына көп жылу мөлшері керек?

Б.10 Газ тұтас күйінде тыныштық күйде болатын санақ жүйесінде, тепе-теңдік күйдегі газдың молекулаларының орташа жылдамдығы <v>. Газ молекулаларының бір - бірімен салыстырмалы қозғалысының <vсал> орташа жылдамдығын анықтау керек.

Б.11 Идеал газдың изотермдік (А1) және адиабаттық (А2) ұлғаюларындағы жұмыстарды салыстырыңдар. Газдың бастапқы  күйлері мен соңғы көлемдері  бірдей.

Б.12  Газ молекулаларының еркін жолының λ орташа ұзындығы мен τ орташа уақытының Т температура мен р қысымға тәуелді сипатын анықтаңдар. λ және τ шамаларының Т температура мен тұрақты р123 <…қысымдарға тәуелділігін жобалап салып көрсетіңдер.

Б.13 Ішкі энергияның V көлем мен Т температураға байланысты U(V,T) тәуелділігі белгілі деп есептеп, жүйенің Сизохоралық жылу сыйымдылығын есептеу керек.

Б.14. Температура градиенті ÑТ мен χ жылу өткізгіштік белгілі деп есептеп, q жылу ағыны тығыздығы векторының өрнегін жазу керек. q және χ шамаларының СИ-дегі өлшем бірлігін көрсет.

Б.15. Молекулалардың өзара  әсерлесуінің көлденең эффективті қимасы σ.  Молекулалардың d эффективті диаметрін тап.

Б.16. Бір моль газды жабық ыдыста қыздырады. Егер газ: а) бір атомды; б) екі атомды  болғандағы энтропия өсімшесін салыстырыңдар. Екі жағдайда да  бастапқы және соңғы температуралар бірдей.

Б.17. Газ молекулаларының Ñn концентрация градиенті мен диффузия коэффициенті D берілген. Молекулалар ағыны тығыздығының векторы  өрнегін жаз. j және D шамаларының СИ-дегі өлшем бірліктерін  көрсет.

Б.18. Газ изотермдік түрде V1 көлемнен V2 көлемге дейін: а) Т=Т1; б) Т=Т2 12) жағдайларда ұлғаяды. Энтропияның өсімшесін салыстыр.

Б.19. Газдың  температурасы берілген е, |е|=1 бағытымен артады. Газдың  концентрациясы барлық жерде бірдей деп есептеп, газ ішіндегі  жылу ағыны бағытын анықтау керек.

Б.20. Газ изотермдік түрде ұлғайып, артынша бастапқы көлемге дейін адиабаттық  түрде сығылды. Газ энтропиясы қалай өзгерген ?

Б.21. Газ молекулаларының Ñn концентрация градиенті белгілі. Газ температурасы барлық жерде бірдей деп есептеп, молекулалардың  диффузиялық ағынының бағытын анықтау керек.

Б.22. Төменде келтірілген (Б.5 суретті қара) дөңгелек процестегі  II  тармағы-изотерма. Процестің  қай кезеңдерінде энтропия кемиді? а) I, II; б) IV, III; в) II, III; г) I, II, III.  

                                                    

                                  Б.5 сурет                                         Б.6 сурет 

 

Б.23. Газдың х осін бойлай бағытталған ағынындағы uжылдамдығы у  осінің оң  бағытына қарай өседі, яғни ux=ux(y). Ағынның біртекті еместігі салдарынан пайда болатын  газ импульсы  қалай қарай бағытталған?

Б.24. Б.6 суретте көрсетілген дөңгелек процестің қай кезеңдерінде газ энтропиясы артады ? а) I;  б)  II;  в) III;  г) I,II ; д)  II, III.      

Б.25. Тұтқырлықтың салдарынан пайда болатын ағын импульсы тығыздығының П векторын және газ ағынының у осіне перпендикуляр S ауданшаға әсер ететін тұтқыр үйкеліс күшін тап. Тұтқырлық η берілген. η шамасының  СИ-дегі  өлшем бірлігін анықта.

  

Семестрлік  тапсырма (ЕГЖ) № 3 «Механика»

3 кесте

Нұс-қасы

Жалпы физика курсының есептер жинағы. Алматы: АЭЖБИ,  2003/ Т.С. Байпақбаев, Х.Қ. Майлина

  Жалпы физика курсының есептер жинағы./ Алматы: Мектеп,  1974

А.С. Волькенштейн        

В қосымшасы

А.1

1.2, 3.24, 3.53

3.12, 2.151

1, 26

А.2

1.7, 3.19(3),  3.52,

2.61 (а,б),  2.40

2, 27

А.3

1.32, 3.19 (2), 3.56

2.61 (в,б), 2.41

3, 28

А.4

1,33, 1.14 (1), 1.57

2.62, 2.43

4, 29

А.5

1.34, 3.18 (б), 3.58

2.63, 2.44

5, 30

А.6

1.42, 2.10, 3.59

2.64(а,б), 2.50

6, 31

А.7

1.28, 3.18 (а), 3.60, 2.8

2.51

7, 32

А.8

1.31, 3.17, 3.61

2.64(а,в), 2.55 (1)

8, 33

А.9

1.45, 2.3, 3.62

2.65, 2.55 (2)

9, 34

А.10

1.44, 2.2, 3.65

2.66 (1,2), 2.55(3)

10, 35

В.11

1.41, 3.12, 3.36

3.34, 3.8

11, 36

В.12

1.46, 2.4, 3.35(1)

3.35, 3.9

12, 37

В.13

1.47, 2.6, 3.35 (2)

3.36,3.15

38, 13

В.14

1.49, 3.13, 3.35(3)

3.37, 3.19

39,14

В.15

1.50,3.11(3), 3.37(1)

3.38, 3.21

40,15

В.16

1.48,3.11(2), 3.37(2)

3.39 (1), 3.31

16, 41

В.17

1.36, 3.11(1),3.37(3)

3.39 (2),3.31

17, 42

В.18

1.26, 3.22, 3.38

3.5, 3.30

19, 48

В.19

1.14, 2.12, 3.39

3.6, 3.32

20, 47

В.20

1.17, 2.11, 3.5(а)

3.7, 3.33

22, 46

В.21

1.25, 2.14, 3.1, 3.47

3.13

43, 18

В.22

1.24, 2.9, 3.2, 3,48

2.133

44, 21

С.23

3.4, 3.34, 1.18

3,27, 2.160

23, 49

С.24

3.8(а), 3.49,1.19

3.28, 2.161

24, 50

С.25

1.22, 3.8(б),3.25, 3.50

3.29

25, 45

 

В қосымшасы

 

В.1 Релятивистік механикада кинетикалық энергия қалай өрнектеледі? Қандай шартта кинетикалық энергияның релятивистік формуласы классикалық түрге өтеді? Осыны дәлелдеңіздер.

В.2 Траекториясы қисық сызықты қозғалыс кезінде дененің нормаль үдеуі:              а) нөлге тең ; б) тұрақты векторға тең бола ала ма?

В.3 Солтүстік жарты шарда солтүстікке қарай меридиан бойымен снаряд атылады. Снаряд қозғалысына Жердің тәуліктік айналуы қалай әсер етеді?

В.4 Массасы m бөлшектің қозғалыс теңдеуінің траекторияға нормаль және

жанама  бағыттағы проекцияларын көрсетіңіз.

В.5 Екі оқиға арасындағы аралық қалай анықталады? Бір инерциалды жүйеден екінші инерциалды жүйеге өткенде оның инвариантты болып қалатынын  дәлелдеңдер.

В.6 Двигателі өшкеннен кейін автомобильдің (дөңгелегі айналмай) жүріп өткен жолы автомобильдің массасына байланысты бола ма? Өзіңіздің тұжырымдамаңызды дәлелдеңіз.

В.7 Ньютонның үш заңының арасында қандай логикалық байланыс бар? Бірінші заңын екінші заңының салдары ретінде қарауға бола ма?

В.8 Массасы  m денені  вертикаль қабырғаға  F= 4mg күшпен қысады. Дене мен қабырға арасындағы  үйкеліс коэффициенті к=0,5. Денеге не болады?

В.9 Массасы m біртекті шар сырғанамай домалап келеді. Егер шардың   массалық центрінің жылдамдығы vс болса,  онда оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

В.10 - ХУ жазықтығында қозғалатын бөлшектің радиус – векторы. .Егер:

а)   -дің тек модулі өзгеретін болса; б)  -дің тек бағыты өзгеретін болса;

 в)  -дің х осіндегі проекциясы ғана өзгеретін болса, бөлшектің траекториясы қандай болады?

В.11 Тыныштықтағы массасы нөлге тең болмайтын екі бөлшектің салыстырмалы жылдамдығының вакуумдағы жарық жылдамдығынан әрқашанда  аз  болатынын дәлелдеу керек.

В.12 а) бөлшек жылдамдығы ; б) жылдамдық модулі  шарттарында бөлшек қозғалысының  үдеуі қандай  болады?

В.13  Инерция күші дегеніміз не ? Ол күштің инерциалды санақ жүйесіндегі  әсер етуші күштерден қандай айырмашылығы бар?

В.14 Дене горизонтқа бұрыш жасай лақтырылды. Ауаның кедергілері ескерілмесе, а) дене импульсі; б) импульстің қандай да бір бағыттағы проекциясы мәндері сақтала ма?

В.15 Айналмалы және ілгерілемелі қозғалыстың негізгі теңдеулерін, олардың ұқсастықтарын  ескере отырып,  салыстырыңыздар.

В.16 Массасы m біртекті цилиндр сырғанамай домалап келеді. Егер цилиндрдің  масса центрінің жылдамдығы vс болса, онда оның кинетикалық энергиясы қандай болады?

В.17 Энергия және жұмыс ұғымдарының айырмашылығы қандай?

В.18 Лифтінің түбінде массасы m  дене жатыр. Лифтінің денеге әсер ететін реакция күші  неге тең, егер: а) дене бірқалыпты төмен қарай жылдамдықпен қозғалған кезде; б) лифтінің еркін  құлауы кезінде; в)  ол жоғары қарай  үдеумен қозғалған кезде.

В.19 Дененің тыныштықтағы үйкеліс коэффициентін өлшеу үшін төмендегідей әдісті қолдану ыңғайлы. Дене көлбеу жазықтыққа қойылады. Сырғанау басталатын, жазықтықтың минимал көлбеулік α бұрышы өлшенеді. Осы жағдайларда үйкеліс коэффициенті мен  α бұрыш арасындағы байланыс қандай болады?

В.20 Шар горизонталь жазықтықта домалап барады. Оның айналмалы қозғалысының кинетикалық энергиясы толық кинетикалық энергиясының қандай бөлігін құрайды?

В.21 Жалпы жағдайда неге  немесе  деп жазуға болмайды? Қандай қозғалысты қарастырғанда осы формулаларды қолдануға болады?

В.22 Тұтас шар қандай да бір тегіс қабырғаға α бұрыш жасай соқтығысады.  Тебілу бұрышының  түсу бұрышына тең екенін дәлелдеу керек.

В.23 Динамика теңдеуін декарттық координаттар жүйесінің x ,y ,z  остеріне проекциялай отырып, оның дифференциалды теңдеуіне балама үш теңдеуді алу керек.

В.24 Массасы m1 шар массасы m2 тыныштықта тұрған шармен орталық абсолютті серпінді соқтығысады. Массалардың қандай қатынасында  бірінші шар соқтығыстан кейін  кері қарай ұшады?

В.25 Күштердің суперпозиция  принципін тұжырымдаңыз. Аққу, шортан және шаян туралы есепті қалай түсіндіруге болады?

В.26 Қандай жылдамдықта бөлшектің массасы оның тыныштықтағы  массасынан екі есе артық болады?

В.27 Күш импульсы түсінігін  тұжырымдаңыз. Неге қарудан атылған оқ шыныны  қиратпай тесіп қана өтеді, ал стерженьмен оны тесе алмаймыз?

В.28 Бір-біріне қарама-қарсы жылдамдықтармен қозғалып келе жатқан екі  бөлшектің салыстырмалы  жылдамдығын табыңыз.

В.29 Бөлшек  шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалып келеді. Бөлшекке әсер ететін  барлық күштердің тең әсерлі күшінің жасайтын жұмысы: а) бір  айналым кезінде; б) жарты айналым кезінде; в)  айналым кезінде неге тең?

В.30 Тыныштықта тұрған стерженьге оның салыстырмалы ұзындығы  бастапқы ұзындығының жартысына тең болу үшін қандай жылдамдық береміз?

В.31 Импульс, импульс моменті, механикалық энергиялардың сақталу заңдары  және уақыт пен кеңістіктің симметриялылық қасиеттері   арасындағы байланысты түсіндіріңіз.

В.32 Ат шананы бірқалыпты сүйреп келеді.  Үш дененің: ат, шана және жер бетінің  әсерлесулерін қарастыру керек. Осылардың әрқайсысына әсер ететін күштердің  векторларын сызыңыз және олардың арасындағы  байланыстарды көрсетіңіз.

В.33 Траекториясы бұрандалы сызық болатын нүктенің қозғалыс жылдамдығы және үдеуі туралы не айтуға болады?

В.34 Тас вертикаль жоғары лақтырылды. Қандай нүктеде дененің үдеуі  максимал болады? Есепті екі жағдайда қарастырыңыз: а) ауа кедергісі ескерілмейді ; б) ауа кедергісі жылдамдықтың өсуімен артады.

В.35 Қандай жағдайда дененің орын ауыстыру шамасы оның жүріп өткен жолымен тең  болады?

В.36 Көлбеу жазықтықта  бірдей деңгейден, бір мезгілде, радиустары бірдей тұтас цилиндр мен шар сырғанамай домалайды. Осы екі дененің қайсысының жылдамдығы үлкен болады?

В.37 Қарсы жағаға тез жету үшін жүзгіш ағысқа қандай бұрыш жасап жүзуі  керек?

В.38 Массасы m дене көлбеу жазықтықта тыныштықта тұр. Денеге әсер ететін реакция күші неге тең? Суретін салып көрсетіңіз.

В.39 Қозғалып келе жатқан поездағы бақылаушыға А  нүктесіндегі (поездың алдыңғы жағы) және В  нүктесіндегі ( поездың соңғы жағы ) найзағай түсуі бір мезгілде көрінді. Жердегі бақылаушы үшін АСТ (Арнаулы салыстырмалы теория ) позициясы бойынша қай найзағай  жерге бұрын  түседі ?

В.40 Массасы m дене көлбеу жазықтықта  тұрақты  жылдамдықпен  сырғанап келеді. Денеге әсер ететін реакция күші неге тең? Суретін салып көрсетіңіз.

В.41 Массасы m бөлшектің релятивистік кинетикалық энергиясы арқылы релятивистік импульсін өрнектеңіз.

В.42 Спортшы биіктіктен суға айналып және бұрылып күрделі секіру жасайды. Осы жағдайларда оның  масса центрі  қалай қозғалады ?

В.43 Эксперимент нәтижесінде бөлшектің р импульсы және Е энергиясы анықталды. Оның m массасын және v жылдамдығын қалай анықтауға болады?

В.44 Көлбеу жазықтықта сырғанамай домалап келе жатқан цилиндрдің айналмалы және ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергияларының  қатынасы қандай болады ?

В.45 Гироскоптың тек өзіне тән қасиеті қандай? Гироскопты қолданатын мысалдар келтіріңдер. Гироскоптың қандай қозғалысы прецессия деп аталады?

В.46 Көлбеу жазықтықта бір рет сырғанап және екінші рет сырғанамай домалап келе жатқан цилиндрдің жазықтықтың төменгі нүктесіндегі жылдамдықтарының қатынасы қандай болады?

В.47 Автомобиль горизонталь жазықтықтағы бұрылыстан өтеді. Егер, автомобильдің жылдамдығы: а) тұрақты болып қалса; б) артатын болса; в) кемитін болса,  автомобильге әсер ететін күштер бағыттары қандай болады ?

В.48 Горизонталь жазықтықта v жылдамдықпен бірқалыпты қозғалып келе жатқан  арбада түтік (труба) орналасқан. Вертикаль түскен жауын тамшылары түтіктің  (трубаның) ішкі қабырғаларына тимей өтіп кету үшін түтік  арбаға қалай бағдарланып орнатылуы керек? Тамшы  vт  жылдамдықпен бірқалыпты қозғалады деп есептеңіз.

В.49 Біртекті өрісте жұмыстың траектория формасына тәуелсіз екенін дәлелдеу  керек.

В.50 Горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дененің траекториясының қай нүктесінде траекторияға нормаль үдеу максимал мәнге ие болады? 

 

Әдебиеттер  тізімі 

1. Савельев И.А. Жалпы  физика курсы- Алматы: Мектеп, 1989. - т. 1-2.

2. Сивухин Д.А.  Общий курс физики. – М.: Наука, 1977-1989- т. 1-3.

3. Детлаф А.А. , Яворский Б.М.  Курс физики . -М. :  Высш. шк., 2002.

4. Трофимова Т.И.Физика курсы. -М.: «Академия», 2006.

5. Матвеев А.Н. Электричество и магнетизм. - М.: Высш.шк. , 1983.

6. Курс физики. Под ред. Лозовского А.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1-2.

7. Иродов И.Е.  Основные законы механики.- М.:  Высш. шк. , 1997.

8. Иродов И.Е.  Электромагнетизм. Основные законы. - М.: Физматлит., 2000.

9. Джанколи Дж. ФизикА. -М.: Мир, 1989, т-1-2.

10. Савельев И.А. Сборник вопросов и задач по общей физике. - М.: Наука, 1988.

11. Иродов И.Е. Задачи по общей физике.- М.: Физматлит. , 2001.

12. Чертов А.Г., Воробьев А.А. Задачник по физике.- М.: Высш. шк., 2009.

13. Трофимова Т.И. Физика курсы бойынша шешулері қоса берілген есептер жинағы. - М.: «Жоғары мектеп», 2010.

14. Волькенштейн А.С.Жалпы физика курсының есептер жинағы. –Алматы: Мектеп,  1974.

15. Сборник задач по общему курсу физики. Под ред. В.В. Овчинкин.

В 3-х  частях. – М.: МФТИ, 2000.

16. Лабораторный практикум по физике. Под ред.  Барсукова К.В., Уханова Ю.И. – М.: Высш.шк., 1988.

17. Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. Жалпы физика курсының есептер жинағы (Механика. Молекулалық  физика және  термодинамика). – Алматы: АЭЖБИ,  2003.

18. Байпақбаев Т. С., Манабаев Х.Х. Жалпы физика курсының есептер жинағы  (Электростатика. Тұрақты ток. Магнетизм).- Алматы: АЭЖБИ, 2003.

 

Мазмұны

Кіріспе                                                                                                 3 1 «Физика» пәнін оқып үйренудегі ұсыныстар                                     3

2 Есептеу сызба жұмыстарын орындауға және тапсыруға қойылатын жалпы талаптар                                                                                   4

2.1  ЕСЖ №1                                                                                           7

А қосымшасы                                                                                          7

2.2     ЕСЖ №2                                                                                   15

Б қосымшасы                                                                                     15

2.3     ЕСЖ №3                                                                                    19

В қосымшасы                                                                                     19

Әдебиеттер тізімі                                                                                23  

 

2011 ж. жиынтық жоспары, реті  57