Коммерциялық  емес акционерлік қоғамы
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Физика  кафедрасы
ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР ФИЗИКАСЫ
5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін
есептеу-сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Алматы  2014

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: Т.С Байпақбаев, М.Ш. Қарсыбаев, А.С. Жармухамбетова. Электрмагниттік  толқындар физикасы. 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар   мамандығының студенттері үшін есептеу-сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар. – Алматы: АЭжБУ, 2014. – 29 б.

Әдістемелік  нұсқаулықтар  есептеу-сызба жұмыс  (ЕСЖ) тапсырма-ларынан (сырттай  оқу  түрі  үшін  бақылау  тапсырмаларынан), әдістемелік ұсыныстар мен ЕСЖ мазмұны және оларды орындауға қойылатын  талаптардан, қажетті  әдебиеттер  тізімінен тұрады.

Сур. 46,  кесте 17,  әдеб - 16.

Пікір  беруші: техн.ғылым.канд., доцент Ауезова А.М.

 «Алматы  энергетика және байланыс  университеті»  коммерциялық емес  акционерлік  қоғамының 2013 ж. жоспары  бойынша басылады.

Ó «Алматы энергетика және байланыс университеті»  КЕАҚ, 2014 ж

Кіріспе

Техникалық  жоғарғы оқу орындарындағы  «Физика» курсының  міндеттері келесі жағдайларға  қарай туындайды:

а) жалпы білім беретін пән болғандықтан, физика ғылыми  дүние танымды  қалыптастырады;

б) іргетасы қаланған ғылым болғандықтан, физика жалпы инженерлік және арнайы  пәндерді  оқып үйрену үшін, жалпы теориялық  негізді  қалыптастырады, сондай-ақ, физиканы оқу барысында,  ғылым мен  техниканың әр түрлі салалары  өзара қалай байланысқаны  көрінеді;

в) физиканы оқу барысында студенттің табиғи процестер мен нысандардың моделін  жасау, жалпыдан дара қорытындыны  бөліп алу,  дара қорытындылардан жалпы тұжырымдар  жасау қабілетін, математикалық әдістерді қолдануды, ұқсастықтарды пайдалануды дамытатындықтан, физика оқытып үйретуші пән ретінде  болашақ  маманның зияткерлік мәдениетін көтеруге көмектеседі де, ол өзінің ойланып толғануын  жаңа жағдайларға  бейімдейді.         

«Электрмагниттік  толқындар физикасы» курсында физиканың мына: «Максвелл теңдеулері», «Тербелістер  мен  толқындар  физикасы», «Кванттық физика  және атом физикасы», «Қатты  денелер физикасы» тараулары  оқытылады.

Физиканы оқу  барысында  студенттің алған  білімі, мына техникалық пәндерді  «Электротехниканың теориялық  негіздері», «Антенна-фидерлік құрылғылар және радиотолқындардың таралуы», «Электромагниттік толқындарды жеткізу теориясы», «ӨЖЖ электрондық аспаптар және кванттық құралдар», «Радиоэлектрондық құралдардың  электромагниттік  сәйкестендірілуі».

«Электрмагниттік  толқындар  физикасы» курсы  үш модульден тұрады: әр модуль бойынша студенттер  үш қиындық  деңгейлі (А, В және С) есептеу-сызбалық жұмыстар (ЕCЖ)  жасайды. ЕCЖ  тапсырмасының  нұсқа нөмірін  күндізгі оқитын студент өзі таңдайды да, оны машықтану сабағын  жүргізетін оқытушы  бекітеді. Сырттай оқитын  студенттердің  тапсырмалары туралы  төменде айтылады

1 «Электрмагниттік  толқындар физикасы» пәнін  меңгеру үшін нұсқаулар

«Электрмагниттік толқындар физикасы» пәні «Физика» пәнінің  жалғасы болғандықтан оны оқып үйрену барысында қазіргі заманғы  негізгі ұғымдарын, заңдары мен принциптерін  және  олардан  шығатын салдарларды меңгеруді көздейді. Мұнда  электромагниттік индукция құбылысы мен заңын, оның  Максвеллдің электромагниттік теориясын жасаудағы ролін,бұл құбылыстың техника  мен  тұрмыста кең қолданылатыны  мазмұндалатын классикалық физиканың соңғы тарауы «Максвелл теңдеулері»  қарастырылады. Ескертетін  нәрсе, мұнда Максвелл теңдеулерінің  физикалық  мәніне  аса  көңіл бөлу керек.

«Тербелістер  мен  толқындар  физикасы» деп аталатын  келесі тарауда  физикалық табиғаты әртүрлі тербелістер бірдей дифференциалдық  теңдеулермен сипатталатынын ескеріп,  осы теңдеулердің  шешуін білу,  өшпейтін,  өшетін  және  еріксіз гармоникалық тербелістердің сипаттамалары мен негізгі қасиеттерін білу керек, есеп шығару үшін  векторлық диаграммалар  әдісін  игеру  керек. 

«Кванттық физика  және атом физикасы» тарауында  сәуле  шығару табиғаты туралы кванттық  көзқарасты дамытуда  Комптон эффекті, сыртқы фотоэффекті, электромагниттік сәуле шығару мен заттардың корпускулалық-толқындық дуализмін табиғаттың  әмбебап заңы ретінде түсіну керек. Шредингер теңдеуінің релятивтік емес,  кванттық механикадағы рөліне, толқындық функцияның көмегімен микробөлшектің  күйінің берілуіне, классикалық механика  ұғымдарын кванттық теорияда қолдануды  шектейтін анықсыздықтар арақатынасының физикалық мағынасына көңіл аудару керек.

«Қатты  денелер физикасы» тарауында зоналық теория негізінде қатты денелердің металдарға, диэлектриктерге және  жартылай өткізгіштерге бөлінуін түсіну,  жартылай өткізгіштердің меншікті, қоспалы және аралас өткізгіштігін, фотоөткізгіштік  құбылысын (жартылай өткізгіштердегі ішкі фотоэффектті),  p- n  ауысу қасиеттерін және ондағы  вентильді фотоэффектті   оқып үйрену  керек.  Атом ядросының  құрылысы мен сипаттамаларын түсіне білу қажет.

2  Есептеу-сызба  жұмыстардың (бақылау жұмысы)  орындалуына қойылатын  жалпы талаптар

Әр есептеу-сызбалық жұмыстың бірінші мұқабасында жұмыс нөмірі, нұсқасы,  кім орындағаны және кім тексергені туралы, тексеруге берілген күні  жазылған  жеке дәптерде орындалуы керек, яғни мына үлгі бойынша:

ЭМжА физикасы  №__ЕСЖ   №__нұсқа

Орындаған ___( Аты-жөні, тобы)  студенті

Тексерген ___( Оқытушының  аты- жөні)

тексеруге ___ (күні)  берілді

Жұмысты сиямен  және суреттерді қарындаш пен сызғыштың көмегімен орындау керек.

Есептің берілгендері қысқартусыз, толық көшіріліп жазылады. Сонан кейін есеп берілгендері  дәстүрлі белгілеулерге сәйкес, «Берілгені» деп қысқаша  жазылады. Егер есепте физикалық шамалардың сан мәні берілсе, онда оларды  бірліктердің SI  жүйесіне сәйкес өрнектеу керек.

Әр есептің шығарылу жолын  пайдаланылатын белгілеулердің мәні мен мағынасын ашып көрсететін түсініктеме сөздермен мазмұндап, есептің шығарылуы үшін қолданылған физикалық заңдар мен қағидаларды көрсету керек. Әр нақты жағдайға қарай қолданылған  заңды, қағиданы және өрнекті пайдаланудың дұрыстығын негіздеу қажет. Есеп жалпы түрде шығарылғаннан кейін, яғни  жауап есептеу формуласы ретінде алынғаннан кейін  жуықтап есептеулер ережелеріне сәйкес есептеулер жүргізіледі. Оқы-тушының ескертуі жазылатын  жолақ ( поля) қалдырылуы керек. Келесі есеп  жаңа  беттен басталуы қажет.   

 Жұмыстың соңында физиканы  оқып-үйрену  үшін студент қандай оқулықты  немесе  оқу құралын пайдаланғанын  көрсетуі  қажет.

Сырттай оқу бөлімінің студенті өз бақылау жұмысын электронды пошта арқылы жіберетін болған жағдайда да жоғарыдағы шарттарды орындауы керек. Егер бақылау жұмысы дұрыс орындалмай, өзіне қайтарылып берілсе, көрсетілген қателіктермен жұмыс жасалып, қайтадан алдыңғы бақылау жұмысымен бірге тапсырылады. Пікір жазушы есептің шығарылуы бойынша сұрақтармен студентті әңгімеге тартуға құқылы.

2.1 Сырттай оқу бөлімінің студентінің бақылау жұмысы нұсқасын таңдау ережесі

Курстың әрбір кредитінде (модулінде) әрқайсысы 10 нұсқадан құралған екі кесте берілген. Нұсқа нөмірі студент шифрының (сынақ кітапшасының нөмірлері) соңғы екі саны бойынша төмендегідей таңдалады:

- егер соңғы санның алдында тұрған сан тақ болса, әр бақылаудың сәйкесінше есептерінің нөмірлері 1 кестеден, жұп немесе нөл болса – 2 кестеден алынады;

           - шифрдің соңғы саны сәйкес кестедегі нұсқа нөмірін анықтайды.

         Есеп шығару мысалы

         Қабырғасының ұзындығы а = 10 см жазық квадрат рамка индукциясы       В=(α+βt2) заңы бойынша (мұндағы α=0,1 Тл, β=0,01 Тл/с2) өзгеретін магнит өрісінде тұр. Рамканың жазықтығы магнит өрісі индукциясы бағытымен φ=300 бұрыш жасайды. Рамканың кедергісі R = 10-2 Ом, ал оның индуктивтігі мен сыйымдылығы ескермеуге болатындай өте аз. Рамкада, бастапқы t = 2c ішінде, бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңыздар.

         Берілгені:

         α=0,1 м,

         В=(α+βt2),

         α=0,1 Тл,

         β=0,01 Тл/с2,

         φ=300,

t = 2c,

R = 10-2 Ом,

Q = ?

          Шешуі. Айнымалы магнит өрісі құйынды электр өрісін тудырады, ал ол рамкада индукциялық токтың пайда болуына әкеледі. Рамкамен осы ток жүргенде, онда бөлінетін жылу мөлшері

                                                 Q =                                                            (1)

мұндағы I – индукциялық ток, ол Ом заңы бойынша,

                                                   i =                                                                        (2)

Индукция ЭҚК-ін табу үшін Фарадей заңын қолданамыз.

Ei =               (3)

(3) өрнегін, және S = a2, sin300 =  мәндерін (2) өрнекке қойып,

                      i = ,                                                                                             (4)

аламыз. Бұл (4) өрнекті (1) апарып қойып,

                       Q = ,

формуласын  табамыз. Сан мәндерін қойып, жылу мөлшерін есептейміз

                       Q =  .

2.2 ЕСЖ 1 « Электромагниттік  индукция. Максвелл теңдеуі»

Нұсқа№

Жалпы  физика  курсының

 есептер  жинағы /

Т.С. Байпақбаев, Х.Х. Манабаев.

Жалпы  физика  курсының есептер   жинағы / В.С.Волькенштейн.

А

қосымшасы

А.1

12.1,12.7,12.28,12.43

1, 50

А.2

11.94,11.118,11.109,11.130

2, 49

А.3

11.93,11.119,11.113,11.126

3, 48

А.4

12.3,12.8,12.22,12.42,

4, 47

А.5

12.2,12.9,12.17,12.47

5, 46

А.6

11.118,11.107,11.114,11.130

6, 45

А.7

11.96,11.120,11.110,11.131

7, 44

А.8

11.108,11.114,11.102,11.132

8, 43

А.9

11.93,11.119,11.111,11.123

9, 42

А.10

12.5,12.10,12.32,12.48

10, 41

А.11

11.102,11.120,11.108,11.127

11, 40

А.12

12.6,12.14,12.11,12.50

12, 39

А.13

12.15,12.12,12.38,12.45,

13, 38

А.14

12.16,12.19,12.40,12.52

14, 37

А.15

12.33,12.30,12.39,12.51

15, 36

В.16

12.13,12.22,12.31,12.37

16, 35

В.17

12.27,12.46,12.34,12.49

17, 34

В.18

12.19,12.11,12.36,12.54

18, 33

В.19

12.8,12.17,12.37,12.46

19, 32

В.20

12.34,12.39

11.109,11.121

20, 31

В.21

13.1, 13.8

11.123, 11.104

21, 32

В.22

13.9,13.14

11.126, 11.109

23, 31

В.23

13.15,12.36

11.122, 11.97

24, 30

В.24

13.18, 12.37

11.117, 11.101

25, 29

В.25

12.39, 13.19

11.126, 11.97

 26, 28

С.26

13.12, 12.53

11.125, 11.117

27, 3

С.27

13.14, 12.54

11.124, 11.121

28, 15

С.28

13.2, 13.11

25.10, 25.46

29, 50

С.29

13.3, 13.13

25.28, 25.33

30, 48

С.30

13.6, 13.10

25.24, 25.9

31, 49

№ 1 бақылау  жұмысы (сырттай оқу)

I  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқалары

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А. «Задачник по физике». – М., 2006.)

А қосымшасы

0

25.2

25.18

25.44

26.5

6

38

1

25.15

25.21(3)

25.42

26.6

16

28

2

25.9

25.35

25.26

26.7

1

46

3

25.3

25.34

25.25

26.2

3

48

4

25.4

25.36

25.38

26.1

2

39

5

25.11

25.22

25.45

26.8

11

36

6

25.16

25.21(1)

25.41

26.10

19

34

7

25.8

25.17

25.40

26.14

17

31

8

25.1

25.20

25.43

26.4

8

44

9

25.12

25.19

25.39

26.3

22

33

II  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (жұп нөмірлер)

Вариант

Есеп нөмірлері  (Чертов А.Г., Воробьёв А.А. «Задачник по физике». - М.,2006.)

А қосымшасы

0

25.1

25.19

25.46

26.1

4

40

1

25.2

25.23

25.43

26.12

7

42

2

25.9

25.18

25.26

26.2

10

32

3

25.7

25.20

25.38

26.5

18

29

4

25.8

25.17

25.25

26.3

6

41

5

25.6

25.34

25.44

26.10

5

47

6

25.11

25.35

25.42

26.5

13

35

7

25.12

25.36

25.39

26.8

15

37

8

25.13

25.21(1)

25.40

26.9

21

30

9

25.5

25.21(2)

25.41

26.4

9

43

А қосымшасы

А.1 Егер: а) контур магнит өрісінде индукция сызықтарын қия отырып, орын ауыстырса; б) контур арқылы өтетін магнит индукциясының ағыны өзгерсе, онда тұйық контурда әрқашан индукциялық ток пайда болады деуге бола ма?

А.2 Өткізгіш сақина электромагнит полюсіне жақын аралықта ілулі тұр (А.1 суретті қара). Сақинаны қиып өтетін магнит ағыны А.2 суреттегі сызбаға сәйкес өзгереді. Уақыттың қай аралықтарында, сақина электромагнитке тартылады?

А.1 сурет                                                   А.2  сурет

А.3 Жазық электр өткізгіш рамка біртекті магнит өрісінде айналады. Егер, айналу осі индукция сызықтарына: а) параллель; б) перпендикуляр болса, онда рамкада индукция ЭҚК-і пайда бола ма ?

А.4 Бірқалыпты өсетін магнит өрісіне сым каркас орналасқан (А.3 суретті қара). Егер К кілтін тұйықтаса, онда каркаста бөлінетін жылулық қуат қалай өзгереді?

А.3 сурет                                                   А.4  сурет

А.5 Тороид тәрізді өзекшеге катушка және электр өткізетін сақина ілінген. Егер: а) катушкамен тұрақты ток жүріп, ал сақинаны өзекше бойымен орын ауыстырса; б) катушкамен айнымалы ток жүріп, сақина қозғалмаса, онда сақинада ток индукциялана ма?  Катушканың магнит өрісі түгелдей өзекшеде жинақталған.

А.6 Электромагниттің полюстері арасындағы кеңістіктен өткізгіш контур суырып алынды. Контурдың орын ауыстыру уақытына: а) контурдан бөлінетін жылу мөлшері;  б) контурмен ағатын заряд шамасы тәуелді бола ма?

А.7 Ток өткізгіш рамка (А.4 суретті қара ) тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісінде: а) өткізгішке параллель орын ауыстырса; б) өткізгіш рамкадан үнемі бірдей қашықтықта болып, рамка өткізгішті айнала қозғалса, онда рамкада ток индукциялана ма?

А.8 Электр өткізетін бірдей квадрат пішінді екі рамка параллель орналасқан. Егер: а) рамканың пішінін, периметрін өзгертпей, тік төртбұрышқа өзгертсе; б) бір рамканы 600 -қа бұрса, онда рамкада ток индукциялана ма?

А.9 Ток өткізгіш рамка (А.4 суретті қара ) тогы бар шексіз ұзын түзу өткізгіштің магнит өрісінде орналасқан. Өткізгіштегі ток күші І~t2 заңы бойынша өзгереді. Бұл жағдайда рамкаға әсер ететін күш Ғ~tk заңымен өзгерсе, k шамасының мәні неге тең болады? Өздік индукция тогының өрісі ескерілмейді.

А.10  Өздік индукция тогының өрісі ескерілген  жағдайда А.9-есептегі рамкаға әсер ететін күш қалай өзгереді ?

А.11 Егер сыммен жүретін ток күші: а) артса ; б) кемісе, онда өткізгіш рамкаға (А.4 суретті қара) әсер ететін күштің бағыты қалай болады?

А.12 Электр өткізгіш сақинаны (А.5 суретті қара) а) қиып өтетін магнит ағыны, б) сызбадағы заңдылықпен өзгереді. Сақинада пайда болатын индукциялық токтың бағытын, ток күші қалай өзгеретінін анықтаңдар.

                            а)                                                                 б)

А.5 сурет  

А.13 Парамагнит ортада орналасқан екі контурдың өзара индуктивтілігі, ортаны салқындатқанда қалай өзгереді ?

А.14 Электр өткізгіш сақинаны (А.5 суретті қара) а) қиып өтетін магнит ағыны А.6 суреттегі сызбадағы заңдылықпен өзгереді. Сақинадағы  индукция ЭҚК-і  а және б  уақыт аралығында нөлге айнала ма ?

А.15  Электр өткізгіш контурдың пішіні сегіздік тәрізді (А.7 суретті қара). Орамның біреуін ОО1 осьті айналдыра 1800 –қа бұрсақ не өзгеріс болады ?

А.16  Электр өткізгіш сақинаны (А.5, а-суретті қара) қиып өтетін магнит индукциясы ағыны А.2-суреттегі сызбасындағыдай гармоникалық заң-дылықпен өзгереді. Сақинадағы индукцияланатын ЭҚК-інің модулі бойынша максимал теріс мәні 1,2,3,4 мезеттерінің қайсысына сәйкес келеді ?

А.6 сурет                            А.7 сурет

А.17  Орамдарды бір-біріне тығыз орналастырылған бір қабатты соленоидтың орам санын арттырған сайын соленоидтың индуктивтігінің орама кедергісіне L/R қатынасы қалай өзгереді ?

А.18 А.2-есептегі сақинада индукцияланатын ток күші қай уақыттың аралықтарында  артып және сақинаны қиып өтетін индукция сызығы  бағытымен оң  бұраңда  жүйесін  құрайды ?

А.19 Ферромагниттік емес ортада орналасқан контурмен айнымалы ток жүреді. Контурдағы құйынды электр өрісінің элементар жұмысының өрнегі: а) δΑ=−IdФм ; б) δΑ= − Фм dI дұрыс жазылған ба? Мұндағы Фм контурмен байланысқан магнит ағыны.

А.20 Жоғарыдағы А.2- есепте электромагнит пен сақина арасындағы өзара әсерлесу күші   пен аралықтарының қай мезеттерінде нөлге тең болады ?

А.21 Соленоидтың екі орамасы бір бағытта оралып, өзара параллель қосылған. Егер: а) орамаларды өзара тізбектеп қосса; б) бір ораманы айырып тастаса, онда соленоидтың индуктивтігі қалай өзгереді ?

А.22  Электромагнит  орамасындағы  (А.1 суретті қара )  ток күші

 А.8-суреттегі сызбаға сәйкес өзгереді. Сақинада индукцияланатын ЭҚК-інің орташа мәні неге тең ?

А.8 сурет                                                    А.9 сурет

А.23 Электр өткізгіш сақинаны (А.5, а- суретті қара) қиып өтетін магнит индукциясы ағыны А.2-суреттегі сызбадағы гармоникалық заңдылықпен өзгереді. Сақинадағы индукцияланатын ЭҚК-інің теріс, бірақ модулі бойынша минимал мәні 1,2,3,4 мезеттерінің қайсысына сәйкес келеді ?

А.24 Қозғалмалы MN белдеушесі бар тік төртбұрышты рамка тұрақты біртекті магнит өрісінде орналасқан (А.9 суретті қара). Белдеуше бірқалыпты орын ауыстырады. Белдеушемен байланысқан санақ жүйесінде қандай өріс бар ?

А.25 Темір өзекшесі бар тороидтың индуктивтігі: а) орамадағы ток күшіне; б) өзекшенің температурасына тәуелді ме ?

А.26 А.24-есептегі қарастырылған рамканың электр кедергісі белдеушенің кедергісімен салыстырғанда өте аз және индукциялық токтың өрісін ескермеуге болады. Белдеушеге әсер ететін Ампер күші  Ғ ~ Вk. k мәнін табыңыз.

А.27 Жазықтықтары өзара параллель, бір бағытта және бірдей ток жүріп тұрған екі контур бір-бірінен қандай да болмасын бір аралықта орналасқан. Контурдың біреуін өзгеріссіз қалдырып, ал екіншісінің орнын түрліше өзгертеді. Бір жағдайда оның  жазықтығын 90-қа, екінші жағдайда 180 0-қа бұрады, ал үшінші жағдайда өз-өзіне параллель етіп белгілі бір қашықтыққа алшақтатады. Осы жағдайлардың қайсысында көп, ал қайсысында аз жұмыс жасалынады ?

А.28 Вертикаль орналасқан П тәрізді электр өткізгіш раманың бойымен тыныштық күйден MN стержені (А.10 суретті қара ) сырғанайды. Бұл құрылғы горизонталь бағытталған біртекті магнит өрісінде орналасқан. Қозғалыстың бастапқы кезінде стерженнің жылдамдығы мен үдеуі қалай өзгереді? Раманың электр кедергісі мен индукциялық ток өрісі ескерілмейді.

А.10 сурет                                                 А.11 сурет

А.29 Екі контур жазықтықтары бір-біріне өзара параллель болып орналасқан. 1 контуры арқылы бағыты тілшемен көрсетілгендей ток жүреді (А.15 суретті қара). Контурлар жазықтықтарының параллельдігін сақтай отырып, бір-біріне қатысты қозғалады. 2 контурдағы токтың бағыты олар: а) бір-біріне жақындағанда; б) бір-бірінен алшақтағанда қалай бағытталады?

А.30 Бес теңгелік металл ақша электромагниттің полюс аралық кеңістігін қырымен құлап өтеді. Бес теңгенің үдеуі: а) өріске кіре берісте; б) өрістен шыға берісте еркін түсу үдеуінен өзгеше бола ма ?

А.31 Индуктивтіктері бірдей екі катушка арқылы уақытқа байланысты сызықтық заң бойынша өзгеретін ток жүреді. Олардың қайсысында өздік индукция ЭҚК-і артық болады ? Әр катушкадағы ток күші нөлден өткеннен кейін сызықтығын сақтай отырып, қарама-қарсы бағытта өсетін болса, онда өздік индукция ЭҚК-інің мәні немесе таңбасы өзгере ме ?

А.32  Біртекті магнит өрісінде орналасқан дөңгелек тұрақты бұрыштық  жылдамдықпен айналады. Дөңгелектің айналу осі индукция сызықтарына параллель. Дөңгелек осі мен оның құрсауы арасында  индукцияланатын

потенциалдар айырмасын анықтау керек.

А.33  Конденсаторы мен жылжымалы MN белдеушесі бар өткізгіш контур біртекті магнит өрісіне орналасқан (А.11 суретті қара). Егер белдеуше: а) бірқалыпты қозғалса; б) үдемелі қозғалса, онда контурда ток бола ма? Тізбектің актив кедергісі ескерілмейді.

А.34 Жоғарыда А.33-есепте қарастырылған MN белдеушесі х ~ t4 заңы бойынша орын ауыстырсын. Бұл жағдайда индукциялық токтың уақытқа байланыстылығы  І ~ tn  функциясы бойынша өзгереді. n мәні неге тең ?

А.35 Айналу осі бар өткізгіш рамка, біртекті магнит өрісіне орналасқан (А.12  суретті  қара). Рамканың суретте көрсетілген күйі, егер магнит индукциясы: а) артса;  б) кемісе, онда оның тепе-теңдік күйі орнықты бола ма?                                                                                                        

                                                                                                     а)

б)

                               А.12 сурет                                                 А.13 сурет

А.36 Квадрат пішінді өткізгіш рамка біртекті магнит өрісінде индукция сызықтарына перпендикуляр орналасқан (А.13 суретті қара). а) А.13,а-суреттегі контурдан екі квадрат жасалғанда; б) А.13,б-суреттегі квадраттардың біреуін CD диагоналынан 180 0  бұрғанда контурмен ағатын зарядтар шамасын салыстырыңыздар.

А.37 Индуктивтік катушка арқылы уақытқа байланысты А.14-суретте көрсетілген сызба бойынша өзгеретін ток жүреді. Белгіленген уақыт мезеттерінің қайсысында өздік индукция ЭҚК-і максимал мәнге ие болады ? Катушка индуктивтігі тұрақты.

А.14 сурет                                                 А.15 сурет

А.38 Радиусы R дөңгелек 1 контур арқылы ток жүреді.Радиусы R шамасынан едәуір  аз 2 контур жазықтықтары ылғи да параллель бола отырып, r осі бойымен тұрақты v жылдамдығымен қозғалады (А.15 суретті қара).1  контурынан   қандай   аралықта 2  контурында пайда     болатын индукция ЭҚК-і максимал мәнге ие болады ?

А.39 Диаметрлері d1 және d2 (d2 >d1 d1), массалары бірдей екі мыс сақина айнымалы магнит өрісінде орналасқан. Сақина жазықтықтары өріс индукция сызықтарына   перпендикуляр.  Бірдей  уақыт   мезетінде сақиналардағы:

а) индукция ЭҚК-ін ; б) индукциялық токтарды салыстырыңыздар.

А.40 Электр өткізетін екі компланар дөңгелек контурлар үшін (А.16 суретті қара) әр контурдың L1 және L2 индуктивтіктерін олардың өзара индуктивтігімен салыстырыңыз.

   А.16 сурет                                            А.17 сурет

А.41 Егер А.16-суреттегі контурлардың кіші сақинасын: а) сурет жазық-тығында жатқан оське қатысты 300  бұрса; б) үлкен сақина жазықтығына перпендикуляр бағытта ілгерілемелі қозғаса, онда өзара индуктивтігі қалай өзгереді ?

А.42 Тұзақ сым өзгермелі магнит өрісіне енгізіледі (А.17 суретті қара). Тұзақ ұштарындағы кернеу  U~t2. Магнит өрісінің өзгеру заңы В (х,у,z, t ) ~tk.  шамасының мәнін табыңыз.

А.43 Біртекті айнымалы магнит өрісінде екі 1 және 2 дөңгелек өткізгіш орамдары орналасқан. Орам жазықтықтары индукция сызықтарына перпендикуляр (1 орамы, ұзындығы 2 орамы жасалған сымнан оралып жасалған,  бірақ екі қабатталған). Уақыттың бір мезеттері үшін индукциялық токтардың (I1 / I2) қатынасын табыңыз.

А.44 Біртекті магнит өрісінде бір-бірінің үстімен бірдей жылдамдықпен төрт сым сырғанайды (А.18 суретті қара). Сымдардың қиылысу жазықтығы өріс индукция сызықтарына перпендикуляр. Ұлғаятын квадрат контурдағы индукциялық ток қалай өзгереді ?

А.18 сурет                                                  А.19 сурет

А.45 А.19-суретте соленоидтағы ток күшінің өзгеру сызбасы берілген. Уақыттың қай кезеңдерінде соленоидтағы өздік индукция ЭҚК-і I токқа бағыттас және модулі бойынша кемитін болады ?

А.46  Электр өткізгіш контурдағы ток күші II0 e-at  ( a>0 ) заңымен өзгереді.: а) контурдағы өздік индукция ЭҚК-інің бағытын; б) өздік индукция ЭҚК-і модулі бойынша қалай өзгеретінін табу керек.

А.47 Белдеуше MN (А.11 суретті қара) сызбасы А.20-суретте берілген гармоникалық тербеліс жасайды. Сызбаның  қай  нүктесінде конденсатордың үстіңгі астарындағы максимал оң зарядпен сәйкес келеді ?

А.20 сурет                                                  А.21 сурет

А.48 Ұзын сым мен өткізгіш рамканың өзара индуктивтіктерін 1 және 2 күйлер үшін ( А.21 суретті қара) салыстырыңыз.

А.49 Темір өзекшесі бар тороидтың орамасындағы ток күші екі есе арттырылса, онда: а) соленоид ішіндегі магнит өріс индукциясы екі есе артады; б) соленоид ішіндегі магнит өріс энергиясы төрт есе артады; в) индуктивтілік өзгермейді деген пікірлер дұрыс па ?

А.50  Соленоидтың өзекшесі жоқ жағдай үшін А.49-есепті шығарыңыз.

2.3 ЕСЖ  № 2 «Электромагниттік  тербелістер және  толқындар»

Нұсқа  №

Т.С.Байпақбаев,

М.Ш.    Қарсыбаев.

Тербелістер мен толқын-дар,кванттық механика,  атомдық және ядролық физика. Алматы  2002 ж.

В.С.Волькенштейн. Жалпы физика есептер жинағы.Мектеп.-Алматы 2012 ж.

 

Б қосым-шасы

А.1

1.2, 2.5, 2.20

14.18, 6.8

1

А .2

1.3, 2.3, 2.22

14.19, 16.9

2

А .3

1.4, 2.2, 4.41

12.44, 14.7

3

А .4

1.5, 2.1, 4.42

12.45, 14.8

4

А .5

1.10, 2.6, 2.31

14.20, 16.32

5

А .6

1.11, 2.7, 2.32

14.21, 16.33

6

А .7

1.13, 2.16, 2.33

14.22, 16.29

7

А .8

2.17, 2.60

12.10, 12.50, 16.15

8

А .9

2.11, 2.29, 3.1

12.9, 16.16

9

А .10

2.14 ,2.30, 3.2

12.38, 16.17

10

А .11

1.6 , 2.42, 3.3

12.20, 16.10

11

А .12

1.8 ,  .54, 3.4

12.21, 16.11

12

А .13

1.9 , 2.55, 3.5

12.23, 16.12

13

А .14

2.8 , 2.56, 3.6

12.8, 16.14

14

А .15

2.15, 2.57, 3.7

12.39, 16.19

15

В.16

2.21, 2.58, 3.8

12.15, 16.21

16

В.17

2.23, 2.59, 3.9

12.16, 16.40

17

В.18

2.24, 2.61, 3.10

12.17, 16.41

18

В.19

2.25, 2.62, 3.11

12.18, 16.34

19

В.20

2.26, 2.51, 3.12

12.19, 16.42

20

В.21

1.16, 2.50, 3.13

12.47, 16.22

21

В.22

1.17, 2.48, 3.14

12.48, 16.2

22

В.23

1.18, 2.47, 3.15, 4,55

12.49

23

В.24

1.19, 2.34, 4.56, 3.16

12.52

24

В.25

2.18, 2.35, 3.17, 4.57

12.22

25

С.26

2.36, 3.18, 4.59

12.25, 12.37

26

С.27

2.10, 2.39 , 3.19

12.29, 16.25

27

С.28

2.4 , 2.40, 3.20

12.36, 16.26

28

С.29

2.9, 2.26, 4.64

14.10, 16.28

29

С.30

2.12, 2.27, 4.65

14.11, 16.35

30

№ 2 бақылау  жұмысы (сырттай оқу)

I  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқа- лары

Есеп нөмірлері   (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.

«Задачник по физике». - М., 2006.)

Б қосым-шасы

0

6.2

6.23

6.35

6.56

7.3

30.25

31.15

1

1

6.11

6.18

6.41

6.58

7.4

30.20

31.18

4

2

6.4(1)

6.22

6.44

6.60

7.6

30.16

31.8

8

3

6.13

6.29(1)

26.18

6.59

7.37

30.15(1)

31.14

13

4

6.6(1)

6.24(1)

6.48

6.63

7.31

30.29

32.3

15

5

6.3(1)

6.26

6.34

6.56

7.5

30.30

32.11

10

6

6.9

6.14

6.51(a)

6.61

7.10

30.17

31.10

17

7

6.5

6.24(2)

6.43

6.62

7.38

30.24

32.5

9

8

6.4(2)

6.29(2)

6.38

6.57

7.40

30.17

31.21

22

9

6.3(2)

6.15

6.33

6.62

7.8

30.15(2)

31.4

19

II  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (жұп нөмірлер)

Нұсқа-лары

Есеп нөмірлері  (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.

«Задачник по физике». - М., 2006.)

Б қосым-шасы

0

6.10

6.24

6.34

6.61

7.1

30.26

31.16

11

1

6.8

6.16

6.37

6.60

7.3

30.17

31.14

7

2

6.12

6.19

6.42

6.57

7.7

30.15(3)

32.4

21

3

6.4(3)

6.29(3)

6.45

6.63

7.38

30.28

32.5

12

4

6.6(2)

6.24(3)

6.51(b)

6.62

7.11

30.25

32.12

16

5

6.3(3)

6.24(4)

6.41

6.59

7.9

7.20

31.12

18

6

6.5

6.17

6.35

6.58

7.39

30.16

31.21

3

7

6.4(3)

6.24(5)

6.51(в)

6.61

7.10

30.30

31.8

14

8

6.7

6.27

26.19

6.56

7.40

30.15(4)

31.11

2

9

6.3(4)

6.29(4)

6.46

6.57

7.37

30.16

31.5

20

Б қосымшасы

Б.1 Қандай  да бір еркіндік дәрежесі бірге тең жүйенің q  координатының t уақытқа тәуелді теңдеуі   q = q *+аsin(ω0t+α) түрінде келтірілген. Мұндағы q*, а, ω0 және α – тұрақтылар. Осы жүйе қандай қозғалыс жасайды ? Оның негізгі параметрлерін көрсетіңіздер.

Б.2 Бір өлшемді гармоникалық осциллятордың q координатының t уақытқа тәуелді теңдеуі q = q *+аsin(ω0t+α) түрінде келтірілген.  жылдамдықтың және  үдеудің t уақытқа тәуелді теңдеуін табыңыздар.

Б.3 Бір өлшемді гармоникалық осциллятордың q координатының t уақытқа тәуелді теңдеуі q = q *+аsin(ω0t+α) түрінде келтірілген.  жылдамдық амплитудасын және m үдеу амплитудасын табыңыздар.

Б.4 Уақыттың t1=0 және t2 = π/(2ω) мәндеріндегі а) х=аcos(ωt+π/4):

б) +-2а cos(ωt - π/6) тербелістерді векторлық диаграммада кескіндеңдер. а>0-тұрақты.

Б.5 Уақыттың  t=0 мәніндегі х=аcos(ωt+π/3) ығысуды, - жылдамдықты, -үдеуді векторлық диаграммада кескіндеңдер.

Б.6 Массасы m бөлшек х осі бойымен қозғалыс жасай алады. Бөлшекке Fx=-k(x-x*) күш әсер етеді, мұндағы k және x* – тұрақтылар, k>0. Бөлшек қозғалысының теңдеуін жазыңыздар.

Б.7 Азот N2 молекуласындағы атомдар тербелісінің жиілігі  ω0=4,45ּ1014с-1, бір атом массасы m=2,3210-26 кг. Атомдар арасындағы квазисерпінді күштің k  коэффициентін анықтаңыздар.

Б.8 Гармоникалық осциллятордың q координатының t уақытқа тәуелді теңдеуі q=Аsin(ω0t+α) түрінде келтірілген. А және α  арқылы координаттың (t=0-уақыт мезетіндегі)  q0  бастапқы мәнін өрнектеңдер.

Б.9 Гармоникалық осциллятордың q координатының t уақытқа тәуелді теңдеуі q=Аsin(ω0t+α) түрінде келтірілген. А және α  арқылы жылдамдықтың (t=0-уақыт мезетіндегі) 0 бастапқы мәнін өрнектеңдер.

Б.10 Гармоникалық тербеліс жасайтын бөлшекке тепе-теңдік күйден өту кезінде әсер ететін күш неге тең?

Б.11 Гармоникалық тербеліс жасайтын бөлшектің «шеткі» («в крайнем») жағдайдағы жылдамдығы неге тең?

Б.12 Бір өлшемді гармоникалық осциллятордың энергиясы  түрінде келтірілген, m-масса, k –квазисерпінді күштің коэффициенті. Тербелістің хм  амплитудасын анықтаңыздар.

Б.13 Бір өлшемді гармоникалық осциллятордың энергиясы  түрінде келтірілген, m - масса, k –квазисерпінді күштің коэффициенті. Тербелістің m – жылдамдық амплитудасын анықтаңыздар.

Б.14  Массасы m жүкше, тізбектей жалғанған екі серіппеге бекітілген (Б.1 суретті қара).Серіппе қатаңдықтары k1 және k2 болғанда, жүкше тербелісінің жиілігі қандай болады?

                                 Б.1 сурет                                  Б.2 сурет

 Б.15. Массасы m жүкше, параллель жалғанған екі серіппеге бекітілген         (Б.2 суретті қара).  Серіппе қатаңдықтары k1 және k2 болғанда, жүкше тербелісінің жиілігі қандай болады?

Б.16  Б.3-суретте келтірілген жүйенің тербеліс жиілігін анықтаңыз. Блок массасы m біртекті дискі, ал жүкше массасы М, серіппе қатаңдығы k, блоктағы жіп сырғымайды деп есептеңіз.

Б.17  Қандай да бір еркіндік дәрежесі бірге тең жүйенің q координатасының t уақытқа тәуелді теңдеуі q = a0 exp(-βt) cos(ω/t+α), түрінде келтірілген. Мұндағы  a0, β, ω/, α – тұрақтылар. Осы жүйе қандай қозғалыс жасайды ?   Оның негізгі параметрлерін көрсетіңіздер.

Б.18 Өшетін тербеліс амплитудасы 50 тербеліс жасағаннан кейін е2 есе азайды. Өшудің λ логарифмдік декременті және жүйенің Q сапалығы неге тең?

                                      Б.3 сурет                                    Б.4 сурет

Б.19  Ірімшік бөлігі таразыға салғанда, таразы тілшесінің соңғы үш көрсетуі   а1 = 560г, а2 = 440г, а3 = 520г болды. Ірімшік бөлігінің шын массасы қандай болғаны ?

Б.20 Жүйе өшетін тербеліс жасайды. Жүйенің q координатасының t уақытқа тәуелді теңдеуі q = a0 exp(-βt) cos(ω/t+α). a0 және α  арқылы жылдамдықтың (t=0-уақыт мезетіндегі)  0 бастапқы мәнін өрнектеңдер.

Б.21   Б.4-суретте келтірілген тізбек үшін токтың I0 амплитудалық мәнін және ток пен кернеу арасындағы α фазалар айырымын табыңыз. Ток жиілігі ω.

Б.22   Б.5-суретте келтірілген тізбек үшін токтың I0 амплитудалық мәнін және ток пен кернеу арасындағы α фазалар айырымын табыңыз. Ток жиілігі ω.

                              Б.5 сурет                                      Б.6 сурет

         

Б.23   Б.6-суретте келтірілген тізбек үшін токтың I0 амплитудалық мәнін және ток пен кернеу арасындағы α фазалар айырымын табыңыз. Ток жиілігі ω.

Б.24  Б.4-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 және кернеудің U0 амплитудалары, ток пен кернеу арасындағы α фазалар айы- рымы арқылы көрсетіңдер .

Б.25   Б.5-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 және кернеудің U0 амплитудалары,  ток пен кернеу арасындағы α фазалар айы-рымы арқылы көрсетіңдер.

Б.26   Б.6-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 және кернеудің U0 амплитудалары, ток пен кернеу арасындағы α фазалар айы-  рымы арқылы көрсетіңдер.

Б.27  Б.6-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз.  Жауабын ток күшінің I0 амплитудасы және R кедергі арқылы көрсетіңдер.

Б.28   Б.4-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 амплитудасы және R кедергі арқылы көрсетіңдер.

Б.29   Б.5-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 амплитудасы және R кедергі арқылы көрсетіңдер. 

Б.30   Б.6-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын кернеудің U0 амплитудасы және R, L,C, ω  арқылы көрсетіңдер.

Б.31  Б.6-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын ток күшінің I0 амплиту-дасы және R, L,C, ω  арқылы көрсетіңдер.

Б.32  Б.4-суретте келтірілген тізбек үшін R кедергіден бөлініп шығатын жылудың  орташа қуатын анықтаңыз. Жауабын кернеудің U0 амплитудасы және R, L, ω  арқылы көрсетіңдер.

Б.33 Б.7-суреттегі  тізбектегі V2,V3,V4 вольтметрлер кернеу амплитудасының U2=3,0 В, U3=7,0 В,  U4=3,0 В  модулдарын көрсетеді. V1 вольтметрдің көрсететін U1 мәні неге тең ?

                                                      Б.7 сурет

Б.34 Тізбектегі ( Б.7 суретті қара ) V2, V3, V4 вольтметрлер кернеу амплитудасының  U2=3,0 В, U3=7,0 В,  U4=3,0 В модулдарын көрсетеді. Кедергі R=1,0 Ом болғанда,  тізбектегі қуаттың  орташа мәнін анықтаңыздар.

Б.35 Тізбектегі ( Б.7 суретті қара )   V2, V3, V4 вольтметрлер кернеу амплитудасының  U2=3,0 В, U3=7,0 В, U4=3,0 В модулдарын көрсетеді. Тізбек элементтеріндегі кернеудің тербеліс диаграммасын кескіндеңіздер. U4 кер-неудің бастапқы фазасы нөлге тең деп есептеңіз.

ЕСЖ  № 3  «Кванттық физиканың  элементтері»

Нұсқа№

Жалпы физика курсының есептер жинағы /Т.С. Байпақбаев,

М.Ш. Қарсыбаев.

Жалпы физика     курсының есептер жинағы/ Т.С.Байпақбаев,    Х.Х. Манабаев.

В қосым-шасы

А.1

6.1, 6.35, 6.41,7.1

13.1

3

А.2

6.2,  6.36, 6.42, 7.2

13.2

10

А.3

6.3, 6.21, 6.43, 7.8

13.3

11

А.4

6.5, 6.2, 6.44,  7.7

13.4

14

А.5

6.6, 6.34, 6.45,  7.9

13.16

15

А.6

6.7, 6.25, 6.46, 7.10

13.5

13

А.7

6.9, 6.26(1), 6.47,  7.21

13.6

12a

А.8

5.38, 6.11, 6.26(2), 6.48, 7.22

12b

А.9

5.37, 6.12, 6.27, 6.79,  7.23

7

А.10

5.45, 6.13, 6.35, 6,50 ,7.24

8

А.11

6.4, 6.22, 6.51,  7.26

13.5

12б

А.12

6.8,  6.23, 6.52,  7.27

13.6

4

В.13

5.40, 6.10, 6.24, 6.53

13.7

5

В.14

5.39, 6.14, 6.25(1), 6.54

13..8

26

В.15

5.43, 6.15, 6.25(2), 6.55

13.11

18

В.16

5.44, 6.16, 6.26(1), 6.56

13.12

19

В.17

5.47, 6.17, 6.26(2), 6.57

13.13

25

В.18

5.49, 6.18, 6.26(3), 6.58

13.15

17

В.19

5.51, 5.19, 6.38, 6.59

13.17

6

В.20

5.37,, 6.39, 6.60,  7.27

13.14

2

В.21

5.45, 6.36, 6.65(3),,  7.28

13.9,

1

В.22

5.55, 6.33, 6.65(4),  7.29

13.10

16

В.23

5.52, 6.34, 6.68,  7.30

13.14,

21а

В.24

5.53, 6.35,6.67, 7.32

13.18

21б

В.25

5.54, 6.31, 6.65(2), 7.33

13.19,

24

С.26

5.55. 6.19,6.30, 6.66 ,7.35

13.20

22

С.27

5.56, 6.20,6.59, 6.65(1),

13.11

23

С.28

5.41, 6.28(2),6.64,7.37

13.12

30а

С.29

5.48, 5.32, 6.20, 6.28(1),6.63

30б

С.30

5.42, 5.46, 6.40, 6.62,  7.25

27

№  7 бақылау  жұмысы ( сырттай оқу)

I  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (тақ нөмірлер)

Нұсқасы

Есеп нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.

«Задачник по физике». - М., 2006.)

В қосымшасы

0

34.2

35.5

36.9

45.1

45.20

1

1

34.3

35.6

37.8

45.2

45.21

7

2

34.11

35.8

37.2

45.9

45.22

10

3

34.13

35.4

37.11(1)

46.14

45.16

4

4

34.16

35.9

37.11(2)

45.5

45.15

19

5

34.17

35.10

36.6

46.15

45.17

5

6

34.19

35.3

37.9

45.10

45.18

21

7

34.10

35.1

36.8

45.1

45.19

18

8

34.15

35.7

37.6

45.11

45.10

15

9

34.1

35.2

37.1

46.5

45.9

3

I  к е с т е  –  бақылау жұмысының нұсқалары (жұп нөмірлер)

Нұсқасы

Есеп  нөмірлері (Чертов А.Г., Воробьёв А.А.

«Задачник по физике». - М., 2006.)

В қосымшасы

0

34.4

35.7

36.11(2)

45.5

45.10

2

1

34.9

35.1

37.11(3)

46.16

45.12

6

2

34.18

35.9

37.8

46.15

45.11

22

3

34.12

35.4

36.8

45.10

45.14

5

4

34.2

35.5

37.2

45.11

45.13

8

5

34.14

35.8

37.6

46.14

45.15

13

6

34.20

35.3

37.5

45.1

45.21

9

7

34.19

35.10

37.9

45.2

45.22

20

8

34.22

35.6

37.1

45.9

45.18

11

9

34.9

35.2

36.9

45.3

45.16

24

В қосымшасы

В.1 Жұту қабілеттері әр түрлі, пішіндері мен өлшемдері бірдей екі дене белгілі температураға дейін қыздырылды, содан соң вакуумге орналастырылды. Салқындау процесі кезіндегі осы денелердің температураларының уақытқа тәуелділігі  В.1-суретте кескінделген. Денелердің салқындау қисықтарының қайсысы жұтылу қабілеті үлкен денеге, қайсысы кішісіне сәйкес келеді?

                                   В.1 сурет                                 В.2 сурет

В.2 Абсолют қара дененің сәуле шығаруының энергетикалық таралуынан (В.2 суретті қара) S1 және S2 аудандары бірдей екі аймақ бөлініп алынды.Толқын ұзындығының берілген аралығына сәйкес келетін сәуле шығару қуаты мен шығарылған кванттар саны бірдей бола ма?

В.3 Студент екі температура үшін абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергияның таралу қисығын сызды (В.3 суретті қара). Студенттің қатесін табыңыз.

                      

             В.3 сурет                                                 В.4 сурет

В.4   В.4-суретте қандай да бір температурадағы (1-қисық) абсолют қара дененің сәуле шығару энергиясының таралуының теориялық таралу қисығы мен сол температураға дейін қыздырылған қандай да бір дененің сәуле шығаруының экспериментальды қисығы (2-қисық) кескінделген. Экспериметтік қисықтардың дұрыс емес екенін қалай түсіндіруге болады ?

В.5 В.5-суретте 1-қисық абсолют қара дененің сәуле шығару спектріндегі энергияның таралуын, 2-қисық сол температурадағы қандай да бір шартты дененің сәуле шығару спектріндегі энергияның таралу қисығын кескіндейді. 2-қисық үш аймақтан тұрады: ден -ге дейін, -ден -ге дейін және -ден -ке дейін. 2-қисықтың барлық ординаты 1-қисықтың ординатасыынан 2 есе төмен.  мен  аралығында  тұрақты болып қалады. Шартты дененің жұтылу қабілетінің толқын ұзындығы бойынша таралуын салыңыз.

                         

            В.5 сурет                                             В.6 сурет

В.6 Оқшауланған жабық ыдыс ішінде идеал газ орналасқан. Газ молекулаларының концентрациясы n. Газ молекулаларының ілгерілемелі қозғалысының кинетикалық энергиясының көлемдік тығыздығы, абсолют қара дененің электромагнитті сәуле шығару энергиясының көлемдік тығыздығына қандай Т температурада тең болады ?

В.7  Фотоэлементтің вольт- амперлік сипаттамасынан жарықтың әсерінен катод бетінен бірлік уақыттағы шығатын N электрондар санын қалай анықтауға болады ?

В.8  В.6- Суретте фотоэлектрондардың энергия бойынша таралу функциясы кескінделген. Фотоэлектрондардың максимал энергиясы қалай анықталады?

В.9 Лукирский мен Прилежаев тәжірибесінде фототокты тежеуге керекті  потенциалдар айырымының бетке түсетін жарық жиілігіне тәуелділігі көлбеу түзумен (В.7 суретті қара) кескінделеді. Осы көлбеу түзуден ћ Планк тұрақтысын қалай анықтауға болады? Әр түрлі түзулердің айырмашылықтарын қалай түсіндіресіз ?

                                                         

     В.7 сурет                                     В.8 сурет

В.10 Фотокатод әрқайсысы монохроматты сәуле шығаратын екі көздің біреуінен жарықтануы мүмкін. Сәуле көздері катодтан бірдей қашықтықта орналасқан. Фототоктың бір жарық көзімен жарықтанғандағы анод пен катод арасындағы кернеуге тәуелділігі 1-қисықпен, екінші жарық көзімен жарықтанғанда 2-қисықпен кескінделеді (В.8 суретті қара). Осы жарық көздерінің айырмашылығы неде ?

В.11 Екі фотокатод бір жарық көзімен жарықтанады. Бірінші катод үшін  фототоктың анод пен катод арасындағы кернеуге тәуелділігі В.9-суретте 1-ші қисықпен, ал екінші катод үшін 2-ші қисықпен кескінделген. Қай фотокатодтың шығару жұмысы үлкен ?

В.12 Фотоэлементтің вольт-амперлік сипаттамалары мына жағдайларда: а) толқынның спектрлік құрамы өзгертілмей, толық жарық ағынын 2 есе арттырса; б) фотондардың ағынын өзгертпей, қолданылатын монохромат жарықтың жиілігін 2 есе арттырса; в) фотондардың ағынын өзгертпей, қолданылатын монохромат жарықтың толқын ұзындығын 2 есе арттырса;

 г) жарық ағынын өзгертпей, қолданылатын монохрамат жарықтың жиілігін 2 есе арттырса қалай өзгереді?

В.13 Вакуумде қандай да бір қашықтықта орналасқан екі электрод  (В.10 суретті қара) актив кедергімен жалғанған. Бір электрод спектрінде толқын ұзындығы  hc/λ > Ашығ  шартты қанағаттандыратын сәулесі бар жарық көзінен жарықтанады. Осы жағдайда тізбектен ток өте ме ?

                    В.9 сурет                                       В.10 сурет

В.14 Фотоэлектрондардың максимал кинетикалық энергиясының түскен жарық жиілігіне тәуелділігін кескіндеңіз. Электрондардың металл бетінен шығу жұмысы Ашығ.

В.15 Вакуумді фотоэлементтегі қаныққан фототоктың түскен жарық толқынындағы электр өрісі кернеулігіне тәуелділігін кескіндеңдер.

В.16  Түскен фотон энергиясы электронға берілген кинетикалық энергияға тең болатын процесс болуы мүмкін бе ?

В.17  Комптондық шашырау кезінде бірінші жағдайда фотон бастапқы бағытқа θ1 бұрышпен (В.11 суретті қара),  екінші жағдайда θ2 бұрышпен ұшты. Қай жағдайда шашырағаннан кейінгі сәуленің толқын ұзындығы үлкен болады және қай жағдайда әсерлесуші электронның кинетикалық энергиясы үлкен болады ?

 

               В.11 сурет                                      В.12 сурет

В.18 Суреттегі (В.12 суретті қара) атомының U(r) потенциалдық энергиясының сызбасынан атом энергия деңгейлерінің схемасын кескіндеу керек. Электронның  r0 координаты үшін n=2 кванттық   күйдегі  оның Т кинетикалық энергиясын, U потенциалдық энергиясын және толық E энергиясын көрсету керек.

В.19   Суретте (В.13 суретті қара)  атомның кванттық деңгейлері кескінделген. Төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге өткенде электронның энергия құраушыларының (кинетикалық, потенциалдық)  әр қайсысы  қалай өзгереді ?

                В.13 сурет                                            В.14 сурет

                        

В.20 Атомдағы электрондардың импульс моменті  және оның кеңістіктегі бағдарлануы векторлық схемада (В.14 суретті қара) шартты түрде кескінделген. Вектор ұзындығы  электронның орбиталды  импульс моментінің модулына пропорционал. Схема векторы n бас кванттық санның қандай минимал мәніне сәйкес келеді және l , m кванттық сандарының мәндері неге тең ?

                                                  В.15 сурет

В.21 Солдан оңға қарай қозғалып келе жатқан электрон жолында  бірінші жағдайда (В.15 , а суретті қара ) табалдырық, екінші жағдайда

 (В.15, б суретті қара) бөгет кездеседі. Кванттық және классикалық теория бойынша 1) электронның Wk кинетикалық энергиясы П-потенциалдық энергиясынан аз; 2) электронның  Wk  кинетикалық  энергиясы П потенциалдық энергиясынан артық болатын  жағдайларда бөлшектің осы бөгеттерден өту  ықтималдылығы  қандай ?

В.22  Көлемі V тұйықталған қуыс Т температурада тепе-теңдіктегі жылулық сәуле шығарумен толтырылған. Сәуле шығарудың CV  жылу сыйым-дылығының температураға байланысын табыңыз.

В.23 Бетін абсолют қара дене деп алуға болатын радиусы ρ шар Т температурада ұсталады: а) шардың R* энергетикалық жарқырауын; б) шығарылған сәуленің толық ағынын табу керек.

В.24  Экспериментте сызықтық өлшемдері а) r0 ~ 10ˉ¹º м (атом);  б) r0 ~ 10ˉ¹³ см (атом ядросы) болатын объектілердің ішкі құрылымын  зерттеуде қолданылатын үдеткіштен шыққанда электрондардың алатын қажетті кинетикалық энергиясын бағалаңыз.

В.25 Гейзенбергтің анықталмағандықтар арақатынасын пайдаланып, сызықтық өлшемдері а) r ~ 10ˉ¹º м (атом); б) r0 ~ 10ˉ¹³ см (атом ядросы) болатын кеңістікке жинақталған электронның  Emin минимал кинетикалық энергиясын бағалаңыз.

В.26 Энергиясы минимал күйдегі массасы m бөлшек  ені  болатын тік бұрышты шексіз терең потенциалды шұңқырда орналасқан: а) бөлшектің Еmin  энергиясын; б) оның шұңқыр қабырғасына түсіретін  F қысым күшін бағалаңыз.

В.27  Радиусы R сфералық қуыс ішінде энергиясы минимал күйдегі массасы m бөлшек орналасқан. Анықталмағандықтар арақатынасы көмегімен бөлшектердің қуыс сфераның ішкі   қабырғасына түсіретін  Р қысымын анықтаңыз.

В.28 Массасы m бөлшек біртекті U(x)=kx²/2 (гармоникалық осциллятор) потенциалды өрісте орналасқан. Анықталмағандықтар ара қатынасы көмегімен бөлшектің мүмкін болатын минимал Еmin  энергиясының оның нөлге жақын жиналған  аймағының x өлшеміне байланысын  табыңыз.

В.29  Массасы m релятивтік бөлшек үшін де Бройлдық толқын ұзындығын: а) оның υ -жылдамдығы арқылы; б) Т- кинетикалық энергиясы арқылы өрнектеңіз. Қандай жылдамдықта оның комптондық толқын ұзындығы  де- Бройлдық толқын ұзындыққа тең болады ?

В.30  Де-Бройль толқын ұзындығының  кинетикалық энергияға тәуелділігін: а) релятивтік бөлшектер; б) релятивтік емес бөлшектер  үшін табыңыздар. Жауаптарын комптондық толқын ұзындық және олардың қатынасы арқылы өрнектеңдер.

Әдебиеттер  тізімі

1. Трофимова Т.И. Физика курсы. - М.: «Академия»., 2006.

2.  Савельев И.В. Жалпы физика курсы:  1,2–ші кітап: Электр. –М.: «Издательство АСТ», 2004.

3. Детлаф А.А. , Яворский Б.М.  Курс физики. -М.:  Высш. шк., 2002.

4.  Курс физики. Под ред. Лозовского В.Н. – СПб.: Лань, 2001. – т.1, 2 .

5. Қойшыбаев Н.Қ. Шарықбаев А.О. Физика.-Алматы, 2001.-т.2.

6. Қойшыбаев Н.Қ. Оқу  құралы Т.2: Электродинамика  негіздері. Тербе- лістер мен  толқындар. Оптика.Кванттық физика және атом ядросы.-Алматы, 2001.

7. Жұманов К.Б. Оптика негіздері. -Алматы, 2004.-т.2.

8. Қойшыбаев Н.Қ. Жалпы  физика курсы.-Алматы, 2001.-т.4.

9. Волькенштейн В.С. Жалпы физика  курсы есептер жинағы.-Алматы, 2012.

10. Байпақбаев Т.С., Майлина Х.Қ. Жалпы физика курсының есептер  жинағы (Механика. Молекулалық  физика және  термодинамика).-Алматы: АЭЖБИ, 2003.

11.  Байпақбаев Т.С., Манабаев Х.Х.. Жалпы физика курсының есептер  жинағы (Электростатика. Тұрақты ток. Магнетизм.).- Алматы: АЭЖБИ, 2003.

12.Байпақбаев Т.С., Қарсыбаев М.Ш. Жалпы физика курсының есептер  жинағы (Тербелістер мен  толқындар.  Оптика. Кванттық физика. Атомдық және ядролық физика).-АЭЖБИ, 2003.

13. Кенжебекова А.И., Сыздықова Р.Н., Қызғарина М. Физика 2.  Дәрістер жинағы.-Алматы, АЭЖБУ, 2012.

14.Байпақбаев Т.С. Тербелістер  мен  толқындар. Дәрістер конспектісі.-Алматы, АЭЖБУ, 2003.

15. Байпақбаев Т.С. Кванттық және ядролық физика. Дәрістер  конспектісі. –Алматы: АЭЖБИ, 2004.

16. Трофимова Т.И. Физика курсы бойынша шешулері  қоса берілген есептер жинағы.-М.: «Жоғ. мектеп», 2010.

2013 ж. жиынтық жоспары, реті  135

Түркістан  Сайдахметұлы Байпақбаев
Марат  Шәкірұлы  Қарсыбаев
Ақмарал Секенқызы Жармухамбетова

ЭЛЕКТРМАГНИТТІК ТОЛҚЫНДАР ФИЗИКАСЫ
5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығының студенттері үшін
есептеу-сызба жұмыстарды орындау бойынша әдістемелік нұсқаулықтар

Редактор Б.С. Қасымжанова
Стандарттау бойынша маман Н.Қ. Молдабекова

Басуға қол қойылды______
Пішімі 60´84 1/16
Таралымы    150 дана.
№ 1 типографиялық қағаз
Көлемі  2,0  оқу-басп.т.
Тапсырыс__ .Бағасы 1000 тенге.

Алматы энергетика және байланыс университеті»
Коммерциялық  емес акционерлік қоғамының
көшірмелі–көбейткіш бюросы.
050013, Алматы, Байтұрсынұлы көшесі, 126