Алматы энергетика және байланыс институты

Инженерлік кибернетика кафдрасы

 

  

 

МӘЛІМЕТТЕР ҚОРЛАРЫН ЖОБАЛАУ

5B0702 - Автоматтандыру және басқару” мамандығының студенттері үшін

есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

  

 

Алматы 2009

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Ешпанова М.Д., Ибраева Л.К., Сябина Н.В. «Мәліметтер қорларын жобалау» пәні бойынша 5B0702 -«Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттеріне  есептеу-графикалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.– Алматы: АЭжБИ, 2009. – 24  б.

 Мәліметтер қорларының жобасын өңдеу, өңдеген жобаны іске асыру  және пайдаланушының интерфейсін өңдеу сұрақтары қарастырылған: модельденетін тақырып аймақтың жүйелік анализі; концептуалды модельді өңдеу; концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру; реляциялық модельді MS SQL Server 2005 ортасында іске асыру; таңдалынған мәліметтерге қол жеткізу механизмі (BDE немесе ADO).көмегімен клиенттік қолданбалыны өңдеу.

“Алматы энергетика және байланыс институтының” Коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2009 ж. қосымша баспа жоспары бойынша басылады.

 

Кіріспе

Ақпараттық жүйелерді жасаумен байланысқан ең күрделі және жауапты есептерінің бірі - мәліметтер қорларын жобалау болып табылады. Осы есепті шешу нәтижесінде мәліметтер қорларының мазмұны, оның болашақ пайдаланушылары үшін мәліметтерді үйымдастырудың ыңғайлы әдісі және мәліметтерді сүйемелдейтін инструменталдық құралдары анықталуы керек. Мәліметтер қорларын жобалау процесі тақырып аймақтың ақпараттық құрылымын сөзбен бейнеленуінен кейбір модель терминдерімен осы аймақтың объектілерін формалдандырылған бейнелеуге көшудің тізбегі болып табылады.

«Мәліметтер қорларын жобалау» пәнінің жұмыс жоспары құрамында үш есептеу-графикалық жұмыстары бар.  Бұл жұмыстарды орындау мақсаты мәліметтер қорларын жобалау және жасаудың дағдыларын бекіту болып табылады. Осы есептерге келесілер кіреді;

- модельденетін тақырып аймағын жүйелік анализдеу;

- концептуалды моделді өңдеу;

- концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру;  

- өңделген жобаны таңдалынған МҚБЖ-сі ортасында іске асыру

- мәліметтер қорларына сұраныстарды орнату;

- мәліметтер қорының әкімшілеу сұрақтарын оқу;

- клиенттік қолданбалыны өңдеу.

Есептеу-графикалық жұмыстардың үшеуінде орындағанда студент бір тақырып аймағымен әрекеттеседі.

Бірінші есептеу-графикалық жұмыста таңдалыгған тақырып аймағын жүйелік талқылау негізінде мәліметтер қорының концептуалды сұлбасы өңделеді. Концептуалды сұлба объектілер мен олардың атрибуттарын, және объектілер арасындағы байланыстарды, байланыстардың қуаттылықтарын графикалық көрсету болып табылады (ER-диаграмма).

Екінші есептеу-графикалық жұмыста өңделген концептуалды сұлбаны түрлендіру ережелері бойынша реляциялық сұлбаға түрлендіру орындалады. Жобаны іске асыру ортасы таңдалынады (бұл арада MS SQL Server), осы ортада мәліметтер қорымен, оның кестелерінің құрылымдары жасалады. Мәліметтер қорының кестелері мәліметтермен толтырылады. SQL тілінің құралдары көмегімен жасалған мәліметтер қорында мәліметтерді табу есептері орындалады.

Үшінші есептеу-графикалық жұмыста жасалған мәліметтер қорына пайдаланушының интерфейсі өңделеді. Интерфейсті өңдеу ортасымен мәліметтер қорының мәліметтеріне қол жеткізу механизмін студент өз бетінше таңдайды. Пайдаланушының интерфейсі көрнекі, қарапайым және пайдалануға ыңғайлы болуы керек.

Студент үш жұмыстың барлығын табысты орындау нәтижесінде мәліметтер қорларын жобалаудың және жобаны практикалық іске асырудың дағдыларын бекітеді.

1 есептеу-графикалық жұмыс. Модельденетін тақырып аймағын жүйелік анализдеу. Концептуалды модельді өңдеу

 

Жұмыс мақсатымодельденетін тақырып аймақты талқылап, оның  ақпаратты-логикалық моделін өңдеудің принциптерін үйрену.

 

1.1 Тақырып аймақты жүйелік анализдеу

Әрбір ақпараттық жүйе өзінің міндетіне қарай нақты дүниенің белгілі бөлігімен айналысады. Оны тақырып аймағы деп атайды. Пайдаланушыға кажетті нақты объектілердің біршама жиынтығы тақырып аймағы болып табылады.

Мәліметтер қорларын жобалау көз қарасы жағынан жүйелік талқылауда біріншіден тақырып аймақтың объекттері мен олар арасындағы нақты байланыстарын толығымен сөзбен бейнелеген жөн. Бұл бейнелеу тақырып аймақтың объекттері арасындағы барлық байланыстарын дұрыс анықтауы керек. Жалпы кезде тақырып аймақтың құрылымы мен құрамын анықтаудың екі амалы бар:

- егер де қарастырылып отырған МҚ кейбір адамдар топтарының ақпараттық қажеттіліктеріне қызмет жасаумен өңделсе және олардың функциялары мен есептер кешені алдын ала белгілі болса онда «есептерден» бастап қозғалу функционалдық амалдың принципі болып табылады. Бұл жағдайда тақырып аймақтың бейнеленетін объектілерінің минималды қажетті жиыны анық белгілі болады;

- егер де болашақ МҚ пайдаланушыларының ақпараттық қажеттіліктері қатал белгіленбеген болса тақырыптық амал қолданылады. Ол қажеттіліктер көпаспектілі және динамикалық болуы мүмкін. Тақырып аймақтың бейнеленетін объектілерінің минималды қажетті жиынын дәл анықтау мүмкін емес. Бұл кезде тақырып аймақтың бейнеленуіне, оның маңызды және сипаттайтын объектілері мен байланыстары кіреді. Құрастырылған мәліметтер қоры тақырыптық деп аталады, яғни ол көп деген әртүрлі алдын ала анықталмаған есептерді шешуде қолданылуы мүмкін. Осындай тақырыптық мәліметтер қорын құрастыру дұрыс сияқты болғанымен, тақырып аймақты әр жағынан қарастыру және пайдаланушылардың қажеттіліктерін анықтау мүмкін емес болғандықтан,  нәтижесінде мәліметтер қорының сұлбасы өте күрделі болуы мүмкін, оны белгілі есептерге қолдану тиімді емес.

Практикада көбінесе бір жағынан анықталған есептерге немесе пайдаланушылардың функционалдық қажеттіліктеріне бағытталған, басқа жағынан жаңа қолданбалыларды қосу мүмкіншіліктері есепке алынатын компромисті вариантты қолданған жөн.

Жүйелік талқылау нәтижесінде келесілерді алу керек:

- мәліметтер қорында сақталатын және белгілі есептерді шешуге қолданылатын тақырып аймақтың объекттері туралы ақпараттың толық бейнеленуін;

- өңделген мәліметтер қоры көмегімен шешілетін белгілі есептердің қойылуынан;

- мәліметтер қорын мәліметтермен толтыруда қолданылатын кірудегі құжаттардың бейнеленуінен;

-   есептерді шешудің алгоритмдерін қысқаша бейнелеуден;

-   жүйеде жасалатын шығудағы құжаттардың бейнеленулерінен.

Жобаны өңдеу алдында жүйеде қандай жұмыстар орындалуы керек, онда қандай пайдаланушылар жұмыс істейді, әр пайдаланушы қандай есептерді шешеді

–  осы сұрақтарға толық жауап алу керек. Мәліметтер қорын жасаудың анық мақсаты белгілі болмаса, өңдеушілердің жұмысы тиімді болмайды, мәліметтер қорының жобасы ыңғайсыз, нақты модельденетін объектіде, оны қолданып шешетін есептерге де  сәйкес емес болып шығады.

 

1.2 Тақырып аймақты бейнелеудің мысалы

Кітапханадағы кітаптарды беру мен қабылдауды есепке алуды автоматтандыратын ақпаратты жүйені өңдеу қажет болсын. Өңделген жүйе кітапханада бар болатын кітаптарды білім саласы бойынша тіркейтін жүйелік каталогқа сүйенуі керек. Жүйелік каталогта  білім саласының өзінің уникалды ішкі нөмірі мен толық атауы болады. Әр кітапта бірнеше білім салалары бойынша мағлұматтар болуы мүмкін. Кітапханадағы әр кітаптың бірнеше данасы болуы мүмкін.

Кітаптардың бірдей атаулары болуы мүмкін, бірақ олар өздерінің унимкалды шифрлерімен (ISBN) айырылады.

Ақпараттық жүйе ретінде кітапхананы қарастырайық. Бұл жүйенің объектілерінің типтері: кітаптар, пайдаланушылар (оқушылар), қызмет көрсететін персонал (кітапханашылар).

Кітапханада оқырмандардың картотекалары бар. Әр оқырман туралы картотекаға келесідей мғлұматтар енгізіледі: аты-жөні, мекен жайы, телефондары (екі - жұмыс телефоны мен үй телефоны бар деп есептелінеді), туған күні.

Әр оқырманға оқу билетінің уникалды нөмірі меншіктеледі. Әр оқырман бір уақытта 5 кітаптан артық ала алмайды. Оқырман бір атты кітаптың жалғыз данасын ала алады.

Әр кітапты кітапханада бірнеше данасы болуы мүмкін. Әр дананың келесідей сипаттамалары бар: уникалды инвентарлы нөмірі, кітап шифрі, кітапханадағы орны.

Кітап данасы оқырманға берілген болса, кітапханада әдейі оны тіркеп қояды, тіркелі қағазға келесідей мәліметтер жазылады: кітапты алған оқырманның билет нөмірі, кітапты алған мерзімі, оны өткізу мерзімі.

Жүйедегі ақпаратқа келесідей шектеулер ескертілген: кітаптың авторлары болмауы мүмкін; кітапханаға жазылатын оқырмандар 17 жасқа толған болуы керек; кітапханада 1960 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін шығарылған кітаптар сақталады; әр оқырман бір уақытта 5 кітаптан артық ала алмайды; тіркелген кезде әр оқырман өзінің телефонын беруі керек (жұмыстағы немесе үйдегі); білімнің әр саласы кітаптардың көп санына сілтеме жасауы мүмкін және әр кітап білімнің әртүрлі саласына қатысты болуы мүмкін.

Аталған ақпараттық жүйесімен келесідей пайдаланушылар топтары жұмыс істейді: кітапханашылар, оқырмандар, кітапхана әкімшілігі.

Жүйемен жұмыс істегенде кітапханашы келесі есептерді шешу керек:

-  Жаңа кітаптарды қабылдап, оларды кітапханада тіркеу.

-  Кітаптарды бір немесе бірнеше білім салаларында тіркеу.

- Кітаптарды каталогтарға тіркеу, яғни жаңадан қабылданған кітаптарға жаңа инвентарлық нөмірлерді меншіктеу, олардың әр данасының кітапханадағы орындарын еске сақтау.

- Кітапханада бар кітаптардың жаңа даналары келсе, оларды каталогта қосымша тіркеу, сонда кітап туралы ақпарат каталогта орнатылмайды, тек қана жаңа даналарға жаңа инвентарлық нөмір меншіктеліп, олардың кітапханадағы орындары анықталады.

- Қолданылмайтын көне кітаптарды акт бойынша жою. Тек қана оқырмандарда бір данасы жоқ кітаптар жойылады. Жою туралы акт кітапхана әкімшілігімен бекітіледі.

- Оқырмандарға берілген кітаптарды есепке алуды орындау. Бұл жұмыстың екі режімі бар деп есептелінеді: кітаптарды оқырмандарға беру және кітапханаға қайтарылатын кітапттарды олардан қабылдау. Кітапты берген кезде оның данасы, берілген мерзімі және қайтарылатын мерзімі тіркеледі. Кітап қабылданған кезде оның инвентарлық нөмірінің сәйкестігі тексеріледі және ол бұрынғы орнына қойылады.

- Оқырмандар жоғалтқан кітаптарды арнайы акт бойынша есептен алып тастау.

- Оқырманның абонементін жабуды орындау.

Оқырмандарға келесідей есептерді шешуге мүмкіндік болу керек:

- Жүйелік каталогты қарап шығу, яғни кітапханада бар болатын барлық білімдер салаларының тізімін алу.

- Таңдалынған ғылым саласы бойынша кітапханада бар болатын кітапханадағы кітаптар тізімін алу. 

- Таңдалынған кітап үшін бос данасының инвентарлық нөмірін немесе бос дананың жоқ екендігі туралы хабарды алу. Бос дана жоқ болған кезде оқырман осы кітаптың данасы қайтарылатынының ең жақын мерзімін білу мүмкіндігі болуы керек. 

- Таңдалынған автор бойынша оның кітаханада бар кітаптарының тізімін алу.

Кітапхана әкімшілігіне уақытысында кітаптарды қайтармаған оқырмандар туралы, оқылмайтын кітаптар туралы, белгілі кітаптың бағасы туралы, өте көп сұрастыратын кітаптар туралы мәліметтерді алуға мүмкіндігі болуы керек.  

 

1.3  «Кітапхана» тақырып аймақтың концептуалды моделі

Мәліметтерге қол жеткізу әдістерінің дамуының маңызды аспектісі келесі идея болып табылды: пайдаланушылармен қабылданатын мәліметтердің логикалық құрылымы мен олармен әрекеттесуді компьютерлік жабдықтар талап ететін мәліметтерді физикалық көрсетуден бөліп тастау. Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің жасалуын зерттейтін ғылыми процесінде әртүрлі іске асырулар ұсынылды. Стандарттау бойынша америкалық институт ANSI (American National Standards Institute) ұсынған мәліметтер қорларын ұйымдастырудың үш денгейлі жүйесі ең тиімді болып табылды. Үш денгейлі мәліметтер қорларының архитектурасы сыртқы, концептуалды және ішкі денгейлерден тұрады.

Концептуалды денгей ортанғы басқару түйіні болып табылады; мұнда мәліметтер қоры, онымен жұмыс істейтін қолданбалылардың барлығымен қолданылатын мәліметтерді біріктіретіндіктен жалпы түрде көрсетіледі. Концептуалды денгей мәліметтер қоры жасалатын тақырып аймақтың (нақтылықтың объектілерінің) жалпы моделін көрсетеді. Әр модель сияқты концептуалды модельде нақтылықтың объектілерінің өңдеу жағынан маңызды болатын ерекшеліктерін көрсетеді. Концептуалды модельдеу нәтижесінде концептуалды сұлба, яғни мәліметтердің барлық элементтері мен олардың арасындағы қатынастардың бірлескен логикалық бейнелеуі пайда болады.

Тақырып аймақты сөзбен бейнелегеннен кейін концептуалды модель өңделеді. Бұл модель тақырып аймақтың  мәліметтер қорлары бойынша маман емес адамдармен жеңіл түсінетін формалданған бейнелеу болып табылады. Бұл бейнелеу мәліметтер қорының жобасын толық көрсету керек және де әрине, белгілі МҚБЖ-нен (мәліметтер қорларын басқару жүйесінен) тәуелсіз болуы керек. МҚБЖ-сін таңдау бөлек есеп болып табылады, оны жоба дайын болғаннан кейін шешеді.

Концептуалды жобалау мәліметтер қорының моделінде тақырып аймақтың семантикасын (мағынасын) көрсетумен байланысты. Мағынаны көрсету мәселесі көптен бері қңдеушілерге қызықты болатын, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында бірнеше семантикалық деп аталатын мәліметтер модельдері ұсынылды. Қазіргі кезде Ченнің «Entity-Relationship» яңни «нақтылық—байланыс» моделі мәліметтер қорларын модельдеудің стандарты болып табылады. Оны қысқаша ER-модель деп атайды. Ыңғайлы болу үшін «нақтылық» терминінің орнына «объект» (объектілік жиынтық) терминін қолданамыз.

Кітапханадағы ғылым салаларына қатысты барлық кітаптар туралы мәліметтерді сақтайтын жүйенің концептуалды сұлбасын өңдейік. Тақырып аймақтың бейнелеуі 1.2.бөлімде келтірілген.

Модельді өңдеуді негізгі объектілерін белгілеуден бастаймыз.

Біріншіден «Кітаптар» объектілік жиынтықты белгілеген жөн; әр кітаптың, оның кілті болып табылатын қайталанбайтын шифры  және бірнеше атрибуттары (тақырып аймақты бейнелеуден белгілі) болады.

«Кітаптар» жиынтығының әр элементі сөреде тұрған белгілі кітапқа сәйкес емес, тек қана кітапханадағы каталогта бейнеленген кітапқа сәйкес. Әр кітаптің бірнеше данасы болуы мүмкін, олар жаңағы сөреде тұратын кітаптарға сәйкес. Осыны көрсету үшін «Даналар» деген жиынтықты орнатамыз, бұл жиынтықта  кітапханада бар кітаптардың даналарының барлығының бейнелеулері сақталады. «Даналар» жиынтықтың элементі сөреде тұрған белгілі кітапқа сәйкес. Әр дананың қайталанбайтын инвентарлы нөмірі болады, ол әр кітапты бір мағыналы анықтайды. Әр дананы оқырман алуы мүмкін, онда осы дана үшін оны алынған мерзімі мен қайтару мерзімі тіркеледі.

 «Кітаптар» және «Даналар» объектілер арасында «бір-көпке» (1:М), екі жақтанда міндетті түрдегі байланыс бар. Неге олай? Әр кітаптің кітапханада бірнеше данасы болуы мүмкін. Сондықтан  байланыс «бір-көпке» болады. Сонымен бірге кітапханада кітаптың бірде данасы болмаса, оның бейнелеуі сақталынбайды, сондықтан кітап «Кітаптар» жиынтықта бейнеленген болса, ең кемінде бір данасы кітапханада бар. Басқа сөзбен айтқанда кітап жағынан бұл байланыс міндетті түрдегі байланыс деп аталады. «Даналар» жиынтықты қарасақ әр дана бір кітаптің данасы болып табылады, сондықтан бұл жақтағы байланыс міндетті түрдегі болып табылады.

Енді жүйеде оқырманды қалай көрсетеміз? Ол үшін әрине «Оқырмандар» объектілік жиынтығын орнатамыз. Бұл жиынтықтың әр элементі белгілі оқырманды көрсетеді. Кітапханада әр оқырманға оны бір мағыналы анықтайтын уникалды оқу билетінің нөмірі меншіктеледі. Оқу билетітің нөмірі «Оқырмандар» объектінің кілттік атрибуты болып табылады. Сонымен бірге «Оқырмандар» объектіде қойылған есептерді шешуге мүмкіндік беретін қосымша атрибуттар болуы керек:  «Аты-жөні», «Оқырман адресі», «Үй телефоны» және «Жұмыс телефоны».

Тақырып аймақты бейнелеуінде оқырмандар жасына шектеу қойылған. Сондықтан «Оқырмандар» объектісіне тағы да міндетті түрде «Туған жылы» атрибутын орнатамыз.

Тақырып аймақты бейнелеуінде айтылғандай әр оқырман кітаптардың бірнеше данасын алуына болады. Осыны белгілеу үшін «Оқырмандар» және «Даналар» жиынтықтар арасында байланысты орнатамыз. Неге «Оқырмандар» мен «Кітаптар» жиынтықтар арасында емес? Себебі оқырман кітапханадан белгілі кітаптың белгілі бір данасын алады. Ал, оқырман қандай кітапты алғанын «Даналар» және «Кітаптар» объектілер арасындағы қосымша байланыс арқылы анықтаймыз. Осы байланыс әр данаға бір кітапты сәйекестендіреді. Сондықтан оқырмандармен тек қана алынған кітаптардың интвентарлық нөмірлерін байланыстырсақ та, кез келген уақытта қандай кітапты оқырмандар алғанын біле аламыз. «Оқырмандар» және «Даналар» объектілер арасындағы байланыс «бір-көпке» байланысы болып табылады, және де ол екі жақтанда міндетті түрдегі емес. Оқырманда ағымдағы уақытта ешқандай алынған кітап болмауы мүмкін, басқа жақтан, кітаптың белгілі данасы кітапхана сөресінде тұруы мүмкін (ешкім оны алмады).

Енді жүйелік каталогпен байланысты соңғы объектіні көрсетуіміз керек. Кітапханадағы кітаптарда бар болатын ғылым салаларының тізімі жүйелік каталогта орнатылған. Ғылым саласының атауы өте ұзын болып, бірнеше сөздерден тұруы мүмкін. Сондықтан моделімізге екі «Білім саласының коды» және «Білім саласының атауы» атрибуттары бар «Жүйелік каталог» объектілік жиынтықты орнатамыз. «Білім саланың коды» атрибуты объектілік жиынтықтың кілттік атрибуты болады.

Әр кітапта бірнеше білім саласынан ақпарат орнатылуы мүмкін және де кітапханада бір білім саласына қатысты бірнеше кітап болуы мүмкін екенін тақырып аймақтың бейнелеуінен түсіндік. Сондықтан «Жүйелік каталог» және «Кітаптар» жиынтықтар арасында «көп-көпке» байланысы орнатылады.

Бұл байланыс екі жақтанда міндетті түрдегі болып табылады: кітапханада бірде кітабы жоқ білім саласы жүйелік каталогта көрсетілмейді, кері жағынан, оқырман тауып алу үшін әр кітап бір немесе бірнеше білім саласына орнатылады.

«Кітапхана» тақырып аймақтың концептуалды моделі 1 суретте келтірілген.

 

 

1 суреті - Кітапхана тақырып аймақтың концептуалды моделі

 

1.4 Есептеу-графикалық жұмысқа тапсырма 

1.4.1 Нұсқа бойынша тақырып аймағы таңдалынады.

1.4.2 Тақырып аймағын жүйелік анализдеп, объектілер ағындарының және олар арасындағы байланыстардың сұлбасын өңдеңіз.

1.4.3. Тақырып аймақтың бейнелеуінің негізінде мәліметтер қорында сақталынатын құжаттар мен олардың реквизиттерін анықтаңыз.

1.4.4  Ақпараттық объектілерді анықтаңыз. Заттардың сапалық және сандық сипаттамаларын көрсететін логикалық байланысқан реквизиттер жиынтығы ақпараттық объектіні құрастырады.

1.4.5 Өңделетін мәліметтер қорына қойылатын сұрақтарды анықтаңыз.

1.4.6 Таңдалынған тақырып аймақтың ақпараттық-логикалық (концептуалды) үлгісін жобалаңыз. Концептуалды үлгі тақырып аймақтың мәліметтерін ақпараттық объектілер жиынтықтары (объектілік жиынтықтар) және олар арасындағы байланыстар ретінде көрсетеді (байланыстар қуаттылығын көрсету қажет).

1.4.7 Жұмыс бойынша түсініктеме жазбаны жасаңыз. Түсініктеме жазба аталып кеткен барлық пункттерден тұрады және стандарт бойынша жасалады.

 

 

2 есептеу-графикалық жұмыс. Таңдалынған мәліметтер қорларын жобалау жүйесі ортасында өңделген жобаны іске асыру

 

2.1  Концептуалды сұлбаны реляциялық сұлбаға түрлендіру

Жұмыс мақсаты MS SQL Server жүйенің ортасында реляциялық мәліметтер қорының моделін іске асыруға дағдылану.

 

Концептуалды модельді реляциялық модельге түрлендіру ережелерін қарастырайық.

2.1.1 Объектілік жиынтықтар мен олардың атрибуттарын түрлендіру.

Әр объектілік жиынтық үшін реляциялық кесте құрастырылады: объектілік жиынтықтың аты кесте аты болып, ал атрибуттары кестенің атрибуттары болады. Егер де атрибуттар жиынтықтары ішінде бір сыпырасын кестенің кілті ретінде пайдалануға болса, олар кестенің кілті болады. Кері жағдайда, мәліметтер қорын  жоболаушы кестенің кілттік атрибутын өзі жасайды. Оның мәндері  объектілік жиынтықтың элементтерін бір мағыналы анықтауы қажет. Практикада  мәліметтер қорын жобалаушы кілттік атрибут туралы ол қорды пайдаланатын адамдармен келісуі керек.

2.1.2 Қатынастарды түрлендіру

Қатынастарды түрлендіру төменгі үш әдістің біреумен орындалады:

а) «бір-бірге» қатынасты түрлендіру үшін бір объектілік жиынтықтың атрибутын басқа объектілік жиынтыққа орнатамыз. Объектілік жиынтықтың таңдалынуы қолданбалы бағдарламаның қажеттіліктерімен анықталады;

б) кез келген  «бір-көпке» қатынаста, қуаттылығы «көп» деген жақтағы кестеге сыртқы кілт енгізіледі, ал атрибут «бір» жағындағы  объектінің бастапқы кілті болып табылады;

в) «көп-көпке» қатынасты түрлендіру үшін қиылысу кесте орнатылады.  Қиылысу кесте - «көп-көпке» қатынасында болатын бастапқы екі кестелердің элементтерін көрсететін кесте. «Көп-көпке» қатынасы  бастапқы екі кестелердің тек қана кілттік өрістерінен кілттік өрісті құрастырып түрленеді. Қиылысу кестенің өзінің кілттік емес атрибуттары болуы мүмкін.

Рекурсивті қатынастарды түрлендіргенде қатынасты анықтайтын атрибут үшін жаңа маңызды ат жасалады.

Белгілі конструкцияларды түрлендіргеннен кейін мәліметтердің артықшылықтарын жою мақсатымен алынған реляциялық сұлбаны қайтадан қарап шығу керек. Кез келген артықшылықтары бар (яғни ақпараты толығымен сұлбаның басқа кестелерінде орнатылған) кестелерді сұлбадан алып тастау керек. Нәтижесінде алынған кестелердің барлығы 4НФ талаптырын қанағаттандырады.

 

2.2 «Кітапхана» моделі үшін концептуалды сұлбаны түрлендіру

Қарастырылған ережелерге сәйкес «Кітапхана» моделі үшін біріншіден объектілік жиынтықтарды түрлендіреміз. Келесідей реляциялық кестелерді аламыз:

КІТАПТАР (Кітап_шифры, Авторы, Аты, Шығарылған_жері, Шығарылған_жылы, Баспасы). Кітаптардыңң шифрлері уникалды болады, сондықтан осы кестенің кілті ретінде кітап шифрін қолданамыз.

ДАНАЛАР (Инвентарлық_нөмірі, Бар_болуы, Алынған_мерзімі, Қайтару_мерзімі). Бұл жерде кілт ретінде дананың инвентарлық нөмірін алуға болады.

ОҚЫРМАНДАР (Оқу_билетінің_нөмірі, Аты_жөні, Туған_жылы, Жұмыс_телефоны, Үй_телефоны). Әр оқырманда индивидуалды оқу билетінің нөмірі бар, оны кесте кілті ретінде таңдаймыз.

ЖҮЙЕЛІК_КАТАЛОГ (Ғылым_саласының_коды, Ғылым_саласының_аты), кесте кілті – бірінші өріс.

Қатынастарды түрлендіруін қарастырайық. КІТАПТАР және ДАНАЛАР объектілік жиынтықтар «көп-бірге» қатынасымен байланысқан, сондықтан КІТАПТАР кестенің кілтін ДАНАЛАР кестеге сыртқы кілт ретінде орнату керек. Сонда ДАНАЛАР кестенің құрылымы келесідей болады:

ДАНАЛАР (Инвентарлық_нөмірі, Бар_болуы, Алынған_мерзімі, Қайтару_мерзімі, Кітап_шифры).

КІТАПТАР және ЖҮЙЕЛІК_КАТАЛОГ объектілік жиынтықтар «көп-көпке» қатынасымен байланысқан. МАҒЛҰМАТТАР қиылысу кестесін жасаймыз, оның өрістері бастапқы кестелердің кілттік өрістері болып кестенің құрамды кілтін құрастырады:

МАҒЛҰМАТТАР (Кітап_шифры, Білім_саласының_коды).

Сонымен, «Кітапхана» мәліметтер қорының реляциялық сұлбасы келесідей болады (кілтті өрістері курсивпен белгіленген):

КІТАПТАР (Кітап_шифры, Авторы, Аты, Шығарылған_жері, Шығарылған_жылы, Баспасы);

ОҚЫРМАНДАР (Оқу_билетінің_нөмірі, Аты_жөні, Туған_жылы, Жұмыс_телефоны, Үй_телефоны);

ЖҮЙЕЛІК_КАТАЛОГ (Ғылым_саласының_коды, Ғылым_саласының_аты);

ДАНАЛАР (Инвентарлық_нөмірі, Бар_болуы, Алынған_датасы, Қайтару_датасы, Кітап_шифры);

«Кітап_шифры» өрісі сыртқы кілт болып табылады, ол КІТАПТАР кестенің кілтіне сілтеме жасайды.

МАҒЛҰМАТТАР (Кітап_шифры, Білім_саласының_коды),  

Сыртқы кілттер - Кітап_шифры өрісі – КІТАПТАР кестенің кілті және Білім_саласының_коды – ЖҮЙЕЛІК_КАТАЛОГ кестесінің кілті.

 

2.3 Есептеу-графикалық жұмысқа тапсырма

2.3.1 Қарастырылып отырған тақырып аймақтың жасалынған концептуалды моделін реляциялық модельге түрлендіріңіз:

-       объектілік жиынтықтар мен атрибуттарды түрлендіріңіз; бастапқы кілттерді анықтаңыз;

-       қатынастарды түрлендіріңіз; сыртқы кілттерді анықтаңыз;

-       қиылысу кестелерді жасаңыз (қажеттілігін дәлелдеу керек); құрамды кілттерді анықтаңыз;

-       мәліметтер қорының соңғы реляциялық сұлбасын жазыңыз; барлық кестелердің тізімін, бастапқы және сыртқы кілттердің анықтамаларын;

2.3.2 Іске асыру ортасын таңдаңыз. Іске асыру ортасы  – MS SQL Server.

2.3.3  Мәліметтер қорының кестелерінің құрылымын жасаңыз; кілттерді анықтаңыз. Түсініктеме жазбада кестелердің құрылымдары келтіріледі.

2.3.4  Кестелерге мәліметтерді енгізіңіз. Түсініктеме жазбада кестелер мәліметтерінің мысалдарын, жазбаларды қосындылау, жою, өзгерту амалдарының мысалдарын келтіріңіз.

2.3.5  Мәліметтер қорына қойылатын сұрақтарды орнатыңыз. Кесте аралық байланыстарды орнатыңыз.

2.3.6  Қойылған сұрақтарға жауап алу үшін мәліметтер қорында мәліметтерді іздеңіз. Сұраныстар модельденетін аймақтың көп деген сұрақтарына жауап беруі керек (бірінші өзіндік жұмыста аталған).

Мәліметтер қорына сұраныстарды жасағанда, мәліметтер қорынан ақпаратты алудың барлық мүмкіншіліктерін қолданыңыз (қарапайым және күрделі сұраныстар, сұраныстарда әртүрлі операндтарды қолдану).

Түсініктеме жазбаға ізденіс жасау бұйрықтары, сұраныс терезелерінің түрлері, сұранысты орындау нәтижелері (листингтер) орнатылады.  

 

3  есептеу-графикалық жұмыс. Клиенттік қолданбалыны өңдеу

 

Жұмыс мақсаты – мәліметтерге қол жеткізудің механизмдерін оқу және визуалды ортада пайдаланушының интерфейсін іске асыруды дағдылану.

 

3.1 Мәліметтерге қол жеткізу механизмдері

МҚБЖ-ін таңдағанда өңделетін қолданбалылар мәліметтермен қалай әрекеттесетінін есепке алып отыру керек. Мәліметтерге қол жеткізу механизмдерін дұрыс таңдаудан көп жұмыстар тәуелді, мысалы, қолданбалының өнімділігі, анықталған МҚБЖ-ің функционалдық ерекшеліктерін қолдану мүмкіндіктері, пайдаланушының интерфейсін өңдеудің қарапайымдылығы, т.б.

Клиенттік қолданбалылардан және өңдеу құралдарынан мәліметтерге қол жеткізудің бірнеше әдістері бар.

Мәліметтер қорларын басқару жүйелерінің көбісінің өз құрамында осы МҚБЖ арқылы мәліметтерге қол жеткізу үшін арнайы қолданбалы программалық интерфейсті (Application Programming Interface, API) ұсынатын кітапханалары бар. Әдетте осындай интерфейс клиенттік қолданбалысынан шақырылатын функциялар жиыны болып табылады. Үстелдік МҚБЖ жағдайында бұл функциялар мәліметтер қорының файлдарын оқу/жазу әрекеттерін қамтамасыздандырады, серверлік МҚБЖ кезде мәліметтер қорының серверіне сұраныстарды жіберіп, серверден сұранысты орындау нәтижелерін немесе қателер кодтарын алуды орнатады. Серверлік МҚБЖ мәліметтеріне қол жеткізуге API бар кітапханалар клиенттік программалық қамтамасыздандыру құрамына кіреді, бұл қамтамасыздандыру клиенттік қолданбалы жұмыс істейтін компьютерлерде орнатылады.

Соңғы кезде көп тараған серверлік МҚБЖ-ың, мысалы, Microsoft SQL Server, Oracle, Informix, клиенттіік программалық қамтамасыздандыруының Windows-версияларында, сонымен бірге мәліметтерге қол жеткізуге объектілерді ұсынатын COM-серверлер бар.

Клиенттік API  (немесе клиенттік COM-объекттерді) қолдану ең көрнекі және өнімділік жақтан ең тиімді мәліметтермен әректтесудің әдісі болып табылады. Бірақ бұл кезде жасалған қолданбалы тек қана осы өндірушінің МҚБЖ-ін қолдана алады, басқасын қолдану қажет болса, клиенттік қолданбалыны қайта өңдеу керек болады, себебі клиенттік API мен объектілік модельдер ешқандай стандарттарға бағынбайды және әртүрлі МҚБЖ үшін әртүрлі болады.

Қолданбалыда мәліметтермен әректтесудің тағы бір әдісі мәліметтерге қол жеткізудің универсалды механизмдерін қолдану болып табылады. Мәліметтерге қол жеткізудің универсалды механизмі әдетте драйверлер немесе провайдерлер деп аталатын библиотекалар және қосымша модульдер ретінде іске асырылған. Кітапханалар құрамында функциялардың кейбір стандартты жиыны бар. Әрбір МҚБЖ үшін ерекше болатын қосымша модульдер белгілі МҚБЖ-ің клиенттік API функцияларын шақыруды іске асырады.

Бір абстрактты API –ді немесе көп жағдайларда — COM-серверлерді, компоненттерді, класстарды әртүрлі МҚБЖ-не қол жеткізуге қолдану мүмкіншіліктері мәліметтерге универсалды қол жеткізу механизмдерінің артықшылығы болып табылады. Сондықтан мәліметерге универсалды қол жеткізу механизмдерін қолданатын қолданбалыларды жеңіл өзгертуге болады. Сонымен бірге өзгерту қолданбалының кодын өзгертпей, тек қана сыртқы файлдарда немесе реестрлерде орнатылған мәліметтерге қол жеткізудің қалпына келтіру параметрлерімен әрекеттеседі. Бірақ осы универсалдықтың келесідей кемшіліктері бар: белгілі МҚБЖ-не ерекше болып табылатын функцияларына көбінесе қол жеткізу мүмкін емес болады, қолданбалының өнімділігі төмендейді, қолданбалыны таратудың күрделенуі – оның құрамында универсалды механизмдерді іске асыруды қамтитын кітапханаларды, әртүрлі МҚБЖ-лар үшін драйверлерді, оның дұрыс жұмысына қажетті қалпына келтіру параметрлері  болуы керек.

Мәліметтерге қол жеткізудің универсалды механизмдері арасындағы ең көп тараған деп келесілерді атауға болады: Open Database Connectivity (ODBC); OLE DB; ActiveX Data Objects (ADO); Borland Database Engine (BDE).

Microsoft фирмасының ODBC, OLE DB және ADO универсалды механизмдері қазірде өндірістік стандарт болып табылады. Borland фирмасының BDE қол жеткізудің механизмі стандарт бола алмайды, бірақ кең қолданылады, себебі Delphi 5 өңделгенше компоненттер мен кластар денгейіндегі Borland өнімдерін сүйемелдейтін жалғыз мәліметтерге қол жеткізудің универсалды механизмі болды.

Қысқаша кең қолданылатын универсалды механизмдерді қарастырайық:

а) ODBC (Open Database Connectivity) - мәліметтер қорларына қатысу интерфейстерінің (Call Level Interface, CLI) ANSI және ISO стандарттарын қанағаттандыратын Microsoft фирмасының кең тараған программалық интерфейсі. ODBC көмегімен белгілі МҚБЖ-ің мәліметтеріне қол жеткізу үшін, осы МҚБЖ-ің клиенттік бөлігінен басқа ODBC Administrator (ODBC көмегімен белгілі компьютерде мәліметтердің қандай көздеріне қол жеткізуге болатынын анықтайтын және мәліметтердің жаңа көздерін бейнелейтін қолданбалы) және осы МҚБЖ-не қол жеткізу үшін ODBC-драйвер қажет болады. ODBC-драйвер динамикалық жүктелетін кітапхана (DLL) болып табылады, оны клиенттік қолданбалы өзінің адрестік кеңістігіне жүктеп, мәліметтер көзіне қол жеткізу үшін қолданады. Әр қолданылатын МҚБЖ-сі үшін өзінің ODBC-драйвері керек, себебі ODBC-драйверлер әртүрлі МҚБЖ үшін әртүрлі болатын клиенттік API функцияларын қолданады.

ODBC көмегімен кез келген МҚБЖ мәліметтерімен (олар үшін ODBC-драйвер бар болса), әрекеттесуге болады (және де мәліметтер қорының мәліметтері емес, мысалы, электрондық кестеде немесе тексттік файлда орнатылған мәліметтермен). Мәліметтермен әрекеттесу үшін ODBC API тікелей шақыруды немесе басқа мәліметтерге универсалды қол жеткізу механизмдерін, мысалы, OLE DB, ADO, BDE, қолдануға болады.

ODBC спецификациялары ODBC-драйверлердің бірнеше стандарттарын сүйемелдейді (әдетте Level 1, Level 2, т.с. терминдері қолданылады). Бұл стандарттардың функционалдықтары әртүрлі. Мысалы, Level 1 стандартына сәйкес драйверлер сақталынатын процедуралармен жұмысты сүйемелдемейді, ал кейбір ODBC-драйверлер транзакцияны екі қадамда орындауды (кейбір серверлік МҚБЖ-де мәліметтерді келісілген өзгерту үшін қолданатын) сүйемелдемейді.

б) OLE DB и ADO — реляциялық және реляциялық емес (мысалы, файлдық жүйе, электронды поштаның мәліметтері, т.б.) мәліметтер көздеріне қол жеткізуді қамтамасыздандыратын универсалды мәліметтерге қол жеткізудің Microsoft (Microsoft Universal Data Access) механизмінің бөлігі.

Microsoft ActiveX Data Objects (ADO) — клиенттік қолданбалыларда қолданатын, мәліметтерге қол жеткізу үшін қолданбалы программалық интерфейсті іске асыратын, COM-объектілерден тұратын кітапханалар жиыны. ADO мәліметтерге төменгі денгейдегі интерфейсті ұсынатын OLE DB бкітапханаларын қолданады. OLE DB мәліметтерге қол жеткізуді COM-интерфейстер көмегімен орнатады. OLE DB тікелей, ADO-ны қолданбай пайдалануғада болады.

Мәліметтер көзіне OLE DB көмегімен қол жеткізу үшін клиенттік қолданбалы орнатылған компьютерде қолданылатын МҚБЖ-ің OLE DB-провайдерін орнату керек. OLE DB-провайдер клиенттік қолданбалысының адрестік кеңістігіне жүктелетін және мәліметтер көзіне қол жеткізуде қолданылатын DLL болып табылады.

Әртүрлі мәліметтер көздерінің OLE DB-провайлері ішінде арнайы Microsoft OLE DB Provider for ODBC Drivers провайдері бар. Ол МҚБЖ клиенттік бөлігінің API-ін қолданбайды, ODBC API-ді қолданады, сондықтан таңдалынған МҚБЖ-ің ODBC-драйверімен бірге қолданады.

ADO-ны қолдану кең тарады, себебі ол жиі қолданатын Microsoft Office және Microsoft Internet Explorer өнімдерінің құрамына кіреді және Windows тобының операциялық жүйелер өзегіне енгізілген.

в) BDE (Borland Database Engine) - Borland фирмасының құралдарында ( Delphi және C++Builder) және басқада өнімдерде (Corel Paradox, Corel Quattro Pro, Seagate Software Crystal Reports) қолданатын мәліметтерге қол жеткізудің универсалды механизмі.

BDE — Paradox МҚБЖ-ің кестелеріне Borland Pascal және Borland C++ көмегімен өңделген қолданбалылардан қол жеткізуді қамтитын Paradox Engine кітапханасының ұрпағы. Paradox Engine жасалғаннан кейін Borland компаниясы жалпы SQL Links аты бар бірнеше кітапханаларды өңдеді. Осы кітапханалар BDE функционалдығын кеңейтіп, dBase жүйесіндегі, ODBC-көздердегі және ең көп тараған серверлік МҚБЖ-гі мәліметтерге Paradox Engine құрамындағы функциялар жиынын қолдануға мүмкіндік берді. Соңынан осы жиынға Access пен FoxPro жүйелеріне қол жеткізуді қамтитын кітапханалар қосылды.

Borland Database Engine механизмі Borland Pascal 7.0 және Borland C++ 4.5 мен 5 көмектерімен мәліметтер қорларына қолданбалыларды жасауға кең пайдаланылатын еді. Содан кейін Borland-тің өңдеулері қолданбалыларды тез өңдеу құралдарына (Rapid Application Development, RAD) түрленіп, BDE API-дің көп функциялары Visual Components Library (VCL) кітапханасының мәліметтерге қол жеткізу компоненттеріне енгізілді. Delphi мен C++Builder-дің 5-ші версияларына дейін компоненттер, кластар және мәліметтерді редакциялаудың визуалды компоненттері денгейіндегі мәліметтерге қол жеткізудің жалғыз механизмі BDE болып табылды.

Физикалық BDE мәліметтерге қол жеткізуге арналған кітапханалар жиыны болып табылады, олар қолданбалылардан шақырылатын мәліметтермен әрекеттесуге негізделген BDE API функциялар жиынын іске асырады. Өз жағынан бұл функциялар клиенттік API функцияларын (мысалы, Oracle, Informix, IB Database жүйелерде) немесе  ODBC API (Access 2000, Microsoft SQL Server 7.0, кез келген ODBC-көздерде) шақыра алады, сонымен бірге кейбір МҚБЖ файлдарымен (dBase, Paradox) тікелей әрекеттесе алады.

BDE  көмегімен мәліметтер қорына қол жеткізу үшін клиенттік қолданбалы орнатылған компьютерде жалпы міндеті бар BDE кітапханаларын, сонымен бірге қолданылатын МҚБЖ үшін BDE-драйверді орнату керек. Серверлік МҚБЖ үшін осындай драйверлер SQL Links деп аталады. Бұл драйверлердің құрамында сәйкес МҚБЖ –дің клиенттік API функциялары негізінде жасалған стандартты BDE API функциялар жиыны бар.

Қарастырылған қол жеткізу механизмдерді қолдану [10, 15, 16, 17] бейнеленген.

 

3.2 Есептеу-графикалық жұмысқа тапсырма

Қолданбалы бағдарламаны өңдеуге бағдарламалық қамтамасыздандыру студенттің қалауы бойынша таңдалынады (С++ немесе Delphi).

3.2.1 Өзіңіздің мәліметтер қорыңыздағы мәліметтерді өңдеуге негізделген қажетті формаларды өңдеңіз (мәліметтерді енгізу, байланысқан мәліметтерді ыңғайлы түрде экранға шығару, т.б). Формалар қарапайым пайдаланушының жұмысын ыңғайландыруы керек. Түсініктеме жазбада өңделген форманың қажеттілігі дәлелденеді және оның міндеті деп аталады.

3.2.2 Мәліметтер қоры үшін әртүрлі есеп берулерді өңдеңіз, олар пайдаланушының есептерінің шешуін көрсетеді, оларды қағазға шығаруды орнатыңыз (шығарылатын құжаттардың түрі тақырып аймақ бейнеленгенде орнатылады).

Түсініктеме жазбада есеп берулерді жасау жолы көрсетіледі.

3.2.3 Өз есебіңіз үшін әртүрлі макростарды немесе процедураларды өңдеңіз. Оларды жасаудың мәні болуы керек, пайдалануға ыңғайлы болуы керек.

Түсініктеме жазбада процедура мәтіні, оның жұмысы көрсетіледі.

3.2.4 Пайдаланушының формасын жасаңыз. Мәліметтер қорына кірген сұрақтардың бәрі формада көрсетілуі керек. Міндетті тұрде мәліметтерді іздеу функциясын формаға орнатыңыз.

Форманы қолдану пайдаланушыға жеңіл болып, түрі көрнекі болсын.

А Қосымшасы

Есептеу-өзіндік жұмысқа тапсырмалардың нұсқалары

Кесте А.1 – Тапсырмалар нұсқалары

Тақырып аймақтың сөзбен бейнелеуі

Жобаланатын мәліметтер қорына мүмкін болатын

сұрақтар тізімі

1

Сауда фирмасы әртүрлі өндірушілер тауарларының түрлерін дүниежүзіне сатады. Фирманың сатушылары әр елдерде жұмыс істейді. Саты бойынша әрбір келісім үшін: сату мерзімі, сатушының аты-жөні, сатылған тауарлар тізімі, т.б тіркеледі. Фирмада өзінің клиенттері туралы толық ақпарат бар.

Қандай тауарлардың бағасы 200$ артық? Қандай тауарлар Индияда жасалынған? Оларды кім өндірген?

Сатушылардың қайсысы 500$ қымбат тауарларды сатты?  Бұл сатылымдар күні? Осы келісімдерді орындаған сатушылардың жалақысы? Латын Америкасындағы сатушы неше келісімді жасады? Белгілі бір күндегі фирмадағы тауарлардың саны мен бағаларын анықтаңыз.

2

Банкіде клиенттер және олардың ағымдағы счеттары (есепқисаптары) мен сақтау счеттары туралы ақпараттар бар. Клиенттердің счет ашуына, коммуналды және қызметтерге төлемдер жасауына болады. Оларға операторлар, кассирлер қызмет жасайды. Егер де банк қызметкері клиентке жауап бере алмаса, ол бөлім менеджерінен сұрайды.

Банкіде неше клиент бар? Ағымды счеттарды (есеп-қисаптары) бар клинеттердің ішінде банк қызметкерлері қанша пайыз? Банктің қанша кассирлерінің сақтау счеттары бар? Осындай счеттар неше менеджерлерде бар? Неше кассирдің осындай счеттері жоқ? Банк клиетімен қалай байланысуға болады? 2002 жылдың 5 желтоқсанында қанша әйел счет ашқан? Кімде ағымды және сақтау счеттарының екеуі де бар? Банк клинеттерінің ішінде неше заң клиенттері бар?

3

Институттың әкімшілігі компьютерлік жабдықтарды түгелдеп отыруы керек. Жабдықтар компьютерлік кластарда, ғылыми бөлімдерде, кейбір қызметшілерде жеке (ректор, проректор, бас бухгалтер, жоспар бөлімінің бастығы, кафедра меңгерушілері) орнатылған.

IBM PC, Macintosh II компьютерінің максималды жады көлемі? Қызметкердің қайсысының кабинетінде Macintosh компьютері бар? Сериалық номері 4538842 болатын компьютер кімнің кабинетінде тұр? Оның оперативтік жадысының көлемі? А402 класының администраторы кім? Бухгалтерияда қандай бағдарламалар орнатылған? Жеке пайдалануға негізделген компьютерлер тізімі.

 

А.1 кестенің жалғасы

4

Авиакомпания дүниежүзінің әртүрлі қалаларына ұшуды орындайды. Компания паркі әртүрлі типті ұшақтардан тұрады. Билет бағасы самолет түріне байланысты болады. Белгілі самолетті жөндеуді арнайы бригада жасайды. Жолаушыларға арнайы команда қызмет жасайды.

Боинг 727 самолетінде неше орын бар? Авиапарктегі Боинг 727 самолеттерінің орта жасы? Нөмері 1388 ұшағына қызмет жасайтын механиктің аты-жөні? Бұл ұшақты қандай компания жасаған? Стамбулға рейс өткізген экипаждың тізімін беріңіз.

 

5

Құрылыс компаниясы әртүрлі үйлерді салады. Барлық үйлер үшін материалдардың сандары керек. Жобаның әрбір кезеңінде әртүрлі бригадалар жұмыс жасайды( мысалы, арматурщиктер, штукатурлар, каменщиктер, т.б). Жұмысшылар әртүрлі бригадаларға өздерінің квалификациялары бойынша және салынатын үйге қандай мамандар керек екендігіне байланысты бөлінеді.

Келесілерді анықтау керек: Әртүрлі үйлерді салуға қандай материалдар қолданылады? Әр бір үй бойынша жұмыс графигі? Ағымды күнге бригадалар тізімін, олардың бригадирін атап алыңыз. Өткен жетінің аяғында біткен үйлердің тізімі.

 

6

Фирма әртүрлі жабдықтаушылардың тауарға берген сұраныстарын орындайды. Фирманың сұраныс формасында келесі мәліметтер бар: жабдықтаушының аты, мекен жайы, сұраныстың номері, күні, тауарлардың нөмірі, бағасы, бейнелеуі. Жалпы сомасы, салықпен бірге форманың төменгі жағында көрсетіледі.

Мүмкін болатын сұрақтар: Фирма клиенттері кім? Қай жабдықтаушының қандай тауарлары көп? Фирма жабдықтаушысымен қалай байланысуға болады? Клинетке ұсынылатын счеттің түрі? Өткен айда неше тапсырыс өткізілген?

 

7

Университетте бірнеше факультет бар. Студенттер өздеріне қосымша сабақтарды таңдауына болады. Әрбір студент үшін оның оқитын бағдарламасы тіркеледі. Сонымен бірге университет мамандарды қайта дайындау бағдарламасы бойынша сабақтар өткізеді.

 

Келесілерді анықтау керек: Мүмкін болатын сұрақтар: Аталған факультетте қанша оқытушы жұмыс істейді? Олардың аты-жөні. Мамандарды қайта дайындау факультетінде жұмыс істейтін оқытушылардың тізімін атаңыз. Осы факультеттің оқытушыларының тізімі. Тарих мамандығын алатын студенттердің тізімі. Социология пәнін оқытатын оқытушылар тізімі. Күрделі бағдарлама бойынша неше студенттер оқиды? Аталған студенттің оқытушылары.

А.1 кестенің жалғасы

8

Университетте бірнеше факултьет бар. Студенттер өздеріне қосымша сабақтарды таңдауына болады. Әрбір студент үшін оның оқитын бағдарламасы тіркеледі. Сонымен бірге университет мамандарды қайта дайындау бағдарламасы бойынша сабақтар өткізеді.

Аталған факультетте қанша оқытушы жұмыс істейді? Олардың аты-жөні. Мамандарды қайта дайындау факультетінде жұмыс істейтін оқытушылардың тізімін атаңыз. Осы факультеттің оқытушыларының тізімі. Тарих мамандығын алатын студенттердің тізімі. Социология пәнін оқытатын оқытушылар тізімі. Күрделі бағдарлама бойынша неше студенттер оқиды? Аталған студенттің оқытушылары.

9

Кадрлар бөлімшесінің жұмысын ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыздандыру керек. Қызметкерлердің үш тобы бар: а) әкімшілік; б) мұғалімдер және инженерлі-техникалық қызметкерлер (кафедралар бойынша); в) техникалық персонал. Мәліметтер қоры кафедралар мен бөлімдер бойынша қызметтік (штаттық) кестелерді құрастыруға мүмкіндік беруі керек.

Аталған топтардың қызметкерлерінің саны. Қанша вакансиялар бар (баланы бағу бойынша демалыста болатын қызметкерлерді есепке ала тұрып яғни вакансия босаған мерзімін көрсету керек). Неше зейнеткерлер бар? Әр кафедрада неше профессор бар? Қызметкерлердің нешеуі жарты ставкада жұмыс істейді? Кім бір ставкадан көп жұмыс істейді? Техникалық персоналдың жалақылары (категориялар бойынша).

10

Телекомпанияда бірнеше телевизиялық станциялары бар. Олар телеагентстволардың бағдарламаларын, спорттық репортаждарды және коммерциялық мәліметтерді көрсетеді.

 

“Своя игра” бағдарламасын қандай станциялар көрсетеді? Компания бір станцияда бір сағаттың ішінде қандай коммерциялық хабарландыруды 3 реттен артық көрсетеді? Қай күнде бұл оқиға болады? Бұл хабарландырулардың әр қайсысына компания қандай төлемақы тағайындады? Футбол матчтары қашан көрсетілді? Анна Курникова қатысқан тенистік турнир көрсетілді ме?

11

«Инженерлік кибернетика» кафедрасының ұйымдастыру қызметі мен оқу процесін ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыздан-дыру керек. Кафедра сабақтарды оқу жоспары бойынша өткізеді.

Мәліметтер қорынан келесідей ақпаратты алу керек: әр курс үшін семестрлер бойынша оқу жоспары; топтор тізімі; қызметкерлердің телефондарының тізімі; мұғалімдер үшін жүктеме сағаттарын; магистранттар тізімін (жетекшілері мен зерттеу тақырыптары); диплом жазушы студенттер тізімдерін (топтар және жетекші мұғалімдерімен бірге).

А.1 кестенің жалғасы

12

Аурухананың регистратурасы пациенттерге (бөлімшелер мен палаталар бойынша); жасалған емдеулерді, төленетін қызметтерді (төлеуге қажетті шоттармен бірге), жазылған пациенттер архивтерін есепке алады.

Мәліметтер қорынан келесідей ақпаратты алу керек: бөлімшелер бойынша аурухананың адам  қабылдау, стационарда аурулардың болу уақытының орта мәнін, палаталардағы бос орындар туралы (ер адамдар мен әйел адамдарға бөлек), операциялар жасалған пациенттер санын.

13

Таңдалынған профилі бар дүкеннің қызметін ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыздандыру керек.

 

Мәліметтер қорынан келесідей есептерді шешеді: алынған заттармен оларды жеткізу фирмаларын, бөлімшелер бойынша сатылымдарды, бөлімшелер бойынша тауар қалдықтарын есепке алу; финансттық қорытындыларды күн бойынша (бөлімшелер және дүкен бойынша) алу; сатушылардың жұмыс тиімділігін анализдеу; айлар және апталар бойынша сатулар көлемдерін анализдеу.

14

Поликлиника регистратурасы емдеу докторлардың, олардың біліктіліктері туралы мәліметтермен бірге тізімін есепке алады; паценттердің медициналық карталарын сүйемелдейді. 

Келесілерді анықтау керек: доқтырлар жүктемелерін; эпидемия басталуын бақылау үшін бір күнде ауырып қалғандардың санын есептеу; белгілі диагнозы бар аурулардың санын; рецептер, анализдерге направленияларды есепке алу; төленетін қызметтерді есепке алу; емдеу доқтырларының направлениесі бойынша мамандардың қабылдау ретін орнату.

15

Адвокаттік контора адвокаттар, клиенттер тізімін орнатады, бітірілген жұмыстардың архивын бақылайды.

 

Келесілерді анықтау керек: белгілі адвокаттың ағымдағы клиенттерінің тізімін алу; қорғаудың тиімділігін анықтау (максималды мерзімнен берілген  мерзімін алып тастағанда); қорғаудың тиімсіздіігін анықтау (алынған уақыт минус минималды уақыт), ағымдағы жылдағы гонорарлар суммасын, архивтен белгілі адвокаттың клиенттер тізімін алу (мерзімдер мен статьяларын көрсетіп).

А.1 кестенің жалғасы

16

Фирма тұрғын және тұруға болмайтын гимараттарды сату және жалға берумен айналысады. Жалға немесе сатуға негізделген ғимараттардың тізімдерін, сатылған және жалға берген ғимараттардың архивін  қолдайды, клиент талаптарына сай нұсқаларды іздеп, табады.

Әртүрлі типті статистиканы алуға мүмкіндіктерді еске алу керек: әртүрлі типті гимараттардың бар екенін, нарықта бағалардығ өзгеруңн, орта шамаларды (мәліметтер қоры ғимараттар типтері бойынша ол туралы мәліметтің бар болуы, жалға немесе сатудың орта бағасын, т.с.

17

Қонақ үйде тұрушылардың тізімін, броньдалған орындарды есепке алуды, соңғы жылдағы тұрғындардың архивін есепке алуы керек.

 

Келесілерді анықтау керек: бос нөмірлердің тізімін (орын санымен класын есепке алып), бүгін және ертең босайтын нөмірлердің тізімін, белгілі нөмір бойынша толық ақпаратты беру, нөмірлермен қызметтерге шоттарды беруін автоматтандыру, броньдалған нөмірлердің тізімін алу, клиент немесе мекеме аты бойынша бронь туралы мәліметтерді алу.

18

Көлік кассаларының мәліметтер қоры (көлік түрін таңдаңыз) рейстермен оларға әртүрлі кластық билеттердің тізімін бақылайды, броньдалған орындарды есепке алады, соңғы айдағы пассажирлер архивін бақылайды.

Келесілерді анықтау керек: екі бағытқа да биллетерді сату, пассажир талабына сай рейске орынды іздеу, белгілі рейс бойынша ақпаратту беру, сатылған орындар тізімін алу, клиент немесе мекеме аты бойынша бронь туралы мәліметтерді алу.

19

Спорттық клубтың мәліметтер қоры, келесіні орындауы керек: спортсмендер мен тренер-лердің тізімдерін қолдау, өткізілетін жарыс-тарды есепке алу (олардың архивімен бірге), спортсмендердің жарақаттарын есепке алу.

Келесілерді анықтау керек: спортсмендер мен бапкерлердің рейтингтерін құрастыру, жарыстар туралы ақпаратты беру, белгілі спортсмен туралы ақпаратты беру, квалификациясына, уақытына сәйкес жарыстарға қатысуға спортсмендер тізімін дайындау.

20

Мектептің мәліметтер қоры мұғалімдер мен оқушылардың тізімдеріне сүйемелденеді, сынып жетекшілері тізімі мен сыныптардағы оқушылар санын есепке алады, сабақ кестесін және оқушылардың үлгерімдері мен сабаққа келулерін бақылайды.

Келесілерді анықтау керек: сыныптар немесе жеке мұғалімдер бойынша табельдер мен сабақ кестелерін жасау, емтихан кестелерінің дұрыс екендігін бақылау, емтихандардың қорытынды мәндерін есептеу ('5', '4', '3', '2' бағаларының санын есептеу, сынып бойынша қатыспағандардың санын, орта бағаларын анықтау), ағымдағы мерзімге емтихандар тізімін алу.

А.1 кестенің жалғасы

21

Мейрамхананың мәліметтер қоры ондағы үстелдер, даяшылар сандарын есепке алуы, мәзірдің құрамын толтыру керек.

 

Келесілерді анықтау керек: үстелдер бойынша тапсырыстарды алу, клиенттерге шоттарды жазу, тапсырыстар мен шоттарды есепке алу, күннің финанстық қорытындысын жасау (тамақтар және тұтас ресторан бойынша), даяршылар жұмысының тиімділігін анықтау (бонус беру мақсатымен), айлар және апта күндері бойынша табыстың көлемін анықтау.

22

Әуежайдың мәліметтер қоры әуе компаниялар мен олардың рейстерінің тізімін, рейстерді орындайтын ұшақтар туралы ақпаратты, ұшқыштар тізімдерін,әуежай диспетчерлерінің тізімдерін алып отыру керек.

Келесілерді анықтау керек: рейстер кестесін жасау, рейсті орындаған ұшқыштар, әуе компаниялар рейстерінің тізімдерін алу, белгілі рейс туралы толық ақпаратты беру, кезекші диспетчерлердің тізімін алу.

 

23

Көлік инспекцияның мәліметтер қоры автомобильдер, олардың иелерінің, айыппұл салынған  жүргізуші, ұрланған автомобильдер тізімдерінен тұрады.

Келесілерді анықтау керек: автомобильдерді тіркеу, жүргізуші құқықтарын, айыппұлдарды алу, автомобиль нөмірі немесе маркасы бойынша оның иесін анықтау, автомобильдердің әртүрлі қасиеттері бойынша тізімін, ұрланған автомобильдер тізімдерін.

24

Тауарларды үйге жеткізумен айналысатын фирманың мәліметтер қоры курьерлер мен жеткізілетін тауарлар тізімі, клиенттер тізімі туралы мәліметтерден тұрады; қабылданған тапсырыстар мен оларды орындау; тапсырыс типтері мен олардың бағаларын есепке алады.

Келесілерді анықтау керек: курьерлер мен мерзімдері бойынша клиенттер тізімін, қызметтер туралы ақпаратты, финистық қорытындыларды жасау, кварталдар және айлар бойынша жасалған заказдарды анықтау, курьерлердің жұмысының тиімділігін (бонустарды орнату үшін), клиенттердің активтілігін (жеңілдік жасау үшін) анықтау.

25

Тігін ательесінің мәліметтер қоры мамандардың тізімі және олардың біліктілігі туралы, клиенттер тізімі, жасалатын жұмыстармен олардың бағалары туралы мәліметтерден тұрады.

Ескерту керек: әр маманның клиенттері туралы мәліметтерді, жасалатын қызметтері туралы ақпаратты, тапсырыстарды орындау туралы мәліметтерді, айлар және тоқсандар бойынша орындалған тапсырыс туралы мәліметтерді, клиент талабына сай мамандарды табу.

 

А.1 кестенің соңы

26

Теру ательенің мәліметтер қоры мамандардың тізімі және олардың квалификациясы туралы, клиенттер тізімі, жасалатын жұмыстоармен олардың бағалары туралы мәліметтерден тұрады.

Келесілерді анықтау керек: әр маманның клиенттері туралы мәліметтерді, жасалатын қызметтер туралы ақпаратты, заказдарды орындау туралы мәліметтерді, айлар және кварталдар бойынша орындалған заказ туралы мәліметтерді, клиент талабына сай мамандарды табуды.

27

Телеательенің мәліметтер қоры мамандардың тізімі және олардың квалификациясы туралы, клиенттер тізімі, жасалатын жұмыстоармен олардың бағалары туралы мәліметтерден тұрады.

Келесілерді анықтау керек: әр маманның клиенттері туралы мәліметтерді, жасалатын қызметтер туралы ақпаратты, заказдарды орындау туралы мәліметтерді, айлар және кварталдар бойынша орындалған заказ туралы мәліметтерді, клиент талабына сай мамандарды табуды.

28

Автосалонның мәліметтер қоры сатуға түскен автомобильдер тізімдерін, автомобильдердің техникалық сипаттама-ларын, автомобильдерді өндіруші фирмалары мен елдері туралы мәліметтерден тұрады.

Келесілерді анықтау керек: белгілі фирмалардың автомобильдер тізімін, автомобильдердің техникалық сипаттамаларын, кварталдар, айлар, автомобильдер маркалары бойынша  сатулар туралы қорытындыларды алу, клиент талаптарына сәйкес нұсқаны табу.

29

Фирмада конструкторлық бюролар, зауыттар, қоймалар бар. Деталь тек қана бір бюрода жобаланады. Әйтсе де ол бір неше зауыттарда жасалынып, бірнеше қоймаларда сақтануы мүмкін.

Қандай детельдар қай жерде жобаланған? Егер де детальда ақау болса, онда ол детальдың қай жерде жобаланғанын және жасалғанын табуға болама? А235 детелінің белгіленген складта саны қанша? А245 детальдің жобасын кім жасаған? В205 детелі жобаланған конструкторлық бюроның адресі? Осы деталь жасалынған зауыттардың адрестері?

30

Жоспар бөлімшесінің (белгілі кәсіпорын таңдалады) жұмысын ақпараттық сүйемелдеуін қамтамасыздан-дыру керек. Мәліметтер қоры негізгі және көмекші өндіріс бойынша жоспар құжаттарын дайындауды (план және факт) қамтамасыздандырады. 

Ағынды жылға өнімді шығару жоспары қандай? Қандай шикі заттар мен құрастырушылар ағынды жылда (кварталда, айда) заказдалған? Қосымша өндірістің жұмыс жоспары? Энергия шығынын (және басқа мүмкін болатын шыңындарды) есептеу. Жұмыс нәтижелерін жоспарға сәйкестігін (пайзын).


Әдебиеттер тізімі 

1 Джоунс Э., Стивенз Р., Плю Р., Гарретт Р., Кригель А. Функции SQL. Справочник программиста. – М.: Диалектика, 2006.

2 Дейт К.Дж. Введение в системы баз данных. — М.: Издательский дом «Вильямс», 2008.

3 Коннолли Т., Бегг К. Базы данных. Проектирование, реализация и сопровождение. Теория и практика. — М.: Издательский дом «Вильямс», 2003.

4 Харрингтон Дж. Разработка баз данных. – М.: ДМК Пресс, 2005.

5 Хомоненко А.Д., Цыганков В.М., Мальцев М.Г. - Базы данных. Учебник для вузов. – М.: Корона-Принт, 2004.

6 SQL Server 2005. Реализация и обслуживание. //Серия: Учебный курс Microsoft SQL. – СПб.: Питер, Русская редакция, 2007. 

7 Хансен Г., Хансен Д. Базы данных: разработка и управление. – М.: ЗАО «Издательство БИНОМ», 1999.                 

8 Плю Р., Стефенс Р.,  Райан К. Освой самостоятельно SQL за 24 часа. – М.: Издательский дом «Вильямс», 2000.                                               

9 Кандзюба С.П., Громов В.Н. Delphi 6/7. Базы данных и приложения. – СПб: ООО «ДиаСофтЮП», 2002.

10 Григорьев Ю. А., Ревунов Г. И. Банки данных. – М.: Изд. МГТУ им. Н. Э. Баумана, 2002.

11      Харрингтон Д. Проектирование реляционных баз данных просто и доступно. – М.: Изд. «Лори», 2000.

12   Иванова Г.С. Технология программирования. - М.: Изд-во МГТУ им. Н.Э.Баумана, 2002.

13   Мандел Т. Разработка пользовательского интерфейса. – М.: ДМК Пресс, 2001.

14   Фленов В. Библия Delphi. – СПб.: БХВ-Петербург, 2008.

15   Архангельский А.Я. C++ Builder 6. Справочное пособие. Книга 1. Язык С++. – М.: Бином-Пресс, 2002.

16   Архангельский А.Я. C++ Builder 6. Справочное пособие. Книга 2. Классы и компоненты. – М.: Бином-Пресс, 2002. 

 

Мазмұны 

Кіріспе                                                                                                                       3

1 № 1 есептеу-сызба жұмысы. Модельденетін тақырып аймағын жүйелік анализдеу. Концептуалды модельді өңдеу                                                                       4

2 №2 есептеу-сызба жұмысы. Өңделген жобаны таңдалынған МҚБЖ-сі ортасында іске асыру                                                                                                         10

3 №3 Есептеу-сызба жұмысы. Клиенттік қолданбалыны өңдеу                         12

Қосымша А                                                                                                               17

Әдебиеттер тізімі                                                                                                     24