Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік кибернетика кафедрасы 

 

 

 

ИНФОРМАТИКА 

5В071800 – Электр энергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 

 

Алматы 2011 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: В. М. Тарасов, С.Ә.Әділғажынова. Информатика. 5В071800 - Электр энергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар. - Алматы: АЭжБУ, 2011. –40  с.

 

5В071800 – Электр энергетика мамандығы бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін «Информатика» пәні бойынша есептік-сызба жұмыстарын орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар ұсынылған. Мұнда күндізгі және сырттай оқыту бөлімдерінің студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарын орындауға жүйелі мағлұматтар мен ұсыныстар бар. жұмыстарды орындау кезінде студенттер MS Office-тің технологиялары мен іс-тәжірибеде қолдануды, Pascal тілінде программаларды құруды меңгереді. Әдістемелік нұсқауда айтылған мамандық үшін нақты тапсырмалар көрсетілген.

 

Пікір беруші: тех. ғыл. канд., доц. Ибраева Л.К.

 

«Алматы энергетика және байланыс институтының» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2009 ж. баспа жоспары бойынша басылады.

 

 

© «Алматы энергетика және байланыс университетінің», КЕАҚ, 2011 ж.

 

Мазмұны

Кіріспе

Есептік-сызба жұмысы

1.1 ЕСЖ-ны орындауға талаптар

1.2 Суреттерді орындау

1.3 Функциялардың графигін құру

1.4 Электрондық кестенің беттерін қорғау

1.5 Excel-де мәліметтер базасын құру

1.6 Байланысқан объектілерді қою

1.7 Word –та web-сайттарды құру

1.8 Бақылау сұрақтары

Есептік-сызба жұмыстары

2.1 ЕСЖ-ны орындауға талаптар

2.2 Сандарды әртүрлі санақ жүйесінде көрсету (бейнелеу)

2.3 Электр сұлбасын есептеу

2.4 Модельдеу

2.5 Функцияның нөлдік мәндерін табу

2.6 Ұзақ тоқтың мәні бойынша өткізгіштерді таңдау

2.7 Бақылау сұрақтары

Есептік-сызба жұмыстары

3.1 ЕСЖ-ны орындауға талаптар

3.2 Программаларды құру технологиясы

3.3 Массивтер және оларды құру

3.4 1 Тапсырма. Ондық сандарды басқа санақ жүйесіне аудару

3.5 2 Тапсырма. Берілген көлем сыйымдылығы үшін бетті табу

3.6 3 Тапсырма. Массивтермен жұмыс.

3.7 Бақылау сұрақтары

А Қосымшасы. Суреттер нұсқасы

Б Қосымшасы. Web-беттердің мазмұны

В Қосымшасы. «Поискпоз()» (Позицияны іздеу) функциясы

Г Қосымшасы. ВПР() функциясы

Д Қосымшасы. Тұрақты ток тізбегінің тапсырма сұлбасы

Әдебиеттер тізімі

4

5

5

5

6

7

8

9

9

10

11

11

12

14

17

19

21

22

22

22

23

23

25

26

27

28

29

36

37

38

49

40

 

Кіріспе 

Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) қосымша материалды оқуға көмектеседі. Студенттің өзіндік жұмысының нәтижесінде алған білімін тексеру үшін «Информатика» курсы бойынша кредитке сәйкес үш есептік –сызба жұмысы қарастырылған.

Ұсынылған әдістемелік нұсқауда үш тақырып бойынша тапсырмалар нұсқасы және оларды орындауға түсініктемеден тұрады:

а) MS Word-та жұмыс істеуді нығайту. MS Word мәтіндік процессорының көмегімен Web-сайтты құру;

б) MS Excel кестелік процессорының көмегімен практикалық инженерлік есептерді шығару;

в) инженерлік есептерді шығаруда жоғарғы деңгейлік программалау тілін қолдану.

Есептік-сызба жұмысын орындау үшін информация көзі ретінде оқулықтар, оқу құралдарын, әдістемелік құралдарды, программалардың анықтамалық жүйелерін қолданған жөн.

Ұсынылған тапсырмалар студенттерді орташа деңгейде дайындауға есептелінген. Оқытушы өзі есептік-сызба жұмысын студенттердің дайындық деңгейіне қарап өзгертуге немесе толықтыруына болады. Тапсырмалар нұсқасын оқытушы өзі анықтайды.

Есептік-сызба жұмыстары кафедра тағайындаған уақытта өткізіледі. Әрбір ЕСЖ бойынша есеп беру А4 форматында орындалады. Оқытушының талабы бойынша есеп беру сыртқы беті жазылған, есептің қойылымы көрсетілген, есептің шығарылуы бар және барлық қажетті түсініктемелері бар электрондық түрінде ұсынылуы мүмкін.

Егер жұмыста қателер болса және орындалған тапсырмалар өз нұсқасына сәйкес келмесе, онда ол жұмыс қайтарылып беріледі. Тексеруден кейін әрбір есептік-сызба жұмысы қорғалуы керек.

 

ЕСЖ-ны орындауға ортақ талаптар

 

Барлық ЕСЖ А4 беттерінде мынадай өрістермен: сол жағы – 25 мм, оң жағы – 18 мм, үстіңгі жағы – 20 мм, астыңғы жағы  – 25 мм орындалуы қажет. Мәтіндерде абзацтар 12 мм шегіністен басталады. Беттің нөмірлері төменгі жақта орта тұсында көрсетілуі қажет. Мәтіндер Word-та ақ парақта кегелі 11-ден кіші болмайтын Times New Roman шрифтінің көмегімен теріледі.

Экранның көшірмесін 16 түрлі bmp форматында Paint-та сақтаған жөн. Қажет болған жағдайда, суреттер өзгертіледі және инверттеледі, содан кейін сақталған суреттердің көшірмесі Word құжаттарына қойылады. Осылайша файл жадының аз көлемін алады.

Оқытушының талабы бойынша ЕСЖ сыртқы тасымалдаушының көмегімен көрсетіледі.

 

1 Есептік-сызба жұмысы

 

Жұмыстың мақсаты: MS Word мәтіндік процессорының мүмкіндіктерін пайдаланып суреттер салу, объектілер, гиперсілтемелер, Web-беттер және сайттар құру.

1.1 ЕСЖ-ны орындауға талаптар

 

ЕСЖ-ның мазмұны:

- сыртқы беті;

- сурет түріндегі файлдар тізімі. Файлдар ақпараттылық аттардан тұруы қажет;

- әрбір бетте жоғарғы колонтитулда авторы мен тапсырма нұсқасы, төменгі колонтитулда беттің нөмірі ортасында көрсетілуі қажет;

- әрбір тапсырма жаңа файлдан басталуы қажет;

- Word-та орындалған суреттер топтастырылған түрінде және (кейбір бөліктерінде) топтастырылмай берілуі керек;

- Excel-де берілгендерді енгізу және шығару жеткілікті түрде ақпаратты және түсінікті болуы қажет. Шығатын негізгі берілгендерді енгізу үшін нақты белгіленген арнайы ұяшықтар бөлінуі қажет. Бұл ұяшықтар қорғалмайды, ал қалған ұяшықтар қорғалған болуы керек;

- берілгендерді енгізуде өзгерістер болса электрондық кестелер дұрыс істеуі керек;

- электрондық кестелердің беттері экранның суреті ретінде көрсетіледі, кестенің беті және формулалар беті.

- Excel-де мәліметтер базасын құру кезінде өрістерді қате толтырмас үшін ашылатын тізім құрған жөн, мысалы мамандықты таңдау үшін. Тізімдер сурет ретінде көрсетіледі;

- Мәліметтер базасының беттері өңдеуге дейін, сұрыптау және екі жақты сұрыптаудан кейін көрсетіледі. Автофильтрдің жұмысының нәтижесі көрсетіледі.

Оқытушының талабы бойынша ЕСЖ сыртқы тасымалдаушының көмегімен көрсетіледі.

Тапсырмалар құрамы:

а)     Word-тың көмегімен суретті салу.

б)    Excel-дің көмегімен функцияның графигін салу.

в)     Excel-дің көмегімен мәліметтер базасын құру.

г)     Word-та байланысқан объектіні Excel-ден қоюды орындау.

д)    Webсайт құру.

 

1.2 Суреттерді орындау

 

Суреттерді салу кезінде «Рисование» (Сурет салу) панелін пайдаланған жөн. Горизонталь және вертикаль сызықтарды салған кезде Shift клавишасын қоса ұстап тұрыңыз. Егер сызық ерекшеленген болса, онда келесі салынатын сызық дәл сондай болады. Фигуралардың суретін салған кезде программа кенеп (холст) құрады. Фигуралардың немесе бірнеше фигураның суретін салып болғаннан кейін оларды холсттан алып тастаңыз және холстты өшіріңіз. Ерекшеленген объектіні нақты бір орынға қою үшін «Ctrl +Курсордың орын ауыстыру стрелкалары» (Стрелки перемещения курсора) клавишаларының комбинациясын қолдануға болады. Егер фигуралар бірін бірі жауып тастайтын болса, онда фигуралардың түсін ақ бояуға боямаңыз. Ақ бояумен боялған фигураның сызықтарының қабаттасуын болдырмау үшін оны алдыңғы жағына қоюға болады. Топтастыру кезінде бірнеше объектілерді ерекшелеу үшін «Выбор объектов» (Объектілерді таңдау) кнопкасын басып, топтастырылатын объектілерді стрелка-курсормен айналдыра қоршап, сосын «Рисование - Группировка» (Сурет салу - Топтастыру) командасын қолданыңыз. Электрлік сұлбадағы нүкте Wingding символдар тобынан «Точка» (Нүкте) символын «Надпись» (Жазба) объектісіне қою арқылы көрсетілген.

Берілген суреттердің нұсқасы А Қосымшасында көрсетілген. Суреттер есеп беруде топтастырылған және топтастырылмаған түрінде көрсетілуі қажет. 1.1 суретін қараңыз.

1.1 СуретТоптастырылған және топтастырылмаған сурет

 

1.3 Функцияның графигін салу

1.1 К е с т еФункциялардың нұсқасы

Нұсқа

Функция

Нұсқа

Функция

1

r=a Sin3n -3-жапырақты роза

12

r=a(1+2 Cosn) – Паскаль ұлуы

2

r=a(1+Cosn) кардиоида

13

x=10 Cos3t, y=10 Sin2t  - астроида

3

r=a Sin2n -4-жапырақты роза

14

x=a(t-Sint), y=a(1-Cost) - циклоида

4

r=a/n - спираль

15

x=a(Cost+tSint), y=a(Sint-tCost)

5

r Sin3n/3

16

x=2Cost-Cos2t, y=2Sint-Sin2t

6

r=2+Cos3n

17

x=2Cos2t, y=2 Sin2

7

r=3-2 Sin2n

18

x=aCost, y=bSint - эллипс

8

r=1-Sin 3n

19

x=etCos t, y=etSin t

9

r=3+2Cos2n

20

x=e– t, y=t2

10

r=3- Sin3n

21

x=a (3t-Sin2t), y=a (1-cos2t)

11

r=a Cos 2 n

22

x=at-bSin t, y=a-bCost

1-12 нұсқаларында 1.1 кестесін қараңыз, қисықтың теңдеуі поляр координатасында берілген. n-ға мән бере отырып, сәйкес r-дың мәнін тауып, жазықтықта нүктелерді табамыз, оларды біріктіре отырып сызықты саламыз. Енді функцияның графигін декарт координатасында салу үшін, әрбір нүктені Х және Y координатасымен береміз. Ол үшін келесі формулалар қолданылады: X=r Cosn және Y=r Sinn.

13-22 нұсқаларында х және у координата нүктелері функцияның t параметрі ретінде берілген. t параметріне сандық мәндер бере отырып, х және у координата нүктелері табылады.

Нүктелік диаграмма салынады. Диаграмманың аты, осьтері белгіленген, сандық мәндері және қажет болған жағдайда аңызы (легенда) болуы керек.

1.2 және 1.3 суреттерінде функцияның графигін салуға мысал көрсетілген.

 

1.2 СуретФункцияның графигі

 

1.3 СуретФормулаларымен функцияның графигі

 

1.4 Электрондық кестенің беттерін қорғау

 

Әдетте кестенің дайын беттерін қорғайды. Бетті қорғау қорғалған ұяшықтағы информацияны кездейсоқ немесе әдейі жойып жібермеуге мүмкіндік береді. Жаңадан берілгендерді енгізу үшін арнайы ерекшеленген ұяшықтар қалдырады. Келесі әрекеттермен бетті қорғаңыз:

а) Excel барлық ұяшықтарды қорғайды, сондықтан қорғау қойылмайтын ұяшықтарды ерекшелейді, мысалы, 1.2 суретіндегі Е2 және Е3 ұяшықтары берілгендерді енгізу үшін. Қорғалатын ұяшықтар іргелес (көршілес) болуы керек. «Формат - Ячейки - Защита» (Формат – Ұяшықтар - Қорғау) командасымен диалогтық терезені ашып, «Защищаемая ячейка» (Қорғалатын ұяшық) белгісін алып тастайды. Осы әрекетпен көрсетілген ұяшықтарды қорғатпайды.

б) «Сервис – Защита – Защитить Лист» (Сервис – Қорғау – Бетті  Қорғау) командасы арқылы бетті қорғауға болады. Беттегі Е2 және Е3 ұяшықтарынан басқа барлық ұяшықтар қорғалады, оларға жаңа берілгендерді енгізе беруге болады.

 

1.5 Excel-де мәліметтер базасын құру

 

Көрсетілген 1.4 және 1.5 суреттердің негізінде өздеріңіздің берілгендеріңізді пайдаланып, мәліметтер базасын құрыңыз. Талап етілген әрекеттерді орындап, суреттерін көрсетіңіз.

 

1.4 СуретСаналатын тізімді құру

 

1.5 СуретСандық ақпарат үшін автофильтрді пайдалану

 

Excel-де мәліметтер қорын құру кезінде келесі әрекеттерді орындаңыз:

- ашылатын тізім құрастырыңыз, мысалы, мамандықты таңдау үшін өрістерді қате толтырмас үшін. Тізімдер есеп беруде сурет ретінде көрсетіледі, 1.4 суретін қарастырыңыз;

- Excel анықтамасында өзіңізді қызықтыратын тақырыпқа жауап табыңыз;

- Мәліметтер қорының (МҚ) беттерін сұрыптаудан, екі жақты сұрыптаудан соң өңдеуге дейін көрсетіңіз;

- берілген әріптен басталатын фамилияларды табу бойынша автофильтрдің жұмысының нәтижесін көрсетіңіз;

- қайта дайындау бойынша таңдалынған пәннен емтихан тапсырған қызметкерлердің өте жақсы немесе жаман бағаны табудың автофильтр жұмысының нәтижесін көрсетіңіз.

 

1.6 Байланысқан объектілерді қою

 

Word-қа Excel-ден объект қойыңыз, мысалы функция графигінің кестесін, файлдың дереккөзінде өзгерістер көрсетілетіндей етіп, байланысты жаңартқаннан кейін Word құжатында өзгерістер көрінуі қажет. Төменде объектіні қою мысалы көрсетілген. Қойылған объект Парабола.xls файлымен байланыстырылған.

Байланысты жаңарту үшін 1.6 суретінде көрсетілгендей контекстік меню пайдаланылады.

 

1.6 СуретОбъектінің байланысын жаңарту

 

1.7 Word –та web-сайттарды құру

Тапсырма. Көрсетілген әдістер бойынша таңдалынған фирманың web-сайтын құрыңыз. Есіңізде болсын, тегтің көмегімен программалаусыз сайттарды құру әдетте қолданылмайды, өйткені, файлдардың өлшемі өте үлкейіп кетеді.

«Файл - Создать – Web-страницы» (Файл - Құру - Web-беттер) командасымен «Новая Web-страница» (Жаңа Web-беттер) белгісін таңдау кезінде бөлек беттің құрылуы басталады. «Файл – Свойства – Название» (Файл – Қасиеті - Атауы) командасымен сыртқы бет қойылады.

Бетті толтыру қарапайым әдістермен жасалынады.

Файлды сақтау үшін «Файл - Сохранить как»  (Файл – Қалай сақтау керек) командасын қолданып, сосын файлдың типін HTML Document деп таңдаймыз. Немесе «Файл - Сохранить в формате HTML» (Файл – HTML форматында сақтау) командасын таңдауға болады.   

«Вид – Предварительный просмотр в HTML» (Түрі – HTML-да алдын-ала қарап шығу) командасымен бетті браузерде қарауға болады.

«Вставка» (Қою) менюінде web-беттерге қолданылатын қосымша командалар бар:

- көлденең сызық. Сызықтың түсі, типі, өлшемі таңдалады. Сызықтарды сурет салу құралдарымен салуға немесе клип ретінде қоюға болады;

- «рисунок» (сурет салу). Сурет қойылады және оның өлшемі өзгертіледі. «Настройка изображения» (Суретті реттеу) панелінде оң жақ кнопкамен басып, суреттің сыртында мәтін айналуын, ашықтығы, түстердің қарама-қарсылығы (контрастность) таңдалады.

«Вид – Панели инструментов – Web-компоненты» (Түрі – Құралдар панелі - Web-компонентттер) командасымен 1.7 суретінде көрсетілгендей «Web-компоненты» (Web-компонентттер) панелі қосылады. Мұнда жүгірмелі жол мен форманың элементтері орналасқан.

 

1.7 Сурет Web-компоненттер панелі

 

Келесі беттерден тұратын таңдалған фирманың сайтын құрыңыз: авторы, біздің фирма, біздің іс-әрекеттер (web-бет түрінде сақталынған, функцияның графигін көрсетіңіз), біздің қызметкерлер (құрылған мәліметтер қорын көрсетіңіз). Біздің фирма бетіндегі мәтінді Б Қосымшасына ұқсастырып құрыңыз.

Барлық құрылған беттерді web-сайтқа біріктіру үшін төменде көрсетілген әрекеттерді орындай отырып фреймдермен (рамкалармен) беттерді құрыңыз.

Жаңа web-бетті ашыңыз. «Вид – Панели инструментов – Рамки» (Түрі – Құралдар панелі - Жақтаулар) командасы арқылы рамкалары бар панельді қойыңыз. 1.8 суретінде көрсетілгендей етіп бос фреймдерді құрыңыз. Курсорды сол жақ фреймге қойып, суретті қойып, «Содержание» деп жазыңыз. Курсорды жоғарғы оң жақтағы фреймге қойып, фирманың эпиграфын жазыңыз.

Фреймдері бар файлды сақтаңыз. Word программасы фреймдегі бірінші сөз бойынша жаңа файлдарды құрады. Алдын-ала құрылған тақырыбы бар файлдардың фрейміне гиперссылкаларды қойыңыз. «Выбор рамки» (Жақтауды таңдау) командасы арқылы осы файлдар ашылатын оң жақтағы төменгі рамканы көрсетуді ұмытпаңыз. Алдын ала құрылған файлдарға сілтеме жасаңыз, мысалы, firma.htm. 1.8 суретінде web-сайттың фреймдары бар беттердің үлгісі көрсетілген.

 

1.8 Бақылау сұрақтары

 

1.    Сурет пен графикалық объектінің айырмашылығы неде?

2.     Объектілерді топтастыру не үшін қажет?

3.     Байланысқан объект деген не?

4.     Мәліметтер базасының тағайындалуы.

5.     Мәліметтер базасында тізімдерді таңайындау және құру.

6.     Мәліметтер базасында сұрыптау қалай орындалады?

7.     Автофильтр қалай жұмыс істейді?

8.      Гиперсілтеме мен закладканың тағайындалуы.

9.      Web-бетте «жүгіретін жолды» («бегущую строку») қалай жасауға болады?

10.  Рамкалар (фрейм) не үшін қажет?


2 Есептік - сызба жұмысы

 

Жұмыстың мақсаты: MS Excel кестелік процессорының мүмкіншіліктерін үйреніп, оларды инженерлік есептерді шығаруда пайдалану.

 

2.1 Есептік - сызба жұмысын орындауға талаптар

 

ЕСЖ бойынша есеп беруді орындауға жалпы талаптар кіріспеде келтірілген. 2 ЕСЖ бойынша есеп беру келесі бөлімдерден тұрады:

- титулдық бет;

- әрбір есепке тапсырма;

- берілгендерді енгізу және шығару түсінікті және информативті болуы қажет. Excelде негізгі енгізілетін берілгендерді енгізу үшін нақты белгіленген арнайы ұяшықтар бөлінуі қажет. Бұл ұяшықтар қорғалмайды, ал қалған басқа ұяшықтардың барлығы қорғалады;

- есептер шығарылған кестелер түсінікті және қосымша комментарийлердің көмегінсіз кезкелген қолданушы пайдала алуы қажет;

- енгізілетін берілгендерді өзгерткен кезде электрондық кестелер дұрыс жұмыс істеуі қажет;

- электрондық кестелердің беттері кестенің экрандағы суреті сияқты және формулалары бар беттердің суреті түрінде келтіріледі. Беттердің аттары олардың мазмұнын бейнелеуі қажет.

Оқытушының талабы бойынша ЕСЖ сыртқы тасымалдаушының көмегімен көрсетіледі.

 

2.2 Сандарды әртүрлі санақ жүйесінде көрсету (бейнелеу)

 

2.2.1 Кіріспе

Дербес компьютер (ДК) жадының құрылғысы қазіргі заман талабына сай болғандықтан мұндағы кез-келген сан нөл мен бірдің комбинациясы ретінде көрсетіледі. Басқа да ақпараттар ДК-да 0 мен 1-дің комбинациясы ретінде көрсетіледі. Сандарды 0 мен 1 цифрлары арқылы көрсетуді екілік санақ жүйесіндегі сандар деп атайды. Адамға сандарды түсіну (қабылдау) үшін екілік санақ жүйесінің орнына 8 саннан тұратын (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7) сегіздік санақ жүйесі және 16 саннан тұратын (0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, A, B, C, D, E, F) он алтылық санақ жүйесі қолданылады. Цифрлар санын санақ жүйесінде оның негізі деп санайды. Бұл жүйелер екілік санақ жүйесіне ауыстырған кезде және керісінше ауыстырған кезде алгоритмі қарапайым болғандықтан қолданылады. Олар әртүрлі қосымшаларда пайдаланылады (мысалы, түстерді белгілеу үшін, жады ұяшығының адресін көрсетуде және т.б.).

Символдар ДК жадында сандық кодтар түрінде көрсетіледі (әріптер, тыныс белгілері, ондық сандар және басқа да арнайы символдар). Файлдағы ақпарат форматтаусыз код түрінде берілсе, онда оны мәтіндік файл деп атайды. Оның кеңейтілімі txt болады. Кодтардың көмегімен жазылған ақпарат мәтіндік деп айтылады. «4 кошки» мәтіні ДК жадында екілік санақ жүйесінде жазылады. Бұл кодтар (бұл жерде Pascal тілінде қолданылған ASCII кодтар нұсқасы қолданылған) он алтылық санақ жүйесінде “34 20 AA AE E8 32 20 A8” түрінде жазылады. Осы мәтін ондық санақ жүйесінде “52 32 170 174 232 32 168” осылай жазылады. Осы файлды экранға немесе қағазға шығарған кезде кодтардың мәні символдардың суретіне түрленеді (әріптер, сандар ...).

Жоғарыда айтылғандай, сандарды ондық санақ жүйесінен басқа санақ жүйелеріне ауыстыру ДК-мен жұмыс жасау кезінде қолданылады және микропроцессорлардан тұратын құрылғыларда, мысалы үшін, микроконтроллерде қолданылады. Қазіргі заманда микропроцессорларды қолданбай автоматтандырылған жүйелерді шығару мүмкін емес.

2.2.2 Сандарды 10-дық санақ жүйесінен басқа санақ жүйесіне аудару алгоритмі. Төменде аудару алгоритмі көрсетілген.

Алгоритмнің басы

Санды беріңіз.

Берілген санды бөлінгіш деп санаймыз.

Циклдың басы

     Егер бөлінгіш нөлден үлкен болса (циклдың орындалу шарты),

 онда оны негізіне бөліп, бүтін бөлігі мен қалдығын табыңыз,

әйтпесе (егер бөлінгіш нөлден үлкен емес болса) циклдан шығу.

Бүтін бөлікті жаңа бөлінгіш деп санаймыз (шарттың аргументі өзгереді)

Циклдың соңы (циклдың басына қайту)

Қалдықтарды кері ретімен нәтиже жолына жазыңыз

Алгоритмнің соңы

Алгоритмге сәйкес бүтінсандық бөлуді орындау қажет, яғни қалдық пен бүтін бөлігін бүтін сан ретінде алу. Мысалы, 25 саны: 8=3 (1), мұнда 3 - бүтін бөлігі, 1 - қалдығы. Қалдықты табу үшін арнайы функция «Остаток()» (Қалдық) қарастырылған. Бүтін бөлігін табу үшін «Отбр()» функциясы санның бөлшек бөлігін алып тастап, бүтін бөлігін қалдыруға қолданылады. Бұл функциялардың жұмысы мен аргументін Excel анықтамасында көруге болады. Бұл жерде дөңгелектеу функцияларын қолданудың қажеті жоқ.

Осы алгоритмді ондық санақ жүйесіндегі 89562341 санын он алтылық санақ жүйесіне аудару үшін қолданамыз. Excelде циклдың денесінің қайталануының орнына бірнеше жолдарда «Если()» (Егер()) функциясын қолданып бірдей формулаларды жазамыз. 2.1 суретін қараңыз.

2.1 Суреті Сандарды 10-дық санақ жүйесінен

16-лық санақ жүйесіне аудару

89562341 санын бөлінгіш деп есептеп В7 ұяшығына көшіріп жазамыз.

Бөлінгіш 0-ден үлкен, С7 және D7 ұяшықтарында бүтін бөлігі мен қалдығын жазамыз.

Алынған 5597646 санын бөлінгіш деп, В8 ұяшығына көшіріп жазамыз.

Бөлінгіш 0-ден үлкен, С8 және D8 ұяшықтарында бүтін бөлігі мен қалдығын жазамыз.

Осындай жолдардың бірнешеуін құрамыз.

С13 ұяшығында 0 саны алынады, шарт орындалмайды (бөлінгіш 0>0), сондықтан циклдағы есептеулер аяқталады.

Нәтижесін жазу үшін алынған нәтижелерді соңынан бастап бір жолға жазу қажет. Мұны «Сцепить()» (Тіркеу) функциясының көмегімен жазу керек. A1=4, B1=’курсор‘ болсын. «Сцепить(А1,В1)» Тіркеу (А1,В1) командасының нәтижесі ‘4 курсор’ болады. Егер А1=4, В1=5 болса, оның нәтижесі ‘45’ мәтіні болады. Excel-де осы функцияның көмегімен сандар мәтінге айналады. Егерде ‘45’ ті сан ретінде математикалық әрекеттер үшін қолдану қажет болса, мәтінді «Знач()» (Мәндер()) функциясының көмегімен санға ауыстыруға болады.

Нәтижелер жолына қалдықтарды соңынан бастап жазу үшін сандарды (символдарды) он алтылық санақ жүйесіне ауыстырамыз, F бағанын қараңыз. Ауыстыру үшін осы жүйедегі сандар кестесі болған ыңғайлы, «Вертикальный просмотр ВПР()» (Тігінен қарастыру ВПР()) функциясының көмегімен, Г Қосымшасын қараңыз, тіркеп жинауға сандардың текстік мәндерін алады. G бағанында «Сцепить()» (Тіркеу()) функциясының көмегімен қалдықтарды тіркеп жазамыз. Төменгі F13 ұяшығында қалдықтар жоқ, сондықтан нәтижесі өзгермейді. Кестенің бос ұяшықтары «Если()» (Егер()) функциясы арқылы бос жазбалармен толтырылады.

Тапсырмалар нұсқасы 2.1 кестесінде көрсетілген.

 

2.1 К е с т е Ондық сандарды басқа санақ жүйесіне ауыстыру

Нұсқа

Берілген сан

Берілген жүйе

Нұсқа

Берілген сан

Берілген жүйе

1

52465

2

12

5846102

8

2

1450235

8

13

7458851

16

3

1023658

16

14

55012

2

4

74589

2

15

2054785

8

5

6023152

8

16

2014000

16

6

1451220

16

17

45745

2

7

14562

2

18

7458995

8

8

9542221

8

19

2995102

16

9

5962000

16

20

2200004

8

10

14584

2

21

1454100

16

11

54547

2

22

23563

2

 

2.3 Электр сұлбасын есептеу

2.3.1 Теориялық бөлім

Есептеулер үшін электротехника заңдарын пайдаланыңыз. Ом заңы I=U/R. Тізбектелген екі резистордың эквивалентті кедергісі Rposl=R1+R2. Параллель екі резистордың эквивалентті кедергісі Rpar=R1*R2/(R1+R2). Резисторда бөлінетін қуаттылығы P=I*U немесе P=I*R*R.

Кирхгоф заңы бойынша түйінге кіретін ток шығатын токтардың қосындысына тең. 2.2 суретінде I2=I3+I4. Параллель тізбектелген өткізгіштегі токтың мәні Кирхгоф заңының негізінде есептеледі. Мысалы, I2 тогы белгілі болғанда I3=I2*R4/(R3+R4).

2.2 суретінде көрсетілген электр сұлбасы үшін есептеулерді орындау мысалы. R4 резисторы 3А тогы бар өткізгіштің көмегімен қосылады деп есептейік.

"Входные данные" кестесін енгізілетін кернеу Uvh және өткізгіштің номиналды тогы Ipr ды енгізу үшін қарастырамыз. Есептеулердің нәтижесін шығару үшін "Выходные данные" кестесін қарастырамыз. "Состояние цепи в точке …" ұяшығында, егер өткізгіштің тогы кіші немесе Ipr ге тең болса, және "Перегрузка" немесе ток Iprден үлкен болса "Нормальный режим" жазуы пайда болуы қажет. Ары қарай орындаймыз:

а) R1 және R2 тізбектелген екі резисторларды эквивалентті кедергі R5пен ауыстырамыз.

б) R3 және R4 параллель екі резисторды эквивалентті кедергі R6мен ауыстырамыз.

в) 2.2 суретінде көрсетілгендей эквивалентті 1 сұлбасын аламыз.

г) R5 және R6 параллель екі резисторды эквивалентті кедергі R7-мен ауыстырамыз. 2.2 суретінде көрсетілгендей эквивалентті 1 сұлбасын аламыз.

д) Кіретін Ivh=Uvh/R7 тогын есептейміз. Сосын барлық қалған тізбектегі токтарды табамыз. 2.2 суретінде формулалар көрсетілген.

е) R4 берілген резистордағы ерекшеленген қуаттылықты табамыз.

ж) Өткізгіштің жағдайын анықтаймыз: «Если()» (Егер) функциясын қолданып қалыпты режим немесе қайта қосылу.

Тапсырмалар нұсқасы 2.2 кестесінен алынады. Электр тізбегінің сұлбасы Д қосымшасында келтірілген.

 

2.2 К е с т е – Есептеулер үшін тізбектердің тапсырмалар нұсқасы

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Сұлбаның нөмірі

1

1

1

2

2

2

2

2

3

3

3

Тексерілетін резистор

R1

R3

R4

R1

R2

R3

R4

R5

R1

R2

R3

Ipr

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

 

 

Нұсқа

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

Сұлбаның нөмірі

3

3

4

4

4

4

4

5

5

5

5

Тексерілетін резистор

R4

R5

R1

R2

R3

R4

R5

R1

R3

R4

R5

Ipr

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Өз нұсқаңыз бойынша тұрақты ток тізбегінің электрлік сұлбасын сызыңыз. Барлық резисторлардың кедергісі 20 Ом. Бастапқы кернеуі 10 В болғандағы барлық өткізгіштегі токтарды есептеңіз. Көрсетілген резистордағы көрсетілген/ерекшеленген қуаттылықты анықтаңыз. Өткізгіштердің кедергісі нөл, бірақ өткізгіштегі токтың мәні шектелген деп болжанады. Тексерілетін резисторға қосылатын өткізгіштің жағдайын анықтаңыз.  

 

2.2 СуретЭлектр тізбегінің есептелуі

2.3.2 Макростарды құру

Макростар

Жиі қайталанатын әрекеттерді орындау кезінде қосымшалардың жұмысын автоматтандыру үшін макростар жазылады. Қандай да бір мәні үшін енгізілетін кернеуді ұлғайту үшін макрос жазамыз. 2.2 суретіндегі сияқты 3 ұяшықты ерекшелейміз. Макросты жазар алдында кез-келген мәнді өзгерткен кезде кестенің автоматты есептеуін өшіріп, F9 клавишасын басқан кезде қолмен есептеуге көшеміз. Мұны «Сервис – Параметры – Вычисления – Вручную» (Сервис – Параметрлер – Есептеулер - Қолмен) командасымен орындаймыз. F4-ке енгізілетін кернеудің қадамының мәнін енгіземіз. G4-ке “=E4+F4” қосындысын есептеу формуласын жазамыз.

«Сервис – Макрос – Начать запись» (Сервис – Макрос – Жазбаны баста) командасы арқылы құрылатын программаның жазбасын қосамыз. Бірінші этапта макросты қосу үшін клавишалардың сәйкестігін береміз, Ctrl+m клавишалардың сәйкестігі. Ары қарай макроста VB программалау тілінде автоматты түрде клавишалардың барлық басылулары жазылады, мышканың қозғалысы, Негізгі менюдің командаларының орындалуы.

Макросты құрудың реті:

а) Біріншіден, Е4 ұяшығына енгізілетін кернеудің мәнін көшіріп жазу қажет. Ол үшін:

1) С4 ұяшығын ерекшелейміз. «Правка–Копировать» (Түзету – Көшіру) командасын орындаймыз.

2) E4 ұяшығын ерекшелейміз. Правка – Специальная вставка – Значения (Түзету – Арнайы қою – Мәндер) командасын орындаймыз.

3) Енгізілетін кернеудің алғашқы қосындысын және G4 ұяшығында кернеудің өсірілген мәнін алу үшін F9 клавишасын басамыз.

б) С4 ұяшығына G4 ұяшығында алынған кернеудің өсірілген мәнін көшіріп жазамыз. Ол үшін:

1) G4 ұяшығын ерекшелейміз. «Правка – Копировать» (Түзету – Көшіру) командасын орындаймыз.

2) С4 ұяшығын ерекшелейміз. «Правка – Специальная вставка – Значения» (Түзету – Арнайы қою – Мәндер) командасын орындаймыз.

в) Есептеулерді орындау үшін F9 клавишасын басамыз.

г) Макросты жазуды тоқтатамыз.

Жазылған макростың мәтінін есеп беруде келтіріңіз.

Құрылған макросты 2.3 суретінде көрсетілген C20 ұяшығында «Перегрузка по току» жазбасы шыққанға дейін орындаймыз.

2.3 суреті Қайта жүктеу режимі

 

2.4 Модельдеу

2.4.1 Ыдыстың ең үлкен көлемін табу

Кәсіпорындарда келесі технологиялармен трансформатор майын төгу үшін сыйымдылықты жобалайды. А метр жақтары бар тік төртбұрышты темір беттің бұрыштарынан В метр жақтары бар төртбұрыштар қиылады, сосын жақтарын майыстырып, бекітіп, тік төртбұрышты сыйымдылық жасайды, 2.4 суретін қараңыз. В-ның үлкен шамасының мәні шамамен A/2-ге тең. Дайындау суретін Excel-ге орналастырыңыз. Тәжірибеде В-ның мәнін қандай да бір қадаммен өзгерте отырып, сыйымдылығы әртүрлі ыдыстар аламыз.

2.3 К е с т е Берілген көлемімен ыдысты жобалау

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А-ның бастапқы мәні

0,7

0,75

0,8

0,85

0,9

0,95

1

1,05

1,1

1,2

Көлемі

0,02

0,03

0,035

0,04

0,05

0,06

0,07

0,08

0,09

0,11

Нұсқа

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

А-ның бастапқы мәні

1,2

1,25

1,25

1,3

1,35

1,4

1,45

1,5

1,55

1,6

Көлемі

0,13

0,15

0,17

0,19

0,21

0,24

0,26

0,29

0,33

0,4

 

Өз нұсқаңыз бойынша 2.3 кестесін пайдаланып модельдеуді орындаңыз. Берілген беттен дайындалатын (жасалатын) сыйымдылықтың ең үлкен мәнін табыңыз. 

 

2.4 Сурет Сыйымдылықты жобалау

Электрондық кестемен жұмыс жасау ыңғайлы болу үшін кестенің облыстарын қатайтуды (закрепление) «Окно - Закрепить области» (Терезе – Аймақтарды бекіту) командасының көмегімен орындаңыз.

2.4.2 Беттің ең кішкентай өлшемін анықтау

Ең кіші ұзындығы А-ға тең болғанда 5 дәлдігімен сыйымдылықтың берілген көлемін дайындауға бола ма соны анықтаңыз. Есепті екі әдіспен шешіңіз:

а) берілген сыйымдылықты алу үшін, өлшемін өзгерте отырып, А-ның мәнін тауып көріңіз.

б) есептеулердің нәтижесінде алынған көлемнің мәнін пайдалана отырып, параметрі ретінде А бетінің жақтарын алып, параметрлерді таңдауды орындаңыз.

2.4.3 Параметрлерді таңдау.

Әдетте ұяшықтарда есептеулер жүргізетін формулаларды жазып, нәтижесін алады. Сонымен қатар, Excel кері есептер, яғни алдын-ала жауаптары берілген есептерді шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, сыйымдылықтың мәні 0,33 болу үшін А параметрінің мәні нешеге тең болу керек екенін анықтау қажет. Ол үшін D9 ұяшығын ерекшелеп, 2.4 суретін қараңыз, «Сервис – Подбор Параметра – Значение» (Сервис – Парамаетрлерді талғау – Мәндер) командасы арқылы терезені ашып, Мәндер (Значение) өрісіне 0,33 мәнін енгіземіз. «Изменяя значение ячейки (Ұяшықтардың мәнін өзгерту) өрісіне D5-ті енізіп, ОК-ді басамыз. «Результат подбора» (Нәтижелерді талғау) терезесінде Excel шыққан нәтиже мүмкінбе соны көрсетеді, егер мүмкін болса онда тағы да ОК батырмасын басамыз. Нәтижесінде D5 ұяшығында 1,645 мәні шығады.

Дәл мәні алынбаса, онда А-ның алғашқы мәнін өзгертуге болады немесе тәжірибе санын арттыру қажет.

 

2.5 Функцияның нөлдік мәндерін табу

 

2.5.1 Тапсырма. Y = (X-2)^2-N функциясы берілген. Мұндағы N - 2.4 кестесінен алынған нұсқа бойынша мәні. Х-тің Y=0 болғандағы мәнін табу қажет. Есептеуді екі бөлімге бөлеміз. Дөрекі жауабы және дәл жауабы, табылған Х үшін У-тің мәні модулі бойынша 0,01ден кіші болуы қажет.

2.4 К е с т е с і  – Параболаның нөлдік мәндерін іздеу

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

N

0,5

1

1,5

2

2,5

3

3,5

4

4,5

5

 

Нұсқа

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

N

5,5

6

6,5

7

7,5

8

8,5

9

9,5

10

 

2.5.2 Дөрекі жауабы. Электрондық кестеге енгізілетін берілгендерді толтырып және А, В, С бағандарын толтырыңыз. «Поиск Позиции()» (Позицияны анықтау()) функциясын қолданып Е13 және Е14 ұяшықтарында, функцияның белгісі өзгерген жерде, берілген массивтің жолдарының нөмірін табамыз. Функция екінші реттік болғандықтан мұндай нүктелері екеу болады. «Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы В қосымшасында сипатталған. Одан әрі «Вертикальный просмотр ВПР()» (Тік қарау (ВПР()) функциясын қолданып қиылысатын нүктелері үшін Х пен У-тің мәндерін табу қажет. ВПР() функциясы Г қосымшасында сипатталған.

 

2.5 Суреті  – Алғашқы жуықталған жауабы

Жұмысты бастамас бұрын «Сервис – Параметры – Вычисления – Вручную» (Сервис – Параметрлер – Есептеулер - Қолмен ) командасы F9 батырмасы арқылы қолмен есептеуге көшу қажет. Кестеде 15-20 нүктелер санын және Х-тің бастапқы және соңғы аргументтерін енгізілетін берілгендер ретінде таңдаған жөн. Басқа параметрлері есептелу қажет. Алғашқы дөрекі шешімі үшін функцияның графигін тұрғызыңыз.

Х-тің бастапқы және соңғы аргументтерін өзгерте отырып, графикте қиылысатын екі нүктесінде көрсетіңіз, 2.5 суретін қараңыз.

Осылайша, біз алғашқы жуық мәнін аламыз. Мысалда X=-1,47 болғандағы Y=2,018 мәні алынған. Көріп отырғанымыздай бұл өте дөрекі шешім.

Х осіндегі функцияның мәні дұрыс емес екендігін байқауға болады. Көрсетілген диапазонда дұрыс шешімі (дәлірек айтсақ, нақты шешімі) болмағандықтан функция осындай шешімді көрсетеді. Бұл жағдайда Х-тің бастапқы және соңғы аргументтерін қайта өзгерту қажет.

2.5.3 Дәл шешімі.

Кестені екінші бетке көшіріңіз. Екінші бетте кезкелген нүкте үшін дәл шешімді есептеу орындалады. Егер бірнеше мың нүкте берілетін болса, онда дәл шешімі табылатыны түсінікті. Бірақ, Х айнымалысының аз мәндерін ала отырып шешімді дәл табуға болады. Ол үшін Х-тің бастапқы және соңғы мәндерін алынған кестеден көшіріп ала отырып өзгертеміз. Жаңа кесіндінің бастапқы мәні табылған дөрекі шешімнің жоғарғы жағы, ал кесіндінің соңғы мәні ретінде табылған дөрекі шешімнің төменгі жағы алынады. Яғни, нақты шешімді табу үшін Х-тің диапазоны  -2,00 ден -0,93 ге дейін алуға болады. Кесіндіні өзгерту бірнеше рет орындалуы мүмкін.

Жаңа нақты шешімі 2.6 суретінде көрсетілген.

Назар аударыңыз! Х-тің жаңа мәндерін клавиатурадан терудің қажеті жоқ, себебі экранға сандардың жуықталған мәндері жазылады. Х-тің мәндерін ұяшықтардан көшіріп, оны «Вставка – Специальная вставка – Значения» (Қою – Арнайы қою – Мәндер) командасы арқылы қою қажет.

Шешімі әлі де дәл шешім емес. Екінші рет анықтау үшін кесіндінің бастапқы мәні ретінде 1,2889, ал соңғы мәні ретінде -1,1467 алынады.

 

2.6 Сурет Дәл шешімі

 

2.6 Ұзақ токтың мәні бойынша өткізгіштерді таңдау

 

2.6.1 Теориялық бөлімі

Үшфазалық желінің жүктемесінің (қозғалтқыштың) қуаты берілген. Жүктемені қосу үшін алюминийлік өткізгіштердің қималарын анықтайық.

Алгоритмнің шешімі. Алдымен үшфазалық желінің берілген жүктемедегі тогын формула бойынша есептейік:

мұндағы P – кВт бойынша қуат;

U – вольтпен берілген кернеу;

cosj - активті және реактивті токтардың ара-қатынасын ескеретін қуат коэффициенті.

Нормативті документте келтірілген «Алюминийлік өткізгіштердің рұқсат етілген тогы» кестесі бойынша рұқсат етілген Iпр тогы жүктеменің тогына тең немесе одан үлкен болатындай өткізгіштің қимасын таңдау керек. Excel-де «Поиск Позиции(;;-1)» (Позицияны анықтау(;;-1)) функциясының көмегімен «Алюминийлік өткізгіштердің рұқсат етілген тогы» кестесінде Iпр тогы үлкен немесе тең болатын баған жолын табамыз (кесте кему реті бойынша орналасуы керек).

Мысалда ізделініп отырған 121,64 ампер тогы 135 амперге тең кестенің 3 жолын көрсетті. «Вертикальный просмотр ВПР()» (Тік қарау (ВПР()) функциясының көмегімен (Г қосымшасына қараңыз), сол кестеден сол бағанда, яғни 3 бағанда өткізгіштердің қимасы анықталады. Қиманың табылған мәні 70 мм2.

 

2.7 Сурет Өткізгішті таңдау

 

«Алюминийлік өткізгіштердің рұқсат етілген тогы» кестесін 2.7 суреттен таңдаңыз. Нұсқа бойынша берілгендерді 2.5 кестесінен алыңыз.

2.5 К е с т е –Электрлі тізбек үшін өткізгіштерді таңдау.

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Р, кВт

5

10

13

16

20

25

28

30

32

35

U, В

220

220

220

220

220

220

220

220

220

220

cosj

0,5

0,55

0,6

0,65

0,7

0,75

08

0,85

0,9

0,95

 

Нұсқа

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

P, кВт

5

10

15

20

25

30

35

40

45

50

U, В

380

380

380

380

380

380

380

380

380

380

cosj

0,5

0,55

0,6

0,65

0,7

0,75

08

0,85

0,9

0,95

Қолданушыға осындай типті дайын өнімді беру кезінде әдетте бағандарын белгілеп және контексті менюді қолданып «Алюминийлік өткізгіштердің рұқсат етілген тогы» кестесін жасырады. Сыртқы құрылғыға көшіру кезінде бұл кестені жасырыңыз. Сонымен сыртқы құрылғыда тапсырманың кестемен және кестесіз 2 нұсқасы болу керек.

 

2.7 Бақылау сұрақтары

1.           Санақ жүйесін не үшін білу қажет?

2.           Бір санақ жүйесінен келесі санақ жүйесіне өту алгоритмін көрсетіңіз.

3.           Мәтіндік функция жөнінде айтып беріңіз.

4.           Excelде сыйымдылықты жобалаудағы моделдеу жөнінде айтыңыз.

5.           Excel де теңдеуді шешу қалай жүзеге асады?

6.                        «Поиск Позиции(;;-1)» (Позицияны анықтау(;;-1)) функциясының жұмысы.

7.           «Вертикальный просмотр ВПР()» (Тік қарау (ВПР()) функциясының жұмысы.

8.           Абсолютті және салыстырмалы сілтемелердің айырмашылығы неде?

9.           Бетті қорғау жөнінде айтып беріңіз.

10.       Макростың тағайындалуы мен құрылуы.

11.       Диаграммаларды құру. Диаграммалардың типі.

12.       Неліктен кестенің бір бөлігін жасырады?

 

3 3 Есептіксызба жұмысы

 

Жұмыстың мақсаты инженерлік есептерді шығаруда программалауды үйрену

 

3.1 ЕСЖ-ны орындауға жалпы талаптар

 

Жалпы талаптар кіріспе бөлімінде көрсетілген. 3 ЕСЖ-ның мазмұны:

- сыртқы беті;

- мазмұны;

- әрбір беттегі ЕСЖ-ның нұсқасы көрсетілген жоғарғы және ортасында беттің нөмірі көрсетілген төменгі колонтитул;

- әрбір есепке тапсырма;

- блоктарды көрсететін құрылымдық түрде шығарылған әрбір есептің мәтінінің программасы. Pas кеңейтілімі бар мәтіндік файлдар Word-та ашылады. Әрбір жолда бір ғана өрнек көрсетіледі. Өрнектер 10-15 символдан тұратын қысқа болуы керек;

- кез-келген қолданушы сіздің программаңызбен қосымша түсініктемелерсіз жұмыс істеу үшін қорытынды форматталған, хабарлы және түсінікті болуы керек;

- орындалатын есептеудің дұрыстығының дәлелдемесі. Ол берілген мәндерді енгізу және шығару бойынша анықталады. Сонымен қатар, барлық аралық нәтижелерді шығару керек, ал егер жолдардың саны 18-ден асатын болса, онда олардың тек бір бөлігін ғана шығарады, мысалға әрбір 5-ші нәтиже шығарылады. Орыс мәтінін латын әрпімен жазу кезінде орыс әріптері мен латын әріптерінің арасындағы сәйкестікті ескеру керек. Бұл сәйкестіктер aipet.kz сайтында келтірілген,

- программаның нәтижесін экраннан ақ түсті фонда қара түсті әріппен суреттің көшірмесі түрінде келтіру керек, қажет болса «Обратить цвета» (Түстерді қарату) командасының көмегімен суреттің белгіленген бөлігін инверсиялау;

- Word-та немесе сызғышпен салынған әрбір программаның блок-сұлбалары.

Оқытушының талабы бойынша ЕСЖ сыртқы тасымалдаушының көмегімен көрсетіледі.

 

3.2 Программаларды құрудың технологиясы

 

3.2.1 Орындалатын файлды құру

Алдымен программа Pascal ортасындағы мәтіндік редактордың көмегімен файлға жазылады. Программаны орындауға жіберген кезде (Ctrl+F9 батырмасының комбинациясын басып) компилятор программаны екілік файлға ауыстырады. Бұл екілік файл машиналық командалар мәліметтер жиынтығынан тұрады. Мұндай файлды орындалатын файл деп атайды. Үнсіз келісім бойынша орындалатын файл дербес компьютердің оперативті жадысында сақталады. Compile менюінде Destination memory орнатылған. Орындалатын файлды сонымен бірге тұрақты жадыға да жазуға болады. Орындалатын файлды Bin папкасына сақтар кезде Compile менюіне Destination Disk  мәнін орнатамыз. Орындалатын екілік файлдар exe немесе com кеңейтіліміне ие болады. Егер программаға жақсы түсініктемелер берілсе, сол орындалатын файлды дайын өнім ретінде кез-келген пайдаланушы қолдана алады.

 

3.3 Массивтерді құру

 

Көп ретті орындалатын қандай да бір өлшеулер, мысалы ауа температурасын әрбір сағат сайын өлшеу, желдің күші өнеркәсіп бұйымдарының диаметрлерін және т.б. өлшеулерді мәліметтер массиві деп атайды. Мұндай мәліметтерді программалау көмегімен өңдеу кезінде дербес компьютердің жадысында арнайы құрылымдар құрылады. Бұл құрылымдарды массивтер деп атайды. Бұл құрылымдарға алдын-ала анықталған мәліметтер тасымалданады. Массив дербес компьютердің оперативті жадысында ортақ аты бар ұяшықтардың блогы ретінде көрсетіледі. Массивтің әрбір ұяшығы нөмірленуі, идентификациялау және өңдеу кезінде пайдаланылатын циклдарды қолдануға мүмкіндік береді. ДК жады құрылғысына сәйкес массив ұяшығына Pascal тілінде енгізілген мәліметтер типтерінің арасынан таңдалған бір типті мәліметтер енгізуге болады.

Массивтің бастапқы мәндері ДК-нің тұрақты жадысына Блокнот-тың немесе Word процессорының көмегімен мәтіндік файл түрінде (txt кеңейтіліміндегі) жазылады. Осы кезде сандық мәліметтер автоматты түрде кодтар түріндегі символдар саны 8-ден аспау керек. Программаның жұмыс жасалуы кезінде осы мәліметтер циклдың көмегімен Pascal программасы арқылы құрылған массивке көшіріледі. Файлды оқу кезінде, автоматты түрде,  мәтіндік файл символдары программада көрсетілген айнымалы типтеріне түрлендіріледі.

Төменде Tem.txt мәтіндік файлдағы мәліметтерді массивке салыстырып оқу және массив элементтерінің қосындысын есептеу программасының мысалы келтірілген. Мәтіндік файлдың символдары Integer типіне түрлендіріледі. Программада ерекше FB файлдық айнымалысы бар. Бұл айнымалы қандай типтегі файлмен жұмыс жасау керектігін анықтайды. Біздің жағдайда файлдық айнымалының типі – бұл мәтін. Бұл айнымалы Var FB: text өрнегімен хабарланады. Файлдық айнымалының атын әдетте ереже бойынша жазады.

 

Program Text_File;

   uses CRT;

   var  FB: text;     { FB  файлдық айнымалысы мәтін түрінде хабарланады}

        B, i, n, S: integer;

        A: array[0..30] of integer;  {Мәліметтерді жазуға арналған массив}

begin clrscr;

      Writeln; Writeln (' Text File');

      assign (FB, 'tem.txt');          { FB-ні мәтіндік файлмен байланыстырамыз}

      Reset (FB);    {Файлды оқу үшін ашамыз}

      I:=0; S:=0;                        

      While not Eof (FB)  do    {Циклдың қайталану шарты}

      begin

          i:=i+1;                  {Массивтің элементінің индексін бірге арттырамыз}

          Read (FB, A[i]);  { Tem.txt  файлынан санды оқып, оны}

          Write (A[i]: 4);    { A[i] массвінің ұяшығына жазамыз}

      end;

      close (FB);                        {Файлды жабамыз – міндетті команда}

      Writeln; Writeln ('  i=', i); {Массивтегі сандардың мөлшері туралы хабарлау}

      For n:=1 to i do S:=S+A[n]; {Массив элементтерінің қосындысын санаймыз}

      Writeln ('  S=', s);

end.

Түсініктемелер. Tem.txt файлы Bin папкасында орналасу керек. While циклы программада Eof белгіленуі кездескенше, яғни  символ файлдың соңына жеткенше орындала береді. Файлдан оқу Read() және Readln() немесе шығару Write() командаларында файлдық айнымалылар болу қажет.

Келтірілген программаның нәтижесі төмендегі 3.1 суретінде көрсетілген.

Бұл суретте сандарды Read() командасын пайдалана отырып пробел арқылы немесе әртүрлі жолдарда жазуға болатыны көрінеді. Соңғы нөл саны Блокнотқа 100 санын жазғаннан кейін курсор Enter-дің көмегімен жаңа жолға көшірілгендіктен пайда болды. Нәтижесінде файлда қате шақыратын жолды көшіру (аудару) символы пайда болды. Соңғы саннан кейін пробел болмауы қажет, әйтпесе тағы да артық нөл шығуы мүмкін.

3.1 СуретіМәтіндік файлды Pascal-да көрсету

Мәліметтердің максимумын (Мах) іздеген кезде, алдымен Мах айнымалысына массивтің барлық элементтерінен кіші мән беріледі. Мәліметтердің минимумын (Min) іздеген кезде, алдымен Min айнымалысына массивтің барлық элементтерінен үлкен мән беріледі. Массив элементтері аз болған жағдайда мәліметтер пернетақтаның көмегімен енгізіледі.

 

3.4 Тапсырма 1. Ондық сандарды басқа санақ жүйесіне аудару

 

Аударудың алгоритмі 2 бөлімде көрсетілген. Екілік және сегіздік жүйелерге аудару өте қарапайым. Қалдықтарды массивке жазып, олардың санын санап және оны For-downto циклдық операторының көмегімен кері ретпен жазу қажет. Енгізілетін айнымалылар үшін, қалдық пен бүтін бөлік үшін олардың типтерін Longint деп бірдей қылып алған жөн.

 

3.2 Суреті сандарды ауыстыру нәтижесін шығару

Оналтылық жүйеге аудару қиындау. Қалдықтарды басып шығарар кезінде Case операторын пайдалану керек, өйткені 9-дан үлкен қалдықтар шыққан кезде оларды сәйкесінше әріптермен көрсету үшін, мысалы, 10 санының орнына А латын әрпі. 3.2 суретінде аударудың нәтижесі көрсетілген.

 

3.5 Тапсырма 2. Сыйымдылықтың берілген көлемі үшін іздеу парағы

 

Есептің шығарылу алгоритмі 2 ЕСЖ-да көрсетілген.

Нұсқаулықтар. Алдымен берілген парақтағы сыйымдылықтың максималды көлемін табу есебін шешіңіз, сол жақтағы 3.2 суретін қараңыз. Программа орындалғаннан кейін тәжірибе санын 100-ге өсіріңіз, соңғы нәтижені ғана қалдырып аралық нәтижелерді алып тастаңыз және экранды тазалауға рұқсат  етпеңіз.

 

3.3 Суреті Сыйымдылықтың көлемі

Берілген көлем 1,39-ға тең болсын. Кесіндіні қақ бөлу әдісімен көлемді есептейік, 3.4 суретін қараңыз.

3.4 суреті - Кесіндіні қақ бөлу әдісі

 

Алдымен А ұзындығының 1.2-ден 1.25-ке дейінгі берілген диапазонындағы сыйымдылықтың көлемін есептейміз. Талап етліген көлем А мәнінің берілген шектерінде орналасқанына көз жеткіземіз. Ары қарай А парағының ұзындығын анықтап аламыз, А=1,225 аламыз, сыйымдылықтың көлемі 0,1362 – ке тең болды, яғни жеткіліксіз, сондықтан А-ны өсіру керек. А диапазонын 1,22-ден 1,25-ке дейін қақ бөлеміз, А=1,237 мәнін аламыз, сыйымдылықтың мәні артық болып шықты. Осыдан кіші мән алу керек. Кесіндіні 1,237-ден 1,225-ке дейін бөлеміз, А=(1,237+1,225)/2=1,231 аламыз. Сыйымдылықтың көлемі жеткіліксіз болып шықты? Сондықтан А-ны өсіру керек. А=(1,231+1,237)/2=1,234 есептедік. Нәтиже 3.4 суретте көрсетілген. Сыйымдылықтың көлемі жеткілікті дәл болып шықты.

Тапсырма нұсқалары 3.3 кестесінде көрсетілген.  

3.3 К е с т е  – Берілген көлемімен сыйымдылықты жобалау

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Алғашқы диапазон

0,6-

0,7

0,7-0,75

0,75-0,8

0,8-0,85

0,85-0,9

0,9-0,95

0,95-1,0

1,0-1,05

1,05-1,1

1,1-1,2

Көлемі

0,018

0,027

0,035

0,04

0,05

0,06

0,07

0,08

0,09

0,11

 

Нұсқа

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Алғашқы диапазон

1,2-1,25

1,25-1,3

1,3-1,35

1,35-1,4

1,4-1,45

1,45-1,5

1,5-1,55

1,55-1,6

1,6-1,7

1,7-1,8

Көлемі

0,135

0,155

0,17

0,19

0,21

0,24

0,26

0,29

0,33

0,4

 

3.6 Тапсырма 3. Массивпен жұмыс

 

1-ден 10-ға дейінгі тапсырмалар нұсқасы 3.4 кестесінде көрсетілген.

Желэлектрстанциясы электрэнергияны сыртқы тұтынушыларға желдің жылдамдығы Vn м/с –тан жоғары болған жағдайда ғана береді. Мәтіндік файлда көрсетілген уақыттан бастап 12 сағат ішіндегі желдің орташа жылдамдығы жазылған. Жел күшінің диапазоны 0-ден 20 м/с дейін. Жел күшінің минималды (Min) немесе максималды (Max) уақытын және желдің орташа жылдамдығын (Sred)  анықтаңыз. Өндірілген энергияның мөлшерін анықтаңыз.

3.4 К е с т е  Желэлектрстанциясы бойынша тапсырмалар

Нұсқа

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Қуаты, кВт

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

Vn, м/с

3

3,5

4

4,5

5

3

3,5

4

4,5

5

Бастапқы уақыты, сағ

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Анықтау қажет

Max

Min

Sred

Max

Min

Sred

Max

Min

Sred

Max

 

3.5 суретінде желэлектрстанциясының жұмысы үшін 4-тен 15-ке дейінгі шешімі көрсетілген. Массивтің мәндері көрсетілген мәтіндік файл және программаның жұмысының нәтижесі келтірілген.

 

3.5 Суреті  – Желэлектрстанциясының жұмысы

11-ден 20-ға дейінгі тапсырмалар нұсқасы 3.5 кестесінде көрсетілген. Мәтіндік файлда көрсетілген уақыттан бастап 12 сағат ішіндегі ауаның орташа температурасы жазылған. Температура үшін шындыққа жанасатын мәндерін көрсетіңіз. Температураның өзгеру диапазоны +10-нан +30 градусқа дейін.

Берілген нұсқаларға байланысты температураның минималды (Min) немесе максималды (Max) уақытын және орташа температураны (Sred) анықтаңыз. Тиімді температураның суммасын анықтаңыз, яғни температура суммасының 16 градустан асқан кезі (ТЭФ=Т-16). Программаның нәтижесі 3.5 суретіне ұқсас болуы керек.

 

3.5 К е с т е  Температура массивін өңдеу бойынша тапсырма

Нұсқа

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

Бастапқы уақыт

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Анықтау қажет

Max

Min

Sred

Max

Min

Sred

Max

Min

Sred

Max

 

3.7 Бақылау сұрақтары

1.           Сызықты құрылым туралы түсінік.

2.           Тармақталған құрылым нені білдіреді?

3.           Цикл дегеніміз не? Циклдардың типі.

4.           Массив деген не?

5.           Берілгендердің типі жөнінде айтыңыз. Олар не үшін қажет?

6.           Программа жұмысының дұрыстығы жөнінде қандай критерий бар?

7.           Форматты және форматсыз шығару қалай жазылады?

8.           Массивтің нақты ұяшығын қалай көрсетуге болады?

9.           Максимум мен минимум үшін бастапқы мәндерді беру.

10.       Оперативті жадыға мәтіндік файлдан тұратын массивті қалай жазуға болады?  


А Қосымшасы

Суреттер нұсқасы 

1 Нұсқа

2 Нұсқа

3 Нұсқа

 

4 Нұсқа

5 Нұсқа

6 Нұсқа

 

7 Нұсқа

8 Нұсқа

9 Нұсқа

 

 

 

 


 10 Нұсқа

11 Нұсқа

12 Нұсқа

 

13 Нұсқа

 

   

14 Нұсқа

 

     

15 Нұсқа

 

               

 

 

 

16 Нұсқа

 

   

17 Нұсқа

 

 

      

18 Нұсқа

 

 

 

 

19 Нұсқа

 

                         

20 Нұсқа

         

21 Нұсқа

       

                      

 


Б Қосымшасы

Web-беттердің мазмұны

 

«Біздің жетістіктеріміз» беті

Біздің фирма 1990 жылы құрылған. Қазіргі таңда ол Орта Азия елдерінде энергиямен қамтамсыз ететін алғашқы өнеркәсіптердің бірі... (фирма жөніндегі әңгімені жалғастырыңыздар, бас конструктордың жұмысы, желі үшін құрастырылған микросхеманың пайдасы, қызметкерлердің жазған  кітаптары және мақалалары жөнінде жазыңыз).

                       .                         

Бас конструктор                   Қорғау микросұлбасы                    Біздің еңбектер

 

«Біздің қызметкерлер» беті

 

«Біздің қызметкерлер» бетіне кесте қойыңыз. Кестенің стилі мен тақырыбын таңдаңыз. Кестеге 6-7 жазба енгізіңіз. Суреттер қойыңыз.

 

Біздің қызметкерлер

Аты-жөні

Сурет

Қызметі

Бөлімше

 

 

 

 

Қоқымбаев К.Т.

Сурет қойыңыз

Вице-президент

Әкімшілік

Серегин С.С.

Сурет қойыңыз

Бас энергетик

Энергетиктер бөлімі

 

 

 

 

Фирмалардың адрестері

Электронды пошта адресі

aprom@almaty.kz

Интернеттегі адресі

http://www.aprom.kz

Қызмет телефондары

8-390-786787

Факс

8-390-786955

 


 В Қосымшасы

«Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы

«Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы:

«Поискпоз(ізделетін мән; қарастырылатын массив; сәйкестік типі)» (Позицияны анықтау(ізделетін мән; қарастырылатын массив; сәйкестік типі))

Ізделетін мән – бұл аргументтің мәндерімен сәйкес келетін қарастырылатын массивтегі мән (яғни, ұяшықтар диапазоны). Ізделетін мән қандай да бір мән (сан, мәтін, логикалық мән) немесе сан, мәтін немесе логикалық мәндерден тұратын ұяшықтың сілтемесі (адресі).

Қарастырылатын массив – ізделетін мәні бар ұяшықтардың шексіз интарвалы. Қарастырылатын массив массив немесе массивке сілтеме болуы мүмкін.

Сәйкестік типі – 0, 1 немесе -1 сандары. Сәйкестік типі Microsoft Excel қарастырылатын массивтегі мәндермен ізделетін мәнді сәйкестендіреді.  Егер сәйкестік типі 1-ге тең болса, онда «Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы ізделетін мәннен кіші немесе тең болатын қарастырылатын массивтегі ең үлкен мәнін табады. Қарастырылатын массив өсу реті бойынша реттелген болуы керек: ..., -2, -1, 0, 1, 2, ..., A-Z, Ложь, Истина.

Егер сәйкестік типі 0-ге тең болса, онда «Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы қарастырылатын массивте ізделетін мәннің аргументіне тең келетін алғашқы мәнін табады. Қарастырылатын массив өсу реті бойынша реттелмеген болуы да мүмкін.

Егер сәйкестік типі -1-ге тең болса, онда «Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы қарастырылатын массивте ізделетін мәнге тең немесе одан кіші мәнді табады.  Қарастырылатын массив кему реті бойынша реттелген болуы керек: Истина, Ложь, Z -A, ..., 2, 1, 0, -1, -2, ...

Ескерту. Егер «Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы қарастырылатын массивтің ең соңғы жолын табылған мәні ретінде көрсететін болса, қарастырылатын диапазонның мәнін өзгертіп оны қайта тексерген жөн. Мүмкін, шынымен де қарастырылатын массивте шешімі болмауы мүмкін.

«Поискпоз()» (Позицияны анықтау()) функциясы қарастырылатын массивте ізделетін мәнге жуық немесе тең болатын мәннің жолының нөмірін тауып беретін функция.


Г Қосымшасы

«Вертикальный просмотр ВПР()» (Тік қарау (ВПР()) функциясы

 

Вертикальный просмотр «Вертикальный просмотр ВПР()» (Нәтижелерді тік қарау (НТҚ()) функциясы келесі түрде жазылады:

НТҚ (ізделетін мән; кесте; баған нөмірі; аралық көру) .

Кесте – берілгендерді іздейтін ақпараты бар ұяшықтар диапазоны (кесте). Кейде аралыққа сілтеме немесе аралық атын, мысалы, Мәліметтер Қорын немесе Тізім-ді пайдалануға болады.

Ізделетін мән – берілген массивтің бірінші бағанынан табылатын мән. Ізделетін мән қандай да бір мән, сілтеме немесе мәтіндік жол болуы да мүмкін.

Егер аралық көру Ақиқат мәніне тең болса, онда кесте аргументінің бірінші бағанындағы мәндері өсу ретімен орналасқан болуы қажет: ..., -2, -1, 0, 1, 2, ..., A-Z, Жалған, Ақиқат. Егер мұны орындамаса ВПР  функциясы дұрыс емес нәтижені береді. Егер аралық көру Жалған мәнін берсе, онда кесте сұрыпталмаған.

Баған нөмірі – бірінші бағандағы ізделетін мәнді сол жолдағы табылған мәнге қайтаратын көрсетілген кестедегі баған нөмірі.

Мысалы. Г1 суретінде көрсетілген кестеге НТҚ(3; А23:С35; 3; Жалған) функциясын қолданып көрейік. Функция көрсетілген аралық бойынша бірінші бағандағы 3 санын тауып 3 жолға оның мәнін 70 деп, осы жолдағы  үшінші бағанға нәтижесі ретінде көрсетеді.

Г.1 Суреті
Д
Қосымшасы

Тұрақты ток тізбегінің тапсырма сұлбасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 


Әдебиеттер тізімі

1.     Информатика. Базовый курс. Учебное пособие для вузов под ред. Симоновича С.В., -СПб.: Питер, 2003.

2.     Безручко В.Т. Практикум по курсу «Информатика». Работа в Windows, Word, Excel. –М.: Финансы и статистика, 2003.

3.     Маликова Л.В., Пылькин А.Н. Практический курс по электронным таблицам MS Excel.  – М.: Горячая линия – Телеком, 2004.

4.     Культин Н.Б. Turbo Pascal в задачах и примерах. – СПб.: БХВ, 2005.

5.     http://www.rntb.nets.kz – сайт Республиканской Научно-Технической библиотеки (РНТБ).

6.     Истомин Е.П., Неклюдов С.Ю., Романченко В.И. Информатика и программирование. –СПб.: АИД, 2008.

7.     Каблукова Г.В., Титов В.М. Компьютерный практикум по информатике. Офисные технологии. –М.: ИД Форум-Инфра-М, 2008.

8.     Лесничая И.Г., Романова Ю.Д. Информатика и информационные технологии (Конспект лекций). –М.: ООО Издательство Эконом, 2006.

9.     Степанов А.Н. Информатика. –СПб.: Питер, 2007.

10.  Пестриков В.М., Маслобоев А.Н. Turbo Pascal 7.0. Изучаем на примерах. –СПб.: Наука и техника, 2004.

11.  Лукин С.Н. Turbo Pascal 7.0. Самоучитель для начинающих. –М.: Диалог МИФИ, 2002.

12. Андреева Т.А. Программирование на языке Pascal. –М.: Бином, 2006.

13. В. М. Тарасов. Информатика. Методические указания к выполнению расчетно-графических работ для студентов всех форм обучения  специальности 5В0718 – Электроэнергетика. - Алматы: АИЭС, 2009. –40  с.

 

2009 ж. жоспары, реті ____