АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

ИНЖЕНЕРЛІК КИБЕРНЕТИКА КАФЕДРАСЫ

 

 

 

                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ИНФОРМАТИКА. Turbo Pascal ТІЛІ

3 бөлім

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 (барлық мамандықтың студенттері үшін)

 

 

 

 

                                                                       

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы 2005

                                                      

 

 

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Сүйебаева Л.Б., Ешпанова М.Д., Сябина Н.В.

Информатика. Turbo Pascal тілі. 3 бөлім. Зертханалық жұмыстарды

орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар  (барлық мамандықтың

студенттері үшін). - Алматы: АИЭС, 2005.- 30 б.

        

 

       «Информатика» пәнінен әдістемелік нұсқау 4 бөлімнен тұрады. 1 және 2 бөлімдер - Windows операциялық жүйесімен, MS Word, MS Excel, MS Access офистік бағдарламасымен, CorelDraw сызбалық редакторымен және Интернетпен жұмыстан тұрады. 3 және 4 бөлімдер Turbo Pascal бағдарламалау тілінің негізіне арналған.

        Әдістемелік нұсқау (3-бөлім) әртүрлі құрылымдағы алгоритмдерді бағдарламалау әдісін меңгеруге арналған және үш зертханалық жұмыстан тұрады: «Сызықты құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау», «Тармақталып   құрылған алгоритмдерді бағдарламалау» және «Циклді құрылымды алгоритмді бағдарламалау».

        Әрбір зертханалық жұмыста оны орындауға арналған, нақты мысалдармен бекітілген және қажетті түсіндірмелер, сонымен қатар тапсырмалар нұсқалары мен бақылау сұрақтары көрсетілген теориялық мағлұматтар беріледі. Қосымшада барлық қажетті материалдар бар.

        Әдістеме барлық мамандықтың студенттеріне арналған. 

         Без. 7, кесте. 7, библиогр. – 5 атау.

 

 

 

 

 

 

 

         Пікір беруші: тех. ғыл. канд, доц. Ибраева Л.К.

 

 

 

 

 

         Алматы энергетика және байланыс институтының 2004 ж. жоспары бойынша басылды.

 

 

 

 

 

 

©       Алматы энергетика және байланыс институты, 2005 ж.

 

Мазмұны

 

Кіріспе ....................................................................................................... 4

1 зертханалық жұмыс. Сызықты құрылымды алгоритмдерді

бағдарламалау ........................................................................................ 5

№ 2 зертханалық жұмыс. Тармақталып   құрылған бағдарламаның алгоритмі ................................................................................................. 8

№3 зертханалық жұмыс. Циклді құрылымды алгоритмді бағдарламалау           16

А қосымшасы................................................................................................      23

В қосымшасы...........................................................................................      24

С қосымшасы...........................................................................................      25

Д қосымшасы................................................................................................      26

Әдебиеттер тізімі...................................................................................... 30

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

     Информатикада студенттерде алгоритмдік әдіспен ойлау қабілетін түзу  маңызды рөл атқарады. Ол  жалпы дамуға және жаңа ақпараттық технологиялармен таныстырады. Адамның ЭЕМ-мен байланысу үшін  қарым-қатынастық тіл керек, сондықтан  арнайы бағдарламалау тілдері құрылып және кең қолданылады.

     Паскаль тілі ХХ ғасырдың 70-нші жылдарында  швейцар профессоры Никлаус Виртпен бағдарламалауды жүйелік оқыту құралы ретінде шығарылды. Бұл тіл құрылымдық бағдарламалау элементтерінен (тізбекті, тармақты, циклдық құрылымдар) және мәліметтер құрылымынан (массивтер, жазбалар, файлдар және т.б.) тұрады.1983 жылы француз математигі Филипп Кан Турбо Паскаль деп аталатын тез жұмыс істейтін,  жинақы компилятор шығарды. 1992 жылы Borland International фирмасы интерфейсі жақсартылған және одан да тез компиляторлы Турбо Паскаль 7.0 тілінің кезекті түрін шығарды.

      Паскальдің бағдарлама құру негіздері  Ада, Модула-2, Си және т.б. тілдерде дамыды. Турбо Паскаль логикалық құрылымын сақтай отырып, үлкен бағдарлама құруға мүмкіндік береді. Оған қатар Паскаль қарапайым болғанмен инженерлік есептерді шығаруда тиімді құрал.

      Ұсынылған зертханалық жұмыстарды  (3 және 4 бөлім)  орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар информатика курсының ең негізгі “Алгоритмдеу және бағдарламалау”  бөлімін  студенттің жеке меңгеруіне көмекші ретінде шығарылған. Бағдарламалаудың негізгі мәселелерін мазмұндау мысалдармен және қажетті түсіндірулермен қатар жүреді.  Ал барлық қажетті анықтамалық мәліметтер қосымша бөлімде. Зертханалық жұмыстарды орындауға келесі шарттар қойылады:

        -зертханалық жұмыстарды орындауда студенттер блок-сұлба құруды, бағдарламалауды, тіл операторларын қолдануды үйренеді;

             -зертханалық жұмысты орындау алдында жұмыстың мазмұнын (қажет болса қосымша әдебиет) оқып,   титулдық беттен, нұсқа тапсырмасынан, блок-сұлбадан, бағдарламадан және бақылау сұрақтарына жауаптардан тұратын жұмысты орындау жоспарын дайындау қажет. Тапсырма нұсқасын мұғалім береді.  Дайындалмаған студенттер  жұмысты орындауға жіберілмейді;

              -компьютерде жұмысты орындау кезінде студент алынған жауапты талқылап жұмыс бетіне түсіруі керек;

              ұғалім дұрыс деген жағдайда ғана студент жұмысын қорғай алады.

 

 

 

 

 

 

 

 

1 зертханалық жұмыс. Сызықты құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау

 

Жұмыстың мақсаты алгоритмдерді құру ережелерімен, Паскаль тіліндегі бағдарлама құрылымымен танысу, арифметикалық өрнектерді жазу ережелерімен,  сызықты құрылымды алгоритмдердің ерекшеліктерімен танысу және меншіктеу, енгізу, шығару операторлын қолдану.

 

1.1 Алгоритм және блок-сұлбасы

ЭЕМ-да есептеулерді жүргізу үшін келесідей дайындықтар жүргізіледі: тапсырманың математикалық тұжырымдауы, есептеу алгоритмін құру, бастапқы мәндерін дайындап, бағдарлама жазу.

Алгоритм – дегеніміз есеп шығару әдісін бірнеше сәйкес жүйелікке бөліп, соны суреттеу, бөліктерді бір-бірімен байланыстыру, орындау тәртібін анықтау.

Алгоритмнің түрлерінің бірі  - графикалық түрі, ол  блок-сұлба түрінде орындалады. Блок-сұлба – ол бір-бірімен бағыттама арқылы байланысқан геометриялық фигуралар (блоктар) жинағы. Әр фигураның ішінде тиісті математикалық формула жазылады. Кез келген алгоритм сызықты, тармақты, циклдық құрылымдарға байланысты өзгеріп отырады.

 

1.2 Турбо Паскаль тілінің ерекшеліктері және бағдарлама құрылымы

Турбо Паскальдің ерекшелігі – ол бағдарлама құрылымына қатысты. Турбо Паскаль тілінде бағдарлама символдар тізбегі ретінде жүреді. Ол символдар: латын әріптері, араб сандары, амалдар және тыныс белгілері. Бастапқы берілгендерді, есеп шешімін, аралық берілгендерді белгілеу үшін айнымалылар қолданылады, олардың аттары тек а, b, X,Y және т.б. әріптерден ғана емес және де символдар тізбегінен тұруы мүмкін (мысалы: х1, time, alfa және т.б., бірақ олар тек әріптен басталуы керек). Кілттік сөздер дегеніміз – осы тілде операторларды жазуда қолданылатын аттар. Айнымалыларға берілетін аттар кілттік сөздермен сәйкес болмауы керек. Амалдар және кілттік сөздер тізімі В1 және В2 кестелерінде берілген. Бастапқы берілгендер және есептің жауаптары айнымалы мәні деп аталады.Тұрақтылардың айнымалылардан айырмашылығы ол бағдарлама барысында мәнін өзгертпейді. Сандар ондық жүйеде жазылады, ал үтір орнына нүкте қойылады: 0, -19, 0.27, 3.1415 және т.б.

Паскаль тілінде қолданылатын негізгі типтер: нақты (real), бүтін (integer), шартты (boolean) және символдық (char). Бүтін және нақты сандарды бірнеше түрде бейнелеуге болады (В3-кесте).

Паскальдің ең қарапайым бағдарлама құрылымы С1 кестесінде көрсетілген. Сипаттау бөлігінде бағдарлама аты, белгілер және тұрақтылар, айнымалылар және олардың типтері беріледі. Бағдарламаның негізгі бөлігі орындау бөлігі болып табылады, яғни компьютер орындайтын операторлар тізбегі.

Күрделі арифметикалық өрнектер арифметикалық амалдармен  байланысқан тұрақтылар мен айнымалылардан құралады. Ол өрнектерде жақшалар және функциялар қолданылады. Арифметикалық өрнектерді құру кезінде келесі ережелер сақталуы тиіс:

-                      екі арифметикалық амал қатар тұрмауы қажет;

-                      деңгейі бойынша келесі амалдар орындалады: функция көрсеткіштері, солдан оңға қарай көбейту және бөлу, солдан оңға қарай қосу және алу, бірақ бұл тізбекті жақша бұзады, яғни ең бірінші орындалатын амал - жақша іші.

 

1.3 Сызықты құрылымды алгоритм және онда қолданылатын операторлар

Егер барлық амалдар бірінен соң бірі тізбектеліп орындалса оны сызықты алгоритм дейді.

Меншіктеу операторы айнымалының мәнін өзгертуге мүмкіндік береді. Ол  D1-кестесінде көрсетілген. ":=" белгісінің он жағындағы амал есептеліп, сол жағындағы айнымалыға меншіктеледі, ал айнымалының алғашқы мәні жойылады. Мысалы: Р:= 5; (Р айнымалысына  5 саны жазылады).

Мәліметтерді енгізу және  шешімді шығару үшін енгізу және шығару процедуралары қолданылады (D1-кестесі). Шығарудың форматты және форматсыз шығару  тәсілдері бар.

 

1.4 Сызықты алгоритмге және бағдарламаға мысал

a  және b айнымалылары берілген.  функциясының мәнін табу керек.

Алгоритмді құру барысында бірдей өрнектерді табу керек (мұнда a2+b2 ). Қиын шешілетін өрнекті бірнеше бөліктерге бөліп есептеу қажет (мысалы,  бөлшектің алымын бөлек, бөлімін бөлек есептеу). 1.1- суретте алгоритмнің блок-сұлбасы және бағдарламасы көрсетілген.

Program Primer1;

Var a,b,c,z:real;

Begin

         Write ('a мен в  еңгізіңіз');

         Read (a, b);

         C := sqr(a) + sqr(b);

         z := sqrt (sqrt(c)) + sin(c) – 1/с;

         Write('Z=', z:10:3)

End.

 

 

 1.1 –сурет. Сызықты алгоритмнің блок-сұлбасы және бағдарламасы

 

Z  мәнін есептеу келесідей ретпен жүреді:

          а)       2-ші блокта  a мен b-нің  мәндері енгізіледі;

          ә)      3-ші блокта  a2+b2  арифметикалық өрнек есептеліп  және шешімі с- айнымалысында сақталады;

          б)        4-ші блокта z-тің мәні есептеледі:

          г)        8-ші блокта z-тің мәні экранға шығарылады.

Бағдарламада 3,4 блоктардағы әрекеттер меншіктеу операторларының көмегімен жазылады, ал 2,5 блоктар енгізу, шығару операторларымен жүреді. Енгізу сұраныс арқылы жүреді, сондықтан алдымен Write, содан кейін Read операторы жазылған. Шығару форматты түрде орындалады.  Барлық бағдарламаға қатысты айнымалылар  сипаттау бөлімінде Var тарауында сипатталады.

 

1.5 Тапсырма нұсқалары

Берілген аргумент үшін функцияның мәнін есептейтін алгоритмнің блок-сұлбасын және бағдарламасын құрастыру керек.

 

1.                               

2.

3.       

4.         

5.

6.

7.

8.

9.                                             

10.                 

11.

12.      

13.                              

14.     

15.                   

16.

17.                                      

18.

19.                                     

20.

21.                               

22.

23.                     

24.

25.                    

26.     

27.

28.

29.                       

30.

 

1.6 Бақылау сұрақтары

1.6.1  МК-де есеп шығарудың негізгі қадамдарын атаңыз.

1.6.2  Алгоритмдік тіл деген не?

1.6.3  Алгоритм деген не? Алгоритмнің негізгі қасиеттерін атаңыз.

1.6.4  Блок-сұлба деген не? Блок-сұлбаның негізгі элементтерін атап беріңіз.

1.6.5 Паскаль тілінде қарапайым бағдарламаның жалпы құрылымын  көрсетіңіз.

1.6.6   Қандай негізгі типтер Паскаль тілінде қолданылады?

1.6.7 Қандай алгоритм сызықты деп аталады? Меншіктеу операторын суреттеңіз.

1.6.8 Арифметикалық өрнектерді құру кезінде қандай ережелер сақталуы тиіс?

1.6.9 Паскаль тілінде tg x, ctg x, lg x  функцияларын қандай түрде келтіруге болады?

1.6.10 Айнымалыларды енгізу және шығару үшін қандай операторлар қолданылады?

1.6.11 Форматты және форматтсыз шығару Паскальда калай орындалады?

1.6.12 Паскальде тілінде шығару сұраныспен қоса қалай орындалады?

 

 

№ 2 зертханалық жұмыс. Тармақталып   құрылған бағдарламаның алгоритмі

 

Жұмыс мақсатытармақты  құрылымды алгоритмдерді бағдарламалаудың ерекшеліктерімен  және көшу операторларымен танысу.

 

2.1 Тармақты құрылымды  алгоритмдер. Көшу және таңдау операторлары

Тармақталған алгоритм деп айнымалыларға немесе аралық жауаптарға байланысты белгілі тармақтың біреуі орындалатын алгоритмді атаймыз.

Шартты өту операторы алгоритмнің тармақталуын орындайды, шартқа байланысты әрекеттің біреуі орындалады. Шарт негізінде логикалық қатынастар қолданылады. Логикалық қатынастар дегеніміз теңдеулер және теңсіздіктер: <, >, =, <=, >=,<> (тең емес ), AND (логикалық "және"), OR (логикалық "немесе"). Паскаль тілінде шартты көшу операторының екі түрі бар (D1- кесте).

Паскаль операторлары ретіне оларды орындаудың реті бар. Егер қандай да бір операторлар тобын айналып өткіміз келсе шартсыз өту операторын қолданамыз, ол блок-сұлбада тек бағыттаушы түрінде көрсетіледі (D1-кесте). Ал бұл операторда қолданылатын белгі қалған бағдарлама өзі сілтеп тұрған жолдан басталатынын көрсетеді. Белгі аладын-ала Label тарауында сипатталуы тиіс (мысалы, Goto NM;).

Шартсыз өту операторынан басқа Турбо Паскаль 7.0-де төрт шартсыз функциялар қолданылады:

-   Break – кез-келген уақытта цикл жұмысын тоқтатады;

- Continue – соңғы итерация бітпей келесі итерацияны бастауға болады;

- Exitағымдағы бағдарламалық блоктың (бағдарлама, процедура) жұмысын тоқтатады;

-   Halt(n) – n аяқтау кодын қолданып бағдарламаны аяқтауға болады.

Тармақты алгоритм операторларына  таңдау операторы  да жатады. Ол бірнеше

ұқсас амалдар орындайтын күрделі тармақтады шешуге мүмкіндік береді.

(D1- кесте).

 

2.2 Тармақты алгоритм есептерін шешу мысалдары

 2.2.1 

  есептеу.

 

2.1-суретте осы есептің бағдарламасы және блок-сұлбасы көрсетілген. n-нші блокта х айнымалысын енгізу, 5,6-ншы блоктарда х –тің берілген интервалдарға жату шарттарын тексеру жүреді. Егер х<0 болса (5 блок), онда есептеулер 7-нші блоктағы формуламен шығарылады,  ал болмаса х=0 шарты тексеріледі. Егер осы шарт орындалса у-ті есептеу 3-нші блокпен, ал болмаса 9-ншы блокпен жүреді. Қай формуламен шығарылғандығына қарамастан келесі әрекет – у мәнін шығару болады. 2,3,11,12 блоктар  х-тің мәнін бірнеше рет енгізуді, яғни  циклды ұйымдастырады. 5,6,12 блоктар бағдарламада шартты өту операторымен, ал 3,7,8,9,11 блоктар меншіктеу арқылы жүзеге асады. 2,4,10 блоктар енгізу-шығару операторларымен жүреді.

 

Подпись: Goto m1

Program primer2_1;

Label m1;

Var i, n:integer; x, y:real;

Begin

Write(‘Введи N’);

Read(n);

i:=1;

m1: Write(‘Введи x’);

    Read(x);

If x<0

     then y:=exp(x)

 else

      if(x>=0)and(x<=1)

             then y:=0

                    else y:=sin (x);

write (‘Y=’,y:10:3);

i:=i+1;

if   i<=n then goto m1

end.

 

 

 2.1- сурет. Тармақты алгоритмнің бағдарламасы және блок-сұлбасы

 

2.2.2     Ескі жапон календарында 60-жылдық цикл болған, ол 12 жылдан тұратын 5 кіші циклдардан тұрады. Кіші циклдар түс аттарымен белгіленеді Әрбір кіші циклдар ішіндегі жылдар мал аттарымен аталған. Біздің эрамыздағы жылдың атын жапон күнтізбесімен анықтаңыз. Төменде блок-сұлбасы үлкен болғандықан  тек бағдарламасы көрсетілген:

                Program primer2_2;

Var year, i, k : integer;

Begin

Write ('Жылды енгіз'); Read (year); Write (‘- the year of the ‘);

i := (year-3) mod 12; k := (3010 – year) mod 60 div 12;

                   Case k of

0: writе ('green ');

1: write ('red ');

2: write ('yellow ');

3: write ('white ');

4: write ('black ');

end;

Case i of

1: Writeln ('rat');                                         {тышқан}

2: Writeln ('bull');                              {сиыр}

3: Writeln ('tiger');                             {барыс}

4: Writeln ('rabbit');                                    {қоян}

5: Writeln ('dragon');                         {айдаhар}

6:  Writeln ('snake');                          {жылан}

7:  Writeln ('horse');                                    {ат}

8:  Writeln ('sheep');                           {қой}

9:  Writeln ('monkey');             {маймыл}

10: Writeln ('hen');                                      {әтеш}

11: Writeln ('dog');                             {ит}

0:  Writeln ('pig');                               {доңыз}

end;

end.

 

2.3 Тапсырма нұсқалары

2.3.1 Берілген функцияның мәнін табудың бағдарламасын және блок-сұлбасын құрыңыз.

1.         

2.                                                                       

3.

4.

5.                                                                                                                                     

6.                                                                                                             

7.

8.

9.                                                                                                     

10.                                                                         

11.

12.

13.                                                                                 

14.                                    

15.

16.

17.                          

18.                                            

19.

20.

21.

22.

23.               

24.

25.                                                                 

26.                                                                                             

27.               

28.

29.                                                                                                                  

30.

2.3.2 Таңдау операторын қолданып есепті шығару бағдарламасын құрыңыз:

          1. Енгізілген ай нөміріне сәйкес жыл мезгілін анықтаңыз. Егер де енгізілген нөмер сәйкес болмаса  қайта енгізіңіз. 

          2. Енгізілген квадрант нөміріне сәйкес нүкте координаттарының таңбаларын анықтаңыз. Егер де енгізілген нөмір сәйкес болмаса енгізуді қайталаңыз. 

          3. Енгізілген ай нөміріне сәйкес жыл кварталын анықтаңыз. Егер де енгізілген нөмір сәйкес болмаса енгізуді қайталаңыз.

          4. «Қандай тілде сөйлейсіз, (қ) қазақша ма, (а) ағылшынша ма деген сұраққа жауап еңгізіледі. Егер де «қ» еңгізілген болса, онда «Сәлем!» деп шығарыңыз, ал егер де  «а» енгізілген болса, онда «Hello!» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда «Енгізуді қайталаңыз» деген жазуды шығарыңыз.

5. «Жұмысты жалғастырайық па? Иә (1)!/жоқ (2)!» деген сұраққа жауап енгізіледі. Егер де «1» енгізілген болса онда «Жұмысты жалғастырамын» деп шығарыңыз, ал егер де  «2» енгізілген болса, онда «Жұмыс аяқталды» деп шығарыңыз.

6. Бүтін сан - «1»  енгізілген болса, онда «Дүйсенбі» деп шығарыңыз, ал егер де  «2» енгізілген болса, онда «Сейсенбі» деп шығарыңыз, солай жалғастыра беріңіз. Сандар сәйкес келмесе «Енгізуді қайталаңыз» деген жазуды шығарыңыз.

7. 2 мен 5 аралығындағы бүтін сан - «2»  енгізілген болса, онда «Нашар» деп шығарыңыз, ал егер де  «3» енгізілген болса, онда «Қанағат» деп шығарыңыз, солай жалғастыра беріңіз. Басқа жағдайда «Ондай баға жоқ!» деген жазу шығарыңыз.

8.  Егер де «***» символы енгізілген болса, онда «Қар жауады» деп, егер де «:::» енгізілген болса, онда «Жаңбыр жауады» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда  «Күн бұлтсыз» дегенді шығарыңыз.

9.  Егер де «0» саны енгізілсе, «сынақ қабылданбаған» деп, егер де «1» болса «сынақ қабылданған» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда «Енгізуді қайталаңыз» деп шығарыңыз.

10. Енгізілген  нөміріне сәйкес нотаның атын анықтаңыз: 1- «до», 2-«ре», 3-«ми», 4-«фа», 5-«соль», 6-«ля», 7-«си». Басқа жағдайда «Нота табылмады» деп шығарыңыз

          11. Енгізілген  нөміріне сәйкес түстердің аттарын шығарыңыз: 1 – «қызыл», 2 -  «», 3 -  «сары», 4 -  «жасыл», 5 - «көгілдір», 6 - «көк», 7 - «күлгін». Басқа жағдайда «Түс анықталмады» деп шығарыңыз.

           12. Енгізілген нөміріне сәйкес жыл мезгілін анықтаңыз: 1 – «қыс», 2 - «көктем», 3 -  «жаз», 4 - «күз». Басқа жағдайда «Жыл мезгілі анықталмаған» деп шығарыңыз.

           13. Енгізілген ай нөміріне сәйкес ай атын шығарыңыз. Егер де енгізілген нөмір сәйкес болмаса енгізуді қайталаңыз.

           14. 1 мен 10 аралығындағы бүтін сан енгізіледі. Егер де «1»  енгізілген болса, онда «Оқушылардың орта жасы 7 жас» деп шығарыңыз, ал егерде  «2» енгізілген болса, онда «Оқушылардың орта жасы 8 жас» деп шығарыңыз, солай жалғастыра беріңіз.

           15. Екі сан берілген. Бүтін  n деген санды енгізіңіз. Егерде  n=1 болса берілген екі санның минимумын табыңыз, ал егер де n=2 сол екі санның максимумын табыңыз. Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

           16. Символ еңгізіледі. Егер де енгізілген символ  «қ» болса «қантар»,  «а» болса «ақпан», «ж»  болса «желтоқсан» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда  «Қыс айы анықталмаған» деп шығарыңыз.

           17. Символ енгізіледі. Егер де енгізілген символ  «с» болса «сентябрь»,  «о» болса «октябрь», «н»  болса «ноябрь» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда  «Күз айы анықталмаған» деп шығарыңыз.

           18. Енгізілген бүтін  n (1£n£5) санға сәйкес  n жұлдызша (*) шығарылады. Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

           19. Енгізілген бүтін  n (1£n£5) санға сәйкес  геометриялық фигуралардың аттарын шығарыңыз:  «1» - «нүкте», «2» - «сызық», «3» - «үшбұрыш», «4» - «квадрат», «5» - «пентагон». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

           20.   Егер n саны 1£n£9 аралығында болса  «бала» деп, ал 10£n£16 «жеткіншек» деп шығарыңыз. Басқа жағдайда « ересек» деп шығарыңыз.

           21. Енгізілген нөміріне сәйкес апта күндерін жазыңыз: 1-«дүйсенбі», 2-  «сейсенбі», 3-«сәрсенбі», 4-«бейсенбі», 5-«жұма», 6-«сенбі», 7-«жексенбі». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

           22. Енгізілген нөміріне сәйкес бармақ аттарын жазыңыз: 1-«бас бармақ», 2-«балан үйрек», 3-«ортан терек», 4-«шылдыр шүмек», 5-«кішкентай бөбек», ал басқа жағдайда -«Қуыр-қуыр, қуырмаш! Балапанға бидай шаш».

           23. Енгізілген нөміріне сәйкес  спорт жарыстарының марапаттауын жазыңыз: 1-«алтын медаль», 2-«күміс медаль», 3-«қола медаль», 4-«жұбату сыйлығы». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

            24.           Енгізілген нөміріне сәйкес көңіл-күй типтерін жазыңыз: 1-«сангвиник», 2-«флегматик», 3-«меланхолик», 4-«холерик». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

            25.  Енгізілген нөміріне сәйкес бес сезім аттарын жазыңыз:1-«көру», 2-«есту», 3-«иіс сезу», 4-«сезу», 5-«дәм сезу». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

            26. Қатысушылар санына байланысты музыкалық топтардың аттарын шығарыңыздар: 1-«соло», 2-«дуэт», 3-«трио», 4-«квартет, 5-«квинтет», 6-«сикстет», 7-«октет». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

             27. Енгізілген нөміріне сәйкес АЭжБИ факультеттерінің аттарын  жазыңыз: 1-«ЖЭФ», 2-«ЭЭФ», 3-«РТжБФ», 4-«СОжМҚДФ», 5-«ЖООДФ». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

             28.  Енгізілген апта күндерінің нөміріне сәйкес жазыңыз:  «жұмыс күні», «сенбі» не  «жексенбі» деп шығарыңыз.  Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

             29. Енгізілген кодына сәйкес емтихан қорытындысын шығарыңыз: 0-«келмеді», 1-«қанағаттандырарлықсыз», 2,3,4-«қанағат», 5,6,7-«жақсы», 8,9-«өте жақсы», 10-«жіберілмеді». Басқа жағдайда енгізуді қайталаңыз.

             30.  Енгізілген санға сәйкес  жазыңыз: 1-«100 тенге», 2- «200 тенге», 3-«500 тенге», 4-«1000 тенг», 5-«2000 тенге», 6-«5000 тенге», 7-«10000». Басқа жағдайда «Қазақстанда мұндай құнды валюта жоқ» деп енгізуді қайталаңыз.

 

 

 

2.4 Бақылау сұрақтары

 

2.4.1  Қандай логикалық қатынастар Паскальда қолданылады?

2.4.2  Шартты оператор қандай жұмыс атқарады?

2.4.3 Шартты оператордың жалпы және қысқарған түрлерінің арасында қандай айырмашылық бар?

2.4.5  Блок-сұлбада шартты оператор қалай бейнеленеді ?

2.4.6  Шартсыз өту операторы қандай жұмыс атқарады?

2.4.7  Блок-сұлбада шартсыз өту  операторы қалай бейнеленеді?

2.4.8  Таңдау операторының қандай ерекшелігі бар?

2.4.9  Блок-сұлбада таңдау операторын қалай көрсетуге болады?

 

№3 зертханалық жұмыс. Циклдық құрылымды алгоритмдерді бағдарламалау

 

Жұмыс мақсаты – циклдық құрылымды алгоритмдерді бағдарламалаудың ерекшеліктерімен танысу.

 

3.1 Циклдық құрылымды алгоритмдер. Цикл операторлары.

Көп рет қайталанатын іс-әрекеттер ретін циклдық құрылымды алгоритмдер дейді. Циклдық алгоритм бағдарлама  көлемін азайтады.

Паскальда цикл операторларының бірнеше түрлері бар. Цикл операторы үш негізгі бөліктен тұрады: цикдың басы, цикл денесі, қорытынды жолдан. Егер қайталау саны белгілі болса,  параметрлі цикл  For-To не For-Downto қолданылады. Қалған жағдайда шартты циклдар қолданылады. Шартты циклдың екі түрі бар: While-Do (егер де шарт басында тұрса), Repeat-Until (егер де шарт соңында тұрса).

For - to цикл операторы:

For i:=m1 to m2 do; For i:=m1 downto m2 do

Мұндағы i-цикл параметрі;

m1-цикл параметрінің бастапқы мәні;

m2- цикл параметрінің соңғы мәні;

-                      i, m1, m2  бүтін типті айнымалылар болу керек;

-                      i- цикл ішінде өзгермейді;

Цикл операторлар D1 кестесінде көрсетілген (For-To, For-Downto, While-Do және Repeat-Until). Циклдың кай түрін қарастырсақ та онда бастапқы мәні, цикл параметрінің өзгеру қадамы, цикл денесі, циклдан шығу шарты болу керек.

While және Repeat операторлары үшін цикл параметрі міндетті түрде өзгеріп отыру керек

Циклдық алгоритмдерді бағдарламалау кезінде қосынды, көбейтінді және санын табу әдістері жиі қолданылады.

Қосынды жинау

Циклға дейін

S = 0

циклда

S=S+элемент

Көбейту

 

P = 1

 

P=P*элемент

Санау

 

K = 0

 

K=K+1

 

3.2 Циклдық құрылымды бағдарламаларға және алгоритмдерге мысалдар

3.2.1 Y=A*K2 фунциясының барлық  мәндерін есептеңіз, мұнда К  1-ден 10-ға дейін 1 деген қадаммен өзгереді. Есепті бірнеше әдіспен шығарыңыз ( 3.1, 3.2, 3.3 және 3.4 -суреттерде есепті шығарудың барлық әдістері көрсетілген).

Program Primer3_1;

var k: integer; a, y: real;

begin

read (a);

   for k := 1 to 10 do    

         begin

                    y := a * sqr(k);

                    writeln(’K=’,k:2,’Y=’,y:10:3)

          end

end.

3.1- сурет. For-To операторын қолданып есепті шешу мысалы

Program Primer3_2;

var k: integer; a, y: real;

begin

read (a);

   for k := 10 downto 1 do    

         begin

                    y := a * sqr(k);

                    writeln(’K=’,k:2,’Y=’,y:10:3)

          end

end.

3.2- сурет.  For-Downto операторын қолданып есепті шешу мысалы

Program primer3_3;

var k:integer; a,y: real;

begin

     read (a);

     k:=1;

     while k<=10 do

      begin

          y := a * sqr(k);

          writeln(’K=’,k:2,’Y=’,y:9:3);

          k := k + 1

      end

end.

 

3.3- сурет. While-Do операторын қолданып есепті шешу мысалы

Program primer3_4;

var k:integer; a,y: real;

begin

     read (a);

     k:=1;

     repeat 

      y := a * sqr(k);

      writeln(’K=’,k:2,’Y=’,y:9:3);

      k := k + 1

      until k > 10

end.

 

3.4 -сурет.Repeat-Until операторын қолданып есепті шешу мысалы

 

3.2.2  -5 пен 7 аралығындағы 0,5 (һ)  қадаммен өзгеретін х мәндері үшін  фунциясының барлық  мәндерін есептеңіз. у(х) функциясының нөлге тең мәндерінің санын, у(х) оң мәндерінің қосындысын (S) және у(х) теріс мәндерінің көбейтіндісін табыңыз. Есепті For-To  операторын қолданып шығарыңыз.

Есепті шешу блок-сұлбасы және бағдарламасы 3.5. суретте келтірілген

 

 

Program primer3_5;

var S, P, y, x:real; K, i:integer;

begin

K := 0; S := 0; P := 1;

N := trunc((7+5)/0.5+1);

    x := -5;

for i := 1 to N do

     begin

         y := x*sin(x)-exp(x);

              writeln(’x=’, x:4:1,’y=’,

               y:10:3);

         if y = 0 then K := K+1

              else

               if y > 0 then S := S+y

                         else P := P*y;

         x := x+0.5;

    end;

writeln(K, S, P)

end.

3.5 сурет. Нақты параметрлі FOR-TO  операторын қолданып есепті шешу мысалы

 

Егер берілген есепке For-To операторы қолданатылатын  болса х-ті цикл параметрі ретінде алуға болмайды, Өйткені х нақты айнымалы, оның өзгеру интервалы және қадамы да нақты сандар. Сондықтан  цикл құрастыру үшін х пен қатар өзгеріп отыратын і параметрін  қолданамыз. Қайталау  саны мына формуламен анықталады , мында  m1 и m2 –  х-тің бастапты және соңғы мәндері,  m3 – қадам.. N-нің мәні бүтін сан болмауы мүмкін, сондықтан бағдарламада х аргументі нақты, ал жауабы бүтін сан болатын trunc(x) функциясын пайдаланған дұрыс.  Цикл құрастырмай тұрып қосындының (S=0), көбейтінісінің (P=1), санның (K=0),  айнымалы  аргументтің  (х= -5) бастапқы мәндері анықталады. Ал аргументтің мәндері циклдің денесінде  бір қадамға өзгереді  (х := х + 0.5).  Қосынды  және  сандарын табатын  оператордың түрі: «келесі мәні»:= «алдындағы мәні» + «кезекті мәні»  (S:=S+y и K:=K+1), көбейтіндіні табу үшін  осындай оператор қолданылады, бірақ оператордың оң жағында  * таңбасы тұрады (P:=P*y).

 

3.3 Тапсырма нұсқалары

Нұсқаға сәйкес есепті үш әдіспен шығарыңыз, яғни For-To (немесе For-Downto), While-Do және Repeat-Until цикл операторын қолдану керек .

1. Натурал қатардың N мүшелерінің арасында жұп және тақ сандардың қосындысын табыңыз.

2.  N бүтін саны берілген.  P=N!=1´2´3´´N  табу керек.

3.  а мен n берілген. P = a´(a-n) ´ (a-2n) ´ (a-3n) ´´ (a-n2 ) табыңыз.

4.  n мүшелердің   көбейтісін санаңыз.

5. Натурал қатардың N мүшелерінің арасында жұп және тақ сандардың көбейтіндісін табыңыз.

6. Нақты  Х және   натурал n сандар берілген. Алдыңғы n мүшелерінің қосындысын табыңыз S = sinX + sinX2 + sinX3 +…+ sinXn.

7. Нақты  Х және   натурал n сандар берілген. Алдыңғы n мүшелерінің көбейтінісін  табыңыз S = sinX ´ sinX2 ´ sinX3 ´´ sinXn.

8. N бүтін саны берілген.  санаңыз.

9. N бүтін саны берілген. санаңыз.

10. Бастапқы n мүшелердің көбейтіндісін табыңыз .

11. Нақты  Х және   натурал n сандар берілген. Алдыңғы n мүшелерінің қосындысын  табыңыз .

12. Нақты  Х және   натурал n сандар берілген. Алдыңғы n мүшелерінің қосындысын  табыңыз .

13. b және   натурал n сандар берілген. Көбейтіндіні  табыңыз P = b´(b+1) ´ (b+2) ´ (b+3) ´´ (b+n).

14. Натурал қатардың алғашқы N сандарының қосындысын табыңыз.

15. Натурал қатардың алғышқы  N жұп және тақ сандарының   көбейтіндісін табыңыз.

16.  Алғашқы  N мүшенің қосындысын табыңыз .

17. N бүтін саны берілген.  табу керек.

18. Нақты  Х және   натурал n сандар берілген. Алдыңғы n мүшелерінің қосындысын  табыңыз .

19. b және   натурал n сандар берілген. Көбейтіндіні  табыңыз

P = (b-n) + (b - (n-1)) + (b- (n-2)) +…+ (b-1).

20. b және   натурал n сандар берілген.  P = bn табыңыз.

21. х және   натурал n сандар берілген.   табыңыз.

22. х және   натурал n сандар берілген.  табыңыз.

23. N  натурал саны берілген.  табыңыз.

24. N  натурал саны берілген.   табыңыз.

25. N  натурал саны берілген.  табыңыз.

26. N  натурал саны берілген.   табыңыз.

27. N  натурал саны берілген.   табыңыз.

28. Нақты сан Х және натурал сан n берілген.  S = a+(a-n) + (a-2n) + (a-3n) +…+ (a-n2) табыңыз.

29. Нақты сан Х және натурал сан n берілген. 

S = sin2X + 2sin2X +…+ nsin2 X табыңыз.

30. N  натурал саны берілген.   табыңыз.

 

3.4 Бақылау сұрақтары

3.4.1  Цикл деген не?

3.4.2  Цикл операторы деген не?

3.4.3  Паскаль бағдарламалау тілінде цикл операторларының қандай түрлері

          бар?

3.4.4  For-To мен For-Downto оперлаторларын салыстырыңыз.

3.4.5  While-Do цикл операторы деген не?

3.4.6  Repeat-Until цикл операторы деген не?

3.4.7  Нақты параметрлі For-To циклын қалай құруға болады?

3.4.8  Бағдарламада қосындыны табу қалай орындалады?

3.4.9  Көбейтіндіні табу үшін бастапқы мәні қаншаға тең?

     3.4.10 Заттардың санын табу амалдарының реті қандай?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

A қосымшасы

Алгоритмнің графикалық сұлбасында (АГС) қолданылатын таңбаларды анықтау

А1 кестесі – блок-сұлбаның негізгі элементтері

 

Атауы

 

Белгіленуі

 

Ескерту

Терминатор

Алгоритмнің басын және соңын белгілеу үшін қолданады

 

Берілген мәндер

 

Бастапты мәндерді енгізу және шығару үшін қолданады

Үрдіс

Меншіктеу операциясын белгілеу үшін қолданады

 

Дайындау

Циклдың басын белгілеу үшін қолданылады

 

Шешім

Шартты немесе таңдау операторларын белгілеу үшін қолданылады.

 

Алдын - ала анықталған үрдіс

Негізгі бағдарлама ішінде алдын - ала құрылған ішкі бағдарламамен модулдерді бейнелеу үшін  қолданылады

 

Біріктіргіш

Берілген сұлбаны жалғастырып басқа жерге бейнелеу үшін қолданылады

 

Сызық

Сұлбаның орындалу тәртібін көрсету үшін  бағыттаушы белгісі бар сызықтарды қолданылады. 

Түсініктеме

Сұлба бөліктеріне ескерту немесе түсініктеме беру үшін қолданады

Ескерту: таңбаларды  кез келген бағытта сызуға болады, бірақ көлбеу бағыт негізінде қолданылады. Таңбаның ішінде  белгі немесе операцияны суреттейді. АГС таңбаларды  реттік нөмірлермен немесе идентификаторлармен белгілеуге болады.

 


В қосымшасы

 Турбо Паскаль тілінің негізгі элементері

В1 кесте. Қызметші сөздердің тізімі

ABSOLUTE

Downto

In

Or

Then

And

Else

Inherited

Packed

To

Array

End

Inline

Private

Type

Asm

External

Interface

Procedure

Unit

Assembler

Far

Interrupt

Program

Until

Begin

File

Label

Public

Uses

Case

For

Mod

Record

Var

Const

Forward

Near

Repeat

Virtual

Constructor

Function

Nil

Set

While

Destructor

Goto

Not

Shl

With

Div

If

Object

Shr

XOR

Do

Implementation

Of

String

 

 

 

B2- кесте.  Тіл операциялардың тізімі

Операциялар

Амал

Жауаптың түрі

 

Арифмети-калық

+

Қосу

Бүтін не нақты

 

-

Алу

 

*

Көбейту

 

/

Бөлу

Нақты

 

Div

Бөліндінің бүтін бөлігі

Бүтін

 

Mod

Бөліндінің қалдығы

Бүтін

 

 

Салыстыру операция-лары

=

Теңдік

Логикалық

 

<>

Теңсіздік

 

<

Кіші

 

>

Үлкен

 

<=

Кіші немесе тең

 

>=

Үлкен  немесе тең

 

Логикалық

Not

Терістеу

Логикалық

 

Or

Дизъюнкция (немесе)

 

And

Конъюнкция (және)

 

Xor

Немесе-ні терістеу

 

 

В3-кесте.  Айнымалылардың типтері (бүтін және нақты сандар)

Бүтін сандар

Нақты сандар

Формат

Мәндер диапазоны

Формат

Мәндер диапазоны

shortint

-128 ¸ 127

real

2.9E-39 ¸1.7E+38

integer

-32768 ¸ 32767

single

1.5E-45 ¸3.4E+38

longint

-2147483648 ¸ 2147483647

double

5.0E-324 ¸1.7E+308

 byte

0 ¸ 255

extended

3.4E-4932 ¸ 1.1E+4932

word

0 ¸ 65 535

 

 

С қосымшасы

Қарапайым Паскаль бағдарламасының құрылымы  және тілдің

 енгізілген функциялары

С1-кесте.  Қарапайым Паскаль бағдарламасының құрылымы  

Бөлігі

Бөлім

Бағдарламадағы белгілер

сипаттау

Бағдарламаның аты

Program  Primer;

Ендерді жариялау

Label  1,2,x1;

Тұрақтыларды сипаттау

Const  a=3.5; b=5;

Айнымалыларды сипаттау

Var  y,z:real; i:integer;

орындау

Бағдарламаның басы

Begin

{Айнамалылардың бастапты мәндерін енгізу};

{Берілген өрнекті есептеу};

{Жауабын шығару};

Бағдарламаның соңы

End.

 

С2-кесте. Паскаль тілінің кейбір енгізілген функциялары

Математикалық жазылуы немесе тағайындалуы

Паскальда жазылуы

sin x, x –  радиан

Sin(x)

cos x, x – радиан

Cos(x)

arctg x

Arctan(x)

ln x – натуралды логарифм

Ln(x)

ex

Exp(x)

 -  х-тің абсолюттық мәні

Abs(x)

, x>=0

Sqrt(x)

x2

Sqr(x)

Х санның бөлшек бөлігі

Frac(x)

Х санның бүтін бөлігі

Trunc(x)

Бүтінге дейін дөнгелектеу

Int(x)

Бүтінге дейін дөнгелектеу

Round(x)

0 мен  х арасындағы кез келген сан

Random(x)

0 мен  1 арасындағы кез келген сан

Random

Мәні True (шындық) , егер х тақ сан болса

Odd(x)

Ескерту:

1. Паскаль тілінде х санының кез келген n дәрежесін санайтын  операция жоқ, сондықтан  мына өрнек xn = enlnx қолданылады (егер х>0).

2.  tg x, ctg x, arcsin x, arccos x, arcctg x, logax санау үшін математикалық келтіру формулаларын қолдануға болады.


D қосымшасы

Негізгі алгоритмдік нұсқауларды Турбо Паскаль  тілінің нұсқауларына аудару кестесі

 

D1-кесте. Негізгі алгоримтдік нұсқаулар мен тіл операторлары

Атауы

Блок-сұлбада белгіленуі

Паскаль тілінде жазылуы

Орындалатын функция

Меншіктеу операторы

 

 

Айнымалы аты := өрнек;

Айнымалының ағымдағы мәнін өзгертуге мүмкіндік береді

Енгізу процедурасы

Read (айнымалылар тізімі);

Келесі әрекеттер орындалған соң мәнді санайды

- бастапқы жолда қалады

ReadLn (айнымалылар тізімі);

- келесі жолдың басына өтеді

ReadLn;

- бір жолды өткізіп жіберіп, жаңа жолға өтеді

Шығару процедурасы

Write (айнымалылар тізімі);

Келесі әрекеттер орындалған соң мәнді шығарады

- бастапқы жолда қалады

WriteLn (айнымалылар тізімі);

- келесі жолдың басына өтеді

WriteLn;

- бір жолды өткізіп жіберіп, жаңа жолға

  өтеді

Write (хабарлама,айнымалы);

Хабарлама шығару үшін апостраф қолданылады

Write (lst, айнымалылар тізімі);

Принтерге шығару үшін Uses printer модулі, ал шығару операторы үшін lst қолданылады

 D1-кестесінің жалғасы

Атауы

Блок-сұлбада белгіленуі

Паскаль тілінде жазылуы

Орындалатын функция

Шартсыз өту операторы

 

 

Goto белгі;

Келесі операторға, жолға, белгіге өтуге мүмкіндік береді

Таңдау операторы (нұсқа)

 

Подпись: 1 операторПодпись: 2 оператор Подпись: n оператор

{СЗмәндер тізімі}

 

{селектордың есептелуі}

Case {селектор} of

{СЗ 1}: {1 оператор};

{СЗ 2}: {2 оператор};

. . .

{СЗ n}: {n оператор};

Else {оператор};

End;

Бастапқыда селектор мәні есептеледі, содан соң осы мән орналасқан мәндер тізімі таңдалынып, сәйкес оператор орындалады. Егер селектордың есептелінген мәні тізімде болмаса, онда Else бұтағы орындалады, ал егер бұл бұтақ болмаса, онда Case операторынан кейін орналасқандар орындалады.

 

Шартты өту операторының толық түрі

 

If {шарт} Then

    begin

       {1 оператор};

       

       {N оператор}

    end

                     Else

    begin

        { N+1 оператор};

        

        { M оператор}

    end;       

Шарт ретінде логикалық байланыстар (теңдеу мен теңсіздік жазылымдары) қолданылады. Блок-сұлбада тармақталу шарт блогының көмегімен жүзеге асырылады. Егер «иә» жолымен немесе «жоқ» жолымен бір ғана оператор орындалатын болса, онда BeginEnd нұсқауын қолданбай-ақ қоюға болады. Begin сөзінен кейін және End сөзінің алдында нүктелі үтір қойылмайды.

 D1-кестесінің жалғасы

Атауы

Блок-сұлбада белгіленуі

Паскаль тілінде жазылуы

Орындалатын функция

Шартты өту операторының қысқаша түрі

If {шарт} Then

       begin

          {1 оператор};

         

          {N оператор}

       end;    

Шартты өту операторының толық түрінен айырмашылығы, мұнда «жоқ» бұтағы. Шарт орындалмаған жағдайда басқару шарттан кейінгі тұрған операторға беріледі.

For-To параметрлі цикл операторы

 

 

{m1<m2}

 

For i:=m1 To m2 Do       

      Begin

            {1 оператор};

             . . .

            {N оператор}

      End;

m1 бастапқы мәннен m2 соңғы мәнге дейін (m1<m2) әрбір қайталануында тізбекті түрде бірлікке автоматты артуымен і циклі параметрінің барлық мәндері алынғанша цикл орындала береді. Егер цикл денесі бір оператордан тұрса, онда Begin–End нұсқасын қолданбай-ақ қоюға да болады.

For-Downto параметрлі цикл операторы

 

 

{m1>m2}

 

For i:=m1 Downto m2 Do

      Begin

         {1 оператор};

         

         {N оператор};    

      End;

Бұл оператордың орындалуы For-To операторы секілді, тек айырмашылығы цикл параметрінің өзгеру қадамы–минус бірге тең және (i) цикл параметрінің (m1) бастапқы мәні (m2) соңғы мәннен кіші болмауы керек. Егер цикл денесі бір оператордан тұрса, онда Begin-End нұсқасын қолданбай-ақ қоюға да болады.

D1-кестесінің жалғасы

Атауы

Блок-сұлбада белгіленуі

Паскаль тілінде жазылуы

Орындалатын функция

 

 

While-Do алдын ала шарт қою циклінің операторы

 

 

i := m1;

While i £ (³) m2 Do

Begin

     {1 оператор};

    

     { N оператор};

     i := i +(-) m3

End;                     

 

While операторындағы шарт ақиқат болғанша, цикл қайталана береді. While сөзінен кейін цикл денесінің орындалу шарты жазылады, m1 және m2 - і цикл параметрінің сәйкес бастапқы және соңғы мәндері, m3 қадамы кез келген сан болуы мүмкін. While және Do сөзінен кейін нүктелі үтір қойылмайды.

 

 

 

Repeat-Until кейін шарт қою циклінің операторы

 

 

i := m1;

Repeat

     {1 оператор};

    

     { N оператор };

     i := i +(-) m3

Until i > (<) m2;

Repeat операторындағы шарт жалған болғанша, цикл қайталана береді.  Until сөзінен кейін циклдің аяқталу шарты жазылады, m1 және m2 - і цикл параметрінің сәйкес бастапқы және соңғы мәндері, m3 қадамы кез келген сан болуы мүмкін.

 

 


Әдебиеттер тізімі

 

1 С.Немнюгин, Л.Перколаб. Изучаем Turbo Pascal. – СПб.: Питер, 2001. – 320 с.

2 О.А.Меженный.Turbo Pascal: Учитесь программировать.- М.:Издательский дом «Вильямс», 2001. - 448 с.

3 Ю.Аляев, О.Козлов. Алгоритмизация и языки программирования Pascal, C++, Visual Basic: Учебно-справочное пособие. – М.: Финансы и статистика, 2004. - 320 с.

 

 

                 2004  ж. жиындық жоспары, реті 24

 

 

Сүйебаева Ләйлә Біләлқызы

        Ешпанова Мадина Далабайқызы

Сябина Наталья Валерьевна

 

 

 

 

              ИНФОРМАТИКА. Turbo Pascal ТІЛІ

3 бөлім

Зертханалық жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар

 (барлық мамандықтың студенттері үшін)

 

 

 

Редакторы Ж.А. Байбураева 

 

 

 

 

Басуға қол қойылады __. __. __.                                 Қалпы 60х84  1/ 16

Басылымы  50 экз.                                                №1 типографиялық қағаз

 Көлемі 2.3. оқу-баспа табағы                                    Тапсырыс ___бағасы  ___    

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

480013 Алматы, Байтұрсынов, 126