АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

Инженерлік кибернетика кафедрасы

 

МЕТРОЛОГИЯ, СТАНДАРТТАУ ЖӘНЕ СЕРТИФИКАТТАУ

 050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығының

 барлық оқу түрінің студенттеріне арналған 

дәрістер  жинағы

 

Алматы 2008

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Н.М.Айтжанов, С.Г. Хан. Метрология, стандарттау және сертификаттау. 050702 – Автоматтандыру және басқару мамандығының барлық оқу түрінің студенттеріне арналған дәрістер  жинағы – Алматы: АЭжБИ, 2008. – 44 б.

         Осы дәрістер жинағы метрология, стандарттау және сертификаттау жөнінде теориялық материалдарды оқыған кезде студенттерге көмек ретінде жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған және сегіз тақырыптан тұрады. Пәнді терең меңгеру үшін әр тақырыптың соңында қосымша әдебиетке сілтемелер келтірілген. Дәрістік материалдың электрондық нұсқалары «Инженерлік кибернетика» кафедрасының компьютерлік класы серверлерінде орнатылған.

Мазмұны

 

Кіріспе .............................................................................................................   4

1.  №1 дәріс.  Метрология – өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі (МӨЖ).............................................  5

2. №2  дәріс. Өлшеудің негізгі түрлері мен әдістері....................................   9

3. №3  дәріс. Өлшеулер қателігі....................................................................   13

4. №4  дәріс. Өлшеулер қателігі (жалғасы)..................................................   17

5. №5  дәріс. Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер........................  21

6. №6  дәріс. Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамалары.................................................................................................. 25

7. №7  дәріс. Стандарттау негіздері...............................................................  29

8. №8 дәріс. Сертификаттау негіздері..........................................................   33

А қосымшасы...................................................................................................  37

Б қосымшасы ................................................................................................... 38

В қосымшасы.................................................................................................... 39

Г қосымшасы.................................................................................................... 40

Д қосымшасы.................................................................................................... 41

Әдебиеттер тізімі….........................................................................................  43    

 

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Әлемдік сауда ұйымына (ӘСҰ) кіруінің негізгі шарттарының бірі  стандарттау, сертификаттау және метрология ұлттық жүйесін халықаралық ережелерімен үйлестіру болып табылады.  Қазіргі мамандардың шет елдік тәжірибені шығармашылық пайдалану және сапалы бәсекелеске қабілетті өнімді шығаруға мүмкіндік беретін жаңа ілгерінді шешімдерді қабылдау үшін осы салада жеткілікті білімі болу керек. 

Метрология, стандарттау және сертификаттау өзара байланысқан, сондықтан оларды бір оқу курсын оқығанда елімізде нарықтық экономиканы құру, қазіргі өркениеттік негізде кәсіпорындар әрекетінің сыртқы экономикалық дамуы, кәсіпорындардың (фирмалардың) экспорттық қызметіне тікелей әсер ететін ВТО кіруге және халықаралық сертификаттау жүйесіне еліміздің бірігуіне қажетті жағдайларды қамтамасыз ету үшін осы әрекеттердің әр бағыты мен олардың жиынтығының маңыздылығы туралы толық ұғым береді. 

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнін оқытудың мақсаты жас маманға келешекте толығымен жетілуге, халықаралық, өңірлік және ұлттық деңгейде техникалық шешімдерді өз бетінше қабылдауға, сондай-ақ өлшейтін арналардың қосынды қателерін, өлшеу құралдарының қателері мен стандарттар тиімділігін есептеген кезде курстың практикалық негіздерін және әдістерін пайдалануды дағдылануға мүмкіндік беретін стандарттау, сертификаттау және метрология саласында студенттерге аздаған білім беруге құрылған. 

«Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнін таңдау бойынша пәндер дестесінде «Автоматтандыру және басқару» мамандығының 2 курс студенттері оқиды. Соған қарамастан, біздің ойымызша, өлшеу техникасының құралдарын немесе түрлі жабдықтарын әзірлеу әрі қызмет көрсетумен байланысты техникалық кәсіптің болашақ мамандары (бакалаврлар, инженерлер) үшін осы пән материалдарын оқу міндетті болып табылады. «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінің жұмыс бағдарламасына үлкен көлемді теориялық және практикалық материалдар кіреді. Бірақ аудиторлық сағаттардың шектеулігі қажетті ақпаратты толығымен баяндауға мүмкіндік бермейді, сондықтан материалдың көп бөлігін студенттер өзіндік жұмыс шеңберінде (СРСП) оқиды.

Ұсынылатын дәрістер жинағы пәннің жұмыс бағдарламасына сәйкес құрылған және сегіз тақырыптан тұрады. Ұсынылатын басылым тек қысқаша дәрістер жинағы болып табылатынына және мұнда барлық қажетті мәліметтер жоқтығына назар аударған жөн. Мәтіндегі негізгі анықтамалар жартылай майлы әріппен белгіленген. Дәрістер жинағының электрондық нұсқасын «Инженерлік кибернетика» кафедрасының компьютерлік класы серверлерінен табуға болады. Материалды ойдағыдай және жан-жақты меңгеру үшін басқа басылымдарды да пайдалануға болады.

  №1  дәріс

Метрология – өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің ғылыми негізі (МӨЖ)

Дәрістің мазмұны:

- автоматтандыру бойынша бакалаврларды дайындаудағы «Метрология, стандарттау және сертификаттау» пәнінің рөлі және оның басқа пәндермен байланысы; өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; заңнамалық, фундаменталдық және практикалық метрология; физикалық шамалар бірлігінің халықаралық жүйесі.    

Дәрістің мақсаты:

- өлшемдер бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаттары мен міндеттерін, қазіргі метрология анықтамалары мен ұғымдарын, «Өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңның негізгі баптарын оқып білу. 

Қазақстан нарық экономикасына енді. Әлемдік шаруашылық пен халықаралық экономикалық қатынастардың тең құқықты қатысушысы болу үшін әлемдік жетістіктер мен беталыстарын ескере отырып, ұлттық экономиканы жетілдіру керек. Өркениетті экономикалық өндірісте Қазақстанның бірігуіне не кедергі жасайды? Ол: 1) Ұлттық стандарттау және сертификаттау жүйесінің артта қалуы; 2) тек өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету; 3) КСРО жоспарлық шаруашылығының қалдығы; 4) тек сыртқы нарықта ғана  емес, ішкі нарықта да қазіргі бәсекелестік жағдайының отандық кәсіпорындардың қиыншылығы.  

Отандық өндірісін шет елдік тәжірибеге механикалық ауыстыру мүмкін еместігіне байланысты біздің мамандар оны білу керек және қажетті деңгейде елімізде немесе шет елде өнімін, қызметін іске асыруға мүмкіндік беретін жаңа прогрессивті шешімдерді өндіріп, қабылдауға шығармашылық жағынан келу үшін ой өрісі кең болу керек. Ол үшін тек өндірістік саладағы мамандар ғана емес, менеджерлер, маркетологтар, өнімді іске асыратын мамандардың да метрология, стандарттау және серификаттау саласында білімдері өте маңызды болады. Сол білімдері бәсекелеске қабілетті өнімдерді құрған кезде стандарттау және сертификаттау мүмкіндіктері мен артықшылықтарын пайдалану үшін, өндірісте ғылым мен техника жетістіктерін енгізу үшін маңызды болады.

Қазіргі мамандарға метрология, стандарттау және сертификаттау бойынша білімінің қажеттілігі мамандықтың оқу жоспарына осы пәнді енгізу арқылы дәлелденеді. «Автоматтандыру және басқару» мамандығының студенттері оқитын басқа пәндердің арасында осы пәннің орнын анықтау үшін А қосымшасында келтірілген технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесінің (ТП БАЖ) құрылымдық сұлбасын, олардың жеке блоктарын түрлі пәндермен оқыту жағынан қарастырайық.   

 Технологиялық процестің әр учаскесі бола алатын автоматтандыру объектісіне (АО) шикі зат, реагенттер жіберіледі, сондай-ақ түрлі сыртқы әсерлер (СӘ) әсер етеді, мысалы, қоршаған ортаның температурасы, діріл, қысым, тағы басқалар. АО шығысында өндірістің түрлі өнімдерін алады. Автоматтандыру процесін құру үшін өлшеу құралдары – бергіштер (Б) және екінші реттік аспап (ЕА) арқылы АО туралы өлшеу ақпаратын алады. Қазіргі өндірістер технологиялық аппараттардың күрделігімен және қуатымен, өлшеуге қажетті түрлі параметрлердің көптеген санымен сипатталады. Күрделілігі және түрлі әрекет ету қағидалары бойынша өлшеуіш құрылғылар, қондырғылар, жүйелер деп аталатын арнайы техникалық құралдар арқылы өлшемдер жүзеге асырылады және өлшеу техникасына жатады. Осы өлшеу техникасын, олардың жіктелуін, метрологиялық сипаттамалар мен түрлі қасиеттерін оқытуға метрология тарауы арналды.  

Технологиялық процестер мен объектілердің, АЦТ, ЦАТ, орындаушы механизмдердің (ОМ) автоматты реттеуіштерінің (АР) математикалық модельдерін әзірлеу үшін ЭЕМ программалауды оқу студенттерге информатика, математикалық модельдеу (ММ), автоматика элементтері мен құралдары, микропроцессорлар мен микропроцессорлық жүйелер, технологиялық процестерді автоматтандыру және  басқа пәндерде кездеседі. 

Метрология – МӨЖ ғылыми негізі.  Метрология – өлшеулер, олардың бірлігі мен талап етілетін дәлдігін қамтамасыз етудің әдістері мен құралдары туралы ғылым. «Метро» - өлшем (греч.), «логос» - үйрету (греч.).

Қазіргі метрологияның үш түрі болады:

а) заңнамалық метрология;

б) фундаменталдық (ғылыми) метрология;

в) тәжірибелік ( қолданбалы) метрология.

Заңнамалық метрология – өзара байланысқан және өзара шартталған жалпы ережелердің жиынтықтары, сондай-ақ мемлекет жағынан өлшеулер бірлігі мен өлшеу құралдарының бірқалыптылығын қамтамасыз етуге бағытталған, тәртіпке келтіруді, бақылауды қажетсінетін және басқа да мәселелері кіретін метрология тарауы.

Заңнамалық метрология тәжірибеге Мемлекеттік метрология қызметі (ММҚ) және мемлекеттік басқару органдары мен заңды тұлғалардың метрологиялық қызметтері арқылы енгізілетін заңдармен, заңнамалық ережелермен метрологиялық әрекетті мемлекеттік реттейтін тәсіл ретінде қызмет атқарады.

Заңнамалық метрология саласына өлшеу құралдарының (ӨҚ) түрін сынау және бекіту, ӨЖ мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау, сондай-ақ  өлшеу бірлігін нақты қамтамасыз ету бойынша шаралар жатады. Метрологияның негізгі міндеттерінің бірі - өлшем бірлігін қамтамасыз ету. Бұл мәселе негіз болатын екі шарттарды сақтаған кезде шешіледі:

-  заңдандырылған бірегей бірліктерде өлшеу нәтижелерін көрсету;

- өлшеулер мен шектеулер нәтижелерінің жіберілетін қателерін берілген ықтималдықтан аспайтындай бекіту.

Өлшеу бірлігі – өлшеу жағдайы, сондай-ақ олардың нәтижелері заңдандырылған бірліктердегі көрінісі, ал қателері берілген ықтималдықпен белгілі және бекітілген шектерден аспайды.

         Өлшеу бірлігі әртүрлі орында және түрлі уақытта әртүрлі өлшеу құрылғыларымен орындалатын өлшемдердің нәтижелерін салыстыруға қажет және де өлшеу бірлігін сақтау қалай еліміздің ішінде қарым-қатынаста маңызды болса, солай елдер арасында өзара қарым-қатынаста маңызды болып табылады.

1993 жылы «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заң қабылданды.

1993 жылға дейін метрология саласындағы құқықтық нормалар өкімет қаулысымен бекітілген. «Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңы – метрологиялық әрекеттің терминологиясынан лицензиялауға дейін  талай жаңа енгізулерді бекітті.  

Заңның негізгі баптары белгілейді:

а) мемлекеттік басқармасын өлшеу бірлігімен қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық құрылымын;

б) өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша нормативтік құжаттарды;

в) шамалар бірлігі мен шамалар бірлігінің мемлекеттік үлгілерін;

г) өлшеу құралдары мен әдістерін.

Фундаменталдық және тәжірибелік метрология көне дәуірде пайда болған. Ежелгі Ресейде өлшем жүйесінің негізі Көне Греция мен Римде өзара байланысқан көне египеттік өлшемдер бірлігі болған. Бірліктер атауы мен олардың мөлшері арнайы құрылғыға келмей тұрып, «қолмен» өлшеу тәсілімен сәйкесті жүзеге асырылған. Сөйтіп, әртүрлі уақытта Ресейде ұзындық бірлігі:

- шынтақ (қол шынтағы қайырылғаннан бастап ортаңғы саусағы аяқталғанға дейін);

-  қарыс (үлкен адамның үлкен сұқ саусағы арасындағы ара қашықтық);

-  аршын, кез (оның пайда болуы қарыстың жойылуын еліктірді – ¼ кез);

-  сажын ( орыс өлшемі = 3 шынтақтан = 152 см);

-  кере құлаш = 248 см.

Петр 1 Жарғысымен ұзындық өлшемін орыстар ағылшындармен келісімге келді:

- дюйм («саусақ» = 2,54 см);

- ағылшын футы = 12 дюйм = 30,48 см.

Алғашқы метрлік өлшем жүйесі 1840 жылы Францияда енгізілді. Оның маңыздылығын Д.И. Менделеев «халықтың келешекте үміт еткен жақындасуы» ретінде көңіл аударған. 

Ғылым мен техниканың дамуымен жаңа өлшемдер және жаңа өлшемдер бірлігі талап етілді, ол фундаменталдық және қолданбалы метрологияның дамуына себеп болды. Алғашқы өлшем бірлігінің прототипін макрообъектілерді және олардың қозғалысын зерттей отырып, табиғаттан іздеген. Сөйтіп, секунда – Жердің өз осін айналатын кезеңінің бір бөлігі. Ізденістер атомдық және атом ішілік деңгейге біртіндеп ауысты. Енді секунд – сыртқы өрістер жағынан ауытқу жоқ болған кезде Цезий-133 атомының негізгі күйінің аса жұқа құрылымының екі деңгейі арасында өтетін сәйкесті сәуле шығару 9192631770 периодтар ұзақтығы.

Сөйтіп, метрология ғылым ретінде динамикалық дамып отыр.

Фундаменталдық метрологияның келешектік дамуын ФШ қабылданған бірлігі табиғи пайда болғаны туралы ұғымды беретін физикалық шамалар бірлігінің халықаралық жүйесінде (СИ жүйесінде) қабылданған физикалық бірлігін анықтағанын растайды. Физикалық шамалар бірлігінің жүйесі – бұл физикалық шамалардың негізгі және туынды бірліктер жиынтығы.

1954 жылы өлшемдер және салмақтар бойынша Генералдық конференция (ӨСГК) халықаралық қатынастарда қолдану үшін алты ФШ анықтады: метр, килограмм, секунд, ампер,  Кельвин градусы, шам.

1960 жылы  ХI  ӨСГК физикалық шамалар бірлігінің халықаралық жүйесін (СИ жүйесін) бекітті. Оны барлық ірі метрология бойынша халықаралық ұйымдар қабылдады. КСРО бұл жүйені 1963 жылы қабылдады. СИ жүйесіндегі негізгі физикалық шамалар:

а) ұзындық бірлігіметр – жарық вакуумда 1/299792458 секунд бөлшегінде өтетін жол ұзындығы;

б) салмақ бірлігікилограмм – килограммның халықаралық прототипінің массасына тең масса;

в) уақыт бірлігісекунд – (анықтамасы №1 дәрісте жоғарырақ келтірілген);

г) электрлік ток күші бірлігіампер – айнымас тоқтың күші, ол

бір - бірінен 1 м аралығында вакуумда орналасқан және сымның айналмалы қимасы соншалық кіші болса, екі параллель шексіз ұзындығы бар өткізгіштіктерден өткен кезде, сол өткізгіштіктердің әрбір метр ұзындықта  Н күші пайда болуы керек;

д) термодинамикалық температура бірлігі Кельвин градусы – судың үштік нүкте термодинамикалық температурасының 1/273,16 бөлігі (Цельсий шкаласын пайдалануы мүмкін);

е) зат мөлшері бірлігімоль – жүйенің зат мөлшері, ол жүйенің құрылымдық элементтері болғаны сонша, қанша атомдар массасы 0,012 кг көміртегі 12 нуклидинде;

ж) жарық күші бірлігікандела – көздің берілген бағытта жарық күші, ол көздің монохроматикалық сәуле шығару жиілігі  Гц, осы бағыттағы энергетикалық күші 1/683 Вт/.  Стерадиан -- кеңістік бұрышын өлшеу бірлігі.

Бұл тақырып бойынша қосымша ақпаратты келесі әдебиеттен алуға болады [1-6].

№2  дәріс

Ґлшеудіѕ негізгі тїрлері жјне јдістері

Дәрістің мазмұны:

- ґлшеулер туралы негізгі мјліметтер; ґлшеулердіѕ негізгі теѕдеуі; ґлшеулер классификациясы; ґлшеу јдістерініѕ классификациясы. 

Дәрістің мақсаты:

- ґлшеулердіѕ аныќтамаларын жјне тїсініктерін оќу, ґлшеулердіѕ јртїрлі тїрлері жјне јдістері.

Өлшеу -  өлшенетін шаманың және оның салыстыру бірлігі болып алынған кейбір мәні арасындағы тәжірибелік жолымен табылатын сандық арақатынасын алу процесі.

Өлшенетін шаманың өлшеу бірлігіне қатынасын мәнерлейтін сан  өлшенетін шаманың сандық мәні деп аталады. Ол бүтін немесе бөлшек болуы мүмкін, бірақ дерексіз сан болады.

Өлшеу бірлігі болып алынатын шаманың мәні сол бірліктің өлшемі деп аталады.

Онда өлшеудің негізгі теңдеуін келесі түрде жазуға болады

 

                                              ,                                                              2.1)

         мұндағы  өлшенетін шама; 

          * өлшенетін шаманың сандық мәні;  

            өлшеу бірлігі.

 мәні таңдалған өлшеу бірлігінің өлшеміне   байланысты. Мысалы,   Х=1 м = 100 см =  10 дм.

Әртүрлі өлшеудің нәтижесі аталған сан болып табылады.

Өлшеулер әдетте өлшеу объектінде жасалынады. Өлшеу объекті (ӨО) – бұл физикалық шама. Физикалық шама (ФШ) -  физикалық объектінің (құбылыстың, процестің) қасиеттерінің бірі, ол сапа жағынан көптеген физикалық объекттеріне ортақ, ал мөлшер жағынан әрқайсысына (физикалық шамалардың, мысалы, температура, меншікті салмақ, тығыздық, ұзындық және т.б.) жекеленген болып табылады. Физикалық шама өлшемі – «физикалық шама» ұғымына сәйкес келетін қасиеттің осы объектіндегі мөлшерлік мағынасы. Физикалық шама бірлігінің өлшемі, жалпы айтқанда, әрбіреу болуы мүмкін. Бірақ өлшеулер жалпы қабылданған бірліктерде жасалу керек (№1 дәріс Халықаралық жүйе СИ).

Өлшеу үшін таңдалған физикалық шаманы өлшенетін шама деп атайды. Өлшеу құралы (ӨҚ) – өлшеу кезінде қолданатын және нормаланған метрологиялық сипаттамалары бар техникалық құрал (2.1 сурет).

 


Х – өлшенетін шама;

У – өлшеу ақпаратының сигналы;

О – оператор.

2.1 Сурет - Өлшеу процесінің сұлбасы

 

Әсер етуші физикалық шама (ӘФШ) – берілген ӨҚ-мен өлшенбейтін, бірақ осы құралдың өлшеу нәтижесіне әсер етуші физикалық шама (қоршаған орта температурасы, ауа ылғалдылығы, электромагниттік өріс, вибрациялар және

т. б.)

Өлшеу нәтижесі – бұл өлшеу арқылы табылған физикалық шаманың мәні. ФШ бөлінеді: а) физикалық шаманың шындық мәні – сапалық және мөлшерлік жағынан объекттің сәйкес қасиетін шынайы бейнелейтін физикалық шаманың мәні. Философия тұрғысында шындық мәні әрдайым белгісіз. Өлшеулерді жетілдіру физикалық шаманың шындық мәніне жақындауға мүмкіндік береді; б) физикалық шаманың нағыз мәні – эксперименталды жолымен табылған және нағыз мәніне сонша жақын болғанынан – берілген мақсат үшін оның орнына қолдануға болады, тәжиребелік жолымен және үлгілі өлшеу құралымен анықталады.

         Жасалған немесе жасайтын өлшеу жөнінде елес құрастыру үшін оның негізгі сипаттамаларын (өлшеу принципін, өлшеу әдісін және өлшеу қателігін, кейде дәлдігін) білу қажет.

         Өлшеу принципі  – өлшеудің негізі болатын физикалық құбылыстардың жинағы.

         Өлшеу әдісі – өлшеу құралдарын және принциптерін қолдану тәсілдерінің жинағы.

         ӨҚ жасалу кемелсіздігі, олардың дәл бөліктенген шкаласының дәлсіздігі, ӨФШ әсері, адамның субъектівтік қателігі және бірқатар басқа факторлар өлшеу қателігінің себептері болып табылады.

Өлшеу қателігі – өлшеу нәтижесінің өлшенетін шаманың нағыз (шындық) мәнінен  ауытқуы

 

                                   .                                                            2.2)

 

Өлшеу дәлдігі өлшеу қателігінің нөлге жақындаған деңгейін немесе өлшеу кезіндегі алынған мәннің өлшенетін шаманың шындық мәніне жақындығын сипаттайды.

 

Дәлдік мөлшерін былай жазуға болады

 

 .                                                      (2.3)                         

 

Қателікті және дәлдікті анықтаған кезде физикалық шаманың шындық мәнінің орнына оның нағыз мәнін қолдануға болады.

Өлшеу классификациясы  Б қосымшасында келтірілген (Б1 суреті). Бесінші классификациялық белгісі бойынша, өлшеу нәтижесін алу тәсілі бойынша  келесі өлшеу түрлерін ажыратады.

         Тура өлшеулер - өлшеу кезінде шаманың ізделген мәні тікелей тәжірибелік мәліметтерден табылады

                                                                   У = Х,  

        мұндағы: У – ізделген мәні, Х – тікелей тәжірибелік мәліметтерден алынған мәні. Бұл өлшеулер орнатылған бірліктерде дәл бөліктенген аспаптар көмегімен жасалынады. Мысалы: токты амперметрмен, температураны  термометрмен өлшеу.

Жанама өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде шаманың ізделген мәнін табу сол шаманың және тура өлшеулерге жататын шамалар арасындағы белгілі тәуелділікке негізделген

 

                                       У = f (х1, х2, .. , хm),

 

          мұнда хm – тура өлшеулер барысында анықталады.

Мысалы: тығыздық – дененің массасы және көлемі арқылы, кедергі – кернеу және ток арқылы анықталады.

Біріккен (бірлесе) өлшеулер – бұл өлшеулер кезінде әртүрлі аталған шамалардың ізделген мәндері сол шамалардың ізделген мәндерінің тікелей өлшенген шамаларымен байланысатын теңдеулер жүйесін шешу жолымен анықталады. Келесі теңдеулер жүйесін шешу жолымен

 

                                  F1 (Y1, Y2, . . ,X11, X21, . . , Xm1) = 0;

                                  F2 (Y1, Y2, . . ,X12, X22, . . , Xm2) = 0;

                                    Fm (Y1, Y2, . . ,X1m, X2m, . . , Xmm) = 0.

 

                                 Y1, Y2, Y3 – ізделген шамалар,

                                 Х1, Х2, Х3 – тікелей өлшеулер.

 

Өлшеулер тағайындалуына және оларға қойылатын дәлдікке байланысты екі түрге бөлінеді – зертханалық (дәлдік) және техникалық.

Зертханалық (дәлдік) өлшеулер – дәлдігі жоғарылатылған өлшеу құралдар көмегімен және бірнеше рет қайта жасалынатын өлшеулер.

Техникалық өлшеулер – сәйкес келетін бірліктерде дәл бөліктенген жұмыстық (техникалық) өлшеу құралдар көмегімен бір реттік жасалынатын өлшеулер.

Жылутехникалық өлшеулер жасалған кезде Б қосымшасында (Б2 суретте) келтірілген классификациядағы өлшеу әдістері жиі қолданылады.

Өлшеуіш – физикалық шаманың берілген өлшемін жаңғырту үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу кезінде классификациялық белгісі өлшеуіштің бары немесе жоғы болып табылады.

Тікелей баға беру әдісі (ТББӘ) – өлшеуіштің жоғы – шама мәнін тура әсер ететін өлшеу аспабының санауыш құрылғысы арқылы тікелей анықтайтын өлшеу әдісі.

Мысалы: серпінді таразысында салмақты өлшеу,  t0 – термометрмен.

Сызықтық өлшеулердің дәлдігін көтеру үшін шкала және нониус (қосымша шкала) арқылы санау әдісі қолданылады. Бұл әдіс шкалалардың (негізгі және қосымша) белгілерінің түйіскенін қолдануымен сипатталынады.

Өлшеуішпен салыстыру әдісі (ӨСӘ) – бұл өлшеу әдісі өлшенетін шаманы өлшеуішті жаңғырту шамасымен салыстыруына негізделген.

Өлшенетін шама және өлшеуішті жаңғырту шамасы арасында айырмашылығы бар немесе жоқ болуына қарай  нөлдік және дифференциалдық әдістерін айырады.

Нөлдік әдіс – бұл ӨСӘ, мұнда салыстыру аспабына әсер етуші нәтижелік эффектін нөлге дейін жеткізеді. Мысалы,  иықтары тепе-тең таразымен салмақты өлшеу, бұл кезде салмақ массасы салмақты теңестіретін гир массасымен анықталады.

         Дифференциалды әдіс – бұл ӨСӘ, мұнда өлшеу аспабына өлшенетін  және белгілі өлшеуішпен жаңғыртатын шамалардың айырымы әсер етеді. Айырым өлшенеді. Мысалы, иықтары тепе-тең меңзерлік таразымен салмақты өлшеу, бұл кезде салмақтың және гирдің таразы серіппесіне әсерлері толық емес, қарама-қарсы қойылады,  айырымы аспап шкаласында меңзермен белгіленеді:

а) қарама-қарсы қою әдісі - бұл ӨСӘ, мұнда өлшенетін  және өлшеуішпен жаңғыртатын шамалар бір мезгілде салыстыру аспабына әсер етеді, соның көмегімен осы шамалардың арақатынасы жойылады;

б) ауыстыру әдісі -  бұл ӨСӘ, мұнда өлшенетін  шама белгілі өлшеуішпен жаңғыртатын шамамен ауыстырылады;

в) түйісу әдісі – бұл ӨСӘ, мұнда өлшенетін және өлшеуішпен жаңғыртатын шамалардың айырымын өлшеу үшін шкала белгілерінің немесе периодикалық сигналдардың түйісуі қолданылады.

         Дифференциалды әдісін қолдану үшін өлшенетін шамаға жақын жоғары дәлдік өлшеуіш болуы керек.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты  [1-6,8,9] әдебиеттен алуға болады.

 

 №3 дәріс

Ґлшеулер ќателігі

Дәрістің мазмұны:

- өлшеулер қателігінің классификациясы; кездейсоқ және жүйелік қателігі; кездейсоқ шаманың таралу заңдары. 

Дәрістің мақсаты:

- әртүрлі өлшеулер қателіктердің негізгі анықтамаларын оқу, кездейсоқ шаманың таралу заңдарының негізгі мінездемелері, байқау қатарының негізгі мінездемелерін бағалау.

Пайда болу себептеріне, өзгеру мінезіне және көрініс жағдайына байланысты өлшеулер қателіктерінің классификациясы В қосымшасында В1 суретте келтірілген.

         Олардың көрініс мінезіне тәуелді қателіктерді кездейсоқ және жүйелік деп ажыратады.

Кездейсоқ қателіктері – бұл қателіктер бір шаманы қайталап өлшеген кезде кездейсоқ түрде өзгереді.

Кездейсоқ қателіктерінің мәнін және таңбасын анықтау мүмкін емес. Кездейсоқ қателіктерін есептеу үшін қат-қабат (статистикалық) өлшеулер жасалынады. Кездейсоқ қателіктерін бағалағанда күтетін қателікті айтады.  Дөрекі қателік  – бұл кездейсоқ қателік.  Әбес – бұл қателік өлшеу нәтижесін ашықтан-ашық бұрмалайды. Эксперимент жасайтын адамның кездейсоқ субъективті қателігі әбес деп алынады. Дөрекі қателіктер және әбестер, әдетте, байқау нәтижелерінің статистикалық өңдеуі басталғанша экспериментальдік деректерден жойылады.

Жүйелі қателік – бір және сол шаманы қайталап өлшеулерде тұрақты немесе заңды өзгеретін болып қалатын қателік өлшеуі.

Егер жүйелі қателік белгілі болса, яғни белгілі мәні және таңбасы болса, онда ол өлшеудің аяқталуы бойынша түзету енгізу жолымен алынып тасталуы мүмкін. Егер жүйелі қателіктің себебі (көзі) белгілі болса, онда оны өлшеуге дейін шығарып тастау қажет.

Жүйелі қателіктердің туу салдарына байланысты өлшеу әдісі қателігі, құралдық қателік, орнату қателігі, субьективті қателік, әдістемелік қателік болып бөлінеді.

Өлшеу әдісі қателігі (теориялық қателік) – бұл өлшеу әдісінің жетімсіздік қателігі. Негізінде бұл өлшеу принципінің жетімсіздігі өлшеу негізіне алынған құбылыстың жеткілікті зерттелмеуі.

 Құралдық қателік (құралдың қателігі) - қолданылатын өлшеу құралдарының қателіктеріне байланысты туатын қателіктер (конструкцияның, өлшеу құралдарының жасалу технологиясының жетімсіздігі, олардың бірте-бірте тозуы, материалдардың ескіруі).

Орнату қателігі - өлшеу құралдарын дұрыс орнатпау қателіктері.

Әдістемелік қателік – шаманы өлшеу әдістемесінде жіберілетін қателік және бұл өлшеу құралдарын қолдану дәлдігіне тәуелді емес.

Субьективтік қателік – байқаушының жеке ерекшеліктерімен шартталған қателіктер.

Байқалу сипаты бойынша қателіктер тұрақты және айнымалы болып бөлінеді.

Тұрақты жүйелі қателіктер өзінің мәнін қайта өлшеулерде  өзгертпейді. Мысалы,   өлшеу құралының дұрыс емес дәлдеуі, есептеудің басталуының дұрыс қойылмауы және т.б.                                                                                                                                                                                                                                                                                   

Айнымалы жүйелі қателіктер қайталап өлшеулерде  әртүрлі мәндерді белгілі заңдылықтармен қабылдау. Егер қателіктер қайта өлшеулерде көбейсе, не болмаса азайса, онда бұл прогрестік жүйелі қателік. Кезеңдік жүйелі қателік кезеңдік немесе күрделі заң бойынша өзгере алады. Кезеңдік жүйелі қателіктің пайда болу себебі - сыртқы факторлардың әрекеті және өлшеу құралының құрылымының ерекшеліктері.

Өлшеу нәтижесі әрқашан жүйелі ()  және кездейсоқ ()  қателіктерден тұрады

                                                            .                                                       (3.1)

          Сондықтан өлшеу нәтижесінің () қателігі жалпы жағдайда кездейсоқ шама ретінде қарастырылуы керек, сонда жүйелі қателік осы шаманың МО болады, ал кездейсоқ қателік – орталықтанған кездейсоқ шама.

 

          3.1 Кездейсоқ шаманың бөлу заңдары

         Кездейсоқ шаманың толық жазбасы оның бөлу заңы болып табылады, демек кездейсоқ қателік y және қателіктер D.

           Бөлудің әртүрлі заңдары бар.  Өлшеу тәжірибесінде қателіктерді бөлудің кеңінен таралған заңы қалыпты заң (Гаустың) болып табылады.

         Бөлудің қалыпты заңының тығыздығының формуласы

                                               = ,                                  (3.2)

 

        мұнда s - орташа шаршылық ауытқу.

                       d - кездейсоқ қателік.

     Кездейсоқ шаманы бөлудің қалыпты заңының сызбасы 3.1. суретінде көрсетілген.

 


                         s = 0.01

 


s = 0.02

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.1. Сурет – Бөлудің қалыпты заңының сызбасы

s қаншалықты аз болса, өлшеулер соншалықты дәлірек орындалады (көбіне шағын кездейсоқ қателіктер кездеседі).

Кездейсоқ шаманы бөлудің теңестірілген заңы салыстырмалы түрде жиі кездеседі, оның сызбасы 3.2.суретте берілген.

 


 

 

 

3.2. Сурет – Бөлудің теңестірілген заңының сызбасы

 

Бөлудің теңестірілген заңының ықтималды тығыздығының формуласы      

 

                                                                      (3.3)

Өлшенетін шаманың мәндері кейбір шекаралық шектерде әртүрлі, бірақ тең ықтималды болуы мүмкін.

Бөлудің басқа заңдары МЕСТ 8.011 – 72 “өлшеулер дәлдігінің” көрсеткіштері және өлшеулер нәтижесін ұсыну формалары.

3.1.1 Бөлу заңдарының негізгі сипаттамалары

Бірқатар бақылаулардың математикалық үміті (МК) – жекелеген бақылаулардың нәтижелерінің соған қатысты салыстырмалы шашырайтын шамасы.

Егер жүйелі қателіктер болмаса және жекелеген өлшемдердің нәтижелерінің шашырауы тек қана кездейсоқ қателіктермен шартталса, онда мұндай бақылау қатарының математикалық үміті өлшенетін шаманың нақты мәні болады.

Егер , онда мұндай бақылау қатарының математикалық үміті өлшенетін шаманың нақты мәнінен жүйелі қателік мәніне ойысатын болады.  

Бірқатар бақылаудың шашырандысы (Ш)  математикалық үміт айналасындағы жекелеген бақылаулардың нәтижелерінің шашырау дәрежесін көрсетеді. Шашырау қаншалықты аз болса, соншалықты жекелеген нәтижелер шашырауы аз, соншалықты өлшеулер дәл орындалған болады. Сөйтіп, шашырау жүргізілген өлшеулердің дәлдігі сипатында қызмет етеді.

*. Байқаулар қатарының орташа шаршылық ауытқулары шашырауды өлшеу бірлігі өлшенетін шаманың шаршы болып табылатындықтан, бағалау дәлдігі үшін орташа шаршылық ауытқу деп аталатын және шашыраудан шаршы түбіріне тең шама пайдаланылады.  

3.1.2 Бірқатар бақылаудың негізгі сипаттамаларының бағалары

Ықтималдық теориясының математикалық үмітінің бағасы жекелеген бақылаулар -  нәтижелерінің арифметикалық ортасы болып табылатыны белгілі

                                                 ,                                                         (3.4)

 

          мұнда    - i-й   бақылау нәтижесі:

              * - бақылау нәтижелерінің саны

        *бақылау қатарының шашырау бағасы келесі формула бойынша есептеледі

                                      .                                              3.5)

 

*   бақылау қатарының орташа шаршылық аутқуы бақылау нәтижелерінің кездейсоқ қателіктерінің мөлшерінің негізгі сипаттамасы болып табылады.

Орташа шаршылық ауытқу s  бағасының есебінің формуласы

                                      = +   ,                                                                (3.6)

 

 n àболғанда  (нақтысында   n > 30),  S2 à Д, S à s.

  Тақырып бойынша қосымша ақпаратты [1-7,10]. – нан алуға болады

№ 4  дәріс 

Өлшеулер қателігі (жалғасы) 

Дәрістің мазмұны:

- дјлдік жјне техникалыќ ґлшеулерде ќателіктер баєасы мен есебі, бґлудіѕ жјне кездейсоќтыќтыѕ аксиомалары; баќылаулар ќатарыныѕ негізінде ґлшеулер нјтижесініѕ ќателіктерініѕ ыќтимал баєалары, ґлшеу ќўралдары жјне ґлшеу дјлдігін арттырудыѕ јдістері.

Дәрістің мақсаты:

- баќылаулар ќатарыныѕ негізінде ґлшеулер нјтижесініѕ ќателігініѕ ыќтимал баєаларын игеру: сенім шекаралары, сенім интервалы жјне сенім ыќтималдылыєы;  ґлшеулердіѕ кездейсоќ жјне жїйелі ќателіктерін азайту јдістері, СИ дјлдігін арттыру јдістері.

4.1 Дәл өлшеулердегі қателіктердің бағасы және есебі

Дәл өлшеулер жүйелі қателіктер бола алмайтындай жүргізілуі қажет. Кездейсоқ қателіктер теориясы тәжірибе деректеріне негізделген екі аксиомада беріледі.

          Кездейсоқтық аксиомасы: өлшеулердің үлкен санының шамасы бойынша тең, бірақ таңбасы бойынша әртүрлі кездейсоқ қателіктер біркелкі жиі кездеседі, теріс қателіктер саны оң қателіктер санына тең болады.

        Бөлу аксиомасы: шағын қателіктер  үлкенге қарағанда  жиірек болады, өте үлкен қателіктер кездеспейді.

         Кездейсоқ шаманың, сондай-ақ кездейсоқ қатенің толық жазбасы бөлу заңы болып табылады Кездейсоқ шаманы бөлудің әртүрлі заңдары бар. Өлшеу тәжірибесінде кездейсоқ қателіктерді бөлудің ең көбірек таралған заңдары қалыпты және теңділік заңдары болып табылады.

4.1.1 Бірқатар бақылаулар негізінде өлшеулер нәтижесінің қателігінің ықтимал бағалары

Бақылау нәтижелерін өңдеудің мақсаты - өлшенетін шаманың шынайы мәнінің орнына қабылдануы мүмкін болатын және нақты мәнінің шынайыға жақын дәрежесі.

Нақты мән қайтсе де кездейсоқ қателіктен тұрады. Сондықтан нақты мәннің шынайы мәнге жуық дәрежесін ықтималдылық теориясы тұрғысынан қарастыруға болады. Мұндай бағалау сенімділік интервалы болып саналады. Кездейсоқ қателіктің сенімділік интервалы – берілген сенімділік ықтималмен кездейсоқ қателік мәніне түсетін интервал. Егер кездейсоқ қатені бөлу заңы және осы заңның сипаттамалары белгілі болса, сенімділік интервалын айқындауға болады (3 дәріс).

 ГОСТ 8.011 – 72 МЕСТ-ке сәйкес сенімділік интервалы өлшеулер дәлдігін білдіретін негізгі формалардың бірі. МЕСТ өлшеу нәтижесін ұсынудың келесі формасын тағайындайды

                                       ,                                          4.1)

мұнда   – өлшеу нәтижесі (орташа арифметикалық мән);

            D, Dн, Dк – төменгі және жоғарғы шекаралары мен өлшеудің абсолют қателігі;

            Р – қателік осы шекараларда болатын сенімділік ықтималдығы.

Ықтималдылық теориясында кездейсоқ қателікті бөлудің қалыпты заңы үшін шама: ,  бұл МО = 0 және Д = 1 қалыпты заңы бойынша бөлінген кездейсоқ шамасы; ал    бұл Стьюдент заңы бойынша бөлінген  кездейсоқ шамасы. және   үшін кесте бар , ол бойынша сәйкесті  және  үшін  Dн, Dк    сенім интервалының шекарасын Р сенімділік ықтималдығымен анықтайтын мәндерін табуға болады.

   ,  S à s   -де, яғни  бақылау санының артуы мен Стьюдент бөлу заңы қалыптыға жуықтайды (практикалық түрде n > 30     -    -ға теңеседі).

Өлшеу тәжірибесінде сенімділік ықтималдықтың әртүрлі мәндерін қолданады: Р = 0,90; 0,95; 0,98; 0,99; 0,9973 және 0,999.

Қалыпты заңда кездейсоқ қателікті бөлуде көбіне сенімділік ықтималдылығы 0,9973  болатын  +3s дан -3 s -дейінгі сенімділік интервалын пайдаланады. Бұл сенімділік ықтималдығы 370 кездейсоқ қателіктен орташа алғанда тек біреуі ғана  = 3 s  мәнінен асатын болады. Тәжірибеде жекелеген өлшеулердің саны бірнеше ондағаннан үлкен болуы сирек кездеседі, мұнда  «3 сигм заңын» қолданады: қалыпты заң бойынша бөлінген барлық мүмкін болатын өлшеулердің кездейсоқ қателіктері практикалық тұрғыда 3 s  абсолют мәнінен артпайды.

Орындалған өлшеулердің талдауының ең соңғы мақсаты қателіктер мен ықтималдықтың салыстырмалы жиілігінің өлшеуінің соңғылық нәтижесі үшін қабылданатын олардың орта арифметикалық мәнінің қателіктері  өлшенетін шаманың бірқатар мәндерінің бақылау нәтижесінің қателігін анықтаудан тұрады.

4.1.1.1  Бақылау нәтижесінің қателігін (дәлдігін) бағалау

Бақылау нәтижесінің дәлдігінің бағалауын  - бақылаудың нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы көрсетеді. (№3 дәріс). Бақылау нәтижесінің кездейсоқ ауытқуының бағасының дәлдігі және сенімділігі туралы толық түсінік алу үшін сенімділік шекаралары, сенімділік интервалы және сенімділік ықтималдығы көрсетілуі қажет. Белгілі сенімділік шекаралары мына түрде көрсетіледі:  төменгі шекарасы   (-), жоғарғы шекарасы (+) (қысқартылғаны ), бұл шектерден тыс Р=0,683 (немесе 68,3%) кездейсоқ ауытқулар мәндері аспайды  (). Сенімділік интервал  түрінде өрнектеледі. Өлшеу мақсатына байланысты басқа да сенім шекаралары  берілуі мүмкін, ал бақылау нәтижесінің қателігінің сенімді интервалы        

                                             ,                                                   (4.1)

мұнда, - бақылау нәтижесінің орта квадраттық ауытқуы  (3.6);

                    - квантиль көбейткіш, мұның мәні кездейсоқ қателікті бөлудің таңдалған заңына байланысты болады.

Сөйтіп, бөлудің теңдестірілген заңы үшін  және ол сенім ықтималдығына тәуелді емес. Бөлудің қалыпты заңы үшін  сенім ықтималдығы (Р) мәніне және таңдалған (n) мәндерінің санына тәуелді: n > 30 –да  =  ; n < 30-да    =  (Стьюдент заңы).  Ең көп қолданылатын Р және әртүрлі n   сенімділік ықтималдықтары [П1-4-1,8, кесте] келтірілген.   

         4.1.1.2  Өлшеу нәтижесінің (дәлдігінің) қателігінің бағалау 

        Өлшеу нәтижесі арифметикалық орташа мәні  тең деп алынады. Қателіктер теориясына сәйкес, өлшеу нәтижесінің    орташа квадраттық ауытқу бағасы бақылаулардың нәтижесінің орташа квадраттық ауытқу бағасынан  есе аз

                                                     .                                                              (4.2)

Өлшеу нәтижесінің қателігінің сенімді интервалы 

                                         ,                                                     (4.3)  

мұнда,   - (4.1) формуладағыдай мағынасы бар;

             * - өлшеу нәтижесінің орташа квадраттық нәтижесі.

 

4.2 Техникалық өлшеулердің қателіктерін есептеу және бағалау

Техникалық өлшеулер - өлшеудің жұмыс құралдарының көмегі арқылы бір рет орындалатын практикалық тұрақты шамаларды өлшеу (№2 дәріс). Көп жағдайда кездейсоқ қателіктер өлшеудің дәлдігінің айқындаушылары болып табылмайды, сондықтан көп қайталау қажеттілігі тумайды. Бір рет өлшеу нәтижесі үшін өлшеу құралының көрсеткіші алынады. Тура әрекетті көрсететін өлшеу аспабын қолдануда бір реттік өлшеу қателігі жуықтаған шектік қателікті бағалаумен келесі формула бойынша анықталады

                                          ,                                              (4.4)

мұнда, - әсер ететін шамалардың қалыпты саласында оны пайдаланудағы қолданылатын өлшеу аспабының жіберілетін негізгі қателігінің шегі, %; *- әдістемелік қателік , %  ; * - формулаға сәйкес қалыпты саладағы мәндер үшін немесе олардың қалыпты мәндері үшін белгіленген шектен тыс шамаларға әсер ететін ауытқумен анықталатын өлшеу аспабының жіберілетін қосымша қателік шегі, %

                                         ,                                                     (4.5)

 

мұнда, -  әсер ететін шаманың ауытқуынан туған өлшеу аспабының   жіберілетін қосымша қателігінің шек мәні,  %.

Техникалық өлшеулердің дәлдігін тек қана  мәнімен анықтау үшін  * және *-ды шығарып тастау керек. Ол үшін СИ дұрыс және тыңғылықты орындалуын қамтамасыз ету және НУ-ға жуық жұмыс жағдайларын жасау қажет.

 

4.3 Өлшеу құралдарын және өлшеу дәлдігін арттыру әдістері

4.3.1 Өлшеудің кездейсоқ қателіктерін азайту әдістері:

а) көп қайталап өлшеу әдісі  өлшеу санын арттыра отырып, (4.2) сәйкес теориялық түрде  бағасын жасауы мүмкін, бұл баға қаншалықты аз болса да, өзінше кездейсоқ қателікті анықтайды;

б) көп арналы өлшеу әдісі (бір және сол физикалық шаманың қатарлас өлшеуін пайдалану); ол үшін бірден бірнеше СИ-ды пайдалану қажет және бақылау нәтижесін бірлесіп өңдеу қажет.

4.3.2  Өлшеудің жүйелік қателіктерін азайту әдістері:

а) өлшеуге дейін  жүйелік қателік көздерін жою;

б) өлшеуден кейін түзетулер енгізу жолы мен жүйелі қателіктерді болдырмау әдістері;

в) өте дәл ӨЖ пайдалану.

4.3.3 ӨЖ дәлдігін арттыру әдістері

         Мұнда да жоғарыда қарастырылған өлшеу дәлдігін арттырудың әдістері пайдаланылады:

а) көп қайталап өлшеу әдісі;

б) көп арналы өлшеу әдісі;

         в) параметрлік тұрақтандыру әдісі (конструкторлық-технологиялық әдіс), бұл ӨЖ статикалық сипаттамасын тұрақтандырудан тұрады; параметрлік тұрақтандыру ӨЖ-ні  дәл және тұрақты элементтерді, магнитті және электорлы өрістерден ӨЖ экрандауды терма тұрақтандырғышты жасау жолымен іске асырылады; бұл әдіс ӨЖ жүйені және кездейсоқ қателіктерді азайтады;

г) құрылымдық әдістер, олар ӨЖ құрамына алынған ақпарат көмегімен  осылардың ӨЖ дәлдігін арттыруды қамтамасыз ететін қосымша тораптар, элементтер және шаралар қосуға негізделген.

     Тақырып бойынша қосымша мәліметтерді |1,6,7,8,12,13,14| алуға болады.

№5  дәріс

      Өлшеу құралдары туралы негізгі мәліметтер

     Дәрістің мазмұны:

         - ӨЖ ґлшеу ќўралдарыныѕ негізгі тїрлері; ґлшеу ќўралдарыныѕ эталондары, ґлшеудіѕ їлгісі, жўмыс ќўралы жјне олардыѕ классификациясы, ґлшеу ќондырєыларыныѕ статистикалыќ мінездемелері.

      Дәрістің мақсаты:

      - өлшеу құралдарының  әртүрлі түрлерін ажыратуды және олардың классификациясын меңгеру, ӨЖ-нің статистикалық мінездемесі;  түрлендіру функциясы, өлшеулер диапазоны, сезімділік, сезімділік табалдырығы.

     Өлшеу құралдары (ӨҚ) – Өлшеуде қолданылатын және нормаланған өлшеу сипаттамалары бар  техникалық құралдар.

Метрологиялық сипаттамалар (МС) - өлшеу нәтижелеріне және қателіктеріне әсер ететін ӨҚ қасиеттерінің сипаттамалары.

     Өлшеу құралдарының классификациясы Г1 суреті Г қосымшасында көрсетілген.

   

Өлшем -  берілген мөлшердегі физикалық шамаларды есептеу үшін

арналған ӨҚ. Мысалы, Гир – масса өлшемі: кедергіш – кедергі өлшемі; сызғыш – ұзындық өлшемі.

       Өлшеу құрылғылары (ӨҚ)  - дербес немесе өлшеу қондырғыларында және жүйелерінде қолданылады. Өлшеу құрылғылары  ақпаратты ұсыну формаларына байланысты өлшеу аспаптары және өлшеу түрлендіргіштері болып бөлінеді.

      Өлшеу құралы – бақылаушы тікелей қабылдай алатын түрдегі өлшеу ақпаратының сигналын өндіру үшін тағайындалған ӨҚ. Өлшеу құралдары мыналарды ажыратады: 1) ұқсас және санды құралдарды; 2) көрсететін және өзі жазатын аспаптар; 3) тура әрекет аспаптары және салыстыру аспаптары.

      Өлшеу түрлендіргіштері – бақылаушының тікелей қабылдауына берілмейтін өлшеу ақпаратының  сигналын тарату, одан әрі түрлендіру, өңдеу және (немесе) сақтау үшін ыңғайлы түрде беру үшін тағайындалған ӨҚ.

      Өлшеуіш қондырғылар  және жүйелер – бір немесе бірнеше өлшеу нысандары үшін көмекші құрылғылары бар функционалдық қасиеті бойынша біріктірілген ӨҚ жиынтығы.

      Бір  ізге салынған ӨҚ – МҚЖ (автоматтандыру құралдары және өнеркәсіптік аспаптардың мемлекеттік жүйесіне ) енетін ӨҚ. Бұл жүйе блоктық-модулдық принцип бойынша құрылады:

 - 0,2 – 1   (0,02 – 0.1 МПа); кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар;

     - электрлі кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар:

         а) тұрақты  ток 0-5, 0-20, 0-100 мА немесе 0-10 В;

б) айнымалы  ток жиілігі 50 немесе 400 Гц; 1-0-1 В, 0-2 В, 1-3 В; 0-10 МГц, 10-0-10 МГц;

         - электр жиілігі 1500 -2500 Гц  и  4000 – 8000 Гц кіріс және шығыс сигналдары бар аспаптар.

         Бұл аспаптардың бірегей кіріс және шығыс сигналдары бар, бұл өлшеу құралдарының өзара алмасуын қамтамасыз етеді, екіншілікті өлшеу құрылғыларының түрліше болуын қысқартады, автоматтандыру құрылғыларының сенімділігін арттырады, ЭЕМ қолдану келешегіне жол ашады. 

         Тағайыны бойынша ӨҚ үш санатқа бөлінеді:

            а)  жұмыс өлшеулері, өлшеу аспаптары, өлшеу түрленгіштері;

         б) үлгілі жұмыс өлшеулері, өлшеу аспаптары, өлшеу түрленгіштері;

         в) эталондар.

         Жұмысшы ӨҚ – халық шаруашылығының барлық салаларында күнделікті практикада өлшеуге арналған ӨҚ.

 Жұмысшы ӨҚ келесілер:  1)  жоғары дәлдікті (зертханалық) ӨҚ; 2) техникалық ӨҚ.

         Үлгілі ­ӨЖ – жұмыс өлшеу құралдарын тексеру және өлшемдеу үшін арналған ӨҚ. Үлгілі ӨҚ өлшеулерінің жоғарғы шегі тексерілетін аспаптың өлшеуінің жоғарғы шегінен жоғары немесе оған тең болуы қажет. Үлгілі ӨЖ жібере алатын қателігі сынаққа түсетін аспаптың жібере алатын қателігінен елеулі ( 4-5 есе) аз болуы қажет. 

         Жұмысшы ӨҚ мемлекеттік бақылау Мемстандартында тексеріледі. Үлгілі ӨҚ 1-разрядты мемлекеттік бақылау зертханаларында тіптен дәлірек үлгілі өлшеулермен, аспаптармен, түрлендіргіштермен тексеріледі. Үлгілі 2-разрядты ӨҚ сәйкесті жұмыс эталондары бойынша салыстыру жолымен 1-разрядты үлгілі ӨҚ, ал 1-разрядты ӨҚ өлшеулер мен өлшегіш аспаптардың мемлекеттік институттарында  тексеріледі.

         Эталон – жоғары дәлдікпен өлшеу, ол өз мөлшерін басқа ӨҚ беру мақсатында бірлік шамасын қайта орнына келтіру және сақтау үшін тағайындалған.  Эталоннан ФВ бірліктері разрядтық эталондарға, ал разрядтық эталондардан  жұмыс эталондарына беріледі.

Келесі эталондар бар:

         - біріншілікті;

         - екіншілікті;

         - жұмысшы (разрядтар).

         Біріншілікті эталон –ФВ бірлігін қазіргі ғылыми-техникалық мүмкіндікке сай аса жоғары дәлдікпен қайта шығару эталоны. Біріншілікті эталон ұлттық (мемлекеттік) және халықаралық болуы мүмкін. Ұлттық эталон метрология бойынша ұлттық органы бар ел үшін ӨҚ сапасында бекітіледі.        Халықаралық эталондарды өлшеулер және таразылардың халықаралық бюросы сақтайды және қолдайды (ӨТХБ). Оның міндеті әртүрлі елдердің ұлттық эталондарын халықаралық эталондармен, сондай-ақ өзара жүйелі түрде халықаралық салыстырып байқау болады. ӨҚ жүйесінің негізгі шамалары және одан шығарылған шамалар эталондар ретінде салыстыруға жатады. Салыстырудың белгіленген кезеңдері тағайындалған: метр және килограмм эталоны әр 25 жылда; электр және жарық эталондары – 3 жылда бір рет.

Екіншілікті эталондар – “эталондар-көшірмелер” мемлекеттік эталонмен салыстырылады және мөлшерді жұмыс эталондарында беру үшін, ал жұмыс эталондары – төменірек разряд эталондарына қызмет етеді.

Ең бірінші эталондар Францияда 1799 жылы ресми бекітілді және Францияның ұлттық мұрағатына сақтауға берілді.

         5.1 Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамалары

Өлшеу құралдарының кіріс Х және шығыс У сигналдар мәні өзгермейтін жұмыс режимі статикалық (стационарлық) деп  аталады.

Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасы деп аталған құрылғының статикалық жұмыс режиміндегі шығыс сигналдың кіріс сигналға қызметтік тәуелділігі аталады (5.1 сурет). Жалпы жағдайда бұл сызықтық емес тәуелділік У = f(x).

Өлшенетін шаманың бірліктер мен ерекше бірліктерде өлшемделген атаусыз шәкілі немесе шәкілі бар өлшеу құрылғылары үшін статикалық сипаттаманы түрлендіру функциясы деп атау қабылданған. Өлшеу аспаптары үшін статикалық сипаттаманы бұдан басқа тағы да шәкіл сипаттамасы деп атайды. Статикалық сипаттаманы анықтау өлшемдеуді орындаумен байланысты, сондықтан барлық ӨҚ үшін өлшемдеу сипаттамасы пайдаланады, бұл кесте, кескіндеме немесе формула түрінде жасалған ӨҚ шығыс және кіріс шамалары мәндері арасындағы тәуелділік ұғынылады.

Өлшеу құрылғыларының статикалық сипаттамасына қойылатын  негізгі талап арнаулы жағдайлардан басқа, шығыс және кіріс шамалары арасындағы сызықтық тәуелділікті алуға тіреледі. Тәжірибеде бұл талап алдын ала қабылданған кейбір қателікпен іске асады.

Көрсетулер ауқымы  шәкілдің соңғы және бастапқы мәндерімен шектелген шәкіл көрсеткіші.

Өлшеулер ауқымы (шәкілдің жұмыс бөлігі) - өлшенетін шаманың мәндерінің өлшеу құралдарының жіберілетін қателіктері нормаланған

                                           (Хв – Хн; Ув – Ун), 

мұнда, Ун , Хн – өлшеу ауқымының төменгі шегі;

            Ув, Хв –– өлшеу ауқымының жоғарғы шегі.

Статикалық сипаттаманың ерікті нүктесінде ӨҚ кіріс сигналдың шығыс сигналына әсерін сандық бағалау үшін  DХ кіріс сигналының өсімшесіне DУ  шығыс сигналының өсімшесінің қатынасының шегі көрсетеді, яғни мұнда DХ à 0 болу керек, демек шығынды таңдалған нүктеге тең

                                       S = =       .                                                5.1)

S – өлшеуіш түрлендіргіштің ӨТ сезімталдығы, оның өзгеруін туғызған өлшенетін шаманың ӨТ шығысындағы сигналының өзгеру қатынасы ретінде анықталады.

 

 5.1 Сурет – Ґлшеу ќўрылєысыныѕ  статикалыќ сипаттамасы

Кескіндемелік сезімталдық – бұл статикалық сипаттамаға қатысты ойысу бұрышының тангенсі.

Егер статикалық сипаттама сызықтық емес болса, онда оның сезімталдығы шәкілдің әртүрлі нүктелерінде әртүрлі болады.  Сызықтық шәкілі бар ӨҚ тең өлшемді шәкілі және тұрақты сезімталдық мәні болады. Өлшеуіш түрлендіргіштерде статикалық сипаттама әдетте, сызықтық: , мұнда - түрлендіру коэффициенті.

Бөлу бағасы – көрші екі шәкіл арасындағы белгі айырымы.

Сезімталдық табалдырығы – түрлендіргіштің шығыс сигналындағы немесе өлшеу аспабының у көрсетуінің сенімді бекітілген өзгеруін тудыруға қабілетті өлшенетін  х шамасының мәнінің ең аз өзгеруі.

Жоғарыда қарастырылған барлық ӨҚ сипаттамаларын метрологиялық деп атайды, себебі олар осы құрылғылардың қызметінің дәлдігіне әсер етеді.  

Егер ӨҚ нормаланған метрологиялық сипаттамалары (НМС) - метрологиялық сипаттамаларының нормалары белгіленген жағдайда, ӨҚ қолдануға жіберіледі. НМС туралы мәліметтер ӨҚ техникалық құжаттамасында келтірілген.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты  [5,8,9]- дан алуға болады .

№6 дәріс

         Өлшеу құралдарының негізгі метрологиялық сипаттамалары

Дәрістің мазмұны:

Дәлдік класы- өлшеу құралдары мен өлшеу түрлендіргіштері қателіктерінің классификациясы. 

           Дәрістің мақсаты:

 ӨҚ- ның негізгі метрологиялық сипаттамалары: дәлдік класы, ӨҚ қателіктерінің есептеулері мен түсінігін меңгеру.

Метрологиялыќ сипаттамалар (МС) – ґлшеу ќателіктері мен нјтижелеріне јсер ететін ҐЌ ќасиеттерініѕ сипаттамасы.

  6.1 Дәлдік класы мен жіберілетін қателіктер

Дәлдік класы – негізгі және қосымша жіберілетін қателіктер шегімен, басқа да дәлдікке әсер ететін өлшеу құралдарының қасиеттерімен анықталатын жалпыланған метрологиялық сипаттама (МС). Дәлдік класы – мөлшерсіз көлем.

Негізгі және қосымша жіберілетін қателіктердің шегі жеке өлшеу құралдарының (ӨҚ) стандартына сәйкес белгіленеді.

Өлшеу құралдарына (МСТ 136-68) (1; 1.5; 2.0; 2.5; 3.0; 4.0; 5.0; 6.0) ;   n = 1; 0; -1; -2;… қатарынан алынатын дәлдік класы беріледі. Дәлдіктің нақты кластары ӨҚ-ның жеке түрлеріне қатысты стандарттармен белгіленеді. Дәлдік класын көрсететін сан аз болған сайын жіберілетін негізгі қателік шегі азаяды.

Келтірілген қателіктер бойынша нормаланатын дәлдік кластары қателік шегінің нақты мәнімен байланысады, яғни дәлдік класы келтірілген қателіктер мәнінің пайызбен көрсетілген санына тең.

Екі немесе одан да көп ауқымы (немесе шәкілі) бар ӨҚ-да екі немесе одан да көп дәлдік класы болуы мүмкін.

 

6.2  Өлшеу құрылғыларының қателіктері

Д1 суретінде ӨҚ қателіктер  классификациясы  берілген (Д  қосымшасы):

а) көріну сипатына қарай  ӨҚ-  жүйелік және кездейсоқтық қателіктер құраушылары өлшеулердің жүйелік және кездейсоқтық қателері сияқты мағынаға ие болады.  (№3 дәріс);

б) колдану жағдайына қарай:

          1) ӨҚ негізгі қателігі – қалыпты жағдайларда қолданылатын ӨҚ қателігі  (Н.У.).   Н.У.-да  ӨҚ қолдану жағдайлары үшін әсер ететін шамалардың (қоршаған ортаның температурасы, барометрлік қысым, ылғалдылық, қөректендіру кернеуі, ток жиілігі және т.т.) қалыпты мәндері болады немесе мәндердің қалыпты шеңберінде болады, сондай-ақ олардың белгілі бір кеңістікте орналасуы, жердің магниттік өрісінен басқа сыртқы электромагниттік өрістің, дірілдің болмау шарттары түсіндіріледі.  Н.У. әдетте ӨҚ қолданудың жағдайлары болмайды;

        2) жіберілуі мүмкін қосымша қателік шегіне ең үлкен қосымша  қателік ұғылады, бұл өлшеу құралдары жарамды және қолдануға болады деген жағдайдағы әсер ететін шаманың кеңейтілген мәндерінің шегінде туады. ӨҚ әр түрі үшін стандарттарда немесе техникалық шарттарда қосымша қателіктің мәні тағайындалған шектерден аспайтын деңгейде әсер ететін шамалардың мәндерінің кеңейтілген шеңберін белгілейді. Негізгі және қосымша қателіктер атауларына берілген жғдайларда орын алатын ӨҚ нақты қателігі сәйкес келеді: 

в) қолдану режіміне орай:

          1) статикалық қателік – тұрақты шаманы өлшеу үшін ӨҚ пайдалануда туындайтын ӨҚ қателігі;

          2) динамикалық қателік – шаманың уақытында айнымалыны өлшеу үшін ӨҚ –ны пайдалануда туатын ӨҚ қателігі;

г) ұсыну формасына орай.

Өлшеу аспабы және өлшеу түрлендіргіші үшін абсолют салыстырмалы және келтірілген қателіктерді анықтау ерекшелігі. Өлшеу аспабында кіріс шамасы бірлігіне өлшемделген шәкіл немесе белгілі көбейткіштің шартты бірліктерінде өлшемделген шәкілі бар, сондықтан өлшеу нәтижесі кіріс шаманың бірліктерінде үсынылады. Бұл өлшеу аспабының қателігін анықтаудың қарапайымдылығын шарттайды. Өлшеу түрлендіргішінде өлшеу нәтижелері шығыс шама бірліктерінде көрсетіледі. Сондықтан, өлшеу түрлендіргішінің кірісі және шығысы бойынша қателіктерді ажыратады.

Өлшеу аспабының абсолют қателігі – аспаптың көрсетуі мен өлшенетін шаманың нақты мәнінің арасындағы айырым

                                           ,                                                     (6.1)

 үлгілі аспап көмегімен анықталады немесе өлшеумен қайта шығарылады.

Өлшеу аспабының салыстырмалы қателігі өлшеу аспабының абсолют қателігінің өлшенетін шамасының нақты мәніне қатынасы  

                                                                                                (6.2)

                        Өлшеу аспабының келтірілген қателігі  - Өлшеу аспабының абсолют қателігінің өлшенетін шамасының нормаланған мәніне қатынасы                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                               (6.3)

        Нормалайтын мән сапасында өлшеудің жоғарғы шегі немесе өлшеу аспабының өлшеулер ауқымы пайдаланылады.

Өлшеу түрлендіргішінің (ӨТ) қателіктерін анықтауда келесі шамалар белгілі:  - ӨТ кірісіндегі шаманың нақты мәні, ол кірісінде өлшеуішпен шығарылады немесе  үлгілі СИ  көмегімен анықталады. - Ипр шығысындағы шамасының мәні, ол шығуында үлгілі құрал көмегімен анықталады; - өлшеуіш түрлендіргіштің түрлендіру функциясы;  - өлшеуіш түрлендіргіштің түрлендіруінің кері функциясы.

Шығысы бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің абсолют қателігі -  өлшенетін шаманы көрсетеін өлшеуіш түрлендіргіштің шығысындағы шаманың нақты мәнінің өлшеуіш түрлендіргішке берілген өлшемделген сипаттаманың көмегі арқылы кірістегі шаманың нақты мәні бойынша анықталатын арасындағы айырым 

                                        ,                                   (6.4)

 

,   кіріс шаманың бір мәнінде анықталады.

Кірісі бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің абсолют қателігі: өлшеуіш түрлендіргіштің кірісінде  түрлендіргішке қоса оның шығысындағы түрлендіргішке жазылған өлшемдердің сипаттамасының көмегі арқылы нақты шамасының мәні бойынша анықталатын және түрленушінің кірісіндегі нақты мән шамасының арасындағы айырым 

                                 =.                                             (6.5)

 

Кірісі бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің салыстырмалы қателігі

                                                                        (6.6)

Шығысы  бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің салыстырмалы қателігі

 

                                                                       (6.7)

Кірісі бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің келтірілген қателігі

                                        .                                                           (6.8)

Шығысы бойынша өлшеуіш түрлендіргіштің келтірілген қателігі

                                           .                                                        (6.9)

 

Нормаланған мән сапасында ,  түрлендіргіш өлшеудің   ауқымы немесе осы ауқымға сәйкесті шығыс сигнал өлшеуі () пайдаланылады;

д) өлшенетін шаманың мәнінен

Осы тәуелділікті қарастыру үшін түрлендірудің номинал және шынайы функциялары ұғымын пайдалану ыңғайлы. Түрлендірудің номинал функциясы  ИУ паспортында көрсетілген. Түрлендірудің шынайы функциясы – ИУ осы типінің нақты меңгеретін функциясы. Түрлендірудің шынайы функциясының номиналдан ауытқуы әртүрлі және өлшенетін шаманың мәніне тәуелді болады.Осы ауытқулар және осы ИУ қателігін анықтайды.

 Аддитивтік қателіктер немесе ИУ нөл қателігі – бұл өлшенетін шаманың барлық мәндерінде тұрақты болып қалатын қателік (Д қосымшасы, Д суреті).

Егер аддитивті қателік жүйелі болатын болса, онда ол алынып тасталынуы мүмкін ( мысалы, нөлді түзету). Егер аддитивті қателік кездейсоқ шама болса, онда оны алып тастауға болмайды және түрлендірудің шынайы функциясы уақыт бойынша номиналға ерікті қатынас бойынша ауысады. Шынайы функция үшін өлшенетін шаманың барлық мәндерінде ені тұрақты болып қалатын жолақты бөліп алуға болады.

Кездейсоқ аддитивті қателіктердің көздері – СИ тіреуіштердегі үйкеліс, нөлдің жылжуы, шу.

Мультипликативтік қателік немесе СИ сезімталдығының қателігі -  өлшенетін шаманың артуы мен сызықтық өсетін (немесе кемитін) қателік (Д қосымшасы, Д3 суреті).

         Мультипликативтік қателік көздері – СИ тораптарының және жекелеген элементтердің түрлену коэффициентінің өзгеруі

         Сызықтық қателік – түрленудің шынайы функциясының номиналдан өзгешелігі сызықтық емес эффектілермен болатын қателік (Д қосымшасы Д4 суреті).

Сызықтық қателік көздері – СИ конструкциясы (сұлбасы), сұлбалар жасау технологиясының  жетімсіздігімен байланысқан түрлендірудің сызықтық емес бұрмалану функциялары.

  Гистерезис қателігі – кері жүріс қателігі (кешігу қателігі) (Д қосымшасы, Д5-суреті). Бұл СИ-дің ең елеулі және болдырмауы қиын қателігі. Ол өлшенетін шаманың артуында (тура жүріс) немесе кемуінде (кері жүріс) шынайы түрлену функциясының дәл келмеуін көрсетеді.

 Гистерезистің себептері – механикалық берілетін элементтердің люфті, құрғақ үйкелісі, ферромагниттік материалдардағы гистерезистік эффект, серіппе материалдарындағы ішкі тіреліс, элементтердегі, пьезоэлементтердегі, электрохимиялық элементтердегі поляризация құбылысы.

СИ теқ қана оның метрологиялық сипаттамалары белгіленген жағдайда ғана қолдануға жіберіледі. Нормаланған метрологиялық сипаттамалар туралы мәліметтер өлшеу құралдарының техникалық құжаттамасында келтірілген.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты - [5-9] алуға болады.

№7 дәріс

          Стандарттау негіздері

Дәрістің мазмұны:

-  стандарттау мјні, стандарттау нысандары мен салалары, нормативтік ќўжаттар, стандарттау органдары мен ќызметтері, ўлттыќ жјне халыќаралыќ  стандарттау. 

Дәрістің мақсаты:

- стандарттаудың негізгі анықтамаларын, мақсаты мен міндеттерін, нормативтік құжат түрлерін,ұлттық стандарттау тұжырымдамасын, халықаралық ұйымдар: ИСО, МЭК, МГС рөлі мен міндеттерін меңгерту.

Стандарттау – орындау үшін міндетті болып табылатын талаптарды, нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды әзірлеуге және белгілеуге бағытталған, лайықты бағаға сапалы тауарларды сатып алуға тұтынушы құқын, сондай-ақ еңбектің қауіпсіздігін, ыңғайлылығын қамтамасыз ететін қызмет.

 Стандарттау мақсаттары: 1) жалпы мақсаттар; 2) нақты мақсаттар.

Жалпы мақсаттар стандарттау ұғымы мазмұнынан шығады.  Жалпы мақсаттар міндетті болып табылатын стандарттар талаптарын орындаумен байланысты: келесілерді қамтамасыз ететін нормалар, талаптар және ережелер әзірлеу:

- өнімдер, жұмыстар, адамдар өмірі мен денсаулығына, қоршаған орта мен мүлік қызметтері қауіпсіздігі;

-  бұйымдардың үйлесімділігі және өзара алмастырылуы;

- ғылыми-техникалық прогрестің даму деңгейіне сәйкес өнімдер, жұмыстар мен қызметтер сапасы;

- өлшеулер бірлігі;

- ресурстардың барлық түрлерінің үнемделуін;

- әртүрлі зілзалалар және төтенше жағдайлар туындау мүмкіндігімен байланысқан  шаруашылық нысандарының қауіпсіздігі;

- елдің қорғаныс қабілеті және тез жұмылу даярлығы.

Нақты мақсаттар қызметтің белгілі бір саласына, тауар мен қызметтер саласына, өнімнің, кәсіпорынның және т.т. осы немесе басқа түріне жатады.

 Стандарттау нысаны (пәні) – өнім, процесс немесе қызмет, бұлар үшін осы немесе басқа талаптар, сипаттамалар, параметрлер , ережелер және т.б. әзірленеді.

 Стандарттау тұтастай нысанға немесе оның жекелеген құраушыларына (сипаттамаларына) қатысты болады.

 Стандарттау саласы – өзара байланысқан стандарттау нысандарының жиынтығы. Мысалы, стандарттау саласы – машина жасау, стандарттау нысаны – технологиялық процестер, қозғалтқыш типтері, қауіпсіздік.

Стандарттау деңгейлері әлемнің қай географиялық, экономикалыќ, саяси ґѕірініѕ ќатысушылары ќандай стандарттауды ќабылдайтынына байланысты јкімшілік-аумаќтыќ стандарттау, ўлттыќ стандарттау, ґѕірлік стандарттау, халыќаралыќ стандарттау болды.

Стандарттау бойынша нормативтік құжаттар және стандарттау түрлері

Стандарттау процесінде стандарттау нысанына қатысты нормалар, ережелер, талаптар, сипаттамалар жасалады. Олар нормативтік құжаттар түрінде рәсімделеді. Стандарттау бойынша халықаралық ИСО\МЭК ұйымының басшылығы келесі нормативтік құжат түрлерін ұсынады (НҚ):  техникалық шарттар стандарттары, құжаттары, ережелер жинақтары, регламентті (техникалық регламенттер) ережелер.

Стандарт – бұл белгіленген салада тәртіптелетін оңтайлы дәрежеге қол жеткізуге бағытталған, танылған органмен бекітілген,  консенсус негізінде әзірленген нормативтік құжат. Стандартта жалпы және көп рет пайдалану үшін қызметтің әртүрлі түрлері мен нәтижелеріне қатысты жалпы принциптер, ережелер, сипаттамалар тағайындалады. Стандарт ғылыми зерттеулердің, техникалық жетістіктердің және практикалық тәжірибелердің қорытындыланған нәтижелеріне негізделген болуы қажет, сонда оны пайдалану қоғам үшін оңтайлы нәтиже пайда келтіреді. Ең алдымен стандарттау органы алдын ала (уақытша) стандарт қабылдайды және оны әлеуетті тұтынушылардың көпшілігіне, сондай-ақ оны қолдана алатындарға жеткізеді. Осы құжат туралы пікірлер стандарттың мақсат тиімділігі туралы шешім қабылдау үшін негіз болады. Стандарттар санаттары: халықаралық, өңірлік, ұлттық, әкімшілік-аумақтық. Олар  тұтынушылардың кең көлемі үшін тағайындалады, яғни жалпыға қолжетімді болып табылады. Стандарттар түрлері: негізділік стандарт, терминдік стандарт, сынау әдістері стандарты, өнім стандарты, процесс стандарты, қызмет стандарты, үйлесімділік стандарты.

Техникалық шарттар құжаты  (ТШ)  өнімге, қызметке, процеске техникалық талаптарға белгілейді. Әдетте ТШ құжатында әдістер немесе амалдар көрсетілуі қажет, оларды қажет болатын жағдайларда осы нормативтік құжат талаптарының сақталуын тексеру үшін пайдалану керек.

Ережелер жинағы ТШ сияқты дербес стандарт немесе дербес құжат, сондай-ақ стандарттың бөлігі болуы мүмкін. Әдетте, ережелер жинағы жобалау, жабдықпен құрылымдарды құрастыру, техникалық қызмет қөрсету немесе нысандарды, құрылымдарды, бұйымдарды пайдалану процесі үшін жасалады.

 Барлық жоғарыда көрсетілген нормативтік құжаттар ұсыныстық сипатта болады, конструкций, изделий.

Регламент – бұл міндетті құқықтық нормалардан тұратын құжат. Регламентті стандарттау органы және басқа НД органы емес билік органы қабылдайды.

Техникалық регламент (ТР) – регламентің өзгеше түрі. Мұнда стандарттау нысанына қойылатын техникалық стандарттар мазмұндалады. Бұл талаптар құжаттың өзінде немесе басқа НД сілтеме түрінде ұсынылуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда ТР-ға НД толық қосылады. Әдетте техникалық регламенттер әдістемелік құжаттар мен өнімнің, тауардың, қызметтердің регламент талаптарына сәйкестігін тексеру немесе бақылау әдістері бойынша көрсеткіштер мен әдістемелік құжаттармен толықтырылады.

Қазақстан Республикасында стандарттау бойынша нормативтік құжаттар “Техникалық реттеу туралы” заңмен белгіленген (2004 ж.):

а)    халықаралық  стандарттар;

            б) стандарттау бойынша ережелер мен ұсыныстар техникалық-экономикалық ақпараттың өңірлік стандарттары және жіктегіштері;

в) Қазақстан Республикасы техникалық-экономикалық ақпаратының мемлекеттік стандарттары және жіктегіштері;

г)   ұйымдар стандарттары;

д)   Қазақстан Республикасы стандарттауы бойынша ұсыныстар;

е) Шет мемлекеттердің стандарттауы бойынша ұлттық стандарттары, ұйымдар стандарттары, техникалық-экономикалық ақпараттың жіктегіштері, ережелері, нормалары және ұсыныстары.

2 ИСО/МЭК басшылығына сәйкес стандарттау бойынша қызметтерді сәйкесті органдар және ұйымдар іске асырады. Стандарттаумен айналысатын орган деп стандарттау саласында ұлттық, өңірлік немесе халықаралық деңгейлерде жалпы танылған органды айтады. Мұндай органның негізгі функциялары - тұтынушылардың кең ауқымына жетімді нормативті құжаттарды әзірлеу және бекіту. Бірақ ол бұдан басқа да қызметтерді орындауы мүмкін, бұл әсіресе стандарттау бойынша ұлттық органға тән сипат болады.

Қазақстанда стандарттау бойынша ұлттық орган уәкілетті орган болып табылады. Уәкілетті орган – ҚР заңнамасына сәйкес уәкілденген мемлекеттік орган, ол стандарттау, сәйкестілікті нақтылау және тіркеу мәселелері бойынша халықаралық және өңірлік ұйымдарда Қазақстан Республикасының атынан өкілеттік етеді және техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды бақылауды басқарады және іске асырады. Стандарттау саласындағы уәкілетті орган келесі қызметтерді орындайды :

а)  техникалық-экономикалық ақпараттың мемлекеттік стандарттарын және жіктегіштерін іске қосуды  әзірлеудің, келісудің, есепке алудың, бекітудің, сараптаудың, өзгертудің, бас тартудың және енгізудің тәртібін тағайындайды;

б) техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілермен үйлестірілген стандарттардың әзірлеуін, талдауын ұйымдастырады;

в) ҚР аумағында стандарттау, сәйкестік және реттеуді бекіту бойынша шетел мемлекеттерінің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарының, техникалық-экономикалық ақпараттардың, жіктегіштердің ережелері мен ұсыныстарының есебі мен қолдану тәртіптерін белгілейді;

г) Шет мемлекеттердің мемлекеттік, халықаралық, өңірлік стандарттарын стандарттау бойынша, ережелері мен ұсыныстарын сәйкестік пен реттеуді бекіту бойынша олар туралы ақпарат жариялайды, ресми басылымдарының басылуын және таратылуын ұйымдастырады.

д) мемлекеттік стандарттау жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлеу тәртібін белгілейді;

е) мемлекеттік және орыс тілдерін стандарттау бойынша нормативтік құжаттардың аудармаларын бекітуді ұйымдастырады.

Стандарттау бойынша тұрақты жұмысшы органдар техникалық комитеттер (ТК) болып саналады, бірақ бұл жағдай кәсіпорындардың, қоғамдық мекемелердің, шаруашылықтың басқа субъектілерінің нормативтік құжаттар әзірлеуін жоққа шығармайды.

Мемлекеттің ВТО-ға мүшелігі оны толық көлемде барлық қол жеткен келісімдерді орындауға міндеттейді, бірақ ВТО–ға түсу үшін тарифтер мен сауда бойынша Бас келісім (ГАТТ) ережелері мен сыртқы экономикалық қызметті үйлестірудің, үйлестіру әдістерінің толық үйлесімі талап етіледі. Стандарттау саласында бұл қолданыстағы ГСС нормативті құжаттарды саудадағы техникалық кедергілер бойынша Келісім талаптарына сәйкесті келтіру.

Стандарттау бйынша халықаралық ұйым (ИСО) 1946 жылы стандарттау бойынша 25 ұлттық ұйыммен құрылған болатын. ИСО ресми тілі – ағылшын, француз, орыс.

ИСО қызметінің саласы Халықаралық электротехникалық комиссия (ҚЭК)    құзыретіне жататын электр техникасы және электроникадан басқа барлық салаларға қатысты. ИСО стандарттаудан басқа сертификаттау проблемаларымен шұғылданады.

Бүгінгі күні ИСО-ға стандарттау бойынша өз ұлттық ұйымдарымен 120 ел кіреді. ИСО-ның ірі әріптестері – ХЭК және СЕК (стандарттау бойынша еуропа комитеті). ХЭК (халықаралық экономикалық комиссия) 1906 жылы 13 елдің конференциясында құрылды. Бұл елдердің қызметтестігінің басталу уақыты – 1881 жыл.  ХЭК 1946 жылдан бастап  ИСО құрамындағы дербес ұйым СЕН 1961 жылдан өмір сүреді.  Еуропаның 18 елі оған мүше. АСЕАН стандарттау бойынша оңтүстік –шығыс Азия елдерінің халықаралық қауымдастығы. МГС -  ТМД елдерінің мемлекетаралық кеңесі, 1995 жылы құрылған. ИСО кеңесі ТМД елдеріндегі стандарттау бойынша МГС-ті өңірлік ұйым деп таныды.

ИСО халықаралық стандарттары барлық мүше елдер үшін міндетті статусы жоқ. ИСО стандарттары оларды қолдану жағдайында ұлттық стандарттау жүйесіне енгізіледі.

Тақырып бойынша қосымша ақпаратты  [1-4,11,16] алуға болады..

№8 дәріс

Сертификаттау негіздері

Дәрістің мазмұны:

- сертификаттау мјні жјне мазмўны, негізгі терминдер жјне ўєымдар, міндетті жјне ерікті сертификаттау, сертификаттау жїйелеріне ќатысу тїрлері жјне тану бойынша келісімдер.

Дәрістің мақсаты:

- сертификаттаудың негізгі анықтамаларын, мақсаты мен міндеттерін, “Техникалық реттеу туралы” Заңның негізгі ережелерін оқып үйрену; өнімді сертификаттаудың  принциптері, ережелері және тәртібі.

 

         Сертификаттау латын тілінде  «дұрыс жасалған» ұғымын білдіреді. Өнімнің дұрыс жасалғанына сенімді болу үшін оның қандай талаптарға сәйкес және оның осы сәйкестігі туралы нақты дәлелдерді қандай түрде алуға болатынын білу керек.

ИСО/МЭК сәйкестерминін ұсынады, бұл өнімнің (процестің, қызметтің) берілген талаптарға сай екенін көрсететін, сенім тудыратын, өтініш беру мүмкіндігі бар амал. Бұл : а) сәйкестік туралы  декларация, яғни дайындаушының өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін көрсететін жазбаша кепілдемесі; б) сертификаттау (дұрыстау) -  осы арқылы үшінші тарап өнімнің, процестің, қызметтің қойылған талаптарға сәйкес екендігін көрсететін жазбаша кепілдендіру амалы.

 Сәйкестік туралы декларация келесі мәліметтерден тұрады: декларацияны ұсынатын дайындаушының мекен-жайы, бұйымның таңбалануы және ол жайлы қосымша ақпарат; техникалық реттеу саласында нормативтік, құқықтық актінің талаптарға сай екенін, өнімнің бекітетін атауы; дайындаушыны өтініштің мазмұны үшін жеке жауаптылығы туралы көрсетуі және басқалар. Ұсынылатын ақпарат сынау нәтижелеріне негізделген болуы қажет. Сәйкестік туралы декларация осы өнімнің жоспарланған шығарылу мерзімін ескере отырып, бірақ бір жылдан аспайтын мерзімде дайындаушының (орындаушының) өнімге қойған мерзіміне қабылданады. Сертификаттау арқылы сәйкестікті бекіту міндетті түрде үшінші тараптың қатысуын талап етеді. Сәйкестікті бекіту – тәуелсіз, белгілі бір амалдар ережелері бойынша іске асырылатын, қойылған талаптарға сәйкестігін кепілдейтін амал. Сертификаттау қойылған талаптарға өнімнің (процестің, қызметтің) сәйкестігінің негізгі дұрыс тәсілі болып есептеледі.

Сәйкестікті дәлелдеу сертификаттаудың осы немесе басқа жүйесі бойынша жүргізіледі. Сертификаттау амалға, сондай-ақ басқаруға қатысты өзінің жеке ережелері бойынша дұрыстауды іске асырады. Сертификаттау жүйесін құрайтындар- орталық орган, ол жүйені басқарады, оның жұмысын қадағалайды және сертификаттау жүргізуге өз құқын басқа органдарға бере алады.

          Сертификаттауды жүргізудің ережелері мен тәртібі: сертификаттау сәйкестікте іске асырылатын нормативтік құжаттар; сертификаттау амалдары (сұлбалары); инспекциялық бақылау тәртібі. Сертификаттау жүйелері ұлттық, өңірлік және халықаралық деңгейлерде әрекет ете  алады.

        Сертификаттау міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін. Міндетті сертификаттау  заңдар мен заңнамалық ережелер негізінде іске асырылады және міндетті стандарт талаптарына, техникалық регламенттер талаптарына тауардың, процестің, қызметтің сәйкестігін дәлелдеуді қамтамасыз етеді.Осы нормативтік құжаттардың адамдардың денсаулығын және қоршаған ортаны қорғауға қауіпсіздігіне қатысты болғандықтан, міндетті сертификаттаудың негізгі аспектісі қауіпсіздік және экология болады.

          Қазақстанда міндетті сертификаттау «тұтынушылар құқықтарын қорғау»  туралы заңымен енгізілген. Міндетті сәйкестілікке бекітуге жататын өнім техникалық реттеу саласында нормативтік, құқықтық актілермен анықталады.

          Ерікті сертификаттау жүйелеріндегі сертификаттау бойынша орган мен өтінуші арасындағы келісім шарттарындағы заңды немесе жеке тұлғалар бастамасы бойынша жүргізіледі. Міндетті сертификаттау бойынша міндетті сертфикаттау жүйелерінде еркін сертификаттауға жол беріледі. Ерікті сертификаттауда сынақ іске асырылатын нормативтік құжатты, әдетте, өтінуші таңдайды. Өтінуші –  өнімді дайындаушы, жеткізуші, сатушы, тұтынушы. Ерікті сертификаттау жүйелері көбіне ұзақ мерзімді әріптестік қатынастар негізінде сауданы дамытуға мүдделі өнім тұтынушылар мен дайындаушыларын біріктіреді.

            Сертификаттау жүйелеріне қатысу үш түрде жүргізілуі мүмкін: сертификаттау жүйесіне рұқсат ету; сертификаттау жүйесіне қатысу, сертификаттау жүйесіне мүше болу. Рұқсат ету осы жүйелердің ережелеріне сәйкес сертификаттауды іске асыруда өтінуші үшін мүмкіндікті білдіреді. Мүшелік пен қатысу сертификаттау органы деңгейінде белгіленеді. Қатысудың бірінші түрі өнім түсірушілерге, дайындаушы –кәсіпорындарға қатысты. Олар таңдалған жүйе шеңберінде өз өнімін сертификаттайды (мысалы, ерікті сертификаттауда)  немесе осы жүйе бойынша сертификаттауға міндетті болады, мысалы, міндетті сертификаттау ереже негізінде. Басқа екі түр ұлттық, өңірлік және халықаралық сертификаттау жүйелеріндегі сертификаттау органының қызметіне қатысты.

         Сертификаттау халықаралық сауданың дамуына ықпал етеді, бірақ сертификаттау жүйесінде техникалық кедергі болуы да мүмкін. Саудада техникалық кедергілерді жоюға өзара тану туралы келісім көмектеседі (тану бойынша келісім  ИСО/МЭК 2 басшылығының терминологиясына сәйкес). Бұл келісімдер қатысушы елдер санына байланысты біржақты, екіжақты, көпжақты болады.

         ҚР сертификаттау ҚР мемлекеттік заңдарына - “Тұтынушы құқығын  қорғау туралы”, “Техникалық реттеу туралы”, сондай-ақ, “Ветеринария туралы”, “Өрт қауіпсіздігі туралы”,  “Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы туралы”  салалық заңдарға және басқа құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастырылады және жүргізіледі.

         “Тұтынушылар туралы” заң 1991 жылы қабылданған (1992 жылы өзгерістер енгізілген). Мұнда бірқатар принциптік жаңа ережелер беріледі: барлық өркениетті әлемде танылған тұтынушылардың құқықтарын, өмір мен денсаулық үшін қызметтердің , жұмыстардың, тауарлардың қауіпсіздігі құқын; орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, сатып алатын тауарлардың лайықты сапасы құқын; тұтынушы мүдделер мен құқықтарын соттық қорғау және келтірілген шығынды орнына келтіру  құқын бекітті. Сапасыз тауарларды сатуда немесе жұмысты орындауда, қызмет көрсетуде жіберілген бұзылушылықтар құқықтарын тұтынушының қорғану механизмін алдын ала қарастырады. Заң тұтынушылар қатарына табыс табу үшін тауар сатып алатын жеке кәсіпкерлерді жатқызбайды.

         “Техникалық реттеу туралы’’ Заң 2004 жылы қабылданды (31.01.2006 толықтырулар енгізілген). Заңда сертификаттау мақсаты белгіленді, сертификаттау бойынша ұлттық орган – ҚР бас уәкілетті органы және оның қызметі, сәйкестікті міндетті және ерікті бекіту мәні, сертификаттау бойынша органдар құқықтары, сертификаттау бойынша қызметтің әртүрлі бағыттарын қаржыландыру көздері және т.б. анықталды.

         Сәйкестікті үшінші тараптан бекіту жүйелерінде стандарттарға сәйкестіктің екі тәсілі қолданылады: сәйкестік сертификаты және сәйкестік белгісі.

         Сәйкестік сертификаты – техникалық реттеу саласында нормативтік құқықтық актілермен, стандарттар ережелерімен немесе басқа құжаттармен тағайындалған талаптарға өнімдердің, қызметтердің сәйкестігін куәландыратын құжат. Сертификат стандарттың барлық талаптарына, сондай-ақ оның жеке тарауларына немесе өнімнің нақты сипаттарына қатысты болады және ол құжатта ескертіледі

Сәйкестік белгісі-техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілермен, стандарттармен және басқа құжаттармен тағайындалған талаптарға сәйкестікті бекіту амалынан өнімнің, қызметтің өткендігі туралы сатып алушылырды ақпараттау үшін қолданылатын белгі.

Сәйкестік туралы белгіні пайдалануға рұқсатты (лицензияны) сертификаттау органы береді. 

Сертификаттауда пайдалану үшін тағайындалған стандарттың “қолдану саласы” бөлімінде оларды сертификаттау мақсаттары үшін қолданылуы туралы ескертілуі қажет. Стандартқа тек қана обьективті тексеруге болатын сипаттамалар ғана енеді. Стандарт егер сынаулар олардың нәтижелеріне әсер ететін болса, онда сынаулардың ретін көрсетеді. Бұзбайтын сынау әдістері тиімдірек.

         Өнімнің сәйкестігін бекітуді жүргізу тәртібі міндетті сертификаттауға қатысты белгіленген (соның ішінде импортталатын өнімге), бірақ ерікті сертификаттауда да қолданылуы мүмкін. Өнімнің сертификаттауын жүргізудің тәртібінің жалпы прициптері  ИСО/МЭК 2-басшылығына сәйкес келеді. Сәйкестікті бекіту бойынша жұмыстарды басқару техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі шеңберінде іске асырылады. Сертификаттау бойынша тікелей жұмысты сәйкестікті бекіту органдары және сынау зертханалары жүргізеді.

          Сертификаттау тәртібі:

а) өнімді сертификаттау үшін сәйкестікті бекітетін органға өтініш түсіру; осы орган бір ай ішінде өтінішті қарайды және өз өнімін сертификаттау үшін өтінуші қай органды және қай сынау зертханасын таңдай алатындығы жайлы шешімін хабарлайды;

б) сынау зертханасы жүргізетін үлгілерді таңдау, сәйкестендіру және олардың сынауын жүргізу; сынаулардан кейін сынау хаттамалары бір-бірден өтінушіге және сәйкестендіруді бекіту жөніндегі органға беріледі; хаттаманың сақтау мерзімі сертификаттың әрекет ету мерзіміне тең болады

в) өндірісті бағалау; өндірісті  талдау өндірісті немесе сапаны басқару жүйесін сертификаттауда жүргізіледі;

г) сәйкестік сертификатын беру; 2 және 3-тармақшалар бойынша сарапшының қорытындысы жасалады; бұл басты құжат, соның негізінде сәйкестік бекіту жөніндегі орган сарапшының қорытындысын береді; осы орган сәйкестікті беру және тіркеу нөмірін берудің негізін көрсетіп, сертификат әзірлейді, онсыз сертификат жарамды болмайды.

Сәйкестік сертификатын алғанға дейін өлшеу құралдары мемлекеттік метрологиялық бақылау және тексеруден өтуі қажет. Сәйкестік сертификаты бекіту сұлбасымен тағайындалған, бірақ үш жылдан аспайтын мерзімге беріледі. 

         Сертификатталған өнім үшін инспекциялық бақылау сертификаттың әрекет етуінің және сәйкестендіруді қолданудың, бірақ жылына бір реттен кем емес барлық   мерзімінде жүргізіледі. 

 

А - қосымшасы 

 

 

 Б қосымшасы

 

 

 

ӨЛШЕУЛЕР

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨШ уақыт

тәуелділігі

бойынша

 

ӨШ

жиынтығы

бойынша

 

Дәлдігін анық-

тау шарттары

бойынша

 

Нәтижеге жету

үшін өлшеулер

саны бойынша

 

Нәтижеге жету тәсіл-

дері бойынша

(түрі бойынша)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

статика-лық

 

 

электрлік

 

 

max мүмкін

дәлдігі

 

 

бірреттік

байқау (кәдімгі)

 

 

тура

 

 

динами-калық

 

 

механика-

лық

 

 

зертханалық

 

 

 

 

 

жанама

 

 

 

 

 

жылутех-никалық

 

 

техникалық

 

 

Көпреттік

байқау (статистика-лық)

 

 

жиынтық

бірлесе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               Б1 Суреті – Өлшеулер классификациясы

 

 

 

            ӨЛШЕУЛЕР ӘДІСТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тікелей баға беру әдісі

 

 

Өлшеуішпен салыстыру әдісі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шкаламен санау

 

Шкаламен және нониуспен санау

 

Нөлдік

 

Дифференциалды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарама-карсы қою

 

Қарама-қарсы қою

 

 

 

 

 

 

 

Ауыстыру

 

Ауыстыру

 

 

 

 

 

 

 

 

Түйісу

 

Түйісу

                        Б2 Сурет – Өлшеулер әдістерінің классификациясы

 

                                  В қосымшасы

 

В1 Сурет - Ґлшеу ќателіктерініѕ классификациясы

 

Д қосымшасы

 

 

 

 

             ӨҚ ҚАТЕЛІКТЕРІ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ӨҚ қайталап қолдану кезіндегі көрініс сипатына орай

 

ӨҚ қолдану шартына

орай

 

ӨҚ қолдану  режиміне

орай

 

Ұсыну

формасына

орай

 

Өлшенетін

шама мәніне

орай

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

жүйелік

 

 

негізгі

 

 

статикалық

 

 

абсолют

 

 

аддитивті

 

кездейсоқ

 

 

қосымша

 

 

динамикалық

 

 

салыстыр-

малы

 

 

мультипликативті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

келтірілген

 

 

сызықтық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

гистерезис

         Д1 Сурет – Өлшеу құралдарының қателіктері классификациясы

 

 

     А)    у

                                     у = f (Х)

       у2

                                          у = fн (Х)

       у1

 


  Dад

                                                          х

                                  х1

Б)  у

 

                                        у = fн (Х)

 

 

 


Dад                                                                                х

 

 

         Д2 Сурет – ӨҚ аддитивті қателік графигі (А  - жүйелік, Б – кездейсоқ)

 

                                  Д қосымшасы (жалғасы)

 

А)                                                                    Б)

    у

 

                                 f (x)

у1

                                           fн (x)

у2

 

                                                        х

               х1            х2

     у

 


                                            у = fн (x) 

 

 

 

 


                                                                 х

 

 

 

         Д3 Сурет – ӨҚ мультипликативті қателік графигі (А  - жүйелік, Б – кездейсоқ)

 

 

у

 

                                       fн (x)

 


                                  fр (x)

 

 


                                                         х

 

 

 

         Д4 Сурет – ӨҚ сызықтық қателік графигі

 

 

 

  у

                                     fн (x)

                                         х

 

 

Д5 Сурет – ӨҚ гистерезис қателік графигі

 

                     Әдебиеттер тізімі

1. Никифоров А.Д., Бакиев Т.А. Метрология, стандартизация и сертификация: Учебное пособие: - М.: Высшая школа, 2002. – 424 с.

2. Сергеев А.Г., Крохин В.В. Метрология: Учебник для вузов. – М.: Логос, 2001. – 408с.

3. Тартаковский Д.Ф., Ястребов А.С. Метрология, стандартизация и технические средства измерений. – М.: Высшая школа, 2001.

4. Крылова Г.Д. Основы стандартизации, сертификации, метрологии: Учебник для вузов. – 2-ое изд., перераб. и доп. – М.:ЮНИТИ-ДАНА, 2001.

5. Классен К.Б. Основы измерений. Электронные методы и приборы в измерительной технике. - М.: Постмаркет, 2000.

6. Основы метрологии и электрические измерения: Учебник для вузов. –Под ред. Е.М.Душина. – Л.: Энергоатомиздат, 1987.

7. Новицкий П.В., Заграф И.А. Оценка погрешностей результатов измерений.  – Л.: Энергоатомиздат, 1991.

8. Преображенский В.П. Теплотехнические измерения и приборы.- М.: Энергия, 1978.

9. Иванова Г.М., Кузнецова Н.Д., Чистяков В.С. Теплотехнические измерения и приборы. – М.: Энергоиздат, 1984. - 232 с.

10. Аубакиров Г.О. Практикум по метрологии, стандартизации и управлению качеством: Учебное пособие для вузов. – Алма-Ата, 1992.

11. Аубакиров Г.О. Казахско-русский словарь терминов по метрологии, стандартизации и управлению качеством. – Алматы, 1993.- 104 с.

12. Хан С.Г. Стандартизация, сертификация и технические измерения. Методические указания к выполнению лабораторных работ (для студентов специальности 360140 – Автоматизация и информатизация в системах управления). – Алматы: АИЭС, 2004.-29 с.

13. Хан С.Г. Метрология и измерения. Выбор структуры и расчет метрологических характеристик канала измерения температуры. Методические указания к курсовой работе.  - АИЭС, 1999.

14. Хан С.Г. Метрология, стандартизация и сертификация. Методические указания к выполнению расчетно-графических работ (для студентов очной формы обучения специальности 050702 – Автоматизация и управление)- Алматы: АИЭС, 2006.

15. Закон  РК «Об обеспечении единства измерений», 1993.

         16. Закон РК  «О техническом регулировании», 2004.

17. Закон КазССР  «О защите прав потребителей», 1991.