Коммерциялық емес акционерлік қоғам

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ

Инженерлік кибернетика кафедрасы

 

 

 

ӨНДІРІСТІК  МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ 

5В070200 -  «Автоматтандыру және басқару» мамандықтарының  барлық оқу түрлерінің студенттері үшін өндірістік-диплом алды машықтану жұмысын орындауға  арналған әдістемелік нұсқау

 

 

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТРЫРУШЫЛАР: Ю.В. Шевяков., Ш.И.Иманғалиев. 5В070200 «Автоматтандыру және басқару» мамандығының өндіріс- диплом алды машықтануын өткізуге арналған әдістемелік нұсқау. - Алматы: АЭжБУ, 2010.- 8 б. 

Бакалаврларды оқыту циклының аяқталуының негізі өндіріс диплом алды машықтану болып табылады. Дипломдық жұмысты жазу үшін керекті деректер жинау және өңдеу өндірісті тәжірибені жүргізу кезінде жүзеге асырылады. Көбісінде жоғарыда айтылған тәжірибеден өту болашақ жұмыс орнына ықпал етеді. Бұндай іске асыру әдістемелік нұсқауда нақты жазылған. 

 

Машықтану мақсаты

Өндірістік-диплом алды машықтану болашақ маманның қалыптасуы мен оқуының маңызды құраушы бөлігі, оның өндірістік кәсіпорынның автоматтандыру жүйесімен танысуы, нақты құралда физикалы-химиялық үрдісін үйрену, сонымен қатар ұйымдастыру, техникалық жүйені басқару машықтануда ақпараттық технологияның қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін пайдалану бойынша біліктілігін жетілдіру  болып табылады. Бұдан басқа тапсырма қойылымы мен материалды жинау машықтанудың негізгі мақсаты болып табылатын бакалаврдың бітіруші жұмысынының (дипломдық жоба) тақырыбының нақтылығы қамтамасыз етіледі.

МЖМБС № 3. 08.328-2006  мен анықталған мамандандырылған сипаттағы өндірістік –диплом алды машықтану келесі мақсаттарға ие:

        - басқарудың автоматтандыру жүйесін, сонымен қатар технологиялық құралдарының құрылысы мен құрастыруын меңгеру негізінде арнайы және жалпы білім пәндері бойынша студенттердің алған білімдерін толықтыру мен түйіндеу;

       - өнеркәсіптік мекеменің эксплуатациялы мамандарының жұмысына тікелей қатысу мен визуалды қадағалау;

       - инженерлі-техникалық маманның ұйымдастырушы жұмысының негіздерін үйрену және жобалық өндіруін меңгеру негізінде;

       - өнеркәсіптік мекеменің қосымша және негізгі қондырғыларының режімді сипаттамалары, эксплутация техникаларын және конструктивті шешімдерді үйренуде, қызмет етуші агрегаттың техникалық шарттары негізінде  дипломдық жоба (бітіруші жұмысы) бойынша материал жинау;

- студентті басқару ұйымымен, еңбекті ұйымдастыру мен жобалау жүйесімен, қазіргі заманғы маркетинг пен бизнес-жобаны құрастырумен таныстыру;

- арнайы және жалпы білім пәнін меңгеру кезінде алынған тәжірибелік біліктілік пен теоретикалық білімді толықтыру мен түйіндеу;

       - автоматтандыру жүйесін жобалау, монтаждау және эксплуатациялау бойынша біліктілігін түйіндеу;

       - өнеркәсіптік мекекемнің өндірістік қызметінің негізгі техника-экономикалық және экологиялық көрсеткіштері бойынша материал жинау;

       - қызмет етуші мекеменің шартына сай инженерлі-техникалық жұмыскердің қызмет біліктілігін алу, сонымен қатар еңбек ұжымында өндірістік қатынасын үйрену;

       - студенттерді эксперименталды зерттеуді, тәжірибелік және әдеби мәліметтерді өңдеуді, сонымен қатар мәліметтердің патентті және библиографикалық іздеулерді жүргізуде біріншілік біліктілігін беру мақсатында кафедрадағы ғылыми жұмыстар негізі туралы таныстыру.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесідегідей тапсырмалар реті қарастырылады:

- дипломдық жоба тақырыбына сай келетін негізгі және қосымша құрал жұмыстарын, өндірістің технологиясын үйрену;

- дипломдық жоба тақырыбына байланысты студент мекемеде фондында бар автоматтандыру жүйесі бойынша техникалық әдебиет пен жобалық құжаттамаларды сәйкес қайта қарастыруларды жүргізуі тиіс;

- Internetті қолдана отырып, ұқсас жүйе бойынша ақпараттық іздеуді жүзеге асыру;

       - өздік жұмысына студентті тікелей тәжірибелік дайындау;

       - ұжымда ұйымдастырушылық жұмыс біліктілігін иелену.

       Өндірістік-диплом алды машықтану қортындысы  дипломдық жобамен табысты жұмыс үшін жеткілікті материал болуы қажет.

 

1 Өндірістік-диплом алды машықтануды ұйымдастыру мен басқару

 

«Автоматтандыру және басқару» мамандығы бойынша оқу жобасында өндірістік-диплом алды машықтану 8 семестрде 5 апта аралығында болу қажет. Машықтану қоры ретінде ақпаратты-басқару жүйелерін монтаждау мен жөндеу арқылы жобалаумен байланысты қазіргі заманғы өнеркәсіптік мекемелер мен ұйымдар қолданылады. Бұл болашақ маман дайындаудың сәйкес деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Машықтануды ұйымдастыру бойынша дайындық жұмысы университеттен жетекшіні тағайындау мезетінен басталады. Ол мұғалімнің студент- машықтанушы контингенттерімен танысуды, практиканы ұйымдастыру бойынша қолданыстағы материалдарды үйренуді, олардың бітіруші жұыстарының тақырыбына сай студенттердің жеке тапсырмасының тақырыптарын дайындауды қосады.

Машықтануды жүргізу алдында университеттің жетекшісіне келесілер қажет:

- студенттермен ұйымдық жиналысты жүргізу. Онда практиканы өту реті, тапсырмасын, мақсатын, есепті орындауда бақылау мерзімін түсіндіру;

- топпен мекемедегі қауіптілігі жоғары зоналарда тәртіп ережелерін, өнеркәсіптік мекемедегі өрт және жарылысты ескерту бойынша шараларды қауіпсіздік техникасы бойынша ережелерді үйрену;

         - машықтану бойынша қажет құжат пен оқу- әдістемелік әдебиетті алу;

     Машықтану базасына келген кезден бастап студент мекеменің ішкі ережелері мен тәртіптеріне бағынады. Машықтану құжатында және мекеме бұйрығына сәйкес рәсімделетін қауіпсіздік техникасы бойынша сынақ тапсырады және нұсқаулықтан өтеді. Сонымен қатар студент жұмыс орынында нұсқаутықты өтуі қажет. Машықтануды жалпы басқару үшін сол мекемеден жетекші тағайындалады. Өндірісте толық машықтануды басқару үшін өндіріс орнынан жетекші тағайындалады.

 

1.1            Жетекшілер міндеттері

 

Өндірістегі машықтану жетекшісі:

- институт жетекшісімен алдын – ала келісілген мерзімде жұмыс бағдарламаларын, машықтануды өтудің күнтізбелік жобаларын, жеке және жүйелік тапсырмалармен келіседі және олардың орындалуын бақылайды;

- студенттердің жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, мекеменің үрдістерін және басқада сұрақтарды үйрену үшін шарттарды құрайды, қарастырылған бағдарламамен студенттің машықтану күнделігін жүргізуін бақылау;

       Машықтанудан өтуді бақылау студенттің дипломдық жобасының жетекшісі болып табылатын, институт жетекшісімен жүзеге асырылады.

       Өндірістік-диплом алды машықтану бойынша есепті қорғау мен қабылдауды дипломдық жоба жетекшісінің қатысуымен комиссия жүзеге асырады. Машықтанудың ұзақтылығының тоқтатылуы, азайтылуы немесе ауыстырылуы рұқсат етілмейді. Студент үш күн мерзімінде машықтанулық бағдарламаны орындауы мүмкін еместігі жайлы машықтану жетекшісін хабардар етуі керек.

 

2  Өндірістік-диплом алды машықтану құрамы

 

Студент машықтану уақыты кезінде өндірісте қойылған тапсырмаларды шешуге арналған сұрақтарды үйренеді. Сұрақтардың кез келгенін талқылағанда мекеменің мамандарының басқару арқылы автоматтандыру жүйесін техникалық және эксплуатация қызметі бойынша әртүрлі жұмыс түрінде машықтанушылардың міндетті түрде жеке қатысуы қарастырылады. Арнайы сұрақтармен қатар студент машықтану уақыты кезінде бітіруші жұмыстың сәйкес бөлімдерінің негізін құрайтын мекеме экономикасымен және ұйымдастырумен, еңбекті қорғаумен байланысты сұрақтарды жеке тапсырма ретінде қарастыруы қажет. 

 

3  Машықтану мерзімінде оқу-зерттеу жұмыстары

 

Студенттердің зерттеу жұмысы арнайы техникалық тапсырмаларды шешуде

Өздік шығармашылық біліктілігін алуға, біркелкі емес шешімдерді табуға мүмкіндік береді. Зерттеу жұмысын орындау үшін студент келесі бағыттардың бірі бойынша тақырыптарын тұжырымдайтын жеке тапсырмаларын  алады:

- басқару объектісінің динамкалық сипаттамасын зерттеу;

- басқару алгоритмін дайындау;

- басқару жүйесін үлгілеу және т.б.

Жеке тапсырмалар кафедрада орындалатын зерттеу жұмыс тақырыптарымен сәйкестендірілуі керек. Өндірістік-диплом алды машықтануда 4-курс студенттерінің орындаушы жұмыстарының мазмұны мен графигі 1-кестеде көрсетілген. 

 

1        Кесте

Атауы

Сағат

Есептеме формасы

1. Технологиялық  басқару нысандарын оқу және мәліметтер жинау

1 -2 апта

Жұмыс бөлімі

электронды түрде

2. Аналогтық жүйелердің сипатталуы және талдауы

2 апта

   - # -

3. Басқару нысанының жүйелік талдауының жүргізілуі .АРЖ құрастырылуының (жобалауының) есебін қою.

 

  

    - # -

4. Техникалық құралдар құрамын анықтау (таңдау,негіздеу). Инструменталды құралдарды оқып білу.

3 -4 апта

 

    - # -

5.Бітіруші жұмыста шығарылатын есептер тізімін қалыптастыру.

 

   - # -

6. Машықтану туралы есептемені құрастыру

5 апта

Машықтану туралы есептеме

 

 

4  Есепті құру мен ажарлауға жалпы талаптар

 

Есеп студенттің машықтану кезіндегі жұмысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Машықтану бойынша есептеуді дайындау студентпен үздексіз жүргізіледі. Әрбір студент жеке есептеулерін көрсетуі тиіс.

Есептеуде машықтану бағдарламасының негізгі және жеке тапсырмасын көрсететін материалдар ретпен келтіріледі. Есептеу материалының мазмұны технологиялық және басқа құжаттар мазмұнына бірдей болмауына зер салуы керек. 

Есептеуде қажетті сұлбалар, графиктер, суреттер келтіріледі. Есептеуге бағдарламаларды, суреттерді және т.б. тіркеуге болады. Графикалық материалдар машиналық графика құралын қолдана отырып орындалады. Мекемеде алынған сызбалар көшірмесін есептеуге тіркеу тек қана мекемедегі машықтану жетекшісінің рұқсатмен орындалады.

Есептеу 297x210 мм пішінді қағазда және стандарттар талаптарына сәйкес ресімдеу қолмен немесе ДК мәтіндік редакторы көмегімен сауатты жазылуы тиіс.

Есептеу мұқаба беттен, кіріспеден, бөлімдерден және қорытындыдан тұруы қажет. Мұқаба бетте машықтану атауы, одан өту орны, студенттің, машықтану жетекшісінің аты-жөні көрсетіледі.

Есептеуге міндетті қосымша ретінде келесі бөлімдерден тұратын күнделік болып табылады:

- бағыттама (ЖОО-да толтырылады);

- машықтану өтуі туралы анықтама (машықтану өтетін жерде толтырылады, қолтаңба мен мөрмен бекітіледі);

- машықтануды өту бойынша күнтізбелік жоба – студенттің жұмыс жазбасынан, машықтану барысында жетекшінің ескертулерінен тұрады (жетекші қолтаңбасымен бекітіледі);

- машықтану барысында студентпен жиналған материалдар тізімі (студентпен толтырылып,  мекемедегі жетекшімен келісіледі);

- ғылыми-зерттеу жұмысы және рационализаторлық ұсыныстар (студентпен толтырылып, мекемедегі жетекшімен келісіледі);                     

- студенттің машықтану тұжырымы бойынша қорытынды және оның ұсыныстары (мекемедегі жетекшімен келісіледі);                    

Өндірістік-диплом алды машықтану нәтижесі АЭжБИ-мен қабылданған қорытынды бағалардың жалпы жүйесіне негізделіп, есептеуді қорғау кезінде комиссиямен бағаланады.

Студент машықтану бойынша есептеуін қорғап болғаннан кейін университет жетекшісі есептеу бойынша ескертулері мен өз бағасын күнделік соңына енгізеді.