Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС  УНИВЕСИТЕТІ

Инженерлік кибернетика кафедрасы 

 

 

 

ӨНДІРІСТІК  МАШЫҚТАНУ БАҒДАРЛАМАСЫ

5В070200 – “Автоматтандыру және басқару”

мамандығының студенттері үшін әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2011

Құрастырушы: Б.С.Джумагалиев. Өндірістік машықтану бағдарламасы 5В070200-Автоматтандыру және басқару мамандығының күндізгі оқыту бөлімінің студенттері үшін әдістемелік нұсқау.

 

Әдістемеде өндірістік машықтануды өткізудің барлық кезеңдерінің ұйымдастыру мәселелері жазылған. Өнеркәсіптік кәсіпорында және университетте машықтану жетекшілері мен білім алушылардың әрекеті және міндеттері толық қаралған.

Әдебиет – 3 атау.

 

Пікір беруші: техн. ғыл. канд., профессор Ю.В.Шевяков.

 

“Алматы энергетика және байланыс университеті” коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2011 ж. қосымша жоспары бойынша шығарылады.

 

 

© “Алматы энергетика және байланыс университеті” КЕАҚ, 2011 ж.

 

Кіріспе

Бұл әдістемелік нұсқау [1,2] сәйкес жасалды. Өндірістік машықтану студенттердің  курс соңында өтетін кәсіби машықтану түрлерінің бірі болып табылады. Аталған машықтану өндірістік тәжірибеден өткеннен немесе тұтастай теориялық оқытуы қаралған арнаулы пәндер, оқытылуы аяқталғаннан кейін ұйымдастырылады. Өндірістік машықтану оқытылған мамандығы бойынша тәжірибелік дағдылар мен кәсіби әрекет тәжірибесін алуға, теориялық білімін өндірісте бекітуге бағытталады.

         1 Машықтану мақсаты және мазмұны

Өндірістік машықтанудың мақсаты:

- бөлімше қызметін ұйымдастыру және басқару;

- интеллектуалдық меншікті қорғау, әзірлемелерді жоспарлау және қаржыландыру;

- жобалау-конструкторлық,нормативтік-техникалық құжаттаманы дайындау, құру және жүргізу бойынша қолданыстағы стандарттарды, техникалық шарттарды, ережелерді және нұсқауларды танысу, білу;

- автоматтандыру және басқару жүйелері мен автоматтандырылған құралдарды жобалау технологиялары, зерттеулер мен экономикалық есептеудің тиімділігін анықтау;

- өміртіршілігі қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз ету мәселелері;

- компьютерлік үлгілеу және жобалау бағдарламалар және автоматтандыру мен басқару құралдары мен жүйелерін жобалау;

- патенттік зерттеулер жүргізу ережелері мен әдістерін, техникалық және бағдарламалық әдістемелерге, жаңалық ашуда интеллектуальдық меншік құқын рәсімдеу;

- мамандық саласы бойынша мерзімдік, реферативтік және ақпараттық-анықтамалық басылымдармен жұмыстың қазіргі технологияларын, Интернет-технологияларды пайдалану және игеру.

Машықтанудың қойған мақсаты өнеркәсіптік кәсіпорында оның келесі міндеттерін анықтайды:

- кәсіпорынның (ұйымдар, фирмалар, компаниялар) құрылымдық, функционалдық құрылымымен танысу;

- нақты өндірістің технологиясын үйрену;

- кәсіпорынның технологиялық сұлбалары және негізгі цехтардың технологиялық жабдығының құралымы мен орналастырылуы туралы кең түсініктер алу;

- автоматтандыру жүйесін баптауда, пайдалануда және жөндеуде еңбек ұжымының жұмыс дағдыларын игеру;

- жабдықтарды бақылау - өлшеу аппараттарның техникалық сиапаттамаларын білу;

- құрылғылардың негізгі параметрлерді өлшеу әдістерін білу;

- өнімді өндірудің технологиялык үрдістерін білу;  

- өндірістік үрдісті басқару құрылымымен, басқару пунктерінің операторлық құрамымен және оларда орналастырылған автоматтандырудың техникалық құралдарымен танысу;

- кәсіпорында адам өмірінің қауыпсіздігін қамтымасыз ету мәселерін білу.

Машықтану міндеттеріне сәйкес машықтанушылар автоматтандырудың техникалық құралдарын жөндеу, түзеу, пайдалану бойынша жұмыстарды дайындау, дәрістер тыңдау, жеке тапсырмаларды орындау.

Нақты өндіріс технологиясын және оның автоматтандыру жүйесін зерттеу, техникалық әдебиет және жобалық құжаттама бойынша жүргізіледі. Мұндайда машықтанушы ынтамен өз бетінше жұмыс істей білгені жөн.

Автоматтарды монтаждау жобалау институттарында өтетін машықтану мақсаты келесілерден тұрады:

-    институттың (бөлікшелернің секторларының) құрылымдық функционалдық құрылымын білу;

-    инженерлік персоналының және оның серіктерінің міндетті ңусқауларымен танысу;

-    автоматтық жүйелерді жобалау кезеңдермен танысу, білу;

-     жаңа техника туралы және инновациалық ақпараттарды жинау бөлімшелерінің жұмыстарымен танысу, білу;

-      патентттерді зерттеу өткізудің әдістері және  ережелерінің техникалық және бағдарламалық өндеулермен танысу, білу;

-     компьютерлі модельдеу бағдарламаларының пакеттерін және автоматтандыру жүйелерінің амалдарын жобалаумен танысу, білу.

-     дайындалған бағдарламалардың белгілерімен жабдықталған иммитациалық стендтерде баптау және өндіріске енгізуді дайындаумен танысу;

-     автоматтық  құрылғыларымен жабдықталған пульттарды, шкафтарды монтаждау әдістерімен танысу, білу;  

- институттың бөлемшелерінің адам өмірінің қамтамасыз ету мәселерін білу.

Ғылыми-зертеу институтында, тәжірибелі-кострукторлы бюроларда, инженерлі-компьютерлік орталықта және осыған сәйкес ұйымдарда оқу-бірлестіру машықтану ортақ мақсатта келесілерді оқыту:

-    институттың (бюроның орталықтың) функционалды құрлымын;

-    инженерлік персоналының және оның серіктерінің міндетті нұсқаұларын;

-    институттың (бюроның орталықтың) компьютерлік паркінің бағдарламалық және математикалық қамтамасын тағайындалуын;

-     бағдарламалық немесе өзге өнімдерді жасау технологиялық үрдістерін;

-    сәйкесінше бағдарламалы қосымшаларымен жұмыстың машықтанулық тәжірбесін меңгеру;

-    институттың (бюро орталықтың) адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселерін білу.

         Студенттердің машықтанудағы жұмысының келесі тәртібі ұсынылады. Олардың барлығы таңдалған міндетіне сәйкес бірнеше бөлімшелерге жіберіледі. 2-3 адамдық топтар пайдалану қызметкерлерінің көмекшілері ретінде жөндеу және түзеу бригадаларының құрамына кіреді.

Машықтанудан өтудің жалпы жоспары келесідей болуы мүмкін:

-         Жұмыс орындары бойынша бөлу, ҚТ бойынша нұсқаулық .  

-         Кәсіпорын бойныша таныстыру экскурсиясы.                         

-         Жұмыс орнында машықтану.                                                     

-         Машықтану бойынша есеп дайындау мен құрастыру.                  

 

2  Машықтану бойынша жеке тапсырмалар

Машықтану бойынша жеке тапсырмалар мыналардан тұрады:

- кәсіпорында қолданылатын жаңа техника және электронды технологияны енгізу жоспарларымен танысу, білу, алу;

- кәсіпорын жұмысының экономикалық көрсеткіштерін, номенклатурасының кеңейтілуінің жоспарларымен танысу, білу, алу;

- кәсіпорынының өндірістік құрылымымен өндірістік бағдарламасын оның дамуының келешек жоспарларымен танысу;

-   мамандыққа сай мағлұматтарымен және сәйкес бағдарламалық ақпарат жинау пакеттерімен танысу;

-     математикалық қолданбалы  бағдарламаларымен (Math Cad,Maple) т.б. бағдарламаларымен өндірісте жұмыс істеуге қолдана білу;

-    инженерлік бағдарламаларымен (Vissim, Mathlap, Symulink) т.б. бағдарламаларымен  жұмыс істеуге қолдана білу;

-    жобалау бағдарламаларымен (Auto, Cad) жұмыс істеуге үйрену;

-     кәсіпорынының экологиялық тазалықты қамтамасыз ету, адам өмірінің каупсіздігі бойынша шараларды қолдану мәселерімен танысу білу;

-    машықтану  тапсырмаларын орындау кезінде анықталатын өндірістің аналитикалык және эксперименталдык зерттеу қорытындысымен танысу

Өндірістік білік, дағдыларды игерумен қоса әр машықтанушы жеке тапсырмаларды орындайды. Олар жеке өлшеу каналдары мен реттеу контурына енетін техникалық құралдар сызбасы мен құралымдарын, оларды тексеру және баптау әдістерін зерттеуге бағытталған.

Машықтанудан өтеу кезінде машықтанушы орындайтын жұмыстың негізгі құрамын жеке тапсырмадан көрініс табады. Әр машықтанушыға берілетін және оның күнделігінде жазылатын тапсырма өміртіршілік қауіпсіздігі мен экологиялық тазалықты қамтамасыз етудің нақты мәселелерін зерттеуді қарастырады. Сондықтан да жұмыс орнын ұйымдастыру, жұмыс орнындағы макроклимат, залалды заттар әсерінен қорғану, жұмыс орнын табиғи және жасанды сәулелендіру, жұмыс орныныдағы электрқауіпсіздік, өртке қарсы шаралармен танысады.

3 Машықтану базалары

Машықтанудан өту орны салалық оқитын мамандығына сәйкес ұйымдар болып табылады: ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлік фирмалар, өнеркәсіптік кәсіпорындар және қазіргі электрон жабдығымен өлшегіш, реттегіш және компьютерлік техникамен жарақталған өндірістік салалы шаруашылық субъектілері. Мұндай кәсіпорындарға : “Автоматика” АҚ, “ДАСУ” АҚ, “АВВ” ЖШС, “Zeinet” ЖШС, КазНИПИЭнергопром, “Автоматизация и технологии”, АлЭс, АлТс, “Сайман” корпорациясы жатады. АЭжБУ ҚР Білім саласында орталықтың бекіткен кәсіби машықтануды ұйымдастыру бойынша типтік шартқа сәйкес машықтану базаларымен сәйкесті шарттар жасайды. Бұл шарттар машықтану басталғанға дейін кемінде 6 ай бұрын жасалады.

4  Машықтануды ұйымдастыру және басқару

Машықтанудың ұзақтығы “Автоматтандыру және басқару” мамандығы бойынша оқу жоспарымен анықталады. Студентті өндірістік машықтануға жіберу АЭжБУ ректорының бұйрығымен рәсімделеді, онда машықтанудан өту мерзімі, базасы және университеттен машықтану жетекшісі көрсетіледі. Университеттен машықтану жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және машықтану базасының қызметі мен кәсіби ерекшелігін жақсы білетін тәжірибелі оқытушылар тағайындалады.

Машықтану жетекшісі машықтану басталғанға дейін білім алушылармен машықтанудан өтудің мақсатын, міндетін, тәртібін, есеп беру мен орындау мерзімін, кәсіпорындағы жоғары қауіпті зоналардағы тәртіп ережелерін түсіндіру үшін ұйымдастыру жиналысын өткізеді.

Машықтану базасына келгеннен кейін студент кәсіпорынның ішкі тәртіп ережелеріне бағынады. Машықтанушылар жұмыс орнында нұсқау алады және техника қаіпсіздігінен емтихан тапсырады. Бұлар кәсіпорын бойынша бұйрықпен рәсімделеді және машықтанушылар күнделігіне жазылады. Машықтануға жалпы басшылық жасауға кәсіпорында жетекші және тікелей бекітілген жетекші тағайындалады.

Кәсіпорынның машықтандыру бойынша жетекшісі:

          - машықтанудың университет бойынша жетекшісімен машықтануға өту бағдарламасы мен күнделігін алады, жеке тапсырмаларды келіседі және олардың келісілген мерзімде орындалуын алдын ала бақылайды;

         - машықтанушыларды жұмыс орнымен қамтамасыз етеді, бағдарламада қарастырылған технологиялық үрдістерді және басқа мәселелерді үйрену үшін жағдай жасайды;

         - машықтанушылар үшін кәсіпорында экскурсия ұйымдастырады.

         Кәсіпорынның тікелей жетекшісі:

         - машықтанушыға кәсіпорынның негізгі және қосымша жабдығының құрылымын және технологиялық сұлбаларын үйрену бойынша бақылау жүргізеді және ақыл-кеңес береді;

         - жұмыс орындары бойынша машықтанушының ауысу сұлбасына сәйкес негізгі жұмыскерлердің алмастырушысы сапасында машықтанушының жұмыс істеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;

-                    өз құзыретіне жататын машықтанушы есебінің бөлімдерін дұрыс жасалуын тексереді, оның күнделік жүргізуін байқайды. Машықтанудан өту барысын университет жетекшісі бақылайды. Егер машықтанушының орындаған кезеңін және сәйкесті білімін анықтағанда, талаптарға сай келсе,  жетекші бұл жайлы күнделікке белгі соғады және машықтанушыны келесі кезеңнен өтуге жібереді. Егер машықтанушы қанағаттанарлықсыз білім бағасын көрсетсе, онда ол жоғары аталған кемшіліктерді жойғанға дейін машықтануға жіберілмейді. Машықтанушы жүйелі түрде кестеден  қалып отырса, онда машықтанудан шығарылады және кафедраға жіберіледі.

-                    машықтанудың ұзақтығын ауыстыруға, бұзуға не қысқартуға жол берілмейді. Машықтанушы үш күн мерзімде машықтану бағдарламасын орындаудың мүмкін еместігі туралы жетекшілеріне хабардар етуге міндетті.

5  Есептеме жасау, рәсімдеу және қорғау

Өндірістік машықтанудың қорытындалары бойынша әр студент  кафедраға есеп береді, есепті университеттің жетекшісі тексереді және кафедра меңгерушісінің үкімімен құрылған комиссия алдында  қорғайды. Есептемені қорғау нәтижелері бағалардың белгіленген баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша сараланған сынақпен бағаланады. Есептеме машықтану кезінде өтушінің жұмысын сипаттайтын негізгі құжат болып табылады. Есептемені даярлау машықтанудың барлық барысында іске асырылады.

Есептеме А4 (210х297) форматты қағазда үш дана етіп орындалады және көрсетілген ретте титулдік беті, мазмұны, кіріспесі, негізгі бөлімінің тараулары, қорытындысы және әдебиет тізімінен тұрады. Титулдық бетте машықтанудың атауы, өткізілетін орны, өтушінің және жетекшілердің аты-жөні көрсетіледі. Есептемеде машықтану тапсырмаларының, соның ішінде жеке тапсырманың орындалуын көрсететін материал баяндалады. Есептеменің мазмұны тек қана технологиялық құжаттың жазылуына байланысты. Есептеме сұлбалармен, кестелермен, суреттермен бейнеленеді. Оған бағдармалар, сызбалар және т.б. қоса берілуі мүмкін. Есептемеге кәсіпорында алынған сызбалар көшірмелерін беру тек қана кәсіпорын машықтану жетекшісінің рұқсатымен ғана беріледі.

Есептемеге міндетті қосымша ретінде өтушінің өндірістік машықтанудағы күнделігі тіркеледі. Онда есептеме қорғалғаннан кейін университеттің машықтану жетекшісі есептеме бойынша өз  бағасын және ескертулерін береді.  

 

Әдебиет тізімі

1 “ ҚазақстанРеспубликасыныңбілімініңмемлекеттікжалпыміндеттістандарты. ҚР білімберужүйесі. Кәсіптікмашықтану. Негізгіережелер” ҚР МЕСТ 5.03.005-2006

2 “ҚазақстанРеспубликасыныңбілімініңмемлекеттікжалпыміндеттістандарты. Кәсіптікжоғарыбілім. Бакалавриат” 050702 – Автоматтандыружәнебасқару” ҚР Мест 3.08.328-2006.

3 “Оқужұмыстары” 10352-1910-У-С-001-2002 ҚР ФС фирмалық стандарты.

  

Мазмұны 

Кіріспе

3

1 Машықтану мақсаты және мазмұны

3

2 Машықтану бойынша жеке тапсырма

4

3 Машықтану базалары

4

4 Машықтануды ұйымдастыру және басқару

5

5 Есептеме жасау, рәсімдеу және қорғау

6

Әдебиет тізімі

7

  

2011ж.Қосымша жоспар бойынша  реті