АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС ИНСТИТУТЫ

 

 

 

Өнеркәсіптік  жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ЖЭС жӘне ӨНеркӘсіптік  КӘСІПОРЫНДАРдағы отЫн технологиясы

 

Ағымды және қортынды бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

(бакалавриат, 050717 – Жылуэнергетика және 220000 – Жылуэнергетика

мамандығының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

Алматы 2006

ҚҰРАСТЫРҒАН: С. К. Абильдинова. ЖЭС және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы отын технологиясы. Ағымды және қортынды бақылауға арналған тестік тапсырмалар (бакалавриат, 050717 – Жылуэнергетика және 220000 – Жылуэнергетика мамандығының студенттері үшін) – Алматы: АЭжБИ, 2006. – 42 б.

 

 

Тестік тапсырмалар 050717 – Жылуэнергетика мамандығы студенттері мен 220000- Жылуэнергетика бағытының бакалаврлері алған білімдерін, игерген әдістерін арнайы ағымды, аттестациялық және қортынды бақылау үшін құрастырылған.

Тестік тапсырмалар «ЖЭС және өнеркәсіптік кәсіпорындардағы отын технологиясы» пәні бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген тақырыптарды толық қамтиды. Бақылау қортындысы студенттердің пәнді үйрену барысында игерген теориялық білімдерімен қатар, практикалық бейімділіктерін де тексеруге мүмкіндік береді.

Тапсырмалардың мазмұны жылу электр станциялары мен кәсіпорындарда қолданылатын органикалық отынның сипаттамалары, отынды өңдеу, дайындау технологиялары жөнінде алған білімдерінің тереңдігін анықтауға негізделген.

 Библиогр. – 11 атау.

 

 

 

 

Пікір жазушы: «Жылуэнергетикалық қондырғылары» кафедрасының доценті, В. П. Дубовик.

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының 2006 ж. қосымша  жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2006 ж.

1 Қатты отынды ЖЭС жағдайында жағу үшін дайындау және өңдеу технологиясы

 

1. Әлемдегі қайталанбайтын энергетикалық ресурстардың негізгі бөлігін құрайды:

А) қайталанбайтын органикалық отындар (көмір, мұнай, жанғыш газ);

В) ядролық отын;

С) термоядролық энергия;

D) геотермальдық энергия.

 

2. Отын жеткізу мен отын дайындаудың негізгі міндеті мен мақсаттары:

А) отынды жеткізу, түсіру, сақтау, жағуға дайындау;

В) отынды тасымалдау;

C) технологиялық өңдеу;

D) А), В),C).

 

3.     ЖЭС-тің  отын шаруашылығы келесі талаптарға жауап беруі қажет:

А) ең аз отын шығындары болатындай шаруашылықтағы барлық процестер механикаландырылуы қажет;

В) алғашқы шығындалған қаржылар мен пайдалану шығындары өте аз болуы керек;

C) А) және В);

D) буөндіргіште жылу шығындары ең аз болатындай жағдайлар туғызу керек.

 

4.     Темір жол вагондарының жүк көтергіштігі қандай:

А)  60-тан  125 т - ға дейін;

В) 10-нан  50 т-ға дейін;

С) 100-ден 250 т-ға дейін;

D) 50-ден 150 т-ға дейін.

 

5.     Вагондағы отынды түсіру және өңдеу тасымалдау қалпы бойынша қанша уақыттан аспауы қажет :

А) 5-6сағаттан;

В) 2-3 сағаттан;

С) 0,5-1 сағатта;

D) 4-5  сағаттан.

 

6. Жартылай вагондардың құрылымдық және техникалық деңгейі келесі негізгі өлшемдермен сипатталады:

А) жүккөтергіштігімен,тара коэффициентімен;

В) жүккөтергіштігімен,тара коэффициентімен, осьтер санымен;

С) жартылай вагон салмағымен, арна енімен;

D)жартылай вагонның габаритті өлшемімен.

 

7. ЖЭС-на отынды жеткізу және түсіру үшін отын шаруашылығында келесі негізгі элементтер болуы қажет:

А)теміржол станциясы, тензометриялық таразы,кептіргіш қондырғы;

В) электрлік итергіш арба, түсіргіш және аударғыш қондырғы, вагонаударғыш,қабылдаушы шанақтар;

С) А) және В);

D) тозаң дайындау жүйесі.

 

8. Вагонаударғыштың негізгі жұмыс істеуші элементі ретінде қайсысы қолданылады:

А) ротор;

В) аударғыш механизмі;

С) вибратор;

D) платформа.

 

9.  8-, 6-, 4  остік жартылай вагонның аудару бұрышы қандай:

А) 58о, 64о, 83о;

В) 90о, 75о, 60о;

С) 30о, 45о, 60о;

D) 45, 90,135.

 

10. Отынды кептіру мұз еріткіш қондырғыда келесі себептер бойынша қаралады:

А) ылғалды отынды тасымалдау кезінде отын жолының майлануын болдырмау;

В) отынның мұзданып қатып қалуын болдырмау;

С) А) және В);

D) отынды гидратты ылғалдылығынан айыру үшін.

 

11.Қоңыр көмірдің мұзданып қату ылғалдылығы  қандай болуы керек:

А) Wсмерз=(3¸3,5)Wгигр, Wгигр – отынның гигроскопиялық ылғалдығы;

B) Wсмерз=Wгигр;

C) Wсмерз=Wпов, Wпов- отынның беттік ылғалдығы;

D) гигр.

12. Жартылай вагондардың кептіргіш қондырғыдағы саны қай кейіптеме бойынша анықталады:

А) n= , - ЖЭС-тің тәуліктік отын шығыны, т/сағ;  - вагонның орташа жүк көтергіштігі, т; - жартылай вагондарды кептіргіш қондырғыға берудің тұрақсыздық еселеуіші;

B) n=, - бір рет енгізілетін вагондарды кептіруге кететін уақыт,  - маневрлік жұмыстар ұзақтығы (кептіргіш қондырғыдан бір топ вагондарды шығару және кіргізуге кететін уақыт);                                       

C) n=  ;

D) .

 

13. Қиыстырып кептіруші қондырғыда жартылай вагондарды ылғалдықтан құрғату уақыты tр және  маневрлік жұмыстар уақыты tм қандай болады?

А)  tр=1,5 сағ, tм=0,5 сағ;

В) tр=2 сағ, tм=1 сағ;

С) tр=3 сағ, tм=1 сағ;

D) tр=5 сағ, tм=1 сағ.

 

14. Кептіргіш қондырғыда келтірілген Q жылуы қалай шығындалады:

А) жартылай вагонның қабырғасын қыздыруға Qст – жылу мөлшері және  отынның қабырғаға жақын  қалыңдығы lо  қабатын ерітуге Q1 –жылу мөлшері, отынның алыстағы қалыңдығы lx қабатын  ерітуге Q2 – жылу мөлшері    шығындалады;

В) Q=Q1+Q2;

C) Q=Q1+Qст;

D) A) және Q= Qст +Q1+Q2.

 

15. Ленталық конвейердің максималдық есептік жұмыс өнімділігі Qр.м., т/сағ қай кейіптемемен анықталады:

А) Qр.м.=3600* F*u*rн , мұнда F – лентадағы отынның көлденең қимасының ауданы, м2 ; u - лентаның қозғалу жылдамдығы,м/с;

В) Qр.м.=kb*ka*b2*u*rн, где b – лентаның жүктасығыштық ені,м; rнотынның үйме тығыздығы, кг/м3;  kb көлбеу конвейерде отын қимасының кему еселеуіші,  kaлентадағы отын қимасының кему еселеуіші;

С) А) және В);

D) Qр.м.= F*u*rн.

 

16.Ленталық конвейерді жуықтап есептеу қандай шаманы анықтауға негізделген?

А) конвейердің өлшемін;

В) лентаның максималды тартылуын және енін, қозғау қуатын;

С) максималды жұмыс өнімділігін;

D) конвейердің типтік өлшемдерін.

 

17. Ленталық  конвейерді нақты есептеу келесі шамаларды ескере отырып, оның параметрлерін анықтауды көздейді:

А) конвейер жолындағы барлық кедергілерді;

В) конвейер барабаны диаметрін;

С) лентаның барлық  оның бөліктеріндегі тартылуын;

D) А) және В).

 

18.Ылғалды отын жеткізгіштері не үшін пайдаланылады:

А) отынның қажетті мөлшерін диірменге бір қалыпты және реттеп жеткізу үшін;

В)  тозаң дайындау жүйесінде отынды кептіру үшін;

С) алдын-ала ұсақтау үшін;

D)  аэроқоспадан тозаңды айыру үшін.

 

19. Ленталық отын жеткізгіштің жұмыс өнімділігі Q,т/сағ қай кейіптемемен анықталады:

А) Q=3600*b*h*rн*m*u, мұнда b борттардың  ара қашықтығы,м; hборт биіктігі,м; m=0,7- 0,75–  науаның пайдаланылған көлем  коэффициенті;

В) Q=3600*F*rн*u, мұнда u, м/с - лентаның қозғалу жылдамдығы;

С) Q=3600*kb*ka*b2*u*rн, rнотынның үйме тығыздығы, кг/м3;  kb көлбеу конвейерде отын қимасының кему еселеуіші,  kaлентадағы отын қимасының кему еселеуіші;

D) Q= F.

 

20.Өздігінен жүретін қалақшалы отын жеткізгіштерді қайда пайдаланады?

А) тозаң жинақтайтын аралық шанағы бар түсіргіш қондырғыда;

В) саңылаулы  шанақтары бар түсіргіш қондырғыларда;

С) А) және В);

D) отын беру жолындағы шанақтардың астында.

 

21. Қалақшалы отын жеткізгіштің жұмыс істеу механизмі қайсысы:

А) қозғалмалы арбашаға орнатылған,  горизонтал қалақты дөңгелек;

В) отын түсетін үстел;

С) дағыра;

D) ротор.

 

22. Қалақшалы отын жеткізгіштің жұмыс өнімділігі Q,т/сағ қай кейіптемемен анықталады:

А) Q=F*rн*(376*ro±3600*un),  F - қалақшаның қармап алатын отын қимасының ауданы, м2; ro – отын қимасы F ауданының ауырлық центрінен айналу осіне дейінгі ара қашықтығы,м;

В) Q=F*un*rн*n, мұнда n, айн/мин – қалақшалы дөңгелектің айналу жиілігі;

С) Q=3600*F*un* ro;

D) Q=3600*F*rн*u, мұнда u - жеткізгіштің қозғалу жылдамдығы,м/с .

 

23. Отынды дөрекі (ірі) ұсақтау үшін қандай жабдықтар қолданылады?

А) фрезерлік ұсақтаушы машиналар;

В) балғалы ұсақтағыштар;

С) оқтаулы, тісті дискілі ұсақтағыштар;  

D)  А) және С).

 

24.Ұсақтағыш және диірмендік қондырғыларда отынды майдалау келесі тәсілдермен жүзеге асады:

А) соққылау, езу-мыжу арқылы;

В) соққылау, езу-мыжу, түйреу, үйкеу, үзу;

С) инерциялық күштердің әсерінен;

Д) тартылыс күштердің әсерінен.

 

25. Тісті дискілі ұсақтағыштардың жұмыс кемшілігі болып не саналады?

А) отынның ірі кесектері, металл және бос кеуектер тірелгенде тістердің сынуы;

В) ұсақтағыштың ылғалды және аса дәнді отынмен майлануы;

С)  А) және  В);

D) қозғаушы және қоғалысқа ұшыраушы иіндер жиіліктерінің бір-біріне сәйкес келмеуі.

 

26. Балғалы ұсақтағыштарда отын келесі тәсілмен ұсақталады:

А) отын кесектерін балғалар соққылағанда;

В) отын кесектері балғалар мен лақтырғыш бөрене арасында қысылып үйкелуі, мыжылуы салдарынан;

С) А) және В);

D) отын кесектерінің үзіліп түсуінен.

 

27. Сатырлақ електер ұсақ өте ылғалды көмірді ажыратып алу үшін қажет және келесі түрде орындалады:

А) көлбеу веер тәрізді тор, тордың саңылаулары төмен қарай кеңейеді;

В) отын тордың бетінен ағып түсуі үшін, тордың көлбеулік бұрышы  50-55о болуы қажет;

C) көлбеу веер тәрізді тор, тордың саңылаулары жоғары қарай кеңейеді;

D) А) және В.

 

28. Көмір тозаңы өлшемдері келесі шамаларға тең, құрғақ жұқа полидисперсті  ұнтақтан тұрады:

А) ең майдалары 0,1 мкм –ден  300-500-1000-1500 мкм-ге дейін, оның ішінде   20-дан 50 мкм-ге дейінгісі басым;

В)  1 мкм - ден 500-700 мкм-ге дейін;

С) жауаптар дұрыс көрсетілмеген;

D) 1 мкм-ден  1000 мкм-ге дейін.

 

29. Тозаң сынағын електен өткізу нәтижелерін алғашқы тозаң сынағы массаларының пайызы ретінде келесі түрде көрсетеді:

А) Rii=100%, мұнда Ri  - тесіктерінің өлшемі i –ге тең електен өтпеген тозаң қалдығының пайыздық мөлшері, Дi  - өлшемі  i електен өткен тозаңның пайыздық мөлшері;

В) R1000500/1000200/50090/20050/9050+DG=100%, мұнда DGқоршаған ортаға шашыраған тозаң мөлшері; Ф500/1000, Ф200/500, Ф90/200, Ф90/50- тесіктерінің өлшемі 1000 мкм және 500 мкм, 500 мкм және 200 мкм, тағы да соған ұқсас електер арасындағы қалдық тозаңның пайыздық мөлшері;

С) А) және В);

D) R=, мұнда - тозаң жұқалығын көрсететін еселеуіш, - тозаң дәндерінің өлшемі, мкм.

 

30.Интегралдық (ұнтақталу) дәндер сипаттамасы деп:

А) әртүрлі електер бетіндегі қалдықтардың тозаң бөлшектерінің өлшеміне тәуелділігін айтады;

В) ең соңғы електен өткен тозаң мөлшерінің бөлшектер өлшеміне тәуелділігін айтады;

С) А) және В);

Д) тозаң бөлшектерінің ірілігіне байланысты таралуын айтады.

 

31.Орталық тозаң дайындау қайда және қалай жүзеге асады?

А) бу генераторлық цехтан жеке орналасқан тозаң зауытында;

В) дайын тозаң, тозаң зауытындағы шанақтан сығылған ауасы бар арнайы сорғылар көмегімен тозаң құбырлары арқылы цехтың тозаң шанақтарына беріледі;

С) тікелей бу генераторларының жанында дайындалады;

Д) A),B).

 

32. Балғалы диірмендер қатты отынның қандай түрлері үшін қолданылады:

А) өте ылғалды отындар - фрезерлік торф, қоңыр көмірлер, лигниттер, ұнтақталу коэффициенті өте үлкен тас көмірлерді ылғалды өңдеу қалдықтары үшін;

В) ұшпа заттарының мөлшері басым тас көмірлер және оларды өңдеу өнімдері, қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлік торф үшін;

С) құрғақ, күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

Д) арасында темір колчеданы мен бос жыныстары көп, ұнтақталу коэффициенті өте кіші отындар үшін. 

 

33. Желдеткіш диірмендер қатты отынның қандай түрлері үшін қолданылады?

А) өте ылғалды отындар - фрезерлік торф, қоңыр көмірлер, лигниттер, ұнтақталу коэффициенті 1,2 - өте үлкен тас көмірлерді, ылғалды көмірлерді өңдеу қалдықтары үшін;

В) ұшпа заттарының мөлшері басым тас көмірлер және оларды өңдеу өнімдері, қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлік торф үшін;

С) құрғақ, күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

Д) В), С) және арасында темір колчеданы мен бос жыныстары көп, ұнтақталу коэффициенті өте кіші отындар үшін қолданылады.

 

34. Орта жүрісті диірмендер қатты отынның қандай түрлері үшін қолданылады?

А) өте ылғалды отындар - фрезерлік торф, қоңыр көмірлер, лигниттер, ұнтақталу коэффициенті өте үлкен тас көмірлер,  ылғалды көмірді өңдеу кезінде пайда болған қалдықтар үшін;

В) ұшпа заттарының мөлшері басым тас көмірлер және оларды өңдеу өнімдері, қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлік торф үшін;

С) құрғақ,  күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

Д) арасында темір колчеданы мен бос жыныстары көп, ұнтақталу коэффициенті өте кіші отындар үшін.

 

35. Шарлы дағыралы диірмендер қатты отынның қандай түрлері үшін қолданылады?

А) өте ылғалды отындар - фрезерлік торф, қоңыр көмірлер, лигниттер, ұнтақталу коэффициенті өте үлкен тас көмірлерді, ылғалды көмірді өңдеу

кезінде пайда болған қалдықтары үшін;

В) ұшпа заттарының мөлшері басым тас көмірлер және оларды өңдеу өнімдері, қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлік торф үшін;

С) құрғақ,  күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

Д) арасында темір колчеданы мен бос жыныстары көп, ұнтақталу коэффициенті өте кіші отындар үшін.

 

36. Тозаң дайындау жүйесінде ажыратқыш (сепаратор) сапалы жұмыс жасаса

А) тозаңның майда бөлшектері оның ірі бөлшектерінен тез ажырайды;

В) тозаң ауа қоспасының температурасы күрт жоғарылайды;

С) электр энергиясы дайын тозаңды босқа әрі қарай майдалауға және пайдасыз қозғалуына шығындалады;

Д) тозаң ауа қоспасының қысымы күрт жоғарылайды.

 

37. Зертханалық салыстырмалы отынның ұнтақталу еселеуіші деп

А) эталондық отынды стандарттық диірменде ұнтақтауға жұмсалатын меншікті электр энергиясы шығынының зерттелетін i- типті отынды ұнтақтауға жұмсалатын меншікті энергия шығынына қатынасын айтады;

В) эталондық және зерттелетін тозаңдардың беттік аудандарының қатынасы;

С) эталондық және зерттелетін отын шығындарының қатынасы;

Д) зерттелетін және эталондық тозаңдардың беттік аудандарының қатынасы.

 

38. Ыстық ауамен тікелей үрлеуші жекеше тозаң дайындау жүйесі келесі түрлерге бөлінеді

А)  диірмен желдеткішінен бұрын орналасқан тозаң циклоны бар және қысымсыз жұмыс жасайтын;

В) қысыммен жұмыс жасайтын және тозаң концентраторы бар;

С) А) және В);

Д) тұйық және тұйықсыз.

 

39. Мұз еріткіш құрылғыларда отынды не үшін кептіру қажет?

А)отын тасымалдау жолын аса ылғалды отын майламауы үшін;

В) отынның қатуын-мұздануын болдырмау үшін;

С) А) және В);

Д) жану процесін үдету үшін.

 

40. Жартылай вагон остерінің саны немен анықталады?

А) оське түсетін шекті жүктеме арқылы;

В) темір жол арнасының 22 т-ға тең жүк көтеру қабілеті арқылы;

С) А) және В);

Д) темір жол арнасының енімен.

 

41. Қалыңдығы l0 және lx отын қабаттарындағы отынның температуралар айырмасы, отынды кептіріп болған кезде  келесі шамадан аспауы керек:

А) 0,1°С;

В) 1-5 °С;

С) 5-10°С;

Д) 0,5°С.

 

2 ЖЭС жағдайында қатты отын тозаңын дайындау технологиясы

 

42. Тозаң ұнтақталуының жұқалығы b коэффициентімен белгіленеді, оның мәні өнеркәсіптік диірмендерде келесі шамаға тең:

А) 4*10-2 жұқа тозаң үшін, 40*10-3 дөрекі тозаң үшін;

В) 4*10-3 дөрекі тозаң үшін, 40*10-2 жұқа тозаң үшін;

С) b=0 жұқа тозаң үшін, b=¥ дөрекі тозаң үшін;

D) ) b=0 дөрекі тозаң үшін, b=¥ жұқа тозаң үшін.

 

43.            Тісті дискілі отын ұсақтағыштың негізгі жұмыс элементтері болып саналады:

А) бір-біріне қарама-қарсы қозғалатын, беттеріне тісті дискілер орнатылған екі горизонтал ротор;

В) оқтаулары бар айналмалы үстел;

С) бетіне балғалар орнатылған ротор;

Д) электр қозғалтқыш.

 

44. Қатты отын қазандыққа тасымалданады

А) темір жол вагондарымен және автомашиналармен;

В) өзен автокөліктерімен;

С) авиакөлікпен;

Д) барлық көлік түрлерімен.

 

45. Суретте көмір тозаңын дайындаудың жекеше сұлбасы көрсетілген. Осы сұлбаны дұрыс қалай атауға болады және оның 7,8,12 элементтері қалай аталады:

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А) қысыммен жұмыс істейтін, тозаңды тікелей үрлеуші жекеше тұйық сұлба;

7- диірмен, 8- тозаң ажыратқыш, 12 – қазанның ошағы;

В) қысымсыз жұмыс істейтін, тозаңды тікелей үрлеуші жекеше тұйық сұлба;

7- диірмен, 8- тозаң ажыратқыш, 12 – қазанның ошағы;

С) тозаң концентраторы бар және тозаңды тікелей үрлеуші жекеше тұйық сұлба; 7- диірмен, 8- тозаң ажыратқыш, 12 – қазан ошағы;

 Д) тозаң циклонымен жұмыс істейтін, тозаңды тікелей үрлеуші жекеше тұйық сұлба; 7- оттық, 8- тозаң ажыратқыш, 12 – қазан ошағы.

 

46. Сұлбада аралық бункері бар тозаң дайындау жүйесі көрсетілген. Осы сұлбаның және оның 6-шы элементінің дұрыс атауын көрсетіңіз:

 

А) ылғалды отынды ауамен немесе газ ауа қоспасымен кептіру сұлбасы, 6- құйындатқыш (циклон) – ол тозаң ауа қоспасынан ауаны бөліп шығарады;

В) газ ауа қоспасын диірменнің аузына кері айналысқа түсіріп жіберуші сұлба, 6- циклон тозаң ауа қоспасын оттықтарға жіберу үшін қажет;

С) аралық шанақтан тозаңды үрлегіш желдеткіштен шыққан ыстық ауамен оттықтарға беру сұлбасы, 6 - циклон тозаң ауа қоспасын оттықтарға жіберу үшін қажет;

Д) кептіргіш құбырда отынды алдын-ала кептіру сұлбасы, 6- ол тозаң ауа қоспасынан ауаны бөліп шығарады.

 

47. Тозаңды тіке үрлеу арқылы дайындайтын жеке тұйық сұлбаның қандай артықшылықтары  бар:

А) қондырғының қарапайымдылығы;

В)  оның қазанмен үйлесімі  қарапайым;

С)  ұнтақтауға және  тозаңды тасымалдауға жұмсалатын  электр энергиянысының аздығы;

Д) А), В), С).

 

48. Аралық шанағы бар  тозаң дайындаудың жеке тұйық сұлбасының қандай  кемшіліктері бар:

А) қосымша элементтерді қолданылу салдарынан (циклондар, аралық шанақтар, тозаң  шнектері) тозаң дайындауға жұмсалатын бастапқы шығындардың көптігі;

В) жоғары  қысымсыздық болған жағдайда жүйеге суық ауаның сорылуы салдарынан тозаңды пневмотасымалдауға жұмсалатын электр энериясы шығыны көбейеді;

С) суық ауаны сору жоғары болғандықтан қазандық қондырғының ПӘК- і төмендейді;

Д) А), В), С).

 

49. Тозаңды тіке үрлеу арқылы дайындайтын жеке тұйық сұлбаның қандай кемшіліктері бар?

А) бір диірмен істен шықса немесе жөндеуге тұрса,  оған қосылған оттық та бір мезгілде жұмысын тоқтатады, ол  қазанның қалыпты жұмыс тәртібін нашарлатады;

В) диірменнің көмегімен тозаңды дайындау және оны жағуға қолдану арасындағы қатаң байланыс,  қазанның үнемді болып саналатын  номиналды жұмыс тәртібінен ауыспалы жұмыс тәртібіне көшуіне  алып келеді;

С) бұл сұлбада диірменнен кейінгі пайда болатын кішкене тегеурін  жоғары тегеурінді оттықтарды қолдануға мүмкіншілік бермейді;

D) А), В), С).

 

 

 

50. Инерциялық тозаң ажыратқышта тозаңды ұнтақтау жұқалығы қалай реттеледі:

A)   диірмендік жүйеден шығатын ауа мөлшерінің өзгеруі  тозаң ағынының жылдамдығын өзгертеді;

B)   ауаның тұрақты жылдамдығында ажыратқыштың қақпақшаларын ашуды реттей отырып, ағынның бұрмалану дәрежесін өзгертеді;

C)   айналмалы шибердің орнын өзгерту арқылы тозаң ауа қоспасы қозғалатын құбырдың диаметрін өзгертеді, сол кезде құбыр тарылса ажыратқыштан өте майда  тозаң шығады;

D)    A) және С).                                                                         

 

51. ВТИ инерциялық тозаң ажыратқыштарында тозаңның жұқалығы қандай аралықта өзгереді;

A)    5-тен 36% -ға дейін;

B)   10 -нан 15% -ке дейін;

C)   40 - 70%;

D)   50 - 100%.

 

52. Ажыратқыштың тозаңды қайта бере айналысқа түсіру саны деп:

A) ажыратқышқа берілген өнім мөлшерінің Gсе¢ ,т/сағ ажыратқыштан өткен тозаң мөлшеріне  Gсе² , т/сағ қатынасын Kц = Gсе¢/ Gсе² айтады;

B) ажыратқыштан шыққан тозаң ауа қоспасы жылдамдығының, оған кірген қоспаның жылдамдығына қатынасын  Kц=υ'/υ" айтады;

C)желдеткіштің беретін сағаттық ауа мөлшерінің, оның геометриялық көлеміне қатынасы Kц= Vмв/ Vсе;

D)  B) және C).

 

53. Ішкі конусқа қарасты бұрыштай орналасатын центрге тартқыш сепаратордың бұрылмалы қақпақшалары қандай қызмет атқарады:

A)   тозаңды қосымша ажырату қызметін атқарады;

B)    аэроқоспаны 180°-қа бұрады;

C)    центрге тартқыш күштің әсерінен аэроқоспадан ірі тозаң бөлшектерінің ажырап-түсіп қалуына көмектеседі;

D)    A), B), C).

 

54. Циклонның анықтаушы типтік өлшемі болып диаметрі  Dц, м саналады, ол келесі шамаға тәуелді:

A)   диірмендік желдеткішінің жұмыс өнімділігіне;

B)   сыртқы цилиндрдің көлденең қимасына қарасты газ жылдамдығына

C)    циклонның геометриялық пішініне

D)     A),B)

 

55. Циклоннан шығытын газ ( тозаңды тасымалдаушы агент)  өзімен бірге нені ала жүреді:

 

A)   циклонда ұсталынбай қалған  10-15% мөлшердегі майда тозаңды;

B)     тек ауаны;

C)   циклонда ұсталынбай қалаған  85-90% мөлшердегі  дөрекі тозаңды;  

D)    А) және B).

 

56. Клапан-мигалка деп құбырға орнатылған клапанды айтады. Ол келесі қимылдар жасайды:

A)   оның үстінде жиналған көмір тозаңы массасы әсерінен уақыт өткен сайын автоматты түрде ашылып тұрады;

B)   жинақталған тозаңды өткізген соң кері салмақ беретін жүктің әсерінен тез жабылып қалады;

C)   өзі арқылы ауаны жібермейді;

D)    A), B),C).

 

57. Тез жүрісті – ұрғыш диірменнің ұнтақтаушы денесі:

A)   балғалар;

B)   ұрғыштар;

C)   оқтаулар;

D)   болат шарлар.

 

58. Көмірді ұнтақтаушы диірмендердің бір-бірінен өзгешелігі:

A)   отынды ұнтақтау үшін қолданатын тәсілі;

B)   қозғалмалы бөлігінің айналу жиілігінің шамасы;

C)     роторының диаметрі;

D)    A), B).

 

59. Желдеткіш-диірмен МВ отынды қалай ұнтақтайды?

A)   ұнтақтаушы элементтердің таза соққысы яғни ротордың күрекшелері отын кесектерін соққылауы салдарынан;

B)   күрекшелердің отын қабатын мыжуы арқылы;

C)   брондық плита мен күрекшелер арасындағы отын қабатының үйкелуі; салдарынан;

D)    B), C).

 

60.Тозаң шнектері не үшін қажет:

A)   тозаңды шанақтарға тарату үшін;

B)    дайын тозаңды жеткізгіштен кептіруші құрылғыларға беру үшін;

C)    тозаңды оттықтарға бір қалыпты беру үшін;

D)    тозаң ауа қоспасынан тозаңды ажырату үшін.

 

61. Гравитациялық (шахталы) ажыратқышта тозаңды сұрыптау қалай жүзеге асады:

A)   гравитациялық күштердің әсерінен;

B)   балғалы диірменнің тозаң ауа қоспасының бір қалыпсыз жылдамдықтар өрісін туғызуы себебінен;

C)    инерциялық күштер әсерінен;

D)    A), B).

 

62. Айналмалы ажыратқыштар қозғалысқа ненің әсерінен түседі:

А) диірменнің негізгі иінінен;

В) жеке қозғаудың әсерінен;

С) диірмен желдеткішінің әсерінен;

D) A), B).

 

63.Көмірді ұнтақтаудың ең тиімді жұқалығы деп R90эк   шамасын айтады, ол келесі шығындар қосындысының ең аз мәндерінде пайда болады:

A)   ұнтақтауға және диірмендік қондырғыны жөндеуге кететін шығындар бір жағынан;

B)   механикалық кем жану шығыны екінші жағынан қосылғанда;

C)   кептіруші агентті және ылғалды отынды тасымалдауға кететін шығындар қосындысы;

D)    A), B).

 

64. Тозаң дайындау элементінің жүйесінде жарылу қауіпсіздігін қалай қамтамасыз етеді:

А) 0,35 МПа максимал қысымдағы жүйе элементтері (диірмен, сепаратор...) жоғары төзімді металдан жасайды;

Б) клапанды жарылғыш сақтандырғыштар орналастырылады;

В) кептіру агентінің шығыны мен қысымын реттейді;

D) A), B).

 

65. Экономикалық тұрғыдан тиімді тозаң жұқалығы R90эк шамасына не ықпалын тигізеді:

A) ұшпа заттар мөлшері  V г , неғұрлым  V г көп болса, соғұрлым R90эк көбейеді;

B) полидисперстік еселеуіші n, неғұрлым n- жоғары болса, соғұрлым R90эк   жоғары болады;

C) ошақ және оттықтар құрылымы – ошақ  аэродинамикасы неғұрлым жеткілікті болса, соғұрлым тозаң дөрекі болып R90эк- мәні жоғары болады;

D) A),B),C).

 

66. Көмір тозаңы неге жарылады:

А) көмір тозаңы қызған кезде ол газбен ауа қоспасы бар  ортадағы оттегімен  реакцияға түседі де тұтанады;

В) кептіру агентінде инертті жану өнімдерінің болуы салдарынан жарылады;

С) кептіруші агентте инерттік жану өнімдерінің болуы салдарынан;

D) A), В).

 

67. Тозаң жарылғыштығының қауіпті бөлшектерінің өлшемдері:

А) тақтатас пен торф үшін 0,2 мм-ден үлкен емес;

В) қоңыр көмірлер үшін 0,15мм-ден үлкен емес;

С) тас көмірлер үшін 0,12 мм-ден үлкен емес;

Д) A),B),C).

 

68. Кептіру агентіндегі О2-нің  мәнінің жарылу болмайтын шекті шамасы:

А) қоңыр көмір тозаңы үшін – 18%;

B) тас көмір тозаңы үшін – 19%;

С) торф және тақтатас тозаңы үшін -16%;

D) A), B),C).

 

69.  Жарылу қауіпсіздігінің ережесі келесі тозаң ылғалдылығының шамасын рұқсат етеді:

А) АШ және Т отындары үшін кептіру мына мәнге дейін орындалады Wпл<WA ; 

В)  қоңыр көмірлер үшін   Wпл=WA  - ден  Wпл=WA +8-ге дейін;

С) тас көмірлер үшін  Wпл=0,5WA - ден Wпл=WA-ге дейін;

D) A), B),C).

 

70. Тозаңның меншікті беті қалай анықталады және ол нені сипаттайды:

А) дисперстілікті;

В) 1 кг тозаң бөлшектерінің қосынды бетін,F пл , м2/кг ;

A)   1 т тозаң бөлшектерінің қосынды бетін, F пл , м2/кг;

B)   A) және B).

 

71. Отынның үйме тығыздығы қандай формуламен анықталады:

A)   ρпл нас = G/V общ, мұнда    G- отын сынағының массасы, V общ – отын сынағының жалпы көлемі;

B) ρпл нас= G/(V тв+V пор), мұнда V тв- отынның  құрамындағы қатты бөліктерінің көлемі, V пор- отынның қатты бөлігіндегі бос кеуектердің көлемі;

C) ρпл нас = G/(V тв+V пор+ V возд,пром,), мұнда V возд,пром, - отынның қатты бөліктері арасындағы ауаның көлем;

D)  A), C).

 

72. Отынның болжамалы (көлемдік) тығыздығы қандай формуламен анықталады:

A)   ρпл каж= G/ Vкаж , мұнда Vкаж- отынның болжамалы көлемі, Vкаж = (Vтв+Vпор);

B)   ρпл каж= G/ Vобщ , мұнда Vобщ = (V тв+V пор+ V возд,пром,) – отынның жалпы көлемі;

С) ρпл каж= G/ (Vтв+Vпор), мұнда V тв- отынның  құрамындағы қатты бөліктерінің көлемі, V пор- отынның қатты бөлігіндегі бос кеуектердің көлемі;

D) A),C).

 

73. Отынның нақты тығыздығы қандай формуламен анықталады:

A) ρпл ист= G/ Vтв, мұнда G- отын сынағының массасы, V тв- отынның  құрамындағы қатты бөліктерінің көлемі;

В) ρпл ист= G/ Vобщ, мұнда Vобщ = (V тв+V пор+ V возд,пром,) – отынның жалпы көлемі, ал V возд,пром, - отынның қатты бөліктері арасындағы ауаның көлемі;

С) ρпл ист= G/ Vкаж, мұнда Vкаж- отынның болжамалы көлемі, Vкаж = (Vтв+Vпор), ал V пор- отынның қатты бөлігіндегі бос кеуектердің көлемі;

D)  B),C).

 

74. Екі түрлі електер бетіндегі қалдықтар R1 және R2 бойынша n полидисперстік еселеуішін дұрыс анықтайтын формуланы көрсет:

А) n= Ri + Di, мұнда Ri  - тесіктерінің өлшемі i –ге тең електен өтпеген тозаң қалдығының пайыздық мөлшері, Дi  - өлшемі  i електен өткен тозаңның пайыздық мөлшері;

В) n= (lg ln 100/R1- lg ln 100/R2)/ (lg x1- lg x2), - тозаң дәндерінің өлшемі, мкм;

С) n= 2.87 lg ((2- lg R200)/(2- lg R90)), если R1= R200,R2= R90;

D)   B), C).

 

75. Тозаңның полидисперстік еселеуіші n-нің  жоғары мәндері нені білдіреді:

A)        ұнтақтауға шығындалатын меншікті энергия мөлшерінің азайғанын;

B)        механикалық толық жанбаудың шығыны азайғанын;

C)        отынның ұнтақталуы біркелкі болғанын, яғни әртүрлі тозаң бөлшектерінің өлшемдерінің айырмашылығы аз болғанын;

D)        A), B),C).

 

76. Кез келген көзінің өлшемі x електің бетіндегі тозаң қалдығы R x және белгілі өлшемдегі електің бетіндегі тозаң қалдығы R90  арасында полидисперстік коэффициентінің нақты мәні үшін келесідей байланысты көрсететін формула бар:

A)   X= R xb n R90, мұнда - тесігінің өлшемі  електің бетіндегі тозаң қалдығының пайыздық мөлшері, - тозаң жұқалығын көрсететін еселеуіш, - тозаң дәндерінің өлшемі, мкм;

B)            R x= 100*(R 90 / 100) (x/90)n;

C)            Rx/100= exp(-bxn);

D)           R90/100=exp(-b90n).

 

 


77. Графикте вагон қабырғасы мен мұзы еріген отын қабатында

 

 


температуралардың өзгеру тәуелділігі көрсетілген. t0, tс΄,tс΄΄ - температуралары нені білдіреді:

 

A)    t0 – қабырғаның және отынның бастапқы температурасы, tс΄- қабырғаның сыртқы бетінің температурасы,  tс΄΄- қабырғаның ішкі бетінің температурасы;

B)     t0- ауа температурасы , tс΄- қабырға мен отынның соңғы температурасы, tс΄΄- қабырға мен отынның бастапқы температурасы;

C)    A),B);

D)   t0=tс΄= tс΄΄- барлық температуралар отынға лайықты.

 

78. Конвективті мұз еріткіш құрылғыда жартылай вагон қабырғасынан өтетін жылу ағынының тығыздығы келесі мәннен аспайды:

A)    1000-800 Вт/м2;

B)      800-600 Вт/м2;

C)      600-400 Вт/м2;

D)     400-200 Вт/м2.

 

79. Қиыстырып мұзды ерітуші құрылғыда  жартылай вагондағы отынды қалай қыздырады:

A)    ыстық ауаның конвекциялық ағындарын қолданады;

B)     қабырғаларында, төбесінде және рельстер арасында орнатылған түтікті сәуле шашыратқыштарды қолданады;

C)    радиациялық түтіктерді қолданады;

D)     А), В).

 

80. Конвейерге иілмелі ұзақ лента не үшін қажет:

А) керіп тұрушы элемент қызметін атқарады;

В) жүк тасушы органның қызметін атқарады;

С) қозғалыс туғызады;

Д) A),B).

 

81. Вагон аударғыштың  өндіргіштігі келесі факторларға тәуелді болады:

А) жартывагонды түсіретін жүккөтергіштігіне:

В) ылғалдығына, отынның мұздауына;

С) А) және В);

D) отынның фракциондық құрамына.

 

82. Вагон аударғыштар 1 сағатта канша аудару жасайды?

A)        30 аудару;

B)         40 аудару;

C)        ЖЭС жұмысының шарты бойынша 10-нан 15-ке дейін;

D)       A), C).

 

83. Көздерінің өлшемі 50 мен 1000 мкм аралығында болатын електермен тозаңды елеу қортындысын сипаттайтын дұрыс теңдеуді табыңыз:

A)    Ri+Di=100%, мұнда Ri  - тесіктерінің өлшемі i –ге тең електен өтпеген тозаң қалдығының пайыздық мөлшері, Дi  - өлшемі  i електен өткен тозаңның пайыздық мөлшері;

В) R90=Ф90/200+Ф200/500+Ф500/1000+R1000,%, мұнда Ф500/1000, Ф200/500, Ф90/200, Ф90/50- тесіктерінің өлшемі 1000 мкм және 500 мкм, 500 мкм және 200 мкм, тағы да соған ұқсас електер арасындағы қалдық тозаңның пайыздық мөлшері;

С) R1000+ Ф500/1000+ Ф200/500+ Ф90/20050/90+ D50+ΔG=100%, мұнда DG – қоршаған ортаға шашыраған тозаң мөлшері, %;

D) R50+D50=100%.

 

84. Ұнтақтаудың жұқалығы немесе көмір тозаңының дисперстігі зертханалық жұмыста қалай анықталады:

A)     жинақталған  електермен жабдықталған елегіш машинада 20 мин ішінде массасы 25-50г сынақтық тозаңның елеуімен анықталады;

B)     зертханалық диірменде 15 минутта 05 кг көмірдің ұнтақталуымен анықталады;

C)     кем дегенде екі елек көмегімен пробалық тозаңды қолмен елеу арқылы анықталады;

D)     A), C).

 

85. Тозаң жұқалығын реттеу коэффициенті кең көлемде, ажыратқышпен тозаң жұқалығының өзгерісін анықтап, мына теңдеумен есептеледі:

А) , мұндағы А- тозаңның дайын өнімінің саны, Б-ажыратқышқа барып түсетін ұнтақталған материалдың саны;

В)  ,  мұндағы, В-диірменге қайта келіп түсетін материалдың саны;

С) , мұндағы, R90,R90′′- диірмен өнім және дайын өнім тозаңының жұқалығы;

D)  . Мұндағы,  n ′′се ,nсе- диірмен өнім мен дайын өнім тозаңына сәйкес полидисперстік коэффициенті.

 

86. Инерциялық ажыратқыштарда тозаңды ажырату қалай жүреді:

А) ажыратқыш ішінде тозаңауалы ағын екі рет айналады да, инерциялық күштердің әсерінен ірірек фракциялар жалпы ағыннан келіп түседі;

В)  ажыратқыш ішінде тозаңауалы ағын үш рет айналады да, инерциялық күштердің әсерінен ірірек фракциялар жалпы ағыннан келіп түседі;

 С)  ажыратқыш ішінде тозаң ауалы ағын бірнеше рет айналады да, инерциялық күштердің әсерінен ірірек фракциялар жалпы ағыннан келіп түседі;

 D)  ажыратқыш ішінде тозаңауалы ағын әлдеқайда  көбірек айналады да, инерциялық күштердің әсерінен ірірек фракциялар жалпы ағыннан келіп түседі.

 

87.Диірменнің үзіліссіз жұмыс істеуі ушін араластырғыштарға қойлатын талаптар қандай:

А) ол диірменнің максималды өнімділігін қамтамасыз етуі тиіс;

В) тозаңды ұнтақтауға жұмасатын электрэнериясын аз жұмсау керек және тозаңның жұқалығын реттеу кең көлемде болуы шарт;

С)  көлемі минималды  болуы керек;

D)  А) және В).

 

88. Тозаң жүйесінде мигалкалардың қандай түрі қолданылады:

А) инерциялы,  ортадан тепкіш, гравитациялық;

В) біржапырақты,  екіжапырақты, конусты;

С) кері салмақты,  кері салмкақсыз, автоматты;

D) А), В)

 

89.  Ылғалды отын үшін көрсетілген мигалкалардың  қайсысы тиімді жұмыс істейді:

А) конусты;

В) бір жапырақты;

С) екі жапырақты;

Д) В) және С).

 

90. Мигалкалардың типті өлшемі болып, оның циклонның жұмыс өнімділігіне тәуелді  диаметрі саналады:

А) ; В) ; С) ; D) .

 

91. Дұрыс жұмыс істеп тұрған циклон  қандай жағымсыз жағдайды алдын-ала болдырмайды?

А) диірмендік  желдеткіштің жұмыс істеу уақытын ұзартады және сынудан сақтайды;

В) диірменді сынудан сақтап, жұмыс атқару ұзақтылығын көбейтеді;

С) қосалқы оттыққа ауа тозаң ағынын ауытқусыз береді;

D) А), В), С).

 

92. Тиімді тозаңсыздандыру  қандай зиянды жағдайлардың алдын алады:

А) от қауыпсіздігінің;

В)  кәсіптік аурулардан қорғайды;

С) жылутехникалық қондырғылардың тозуын және ылғалды отынның шығындалуын;

D) А), В), С).

 

93. Аспирациялық қондырғылар не үшін қажет:

А) диірмен қондырғысы жөндеуде тұрғанда керекті тозаңды жинау үшін;

В)  қабылдаушы науашаларда  болатын тозаңданудан сақтайды;

С) қабылдау науашалардағы ауаны сору және қысымсыздық тудыру үшін;

D) В), С).

 

94. Тозаң тасымалдау жүйесінің қай жерінде тозаңдану ошағы пайда болады:

А) қайта төгу буындарында;

В) ылғалды отын мен тозаң ағатын құбырда;

С)  қабылдау науашаларында;

D) А), В),С).

 

95. Аспирациялық қондырғының қай аймағында ауадан тозаңды айыру жүреді:

А) желдеткіште;

В) скруббер-циклода;

С) тозаң шнегі бар циклонда;

D) В) және С).

 

96. Булы тозаңсыздандыру қалай жүзеге асырылады:

А) тозаңдану аймағындағы ауа желдеткіш көмегімен сорылады;

В)  қысымы 0,5 МПа болғанда бу мен отынның қарама-қарсы  ағындарын туғызу арқылы;

С) қабылдаушы науашалардан шығатын және төменнен жоғары қозғалған ауаны бу эжекциялайды;

D) В), С).

 

97.Тозаң тасымалдау жолында  тозаңданудың қандай әдістері қолданылады:

А) гидротозаңсыздандыру;

В) пневмотозаңсыздандыру;

С) көбікті тозаңдансыздандыру, аспирациялық қондырғылар, булы тозаңсыздандыру;

D) А),C).

 

98. Отынды теміржол немесе автомобиль транспортымен жеткізгенде көмір қоймасының сыйымдылығы  қалай анықталады:

А) қазандықтың толық өнімділігін қаматамасыз ету үшін үш апта аралығына отын жеткілікті болуы тиіс;

В) қазандықтың толық өнімділігін қаматамасыз ету үшін екі апта аралығына отын жеткілікті болуы тиіс;

С) қазандықтың толық өнімділігін қаматамасыз ету үшін бір айға отын жеткілікті болуы тиіс;

D)  өздігінен таңдалынады.

 

99. Көмір қоймасының территориясынан  жиналып қалған және жаңбыр суларын аластау үшін қандай шаралар қолданылады:

А) қойма  территориясы қазандық жағына қарай  кішкене  еңістеу етіп орналастырылады;

В) ) қойма  территориясынан суды әкетуші арықтарға қарай  кішкене ойыстау  етіп орналастырылады;

С)  грунттың бет жағы балшық және қож  қабатымен жабылады;

D) грунттың бет жағы бірнеше балшық және қож  қабаттарымен жабылып тегістеледі.

 

100.Көмірді ұзақ уқыт сақтау кезінде шығынды штабельдерің өздігінен жануын болдырмауға қандай шаралар қолданылады:

А) көмір штабелінің биіктігі оның қалыпты  мәндеріне сәйкес болуы керек;

В) штабельдің барлық бет жағы  арнайы  реттеліп, ауаның енуіне жол бермейді;

С) арнайы домалатпа көмегімен  штабелдердің бүйір жақтары тегістеледі;

D) В) және С).

 

101. Өздігінен тұтану ошақтарын анықтау үшін көмір штабелінің ішкі температурасын қалай өлшейді:

А) көмір штабеліне температура сезгіштерін орнатады;

В) көмір штабедеріне диаметрі 25 мм-ден кем болмайтын темір құбырларды орнатады;

С) құбырларды штабелдің жоғарғы бетінен, бүйір беттерінен және негізгі көлбеу бетінің ортасынан өтетіндей болып орнатады, құбырлардың бір-бірінен ара қашықтығы көмірдің сортына байланысты анықталады;

D)  В) және С).

 

102.  Көмір үйінділердің белгілі бөлігінде қандай температурада өздігінен тұтану қауіптілігі туады:

А) +500С және жоғары;

В) +1000С және жоғары;

С) +600С және жоғары; 

D) +800С және жоғары.

 

103. Тозаң дайындау  схемасы және диірменнің түрі отынның келесі құрамына байланысты  болады:

А) отын бөлшектерінің абсолюттік өлшеміне және үймелік тығыздығына;

В) ұнақталу қабылетінің еселеуішіне, бастапқы ылғалдылығына, ылғалдың талапты алынуына, ұшпа заттардың шығуына,отынның күлділігі және ұнтақтау жұқалығына;

С) тозаңның ылғалдығына  және ұсақтаудан кейінгі тозаңның беттік ауданына;

D) А) және С).

 

104. Балғалы диірмендер отынды қалай ұнтақтайды:

А) секундына бірнеше метр жылдамдықпен айналатын балғалармен  (ұрғылар) ұрғылау нәтижесінде;

В) диірменнің қаңқасына соғылуы және айналмалы балғалар мен қаңқаның арасына тұрып қалу салдарынан;

С) отынның  брондалған бетке және отынның өз бөлшектеріне соғылуы  кезінде;

D) А)  және В).

 

105. Ортажүрісті диірмендер қалай жұмыс істейді:

А) отынның ірі бөлшектері ортадан тепкіш күш салдарынан ұнтақтау үстеліне келіп арқалыққа үйкеліп, ұнтақтала бастайды;

В) диірменнің қаңқасына соғылуы және айналмалы балғалар мен қаңқаның арасына тұрып қалу салдарынан;

С)  дағыраның айналу кезіндегі құлайтын шарлардың көмегімен отын ұнтақталады;

D) секундына бірнеше метр жылдамдықпен айналатын балғалармен  отынды ұрғылау нәтижесінде. 

 

106. Қатты отынның қандай түрін ұнтақтау үшін балғалы диірмендер қолданылады:

А) жоғары ылғалдылығы жоғары отындар – фрезерлі торф, қоңыр көмір, лигнит, ұнтақталу қабілет еселеуіші жоғары  тас көмірлерді өңдеу кезіндегі ылғал қалдықты;

В)  ұшпа заттары жоғары тас көмірлер және өңдеу өнімдері,  қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлі шымтезек үшін;

С) құрғақ және күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

D)  бос жыныстарға және темір колчеданына бай ұнтақталу еселеуіші төмен отындар үшін.

 

107. Қатты отынның қандай түрін ұнтақтау үшін желдеткіш-диірмендер қолданылады:

А)  ылғалдылығы жоғары отындар – фрезерлі торф, қоңыр көмір, лигнит, ұнтақталу қабілетінің еселеуіші жоғары  тас көмірлерді ылғалды өңдеу кезіндегі қалдықтар;

В) ұшпа заттары жоғары тас көмірлер және оларды байыту өнімдері,  қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлі шымтезек үшін;

С) құрғақ және күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

D) бос жыныстарға және темір колчеданына бай ұнтақталу еселеуіші төмен отындар үшін.

 

108. Қатты отынның қандай түрін ұнтақтау үшін орта жүрісті диірмендер қолданылады:

А) жоғары ылғалдылығы жоғары отындар – фрезерлі торф, қоңыр көмір, лигнит, ұнтақталу қабілет еселеуіші жоғары  тас көмірлерді ылғалды өңдеу кезіндегі қалдықтар;

В) ұшпа заттары жоғары тас көмірлер және өңдеу өнімдері,  қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлі шымтезек үшін;

С) құрғақ және күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

D) бос жыныстарға және темір колчеданына бай ұнтақталу еселеуіші төмен отындар үшін.

 

109. Қатты отынның қандай түрін ұнтақтау үшін  шарлы дағыралы диірмендер қолданылады:

А) жоғары ылғалдылығы жоғары отындар – фрезерлі торф, қоңыр көмір, лигнит, ұнтақталу қабілет еселеуіші жоғары  тас көмірлерді өңдеу кезіндегі ылғал қалдықты;

В) ұшпа заттары жоғары тас көмірлер және өңдеу өнімдері,  қоңыр көмірлер, тақтатас және фрезерлі шымтезек үшін;

С) құрғақ және күлділігі аз тас көмірлер мен жартылай антрациттер үшін;

D) бос жыныстарға және темір колчеданына бай ұнтақталу еселеуіші төмен отындар үшін.

 

110. Тозаң дайындау жүйесіндегі жарылыс ысырмаларының тағайындалу себебі неде:

А) ошақтың отттық қондырғысына тозаңды бір қалыпты беруге ықпалын тигізеді;

В) диірмендердің тиімді жұмыс атқаруына әсерін тигізеді;

С) тозаң жүйесінде  көмір тозаңның жарылуы болғанда және қысымның бірден көтерілу кезінде автоматты түрде ысырма жабылады;

D) С) және қондырғының элементтерін зақымданудан сақтайды.

 

111. Ортадан тепкіш ажыратқыштарда көмір тозаңын дөрекі ажыратудың біріншілік сатысы қалай арқылы іске асады:

А) инерциялық күштердің әсерінен;

В) ауырлық күшінің;

С) гравитациялық күштердің;

D) В)  және С).

 

112. Тозаң дайындау жүйесінде сепаратор нашар жұмыс жасаса:

А) тозаң мен ауа қоспасының қысымы кенеттен ұлғаюы мүмкін;

В) тозаң мен ауа қоспасының температурасы кенеттен жоғарылауы мүмкін;

С) дайын болған тозаңды одан әрі қажетсіз ұнтақтауға және дайын тозаңның бет алды айналысына электр энергиясы шығындалады; 

D) жеңіл тозаңды ауыр тозаңнан ажыратуға болады.

 

113.Гравитациялық шахталы ажыратқыш (сепаратор) келесідей тозаңды дайындау үшін қажет:

А) тозаңының жұқалығы R90 ‹ 45% тас көмірлерді ұнтақтағанда және ағынның жылдамдығы1,5-3 м/с болғанда шахтадан ең үлкен өлшемдері 0,3-0,7 мм болатын тозаң бөлшектері ұшып шығатын тозаңды дайындау үшін қажет;

В) тозаңының жұқалығы  R90 › 45% болатын  қоңыр көмірлер мен тақта тасты немесе фрезерлік торфты майдалағанда пайда болатын дөрекі  тозаңды дайындау үшін қажет;

С) және ағынның жылдамдығы  1,5-3 м/с болғанда шахтадан ең үлкен өлшемдері 0,3-0,7 мм болатын тозаң бөлшектері ұшып шығады, ал ірі бөлшектер гравитациялық күштердің әсерінен кері шахтаға қайтып келеді;

D) В) және С).

 

114. Тозаң дайындау жүйесінің жылулық баланс теңдеуін көрсет

А) Qприх=q1+q2+q3+q4+q5+q6,  мұнда q1- қазандық қондырғыда ыстық су немесе буды дайындауға кететін пайдалы жылу, q2,q3,q4,q5,q6  - қазандық қондырғының басқа жылулық шығындары;

В) qрасх =qисп+qг+qпл+q5, мұнда qисп  - отынның ылғалдығын кетіруге шығындалған жылу, qг  - кептіруші агенттің жүйеден алып кететін жылуы, qпл- отынды жылытуға кететін жылу мөлшері, q5  - жүйенің салқындауынан болатын жылу шығыны ;

С) qприх= qс.а+qмех + qпрс +qтл , qрасх =qисп+qг+qпл+q5, где qс.а- кептіруші агенттің физикалық жылуы,  qмех- ұнтақтаушы органдардың (шарлар, ұрғыштар, балғалар) жұмысынан бөлінетін жылу мөлшері, qпрс- тозаң жүйесіне сорылған ауаның жылуы, qтл- отынның физикалық жылуы;

D) В) және С).

 

115. Диірменнің көмірді ұнтақтау  өнімділігі деп:

А) отынды ұнтақтау барысында бір сағат ішінде, оның алғашқы ылғалдығы Wр –дан соңғы ылғалдығына Wпл дейін кемитін, ең көп ұнтақталған отын мөлшері;

В) ұнтақтауына белгілі энергия жұмсалатын және ұнтақтау барысында белгілі жұқалыққа ие болатын, отынның ең көп мөлшері;

С) ұнтақтау процесінің энергетикалық параметрлерімен анықталатын шама;

D) В) және С).

 

116. Диірменнің тозаңды кептіру өнімділігі деп:

А) отынды ұнтақтау барысында бір сағат ішінде, оның алғашқы ылғалдығы Wр –дан соңғы ылғалдығына Wпл дейін кемитін, ең көп отын мөлшері;

В) ұнтақтауына белгілі энергия жұмсалатын және ұнтақтау барысында белгілі жұқалыққа ие болатын, отынның ең көп мөлшері;

С) кептіру процесінің жылулық жағдайларымен анықталатын шама;

D) А) және С).

 

117.Тозаң шнектерінің тағайындалуы себебі және олар қайда орналастырылады:

А) көмірді ұнтақтау жүйесіндегі циклондардың астына; 

В)тозаңдарды шанақтарға тарату үшін;

С) тозаңды шанқтарға беру үшін;

D) А) және В).

 

118. Циклонның пайдалы әсер коэффициенті қалай анықталады:

А) циклонда жиналған тозаң көлемінің оған берілген тозаң көлеміне қатынасы  η= V’’ц/Vц;

В) циклонда жиналған тозаң мөлшерінің оған берілген тозаң мөлшеріне қатынасы немесе    η= Вцм ;

С) циклонда жиналған тозаң ылғалдығының оған берілген тозаң ылғалдығына қатынасы немесе   η= W’’ц/Wц;

D) циклонда жиналған тозаң мөлшерінің оған сепаратордан берілген тозаң мөлшеріне қатынасы немесе   η= Вцм(100-Wпл/ 100-Wр).

 

119. Ажыратқыштың пайдалы әсер коэффициенті қалай анықталады:

А) ажыратқыштан шығарылған дайын тозаң мөлшері А-ның ажыратқышқа жеткізілген тозаң Б-ның жалпы мөлшеріне қатынасына тең, немесе η=(100-RА)А/((100- RБ)Б)100%, мұндағы RА, RБ- белгілі бір електің бетінде қалған дайын тозаң мен диірменнен шыққан тозаңның қалдықтары;

В) )  η= (RВ- RА)/ (RВ- RБ), мұндағы RВ – ажыратқыштан диірменге қайтарылатын тозаңды белгілі бір електен өткізгенде, оның бетінде қалатын қалдығы;

С) , где R90,R90′′- диірменнен шыққан және дайын тозаң қалдықтары;

D) дұрыс жауап көрсетілмеген.

 

120.Тозаңды ұнтақтау жұқалығы  b- еселеуішімен белгіленеді, ол өнірістік диірмендерде келесідей мәндерге ие болады:

А) 4*10-2 жұқа тоаң үшін, 40*10-3 дөоекі тозаң үшін;

В) 4*10-3 дөрекі тозаң үшін, 40*10-2  жұқа тозаң үшін;

С) b=0 жұқа тозаң үшін, b=∞ дөрекі тозаң үшін;

D) Тозаңды ұнтақтау жұқалығы  b- еселеуішімен белгіленеді, қандай тозаң болсмасын мәні тұрақты болады.

 

121.  Ұсақтағышта  отын қалай ұсақталады:

А) соғылу, мыжу нәтижесінде;

В) соғылу,  уату, мыжу, үйкелу нәтижесінде;

С)  инерциялық күштің салдарынан;

D) тек қана соғылу нәтижесінде.

 

122. Не үшін отын сынамасын алады және оны алу мерзімі қандай:

А) ЖЭС-ның  ТЭК(техника-экономикалық көрсеткіштерін)  анықтау және отынның сапасын бақылау үшін;

В)сынамалар тәуліктік, ауысымдық, бес күндік, апталық болып бөлінеді;

С) сынамалар белгіленген уақыт аралығында ұнтақтаудан кейін ленталық ковейерден алынады;

D) А), В), С).

 

3 Сұйық отынды ЖЭС жағдайында жағу үшін дайындау және өңдеу технологиясы

 

123. ЖЭО-да сұйық отын ретінде не қолданылады?

А) мұнай өндеудегі өнімі: тікелей айдалған мазут және крекинг-мазут

В) мұнай өндеудегі : жанармай, бензин

С) мұнай өндеудегі өнімі: мотор майлары

D) ылғалды мұнайды өндеудегі  барлық өнімдер

 

124.ЖЭО–да мазут қандай отын ретінде қолданылады?

А)  бекеттің (станция ) негізгі отыны ретінде;

В) негізінен газда жұмыс істейтін бекеттер үшін  резервті отын ретінде;

С)  көмірде жұмыс істейтін бекеттер үшін тұтандырушы отын ретінде;

D) А), В), С).

 

125. Мазутты алу әдісіне байланысты ол келесідей бөлінеді:

А) мұнайлы;

В) көмірлі ( жартылай коксты көмірлердің өнімдері);

С) тақтатасты ( жанғыш жартылай коксталған тақтатастардың өнімдері);

D) А), В),С).

 

126. Мазутты пайдалану маркасына байланысты төмендегідей бөлінеді:

А) флотты  (Ф5 және Ф12 –  теңіз кемесіндегі қазандар үшін;

В) мазут-пешті отын (өндірістік пештер үшін);

С)   жанғыш мазут – қазандық отын;

D) А), В), С).

 

127. Тікелей айдалған мазут деп келесі өнім аталады:

А) мұнайды таяз өңдеу нәтижесінде алынады, сонымен қатар мұнай қайнағаннан кейін пайда болған фракциялардың молекулалық құрылымы бастапқы шикі мұнайдың құрылымымен бірдей;

В) мұнайды терең өңдеу нәтижесінде алынады, сонымен қатар мұнай қайнағаннан кейін пайда болған фракциялардың молекулалық құрылымы бастапқы шикі мұнайдың құрылымымен бірдей емес;

С) мұнайды таяз өңдеу нәтижесінде алынады, сонымен қатар мұнай қайнағаннан кейін пайда болған фракциялардың молекулалық құрылымы бастапқы шикі мұнайдың құрылымымен бірдей емес;

D) жауаптар дұрыс көрсетілмеген.

 

128. Шикі мұнай айдаудан кейін келесідей өңдеулерден өтеді:

А) сілтімен өңдеу, тұзссыздандыру, электрлітұзссыздандыру, тұндыру;

В) сілтімен өңдеу, электрлітұзссыздандыру;

С) сілтімен өңдеу, тұзссыздандыру, электрлітұзссыздандыру, тұндыру;

D) сілтімен өңдеу, тұзссыздандыру, электрлітұзссыздандыру, сүзгіден өткізу.

 

129. Мұнай  мұнай өндеу қондырғысының келесі бөлігінде айдаудан өтеді:

А)  атмосфералы- құбырлы  электр пешінде;

В) ректификациялық бағанада;

С) А), В);

D)  электрлі тұзссыздандырушы қондырғысында.

 

130. Мазутты маркалау мазуттың төмендегідей жылутехникалық қасиеттеріне байланысты болады:

А) тығыздығына;

В) шартты тұтқырлығына;

С) коксталуына;

D) беттік керілуіне.

 

131. Қазандық отын ретінде мазуттың қандай маркасы қолданылады:

А) М100, М100В  және М200;

В) М40, М40В  және М100;

С) М40, М100В;

D) М100 В  және  М200.

 

132. Қазандық қондырғының мазут шаруашылығы неден тұрады?

А) қабылдау қондырғысынан, мазутты сақтау орнынан, сорғылардан, сүзгілерден;

В) қабылдау қондырғысынан, мазутты сақтау орнынан, сорғылардан, сүзгілерден, мазут , қыздырғыштардан және құбыр жүйесінен;

С) қабылдау қондырғысынан, мазутты сақтау орнынан,сорғылардан, сүзгілерден,қазандық қондырғыдан;

D) қабылдау қондырғысынан, мазутты сақтау орнынан,сорғылардан, сүзгілерден, темір жол эстакадаларынан.

 

133. Мазут сақтағыштардың сыйымдылығы  неге байланысты анықталады:

А)  мазуттың құрамымен;

В) мазутты тағайындалуымен;

С) жағылатын мазуттың маркасымен;

D) қазандықтың жұмыс өнімділігімен.

 

134. Қоймадағы мазуттың  қоры қандай мерзімдегі отын шығынын қамтамасыз етуі керек:

А)  мазутты негізгі отын ретінде қолдану  кезінде,  ЖЭС- ның 15-тәуліктік мазут шығынын өтеу керек;

В) мазутты құбырлар арқылы жеткізу кезінде,  ЖЭС- ның 3-тәуліктік мазут шығынын өтеу керек;

С) мазутты резервтік отын ретінде қолданғанда, ЖЭС- ның 10-тәуліктік шығынын өтеу керек;

D) мазутты апаттық отын ретінде қолдану кезіндегі, ЖЭС- ның 5-тәуліктік шығынын өтеу керек  және А),В), С) жауаптары.

 

135. Мазутты дайындау және беру әдісіне байланысты  қазандықта  мазут қоймасының келесідей сұлбалары қолданылады:

А)  жекеше,  орталық;

В) тұйық және ашық ;

С) айналымдық (циркуляциялық) және    біртоға;

D)  блокты және көлденеңді.

 

136. Қазандықтың мазут қоймасының айналымдық сүлбесінің  біртоға сұлбасынан  айырмашылығы келесіде:

А) оларда қазандыққа форсункамен  берілетін мазут үзіліссіз беріліп отырады;

В)  сонымен қатар оттыққа жағылуға берілген мазуттың бір бөлігі  ( 50%) кері құбырлар арқылы  мазут қоймасына қайтып келеді;

С)  қайтып келген мазут  отынның негізгі маңызымен   араласады, осылайша оның  рециркуляциясы іске асады;

D) А), В), С).

 

137. Мазутты теміржол транспортымен жеткізу кезінде цистерналардағы мазут қайда төгіледі:

А)  мазут құбырларына;

В) рельстердің арасында орналасқан қабылдағыш науашаларға;

С) уақытша сақтау  резервуарына;

D)  мазутты үнемі сақтау  резервуарына.

 

138. Теміржол транспортымен жеткізу кезінде мазуттың температурасы қату температурасына дейін төмендеуі мүмкін бе:

А) иә мүмкін, себебі тікелдей айдалған мазуттың қату температурасы - 80С дан +420С дейін, ал  крекинг  қалдығының  340С тан 420С;

В) қоршған орта температурасы қату температурасынан әлдеқайда төмен болуы мүмкін;

С) А)  және В);

D)  болуы мүмкін емес,   цистерналар қыздыру қондырғыларымен жабдықталған.

 

139. Мазуттың жылутехникалық қасиеттеріне мыналар жатады:

А) жылуөткізу еселеуіші, жылусыйымдылық және температура өтімділігі;

В) тұтқырлық, тығыздық, тұтану, лапылдау, қату температурасы, коксталуы, беттік керілу еселеуіші, жану жылулығы,  ылғалдылығы және күлділігі ;

С) күкірттілігі, ұшпа заттардың шығуы;

Д)  мазуттың құрамы мен маркасы.

 

140.  Мазуттың жылуфизикалық қасиеттеріне мыналар жатады:

 А) жылуөткізу еселеуіші, жылусыйымдылық және температураөтімділігі;

В) тұтқырлық, тығыздық, тұтану  , лапылдау, қату температурасы, коксталу, беттік керілу еселеуіші, жану жылулығы,  ылғалдылығы және күлділігі;

С) күкірттілігі, ұшпа заттардың шығуы;

D) мазуттың құрамы мен маркасы.

 

141. Іс тәжірибелік мақсаттармен мазуттың салыстырмалы тығыздығын қалай анықтайды:

А)  -өлшемсіз шаманы сипаттайды, -температурадағы мұнай өнімдері тығыздығының, - температурадағы дистиллденген су тығыздығына қатынасы;

В) ТМД-да белгіленген су үшін:  = 40С, ал мұнай өнімдеріне  =200С;

С) А)  және  В);

D)  -өлшемсіз шаманы сипаттайды, -температурадағы мұнай өнімдерінің, - температурадағы дистиллденген су тығыздығына қатынасы.

 

142. Көптеген мұнай өнімдерінің тығыздығының температураға тәуелділігі сызықты заң бойынша өзгереді және  Д.И.Менделеев формуласымен есептеледі:

А) , мұндағы - температура бір градусқа өзгергенде тығыздық өзгеруіне қойылатын түзету, -  стандартты жағдайдағы мазуттың салыстырмалы тығыздығы;

В) ,. мұндағы - температура бір градусқа өзгергенде тығыздық өзгеруіне қойылатын түзету, -  стандартты жағдайдағы мазуттың салыстырмалы тығыздығы;

С) , мұндағы - температура бір градусқа өзгергенде тығыздық өзгеруіне қойылатын түзету, -  стандартты жағдайдағы мазуттың салыстырмалы тығыздығы;

 D) , мұндағы - температура бір градусқа өзгергенде тығыздық өзгеруіне қойылатын түзету, -  стандартты жағдайдағы мазуттың салыстырмалы тығыздығы.

 

143. Мазуттың беттік керілуі оның температурасына, бастапқы  тұтқырлығына тәуелді және ол сұйықтың шашырауына келесі ықпалын тигізеді:

А) сұйық отынды шашырату тиімділігіне,  температура мен бастапқы тұтқырлық өскен сайын керілу азаяды;

В) сұйық отынды шашыратыу тиімділігіне,  температура мен бастапқы тұтқырлық өскен сайын керілу көбейеді;

С) сұйық отынды шашыратыу тиімділігіне,  температура мен бастапқы тұтқырлық өскен сайын керілу азаяды;

D) сұйық отынды  жағу  тиімділігіне,  температура мен бастапқы тұтқырлық өскен сайын керілу азаяды.

 

144. Мазуттың тұтану  температурасын қалай анықтайды:

А) Қатаң белгіленген жағдайда сұйық отынды қыздырғанда, оның бетінен жеткілікті мөлшерде  бу шығады және осы бу қоршаған ауадағы оттегімен  араласып, жанғыш қоспа түзеді де жанған шырпыны жақындатқанда  мазут тұтанады және үздіксіз жана бастайды. Сол кездегі қызған мазуттың температурасы оның тұтану температурасы деп атайды;

В) Қатаң белгіленген жағдайда сұйық отынды қыздырғанда, оның бетінен жеткілікті мөлшерде  бу шығады және осы бу қоршаған ауадағы оттегімен  араласып, жанғыш қоспа түзеді де жанған шырпыны жақындатқанда  мазут тұтанады және жана бастайды. Сол кездегі қызған мазуттың температурасы оның тұтану температурасы деп атайды.   Бұл кезде жану процесі қысқа уақыт бойы жалғасады (5 с кем );

С)  Қатаң белгіленген жағдайда сұйық отынды қыздырғанда, оның бетінен жеткілікті мөлшерде  бу шығады және осы бу қоршаған ауадағы оттегімен  араласып, жанғыш қоспа түзеді де жанған шырпыны жақындатқанда  мазут тұтанады және үздіксіз жана бастайды. Сол кездегі қызған мазуттың температурасы оның тұтану температурасы деп атайды. Бұл кезде жану процесі қысқа уақыт бойы жалғасады (5 с-тан ұзақ);

D)  А) және С).

 

145. Мазуттың лапылдау  температурасын қалай анықтайды:

А) Қатаң белгіленген жағдайда сұйық отынды қыздырғанда, оның бетінен жеткілікті мөлшерде  бу шығады және осы бу қоршаған ауадағы оттегімен  араласып, жанғыш қоспа түзеді де жанған шырпыны жақындатқанда  мазут тұтанады және  жана бастайды біраз уақыт өткен соң сөніп қалады. Сол кездегі қызған мазуттың температурасы оның лапылдау температурасы деп атайды;

В) Қатаң белгіленген жағдайда сұйық отынды қыздырғанда, оның бетінен жеткілікті мөлшерде  бу шығады және осы бу қоршаған ауадағы оттегімен  араласып, жанғыш қоспа түзеді де жанған шырпыны жақындатқанда  мазут тұтанады және  жана бастайды да, біраз уақыт өткен соң сөніп қалады. Сол кездегі қызған мазуттың температурасы оның лапылдау температурасы деп атайды (5 с-тан кем);

С)  бұл  температураны тұтану температурасының жоғарғы шегі деп атауға болады;

D)  А), В) және С).

 

146. Әртүрлі мазуттардың тұтану температурасы:

А) 1350С-2370С аралығында, егер құрамында парафин болмаса;

В) 600С жақын, егер құрамында парафин болса;

С) 1850С-2430С аралығында, егер құрамында  жоғарғы тұтқырлы крекинг қалдықтар болса;

D) барлық жауаптар дұрыс.

 

147. Лапылдау температурасы өте төмен сұйық отынды қолдану тиімді болады ма:

А) жоқ, қыздыру кезінде көпіршіктеніп, өрт қауыптілігі пайда болуы мүмкін;

В) зиянды булар пайда болу салдарынан жұмыс жағдайы  нашарлайды;

С) отынды құбырға сору кезінде бу тығындары пайда болып, сорғылардың жұмысын тоқтатуы мүмкін;

D)  барлық жауаптар дұрыс.

 

148. Мазуттың қату   температурасын қалай анықтайды:

А)  ГОСТ бойынша бұл температурада  мазут құйылған пробирканы 450 бұрышқа бұрғанда, 1 минут аралығында сұйық ақпай, қозғалыссыз қалады;

 В) бұл температурада оның құрамында еріген жоғары молекулалы заттар: парафиндер және церезиндер  кристаллданады;

С) А)  және В);

D)бұл температурада онда еріген жоғары молекулалы заттар  кристаллданады: асфальтендер және  смолалар. Сондықтан мазуттың аққыштығы азаяды .

 

149. Мазуттың кокстануы деп нені атайды және оны қалай анықтайды:

А)  мазут коксы    бұл ауасыз жоғары температураға дейін қыздыру кезінде бу және газ тәрізді  өнімдерінен пайда болатын қатты қалдық;

В) бастапқы сынамадағы массаның пайыздық қатты қалдық мөлшері;

С) А) және  В);

D) мазут коксы    бұл ауасыз жоғары температураға дейін  ашық қыздыру кезінде бу және газ тәрізді  өнімдерінен пайда болатын қатты қалдық.

 

150.Мазуттың тұтқырлығы нені сипаттайды:

А) төгу және құю жұмыстарының ұзақтылығын;

В) мазутты құбырлар көмегімен тасымалдауға  жұмсалатын энергия шығынын;

С) А)  және  В);

Д) форсунка жұмыстарының тиімділігін.

 

151.Тұтқырлық физикалық шама ретінде келесідей өрнектеледі:

А) динамикалық тұтқырлық (іштен жану еселеуіші) ;

В) кинематикалық тұтқырлық ;

С) шартты тұтқырлық, 0ШТ (УВ) шартты тұтқырлық градусымен өрнектеледі және  белгілі жағдайдағы мұнай өнімдері мен  дистиллденген судың бірдей көлемінің төгілу уақытын сипаттайды;

D) барлық жауаптар дұрыс.

 

152. Тәжірибелік жолмен тұтқырлықты қалай өлшейді?

А) мұнай өнімдерімен толтырылған тік құбыршаның ішіндегі  шариктің қозғалу уақытын анықтау, Геплердің шарикті тұтқырлық өлшеуіш көмегімен іске асады;

В) динамикалық тұтқырлық  мынадай формуламен анықталады;

, мұндағы - шариктің құлау уақыты, - тәжірибелік жолмен анықталған құрылғының тұрақтысы,  - мұнай өнімі мен шариктің  тығыздығы;

С) жауаптары дұрыс көрсетілмеген;

D) А) және  В).

 

153. Мазуттың  жұмыстық массадағы төменгі жану жылуы Д.И. Менделеев формуласы арқылы анықталады және мына шамаға тәуелді:

А) , МДж/кг және мазуттың құрамына  тәуелді. Оның мәні  39 дан 41,5 МДж/кг дейін ауытқиды;

В) , МДж/кг және мазуттың құрамына  тәуелді. Ол   100 дан 101,5 МДж/кг дейін  ауытқиды;

С) Жұмыстық массадағы Н және С жанғыш элементтері мөлшерлерінің қатынасына тәуелді, мұнай смоласы мен асфальтеннің бар болуы оның жану жылулығын төмендетеді;

D) А) және С).

 

154. Суретте өндірістік өнеркәсіптің мазут шаруашылығының айналымдық сүлбесі берілген. Келесі шартты белгіленулерде  а)  ­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­  _________   б)   ___п _____ в) _ _ _ _ _ _ _г) ___о____ д) ____к_____ құбырлар көмегімен не тасымалданады?

 

 

 

 

А)   _______     - мазут құбырларының белгіленуі, онда тек қыздырылған мазут тасымалданады, ___п _____ - бу құбырлары белгісі, тек аса қызған бу тасымалданады;

В) _ _ _ _ _ _ _ - мазуттың қайта айналымын қамтамасыз ететін құбырдың белгіленуі, ___о____- мазуттың  ыстық қайта айналымын қамтамасыз ететін құбырдың белгіленуі , ____к_____- шық құбырларының белгіленуі;

С) А)  және  В);

D)  барлық құбырлар мазутты тек тасымалдау үшін қажет.

 

155.  Суретте өндірістік өнеркәсіптің мазут шаруашылығының айналымдық сүлбесі берілген. Мазутты сақтау  резервуары  қандай шартты нөмірмен  көрсетілген:

А) 1;

В) 3;

С) 6;

D) 5.

 

156. Мазут қоймаларында мазутты сақтау  резервуарларының саны және сыйымдылықтары неге тәуелді?

А) электр станциясы мен қазандықтың қуатына;

В) мазутты жеткізу әдісіне;

С)  мазуттың тәуліктік шығынына;

D)  А)  және  В), жағуға дайындау  технологиясына.

 

157. Мазутты жағуға дайындау немен байланыстырылады:

А) оны қыздырумен,  механикалық қоспаларынан аластаумен,  присадкамен және ылғалдықты диспергирлі өңдеумен;

В) оттықтың дұрыс таңдалуымен;

С)  қазандық қондырғының дұрыс таңдалуымен;

D) мазутты сүзгіден өткізумен.

 

158. Ауа артықшылығы аз қуатты бу өндіргіштерде мазут жағу кезінде форсунка алдындағы  мазуттың тұтқырлығы төмендегі мөлшерден кем болмауы керек:

А) 5-60УВ;

В) 10-150УВ;

С) 1,5-2 0УВ;

D) 3-40УВ.

 

159. 40,100,200 маркалы мазутты шашыратқыштың (форсунканың) алдында керекті шартты тұтқырлықты ұстап тұру үшін қандай температураға дейін, қыздыру керек:

А) 100,200,3000С;

В) 130,140,1530С;

С) 110,120,1300С;

D) 200,300,4000С.

 

160. Резервуардағы мазутты қыздыру келесідей жүреді:

А) секциялық және имек типті қыздырғыштар арқылы;

В) айналмалы әдіс арқылы төкпелі қыздырғыштарда;

С) А) және  В);

Д) ашық будың көмегімен.

 

161. Мазут шаруашылығында мазутты қыздыру  келесідей жүреді:

А) екі сатыда; 

В) үш сатыда;

С) төрт сатыда;

D) бір сатыда.

 

162. Мазутты цистерналардан төгу сүлбесінде ашық бумен қыздыру әдісінің кемшілігі қандай ?

А) отынның айтарлықтай сулануы;

В) ауыр жоғары тегеурінді  мазут және крекинг-қалдықтары судан толық бөлінбей қалады;

С) қол еңбегінің көп шығындалуы және  цистерналардың көп тұрып қалуы;

D)  А), В), С).

 

163. Қатты  және сұйық отындардың құрамы әдетте маңызы бойынша пайызбен  көрсетіледі. Жұмыс массасының құрамы  төмендегідей жазылады:

А)         ;                                                     

В)         =100% ;                                                        

С)          ;                                                                   

Д)         .                                                 

164. Қатты  және сұйық отындардың құрамы әдетте массасы бойынша пайызбен  көрсетіледі. Аналитикалық массаның құрамы қалай жазылады?

А)          ;                                                        

В)         =100% ;                                                       

С)          ;                                                                 

D)         .                                                                         

 

165. Қатты  және сұйық отындардың құрамы әдетте массасы бойынша пайызбен  көрсетіледі. Жанғыш массаның құрамы төмендегідей жазылады:

А)          ;                                                        

В)         =100% ;                                                       

С)          ;                                                                   

D)         .      

                                                             

166. Қатты  және сұйық отындардың құрамы әдетте массасы бойынша пайызбен  көрсетіледі. Отынның құрғақ массасының құрамы келесідей өрнектеледі:

А)         ;                                                         

В)         =100% .;                                                        

С)          ;                                                                 

D)         .      

 

 

4  Газ тәріздес отынды ЖЭС жағдайында жағу үшін дайындау технологиясы

                                                                                                                                  

167. Табиғи газ отыны деп нені атайды:

А) жер қыртысынан алынатын газ қоспасы;

В) негізінен метаннан және оның гомологтарынан тұрады;

С) негізінен сутегі мен оттегіден тұрады;

D)  А) және В).

 

168. Мұнай өндірісіндегі ілеспе газ  қандай болады:

А) мұнайда еріген газдар, мұнайды бұрғылау кезінде десорбцияланады;

В) ілеспе газдардың мөлшері мазуттың 10-15% құрайды;

С) А) және В);

D) мұнайдағы еріген газдар, мұнайды бұрғылау кезінде адсорбцияланады.

 

169. Газ факторы нені білдіреді:

А) 1 тонна мазутқа  келетін газ мөлшері;

В) 1 тонна мазутқа келетін  газ көлемі;

С) 1000 тонна мазутқа келетін газ мөлшері;

D) 1000 тонна мазутқа келетін газ көлемі.

 

170. Газды алу орнында табиғи газ қандай өңдеулерден өтеді:

А) одоризация (газдың ағысталуын  байқау үшін өткір иіс беру);

В) кептіру  (су буын кетіру үшін);

С) жоғары көмірсутектерін ажыратып алу;

D) А), В), С)  және күкірт пен көміртегі тотығынан тазалау.

 

171. Газ отынының жану жылуы қарапайым заң бойынша анықталады    , яғни:

А) бұл қоспа құраушылырындағы жанғыш компоненттерінің арасында  химиялық байланыс жоқ;

В) газ тәрізді отын әртүрлі жеке компоненттердің механикалық қоспасы болып табылады - газ және бу;

С) А) және В);

D) бұл қоспа құраушылырындағы жанғыш компонентерінің арасында  химиялық байланысы бар.

 

172. Табиғи жанғыш газдың негізгі компоненттері қандай:

А) шекті көміртегі;

В) отынның балластын тудыратын жанбайтын газдар және су буы;

С) шекті емес көміртегі (олефиндер);

D) А)  және В).

 

173. Жасанды жанғыш газдың негізгі компоненттері:

А) шекті көміртегі;

В) отынның балластын тудыратын жанбайтын газдар және су буы;

С) шекті емес көміртегі (олефиндер);

D)  А), В), С).

 

174. Отынның міндетті знергетикалық сипаттамасы ретінде неге жанғыш газдың тығыздығын білуіміз қажет:

А) газ тәрізді отының тығыздығына байланысты газқоймасының өлшемі анықталады;

В) газ құбырларында газдың ағысталуы газ құдықтары мен ғимараттың төменгі немесе жоғарғы бөліктерінде газдың жиналып қалуын газ тығыздығы мен ауа тығыздығының қатынасы арқылы анықтайды;

С) тығыздыққа  отынның энергетикалық құндылығы тәуелді;

D)  А) және В).

 

175. Газ қоспасының тығыздығы оның барлық компоненттерінің тығыздығының орта өлшемі болып, яғни аддивті заң бойынша анықталады:

А) , где -  компоненттер саны, - ші

 қоспа компонентінің пайыздық құрамы,   -  ші компоненттің тығыздығы;

В) ;  С) ;  D) .

 

176. Электр бекеттерінде  басқа отындармен салыстырғанда газ қандай  ерекшеліктерімен айқындалады:

А) газға қымбат тұратын және ірі отын тасымалдаушы және отын өңдеуші  жүйелер қажет емес;

В) қазандардан шығырылатын күл мен қождың болмауы;

С) ЖЭО-нан қоршаған ортаға   шығарылатын зиянды газдардан  қорғауы;

D)  А), В) және С).

 

177. Құрғақ массадағы газ қоспасының төменгі жану жылуы келесідей анықталады:

 Газ отынының жану жылуына ең көп әсер беретін құнды компоненттерін атаңыз:

А) көміртегі тотығы және сутегі;

В) көмірсутегі, себебі көміртегі және сутегі молекуларының атом сандары өскен сайын, бірлік жану жылулығының көлемі де артады;

С) күкіртсутегі;

D) тек метан.

 

178. Бұрғылаудые шыққан газды механикалық қоспадан (құм, шаң т.б. заттардан) тазарту калай жүреді:

А) құйында;

В) ортадан тепкіш араластырғышта;

С) ректификациялық бағанада;

D) механикалық сүзгілерде.

 

179. Алу орнында өңделгеннен кейін табиғи газ қайда бағытталды:

А)  газгольдерге;

В) газдың  қысымын көтеретін сығымдағыш бекеттеріне;

С) газ таратушы бекеттеріне;

D) газ реттегіш пунктеріне.

 

180. Ірі қалаларда газ таратушы бекттерінен (ГРС) газбен қамдау үш сатылы сұлба бойынша келесі үш түрлі газ құбырлары арқылы іске асырылады:

А)  (3-6)105 Па жоғары қысымды қ,  (0,5-3)105Па орта қысымды және төменгі қысымды  0,5105 Па  дейін;

В)  (5-10)105 Па жоғары қысымды, (3-5)105Па  орта қысымды және төиенгі қысымды 3*105 Па дейін;

С)  (1-5)105 Па жоғарғы қысымды ,  (0,5-1)105Па  орта қысымды және төменгі қысымды  0,5*105 Па дейін ;

D) жауаптар дұрыс берілмеген.

 

181. Әрбір газ тұтынушы газ реттеуіш пункімен (ГРП) жабықталған, онда:

А) газ қоспалардан тазартылады және кептіріледі;

В) газ қысымы реттеледі және оның шығыны есепке алынады;

С) газ сақтау үшін  газгольдерлер қондырылған;

D) газды жағу жүреді.

 

182. Сұйытылған газ қашан қолданылады:

А) егер тұтынушыларғв газ тасымалдаушы құбырлармен тамымалдау үнемді болмағанда;

В) егер табиғи газдың табылған жері бойынша жылулығы, сұйытылған газдың жану жылулығынан аз болса;

С) сығылған газды сақтау ыдыстарын құру қиын болғанда;

D) ГРП және ГРС ғимараттарының құрылысына жұмсалатын шығын сұйытылған газды қолдану шығынынан  көп болса.

 

183. Сұйытылған газды алу үшін қандай шикі зат қолданады:

А) этан мен пропан газ конденсатының кен орны;

В) пропан мен бутан жолшы мұнай газы;

С) метан мен таза газ этан кен орны;

D) бутан мен н-пентан.

 

184. Сұйытылған газды тасымалдау мен сақтау:

А) темір жол арқылы сыйымдылығы 60 м3 арнайы цистерналарда;

В) автоцистернамен тасымалдайды немесе кіші диаметрлі құбыр жолымен;

С) болат және цилиндрлі газгольдерде сақтайды;

D)  А), В), С).

 

185.  Қазандықтың ГРП-і бөлек орнатылады және келесі жабдықтары болады:

А) газ шығынын реттегіші, электрлік және қолмен қозғаушы бекітуші тығындары;

В) ауамен немесе инерттік газбен газ құбырын үрлейтін штуцер;

С) өлшегіш диафрагма,  тез әсерлі бекітуші орган, газ құбырларындағы байпастық жолдар;

D)  А), В), С).

 

186. Газ құбырын үрлеу үшін үрлегіш шырақтар орнатылады. Олар қалай жұмыс істейді:

А) құбыр газға толғанда шырақ оның ішінде қалған ауаны үрлеу арқылы ығыстырады;

В) газ құбырын газдан босату үшін құбырдағы газ толығымен ығысқанша ауамен үрлейді;

С) олар газдың қысымын екі түрлі тәртіппен реттейді;

D)  А) және В).

 

187. ГРП бөлмесінде қалыпты жұмыс жағдайын туғызу үшін қандай шаралар ұйымдастырылу қажет:

А) ГРП бөлмесінде табиғи және жасанды жарық көзі болуы қажет;

В) бір сағат аралығында үштік ауа алмастыратын тұрақты желдету болуы керек;

С) жылытылып отыруы керек және   50С температурадан төмен болмауы қажет;

 D)  А), В), С).

 

188. Қазандық қондырғыларда (немесе пештерде) газ құбырлары міндетті түрде тармақталады:

А) бұндай сүлбелерде газ құбырларда  басты ысырма (немесе кран) және әрбір тармағы оттыққа  жеке ысырма арқылы жалғасады;

В) оттықтар газды  жағу запальниктерімен және шырақтары бар үрлегіш құрылыммен жабдықталған;

С) оттыққа баратын газ құбырлар екі жағынан жалғанған болып көрінеді;

D) А), В), С).

 

189. Қандай жағдайда газды үнемді жағуға болады:     

А) ауамен шекті араласу кезінде;

В) ауамен қарқында араласуы кезінде;

С) ауа берілмегенде;

D)  А) және С).

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1. Белосельский Б. С., Соляков В. К. Энергетическое топливо. – М.: Энергия, 1980.

2. Лебедев А. Н. Подготовка и размол топлива на электростанциях. – М.: Энергия, 1969.

3. Гаврилов Е.И. Топливно-транспортное хозяйство и золошлакоудаление на ТЭС. – М.: ЭАИ, 1987.

4.  Левит Г. Т. Пылеприготовление на ТЭС. – М.: ЭАИ, 1991.

5. Антонянц Г. Р., Черников В. П., Райфельд О. Ф. Топливно-транспортное хозяйство тепловых электрических станций. – М.: Энергия, 1977.

6.  Михайлов Н. М., Шарков А. Т. Физические свойства топлива и борьба с затруднениями на топливоподаче электростанций. – М.: Энергия, 1972.

7. Белосельский Б. С., Вдовченко В. С. Контроль твёрдого топлива на электростанциях. – М.: ЭАИ, 1987.

8.  Белосельский Б. С. Топочные мазуты. – М.: Энергия, 1978.

9. Белосельский Б. С., Барышев В. И. Низкосортные энергетические топлива. – М.: ЭАИ, 1989.

10. Трухний А. Д. Основы современной энергетики. М.: МЭИ. ч.1, 2002. 368 с, ч.2, 2003. – 454 с.

11. Белосельский Б. С. Технология топлива и энергетических масел. – М.: МЭИ., 2005. – 400 с.

 

 

 

 

 

 

2006ж. қосымша жоспары, реті______

 

 

 

Сауле Кианбековна Абильдинова 

 

 

 

 

 

ЖЭС жӘне ӨНеркӘсіптік  КӘСІПОРЫНДАРдағы отЫн технологиясы

Ағымды және қортынды бақылауға арналған тесттік тапсырмалар

 (бакалавриат, 050717 – Жылуэнергетика және 220000 -  Жылуэнергетика

мамандығының студенттері үшін)

 

 

 

 

 

 

 

 

Редакторы Ж.А. Байбураева

 

 

 

 

 

 

Басуға қол қойылды ____________                Қалпы 60х84 1/16

Таралымы    50    экз.                                       Баспаханалық қағаз №1

Көлемі_____оқу есепті баспа табақ.              Тапсырма _____. Бағасы _____ тг.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013 Алматы, А. Байтұрсынұлы көшесі, 126 үй