Коммерциялық емес акционерлік қоғам
АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ БАЙЛАНЫС УНИВЕРСИТЕТІ
Өнеркәсіптік жылу энергетика кафедрасы
ХИМИЯ
5В071600 - Аспап жасау мамандығының студенттеріне есептік-сызба
жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар
Алматы 2013
Құрастырғандар: Туманова А.А., Идрисова К.С. Химия: 5В071600 – Аспап жасау мамандығының студенттеріне есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар.- Алматы: АЭжБУ, 2013.–32 б.
Химия пәнінен есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар 5В071600 – Аспап жасау мамандығының студенттеріне арналған. Әдістемелік нұсқауларға екі есептік-сызба жұмыстардың тапсырмалары кіреді.
Әдеб. атау - 8.
Пікір беруші: доцент Елеукулов Е.О.
«Алматы энергетика және байланыс университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының 2012 жылғы баспа жоспары бойынша басылады.
© «Алматы энергетика және байланыс университеті» КЕАҚ, 2013 ж.
Кіріспе
Әдістемелік нұсқаулар «Аспап жасау» мамандығы бакалавриатының 1-курс студенттеріне жалпы химия курсын өзіндік оқуға септігін тигізеді.
Мақсаты – химиядан аралық және ағымдағы бақылауда, емтиханға дайындалуға септігін тигізу.
Тапсырмалардың мазмұны химияның оқу бағдарламасына сәйкес келетін бейорганикалық және жалпы химияның негізгі бөлімдерінің 10 блогынан тұрады.
Бұл тапсырмалар негізгі түсініктерді, заңдарды игеріп, оларды есеп шығаруда қолдана білу, оқу материалын жүйеге келтіре алатын деңгейге сәйкес келеді.
Ұсынылып отырған тапсырмалардың студентке емтиханда дайындалуға да тигізер көмегі зор.
Теориялық сұрақтарға жауап беру үшін студент арнайы әдебиеттерді, кітаптарды, оқулықтарды оқуы тиіс. Материалды түсініп толық жауап беру үшін, әдебиет бөлімі толық игерілуі қажет. Жауапқа тек сұрақ бойынша мәліметтер енгізіледі. Мұнымен қатар, студенттерге ұсынылатын тізімде жоқ, бірақ сұраққа тура қатысы бар әдебиеттерді де қолдануға болады.
Жауабы анық, ешқандай қысқартуларсыз жазылуы қажет. Өзіндік жұмыстар АЭжБУ-дың фирмалық стандарт талаптарына сәйкес формада берілуі қажет.
Нұсқа нөміріне сәйкес келмейтін өзіндік жұмыс қабылданбайды.
Жұмысты орындау кезінде келесі шарттарды орындау қажет:
- есеп нөмірлері мен шарттары нұсқа тапсырмалары реттілігіне сәйкес орындалуы тиіс;
- есептердің шығарылуы және сұрақтарға жауаптар толық болуы қажет. Есептерді шығаруда есептеу жолын және математикалық өзгертулерді келтіру қажет;
- тапсырманы орындағаннан кейін қолданылған әдебиеттер тізімін келтіру қажет.
Әр студент студенттік билетінің нөміріндегі ең соңғы екі санымен белгіленген тапсырмалардың нұсқасын орындайды. Мысалы, студенттік билеттің нөмірі 01(1)014, соңғы екі сан – 14, тапсырма нұсқаның нөмірі – 14. Бұл нұсқаға сәйкес келетін тапсырмалар нөмірлері 28-30-беттерде келтірілген кестеден анықталады.
Химияның негізгі түсініктері мен заңдары
1. Қалыпты жағдайда газдың көлемі 803 мл-ге тең. Температураны 2 есе, ал қысымды 3 есе арттырғанда бұл газ қандай көлемді алады?
2. C2H6 молекуласы массасын табыңыз (граммен).
3. Қышқыл құрамында көміртегі, оттегі және азоттың бір-біріне қатынасы 27,25 : 18,2 : 4,55, сутек бойынша тығыздығы 44-ке тең. Қышқылдың молекулалық формуласын табыңыз.
4. 1000С-де және 100 кПа қысымда газ буының 100 мл-дің массасы 1-ге тең. Газдың молярлық массасын табыңыз
5. Мыстың 88,89% бар мыс оксидінің формуласын табыңыз.
6. Қалыпты жағдайда газ буының 350 мл-дің массасы 4-ке тең. Газдың молекулалық массасын табыңыз.
7. 240С-де газдың кейбір мөлшері 420 мл көлемді алады. Қысым өзгермесе, 65 0С-де газдың осы мөлшері қандай көлемді алады?
8. Элементтің эквиваленттік саны тұрақты шама бола ма? Хромның мөлшері 76,47; 68,42 және 52,0 % болатын оксидтеріндегі хром эквиваленттерінің молярлы массалары нешеге тең. Бұл оксидтердің әрқайсысында хромның валенттілігін анықтаңыз және формулаларын құрастырыңыз.
9. Қалыпты жағдайда оттек эквиваленттерінің молярлы массасы нешеге тең? Екі валентті металдың 0,5 г тотықтыруға оттектің 0,23 л қажет (қалыпты жағдайда). Бұл қандай металл?
10. Кейбір элемент сутектің 8,9 % бар сутектік қосылысты түзеді. Бұл элементтің қосылыстағы валенттілігі 3-ке тең. Элементтің атомдық массасын есептеп, гидридтің формуласын құрастырыңыз.
11. Оксидтің 6,50 г тотықсыздандырғанда металдың 4,45 г түзілді. Металдың және оның оксидінің эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз. Валенттілігі 3-ке тең, бұл қандай металл?
12. Қалыпты жағдайда сутектің 1 молінің эквиваленті нешеге тең? Металл эквивалеттерінің молярлы массасы 20 г/мольді құрайды. Бұл металдың 0,45 г қышқылда еріткенде, қалыпты жағдайда сутектің қанша литрі бөлінді?
13. Кейбір элемент оттектің 31,58 % бар оттектік қосылысты түзеді. Бұл оксидте элемент валенттілігі 3-ке тең. Элементтің атомдық массасын есептеп, оксидтің формуласын құрастырыңыз.
14. Заттар мольдік мөлшерін табыңыз (моль): а) NH3 6,02 ·1021 молекулаларының; б) H2S 1,20·1024 молекулаларының; в) HCl 2,00·1023 молекулаларының. Бұл қосылыстарда азот, күкірт және хлордың эквиваленттік молярлы массалары нешеге тең?
15. Хлормен бірінші қосылыстың 5,69 грамында және екінші қосылыстың 7,81 грамында металдың 3,56 грамы бар. Қосылыстардағы металл эквиваленттерінің молярлы массасы нешеге тең? Хлор эквиваленттерінің молярлы массасы 35,45 г/мольді құрайды.
16. Металл эквиваленттерінің молярлы массасы 56,2 г/моль. Оксидтегі бұл металдың пайыздық мөлшерін есептеңіз.
17. Алюминийдің 26,97 г қышқылмен әрекеттестіргенде сутек бөлінді. Сутектің осындай көлемін алу үшін магнийдің қанша грамын алу қажет? Алюминий мен магнийдің эквиваленттік молярлы массалары сәйкесінше 8,99 және 12,16 г/мольге тең.
18. Н3РО3 қышқылының 0,943 г бейтараптауға 1,291 г КОН шығындалды. Қышқыл эквиваленттерінің молярлы массасын, эквиваленттік факторды, қышқыл негізділігін есептеп, бейтараптау реакциясының теңдеулерін жазыңыз.
19. Келесі теңдеулермен өрнектелетін реакциялардағы CuOHNO3 гидроксомыс нитраты мен Na3РО4 натрий фосфатының массасы мен эквиваленттік факторын есептеңіз:
CuOHNO3+H2S = CuS++HNO3+H2O,
Na3 PO4+AlCl3=AlPO4+3NaCl.
20. Н3РО2 қышқылының 7,330 г бейтараптауға 4,444 г NaOH шығындалды. Қышқыл эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды, қышқыл негізділігін есептеп, бейтараптау реакциясының теңдеулерін жазыңыз.
21. Келесі теңдеулермен өрнектелетін дигидроксотемір ацетаты Fe(OH)2CH3COO және калий дигидрофосфаты КН2РО4 эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды есептеңіз:
Fe(OH)2CH3COO+3HNO3 = Fe(NO3)3+CH3COOH+2H2O,
KH2PO4+KOH = K2HPO4+H2O.
22. Металл карбонатының 2,5 г азот қышқылымен әрекеттескенде осы металл нитратының 4,1 г түзілді. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.
23. Келесі теңдеулермен өрнектелетін реакциялардағы Ca(HCO3)2 кальций гидрокарбонаты мен Al(OH)2Cl дигидроксоалюминий хлориді эквиваленттерінің молярлы массасы мен эквиваленттік факторды есептеңіз:
Ca(HCO3)+2HCl = CaCl2+2CO2+2H2O,
Al(OH)2Cl+KOH = Al(OH)3+KCl.
24. Ортофосфор қышқылының 9,797 г бейтараптауға 7,998 г NaOH шығындалды. Бұл реакциядағы Н3РО4 негізділігі мен эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз. Есептеудің негізінде реакция теңдеуін жазыңыз.
25. Кейбір металл оксидінің 2,7 г нитраттың 6,3 г түзіледі. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.
26. Кейбір металл гидроксидінің 1,3 г оның сульфатының 2,85 г түзіледі. Металл эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз.
27. 2,45 г H2SO4 және 0,8 г гидразин әрекеттескенде 3,25 г тұз түзіледі. Түзілген гиджразин тұзының эквиваленттерінің молярлы массасын есептеңіз. Есепті реакция теңдеуін теңестірусіз шығарыңыз.
28.00С және 101,3 кПа келесі газдардың 1 л массасын есептеңіз: а)сутегі; б) оттегі; в) көміртегі оксиді (IY); г) көміртегі оксиді (II).
29. Қалыпты жағдайда қандай көлемді алады (миллилитрмен): а) 0,85 г аммиак; б) 1,4 г этилен С2Н4; в) 128 г сутек иодиді.
30. Қалыпты жағдайда қандай көлемді алады (литрмен): а) 3,5 г азот;
б) 640 г оттек; в) 110 г көміртек оксиді (IY); г) 70 г көміртек оксиді (II).
Атомдар құрылысы және химиялық элементтерді топтастыру
31. Электрондардың атомдардағы күйлерін қандай төрт кванттық сан сипаттайды? Әрқайсысы қандай мәнді қабылдай алады?
32. Атомдағы қандай электрондар s-, p-, d-, f- электрондар деп аталады? dxy, dx2y2-, dz2-электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?
33. Ең кіші энергия қағидасының негізі. Атомның қандай орбитальдары электрондармен бірінші толтырылады: 4s немесе 3d, 5s немесе 4d? Неліктен?
34. Паули қағидасы. Берілген энергетикалық деңгейдің s-, p-, d-, f-орбитальдарында электрондардың максимальды саны нешеге тең?
35. Берілген орбитальдық квант саны = 0, 1, 2, 3 үшін магнит квант саны ml қанша және қандай мәндерді қабылдайды?
36. Энергетикалық деңгейдегі s-, p-, d-, f-орбитальдар санын қандай квант санының мәндері анықтайды? s-, p-, d-, f- деңгейшелерде ол нешеге тең?
37. Атомның берілген энергетикалық деңгейдің р-деңгейшелеріндегі орбитальдар саны нешеге тең? рх-, ру-, рz- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?
38. Хунд ережесі. 3d-деңгейшенің квант
ұяшықтарында (орбитальдарында) алты d-электрондарды орналастырыңыз.
Олардың қосынды спин
саны нешеге тең?
39. Электронның толқындық қасиеттері деген не? Атомдық орбиталь деген не? s-, рх-, ру-, dxy- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?
40. Электрондық бұлт деген не? s-, py- және dz2- электрондық бұлттардың (орбитальдардың) кеңістік конфигурациясы қандай?
41. Реттік нөмірлері 23 және 35 атомдарының әрбір энергетикалық деңгейі мен деңгейшесінде қанша электрон бар? Бұл элементтердің электрондық формулаларын құрастырыңыз.
42. Соңғы элементтің бір 4s-электроны 3d-деңгейшеге секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 17 және 29 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.
43. Реттік нөмірлері 21 және 40 элемент атомдарының әрбір энергетикалық деңгейі мен деңгейшесінде қанша электрон бар? Бұл элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.
44. Соңғы элементтің бір 4s-электроны 3d-деңгейшеге секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 15 және 24 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.
45. Реттік нөмірлері 22 және 54 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз. Бұл элементтер атомдарында электрондар әрбір энергетикалық деңгейдің қандай орбитальдарында орналасады?
46. Электрондары қандай орбитальдарда орналасатынын көрсетіп, реттік нөмірі 39 элемент атомының электрондық формуласын құрастырыңыз. Электрондық формуланың негізінде бұл элементтің периодтық жүйеде орналасатын периоды мен тобын анықтаңыз.
47. Соңғы элемент бесінші периодта орналасып, бесінші энергетикалық деңгейінде электрондардың жоқ екендігін ескере отырып, реттік нөмірлері 16 және 46 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.
48. Реттік нөмірлері 25 және 34 элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз. Бұл элемент атомдарының электрондары әрбір энергетикалық деңгейдің қандай орбитальдарында орналасқан? Әрқайсысы қандай элементтер ұяшығына жатады?
49. Элемент атомында бір 5s-электрон 4d-деңгейшеге секіретінін ескере отырып, реттік нөмірі 41 элемент атомының электрондық формуласын құрастырыңыз. Электрондық формуланың негізінде бұл элемент орналасқан периодтық жүйенің периоды мен тобын анықтаңыз.
50. s- және р-элементтер атомдарына қарағанда d-элементтер атомдарының атомдық орбитальдарын толтыру реттілігінің ерекшелігі неде? Технеций мен цезий элемент атомдарының электрондық формулаларын құрастырыңыз.
51. Атомның иондану энергиясы деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің топтарында s- және р-элементтердің тотықсыздандырғыш қабілеттілігі қалай өзгереді? Неліктен?
52. Электронға тартқыштық деген не? Оның өлшем бірлігі қандай? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің периодында және тобында бейметалдардың тотықтырғыш белсенділігі қалай өзгереді? Жауапты сәйкесінше элементтер атомының құрылысымен дәлелдеңіз.
53. Электртерістілік деген не? Реттік нөмірінің өсуіне байланысты периодтық жүйенің периодында және тобында р-элементтер электртерістілігі қалай өзгереді? Неліктен?
54. Периодтық жүйенің бесінші периодының қандай элементтері ең жоғары тотығу дәрежесіне сәйкес келетін ЭО2 оксидін түзеді? Бұл элементтердің қайсысы сутекпен газ тәрізді қосылыс түзеді? Бұл элементтердің орто- және метақышқылдар формулаларын құрастырыңыз және графикалық түрінде көрсетіңіз.
55. Периодтық жүйенің заңдылықтарын қолдана отырып, екі гидроксидтің қайсысы күштірек негізге жататынын дәлелдеп жауап беріңіз: Sr(OH)2 немесе Ba(OH)2; Sr(OH)2 немесе Cd(OH)2; Ca(OH)2 немесе Fe(OH)2.
56. Атомдарында соңғы электрон 4f- немесе 5f-орбитальдарында орналасатын элементтер қандай ұяшыққа жатады? Бұл ұяшықтардың әрқайсысына қанша элементтер кіреді? Бұл элементтер атомдарына қандай тотығу дәреже сәйкес келеді? Неліктен?
57. Күкірт атомының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Негізгі және қозған күйінде күкірт атомында қанша жұпталмаған электрондар бар? Спин теориясы күкіртте жұп ауыспалы валенттіліктің бар болуын қалай түсіндіреді?
58. Хлор атомының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Негізгі және қозған күйінде хлор атомында қанша жұпталмаған электрондар бар? Спин теориясы хлорда тақ ауыспалы валенттіліктің бар болуын қалай түсіндіреді?
59. Қозған күйінде кремний атомы электрондарының орбитальдар бойынша орналасуына байланысты, бұл элементтің 4 валентті күйінің түзілуін түсіндіріңіз.
60. Марганец пен мышьяк мысалында Хунд ережесін қолдануын көрсетіңіз.
Химиялық байланыс
61. Дипольдің электрлік моменті деген не? Оның өлшем бірлігі қандай?
HF, HCl, HBr, HJ молекулаларының қайсысында дипольдік электрлік момент мәні ең үлкен? Жауабыңызды сәйкесінше элементтердің электртерістілігін қолдана отырып, дәлелдеңіз.
62. Иондық байланыс деп қандай химиялық байланысты айтады? Ол қалай түзіледі және оның сипаттамалары қандай? Қосылыстағы атомның эффективті заряды деген не?
63. Металл кристалдарында байланыстың қандай типі жүзеге асады? Қандай кристалдық құрылымдар иондық, атомдық, молекулалық және металдық деп аталады?
64. Сутектік байланыс деп қандай химиялық байланысты айтады? Ол қалай түзіледі? Неліктен фторсутектің қайнау температурасы оның аналогтарынан аномальды жоғары болады?
65. Әрекеттесудің қандай күштері ориентациялық, индукциялық және дисперсиялық деп аталады?
66. Валенттік байланыстар әдісі CO2 молекулаларының валенттік құрылымын қалай түсіндіреді? Бұл молекулада көміртек қанша σ- және π-байланыстарды түзеді және мұнда қандай химиялық байланыстар жүзеге асады? CO2 молекуласында дипольдік электрлік момент бола ма? Неліктен?
67. Валенттік байланыстар әдісінде қандай химиялық байланыс шектелген, қайсысы шектелмеген деп аталады? Бензол молекуласы құрылымы мысалында қарастырыңыз. Бензолда көміртектің қандай электрондары шектелген, қайсысы шектелмеген байланыстарды түзуге қатысады?
68. N-, N+ және O2- иондарының электрондарын квант ұяшықтары бойынша орналастырыңыз. Қосылыстарда бұл иондар қандай валенттілікті көрсетеді? Валенттік байланыстар әдісі N2O молекуласының құрылымын қалай қарастырады?
69. Валенттік байланыстар әдісі Н2О молекуласының құрылысын қалай түсіндіреді? Н-О байланыстары арасындағы бұрыш неліктен тетраэдрлікке жақын?
70. Валенттік байланыстар әдісі коваленттік байланыстың бағытталғандығын қалай түсіндіреді? Валенттік байланыстар әдісі NH3 молекуласының құрылымын қалай түсіндіреді? N-H байланыстары арасындағы бұрыш неліктен тетраэдрлікке жақын?
71. Валенттік байланыстар әдісі BeCl2 молекуласының сызықтық формасын және Н2О молекуласының бұрыштық формасын қалай түсіндіреді?
72. Валенттік байланыстар әдісі BF3 және CH4 молекулаларының құрылымын қалай түсіндіреді?
73. Валенттік орбитальдардың гибридтенуі деген не? Байланысы А атомы орбитальдарының sp-, sp2-, sp3-, sp3d- және sp3d2-гибридтенуі арқылы түзілсе, АВn типті молекулаларының құрылымы қандай болады?
74. σ-, π- және δ-байланыс деп қандай коваленттік байланысты айтады?
75. Валенттік байланыстар әдісі CCl4 молекулаларының тетраэдрлік құрылымын және SF6 молекулаларының октаэдрлік құрылымын қалай түсіндіреді?
76. а) литий; б)бериллий; в)бор; г)көміртек; д) азот; е) фтор; ж) кремний; з) фосфор; и) хлор атомдары алмасу механизмі бойынша қанша байланыстарды түзе алады?
77. Келесі молекулалардың графикалық формулаларын құрастырыңыз: а) Н2; б) Na2; в) N2; г) О2; д) С12; е) С2; ж) В2; з) S6; и) Р4; к) Н2О; л) Н2О2;
м) NH3; н) N2H4; о) N2F2; п) HCN; p) (CN)2; с) НВО2; т) В2О2; у) HNO3; ф) HN3; х) N2O; ц) СО; ч) Ni(CO)4; ш) HCNS; щ) N02.
78. Келесі элемент атомдары химиялық байланыстарды қандай механизмдер бойынша түзеді: а) бериллий; б) бор; в) азот; г) оттек; д) фтор; е) калий; ж) кальций; з) алюминий; и) кремний; к) фосфор; л) хлор; м) натрий; н) магний; о) мышьяк; п) селен; р) бром?
79. Келесі молекулаларда байланыстырушы электрондық бұлттар қандай атомдарға ығысқан: а) НС1; б) НВг; в) HI; г) NaH; д) КН; е) ВеО; ж) NO; з) BN; и) C1F; к) ClBr; л) MgS; м) ВеС12; н) ВВг3; о) СО2; п) OF2; p) MgF2; с) А1С13?
80. Келесі молекулалар атомдарында эффективті зарядтарды есептеңіз: a) BrCl; б) BrF; в) C1F; г) НС1; д) НВг; е)НI; ж) LiBr; з) LiF; и) NaCl; к) NaI; л) NO; м) Н2О (< НОН - 104,5°); н) NH3 (< HNH = 107°).
81. Қосылыстарында күкірт қандай валенттілікті көрсетеді? Негізгі және қозған күйлерінде күкірт атомының құрылысын көрсетіңіз.
82. HNO3, HNO2, N2 және HN3 қосылыстарында азоттың валенттілігі мен тотығу дәрежесін көрсетіңіз.
83. Неліктен фосфордың максимальды валенттілігі V-ға тең, ал азоттың мұндай валенттік күйі болмайды.
84. Са—Н, С—S, I—Сl байланыстарының қайсысында полярлығы ең жоғары? Молекулалық электрондық бұлт атомдардың қайсысына ығысқан?
85. В—Сl, Nа—Сl, Са—Сl, Ве—Сl байланыстардың иондылық дәрежесінің өсу реттілігімен орналастырыңыз.
86. NаНСО3 молекуласында Na—О және Н—О байланыстарының салыстырмалы электртерістіліктердің айырымын есептеңіз. Байланыстардың қайсысы иондыққа жақын?
87. Электрондық бұлттардың sp3 –гибридтенуі деген не? Сәйкес қосылыстардың мысалдарын келтіріңіз. Гибридтенудің мұндай типі бар заттар молекулаларының кеңістік конфигурациясы қандай?
88. sp2-гибридтенуде электрондық бұлттардың өзара орналасуы қандай? Гибридтенудің осы түрі бар қосылыстардың мысалдарын келтіріңіз. Мұндай заттар молекулаларының кеңістік конфигурациясы қандай?
89. ВеН2, SiН4, CS2, ВВr2 молекулаларында электрондық бұлттар гибридтенуінің типі қандай? Бұл молекулалардың кеңістік конфигурациясы қандай?
90. ССl4, СО2, СОСl2 молекулаларында химиялық байланысты түзуде көміртек атомдарының қандай гибридті бұлттары қатысады?
Химиялық реакциялардың энергетикасы
91. Реакциялардың жылулық эффектісін (∆ Н°) есептеңіз:
а) 2Mg + СО2 = 2 MgO + С;
б) В2О3 + 3Mg = 3MgO + 2В;
в) SiO2 + 2Mg = 2MgO + Si;
г) ZnO + С = CO + Zn;
д) Mn02 + 2C = 2CO + Mn.
92. Реакциялардың жылулық эффектісін (∆ Н°) есептеңіз:
а) 3Fe3O4 + 8A1 = 4A12O3 + 9Fe;
б) 4СО + 2SO2 - 4CO2 + S2(r);
в) 4FeS2 + 1102 - 2Fe2O3 + 8SO2;
г) 2C12 + 2H2O(r) - 4HC1 + O2;
д) 2NH3 + 1,5O2 = N2 + ЗН2О(с).
93. Реакциялардың энтропиясының өзгеруін есептеңіз:
а) Н2О(с) + О3 = Н2О2(с) + О2;
б) СН4 + ЗСО2 = 4СО + 2Н2О(г);
в) С + Н2О (г) = СО + Н2;
г) Вг2(г) = 2Вг(г).
94. ∆Н0түз және энтропия өзгеруінің ∆S° мәндеріне сүйене отырып, СН4, С2Н4 және NH3 ∆ G°түз есептеңіз. Алынған мәндерді кестеде берілгендермен салыстырыңыз.
95. Барлық заттар қалыпты жағдайларда алынғанын ескере отырып, келесі реакциялардың ∆G° есептеп, олардың жүру бағытын анықтаңыз:
а) 2N2O + О2 =4NO;
б) N2O + NO=NO2 +N2;
в) N2O + NО2 = 3NO;
г) 4HCl + O2 = 2Cl2 + 2H2O (г);
д) H2 + Se (г) = H2Se (г).
96. а) Li2О; б) СО; в) МnО; г) РbО оксидтерінің қайсыларын сутекпен тотықсыздандыруға болады?
97. SrCl2 және SrCl2 • 10H2O еру жылулары сәйкесінше (-47,7) және 31,0 кДж/моль құрайды.
SrCl2 + 10Н2О = SrCl2 • 10Н2О реакциясы энтальпиясының өзгеруін есептеңіз.
98. CuSO4 еру жылуы 66,1 кДж/моль, ал CuS04 CuSO4 x 5Н2О-ға ауысу жылуы 78,8 кДж/мольді құрайды. CuSO4 • 5Н20 еру жылуын есептеңіз.
99. Метанның жану жылуы ∆ Н° = -890 кДж/моль. Метанның қызу шығару мүмкіндігін (кДж/м3 ) және түзілу жылуын есептеңіз.
100. Күкірткөміртектің 38 г жаққанда қанша жылу бөлінеді?
101. СО2 молі түзілгенде графиттан 393,5 кДж/моль, ал алмаздан 395,4 кДж/моль бөлінеді. Графиттің алмазға ауысу жылуын есептеңіз.
102. As2O3 + О2 = As2O5; ∆Н° = -271 кДж/моль,
As2O3 + 2/з О3 = As2O5; ∆Н° = -365 кДж/моль.
As2O3 оттекпен және озонмен тотығу реакциялары жылуларынан озонның молекулалық оттектен түзілу жылуын есептеңіз.
103. Судың түзілу жылуы және реакцияның жылулық эффектісі бойынша Н2О2 түзілу жылуын есептеңіз:
Н2О2 = Н2О(ж) + 1/2О2; ∆Н° = -98,3 кДж/моль.
104. Н2 және С12 диссоциациялану энергиялары сәйкесінше 436 және 243 кДж/мольді құрайды. НС1 түзілуінің атомарлы жылуы мен НС1 байланыс энергиясын есептеңіз.
105. С3Н8 11 г жанғанда 552 кДж бөлінді. Бұл заттың түзілу жылуын есептеңіз.
106. Н2 мен О2 диссоциациялану жылулары сәйкесінше 436 және 495 кДж/мольге тең. Судың (газ) түзілуінің атомарлы жылуы мен Н—О байланысының орташа энергиясын есептеңіз.
107. Этиленннің С2Н4 түзілу жылуы 52,3 кДж/мольге тең. С2Н4 жану жылуын есептеңіз. 27°С және 98,64 кПа 10 л С2Н4 жануының жылулық эффектісін табыңыз.
108. СаО + ЗС = СаС2 + СО; ∆Н° = 460 кДж/моль. Реакцияның жылулық эффектісінен кальций карбидінің (СаС2) түзілу жылуын есептеңіз
109. 0°С және 101,3 кПа ацетиленнің 1 л жанғанда 58,2 кДж бөлінеді. Ацетиленнің ∆ Н°түз есептеңіз.
110. Этан (С2Н6) және этилен (С2Н4) жану жылулары сәйкесінше (-1560) және (-1411 кДж/моль) құрайды. Этиленді сутектеу реакциясының ∆Н° есептеңіз:
С2Н4 + Н2 = С2Н6.
111. Қай реакцияның жылулық эффектісі кальций гидроксидінің түзілу жылуына тең? Келесі термохимиялық теңдеулерді қолдана отырып, кальций гидроксидінің түзілу жылуын есептеңіз:
Са(к) + ½О2 (г) = СаО(к); ∆Н = -635,60 кДж;
Н2 (г) + ½О2(г) = Н2О(с); ∆Н = -285,84 кДж;
СаО(к) + Н2О(с) = Са(ОН)2(к); ∆Н = -65,06 кДж.
112. Су буы мен көміртегі диоксидінің түзілуімен жүретін сұйық бензиннің жану реакциясының жылулық эффектісі -3135,58 кДж тең. Реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырып, С6Н6(с) түзілу жылуын есептеңіз.
113. Қалыпты жағдайда ацетиленнің С2Н2 165 л жанғанда қанша жылу бөлінеді? Жану өнімдері – көміртегі диоксиді мен су буы.
114. Метил спиртінің жану реакциясы келесі термохимиялық теңдеумен өрнектеледі:
СН3ОН(ж) +3/2О2(г) = СО2(г) + 2Н2О (ж); ∆Н = ?
СН3ОН(с) бу түзілуінің молярлы жылуы +37,4 кДж-ға тең. Реакцияның жылулық эффектісін есептеңіз.
115. Сұйық этил спиртінің 11,5 г жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінді. Нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін реакцияның термохимиялық теңдеуін жазыңыз. С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңіз.
116. 6,3 г темір күкіртпен әрекеттескенде 11,31 кДж жылу бөлінді. Темір сульфиді (FeS) түзілуінің жылуын есептеңіз.
117. Келесі ауысуларда энтропия азая ма, арта ма: а) су буға; б) графит алмазға? Неліктен? Әр ауысудың ∆S0298 есептеңіз. Фазалық және аллотропиялық ауысуларда энтропияның сандық өзгеруі туралы қорытынды жасаңыз.
118. Қалыпты жағдайда 2NO(г) + О2(г) = 2NO2(г) жүйесінде қандай реакция жүреді: тура ма, кері ме? Жауабыңызды тура реакцияның ∆G0298 есептеп, дәлелдеңіз.
119. Келесі жүйенің тепе-теңдігі қандай температурада орнайды:
СО(г) + 2Н2(г) = СН3ОН(с); ∆Н = - 128,05 кДж.
120. ТiO2(к) + 2С(к) = Ti(к) + 2СО(г) теңдеуі бойынша өтетін реакцияның ∆Н°, ∆S° және ∆G° есептеңіз. 1000 және 3000 К-де TiO2 көміртекпен тотықсыздандыру реакциясы мүмкін бе?
Химиялық кинетика және тепе-теңдік
121. Газдардың көлемін 2 есе азайтса, 2SO2+O2 = 2SO3 жүйесінде тура және кері реакциялар жылдамдығы қалай өзгереді? Жүйе тепе-теңдігі ығыса ма?
122. 2NO+O2 = 2NO2 жүйесінің тепе-теңдігі қатысатын заттардың келесі концентрацияларында орнады: Тепе-теңдік тұрақтысы мен NO және O2 бастапқы концентрацияларын есептеңіз.
123. 1000˚С-де FeO+CO = Fe+CO2 жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы 0,5 тең. Бастапқы концентрациялары: ССО = 0,05 моль/л,
СО және СО2 тепе-теңдік концентрацияларын есептеңіз.
124. СО+Сl2= COCl2 жүйесінің тепе-теңдігі әрекеттесуші заттардың келесі концентрацияларында орнады: Тепе-теңдік тұрақтысы мен көміртегі(II) оксидінің және хлордың бастапқы концентрацияларын есептеңіз.
125. Фосфор пентахлориді ыдырауының эндотермиялық реакциясы келесі теңдеумен өрнектеледі: PCl5(г)=PCl3(г)+Сl2(г); ∆H0== + 92,59 кДж. Тепе-теңдікті PCl5 ыдырауының тура реакция бағытына қарай ығыстыру үшін: а) температураны; б) қысымды; в) концентрацияны қалай өзгерту қажет?
126. 2NO+Сl2 = 2NOCl гомогенді жүйесінде NO және Cl2 бастапқы концентрациялары сәйкесінше 0,5 және 0,2 моль/л-ді құрайды. Тепе-теңдік орнаған кезде 20 % NO шығындалды. Тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.
127. 400˚С-де N2+3H2=2NH3 гомогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы 0,1-ге тең. Сутек пен аммиактың тепе-теңдік концентрациялары сәйкесінше 0,2 және 0,08 моль/л-ді құрайды. Азоттың тепе-теңдік және бастапқы концентрацияларын есептеңіз.
128. Температураны 10˚-тан 100˚С-ға дейін жоғарлатса, газды фазада өтетін химиялық реакцияның жылдамдығы қанша есе артады? Жылдамдықтың температуралық коэффициенті 2-ге тең.
129. N2+3H2=2NH3 жүйесінде қысымның өзгеруі тепе-теңдікті ығыстырады, ал N2+O2 = 2NO жүйесінде ығыстырмайды. Неліктен? Жауабыңызды бұл жүйелерде қысым өзгермегенде және өзгергенде тура және кері реакция жылдамдықтарын есептеу арқылы дәлелдеңіз.
130. Н2 + I2 = 2HI реакциясының жылдамдық тұрақтысы 509˚С-де 0,16-ға тең. Әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары: . Реакцияның бастапқы жылдамдығы мен -ге тең болғандағы жылдамдығын есептеңіз.
131. 2NО+O2=2NO2 реакциясында әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары құрайды (моль/л): CNO=0,8; CO=0,6. Оттектің концентрациясын 0,9 моль/л-ге дейін, ал азот оксидінің концентрациясын 1,2 моль/л-ге дейін арттырса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
132. Na2S2O3 + H2SO4= Na2SO4 + H2SO3 + S реакциясында әрекеттесуші қоспаны 4 есе сұйылтса, реакция жылдамдығы қалай өзгереді?
133. НСОН пен Н2О2 бастапқы концентрациялары 0,50 моль/л-ді құрайды. Басталғаннан 2 сағаттан кейін реакция 50 %-ға өтті, ал 2 сағ 40 мин кейін құмырсқа қышқылының концентрациясы 0,285 моль/л-ді құрады. Құмырсқа қышқылы мен судың түзілуімен жүретін құмырсқа альдегиді (НСОН) мен асқын тотығының (Н2О2) әрекеттесу реакциясы екінші ретті реакцияға жататынын дәлелдеңіз.
134. 25 минутта реакция 25%-ға өтетінін, яғни заттардың ¼ бөлігі әрекеттескенін ескере отырып, бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысын есептеңіз.
135. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы 2,5∙10-5с-1-ге тең. Реакция басталғаннан 10 сағаттан кейін заттың қандай мөлшері әрекеттеспей қалады? Бастапқы концентрациясы 1 моль/л-ге тең.
136. Екінші ретті реакция 60 %-ға өту үшін қанша уақыт қажет? Осы температурада 20 мин ішінде реакция 30 %-ға өтеді. Бастапқы заттардың бастапқы концентраациялары тең және 2 моль/л-ді құрайды.
137. 293 К-де реакция 3 сағ жүреді. Бұл реакция 45 минутта өту үшін температурасы қандай болуы қажет? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3,2-ге тең.
138. Реакция жылдамдығын 90 есе арттыру үшін температураны қанша градусқа жоғарлату қажет? Температуралық коэффициент 2,7-ге тең.
139. 2НI = Н2+I2 реакциясы жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең. 629 К-де жылдамдық тұрақтысы 8,9∙ 10-5 л∙моль-1c-1 құраса, 684 К-де осы реакция жылдамдығының тұрақтысын есептеңіз.
140. Реакцияның жылдамдық тұрақтысы 273 және 298 К-де сәйкесінше 1,17 және 6,56 л∙моль-1∙мин-1 құрайды. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін табыңыз.
141. Температураны 32° жоғарлату темірдің 5 % -дық НСI еру жылдамдығы қанша есе арттырады? Еру жылдамдығының температуралық коэффициенті 2,8-ге тең.
142. 393 К-де реакция 18 минутта бітеді. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3-ке тең болса, бұл реакция 453 К-де қанша уақыттан кейін бітеді?
143. Температураны 45° төмендеткенде, реакция 25 есе баяулады. Реакция жылдамдығының температуралық коэффициентін табыңыз.
144. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтысы 288 және 325 К-де сәйкесінше 2∙10-2 және 0,38 с-1-ге тең. 303 К-де бұл реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті мен жылдамдық тұрақтысы нешеге тең болады?
145. 2NO2 = 2NO +O2 реакциясының жылдамдық тұрақтылары 600 және 640 К-де сәйкесінше 83,9 және 407,0 л∙моль-1c-1-ге тең. Азот диоксиді ыдырау реакциясының активтендіру энергиясын есептеңіз.
146. Бірінші ретті реакцияның жылдамдық тұрақтылары 303 және 308 К-де сәйкесінше 2,2∙10-3 және 4,1∙10-3 мин-1-ге тең. Бұл реакцияның активтендіру энергиясын және 308 К-де бұл реакция 75%-ға өтетін уақытты есептеңіз.
147. Әрекеттесуші заттар концентрацияларын 3 есе азайтса
2СО+2Н2 =СН4 +СО2
реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады?
148. Көлемді 3 есе азайтса, СН4 + Н2О =СО + 3Н2 реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады?
149. Жүйе қысымын екі есе арттырып, температураны 30°-қа төмендетсе, 2А→ 2С+D +Q реакциясының тепе-теңдігі қай бағытта ығысады? Тура және кері реакциялардың температуралық коэффициенттері сәйкесінше 2,7-ге және 3,3-ке тең.
150. 2NO +Cl2 = 2NOCl реакциясы жылудың бөлінуімен өтеді: ∆H0298 = - 73,6 кДж. Жүйедегі жалпы қысымды 4 есе азайтып, температураны 40°-қа жоғарлатса тепе-теңдік қай бағытта ығысады? Тура және кері реакциялардың температуралық коэффициенттері сәйкесінше 2-ге және 5-ке тең.
Ерітінділер концентрацияларын өрнектеу жолдары
151. 96 % -дық H2SO4 ерітіндісінің 100 мл-не (тығыздығы 1,84 г/см3) 400 мл су қосты. Ерітіндінің пайыздық және эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.
152. 20 %-дық ерітінді алу үшін азот қышқылының 48 %-дық ерітіндісінің 100 мл-не (тығыздығы 1,303 г/см3) қанша су қосу қажет?
153. Азот қышқылының 32 %-дық ерітіндісінің 500 мл-не (тығыздығы 1,2 г/см3) судың 1 л қосқанда түзілетін ерітіндінің пайыздық концентрациясын есептеңіз.
154. 100 мл 50 %-дық H2SO4 ерітіндісіне (тығыздығы 1,4 г/см3) 100 мл 10 %-дық H2SO4 ерітіндісін (тығыздығы 1,07 г/см3) қосты. Қоспаны 3 л-ге дейін сумен араластырды. Ерітіндінің эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.
155. 100 мл 80%-дық HNO3 ерітіндісіне (тығыздығы 1,46 г/см3) 400 мл су қосты. Түзілген ерітіндінің тығыздығы 1,128 г/см3 тең болды. Бұл ерітіндінің массалық үлесі нешеге тең?
156. Күкірт қышқылы 70 %-дық ерітіндісінің 400 мл-не (тығыздығы 1,6 г/см3) 500 мл су қосса, ерітіндінің пайыздық концентрациясы нешеге тең болады?
157. СаСО3 өлшендісін еріту үшін эквиваленттік концентрациясы 1,025 моль/л тұз қышқылының 34 мл қажет болды. Кальций карбонатының массасын анықтаңыз. Есепті теңдеуді құрастырусыз шығарыңыз.
158. Тығыздығы 1,203 г/см3 18%-дық натрий гидроксиді ерітіндінің эквиваленттік концентрациясын және титрін есептеңіз.
159. 10 %-дық КОН ерітіндісінің 1 л-не (тығыздығы 1,092 г/см3) 5 %-дық ерітіндінің 0,5 л (тығыздығы 1,045 г/см3) қосты. Қоспаны 3 л-ге дейін сумен араластырды. Ерітіндінің молярлы концентрациясын есептеңіз.
160. СЭ= 0,4 моль/л ерітіндінің 3 л дайындау үшін тығыздығы 1,84 г/см3 96 %-дық H2SO4 ерітіндісінің қандай көлемі қажет?
161. КВг массалық үлесі 6 % болатын ерітінді дайындау үшін калий бромидінің 30 г судың қандай массасында еріту қажет?
162. Калий гидроксиді ерітіндісінің 0,6 л-де 16,8 г КОН ерітілген. Ерітіндінің молярлы концентрациясы нешеге тең?
163. 10 л-де 0,0037г КI ерітілген ерітіндінің молярлы эквиваленттік концентрациясын есептеңіз.
164. СМ= 0,04 моль/л NaCl ерітіндісінің титрін есептеңіз.
165. 45 г суда 6,84 г қант ерітілген. Қант пен судың молярлы үлестерін есептеңіз.
166. Алюминий сульфаты 20%-дық ерітіндісінің молярлы және эквиваленттік молярлы концентрацияларын есептеңіз. Ерітінді тығыздығы 1,23 г/см3.
167. СЭ= 0,3 моль/л H2SO4 ерітіндісінің 75 см3-не СЭ= 0,2 моль/л КОН ерітіндісінің 125 см3 қосқанда, артық мөлшерде қандай зат және қанша қалады?
168. 1 л-де 1,4 г КОН бар ерітіндіні бейтараптау үшін қышқыл ерітіндісінің 50 см3 қажет. Қышқыл ерітіндісінің эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.
169. Тығыздығы 1,149 г/см3 аммоний хлориді 16%-дық ерітіндісінің молярлы, эквиваленттік молярлы және моляльді концентрацияларын есептеңіз.
170. КОН массалық үлесі 50 % тығыздығы 1,538 г/см3 ерітіндісінің 5 л-нен КОН массалық үлесі 18 % ерітіндісін дайындау үшін судың қандай көлемін алу қажет?
171. СЭ= 0,15 моль/л Н3РО4 ерітіндісінің 13 л дайындау үшін массалық үлесі 36 % (ρ=1,216 г/см3) фосфор қышқылы ерітіндісінің қандай көлемі қажет?
172. Тығыздығы 1,12 г/см3 20,8%-дық HNO3 ерітіндісінің эквиваленттік молярлы және моляльді концентрацияларын есептеңіз. Ерітіндінің 4 л-де қышқылдың қанша грамы бар?
173. КОН массалық үлесі 48 % (ρ=1,510 г/см3) ерітіндісінің 125 л-нен массалық үлесі 24 % (ρ=1,218 г/см3) ерітіндісінің қандай көлемін дайындауға болады?
174. СЭ= 0,5 моль/л Н2SO4 ерітіндісінің 5 л дайындау үшін массалық үлесі 96% (ρ=1,835 г/см3 ) ерітіндінің қандай көлемін алу қажет?
175. Күкірт қышқылының 0,5 л-не (ω=9%, ρ=1,837 г/см3) 3 л су қосылды. Ерітіндідегі Н2SO4 массалық үлесі нешеге тең?
176. Судың 450 мл-де натрий гидроксидінің 50 г ерітті. Ерітінді тығыздығы 1,05 г/см3. Ерітіндінің пайыздық концентрациясы мен титрін есептеңіз.
177. СЭ = 1 моль/л НCl ерітіндісін дайындау үшін СЭ = 0,5 моль/л ерітіндінің 5 л-не массалық үлесі 30 % (ρ= 1,149 г/см3) тұз қышқылы ерітіндісінің қандай көлемін қосу қажет?
178. Тығыздығы 1,098 г/см3 ерітіндіні дайындау үшін тұз қышқылы (ρ=1,189 г/см3) мен суды қандай көлемдік қатынастарда араластыру қажет?
179. НCl ерітіндісінің 18 л (ρ=1,219 г/см3) дайындау үшін судың және қышқыл концентрлі ерітіндісінің (ρ= 1,814 г/см3) қандай көлемдерін араластыру қажет?
180. Тығыздығы 1,328 г/см3 30%-дық NaOH ерітіндісінің эквиваленттік молярлы концентрациясы нешеге тең? Ерітіндінің 1 л-не судың 5 л қосты. Бұл ерітіндінің массалық үлесін есептеңіз.
Тотығу-тотықсыздану реакциялары
181. Марганец, күкірт және азоттың тотығу дәрежелеріне байланысты KMnO4, H2S және HNO3 қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
182. Хром, йод, күкірттің тотығу дәрежелеріне байланысты K2Cr2O7, KI және H2SO3 қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
183. Күкіртті қышқыл және оның тұздары тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
184. Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
185. Диспропорциялану реакциялары. Неліктен гидразин (N2H4), асқын тотығы (H2O2) және калий сульфитінің (K2SO3) диспропорциялануға қабілеті бар? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, бұл заттарды қыздырғанда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз.
186. Молекулаішілік реакциялары. Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, келесі реакциялардың теңдеулерін аяқтаңыз:
KClO4 = KCl +…; KMnO4 = K2MnO4+MnO2+…;
NH4NO2 = N2 + ….
187. Қай элемент атомы – ең күшті тоттықсыздандырғыш, қайсысы – ең күшті тотықтырғыш? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
188. р-элемент атомдарының көбі диспропорциялану реакцияларына қабілеттілігі бар. Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, келесі реакциялардың теңдеулерін аяқтаңыз:
189. Құмырсқа қышқылының ыдырау реакциясы HCOOH=CO+H2O тотығу-тотықсыздану реакциясына жата ма? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
190. Sn4+, V2+, Tl3+, Cr3+ иондарының қайсылары тотықсыздандырғыш қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулерді қолдана отырып, реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
191. Хлордың тотығу дәрежесіне байланысты НС1, НСlO3 НСlO4 қосылыстарының қайсысы тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
КВr + KBrO3 + H2SO4 — Вr2 + K2SO4 + Н2О.
192. Р + НClO3 + Н2О Н3РО4 + НС1;
H2S + С12 + Н2О H2SO4 + НС1.
Реаакциялардык электрондық теңдеулерін құрастырыңыз. Реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз. Қандай зат – тотықтырғыш, қайсысы тотықсыздандырғыш, қайсысы тотығады, қайсысы тотықсызданады?
193. Мұнда қандай процесс жүреді – тотығу ма, тотықсыздану ма? Электрондық теңдеулерін құрастырыңыз: F- F0; N+3 N0, S+2 S-2 .
Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
HNO2 =HNO3 + NO +H2O.
194. Азоттың тотығу дәрежелеріне байланысты NН3, HNO3, НNО2 қосылыстарының қайсысы тек тотықтырғыш, қайсысы тек тотықсыздандырғыш, қайсысы тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
PbS + HNO3 Pb(NO3)2 + NO + H2O.
195. Келесі заттар арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ала ма: a) NH3 және КМnО4; б) HNO3 және HCl; в) НС1 және H2Se. Неліктен? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
КМnO4 + KNO2 + Н2SO4 MnSO4 + KNO3 +K2SO4 + Н2О.
196. Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеулеріндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
Cd + КМnО4 + Н2SO4 CdSO4 + K2SO4 + MnSO4 + Н2О.
FeCO3 + KMnO4 + H2SO4 Fe2(SO4)3 + CO, + MnSO4 + K2SO4 + H2O.
197. Келесі заттар арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ала ма: а) РН3 және НВr; б) К2Сr2О7 және Н3РО3; в) HNO3 және КМnО4? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз:
AsH3 + HNO3 H3AsO4 + NO2 + H2O.
198. Неліктен күкіртті қышқыл тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Электрондық-иондық теңдеулер арқылы H2SO3 келесі заттармен реакцияласу теңдеулерін құрастырыңыз: а) Н2S; б) Cl2.
199. Н2S тотығу-тотықсыздану реакцияларында өзін қалай көрсетеді? Неліктен? Н2S ерітіндісінің келесі заттармен әрекеттесудің электрондық және молекулалық теңдеулерін жазыңыз: а) Cl2; б) О2 .
200. Неліктен азотты қышқыл тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиеттерді көрсетеді? Азотты қышқыл тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиеттерді көрсететін реакциялар мысалдарын келтіріңіз.
201. Неліктен азот диоксиді диспропорциялану реакцияларына қабілетті? Электрондық реакциялар негізінде натрий гидроксидінде NО2 еру реакциясының теңдеуін жазыңыз.
202. Күкірт қышқылы тотығу-тотықсыздану реакцияларында қандай қасиеттерді көрсетеді? Концентрлі күкірт қышқылының мыспен әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз. Тотықтырғыш пен тотықсыздандырғышты көрсетіңіз.
203. Газ тәрізді қосылыстың қайсысында азот ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді? Бұл қосылысты алудың реакция теңдеулерін жазыңыз: а) аммоний хлориді кальций гидроксидімен әрекеттескенде; б) магний нитридін сумен ыдыратқанда.
204. Неліктен фосфорлы қышқыл диспропорциялану реакцияларына қабілетті? Электрондық теңдеулер негізінде фосфор ең төменгі және ең жоғарғы тотығу дәрежелеріне ие болатынын ескере отырып, фосфорлы қышқылдың ыдырау процесінің теңдеулерін құрастырыңыз.
205. Газ тәрізді қосылыстың қайсысында фосфор ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетеді? Бұл қосылысты алудың реакция теңдеулерін жазыңыз: а) кальций фосфидінің тұз қышқылымен әрекеттескенде; б) оның оттекте жану кезінде.
206. Мышьяк, сурьма және висмут қандай тотығу дәрежесін көрсетеді? а) мышьяктың концентрлі азот қышқылымен; б) висмуттың концентрлі күкірт қышқылымен әрекеттесуінің электрондық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.
207. Фтордан йодқа қарай галогендердің тотықтырғыш қасиеттері және теріс зарядталған иондарының тотықсыздандырғыш қасиеттері қалай өзгереді? Неліктен?
208. Мырыш және кадмий гидроксидтерін күкірт қышқылы, натрий гидроксиді және аммиактың артық мөлшерімен әрекеттестірді. Реаакциялардың әрқайсысында мырыш пен кадмийдің қандай қосылыстары түзіледі? Реакциялардың молекулалық және иондық теңдеулерін құрастырыңыз.
209. Алтын патша арағында және селенді қышқылда (H2SeO4) еріп, ең жоғарғы тотығу дәрежесіне ие болады. Сәйкес реакциялардың электрондық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.
210. Көміртегі диоксиді мен ылғалдың қатысында мыстың бетінде жасыл қону пайда болады. Түзілетін қосылыстың құрамы және аталуы қандай? Оны тұз қышқылымен әрекеттестіргенде не болады?
Электрохимиялық процестер
211. AgNO3 ерітіндісіндегі күміс электродының потенциалы стандартты электродтық потенциал мәнінің 95% құрайды. Ag+-иондарының (моль/л) концентрациясы нешеге тең?
212. Никель және кобальт электродтары сәйкесінше Ni(NO3)2 және Co(NO3)2 ерітінділеріне батырылған. Электродтардың потенциалдары бірдей болу үшін бұл металдар иондарының концентрациясы қандай қатынаста болуы керек?
213. Гальваникалық элементтің біреуінде мыс - катод, ал екіншісінде – анод болатын екі гальваникалық элементтердің сұлбаларын құрастырыңыз. Әрқайсысы үшін катод пен анодта өтетін реакциялардың электрондық теңдеулерін жазыңыз.
214. Сu2+-иондарының қандай концентрациясында (моль/л) мыс электродының потенциалы сутек электродының стандартты потенциалына тең болады?
215. Концентрациялық деп қандай гальваникалық элементті айтады? Концентрациялары 0,01 н және 0,1 н AgNO3 ерітінділеріне батырылған күміс электродтарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
216. Электродтары бірдей металдан жасалған гальваникалық элемент қандай жағдайда жұмыс істейді? Никель электродтары концентрациялары 0,001 және 0,01 моль/л никель сульфаты ерітінділеріне батырылған. Гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
217. Тұздарының концентрациялары Рb2+ = Mg2+ = 0,01 моль/л ерітінділеріне батырылған қорғасын және магний пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Иондардың концентрациясын бірдей есе арттырса, бұл элементтің ЭҚК өзгере ме?
218. Гальваникалық элементтің біреуінде никель - катод, ал екіншісінде – анод болатын екі гальваникалық элементтердің сұлбаларын құрастырыңыз. Әрқайсысы үшін катод пен анодта өтетін реакциялардың электрондық теңдеулерін жазыңыз.
219. Темір және күміс пластиналары сыртқы тізбек арқылы қосылған және күкірт қышқылы ерітіндісіне батырылған. Бұл гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырып, анод пен катодта өтетін процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз.
220. Тұздарының концентрациялары Mg2+ = Cd2+ = 1 моль/л ерітінділеріне батырылған кадмий және магний пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Иондардың концентрациясын 0,01 моль/л-ге дейін азайтса, гальваникалық элементтің ЭҚК өзгере ме?
221. Тұздарының ерітінділеріне батырылған мырыш және темір пластиналарынан тұратын гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырыңыз. Анод пен катодта өтетін процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз. Zn2+=Fe2+ = 0,001 моль/л-ге тең. Темір иондарының қандай концентрациясында (моль/л) элементтің ЭҚК нөлге тең болады?
222. Ni+Pb(NO3)2 = Ni(NO3)2+Pb реакциясы негізінде жұмыс істейтін
гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырыңыз. Анодтық және катодтық процестердің электрондық теңдеулерін жазыңыз. Концентрациялары [Ni2+] = 0,01 моль/л, [Pb2+] = 0,0001 моль/л болатын гальваникалық элементтің ЭҚК есептеңіз.
223. Қорғасын аккумуляторының зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?
224. Кадмий-никель аккумуляторы зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?
225. Темір-никель аккумуляторы зарядтануы және разрядтануы кезінде электродтарда қандай химиялық процестер өтеді?
226. Мырыш сульфаты ерітіндісін ерімейтін анодтарда 6,7 сағ ішінде электролиздегенде қалыпты жағдайда өлшенген 5,6 л оттегі бөлінді. Тұндырылған мырыштың мөлшері мен ток күшін есептеңіз. Ток бойынша шығым 70% тең.
227. КОН сулы ерітіндісін электролиздегенде ерімейтін электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. 2 сағ ішінде 13,4 А ток жіберілсе, қалыпты жағдайда қандай заттар және қандай көлемде алынады?
228. Анодта қалыпты жағдайда өлшенген 1,12 л оттек бөлінсе, Na2SО4 ерітіндісін электролиздегенде ерімейтін анодтың маңайында Н2SО4 қанша грамы түзіледі? Катодта бөлінетін заттың массасын есептеңіз.
229. Катодта қалыпты жағдайда өлшенген сутектің 1,12 л бөлінсе, рубидий сульфаты ерітіндісін электролиздегенде катодтың маңайында қанша грамм NaОН түзілді?
230. Кадмий сульфаты ерітіндісін а) графит анодымен, б) кадмий анодымен электролиздегенде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. Ерітінді арқылы 2 сағ ішінде 134 А күшімен ток жіберілсе, кадмийдің ток бойынша шығымы катодта - 80 %, ал анодта - 100% құраса, екі жағдайда да ерітіндідегі кадмий мөлшері қалай өзгереді?
231. Полярлану деген не? Полярланудың қандай түрлері болады және олардың түзілу себептері қандай?
232. Мырыш сульфаты ерітіндісінен электр тогының 10 F өткізілді. Мырыштың ерітіндідегі мөлшері қалай өзгереді, егер электродтар: а) графиттан, б) мырыштан жасалған болса және мырыштың ток бойынша шығымы катодта - 50%, ал анодта - 100% .
233. Мыс сульфаты(П) сулы ерітіндісін а) графит анодымен; б) мыс анодымен электролиздегенде электродтарда өтетін реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. Ерітіндіден электр тогының 2 F өткізілсе және мыстың ток бойынша шығымы катодта да, анодта да 100% болса, екі жағдайда да ерітіндідегі мыс мөлшері қалай өзгереді?
234. Графит электродтары бар екі электролизерда: а) натрий гидроксиді ерітіндісінің, б) натрий гидроксиді балқымасының электролизі өтті. Электродтық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. Электролизерлар арқылы 26,8 А∙сағ электр тогы өткенде, катодта бөлінген заттар массасын есептеңіз.
235. а) никель электродтарында, б) ерімейтін электродтарда никель сульфаты сулы ерітіндісін электролиздегенде электродтарда өтетін реакциялардың теңдеулерін жазыңыз. 10 сағ ішінде катодта 47 г никель бөліну үшін ток күші қандай болуы қажет? Ток бойынша шығым 80%.
236. Ерімейтін электродтарда мыс бромиді ерітіндісін (II) электролиздегенде, электродтардың біреуінде 0,635 г мыс бөлінді. Бромның ток бойынша шығымы 90% болса, екінші электродта бромның қанша грамы бөлінді? Электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз.
237. Қалыпты жағдайда КОН сулы ерітіндісін электролиздегенде екі сағат ішінде 13,4 А ток жіберілсе, ерімейтін электродтарда қандай заттарды және қандай көлемде алуға болады?
238. Кадмий сульфаты сулы ерітіндісін: а) графит анодында; б) кадмий анодында электролиздегенде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз. Кадмийдің катодтағы ток бойынша шығымы (а) және (б) жағдайларында 80% тең, ал анодта —(а) жағдайында - 0% және (б) жағдайында - 100% тең екендігін ескере отырып, 10 F электр тогы өткенде ерітіндідегі кадмийдің мөлшері (а) және (б) жағдайларында қалай өзгереді?
239. а) кальций хлориді балқымасын, б) кальций хлориді ерітіндісін графит электродтарында электролизінің реакция теңдеулерін құрастырыңыз. 1 А ток күшімен (а) және (б) жағдайларында заттың 4 г бөліп алу үшін қанша уақыт қажет (сағ)?
240. АgNO3, K2SO4, CuCl2 сулы ерітінділері бар электролизерлар арқылы ток бір ізді өткенде көмір катодтарында қандай заттар және қандай мөлшерде бөлінеді, егер АgNO3 бар электролизерда күмістің 108 г бөлінсе? Аg ток бойынша шығымы 1-ге тең.
Металдар коррозиялануы және одан қорғау
241. Электрохимиялық коррозияда қандай катодтық процестер өтеді? Процестердің теңдеулерін жазыңыз. Әртүрлі катодтық процестермен металдардың коррозиялануының мысалдарын келтіріңіз.
242. Сутектің бөлінуімен өтетін коррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Катодтық учаскелердің табиғаты мен ерітіндіні араластыру сутектің бөлінуімен өтетін коррозия жылдамдығына әсер ете ме?
243. Оттектің сіңірілуімен өтетін оррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Катодтық учаскелердің табиғаты мен ерітіндіні араластыру оттектің сіңірілуімен өтетін коррозия жылдамдығына әсер ете ме?
244. Металдардың енжарлығы деген не? Оның механизмі қандай? Енжарлыққа қабілетті металдардың мысалдарын келтіріңіз.
245. Сутек пен оттектің салыстырмалы парциалды қысымдары: = 1,2; = 0,8 бөлме температурасында 0,02 М Рb(NO3)2 ерітіндісінде қорғасыннан (Рb) жасалған бұйымның электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
246. Сутек пен оттектің салыстырмалы парциалды қысымдары: = 1,2; = 0,2 бөлме температурасында 0,05 М АlСI3 ерітіндісінде алюминийден (Аl) жасалған бұйымның электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
247. Мырыштан жасалған бұйымды 70°С-де 0,03 М ZnSO4 ерітіндісіне батырды. Мырыш коррозияға ұшырай ма?
248. Коррозия таңдамалы болатындығын ескере отырып, бөлме температурасында 0,01 M FеСI2 ерітіндісіне батырылған Fe — Cd гальваникалық жұбының электрохимиялық коррозиялануының мүмкіндігін анықтаңыз. Ерітінді концентрациясын 0,02 моль/л-ге дейін арттырса, коррозиялық элементтің ЭҚК өзгере ме?
249. 25°С-де концентрациясы 0,04 моль/л NiSO4 ерітіндісіндегі Ni—Сu жұбының электрохимиялық коррозиялануы өте ме? Ni2+ -иондарының концентрациясы 0,06 моль/л-ге дейін артса, коррозиялық элементтің ЭҚК қалай өзгереді?
250. Алюминмй жабыны бар темір бұйымын 0,01 М АlСl3 ерітіндісіне батырды. Бөлме температурасында бұл бұйым коррозияға ұшырай ма? Концентрациясы 0,03 моль/л-ге дейін артса, ЭҚК өзгере ме және қалай?
251. Мыстың бетіндегі және темірдің бетіндегі қалайы жабындардың қандай түріне жатады? Бейтарап ортада бұл жұптардың атмосфералық коррозиялануының қандай процестері өтеді? Катодтық және анодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
252. Темір бұйымын қорғасынмен қаптады. Бұл қандай жабын — анодтық па, катодтық па? Бұл бұйымның тұтастығы бұзылғанда ылғал ауада және тұз қышқылы ерітіндісінде коррозиялануының анодтық және катодтық процестерін құрастырыңыз.
253. рН=10 ерітіндіде ауамен контактілегенде темірді коррозиядан қорғауда қандай металл протектор бола алады? Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.
254. Тұтастығы бұзылған қалайыланған темір мен қалайыланған мыстың атмосфералық коррозиясы қалай өтеді? Анодтық және катодтық реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.
255. Металдарды коррозиядан протекторлық қорғау. Еріген оттегі бар электролитте темірді протекторлық қорғаудың мысалын келтіріңіз. Анодтық және катодтық реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.
256. рН=10 және 25°С-де Fе—Рd жұбының электрохимиялық коррозиялану реакцияларының теңдеулерін жазыңыз. Коррозия процесінде 28 мл O2 сіңіріліп, 112 мл Н2 бөлінсе, қандай металл коррозияға ұшырады және қанша? Коррозия процесінің ұзақтығы 3,5 мин құраса, коррозиялық токтың мәні нешеге тең болды? Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабынды ұсыныңыз.
257. Сu—Zn жұбы бөлме температурасында 2,5 мин рH =12 ортада болды. Коррозия процесінде 28 мл Н2 бөлініп, 56 мл O2 сіңірілсе, қандай металл коррозияға ұшырады және қанша? Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабындарды ұсыныңыз.
258. Бөлмелік температурада 4 мин ішінде 56 мл Н2 бөлініп, 56 мл O2 сіңірілсе, Ni—Рt құймасының коррозиясы кезінде қандай анодтық және катодтық процестер жүреді? Құйма рН=2 ортада. Металдың коррозияға ұшыраған массасын есептеңіз. Бұл құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық жабындарды ұсыныңыз.
259. Никельден (Ni) жасалған бұйымның оттектің әсерінен (салыстырмалы қысымы = 1,4) және 800°С-де NiO-ға дейін газды коррозиялануының термодинамикалық мүмкіндігін анықтаңыз. Бұл температурада газды коррозия тоқтайтын оттектің парциалды қысымын анықтаңыз.
260. Атмосфералық жағдайда мырыш коррозияға ұшырайды, ал алтын ұшырамайды. Неліктен? Жауабыңызды есептеу арқылы дәлелдеңіз.
261. рН=6 сулы ерітіндіде ауамен контактілігінде қалайының коррозиялануы мүмкін бе? Сутектің бөлінуімен коррозия рН қандай мәндерінде мүмкін?
262. рН=6 сулы ерітіндіде ауамен контактілігінде қорғасынның (Рb) электрохимиялық коррозиялануы мүмкін бе? Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Сутектің бөлінуімен коррозия рН қандай мәндерінде мүмкін?
263. рН=0 оттегі жоқ (деаэрирленген) ерітіндіде мыс коррозияға ұшырай ма?
264. Теңіз суында (рH 8) ауамен контактілегенде магний (Мg) коррозияға ұшырайды. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.
265. рН мәндері: а) 2,0; б) 7,0; в) 10,0 сулы ерітінділерде сутектің бөлінуімен коррозияланатын металдарды атаңыз.
266. рH мәндері: а) 2,0; б) 5,0; в) 8,0 сулы ерітінділерде оттектің сіңірілуімен коррозияланатын металдарды атаңыз.
267. Химиялық коррозия деген не? Одан төмен мәндерде СuО түзілуімен мыстың химиялық коррозиялануы жүрмейтін оттектің парциалды қысымын есепеңіз.
268. Химиялық коррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Әртүрлі металдар үшін оксид қабыршағы қалыңдығының уақытқа тәуелділігінің түрі қандай болады?
269. Газды коррозиядан қорғаудың қандай әдістері бар? Қызутөзімділік және қызуберіктік деген не?
270. Бетінің тұтастығы бұзылған қалайыланған темір мен қалайыланған мыстың атмосфералық коррозиялануы қалай өтеді? Анодтық және катодтық процестердің электрондық теңдеулерін құрастырыңыз.
Металдар химиясы
271. Магний оксидінің алюминиймен өздігінен тотықсыздануы мүмкін болатын температуралар аймағы бар ма?
272. 298 К-де хром оксидін (Cr2O3) алюминиймен және темір оксидін (FeO) мырышпен тотықсыздандыру реакцияларының Гиббс энергияларын есептеңіз.
273. Қазіргі кезде ток түзуші реакциясы келесі: 2Li + СuО = Li2O + Сu литий элементі кеңінен қолданады. Бұл элементтің 298 К-де ЭҚК есептеңіз. Температура жоғарлағанда ЭҚК қалай өзгереді (сапалы)?
274. Литий элементінде келесі реакция өтеді: 2Li + 2SO2(г) = Li2S2O4.
298 К-де элементтің стандартты ЭҚК 3,15 В-қа тең. 298 К-де Li2S2O4 түзілуінің стандартты Гиббс энергиясын анықтаңыз.
275. Калийдің Н2О, H2SO4 және HNO3 әрекеттесу теңдеулерін жазыңыз. Бұл реакциялар қауіпті ма? Неліктен?
276. Магний хлоридінен магнийді натриймен тотықсыздандыру арқылы алудың реакция теңдеуін жазыңыз. Бұл реакция өздігінен жүре алатын температуралар аймағын анықтаңыз.
277. Магний және оның құймалары корррозиядан қорғау протекторлары ретінде қолданылады. Магний протекторларымен қандай металдарды коррозиядан қорғауға болады?
278. Бериллий ауада тұрақты, ал кальций неліктен тұрақты емес?
279. Алтын қандай ерітіндіде ериді?
280. Массасы 3 г техникалық темір 0,2 М тұз қышқылы ерітіндісімен әрекеттесті. Нәтижесінде қалыпты жағдайда өлшенген көлемі 1,12 л газ бөлінді. Таза темірдің техникалық темірдегі массалық үлесін есептеңіз. Таза темірді ерітуге қышқылдың қандай көлемі шығындалған?
281. Тантал қандай ерітіндіде ериді?
282. Мырыш сұйылтылған күкірт қышқылында жақсы ериді. Ал стандартты потенциалының мәні мырыштікінен төмен болатын титан бұл қышқылда ерімейді. Неліктен?
283. Табиғатта алтын таза күйінде болады, ал қалайы – болмайды. Мұны қалай түсіндіруге болады?
284. Көршілес d-металдармен салыстырғанда марганецтің кейбір ерекше физикалық және химиялық қасиеттерін қалай түсіндіруге болады?
285. Неліктен платина тұз және азот қышқылдарында ерімейді, ал олардың қоспасында («патша арағында») ериді?
286. Алюминий және мыс қоспасының 6 грамын тұз қышқылымен өңдегенде көлемі 3,7 л сутегі бөлінді. Қоспадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыз.
287. Никель тұз қышқылында ериді, ал платина – ерімейді. Неліктен?
288. Массасы 10 г темір және мыс ұнтақтарын тұз қышқылымен өңдеді. Нәтижесінде көлемі 2,24 л газ бөлінді. Қоспадағы металдардың массалық үлестерін анықтаңыз.
289. Титан концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде титанның үшхлориді түзіледі, ал азот қышқылымен әрекеттескенде метатитан қышқылының тұнбасы түзіледі. Реакциялар теңдеулерін құрастырыңыз.
290. Титанды концентрлі күкірт қышқылында еріткенде титан максимальды тотығу дәрежесіндегі катионға айналады, ал қышқыл минимальды дәрежеге дейін тотықсызданады. Реакция теңдеулерін құрастырыңыз.
291. Титан және цирконий диоксидтері балқытқан кезде сілтілермен әрекеттеседі. Бұл реакциялар оксидтердің қандай қасиеттері туралы айтады? Келесі заттар арасындағы реакция теңдеулерін жазыңыз: а) ТiO2 мен ВаО, б) ZrО2 мен NaOH. Бірінші реакцияда сәйкес металдардың метатитанаты, ал екіншісінде ортоцирконаты түзіледі.
292. Келтірілген металдардың қайсысы (Сu, Аg, Со, Мg) T=298 К-де рH=10 сулы ерітіндіде және барлық заттардың стандартты күйлерінде оттекпен тотығуы мүмкін?
293. 298 К-де және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы (Ni, Рt, Zn) сұйық броммен тотығуы мүмкін?
294. 298 К-де және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы (Сd, Аu, Сu) хлормен тотығуы мүмкін?
295. 298 К-де, рН=7 және барлық заттардың стандартты күйлерінде келтірілген металдардың қайсысы (Мn, Pd, Fе) сулы ерітіндіде оттекпен тотығуы мүмкін?
296. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде магнетитті (Fe3O4) сутекпен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен темірді алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен жүретін температуралар аймағын анықтаңыз.
297. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде магнетитті (Fe3O4) көміртекпен тотықсыздандырып, СО2 түзілуімен темірді алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен жүретін температуралар аймағын анықтаңыз.
298. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде Сг2О3 оксидін сутекпен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен хромды алуға бола ма? Бұл процесс барлық заттардың стандартты күйлерінде өздігінен қандай температураларда өтеді?
299. 298 К-де барлық заттардың стандартты күйлерінде көміртегі монооксидімен тотықсыздандырып темірді алуға бола ма? Бұл процесс өздігінен қандай температураларда өтеді?
300. 298 К-де Fe2O3 оксидін алюминиймен тотықсыздандыру арқылы темірді алуға бола ма?
Тапсырмалар нұсқалары
Нұсқа нөмірі |
Нұсқаға кіретін тапсырмалар нөмірлері |
01 02 03 04 05 06 07 08 09 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 28 29 30 31 32 33 34 35 36 37 38 39 40 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 54 55 56 57 58 59 60 61 62 63 64 65 66 67 68 69 70 71 72 73 74 75 76 77 78 79 80 81 82 83 84 85 86 87 88 89 90 91 92 93 94 95 96 97 98 99 00 |
1 31 61 91 121 151 181 211 241 271 2 32 62 92 122 152 182 212 242 272 3 33 63 93 123 153 183 213 243 273 4 34 64 94 124 154 184 214 244 274 5 35 65 95 125 155 185 215 245 275 6 36 66 96 126 156 186 216 246 276 7 37 67 97 127 157 187 217 247 277 8 38 68 98 128 158 188 218 248 278 9 39 69 99 129 159 189 219 249 279 10 40 70 100 130 160 190 220 250 280 11 41 71 101 131 161 191 221 251 281 12 42 72 102 132 162 192 222 252 282 13 43 73 103 133 163 193 223 253 283 14 44 74 104 134 164 194 224 254 284 15 45 75 105 135 165 195 225 255 285 16 46 76 106 136 166 196 226 256 286 17 47 77 107 137 167 197 227 257 287 18 48 78 108 138 168 198 228 258 288 19 49 79 109 139 169 199 229 259 289 20 50 80 110 140 170 200 230 260 290 21 52 83 111 141 171 201 232 261 291 22 53 84 112 142 172 202 233 262 292 23 54 85 113 143 173 203 234 263 293 24 55 86 114 144 174 204 235 264 294 25 56 87 115 145 175 205 236 265 295 26 57 88 116 146 176 206 237 266 296 27 58 89 117 147 177 207 238 267 297 28 59 90 118 148 178 208 239 268 300 29 60 61 119 149 179 209 240 269 272 30 31 62 120 150 180 210 211 270 273 1 32 63 94 125 156 187 212 243 274 2 33 64 95 126 157 188 213 244 275 3 34 65 96 127 158 189 214 245 276 4 35 66 97 128 159 190 215 246 277 5 36 67 98 129 160 191 216 247 278 6 37 68 99 130 161 192 217 248 279 7 38 69 100 131 162 193 218 249 280 8 39 70 105 136 167 198 219 250 281 9 40 64 106 137 168 199 220 251 282 10 43 65 107 138 169 200 221 252 283 11 44 66 108 139 170 201 223 251 285 12 45 67 109 140 171 202 224 252 286 14 46 68 110 141 172 203 225 253 287 15 47 69 111 142 173 204 226 254 288 16 48 70 112 143 174 205 227 255 289 17 49 71 113 144 175 206 228 256 290 18 50 72 114 145 176 207 229 257 291 19 51 73 115 146 177 208 230 258 292 20 52 74 116 147 178 209 231 259 293 21 53 75 117 148 179 210 232 260 294 22 54 76 118 149 180 182 233 261 295 23 55 77 119 150 153 181 234 262 296 24 56 78 120 125 154 183 235 263 297 25 57 79 91 124 155 184 236 264 298 26 58 80 92 123 156 185 237 265 299 27 59 81 93 122 157 186 238 266 300 28 60 82 91 121 158 187 239 267 271 29 31 83 92 127 153 188 240 268 272 30 32 61 93 128 154 189 213 269 273 1 34 62 94 129 155 190 212 270 274 3 35 63 95 130 156 191 211 250 275 4 36 64 96 131 157 192 212 251 276 5 37 65 97 132 158 193 214 252 277 6 38 66 98 133 159 194 213 253 278 7 39 67 99 134 160 195 215 254 279 8 40 68 100 135 161 196 216 255 280 9 41 69 101 136 162 197 217 256 281 10 42 70 102 137 163 198 218 257 282 11 43 71 103 138 164 199 219 258 283 12 44 72 104 139 165 200 220 259 284 13 45 73 105 140 166 201 221 260 285 14 46 74 106 126 167 202 222 241 286 15 47 75 107 125 168 203 223 242 287 16 48 76 108 124 169 204 224 243 288 17 49 77 109 123 170 205 225 244 289 18 50 78 110 122 171 206 226 245 290 19 53 79 111 121 172 207 227 246 291 20 31 80 112 150 173 208 228 247 292 24 32 81 113 149 174 209 229 248 293 25 33 82 114 148 175 210 230 249 294 26 34 83 115 147 176 181 231 250 295 27 35 84 116 146 177 182 232 251 296 28 36 85 117 145 178 183 233 252 297 29 37 86 118 144 179 184 234 253 298 30 38 87 119 143 180 185 235 254 299 1 39 88 120 142 151 186 236 255 300 2 40 89 91 141 152 187 237 256 274 3 41 90 92 140 153 188 238 257 275 4 42 61 93 139 154 189 239 258 276 5 43 62 94 138 155 190 240 259 277 6 44 63 95 137 156 191 211 260 278 7 45 64 96 136 157 192 212 261 279 8 46 65 97 135 158 193 213 262 280 9 47 66 98 134 159 194 214 263 281 10 48 67 99 133 160 195 215 264 282 11 49 68 100 132 170 196 216 265 283 12 50 69 101 131 171 197 217 266 281 13 44 70 102 130 172 198 218 267 282 14 45 71 103 129 173 199 219 268 293 15 46 72 104 128 174 200 220 269 294 |
Әдебиеттер тізімі
1. Коровин Н.В. Общая химия. - М.: Высшая школа, 2005.
2. Харин А.Н., Катаева Н.А., Харина Л.Г. Курс химии. - М.: Высшая школа, 1983.
3. Глинка Н.Л. Общая химия. - Л.: Химия, 1999.
4. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. –А.: Мектеп, 2001.
5. Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.Н., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия. –Алматы, 2003.-т.1-2.
6. Гольбрайх З.Е., Маслов Е.И. Сборник задач и упражнений по химии. – М.: АСТ-Астрель, 2004.
7. Сұлтанбаева Б.М., Тұманова А.А. Химия: Оқу құралы. Энергетикалық мамандықтары бойынша барлық оқу түрінің студенттері үшін. –Алматы, АЭжБУ, 2011.
8. Задачи и упражнения по общей химии. Под ред.Коровина Н.В. – М.: Высшая школа, 2004.
Мазмұны
1. Кіріспе 3
2. Химияның негізгі түсініктері мен заңдары 4
3. Атомдар құрылысы және химиялық элементтерді топтастыру 6
4. Химиялық байланыс 8
5. Химиялық реакциялардың энергетикасы 10
6. Химиялық кинетика және тепе-теңдік 12
7. Ерітінділер концентрацияларын өрнектеу жолдары 15
8. Тотығу-тотықсыздану реакциялары 17
9. Электрохимиялық процестер 20
10. Металдар коррозиялануы және одан қорғау 22
11. Металдар химиясы 25
12. Тапсырмалар нұсқалары 27
Әдебиеттер тізімі 30
2012 ж. негізгі жоспары, реті 79