АЛМАТЫ  ЭНЕРГЕТИКА   және   БАЙЛАНЫС   ИНСТИТУТЫ

 

 

Өнеркәсіптік  жылуэнергетика кафедрасы

 

 

 

химия

 

Семестрлік жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар

 (050717 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған)

 

 

 

 

 


Алматы 2006

ҚҰРАСТЫРҒАНДАР: А. А. Туманова, К. С. Идрисова. Семестрлік жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар (050717 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған). – Алматы: АЭжБИ, 2006 – 45 б.

 

 

 Химиядан семестрлік жұмыстардың тапсырмалары 050717 – Жылунергетика мамандығы бойынша оқитын  1 курс студенттеріне арналған. Мұнда «Химия» пәнінің бағдарламасы бойынша өзіндік жұмыстардың тапсырмалары кіреді.

 Библиогр. - 6 атау.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірші: аль-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, х.ғ.к. А. А. Мусабекова

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы энергетика және байланыс институты 2006 ж. жоспары бойынша басылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

© Алматы энергетика және байланыс институты, 2006 ж.

 

Кіріспе

 

Семестрлік тапсырмалар жылуэнергетика бакалавриатының 1 курс студенттеріне арналған. Мақсаты – химиядан аралық және ағымды бақылауда, емтиханға дайындалуда көмек ету.

Тапсырмалардың мазмұны химияның оқу бағдарламасына сәйкес келетін бейорганикалық және жалпы химияның негізгі бөлімдердің 15 блогынан тұрады.

Бұл тапсырмалар негізгі түсініктерді, заңдарды игеріп, оларды есеп шығаруда қолданып білу, оқу материалын жүйеге келтіре алатын деңгейге сәйкес келеді.

Тапсырмалар химияны 3 кредит көлемінде оқитын бакалаврлар үшін құрастырылған, яғни жылуэнергетика факультетінің әр студенті қойылған мерзімдерде жеке 3 семестрлік жұмысты орындап тапсырады. Семестрлік жұмыстар АЭжБИдің ҚР ФС  10352-1910-У-е- 001-2002 фирмалық стандартының талаптарына сәйкес формаға келтірілуі керек.

Бірінші семестрлік жұмысқа «Атом құрылысы және химиялық элементтердің систематикалануы»,  «Химиялық байланыс», «Молекулалар әрекеттесуінің типтері. Заттың конденсацияланған күйі», «Комплексті қосылыстар», «Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химиялық тартқыштық» тақырыптары бойынша тапсырмалар кіреді.

 Екінші семестрлік жұмысқа «Химиялық кинетика және тепе-теңдік», «Химиялық эквивалент. Ерітінділердің концентрациясы», «Электролиттер ерітінділері», «Осмос және осмостық қысым. Рауль заңдары. Криоскопия және эбулиоскопия», «Тотығу-тотықсыздану реакциялары» тақырыптары бойынша тапсырмалар кіреді.

Үшінші семестрлік жұмысқа «Электродтық потенциалдар және ЭҚК», «Электродтық процестердің кинетикасы. Электролиз», «Коррозия және металдарды қорғау», «Органикалық қосылыстар. Полимерлер», «Металдар химиясы» тақырыптары бойынша тапсырмалар кіреді.

 

 

Әр студент студенттік билетінің нөміріндегі ең соңғы екі санымен белгіленген тапсырмалардың вариантын орындайды. Мысалы, студенттік билеттің нөмірі 01(1)014, соңғы екі сан – 14, тапсырма вариантының нөмірі – 14. Студент нөмірлері  14, 44 74, 104, 134, 164, 194, 224, 254,284, 314, 344, 374, 404, 434  есептерді шығарады.

 

1 Атомдар құрылысы және химиялық элементтердің жүйеленуі

 

1. Реттік нөмірлері 9 және 29 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Осы элементтер атомдарының квант ұяшықтары бойынша таралуын көрсетіңіз. Элементтердің әрқайсысы қандай электрондық ұяға жатады?

2. Реттік нөмірлері 16 және 26 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Осы элементтер атомдарының квант ұяшықтары бойынша таралуын көрсетіңіз. Элементтердің әрқайсысы қандай электрондық ұяға жатады?

3. Энергетикалық деңгейдің s-, р-, d- және f-орбитальдарындағы электрондардың максималды саны нешеге тең? Неліктен? Реттік нөмірі 31 элемент атомының электрондық формуласын жазыңыз.

4. Атом орбитальдарының қайсылары электрондармен алдымен толтырылады: 4s немесе 3d; 5s немесе ? Неліктен? Реттік нөмірі 21 элемент атомының электрондық формуласын жазыңыз.

5. Атом орбитальдарының қайсылары электрондармен алдымен толтырылады: 4d немесе 5s; 6s немесе ? Неліктен? Реттік нөмірі 43 элемент атомының электрондық формуласын жазыңыз.

 6. Изотоптар деген не? Периодтық жүйенің элементтерінің көбісінің атомдық массалары бөлшек санмен сипатталатынын қалай түсіндіруге болады? Әр түрлі элементтердің атомдарында бірдей масса бола ма? Мұндай атомдар қалай аталады?

7. Кремний-30 изотопы алюминий-27 атомдары ядроларын α-бөлшектерімен бомбалағанда түзіледі. Осы ядролық реакцияның теңдеуін құрастырып, қысқартылған түрін жазыңыз.

8. Реттік нөмірлері 14 және 40 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Соңғы элемент атомында қанша бос 3d-орбитальдері бар?

9. Атомдардың s-, p-, d- және f-энергетикалық деңгейшелеріндегі электрондардың максималды саны.

10. Атомдардың квант сандары, олардың мәндері. Орбитальдық квант саны нені сипаттайды?

11. Атомдық орбитальдардың анықтамасы, олардың белгіленуі. Үшінші және төртінші энергетикалық деңгейлерде қанша атомдық орбитальдер болады?

12. Паули принципінің мағынасы. Бесінші энергетикалық деңгейдегі электрондардың максималды мүмкін саны нешеге тең?

13. Иондану потенциалы деген не? Элементтер периодтық жүйесінің периодтары мен топшаларында иондану потенциалының мәні қалай өзгереді?

14. Электронға тартқыштық деген не? Элементтер периодтық жүйесінің периодтары мен топшаларында электронға тартқыштықтың мәні қалай өзгереді?

15. Электртерістілік. Элементтер периодтық жүйесінің периодтары мен топшаларында электртерістіліктің мәні қалай өзгереді?

16. Көміртегі-11 изотопы азот-14 атомдары ядроларын  протондармен бомбалағанда түзіледі. Осы ядролық реакцияның теңдеуін құрастырып, қысқартылған түрін жазыңыз.

17. Реттік нөмірлері 15 және 28 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Бірінші элемент атомдарының р-электрондарының және екінші элемент атомдарының d-электрондарының максималды спині нешеге тең?

18. Реттік нөмірлері 21 және 23 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Осы элементтер атомдарында қанша бос 3d-орбитальдері бар?

19. Орбитальдік саны l = 0, 1, 2 және 3 тең болғанда магнит квант саны тl  қанша және қандай мәндерді қабылдай алады? Периодтық жүйенің қандай элементтері s-, p-, d- және f-элементтерге жатады? Мысалдар келтіріңіз. 

20. Электрондардың атомдағы күйін сипаттайтын п, l, ml және ms квант сандарының қабылдай алатын мәндері. Магний атомы сыртқы электрондары үшін олардың мәндерін келтіріңіз.

21. Элемент атомының негізгі күйіндегі құрылысын қате бейнелейтін электрондық формуланы табыңыз: а) 1s22s22p53s1; б) 1s22s22p6; в) 1s22s22p6 3s23p63d4; г) 1s22s22p63s23p64s2; д) 1s22s22p63s23d2. Себебі не? Дұрыс құрастырылған электрондық формулалар қай элементтер атомдарына сәйкес келеді?

22. Бірінші элементтің бір 4s-электронының 3d-деңгейшесіне секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 24 және 33 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Бірінші элемент атомдарының d-электрондарының және екінші элемент атомдарының р-электрондарының максималды спині нешеге тең?

23. Кейбір элемент атомдарының сыртқы энергетикалық деңгейіндегі электрондарының кванттық сандары n = 4; l = 0; тl = 0; ms = ±½ тең. Осы элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазып, әрқайсысында қанша бос 3d-орбитальдары бар екендігін анықтаңыз.

24. Соңғы элементтің бір 5s-электронының 4d-деңгейшесіне секіруін ескере отырып, реттік нөмірлері 32 және 42 элементтер атомдарының электрондық формулаларын жазыңыз. Бұл элементтердің әрқайсысы қандай электрондық ұяға жатады?

25. Периодтар мен топшаларда атомдық радиустардың мәндері қалай өзгереді?

26. Периодтық заңның қазіргі кезде қолданылатын анықтамасын жазыңыз. Периодтық заңның мағынасы неде?

27. Кобальт атомы мен Со2+-ионының электрондық формуласын жазыңыз.

28. Хром атомы мен Сr3+-ионының электрондық формуласын жазыңыз.   

29. Периодтық жүйеде атомының екінші квант деңгейі электрондармен толық толтырылатын элементті тауып, электрондық формуласын жазыңыз.

30. Жасанды радиоактивтіліктің анықтамасы. Жасанды радиоактивтілік ыдырау реакцияларының мысалдарын келтіріңіз. Тізбекті ядролық реакция деген не?

 

 

2 Химиялық байланыс

 

31. Байланыс энергиясы деген не? Оның өлшемі қандай? Байланыс ұзындығы деп нені айтады?

32. Химиялық байланыстардың түрлері. Ковалентті химиялық байланыс, оның ерекшеліктері.

 33. Полярлы коваленттік байланыс. Ковалентті байланыстың полярлығының сандық мөлшері. Элементтер атомдарының электртерістілік мәндерін пайдалана отырып, НСl, ICl, BrF қосылыстарындағы полярлығының ең жоғарысын анықтаңыз.

34. Донорлы-акцепторлық ковалентті байланыстың түзілуі. NH және BF иондарындағы химиялық байланыстардың түрлері. Донор мен акцепторды көрсетіңіз. 

35. BeCl2 молекуласының тізбектік құрылысы мен СН4 молекуласындағы тетраэдр құрылысын валенттік байланыстар әдісі (ВБӘ) қалай түсіндіреді?

36. σ- және π- коваленттік байланыстар. Азот молекуласы құрылысының мысалында түсіндіріңіз.

37. Хлор атомының негізгі және қозған күйіндегі жұпталмаған электрондардың саны нешеге тең? Электрондардың квант ұяшықтары бойынша таралуын көрсетіңіз. Хлордың қозған  күйіндегі валенттіліктерін табыңыз.

38. Күкірт атомы электрондарының квант ұяшықтары бойынша таралуын көрсетіңіз. Негізгі және қозған күйіндегі жұпталмаған электрондар саны. Жұптаспаған электрондарға байланысты күкірттің валенттілігін табыңыз.

39. Дипольдің электрлік моменті деп нені айтады? НСl, HBr, HI молекулаларының қайсысында дипольдік момент ең жоғары? Неліктен?

40. Металдық байланыс деген не? Ол қалай түзіледі?

41. Валенттік байланыстар әдісі (ВБ) H2S молекуласының бұрышты және СО2 молекуласының тізбекті құрылысын қалай түсіндіреді?

42. Не2 молекуласы мен Не+ молекулалық ионның молекулалық орбитальдар әдісі бойынша түзілуінің энергетикалық үлгісін салыңыз. Молекулалық орбитальдар әдісі Не2 молекуласының болуы мүмкін еместігін және Не ионының тұрақтылығын қалай түсіндіреді?

43. Сутектік химиялық байланыс. Ол қандай заттар молекулаларының арасында түзіледі? Молекулалық массалары төмен болса да, Н2О мен HF-дың балқу және қайнау температуралары аналогтарға қарағанда жоғарырақ болады. Себебі не?

44. Иондық химиялық байланыс. Оның түзілу механизмі. Иондық байланысты коваленттіктен ерекшелейтін қасиеттер. Типтік иондық қосылыстардың екі мысалын келтіріңіз. Иондардың нейтрал атомдарға айналу теңдеулерін жазыңыз.

45. Атомның тотығу дәрежесі деген не? СН4, СН3ОН, НСООН, СО2 қосылыстарындағы жұптаспаған электрондар санына байланысты көміртегі атомының валенттілігі мен тотығу дәрежесін анықтаңыз.

46. Молекулааралық әрекеттесудің күштері. Оған қандай  күштер себеп болады?

47. Н2 молекуласы мен Н молекулалық ионның түзілуінің энергетикалық сұлбасын салыңыз. Қайсысында байланыс энергиясы жоғарырақ? Неліктен?

48. Бор атомының қандай электрондары ковалентті байланыстарды түзуге қатысады? Валенттік байланыстар әдісі (ВБ) BF3 молекуласының үшбұрышты симметриялық формасын қалай түсіндіреді? 

49. Молекулалық орбитальдар (МО) әдісі бойынша О2 молекуласының түзілуінің энергетикалық сұлбасын салыңыз. Бұл әдіс оттегі молекуласының  парамагнитті қасиеттерін қалай түсіндіреді?

50. Молекулалық орбитальдар әдісі бойынша F2 молекуласының түзілуінің энергетикалық сұлбасын салыңыз. Байланыстырушы және қопсытушы орбитальдарда қанша электрон бар? Бұл молекуланың байланыс реті нешеге тең? 

51. Молекулалық орбитальдар әдісі бойынша N2 молекуласының түзілуінің энергетикалық сұлбасын салыңыз. Байланыстырушы және қопсытушы орбитальдарда қанша электрон бар? Бұл молекуланың байланыс реті нешеге тең? 

52. Фтор мен хлордың электрондық формулаларын жазып, қозған және қалыпты күйлеріндегі мүмкін болатын валенттіліктерін анықтаңыз.

53. Атомдық орбитальдардың sp-гибридизациясы деген не? Молекулалар түзілгенде атомдық орбитальдарының -гибридизациясының мысалдарын келтіріңіз. Бұл молекулалардың құрылымы қандай?

54. Атомдарында sр2-гибридизация байқалатын молекулалардың мысалдарын келтіріңіз. Бұл молекулалардың құрылымы қандай?

55. Атомдық орбитальдардың sр3–гибридизациясы деген не?   Молекулалар түзілгенде атомдық орбитальдарының sр3-гибридизациясының мысалдарын келтіріңіз. Бұл молекулалардың құрылымы қандай?

56. Молекула диполінің электрлік моменті деген не? Н2О, H2S және H2Se молекулаларының қайсысында дипольдің электрлік моменті ең жоғары болады? 

57. SiH2, SiH4, BeH2 молекулаларының құрылысы.

58. Сl2, РН3, ВН3 молекулаларындағы химялық байланыстар қандай электрондық орбитальдардың бүркесуінен түзіледі? Бұл молекулалардың қайсысында атомдық орбитальдардың гибридизациясы байқалады?

59. Электртерістілік деген не? Бұл мөлшер HF, НCl, HBr, HI молекулалары диполінің электрлік моменттерінің тізбекті өзгеруін қалай түсіндіреді?

 60. Химиялық байланыстардың типтері. НСl, О2, RbCl3  молекулаларындағы байланыс типі бірдей ме? Жауаптарыңызды түсіндіріңіз.

 

 

3 Молекулалардың әрекеттесу типтері. Заттың конденсацияланған күйі

 

61. Молекулалық әрекеттесудің қандай күштері ориентациялық, индукциялық және дисперстік деп аталады? Бұл күштер қашан туындайды, олардың табиғаты не?

62. Заттың сұйық кристалдық күйі деген не? Жауабыңызды мысалдарды келтіріп дәлелдеңіз.

63. Атомдарының арасында сутектік байланыс түзілетін молекулалардың мысалдарын келтіріңіз. Сутектік байланыстың заттар қасиеттеріне әсері.

64. Басқа молекулалардың сутек атомы қандай молекулалардың атомдарымен сутектік байланыс түзеді. Неліктен HF-тың қайнау температурасы НСl-тен жоғары?

65. Молекулалардың донорлы-акцепторлық әрекеттесуі деген не? (AlCl3)n полимерлі молекулалар түзілуінің механизмін түсіндіріңіз.

66. NH3 пен НСl молекулаларының арасындағы химиялық байланыс қалай пайда болады? Қандай қосылыс түзіледі?

67. BF3 + KF = K[BF4] реакция теңдеуі бойынша түзілетін K[BF4] молекуласындағы байланыстардың түзілу механизмі.

68. BF3 пен NH3 молекулалар құрылымдарының жазықтық және пирамидальді модельдері арасындағы таңдауды ненің негізінде жасауға болады?

69. Заттың аморфты және кристалды күйі деген не? Мысалдарын келтіріңіз.

70. Кристалл торы мен элементарлы ұяшық деген не? Элементарлы ұяшықтардың қандай түрлері болады? 

71. Кристалдардағы химиялық байланыстардың түрлері. Кристалдардағы әр түрлі химиялық байланыстары бар заттардың мысалдарын келтіріңіз.

72. Кристалдары молекулалық болатын заттардың қасиеттері. Осындай заттардың мысалдарын келтіріңіз. Кристалдары ковалентті заттардың қасиеттері қандай болады? Заттар кристалдарының түйіндерінде қандай бөлшектер бар? Мысалдар келтіріңіз.

73. Кристалдары иондық заттардың мысалдарын келтіріңіз. Иондық химиялық байланыстың ерекшеліктері.

74. Металдық кристалдар деген не? Металдарды сипаттайтын қасиеттер.

75. Иондық, атомдық, молекулалық және металдық деп қандай кристалдық құрылымдарды айтады? Бұл құрылымдар келтірілген қай заттардың кристалдарында бар: алмазда, натрий хлоридінде, көміртегі диоксидінде, мырышта?

76. Аралас байланысы бар қандай кристалдарды білесіз? Мұндай кристалды заттардың қасиеттері.

77. Графиттің қасиеттері мен графит кристалдарындағы химиялық байланыстар.

78. Кристал дефектілерінің қандай түрлері болады? Кристалдарда дефектілер қалай пайда болады?

79. Кристалдардың нүктелі дефектілері деген не және олар қалай пайда болады?

80. Кристалл құрылымдары дефектілерінің пайда болуында қоспалар қандай роль атқарады? Қоспалық дефектілері бар кристалдардың мысалдарын келтіріңіз.

81. Кристалл дефектілеріне байланысты тесіктік өткізгіштігі бар жартылай өткізгіштердің мысалдарын келтіріңіз. Электр өткізгіштікке қоспалардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

82. Қоспалардың бар болуына байланысты деффектілері бар жартылай өткізгіштердің мысалдарын келтіріңіз. Электр өткізгіштікке қоспалардың әсер ету механизмін түсіндіріңіз.

83. Кристалдардың сызықтық және жалпақ дефектілері деген не? Олар қалай пайда болады?

84. Натрий кристалдары құрылымының натрий хлориді кристалдарының құрылымынан айырмашылығы. Бұл кристалдардың байланыс түрі. Натрий және натрий хлориді қандай кристал торларынан тұрады?

85. Сызықты және жазық дефекттердің қатты денелердің қасиеттеріне әсері.

86. Сутектік байланыстың түзілу механизмі. Сутектік байланыстары бар қосылыстардың мысалдарын келтіріңіз.

87. Молекулалардың донорлы-акцепторлық әрекеттесуі. Молекулалардың қандай атомдары донор және акцептор ролін атқарады? Донорлы-акцепторлы механизм бойынша молекулалардың  әрекеттесуінің мысалдарын келтіріңіз.

88. Сызықты және кеңістіктік кристалл торлары.

89. Кристалл дефектілерінің түрлері. Кристалдарында дефектілері бар құрамы айнымалы қосылыстар.

90. а) В2, С2, N2; б) N2, O2, F2  молекулалар қатарында байланыстардың еселігі мен энергиясы қалай өзгереді?

4 Комплексті қосылыстар

 

91. Келесі қосылыстардың формулаларын жазыңыз:

а) роданопентаамминкобальт (III) нитраты; б) бромүшамминплатина (II) бромиді; в) сульфатопентаамминкобальт (III) гидросульфаты; г) гексаамминосмий (III) бромиді; д) гексаамминосмий (I) бромиді.

92. Келесі қосылыстардың формулаларын жазыңыз:

а) дихлортетраамминродий (III) нитраты; б) пентаамминакваиридий (III) иодиді; в) хлоропентаамминиридий (III) хлориді; г) нитрохлортетраамминплатина (IV) хлориді; д) хлорүшамминплатина (II) үшхлорамминплатинаты (II).

93. Келесі қосылыстардың формулаларын жазыңыз: а) гексаамминкобальт (III) гексацианокобальтаты (III); б) гексааквахром (III) гексафторхроматы (III); в) дигидроксотетрамминплатина (IV) тетрахлорплатинаты (II); г) гексаамминкобальт (III) гексацианохроматы (III); д) гексаамминхром (III) гексанитрокобальтаты (III).

94.u(NН3)4]SО4, К2[PtCl6], К[АgN)2] қосылыстарындағы комплекс түзуші ионның координациялық саны мен тотығу дәрежесін, комплексті ионның зарядын анықтаңыз. Берілген қосылыстардың сулы ерітінділердегі диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

95. Платинаның РtСl4 ∙ 6NН3, РtCl4 ∙ 4NН3, РtСl4 ∙ 2NН3 комплексті қосылыстарының координациялық формулаларын құрастырыңыз. Платина (IV)-тің координациялық саны 6-ға тең. Берілген қосылыстардың сулы ерітінділердегі диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

96. Кобальттің СоСl3 ∙ 6NН3,  СоСl3 ∙ 5NН3,  СоСl3 · 4NН3 комплексті қосылыстарының координациялық формулаларын құрастырыңыз. Кобальт (III)-тің координациялық саны 6-ға тең. Берілген қосылыстардың сулы ерітінділердегі диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

97. Rb[SbВr6]; K[SbСl6]; Nа[Sb(SO4)2] қосылыстарында сурьманың координациялық саны мен тотығу дәрежесі, комплексті ионның заряды нешеге тең? Берілген қосылыстар сулы ерітінділерде қалай диссоциацияланады?

98. Кобальт (III) хлориді аммиакпен әрекеттескенде келесі қосылыстарды түзеді: СоСl3 · 6(NН3)4; СоСl3 · 5NН3 · Н2О; СоСl3 · 5NН3;  СоСl3 · 4NН3. АgNO3 ерітіндісі бірінші екі қосылыстардан хлорды толық тұндырады, үшінші қосылыстан – хлордың 2/3 бөлігін және төртіншіден – 1/3 бөлігін. Осы қосылыстар ерітінділерінің электр өткізгіштіктерін өлшегенде бірінші және екінші қосылыстар 4 ионға, үшіншісі – үш ионға, ал төртіншісі – екі ионға ыдырайтындарын көрсетті. Бұл қосылыстардың координациялық құрылысы қандай? Олардың иондарға ыдырау теңдеулерін жазыңыз.

99. Со(NО3)2 · CNS · 5NН3 тұзын Fe3+ - ионымен әрекеттестіргенде Fе(CNS)3 қосылыстың түзілуін дәлелдейтін бояу пайда болмайды. Аммиак пен кобальт-иондарына жасалатын сапалық реакциялар олардың жоқ екендігін көрсетеді. Зерттеулер тұздың үш ионға ыдырайтынын көрсетті. Бұл тұздың координациялық құрылысы қандай? Иондарға диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.

100. СоСl2 · NO3 · 5NН3 қосылысының жаңа дайындалған ерітіндісінің электр өткізгіштігін өлшеу оның 3 ионға ыдырайтынын көрсетеді. Сонымен қатар, АgNO3 ерітіндісі осы қосылыстың құрамындағы хлорды толық тұнбаға түсіреді. Бұл қосылыстың координациялық құрылысы қандай?

101.  Құрамы СоСО3Cl · 4NН3 тұздың ерітіндісінде СО - иондары мен NН3 анықталмайды. Тұздың құрамындағы хлор толығымен күміс хлоридінің түзілуіне жұмсалады. Электр өткізгіштігін өлшеу оның 2 ионға ыдырайтынын көрсетеді. Бұл тұздың координациялық құрылысы қандай? СО ионының дентаттылығы мен орталық атомның тотығу дәрежесін анықтаңыз.  

102. Бос аммиак пен кобальт иондары анықталмайтын  Со(NO2)3 · 4NН3 тұзының ерітіндісіне сірке қышқылын қосқанда нитрит-ионның тек біреуі  ғана ыдырап, азот оксидін бөліп шығарады. Электр өткізгіштігін өлшеу тұздың 2 ионға ыдырайтынын көрсетеді. Бұл тұздың құрылысы қандай?

103. АgСl ∙ 2NН3; АgСN ∙ КСN; АgNО2NаNО2 комплексті қосылыстарының координациялық формулаларын құрастырыңыз. Күміс (I) координациялық саны 2-ге тең. Осы қосылыстардың сулы ерітінділеріндегі диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

104. K4[Fе(СN)6]; K4iСl8]; K2gI4] қосылыстарындағы комплексті ионның зарядын, комплекс түзуші ионның тотығу дәрежесі мен координациялық санын анықтаңыз. Бұл қосылыстар сулы ерітінділерінде қалай диссоциацияланады?

105. Со3+, NН3, NО және K+ бөлшектерінен комплексті қосылыстардың 7 координациялық формуласын құрастыруға болады. Олардың біреуі - [Со(НN3)6](NО2)3. Қалған 6 қосылыстардың формулаларын құрастырып, олардың сулы ерітінділерінде диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

106. Комплекс түзуші иондары Сr3+, Нg2+, Fе3+ келесі [Сr(Н2О)4Сl2]; [НgВr4]; [Fе(СN)6] комплексті иондардың зарядын анықтаңыз. Осы комплексті иондардан тұратын қосылыстардың толық формулаларын жазыңыз.  

107. Комплекс түзуші иондары Сг3+, Рd2+, Ni2+ келесі [Сr(NН3)5(NО3)]; [Рd(NH3l3]; [Ni(CN)4] комплексті иондардың зарядын анықтаңыз. Осы комплексті иондардан тұратын қосылыстардың толық формулаларын жазыңыз.  

108. Сr3+, Н2О, Сl- және K+ бөлшектерінен комплексті қосылыстардың 7 координациялық формуласын құрастыруға болады. Олардың біреуі - [Сr2О)6]Сl3. Қалған 6 қосылыстардың формулаларын құрастырып, олардың сулы ерітінділерінде диссоциациялану теңдеулерін жазыңыз.

109.g(NН3)2]+; [Fе(СN)6]4-; [РtС16]2- комплексті иондарының тұрақсыздану константаларының теңдеулерін жазып, комплекс түзуші иондардың тотығу дәрежелері мен координациялық сандары анықтаңыз.  

110.  [Со(СN)412-; [НgN)4]2-; [СdN)4]2- комплексті иондарының тұрақсыздық константалары 8 ∙ 10-20;  4 ∙ 10-41; 1,4 ∙ 10-17 сәйкес келеді. Молярлы концентрациялары тең болғанда, СN- иондарының саны қай ерітіндіде ең жоғары болады? Комплексті иондардың тұрақсыздық константаларының теңдеулерін жазыңыз. 

111. [Ag(CN)2]-; g(NН3)2]+; [Аg(CNS)2]- комплексті иондарының тұрақсыздық константалары 1,0 ∙ 10-21; 6,8 ∙ 10-8; 2,0 ∙ 10-11 сәйкес келеді. Молярлы концентрациялары тең болғанда, Аg+ - иондарының саны қай ерітіндіде ең жоғары болады? Комплексті иондардың тұрақсыздық константаларының теңдеулерін жазыңыз. 

112. [Со(NН3)6]3+, [Fе(СN)6]4-, [Fе(СN)6]3- комплексті иондарының тұрақсыздық константалары 6,2 ∙ 10-39; 1,0 ∙ 10-37; 1,0 ∙ 10-44 сәйкес келеді. Бұл иондардың қайсысы ең берік болады? Комплексті иондардың тұрақсыздық константаларының теңдеулері мен келтірілген иондардан тұратын қосылыстардың формулаларын жазыңыз.

113. Координациялық саны 6 тең комплекс түзуші ионы Fе3+, ал лиганд – F- ионы болатын комплексті ионның формуласын жазыңыз. Бұл ионның заряды нешеге тең?   

114. Zn2+-ионының электрондық формуласын жазыңыз. Осы формулаға сүйене отырып, [Zn(NH3)4]2+ комплексті ионның құрылуына Zn2+ - ионның қай электрондық орбитальдары қатысады?

115. Аl(ОН)3 алюминий гидроксидін сілтінің артық мөлшерінде еріткенде, координациялық саны 6-ға тең гидроксоқосылыс түзіледі. Бұл қосылыстың формуласын жазыңыз.

116.  К2[Zn(ОН)4] комплексті қосылысы қандай молекулалардың әрекеттесуінен түзіледі? Бұл қосылыстың сулы ерітіндісіндегі диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.

117. К3l(ОН)6] қосылысындағы комплекс түзуші ион мен комплексті ионның зарядтарын анықтаңыз. Бұл қосылыстың сулы ерітіндісіндегі диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.

118. Н[АuСl4] комплексті қосылысындағы комплекс түзуші ионның заряды мен координациялық санын анықтаңыз. Бұл қосылыстың сулы ерітіндісіндегі диссоциациялану теңдеуін жазыңыз.

119. (NН4)3[Fе(СN)6] комплексті қосылысы қандай молекулалардың әрекеттесуінен түзіледі? Бұл қосылыстың диссоциациялану теңдеуі мен комплексті ионның тұрақсыздық константасының теңдеуін жазыңыз.

120. Н2[РtCl6]; [Аg(NН3)2]Cl; [Сu(NН3)4]SО4; K[Аl(ОН)4] қосылыстарында: a) комплекс түзуші ионды; б) комплекс түзуші ионның координациялық санын;  в) комплекс түзуші ионның зарядын;  г) лигандтерін анықтаңыз. Аммиактың комплексті қосылыстарда лиганд бола алатындығының себебі не?

 

 

 

5 Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химиялық ынтықтылық

 

121. Темір (III) оксидін бос күйіндегі алюминиймен тотықсыздан-дырғанда 335,1 г темір алынады. Реакцияда бөлінетін жылу мөлшерін есептеңіз. Жауабы: 2543,1 кДж.

122. С2Н5ОН газ тәрізді этил спиртін С2Н4 (г) этилен мен су буын әрекеттестіргенде алуға болады. Осы реакцияның жылу эффектісін есептеп, термохимиялық теңдеуін жазыңыз. Жауабы: -45,76 кДж.

123.  Келтірілген термохимиялық теңдеулерді ескере отырып, темір (II) оксидін сутегімен тотықсыздандыру реакциясының жылу эффектісін есептеңіз:

FeO(к) + СО(г) = Fe(к) + СО2(г);  ∆Н = -13,18 кДж;

СО(г) + ½О2 (г) = СО2(г);  ∆Н = -283,0 кДж;

Н2(г) + ½О2(г) = Н2О(г);  ∆Н  = -241,83 кДж.

Жауабы: +27,99 кДж.

124.  Газ тәрізді аммиак пен хлор сутегі әрекеттескенде кристалды аммоний хлориді түзіледі. Реакцияның жылу эффектісін есептеп, термохимиялық теңдеуін жазыңыз. Реакцияда 10 л аммиак жұмсалса қанша жылу бөлінеді (қ.ж.)? Жауабы: 78,97 кДж.

125. Қай реакцияның жылу эффектісі метанның түзілу жылуына тең? Келесі термохимиялық теңдеулерге сүйене отырып, метанның түзілу жылуын есептеңіз:

Н2(г) + ½О2(г) = Н2О(с);  ∆Н = -285,84 кДж;

С(к) + О2(г) = СО2(г);  ∆Н = - 393,51 кДж;

СН4(г) + 2О2(г) = 2Н2О(с) + СО2(г);  ∆Н  = -890,31 кДж.

Жауабы: -74,88 кДж.

126. Қай реакцияның жылу эффектісі кальций гидроксидінің түзілу жылуына тең? Келесі термохимиялық теңдеулерге сүйене отырып, кальций гидроксидінің түзілу жылуын есептеңіз:

Са(к) + ½О2(г) = СаО(к);  ∆Н = -635,60 кДж;

Н2(г) + ½О2(г) = Н2О(с);  ∆Н = -285,84 кДж;

СаО(к) + Н2О(с) = Са(ОН)2(к);  ∆Н = -65,06 кДж.

Жауабы: -986,50 кДж.

127. Су буы мен көміртегі диоксидінің түзілуіне әкелетін сұйық бензиннің жану реакциясының жылу эффектісі -3135,58 кДж тең. Бұл реакцияның термохимиялық теңдеуін құрастырып, С6Н6(с) түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: +49,03 кДж.

128. С2Н2 ацетиленнің  165 л жанғанда қанша жылу бөлінеді? Жану өнімдері - көміртегі диоксиді мен су буы. Жауабы: 924,88 кДж.

129. Газ тәрізді аммиак жанғанда су буы мен азот оксиді түзіледі. Қалыпты жағдайда 44,8 л NO алынғанда реакцияда қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 452,37 кДж.

130. 298 К-де Н2О2(с) = Н2O(с) + 1/2О2(г) реакциясының стандартты жылу эффектісі ― –98,8 кДж/моль-ге тең. Н2О2(с) стандартты түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: –187,0 кДж/моль.

131. 298 К-де СО(г) + 1/2О2(г) = СО2(г) реакциясының стандартты жылу эффектісі 1 моль СО есептегенде тең ― 283 кДж/моль СО. СО2(г) стандартты түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: –393,5 кДж/моль.

132. Метил спиртінің жану реакциясы СН3ОН(с) + 3/2О2(г) = СО2(г) + 2Н2О(с) термохимиялық теңдеуімен сипатталады. СН3ОН(с) молярлы бу түзілу жылуы +37,4 кДж тең. Осы реакцияның жылу эффектісін есептеңіз.

Жауабы: -726,62 кДж.

133.  Сұйық этил спиртінің 11,5 г жанғанда 308,71 кДж жылу бөлінеді. Су буы мен көміртегі диоксиді түзілетін реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, С2Н5ОН(с) түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: -277,67 кДж.

134. С2Н6(г) этанның 1 молінің жану реакциясының термохимиялық теңдеуін жазып, жылу эффектісін есептеңіз. Реакция нәтижесінде су буы мен көміртегі диоксиді түзіледі. Қалыпты жағдайға есептегенде 1 м3 этан жанғанда қанша жылу бөлінеді? Жауабы: 63742,86 кДж.

135. Аммиактың жану реакциясының термохимиялық теңдеуі:

4NH3(г) + 3О2(г) = 2N2(г) + 6Н2О(ж);  ∆Н = -1530,28 кДж.

NH3(г) түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: -46,19 кДж/моль.

136. 6,3 г темір күкіртпен әрекеттескенде 11,31 кДж жылу бөлінеді. Темір сульфидінің түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: -100,26 кДж/моль.

137.  СаО(к) мен Н2О(с)-дан кальций гидроксиді эквивалентінің молярлы массасын алғанда 32,53 кДж жылу бөлінеді. Реакцияның термохимиялық теңдеуін жазып, кальций оксидінің түзілу жылуын есептеңіз. Жауабы: -635,6 кДж.

138.  Fe3O4-тің көміртегі оксидімен тотықсыздануы Fe3O4(к) + СО(г) = 3FeO(к) + СО2(г) теңдеуі бойынша жүреді. ∆G есептеп, қалыпты жағдайда бұл реакцияның өздігінен жүре алатыны туралы қорытынды жасаңыз. Процестің энтропиясын (∆S) табыңыз.

Жауабы: +24,19 кДж; +31,34кДж/(моль·К).   

139. Ацетиленнің жану реакциясы С2Н2(г) + 5/2О2(г) = 2СО2(г) + Н2О(ж) теңдеуі бойынша жүреді. ∆G және ∆S табыңыз. Реакция нәтижесінде энтропияның мәні азаяды. Неліктен?

Жауабы: -1235,15 кДж; -216,15 Дж/(моль·К).

140. а) Су – буға; б) графит – алмазға айналғанда энтропияның мәні азая ма, арта ма? Неліктен? Әр айналудың ∆S есептеңіз. Фазалық және аллотропиялық айналдырулардағы энтропияның сандық өзгеруі туралы қорытынды жасаңыз. Жауабы: а) 118,78 Дж/(моль·К); б) -3,25 Дж/(моль·К).

141.  Қалыпты жағдайда 2NO(г) + О2(г) = 2NO2(г) жүйесінде қандай реакция жүреді: тура ма, кері ме? Жауабыңызды, тура реакцияның ∆G0298  есептеп, дәлелдеңіз. Жауабы: -69,70 кДж.

142. Берілген заттардың абсолюттік стандартты энтропиялары және стандартты түзілу жылулары мәндеріне сүйене отырып, NH3(г) + НСl(г) = NH4Cl(к) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆G есептеңіз. Қалыпты жағдайда бұл реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: -92,08 кДж.

143. СО(г) + 2Н2(г) = СН3ОН(с);  ∆Н = -128,05 кДж

жүйесінде тепе-теңдік қандай температурада орнайды? Жауабы: Т ≈ 385,5 К.

144. СН4(г) + СО2(г) = 2СО(г) + 2Н2(г);  Н = +247,37 кДж 

жүйесінде тепе-теңдік қандай температурада орнайды? Жауабы: T ≈ 961,9 К.

         145. Берілген заттардың абсолюттік стандартты энтропиялары және стандартты түзілу жылулары мәндеріне сүйене отырып, 4NH3(г) + 5О2(г) = 4NO(г) + 6Н2О(г) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆G есептеңіз. Қалыпты жағдайда бұл реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: -957,77 кДж.

146.  Берілген заттардың абсолюттік стандартты энтропиялары және стандартты түзілу жылулары мәндеріне сүйене отырып, СО2(г) + 4Н2(г) = СН4(г) + 2Н2О(с) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆G есептеңіз. Қалыпты жағдайда бұл реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: -130,89 кДж.

147. Fе2О3(к) + 3Н2(г) = 2Fe(к) + 2Н2О(г) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆Н°, ∆S° жәнеG есептеңіз. 500 және 2000 К-де темір (III) оксидінің сутегімен тотықсыздануы мүмкін бе?

Жауабы: +96,61 кДж; 138,83 Дж/К; 27,2 кДж; -181,05 кДж.

148.   ВеСО3, СаСО3 немесе ВаСО3 карбонаттарының қайсысын оларға сәйкес келетін оксидтерді көміртегі диоксидімен әрекеттестіріп алуға болады? Реакциялардың қайсысы белсенді жүреді? Реакцияның G  есептеп, қорытынды жасаңыз.

Жауабы: +31,24 кДж; -130,17 кДж; -216,02 кДж.

         149. Берілген заттардың абсолюттік стандартты энтропиялары және стандартты түзілу жылулары мәндеріне сүйене отырып, СО(г) + 3Н2(г) = СН4(г) + Н2О(г) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆G есептеңіз. Қалыпты жағдайда бұл реакция өздігінен жүре ме? Жауабы: -142,16 кДж.

150. ТiO2(к) + 2С(к) = Ti(к) + 2СО(г) теңдеуі бойынша жүретін реакцияның ∆Н°, ∆S° және ∆G° есептеңіз. 1000 және 3000 К-де титан диоксидінің көміртегімен тотықсыздануы мүмкін бе?

Жауабы:  +722,86 кДж;  364,84 Дж/К;  +358,02 кДж;  -371,66 кДж.

 

 

6 Химиялық кинетика және тепе-теңдік

 

151. Күкірт және оның оксидінің тотығуы a) S(к) + О2 = SO2(г);  б) 2SO2(г) + О2 = 2SO3(г) теңдеулері бойынша жүреді. Жүйелердің көлемін төрт есе азайтса, реакциялардың жылдамдығы қалай өзгереді?

152. Химиялық реакцияның жылдамдығы деген не? Оның өлшем бірлігі не? Әрекеттесуші заттардың концентрациялары артқанда реакция жылдамдығы неліктен өседі? Температура артқанда реакция жылдамдығы неліктен өседі?

153.   N2 + 3Н2 = 2NH3 гомогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы теңдеуін жазыңыз. Сутегінің концентрациясы үш есе артқанда, аммиактың түзілу тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді?

154. Реакция N2 + О2 = 2NO теңдеу бойынша жүреді. Реакция басталмай турғанда бастапқы заттардың концентрациялары [N2] = 0,049 моль/л, [О2] = 0,01 моль/л тең болды. [NO] = 0,005   моль/л тең болғанда, бұл заттардың концентрацияларын есептеңіз.  

Жауабы: [N2] = 0,0465 моль/л;  2] = 0,0075 моль/л.

155. Реакция N2 + 3Н2 = 2NH3 теңдеу бойынша жүреді. Әрекеттесуші заттардың концентрациялары (моль/л): [N2] = 0,80; [Н2] = 1,5; [NH3] = 0,10. [N2] = 0,5 моль/л  тең болғанда сутегі мен аммиактың концентрацияларын есептеңіз. Жауабы: [NH3] = 0,70 моль/л; [Н2] = 0,60 моль/л.

156. Реакция Н2 + I2 = 2HI теңдеуі бойынша жүреді. Реакцияның жылдамдық тұрақтысы кейбір температурада 0,16-ға тең. Әрекеттесуші заттардың бастапқы концентрациялары (моль/л): [Н2] = 0,04; [I2] = 0,05 тең. [Н2] = 0,03 моль/л тең болғанда жылдамдығын және реакцияның бастапқы жылдамдығын табыңыз. Жауабы: 3,2 · 10- 4; 1,92 · 10-4.

157. Температура 330-дан 400 К-ге дейін артқанда, реакцияның жылдамдық тұрақтысы 105 есе артты. Реакцияның активтендіру энергиясын есептеңіз. Жауабы: 191 кДж/моль.

158. Температура 500-ден 1000 К-ге дейін артқанда, реакцияның жылдамдық тұрақтысы 100 есе артты. Реакцияның активтендіру энергиясын есептеңіз. Жауабы: 38,2 кДж/моль.

159. Температураны 500-ден 1000 К-ге дейін артқанда, реакцияның жылдамдық тұрақтысы 105 есе артты. Реакцияның активтендіру энергиясын есептеңіз. Жауабы: 95,5 кДж/моль.

160. Температураны 120-дан 80°С-ге дейін төмендеткенде, газды фазада өтетін реакцияның жылдамдығы қанша есе азаяды? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 3-ке тең.

161. Температураны 60°С-ге артса, газды фазада өтетін реакцияның жылдамдығы қалай өзгереді? Реакция жылдамдығының температуралық коэффициенті 2-ге тең.

162. Химиялық реакцияның жылдамдық тұрақтысына температураның әсері. Аррениус теңдеуі.

163.  Қайтымды және қайтымсыз химиялық реакциялар. Ле-Шателье принципінің маңызы.

164. СО + Сl2 = СОСl2 гомогенді жүйеде әрекеттесуші заттардың тепе-теңдік концентрациялары (моль/л): [СО] = 0,2; [Cl2] = 0,3; [СОСl2] = 1,2 тең. Сl2 мен СО-ның бастапқы концентрациялары мен жүйенің тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.

Жауабы: К = 20; [Cl2]баст = 1,5 моль/л; [СО]баст = 1,4  моль/л.

165. А + 2В = С гомогенді жүйеде әрекеттесуші газдардың тепе-теңдік концентрациялары (моль/л): [А] = 0,06; [В] = 0,12; [С] = 0,216 тең. А және В заттарының бастапқы концентрациялары мен жүйенің тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.

166.  А + В = С + D гомогенді газды жүйеде тепе-теңдік газдардың  концентрациялары (моль/л): [В] = 0,05 және [С] = 0,02 тең болғанда орнады. Жүйенің тепе-теңдік тұрақтысы 0,04 тең. А және В заттардың бастапқы концентрацияларын есептеңіз.

Жауабы: [А]баст = 0,22 моль/л; [В]баст = 0,07 моль/л.

167. 2N2О = 2N2 + О2 теңдеуі бойынша жүретін реакцияның N2O азот оксидінің ыдырау реакциясы жылдамдығының тұрақтысы 5 · 10-4 тең. N2O бастапқы концентрациясы 6,0 моль/л тең. Реакцияның: а) бастапқы жылдамдығын; б) 50% N2O ыдырағандағы жылдамдығын есептеңіз.

 Жауабы: 1,8 · 10-2; 4,5 · 10-3.

168. СО2 + С = 2СО гетерогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысының теңдеуін жазыңыз. СО2 концентрациясын төрт есе азайтса, СО түзілу тура реакциясының жылдамдығы қалай өзгереді? СО шығымын арттыру үшін қысымды қалай өзгерту керек?

169. С + Н2О(г) = СО + Н2 гетерогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысының теңдеуін жазыңыз. Тепе-теңдікті кері реакция - су буының түзілу жағына қарай ығыстыру үшін концентрация мен қысымды қалай өзгерту керек?

170. 4НСl(г) + О2 = 2О(г) + 2Сl2(г) гомогенді реакциясының тепе-теңдігі әрекеттесуші заттардың келесі концентрацияларында орнады  (моль/л): [Н2О]т-т = 0,14; [Сl2]т-т = 0,14; [НСl]т-т = 0,20; [О2]т-т = 0,32. Хлорлы сутек пен оттегінің бастапқы концентрацияларын есептеңіз. 

Жауабы: [НСl]баст = 0,48 моль/л; [О2]баст = 0,39 моль/л.

171. 1000 К-де химиялық реакцияның стандартты Гиббс энергиясын есептеңіз. Тепе-теңдік тұрақтысы 1010 тең. Жауабы: –191,1 кДж/моль.

172. СО(г) + Н2О(г) = СО2(г) + Н2(г) гомогенді жүйесінде әрекеттесуші заттардың тепе-теңдік концентрациялары (моль/л): [СО]т-т = 0,004; [Н2О]т-т = 0,064; [CO2]т-т = 0,016; [Н2]т-т = 0,016 тең. Жүйенің тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз. СО мен судың бастапқы концентрацияларын табыңыз.

Жауабы: К = 1; [Н2О]баст = 0,08 моль/л; [СО]баст = 0, 02 моль/л.

173. СО(г) + Н2О(г) = СО2 (г) + Н2(г) гомогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы кейбір температурада 1-ге тең. Бастапқы концентрациялары [СО]баст = 0,10 моль/л; [Н2О]баст = 0,40 моль/л  тең болғанда әрекеттесуші заттардың тепе-теңдік концентрацияларын есептеңіз.

Жауабы: [СО2]т-т = [Н2]т-т = 0,08 моль/л; [СО]т-т = 0,02 моль/л; [Н2О]т-т = 0,32 моль/л.

174. N2 + 3H2 = 2NH3 гомогенді жүйесінің тепе-теңдік тұрақтысы кейбір температурада 0,1-ге тең. Сутегі мен аммиактың тепе-теңдік концентрациялары 0,2 және 0,08 моль/л тең. Азоттың бастапқы және тепе-теңдік концентрацияларын есептеңіз.

Жауабы: [N2]т-т = 8 моль/л; [Н2]баст = 8,04 моль/л.

175. Химиялық реакциялардың реті мен молекулалығы деген не? Бірінші және екінші ретті реакциялардың мысалдарын келтіріңіз.

176. 0,08 моль/л SO2 мен 0,06 моль/л О2 араластырады. 2SO2(г) + O2(г) = 2SO3(г) реакциясы тұрақты температурада жабық ыдыста өтеді. Тепе-теңдік орнаған кезде қоспада SO2-нің бастапқы мөлшерінен 20% қалады. Химиялық реакцияның тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз. Жауабы: ≈ 5,7 ∙102.

177. Н2(г) + I2(г) = 2НI(г) химиялық реакциясының тепе-теңдік тұрақтысы кейбір температурада 4 тең. Н2 мен I2 бастапқы концентрациялары 0,030 пен 0,012 моль/л тең болғанда, HI-тың тепе-теңдік концентрациясын есептеңіз. Жауабы: 1,71 ∙ 10-2 моль/л.

178. 2NO + О2 = 2NO2 гомогенді жүйесінде кейбір температурада әрекеттесуші заттардың концентрациялары (моль/л): [NO]т-т = 0,2; [О2]т-т = 0,1; [NO2]т-т = 0,1 тең болғанда тепе-теңдік орнайды. NO мен О2 бастапқы концентрациялары мен тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.

Жауабы: К = 2,5; [NO]баст = 0, 3 моль/л; [О2]баст = 0,15 моль/л.

179. Қысым өзгергенде N2 + 3Н2 = 2NH3 жүйесінің тепе-теңдігі ығысып, ал  N2 + О2 = 2NO жүйесінде – ығыспайды. Неліктен? Жауабыңызды қысым өзгертілмегенде және өзгертілгенде тура және кері реакциялардың жылдамдықтарын есептеп, дәлелдеңіз. Берілген жүйелердің тепе-теңдік тұрақтыларының теңдеулерін жазыңыз.

180. 2NO + Cl2 = 2NOCl гомогенді жүйесінде [NO]баст = 0,5 моль/л,  [С12]баст = 0,2 моль/л. Тепе-теңдік орнаған кезде, азот оксидінің 20% реакцияға түсті. Тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз. Жауабы: 0,416.

 

 

7 Химиялық эквивалент. Ерітінділердің концентрациясы

 

181. Метал эквивалентінің 2 молі түзілсе реакцияға қанша грамм натрий гидроксиді қатысады?

182. Қалыпты жағдайда 5,6 л сутегі бөлінсе, қышқылмен әрекеттесу реакциясына метал эквивалентінің қанша молі қатысты?

183. Қалыпты жағдайда күкірттің 8 г сутегімен әрекеттескенде күкіртті сутек эквивалентінің қанша молі түзіледі?

184. Қалыпты жағдайда металдың 8,34 г оттегінің 0,68 л-мен тотығады. Металл +2 тотығу дәрежесіне дейін тотығады. Бұл қандай металл?

185. Күкірт пен екі валентті металдың 7 г әрекеттескенде 11 г сульфиді түзіледі. Бұл қандай металл?

186. Массалары 1 г алюминий мен 1 г мырышты тұз қышқылында ерітті. Бірінші және екінші жағдайда бөлінетін сутегінің көлемдері бірдей бола ма? Жауабыңызды есептеп, дәлелдеңіз.

187. 291 К мен 101,3 кПа сутегінің 119,4 мл бөлінсе, қышқылда мырыштың қандай массасын ерітті?

188. Алюминий сульфатының 20% ерітіндісінің молярлы концентрациясы мен эквивалентінің молярлы концентрациясы есептеңіз. Ерітіндінің тығыздығы 1,23 г/мл. Жауабы: 4,32 моль/л; 0,72 моль/л.

189. Күкірт қышқылының 20% ерітіндісінің (тығыздығы 1,15 г/мл) титрі мен эквивалентінің молярлы концентрациясын есептеңіз.

Жауабы: Т = 0,230 г/мл; 4,69 моль/л.

190. 450 мл суда натрий гидроксидінің 50 г ерітті. Ерітіндінің тығыздығы 1,05 г/мл. Ерітіндінің массалық (проценттік) үлесі мен титрін есептеңіз. Жауабы: 10%; Т = 0,1050 г/мл.

191. Тығыздығы 1,178 г/мл кальций хлориді 20% ерітіндісінің молярлы және эквивалентінің молярлы концентрацияларын есептеңіз.

Жауабы: 2,1 моль/л; 4,2 моль/л.

192. Тығыздығы 1,328 г/мл тең 30%-тік NaOH ерітіндісінің эквивалентік молярлы концентрациясын есептеңіз. Осы ерітінідінің 1 л судың 5 л қосты. Ерітіндінің массалық (проценттік) үлесін табыңыз.

Жауабы: 9,96 моль/л; 6,3%.

193. 10% HNO3 ерітіндісінің 3 л (тығыздығы 1,054 г/мл) осы қышқылдың 2% ерітіндісінің 5 л (тығыздығы 1,009 г/мл) қосты. Алынған 8 л  ерітіндінің массалық (проценттік) және молярлы концентрацияларын есептеңіз. Жауабы: 5,0%; 0,82 моль/л.

194. Тығыздығы 1,12 г/мл тең HNO3 20,8%-тік ерітіндісінің молярлы және моляльді концентрацияларын есептеңіз. Осы ерітіндінің 4 л қанша грамм қышқыл бар? Жауабы: 3,70 моль/л; 4,17 моль/л; 931,8 г.

195. Тығыздығы 1,149 г/мл тең 16%-тік алюминий хлориді ерітіндісінің молярлы, моляльді және эквивалентінің молярлы концентрацияларын есептеңіз. Жауабы: 4,14 моль/л; 1,43 моль/кг; 1,38 моль/л.

196. Сэ = 0,3 моль/л тең H2SO4-тің 75 мл Сэ = 0,2 моль/л KОН ерітіндісінің 125 мл қосқанда, артық мөлшерде қандай зат және қанша қалады? Жауабы: 0,14 г KОН.

197. 100 мл AgNO3 ерітіндісіндегі күмістің барлығын AgCl күйінде тұндыру үшін Сэ = 0,2 моль/л HCl-дың 50 мл керек. AgNO3 ерітіндісі эквивалентінің молярлы концентрациясын табыңыз. AgCl неше грамы тұнбаға түседі? Жауабы: 0,1 моль/л; 1,433 г.

198. 1 л 10,17%-тік (тығыздығы 1,050 г/мл) ерітіндіні дайындау үшін 20,01%-тік тұз қышқылының (тығыздығы 1,100 г/мл) қандай көлемін алу керек? Жауабы: 485,38 мл.

199. НNО3 10%-тік ерітіндісінің 10 мл (тығ. 1,056 г/мл) 30%-тік ерітіндісінің (тығ. 1,184 г/мл) 100 мл қосты. Алынған ерітіндінің массалық (проценттік) үлесін есептеңіз. Жауабы: 28,38%.

200. 5 л 2%-тік ерітінді (тығ. 1,02 г/мл) дайындау үшін 10%-тік натрий  карбонаты ерітіндісінің (тығ.1,105 г/мл) қандай көлемін алу керек?

Жауабы: 923,1 мл.

201. 40 мл-де 0,32 г NaOH бар ерітіндіні бейтараптау үшін Сэ = 0,3 моль/л қышқыл ерітіндісінің қандай көлемін алу керек? Жауабы: 26,6 мл.

202. 1 литрінде 1,4 г KОН бар ерітіндіні бейтараптауға 50 мл қышқыл қажет. Қышқыл ерітіндісінің эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз. Жауабы: 0,5 моль/л.

203. 35 мл Сэ = 0,4 моль/л NaOH ерітіндісімен HNO3 ерітіндісін бейтараптады. Азот қышқылының ерітіндідегі массасын табыңыз. NaOH ерітіндісінің  титрі нешеге тең? Жауабы: 0,882 г; 0,016 г/мл.

204. 20% ерітінді алу үшін, судың 400 г NaNO3 қандай массасын еріту керек? Жауабы: 100 г.

205. 700 г 60%-тік күкірт қышқылын, буландырып, 200 г су кетірілді. Қалған ерітіндінің массалық үлесін табыңыз. Жауабы: 84%.

206. 10 кг 20%-тік ерітіндіні салқындатқанда 400 г тұз бөлінді. Салқындатылған ерітіндінің массалық үлесін табыңыз. Жауабы: 16,7%.

207. См = 0,2 моль/л NH4Cl ерітіндісінің 500 мл дайындау үшін аммоний хлоридінің қандай мөлшерін алу керек? Ерітіндінің титрі мен эквиваленттік молярлы концентрациясын есептеңіз.

Жауабы: 5,35 г; 0,0107 г/мл; 0,2 моль/л;

208. Кальций хлориді ерітіндісінің титрі 0,0222 г/мл тең. Ерітіндінің молярлы және эквиваленттік молярлы концентрацияларын есептеңіз. Жауабы: 0,4 моль/л; 0,2 моль/л.

209. 278 К мен 101,3 кПа сутегінің 91,6 мл бөлінсе, қышқылда мырыштың қандай массасын ерітті?

210. Сутегі мен азоттың әрекеттесу реакциясында аммиак эквивалентінің 6 молі алынды. Қалыпты жағдайда сутегі мен азоттың қандай көлемдері реакцияға түсті?

 

 

8 Электролиттер ерітінділері

 

211. FeCl3 пен  Na2CO3 араластырғанда тұздардың әр қайсысы негіз бен қышқылдың түзілуімен аяғына дейін қайтымсыз гидролизденеді. Бірлескен гидролиздің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін жазыңыз.

212. Nа2СО3 ерітіндісіне келесі заттарды қосты: a) HCl; б) NaOH; в) Сu(NО3)2; г) K2S. Қай жағдайда натрий карбонатының гидролизі күшееді? Неліктен? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

213. Na2S, AlCl3, NiSO4 тұздары ерітінділерінің қышқылдығы қандай болады (7 < рН < 7)? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

214. Pb(NO3)2, Na23, FeSO4 тұздары гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз. Ерітінділерінің қышқылдығы қандай болады (7 < рН < 7)?

215. СН3СООK, ZnSO4, Аl(NО3)3 тұздары гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз. Ерітінділерінің қышқылдығы қандай болады (7 < рН < 7)?

216. Na3PO4, K2S, CuSO4 ерітінділерінің қышқылдығы қандай болады (7 < рН < 7)? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

 217. NaBr, Na2S, К2СО3, СоСl2 тұздарының қайсысы гидролизге ұшырайды? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз. Тұздар ерітінділерінің қышқылдығын анықтаңыз (7 < рН < 7).

 218. NaCN мен NaClO; MgCО3 пен ZnCl2  жұп тұздардың қайсысы гидролизге көбірек ұшырайды? Неліктен? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

 219. Ерітіндісінің реакциясы: а) негіздік; б) қышқылдық болатын  тұз гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз.

220. К2СО3, FeCl3, K2SO4, ZnCl2 тұздарының қайсысы гидролизге ұшырайды? Тұздар гидролизінің иондық-молекулалық және молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз. Тұздар ерітінділерінің қышқылдығын анықтаңыз (7 < рН < 7).

221. См = 0,01 моль/л СН3СООН ерітіндісіндегі сутегі иондарының концентрациясын есептеңіз. Жауабы: 4,24 ∙ 10-4 моль/л.

222. 298 К судағы Н+ және ОН- иондарының концентрацияларын есептеңіз. Жауабы: 10-7 моль/л.

223. См = 0,01 моль/л NaOH ерітіндісіндегі Н+ және ОН- иондарының активтіліктерін есептеңіз. Жауабы: 1,09 ∙ 10-2 моль/л;  9,2 ∙ 10-3 моль/л.

224. Сэ = 0,001 моль/л НCl ерітіндісіндегі Н+ және ОН- иондарының активтіліктерін есептеңіз. Жауабы: 0,98 · 10-3 моль/л; 1,02 ∙ 10-11 моль/л.

225. См = 0,005 моль/л NH4OH ерітіндісіндегі NH - иондарының концентрациясын есептеңіз. Жауабы: 3 10-4 моль/л.

226. Концентрациялары 1 моль/л; 0,1 моль/л; 0,01 моль/л сірке қышқылының диссоциациялану дәрежесі 0,42; 1,34; 4,25% сәйкес келеді. Берілген концентрациялардығы ерітінділердің диссоциациялану тұрақтыларын есептеп, Кд ерітіндінің концентрациясына тәуелсіз екендігін дәлелдеңіз.

227.  Фосфор қышқылының бірінші сатысындағы диссоциациялану дәрежесі 7,11 · 10-3 тең. Диссоциацияланудың қалған сатыларын ескермей, концентрациясы 0,5 моль/л ерітіндідегі сутегі иондарының концентрациясын есептеңіз.

228. Азотты қышқылдың диссоциациялану тұрақтысы 5,1 · 10-4 тең. НNO2 0,01 молярлы ерітіндісіндегі диссоциациялану дәрежесі мен сутегі иондарының концентрациясын есептеңіз.

229.  Сэ = 1 моль/л HCN ерітіндісіндегі сутегі иондарының концентрациясы нешеге тең, егер Кд = 4,9 · 10-10? Берілген ерітіндінің 1,5 л CN- иондарының концентрациясын табыңыз.

230. НС7Н5О2 бензой қышқылындағы сутегі иондарының концентрациясы 3 · 10-3 моль/л тең. Кд = 6,14 · 10-5 тең болғанда, ерітіндінің концентрациясын табыңыз (моль/л мен г/л).

231. Көмір қышқылы бірінші сатысында Н2СО3 Н+ + НСО  теңдеу бойынша диссоциацияланады. 0,005 молярлы ерітіндісінде сутегі иондарының концентрациясы 4,25 · 10-5 моль/л тең. Бірінші сатысындағы Н2СО3-тің  диссоциациялану тұрақтысын анықтаңыз.

232. 0,12 М АgNO3 диссоциациялану дәрежесі 60% тең. Аg+ және NO иондарының концентрацияларын есептеңіз (моль/л және г/л).

233. Рb(NO3)2 ерітіндісіндегі NO -иондарының концентрациясы 2,232 г/л тең. Тұздың диссоциациялану дәрежесі 72 % тең. Қорғасын нитраты ерітіндісінің молярлы концентрациясын табыңыз.

234.  0,01 моль/л NaOH пен 0,01 моль/л NH4OH ерітінділерінің рН табыңыз. Жауабы: 11,96; 10,63.

235.  0,05 моль/л HCl мен 0,05 моль/л СН3СООН ерітінділерінің рН табыңыз. Жауабы: 1,37; 3,03.

236. КОН ерітіндісінің титрі  0,00028 г/мл тең. Ерітіндінің рН табыңыз. Жауабы: 11,63.

237. Натрий гидроксидінің 200 мл 0,2 г NaOH ерітілді. Ерітіндінің рН нешеге тең?  Жауабы: 12,34.

238. Судың 250 мл 1,62 г Са(НСО3)2 ерітілген ерітіндінің иондық күшін анықтаңыз.

239. 2,08 г ВаСl2 мен 5,85 г NaCl 500 г суда ерітілген. Ерітіндінің иондық күшін табыңыз.

240. Аl2(SO4)3 0,005 молярлы ерітіндісінің активтілігін анықтаңыз. Аl3+ және SO - иондарының активтілік коэффициенттері 0,285 пен 0,495 тең.

 

 

9 Осмос пен осмостық қысым. Рауль заңдары. Криоскопия және эбулиоскопия

 

241. 0°С 1 литрінде 18,4 г С3Н8О3 (глицерин) бар ерітіндінің осмостық қысымын табыңыз. 

242. 25°С ерітіндінің 1 л 6,84 г қант (С12Н22О11) және 1,38 г этил спирті (С2Н5ОН) бар. Ерітіндінің осмостық қысымы нешеге тең?

243. 0°С қанттың (С12Н22О11) осмостық қысымы 3,55 · 105 Па тең. Ерітіндінің 1 литріндегі қанттың массасын табыңыз.

244. Бейэлектролиттің молекулалық массасы 123,11 тең. 20°С ерітіндінің  қысымы 4,56 · 105 Па болу үшін, 1 л ерітіндіде бейэлектролиттің массасы қандай болу керек?

245. Ерітіндінің 0,5 л 2 г бейэлектролит бар. 0°С ерітіндінің осмостық қысымы 0,51 · 105 Па тең. Бейэлектролиттің молекулалық массасын табыңыз.

246. а) 0°С; б) 18°С-де 1 л ерітіндіде 0,2 моль бейэлектролит бар. Ерітіндінің осмостық қысымын табыңыз.

247. 0 және 30°С-де 0,5 л бейэлектролит ерітіндісінде 1,52 · 1023 молекула бар. Ерітіндінің осмостық қысымын табыңыз.

248. 9 г глюкозаны (С6Н12О6) 1 л ерітіндіде ерітті. Қысымы осы ерітіндінің қысымына тең болу үшін, 1 л ерітіндіде СН3ОН метил спиртінің қандай массасын еріту керек?

249. 30 °С су буының қысымы 4245,2 Па тең. Қысымы одан 33,3 Па төмен болу үшін, 800 г суда қанттың (С12Н22О11) қандай массасын  еріту керек? Ерітіндідегі қанттың массалық үлесін (%) есептеңіз.

250. Бу қысымының төмендеу мөлшері таза еріткіш бу қысымының 5 % тең болғанда, глюкозаның сулы ерітіндісіндегі массалық үлесін анықтаңыз. Еріген заттың  еріткішке моль санының қатынасын табыңыз. 

251. 30°С эфир буының қысымы 8,64 · 104 Па тең. берілген температурада қысымды 2666 Па төмендету үшін, эфирдің 50 молінде бейэлектролиттің қандай мөлшерін еріту керек? 

252. 50°С су буының қысымы 12334 Па тең. Судың 900 г этиленгликольдің (С2Н4(ОН)2) 50 г бар ерітіндінің бу қысымын есептеңіз.  

253. 100°С-де судың 100 грамында бейэлектролиттің 1,212 · 1023 молекуласы бар ерітіндінің бетіндегі еріткіштің бу қысымын анықтаңыз. Су буының қысымы 100°С 1,0133 · 105 Па тең.

254. 80°С-де бейэлектролит сулы бу қысымы 33310 Па тең. Ерітіндідегі еріген заттың 1 моліне судың қандай мөлшері келеді? Берілген температурада бу қысымы 47375 Па тең.

255. 65°С-де су буының қысымы 25003 Па тең. Берілген температурада 90 г суда 34,2 г қанты (С12Н22О11) бар ерітіндінің бетіндегі су буының қысымын анықтаңыз. 

256. 100°С-де 108 г суда 27 г глюкозасы бар ерітіндінің бетіндегі су буының қысымы 98775,3 Па тең. Глюкозаның молекулалық массасын табыңыз.

257. С6Н12О6  массалық үлесі 10% тең. Глюкозаның сулы ерітіндісінің қайнау температурасын анықтаңыз.

258. 20 г бензолда 0,162 г күкірті бар ерітінді таза бензолға қарағанда, 0,081°С жоғары температурада қайнайды. Ерітіндідегі күкірттің молекулалық массасын анықтаңыз. Күкірттің бір молекуласында қанша атом бар?  

259. 20 г эфирде 1 г нафталині бар ерітіндінің қайнау температурасын табыңыз. Эфирдің қайнау температурасы 35,60°С, Кэ = 2,16.   

260. 30 г суда 1,05 г бейэлектролиті бар ерітінді -0,7°С-де қатады. Бейэлектролиттің молекулалық массасын табыңыз.

261. 1 л суда 2,02 · 1023 молекуласы бар бейэлектролит ерітіндісінің қату температурасын анықтаңыз. 

262. Зат құрамына кіретін көміртек, сутек және күкірттің массалық үлестері  39,34; 8,20 және 52,46% сәйкес келеді. 26 г бензолда осы заттың 0,2 г бар ерітіндісі таза бензолдікінен 0,318°С төмен температурада қатады. Заттың формуласын анықтаңыз.

263. 9,2 г йод пен 100 метил спиртінен туратын ерітінді, 65,0°С қайнайды.  Еріген күйдегі иод молекуласы қанша атомнан тұрады? Спирттің қайнау температурасы 64,7°С, ал оның эбулиоскопиялық тұрақтысы Кэ = 0,84.

264.  4 л суда 500 г этиленгликоль (С2Н4(ОН)2) бар ерітіндінің қату температурасын табыңыз.

265. Ерітінді С12Н22О11-тің массалық үлесі 50% тең қант ерітіндісіне изотонды. Қант ерітіндісінің температурасы 50°С, тығыздығы 1230 кг/м3 тең.

КNO3-тің  9 · 10-4 моль/л  ерітіндісінің изотондық коэффициентін табыңыз.

266. 90°С-де 90 г суда 66,6 г СаCl2 бар ерітіндінің бетіндегі бу қысымы  56690 Па тең. Берілген температурада су буының қысымы 70101 Па тең болғанда, изотондық коэффициент нешеге тең болады? 

267. 900 г Н2О 178,5 г KBr бар ерітіндінің изотондық коэффициенті 1,7 тең. 50°С-де су буының қысымы 12334 Па тең болғанда, осы ерітіндінің бетіндегі су буының қысымын анықтаңыз.

268. Судың 500 г 16,05 г Ва(NO3)2 тұзы бар ерітінді 100,122°С-де қайнайды. Ерітіндінің изотондық коэффициентін есептеңіз.

269. Тұз қышқылы сулы ерітіндісінің изотондық коэффициенті 1,66  тең (ω = 6,8%). Ерітіндінің қату температурасын есептеңіз.

270. Сэ = 1 моль/л HNO3 ерітіндісінің изотондық коэффициенті 1,03 тең. Ерітіндінің 10-3 литрінде қанша еріген бөлшек бар?

 

 

10 Тотығу-тотықсыздану реакциялары

 

271. НСl, НСlО3, НСlO4 қосылыстарындағы хлордың тотығу дәрежесіне сүйене отырып, заттардың қайсысы: а) тек қана тотықтырғыш; б) тек қана тотықсыздандырғыш; в) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады? Неліктен?

KBr + KвrO3 + H2SO4 → Br2 + K2SO4 + Н2О реакция теңдеуіндегі коэффициенттерді электрондық теңгерім әдісімен табыңыз.

 272. Реакциялардың сұлбалары:

Р + НIO3 + Н2О → Н3PО4 + HI;

H2S + Cl2 + Н2ОH2SO4 + HCl.

Электрондық теңдеулерді құрастырып, реакция теңдеулеріндегі коэффициенттерді қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

         273. As3-As3+; N3+N3-; S2-S0 айналу сызбанұсқаларында қандай процестер (тотығу, тотықсыздану) жүреді? Электрондық теңдеулерді құрастырыңыз. Электрондық теңдеулерге сүйене отырып,  Na2SO3 + KMnO4 + + Н2О → Na2SO4 + MnO2 + KОН сызбанұсқасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

274. РН3, Н3РО4, Н3РО3 қосылыстарындағы фосфордың тотығу дәрежесіне сүйене отырып, заттардың қайсысы: а) тек қана тотықтырғыш; б) тек қана тотықсыздандырғыш; в) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болады? Неліктен? Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, PbS + HNO3 S + Pb(NO3)2 + NO + Н2О сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

275. Р + HNO3 + Н2О → Н3РО4 + NO;

KMnO4 + Na2SO3 + KОН → K2MnO4 + Na2SO4 + Н2О реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

276.  Mn6+ → Mn2+;  Cl5+ → Сl;  N3- → N5+ айналу сұлбасында қандай процестер (тотығу, тотықсыздану) жүреді? Электрондық теңдеулерді құрастырыңыз. Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, Сu2О + HNO3Cu(NO3)2 + NO + Н2О сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

277. HNO3 + Са NH4,NO3 + Ca(NO3)2 + Н2О;

K2S + KMnO4 + H2SO4 → S + K2SO4 + MnSO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

278. K2Cr2О7, KI және H2SO3 қосылыстарындағы хром, иод және күкірттің тотығу дәрежелеріне сүйеніп, заттардың қайсысы: а) тек қана тотықтырғыш; б) тек қана тотықсыздандырғыш; в) тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та болатынын анықтаңыз. Неліктен? Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, NaClO2 + РbО2 + NaOH → Na2CrO4 + Na2PbO2 + H2O сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін табыңыз.

279. H2S + Cl2 + H2O H2SO4 + HCl;

K2Cr2O7 + H2S + H2SO4 → S + Cr2(SO4)3 + K2SO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

280. KClO3 + Na2SO3 → KCl + Na2SO4;

KMnO4 + HBr → Br2 + KBr + MnBr2 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

281. P + HClO3 + H2O H3PO4 + HCl;

H3AsО3 + KMnO4 + H2SO4 → H3AsO4 + MnSO4 + K2SO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

282. NaCrO2 + Вr2 + NaOH Na2CrO4 + NaBr + H2O;

FeS + HNO3 → Fe(NO3)2 + S + NO + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

283. HNO3 + Zn N2O + Zn(NO3)2 + H2O;

FeSO4 + KClO3 + H2SO4 Fe2(SO4)3 + KCl + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

284. K2Cr2O7 + HCl → Cl2 + CrCl3 + KCl + H2O;

Au + HNO3 + HCl → AuCl3 + NO + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

285. a) NH3 пен KМnО4; б) HNO2 мен HI; в) НСl мен H2Se қосылыстарының арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ме?  Неліктен? Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, KМnО4 + KNO2 +  H2SO4 → MnSO4 + KNO3 + K2SO4 + H2O сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

286.  НСl + СrO3 → Сl2 + CrCl3 + Н2O;

Cd + KМnО4 + H2SO4 → CdSO4 + MnSO4 + K2SO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

287. Сr2О3 + KсlO3 + KОН → K2СrO4 + KCl + Н2О;

MnSO4 + РbО2 + HNO3HMnO4 + Pb(NO3)2 + PbSO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

288. H2SO3 + НСlO3 H2SO4 + HCl;

FeSO4 + K2Cr2O7 + H2SO4Fe2(SO4)3 + Cr2(SO4)3 + K2SO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

289.  I2 + Cl2 + H2O НIO3 + НСl;

K2Cr2O7 + Н3РО3 + H2SO4 Cr2(SO4)3 + H3PO4 + K2SO4 + H2O реакцияларының электрондық теңдеулерін құрастырып, коэффициенттерін қойып шығыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

290. а) РН3 пен НВr; б) К2Сr2О7 мен Н3РО3; в) HNO3 пен H2S қосылыстарының арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ме?  Неліктен? Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, AsH3 + HNO3 → H3AsO4 + NO2 + Н2О сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

291. Тотығу-тотықсыздану реакциялары келесі иондық теңдеулермен сипатталады:

Сr2О + 14Н+ + 6Сl- → 3Сl2 + 2Сr3+ + 7Н2О;

2Fe2+ + S → 2Fe2+ + S.

 Молекулалық теңдеулерін құрастырыңыз. Берілген реакцияларда қай ион – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы – тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

292. Р + HIО3 + Н2О → Н3РО4 + HI;

H3S + Cl2 + H2О → H2SO4 + HCl реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

293. HNO3 + Ca → NH4NO3  + Ca(NO3)2 + H2O;

NaCrO2 + PbO2 + NaOH → Na2CrO4 + Na2PbO2  + H2O реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

294. NaCrO2 + Br2 + NaOH → Na2CrO4 + NaВr + H2O;

FeS + HNО3 Fe(NO3)2 + S + NO + H2O реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

295. HNO3 + Zn → N2O + Zn(NO3)2 + H2O;

FeSO4 + KClO3 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + KCl + H2O реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

296. a) NH3 пен KMnO4; б) HNO2 мен HI; в) НCl мен H2Se қосылыстарының арасында тотығу-тотықсыздану реакциялары жүре ме?  Неліктен?  Электрондық теңдеулерге сүйене отырып, KMnO4 + KNO2 + H2SO4 → MnSO4 + KNO3 + K2SO4 + H2O сұлбасы бойынша жүретін реакция теңдеуінің коэффициенттерін таңдап алыңыз.

297. I2 + NaOH → NaOI + NaI + H2O;

MnSO4 + PbO2 + HNO3 HMnO4  + Pb(NO3)2 + PbSO4 + H2O реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

298. I2 + Cl2 + H2O → HIO3 + HCl;

FeCO3 + KMnO4 + H2SO4 → Fe2(SO4)3 + CO2  + MnSO4 + K2SO4 + H2O реакция теңдеулерінің коэффициенттерін қойыңыз. Берілген реакцияларда қай зат – тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш; қайсысы тотығады, қайсысы – тотықсызданады?

299. Ca(HCO3)2 + Ca(OH)2 → 2CaCO3 + 2H2O;

PbS + HNO3 → S + Pb(NO3)2 + NO + H2O;

KMnO4 + H2SO4 + KI → I2 + K2 SO4 + MnSO4 + H2O  теңдеулерінің  қайсысы тотығу-тотықсыздану реакцияларына жатады? Тотығу-тотықсыздану реакцияларының коэффициенттерін қойып, заттардың қайсысы тотықтырғыш, қайсысы – тотықсыздандырғыш болатынын анықтаңыз.

300. Төменде келтірілген реакциялардың ион-электрондық  сұлбалары бойынша тотығу-тотықсыздану реакцияларының молекулалық түріндегі тең-деулерін құрастырыңыз:

а) 3S2- –6ē = 3S0

Cr2O +6ē +14H+ = 2Cr3+ + 7H2O;

б) 2Fe0 –4ē = 2Fe2+

O2 +4ē + 2H2O = 4OH-;

в) 3Cu0 –6ē = 3Cu2+

2NO +6ē + 8H+ = 2NO + 4H2O.

 

 

11 Электродтық потенциалдар. ЭҚК

 

301. Тепе-теңдік орнаған Fe + Cu2+ = Fe2+ + Cu элементінің ЭҚК есептеңіз. ∆G = +66,2, ∆G = -84,8.

Жауабы: Е° = 0,78 В.

302. Тепе-теңдік орнаған Н2 + Сl2 = 2НСl(г) элементінің стандартты ЭҚК есептеңіз. G = -94,86 кДж/моль.

Жауабы: Е° = 0,98 В.

303. Тепе-теңдік орнаған Cu + 1/2О2 = CuO элементінің стандартты ЭҚК есептеңіз. ∆G = -129,46 кДж/моль.

Жауабы: Е° = 0,67 В.

304. Тепе-теңдік орнаған 2Na + H2O(г) + 1/2О2 = 2NaOH(к) элементінің стандартты ЭҚК есептеңіз. ∆G = -228,76 кДж/моль; ∆G = -380,46 кДж/моль.

Жауабы: Е° = 2,76 В.

305. Тепе-теңдік орнаған Zn + 2Ag+ = Zn2+ + 2Ag элементінің стандартты ЭҚК есептеңіз. ∆G = -146,5 кДж/моль; ∆G = +77,2 кДж/моль.

Жауабы: = 1,56 В.

306. 298 К-де Zn + Sn2+ = Zn2+ + Sn жүйесінде тепе-теңдік орнады. a= 10-4 моль/л, a= 10-2 моль/л тең болғанда, элементтің ЭҚК есептеңіз. Электродтық реакциялардың теңдеуін жазыңыз.

Жауабы: Е° = 0,68 В.

307. 298 К-де Cd + Cu2+ = Cd2+ + Сu   жүйесінде тепе-теңдік орнады.

a= 10-4 моль/л, a= 10-2 моль/л тең болғанда, элементтің ЭҚК есептеңіз. Жауабы: Е° = +0,86 В.  

308. 298 К-де Fe + 2Ag+ = Fe2+ + 2Ag  жүйесінде тепе-теңдік орнады.  a= 10-2 моль/л, a= 10-3 моль/л  тең болғанда, элементтің ЭҚК есептеңіз.  Жауабы: Е° = 1,12 В.

309. 298 К-де Р = 10 және а = 10-2 тең болғанда тепе-теңдік орнаған Сl2 +2ē = 2Cl- электродының потенциалын есептеңіз.

310. Р= 21000 Па, рН 7, температура 25°С-ге тең болғанда оттекті электродының тепе-теңдік потенциалын есептеңіз.

311. 298 К-де мыстау үшін құрамы келесі: СuSO4 0,01 моль/л, Н2SO4 0,01 моль күкіртті қышқыл электролитіне батырылған мыс анодының тепе-теңдік потенциалын есептеңіз

312. 50°С-де мырыштау үшін қолданылатын сульфатты ерітіндідегі мырыш электродының тепе-теңдік потенциалын есептеңіз. Электролиттің құрамы: ZnSO4 – 0,05 моль/л, Na2SO4 – 0,01 моль/л, А12(SO4)3 – 0,001 моль/л, ал  E, 323 К = E, 298 К.

313. Мырыш ионының активтіліктері 10-2 моль/л және 10-6 моль/л тең концентрациялық элементтің сұлбасын құрастырып, 298 К-де осы элементтің ЭҚК есептеңіз. 

314. 298 К-де реакциясы АgO + Zn = Ag + ZnO болатын күміс-мырыш гальваникалық элементінің ЭҚК есептеңіз. Алынған мән бұл элементтің кернеуімен (1,6 В) бірдей болмайды. Оны қалай түсіндіруге болады?

315. 298 К-де Cd + Sn2+ = Cd2++ Sn  тепе-теңдігі орнаған элементтің ЭҚК есептеңіз (a = 10-4 моль/л және а = 10-3 моль/л). Электродтық реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.

316. Катодтық және анодтық процестер деген не? Мысалдарын келтіріңіз. Келтірілген процестердің негізінде гальваникалық элементтің сұлбасын құрастырыңыз.

317. Zn + СuО = ZnO + Cu         (1),

Zn + Сu(ОН)2 = ZnO + Сu + Н2O (2) реакциялары бойынша мыс-мырыш гальваникалық элементін жүзеге асырғанда, қайсысында ЭҚК мәні жоғары болады? Термодинамикалық есептеуді 298 К-де заттардың стандартты күйлерінде өткізіңіз.

318. Стандартты сутек электродының құрылымы. Потенциалдардың сутектік шкаласы деген не?

319. Потенциалдардың сутектік шкаласы бойынша металл электродының потенциалын қалай табады? Жауабыңызды нақтылы электродтың мысалында түсіндіріңіз.

320. 298 К-де заттардың стандартты күйлерінде g+ + Mg = 2Ag + Мg2+ теңдеуі бойынша күміс-магний элементінде жүретін реакцияның тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз. Тұрақты жағдайда (р, Т = соnst) осы реакция жүру үшін  оған жұмсалатын максимальді пайдалы жұмысты анықтаңыз.

321. 298 К-де СН4(г) + 2О2(г) =  СО2(г) + 2Н2О(г) реакциясы өтетін оттек-метан элементінің стандартты ЭҚК мен тепе-теңдік тұрақтысын есептеңіз.

322. Сутек иондарының активтілігі 6 моль/л, SO - иондарының активтілігі 3 моль/л және судың активтілігі 0,72 моль/л-ге тең, электролит ретінде күкірт қышқылы ерітіндісі қолданылатын қорғасын аккумуляторының ЭҚК есептеңіз.

323. 298 К-де сутектің салыстырмалы парциальды қысымы 1 мен 10-ға тең концентрациялық сутек элементтің ЭҚК анықтаңыз. Сутек иондарының активтілігі 1 моль/л-ге тең.

324. a = 0,1, a = 0,l моль/л тең өз тұздарының ерітінділеріне батырылған мыс және кадмий пластиналарынан тұратын элементтің ЭҚК есептеңіз. Сұлбасын құрастырып, электродтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Иондардың активтілігін 10 есе арттырса, ЭҚК қалай өзгереді?  Жауабы: Е° = 0,74 В.

325. Zn│ZnCl2║HCl│H2, Pt гальваникалық элементтің сұлбасын қолдана отырып, электродтық және ток түзу реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз. 298 К-де С = 0,1 моль/л, С = 0,025 моль/л, p= 1 тең болғанда элементтің ЭҚК есептеңіз.

326. Ерітіндінің рН = 5, р= 10, Т = 298 К, а= 0,1 моль/л, Н2(г) + 2Аg+ = 2Аg0(қ) + 2Н+ реакциясын жүзеге асыру үшін жұмсалатын максимальды пайдалы жұмыстың мәнін есептеңіз.

327. 298 К-де Cd│CdCl2║HCl│Cl2, Pt элементінің ЭҚК = 1,821 В тең. Cl- - иондарының активтілігі 1 моль/л, ал Р= 1. Ерітіндідегі Cd2+ -иондарының активтілігін табыңыз.

328. Әр түрлі аппаратураны қоректендіргенде (+) МnO2, C│NH4Cl│Zn (–) құрғақ марганец-мырыш элементі қолданылады. Элементтің ЭҚК 1,5 В, 3,0 Вт · сағ энергия алу үшін, мырыш анодының минимальды салмағы қандай болу керек? Анодтық реакцияның теңдеуін құрастырыңыз. 

329. МnО + 8Н+ +5ē = Мn2+ + 4Н2O реакциясына сәйкес келетін Нернст теңдеуін жазыңыз. Мn2+ және MnO - иондарының активтіліктері 1-ге тең, рН тиісінше 1 мен 10-ға тең, бұл реакция потенциалының рН-қа тәуелділігін көрсететін теңдеуді құрастырып, оның 298 К-де мәнін есептеңіз.

 330. aAg+ = 10-1 моль/л және 10-4 моль/л-ге тең өз тұзының ерітінділеріне батырылған электродтардан тұратын концентрациялық элементтің сұлбасын құрастырыңыз. Электродтардың қайсысы катод, қайсысы анод болады? Элементтің ЭҚК есептеңіз.

Жауабы: Е = 0,18 В.

 

 

12 Электродтық процестердің кинетикасы. Электролиз

 

331. Натрий хлориді сулы ерітіндісін графит электродтары арқылы электролизге ұшыратқанда, 1 сағ 40 мин 25 сек катодта 1,4 л сутек бөлінді (қ.ж.). Ток күшін есептеңіз.

332. ZnSO4 сулы ерітіндісін мырыш электродтары арқылы электролиздегенде, ерітіндіден 1 Фарадей ток мөлшері өткізілді және мырыштың шығымы: катодта – 50 %, ал анодта – 100% тең  болды. Мырыштың мөлшері қалай өзгереді?

333. К2SO4 сулы ерітіндісін ерімейтін электродтар арқылы электролиздегенде, анодта 11,2 л газ (қ.ж.) бөлінді. Катодтың маңайында калий гидроксидінің қандай массасы (г) түзілді?

334. 298 К-де және Р = 99,67 кПа-да калий сульфатының сулы ерітіндісін никель электродтарында электролизге ұшыратқанда, 5 мин ішінде катодта 4 мл газ, ал анодта – 1,8 мл газ бөлінді. Оттектің ток бойынша шығымын (%), ыдыраған заттың массасын және ток күшін есептеңіз.

335. Электролизерлардағы АgNO3, K2SO4, CuCl2 сулы ерітінділерінен  бір ізді ток өткенде, күміс нитраты ерітіндісі бар электролизерда 108 г күміс бөлінді. Көміртекті катодтарда қандай мөлшерлерде қандай заттар бөлінеді?       

336. Калий гидроксиді сулы ерітіндісін ерімейтін электродтарда электролиздегенде, 2 сағ ішінде 13,4 А ток жіберілді. Қалыпты жағдайда қандай көлемде қандай заттарды алуға болады?

337. а) Графит анодында; б) кадмий анодында кадмий сульфаты сулы ерітіндісін электролиздегенде, электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз. 10 F электр мөлшері өткенде, кадмийдің ток бойынша шығымы катодта (а) және (б) жағдайларында 80% тең, ал анодта – 0% (а) жағдайында және 100% (б) жағдайында. Кадмийдің ерітіндідегі мөлшері қалай өзгереді?

338. Кальций хлоридінің: а) балқымасын; б) ерітіндісін электролиздегенде, графит электродтарында өтетін реакциялардың теңдеуін құрастырыңыз. 1 А ток өткенде (а) және (б) жағдайларында катодта 4 г зат бөліп алу үшін қанша уақыт керек (сағ)?

339. Мырыш сульфаты сулы ерітіндісі арқылы 40 А · сағ ток жіберілгенде, катодта 32,5 г мырыш бөлінді. Мырыш электродтарында өтетін реакция теңдеулерін құрастырып, мырыштың катод бойынша ток шығымын анықтаңыз (%).

340. Кальций хлориді балқымасын электролиздегенде, катодта 7 кг кальций бөлінді (ток бойынша шығымы 70%). Электролизге жұмсалған кальций хлоридінің массасын (кг) есептеңіз, егер қоспалардың массалық үлесі 30% тең болса.

341. Графит электродтарында күміс нитратының сулы ерітіндісін электролиздегенде 100 кг күміс алу үшін қажетті ток шығынын табыңыз, егер күмістің ток бойынша шығымы 1, ал ыдырау кернеуі 1,3 В  тең болса.

342. Магний бөлшегін негіз ерітіндісінде электрохимиялық оксидтеу кезінде 11,2 мл оттегі бөлінді (қ.ж.). Магнийдің ток бойынша шығымын табыңыз (%), егер оксидтеу кезінде бұйымның массасы 100 мг азайды.

343. Молибден бөлшегінің тесігін NаОН сулы ерітіндісінде электрохимиялық өндеу кезінде 80°С-да және 99272 Па қысымда катодта 2,24 л газ бөлінді. Ток бойынша шығымы 60% тең болғанда, металдың қандай мөлшері (моль · экв) еріді? 

344. Анықтамалардан тиісті тұрақтылардың мәндерін ескере отырып, электродтардың электрохимиялық поляризациясы 0,5 В тең сілті ерітіндісінен беттік аудандары 1 м2 тең платина (а) және қорғасын (б) электродтарында сутегінің бөлінуіне қажетті ток күшін табыңыз. (а) және (б) электродтарында 1 сағ ішінде бөлінетін сутегінің көлемін есептеңіз (қ.ж.).

345. Рb[SiF6] қорғасын фторосиликатының сулы ерітіндісінде күміс қоспалары бар қорғасынды рафинирлегенде, 0,5 сағ ішінде қорғасын катодында 2,07 г Рb бөлінді.  Рафинирлеу кезінде қорғасынның ток бойынша катодтық шығымы 98%, ал кернеу 1 В тең болды. Рафинирлеуге қажетті энергияның шығыны мен ток мөлшерін табыңыз. Рафинирлеуден кейін күміс қоспалары қайда қалады?

346. NaNO3 сулы ерітіндісінде мыстың ток бойынша шығымы 1-ге тең, ток күші 10 А, тереңдігі 0,1 см, ауданы 1 см2, мыс дайындамасының  тесігін электрохимиялық бұрғылау үшін қанша уақыт керек (мин)? Мыстың тығыздығы 8,9 г/см2 тең.

347. Мырыш пен күміс қоспалары бар мысты Н2SO4 сулы ерітіндісінде рафинирлегенде, 100 А токта мыстың анодтық шығымы 99% және анодта 1,37 кг мыс еруі үшін қанша уақыт керек (сағ)?

348. Мырыш сульфаты ерітіндісінің электролизін ерімейтін анодта 6,7 сағ ішінде өткізгенде 5,6 л оттегі бөлінді (қ.ж.). Ток бойынша шығымы 70%   тұндырылған мырыштың мөлшері мен ток күшін есептеңіз.

Жауабы: 4 А; 22,88 г.

349. KОН сулы ерітіндісін электролиздегенде, ерімейтін электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. 2 сағ ішінде 13,4 А ток күшін жібергенде қандай көлемде және қандай заттарды алуға болады (қ.ж.)?

Жауабы: 11,2 және 5,6 л.

350. Na2SО4 ерітіндісін электролиздегенде, анодта 1,12 л оттегі бөлінеді (қ.ж.). Ерімейтін анодтың маңайында қанша грамм Н2SО4 түзіледі? Катодта бөлінетін заттың массасын есептеңіз. Жауабы: 9,8 г Н2SО4, 0,2 г Н2.

351. Рубидий сульфаты ерітіндісін электролиздегенде, катодта 1,12 л сутегі бөлінеді (қ.ж.). Катодтың маңайында қанша грамм RbОН түзіледі?

Жауабы: 10,2 г.

352. Кадмий сульфаты ерітіндісін электролиздегенде: а) графит анодында; б) кадмий анодында өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. Ерітіндіден 2 сағ ішінде 134 А ток өткізсе, екі жағдайда да кадмийдің ток бойынша шығымы: катодта – 80%, анодта – 100% тең болғанда кадмийдің ерітіндідегі мөлшері қалай өзгереді?

353. Поляризация деген не? Поляризацияның қандай түрлерін білесіңіз және олардың түзілу себептері не?

354. Мырыш сульфаты ерітіндісі арқылы 10 F электр тоғы жіберілді. Электродтар: а) графиттен, б) мырыштан және мырыштың ток бойынша шығымы катодта – 50%, анодта – 100% тең болса, мырыштың ерітіндідегі мөлшері қалай өзгереді?  

355. Концентрациялық поляризация деген не? Ол қандай факторларға тәуелді? Шекті ток деген не?

356. Мыс сульфаты сулы ерітіндісін: а) графит анодында; б) мыс анодында электролиздегенде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. Мыстың катод пен анодта ток бойынша шығымы 100% тең болғанда және ерітіндіден 2 F электр тоғы өтсе, жағдайдың екеуінде мыстың мөлшері қалай өзгереді?

357. Графит электродтары бар екі электролизерда: а) натрий гидроксиді ерітіндісінің; б) натрий гидроксиді балқымасының электролизі өтті. Электродтық реакциялардың теңдеуін жазыңыз. Электролизерлардан 26,8 А ∙ сағ ток өткенде, катодта бөлінген заттардың массасын есептеңіз.

Жауабы: 1 г, 23 г.

358. Никель сульфаты сулы ерітіндісінің: а) никель электродтарында; б) ерімейтін электродтарда электролизі кезінде электродтарда өтетін реакция теңдеулерін жазыңыз. Ток бойынша шығымы 80%, катодта 10 сағ ішінде 47 г никель бөліну үшін, ток күші қандай болуы керек? Жауабы: 5,36 А.

359. Мыс бромиді ерітіндісін ерімейтін электродтарда электролиздегенде электродтардың біреуінде 0,635 г мыс бөлінді. Бромның ток бойынша шығымы 90% тең болса, екінші электродта бромның қанша грамы бөлінді? Электродтарда өтетін реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

Жауабы: 1,44 г.

360. Электрохимиялық поляризация деген не? Ол қандай факторларға тәуелді? Поляризацияның электролиз процестеріне әсері.

 

 

13 Коррозия және металдарды одан қорғау

 

361. Температурасы 800°С, салыстырмалы қысымы  = 1,4 оттегінің әсерінен никельден жасалған бұйымның никель оксидіне дейін газды коррозиясының термодинамикалық мүмкіндігін анықтаңыз. Берілген температурада газды коррозиясы аяқталатын оттегінің парциалды қысымын анықтаңыз.

362. Атмосфералық жағдайда мырыш коррозияға ұшырайды, ал алтын – ұшырамайды. Неліктен? Жауабыңызды есептеу арқылы дәлелдеңіз.

363. Ауамен түйіскенде рН = 6 сулы ерітіндідегі қалайының коррозиясы мүмкін бе? Сутегінің бөлінуімен өтетін коррозия рН-тың қандай мәндерінде мүмкін? 

364. Ауамен түйіскенде рН = 6 сулы ерітіндідегі қорғасынның (Рb) электрохимиялық коррозиясы мүмкін бе? Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз. Сутегінің бөлінуімен өтетін коррозия рН-тың қандай мәндерінде мүмкін? 

365. рН = 0 деаэрирленген (оттегі жоқ) ерітіндіде мыстың коррозияға ұшырау мүмкіндігін анықтаңыз.

366. Ауамен түйіскенде магний (Мg) рH = 8 теңіз суында коррозияға ұшырайды. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

367. Сулы ерітіндісінің рН: а) 2,0; б) 7,0; в) 10,0 коррозиясы сутегінің бөлінуімен жүруі мүмкін металдарды атаңыз.

368. Сулы ерітіндісінің рН: а) 2,0; б) 5,0; в) 8,0  коррозиясы оттегінің сіңірілуімен жүруі мүмкін металдарды атаңыз.

 369. Коррозия жылдамдығы деген не? Оның өлшем бірліктері. Кейбір метал коррозиясының есептеу мысалын келтіріңіз.

370. Химиялық коррозия деген не? Бұл мәннен төмен СuО түзілуімен мыстың химиялық коррозиясы мүмкін емес оттегінің парциалды қысымын есептеңіз.

371. Химиялық коррозияның жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Әр түрлі металдар үшін уақыт әсерінен оксид қабыршағы қалыңдығы өзгеруінің қандай тәуелділігі бар?

372. Газды коррозиядан қорғау әдістері. Қызутөзімділік пен қызуберіктік деген не?

373. Электрохимиялық коррозияда негізінде қандай катодтық процестер жүреді? Процестердің теңдеулерін жазыңыз. Катодтық процестері әр түрлі болатын металдар коррозиясының мысалдарын келтіріңіз. 

374. Сутегінің бөлінуімен жүретін коррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Ортаның рН азайғанда, сутегінің бөлінуімен жүретін коррозия жылдамдығы неліктен және қалай өзгереді? Сутегінің бөлінуімен жүретін металдың коррозиялану жылдамдығына ерітіндінің араластырылуы мен катодтық учаскелердің табиғаты әсер ете ме?

375. Оттегінің сіңірілуімен өтетін коррозия жылдамдығына қандай факторлар әсер етеді? Оттегінің сіңірілуімен өтетін металдың коррозиялану жылдамдығына ерітіндінің араластырылуы мен катодтық учаскелердің табиғаты әсер ете ме?

376. Металдардың пассивтілігі (енжарлығы) деген не? Оның түзілу механизмі қандай? Енжарлыққа әуес металдардың мысалдарын келтіріңіз.    

377. Бөлме температурасында сутегі мен оттегінің салыстырмалы парциальды қысымдары: = 1,2; = 0,8 тең См = 0,02 моль/л Рb(NO3)2 ерітіндісіндегі қорғасыннан жасалған бұйымның электрохимиялық коррозияға ұшырау мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

378. Бөлме температурасында сутегі мен оттегінің салыстырмалы парциальды қысымдары: = 1,2 және = 0,2 тең См = 0,02 моль/л АlСl3 ерітіндісіндегі алюминийден жасалған бұйымның электрохимиялық коррозияға ұшырау мүмкіндігін анықтаңыз. Анодтық және катодтық процестердің теңдеулерін жазыңыз.

 379. 70°С-де мырыштан жасалған бұйымды  0,03 М  ZnSO4 ерітіндісіне салды. Мырыш коррозияға ұшырай ма?

380. Бөлме температурасында коррозия іріктеулі екендігін ескере отырып, 0,01 M FеСl2 ерітіндісіне батырылған Fe — Cd гальваникалық жұптың электрохимиялық коррозияға ұшырауының мүмкіндігін анықтаңыз Ерітіндінің концентрациясы 0,02 моль/л-ге дейін өссе, коррозиялық элементтің ЭҚК қалай өзгереді?

381. 25°С-де концентрациясы 0,04 моль/л NiSO4 ерітіндісіндегі Ni — Сu жұбынан жасалған бұйымның электрохимиялық коррозиясы өте ме? Ni2+ - иондарының концентрациясы 0,06 моль/л-ге дейін өссе, коррозиялық элементтің ЭҚК қалай өзгереді?

382. Алюминий қаптамасы бар темір бұйымын АlСl3 0,01 M  ерітіндісіне батырды. Комнаттық температурада бұл бұйымның коррозиясы жүре ме? Ерітіндінің концентрациясы 0,03 моль/л-ге дейін өссе, ЭҚК өзгере ме және қалай?

383. а) мыс  пен  б) темір бетіндегі қалайы қаптамалардың қандай түріне жатады? Бейтарап ортада келтірілген жұптардың атмосфералық коррозиясында қандай процестер өтеді? Катодтық және анодтық реакцияларды жазыңыз.

384. Темір бұйымды қорғасынмен қаптады. Бұл қаптау катодтық па, анодтық па? а) ылғалы ауада; б) тұз қышқылының ерітіндісінде қаптаудың тұтастығын бұзғанда, бұйымның коррозияға ұшырау анодтық және катодтық процестерін жазыңыз.

385. Ауамен түйіскенде рН = 10 сулы ерітіндіде темірді коррозиядан қорғауда қандай металл протектор бола алады? Реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

386. Қалайыланған темір мен қалайыланған мыстың қаптауының тұтастығы бұзылғанда, атмосфералық коррозиясы қалай өтеді? Анодтық және катодтық реакциялардың теңдеулерін жазыңыз.

387. Металдарды коррозиядан протекторлық қорғаудың маңызы. Еріген оттегі бар электролитте темірдің протекторлы қорғауының мысалын келтіріңіз. Анодтық және катодтық процестердің  теңдеулерін жазыңыз.

 388. 25°С-де, рН = 10-ға тең ортада Fе — Рd  жұбының электрохимиялық коррозиялану реакциясының теңдеулерін жазыңыз. Коррозиялану кезінде 28 мл O2 сіңіріліп, 112 мл Н2 бөлінсе, қай металл және қанша коррозияға ұшырады? Корозияның ұзақтылығы 3,5 мин болса, коррозиялық ток нешеге тең екендігін анықтаңыз. Құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғау үшін анодтық және катодтық қаптауды ұсыныңыз.

389. 2,5 мин аралығында комнаттық температурада Сu — Zn  жұбын рН = 12-ге тең ортаға салғанда, 28 мл Н2 бөлініп, 56 мл O2 сіңірілді. Коррозияға қанша және қай металл ұшырады? Осы құйманы электрохимиялық коррозиядан қорғайтын анодтық және катодтық қаптамаларды ұсыныңыз.

390. Бөлме температурасында Ni — Рt құймасы коррозияға ұшырағанда, 4 мин  ішінде 56 мл О2 сіңіріліп, 56 мл Н2 бөлінді. Бұл жағдайда қандай катодтық және анодтық процестер жүреді? Құйма рН = 2-ге тең ортаға салынған. Металдың қанша грамы коррозияға ұшырады? Құйманы электрохимиялық коррозияланудан қорғау үшін қандай анодтық және катодтық қаптауларды қолдануға болады?

 

 

14 Органикалық қосылыстар. Полимерлер

 

391. Құрылымы СН2 = СН – СН2 – СН3 және СН3 – СН = СН – СН3 формуласымен өрнектелетін бутилен изомерлерінің полимерлену реакцияларының теңдеулерін жазыңыз. Полимерлердің изотактикалық және атактикалық құрылымын көрсетіңіз.

392. Келесі айналуларды қалай орындауға болады?

СН2 = СН2 →С2Н5ОН → СН2 = СН СН = СН2 (– СН2 – СН = СН – СН2 –)n

Реакция теңдеулерін құрастырыңыз.

393. Пропиленнің полимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз. Полимерлердің изотактикалық және атактикалық құрылымын көрсетіңіз.

394. Изопреннің полимерлену реакциясынан изопрен каучугын алу реакциясының теңдеуін жазыңыз.

394. «Нитрон» синтетикалық талшығын алғанда мономер ретінде акрилонитрилді (СН2 = СН – СN) қолданады. Бұл мономердің полимерлену теңдеуін құрастырыңыз. 

395. Формальдегидтің полимерлену реакциясының теңдеуін жазып, орташа молекулалық массасы 45000 полиформальдегидті алу реакциясының полимерлену коэффициентін анықтаңыз.

396. Дивинил (бутадиен) каучугінің суық вулкандауы реакциясының теңдеуін жазыңыз. Вулкандалған каучуктың құрамында 5% күкірт бар екенін ескере отырып, 200 г каучукті вулкандау үшін SCl2-нің қажетті массасын есептеңіз.

397. Политетрафторэтиленніңторопласт-4) алу реакциясының теңдеуін жазып, полимердің орташа молекулалық массасын анықтаңыз (полимерлену коэффициенті 1200 тең).

398. Орташа молекулалық массасы 395 000 тең бутадиеннитрил каучугының полимерлену коэффициентін табыңыз. Полимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз.

399. Броммен титрлегенде, каучуктің 0,274 грамы Вr2-нің 0,173 грамын қосып алады. Бутадиенстирол каучугының үлгісіндегі стирол үзбелерінің мөлшерін (%) анықтаңыз.

400. Май альдегидінің полимерлену теңдеуін құрастырыңыз. Полимердің 500 кг алу үшін май альдегиді ерітіндісінің қажетті массасын анықтаңыз (ω = 12%). Полимерлену коэффициенті нешеге тең?

401. Бастапқы зат ретінде ацетилен алынған полихлорвинилдің алу реакциясының теңдеуін жазыңыз.

402. Формальдегидтің полимерлену реакциясының теңдеуін жазыңыз. Реакцияласу үшін НСОН-тың массалық үлесі 40% тең формальдегидтің 250 кг алынса, полимердің қандай массасы түзіледі? Шығындардың массалық үлесі 10%-ке тең екендігін ескере отырып, полимерлену коэффициентін табыңыз.

403. Натрий фенолятының 2 моліне 1 моль сірке альдегиді жұмсалатынын ескере отырып, бұлардың поликонденсациялану реакциясының сұлбасын құрастырыңыз. 300 кг шайыр алу үшін  массалық үлесі ω = 35% СН3СООН-тың қандай массасын алу қажет?

404. Құмырсқа альдегиді СО(NH2)2 мочевинамен (карбамидпен) поликонденсациялану реакциясына түсіп, карбамид шайырын түзеді. Карбамидтің 2 молі формальдегидтің 1 молімен әрекеттесетінін ескере отырып, поликонденсациялау реакциясының теңдеуін жазыңыз. Шайырдың 50 кг алу үшін карбамидтің қажетті массасын анықтаңыз.

405. Альдегидтің 2 молімен 3 моль карбамид әрекеттесетінін ескере отырып, карбамидтің сірке альдегидімен поликонденсациялау реакциясының теңдеуін жазыңыз. Реакцияға карбамидтің 15 кг мен альдегидтің 12 кг қатысқанда шайырдың түзілетін массасын есептеңіз.

406. Ацетат талшығы өндірісінде сірке қышқылы мен целлюлоза эфирін алады. Этерификация кезінде диацетилцеллюлоза түзілетінін ескере отырып, реакция теңдеуін құрастырыңыз. Целлюлозаның концентрациясы 1 моль/л тең сірке қышқылының 500 мл әрекеттескенде түзілетін диацетилцеллюлозаның массасын табыңыз.

407. Реакция нәтижесінде 53 г этилакрилат түзілсе, акрил қышқылының (ω = 15%)  қандай массасы этил спиртімен әрекеттеседі? Этил спирті ерітіндісінің (ω = 40%) қанша грамы реакцияға түсті? Реакция нәтижесінде 1590 г шайыр түзілсе, этилакрилаттың полимерлену коэффициенті нешеге тең?   

408. ω = 30% тең пропил спиртінің 225 грамы этилакрил қышқылының қандай массасымен реакцияға түседі? Полимерлену коэффициенті 32-ге тең болса, реакция нәтижесінде полимердің қандай массасы түзіледі?

409. Аминоэнант қышқылын поликондесациялап, энант талшығын  алады (энант қышқылы – шекті бір негізді карбон қышқылдарының гомологтар қатарындағы жетінші мүшесі). Поликонденсациялау реакциясының теңдеуін жазып, 150 г шайырды алу үшін аминоэнант қышқылының массасын анықтаңыз.

410. Лавсан талшығы – терефталь қышқылы мен этиленгликольдің поликонденсациялау реакциясының өнімі. С2Н4(ОН)2 этиленгликоль ерітіндісінің 150 г (ω = 35 %) терефталь қышқылының қандай массасымен әрекеттеседі? Терефталь қышқылы мен этиленгликоль молекулаларының санының қатынасы 2 : 1. Шайырдың қандай массасы түзіледі?

411. Поликондесациялау реакциясына ортофталь қышқылының 115 грамы қатысқанда түзілетін глифталь шайырының массасын есептеңіз. Ортофталь қышқылы мен глицерин молекулаларының санының қатынасы 2:1. С2Н5(ОН)3 глицерин ерітіндісінің қандай массасы реакцияға қатысады (ω = 25%) ?

412. Полимер макромолекуласының құрамына кіретін бутилен мен стирол молекулалары санының қатынасы 2 : 3 екендігін ескере отырып, бутилен мен стиролдың полимерлестіру процесінің сұлбасын құрастырыңыз. Егер өндірістік шығындар 25% құраса, полимердің 425 кг алу үшін  стиролдың қандай массасы және бутиленнің қандай көлемі (қ.ж.) қажет?

413. Стиролдың полимерлену реакциясының теңдеуін құрастырыңыз. Егер өндірістік шығындар 15% құраса, полистиролдың 1 т алу үшін стиролдың қандай массасын алу қажет? Полимерлену коэффициентін есептеңіз. 

414. Метакрил қышқылы метил эфирінің алу реакциясы мен оның полиметилметакрилатқа полимерлену реакциясының теңдеулерін жазыңыз. Метакрил қышқылының 43,0 г метил спиртінің артық мөлшерімен әрекеттескенде түзілетін полиметилметакрилаттың массасын есептеңіз. Полимерлену коэффициенті 150-ге тең.

415. Мономер мүшелерінің жүйелі алмасу қатынасы 1 : 1 полимер түзілетінін еске ала отырып, стирол мен акрилонитрилдің полимерлестіру  сұлбасын құрастырыңыз.

416. Шекті және шексіз көмірсутектері қасиеттерінің айырмашылығы қандай? Дивинил мен стиролдан каучуктың алу сұлбасын құрастырыңыз. Вулкандау деген не?

417. Элементорганикалық және кремнийорганикалық деп қандай  қосылыстарды атайды? Кремнийорганикалық полимерлердің ең маңызды қасиеттерін көрсетіңіз. Кремний атомдарымен байланысты органикалық радикалдар санының өсуі кремнийорганикалық полимерлердің қасиеттеріне қалай әсер етеді?

418. Диолефиндер деп қандай қосылыстарды атайды? Диолефиндердің біреуінің полимерлену сұлбасын құрастырыңыз. Сызықты полимерлердің үш күйін көрсетіңіз. Бір күйден екінші күйге ауысу немен сипатталады?

419. Термопластикалық, термореактивті деп қандай полимерлерді айтады?

420. Табиғи таза каучук қандай шексіз көмірсутегінің полимері болып келеді? Бұл көмірсутегінің құрылымдық формуласын жазыңыз. Каучуктың резинаға айналу процесі қалай аталады? Каучук пен резинаның құрылысы мен қасиеттері бірдей бола ма?

 

 

15 Металдар химиясы

 

421. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде рH = 10-ға тең сулы ерітіндіде Сu, Аg, Со, Мg металдарының қайсысы оттегімен тотығуы мүмкін?

422. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде Ni, Рt, Zn металдарының қайсысы сұйық броммен тотығуы мүмкін?

423. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде Сd, Аu, Сu металдарының қайсысы хлормен тотығуы мүмкін? 

424. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде Мn, Pd, Fе  металдарының қайсысы рН = 7-ге тең сулы ерітіндіде оттегімен тотығуы мүмкін?

425. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде Fe3O4 магнетитін сутегімен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен темірді алуға бола ма? Бұл процесс өздігінен жүре алатын температуралардың аумағын анықтаңыз (заттардың барлығының қалыпты күйлерінде).

426. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде СО2-нің түзілуімен магнетитті көміртегімен тотықсыздандыруға бола ма? Бұл процесс өздігінен жүре алатын температуралардың аумағын анықтаңыз (заттардың барлығының қалыпты күйлерінде).

427. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде Сr2О3 оксидін  сутегімен тотықсыздандырып, су буының түзілуімен хромды алуға бола ма? Бұл процесс өздігінен жүре алатын температуралардың аумағын анықтаңыз (заттардың барлығының қалыпты күйлерінде).

428. 298 К-де заттардың барлығының қалыпты күйлерінде СО (көміртегі монооксидін) тотықсыздандырып, темірді алуға бола ма? Бұл процесс қандай температураларда өздігінен жүре алады?

429. 298 К-де Fe2O3 оксидін алюминиймен тотықсыздандырып, темірді алуға бола ма?

430. Магний оксидін алюминиймен тотықсыздандыруы өздігінен жүретін температуралардың аумағы бола ма?

431. 298 К-де хром оксидін (Cr2O3) – алюминиймен, темір оксидін (FeO) – мырышпен тотықсыздандыру реакцияларының Гиббс энергияларын есептеңіз.

432. Қазіргі кезде 2Li + СuО = Li2O + Сu  ток түзуші реакциясы өтетін литий элементі кеңінен қолданылады. 298 К-де осы элементтің ЭҚК есептеңіз. Температураны жоғарлатқанда ЭҚК (сапалы жағынан) қалай өзгереді?

433. Литий элементінде 2Li + 2SO2(г) = Li2S2O4  реакциясы өтеді. 298 К-де элементтің ЭҚК 3,15 В тең. Берілген температурада Li2S2O4 түзілуінің стандартты Гиббс энергиясын есептеңіз.

434. Калийдің Н2О, H2SO4 және HNO3-пен әрекеттесу реакцияларын жазыңыз. Бұл реакциялар қауіпті ме? Неліктен?

435. Магний хлоридін натриймен тотықсыздандырып магнийді алу реакциясын жазыңыз. Бұл реакция өздігінен температуралардың қандай аумағында жүре алады?

436. Магний және оның құймалары коррозиядан қорғауда протектор ретінде қолданылады. Магний протекторларының көмегімен қандай металдарды коррозиядан қорғауға болады? Мысалдарды келтіріңіз.

437. Неліктен берилий ауада тұрақты, ал кальций - тұрақсыз?

438. ВеСl2 мен KОН-тан комплексті қосылысының түзілу реакциясының теңдеуін келтіріңіз. Ве2+ - ионының маңайында координацияланатын лигандтардың саны нешеге тең? Донорлы-акцепторлы механизм бойынша байланыстарды түзу үшін Ве2+ - ионы қандай атомдық орбитальдерді береді? Лигандтың электрондық конфигурациясын жазыңыз. Комплектің геометриялық құрылымы қандай?

439. Алтын қандай ерітіндіде ериді?

440. Тантал қандай ерітіндіде ериді?

441. Стандартты потенциалының мәні мырыштікінен төмен болса да, титан сұйылтылған күкірт қышқылында ерімейді, ал мырыш – өте жақсы ериді. Неліктен?

442. Табиғатта табиғи таза алтынның болатынын және табиғи таза қалайының болмайтынын қалай түсіндіруге болады?

443. Көршілес d-металдардың қасиеттерімен салыстырғанда марганецтің кейбір ерекше физикалық және химиялық қасиеттерін қалай түсірдіруге болады?

444. Платина тұз және азот қышқылдарында ерімейді, ал олардың қоспасында («патша арағында») ериді. Неліктен?

445. (ZrO2)0,9(Y2O3)0,1 аралас кристалдарының иондық өткізгіштігін қалай түсіндіруге болады?

446. Неліктен платина тұз қышқылында ерімейді, ал никель – ериді?

447. [PtCl4]2- комплексті ионы – парамагнитті, ал [ PtCl6]2- диамагнитті. Неліктен?

448. Титан концентрлі тұз қышқылымен әрекеттескенде титан (III) хлоридін түзеді, ал азот қышқылымен – метатитан қышқылының тұнбасын түзеді. Тиісті реакциялардың теңдеулерін құрастырыңыз.

449. Титанды концентрлі күкірт қышқылында еріткенде, қышқылдың өзі минимальды тотықсызданады, ал титан – максимальды тотығу дәрежесіндегі катионға айналады. Реакция теңдеуін құрастырыңыз.

450. Титан және цирконий диоксидтері қоспа болып шыққанда сілтілермен әрекеттеседі. Бұл реакциялар оксидтердің қандай қасиеттерін көрсетеді? а) ТiO2 мен ВаОН; б) ZrО2 мен NaOH арасында жүретін реакция теңдеулерін жазыңыз. Бірінші реакцияда – тиісті металдардың метатитанаты, ал екіншісінде – ортоцирконаты түзіледі.

 

16 Тапсырмалардың варианттары

 

Вариант нөмірі

Тапсырмаға кіретін есептердің нөмірлері

01

02

03

04

05

06

07

08

09

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

32

33

34

35

36

37

38

39

40

41

42

43

44

45

46

47

48

49

50

51

52

53

54

55

56

57

58

59

60

61

62

63

64

65

66

67

68

69

70

71

72

73

74

75

76

77

78

79

80

81

82

83

84

85

86

87

88

89

90

91

92

93

94

95

96

97

98

99

00

   1     31     61      91    121    151    181    211    241    271    301    331    361    391    421

   2     32     62      92    122    152    182    212    242    272    302    332    362    392    422

   3     33     63      93    123    153    183    213    243    273    303    333    363    393    423

   4     34     64      94    124    154    184    214    244    274    304    334    364    394    424

   5     35     65      95    125    155    185    215    245    275    305    335    365    395    425

   6     36     66      96    126    156    186    216    246    276    306    336    366    396    426

   7     37     67      97    127    157    187    217    247    277    307    337    367    397    427

   8     38     68      98    128    158    188    218    248    278    308    338    368    398    428

   9     39     69      99    129    159    189    219    249    279    309    339    369    399    429

 10     40     70    100    130    160    190    220    250    280    310    340    370    400    430

 11     41     71    101    131    161    191    221    251    281    311    341    371    401    431

 12     42     72    102    132    162    192    222    252    282    312    342    372    402    432

 13     43     73    103    133    163    193    223    253    283    313    343    373    403    433

 14     44     74    104    134    164    194    224    254    284    314    344    374    404    434

 15     45     75    105    135    165    195    225    255    285    315    345    375    405    435

 16     46     76    106    136    166    196    226    256    286    316    346    376    406    436

 17     47     77    107    137    167    197    227    257    287    317    347    377    407    437

 18     48     78    108    138    168    198    228    258    288    318    348    378    408    438

 19     49     79    109    139    169    199    229    259    289    319    349    379    409    439

 20     50     80    110    140    170    200    230    260    290    320    350    380    410    440

 21     52     83    111    141    171    201    232    261    291    305    351    381    411    441

 22     53     84    112    142    172    202    233    262    292    306    352    382    412    442

 23     54     85    113    143    173    203    234    263    293    307    353    383    414    443

 24     55     86    114    144    174    204    235    264    294    308    354    384    415    444

 25     56     87    115    145    175    205    236    265    295    309    355    385    416    445

 26     57     88    116    146    176    206    237    266    296    310    356    386    417    446

 27     58     89    117    147    177    207    238    267    297    311    357    387    418    447

 28     59     90    118    148    178    208    239    268    300    312    358    388    419    448

 29     60     61    119    149    179    209    240    269    272    313    359    389    420    449

 30     31     62    120    150    180    210    211    270    273    314    360    390    417    450

   1     32     63      94    125    156    187    212    243    274    315    336    367    418    421

   2     33     64      95    126    157    188    213    244    275    316    337    368    419    422

   3     34     65      96    127    158    189    214    245    276    317    338    368    420    423

   4     35     66      97    128    159    190    215    246    277    318    339    370    417    424

   5     36     67      98    129    160    191    216    247    278    319    340    362    416    425

   6     37     68      99    130    161    192    217    248    279    320    341    363    415    426

   7     38     69    100    131    162    193    218    249    280    321    342    364    414    427

   8     39     70    105    136    167    198    219    250    281    322    343    365    413    428

   9     40     64    106    137    168    199    220    251    282    323    344    366    412    429

 10     43     65    107    138    169    200    221    252    283    324    345    367    411    430

 11     44     66    108    139    170    201    223    251    285    326    346    368    391    431

 12     45     67    109    140    171    202    224    252    286    322    347    369    392    432

 14     46     68    110    141    172    203    225    253    287    323    348    370    393    433

 15     47     69    111    142    173    204    226    254    288    324    349    371    394    434

 16     48     70    112    143    174    205    227    255    289    325    350    372    395    435

 17     49     71    113    144    175    206    228    256    290    326    351    373    396    436

 18     50     72    114    145    176    207    229    257    291    327    352    374    397    437

 19     51     73    115    146    177    208    230    258    292    328    353    375    398    438

 20     52     74    116    147    178    209    231    259    293    329    354    376    399    439

 21     53     75    117    148    179    210    232    260    294    330    355    377    400    440

 22     54     76    118    149    180    182    233    261    295    301    356    378    401    441

 23     55     77    119    150    153    181    234    262    296    302    357    365    402    442

 24     56     78    120    125    154    183    235    263    297    303    358    364    403    443

 25     57     79      91    124    155    184    236    264    298    304    359    363    404    444

 26     58     80      92    123    156    185    237    265    299    305    360    362    405    445

 27     59     81      93    122    157    186    238    266    300    306    331    361    406    446

 28     60     82      91    121    158    187    239    267    271    307    332    366    407    447

 29     31     83      92    127    153    188    240    268    272    308    333    367    408    448

 30     32     61      93    128    154    189    213    269    273    309    334    368    409    449

   1     34     62      94    129    155    190    212    270    274    310    335    369    410    450

   3     35     63      95    130    156    191    211    250    275    311    331    370    411    421

   4     36     64      96    131    157    192    212    251    276    312    332    371    412    422

   5     37     65      97    132    158    193    214    252    277    313    333    372    413    423

   6     38     66      98    133    159    194    213    253    278    314    334    373    414    424

   7     39     67      99    134    160    195    215    254    279    315    335    374    415    425

   8     40     68    100    135    161    196    216    255    280    316    336    375    416    426

   9     41     69    101    136    162    197    217    256    281    317    337    376    417    427

 10     42     70    102    137    163    198    218    257    282    318    338    377    418    428

 11     43     71    103    138    164    199    219    258    283    319    339    378    419    429

 12     44     72    104    139    165    200    220    259    284    320    340    379    420    430

 13     45     73    105    140    166    201    221    260    285    321    341    380    411    431

 14     46     74    106    126    167    202    222    241    286    322    342    381    412    432

 15     47     75    107    125    168    203    223    242    287    323    343    382    413    433

 16     48     76    108    124    169    204    224    243    288    324    344    383    414    434

 17     49     77    109    123    170    205    225    244    289    325    345    384    395    435

 18     50     78    110    122    171    206    226    245    290    326    346    385    396    436

 19     53     79    111    121    172    207    227    246    291    327    347    386    397    437

 20     31     80    112    150    173    208    228    247    292    328    348    387    398    438

 24     32     81    113    149    174    209    229    248    293    330    349    388    399    439

 25     33     82    114    148    175    210    230    249    294    321    350    389    400    440

 26     34     83    115    147    176    181    231    250    295    322    351    390    401    441

 27     35     84    116    146    177    182    232    251    296    323    352    364    402    442

 28     36     85    117    145    178    183    233    252    297    324    353    365    403    443

 29     37     86    118    144    179    184    234    253    298    325    354    366    404    444

 30     38     87    119    143    180    185    235    254    299    326    355    367    405    445

   1     39     88    120    142    151    186    236    255    300    327    356    368    406    446

   2     40     89      91    141    152    187    237    256    274    328    357    369    407    447

   3     41     90      92    140    153    188    238    257    275    329    358    370    408    448

   4     42     61      93    139    154    189    239    258    276    330    359    371    409    449

   5     43     62      94    138    155    190    240    259    277    301    360    372    410    450

   6     44     63      95    137    156    191    211    260    278    302    341    373    411    425

   7     45     64      96    136    157    192    212    261    279    303    342    361    412    427

   8     46     65      97    135    158    193    213    262    280    304    343    362    413    429

   9     47     66      98    134    159    194    214    263    281    305    344    363    414    431

 10     48     67      99    133    160    195    215    264    282    306    345    364    415    435

 11     49     68    100    132    170    196    216    265    283    307    346    365    416    437

 12     50     69    101    131    171    197    217    266    281    308    347    366    417    440

 13     44     70    102    130    172    198    218    267    282    309    348    367    418    443

 14     45     71    103    129    173    199    219    268    293    310    349    368    419    444

 15     46     72    104    128    174    200    220    269    294    311    350    369    420    445

 

 

 

Әдебиеттер тізімі

 

1.  Коровин Н.В., Масленникова Г.Н., Мингулина Э.И., Филиппов Э.Л. Общая химия. – М.: Высшая школа, 2005.

2. Аханбаев К.А. Жалпы және анорганикалық химия. – Алматы, 1999.

3. Бірімжанов Б.А. Жалпы химия. – Алматы: Мектеп, 2001.

4. Пірәлиев С.Ж., Бутин Б.М., Байназарова Г.М., Жайлау С.Ж. Жалпы химия. – Алматы, 2003

5. Гольбрайх З.Е., Маслов Е.И. Сборник задач и упражнений по химии. – М.: АСТ-Астрель, 2004.

6. Задачи и упражнения по общей химии. Под.ред.Коровина Н.В. – М.: Высшая школа, 2004.

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе ………………………………………………………………………….....3

1 Атомдар құрылысы және химиялық элементтердің жүйеленуі .................... 4

2 Химиялық байланыс .....……………………………………………………..... 6

3 Молекулалардың әрекеттесу типтері. Заттың конденсацияланған күйі ....... 8

4 Комплексті қосылыстар .…………………………………………………...... 10

5 Химиялық реакциялардың энергетикасы. Химиялық ынтықтылық ……... 13

6 Химиялық кинетика және тепе-теңдік ……………………………………... 15

7 Химиялық эквивалент. Ерітінділердің концентрациясы ………………...... 18

8 Электролиттер ерітінділері ………………………………………………...... 20

9 Осмос пен осмостық қысым. Рауль заңдары. Криоскопия және

эбуллиоскопия ………………………………………………………………..... 22

10 Тотығу-тотықсыздану реакциялары ...........……………………………...... 24

11 Электродтық потенциалдар және ЭҚК ......................................................... 28

12 Электродтық процестердің кинетикасы. Электролиз …………………..... 30

13 Коррозия және металдарды одан қорғау ………………………………...... 33

14 Органикалық қосылыстар. Полимерлер …………………………………... 35

15 Металдар химиясы .......………………………………………….…............. 38

16 Тапсырмалардың варианттары …………………………………….…......... 41

Әдебиеттер тізімі .………………………………………………………............ 43

 

 

 

 

 

2006 ж. жин. жоспары, реті  15 .  

 

 

 

 

Айтбала Айтеновна Туманова

Карлыгаш Садыровна  Идрисова

 

 

 

 

 

ХИМИЯ

 

Семестрлік жұмыстарды орындауға әдістемелік нұсқаулар 

 (050717 – Жылуэнергетика мамандығы бойынша күндізгі бөлімде оқитын студенттерге арналған)

 

 

 

 

 

 

Редакторы Ж. А. Байбураева

 

 

 

 

 

 

Теруге берілген күні ___.___.___.                      Пішімі 60×84   1/16

Таралымы   50   дана.                                           Типография қағазы № 1

 Оқу-баспа таб.                                                     Тапсырма ____. Бағасы  90  тг.

 

 

 

 

 

 

 


Алматы энергетика және байланыс институтының

көшірмелі-көбейткіш бюросы

050013, Алматы, Байтұрсынов к., 126