АЛМАТЫ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ  БАЙЛАНЫС  ИНСТИТУТЫ

 Өнеркәсіптік  жылуэнергетика кафедрасы

 

 

ОРТАЛЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖӘНЕ АВТОНОМДЫ ЭНЕРГИЯМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕЛЕРІ

 5В0717 – Жылу энергетикасы мамандықтары бакалаврының студенттері үшін есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Алматы 2010

ҚҰРАСТЫРУШЫЛАР: Л.Ю.Васильченко, Г.Р.Бергенжанова Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері. Есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 5В0717 – Жылу энергетикасы мамандықтары бакалаврының студенттері үшін -  Алматы: АЭжБИ, 2010ж -   17 б. 

Есептік-сызба жұмыстарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау  жылу энергетика бағытындағы  өнеркәсіптік жылуэнергетика мамандығының бакалаврын дайындауға арналған.

 

Кіріспе 

Есептік-сызба жұмысы «Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері» курсынан алған білімді жетілдіру үшін, ЖЭО-ң негізгі жабдықтарын таңдағанда және жобалағанда есептеу жүргізуді игеру үшін, кәсіпорындарды жылумен жабдықтау жүйесін жобалау үшін, қандайда бір өндірістің технологиялық жылу шығындарын анықтай алу үшін алған білімдерін нығайтуға арналған. Осы әдістемелік нұсқауда «Орталықтандырылған және автономды энергиямен жабдықтау жүйелері»  пәні көлемінде қарастырылатын № 1,2,3- ші есепттеу-сызба жұмыстары біріктіріліп, тізбектей орындалады. Сондықтан үш жұмысты бір-бірінен ажыратпай біртұтас мағынада қарастырамыз.

Жұмыста өнеркәсіптік ауданның жылыту, желдетуге, технологиялық қажеттіктер және ыстық сумен қамтамасыз ету жүйесінің шығындары есептелінеді. Жұмысты орындау барысында келтірілген әдебиеттерге жасалынған бағыт бойынша есептеу жүргізу қажет. Жұмыстың сызбақтық бөлімінде А-4 форматтағы жылулық абонентке қосылған ЖЭО-ның қағидалық жылулық сұлбасын А-3 форматта салу керек. Жылуды тұтынудың жылдық сұлбасы А-4 форматты миллиметрлік қағазда салынады.

 

1 Есептік сызба жұмысына тапсырма

 

І. Өнеркәсіптік ЖЭО–ң жылулық жүктемесін есептеу

1)     Халық саны, М, адам;

2)     1 адамға қажетті тұрғын ауданның нормасы, е, м2/адам;

3)     Қаланың климаттық шарттары:

сыртқы ауаның температурасы:

а) жылыту жүйесі үшін есептік, , ºС;

б) ең суық айдағы орташа, , ºС;

в) жылуландыру периодындағы орташа, , ºС;

г) желдету үшін есептік, , ºС;

д) жылуландыру кезеңіндегі ұзақтығы, τ0, тәулік;   

4)     Қондырылған қуаттың қолданылатын сағат саны, η, сағ/жыл;

5)     Өндірістік кәсіпорынның сипаттамасы:

а) пештің қондырылған қуаты, Р, кВт;

б) өңдеуге жіберілетін материалдардың саны, Gм, кг/с;

в) будың шығыны, Dп, т/сағ;

г) қайтарылатын конденсаттың үлесі, dок, %;

д) өнеркәсіптің ғимаратындағы жылуалмасу ұзақтығы m, 1/сағ;

е) өндірістік кәсіпорынның көлемі, Vп, м3;

6)     Жылулық желіге берілетін су температурасы, t=150ºС;

7)     Кері магистральдағы су температурасы, t=70ºС.

Нұсқа бойынша жұмыстың тапсырмасы 1 – 3 кестеде келтірілген.

Әдістемелік нұсқауда келтірілмеген шамаларды сәйкесінше келтірілген әдебиеттерден алу қажет.

 

Кесте 1 – Өнеркәсіптік аудандағы 1 адамға қажетті тұрғындық аудан нормасы (есептік сызба жұмысының тапсырмасы нұсқа бойынша студенттің тегінің бірінші әріпі бойынша алынады)

Нұсқа

Тегінің бірінші әріпі

е, м2/адам

1

А, Д

17

2

В, Г, Я

18

3

Б, Е

19

4

Ж, З, И, Л

20

5

К, П

25

6

М, О

24

7

Н, Л

23

8

Р, Т, У, Ф

21

9

С, Ч, Э, Ю

22

10

Х, Ч, Ш, Щ

26

 

2 кесте Қалалардың климатологиялық берілгендері (нұсқа нөмірі студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифры бойынша алынады)

Нұсқа

Қалалар

Жылуландыру кезеңінің ұзақтығы

Жылуландыру кезеңі

Ең суық айдағы орташа температура

Ауаның температурасы, , ºС;

Жобалау үшін есептік

Жылуландыру периодындағы орташа

Жылу-ландыру

желдету

 

 

 

0

Алматы

166

-25

-10

-2,1

-7,4

1

Ақтөбе

203

-31

-21

-7,3

-15,6

2

Томск

234

-40

-25

-8,8

-19,2

3

Барнаул

219

-39

-23

-8,3

-17,7

4

Иркутск

241

-38

-25

-8,9

-20,9

5

Қарағанды

212

-32

-20

-7,5

-15,1

6

Қостанай

213

-35

-22

-8,7

-17,7

7

Мәскеу

205

-25

-14

-3,2

-9,4

8

Орал

199

-30

-18

-6,5

-14,2

9

Семей

202

-38

-21

-8,0

-16,2

 

 

3 кесте – Өндірістік ауданның сипаттамалары (нұсқа нөмірі студенттің сынақ кітапшасының соңғы цифрының алдыңдағы цифры бойынша алынады)

Нұсқа

М, мың адам

η, сағ/жыл

Р, МВт

Gм, кг/с

Dп, т/сағ

dок, %

Vп∙10-6, м3

m, 1/сағ

0

400

6110

31,5

92

340

61

3,0

4,5

1

120

6050

14

45

110

75

0,5

3,0

2

150

4950

16

54

150

67

0,8

4,2

3

100

6100

11,5

50

240

58

0,7

3,8

4

95

5940

23

67

255

55

2,7

3,5

5

255

5870

32

110

170

65

3,2

4,1

6

160

5390

17,7

41

165

52

1,5

3,7

7

235

6015

39,5

48

90

59

3,7

3,2

8

165

5780

33,4

94

95

66

4,0

3,4

9

115

6010

34,5

160

160

80

1,9

3,9

 

ІІ. Жылуландыру көзінің негізгі және қосалқы қондырғылары таңдалынады.

 

ІІІ. Технико – экономикалық көрсеткіштерді есептеу керек. Есептеуді келтірілген әдебиеттерге жасалынған бағыттаулар бойынша жүргізу қажет. Технико – экономикалық көрсеткіштерді берілген өнеркәсіптік аудан үшін келтірілген шамалар бойынша анықтау керек.

А-3 форматқа ЖЭО-ның қағидалық сұлбасын және А-4 форматқа жылулық абонентті қосу сұлбасын салу керек.

 

2.     Есептік – сызба жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау

 

2.1 Өндірістік ауданның жылулық жүктемесін анықтау

 

Жылуландырулық жүктемеге тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимаратты жылуландыруға, ғимараттарды желдетуге, ыстық сумен қамтамасыз етуге және технологиялық бумен жабдықтауға кететін жылу шығыны жатады. Есептеу 4 режім үшін жүргізіледі:

1 режім – сыртқы ауа температурасына сәйкесті, , QI;

2 режім– ең суық айдағы температураға сәйкесті, , QII;

3 режім– жылуландыру периодындағы температураға сәйкесті, , QIII;

4 режім – жазғы режім (жылуландырулық және желдетулік жүктеме болмағанда).

  

2.1.1 Жылуландыруға кететін жылу шығыны

 

Жылуландыруға қажетті жүктеме ғимараттың жылулық шығынының есебінен анықталады:

             Q0=q0∙V∙(tвр – tн), кВт                                         (2.1)

 

мұндағы q0 – ғимараттың жылулық сипаттамасы, кВт/(м3∙К);

Vн – ғимараттың сыртқы көлемі, м3;

tврішкі ауа температурасы, ºС;

tнсыртқы ауа температурасы, ºС.

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың көлемі келесі формула бойынша анықталады:

 

Vн=М∙е∙Кж∙(1+0,25), м3                                            (2.2)

 

мұндағы М – тұрғындар саны, адам;

е – 1 тұрғынның тұрғындық аудан нормасы, м2/адам;

Кж – тұрғын үйдің сыртқы көлемінің тұрғындық ауданға қатынасы, есептеу үшін 3 м32 қабылданады.

Ғимараттың меншікті жылулық сипаттамасын табиғи желдетуді ескере отырып келесі формула бойынша анықтаймыз:

 

                                         q0=d∙φ, кВт/(м3∙К)                                     (2.3)

 

мұндағы d – құрылыс типін ескеретін коэффициент (есептеу үшін 2∙10-3 қабылданады);

φ – сыртқы ауаның есептік температурасына тәуелді коэффициент φ = (1,3 – 0,01∙)

Тұрғын үй және қоғамдық ғимараттардың ауасының ішкі температурасы +18 ºС тең, ал өндірістік ғимараттар үшін +16 ºС.

Есептеуде q0 шамасы келесідей қабылданады:

- өндірістік ғимараттар үшін q0=0,46 – 0,85 Вт/(м3∙К);

- тұрғын үй және қоғамдық ғимараттар үшін q0=0,41 – 0,46 Вт/(м3∙К).

 

2.1.2 Өндірістік ғимараттарды желдетуге кететін жылу шығыны

 

Өндірістік ғимараттарды желдетуге кететін жылу шығыны келесі формула бойынша анықталады:

 

Qвв∙Vп∙(tвр – tнв), кВт                                    (2.4)

 

мұндағы хв – ғимараттың желдетулік сипаттамасы, кВт/(м3∙К);

Vп – өндірістік ғимараттың сыртқы көлемі, м3;

tнв – желдетуге берілетін сыртқы ауаның есептік температурасы, ºС.

Желдетулік сипаттаманы келесі қатынастан анықтауға болады:

 

хв=m∙cв∙(Vв/ Vп)                                                 (2.5)

 

мұндағы m – ауа алмасу ұзақтығы, 1/с;

cв – ауаның жылусыйымдылығы, 1,25 кДж/(м3∙К);

Vв – ғимараттың желдетілетін көлемі, м3.

Vв/ Vп қатынасы 0,9 тең деп қабылданады.

 

2.1.3 Өндірістік ғимараттардағы жылу бөлу мен материалдарды қыздыруға кететін жылу шығынын есептеу

 

Ғимараттардың ішіндегі жылуды пайда болу жолдары - механикалық энергияның жылуға ауысуынан, жарықтандырудан, өнімді суытудан, өндірістік пештерден және т.б.

Жұмыстық пештерден бөлінген жылу:

 

Qпе=Р∙Ф∙Н, кВт                                               (2.6)

 

мұндағы Р – пештердің қондырылған қуаты, кВт;

Ф – пештен цехқа бөлінетін жылу үлесі (0,2 – 0,3);

Н – пештердің жұмысының бір уақыттылық коэффициенті (0,7 – 0,8).

Цехқа түсетін суық материалдарды қаздыруға кететін жылу шығыны:

 

Qм=Gм∙см∙(tвр – tм), кВт                                    (2.7)

 

мұндағы Gмтүсетін материалдар саны, кг/с;

см – материалдың жылусыйымдылығы (0,46 – 0,53), кДж/(кг∙К);

tм – материал температурасы, ºС (tн  сыртқы ауаның температурасына тең).

 

2.1.4 Ыстық сумен қамтамасыз етуге қажетті жылу шығыны

 

Тұрғын үйлерді ыстық сумен қамтамасыз етуге қажетті жылудың есептік шығыны:

        Qгвс∙ ǽн∙М∙У∙а∙( tг – tх)/86400, кВт                          (2.8)

 

мұндағы М – тұрғындар саны;

У – ыстық суды тұтыну нормасы, кг/тәу∙адам;

а – судың жылусыйымдылығы, 4,19 кДж/(кг∙К);

tхсуық су температурасы (жазда +15 ºС, қыста +5 ºС);

tгыстық су температурасы, 60 ºС;

ǽн – апталық теңсіздік коэффициенті, 1,2 тең;

ǽс – тәуліктік теңсіздік коэффициенті, 1,7 –   2,0 тең.

 

Коммуналды – тұрмыстық секторды ыстық сумен қамтамасыз етуге қажетті жылу шығыны Qбк, бір тұрғынға кететін жылу шығыны 0,28 кВт/адам бойынша анықталады

 

Qбк=М∙0,28, кВт                                              (2.9)

 

Өндірістік ауданды ыстық сумен қамтамасыз етудің есептік жүктемесі:

 

=Qге+Qбк, кВт                                           (2.10)

 

2.1.5 Жылдық жылуды тұтыну сұлбасы

 

Отын шығынын анықтау үшін және жылуды жіберуді реттеу сұлбасы мен қондырғыларды қолдану режімін өңдеу үшін жылдық жылу тұтыну сұлбасын салу керек. Ол өндірістік ауданның (1 – 9) жылулық жүктемесінің есебі бойынша  және 2 кестеде келтірілген климатологиялық берілгендер бойынша тұрғызылады. Жылуландыру кезеңі жыл бойғы сыртқы ауаның tн≤ +8 ºС ұзақтығы бойынша анықталады. Әдетте жылдық жылу тұтынуының сұлбасы екі бөліктен тұрады: сол және оң. Ордината өсі бойынша жылулық жүктеменің шамасы қойылады (2.1 сурет), абсцисса өсі бойынша сұлбаның сол жақ бөлігіне tн сыртқы ауаның температурасы, оң бөлігіне – анықталған температуралық градациялардың ұзақтығы ηi салынады /1/. Жылдық жылу тұтынуының сұлбасын салу мысалы 2.1 суретте көрсетілген.

 

 

2.1 сурет. Өндірістік ауданның жылдық жылу тұтынуының сұлбасы:

1 – ыстық сумен қамтамасыз ету, 2 – материалдарды қыздыру, 3 – жылу бөліну, 4 – тұрғын үйлерді жылуландыру, 5 – өндірістік ғимараттарды жылуландыру, 6 – желдету, 7 – жүктемелер қосындысы.

 

Өндірістік ауданның жүктемелер қосындысы Q келесі теңдіктен анықталады:

 

, кВт                                  (2.11)

 

3. ЖЭО-ның негізгі қондырғыларын таңдау

 

3.1 Шығырды таңдау

 

Жылулық шығырлар 3 режім бойынша таңдалынады, яғни таңдалынған шығырлардың жылулық алымының қуаты жылуландыру кезеңіндегі сыртқы ауаның орташа температурасына  сәйкесті жүктемеге тең болуы керек. 

Рп қысымды және Dп шығынды технологиялық бу ПТ немесе Р типті шығырлардың өндірістік алымдарынан алынуы мүмкін. Алдымен ПТ типті шығыр таңдалынады, содан кейін Т типті.  Өткір будың қысымдары бірдей болуы керек ( бу қазандарының бір типтілігіне байланысты).

Шығыр қондырғысын таңдаған кезде төменде келтірілген қағидаларға сүйену керек:

а) ПТ типті шығыр таңдалынады (өндірістік және жылулық алымдары бар), олардың саны берілген Dп шамасы бойынша анықталады

 

                                                 nпт= Dп/                                                (3.1)

 

мұндағы Dп – 3 кестеде берілген шама;

 – ПТ типті шығырдың өндірістік алымындағы бу шығыны.

Қондырғыны таңдау кезінде 4 кестеде келтірілген шығыр қондырғыларының сипаттамаларын қолдану қажет. Кейбір келтірілмеген шамалар /1,5,6/ әдебиеттерден алынады.

б) 4 кестеде келтірілген шамалар арқылы h-s – диаграммасында будың ұлғаю процесі тұрғызылады және жылулық алымның қуаты анықталады:

 

=Dт∙(hт – hок), кВт                                       (3.2)          

мұндағы Dт – жылулық алымдағы бу шығыны, кг/с;

hт – жылулық алымдағы Рт орташа қысым кезіндегі бу энтальпиясы (алымдардағы өткір буды  дросселдеуді ескермегенде h-s – диаграмма бойынша анықталады). Шамамен hт=2680 кВт/кг деп қабылдауға болады;

hок – кері қайтарылған шықтың энтальпиясы, қанығу сызығындағы Рт қысым бойынша аса салқындатуды ескермей су мен су буының термодинамикалық қасиеттері келтірілген кестеден /7/ анықталады. Есептеуде hок=400 кДж/кг қабылдауға болады.     


Кесте 4. Қуаты N≥25000кВт стационарлы жылуфизикалық турбиналардың маркалары мен негізгі параметрлері

Турбина-лардың типі

Белгіленуі

Шығарған зауыт

Электр қуаты, кВт

Бастапқы параметр-лері:

Қысымы, МПа;

Температу-расы,0С

өткір будың номинал шығыны, т/сағ

Реттелетін алымдардың қысымы, МПа

Алымдардағы бу шығыны, т/сағ

Қорек су температурасы, 0С

Регенеративті қыздырғыштар саны

Салқындатқыш су температурасы,   0С

Цилиндрлер

саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жылулан-дырулық алымы бар шықтық

Т-25-90

ТМЗ

9; 535

130

0,07-0,25

92

225

 

20

1

Т--130

ТМЗ

13; 565

256

0,05-0,20

0,06-0,25

180

230

20

2

 

Т--130-2

ТМЗ

13; 565

460

0,05-0,20

0,06-0,25

310

230

20

3

Т--130

ТМЗ

13; 565

745

0,05-0,20

0,06-0,30

520

232

20

3

Т--130

ЛМЗ

13; 560/565

628

0,05-0,15

0,06-0,20

465

232

20

3

Т--240

ТМЗ

24; 560/565

905

0,05-0,20

0,06-0,20

645

265

20

4

Жылулан-дырулық және өндірістік алымдары бар шықтық

ПТ-25-

КТЗ

9; 535

157

0,8-1,3-жоғарғы

0,07-0,25-төменгі

-жоғарғы

-төменгі

215

-

1

ПТ--

ЛМЗ

9; 535

390

1,0-1,6-жоғарғы

0,07-0,25-төменгі

-жоғарғы

-төменгі

230

-

2

 

 

Кесте 4 жалғасы.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Жылулан-дырулық және өндірістік алымдары бар шықтық

ПТ--

ЛМЗ

13; 565

350

1,0-1,6-жоғарғы

0,07-0,25-төменгі

-жоғарғы

-төменгі

230

-

2

ПТ--

ТМЗ

13; 565

274

0,5-1,0-жоғарғы

0,05-0,20-төменгі

-жоғарғы

-төменгі

230

-

2

ПТ--

ЛМЗ

13; 555

450

1,0-1,8-жоғарғы

0,035-0,25-төменгі

-жоғарғы

-төменгі

230

-

2

ПТ--

ТМЗ

13; 565

738

1,2-1,8-жоғарғы

0,04-0,12;

0,09-0,25-төменгі

 

230

-

2

Қарсы қысымды

ПР-25-90/10/0,9

ТМЗ

25000

9; 535

160

0,8-1,3-алым

0,05-0,25-қарсы қысым

65-алым

65-карсы қысым

-

-

1

Р-40-

ТМЗ

40000

13; 565

456

2,9-3,3

92

-

-

-

1

Р-50-

ТМЗ

13; 565

0,7-2,1

92

225-250

-

1

Р-100-

ТМЗ

13; 565

760

1,2-1,5

92

225

-

1

Ескерту! 1. Алымы-номинал, бөлімі-максимал электр қуаты.

                2. Алымы-номинал режім, бөлімі-екінші алым жабық болғанда берілген алым бойынша өтетін будың максимал шығыны.

                3. Алымы-ТҚҚ саны, бөлімі-ЖҚҚ саны

 

 


ПТ типті шығырдың қосынды жылулық қуаты мынаған тең:

 

                                                                                              (3.3)

 

Егер <болса, онда қажетті жылулық жүктемені Т типті шығырдан алады. Жылулық алымдардың қуаты ПТ шығыр қондырғысы сияқты (3.2) тәуелділік бойынша есептелінеді.

Егер>болса, онда ПТ типті шығырлардың санын азайтып, жетпей қалған өндірістік жүктемені Р типті шығырдан алу керек.

 

3.2  Энергетикалық қазандарды таңдау

 

Шығырларды таңдағаннан кейін өткір будың параметрлері мен әрбір шығырға қажетті шығындар белгілі болады. Таңдалынатын қазандар осындай параметрлі бу өндіруі қажет және ∑Doi номиналды режімде шығыр қондырғысына қажетті будың қосынды шығынын қамтамасыз етуі керек (5 кесте). Қазандық қондырғылардың саны, олардың біреуі істен шыққан кезде  2-ші есептік-бақылаулық режімдегі жылумен қамтамасыз ету шарттарын қанағаттандыруы керек. 

 

5 кесте – Қазандық қондырғылардың кейбір типтерінің сипаттамалары

 

Қазандық қондырғылардың типтері

Dпп/N

т/сағМВт

Рпвпп, МПа

tпе,ºC

Отын

3619-69

МемҮл бойынша

 

Зауыттық  маркасы

1

2

3

4

5

6

7

1

Е-220-100

ТП-13/А

220

9,81

540

Тас көмір

2

Е-220-100ГМ

ТГМ-151/В

220

9,81

540

Газ, мазут

3

Е-230-100КМ

ТГМ-157/СО

230

9,81

540

Газ, мазут

4

Е-420-140

ТП-86/А

420

13,7

570

Донецк көмірі,

Газ

5

Е-480-140ГМ

ТГМ-96

480

13,7

570

Газ, мазут

6

Е-500-140

ТП-92

500

13,7

570

Тас көмір,

Газ

150

3,14

570

7

Е-640-140Ж

ТП-103

640

13,7

580

Өндірістік өнім

200

2,18

550

8

Е-1650-175

ТП-1650/175

1650

17,0

540

Силеаск

тас көмірі

4,0

540

9

П-950-225Ж

ТПП-210/А

1000

25,0

545

АШ, құнарсыз көмір

300

3,62

545

5 кесте жалғасы

1

2

3

4

5

6

7

10

Е-110-100

ПК-20-2

110

9,81

540

Қоңыр көмір,

Газ

11

Е-220-100

ПК-10-2

220

9,81

540

Өндірістік өнім,

Тас көмір

12

Е-660-140

П-60

660

13,7

545

Қоңыр көмір

545

13

П-270-140

ПК-38-4

270

13,7

570

Құнарсыз және қоңыр көмірлер

570

14

П-640-140

ПК-40-1

640

13,7

570

Тас көмір

200

570

15

П-950-225ГМ

ПК-41-1

950

25,0

565

Газ, мазут

300

570

16

Е-120-100ГМ

БКЗ-120-100ГМ

120

9,81

540

Газ, мазут

17

Е-160-100ГМ

БКЗ-160-100ГМ1

160

9,81

540

Газ, мазут

18

Е-210-140

БКЗ-210-140-7

210

9,81

560

Тас көмір,

Қоңыр көмір

19

Е-220-100

БКЗ-220-100ПГ

220

9,81

540

« - »

20

Е-320-140ГМ

БКЗ-320-140ГМ1

320

13,7

560

Газ, мазут

21

Е-420-140ГМ

БКЗ-420-140ГМ

420

13,7

560

Газ, мазут

22

Е-640-140

БКЗ-640-140ГМ1

640

13,7

545

Назаровск қоңыр көмірі

545

 

3.3    Шыңдық су қыздырғыш қазандарын (ШСҚҚ) таңдау

 

Жеткіліксіз бірінші және екінші режімдегі жылулық жүктеме шыңдық су қыздырғыш қазандары арқылы толтырылады.  

ШСҚҚ-ң жылулық қуаты:  

 

QШСҚҚ=QI – QII, кВт                                        (3.4)

 

ШСҚҚ сипаттамалары 6 кестеде келтірілген.

QТ∑/QТ∑+QШСҚҚ қатынасын  αт жылулық коэффициенті деп атайды. Оның тиімді мәні берілген ЖЭО-ң технико – экономикалық есептеуі бойынша анықталады. Үлкен қуатты ЖЭО үшін тиімді мәні αт~0,4. Бұл жұмыста QШСҚҚ таңдау кезінде αт=0,4 – 0,6 қабылдау қажет. 

 

6 кесте – Шыңдық су қыздырғыш қазандардың кейбір типтерінің сипаттамалары

Қазанның зауыттық маркалануы

Жылулық өндірулігі, МВт

Отын

1

ПТВМ-180

208

Газ, мазут

2

ПТВМ-100

120

Газ, мазут

3

ПТВМ-50

58

Газ, мазут

4

УВ-ТМ-10

12

Газ, мазут

5

КВ-ТС-10

4,6

Газ, мазут

6

КВ-ТС-20

23

Газ, мазут

 

3.4 Желілік сорғыларды таңдау

 

Желілік сорғылар жылутасымалдағыш арыны мен өндірулік бойынша таңдалынады, егер сорғылардың біреуі істен шықса, онда қалғаны желілік судың есептік шығынының 70 % қамтамасыз етуі қажет. Желілік сорғылардың минимал саны – 2.

Есептік сызба жұмысында су арыны есептелінбейді, сондықтан оны 10-20 бар аралығында қабылдау керек.  

Тұтынушығы берілетін магистралдағы желілік су шығыны (максималды):

 

                                         (3.5)

 

мұндағы  - жылуландыру мен желдетуге кететін судың қосынды есептік шығыны;

 - ыстық судың есептік шығыны.

Кейбір желілік сорғылардың сипаттамалары 7 кестеде келтірілген.

 

7 кесте – Желілік сорғылардың сипаттамалары (22465-77МемҮл бойынша)

Типтік өлшемі

Берімі, м3/сағ

Арыны, м

Қуаты, кВт

СЭ 500 – 70

500

70

120

СЭ 800 – 60

800

60

150

СЭ 800 – 100

800

100

275

СЭ 1250 – 45

1250

45

185

СЭ 2000 – 100

2000

100

295

СЭ 2500 – 60

2500

60

475

СЭ 2500 – 180

2500

180

1460

СЭ 5000 – 70

5000

70

1096

СЭ 5000 – 160

5000

160

2350

 

 

4. Технико – экономикалық көрсеткіштер мен отын шығынын есептеу

 

ЖЭО жылулық және электр энергиясын Wэ қосарландырып өндіре отырып жылумен жабдықтауды қамтамасыз етеді. Технико – экономикалық көрсеткіштер номиналды электр қуатының есептік режімінде есептелінеді. Шығыр қондырғысына кететін жылу шығыны:

 

Qту=D0∙(h0 – hпв), МВт                                                   (4.1)

 

мұндағы D0 – өткір будың шығыны, кг/с;

h0, hпв – өткір бу мен қорек судың энтальпиясы, МДж/кг.

 

Жылулындыруға қажетті жылу шығынын келесі қатынастан анықтаймыз:

 

, МВт          (4.2)

 

мұндағы  - өндірістік алымдағы будың шамасы, кг/с;

 - жылулық алымдағы будың шамасы, кг/с;

 - өндірістен кері қайтарылған шық үлесі, %;

, , , ,  - сәйкесінше өндірістік алымдағы будың,  қорек судың, жылулық алымдағы будың, өндірістен кері қайтарылатын шықтың, желілік қыздырғыштардағы шықтың энтальпиялары, МДж/кг.

Электр энергиясын өндірудің пайдалы әсер коэффициенті (ПӘК) ηту:

 

ηту=                                                           (4.3)

 

Шығыр қондырғысына қажетті шартты отын шығыны:

 

, кг/с                                             (4.4)

 

мұндағы  - шартты отынның төменгі жану жылуы, оның шамасы - 29,330 МДж/кг.

  

 

Әдебиеттер тізімі 

1.     СНиП П-33-75, часть 2, гл.33. Отопление, вентиляция и кондиционирование воздуха. Стройиздат.- 1976г. – 11 с.

2.     Соловьев Ю.П.. Проектирование теплоснабжающих установок промышленных предприятий. 2 – е изд. – М.: Энергия.- 1978г. – 192 с.

3.     Теплотехнический справочник. / Под ред. В.Н.Юренева и П.Д.Лебедева. – М.: Энергия, 1978г. – 743 с. Т.2. – М.: Энергия.- 1978г. – 896 с.

4.     Шубин Е.П.. Основные вопросы проектирования систем теплоснабжения городов. – М.: Энергия.- 1979г. – 360 с.

5.     Тепловые и атомные электрические станции: Справочник / Под ред. В.А.Григорьева, В.М.Зорина. – М.: Энергоиздат.- 1987г. – 825 с.

6.     Промышленная теплоэнергетика и теплотехника: Справочник / Под ред. В.А.Григорьева, В.М.Зорина. – М.: Энергоиздат.- 1987г. – 551 с.

7.     Ривкин С.Л., Александров А.А.. Термодинамические свойства воды и водяного пара. – М.: Энергоиздат.- 1984г. – 80 с.

8.     Нормы технологического проектирования тепловых электрических станций и тепловых сетей. – М.: Энергия.- 1974г. – 287 с.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе                                                                                                               3

1 Есептік сызба жұмысына тапсырма                                                            3

2. Есептік – сызба жұмысты орындауға әдістемелік нұсқау                       5

2.1 Өндірістік ауданның жылулық жүктемесін анықтау                             5

2.1.1 Жылуландыруға кететін жылу шығыны                                              6

2.1.2 Өндірістік ғимараттарды желдетуге кететін жылу шығыны             6

2.1.3 Өндірістік ғимараттардағы жылу бөлу мен материалдарды

қыздыруға кететін жылу шығынын есептеу                                                         7

2.1.4 Ыстық сумен қамтамасыз етуге қажетті жылу шығыны                    7

2.1.5 Жылдық жылу тұтыну сұлбасы                                                             8

3 ЖЭО-ның негізгі қондырғыларын таңдау                                                  9

3.1 Шығырды таңдау                                                                                       9

3.2  Энергетикалық қазандарды таңдау                                                       12

3.3 Шыңдық су қыздырғыш қазандарын таңдау                                        13

3.4 Желілік сорғыларды таңдау                                                                    14

4 Технико – экономикалық көрсеткіштер мен отын

шығынын есептеу                                                                                                  15

Әдебиеттер тізімі                                                                                           16